ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАРИХ КАФЕДРАСЫ
«Тарих мамандығына кіріспе» пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
050114 тарих мамандығына арналған
Семей, 2013
1.1. Пәннің атауы: Тарих мамандығына кіріспе
1.2.Оқытушы жайында мәлімет : т.ғ.к., доцент м.а. Мұқатаева З.Қ Мекен жайы : Глинки көшесі,31”Б”
1.3.2013-2014 оқу жылы
Оқу семестрі : 1
Кредит: 1
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс сағаты
|
Семинар сағаты
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
барлығы
|
Бақылау нысаны
|
ІІI
|
5
|
1
|
15
|
-
|
7,5
|
22,5
|
45
|
Емтихан
|
1.4. Курстың қысқаша сипаттамасы
Педагогикалық мамандыққа кіріспе ол – 5В011400 – Тарих студенттері оқитын алғашқы кәсіби-педагогикалық пән. Онда білім алушылар педагогикалық іс-әрекет, оның құрылымымен, педагогикалық әрекеттің заңды негіздерімен таныса , сондай-ақ әртүрлі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды орындай отырып кәсіпті меңгеруге белсене араласпақ.
Тарих мамандыққа кіріспе пәнін оқытудың мақсаттары:
-
Болашақ педагог-психологтарды кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми негіздерімен таныстыру;
-
жоғары оқу орындарында оқу еңбегі мәдениетін меңгеруге жәрдемдесу;
-
педагог-психологтың кәсіби мәдениетінің негізін қалау;
-
жеке тұлғалық және кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерін қалыптастыру.
Пәнді оқыту міндеттері:
- “Педагог”, “ұстаз”, “оқытушы”, “тәлімгер” туралы түсініктерін қалыптастыру;
- мамандықтар типтері туралы мағлұмат бере отырып педагогикалық мамандықтардың ерекшеліктерін анықтай білу;
- алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуге тиіс :
- Педагогикалық іс-әрекет туралы теориялық білімі;
- педагогика ғылымындағы көкейкесті мәселені таңдай білу дағдысын қалыптастыру жолдарын;
- өздігімен іздену, зерттеу және өзекті мәселені шеше білу дағдысын;
- педагогикалық ғылыми болжам жасай білу дағдысын;
- педагогикалық іс-әрекетке талдау жасай білуі.
2. Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны
1-тақырып. Жоғары кәсіби білім берудің заңды негіздері. Мамандық 5В011400-Тарих
ҚР Конституциясы. ҚР “Білім беру туралы” заңы. Білім беру заңында көрсетілген мұғалімнің құқығы және міндеттері. ҚР жоғары кәсіби білім беру концепциясы. ҚР 2011-2020 жыл аралығындағы білім берудің мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік стандарттар. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі: мақсаты, міндеттері, мектепке дейінгі мекемелердің принциптері, қызметтері. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері. Бастауыш орта мектеп. Орта-арнайы білім беру жүйесі. Жоғары оқу орнына дайындық жүйесі. Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық. Оның даму перспективалары.
2-тақырып. Тарих мамандығының жалпы сипаттамасы
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Педагогтың азаматтық борышы. Көрнекті педагогтар. Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері. Педагогикалық мамандықтың гуманистік, коллективтік және шығармашылық сипаты. Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.
3-тақырып. Тарихшының кәсіби әрекеті және оның жеке тұлғасы
Педагогикалық әрекеттің мәні: мақсаты, педагогикалық әрекет тарихи, динамикалық құбылыс ретінде. Олардың өзара байланысы. Педагогтың жеке тұлғасы: негізгі кәсіби маңызды сапалары. Педагог пен оқушылардың іс-әрекеттерінің тиімділігі критериилері.
4 – тақырып. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Н.В. Кузьмина бойынша педагогикалық іс-әрекет компоненттері. А.И. Щербакова бойынша педагогикалық іс-әрекеттің педагогикалық процесті іске асыру кезіндегі компоненттері.Н.Д. Хмель бойынша педагогикалық іс-әрекет компоненттері. Педагог педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде: педагогтың позициясы, педагогтың әлеуметтік, кәсіби позициясы. Л.Б. Ительсон бойынша негізгі рөлдік педагогикалық позицияға сипаттама.Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық. Профессиограмма - педагогикалық білім мақсатының бейнесі ретінде.
5 – тақырып. Педагогтың кәсіби компетенттілігі (құзырлығы)
«Кәсіби компетенттілік» ұғымы. Психологиялық-педагогикалық білім. «Іскрлік» ұғымы. Педагогикалық іскерлік. Педагогтың педагогикалық компетенттілігінің құрылымы педагогикалық іскерліктің бірлігі ретінде. Педагогтың теориялық және практикалық даярлығының мазмұны. Кәсіби компетенттілік және педагогтың педагогикалық шеберлігі.
6 – тақырып. Тарихшы тұлғасын кәсіби қалыптастыруға даярлау. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті
Педагогтың жалпы педагогикалық даярлығының қазіргі кезеңдегі жағдайы. Болашақ педагогтың жалпы педагогикалық білім, іскерлік деңгейлері. Жалпы педагогикалық білімнің, іскерліктің, дағдының қалыптасу кезеңдері. Педагогикалық пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы кешенділік. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық іс-әрекет мотивациясы. Педагогикалық білім беру жүйесінде педагог жеке тұлғасының дамуы. Студенттің оқу еңбегі мәдениеті. Студент-болашақ педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі, студент-педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру негіздері.
7- тақырып. Тарихшыны даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика
Педагогикалық практиканың міндеттері. Педагогикалық практиканы ұйымдастырудағы негізгі ережелер. Студенттерді педагогикалық практикаға дайындау. Педагогикалық практиканың мазмұндық ерекшеліктері. Педагогикалық практиканы басқару жүйесі. Педагогикалық практика барысындағы есеп формалары және студенттерді бақылау түрлері.
8 - тақырып. Зерттеу іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде
Педагогикалық зерттеудің басты принциптері. Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері: реферат, баяндама, мақала, рецензия, оқу құралы, диссертация. Педагогтың жеке тұлғасының дамуы мен қалыптасуында зерттеу іс-әрекетінің рөлі.
9-тақырып. Тарихи шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздері
Педагогикалық идеал және педагогтың дербес шығармашылығы. Педагогикалық шығармашылықтың «алгоритмі». Педагогикалық міндеттерді іске асырудағы шығармашылық процедура және технология. Шығармашылық ойлау.
10-тақырып. Тарихи қарым-қатынас – шығармашылық процесс ретінде
Педагогтың іс-әрекеті құрылымындағы педагогикалық қарым-қатынас. Коммуникативті міндеттер. Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері. Ашықтық педагогтың кәсіби-жеке тұлғалық сапасы ретінде. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас стильдері.
СӨЖО тақырыптары мен оның қысқаша мазмұны
1-тақырып. Тарих мамандығының ерекшеліктері (2сағ).
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу.
2-тақырып. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні және құрылымы (2сағ).
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен құрылымын бейнелейтін ғылыми әдебиеттер каталогын құру, аннотация жазу.
3-тақырып. Мұғалім – педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде (1сағ).
“Мен неге педагог-психолог болғым келеді?” тақырыбына шығарма жазу.
4-тақырып. Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (2сағ).
Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері (жұмыс бағыттары, кәсіби этикасы, шеберлігі) туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу, ой қорыту.
5-тақырып. Тарихшының кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі (2сағ).
Достарыңызбен бөлісу: |