Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті
“Гуманитарлық білім” факультеті
“Педагогика және психология” кафедрасы
“ Психология” пәні бойынша
_050114 «Тарих», 050116 «География», 050110 «Физика», 050109 «Математика», 050111 «Информатика», 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050119 «Шет тілі: екі шет тілі», 050112 « Химия», 050107 «Бейнелеу өнері және сызу», 050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттерінің білімін бақылауға арналған
тапсырмалар мәтіні.
Лектор: Ташкенбаева С.М.
Жетісай 2008 ж.
Алғы сөз
_050114 «Тарих», 050116 «География», 050110 «Физика», 050109 «Математика», 050111 «Информатика», 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050119 «Шет тілі: екі шет тілі», 050112 « Химия», 050107 «Бейнелеу өнері және сызу», 050106 «Музыкалық білім» мамандығының 2 – курс студенттеріне 3- семестрде “ Психология” пәнінен типтік оқу жоспарына сәйкес 2 – кредит (90сағат) берілген. Оның 30 – сағаты лекция, 30 – сағаты ОБСӨЖ, 30– сағаты СӨЖ – ге бөлінген.
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ ) ұйымдастыру маңызды орын алады.
Оқытушылардың СӨЖ ұйымдастырудағы негізгі функциялары:
- студенттерге бағыт- бағдар беру;
-
студенттерге консультациялық көмек, кеңес беру;
-
студенттердің білімін бақылау, бағалау.
Студенттердің өзіндік жұмыстағы негізгі міндеттері:
-
сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау;
-
оқытушының кеңесін негізге алып, өз бетінше дайындалу, өздеріне қатаң талап қоя білу;
-
күрделі, проблемалық ситуацияларды, күрделі мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын өткізуде келесі мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс:
-
СӨЖ-ді нақты жоспарлау;
-
әдістемелік қамтамасыз ету;
-
СӨЖ тапсырмаларының күнтізбелік – тақырыптық жоспарға сәйкес орындалуын студенттен талап ету.
Оқытушының басшылығымен өтетін өзіндік (ОБСӨЖ) жұмысының көлемі типтік оқу жоспарына, пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес анықталып, уақыты, аудиториясы көрсетіліп, оқу кестесіне енгізілген.
СӨЖ бақылау түрлерін, тәсілдерін таңдауда оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін, бөлінген сағат көлемімен, студенттердің дайындық сатысы ескерілген.
Бірінші аралық бақылау.
№
|
Тақырыбы
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Жантану ғылымының салалары мен тармақтары.
|
4,0 балл
|
Үй тап. бойын. түсін.сұрау.
|
2
|
Жан мен тән.
|
4,0 балл
|
Тест тапсырмалары,Глоссарий
|
3
|
Жеке тұлға және оның психологиялық табиғаты.
|
4,0 балл
|
Реферат, Глоссарий
|
4
|
Іс-әрекет және оның түрлері.
|
4,5 балл
|
Үй тап. бойын. түсін.сұрау.
|
5
|
Түйсіктердің түрлері.
|
4,5 балл
|
Реферат.Глоссарий
|
6
|
Байқау және байқағыштық. Уақытты және кеңістікті қабылдау.
|
4,5 балл
|
Тест тапсырмалары, Бақылау тапсырмалары.
|
7
|
Ойлау- таным процестерінің жоғарғы сатысы.
|
4,5 балл
|
Бақылау тапсырмалары,тест тапсырмалары.
|
|
Барлығы:
|
30 балл
|
|
1. Сабақтың тақырыбы:
Жантану ғылымының оқыту пәні және маңызы мен міндеттері.
Сабақтың жоспары:
1. Жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіну.
2. Қазіргі заман психологиясының міндеттері.
2. Психологияны оқып - үйренудің маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді қазіргі заман психологиясының міндеттері мен ғылымдар жүйесіндегі алатын орны және маңызымен таныстыру.
Теориялық мәліметтер:
Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.
Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз, ал егер затты алып кетсек оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес яғни сыртқы орта әсер етпейінше мида еш қандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейнеде адам миындағы бейнеде “бейнелену” деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миындағы пайда болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі соңғы бейне өте күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі – сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнеленудің осы бір түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде, әртүрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелену – заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектінің (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама-шарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейді. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады. Ғылыми түсінік бойынша, психика, сана зат емес, оны көруге де, суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.
2. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).
-
Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы.
-
Жас кезеңдерінің психологиясы.
3. Арнаулы психология.
4. Еңбек психологиясы.
5. Медициналық психология.
6.Әскери психология.
7.Әлеуметтік психология.
8.Спорт психологиясы.
9.Сауда психологиясы.
10. Ғылыми-шығармашылық психологиясы.
11. Көркем-өнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психологиясы.
12. Салыстырмалы психология.
13.Заң психологиясы.
3. Сабақтың тақырыбы:
Зерттеу әдістерінің түрлерін сипаттау.
Сабақтың жоспары:
Психологиялық зерттеулерді құру принциптері.
Зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді психологиялық зерттеулерді құру принциптерімен, қолданылатын әдістердің түрлерімен,зерттеулерге қойылатын талаптармен,зерттеу материалдарын өңдеу жолдарымен таныстыру.
Теориялық мәліметтер:
Психологиялыќ зерттеулердіњ бірінші принципі – психиканыњ зерттеудіњ объективтілік принципі болып табылыды. Б±л принцип кез келген психикалыќ ќ±былымты олар ќандай болса, сол к‰йінде ќараудыњ ќажеттігін білдіреді. Олар адам µмірініњ сыртќы жаѓдайлары жєне ќызметімен µзара байланыста ѓана зерттелуі м‰мкін. Б±л талап орындалуы тиіс, себебі психикалыќ ќ±былыстар сыртќы єсерлердіњ бейнеленуі ретінде ±ѓынылады.
Объективтілік принципі адамның психикалық ерекшеліктері жайлы оның нақтылы істері мен қылықтарына қарап дұрыс пікірге келуге болатындықтан адамды қызмет процесі үстінде зерттеуді талап етеді.
Психологилық зерттеулерді құрудың тағы бір өте маңызды принципі – психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу принципі. Егер объективті дүние ұдайы қозғалыста және өзгерісте болса, онда осыған орай, оны бейнелендірудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес қой.
Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу адам бойында қалыптасып болған психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар жаңа ғана пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді де зерттеуді талап етеді.
Психологиялыќ зерттеуді ќ±ру принциптерініњ бірі жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу принципі болып табылады.
Анализдік зерттеу психиканың элементтерін жеке адамның өмірі және қызметінің әр түрлі жағдайында тануға мүмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлық және психикалық көріністердің өзара байланысын анықтауға және белгілі бір адамды толық сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.
Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқвн. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.
Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады.
4. Тест тапсырмалары
1. Объективті дүниенің субъективті бейнесі бұл -...
А) Психика
В)Қиял
С) Әдіс
D) Ғылым
Е) Қабілет
2. Тірі жәндіктер психикасының алғашқы даму сатысы?
А) Интеллектуалдық
В) Сенсорлық
С) Коммуникативтілік
D) Перцептивтілік
Е) Аддитивтілік
3. Әрекет-қылық психологиясын ғылымға енгізген бағыт:
а) Фрейдизм.
в) Гуманизм.
с) Когнитивизм.
д) Бихевиоризм.
е) Дуализм.
4. Саналық психологияның әдіснамалық негізі:
а) Идеализм.
в) Сенсуализм.
с) Материализм.
д) Метафизика.
е) Дуализм.
5. Ғылыми психологияның объектив мәнін анықтауға негіз болған философиялық категория:
а) Интроспектілік бақылау.
в) Бейнелеу теориясы.
с) Сана біріншілігі.
д) Гештальтизм.
е) Психоанализ.
6. Психиканың пайда болуын адамның келіп шығуымен байланыстырған бағыт
а) Биопсихизм
в) Пансихизм
с) Антропсихизм
д) Нейропсихизм
е) Фрейдизм
7. Сезімдік психика кезеңіне тән процесс.
а) Қабылдау
в) Түйсіну
с) Саналы ойлау
д) Сөзді өрнектеу
е) Әрекетпен бейнелеу
8. Жеке адам санасының дамуы тәуелді:
а) Қоғамдық-тарихи шарттарға
в) Биологиялық заңдылықтарға
с) Табиғаттан тыс күштерге
д) Биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға
е) Қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге
9. Саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.
а) Болжастыру
в)Тану
с) Қабылдау
д) Сезу
е) Көру
10. Шартты рефлекстердің жасалу жолдарын ашқан:
а) Павлов
в) Сеченов
с) Рубинштейн
д) Выготский
е) Декарт
11 . Саналы іс-әрекеттің автоматты түрде орындалуы.
а) Инстинкт
в) Интеллект
с) Дағды
д) Апперцепция
е) Аккодомация
12 . Материя эволюциясының шындыққа сай схемасы:
а) жануар - өсімдік - адам.
в) өсімдік - жануар - адам.
с) адам - жануар - өсімдік.
д) жануар - адам - өсімдік.
е) өсімдік - адам - жануар.
13 . Психикалық бейне негізі -
а) материя қасиеті, ми қызметі.
в) табиғаттан тыс күштер туындысы.
с) тумадан берілген қабілет.
д) адамға өздігінен қосылатын қасиет.
е) адам миының өзіндік қасиеті.
14 . Психикалық процестердің бастапқы атқаратын міндеті:
а) ойлау және қорытындылау.
в) анализдеу
с) синтездеу
д) жалпылау және негіздеу
е) сигнал жеткізу және реттеу
15 . Жәндік-жануарлар дүниесі кезеңіне сай психикалық құбылыс.
а) сезім
в) тітіркену
с) қабылдау
д) ойлау
е) сөйлеу
16 . Психика дамуының ең жоғары шегі - интеллектуалды тірішілік түрі.
а) кооцерваттар
в) су жануарлары
с) өсімдіктер
д) қанатты жануарлар
е) сүтқоректілер.
17. Сананың пайда болу негізі.
а) тума беріледі
в) табиғаттан тыс күштен
с) табиғаттан
д) еңбек пен қоғамдық қатынастардан
е) адамның өзіндік әрекетінен.
18 . Сана қалыптасуының негізгі себебі.
а) тума қасиеттер
в) қоршаған орта
с) тіл мен еңбек
д) үлгі мен өрнек
е) инстинкт
19. Сана бұл -
а) табиғат өнімі
в) қоғамдық болмыс
с) инстинкттік өнім
д) дағдыланудан
е) табиғаттан тыс берілетін қасиет
20. Гештальт деген:
А) Құрылым, тұтастық, жүйе
В) Әдет-ғүрып, салт-дәстүр
С) Қиял, арман, елес (сағым)
D) Әдіс, тәсіл, мақсат
Е) Ойлау, білім, оқу
21. .Жануарлар психикасының дамуы тәуелді
а) қоғамдық-тарихи шарттарға
в) биологиялық заңдылықтарға
с) табиғаттан тыс күштерге
д) биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға
е) қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге
22 . Психиканың рефлекторлық принципін алғашқы айқындаған ғалым психолог.
а) Павлов И. П.
в) М. И. Сеченов
с) Л. С. Рубинштейн
д) Б. Ф. Ломов
е) А. Н. Леонтьев
23. Екі сигналдық жүйе теориясының авторы:
а) Декарт
в) И. П. Павлов
с) Маслоу
д) И. М. Сеченов
е) А. Н. Леонтьев
24. Жәндіктер қылығының тумадан беріліп, ұрпақтан үрпаққа берілу қасиеті:
а) сезімдік
в) инстинкт
с) дағды
д) интеллект
е) саналық
25. Адам психикасының дамуы тәуелді
а) қоғамдық-тарихи шарттарға
в) биологиялық заңдылықтарға
с) табиғаттан тыс күштерге
д) биологиялық завдар мен қоғамдық шарттарға
е) қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге
26. Адамда ғана жақсы дамыған ми аймағы -
а) желке (қарақүс)
в)төбе (еңбек)
с) көру зонасы
д) шеке / есту зонасы
е) маңдай
27. Қоғамдық даму заңдарымен өзгеріске келетін психикалық құбылыс.
а) инстинкт
в) дағды
с) интеллект
е) адам сезімдері
28. Психика қандай негізгі қызмет атқарады:
а) Бір күйден екінші күйге өту.
в) Ағза реакцияларын
с) Өмірлік маңызды мәселерді ағзаға хабарлау.
д) Ішкі мүшелер іс-әрекетін реттеу.
е) Бейнелеу және іс-әрекет пен мінез –құлықты реттеу.
29. Психологияның қандай бағыты адам мінез-құлық реакциялар тізбегі ретінде қарастырады:
а) Бихевиоризм
в) Гештальт-психология
с) Гуманистік психология.
д) Психоанализ
е) Интроспективті психология
30. Шартсыз рефлекс:
а) Туа бітті пайда болған рефлекс.
в) Белсенді іс-әрекет процесінде пайда болатын рефлекс,
с) Жүйе пайда болған рефлекс
д) Сырттан берілетін рефлекс
е) Стресс кезінде пайда болатын рефлекс.
31. Психоналитикалық теориясының негізін қалаушы:
а) К.Хорни
в) З.Фрейд
с) К.Юнг.
д) А.Адлер
е) Э. Фромм.
32. Эксперименттік психология білімінің негізін салушы:
а) Спиноза
в) Декарт
с) Аристотель
д) Платон
е) В. Вундт
33. Психиканың пайда болуының физиологиялық негізі:
а)Сана
в)Жүйке
с)Ой
д)Ми
е)Қиял
34. Психикалық бейне:
а) Бейне шартына тәуелсіз
в) Айнала қоршаған шындықтың нақты көшірмесі болып табылады.
с) Айнала қоршаған ортаға әсер ететін фото бейнені көрсетеді
д) Таңдаулы мінездемені арқалайды
е) маңыздылықтың тегін көрінісі
35. Қай ғалымның айтуынша адам өзінің жаны білетін нәрсені есіне түсіреді?
а) Шарден
в) Аристотель
с) Демокрит
д) Сократ
е) Платон.
36. Тірі жәндіктер психикасының алғашқы даму сатысы?
а) Интеллектуалдық
в) Аддитивтік
с) Перцепвтілік
д) Сенсорлық
е) Коммунативтілік.
37. Психикалық жүйке жүйесі иелеріне тән деген көзқарас қай шеңберде дамиды.
а) Нейропсихизм
в) антропопсихизм
с) биопсихизм
д) гилозоизм
е) панпсихизм
38. Жоғарғы жүйке әрекетінің типтері туралы ілімді өңдеген:
а) В.С. Мерлин
в) С.Л. Рубинштейн
с) И.П.Павлов
д) А.Н.Леонтьев
е) В.М. Бехтеров.
4. Глоссарий
Сана –
Бейсана –
Өзіндік сана –
Антропопсихизм –
Панпсихизм –
Биопсихизм –
Нейропсихизм --
Ассимиляция –
Диссимиляция –
Каоцерваттар –
Тітіркену –
Сезгіштік –
Ганглиозды –
Инстинкт –
Дағды –
Интеллект --
5. Сабақтың тақырыбы:
Психика дамуы. Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары.
Сабақтың жоспары:
Психиканың дамуын бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіну.
Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары.
Адам санасының қалыптасуындағы еңбектің ролі.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді психика дамуының жоғарғы сатысы–сана екендігімен, адам санасының қалыптасуындағы еңбектің ролімен және сөз бен қарым– қатынастың ролімен таныстыру.
Теориялық мәліметтер:
Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.
Осы қисынның іргетасы Әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Әл-Фараби “Философиялық трактаттар”. Алматы ғылым 1973, 301-бет. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде, мида, түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп атайды.
Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз, ал егер затты алып кетсек оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес яғни сыртқы орта әсер етпейінше мида еш қандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейнеде адам миындағы бейнеде “бейнелену” деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миындағы пайда болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі соңғы бейне өте күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі – сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнеленудің осы бір түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.
Жантану ғылымынан хабары бар кісі өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас болмысын танып білуге, онымен ылғи да санасып отыруға, сондай-ақ құрбы-құрдас, аға-іні, апа-сіңілі дегендей, ағайын-туыс, жегжат-жұрағаттарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Айналадағы, толып жатқан фактілер мен қағида-ережелерді іріктеп, сұрыптап жүйеге салу түгілі, тіпті бастан кешірген күйініш пен сүйініштің өзін басқа біреуге айтып беру де оңай тірлік емес. Ал, көңіл күйіңді саналылықпен ұғынып, мінез-құлқыңды басқару кімге болса да ауадай қажет.
Психологиядан біршама түсінігі бар адам өзін-өзі аңғара алып, ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін таразыға сала алады. Сонымен бірге кісінің өзін-өзі тәрбиелей алуына, өз мінезінің олпы-солпы жерлерін тап басып, кемістігін түзеуіне, өзіндік сана-сезімдері мен қабілет бейімділіктерін дамыта түсуіне мүмкіндік береді. Жантану ғылымы, әсіресе, өзгелердің жан дүниесін танып-білу үшін қажет. Жан сыры туралы ғылымның негіздерін меңгерген адам алдымен ақыл-ой жұмысын (кітап оқу, лекция тыңдау, өз бетінше білімін көтеру, т.б. ) тиімді етіп ұйымдастыра алуға машықтанады ( шапшаң оқу, тез жазып, жылдам есептеу, қысқа да нұсқа сөйлей алу, тәуліктегі уақытты барынша үнемдеп, дұрыс пайдалана алу, т.б. ) .
Психология пєні, сондай-аќ ілім-білімді миѓа саналылыќпен тоќудыњ т‰рлі айла,єдіс-тєсілдерін білуге адамды ж±мылдырумен ќатар, кісініњ ерік-жігерін, ќажыр-ќайратын шыњдай т‰суге, сезім д‰ниесін жетілдіре т‰суге жєрдемдеседі.Адамды байќаѓыштыќ пен байсалдылыќќа, зейінділік пен зеректікке, тапќырлыќ пен ойланѓыштыќќа баулып, тєрбиелейді.
Сана - адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті.Ол-ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі.Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен- бірі тығыз байланысты.
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі.
Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.
Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.
Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп дами берді.
Қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер енді еңбекке бастап қойған жоқ, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді.
Сөйлеудің қалыптасуы адамдардың психикалық дамуындағы алғашқы төңкеріс болды.
Сөйлеу белгілері жоғарғы жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын 2-ші сигналдық жүйе қалыптасты.
Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді, және ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғарғы сатыдағы жануарлардың дерексіз ойлауын жетілдіреді. Ал дерексіз ойлау дегеніміз - сананың өзегі.
Сөйлеу, сөз-біздің саналық болмысымыздың формасы - қарым қатынас деңгейін шеңберін кеңейте түседі.
Адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлі. К.Маркс пен Ф.Энгельс адам жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғындағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен түсіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетіліуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырады, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.
Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде өзі жасап жатқа және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар-бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек оператцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және тек қана еңбек орган болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналады.
6. Реферат
Тұлғаның жеке және дара ұғымдарын талдау .
Жеке тұлғаның белсенділігі туралы.
Қажеттіліктер туралы.
Қызығулар туралы.
Дүниетаным туралы.
Сенім туралы.
Мұрат туралы.
Қабілет туралы.
Мотивация туралы.
Бағыттылық туралы.
Өзін - өзі бақылау туралы.
Интеракционистік туралы.
Динамикалық туралы.
Психодинамикалық туралы.
Социодинамикалық туралы.
Индивид туралы.
6. Глоссарий
Тұлғаның жеке және дара ұғымдарын талдау --
Жеке тұлғаның белсенділігі --
Қажеттіліктер –
Қызығулар --
Дүниетаным –
Сенім –
Мұрат –
Қабілет –
Мотивация –
Бағыттылық –
Өзін - өзі бақылау –
Интеракционистік –
Динамикалық –
Психодинамикалық –
Социодинамикалық –
Индивид –
7. Сабақтың тақырыбы:
Жеке тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері.
Сабақтың жоспары:
Жеке адамның бағыт - бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері.
Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді жеке тұлғаны зерттеудегі эксперименттік тәсілдің мәнімен,
жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымымен,
жеке адамның бағыт - бағдары және оның психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Теориялық мәліметтер:
Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні.
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол – адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырады, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл-оймен сана иесі - адамның өзіндік сипат белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материялдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эвалюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесіне (субъектіге ) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адакм да ақыл – есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адмның азаматтық, ксілік, тұлғалық қасиеттеі болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адманың тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адам белсенді қимыл-әрекеті оның мінез құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектері адакмның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа бөлініп тұрады.
Сыртқы нәрселермен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдайлармен ыңғайласып, адмға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адм бойындағы сапалық ерекшеліктерімен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер - темпераментімен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адам жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі.
8. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).
Адам іс- әрекеті туралы
Іс- әрекеттің мақсаты
Іс-әрекеттің мотиві
Іс-әрекеттің құрылымы
Ойын іс-әрекеті
Оқу іс-әрекеті
Еңбек іс-әрекеті
Жеке адамға тән іс-әрекеттің түрлері
Ойынның бала психикасын дамытудағы ролі.
Адам іс-әрекеті мен жануарлар іс-әрекетінің айырмашылықтары.
Дағды туралы түсінік .
Дағдыны қалыптастыру жолдары.
Дағдыларды топтастыру.
Икемділік және әдет туралы.
9. Сабақтың тақырыбы:
Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас.
Сабақтың жоспары:
Топтар және оның түрлері.
Топ және ұжым.
Топ және жеке адам.
Ұжымның құрылымы мен функциясы.
Сабақтың мақсаты:
Достарыңызбен бөлісу: |