Тастемирова Г. А



Дата15.06.2016
өлшемі149.35 Kb.
#136445
Тастемирова Г.А. – филология ғылымдарының кандидаты,

аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(Алматы қ., Қазақстан), Е-mail: gulshar.t@mail.ru

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ ӘЗИЗ НЕСИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Аннотация. Мақалада Әзиз Несин шығармаларының қазақ тіліне аударылу мен оны оқытудың

жолдары сөз болады. Өзге тілден аударылған аударма саласындағы туындылармен таныса келе, ондағы

жетістік пен кемшілік аралас екенін айтуға болады.

Кілт сөздер: оқыту, қазақ әдебиеті, шығармалар, сатира, аударма, Әзиз Несин.

Сатираның өзіндік даму динамикасында аударманың рөлі өте ерекше. Өйткені аударма

өнерінің қыры мен сыры мол. Оның өзіндік қиындықтары да баршылық. Аударма сапасын сөз

еткенде, ондағы әдеби көркемдікке тіл кестесінің дұрыс өрілуіне, стильдік тазалыққа баса назар

аудару қажет. Аударма жасау, бір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік мақтаныш етіп қалдырып

келе жатқан асыл мұрасын, бүкіл адам баласының мәңгілік рухани азығын өз халқыңның игілігіне

айналдыру жолында тырбанып қызмет ету – бұл аса жауапты міндет.

Қазіргі дәуірде ғылымның ой-өресі биік екенін мойындай отырып, адамның ойы жететін

нәрсеге көзі, тілі де жететінін ешбір талассыз деп санауымыз керек. “Тіл жүйрік емес, шын жүйрік”

деудің осы орайда терең мағынасы барлығы айқын аңғарылады. Әр дәуірдің әдебиеті – сол дәуірдің

айнасы. Сөз өнерінің өмір шындығын “шыңдап” қана қоймай, келешекке келер ұрпақтан-ұрпаққа

“шегелеп” қалдыратын құдіреті де осы арада жатыр. Адам баласының ар-ожданына, ақыл-ойына, сыр-

сезіміне суарылған көркем әдебиет немесе әр халықтың автопортреті, ұлттық кескін-келбеті, тағдыры

мен тіршілігінің көркем шежіресі болып табылатын сөз өнері әрқашан өз орнында, тапжылмайды,

өзінің түбегейлі тарихи қызметін атқаруда. Сөз табуға, қисынымен қолдануға үлкен талғампаздық,

шеберлік, шешендік қажет. Ағыл-тегіл ойдың ағымымен ілескен сөздер еркін төгіліп келіп отырады,

ой қисынынан сөз қисыны, сөздің мағыналық дәлдігі, терең мазмұндылығы келіп туады.

Қоғамның дамуына, халықтың мүддесіне, тілек-талаптарына сай әдебиет те өзгеріп, дамып

отырады. әдебиет қоғамдық ой-сананың басқа салаларымен де сабақтасып, халықтың дүниетанымы,

адамгершілік моральдық ұғым-түсініктері көзқарасы, наным-сенімі, эстетикалық түсінік-сезімдері

бір-бірімен қалайда жалғасып жатады. Сонымен бірге, әдебиеттің дамуы тарихи әдеби үрдіс сөз

өнерінің өз заңдылықтарымен, саяси ой-пікірлерінің өріс алуы, халыққа білім беру, ағарту ісінің,

баспасөздің өсу дәрежесі, ұлттық поэзиялық дәстүрлер мен халықтың көркемдік ойлау, сөз қолдану,

тіл ұстарту ерекшеліктерімен тығыз байланысты болады.

Хабаршы №2- 2015 ж.

263


Қазақ халқының өнер жағынан даму тарихында оның өзге халықтармен әдеби байланысы,

қарым-қатынасы қалыптасып, нығая берді. Бұл дәстүр фольклордан басталып, кәсіби әдебиетімізбен

бірге жасасып, әр тарихи кезеңнің мақсат-мұратына, тыныс-талабына, қажет-мұқтажына сәйкес

мән-мазмұн, сыр-сипат ала береді.

Қазақ әдебиетінде тіпті көршілес елдер әдебиетімен өзара байланыс, әсер-ықпал тұрсын, алыс

елдер әдебиеттерімен де қарым-қатынас қалыптасып, әдебиетіміздің ұлтаралық мақсат-мұраттарына

келіп жалғасты. Қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен өзара байланыс жасау үдерісінің кезеңдері,

ерекшеліктері пайда болды. Бұл байланыстар жаңа мазмұн, түр-түс, реңк-бояу тауып, жаңа жолдар,

соны мүмкіндіктер тауып, әдебиетіміздің гуманистік, ұлтаралық сыр-сипатын айқындай түсті. Қазақ

сөз өнері биікке өрлеген сайын оның басқа әдебиеттермен қарым-қатынас, байланыс жасау

мүмкіндіктері артты.

Көркем әдебиеттің маңызды да ажырамас салаларының бірі – көркем аударма. Сөз өнері

жасаған көркем туындылардың халықтың рухани мұрасын байыта түсетіні де, үздік

шығармалардың тек бір ұлттың, бір халықтың ғана емес, әлемдегі өзге де ұлт өкілдерінің, басқа да

халықтардың игілігіне, әлемдік жалпы адамзаттық рухани байлыққа айналары сөзсіз. Ұлт

әдебиеттерінің өзара байланысы, олардың бірін-бірі байытуы осы асқақ мұраттан бастау алады.

Қазіргі кезеңде қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы, елдер мен халықтар арасындағы

экономикалық, саяси, мәдени байланыстар ауқымының кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі

мен білікті мамандарды қажет етіп қоймай сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген зәру

мәселелерін күн тәртібіне ұсынып отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның әлем алдындағы бейнесінің нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік, мәдени

ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. Осы орайда заман талап етіп отырған тұрғыдағы тәржіма ісінің

көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың, талдап-талқылаудың маңызы зор. Қоғамдағы сан-

салалы өзгерістер әдеби аудармаға да тың көзқарастар туғызып отыр. Ұлттық рухани байланысты

басқа ұлттар мен ұлыстарға өз тілінде ұсынудың мүмкіншіліктері, әлемдегі озық үлгілерді қазақша

сөйлету жолдары назардан тыс қалмауы қажеттілігінен туындап отыр.

Замана тынысын, дәуір сипатын танытарлық, өмір ағымына ілесе жазылған бұл шығарма

жаңа идеяның жаршысы болды. Өршіл идеяны көпшілік бұқараның санасына сіңіру – міне, автор

мен аудармашының асыл мақсаты; көркем шығарманың мұраты; егіз ерекшелігі мен бірлігі –

осында. Таланттар осылай тұтасар.

Әдебиет – бір халықты екінші бір халыққа кеңінен таныстырып, оларды өзара табыстыратын,

бір-бірін өзара шын пейілден құрметтеуге үндейтін, қысқасы, рухани теңестіретін өнер екені мәлім.

Осыған орай әдебиеттің көтерер жүгі мен атқарар міндеті ерекше. Әлем халықтарының сонау ілкі

заманнан қалыптасқан діни, рухани, наным-сенімдік дүниетанымының айнасы, поэтикалық

құдіретін танытушы фольклорлық мұраларды толыққанды етіп өзге тілдерге аудару мәселесі біздің

елде ХХ ғасырда бой көтере бастады.

Халықтардың бір-бірімен танысып, өзара идеялар алмасуы, соған орай әдебиеттерінің дамуы,

ақыл-ой өрісінің ұлғаюы бір халық әдебиетінің екінші халық тіліне аударылуына негізделуі аударма

қызметінің ең басты мақсаты болып табылады. Бұл орайда аудармашы шын мәнінде екі ел мәдениеті

мен әдебиетінің өкілі, ол өзінің шығармашылық шеберлігінің желісі - аударма арқылы өзге ұлт пен

халықта, бөгде ортада туған әдеби шығарманы туған топырағына әкеліп, ана тілінде сөйлету жолымен

рухани жаңалық ашады, дүниетанымы шеңберін, сана-сезімін ұлғайтуға себепші болады.

Аударманың ақпараттық бағдарлама болып табылатындығы белгілі. Нақтырақ айтқанда,

аудармашы өз ана тілінің жүйесінде түрлендіре отырып, түпнұсқа авторының мәтінінде берілген

ақпаратты шифрлайды, ал сол мәтіндегі ақпаратты, аударманы оқырман қайта қабылдайды.

Гносеологиялық көзқарас бойынша, аударма – бұл түпнұсқаның балама (адекватное) көрінісі және

шығармашылық жолда қайта түрленуі. “Аударма аудармашылық шығармашылықтың нәтижесі

ретінде” түпнұсқа баламасы болып есептелінеді.

Ғалым А.Попович аудармаға аударма барысында оның тілдік жаңа бейнесі мен

стилистикалық және өзіне тән басқа да ерекшеліктерін басым түрде сақтай отырып, өзгертетін үрдіс

ретінде тілдік мәтіннің қайта туындауы деп анықтама береді. Сонымен қатар ғалым: «Көркем

аударма теориясы сөздің тар мағынасында салыстырмалы тіл білімі, салыстырмалы стилистика,

әдебиет компаративистикасының теориясы мен әдебиет теориясы сынды төрт пәннің тоғысуының

нәтижесінде, яғни соның негізінде пайда болған», - дейді [1, 181 б.].

Аударма - бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сондай-ақ, осы іс-әрекет

арқылы алынған нәтиже туынды. Аударылатын мәтін қазақ тілінде оқитын адамның қабылдау,

түсіну ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек. Демек, қазақша жасалған мәтінде қазақ әдеби тілінің

табиғи заңдылықтары, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктері сақталуы тиіс. Аударма

Хабаршы №2- 2015 ж.

264


көркем шығарманың өзгеше бір саласы болып табылады. Аудармашы жасалғанды жаңадан қайта

жасау, өз әдебиетінде, ана тілінде жаңа қорлар ашу және тың салаларды игеру арқылы автормен

күш сынасады.

Аудармада екі тілдің – түпнұсқаның тілі мен аударылатын тілдің қызметі айрықша.

Аударматану ғылымы үшін маңыздысы – бір тілдегі таңбалар жүйесін екінші тілге формальды

түрде көшірудің жолдарын, айтылған ойды беру үшін екінші тілдің тілдік құралдарының қалай

орналасқандығын, қалай ұжымдасқандығын айқындау емес. Түпнұсқаның коммуникативтік-

функционалдық белгілерінің қандай тәсілдермен, қалай жеткізілгендігін зерттеу, жүйелеу, ортақ

заңдылықтарын белгілеу.

Көркем аудармаға қояр критерий көп: оның ішінде аударманың тек қана дәлдігіне ден қойып,

дәлдік нормасынан сәл асса шіміркене қалатын кейбір сыңаржақ пікілер де аз емес. Олар

аударманың көркемдігінен гөрі сол аударманың неғұрлым сөзбе-сөз шығып сіресіп тұруына зер

салады [2, 103 б.].

Көптеген ғалымдар “аудару – бір тілдің тілдік құралдармен дәл әрі нақты, толық жеткізу” деп

тұжырымдайды. “Аударма жасау үшін ең қажеттісі бір тіл құралдары мен бейнеленген мазмұнды

өзге тіл құралдарының көмегімен пара-пар дәрежеде жеткізу болмақ, демек, аударма теориясында

тілдің мөлшерлі бірліктері білдіріп отырған ойдың ортақтығы негізінде ғана салғастырып көру

мүмкін болады, яғни екінші сөзбен айтқанда, бұл белгілі бір бірліктің семантикалық, яғни

мағыналық ортақтығы негізінде істеді деген сөз” [3, 9 б.].

Аудармада өзінен сөз қосып, ауа жайылып кету тұрпайылыққа, қара дүрсінділікке саяды, ал

түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп, ұғымсыз етіп сірестіріп қою – тіл бұзарлық болады. Мұның

екеуі де сорақы. Нағыз творчестволық аударма дегеніміз түпнұсқаның тілдік, стильдік

ерекшеліктерін ескере отырып, оның көркемдік идеялық қасиеттерін толық жеткізу әрі қазақша

биязы да жатық етіп шығару. Осы екеуі шебер ұштасқанда ғана аударма нағыз аударма болады.

Аудармадағы әлі күнге дейін толық шешімін таппаған күрделі мәселелердің бірі – шет тілінен қазақ

тіліне аудару мәселесі туралы кітаптардың аздығына көз жұмсақ та, нақты теориялық қазақша

жазылған еңбектер жоқтың қасы. Бұл - әрине, келешек аудармашылардың алдында тұрған зор

міндет. Қай халықтың да жазба әдебиеті өкілдері көркем шығармалар тудырумен қатар, жалпы сөз

өнерінің тағдыр талабына араласып, оның тарихи даму жолына, талантты тұлғалар ізденісіне орай,

әсіресе өз заманының сұранысы, келелі мәселелері бойынша қалам тербеп отырған.

Аударма қызметiнiң тiлiмiзде келтiрiп жатқан зор пайдаларының бiрi – көптеген орыс сөздерi

мен шетел сөздерiнiң енуiне тiкелей себепшi болатындығы. Бұрын қазақша баламасы болмаған

шетелдiк сөздер, әсiресе терминдiк атаулар аудармада сол күйiнде еркiн қолданылып келдi. Соның

нәтижесiнде тiлiмiз толып жатқан жаңа сөздермен байыды. Аударманың арқасында бiзде

неологизмдiк сөздер де көбейдi [4, 7-8 б.].

Аударма әрқашанда адамдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық,

рухани, ғылыми қарым-қатынастың айырбастау құралы, елтанудың, достықтың, ынтымақтастықтық

тәжірибенің, тағылым алмасудың құралы. Ал аудармашылық – нағыз творчестволық өнер. Аудармашы -

өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Яғни ол екі тілді де жетік білумен

қатар, әрі жазушы, әрі ақын, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы

мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Көркем аудармаға қойылатын ең басты талаптардың

бірі – шығарманың көркемдік-идеялық күйі мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Қазақ ұғымына

қонымды шығарма тыңдаушысын елең еткізіп, ұлттық әдебиетіміздің өз топырағында туған төл

шығармасындай қазақ оқырмандарының жүрегіне жол табуы керек.

Орыс әдебиетін қазақшаға аудару кезінде еркіндікке жол берілгенмен, толық адаптацияға

көше қойған жоқ. Ұлттық адаптация деген бөгде елдік ұғымдар мен атрибуттарды (оқиға орнын өз

еліне ауыстыру, кейіпкерлерін қазақ қылу) толық не жарым-жартылай ауыстыру десек, 20-30-

жылдардағы қазақ аудармасында бұндай болған жоқ. Шәкәрімнің Пушкинннен “Боран” мен

“Дубровский әңгімесін” әңгімелей баяндауы, Әсет Найманбаевтың “Евгений Онегин” оқиғасын

қайта жырлауы “назира” үлгісіндегі, “Пушкин сарынындағы” туындылар. Оқырманның әдеби-

мәдени сауатына лайықталып жасалған бұл аудармалар әдебиетті қарабайырландырды. Жазушы

халықтың көзқарасын жақтап, халықтың тілінде қарапайым жазуға тырысты. Жаңа саяси-әлеуметтік

қоғамның бұл талабы қазақ әдебиетіне де қойылды.

Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті

қажетті іске айналуы заңды. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі - өзге жұрттың мәдени

байлығына иек арту. Өзге елдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз мәдениетін өркендеткен.

Өз мәдениетін дамытқан халық қашан да басқа елдің ғылым-білімін үйреніп, соны үйренуге

ұмтылады. Осындай игі істің жандануына аударманың айрықшы қызмет атқарғандығы белгілі.

Хабаршы №2- 2015 ж.

265


Қазіргі кезде аударманың көбейгені соншалық тек орыс тілінен қазақ тіліне аударылған

шығармалар тізімін атап шығудың өзі оңайға түспейді. Ол осылай ғылыми пәнге айналады. Қазақ

тіліндегі аударма сынына үңілгенде, осыны байқаймыз. Аударма тарихын сөз еткенде оның әрбір

ұлттық әдебиет пен мәдениет құрамдас бөлігі болғандықтан, ізін де, дәстүрін де, даму ережесінің

қандай сатыда болғанын да солардан іздеген жөн. Аударманың тарихи тамыры тереңде жатыр. Ол

ой тұжырымының, сөз өнерінің қажетті қасиетін жинақтаған қазына іспеттес. Аударма өнерінің

дәрежесі тума мәдениеттің кемелденуіне әсер ете отырып, аударманың өзі де сол мәдениеттің нақты

нәтижесі, көрнекті жемісі ретінде өркендейді.

Қазақ көркем аудармасы мәселелеріне қатысты еңбектерде де тек «түпнұсқа ырғағы

сақталған» немесе «ырғақ сақталмаған» деген пікірлер айтылғанмен, оның дәлелін кездестіре

алмаймыз. Қыры мол, сыры терең проза ырғағын аударма нұсқада сақтауда оңай шаруа емес, ол тек

өзіндік жазу өрнегі бар сөз зергерінің, талантты сөз шеберінің қолынан ғана келер іс екені даусыз

[5, 10 б].

Аударма әдебиет Қазақстандағы ұлттық мәдениеттің рухани бай саласы ретінде дамыды.

Республикадағы талантты аудармашылар тобы өсіп жетілді. Қазақ тобынан шыққан аударма

кітаптарының ішінде Шекспирдің “Отеллосы”, Пушкиннің “Полтавасы”, Гогольдің “Ревизоры”

сияқты қызық еңбектер аз емес. Қазақ оқушылары туысқан халықтар әдебиеті мен дүние жүзі

мәдениетінің бай мұрасын өз тілінде еркін оқып, сол халықтың өмірі мен тұрмысын білумен бірге,

жазушының стильдік, тілдік, көркемдік шеберлігімен де танысуды қалайды. Мұның өзі

аудармашыларға зор міндет жүктейді. Ол жазушының өзіне тән ерекшеліктерін, шығарманың

рухын, ұлттық түрін түгелдей бере білуге міндетті. Сонда ғана біздің көркем аударма саласындағы

жұмысымыз алға басады.

Бір халықты екінші халыққа кеңінен таныстырып, оларды өзара табыстыратын, бір-бірін

өзара шын пейілден құрметтеуге үндейтін, қысқасы, рухани теңестіретін өнер екені мәлім. Оның

ішінде әдебиеттің көтерер жүгі, атқарар міндеті ерекше.

Л.Соболевтің мына сөздері: “Егер орыс прозаигі, драматургі немесе ақыны әдебиетін орыс

тіліне аударып отырған халыққа жанымен берілген болса, егер сол халықтың тарихын, дәстүрін,

қазіргі тұрмыс салтын жақсы білген болса, осы елдің табиғатын сүйсе, былайша айтқанда, осы

халықтың шексіз досы болса, онда сол халықтың әдебиетінің тағдыры үшін толық түрде өзінің

жауапкершілігін сезінеді, онда аудармасының нәтижесі де керемет болмақ” [6, 45 б.].

Әдебиет өз тілінде, ұлт көлемінде өсумен қатар, басқа да өскелең ұлт әдебиетінің

шығармаларын ұдайы қосып алып, байып отыратыны бәрімізге мәлім. Біздің қазақ әдебиетінде де

басқа тілдерден көптеген кітаптар аударылып жатқаны да, бұл жұмыстың кең көлем алуы да заңды

құбылыс. Бұл мәдениетіміздің өскендігінің белгісі. Жазба әдебиет тіліміздің баюына, қалыптасуына

көп қызмет ететіні белгілі. Кейінгі ұрпақ тілді ел аузынан үйренумен қатар, кітаптан, газет-

журналдардан, радио, теледидардан үйренеді. Әдебиет тілі көпшілікке ұстаздық етеді.

Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, ұлттық дүниетану өрісімізді ұлғайтады.

Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы ана тілдің бүкіл қазынасын кеңінен сапырып, ішіндегі

асыл сөз байлықтарын шебер пайдалануға тырысады. Ескіріп бара жатқан сөздер қайта жаңғырып,

қазіргі жанды әдеби тіліміздің қорына жаңа сөз тіркестері, көркем сөз баламалары қосылып жатады.

Аударма қызметі жаңа сөздерді тілімізге енгізіп қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп

еңбектер олардың қолдану аясын кеңейтіп, қолдану нәтижесінде тұрақтандыруға халықтың ойы мен тіл

байлығын өсіруге, сол сөздің ұғымдық шегін қалыптастыруға себепші болады. Аударма әдебиеті –

халықтар достығының дәнекері. Осы пікірді дәлелдей алатын айғақты тиянақты ойды, орыс тіліне араб

әдебиетін аудару жөнінде айтылған мына пікірді алайық: “Мыңжыл деген тек бір халықтың тіршілігі

үшін ғана емес, бүкіл адамзат өмірі үшін де өте көп уақыт, мың жыл бұрын өтіп кеткен ұлы ата-бабасын,

олардың келешек үрім-бұтаққа қалай өмір сүрудің жарқын үлгісін көрсетіп, болашаққа жөн сілтеп

ұмытпаған халық – бақытты халық. Өзінің алыс-жақын көрші елдерінде болған ұлы адамдарды біліп

отырудан да бақыттылық” [7, 7-8 б.].

Аударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат-мүддесі, тіршілік-әрекеті бір адамзат қоғамындағы

аса маңызды, шартты құбылыс. Аударма – ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл үрдісін ұштастыруға

себепші болып отырған елеулі күштердің бірі. Адамзат тарихындағы әрбір ұлттың, әрбір қоғамның

алмасуы нәтижесінде өмір ағымы алға жылжиды, өседі, өркендейді. Яғни өзінде жоқты өзгеден

алады, білмейтінін үйренеді, білетінін басқаға үйретеді. Осындай ауысудың тиянақты тірегі –

аударма. Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру ұлттық әдебиеттің өсуіне және

Хабаршы №2- 2015 ж.

266

оның өзіндік дәстүрлі сипатын жасауға мүмкіндігін тудырады.



Қазақ елінің мәдени даму ерекшеліктеріне қарай аудармада түрлі әдіс орын алғаны белгілі.

Біріншісі – еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, түпнұсқаның

өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарастырудан туады.

Әзиз Несин әңгімелерін аударған жазушылардың аударма үлгілері де өз кезеңінің тамаша

мұрасы ретінде қарастырылуы қажет. Себебі аударма саласы – мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі,

үлкен дүниесі. Аударма өнері, аударма үлгілері әр дәуірдің жемісі болғандықтан, әр кезеңде

түрліше бой көрсетуі заңды құбылыс.

Қазақ сатирасының дамуындағы ерекше кезең 60-90 жылдарда қазақ оқырмандарына ана

тілінде ұсынылған шығармалардың дені орыс тілінен аударғандықтан түпнұсқамен тең дәрежелес

тәржімалану деген ұғым шартты түрде алынады. Қашанда автордың өз нұсқасыныњң шоқтығы биік

тұрары анық. Оның үстіне орыс әдебиетінде қалыптасқан үлкен аудармашылық мектеп пен мол

тәжірибеге қарамастан, көркем шығарманың толыққанды бояуының сәл де болса өзгеруі де,

интонациялық екпіннің кедергіленіп жетуі де ықтимал. Бұл арада түпнұсқа дәрежесінде салыстыру

шартты, салыстырмалы мағына беретіні де сондықтан. Біз аударма сапасын сөз еткенде, ондағы

әдеби көркемділікке, тіл кестесінің дұрыс өрілуіне, стильдік тазалыққа баса назар аударуымыздың

себебі де осыдан туындаса керек.

Жалпы, өзге тілден аударылған аударма саласындағы туындылармен таныса келе, ондағы

жетістік пен кемшілік, күнгей мен көлеңке аралас екенін байқауға болады. Мақалад нысаны болып

отырған Әзиз Несин шығармалары туралы осыны айтуға болады. Бірақ ең бастысы салмақты - да

салауатты, мазмұнды да мағыналы өнер туындыларының ана тіліміздегі жарық көріп, халық

игілігіне айналуы.

Қорыта айтқанда, қазір жер жүзі әдебиетінің көптеген тамаша туындылары қазақ

жазушыларының туындылары, керісінше әлем әдебиетінің жауһарлары төл тілімізге аударылып

келеді. Аударма арқылы әдеби байланыстар нығайып, байи түседі.



Әдебиеттер:

1. Попович А. Проблемы художественного перевода. – М., 1980. – 450 с.

2 Нұрпейісов Ә. «Анна Каренина» романының ІІ кітабының аудармасы жөнінде // Көркем

аударманың кейбір мәселелері. Мақалалар жинағы. – Алматы: Қазақ көркем әдебиет баспасы, 1957.

– 172 б.

3 Бархударов Л.С. Общелингвистическое значение теории перевода // Теория и критика

перевода. – Л., 1962. – С. 9.

4 Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына: көркем аударма мәселелері. – Алматы, 1987. – 128 б.

5 Әбілов А. Көркем проза тәржімәсі және ырғақ // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 30 наурыз.

6 Соболев Л. О переводе // Собрание сочинений. – М.: Советская Россия, 1989. – Т. 5. – 571 с.

7 Қазыбек Г.К. Аударматануға кіріспе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 215 б.

Тастемирова Г.А.

Обучение студентов произведений Азиза Несина в казахской литературе

В статье рассматриваются способы перевода произведений Әзиза Несина на казахский язык и

обучения. В материале рассматривает актуальные проблемы и перевода данного произведения на

казахский язык.



Ключевые слова: обучение, казахская литература, произведения, сатира, перевод, Азиз Несин.

Tastemirova G.А.

Training students the works of Aziz Nesin in Kazakh literature

The article considered methods of translation and training of the product Aziz Nesin in the Kazakh

language. This material allows us to trace all the successful reproduction and incorrecting translation into that

language.



Kaywords: training, Kazakh literature, work, satire, translation, Aziz Nesin.

Хабаршы №2- 2015 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет