Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: 6
Мұғалім: Ердеханова |Сапарай Сапарбаевна
|
Қолданылған видео, жазба, таныстырылымслайдтары
|
Сабақтың тақырыбы:
Жәңгір хан және Қазақ хандығы
|
1 слайд
|
Бүгін сабақта:
Жәңгір ханның билікке келген тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайын талдайсыз;
Жоңғар хандығының құрылуы мен қазақ-жоңғар қатынастары туралы білесіз.
|
2 слайд
|
Оқушылар!
Оқушылар өткен сабағымызда Есім ханның Қазақ хандығының біртұтастығын сақтап қалудағы қызметін талдаған болатынбыз.
|
|
Жәңгірдің билікке келуі.
Жәңгір хан - Есім ханның тарихта белгілі үш ұлының екіншісі. Жәңгір ханның қай жылы туылғаны белгісіз , шын есімі – Жахангер ( парсыша – « әлемді бағындырушы, билеуші» ). Есім ханнан кейін хан тағында кім отырғаны белгісіз. Ғалымдардың пікірінше, Есім ханның бір ұлы Жәнібек XVI ғасырдың 30 - жылдарының басында хан тағына отырып, XVII ғасырдың 40 - жылдарының басында ойраттармен болған кезекті бір шайқастың бірінде қаза тапқан.
|
3 слайд
|
Шамамен Жәңгір ағасы Жәнібектен кейін, 1643/44 жылы хандық билікке келген. Хандық билікке келгенге дейін - ақ қазақ қоғамы ішінде өте зор беделге ие болған.
Жоңғар хандығының құрылуы.
1635 жылы Жоңғар хандығы құрылды. Жоңғар хандығының билеушісі Батыр қонтайшы болды. Осылайша Қазақ хандығына бұрынғы көшпелі , бытыраңқы жоңғар тайпаларының орнына саяси жағынан біріккен күшті мемлекет қарсы тұрды. Қазақ мемлекетiне ғана емес, Қытай мен Ресейдiң шегаралық аудандарына да қауiп төндiрдi.
|
4 слайд
5 слайд
|
Бұл маңызды !
Жоңғар хандығы Алтай тауларының етегін ғана алып жатқанмен , Оралдан Алтайға дейінгі аумақтағы ұйымдасқан саяси күшке айналды. Қазақ хандығын үш жағынан жоңғарлардың жекелеген иеліктері қоршап жатты . Батыр қонтайшы бірден қазақ жеріне басып кірді. Міне , осы оқиғаға қатысты Жәңгір ( Жахангер ) ханның есімі Шығыс деректеріндегі және орыс тіліндегі мәліметтерде алғаш рет кездесе бастайды.
|
6 слайд
|
1635 жылы ойраттардың көсемі Батыр қонтайшының қолына қарсы әскерді бастаған Жәңгір деректерде сұлтан лауазымымен аталады. Осы шайқаста Жәңгір тұтқынға түсіп , кезекті бір жеңіс кезінде ол тұтқыннан босап шығады .
|
7 слайд
|
|