Лекция жоспары: Финлияндиядағы бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау



бет1/3
Дата05.10.2023
өлшемі39.13 Kb.
#479902
түріЛекция
  1   2   3
4 лекция


4-лекция. Тақырыбы: Мектептегі оқушылар жетістіктерін бағалаудағы халықаралық тәжірибе


Лекцияның оқыту нәтижелері: 1. Критериалды бағалауды озық елдердегі бағалау тәжірибесін терең зерделей, салыстыра алады, білім сапасын бағалаудың жолдарын меңгерген, білім сапасын арттырудың әдістерін тәжірибеде қолдана алады
2. Білім сапасын арттырудың әдістерін тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетеді;
3. Білімді бағалау үшін топқа педагогикалық кеңестер беруге, пікір алмасуға және өзіндік іс-әрекетте баға береді


Лекция жоспары:

  1. Финлияндиядағы бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау

  2. Сингапурдың бастауыш мектептеріндегі оқушылардың жетістіктерін бағалау

  3. Ұлыбританиядағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау

Лекцияның мазмұны
Мектептегі критерийлік бағалауды едәуір терең зерделеу үшін білім саласындағы Финляндия, Сингапур, Ұлыбритания секілді озық елдердегі тәжірибені қарастыруға болады.
Финлияндиядағы бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау
Финляндиядағы мектеп білімінде бағалауды ұйымдастырудың негізгі факторлары – ішкі, сыртқы және олардың қатар үйлесімділігіндегі бағалау болып табылады.
Сыртқы бағалаудың мақсаты ретінде мектептердің білім туралы заңдарды іс жүзінде орындауы бойынша қызметін қадағалау, білімнің дамуына қолдау көрсету және білім шарттарын жақсарту шығады. Сыртқы бағалау тұтас білім беру жүйесі және білім беру үрдісінің жеке қырлары туралы ақпаратты білім беру мекемелерінің қызметі, олардың тиімділігі, нәтижелілігі, үнемділігі (білімдегі қажеттілік пен оған сұраныс, мектептегі білімнің түрлі деңгейлеріндегі оқушылардың оқуға түсуі мен санды құрамы; мектептегі білімнің тұтас және жеке бөліктерінің құрылымы мен қызметі; білім сапасы мен қолжетімді құралдар арасындағы байланыс; білім мен қоғам арасындағы арақатынас; оқу жоспарлары мен оқу курстары; оқу жетістіктері және т.б.) туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы алуға бағытталған.
Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы ақпаратты алу, білім беру ортасындағы жағымсыз құбылыстардың дамуына жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған, мектептің болжамдауға жататын өзгерістерінің жүйесін әзірлеу болып табылады. Ішкі бағалау оқу орнының қызметіндегі түрлі аспектілер бойынша өзін-өзі бағалаумен байланысты (емтихандардың нәтижелері, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастардың педагогикалық қырлары, оқу орнының материалдық ресурстары).
Сыртқы және ішкі бағалау қатар үйлесімділігінде жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс береді: салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі нәтижелерін, тек білімділік емес, дамуға да және белгіленген міндеттерді орындауға да мүмкіндіктерін осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен салыстыру); жағдайлық бағалау (белгіленген міндеттердің қаншалықты жақсы шешіліп отырғанын анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің қызметін, белгілі бір білімділік секторды немесе тұтас білім беру жүйесін бағалау); тақырыптық бағалау (нақты білімділік пәндерді оқыту сапасын зерделеу, соның ішінде халықаралық деңгейде де); стандартталған бағалау (мектеп оқушыларының білімділік нәтижелерін тест үлгісінде іріктеп зерделеу) [4].
2012 жылы PISA (Programme for International student assessment) халықаралық зерттеуінің деректері бойынша, финляндия ғылыми-жаратылыстану сауаттылық, математикалық сауаттылық және әдеби оқу сауаттылығы бойынша бағалау нәтижелерімен үздіктердің ондығында болған. Нақты нәтижелерге Финляндиядағы білім беру ісінің елдегі ішкі саясатта басым болуы алғы шарт ретінде шыққан. Мектептегі білім заманауи жаһандануда және бетбұрыстарда орныққан қағидаттарға және құндылықтарға негізделіп, Финляндиядағы білім өз мақсаты ретінде оқушының жеке тұлғасын, оның өзін өзі таныту, білімге бейімділігі, жылдам бейімделуге қабілеттілігін заманауи өмірдің шынайылығында дамытуды алға тартады. Финдер «не біз өмірге дайындаймыз, не – емтиханға дайындаймыз. Біз біріншісін таңдаймыз», деп айтады.
Өткізілген зерттеулер көрсетіп отырғанындай, Финляндияның біліміндегі бағалау тұжырымдамасы өз ерекшелігіне ие. Бағалау жүйесінің жеке білім беру орындарының оқудағы теріс нәтижелерін іздестіріп, көрсету арқылы емес, оқу орындары мен білімділік саясатын өткізіп отырғандардың арасында үйлесімді қарым-қатынасқа қол жеткізу арқылы білім сапасын көтеруге ықпал ету керектігі атап көрсетіледі.
Бағалау сенім беріп, алға басуға түрті болып, оқу орнының жұмысын жақсы жаққа өзгертуге қабілеттілігіне иландыруы тиіс. Оқу орындары қызметін бағалаудың осындай жүйесінде ынталандыру да, айып кесімдерін қолдануға жол берілмейді. Финляндияның біліміндегі бағалаудың мақсаты – бұл, ең алдымен, түрлі, елдегі оқу орындарының және тұтас мектеп білімі жүйесінің қызметі туралы өзекті және сенімгерлігі жоғары ақпаратты ұсыну арқылы мұғалімдерге және білім беру мекемелеріне қолдау көрсету. Бағалау нәтижелері, сонымен қатар бағалау үшін қолданылған әдістер мен материалдар қоғам үшін жалпы қол жетімді. Оның нәтижелері Ұлттық оқу жоспарын түзуде ескеріліп, білімділік саясат саласындағы шешімдерді қабылдауға әсерін тигізеді. Осының барлығы ақыр соңында бір мақсатқа- елдегі білім сапасын жақсартуға бағынған.
Финляндиядағы мектеп білімін бағалауды ұйымдастырудың негізгі формалары – ішкі, сыртқы және олардың қатар үйлесімділігі.
Сыртқы бағалаудың мақсаты ретінде мектептердің білім туралы заңдарды іс жүзінде орындауы бойынша қызметін қадағалау, білімнің дамуына қолдау көрсету және білім шарттарын жақсарту шығады. Сыртқы бағалау тұтас білім беру жүйесі және білім беру үрдісінің жеке қырлары туралы ақпаратты білім беру мекемелерінің қызметі, олардың титімділігі, нәтижелілігі, үнемділігі (білімдегі қажеттілік пен оған сұраныс, мектептегі білімнің түрлі деңгейлеріндегі оқушылардың оқуға түсуі мен санды құрамы; мектептегі білімнің тұтас және жеке бөліктерінің құрылымы мен қызметі; білім сапасы мен қолжетімді құралдар арасындағы байланыс; білім мен қоғам арасындағы ара-қатынас; оқу жоспарлары мен оқу курстары; оқу жетістіктері және т.б.) туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы алуға бағытталған.
Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы ақпаратты алу, білім беру ортасындағы жағымсыз құбылыстардың дамуына жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған, мектептің болжамдауға жататын өзгерістерінің жүйесін әзірлеу болып табылады. Ішкі бағалау оқу орнының қызметіндегі түрлі аспектілер бойынша өзін-өзі бағалаумен байланысты (емтихандардың нәтижелері, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастардың педагогикалық қырлары, оқу орнының материалдық ресурстары). Сыртқы және ішкі бағалау қатар үйлесімділігінде жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс береді: салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі нәтижелерін, тек білімділік емес, дамуға да және белгіленген міндеттерді орындауға да мүмкіндіктерін осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен салыстыру); жағдайлық бағалау (белгіленген міндеттердің қаншалықты жақсы шешіліп отырғанын анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің қызметін, белгілі бір білімділік секторды немесе тұтас білім беру жүйесін бағалау); тақырыптық бағалау (нақты білімділік пәндерді оқыту сапасын зерделеу, соның ішінде халықаралық деңгейде де); стандартталған бағалау (мектеп оқушыларының білімділік нәтижелерін тест үлгісінде іріктеп зерделеу).
Бағалау жүйесі төрт негізгі бағыт бойынша нәтижелерді анықтауға бағытталған: 1) оқу орны қызметін өз бетінше бағалау (ішкі бағалау); 2) мектеп оқушысының оқу нәтижелері (ішкі бағалау); 3) оқу орындарының қызметі туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы тұтас білім жүйесінің дамуы туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау); 4) білім беру үрдісінің жеке қырларынан жетістіктер туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау).
Финдік мектепте оқушылар бағамен (балмен) 12 жасына дейін бағаланбайды. Бастауыш мектепте емтихандар өткізілмейді. Әр оқушы өз ырғағымен ілгері қадам басып, дамуда. Баға қою оқушының білімділік жетістіктері жолындағы кедергі деп саналады. Баланың ата-анасы оның жетістіктері туралы ақпаратты жылына екі рет алады, онда баға жоқ, бірақ бала жетістіктерін сипаттау орын алады. Бастауыш мектептің өзінде мұғалім оқушыны өз бетінше бағалауға, ол оны өз ерекшеліктерін түсінуге және өз ресурстарын жақсы оқу нәтижелеріне жету үшін шоғырландыруға үйретеді. 1-5 сыныптар аралығында сөзбен бағалау кең тараған. Бұл кезде оқушымен өз қызметін өз бетінше бағалау үрдісіндегі бастауыш мектептің 1-сыныбынан тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушының өз бетінше бағалауының негізгі функциясы – өзін прогрессивті түрде тану және өзінің үнемі оқуға деген қабілеттерін дамыту. Оның мақсаты – оқушыны өз қабілеттерін шындыққа сүйеніп бағалауға, оны өз жетістітерін қадағалауға, оқуда белгіленген мақсаттарын түсінуге, өзіне өз оқуындағы мақсаттарды белгілеуге үйрету. Өз бетінше бағалау жолымен оқушы өз жетістіктерін, өзінің оқу және жұмыс қабілеттерін бақылап, талдауға алады. Бұл жадайда оқушыға мұғалім тарапынан үнемі көмек пен қолдау көрсетіліп отырады [4].
«Жүріс-тұрысын бағалау» финдік негізгі мектебіндегі бағалаудың кешенді жүйесіне енеді. Бұл бағалау оқушының басқа адамдарға және қоршаған ортаға қатынасын, еңбекті қаншалықты бағалайтынын, мектеп қызметін, жалпы қабылданған ережелерді (соның ішінде, мектептік) құрметтейтінін ескереді. Білімділік құндылықтардың арасында мектеп құжаттамасында аталатындары: тіршілікті сүюі; тұрақты даму; бастамашыл, шығармашыл және сындарлы рухы; командада жұмыс жасау және әріптестік рухы; адамдар арасындағы айырмашылықтарды және т.б. оң әсермен қабылдау. Финдік мектептің тәрбиелік тұжырымдамасында оқушымен өзінің бойында бірқатар қасиеттерді дамытудың мақсаты белгіленеді, соның ішінде:
• Адал және сенімге лайықты болу.
• Өзгелерді құрметтеу.
• Әркімнің құқығын құрметтеу.
• Әділ болу.
• Әріптестік және жалпы жауапкершілік сезімдеріне ие болу.
• Байсалды жұмыс ырғағын қолдап отыру.
• Қызметшіл ілтипатты болу.
• Алғыр және серпінді болу.
• Жұмыстағы қоршаған ортаға және өмірге жауапты қатынас жағын қабылдау.
• Мектеп жұмысының барлық міндеттері мен міндеттемелерін саналы қабылдау.
• Мектептегі сабақтарға ұдайы қатысып жүру.
• Өзінің меншікті қауіпсіздігіне және мектептегі қоғамдастықтың басқа да мүшелерінің қауіпсіздігіне ыпал ету.
Оқушының жүріс-тұрысына бағаны нақты оқушының білім алу үрдісіне қатысатын барлық мұғалімдер береді. Бұл баға балдар түрінде (4-тен бастап 10-ға дейін) ағымды оқу жетістіктерінде көрініс тауып, қорытынды сертификатта да (оқуды аяқтағанда), аралық сертификатта да (оқушы мектептен өз еркімен кеткенінде) тіркелмейді [5].
Бағалау сұхабы және өз бетінше бағалау.
Жыл бойында мұғалім, әдеттегідей, белгіленген мақсаттарға және міндеттерге жету оқушымен қаншалықты сәтті орындалғанын талқылау үшін, ата-аналармен және оқушымен бірнеше рет жолығады. Кездесулердің барысында оқушы алда қол жеткізуге ұмтылуы қажет болатын келешек мақсаттар да ойластырылуы мүмкін. Ата-ана тарапынан қолдау көру оқушы үшін өте маңызды. Бағалау, сонымен қатар, оқушы тарапынан өз жүріс-тұрысын және үлгерімін өз бетінше бағалауын да құрайды. Өз бетінше бағалаудың нәтижелері жазбаша түрде тіркеліп, оның ата-анасына көрсетіледі. Үлгерім туралы куәліктер мен өзге де құжаттарды көктемде, оқу жылының аяқталысымен оқушы оқу жылы бойындағы үлгерімі туралы куәлік алады. Одан өзге, жыл бойында үлгерімнің аралық табельдері беріледі [6].
Балл түріндегі бағалар (4-тен бастап 10-ға дейін) тек 6-сыныпта пайда болады. Пәнді толық білмеуі «4» балымен бағаланады. Бұл оқудың толық курсын қайталап өту қажеттігін білдіреді. «4» саны кездейсоқ таңдалған жоқ: негізгі мектептегі бағалаудың финдік жүйесінде «0» мәнімен берілетін баға арқылы баланың абыройын, намысын түсіруге болмайды. Түрлі балдар білімнің белгілі деңгейіне сәйкес келеді: 7 балл – орташа нәтиже, 8 балл – жақсы нәтиже, 10 балл – үздік нәтиже. Негізі мектептегі бағалар орта мектептің жоғары – жалпы білім беру немесе кәсіби бағдарлы сыныптарына оқуға түсу үшін негізгі фактор болып табылады. Жоғары сыныптарда да бағалар сол балмен қойылады (4-тен бастап 10-ға дейін), бірақ бұл кезде бағалау жиілігі өзгереді. Бағалау сынақ аптасы түрінде әр 6 апта сайын өткізіледі оның барысында оқушы тесттерді бірнеше уақыт бойында жазады (9.00-ден бастап 12.00-ге дейін). Орта мектептің соңында оқушылар зерделеніп отырған пәні сабақтарының 2/3 мазмұны бойынша өзінің жетістіктерін дәлелдеу керек, бұл орта мектепті аяқтағаны туралы сертификат алу үшін қажет болады. Осы емтихандардың барысында бағалаудың басқа шкаласы («0» балдан бастап – қанағаттанарлықсыз, 7 балл - «үздік нәтиже») қолданылады. Сәтсіз аяқталып, сынақта «0» балл алған жағдайында, оқушылар нақты пәнді зерделеуді қайталауға немесе белгілі мерзімде қайта емтиханнан өту мүмкіндігіне ие.
Осылайша, зертету көрсеткеніндей, Финляндиядағы мектеп білімі білім сапасын арттыруда бағалау ең маңызды рөл атқаратын айқын жүйені білдіреді. Бағалау оның көмегімен білім беру жүйесінің жағдайын, дамуындағы бетбұрыстарын, келешекте белгілі педагогикалық түзетулерді талап етуі мүмкін болатын нәтижелерін көрсететін қажетті ақпарат жинақталатын реттеуші құрал болып табылады. Сыртқы және ішкі бағалау нәтижелерінің ашық және қол жетімді болуы оларды басылым нұсқасында да, Интернет желісінде де жариялау арқылы орындалады. Бағалау нәтижелері туралы ақпарат білімді басқарудың жоғары органдарымен елдегі білімнің стратегиялық дамуы және білімділік реформаларды өткізу үшін де, педагогикалық ұжымдармен, жеке мұғалімдермен өзінің педагогикалық қызметін жетілдіру үшін де қолданылады [4].
Финляндия мектебіндегі оқушылар жетістігін бағалаудың уәжді функциясын да атап өткен жөн, ол оқушы мен оның ата-аналарының назарын оқушының не білетініне және не істей алатынына аударады. Жетістіктерді бағалау оқушының оң бейнесін, ең алдымен, оның өзі үшін қалыптастыру үшін қызмет етеді, бұл оны жаңа оқу міндеттерін орындауға ынталандыруы мүмкін [7]. Осы жағдайда бағалау өзінің жарысу сипатынан айырылып, ынталандырушы құралға айналады. Бағалаудың осындай нысанында сыныптағы күйзеліс пен алаңдаушылық жоқтың қатарына жетеді. Негізгі мектепті аяқтағанға дейін стандартталған тесттер мен емтихандардың жоқтығы мұғалімдерге ең алдымен балаларды өз бетінше білім алуға және оларды өз жетістіктерін өз бетінше бағалауға үйрету мақсаттарын белгілеп, бағаларды баяу және оң әсермен қолдану мүмкіндігін береді. Барлық мектептер «Wilma» мемлекеттік электрондық жүйесіне қосылған, бұл электронды мектеп күнделігіне ұқсап, ата-аналар оған арналған рұқсаттың жеке кодына ие болады. Педагогтер бағаларды қойып, өткізіп алған сабақтарды тіркеп, баланың мектептегі өмірі туралы хабардар етіп отырады; психолог, әлеуметтік қызметкер, «болашақтың мұғалімі», фельдшер де онда ата-аналар үшін қажетті ақпаратты қалдырып отырады.
Финдік мектепті бағалаудың қаһарлы реңкі жоқ және ол тек оқушының өзі үшін қажет, баланы белгіленген мақсатқа жету және өздігінен тексеру үшін қолданылады, бұл оқушының қалауы бойынша өз білімін жақсартуда қажет. Олар мұғалімнің, мектептің беделіне ешқалай әсерін тигізбейді және аудандық көрсеткіштерді бұзбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет