Тарих мамандығының қазіргі заманда әлдеқайда биік деңгейде екендігіне 10 Аргумент 1.Әлеуметтік функциясы Қазіргі кезде тарих ғылымының әлеуметтік функциясы жөніндегі түсінік мүлдем басқаша. Бүгінгі тарихшылар алдында адамзат қоғамының ғасырлар бойғы саясат, шаруашылық және мәдениет саласындағы тәжірибелерін жинақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу. Егер өткен заманның сабақтарын ескермесек, оларды күнделікті ісімізде пайдаланбасақ алға жылжу да болмас еді. Сондықтан тарих өркениет пен ұрпақ арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. 1.Тәрбиелік функциясы Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тәрбие беру процесінде оларға тарихи білім беру негізгі міндет болып есептелді. “Жеті атасын білмеген жетесіз” деген қанатты сөз осы уақытта туса керек. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі – оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды” – деген болатын. Ғылым саласы Тарих ғылымы қоғамда болып өткен құбылыстардың заңдылығын зерттейді - Тарихтың ғылым болып қалыптасу белестерін анықтау және дамудың әр кезенінде тарихи эволюциясын тарихшылардың көңіл аударған проблемаларын, оларды қандай жолмен шешіп ашып көрсету.
- Тарих ғылымында дефиниция мен парадигмаларға тоқталу, олардың ішкі мән-мазмұнын ашу.
- Тарихи зерттеулерде әдіс, тәсіл амалдарды студент бойына сіңіруге көмектесу.
Археология саласы - Археология – гуманитарлық ғылымдардың ішіндегі ең жасының бірі. Ол тарих ғылымында төңкеріс жасап, оның көлемі мен мазмұнын өзгеріске ұшыратып, көкжиегін кеңейте түсті. Археология ғылымы – тарихи мұралар арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылым. Бұл мұралар жер қойнауында жататындықтан, археология «күрекпен қаруланған тарих» деп айтылады. Оның зерттеу аймағы – дала, орман, тау, құм, шөл, батпақ, өзен, теңіз. Кең-байтақ Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте тұр. Олар өткен заманның жұмбақтары мен құпия сырларын өз бойында сақтап келеді. Бұл құпия сырды табанды әрі ізденімпаз жандар – археологтар ашады. Тарихта еш нәрсе із-түзсіз жоғалып кетпейді. Жер қойнауындағы жұмбақты ашу – археологтардың міндеті.
Этнология саласы - Халықтардың тума өмір-тіршілігімен айналысатын ғылым саласы — этнография (этнология) халықтар туралы ғылым — халықты зерттеу, халықтану, дүниежүзі халықтарының өмір-тұрмысы, салт-санасы, шығу тегі тағы басқа көптеген өмірлік мәселелерді зерттейді.
- Тағдырдың жазуымен елімізге келген басқа этностарды бөтенсінсек, біз алға дами алмаймыз. Сондықтан бұл істе біздің халықтың жауапкершілігі зор. Қазақтар Еуразияның ең байырғы халықтарының бірі екенін ғылыми тұрғыда бүкіл әлемге жария ете білсек, келешек ұрпағымызға ешқандай қауіп болмайды»
Ұлттық сана - Мемлекеттің негізгі тірегі бұл халық. Сол мемлекетті біртұтас мықты елге айналдыру үшін халықтың ұлттық санасын қалыптастыру негізгі мақсат. Әлбетте бұл арада тарихтың атқарар рөлі маңызды. Сондықтан тарихымызды болашақ ұрпақтардың санасына сіңіру арқылы ұлттық сананы қалыптастырамыз. Бұл процесс қазіргі таңда “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты мақаласы бойынша іске асырылуда.
Жаһандану - Қазақ зерттеушілерінің қазіргі алдында тұрған міндет те жаһанданудың тәуелсіз мемлекетімізге әсері, оның экономикалық және саяси қауіпсіздігі, халықтың этно-мәдени дәстүріне жағымды және жағымсыз әсерлерін мұқият талдау болып табылады.
- Сондықтан осындай жағдайда қазақ мәдениетін қайта түлетіп жандандыруды жаһандану кезіндегі Батыстың мәдениетіне қарсы басты бәсеке ретінде бағалайтын көзқарас бар. Олар ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, мәдениетті қайта түлетіп, халықтың руханиятын көтеруге, жергілікті мәдени дәстүрлерді дамытуға мүмкіндіктер ашатынын ескертеді.
- Яғни жаһандану процесінде шетелдік идеялардың емес, керісінше, жергілікті мәдениеттің іргетасы беки түсуі мүмкін.
Рухани код - Рухани код дегеніміз – батыс және шығыс алпауыт елдерімен саясатымызды теңгере отырып, өзіміздің салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, сақтай отырып, ұлттық дамуымызды жалғастыру. Сол себепті рухани кодтың басты барометрі бұл – тарих. Ал оны іске асырушы тарихшы екені сөзсіз.
Мәңгілік Ел идеясы - Дамыған XXI ғасыр заманында әлемде көптеген өркениеттер бір-бірімен тоғысып, байланыс жасауда. Осы болып жатқан процестерді алып қарайтын болсақ, соның ішінде шығыс пен батыс мәдениеттерінің түйісер жері бұл – Ұлы Қазақ Даласы екені анық. Осындай ұлан ғайыр дала кеңістігінде Тоныкөк бабамыз бастаған «Мәңгілік ел» идеясы өмірге келді. Бұл қазіргі заманда дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін де және президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламысын жүзеге асырып, ілгері әрі нақты қадамдар жасау үшін де таптырмас мемлекеттік идея секілді. Сондықтан біз алдымызға қойған мақсаттарды еңсеру үшін осы идеяға сүйенуіміз қажет.
Мен тарихшымын!!! - «Өткенін білмегеннің,болашағы бұлыңғыр» демекші,өткен тарихымызды білмей,болашаққа көз жүгірте алмаймыз. Тарих-ол ата бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп,бізге тастап кеткен асыл мұрасы. Тарихын білмейтін,ұмытқан адам-өзінің кім екенін білмейтін,мәңгүрт іспеттес. Тарихын білмеген адам өзін мамандық иесімін деп санамауға да болады. Тарих ғылымы барлық ғылыммен етене байланысқан. Жай ғана адам тарихшы бола алмайды. Тарихты толық оқыдым деген адамның өзі тарихшы атағына ие болуы өте қиын. Тарихшы болу-ол ұлы арман. Сол ұлы арманнның жетегіне еріп мен де тарихшы боламын деп шештім. Бұл бірақ айтуға ғана оңай,ал оның орындалуына бүкіл ғұмырыңды сарп етуіңде ғажап емес.
Достарыңызбен бөлісу: |