Тарғын ауылдық округі әкімінің 2013-2017 жылдарға ауыл шаруашылығының дамуы жоспары бойынша есебі
Құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар!
Сіздерге 2013 жылда округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының және атқарылатын жұмыстар жайлы өз есебімді назарларыңызға ұсынамын.
Елбасының жаңа Жолдауы өткен жылдың ғана емес, соңғы онжылдықтың да басты оқиғасы болды. Жаңа Жолдау шын мәнісінде Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірге қадам бастап отыр. Бұл іргелі құжатта Елбасы алдағы онжылдықтарға айқын әрі қолжетімді мақсаттар белгіледі. Алғаш жарияланған күнінен бастап-ақ ол біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге, күллі әлемде жұртшылық ең көп талқылайтын құжатқа айналды. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау еліміз үшін аса маңызды бағдарлама болып табылады. Аталған бағдарлама – бұған дейін қабылданып, кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатқан «Қазақстан – 2030» Стратегиясының заңды жалғасы. Бүгінгідей жаһанданған дәуірде мұндай стратегиялық басымдыққа ие жобаларды қолға алып оны іске қосу – заман талабы мен уақыт сұранысы екендігі сөзсіз. Осы жылдар ішінде біздің елімізді көптеген шетелдер танып, Қазақстанымыз әлемге әйгілі бола алды. Елімізде тыныштық пен береке, этносаралық тұрақтылық бар. Мемлекетіміздің бюджеті артып, халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Біз Елбасымыздың қойған бағдарын ұстанып, елу елдің қатарына еніп, отыз елдің қатарына еңу үшін бар күшімізді салудамыз. 2050 жылға дейінгі Стратегияны біреулер көп деп санаса дағы, мұндай стартегиялар, жоспарланған іс-әрекеттер әрбір дамымалы елдерде болуы тиіс, және біз оларды іске асыруымыз қажет.
Енді біздің округке келетін болсақ, Тарғын ауылдық округі аудан ішіндегі көлемі жағынан, елді мекендердің саны мен ара-қашықтықтары жағынан үлкен әкімшіліктің бірі болып саналады, бес елді мекендерден тұрады, әкімшілік орталығы – Тарғын ауылы. Округ тұрғындарының саны қалыпты жағдайда сақталуда. Атап айтқанда 2012 жылы – 3110, 2013 жылы - 3113 адамды құрап отыр.
Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып есептеледі.
Округтің жер көлемі 89705 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатыны 78 913 га, оның ішінде шабындық 3257 га, жайылым 69920 га, егістік жер көлемі 5097 га құрайды. Елді мекендердегі жеке меншік малдардың жайылымына берілген жерлер 8869 га, оның ішінде егістік 217 га, жайылым 7412 га, шабындық 82 га, елді мекендер орналасқан жер көлемі - 421 га және қосалқы жерлер 677 га.
2013 жылдың 1 шілдесіне округтегі егістік жерлердің 1421,1 га жері игерілді, оның ішінде 434,1 га бір жылдық шөптер, 957 га көп жылдық шөптер, 106 га картоп, 3 га жерге көкөніс егілді. Округ көлемінде мал басының өсуіне байланысты көпжылдық шөп егу көлемін жылдан жылға арттыру көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 667 га болса, 2013 жылы 957 гектарды құрайды.
Округ бойынша І- жартыжылдықта 4998 бас ірі қара, 7454 бас қой-ешкі, 2509 бас жылқы, 1460 үй құстары тіркелген. Жартыжылдық көлемінде округ бойынша 3976 центнер ет, 22550 центнер сүт, 24 центнер қымыз, 124000 дана жұмыртқа, 86 центнер жүн өндіріліп, 15000 тоннадан артық мал азығы дайындалды. Округ бойынша мал басы мен оның өнімдерінің көлемі жылдан жылға артып келеді. Малдардың тұқымын асылдандыру мақсатында 2012 жылы «Жанабил и К» ш/қ
3 бас, «Бірлік» ш/қ 1 бас -Көкпекті ауданы, «Елімай» шаруа қожалығынан, «Ерлік» ш/қ 1 бас, «Шығыс» ш/қ 4 бас «Ақбастау» шаруа қожалығынан, барлығы 9 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды. Сонымен қатар «Бірлік» ш/қ Тарбағатай ауданы, «Дастан» шаруа қожалығынан 10 бас асыл тұқымды тайынша сатып алды. 2014 жылға «Бердиновой А» ш/қ сүт өнімін арттыру мақсатында сүт фермасын ашу үшін ауқымды жоба белгілеп отыр. Аталған жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.
Бүгінгі күнге әкімшілік аумағында 27 шағын кәсіпкерлік нышандар жұмыс істеуде, олар - 15 дүкен, 6 жол бойындағы тамақтандыру орындары, 1 наубайхана, 1 демалыс орны. Осы шағын кәсіпкерлік нышандарында 43 адам тұрақты жұмысқа тартылған. 2013 жылы Айтыков ауылында 1 дүкен ашылды. Округ аумағындағы дүкендердегі күнделікті азық-түлік бағаларын тежеп ұстау жөнінде дүкен иелерімен меморандум жасалып, бағалар күнделікті бақылауда.
Бюджет. Біздің округ аумағында бірқатар әлеуметтік нысандарға қаржы бөлінді, Тарғын ауылында Мәдениет үйін салу жұмыстары жалғастырылуда, Айтықов ауылында жаңа мектеп құрылысы басталып, орталық Абай көшесі жарықтандырылды. Қазіргі уақытта бес ауылда барлығы 55 жарық нүктелері орнатылған.
Округ бойынша жергілікті салық жинау жұмысы тамыз айында басталған, қазіргі уақытта салықтың 100% орындалуы бақылауда тұр.
Білім беру, округ аумағында 2 орта, 2 негізгі мектеп орналасқан. Оқушылар саны- 373, мұғалімдер саны - 75. Білім саласында жұмыс істейтіндер саны- 145 адам.
Биылғы жылы – 6 бала грант бойынша жоғарғы оқу орындарына түсті. Жаз айларында округ бойынша оқушылар мектеп жанындағы, аудандық, облыстық демалыс орындарында демалды. Айттықов мектебінің 7 - сынып оқушысы Альбина Ракишева аз қамтылған отбасыларға арналған жолдамамен Италияда болып қайтты.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 3 жас ұстаз жұмысқа орналасты.
І. Айтықов, М.Таенов атындағы орта мектептерінде жаңа заман талабына сай интерактивті тақта, мультимедиялық кабинет, жабдықталған физика және информатика, биология кабинеттері бар. Барлық мектептер интернет жүйесіне қосылған. Барлық мектептердің ас мәзірінде балы бар, ыстық тамақпен қамтылған.
Денсаулық сақтау. Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 2 ФП орналасқан, оларда 7 медициналық, 4 техникалық қызметкерлер жұмыс істейді. Мекемелердің барлығы электрлі жылыту қондырғыларымен жылытылады.
Әлеуметтік сала. Округ аумағындағы 630 аулада 3113 адам тұрады. Олардың еңбекке қабілетті, экономикалық белсенділері - 1550, зейнеткерлері - 368, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері - 92 , мүгедек балалар саны – 7, көп балалы аналар саны-138, оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 45, «Күміс алқа» иегерлері - 50, 18 жасқа дейінгі көп балалы аналар саны – 43, жалғыз тұратын зейнеткерлер –25, жетім балалар - 4, қамқордағы бала - 3, Ауған соғысына қатысқан- 1 адам, Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері - 10 адам, тыл ардагерлері – 73 адам. Округ бойынша 2 әлеуметтік қызметкер 17 жалғызбасты қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының І-бағыты аясында қайта даярлау курстарында Нуракан Алмас пен Кенесханов Мерхат газбен электрдәнекерлеуші, Муратова Салтанат іс жүргізуші мамандықтарына оқып жатыр.
Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау.
Округтің санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында жартыжылдық көлемінде біршама жұмыстар атқарылды. Елді – мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатында күзгі тазалық айлығы өткізілуде. Осы айлық ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздар тас жолдар бойын шашылған қоқыстар мен өсіп тұрған ошағандардан тазартуда. Жоспарға сәйкес әр аптаның бейсенбісінде «Тазалық күні» өткізіліп тұрады.
Қоғамдық-саяси ахуал. Біздің округ аумағында бірқатар әлеуметтік нысандарға қаржы бөлінді, Тарғын ауылында Мәдениет үйін салу жұмыстары жалғастырылуда, Айтықов ауылында жаңа мектеп құрылысы басталып, Абай көшесі жарықтандырылды. Осы құрылыстардың басталуына байланысты Тарғын, Айтықов ауылдарында жаңа жұмыс орындары ашылды.
Округ аумағында құрылған «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымы мен мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар тұрғындар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізуде көп ықпалын тигізіп отыр. Биылғы жылы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының басшылығы арқасында округ бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Бастауыш партия ұйымы құрамында 160 мүшесі бар, оның ішінде 130 жұмыс істейтіндер, 19 жұмыс істемейтіндер, 11 зейнеткер.
Округ әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның бастауыш ұйымы алдында алдағы уақытта атқарылар көптеген маңызды міндеттер тұр. Осы міндеттерді орындау үшін біз әр уақытта округтегі қоғамдық ұйымдармен және тұрғындармен тығыз байланыста жұмыстар атқаруымыз қажет. Ол үшін жиі-жиі халықпен кездесіп олардың мұң-мұқтажына, арыз-өтініштеріне құлақ асып уақытында тиісті шаралар қабылдауымыз керек.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |