Таным және шығармашылық Таным философиялық мәселе ретінде



Дата22.02.2024
өлшемі11.86 Kb.
#492888
Таным және шығармашылық


«Таным және шығармашылық

  1. Таным философиялық мәселе ретінде.

Таным – адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Яғни таным адам санасын танытудың негізі болып табылады. Айналадағы әлемді тану теориясын, дәлірек айтқанда таным туралы философиялық ғылым гносеология немесе таным теориясы деп аталады. Бұл ғылым жайлы термин философияға 1854 жылы шотланд философы Дз. Феррердің еңбектері арқылы енді. Бізге белгілі танымның екі формасы бар. Олар: сезімдік(түйсіктік таным) және рационалдық(логикалық) таным. Әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сезімдік таным дегеніміз – сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзідеп білу. Ал рационалдық таным дегеніміз – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар:

  • тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары;

  • білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы;

  • ақиқат және оның өлшемдері;

  • танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері;

  • сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары.



  1. Танымның субъектісі және объектісі.

"Таным субъектісі" мен "таным объектісі" гносеологиядағы орталық ұғымдар болып табылады.
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, мәселен, молекула, атом, адам, тіпті тұтастай табиғат. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.
Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.


  1. Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниені түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм мен агностицизм.

Таным жоғарыда айтылғандай - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным - білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Яғни білім дегеніміз – адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. "Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек:

  • бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері;

  • кез келген танымдық мән бар ақпарат;

  • практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік.

Дүниені тану мәселесіне қатысты тұрғылар Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі — "танымның қалай болатыны, дүниетаным ұстанымында дүние таныла ма?" деген сұрақтарға жауап алу. Расында, әлем шексіз, ал адам шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар; олар — «скептицизм», «оптимизм» және «агностицизм».

  • Скептицизм (грекше skeptikos — ойланушы, зерттеуші) баяғыдан бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою.

  •  Агностицизм (грекше a — емес, gnostos — білім) — дүниенің танылмайтындығы туралы ілім. 1869 жылы ағылшын биологі Т.Гексли өзінің философиялық ұстанымын осылай атаған. Алайда ғалымның өзі жаратылыстанушы ретінде табанды агностик бола алмады. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам әлемді тек бөлшектеп қана таниды немесе мүлдем тани алмайды.

  • Оптимизм немесе гностицизм – танымның бүгiнi мен ертеңiне оптимистiк түрде қарайды. Олардың пiкiрiнше, əлемдi тануға болады. Адамның дүниенi тануда мүмкіндігі өте зор.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет