КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқының қалыптасуында өзіндік орын
алған, ортағасырлық Қазақстан тарихында мемлекеттік дəрежеге дейін көтереліп,
бұдан
кейінгі саяси,
экономикалық, мəдени дамуда
өзіндік орын алған қарлұқ
тайпасының зерттелу деңгейін немесе тарихнамасын
оқып-білу талдау жасау,
өзіндік ой түю. Қарлұқтардың таралуын зерттеу
көшпелілердің ортағасырлық
қалалардың гүлденуі мен өміршеңдігіне тигізген зор ықпалын, сол дəуірде пайда
болған жоғарғы дəрежедегі шаруашылық-мəдени
кешендердің қалыптасуын
түсіндіруге мүмкіндік береді.