Тарих 90 жауаптар


)Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық



Pdf көрінісі
бет43/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Тарих 90 жауаптар

58)Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық
жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.
І жəне ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды
міндет – жер-аграрлық мəселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі
еуропалық губернелерінен миллиондаған жерсіз орыс жəне украин шаруасын (мұжығын
– С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның
қадағалауына
алдырып,
оны
заң
жүзінде
тоқтату,
екіншіден,
«Қарқаралы
құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл
жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рəсімдеп беру.
Қазақ депутаттары І жəне ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді
түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық
мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бəрін мемлекет меншігі пен патша
əулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу.
Бір сөзбен айтқанда, І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық
мақсаты – 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер
аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды.
Думаның қазақ депутаттары 1906 жылдан бастап Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак
əскерлерінің үлгісімен дербес əскери қолбасшылығы бар ұлттық атты əскер жасақтау,
«Қарқаралы құзырхатында» жазылғандай, қазақ тілінде цензурасыз мерзімді баспасөз
пен баспахана ашу, жергілікті əкімшілік (земство жиналысы, басқармасы) пен соттың
ісқағаздарын жəне ұлттық мектеп-медреселерде оқу жергілікті ұлт тілінде жүргізу,
қазақтың ұл-қыздарын кəсіби оқу орындары (гимназия, училище, семинария, т.б.) мен
ЖОО-да
оқыту үшін «қазақ капиталы» есебінен стипендиялар тағайындау,
жатақханалар (пансиондар) салу жəне т.б. маңызды мəселелерді, əсіресе жер мəселесін
көтеріп, заң жүзінде шешуге ұмтылды. Ең маңыздысы: І жəне ІІ Думада осы ұлттық
мəселелердің көпшілігін, əсіресе жер, земство мəселесін шешуге толық мүмкіндік
болды. Өйткені І Думада кадет партиясының 161 депутаты, Еңбекшілер партиясының
107, поляк колосы, украин, эстон, латыш, литва жəне т.б. ұлт топтарын қамтитын
автономистердің 70 депутаты, түркі-мұсылман халықтарының 25 депутаты болды.
Ашығын айтқанда І Думадағы 511 дауыстың кемінде 338-і – самодержавиеге қарсы
партиялар мен ұлттық топтардың үлесінде болды. Ə.Н. Бөкейханның 1905 жылдан кадет


партиясының мүшесі, 1906 жылдың маусымында І Думаға кадеттердің Семей облыстық
қазақ бөлімінен сайланғанын, І жəне ІІ Думадада түркі-мұсылман халықтарының
депутаттары мұсылман фракциясына бірігіп, кадет партиясының фракциясына
қосылғанын ұмытпау керек [17, 16-б.]. І Думаның спикері (төрағасы), оның екі
орынбасары əрі хатшысы болып Ə.Н. Бөкейханның партияластары əрі достары С.А.
Муромцев (№16 фото), князь П.Д. Долгоруков, Н.А. Гредескул
жəне князь Д.И.
Шаховской сайланды.
ІІ Думада патшалыққа қарсы солшылдар тіпті басымырақ болды. Кадеттердің саны екі
есеге жуық қысқарып 98 депутат, Еңбекшілдер – 104, автономистер – 76,
түркі-мұсылмандар – 37, ішінде 6 қазағы бар, барлығы – 315 дауысқа ие болды. ІІ
шақырылымның спикері жəне хатшысы болып тағы да кадет өкілдері Ф. Головин (№ 18
фото) мен М. Челноков, екі орынбасары болып партияға кірмеген солшыл депутат Н.
Познанский мен Еңбекшілдер өкілі М. Березин сайланды. ІІ Думада олардың қатарын
енді
социал-демократтар
65,
эсерлер
(эС-эР

социал-революциялық

əлеуметтік-төңкеріс партиясы – С.А.) 37 депутатымен толықтырып, 500-дей дауыстың
427-сіне жетті [18, 92-б.].
Алайда аталған мəселелердің бірі де жүзеге аспады. Себебі 5 жылға сайланған
Мемлекеттік Думаның 1906 жəне 1907 жылдарғы І жəне ІІ шақырымдары 72 жəне 102
күн ғана жұмыс істеп, біріншісі 1906 жылы 8 шілдеде, екіншісі 1907 жылы 3 маусымда
күштеп таратылды. Бір сөзбен айтқанда, Ресей императоры ІІ Николай үкімет басына өзі
де ірі жер иесі –помещик болған П.А. Столыпинді тағайындау арқылы, біріншіден,
өзінің абсолюттік билігінің бас тірегі болып келген дворян-помещиктер табына сүйене
беретінін айқын аңғартты. Екіншіден, «3 маусым» заңы Думадағы халық үнін, яғни
бұқара халық пен оның өкілдерінің дауысын өшіріп, көнбіс, жетекшіл тап – дворяндар
мен шенеуніктердің, сондай-ақ көпестер мен өнеркəсіпшілердің көнбіс бөлігінің
дауысын күшейтті. Осылайша Дума бұқара халықтың орнына, күштілер мен байлардың
сөзін сөйлейтін болды. Соның нəтижесінде заңнамалық үдеріс бюджетті жəне тағы
басқа маңызы жоқ заңдарды мақұлдау талас-тартыссыз өтетін болды да, азаматтық
құқық жəне бостандыққа, қазақ сынды кең-ба
тақ жері бар халықтың саяси
құқықтарын шектеуге қатысты заң жобаларын Дума елемей ысырып қоятын болды.
Реакцияшыл премьер-министр П. Столыпиннің ауқымды жоспарынан бір ғана
реформасы – аграрлық реформасы жүзеге асты. Қазақ жерінің есебінен. Атап айтқанда
өзі сияқты дворян-помещиктерінің жерлерін меншігінде қалдырып, миллиондаған
жерсіз мұжық-шаруаның мұқтажын қазақ жері есебінен қанағаттандырды. Отаршыл
Ресей империясының əкімшілігі 5 млн-нан асқан (саны жағынан Ресей халықтарының
арасынан 5-нші болды – С.А.) қазақ халқын сайлау құқынан айырумен қатар, «Алаш»
ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерін қудалады. Атап айтқанда Алаш көшбасшысы


Ə. Бөкейхан өзі сайланған І Думаны таратуға наразылық ретінде «Выборг үндеуіне қол
қойғаны жəне таратып-насихаттағаны үшін» 3 ай түрме жазасына кесіп, абақтыда 3
айдың орнына 8 ай отырып шыққан соң [21, 105-б.], өзін саяси айдауға жіберуін күтпей,
алдымен С.-Петерборға, одан Самарға эмиграцияға кетті [22, 4-б.]. Ж. Ақбайұлы
алдымен Саха-Якутияға (23), одан Түркістанға жер аударылды, А. Байтұрсынұлы мен
М. Дулатұлы Семей түрмесіне жабылып, босатылысымен бірі өз таңдауымен
Орынборға, екіншісі Түркістанда бас сауғалап жүріп, 1913 жылы ғана Орынборда
«Қазақ» газетін шығара бастаған А. Байтұрсынұлына келіп қосылды.
«Алаш» жетекшілері халқының сайлау құқын қалпына келтіру, саяси-экономикалық
мүддесін 1907-1912 жəне 1912-1917 жылдары жұмыс істеген ІІІ жəне IV Дума
құрамындағы кадет (№19 фото), мұсылман (№20 фото) жəне Сібір депутаттары
фракциялары арқылы қорғауға мəжбүр болды. Ол туралы «Қазақ» газеті жарыққа
шыққан 1913 жылғы бір мақаласында Қыр баласы былай жазды: «Өткен жылы (1912 ж.)
ІІІ Дума тарқарда Дума өз үйін түзетуге ақша бермек болып закон жобасы қаралған еді;
сонда Қазан депутаты Мақсұдов (№21 фото) сөйледі: «Сіздер Думаның үйінің төбесін
түзетеміз деп отырсыздар, əуелі Думаның өз төбесін түзетіңдер. Түркістаннан, қазақ
жерінен Думада бір депутат жоқ. Осы облыстарға депутат беріңдер» деп. Биыл (1913 ж.)
Мəскеу депутаты Шепкин (№22 фото) осы жоғарыда закон қаралғанда сөз сөйледі: «Бұ
қалай, Түркістанның, қазақ жерінің сөзін Забайкал, Харкоб депутаты тұрып сөйледі,
бұлардың өз депутаты қайда? «Үшінші июнь» ақсақ законын түзету керек», – дейді»
Қысқасы, қазақты саяси құқынан айырған «3 маусым» заңын бұздыра алмаса да, Алаш
жетекшілері Дума мен оның депутаттарының көмегін мейлінше кең пайдаланды.
Мысалға олардың талап-тілегі бойынша, Ресей патшасы қазақтың дербес атты əскер
жасақтауынан сескеніп, І Дүниежүзілік соғыстың Батыс майданына қара жұмысқа
алынсын деген 1916 жылғы «25 маусым» жарлығын шығарды. Сол жылдың жазында Ə.
Бөкейхан IV Думадағы мұсылман фракциясы Бюросына қазақтың ресми өкілі болып
кіріп, қазан айында қазақтың екінші өкілі етіп М. Шоқайды алдырады [28, 4-б.].
Ондағы мақсат: қазақ жігіттерін Батыс майданға қара жұмысқа алуын 1916 жылдың
соңы – 1917 жылдың басына қарай созу, майданға алынған жігіттердің жұмысын
жеңілдету, екіншіден – «25 маусым» жарлығын өрескел жүзеге асыруға қарсы
көтерілген 1916 жылғы халық толқуын аяусыз басып-жаншыған үкіметтің əрекетін
Дума депутаттары – А. Керенский, Қ. Тевкелев арқылы парламенттік тергеуге алып,
əшкерелеу болды.
Қорыта келгенде, ХХ ғасыр басындағы қазақтың «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының
қалыптасып, нығайып, алға қойған стратегиялық мақсат-міндеттерін жүзеге асыруына
Ресей Мемлекеттік Думасының қосқан үлесі, алатын орны өте зор болды. Алаш
зиялылары
мен
жалпы
қазақ
қоғамында
«халық
билігі»
(«демократия»),


«парламентаризм», «құқықтық мемлекет», «жергілікті өзін-өзі басқару» (земство)
сынды демократиялық ұғымдардың берік қалыптасуына ықпал етті. Мемлекеттік
Думаның 300 ғасырдан астам билеп-төстеп келген Романовтар əулетін тақтан бас
тартуға көндіріп, 1917 жылғы Ақпан төңкерісін жүзеге асыруға қосқан үлесі тіпті
шексіз еді. 1917 жылы саны 6,5 млн-нан асқан қазақ халқының сайлау құқын қайтарып
берген Уақытша үкіметті жасақтаған да IV Дума болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет