Тапсырма №1 Берілген сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар. Үлгі: 7-жеті-жетінші 7,10,1,3,100,28,37,695,470,259,627,1992,187,369,2014,1990,1991. Тапсырма №2
Тапсырма №1 Берілген сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Үлгі: 7-жеті-жетінші
7,10,1,3,100,28,37,695,470,259,627,1992,187,369,2014,1990,1991.
Тапсырма №2 Мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, қандай сан есімнің түрі екенін анықта.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл мінездес;
Екеуі де күнді аңдиды.
5.Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
Жетеумін деме, сегізге жолығасың.
6.Ағайын – алтау, ана – біреу
Тапсырма №3 Берілген сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар. Үлгі: Есептік сан есім: бес, ...
Реттік сан есім: бесінші, ...
Жинақтық сан есім: бесеу, ...
Топтау сан есім: бес-бестен, ...
Болжалдық сан есім: беске жуық, ...
5,7,3,20,180,1000,34,71,82,120.