Тарих пәні мұғалімі Досетова Анаргуль Адхамовна
ОҚУШЫЛАРДЫ ТАРИХ ПӘНІНЕН ҰБТ – ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
"Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен, тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі".
(Н. Ә. Назарбаев)
"Тарих толқынында"
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа сапалы білім беру үрдісі қай қоғамда, қай мезгілде болмасын бірінші кезектегі міндет екені белгілі.
Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Оқушының он бір жыл бойы мектеп қабырғасында алған білімі мен білігі сараланатын, оқушыларға білгенін үйретуден жалықпаған ұстаздарымыздың асыл еңбегі бағаланатын жер де осында анықталады. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан - жақты дайындауда оқушы, ата - ана, ұстаз байланысы үлкен рөл атқарады. Сондай - ақ жыл сайынғы ҰБТ - ге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар әр мұғалімнен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді әдіс - тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан - жақты дайындау маңызды болып табылады. Қазақстан тарихы пәні ұзақ уақытты қамтитын, қиын да күрделі пән. Себебі көптеген хронология, адам аттары, тұрақтар, термин сөздер, сандар көптеп кездеседі. Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік ұтымды әдіс - тәсілдері болады. Менің де тестіге қатысты тәжірибеде күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс - тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді. 11 сынып оқушыларына алдымен ҰБТ - ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беремін. Оларға мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етемін.
1. Тақырыпты алдымен оқулықтан зейін қойып оқып шық.
2. Керекті жерлерін дәптерге түсір.
3. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беруге тырыс.
4. Дайындық барысында мектепте не болмаса үйде сұрақ - жауап әдісін пайдалан.
5. Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін алдымен қате жауапты сызып таста.
11 - сынып оқушыларын ҰБТ - ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәннен қосымша сабақ кестесі бекітілді. Тарих пәнінен қосымша сабақ әр аптаның сейсенбі күні. Қосымша сабақ - Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ - ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбексүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже - ҰБТ - да жоғарғы нәтиже көрсету.
Оқушыларды ҰБТ - ге дайындауда "Тесттік технология" әдісін күнделікті сабағымда пайдаланамын. 11 жылдық білімнің сыналар шағы, өтілген тақырыпты кімнің қаншалықты меңгергендігі анықталар сәт те осында байқалады. Осы мақсатта тестке дайындық барысында оқу жылы басталғаннан оқушыларға үлкен қалың дәптер арнатқан болатынмын. Сол дәптерге сынама тестілеуде келген нұсқаларды дұрыс жауабымен толық жаздырып, жаттауды талап етемін. Әр сабақ сайын оқушылардан сұрақ - жауап әдісі арқылы жаздырған нұсқаларды жатқа сұраймын. Және көптеген нұсқаларды компьютерге теріп, көбейткен болатынмын. Соларды қосымша сабақта оқушыларға орындатып, өздеріне жұмыстарын тексертіп, сол жерде қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балын жазып отырамын. Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша сұрақ - жауап әдісін пайдаланамын. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері және есте сақтау қабілеттері артты. Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету - әр мұғалімнің басты міндеті.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 1 - нұсқа
1. "Күміс олардың елінде болмайды, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі" деп сақтар туралы жазған грек тарихшысы:
А) Полиэн
В) Страбон
С) Диодор
Д) Прийск
Е) Ктесий
2. ХV ғасырдың соңына қарай Сыр бойындағы қалаларға шабуыл
жасаған қазақ қолына басшылық жасағандар:
А) Керей, Жәнібек
В) Бұрындық, Қасым
С) Шығай, Мамаш
Д) Тахир, Жәдік
Е) Бұйдаш, Қожа Махмұт
3. Орта жүз рулары ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Самарқан төңірегіне ойысуының себебі:
А) Темір шапқыншылығы
В) Монғол шапқыншылығы
С) Қытай шапқыншылығы
Д) Ұйғыр шапқыншылығы
Е) Жоңғар шапқыншылығы
4. Жоңғар хандығының тарих сахнасынан жойылған жылы:
А) 1759 жылы
В) 1756 жылы
С) 1757 жылы
Д) 1758 жылы
Е) 1754 жылы
5. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінде құрылған облыстар:
А) Шелек, Талғар
В) Сырдария, Жамбыл
С) Сырдария, Ферғана, Самарқан
Д) Жетісу, Жаркент
Е) Ташкент, Отырар, Ферғана
6. Ұлы Отан соғысындағы партизандық қозғалыстың көрнекті өкілі, жазушы:
А) Қ. Сыпатаев
В) Н. Әбдіров
С) Қ. Қайсенов
Д) Т. Тоқтаров
Е) Ж. Елеусізов
7. Ежелгі Қызыл Аңғар қаласы:
А) Үйсіндердікі
В) Қаңлылардікі
С) Ғұндардікі
Д) Сақтардікі
Е) Сарматтардікі
8. VІІ ғасырдың басында Батыс Түрік қағанатының одақтасы болған ел:
А) Иран
В) Қытай
С) Соғды
Д) Византия
Е) Бұхар
9. Батыс Сібір хандығының астанасы:
А) Омбы
В) Сарайшық
С) Чимги - Тура
Д) Тобыл
Е) Сығанақ
10. ХVІІ ғасырдың ортасында Қазақ хандығын басқарған, жоңғарларға (қалмақтарға, ойраттарға) қарсы күресті ұйымдастырған хан:
А) Жәңгір
В) Шығай
С) Мамаш
Д) Тоғым
Е) Тәуекел
11. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген, Абылай ханның серігі, атақты жырау:
А) Шернияз
В) Жанақ
С) Бұхар
Д) Сүйінбай
Е) Шортанбай
12. 1847 жылы К. Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып кірген аймақ:
А) Хиуа жері
В) Қоқан жері
С) Қытай жері
Д) Ресей жері
Е) Қырғыз жері
13. Жанқожа сарбаздарымен Қазалы портын қоршады:
А) 1848 ж.
В) 1836 ж.
С) 1837 ж.
Д) 1867 ж.
Е) 1856 ж.
14. Верный уезіндегі атақты бай ұйғырлардың бірі:
А) Мехти Рафаилов
В) Семен Мадатов
С) Вали Ахун Юлдашев
Д) Башыр Айтов
Е) Садыр Палуан
15. 1914 - 1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды:
А) Аңшы мылтықтары, балық өнімдері
В) Әскери винтовка, бағалы асыл тастар
С) Киім - кешек, жанар - жағар май
Д) Зергерлік бұйымдар, мұнай, алтын
Е) Мақта, ет, жылқы, түйе
16. 1927 жылы Париж қаласында өткен концертке қатысып ән салған қазақ халқының әйгілі әншісі:
А) С. Қожамқұлов
В) Қ. Байжанов
С) Ә. Қашаубаев
Д) К. Байсейітова
Е) Жаяу Мұса
17. БК(б) П Орталық Комитетінің "Звезда", "Ленинград" журналдары туралы қаулысы жарық көрді:
А) 1945 жылы
В) 1954 жылы
С) 1946 жылы
Д) 1947 жылы
Е) 1949 жылы
18. Экологиялық дағдарыс шиеленіскен, ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар:
А) Түркістан, Қызылорда, Абай
В) Түркістан, Абай, Қапшағай
С) Қарағанды, Шымкент, Өскемен
Д) Жезқазған, Қызылорда, Арқалық
Е) Семей, Қарқаралы, Қапшағай
19. Астанада дүние жүзі дін өкілдерінің алғашқы басқосуы болды:
А) 2009 жылы
В) 2003 жылы
С) 2006 жылы
Д) 2007 жылы
Е) 2005 жылы
20. Қола дәуірінің Петровка қонысы орналасқан аумақ:
А) Солтүстік Қазақстан
В) Шығыс Қазақстан
С) Орталық Қазақстан
Д) Батыс Қазақстан
Е) Оңтүстік Қазақстан
21. М. Қашғари "Түрік тілдерінің сөздігі" еңбегін жазды:
А) Х ғасырда
В) ХІ ғасырда
С) ІХ ғасырда
Д) ХІІ ғасырда
Е) ХІІІ ғасырда
22. Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығының батыстағы территориясы осы мемлекет аумағы есебінен ұлғайды:
А) Батыс Сібір хандығы
В) Ноғай Ордасы
С) Астрахан хандығы
Д) Қазан хандығы
Е) Башқұрт мемлекеті
23. Бөкей Ордасындағы көтеріліс барысында көтерілісшілер Жайық өзенінен өтті:
А) 1836 жылы наурызда
В) 1837 жылы 13 желтоқсанда
С) 1837 жылы 15 қарашада
Д) 1838 жылы 12 шілдеде
Е) 1837 жылы қазанда
24. Шәкәрім Құдайбердіұлы жетік білген тілдер:
А) Түрік, орыс, мадьяр
В) Араб, парсы, түрік, орыс
С) Ағылшын, қытай, парсы
Д) Орыс, украин, қытай
Е) Қытай, парсы, неміс, ұйғыр
25. Солтүстік Жетісу майданы жойылды:
А) 1919 жылы сәуірде
В) 1919 жылы ақпанда
С) 1918 жылы маусымда
Д) 1918 жылы шілдеде
Е) 1920 жылы наурызда
Дұрыс жауап кілттері
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
В
|
А
|
Е
|
Д
|
С
|
С
|
А
|
Д
|
С
|
А
|
С
|
Е
|
Е
|
С
|
Е
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
С
|
С
|
С
|
В
|
А
|
В
|
В
|
В
|
В
|
Е
|
Сонымен бірге, толықтыру тесті, сәйкестендіру тесті, дискуссиялық өрнек, хронологиямен жұмыс әдістерін жүйелі түрде қолдана білсең бұл жұмыстар да оқушының ойлау қабілеттерін арттырары сөзсіз.
Сәйкестендіру тесті оқушылардың таным - қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін арттырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Бұл жұмыста тарихи оқиғалар араластырылып беріледі де оқушылар дұрыс жауаптарын сәйкестендіре орындайды.
Сәйкестендіру тесті.
1. 1465 - 1466 жж. -
2. 1824 ж. -
3. 1916 ж. -
4. 1854 ж. -
5. 552 - 603 жж. -
6. 1723 - 1727 жж. -
7. 2004 ж. -
8. 1370 - 1405 жж. -
9. 1428 - 1468 жж. -
10. 1710 ж. -
|
|
1. Түрік қағанаты
2. Верный бекінісі
3. Қазақ хандығы құрылды
4. Ақтабан шұбырынды
5. «Орынбор қазақтарының жарғысы»
6. Ұлт - азаттық қозғалыс
7. Қарақұм маңындағы бас қосу
8. Мәдени мұра
9. Әмір Темірдің билік құрған кезеңі
10. Әбілқайыр билік құрған уақыт
|
Сәйкестендіру тестін бірнеше тақырыпты өткеннен кейін пайдаланған тиімді.
"Дискуссиялық өрнек"
№
|
Сұрақтар
|
Келісемін
|
Келіспеймін
|
1
|
Шерғазы кіші жүздің соңғы ханы.
|
+
|
|
2
|
"Орынбор қазақтарының Жарғысы" 1822 жылы шықты.
|
|
+
|
3
|
1867 - 1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері 6 облысқа бөлінеді.
|
+
|
|
4
|
1916 жылғы Торғай көтерілісінің сардарбегі Т. Бокин
|
|
+
|
Хронологиялық датаның жетекшілері, қай жерлерді қамтыды, нәтижесі, сипаты
1. 1773 - 1775 жж.
2. 1783 - 1797 жж.
3. 1820 - 1830 жж.
4. 1836 - 1838 жж.
5. 1837 - 1847 жж.
6. 1856 - 1857 жж.
7. 1870 ж.
Толықтыруды қажет ететін тестілерде оқушылар ашық орынға мәтінге керекті сөздерді қояды. Болмаса төмендегі тест үлгісі бойынша берілген сұрақтың ішіндегі көп нүктенің орнына жауабын жазады немесе тапсырманы жалғастырып аяқтайды.
1. Қаңлы елінің астанасы......... (Битянь)
2. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу.... басталды. (1946 жылы)
3. Ноғай Ордасының негізін қалаған тұлға...... (Едіге)
4. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын.......... бұзды. (Монғол шапқыншылығы)
5. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары....... (Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы)
6. Карточка жүйесі...... жойылды. (1947 жылы)
7. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы.... қабылданды. (2004 жылы)
Хронологиямен жұмыс. Жылдар. Оқиғалар.
1635 ж.
1731 ж.
1836 - 1838жж.
1801 ж.
1854 ж.
1726 ж.
1680 - 1715 жж.
1783 - 1797 жж.
1835 - 1865 жж.
1905 - 1907 жж.
1916 ж. 25 маусым
1918 - 1920 жж.
1939 ж. 1. 09 - 1945 ж. 2. 09
Хронологиямен жұмыс оқушыларды тарихи оқиғалардың өткен уақытын есте сақтауға дағдыландырады.
Тестке дайындық барысында қолданылатын әдіс - тәсілдер мен тапсырмалардың шегі жоқ. Әр мұғалім қиялына байланысты әртүрлі тәсілдерді, көрнекіліктерді қолдануына болады.
Мұндай тапсырмаларды ұйымдастыру үшін мұғалім өзі тест тапсырмаларын жатқа білуі тиіс және білгенін оқушыларға бере білуі керек.
Осы аталған әдіс - тәсілдерді жүргізгендегі менің қол жеткізген нәтижем:
- Оқушылардың танымдық іс - әрекеттері қалыптасты;
- Белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектесті;
- Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |