Тапсырма: Әбіш Жиреншин



бет5/5
Дата29.02.2024
өлшемі368.74 Kb.
#493222
түріБиография
1   2   3   4   5
Жиреншин

Абайтанудың Әбіші
Әбіш Мұсылманқұлұлы Абай шығармашылығын ұзақ жылдар бойы үзбей зерттеп, абайтану ғылымына елеулі үлес қосты. «Қазақтың данышпан ақыны Абай туралы жаңа материлдар» («Екпінді», 1939, 9 қазан), «Абай мен Михаэлис» (сонда, 1940, 15 қазан), «Абайдың орыс революционер-демократтарымен байланысы» («ҚазССР ҒА-ның Хабаршысы», 1945, №6), М.О. Әуезовпен бірігіп жазған «Қазақ әдебиетінің классигі» («Соц. Қазақстан», 1949, 24 шілде) деген еңбектерінде ақын туралы тың деректер келтіріп, оның орыс зиялыларымен достық байланысына, рухани үндестігіне тоқталады, поэзиясының өз заманындағы өз заманындағы қазақ өмірінің айнасы екенін атап көрсетеді.
Әбіш Мұсылманқұлұлы 1945 жылы «Абай Құнанбаевтың творчествосы» тақырыбында ҚазМУ-дың ғылыми Кеңесі мәжілісінде кандидаттық диссертациясын қорғайды. Айта кетерлігі, бұл Абай шығармашылығы бойынша қорғалған тұңғыш диссертациялық жұмыс еді.
1949жылы «Абай және оның орыс достары» деген еңбегі жарық көреді. Бұл еңбегіне Е. Бекмаханов редактор болған.
Жазушы Медеу Сәрсеке өзінің «Ермұхан Бекмаханов» атты ғұмырнамалық зерттеуінде Әбіш Жиреншин жөнінде: «Ерекше ден қойған ісі – абайтану ілімі, бұл салада ол өз қатарының алдыңғы легінен көрінген. Әбіш Мұсылманқұлұлы 1961 жылы жарық көрген көрген «Абай Құнанбаев шығармаларының толық жинағын» әзірлеуге белсене қатысқан. Ол заңғар қаламгер һәм филология ғылымның үздігі, академик М.О. Әуезовпен тізе қосып еңбек еткен жылдарда Мұхтар Омарханұлының барлық ой-пікіріне үнемі бас иіп келісе бермеген. Өзі кәміл сенген ойын, әдеби тұжырымдарын қорғаудан тайынбаған. Бұл да – шынайы ғылым иесіне тән еркіндік» деп ғалымның тұлғалық болмысына өз пікірін білдіреді.

Әдебиеттер тізімі: 


1.Сәрсеке Медеу. Ермұхан Бекмаханов. Ғұмырнама. – Астана: Фолиант, 210. – 672 б.
2.Жиреншин А.М.Избранные труды. Алматы: Алаш, 2003 – 624 б.
3. Жиреншин Ә.М. Қазақ кітаптарының тарихынан. Алматы: - Ғылым, 1971. 170-б.
4. «Qazaqstan tarihy»сайты Абайтанудың Әбіші мақаласы
5. «Wikipedia» Әбіш Жиреншин Мұсылманқұлұлы мәліметтері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет