Құтқарушының құқықтары мен міндеттері Жоспар


Құтқарушылардың авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу барысында



бет4/4
Дата20.02.2023
өлшемі22.18 Kb.
#469812
1   2   3   4
Реферат 1-1

Құтқарушылардың авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу барысында: 

1) олардың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi толық және анық ақпаратқа

2) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдіктері орналасқан үй-жайларды, жер учаскелерін қоспағанда, адамдарды құтқаруға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталған шараларды қабылдау үшін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі аумаққа, тұрғынжайға және өзге де үй-жайға, жер учаскелеріне кедергісіз кіруге

3) төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгiленген қауiпсiздiк шараларын сақтауды талап етуге; 

4) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу технологиясына сәйкес жабдықталуға және жарақтандырылуға; 

5) азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға; 

6) қажет болған жағдайларда адамдарды құтқару үшін жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ қоршау конструкцияларды ашуға; 

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен, адамдарды құтқару үшiн төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың көлігін, байланыс құралдарын, мүлкi мен өзге де материалдық құралдарын пайдалануға құқығы бар. 

4. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде адам өмірін құтқаруға байланысты болған жағдайларда әрекет еткен құтқарушылар келтiрiлген нұқсанды өтеуден босатылады. 

5. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезеңiнде, авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын ұстауға бөлiнген қаражат есебiнен шығыстары төлене отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгiлеген нормалар бойынша тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етiлуге және тұруға құқығы бар. 

6. Еңбек шартымен өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару барысында зардап шеккен кәсiби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларының тегiн медициналық көмекке құқығы бар. 

Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге тартылған және оларды жүргізу уақытында зардап шеккен ерiктi авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының құтқарушылары, құтқарушылар болып табылмайтын азаматтар да тегiн медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. 



7. Объектілік авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушылары болып табылмайтын азаматтарды, сондай-ақ азаматтарды авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартқан кезде олардың негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады. 


Пайдаланылғын әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет