Байқаудың тақырыбы:«Сегіз қырлы бір сырлы»
Байқаудың мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа,
имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші
жігіттерді жан-жақтылыққа баулу.
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қай заманда болсын, адамзат алдында тұратын ұлы мақсат пен мұраттың ең бастысы – елі мен жерінің амандығы. Ол үшін ел мен жерін көркейтетін салауатты ұрпақ тәрбиелеуді көксеген. Оларға жол көрсетіп, еңбек етуге бар ынтасын арнаған. Сол келешек қоғам иелерін, жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, өнер иесі етіп тәрбиелеуде халқымыз: «Жігітке жеті өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы азамат болу керек» - деп тәрбие беріп отырған.
Ойлы, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді мақсат еткен.
«Сегіз қырлы бір сырлы » байқауына қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып табылады.
1 жүргізуші Осы сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныстырайық.:
1. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары – Серкебаева Мақпал Кенжеханқызы - әділ қазылар төрайымы
2 жүргізуші 2. Мектебіміздің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары – Чарипбеков Талғат Қадірбекұлы
1 жүргізуші 3. Бастапқы әскері дайындық пәнінің мұғалімі –
2 жүргізуші 4. Мектебіміздің пәнінің мұғалімі –
1 жүргізуші : Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар — деп, ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет — ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» — деп ерекше оны бақыт санаған.
2 жүргізуші: Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Достарыңызбен бөлісу: |