Танымдық психикалық үрдістер



бет34/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
стом

Темперамент


Табиғатта екі бірдей адамды, жеке тұлғаны кездестіру қиын. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде даралық ерекшеліктері қайталанбайды. Адамдар бір-біріне ұқсас болып келуі мүмкін. Адамдардың даралық-психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болады.
Осындай тұрақты және адамға туғаннан берілетінпсихологиялық қасиеттер темпераменттің қасиеті болып табылады. Демек, темпераменттің қасиеттеріне ең алдымен туа
біткен және даралық-өзіндік психикалық қасиеттер жатады. Тіпті ерте кезден бастап темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз:сангвиникалық, флегматикалық,холерикалықжәне меланхоликалық.
Темперамент дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез қүлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері. Темпераменттің қасиеттерін мінез-құлық қасиеттерімен немесе қабілеттіліктерімен шатастыруға болмайды.
Темпераментті анықтайтын төмендегідей негізгі қасиеттерді атап өткен жөн:
- адамның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтың жалпы белсенділігі әрекет етуге ұмтылудың әртүрлі деңгейінде, қоршаған дүниені меңгеру және өзгерту, әртүрлі іс-әрекетте өзін көрсете білуде анғарылады.
- қозғалыс немесе моторлы белсенділік және тілдік-қозғалыс аппаратының белсенділік жағдайын көрсетеді. Адамның бұлшык ет қозғалысы мен тілінің шапшаңдығында, күшінде, жылдамдығында аңғарылады, оның сыртқы қозғалысында, сөзшеңдігінде байқалады.
- эмоциялық белсенділігі эмоциялық көңіл-күйінде, эмоциялық қозгалғыштығында т.б. көрінеді.
Темперамент адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында және қылықтарында аңғарылады және сыртқы пішінінен байқалады. Сыртқы тұрақты белгілері бойынша темпераменттің кейбір қасиеттері туралы айтуға болады.
Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады. Басқаша айтқанда, психикалық іс-әрекеттің іске асу сипаты темпераментке байланысты, атап айтқанда:
1. психикалық үрдістердің пайда болу жылдамдығы мен оның тұрақтылығы (мысалы, қабылдау жылдамдығы, ойдың ұшқырлығы, зейіннің шоғырлану ұзақтығы);
2. психикалық үрдістердің қарқындылығы (мысалы, эмоцияның күші, еріктің белсенділігі);
3. психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нысандарға бағыттылығы (адамның жаңа адамдармен қарым-қатынаста болуға ұмтылуы, адамның өзіне-өзі, өз идеалдары мен образдарына бағытталуы).
Дегенмен осының барлығы темпераментті толық сипаттау үшін әлі де жеткіліксіз, себебі психикалық іс-әрекеттің динамикасы басқа жағдайларға байланысты. Кез-келген адамда өмірінде кездесетін қуанышты оқиға жан дүниесі мен тән дүниесін, күш-жігерін арттыра түседі, ал керісінше қайғылы жағдай оның көңіл-күйінің түсуіне себепші болады.
Темпераменттің қасиеті адамның басқа психикалық ерекшеліктерімен салыстырғанда ерекше тұрақты және әруақытта да болады.
Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ(б.з.д. Ү ғ) пен оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың (қан, шырын, өт) сандық арақатынасына байланысты, Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше «красис» депаталады. Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істегенбұл ұғымды латынша temperamentumдеп аталады, кейін келіп «темперамент» термині шықты.
Гиппократ темпераментті адамның анатомиялық-физиологиялық және психологиялық даралық ерекшеліктері деп түсіндірді.
Темпераменттің табиғатын ғылыми тұрғыдан И.П.Павловжүйке жүйесінің негізгі қасиеттері туралы ілімінде түсіндіріп берді.
И.П.Павлов жүйке жүйесінің үш түрлі негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті:
1. қозу және тежелу үрдісінің күші. Ол жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетіне байланысты;
2. жүйке жүйесінің тепе-теңдігі, демек қозу күшінің тежелу күшіне сәйкес келу дәрежесі;
3.жүйке жүйелерінің қозгалғыштығы, демек қозудың тежелуге ауысу жылдамдығы және керісінше. Бұл барлық қасиеттер жалпы жүйке жүйесі ретінде бір ғана биологиялық қызметті атқарады, өз уақытында ағзаны қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстайды.
И.П.Павлов жүйке жүйесінің 4 негізгі түрін ажыратты:
1.күшті, ұстамсыз(қозудын күші басым болуы);
2.күшті, ұстамды, қозғалғыш;
3.күшті, ұстамды, сылбыр;
4.әлсіз.
Жүйке үрдістерінің күштерін белгілері бойынша И.П.Павлов күшті және әлсіз жүйке жүйелеріне бөлді. Күшті жүйке жүйелерінің окілдерін ол өз кезегімен күшті ұстамды және күшті үстамсыз деп ажыратты. Күшті ұстамдылар шапшаң және баяу болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет