Тамақ өнімдерін иондаушы сәулемен өңдеудің
келесі түрлері бар:
-
радиациялық стерилдеу (радаппертизация) микроорганизмдердің дамуын
толығымен дерлік басады. Шамамен 10-25 кГр(килогрей) дозалары
қолданылады. Радаппертизация әртүрлі жағдайларда ұзақ сақтауға
арналған тамақ өнімдерін өңдеу үшін қолданылады;
-
радуризация- азық-түлік өнімдерін 5-8 кГр-ға жуық пастерлеуші дозалармен
өңдеу, бұл олардың сақтау ұзақтығын ұлғайту үшін жеткілікті.
Екі түрде де өнімдер алдымен герметикалық
(
тұмшаланып) тығындалады (кез келген ыдыс),
содан
кейін
есептелген
режим
бойынша
сәулелердің әсеріне ұшырайды. Өнімдерді өңдеу
кезінде
олардың
температурасы
іс
жүзінде
өзгермейді.
Егер
олар
ыдысқа
шикі
күйінде
салынған болса, онда стерильдеуден кейін де шикі,
бірақ стерильді және әдеттегі температуралық
жағдайларда ұзақ сақтауға қабілетті болып қалады.
Иондаушы сәулеленумен консервілеудің
кемшіліктері
-
өнімнің химиялық құрамының өзгеруі, бұл олардың дәмінің,
иісінің және консистенциясының нашарлауына әкеледі.
Мәселен, ет пен балықты өңдеу үшін
сәулелендіру мөлшері 6-8 кГр аспауы
тиіс, бұл жағдайда дәмнің, иістің және
консистенцияның өзгеруі байқалмайды.
Картопты
және
кейбір
көкөністерді ұзақ сақтау үшін
иондаушы радиацияның рұқсат
етілген нормалары 0,1-0,2 кГр
аспайды,
оларды
пайдалану
сақтау
кезінде
пияздың,
сарымсақ пен картоптың өнуін
толық басады.
Сондықтан өнімдердің органолептикалық
қасиеттерін өзгертпейтін инертті газдарда,
вакуумда, төмен температурада,
антитотықтырғыштарды қолдана отырып
сәулелендіру режимдерін таңдайды.
|