Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#123849
  1   2   3




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2012 жылғы. «__»_________

№__________ бұйрығымен бектілген


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай


тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым)

1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57- шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) «Жарнамалық-безендіру және макет жұмыстары» бөлімінен тұрады.

2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

3. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады. «Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар, басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.

5. Сонымен қатар, «Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.

6. «Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны білуге тиіс.

7. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттама жеті разрядтық тарифтік кестеге сәйкес әзірленді.

10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

11. «Жарнамалық-безендіру және макет жұмыстары» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Жарнамалық-безендіру және макет жұмыстары
1. Зерәйнекші
Параграф 1. Зерәйнекші, 2-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:

қосымша жұмыстарды орындау;

зерәйнек қабатының қатты өзегін жасау үшін болат сымды тазалау, түзету және жаншу;

мастика дайындау;

қорғасыннан жасалған әшекей каркастағы саңылауларға мастика тығындау;

дайын зерәйнекті тазалау және жуу.

13. Білуге тиіс:

металды қажетті қалыңдыққа дейін жаншу тәсілдері;

мастиканың құрамы мен оны дайындау техникасы;

каркастағы саңылауға мастика жағу тәсілдері.

Параграф 2. Зерәйнекші, 3-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары зерәйнекшінің басшылығымен суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әр түрлі түрлерінен зерәйнек жасау;

ірі плита немесе құйма шыны қалыпта қажетті мөлшерге дейін арнайы құралмен жару;

әшекей каркасқа арнап қорғасыннан, алюминийден, жезден, мыстан профиль жасау. зерәйнекті жиектеу үшін мырыш қаңылтырдан профиль жасау;

дәнекер, синтетикалық құрам мен шайыр дайындау.

15. Білуге тиіс:

зерәйнекті жасау кезінде қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, олармен жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік әдістері;

суретті авторлық калька-шаблоннан жұмыс калькасы мен шыныны кесуге арналған шаблон жасалатын материалға салу тәсілдері;

қорғасыннан, алюминийден, жезден, мыстан жасалған профильді тарту тәсілдері;

жиектемені жасауға арналған қаңылтырдың қасиеттері;

синтетикалық құрам мен шайырдың құрамы мен оларды дайындау техникасы;

дәнекер түрлері;

қолданылатын материалдардың түрлері мен мақсаты;

қолданылатын жабдықтың түрлері.

Параграф 3. Зерәйнекші, 4-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:

суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әр түрлі түрлерінен қарапайым зерәйнек жасау;

қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта тік сызықты контур бойынша өңдеу;

суретсіз бетте құм бүріккіш аппаратпен абразив немесе шойын шеңбермен күңгірт тегістік жасау және қышқылмен өңдеу;

әйнектің бетін «мороз» әдісімен өңдеу;

қаттылық өзегін сурет бойынша ию және оны зерәйнектің теріс жағына дәнекерлеу;

тік сызықты пішінді әйнекті құю үшін қалып жасау.

17. Білуге тиіс:

зерәйнектің негізгі түрлері және оларды жасау технологиясының мәні;

зерәйнек пен басқа да қолданылатын материалдардың түрлері, сорты, физикалық және механикалық қасиеттері;

қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта тік сызықты контур бойынша өңдеу тәсілдері;

плиткалар мен құйманы шыны қалыпта өңдеу түрлері мен техникасы;

әйнектің бетін күңгірттендіру тәсілдері;

әйнектің бетін «мороз» әдісімен өңдеу мәні;

дәнекерлеу кезінде қолданылатын металды балқыту температурасы;

шыны құю үшін қолданылатын материалдың түрлері мен қалып жасау технологиясының мәні;

қолданылатын құралдардың түрлері мен мақсаты; қолданылатын жабдықтың түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет