Тарбағатай ауданының тарихы



Дата20.06.2016
өлшемі41.44 Kb.
#149071
Тарбағатай ауданының тарихы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамыр айындағы Жарлығымен Республикамыздағы әкімшілік жұмыстардың өзгертілуіне байланысты Ақсуат ауданы таратылып Тарбағатай ауданының аумағына енгізіліп Тарбағатай ауданы деп аталды. Тарбағатай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының Оңтүстік Шығыс бөлігінде орналасқан. Жері 25,1 мың шаршы км. Аудан халқының саны 59800 адам. Құрамында 16 ауылдық, 1 кенттік  округтері, 69 елді мекендер бар. Аудан орталығы - Ақсуат ауылы.

Ауданның климаты өте континентті. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді.

Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 мм. Жауын шашынның көбі қыста түседі.

Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді.
Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалын, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – соран өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта  тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар.

Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы зонасы бар.

Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр – Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс.
Ұзындығы – 225 км, ені 100 – 125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілген. Қазан шұңқыр таудан ағатын өзендермен, сай – жырлармен тілімделген ойыстан шөл және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады.

Ауданда жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, ақ құлақ борсық, қос аяқ, суыр, елік, тиін, қоңыр аю, арқар, сілеусін бар.


Ауданның далалы өңірінде елік, дуадақ, тырна, безгелдек, торғай, қараторғай, сарышұнақ, дала тышқаны, қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың төрт түрі – жасыл бақа, тас бақа және дала сұр жыланы, секіргіш кесіртке кездеседі.

Ауданның таулы өнірін қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, қосаяқ, суыр, қоңыр аю, арқар, сілеусін мекендейді.


Аудан жерінде Тарбағатай тауларынан басталып, Зайсан көліне қарай ағатын Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Терісайрық, Тайжүзген, Уласты, Қандысу Құсты өзендері бар. Бұлардың көпшілігі жер суғаруға пайдаланылады.

Зайсан көлі Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары арасындағы ойыста жатқан тущы көл.


Ұзындығы 100 км-дей, ені 30км-дей, ауданы 1800 шаршы км, жағасы көп жерінде жайпақ.

Көлде балықтардың 23 түрі бар, оның 17-сі кәсіптік балықтар. Көлде балықтардың бежіре, ақ балық, таймен, шортан, аққайран, сазан т.б балықтар ауланады. Кеме жүзеді. Көл жағасында бірнеше балықшылар ауылы орналасқан Туғыл кентінде балық аулайтын, аулаған балықты өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді.


Ауданның өсімдіктер әлемі түрлі-түстілігімен және сан алуандылығымен ерекшеленеді. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі өсімдіктер аласа көгалды, өзен-бастау жағалаулары құрақты далалы        

Жер қойнауынан қоңыр көмір, мәрмәр, никель, құрылыс материалдары бар екендігі анықталған.

Аудан жерінің батысынан шығысына қарай созылып жатқан Тарбағатай тауының ұзындығы 300 шақырымға жетеді. Ені 30-50 шақырым шамасында. Ең биік шыны «Тастау» 2991 м. Шығысында Алтай тауы мен,  батысында Сарыарқа мен ұласады. Арғанаты, Маңырақ, Өкпеті, Түйемойнақ, Жылытау сілемдерінің де шоқтығы биік шындары көп.

Осыдан бастау алған Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Қарасу, Шорға, Тайжүзген, Қандысу, Құсты  Зайсан көліне құяды.


Біздің ауданда  ойлаған көсемдер,  шешендер,  әділ билер,  жауға қол бастап шыққан  батырлар,  күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналған емшілер, жауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүрген. Ежелден табиғатына бай «Барқытбел» атанған қарт Тарбағатай ерте замандардың көнекөз куәсі.

Бұл өңірде біздің жыл санауымызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта ерте көшпенділер мекендеген. Бұған дәлел тау төскейіндегі далалардағы үйінді обалар.


Қазақстан тарихи зерттеулерінде «Алтын - оба» аталып кеткен Шілікті аңғарындағы қорғандардан осы дәуірдің көне мәдениет ескерткіштері табылған. Археологиялық қазба кезінде 500-ден астам алтын бұйымдар шыққан. Бұлардың көпшілігі еліміздің ұлттық мұражайында  және әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Санкт-Петербургтағы эрмитажда сақталуда.  Шыбынды елді-мекені маңындағы обадан табылған барыс мүсіні орнатылған қос шырағдан, Кіндікті өңірінен түркі қағанаты дәуіріндегі тас мүсіндер табылған. Жермен елдің тұтастығын сақтап қалған ұрпаққа ұран, халқына мақтан болған Қаракерей Қабанбай, Би Боранбай, Дәулетбай бабаларымыздың Тарбағатай өңірінің тумасы екендігін, ұлы ерлігіне лайық дарабоз,  батыр атануы ұрпақтар үшін зор мақтаныш.

Ел қорғаудағы ұлы ерліктер Тарбағатай өңірінде өткені белгілі. Аудан жеріндегі Қалмаққырған, Долаңқара, Кергентас, Баспан, Майлышат, Құбас кезеңі, Шорға, Мауқыбай, Шаманна тағы басқа тарихи жерлер осы оқиғаға байланысты аталған.

Осы өңірдегі 1826 жылы орыс патшалығына бодан болмаймыз деп алғаш рет анықтап, ашық қарсы шығып ақыры сол үшін құрбан болған Қожагелді батыр, Сатының ұраны болған Бұтабай, Маңырақ айқасында аты шыққан Байотар, ел бірлігін көксеген Сасан, Шәкі билер, Сатының биі қажы, бүкіл исі қазаққа әйгілі Тана мырза мен Кенжелі шешен, Найман елінен алғаш рет қажыға барған Шал қажы, Құрбан қажы, Әулие емші Ырғызбай, Оразбай дуана, қарадан шығып аға султан болған Қисық, сұлтандар Тарбағатай жерін мекендеген.

«Бақтиярдың қырық бұтағы» атты әйгілі дастаны бар Жанұзақ жыршы, 1907 жылы қазақ қаласында «Дүние үшін ғибрат нәме» атты кітап бастырған Қоқан қажы, Бабыр, Бағаналы күйші, Кәрібай, Ожырбай, Қали ақындар сияқты ел ардақтылары көптен саналады.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет