Тапсырмалармен жұмыс



Дата20.10.2022
өлшемі0.49 Mb.
#463025
Роза бағланова презентация


Қазақстан және КСРО халық әртісі. 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. 1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды. 1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші-солистік қызмет атқарды. Сол ансамбльмен Ұлы Отан Соғысы жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.
  • -Роза Бағланова 01.01.1922-08.02.2011жж.( Қызылорда облысы. Қазалы ауданы) — Роза Тәжібайқызы Бағланова – әнші, Қазақстанның халық артисі (1967), Халық қаһарманы (1996). Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылыМәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар менстуденттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтардостығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.-

Тапсырмалармен жұмыс

  • 1-топ. Роза Бағланова апамыз жайында не білесіңдер?
  • 2-топ. Әнші мамандығы қандай мамандық?
  • 3-топ .Қай елдерге гастрольдік сапарда болған?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет