«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу»



Дата29.06.2016
өлшемі17.53 Kb.
#165267
Қазіргі уақытта «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу» қызмет түрі ХҚКО арқылы көрсетіледі. Аталған мемлекеттік қызмет түрі Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №83 қаулысымен бекітілген.

     Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет: 


1) белгіленген нысандағы өтініш
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркеу) туралы куәлікті нотариалды куәландырылған көшірмелері; 
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжатты көшірмесі

4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі

5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
6) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе)ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат; 

7) дипломдар мен еңбек кітапшаларының нотариалды куәландырылған көшірмелерімен қоса, біліктілігі және өтілі көрсетілген, өтініш беруші қол қойған археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер мен қызметкерлер туралы мәліметтер бар құжат


8) Өтініш беруші қол қойған және мөрмен куәландырылған, археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға арналған мамандандырылған жабдықтардың тізбесі
9) тарих пен мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе)ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары бойынша жобалар; 

10) өтініш берушінің тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қалпына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымдық хаты.



Лицензиардың лицензия беру туралы шешімі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының бұйрығымен ресімделеді. 

ХҚКО РМК Еңбекшіқазақ аудандық

бөлімінің инспекторы Сері к Асем

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет