Танымдық психикалық үрдістер



бет39/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75
стом

Қозу типі.Алғашқы белгілері 2-4 жаста білінеді, басқаша айтқанда бірінші жастық дағдарыс кезінде. Бұл мерзімде бала өз құрдастарына қарағанда өте қозғалғыш, қозғыш, кейдеызаланып айналадағыларды ұрады, тырнайды және тістейді. Оларқатты қиқарланып, айтқанын істемесе наразылық ретінде еденге жатып, оған басын соғып, қатты жылайды. Олар балаларұжымында сиыспай, бірден төбелесе бастайды. Мектеп бірінші сыныбында мұндай реакциялар сиректейді. Бірақ мінез-құлқы қиын болады. Ер балаларда қыздарға қарағанда жиі болады, олар жиі тобелесіп, сабақта тәртіп бұзады.
Қозу психопатияның алғашқы белгілері бар жасөспірімдердің ішімдікке, есірткілерді, улы заттарды қабылдауының алдын алу керек. Қозу белгілері бар жасөспірімдер мен бозбалалардың ішімдік пен есірткі қабылдауы олардың мінезінде психопатия белгілерін күшейтеді.
Ішімдікке, улы заттар мен есірткі пайдалану психопатиясы бар кісілерді тәртіпті бұзатын бұзық адамдармен сыбайластырады. Мұндай кісілер бұзықтардың жүріс-тұрысы мен сөйлегенсездеріне еліктеп, денелеріне неше түрлі әшекей суреттер салады.
Психопатияның осы тобына қояншықпен ауырған адамда болатын кейбір ерекшеліктері ұқсас эпилептоидты тип жатады. Осындай балалар бірінші күннен бастап қабағы ашылмауға, бәрінде жаратпауға, қозғыштыққа және керілікке бейім болады. Психопатияның қозу тобына кейбір авторлар гипертиімдік типтіжатқызады. Гипертиімдердің басты белгісі үнемі кетеріңкі көңіл-күй, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы,әрекет жасауға талпынғыш, көп сойлегіш, көңілді, жылдамқозғалғыш. Оларға жеңілтектік, тәртіпсіздік, тентектік тән, бастаған істі аяғына жеткізбейді. Гипертиімдік жеке адамда қозушы, истериялық және тұрақсыз типтермен үйлеседі.
Тұрақсыз тип.Тұрақсыз психопатия типінің белгілері 11-12 жастағыларда білінеді, мұның белгісі жас балалардың қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоционалды тұрақсыз жігер. Тұрақсыз пихопатиялы адамдардың жоғарғы жігерлі қызметі жетілмегеңдіктен өзінің сол минуттағы тілегі мен әуестігін тежей алмайды. Егер қалыпты жағдайда әрекетгің себебі белгілі бір мақсатпен, міңдетпен, қарызбен байланысты болса, ал олардың негізгі мақсаты тек рахаттану. Олар бастаған жұмысын аяқтамай, акыл-ой қалыпты не жоғары болуына қарамай істері жеміссіз болады. Эмоциялары тұрақсыз болғаңдықтан жылдам достасып, жылдам ажырасады. Олар келешегін ойламайтын қамқорсыз және бейқам болады.
Ұйымдасқан еңбек пен бақылау жағдайыңда ұнамды тәрбиенің арқасыңда мінездің патологиялық ерекшеліктері түзелуі мүмкін. Эмоционалдық- жігерлік тұрақсыздық жасқа байланысты бәсендеуі мүмкін. Адамның кемеліне келуі, тынышталуы мен әлеуметтік бейімделуі 35-40 жаста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет