Қазақстан тарихы бойынша МЕ тест сұрақтары
1.1851 ж “тарихқа дейінгі ” ұғымын ұсынған ғалым -
А) К.Маркс
В) П.Сорокин
С) Д. Уильсон
Д) А.Тойнби
Е) Л.Морган
2. “Тарихқа дейінгі ” кезеңнің қамтыған уақыты -
А) саналы адамның пайда болуынан бастап жебе мен садақты ойлап тапқанға дейінгі кезең
В) рулық қауымның қалыптасуынан бастап көшпенділікке өткенге дейінгі кезең
С) Христостың туылуынан бастап түрік кезеңіне дейін
Д) көшпелі тайпалардың орналасуынан бастап алғашқы мемлекеттердің құрылуына дейін
Е) адамдардың пайда болуынан бастап жазба деректердің шығуына дейін
3. Аңшылыққа байланысты магия қай кезеңде тарады -
А) ерте палеолит
В) орта палеолит
С) кейінгі палеолит
Д) мезолит
Е) неолит
4. Нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу кезеңі:
А) ерте палеолит
В) мезолит
С) соңғы палеолит
D) неолит
Е) энеолит
5. Өндіруші шаруашылықтың пайда болу уақыты :
А) палеолит
В) мезолит
С) энеолит
D) неолит
Е) қола дәуірі
6. Андронов мәдениетінің шежірелік уақыты:
А) б.з.б.ХУІІІ-ІУ ғғ.басы
В) б.з.б. ХУІІІ-У ғғ. басы
С) б.з.б. ХҮІІІ- ІҮ ғғ. басы
D) б.з.б. ХҮІІІ-ҮІІІ ғғ. басы
Е) б.з.б. ХҮІІІ-ХІІ ғғ.басы
7. Тайпалар және тайпалық бірлестіктердің көрініс тапқан кезеңі:
А) палеолит
В) мезолит
С) неолит
D) энеолит
Е) темір ғасыры
8. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңі ... жаңа мәдениеттің қалыптасуымен сипатталынады:
А) Олдувай
В) Ашель
С) Нұра
D) Атасу
Е) Беғазы-Дәндібай
9. Андронов мәдениетіндегі жиі кездесетін таңбалар бейнесі -
А) “шауып бара жатқан ” бұғылар
В) егіншілерге арналған соқа мен қамыт
С) құрбандық шалатын тостаған және бас киім
Д) қыранның басы, жабайы аңдар бейнесі
Е) мүйізімен алға қарай ұмтылған жабайы бұқа
10. Орталық Қазақстанның жерінде б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. мәдениет қалыптасты:
А) Келтеминар
В) Андронов
С) Беғазы-Дәндібай
D) Тасмола
Е) Қима
11. Орталық Қазақстаннан табылған ашель кезеңінің ескерткіші-
А) Құдайкөл, Обалысай
В) Қозыбай, Обалысай
С) Бөріқазған, Тәңірқазған
Д) Беғазы, Атасу
Е) Құлсары, Қайнар
12. Бумеранг ойлап табылды:
А) палеолитте
В) неолитте
С) энеолитте
D) мезолитте
Е) қола дәуірінде
13. Жанұя, жеке меншік және мүліктік теңсіздік шықты:
А) палеолит
В) мезолит
С) қола дәуірі
D) темір ғасыры
Е) неолит0
14. Андронов тайпаларының (150 обаға жуық) қоныстанған аймағы:
А) Орталық
В) Шығыс
С) Солтүстік
D) Батыс
Е) Жетісу
15. Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениетінің даму кезеңдері
А) палеолит, мезолит, неолит
В) олдувай, шелль, ашель
С) Келтеминар, Қанай, Жетісу
Д) Нұра, Атасу, Беғазы-Дәндібай
Е) Майемер, Берел, Құлажорға
16. Отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына өту іске асырылды:
А) палеолит
В) энеолит
С) темір ғасыры
D) неолит
Е) қола дәуірі
17. Бөренелі қабір мәдениетінің табылған аймағы:
А) Арал маңы, Батыс Қазақстан
В) Жетісу
С) Солтүстік Қазақстан
Д) Орталық Қазақстан
Е) Шығыс Қазақстан.
18. Б.д.д. ҮІІІ-ІІІ ғ. Орталық Қазақстанда обаларды зерттеген археологтар Ә.Х. Марғұлан, М.К. Қадырбаев оларды қандай мәдениетке жатқызады?
А) Келтиминар
В) Нұра
С) Бөренелі қабір
Д) Савромат
Е) Тасмола
19. Ежелгі ирандықтардың қасиетті ктабы – сақтардың тарихын оқып-үйренудегі дерек:
А) Құран
В) Яссы
С) Тарих-и-Рашиди
D) Жеті-Жарғы
Е) Авеста
20. Шығыс Қазақстандағы археолог С.С.Чернигов тапқан сақ қорғаны:
А) Тасмола
Б) Көкмардан
С) Есік
Д) Шілікті
Е) Шырық- рабат
21. “Яксарттың ар жағында сақ тайпалары тұрады. Парсылар оларды сақтар деп атайды ” деп айтқан ертедегі рим авторы:
А) Геродот
Б) Үлкен Плиний
С) Квинт Курций Руф
Д) Плано Карпини
Е) Гильом де Рубрук
22. “Сақтар өте дарынды. Егіншілерге - соқа мен қамыт, жауынгерге – жебе, абыздарға – тостаған берген”- деп жазған Рим тарихшысы:
А) Геродот
Б) Үлкен Плиний
С) Квинт Курций Руф
Е) Гильом де Рубрук
Д) Плано Карпиний
23. Орталық Азиядағы Түрік қағанаты өзінің саяси билігіне ... қағанның кезінде жетті:
А) Бұмын
В) Мұқан
С) Жегуй
Д) Үш-елік
Е) Сақал
24. Орталық Азиядан б.з.б. ІІ ғ. Жетісуға келген тайпалар :
А) сақтар
В) андроновтықтар
С) ғұндар
D) қаңлылар
Е) үйсіндер
25. Қазақстанның оңтүстігінде б.з.б. ІІІ ғ. мемлекет құрған тайпалар:
А) андроновтықтар
В) үйсіндер
С) қаңлылар
D) ғұндар
Е) сақтар
26. Халықтардың Ұлы қоныс аударуын бастаған тайпалар:
А) ғұндар
В) қаңлылар
С) арабтар
D) қытайлықтар
Е) түргештер
27. 138 ж. Батысқа жіберілген және үйсіндер туралы жазған Қытай елшісі:
А) Уди
В) Тянь-цань
С) Лан ву
Д) Кунсю
Е) Чжан Цянь
28. Кангюйлердің астанасы :
А) Көкмардан
В) Битьян
С) Чигучен
D) Қызыл-аңғар
Е) Мардан-күйік
29. Қалайы мен мыстың қоспасын алу технологиясы ойлап табылды:
А) неолитте
В) темір ғасырында
С) мезолитте
D) қола дәуірінде
Е) палеолитте
30. Ғұн мемлекетінің оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөліну кезеңі:
А) б.з.б. 160 ж.
В) б.з.б. 138 ж.
С) б.з.б. 55 ж.
D) б.з. 93 ж.
Е) б.з. ІІ-Ү ғғ.
31. «Түрік» этнонимі алғаш рет ... дерегінде кездеседі:
А) үнді
В) парсы
С) грек
D) қытай
Е) монғол
32. Ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны басталды:
А) б.з.б. 160 ж.
В) б.з.б. 138 ж.
С) б.з.б. 55 ж.
D) б.з. 93 ж.
Е) б.з. ІІ-Ү ғғ.
33. Қазақстан жерлері ҮІ ғасырда ... құрамына енді:
А) Усун мемлекетінің
В) Түрік империясының
С) Моңғол империясының
D) Ғұн мемлекетінің
Е) Кангюй мемлекетінің
34. “Түрік” этнонимі алғаш рет ... дерегінде кездеседі:
А) б.з.б. 160 ж.
В) б.з.б. 138 ж.
С) б.з. 93 ж.
D) б.з. 542 ж.
Е) б.з. 552 ж.
35. Түрік қағанатының көшбасшысы:
А) Мұқан
В) Бумын
С) Иштеми
D) Сұлық
Е) Үш Елік
36. Шығыс Қазақстандағы сақ тайпаларының мәдениеті өз дамуының үш кезеңінен өтті:
А) палеолит, мезолит, неолит
В) Олдувэй, шель, ашель
С) Кельтеминар, Қанай, Жетісу
Д) Нұра, Атасу, Беғазы-дәндібай
Е) Майемер, Берел, Құлажорға
37. ҮІІ ғ. басы – ҮІІІ ғ. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі жерлерді алып жатқан мемлекет:
А) Түрік қағанаты
В) Түргеш қағанаты
С) Қарахан мемлекеті
D) Батыс-Түрік қағанаты
Е) Қарлұқ қағанаты
38. Батыс-Түрік қағанатының жазғы ордасы:
А) Битянь
В) Чигучен
С) Суяб
D) Мыңбұлақ
Е) Күңгіт
39. Батыс-Түрік қағанаты ... қағанның билік тұсында нығайды:
А) Бумын
В) Жеғұй
С) Мұқан
D) Иштеми
Е) Түріксанф
40. Батыс-Түрік қағанатында сот қызметін атқарды:
А) қара бодан
В) ябғу, шад
С) уәзір, ельтебер
D) гуньмо, жабғу
Е) бұйрық, тархан
41. Жаулап алынған жерлерде алым-салық жинауды бақылаушы қаған өкілі:
А) ябғу
В) тудун
С) шад
D) елтебер
Е) тархан
42. Батыс-Түрік қағанатындағы тайпааралық соғыстар мен қырқысулар әкеліп соқтырды:
А) Жетісуға арабтардың шапқыншылығына
В) Таң империясының Жетісуға баса - көктеп кіруіне
С) басты сауда жолдарын бақылауға
D) түркілердің Орта Азияда ықпалының артуына
Е) астанасы Суябтан айырылуына
43. Жетісуда ҮІІІ ғ. басында билікті тартып алды:
А) қарлұқтар
В) қарахандықтар
С) түргештер
D) арабтар
Е) қытайлықтар
44. Түргеш билеушілері әулетінің көшбасшысы:
А) Бумын
В) Түріксанф
С) Жеғұй
D) Үш- Елік
Е) Мұқан
45. 571 жылы Түрік қолбасшысы ... солтүстік Кавказды алып Боспорға шықты:
А) Сұлық
В) Жеғұй
С) Иштеми
D) Мұқан
Е) Бумын
46. Түргеш қағандарының екінші ордасы:
А) Суяб
В) Мыңбұлақ
С) Испиджаб
D) Тараз
Е) Күңгіт
47. Арабтардың Түргештерге шапқыншылығы басталды:
А) VІ ғ.
В) VII ғ.
С) VIII ғ.
D) IX ғ.
Е) X ғ.
48. «Қара» түргештердің әскери-әкімшілік билікке келуімен...
А) қаған ордасы Таласқа ауыстырылды.
В) Испиджапқа араб шабуылы басталды.
С) арабтармен күрес аяқталды.
Д) Орта Азия халықтарының арабтарға қарсы бірлестігі құрылды
49. 715 жылы Түргеш қағанаты ... қағанның келуімен күшейді:
А) Жегуй
В) Тоң-Жабғу
С) Үш- елік
Д) Сақал
Е) Сұлық
50. “Әбу-Музахим” лақап атын алған Түргеш қағаны:
А) Үш - Елік
В) Сақал
С) Сұлұқ
D) Иштеми
Е) Сатұқ
51. Түргеш қағаны Үш-Еліктің мұрагері:
А) Сұлұқ
В) Сақал
С) Жеғұй
D) Қара
Е) Таспар
52. ҮІ ғасырда еуразиялық империяны құрған ежелгі тайпалар:
А) усундер
В) қаңлылар
С) ғұндар
D) түріктер
Е) монғолдар
53. Түркілердің рулық-тайпалық ұйымы:
А) иқта
В) бодын
С) эль
D) қаған
Е) тудун
54. Түркілердің әскери - әкімшілік ұйымы:
А) бодан
В) иқта
С) эль
D) тудун
Е) тархан
55. Түркілердің басты құдайы:
А) Митра
В) Тәңір
С) Жер-су
D) Ұмай
Е) Будда
56. Түркі ақсүйектерінің ... руын құрады:
А) қарабодан
В) ашина
С) дулу
D) нушиби
Е) чжичжи
57. Жетісуға 746 жылы Алтай және Тарбағатайдан қоныс тепті:
А) қарақытайлар
В) түргештер
С) наймандар
D) қарлұқтар
Е) оғыздар
58. 840 ж. ортаазиялық далада ірі оқиға болды:
А) Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанатының өмір сүруін тоқтатты.
В) Моңғол даласында саяси билік шығыс түріктерге өтті.
С) Үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр, басмыл- құрылды.
Д) қарлұқтар мен ұйғырлардың бәсекелестігі ұйғырлардың жеңуімен аяқталды.
Е) түргеш мұрагерлігі үшін қарлұқтар мен оғыздар арасында күрес басталды.
59.Түркеш қағанаты Сұлық қаған өлімі ... басталуына себеп болды:
А) қарлұқ жабғуы күшейді
В) түркештер қарлұқтармен бірікті
С) қарлұқтар мен ұйғырлардың әскери одағы құрылды
Д) түргештер мен қытайлықтардың өзара күресі басталды
Е) «қара» және «сары» түргештер арасында күрес өрбіді
60. 751 жылы Атлах қаласының маңында ... арасында алапат шайқас өтті:
А) түргештер мен қарлұқтардың
В) түргештер мен оғыздардың
С) арабтар мен қытайлықтардың
D) наймандар мен керейіттердің
Е) қимақтар мен қыпшақтардың
61. 751 жылғы шайқастың Жетісу және Мәуереннахр халықтарының тағдырындағы тарихи маңызы:
А) Тан әскерлері бұл аймақты тастап шықты
В) қарлұқтар Жібек жолының сауда тармақтарына бақылау орнатты
С) араб шапқыншылығының қаупі жойылды
D) “сары” және “қара” түргештердің арасындағы күрес аяқталды
Е) түркі-соғды коалициясы қалыптасты
62. Қарлұқтар 766 жылы Жетісуды Түргеш қағанатын ... ордаларымен басып алды:
А) Суяб және Мыңбұлақ
В) Тараз және Суяб
С) Испиджаб және Бұқара
D) Күңгіт және Чигучен
Е) Битьян және Чигучен
63. Сырдария аймағында және Арал маңы даласында ІХ ғасырда орын тепкен мемлекет:
А) түргештердің
В) қарлұқтардың
С) қимақтардың
D) оғыздардың
Е) қыпшақтардың
64. Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде ІХ ғ. пайда болған мемлекет:
А) оғыздардың
В) қыпшақтардың
С) қимақтардың
D) қарахандықтардың
Е) түргештердің
65. Қарлұқ бірлестігінің құрамына УП ғасырдың ортасында ... тайпалар топтасты:
А) дулу, нушиби, чжичжи
В) бұлақ, шігіл, ташлық
С) қимақтар, қыпшақтар, қырғыздар
D) түргештер, қарлұқтар, оғыздар
Е) наймандар, керейіттер, ұйғырлар
66. Орталық Азияда 744 жылы пайда болған мемлекет:
А) Түргеш қағанаты
В) Ұйғыр қағанаты
С) Қимақ қағанаты
D) Оғыз державасы
Е) Қыпшақ хандығы
67. ҮІІІ ғ. ортасында түргештердің мұрасы үшін ... арасында күрес өрбіді:
А) қарлұқтар мен ұйғырлардың
В) қарлұқтар мен оғыздардың
С) қимақтар мен қыпшақтардың
D) қарахандықтар мен қарақытайлықтардың
Е) наймандар мен керейіттердің
68. 742 ж. Моңғолия даласында саяси билік үш тайпаның одағына көшті ...
А) қарлұқ, ұйғыр, басмыл
В) бұлақ, талшық, шігіл
С) түргеш, қарлұқ, оғыз
Д) найман, керейіт, меркіт
Е) еймур, баяндур, татар
69. Х ғ. араб саяхатшысы қимақтар туралы: «оларда өздері жазып жүргендей қамыс өседі» - деген:
А) Ибн-Хордадбех
В) Әбу-Дулаф
С) Махмұт Қашқари
Д) Әл-Якуби
Е) Ибн әл-Фатих
70. Ұйғыр қағанатын 840 жылы ... құлатты:
А) түргештер
В) қарлұқтар
С) енисей қырғыздары
D) басмылдар
Е) қимақтар
71. Арабтардың билігі тарады:
А) Қазақстанның бүкіл жеріне
В) Оңтүстік Қазақстан бөлігіне
С) Батыс Қазақтанға
D) Солтүстік Қазақстанға
Е) Шығыс және Батыс Қазақстанның бір бөлігіне
72. “Ескі Гузия” деп аталған оғыздардың ордасы орналасты:
А) Іле өзені аңғарында
В) Шу өзені аңғарында
С) Поволжье
D) Арал маңында
Е) Маңғыстауда
73. Оғыздар 24 тайпадан тұрды және екі фратрияға бөлінді:
А) дулу және нушиби
В) бұзұқтар және ұшұқтар
С) ұйғырлар және қарлұқтар
D) басмылдар және ұйғырлар
Е) шігіл және яғма
74. Х ғ. араб географы: «оғыздар қимақтар мен тоғыз-оғыздармен қатар «патша» болып табылады, әсіресе түріктер арасында» деп жазған:
А) Ибн-Хордадбех
В) Әбу-Дулаф
С) Махмұт Қашқари
Д) Әл-Якуби
Е) Ибн әл-Фатих
75. Қарлұқ жабғуының қаған лауазымын иемденуі ... себеппен байланысты:
А) басмылдардың тас-талқан етілуімен
В) Батыс Түрік қағанатының ыдырауымен
С) ұйғырлардың Шығыс түркілерден жеңіліс табуымен
D) ұйғырлардың Жетісу жеріне жаппай өтуімен
Е) ұйғырлардың Енисей қырғыздарынан жеңіліс табуымен
76. Оғыздардың астанасы:
А) Тараз
В) Испиждаб
С) Суяб
D) Баласағұн
Е) Янгикент
77. Оғыз жабғуының орынбасары:
А) гуньмо
В) шаньюй
С) күл-еркін
D) тудун
Е) тархан
78. Оғыз әскерінің қолбашысы иеленген лауазым:
А) күл-еркін
В) сюбашы
С) сардарбек
D) беклербек
Е) тудун
79. Х-ХІ ғ. Әли ханның билік құрған кезінде Оғыз мемлекетінің дағдарысқа ұшырауының себебі:
А) Жетісу жері үшін қарлұқтармен күрес
В) салыққа қарсы оғыздардың көтерілісі
С) хазарлармен күрес
Д) печенегтермен болған қақтығыстар
Е) билеушілердің өзара қырқысы
80. Оғыздар 965 жылы Киев Русімен одақтасып талқандады:
А) түргештерді
В) қарлұқтарды
С) арабтарды
D) қытайлықтарды
Е) хазарларды
81. Оғыз жабғуы 985 жылы орыс княздерімен біріге ... ірі жеңіліске ұшыратты:
А) қарлұқтарды
В) еділ бұлғарларын
С) қимақтарды
D) қыпшақтарды
Е) хазарларды
82. Әли ханның мұрагері Шахмәлік кезінде мемлекеттің күшейгені соншалық 1041 ж. оғыздар:
А) Хорезмді басып алды
В) Еділ бұлғарларын талқандады
С) Жетісуға кірді
Д) Киев Русімен бірікті
Е) Хазарларға тойтарыс берді
83. Оғыздар елі ... тегеурініне
шыдамай құлады:
А) бұлғарлардың
В) селжұқтардың
С) қыпшақтардың
D) қимақтардың
Е) хазарлардың
84. Қимақтар тарихының әуелгі кезеңі төменгі тайпаның бірімен байланысты:
А) яғма
В) яньмо
С) шігіл
D) ташлық
Е) ұйғыр
85. ХІ ғ. парсы тарихшысы , қимақтардың шығу тегі туралы деректік аңыздың авторы :
А) Ибн Хордарбек
В) Рубрук
С) Әл-Якуби
Д) Гардези
Е) Ибн Әл-Фатих
86. Оғыздардың өз мемлекетінде өмір сүргендігі туралы алғашқы деректі айтқан араб географы:
А) Ибн әл-Фатих
В) Әл-Якуби
С) Әл-Дулаф
Д) Ибн Хордарбек
Е) Ибн Хаукаль
87 .Оғыздардың соңғы жабғуы:
А) Білге Құл Қадырхан
В) Әли хан
С) Шахмәлік хан
D) Оғұлшақ Қадырхан
Е) Сатұқ Боғра хан
88. Қарахан әулетінің негізін қалаған :
А) Әли
В) Шахмәлік
С) Сатұқ Боғра
D) Сұлық
Е) Сақа
89. «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек» деп жазған Х ғ.араб географы:
А) Ибн Хаукал
В) Нұх ибн Асад
С) Ахмед ибн Асад
D) Абу Дулаф
Е) Ибрагим ибн Насыр
90. 942 ж.Қарахан мемлекетінің тарихы ру басшысы Сатұқ Боғра ханның:
А) өзінің туысы Оғылшақтан билікті алуынан
В) Баласағұнның билеушісін тайдырып, өзін жоғары қаған деп жариялануынан
С) батыс және шығыс хандықтарды біріктіруінен
D) Газневидтер әулетімен бейбіт келісімге келуінен.
Е) Саманиттер мемлекетін құлатуынан басталды
91. Қарахан мемлекеті кімнің кезінде екі бөлікке бөлініп кетті:
А) Ибрагим ибн Насыр
В) Сатұқ Боғра хан
С) Йинал-тегін Ибрахим
D) Юсуф Тоғрұл хан
Е) Боғра хан Харук
92. ХІІ ғ. басында Қарахан мемлекетінің шығыс бөлігін жаулап алды:
А) қарақытайлар
В) қыпшақтар
С) наймандар
D) меркіттер
Е) керейлер
93. 1260 ж. Мөңке хан өлген соң, орнына өздерін ұлы хандар деп жариялағандар:
А) Үгедей мен Шағатай
В) Бату мен Орда Ежен
С) Арық -Бұға мен Құбылай
Д) Берке мен Меңгу
Е) Хайду мен Кебек
94. Қарахан мемлекетінің батыс бөлігінің орталығы :
А) Тараз
В) Баласағұн
С) Қашқар
D) Бұхара
Е) Сығанақ
95. Қарахан мемлекетінің батыс бөлігінің жері :
А) Мауереннахр
В) Жетісу
С) Шығыс Түркістан
D) Арал өңірі
Е) Оңтүстік Қазақстан
96. Жетісу жерінде (1128-1213 жж.) ... мемлекетін құрды :
А) шігілдер
В) наймандар
С) қарақытайлар
D) моңғолдар
Е) қыпшақтар
97. Қарақытай горханының ордасы :
А) Тараз
В) Қашқар
С) Испиджаб
D) Сауран
Е) Баласағұн
98Ляу империясын құрғандар:
А) қидандардың
В) эймурлардың
С) оғыздардың
D) татарлардың
Е) баяндурлардың
99. Қидандардың соңғы горханы:
А) Сатұқ Боғра
В) Шахмәлік
С) Чжилугу
D) Елюй Дашы
Е) Ко Сон Чжи
100. Оғыз державасының өмір сүрген кезеңі :
А) УІғ. –УІІ ғ.басы
В) УІІ ғ. басы-УІІІ ғ.ортасы
С) УІІ ғ.ортасы-Х ғ. ортасы
D) ІХ ғ. -ХІ ғ. басы
Е) Х ғ.ортасы-ХІІІ ғ.басы
101. Қимақ қағанатының шежірелік уақыты:
А) УІ ғ.-УІІ ғ.басы
В) УІІ ғ. басы-УІІІ ғ.ортасы
С) ҮІІІ ғ.-ІХ ғ.басы
D) ІХ ғ.басы-ХІІ ғ.
Е) ІХ ғ-ХІ ғ. басы
102. Қарахан мемлекетінің шежірелік уақыты:
А) УІ ғ.-УІІ ғ.басы
В) УІІ ғ. басы-УІІІ ғ.ортасы
С) ҮІІІ ғ.-ІХ ғ.басы
D) Х ғ.орт -ХІІІ басы ғ.
Е) ІХ ғ-ХІ ғ. басы
103. Түрік қағанатының шежірелік уақыты :
А) 704-756 ж.
В) 552-603 ж.
С) 756-940 ж.
D) 1128-1213 ж.
Е) 603-704 ж.
104. Батыс-Түрік қағанатының өмір сүрген уақыты :
А) 552-603 ж.
В) 704-756 ж.
С) 603-704 ж.
D) 756-940 ж.
Е) 1128-1213 ж.
105. Түргеш қағанатының шежірелік уақыты :
А) 552-603 ж.
В) 704-756 ж.
С) 603-704 ж.
D) 756-940 ж.
Е) 1128-1213 ж
106. Қарлұқ қағанатының шежірелік уақыты:
А) 552-603 ж.
В) 704-756 ж.
С) 603-704 ж.
D) 756-942 ж.
Е) 1128-1213 ж
107. Қыпшақ хандығының өмір сүрген кезеңі :
А) УІ ғ.-УІІ ғ.басы
В) УІІ ғ. басы-УІІІ ғ.ортасы
С) ҮІІ ғ.-Х ғ.ортасы
D) ІХ ғ.басы-ХІ ғ.басы
Е) ХІ ғ. басы -ХІІІ ғ.
108. Қарақытай мемлекетінің өмір сүрген кезеңі :
А) 552-603 ж.
В) 704-756 ж.
С) 603-704 ж.
D) 756-940 ж.
Е) 1128-1213 ж.
109. Қимақтардың діни наным-сенімдері:
А) Тәңірге сыйыну
В) зороастризм
С) ислам
D) буддизм
Е) христиандық
110. Үйсіндердің астанасы-
А) Көкмардан
В) Битянь
С) Мардан-күйік
D) Аркайм
Е) Чигучен
111. Батыс Қазақстан аймағын б.з.б. ІІІ ғ. мекендеген тайпалар:
А) ғұндар
В) кангюйлер
С) усундер
D) сарматтар
Е) түркілер
112. Сақтар парсы деректемелерінде аталды:
А) тері киімді адамдар
В) құдіретті әскерлер
С) көшпенділер
D) жүйрік атты турлар
Е) азиаттық скифтер
113. Ғұнн қоғамында орын алған ақсақалдар кеңесі және халықтық
А) қауымдастық
В) жиналыс
С) жіктеліс
D) тұрмыс
Е) өркениет
114. Түрік қағанаты бөлінді:
А) 505 ж.
В) 542 ж.
С) 552 ж.
D) 603 ж.
Е) 704 ж.
115. Қазақстан тарихында ҮІ – ХІІІ ғғ. ... кезеңі деген атпен белгілі :
А) соғды
В) араб
С) түрік
D) моңғол
Е) қыпшақ
116. Түркілердің мемлекеті аталды:
А) полис
В) княздік
С) хандық
D) корольдік
Е) қағанат
117. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні ... үлгісінде белгілі:
А) соғдылық
В) ұйғырлық
С) сына
D) арабтық
Е) монғолдық
118. Батыс-Түрік қағанатының құлауы ... байланысты :
А) арабтардың басып кіруімен
В) жоңғарлардың басып кіруімен
С) монғолдардың шапқыншылығымен
D) қарлұқтардың шапқыншылығымен
Е) ішкі тартыспен және Тан әскерлерінің баса-көптеп енуімен
119. Оңтүстік Қазақстанды арабтар жаулап алды:
А) ІІІ ғ.
В) ІҮ ғ.
С) Ү ғ.
D) ҮІ ғ.
Е) ҮІІІ ғ.
120. Жетісуды 1211 ж. басып алған хан:
А) Тоғырыл
В) Күшлік
С) Елюй Дашы
D) Махмұд
Е) Көшім
121. Көпестер қаласы:
А) Қаялық
В) Тараз
С) Испиджаб
D) Фараб
Е) Баласағұн
122. 1007 ж. керейіттер мен наймандар қабылдады:
А) буддизм
В) христиандықтың несториандық бағытын
С) ислам
D) манехейлік
Е) тәңірге табынушылық және ата-баба рухына табыну
123. Қарахан әулеті батыс бөлігінің соңғы қағанын ... өлтірді:
А) Газневид әулетінің билеушісі Махмуд
В) Селжұқ сұлтаны Мәлік шах
С) Хорезм шахы Мұхаммед
D) Керейіт ханы Тоғырыл
Е) Найман билеушісі Күшлік
124. Көшпенді ақсүйек түріктерге мұсылман дінінің енуі:
А) ерте түріктік сына жазуының жойылуына
В) әскери биліктің әкімшілік биліктен бөлінуіне
С) Ұлы Жібек жолының дипломатиялық және сауда байланысындағы ролін күшеюіне
D) араб жазуының соғды жазуын ығыстыруына
Е) ерте түрік сына жазуының шығуына әкеліп соқтырды
Достарыңызбен бөлісу: |