Тарғын ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарған туралы тұрғындар алдындағы есебі
Тарғын ауылдық округі 5 елді мекендерден тұрады, әкімшілік орталығы Тарғын ауылынан ара қашықтықтары 15 километрден 70 километрге дейін, аудан орталығынан 80 шақырымда орналасқан .
Округ аумағындағы 662 аулада барлығы 3278 адам тұрады, соның ішінде еңбекке қабілетті, экономикалық белсенді адамдар саны-1550, зейнеткерлер саны- 462, мектеп жасындағылар саны - 458, мектеп жасына дейінгілер саны – 271 , 16-29 жасқа дейінгі жастар саны – 487 адам.
Округ бойынша 4 мектеп, соның ішінде 2 орта , 2 негізгі, 1 дәрігерлік амбулатория, 1ауылдық кітапхана, 3 ФАП, 3 АТС, 1 пошта, 1 жол жөндеу учаскесі, 1 полиция тірегі және 219 шаруа қожалықтары тіркелген.
Әкімшілік аумағында 30 шағын кәсіпкерлік нышандар жұмыс істейді, оның ішінде 17 дүкен, 6 жол бойындағы тамақтану орындары, 1 шағын наубайхана, 1 шаштараз, 4 жеке кәсіпкерлік бірліктер тіркелген ( жүк тасымалдау, тауар сату, аудармашылық және компьютерлік қызмет көрсету), 1 демалыс орны. Осы шағын кәсіпкерлік нышандарында 41 адам жұмысқа тартылған. Округ бойынша барлық тұрақты жұмыс істейтіндер 450 адам, жұмыссыздар саны 6 адам.
Ата қонысына көшіп келген оралмандар – 205 отбасында 1030 адам болып есептеліп тұр,оның ішінде жұмысқа қабілетті жастағылар- 500 адам, жұмыспен қамтылғандары 106 адам, оқушылары- 233, мектепке дейінгілер 141,студенттер- 47, зейнеткерлер- 37 адам.
Жер көлемі 89705 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатыны 78 913 га , оның ішінде шабындық 3257 га, жайылым 69920 га, егістік жер көлемі 5097 га құрайды. Елді мекендердегі жеке меншік малдардың жайылымына берілген жерлер 8869 га, оның ішінде егістік 217 га, жайылым 7412 га, шабындық 82 га, елді мекендер орналасқан 421 га және қосалқы жерлер 677 га. Өткен 2009-2010 жылдар ішінде шаруа қожалықтарының мақсатты пайдаланбаған 7700 га егістік жерлері анықталып, 2010 жылдың 1 қазанына дейін 1457 га жер қайтарылып алынды, оның 50 гектары оралмандарға «Егіндала» учаскесінде картоп егуге бөлініп берілді.
Округтегі 5097 га егістік жерлердің 1000 га ауыл шаруашылық дақылдарын егуге қолайлы болып саналады. 2010 жылы осы жерлердің 708,5 га игерілді: оның ішінде 55 га дәнді дақылдар, 559 га -көп жылдық шөптер, 90 га -картоп, 4,5 га - көкөніс егілді.
Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығын жүргізу нұсқамаларына сәйкес округтің жерлері негізінен мал шаруашылығын дамытуға қолайлы болып саналады.
Округ аумағында 3900 бас ірі қара, 8500 бас қой – ешкі, 1659 бас жылқы тіркелген. Жыл көлемінде округ бойынша 8898 центнер ет, 49800 ц сүт, 96 000 дана жұмыртқа, 181 ц жүн өндірілді,18 000 ц картоп, 1440ц көкөніс, 19109 тонна мал азығы дайындалды.
2010 жыл ішінде жаңа заман талабына сай «Болашақ» және «Арғын» шаруа қожалықтарында мал сою пункттерін , «Бердинова Арай» шаруа қожалығы ірі қара және жылқы бордақылайтын 200 басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосты.
«Жол картасы» бағдарламасына сәйкес Айтықов ауылындағы Кайсенов негізгі мектебіне 10млн 450 теңгеге ағымды,Тарғын ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Айтықов ауылындағы ФАП-қа үй сатып алынып, жаңа талапқа сай жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жоғарғы Тайынты ауылына 10 нүкте көше жарығы орнатылды. Тарғын,Тайынты, Жантас, Айтықов ауылдарына қосымша көпшілікке арналған құдықтар қазылды.
Санитарлық көгалдандыру және абаттандыру мақсатында Тарғын ауылындағы саябаққа 60 түп қарағай көшеттері отырғызылып, спорттық жабдықтар мен орындықтар орнатылды және барлық ауылдардан 41 иттің көзі жойылды.
Білім беру мекемелерінде білім сапасын арттыруда алға басқандық байқалады: 2010 жылы Бірыңғай Ұлтық Тестілеу бойынша округ мектептері жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Облыс әкімінің грантына 9 бала жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Таенов орта мектебінің бір оқушысы «Алтын белгі» иегері атанып, Астана қаласындағы Евразиялық университет студенті аталды. Жаз айларында 110 оқушы мектеп жанындағы, аудандық, облыстық демалыс орындарында денсаулықтарын түзеді.
2010 жылы барлық мектептерде ас мәзірінде бал бар, ыстық тамақпен қамтылған. Осы жыл ішінде Таенов және Акжолов мектептерінде 20 балаға арналған шағын орталықтар ашылды.
Округ аумағындағы экономикалық және демографиялық ахуал төмендегідей: жыл басынан бері 39 сәби өмірге келді. Көшіп келгендер саны 139 , кеткендер саны -85 адамды құрайды. Жалпы тұрғындар саны 2009 жылмен салыстырғанда 124 адамға артты. Округ аумағындағы жұмыссыз адамдарды жұмысқа тарту мақсатында ақылы қоғамдық жұмысқа 50 адам тартылып, оларға 4млн 777 мың теңге еңбек ақы төленді,одан басқа «Жол картасы» бойынша 9 адам жұмысқа тартылды. 1 адам «жастар тәжірбиесі» бойынша 4 айға жұмысқа қабылданды, 4 адам жаңа мамандықтарға оқытылды, олардың 1- аспазшы, 1-шаштараз,2 -электрмен дәнекерлеуші.
Жыл бойында аз қамтылған 55 отбасына 764 мың теңге үй ұстауға арналған жәрдемақы, 59 адамға материалдық көмек ретінде 395 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 135 отбасына 4 млн 445 мың теңге жәрдемақы және мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек ретінде 14 отбасына 884 мың теңге жәрдемақы төленді. Барлығы 2010 жылы 6 млн 488 мың теңгені құрайды. Бұл көрсетілген көмектер 2009 жылмен салыстырғанда 1 млн 296 мың теңгеге артық. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларына азық- түлік ретінде 14 мың теңгенің , аз қамтылған отбасыларының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар ретінде 110500 теңгенің көмегі көрсетілді.
Округ бойынша жергілікті салық жинау жоспары артығымен орындалды.
Мүлік салығының жоспары 42300 болса, орындалғаны - 42670 теңге,жер салығы: жоспар -257226 теңге,орындалғаны 263084 теңге. Көлік салығы: жоспар- 900 мың, орындалғаны 900 мың теңге, бір жолғы талондар сату жоспары -95 мың теңге, орындалғаны 107 мың теңге.
Округ аумағында мереке күндерінде көпшілікке арналған мәдени,спорттық шаралар өткізіліп тұрады. Қарттар күніне Тарғын ауылында 40 адамға дастархан жайылып құрмет көрсетілді. Округ аумағында жалғыз басты адамдарға көмек көрсетуге 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
Округ спортшылары аудан бойынша өткізілетін спорттық жарыстарға белсенді қатысады. 2010 жылы мемлекеттік қызметшілер арасындағы жарыстарда округ спортшылары 2 орынды иеленді.
Округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрғындар арасында әлеуметтік, қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтауға оң әсерін тигізіп отыр.
Әкім аппараты алдағы уақытта округ көлемінде атқарылар шараларды түсіндіріп, адамдарды біріктіру, оларды проблемаларды шешуге жұмылдыру бағытында жұмыстар атқаруы қажет деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |