Төлеубаев Ә.Т., Омаров Ғ.Қ.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті , Алматы қаласы
ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІНІҢ ТЫҢНАН АШЫЛҒАН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Профессор Ә.Т.Төлеубаевтың басқаруындағы Шілікті археологиялық экспедициясының бір отряды 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Тарбағатай аудандарында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Бұл аудандарда жекелеген зерттеу жұмыстары атқарылғанымен кең көлемде археологиялық барлау жүргізілмеген. Бұл өлкедегі археологиялық ескерткіштер туралы алғашқы мәліметтерді өлкетанушылардың қысқа хабарламаларынан аламыз [1]. Аталған аудандардағы ескерткіштерді есепке алып тіркеу жұмыстары белгілі археолог С.С.Черниковтың есімімен тығыз байланысты [2]. Кездейсоқ табылған олжалар, сондай-ақ тіркеуге алынған археологиялық ескерткіштер “Қазақстанның археологиялық картасында” толықтай көрсетілген [3].
Жартас суреттері танымал археолог З.С.Самашевтың еңбегінде тыңғылықты зерттелген [4]. Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлерінің барлау жұмыстарынан [5] басқа 1989 жылдан бастап Тарбағатай ауданында ҚазҰУ-нің профессоры Ә.Т.Төлеубаев басқарған археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді [6].
2006 жылғы археологиялық барлау жұмыстары Шілікті жазығынан бастап Тарбағатай тауының теріскейіндегі алқаптағы Қызылкесік ауылына дейінгі аралықта жүргізілді. Қандысу, Терісайырық, Базар, Нарын, Қарғыба, Боғас, Тақиякеткен өзендері бойынан қола дәуірінен бастап түркі дәуіріне дейінгі жүзге тарта ескерткіштер есепке алынып, жоспарлары сызылып, фотоға түсірілді. Нақты координаталары анықталды (GPS).
Тарбағатай теріскейіндегі ерте темір дәуірінің қорғандарындағы басты ерекшелік – қорымдағы бір не екі қорғанның етегінен сәл алшақта шеңбер немесе төртбұрыш пішінді ені – 0,2 – 1 м-ге дейін тас белдеуінің болуы. Ерте темір дәуірінің Шілікті жазығынан басқа патша қорғандары Ақсуат ауылы маңындағы Шыбынды, Қараоба, Төртоба, Қырықоба, Қабдеке ескерткіштері екені даусыз. Олардың диаметрі 40 м-ден 100 м-ге, биіктігі 3 м-ден 8 м-ге дейін. Мерзімделу уақыты белгісіз бірнеше қоныс орындары анықталды.
Жаңа ауыл ауылдық округі
Жаңа ауыл – 1 қорымы. Жаңа ауыл ауылынан (Тарбағатай ауданы) солтүстікте 1 км жерде Жаңа ауыл – Сарөлең трассасының сол жағында Теріс айырық өзенінің оң жағалауындағы жоғарғы террасада жарқабаққа жақын оңтүстіктен – солтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Негізінен топырақ қорғандар. Шеңбер түріндегі қоршаулар да кездеседі. Шеңбер түріндегі қорғандардың үйіндісі жоқ. үйінділі қорғандардың да етегінде тас белдеулері бар. Қорғандардың биіктігі 5-10 см-ден 1 м-ге дейін жетеді. Оңтүстіктегі ең шеткі шеңбер түріндегі қорғанның координаталары N 47° 13' 50,8'' Е 084° 06' 18,1''. Терісайырық өзенінің қазіргі арнасынан 500 м жерде. Қасынан ЛЭП өтеді. Қорғандардың диаметрі 5-6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. Биіктігі 5 см-ден 1,5 м-ге дейін. Қорғандарда тонау ізі білінбейді. Ерте темір дәуірінікі. Барлығы 37 қорған. Солтүстік бөлігінде қазақ зираттары бар. Қазақ зираттарына жетпей шеткі қорғанның координаттасы N 47° 14' 06,2'' Е 084° 06' 08,2''.
Жаңа ауыл–2 қорымы. Жаңаауыл – Сарөлең трассасының сол жағында Терісайырық жағалауында жоғарғы терассада, өзеннен 500 м жерде. Жарқабақтың дәл астында арық өтеді. Жол жиегіндегі “Жаңа ауыл” “Қош келдіңіздер” деген белгінің солтүстік батысында 200 м-дей жерде. Топырақ қорғаннан тұрады. Солтүстігіндегі үш қорғанның тас белдеуі бар. Екеуінің үстін жырып, біреуін арық қазған кезде жартысын бүлдіріп кеткен. Жардың астында тастан салынған қорған бар. Оңтүстіктегі топырақ қорғанның үстінде гранит тастан сынтас жасалған. Қорғанның биіктігі –1 м. Диаметрі – 18 м. Координаталары N 47° 15' 51,3'' Е 084° 05' 43,8''.
Жаңауыл – 3 қорымы. Жаңауыл ауылынан оңтүстікте 0,5 км жерде. Терісайырық өзенінің оң жағалауында жарқабақта жоғарғы террасада, су тартатын мұнараның жанында орналасқан. Тас пен топырақтан тұратын қорғандар. Қорғандар солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеліп келген. Кей қорғандардың етегін үлкен тастармен қоршаған. Жекелеген қорғандарда тонау ізі байқалады. Қорымның ортасынан ЛЭП бағаналары өтеді. Қорғандар диаметрі 5-6 м-ден 10-12 м-ге дейін, ал биіктігі 0,10 м-ден 0,45 м-ге дейін. Оңтүстік қорғанның координатасы N 47° 12' 28,0'' Е 0,84° 06' 03,5''. Ерте темір дәуірінің қорғандары.
Жаңа ауыл – 4 қорымы. Жаңа ауылдан 1 км, Жаңа ауыл – 3-тен 0,5 км жерде, Жаңа ауылдан Жаңаталапқа кететін жол бойында, Терісайырық өзенінің оң жағалауында тау етегіндегі жазық алқапта орналасқан. Ішінде, сыртында шеңбері бар қорғандар да бар. үйсіндердікіне ұқсас, сыртында белдеуі бар қорғандар және топырақ үйіндінің етегін үлкен гранит тастармен қоршаған қорғандар және тас пен топырақ аралас, сондай-ақ таза тастан үйілген қорғандар да кездеседі. Қорғандардың көпшілігі жер астында білінбей көміліп қалған. үйіндінің биіктігі 0,00-ден 0,5 м-ге дейін жетеді. Диаметрі 4-5 м-ден 18-20 м-ге дейін. Оңтүстік батыстағы қорған-қоршаудың координатасы N 47° 12' 15,0'' Е 0,84° 06' 10,0''. Ерте темір дәуірінің қорғандары. Қорғандардың көпшілігі ерте уақытта тоналғанға ұқсайды. Кейбір қорған-қоршаулардың шетінде сынтастары бар.
Терісайырық – 1 ескерткіші. Жаңауыл ауылынан 3-4 км оңтүстікте Терісайырық өзенінің таудан ағып шығар алқымында, Жаңауылдан Жаңаталапқа барар жолдың оң жақ жиегінде, Терісайырық өзенінен 50-60 м жерде тігінен бір қатар етіп тігінен қойылған. Төртбұрышты қоршау. өр жағының тастары көрінбейді.Мерзімделуі белгісіз. Координатасы N 47° 12' 05,1'' Е 0,84° 05' 47,4''.
Терісайырық – 2 қорымы. Терісайырық өзенінің оң жағалауында 50-100 м жерде жоғарғы террасада таудың етегінде солтүстіктен оңтүстікке қарай шоғырлана орналасқан тас және топырақ пен тас үйінділі қорғандар. Солтүстігіндегі қорғанның шетін ала қазақ қонысы орналасқан. Жаңаталапқа бара жатқан жолда Терісайырық өзенінің екі таудың ортасындағы мүйістен шығар жазықтықта. Қорғандардың орташа диаметрі 4-5 м-ден 15-20 м-ге, биіктігі 0,5 м – 0,10 м-ге дейін. Кей қорғандардың етегінде үлкен тастармен бекіткен тұғыр тасы анық байқалады. Қорғандар тізбегі оңтүстікке қарай 3-4 км созылып жатыр. Координатасы N 47° 11' 27,1'' Е 0,84° 05' 44,4''.
Жаңаталап – 1 қорымы. Жаңаталап ауылының солтүстігінде және оңтүстігінде тас үйінділі қорғандар шоғыры Терісайырық өзенінің сол жағалауында 2-3 км созыла орналасқан. Диаметрі 5 м – 20 м, биіктігі 0,20 м – 1,4 м. Жоспарға өте көп қашықтыққа созылған соң түсіре алмадық. GPS пен алған қорған ауылдың оңтүстігіндегі үйден 200 м шамасында. Тонау іздері білінбейді. Координатасы N 47° 06' 25,7'' Е 0,84° 02' 35,4''.
Жаңаталап 2 қорымы. Жаңаталап Ахметбұлаққа баратын жолдың оң жағында. Жаңаталап ауылынан 4-5 км шамасында. Топырақ үйінділі Н-2 м. Д-30 м қорған орналасқан. Қорғанның ортасынан бастап оңтүстік-батысқа қарай ойығы бар. Қорғанның оңтүстігінде 4-5 км шамасында шекара торы бар. Координатасы N 47° 06' 30,2'' Е 0,84° 05' 05,6''.
Сарыөлең қорымы. Қорғандар Жаңауыл – Сарыөлең трассасының оң жағалауында солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Қорғандар қиыршық тас пен топырақтан тұрады. Ерте темір дәуірінікі. Тонау іздері білінбейді. Топырақ қорғандардың етегінде тас белдеуі бар. Сарыөлең ауылынан оңтүстік-шығыста 1 км-дей мөлшерде. Осы қорымнан шығысқа қарай 7-8 км мөлшерде үлен қорғандар бар. Қорғандар диаметрі 6-7 м-ден 20 м-ге дейін, биітігі 0,10 м-ден 1,20 м-ге дейін. Оңтүстіктен алғандағы 5 қорғанның координатасы N 47° 16' 32,3'' Е 084° 05' 39,0''.
Маңырақ ауылдық округі
Сеңгір–1 қорымы. Ақжар – Сарыөлең трассасының оңтүстігінде Маңырақ тауының етегі мен Қандысу аралығындағы жазықта Балағазы қыстауынан оңтүстік-шығыста 1,5 км мөлшерде негізінен солтүстік-оңтүстік бағытта орналасқан. Тастан тұрғызылған негізгі үш үлкен қорғанның маңында ұсақ қорғандар және құрбандық орындары, ал үлкен қорғандардың барлығында тонау іздері бар. Оңтүстік және орталық қорғанда сыртында ені 70-80 см екі қатар тастан жасалған белдеу-қоршауы бар. Солтүстік-батысында белдеу-қоршаудың есігі сияқты белгісі бар. Барлығы 21 қорған. Қорғандар диаметрі 4-5 м-ден 30 м-ге дейін. Биіктігі 0,20 см-ден 3 м-ге дейін болып келеді. Оңтүстік-батыста 2 км жерде “Сеңгір” демалыс орны орналасқан. Оңтүстігінде 2-3 км жерде Қандысу өзені ағады. Координатасы N 47° 22' 32,3'' Е 083° 56' 13,0''.
Сеңгір–2 қорымы. Балағазы қыстағынан 2-2,5 км жерде оңтүстік-шығыста, «Сеңгір» демалыс орнынан 3 км мөлшерде, Маңырақ тауының етегінен 2 км Ақжар-Сарөлең трассасының оңтүстігінде 1 км жерде орналасқан. Балағазы – 1 ескерткішінен 700 м-дей шығыста. Қорғандар топырақ пен тастан және үйінді етегі шеңбер болып келеді. Тек бір тас қорғанның сыртында шеңбер белдеуі бар. Оның сыртқы диаметрі – 36 м, ішкі диаметрі – 20 м, биіктігі – 0,7 м. Қорғандар диаметрі 5-6 м-ден 20 м-ге дейін болып келеді. Кей қорғандардың төрт бұрышында ғана үлкен тастар қойылған, үйіндісіз. Барлық қорғандар дерлік тоналған. Қорымның координатасы N 47° 22' 27,9'' Е 083° 56' 28,0''. Қорым қорғандары негізінен екі қатар болып тізбектеле солтүстік – оңтүстік бағытта, тау етегінен еңіске қарай орналасқан. Барлығы 29 қорған. Қорым ерте темір дәуірінікі.
Сеңгір – 3 қорымы. Балағазы қыстағынан оңтүстікте 1-1,5 км шамасында трассадан 250 м оңтүстікте. Оңтүстіктегі төртбұрыш қоршауы бар қорғанның батысында төрт құрбандық орны бар. Диаметрі 3 м, биіктігі 20-30 см. Қоршаудың шығыс жағында 80 см ашық есік секілді жер қалдырылған. Қорған толықтай тоналған. Шұңқырының тереңдігі 2 м-дей. Қоршаудың шығыс және батыс жағы доғалдана бітеді. Ені 60-70 см. Екі-үш қатар тастардан тұрады. Солтүстіктегі қорған үстінде геодезиялық нүкте қалдығы бар. Қорғандардың барлығы тас, ал солтүстіктегі топырақ пен тас. Қорғанның диаметрі 18 м, биіктігі 3 м. Сыртқы шеңбердің диаметрі 50,8 м. Барлығы 9 қорған. Қорымның координатасы N 47° 22' 41,1'' Е 083° 55' 46,4''.
Құйған ауылдық округі
Жаман Арғанаты–1 қорымы. Құйған ауылынан солтүстік-батыста 20 км жерде Ойшілік ауылына барар жолда Арғанаты тауының етегінде 500 м оңтүстікте етекте орналасқан. Бір қорған ғана топырақ, ал қалғаны тас қорғандар. Тонау ізі білінбейді. Координатасы N 47° 24' 40,3'' Е 083° 24' 26,0''.
Бұл қорымнан солтүстік-батыста 500 м жерде мерзімделу уақыты белгісіз қоныс орны табылды. Қоныстың координатасы N 47° 25' 05,0'' Е 083° 24' 09,7''.
Жаман Арғанаты–2 қорымы. Құйған ауылынан Ойшілік ауылына баратын жолдың оң жағында Құйғаннан 30 км жерде Арғанаты тауының етегіндегі жазықта тастан және топырақ пен тастан тұратын қорғандар. Қорғандардың диаметрі 5-6 метрден 15 метрге, биіктігі 20 см-ден 70 см-ге дейін. Қорғандарда тонау ізі білінбейді. Барлығы 12 қорған. Ерте темір дәуірінің қорғандары. Координатасы N 47° 25' 16,4'' Е 083° 22' 20,1''.
Құлбабас ауылдық округі
Көкбастау қорымы. Көкбастау ауылынан 300 м солтүстікте Көкбастаудан жайлауға кететін жолда тас пен топырақтан тұратын қорғандар шоғыры орналасқан. Диаметрі 4 м-ден 8 м-ге дейін. Қасында ат бейіттері бар. Қорымның координатасы N 47° 27' 46,9'' Е 82° 49' 58,1''. Барлығы 14 қорғаннан тұрады. Ерте темір дәуірінікі.
Жанабай қорымы. Ерте темір дәуірінің қорғандары. Топырақ пен тастан тұрады. Жыланды сайынан шығып Жанабайға барар жолда таудан түскендегі жазық алаңқайда солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасқан екі-үш қорғандар тобы. Жолдың екі жағында орналасқан. Координатасы N 47° 25' 11,4'' Е 0,82° 41' 48,3''.
Ақсуат ауылдық округі
Обалы қорымы. Жайлауға, Катонға қарай баратын жолдың бойында, Жұрын кезеңінен өткен кезде кездеседі. Ерте темір дәуірінің қорғандары. Координатасы N 47° 23' 17,4'' Е 0,82° 39' 48,3''.
Қобақты жазығы қорымы. Түркі және ерте темір дәуірінің қорғандары. Координатасы N 47° 21' 05,9'' Е 0,82° 38' 47,0''.
Тақия кеткен І қорымы. Тақиякеткен өзенінің бойында Тақиякеткен агрегатының орнында Оспан базының жоғарғы жағындағы Тұматай зираты аралығында агрегат қорасының артында қола дәуірінің қоршаулары және қорғандары орналасқан. Қорғандар диаметрі 8 м, биіктігі 0,3 м. Диаметрі 4 м, биіктігі 0,1 м. Координатасы N 47° 17' 17,0'' Е 0,82° 40' 20,6''
Тақия кеткен – 2 қорымы. Тақия кеткен -1 қола дәуірі қорымынан оңтүстікте 500 м жерде Тақиякеткен өзенінің сол жағалауында тау аралығындағы алаңқайда орналасқан. Қоршаулар төртбұрышты және дөңгелек түрінде кездеседі. Тақиякеткен өзенінің оң жағалауында да қорған-қоршаулар кездеседі. Сондай-ақ бұл жағалауда екі қара тастан сынтас тұрғызылған. Координатасы N 47° 17' 03,4'' Е 0,82° 40' 12,4''.
Тұматай қорымы. Тұматай зиратынан оңтүстік-батыста – 1 км жерде Қырықбай қорасына кететін жолдың оң жағында жотада орналасқан. Ерте темір дәуірінің қорғандары. Диаметрі 5-6 м-ден 10 м-ге дейін. Биіктігі 20-30 см. Дөңгелек формада. 10 шақты қорған. Координатасы N 47° 16' 36,5'' Е 0,82° 39' 21,2''.
Нарын қорымы. Нарын өзенінің оң жағалауында 700 м жерде жазықта орналасқан. Тас үйінділі қорғандар. Барлығы тоналған. Орталық қорғанның сыртында тас шеңбері бар. Бір қорғанның сыртында сынтасы бар. Оңтүстіктен солтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Катон ауылы жанындағы мүйіске дейін жалғасады. Қоршауы бар бірнеше қорғандар бар. Координатасы N 47° 21' 53,3'' Е 0,82° 37' 47,7''. Ерте темір дәуірінікі.
Катон – 1 қорымы. Катон ауылынан шығыста жотада шығыстан бастысқа қарай 300 м жерге созыла орналасқан қорым. Қорған сыртында жалпақ тақта-тастардан айналдыра салған қоршаулары бар. Қола дәуірі ескерткіші. Батысында қорған-қоршау, қоршау, ал ортаңғы бөлігінде сыртында шеңбері бар қорғандар кездеседі. Координатасы N 47° 23' 17,0'' Е 0,82° 37' 13,4''.
Келісай қорымы. Ерте темір және қола дәуірінің қорған – қоршаулары. Жайлауға барар жолдың оң жағында 50 м бастап орналасқан. Коррдинатасы N 47° 24' 53,1'' Е 0,82° 11' 00,6'' .
Жалпақ қорымы. Жалпақтан 1 км батысқа Нәуімге қарайғы жолдың оң жағында қола дәуірінің қоршаулары орналасқан. 6 қоршаудан тұрады. Координатасы N 47° 23' 54,9'' Е 0,82° 33' 03,3''.
Даубай – 1 қорымы. Жайлаудан түсер жолдың оң жағында орналасқан. 6-7 қорғаннан тұрады. Тастан жасалған. Диаметрі 5-6 м – 12м-ге, биіктігі 0,10 м – 0,5 м-ге дейін. Ерте темір дәуірінің қорғандары. Оңтүстікте 100 м жерде баз бар. Коррдинатасы N 47° 27' 31,1'' Е 0,82° 12' 37,7''
Даубай – 2 қорымы. Даубай күзегінен 1 км солтүстікке қарай күре жолдың бойында. Мүрсәлім бұлағынан солтүстікте 1 км шамасында. Екі қорғаннан тұрады. Диаметрі 9 м, биіктігі 0,3 м. Тоналған. Коррдинатасы N 47° 28' 46,6'' Е 0,82° 12' 52,6''.
Сабырбайқызыл қорымы. Сабырбайқызыл тауының солтүстік-шығысында – 0,5 км жерде жайлауға барар жолдың жанында орналасқан. Қорған-қоршау және ақ тасты қоршаулар. Қорғандардың да етегі ақ таспен қоршалған. Ең биік қорған 1,20 м. Диаметрі 15 м. Қорымның оңтүстік-шығысында қорған тастарынан алып қалаған ат бейіт бар. Коррдинатасы N 47° 29' 06,2'' Е 0,82° 13' 04,5''. Д=12,3 м.
Орақ - 1 қорымы. Тас пен топырақтан тұратын қорғандар. 8 қорған солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле 100 м жерге созылған. ¦сақ қорғандар диаметрі 4-5 м. Биіктігі 0,2 м. Ең үлкенінің диаметрі 12 м, биіктігі 0,4 м. Жолдың оң жағында ЛЭП бағана қалдықтары қорғандар шетін басып өтеді. Оңтүстік батысында 200 м жерде қазақ зираттары, ал солтүстік батысында 100 м жерде қазақ зираты бар. Солтүстікте 1 км жерде Орақ қыстауы орналасқан. Коррдинатасы N 47° 31' 20,4'' Е 0,82° 14' 29,6''.
Орақ - 2 қорымы. Орақ қыстауынан солтүстік-батысқа қарай 2 км жерде Қоқыштың жазығында жолдың оң жағында. Диаметрі 10 м, биіктігі 0,40 м. Тас қорған. Бұл қорғаннан 500 м жерде құдық орны бар. Коррдинатасы N 47° 33' 59,8'' Е 0,82° 13' 48,4''.
Қоқыштың жазығы – қорымы. Қоқыштың жазығы – қорымы 5 топырақ пен тас қорғаннан тұрады. Хамза қыстауынан шығыста 2 км жерде. Ерте темір дәуірінікі. Коррдинатасы N 47° 34' 39,4'' Е 0,82° 14' 08,0''.
Көкжыра ауылдық округі
Ашылы – 4 қорымы. Қарашоқы тауының солтүстік-шығыс етегінде, Ашылы жазығының оңтүстігінде тас пен топырақтан тұратын қорғандар. Орталық ең үлкен қорған тастан салынған, ¦ұсақ қорғандар диаметрі 4-5 м, биіктігі 0,2 – 0,4 м. 7 қорғаннан тұрады. Коррдинатасы N 47° 38' 07,4'' Е 0,82° 19' 06,4''.
Ашылы – 5 қорымы. Етегінен үстіне дейін үйсіндердікіне тән тас белдеуі бар. Төбесі топырақ қорғандар, сыртында оры бар. Тонау іздері білінбейді. Етегінде кей жерлерінде гранит тастар кездеседі. Қасында қазіргі қазақ зираты бар. Осы төңіректегі үлкен қорғандар. үш қорғаннан тұрады. Ашылы 4 қорымынан СШ – 600-700 м жерде. Коррдинатасы N 47° 38' 14,8'' Е 0,82° 19' 34,9''.
Ашылы – 6 қорымы. Диаметрі 1 м – 12 м. Қорған қоршаулар таудың етегінде. Коррдинатасы N 47° 40' 35,8'' Е 0,82° 19' 29,5''.
Бөлекпан – 1 қорымы. Көкжыра ауылының базынан оңтүстік-шығыста 300 м жерде орналасқан. 6-7 қорғаннан тұрады. Орталық қорғанның батыс жағында және солтүстік қорғанның батысында Диаметрі 1 м келетін қоршаулары бар. Солтүстік-шығысында 150 м жерде қазақ зираты тұрғызылған.
Бөлекпан – 2 қорымы. Бөлекпан – 1 қорымынан шығысқа қарай 1 км жерде Түйемойнақ тауының етегінде. Диаметрлері 5-6 м-ден 8-9 м-ге дейін тас қорғандар. Солтүстік-оңтүстік бағытта жотаға қарай тізбектеле орналасқан. Желке тұсында қазақ зираттары бар. Коррдинатасы N 47° 40' 14,1'' Е 0,82° 21' 14,4''.
Қосмұрын қорымы. Тұяқ ата зиратынан солтүстік-батысқа қарай Базар шатқа барар жолда тау бөктерінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан тас қорғандар. Жиыны 10 қорған. Ерте темір дәуірінікі. Координатасы N 47° 46' 57,3'' Е 0,82° 23' 05,5''.
Төрт оба қорымы. Аққала ауылынан солтүстікте 2 км жерде Баздың қорасы орнынан басталады. Тізбектеле екі оба орналасқан. Оңтүстік обаның шығыс жағы ойылып ортасына түскен. Тонаушылардан қалған белгі болуы керек. Қорған топырақтан, ұсақ қиыршық тас аралас үйіндіден тұрады. Диаметрі сыртындағы орларымен қоса есептегенде 100м шамасында, ал биіктігі 6-8м. Төртобаның оңтүстік бөлігіндегі қорғанның координатасы N 47° 48' 53,8'' Е 0,82° 40' 20,4''. Координатасы (оңтүстік) N 47° 48' 49,8'' Е 0,82° 40' 20,5''. Төрт оба қорымы сақ патшалары қорғандарына жатады.
Үсен обасы. Төртобаның солтүстік шығысындағы топ. Төртобаның СШ 1,5 км жерде Шұбаршы ауылынан оңтүстікте 1 км шамасында солтүстіктен оңттүстікке тізбектеле екі үлкен қорған және солтүстік, солтүстік-батысында екі кішірек қорған орналасқан. Солтүстік қорғанның диаметрі 20 м, биіктігі 0,7 м. №2 қорғанның төбесінде 18 м тегіс ортасында 40-50 см ойығы бар. Бұл қорғандарды үсен обасы дейді. №2 қорғанның координатасы N 47° 49' 16,5'' Е 0,82° 39' 38,5''. Топырақ пен қиыршық тас аралас қорғандар. Қорған етегінен 25-30 м жерде 1 м таяу ор бар. №1 қорғанның (оңтүстігі) координатасы N 47° 49' 15,3'' Е 0,82° 39' 33,4''. Оңтүстігінде де шағын 2-3 оба бар. Ерте темір дәуірі қорғандары.
Қырықоба қорымы. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Ең биік үстінде бұрын геодезиялық нүкте бар қорғанның координатасы N 47° 45' 33,6'' Е 0,82° 38' 09,1''. Топырақ пен қиыршық тастан тұратын қорғандар. Биіктігі 3 м – 1 м-ге дейін. Қорғандардың сыртында 7-8 м-дей кейін ордың іздері білінеді. Аэропорттан оңтүстікте 3 км шамасында. Қорғандардың жанында жыртылған егістік орны бар. Кей қорғандарды трактормен сүріп кеткен жағдайлар кездеседі. Негізінен қорғандар екі қатар болып тізбектелген. Көпшілігі оңтүстік бөлігінде. Қорғандар диаметрі 40 м – 15-20 м-ге дейін. Биіктігі 1,50 м-ден 3 м. Қорған аралықтары 20-30 м. Қорғандарда тонау ізі білінбейді. Тау етегінен 15-20 км жазықта. Қорғандарды әдейі жазыққа үйгізетін болған болуы керек. Төртоба осы қорғандардан солтүстікте 5-6 км шамасында. Ерте темір дәуірі қорғандары.
Ақсуат ауылдық округі
Қабдеке қорымы. Топырақ пен қиыршық тастан тұратын жеті қорған. Ең үлкені шығыс жағындағы қорған үстінде геодезиялық нүкте бар. Бұл қорғанның үстінде екі жерден ойығы бар. Геодезиялық нүктені салған кезде қазған болуы керек. Қалған қорғандарда ондай ойығы жоқ. Бірақ кейбірінің етек жағынан трактордың қазып кеткен іздері байқалады. Патша қорғандары екені даусыз. Негізінен солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Шығыс пен батыс топ арасында Қарғыба өзенінен ағып шығатын дәл қазір суы жоқ канал іздері бар. Қорым жазық алаңда орналасқан. Коррдинатасы N 47° 43' 33,2'' Е 0,82° 44' 09,2''. Сақ патшалары қорғандарына жатады
Шыбынды қорымы. Ақсуаттан Құлбабасқа кетіп бара жатқан жолдан Ақжарға бұрылатын трассадан 3-4 км-ден кейін солтүстікке қарай созыла топырақ пен қиыршық тастан тұратын қорғандар баққа дейін созыла орналасқан. Қорғандардың үлкені диаметрі 30 м, биіктігі 2,7 м, қалғандары ұсақ болып келеді. Координатасы N 47° 42' 25,0'' Е 0,82° 53' 00,01''. Координатасы алынған қорған шығыс топтың оңтүстігіндегі қорған. Қорғандардың көбі тоналған, сондай-ақ қорғандар маңының барлығы бақша болғандықтан жыртылып кеткен. Ерте темір дәуірі қорғандары.
Тама қорымы. Ақсуат төр жайлауында, шығысында Нарын шатқалы 500 м, батысы Қайрақты шатқалынан 500 м, оңтүстігінде Жалаулы шатқалы 2 км, 8 қорғаннан тұрады. Солтүстігінде 3 қорған диаметрі 7-8 м-ден 20-30 м, биіктігі 1,1 – 1,20м. Тас қорғандар. Координатасы N 47° 14' 34,6'' Е 0,82° 28' 08,0''.
Тарақты қорғаны. Солтүстігінде Нарын 700 м, 650 м батысында Қайрақты, Тама қорымынан 1 км төмен тас қорғандар. Координатасы: N 47° 15' 18,6'' Е 0,82° 28' 004'', N 47° 17' 10,3'' Е 0,82° 29' 30,8''.
Елеке – 1 қорымы. Тарбағатай тауының ортасында орналасқан. Тау 2 км шығыста, солтүстігінде 1 км жерде Кеңсай өзеннің оң жағалауында тас пен топырақ аралас қорғандар тізбектері орналасқан. Диаметрі 40 м, биіктігі 3 м; диаметрі 10-15 м, биіктігі 1 м.Ең үлкен қорғанның координатасы N 47° 19' 48,3'' Е 0,82° 07' 12,1''. Оңтүстіктен солтүстікке қарай тізбектеле орналасқан.
Елеке – 2 қорымы. Ортасы тоналған. Бұл жерде тоналған 4 қорған бар. Біріншісінің диаметрі 10 м, биіктігі 3,5 м. Екіншісінің диаметрі 30 м, биіктігі 1 м. үшіншісінің диаметрі 20 м, биіктігі 0,7 м. Төртіншісінің диаметрі 5 м, биіктігі 0,1 м. Координатасы N 47° 21' 13,4'' Е 0,82° 07' 06,5''. Дәке қорасынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,6 м жрде орналасқан.
Жанұзақ қорымы. Жанұзақ сайында, Жанұзақ қорасынан оңтүстікте 4 км жерде орналасқан. Қола дәуірінің қоршаулары. Ақ тастан тұрады. Барлығы 9 қорған. Диаметрі 6-8 м, биіктігі 30-40 см. Координатасы N 47° 22' 51,9'' Е 0,82° 26' 22,6''.
Бәкіш – Бікіш қорымы. Батыс жағында сақ қорғандары кезігеді. Координатасы N 47° 19' 23,2'' Е 0,82° 26' 32,4''.
Ақжар ауылдық округі
Ақжар қорымы. Қарасудан Ақжарға барар жолда Ақжар ауылдық округінің шекарасына кіретін жерде солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыттала орналасқан қорғандар шоғыры бар. Топырақ қорғандар. Трассаның екі жағында да орналасқан, ақ керішті тауға қарай жалғасады, тонау іздері білінбейді. Координатасы N 47° 36' 46,6'' Е 0,83° 33' 42,5''.
Қарасу қорымы. Қарасу ауылынан Ақжарға барар трассаның оң жағында 400 м жерде екі қиыршық тас пен топырақтан тұратын қорған орналасқан.
Қорғандар етегінде үйсіндердікіне ұқсас қиыршық тастан қоршалған белдеуі бар. Ақжар Қарасу трассасының 21 км шығысында диаметрі 6 м, биіктігі 0,1 – 0,2 м үйсін қорғандар шоғыры бар. Координатасы N 47° 39' 06,8'' Е 083° 29' 44,9''. Ерте темір дәуірі қорғандары.
Шілікті ауылдық округі
Ахметбұлақ – 1 қорымы. Ахметбұлақ ауылының ішінде орналасқан ерте темір дәуірінің қорғаны. Диаметрі 18 м, биіктігі 1 м. Координатасы N 47° 02' 49,8'' Е 0,84° 11' 36,8''. Қорғанның орта тұсынан жоғары үйінді төбесіне дейін тастардан шеңбер-белдеу бар. (Бекбаев Азаматтың үйі жанында). Координатасы N 47° 02' 52,1'' Е 0,84° 11' 36,4''. Бекбаев Қабылахаттың ауласында осы сияқты қорған бар. Диаметрі 12,4 м, биіктігі 0,7 м.
Ахметбұлақ – 2 қорымы. Ахметбұлақ ауылынан солтүстік-шығыста 500 м жерде Ахметбұлақ өзенінің сол жағалауында жоғарғы террасаны бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан. Ең үлкен қорғанның үстіне кейінгі қазақтар тастан үйме бейіт жасаған. үлкен қорған қиыршық тас аралас топырақты қорған. Солтүстік-шығыстағы ұсақ қорғанның сыртында үлкен тастардан жасаған бекітпесі анық байқалады. Көпшілік қорғанның орта тұсында бірнеше ірілеу тастар жатыр, тас белдеу-шеңбері бар. Ірілерінің диаметрі 40 м, биіктігі 1,70 см. ¦сақтарының диаметрі 5-6 м, биіктігі 0,10 – 0,20 м. Қорған координатасы ең ірі тас бейіті бар қорғаннан алынды. Координатасы N 47° 02' 59,8'' Е 0,84° 10' 59,5''. Солтүстік-шығыс қоныспен және кейінгі қазақ зиратымен шектесіп қорғанның сыртында шеңбері бар және қорғанның өзі ірілеу тастармен тиянақталған. Диаметрлері 0,3 м, 5 м, 13 м. Қорған ерте темір дәуірінікі.
Кәкентал қорымы. Ахметбұлақтан Кәкенталдыға бара жатқан жолда, тор бойында жолдың сол жағалауында 40-50 м жерде жалғыз қорған бар. Топырақтан үйілген. Үстінде қазақтардың кейін тұрғызған зиратының (шикі кірпіштен) шығыс қабырғасының қирандысы ғана қалған. Оңтүстік-шығыс бөлігінде тор сыртында 1 км таяу қираған қора орындары бар. Солтүстігінде 1 км мөлшерде артезиан құдығы және қыстау бар. Қорғанның диаметрі 30 м, биіктігі 2,30 м. Қорғанның координатасы N 47° 04' 21,6'' Е 0,84° 23' 28,8''. Ерте темір дәуірінің қорғаны.
Археологиялық барлау жұмыстары кезінде байқағанымыз: Кеңес өкіметі кезінде әскерилердің іс-әрекеттерінен басқа ескерткіштерді қорғау мәселесі дұрыс жолға қойылмағандықтан соңғы уақытта тонаушылардың жаңадан қалдырылған іздері кезігеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Никитин В. Краткое описание памятников Семипалатинской области // ИАК, Вып. 2 СПб., 1902. – С. 103; Коншин Н. О памятниках старины Семипалатинской области // Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела РГО. Вып І, 1903.
2 Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // МИА, №88. – М.-Л., 1960.; Черников С.С. Загадка золотого кургана. – М., 1965.
3 Археологическая карта Казахстана. – Алма-Ата, 1960.(№ 2717-2751 и др.)
4 Самашев З.С. Наскальные изображения верхнего Прииртышья. – Алма-Ата, 1993.
5 Кущ Г.А. Археологические исследования Восточно-Казахстанского историко-краеведческого музея // Маргулановские чтения. – Петропавловск, 1992. – С. 77-78.
6 Омаров Ғ.Қ. Археология және этнология кафедрасының көне дәуір археологиясы тобының зерттеулері //ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – Алматы, 2004. №4 (35). 161-163 бб.
Достарыңызбен бөлісу: |