Тарғын ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқАРҒан жұмыстары туралы



Дата01.07.2016
өлшемі119.5 Kb.
#171089
ТАРҒЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

ӘКІМІНІҢ 2014 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН

ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

ЕСЕБІ

2014 жыл.

Тарғын ауылы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамызындағы № 615 Жарлығы бойынша барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында есеп береді.

«Тарғын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол-Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауын және Жаңа саяси Доктрина «Нұр Отан» Нұрлы болашақ жолында» «Нұр Отан» партиясының 12 жобасын басшылыққа ала отырып, орындау мақсатында жұмыстар атқаруда.

Былтырғы жылы күшіне енген жаңартылған заңнама бойынша бізге заң жүзінде 54 функция бекітіліп берілді, оның өзі іс жүзінде жергілікті маңыздағы барлық көкейкесті мәселелерді дербес және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта округтің 4 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы аясында жұмыстар жасалып жатыр.



Төрт жылдық бағдарламаның негізгі мақсаты: ауыл шаруашылық саласын дамыту, округ бойынша жұмыссыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жеке кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша несие алуға қолдау көрсету, елді-мекендердің санитарлық тазалығын жақсарту, көгалдандыру, инновациалық жобалар жасап іске асыру, құқық бұзушылықты, қылмысты азайту, кіші және орта бизнесті дамыту.

Округ әкімінің аппараты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына және «Тарғын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы Ережесіне сай өз жұмысын жүзеге асыруда.

Өткен 2014 жылдың қаңтар айында есепті кездесу кезінде төмендегі сұрақтар қойылған:

Қойылған сұрақтардың қысқаша мазмұны

Орындалуы

Тарғын ауылы

Жаз айларында Қарақойында мал табыны ұйымдастырылса, Айтықов көшесінде құдық жоқ, бастауды қашалап берсе

Шағын тақтай тілетін орын болса

Манат ауылы

Ауылда медбике жоқ және келсе тұратын үй жоқ


Бүкір, Асусай учаскелерінде қыс мезгілінде жолға қызыл су шығып, мұз қатады

Жантас ауылы

Газет – журнал жеткізілмейді


Ауылдың Асубұлақ жағындағы бөлігіне құдық қазылса

Жоғарғы Тайынты ауылы

Ауылға Самардың автобусы кірмейді


Бұрынғы ескі үлкен құдықты қайта жөндесе



Айтықов ауылы

Ауылда ит көп, солардың көзін жойса

Жаңа мектеп ашылса, ескі мектеппен не болады

2015 ж. 4 сауын сиыр табыны ұйымдастыры -лады, Айтыков көшесіне 2014 ж.шілде айында 2 су құбыры қазылды, су алып жүрген бастау ақылы қоғамдық жұмысшылар арқылы ұйымдастырылып, қашаланды.


2015 жылы ауыл тұрғыны Хавылай Еренгайып несие алып, шағын тақтай тілетін және пескоблок шығаратын орындар ашпақшы.
2014 ж. Аудандық қаражатынан медбикеге үй сатылып алынды, Жарқын Шалдыбаева бүгінгі күні жұмыс істеп жатыр.

Манат ауылының жолын «Ұлан жолдары» коммуналдық мекемесі жөндейді және қардан тазалайды.


2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыста жүрген Шарипханова Гульмира және Нурахметова Гульжан қазан айына дейін газет-журналдарды таратты. Бұл жұмысты атқару Асубұлақ Казпошта бөлімшесінің міндетінде.
2014 ж. шілде айында құдық қазылды.

Кірмейтін себебі, жыл басында тендер болған кезде Тайынты ауылын кіргізу керек, сонда ғана кіреді. Оған біздің депутат

Н. Сейсембина осы сұрақпен айналысуда
Бұрынғы құдықтың жанынан жаңа құдық қазылды, халық суын ішуде.
2014 ж. көлемінде «Ұлан мал дәрігері» мекемесімен жыл бойында бекітілген жоспар бойынша 71 қанғыбас иттердің көзі жойылды.

Бүгінгі күні жеке тұлға Г.Оспановамен жекеменшік серіктестік арқылы балабақша ашылады.



Тарғын ауылдық округі аудан ішіндегі көлемі жағынан, елді мекендердің саны мен ара-қашықтықтары жағынан үлкен әкімшіліктің бірі болып саналады, бес елді мекендерден тұрады, олар Тарғын, Жоғарғы Тайынты, Айтықов, Жантас, Манат ауылдары. Әкімшілік орталығы – Тарғын ауылы.

Округ тұрғындарының саны 2013 жылы – 3113, 2014 жылы - 2996 адамды құрап отыр. Округ аумағындағы демографиялық ахуал төмендегідей: 2013 жылы 38 сәби, 2014 жылы 33 сәби өмірге келді.

1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін ата қонысына көшіп келген оралмандар отбасы (1094) адам, оның ішінде МХР келген 76 отбасы (446 адам), ҚХР келгендер 127 отбасы (648 адам).



Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып есептеледі.

Округтің жер көлемі 89705 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатыны 78 913 га, оның ішінде шабындық 3257 га, жайылым 69920 га, егістік жер көлемі 5097 га құрайды. Елді мекендердегі жеке меншік малдардың жайылымына берілген жерлер 8869 га, оның ішінде егістік 217 га, жайылым 7412 га, шабындық 82 га, елді мекендер орналасқан жер көлемі - 421 га және қосалқы жерлер 677 га.

2014 жылы округтегі егістік жерлердің 1978,1 га жері игерілді, оның ішінде 478,1 га бір жылдық шөптер, 1864,6 га көп жылдық шөптер, 110 га картоп, 3,5 га жерге көкөніс егілді.

Округ көлемінде мал басының өсуіне байланысты көпжылдық шөп егу көлемі жылдан жылға артып отыр. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 957 гектар болса, 2014 жылы 1435,1 гектарды құрайды.

Округтің жерінің құнарлығы 18 – 40 балл банитет.

Округ бойынша басты бағыт мал шаруашылығы. Барлық мал бастары әкімшіліктегі шаруашылық кітабында тіркелген. Барлығы 611 аула бар, оның ішінде мал ұстайтыны 456 аула. 2013 жылмен салыстырғанда мал басы төмендегідей өсті:






ІҚМ

Оның ішінде

сиырлар

Қой,ешкі

жылқы

2013 жыл

4465

2045

7454

2509

2014 жыл

4692

2199

7618

2546

көрсеткіш %

105,1

107,5

102,2

101,5

Мал басын 1 адамға шаққанда : ІҚМ – 1,6 бастан, жылқы – 0,8 бастан, қой мен ешкі – 2,4 бастан келеді. Сонымен қатар округ бойынша өткен жылмен салыстығанда ет, сүт, жұмыртқадан да көрсеткіштеріміз жоғары:






Ет (ц)

Сүт (ц)

Қымыз (ц)

Жүн (ц)

Жұмыртқа (дана)

2013 жыл

9452

48229

24

86

124 000

2014 жыл

9925

50641

19

86

184 000

көрсеткіш %

105

105

79

100

148,3

Округ бойынша мал басы мен оның өнімдерінің көлемі жылдан жылға артып келеді. 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы мал шаруашылығын жүргізу үшін 9 азамат – 24,1 млн теңге несие алып, жұмыс жасап жатыр. Малдардың тұқымын асылдандыру мақсатында «Бағлан» ш/қ басшысы К. Нуралдина - 2 бас, «Бірлік» ш/қ басшысы С. Ислямова - 2 бас, «Ақжан» ш/қ басшысы А. Исов - 2 бас, «Жанабил и К» ш/қ басшысы А. Токмадиев - 3 бас, Айтықов ауылының тұрғыны Талп Кабделхан – 1 бас «Ақбастау», «Сагинкумаров», «Назбиев» шаруа қожалықтарынан барлығы 10 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды.

Мал басын бірдейлендіріп, компьютерлік дерек қорға кіргізу жұмысы үлкен жауапкершілікпен атқарылуда. 2014 жылы компьютерлік дерек қорға жоспар бойынша мал басы 100 пайызға енгізілді : 1823 бас- ІҚМ, 3600 бас- ұсақ мал.

Округ бойынша үш елді мекенде/скотомогильник/ мал өлексесін көметін қорым бар. Тарғын, Жоғарғы Тайынты ауылдарындағы мал қорымдарының құжаттары толығымен заңдастырылған. Айтықов ауылында 2014 жылдың сәуір айында бюджеттен 500 мың теңге бөлініп, мал қорымы салынды.

Үкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту үшін бөліп отырған несиенің көптеген бағдарламалары бар, осындай бағдарламаға белсенді қатысып отырған округтердің біріміз.

Мысалы айтсақ «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша берілген барлық өтініштер саны: 43 адам.






Кісі саны

Несие көлемі

млн. тенге

Ашылған жұмыс орны

2013 жыл

7

21,0

11

2014 жыл

9

24,1

9


Мемлекеттік көмек қаржылар (Субсидиялар)

Шаруа

қожалықтар

Берілген қаражат (млн. тенге)

Мақсаты

2013ж


2014ж

%

2013ж



2014ж



«Жанабил

и К»-


Токмадиев А.


1,022
0,328





1. Ірі қара малдарды асылдандыру жұмысы үшін

2. Ірі және шырынды мал азығы құнын арзандату үшін






«Шығыс» -

Кайсенов Н.



0,728

1,278




Ірі қара малдарды асылдандыру жұмысы үшін

Ірі қара малдарды асылдандыру жұмысы үшін

«Бердиновой А»-

Бердинова

Арай


0,472
0,180

0,616




1.Асыл тұқымды мал сатып алу үшін

2. Ірі және шырынды мал азығы құнын арзандату үшін



1.Асыл тұқымды мал сатып алу үшін


«Турганбай» -

Турсынбекова Аклима



0,236
0,588

1,694
1,046




1.Асыл тұқымды мал сатып алу үшін

2. Ірі қара малдарды асылдандыру жұмысы үшін



1.Асыл тұқымды мал сатып алу үшін

2. Ірі қара малдарды асылдандыру жұмысы үшін



«Бірлік» - Ислямова Салтанат




0,308

1,154








1. Асыл тұқымды мал сатып алу үшін

2. Ірі қара малдарды асылдандыру жұмысы үшін



Талп Кабделхан




0,154







Асыл тұқымды мал сатып алу үшін


Барлығы

3,554

6,250

175,8







Бюджет.

Барлығы 2014 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаражат 36 млн 633 мың тенге.

2014 жылға округ әкімшілігін ұстау және ауылдық округті дамыту үшін бюджеттен 12 млн 670 мың теңге бөлінді, осы қаражаттың 99,8 % игерілді.

Соның ішінде:

- көшелердің жарықтарды жөндеуге және ай сайынғы жарық нүктелері үшін төлемақы– 728 мың тг, игерілуі 100 %.

- санитарлық тазалыққа – 251 мың тг, игерілуі 100%.

- аббаттандыруға – 280 мың тг, игерілуі 100%

автокөлік жолдарын ұстауға – 200 мың тг,

-елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бөлінген қаражат 2 295 мың тенге, игерілуі 100 %

Жыл басында қала мен ауылдық елді мекендерді көркейту және аббаттандыруға «Жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы 12 млн 180 мың теңге бөлінді.

1. Республикалық бюджеттен Айтықов ауылы Варепа көшесі, Жантас ауылында Қ. Қайсенов көшесі,Тарғын ауылында Нұрғалиев көшесіне жарық нүктелерін орнату үшін – 10 млн 962 мың тг бөлінді, игерілуі 7 млн. 380 мың теңге, үнемделген қаражат 3 млн. 582 мың теңге қайтып алынды.

2. Жергілікті бюджеттен Ж-Тайынты ауылына Бекбосынов көшесіне жарық нүктелерін орнату үшін 1 млн 218 мың тг бөлінді, игерілуі 820 мың теңге, үнемделген 398 мың теңге алынып койылды.

3. Жыл басында аймақтарды экономикалық дамытуға ықпал жасауды іске асыру үшін «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 9 млн 501 мың теңге бөлінді, игерілуі 8 млн 427 мың теңге, үнемделгені 1 млн 074 мың теңге қайтып алынды.

Округ бойынша жергілікті салық төлеушілер саны 535 адам.

жоспарланған: 2014ж орындалғаны: 2014ж

мүлік салығы – 29 399 тг. 29 399 тг.

жер салығы – 243 991 тг. 243 991 тг.
Жергілікті салық 100 % орындалды.

Салық бойынша алгоритм жасалып, қосымша салық көздерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Мысалы: көктем-жаз айларында жекеменшік малдарды ақылы түрде жаятын 7 азамат анықталып, олардың Салық басқармасына мерзімдік жұмыс істеушілер ретінде тіркеліп салық төлеулері қадағаланды және қосымша жер пайдаланған тұрғындармен жұмыстар жүргізілді. Олардан өткен жылы 187 мың тенге бюджетке түсті.



Округтің әлеуметтік тұрмыс жағдайы:

Бүгінгі күнге әкімшілік аумағында 28 шағын кәсіпкерлік нышандар жұмыс істеуде, олар - 16 дүкен, 3 жол бойындағы тамақтандыру орындары, 1 наубайхана 3 жауапкершілігі шектеулі серіптестіктер, 4 жазғы сауда орындары, 1 СПК «Алтын Төс», 230 шаруа қожалықтар және 1 КС (кредиттік серіктестік) «Aduchin» тіркелген. Округ аумағындағы дүкендердегі күнделікті азық-түлік бағаларын тежеп ұстау жөнінде дүкен иелерімен меморандум жасалып, әкімшілік тарапынан 1 маман бекітіліп, бағаларды күнделікті бақылауда ұстап отыр.

Тарғын ауылында «Алтын Төс» көкөніс өсіру бригадасы құрамында 16 адам жұмыс атқаруда, округтің «Егіндала» учаскесінен бөлінген 10 га жерге 20 тонна картоп салынды. Алынған өнім 175 тонна , (1750 центнер).

Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау.

Округтің санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарылды. Елді – мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатында көктемгі, күзгі тазалық айлықтары өткізілді. Осы айлықтар ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздар тас жолдар бойындағы су ағатын құбырларын іші – сыртын тазалады, жолдың жиектерін шашылған қоқыстар мен өсіп кеткен ошағандардан тазартты. Тарғын ауылының О. Коммунарлары мен Айтықов көшелеріне 60 тонна құм төгіліп, жолдары тегістелді.

Жоспарға сәйкес әр аптаның бейсенбісінде «Тазалық күні» өткізіліп тұрды. Барлығы 185 тонна қоқыс шығарылды.

Қазан айында «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы мен жастар ұйымының қолдауымен Тарғын ауылындағы саябақтың ішін тазалау, кіре-беріс қақпасын түзеп, сырлау жұмыстары ұйымдастырылды. Осы шараға «Нұр Отан» бастауыш партия, жастар ұйымы мүшелерімен бірге І.Айттықов мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Олар саябақтың ішін ағаштардан түскен жапырақтардан, құрғаған шөптерден тазалады.

Қөктемгі су басу қаупін алдын алу мақсатында әсіресе, су жүретін арықтардың арналарын кеңейтіп, тереңдету жұмыстарына Мухамадиев, Айтықов, Нургалиев көшесіндегі ауыл тұрғындары белсене қатысты. Мысалы: Мухамадиев көшесінедегі су ағатын арықтарға үш құбыр орнаттылды. Шарада ауыл тұрғыны Кайнар Мусин, Кайрат Ахметкалиев жекеменшік тракторларын шығарып белсенділік танытты.

Сонымен қатар Тарғын ауылындағы Айттықов, Обухов- Коммунарлар, Мухамадиев көшесіне, Айтықов ауылындағы Варепа көшесі жолдарына құм төселіп, тегістелді. «НТ - Дос» ЖШС- тің қөмегімен Абай көшесіндегі су ағатын арықтың темір құбыры ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Білім беру

Округ аумағында 1 орта мектеп - балабақша кешені, 1 орта, 2 негізгі мектеп орналасқан. Оқушылар саны- 333, дайындық тобында – 36, шағын орталықта – 31 бала. Мұғалімдер саны - 75. Білім саласында жұмыс істейтіндер саны-138 адам. Осы мектептерде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға тегін ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған, ас мәзірінде балы, сүті бар. Тегін тамақпен Айттықов орта мектебінің – 111, Таенов орта мектебінің - 29, Қайсенов негізгі мектебінің – 47, Ақжолов негізгі мектебінің - 14 оқушылары қамтылған.

1 желтоқсаннан бастап І. Айттықов орта мектебінде 50 орынды балабақша кешені ашылды, мектептен бөлінген бөлмелерге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бөлмелері бүлдіршіндерге лайықты, ыңғайлы заманауи талапқа сай жасақталды.

І. Айттықов орта мектеп-балабақша кешені

2014 жылы ҰБТ тапсырған 3 оқушы, 68 – 105 аралығында балл жинады, 79 пайыз. Ең жоғары балл алған Еркежан Ирангаипова – 105. Мектеп бітірген 8 оқушының 2-і ЖОО (2-гранд), 5-і колледжге (3 гранд) оқуға түсті, 1-уі жұмыс істейді.

М. Таенов орта мектебі

2014 жылы ҰБТ тапсырған 2 оқушы 50 -112 аралығында балл жинады, 76,8 пайыз. Ең жоғарғы балл алған Абдукәрімов Ерлік - 112. Мектеп бітірген 3 оқушының 1-і ЖОО (1- гранд) , 2- і колледжге (2- гранд) оқуға түсті.

Айтықов ауылында 80 орындық мектеп құрылысы құны – 171 млн 270 мың теңге, мердігері – «НТ Дос» ЖШС 1 желтоқсан күні аяқталып, пайдалануға берілді.

Жаңадан салынған, бүгінгі заман талабына сай жабдықталған мектептің іске қосылуы оқушылардың білім сапасын көтеруге, мектеп ұжымының еңбек жолындағы жетістіктері мен кәсіптік деңгейін арттыруға негіз болып табылады.

Осы жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, Таенов және Ақжолов атындағы мектептерге оқушыларды тасымалдау үшін 2 автокөлік берілді. Бұл да аудан әкімдігі тарапынан бөлінген көмек, ерекше ықылас.



Қоғамдық тәртіп

Округ аумағында 1 полиция тірегі жаңадан салынған мәдениет үйінде орналасқан, онда компьютер, телефон байланысы бар. Учаскелік полиция инспекторы бюджет есебінен тұрғын үймен қамтылған.

Округ аумағында 2014 жылы – 15 қылмыс тіркелді. олардың 2-і мал ұрлығы. Аталған 15 қылмыстың 10 –ы ашылды, ашылмағаны – 5.

Сонымен қатар 2014 жылы - 22 адам профилактикалық есепте тұр. Олардың 15 созылмалы маскүнемдікпен ауыратындар, 2 жүйке ауыруына шалдыққандар, 5 сотталғандар, пробация есебінде тұрғандар – 4.

2014 жылы - барлығы 114 адамға әкімшілік құқық бұзғандары үшін хаттамалар толтырылды. Оның 15–і сотқа жолданды.

2014 жылғы қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 10 қылмысқа азайды.

Әкім аппараты округ аумағындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық құрылымдармен, учаскелік полиция инспекторларымен мектеп ұжымдары және ата-аналар комитетімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

Округ бойынша құрамында 7 адамы бар ақсақалдар алқасы, құрамында

5 адамы бар әйелдер кеңесі, құрамында 7 жастары бар «Ұлан жастары» ұйымының филиалы және әр ауылда «Қоғамдық кеңес» тұрақты жұмыс атқаруда. Олардың жыл бойына бекітілген жұмыс жоспарлары бар. Учаскелік полиция инспекторына ақылы қоғамдық жұмысшылар есебінен 2 сарбаз бөлініп берілді.

2014 жылы округ бойынша 1 кәсіби емес медиатор және әр ауылда қоғамдық кеңес мүшелері сайланып өз жұмыстарын атқаруда.

Жыл ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс орын алған жоқ. Алдағы уақытта округ аумағында қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізіледі.

Округтің учаскелік полиция қызметкерімен бірлесе отырып, тізім және кезекшілік кестесі жасалды, оның ішінде: әкімшілік мамандары, мұғалімдер, ауыл тұрғындары кіріп, қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмыс істеуі ұйымдастырылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы

Округ бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша округтің шаруа қожалық басшылары және округтен шыққан беделді азаматтарымен 1 миллион 420 мың теңгеге 4 меморандум жасалған, бірақ Тарғын ауылының зираттарын қоршау жұмыстарын жасаймыз деген шаруа қожалықтарының басшылары Нурлан Кайсенов және Кайрат Бердиновпен 700 мың теңгеге жасалған меморандумдар орындалған жоқ.

Қазан айында Құрбан айт мерекесінде «Болашак», «Бірлік», «Ақжан» шаруа қожалықтары құрбандыққа бір ірі қара, 3 бас қой шалып, ауылдағы тұрмысы төмен, мүгедек, көпбалалы 30 отбасыға таратып берді. Осы күндері әрбір отбасы құрбандыққа ұсақ мал шалып, көршілерін, туыстарын щақырып, құран оқытты.

«Нұрлы Бастау» қоғамдық қоры қараша айында 3 отбасыға 1 тоннадан көмір әкеліп демеушілік жасады.

Барлығы 560 000 мың теңгені құрайтын қайырымдылық акциясы өткізілді.

Мәдениет, спорт саласы

Салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Тарғын ауылындағы 200 орындық мәдениет үйі , құны – 170 млн 348 мың теңге, 24 қазан күні салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Б.М.Сапарбаев қатысып, түрлі-түсті теледидарды сыйға тартты. Мәдениет үйінде ауылдық кітапхана, үйірмелер бөлмесі компьютер, қажетті жиһаздармен жабдықталған. Округте 4 мектеп кітапханасы жұмыс жасайды. Кітапханаларда оқитындар саны 490 адам.

Тарғын ауылында жаңадан салынған пошта бөлімшесі талапқа сай жабдықталған, бөлімшеде екі пошта қызметкерлері ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді, газет - журналдар оқырмандарға уақытында жеткізіліп тұрады.

Мерекелік мәдени, спорттық шараларға мектептер ұжымы белсене қатысады. Мемлекеттік мереке күндерінде көпшілікке арналған мәдени, спорттық шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Жыл сайын қарттар күнінде барлық ауылдарда қарттарға арналған мерекелік дастархан жайылып, құрмет көрсетіледі. «Наурыз» мейрамында салт-дәстүрге арналған қойылымдар, әр-түрлі ойындар қызықты және көңілді өткізіледі.

Мектептерде спортқа деген балалардың қызығушылығы артуда, қазақша күрес, бокс, футбол, шахмат, дойбы ойындары жақсы жолға қойылған. Округ спортшылары аудан бойынша өткізілетін спорттық жарыстарға белсенді қатысады. Айттықов мектебінің жаттықтырушылары С. Кабдулдинов, А. Есенбек 24 балаға 6 жастан 16 жастағы арналған «дзю-до» үйірмесін жүргізеді, ол мектептің спорт залында өтеді.

Атап айтсақ, Мәдениет үйінде 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын, көркемөнерпаздардың концертті өткізілді. Жоспарға сай әкімшіліктің қолдауымен округтер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 4 команда қатысып, ойын қызу, тартысты өтті. Жарыста жеңген үш командаға жеке кәсіпкер Ерболат Шайзат демеушілік көрсетіп, жүлделі 1,2,3 орын алған командаларға мадақтама қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Кешке мәдениет үйінде жастарға арналған би кеші өтті.



Әлеуметтік сала.

Жұмыссыздық көрсеткіштері:

Жыл бойы 50 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Барлығы -2 888 881 теңге игерілді. Округте жұмыссыздар саны оралман ағайындардың, әсіресе жас, көпбалалы отбасылардың есебінен болып отыр, олар нысаналы топ ретінде жұмыссыздыққа тіркеліп, ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Шілде, тамыз айларында Тарғын ауылындағы І.Айттықов мектебінің сыртқы келбетін, терезелері мен есіктерін ауыстыру жұмыстарына «Жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы мерзімдік жұмысқа алынған 15 азаматтың 2-уі осы аталған мектепке тұрақты жұмысқа орналасты.

Округ бойынша 2013 жылға қарағанда 2014 жылы мемлекеттік қаржылай көмектер алушылар саны азайды. Себебі тұрғындардың жеке шаруашылықтарындағы мал басының өсуінен, әр-түрлі мерзімдік жұмыстармен айналысуынан деп ойлаймыз. Округ аумағындағы 611 аулада 2996 адам тұрады. Олардың еңбекке қабілетті, экономикалық белсенділері - 1615, зейнеткерлері - 368, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері - 85 , мүгедек балалар саны – 10, көп балалы аналар саны-138, оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 45, «Күміс алқа» иегерлері - 50, 18 жасқа дейінгі көп балалы аналар саны – 45, жалғыз тұратын зейнеткерлер – 13, жетім балалар - 3, қамқордағы бала - 4, Ауған соғысына қатысқан- 1 адам, Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері - 6 адам, тыл ардагерлері – 66 адам. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы» алушылар –37 отбасы, «Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек» алушылар – жоқ. Округ бойынша 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Олар 18 жалғызбасты қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың қысқа дайындықтары толықтай қамтылған, ақылы қоғамдық жұмыста жүрген жұмыссыздар отындарын жарып, көмірлерін кіргізіп берді.

Денсаулық сақтау.

Округ аумағында Тарғын ауылында 1 дәрігерлік амбулатория, Айтықов ауылында 1ФАП, Жоғарғы Тайынты ауылында 1 ФП орналасқан, онда 8 медициналық, 4 техникалық қызметкерлер жұмыс істейді. Мекемелердің жұмыс уақыты сағат 8:00 - 17:00 дейін, олар түңгі не тәулік бойына үйге шақырту арқылы дәрігерлік қызмет көрсетеді. Тарғын дәрігерлік амбулаториясында медициналық қызмет көрсету автокөлігі бар, барлық мекемелер телефонмен қамтылған. Мекемелердің барлығы ағымды жөндеуден өткен қолайлы жерде орналасқан. Қазіргі уақытта Манат ауылындағы медбикеге қызметтік тұрғын үйге жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, үй мәселесі шешілді.

Қазан айында Тарғын ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды, орны тегістеліп, іргетасы қаланды.

Қоғамдық-саяси ахуал.

Осы күнде елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында біршама істер атқарылып жатыр. Бұған себеп, қыркүйекте Тарғын ауылында көптен күтіп жүрген «Билайн» ұялы байланыс желісі орнатылып, іске қосылды.

Тарғын және Жоғарғы Тайынты ауылдарында «Казтелерадио» акционерлік қоғамы мобильдік радиотеледидар станциясын орнатуын аяқтады, электр желісіне қосу үшін құжаттары рәсімделуде.

Округ аумағында құрылған «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымы мен мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар тұрғындар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізуге көп ықпалын тигізіп отыр. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының басшылығы арқасында округ бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Бастауыш партия ұйымы құрамында 138 мүшесі бар, оның ішінде: 106-ы жұмыс істейтіндер, 10-ы жұмыс істемейтіндер, 13-і зейнеткер, 1-і жеке кәсіпкер, 8-і бала күту демалысында отыр.

Ағымдағы жылдың 26 қарашасы күні І.Айттықов, М.Таенов мектептерінде «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» Елбасы Жолдауын талқылау мақсатында кездесу өтті. Аудандық маслихаттың аппарат басшысы Р.Кизатов Елбасының Қазақстан халқына жолдауы туралы баяндама жасады. Кездесуге ауыл тұрғындары, мектептер ұжымы, округ әкімі аппараты, аудандық маслихаттың хатшысы, депутат Н.Сейсембина қатысты. Жиналғандар Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

Жылда округте тұрып жатқан жалғызбасты және мүгедек жандарға жергілікті әкімшілік тарабынан әр-түрлі көмектер ұсынылып, үй шаруашылығына қолғабыс жасалады. Қамқорлыққа, көмекке зәру жалғызбасты қарт адамдар мен мүгедек жандар үнемі әкімшілік назарында ұсталады, қазан, қараша айларында осы жандардың отындары жарылып, көмірлері кіргізіліп берілді. Қысқа даярлықтары қамтамасыз етілген, қарияларымызға деген қамқорлықтар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Округ бойынша баспасөзге жазылу науқаны өтті, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Құжат айналымы

Жыл көлемінде әкімшілікке заңды тұлғадан -1, жеке тұлғалардан - 24 жазбаша өтініштер түсті, олар Қазақстан Республикасының заңдарына сай қаралып, тиісті орындарға жіберіліп, өтініш иелеріне жазбаша түрде жауаптар берілді. Бұл өтініштердің басым көпшілігі жер учаскелерін заңдастыру туралы.

Жыл ішінде 44 өкім, 1 шешім қабылданды. Шығыс құжаттар саны – 825 , кіріс құжаттар саны – 769. Әкімшіліктен берілген әр түрлі анықтамалар саны - 1407 дана.

Әкім аппаратында 7 мемлекеттік қызметші, 1 техникалық қызметкер, 1 жұмысшы және 1 жүргізуші еңбек етеді, ұйымдастыру техникалық жабдықтарымен (компьютерлер, ксерокс, телефакспен) қамтамасыз етілген, (Астел) Интернет жүйесіне қосылған. Округ бойынша әкімшілік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазаға ешкім тартылған жоқ. Қолжетімді жерге арыз, өтініштерін салатын жәшік қойылған. Сенім телефоны 8-723-38-26-423 бар.


2014 жылға жоспарланған округтің кіре берісіне арка орнату, 150 орындық тойхана салу, зиратты қоршау жұмыстары 2015 жылы жұргізіліп аяқталады.

Бүгінгі есеп беруімді пайдаланып аудандық маслихат және аудан әкімдігінен әлде де болса шешімін таппай отырған мәселелерді игеруге көмек көрсетуді сұраймын

- Жоғарғы Тайынты ауылына жаңа көпір салынса, «Билайн» ұялы байланыс желісі орнатылса.

- М.Таенов атындағы орта мектепте оқушылар саны азайып барады, бірақ күрделі жөндеуден өткізу үшін қаражат бөлінсе,

- Манат ауылы көшесіне жарық орнатылса, жолына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілсе,

- Округтегі учаскелік полиция инспекторына көмекші, қызметтік автокөлік қажет


Назар салып, тыңдағандарыңызға рахмет.

Округ әкімі Н. Актанов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет