Тақырыбы: Білім берудегі сапа менеджмент жүйесінің әдістеріне шолу жасау Қабылдаған: Әуезов Б. Орындаған: Қаппар Нүргүл Тобы: мнк-211 Түркістан Жоспар



бет1/4
Дата12.12.2023
өлшемі70.5 Kb.
#486254
  1   2   3   4
Өзекті БӨЖ2


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік – Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы


МӨЖ
Тақырыбы: Білім берудегі сапа менеджмент жүйесінің әдістеріне шолу жасау.


.
Қабылдаған: Әуезов Б.
Орындаған: Қаппар Нүргүл
Тобы: МНК-211
Түркістан
Жоспар

I. Кіріспе


II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру

  2. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым–қатынастың ерекшелігі

  3. Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру

III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Мектепте білім беру негізінен үш сатыда жүзеге асырылады: бастауыш, негізгі және жоғары сатылар. Біз жоғарыда білім беру тек нормаланған білім, білік, дағдылардан жоғары тұратын оқушылардың белгілі бір қабілеттері мен сапаларын қалыптастыру екенін айтып кеткен едік. Енді осы жаңа сапаларды жобалау әрекеті арқылы қалыптастыру білім берудің сатыларында қалай көрініс алатынына тоқталамыз.


1. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жобалауды ұйымдастыру
Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей өз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сөзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін–бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте қалыптасқан өзара қарым–қатынас, бірін–бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады. Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік тұрғыны жүзеге асыруға 235 мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жиі кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың өзіндік ерекшеліктерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай–ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында пайда болатын өз әрекетін ұйымдастыру, өзін-өзі басқара білу, өзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сөзсіз. Жобалау әрекетінің жасөспірімдер үшін маңыздылығы зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі болмайды дегенді білдірмейді. Жасөспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және әлеуметтік міндеттеріне сай келеді. Ал, білім беру міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті оқу барысында өзінің мінез–құлқын реттеу, өзіндік әрекетін басқару құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы жоғары сыныпта өзінің білім алу траекториясын таңдауға жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды және өзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін басқаруға қабілеттілігіне айналады. Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті қызметтік рөл де атқарады, яғни оқушылар жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу әрекетінде, қарым–қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады. Білім берудің төмендегі сипаттамалары бар екені белгілі, олар: - кеңістік пен уақыт ішінде орындалады; - коммуникация түрлері арқылы орындалады; - бағалау түрлері қолданылады; 236 Білім берудің әрбір сатысы белгілі бір деңгейде аяқталып отырады. Мысалы, бастауыш мектепті аяқтауда емтихан тапсырмайды, келесі сатыға өтуге таңдау жасалмайды. Ал негізгі және орта мектеп оқушылары өз сатысын аяқтауда квалификациялық сынақтан, емтиханнан өтуге міндетті. Сондықтан негізгі және орта білім сатылары белгілі бір білім мазмұнын игере отырып, осы нәтижені аяқтауға тиіс болады. Бастауыш мектеп оқушылары үшін жобалау жұмысын сынып ішінде, бірнеше пәндерден ұйымдастыруға болады, бұл кеңістік олар үшін әзірге жеткілікті. Кейде мектеп ауласы, мектеп ішінде пайдаланылады. Негізгі және орта мектептерде білім беру кеңістігі сыныппен де, мектеппен де шектелмейді. Олар білім берудің түрлі бағыттары: қосымша білім, ЖОО даярлық, т.б. бағыттарда еркін оқи алады. Жобалау логикасында құрастырылған білім беру үдерісі оқушыларға оқу–тәжірибелік жұмыста еркіндік береді, бұлар әдетте пәндік кеңістіктің аясын кеңітуге жағдай жасайды. Дәстүрлі оқытуда класс – бұлжымас оқу бөлмесі, сабақ – бұлжымас оқу түрі, сондай–ақ, кабинеттік жүйе (химия лабораторияларымен, биология, өсімдіктер, жануарлар әлемімен, физика – лабораториялық құрал - жабдықтарымен) пайдаланылады. Бастауышта оқушының барлық іс-әрекеттері мұғаліммен қатынаста құрылса, негізгі және орта мектептерде – пән бойынша оқшаулануы басым, яғни пәндік кеңістікте құрылады. Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді. Онда білім беру кеңістігі оқу жобасының құрылымына байланысты таңдалады. - жоба идеясы оқу үдерісінде немесе басқа да ситуацияларда пайда болуы мүмкін; - жобаны орындаудың өзі сыныптағы сабақтан тыс, жобаның мазмұнына сай орында атқарылады. Мысалы: зертхана, кітапхана, интернет–класс, т.б. - жобаның нәтижесін презентациялау. Бұл жобаның мазмұнына сәйкес арнайы тематикалық сабақ, не мереке, конференция, фестиваль, т.б. Бұлардың барлығы да алдын ала жоспарлау арқылы орындалады. Мысалы, бастауышта 1–2 күн бұрын 237 жоспарланса, 5–6 сыныпта 2 апта айналасында (мысалы, бір пән көлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 сыныпта – 1 тоқсан, одан да көп мерзімдік жобалар ұсынуға болады. Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін дамытылуын неден көруге болатынын қарастырайық. Олар: Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы оны орындау мүмкіндігін ескере отырып жасалуында; Оқушы (топ): - тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін дайындайтын уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды; - тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның уақытын, орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі; - тапсырманың кейбір бөліктерінен мүмкіндікке қарай бас тарта алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.); Осылайша, міндеттерді орындаудан–оның кезеңдерін жоспарлау, бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру сияқты жұмыстар жалғастырылады. Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар төмендегі жұмыстарды орындайды: - тақырып таңдайды; - жұмысты орындау жолдарын таңдайды; - жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін жоспарлайды; - жоба өнімін жасайды; - қорытынды өнімнің нәтижелерін көрсетудің түрлерін анықтайды; Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар өздері құруы тиіс, әр кезеңнің басталғанын көрсететін белгі де тұруы керек. Білім берудің әрбір кезеңіне тән жобалау әрекетінің ерекшеліктері бар. Жобаның идеясы мен оны жүзеге асырудың бірлігі–оның айнымас белгісі, ол–білім беру жобасына ғана емес, жалпы жобалардың бәріне тән белгі. Білім берудің үш сатысына да ортақ жобалау қабілеттілігін қалыптастыру – бұл:
- бастауышта: іс-әрекет амалдарын іздеу, анықтау (бұл кезеңде жоба идеясы оқушыға емес, мұғалімге тән);
- негізгі мектепте: идея мен оны орындаудың бірлігін қатаң сақтау, орындау туралы шешім қабылдау, жүзеге асырудың тиімді жолдарын таңдау, нәтижелік өнімді алу және оны презентациялау;
- жоғары сыныпта: өзінің білім алу траекториясын жобалау [1].
Осылайша, бастауышта пайда болып, жинақталған ісәрекеттер амалдары негізгі мектепте жобалау әрекетін ұйымдастыруға негіз болады. Негізгі мектепте оқушылардың оқу–тәжірибелік жұмысты өз бетімен орындау қабілетін дамыту жобалау кеңістігін құру арқылы жүзеге асырады. Негізгі мектепте алған жобалауға қабілеттілік жоғары сыныптардағы оқулықтың өзіндік білім алу траекториясын жасауға, жобалауға мүмкіндік береді. Бастауышта алған білім нәтижелері негізгі мектепте алатын нәтижелерінің құралына айналса, бұлар жоғары мектеп нәтижелерін орындауға құрал болады. Мектептің әр сатысындағы жүргізілетін осы жұмыстар жобалаудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жобалау мектепте ешуақытта оқу әрекетінен тыс болмайды және ол жалпы мектепшілік жұмыстарда бөлек ұйымдастырылмайды, бірлескен әрекет арқылы орындалады. Бұл жалпы тәрбие жұмысына тиімді ықпал етеді. Мысалы:
1 – кезең: пәндік білімдер оқу барысында қалыптасады;
2–кезең: олар оқу жобасының құралына, ресурсына айналады;
3–кезең: одан жобаны орындау оқушының өз бетіндік оқу – тәжірибелік әрекеттеріне негіз болады; Осылайша, оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланыс пен бірлесе жүргізуі оқушының өз бетімен оқу – тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыруға, қалыптастыруға негіз болады [2].
Білім берудің тұтастығы принципі оқу және жобалау әрекетінің жоспарланған нәтижесін қамтамасыз етеді. Егер жобалау оқудан тыс болса білім нәтижелері қалыптасуы 239 мүмкін емес. Осы себепті жобалауды оқыту процесіне ендіру қажет, ол оқушылардың әрекеттерінің екі полюсін көрсетеді: - оқу – жобалық; - өз бетімен, еркін – регламенттелген; - бағаланады – бағаланбайды; - еркін – қадағаланады; - авторлық – нормативтік; - сынаулық – нәтижелік. Бастауыш мектепте бұл қарама–қайшылықтар тек көріне бастайды, олар оқытудың кеңістігіне, түріне, қарым – қатынасқа өзгерістер енгізіле бастағаннан көрінеді. Негізгі мектепте оқушы көптеген дамытушылықтық, өзбетіндік әрекеттерге пәндер арқылы емес, өзінің танымдық әрекеттері арқылы өзін, өз мүмкіндіктерін аша бастайды. Аталған қарама–қайшылықтың бір түрінен екінші бір түріне өту барысында оқушы көптеген оқу–танымдық әдіс–тәсілдер мен олардың түрлерін таңдай, түсіне алады, қажеттікке қарай қолдана бастайды. Олардың барысында өз бетіндік әрекеттерге үйренеді. Негізгі мектепте алған өз әрекеттерін таңдай білу, өзгелермен қарым–қатынасқа түсе білу тәжірибесі жоғары сыныптарда өз әрекеттерін қойылған мақсатқа байланысты ұйымдастыра біледі, жоспарлай алады және жүзеге асырады. Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін бағыттар анықталады. Сондай–ақ оқушылар міндетті, нормаланған және еркін, өз бетімен жасалатын жұмыстарды ажырата алады және өз бетіндік әрекеттерін ұйымдастыра алады. Негізгі мектептің ерекшелігіне сай оқушылар оқу пәндері және сыныптан тыс жұмыстарда өзбетіндік әрекеттерін қалыптасқан жағдайына сай ұйымдастыра алады, мұндай әрекеттердің жиынтығы оқу–тәжірибелік жұмысында өз бетінше әрекет ету қабілетін қалыптастырады. Жоғары кластарда оқушы өз әрекеттерін, өздерінің оқу міндеттерін өздері ұйымдастыра алатын болады. Ол сабақтан, мектептен тыс жұмыстарды да қамтиды. Негізгі мектептің күтілетін нәтижелерінің орындалуы оқушының мектеп бітіру факті емес, негізгі мектепті нәтижелі бітірудің көрсеткіші – олардың жоғары сыныпқа 240 барғанда, бұдан бұрын алған білімі жоғары сыныптағы оқу– тәжірибелік міндеттерді шешудің құралы бола алуы болып табылады [3].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет