Тау бӛктері тҧтасқан жабайы алма болатын



Pdf көрінісі
Дата28.04.2024
өлшемі2.18 Mb.
#500029
Жабайы алма. Сайын Мұратбеков







БІРІНШІ БӚЛІМ.
КӚКІНАЙ 
Тау бӛктері тҧтасқан жабайы алма болатын. Соғыс жылдары біз, жас 
балалар, қалың бӛргезге қол-аяғымызды қызыл ала жоса ғып жырғызып, 
ҧзақты кҥнге алмадан алма таңдап, сол бӛктерде тентіреп жҥруші едік. 
Қышқылтым ақ алма тістегеніңде мҧз шайнағандай қаршылдайтын. Сәлден 
кейін тісті қамап қалатын да зар қақтырып бастырмай тастайтын. Сонда да 
жейтінбіз Тапшылықта қабысқан қарынды алмамен болса да істелеп жҧбату 
керек. Ішіміз кӛгеріп, ауырсына ыңқылдап жататын кезіміз де кӛп еді. Қоңыр 
самал соғатын, итмҧрын, қарақат, бӛргездердің неше алуан иісі аңқитын. 
Бірақ ақ алманың — жабайы алманың қымыз иісі бәрінен де ерекше еді. Қай 
жағыңа қарасаң да бҧтақтары сынып кетердей боп иіліп, кӛзді арбаған ақ 
алма сықасып тҧратын. Тістеріміз жарқырап, қашыр-қашыр шайнайтынбыз. 
Кешке қарай ӛрістен қайтқан малмен бірге, алма толы бір-бір дорба-
қоржындарымызды арқалап біз де ауылға бет алатынбыз. Ауылдың желке 
тҧсына жеткенде, жолымыздағы кӛлденең тҧрған жалғыз тҥп ҥлкен алып 
алма ағашты айналып ӛтеміз. Ірі ақ алмалары жерге тҥсіп тӛгіліп жатады. 
Бірақ біз оған жолай алмаймыз. Ӛйткені, бҧралқы қара қаншық соның 
тҥбіндегі ҥңгірді мекендеп алған, жылда кҥшіктейді де, бізді мҥлде 
маңайлатпайды. Жақындап кетсек-ақ ҥңгір тҥбінен тістері сақылдап, 
ырылдап, зәре-қҧтымызды ҧшырады. Қарақаншық жайында балалардың 
арасында рас-ӛтірігі аралас толып жатқан аңыз-әңгімелер де бар, кейде 
бірімізден-біріміз білгішсініп асып тҥсу ҥшін сол әңгімелерді жарыса 
айтатынбыз: Қарақаншықтың анасы қыран бҥркіт пен қҧмай тазыдан туған 
желқҧйын тҧйғын екен, кезінде бҧл тӛңіректе жортқан тӛрт аяқты аңнан аң 
қоймапты, қолтығында қанаты болған кӛрінеді, ал одан туған Қарақаншық та 
соғысқа дейін атағы жер жарған тазы екен; иесі Бәсен соғысқа аттанып, әйелі 
Жайдар кӛрші аудандағы тӛркіндеріне кӛшіп кеткен соң, Қарақаншық далада 
қаңғып қалып қойған; Жайдар ӛзімен бірге әкетпек боп қаншама әуреге 
тҥскенімен Қарақаншық жат жерге баспай қойыпты, тіпті бір жолы Жайдар 
әдейілеп іздеп кеп, қаңғып жҥрген Қарақаншықты шақырып ап, алдына 
ыстық тамақ қҧйып, мойнынан қҧшақтай отырып жылап, кәдімгі адаммен 
сӛйлескендей оған: «Мҧның не, Кӛкінай-ау, менен неге қашасың? Не 
жаманшылығымды кӛрдің? Әлде кӛшкеніме қарсымысың? Бәсенім аман-есен 
қайтқан соң, әлі-ақ қайтып келеміз ғой бҧл жаққа. Оған дейін бір жерде 
болайық та»,- деп назын айтыпты, сӛйтіп, жіппен байлап жетектеп әкетіпті; 
бірақ бірер айдан кейін Қарақаншық ҥйренген жеріне қайта қашып келген 
екен; иемденгісі келген ҥйлердің бірде-біріне жоламай, алып алма ағаштың 
тҥбіндей ескі ҥңгірге барып паналапты, ӛзі алма жеуді ҥйреніпті, жылда 
жазда кҥшіктейді де, кҥшіктері бауырын кӛтерген кезде, ауылдың ҥлкендері 
жиналып келіп, Қарақаншықты бір шетке жасқап тастап, алдына ас қҧяды да 
ӛздері бір-бір кҥшіктен ҥлесіп алып кетеді, сӛйтіп, айналасы екі-ҥш жылдың 



ішінде ауылдағы иттердің тең жарымы Қарақаншықтың тҧқымы боп кетті. 
Ит жайын жақсы білетін Байдалы шал айтыпты деген бір сӛз бар: осы 
Қарақаншықтың кӛп кҥшіктерінің ішінен біреуі ғана тҧқымына тартып қҧмай 
боп тууы тиіс, ал кҥшік дҧрыс қолға тап келсе жортқан аңды қҧр жібермейтін 
нағыз желқҧйынның ӛзі болмақ. 
Біз алым алма ағаштың тҥбінен әрі-бері ӛткен сайын: «Кӛкінай! 
Кӛкінай! Кә! Кә!» — деп Қарақаншықтың шын атын атап шақырамыз. Кейде 
ол ҥңгірден шығып тҧмсығын кӛтеріп біз жақтан жеткен әуені иіскеп қойып, 
қҧйрығын бҧлғаңдатады, ал кейде ҥңгірден тҧмсығын бір қылт еткізеді де, 
қайтып кӛрінбей қояды. 
Бірде Қарақаншық ҥш кҥн қатарынан мҥлде кӛрінген жоқ, із-тҥзсіз 
жоғалды. Біз балалар: «Кӛкінайлап!» — алма ағаштың тҥбінде қаншама 
шуылдасып шақырғанымызбен ҥңгір жақтан еш дыбыс болмады. Ақыры 
біреулеріміз: «Мҥмкін, ӛліп қалған шығар», екіншілеріміз: «Мҥмкін сағынған 
соң Жайдардың артынан іздеп кеткен шығар» — десіп жорамалдар жасадық. 
Бірақ ҥңгірге жақындап, ҥңіліп қарауға ешқайсымыз батпадық. 
Ертеңіне таңертең алып алма ағаштың тҥбінен бӛктерге қарай ӛтіп бара 
жатқанымызда Қарақаншық кӛзімізге оттай басылып ҧшырай кетті. Алма 
жеп жҥр екен. Іші салбырап, біртҥрлі аянышты бҥрсектейді. 
− Әй, әнең қараңдар, Қарақаншықты! 
− Ой, байғҧс-ай, тірі екен-ау! 
− Кӛкінай, Кӛкінай! Кә, кә! 
Бҧл жолы Қарақаншық дағдысынша әуені иіскеп, қҧйрығын 
бҧлғаңдатқан жоқ, тістерін ақситып сақ-сақ еткізіп ырылдап қойды. Ашулы 
тәрізді. 
− Байғҧс, ауру болу керек, бҥрсектеуін. 
− Жоқ, кӛрмейсің бе қарнын, емшектерінің салақтауын, осы дәуде 
болса кҥшіктеген сияқты. 
− Рас-ей! Кҥшіктеген. 
− Ур-ра! Қарақаншық кҥшіктепті! Биылғы кҥшігінің біреуін ін і 
аламыз! Ур-ра! 



Онан соң бәріміз жерге шӛке тҥсіп отыра қап, демдерімізді Ішке тартып 
тың тыңдай бастадық. Ҥңгір жақтан жас кҥшіктердің әлсіз ғана шиық-шиық 
қыңсылағандары естілді. Сол арада дереу ҥйден қалтамызға салып шыққан 
азын-аулақ нандарымызды жинап, Қарақаншыққа тастадық. Байғҧс, әбден 
ашыққан екен, кӛзі қып-қызыл болып «ыр-ыр» етіп нанды қомағайлана 
асайды. 
Бҧл кҥн біз ҥшін мейрам болды. Тӛскейде алма теріп жҥріп айтатын екі 
әңгімеміздің бірі Қарақаншық тӛңірегінде: соның соғыстан бҧрынғы ел 
аузына тараған алғырлық даңқы жайлы, әрқайсымыздың ҥйіміздегі оның 
кҥшіктері туралы, олардың анасына тартқан кейбір ерек қылықтары туралы 
айтып тауыса алмаймыз. Бірімізден біріміз асып тҥскіміз келеді. 
− Байдалы шал айтқан қҧмайы кҥшігі меніңше осы жолы туған болу 
керек,- дейді Сыпатай деген бала білгішсініп.- Ӛйткені, ҥш кҥн бойы 
кӛрінбей жатып кҥшіктеуі тегін емес. 
− Ендеше мен ӛзім осы жолғы кҥшіктерінің ішінен таңдап алам. 
− Мен де осы жолғы кҥшігінен алам. 
− Онда естеріңде болсын, қҧмайы болатын кҥшік ӛте нәзік, әлсіз боп 
туатын кӛрінеді. 
− Ӛй, сен де соғады екенсің. 
− Мен соғып тҧрғам жоқ, со Байдалы шалдың айтқаны. Ӛйткені, кҥшік 
нәзік, әлсіз болса кейін желқҧйын болуы оп-оңай. 
Ӛстіп дуылдасып жҥріп кештің қалай тҥскенін де аңғармаппыз. Дорба, 
қоржындарымызды арқалап ауылға қайттық. Дәл алып алма ағашқа 
таяғанымызда алдымыздан шаң-шҧң айқай, қыз баланың зар қағып жылағаны 
естілді. Жҥгіре басып бәріміз жотаға кӛтерілдік: алып алма ағаштың тҥбінде, 
қолында кӛк шыбығы бар Сыпатайдың апасы Бҥбітай Тоштан деген жетім 
қызды шырылдатып қуып жҥр екен. Тоштан біздерден бірер жас ҥлкен 
тҧлдыр жетім қыз, шешесі жағынан ағайындас болған соң, Бҥбітай оны 
қолына кіргізіп алған еді. Ертеден кешке дейін ҥй шаруасын істететін. Міне, 
сол Тоштан қолында кҥрегі бар, зар еңіреп қашып жылап жҥр. 
− Апатай-ай, апатай… Басқа не айтсаңыз да істейін, бірақ мҧныңызды 
істей алмаймын, апатай… Обал ғой, апатай…- деп жылайды. 
− Мен саған кӛм деймін, жаман қар! Сҥтті ішкізген, нанды жегізген 
сенсің, енді кӛм, кәне! Мынау тілімді ала ма-ей, жоқ на?! — деп, кӛк 



шыбықпен қызды тартып-тартып қалды. 
− Кӛмбеймін, апатай! Кӛмбеймін! Ӛлтірсеңіз де кӛмбеймін! — деп 
Тоштан қолындағы кҥректі лақтырып тастады да, жаңағы біз келген бӛктерге 
қарай шырқырап қаша жӛнелді. 
− Ҧстаңдар, ана қарды! Ҧстаңдар! — деді Бҥбітай соңынан ҧмтылып. 
Біз тегіс дорбаларымызды тастай сала Тоштанның артымнан қуған болдық, 
бірақ сирағы ҧзын қыз жеткізсін бе, лезде қалың бӛргездің арасына кіріп 
адастырып кетті. Оны жер-жебіріне жетіп біраз қарғап, сілеген Бҥбітай алып 
алма ағаштың, тҥбіне қайта оралып, әлгінде Тоштан лақтырып тастап кеткен 
кҥректі алды. Аңтарылып тҧрған біздерге, бҥгін тҥсте Қарақаншықтың есік 
ашық қалған кезде ауыл ҥйлеріне кіріп бір қазан сҥтті ішіп, бір таба нанды 
жеп кеткенін айтты және бҥйте берсе кейін кҥшіктерінің бәрі ҧры боп ӛсіп, 
ауылға ҧры иттер қаптап кетеді деді. 
− Ондай болса мен ол Қарақаншықтың ӛзін де ӛлтіремін,- деп 
қоқиланды Сыпатай. 
Біз ҥңгірге жақын келіп ҥңіліп қарағанбыз: бес-алты жас кҥшік біріне-
бірі ҧйлығып ҧмар-жҧмар боп шиық-шиық қыңсылайды. Қарақаншық бҧл 
маңайдан кӛрінбеді. 
− Әдіре қалғыр, иесі жоқ қаншықтың кҥшіктей бергені қайбір 
жақсылық дейсің,- деп кеп, Бҥбітай ҥңгір аузын кҥрекпен опырып, ішіне 
қарай қҧлата бастады. Ҥстеріне ауыр кесектер қҧлаған жас кҥшіктер жылаған 
балалардай баж-баж шаңҧлдасып қыңсылайды. Бҥбітай қарулы әйел еді, алма 
ағаш тҥбінің лезде астаң-кестеңін шығарып, ҥңгірді жермен жексен ғып бітеп 
тастады. Әуелде қатты қыңсылағандарымен кҥшіктердің ҥні де тез ӛшті. Біз, 
балалар, бір-бірімізге жаутаңдап қарағанымыз болмаса осының бәрін бастан-
аяқ ҥнсіз бақыладық та тҧрдық. Онан соң Бҥбітайға еріп, шҧбап ауылға 
қайттық. Ымырт ҥйіріліп қалған. Артымызға қайырылып қарай береміз. 
− Әне, Қарақаншық келді,- деді бір бала сыбырлай сӛйлеп. 
Алып алма ағаштың тҥбінде жер иіскелеп Қарақаншық жҥр екен. Бір-
екі рет әлдекімді шақырғандай ҥріп-ҥріп қойды, онан соң қыңсылады, жер 
тырмалап ҧлыды. 
Ертеңіне таңертең тҧра сап біз — балалар алып алма ағаштың тҥбіне 
тартқанбыз. Әуелі алыстау тҧрып: 
− Кӛкінай! Кӛкінай! Кә! Кә! — деп шақырып кӛрдік. Бірақ Қарақаншық 
еш дыбыс бермеді, кӛрінбеді де. Біз қорқақтай басып ҥңгірге таяп келдік: 



кешегі Бҥбітай кӛміп, тегістеп кеткен ҥңгір қайта қазылып, іштегі топырағы 
қобырап сыртқа шығып қапты. Жақын кеп ҥңілдік: бірде-бір кҥшік кӛрінбеді. 
Сірә, Қарақаншық әлі де болса кҥшіктерін басқа жаққа қазып әкеткен сияқты. 
Тӛңіректі тегіс шарлап, кешке дейін іздеп кӛрдік, бірақ Қарақаншықты да, 
оның ӛлі кҥшіктерін де таба алмадық. 
Қарақаншық со кҥйі ҧшты-кҥйлі жоғалды. Біз біраз уақытқа дейін сӛз 
қылып жҥрдік те, кейін ҧмыта бастадық. Алып алма ағаштың алмасы ӛзімізге 
қалды. Ҥйден шыға саламыз да, кҥні бойы соның тҥбінде боламыз, асық 
ойнаймыз, онан қала берсе ҥңгірді кеңейтіп, тҥбіне сабан тӛсеп ҥйшік 
жасаймыз. 
Кҥзге қарай алып алма ағаштың ақ алмасы сарғылданып, уылжып пісе 
бастады. Қанша жесең де тісіңді қармамайды. Дорбаға толтырып ҥйге 
әкелгеніңше езіліп кетеді. Ортасынан тіліп, жіпке тізіп қақ жасаймыз. Ауыл 
балалары тегіс жиналып кҥнде тасимыз алманы. Аз кҥннің ішінде алма 
ағаштың алмасы тек биіктегі бҧталарының ҧшар бастарында ғана қалды. 
Созсаң қол жетпейді, сілкісең тҥспейді. Басқа алмалар сарғылданып піскенде, 
әлгі биіктегі алмалардың бір бҥйірлері шиқандай боп қызарып, кӛздің жауын 
алады. «Шіркін-ай!» — деп аузымыздың суы қҧрып қызығамыз. Бір кҥні 
Сыпатай сол ҧшар биіктегі қызыл алмаларды алам деп, тоқтау айтқанымызға 
бой бермей, алып алма ағаштың тӛбесіне ӛрмелеп шықты. Қызыл алмаларға 
жетіп, енді қол соза бергенде, аяғын тіреп тҧрған бҧтақ сынып кетіп, тӛмен 
қарай қҧлап тҥсті. Балалар шу ете қалдық. Жҥгіріп жанына барсақ, кӛкпеңбек 
боп, тыныстай алмай бҥгжиіп қапты. Бір-екі бала аттандап ауылға қарай 
жҥгірді. Ағыл-тегіл еңіреп Бҥбітай жетті. Баласын жерден кӛтеріп алған, 
былқ-сылқ етіп ыңыранғаны болмаса тілге келмеді. 
Сыпатайдың ӛлімінен кейін шешелеріміз бізді алмаға жіберуді қойды. 
Бӛктерге қарай аяғымызды қия басудан қалдық. 
Сол екі арада қыс тҥсті. 
Біздің ауылдың әу баста колхоз боп қалай ҧйысқанын біз — кейінгі жас 
ҧрпақ тек ҥлкендер айтқан әңгімелерден ғана білеміз. Жоңғардың жықпыл-
жықпылдарында шашылған тарыдай қысы-жазы бытырап кӛшіп жҥрген 
кӛшпелі жҧрт жиырмасыншы жылдардың аяғында әр тҧсқа кеп, жиырма-
отыз тҥтіннен бірігіп қоныс теуіп, артельдер қҧрыпты. Сӛйтіп, 
отырықшылыққа айналған. Онан колхоз болған. Ал кейінде туған біздерге 
сол колхоздар адамзат жаралған кҥннен бастап қҧрылғандай боп кӛрінетін. 
«Бай», «кедей» деген сӛздерді ҥлкендер аузынан естігеніміз болмаса, 
мағынасына онша тҥсініп жатпайтынбыз. Біздер ҥшін колхоз бастық бар, 
бригадир бар және қатардағы жәй колхозшылар бар. Бай боп тҧрған ешкім 



жоқ, және бір кезде, яғни біз тумастан не бәрі он-он бес жыл ғана бҧрын 
бҥкіл бір ауылдың малы тегіс бір адамның меншігі болды деген ақылымызға 
онша сыймайтын. Қалайша дейміз: бір адам сонша малға жалғыз ӛзі ғана ие 
болады, колхозшылары болмаса ол малдарын қалай бағады? Әлі жететіндер 
барып ондай адамның ӛзін ҧрып-ҧрып, кӛп малдарын бас салып тартып 
алмай ма екен, дейміз. Сондай-ақ ішерге асы, киерге киімі жоқ тақыр 
кедейлер болды дегенге де сенбейміз. Ондай адам бір-ақ кҥнде аштан ӛліп 
қалмай ма деп ойлайтынбыз. 
Әйтеуір қалай болған кҥнде де біздер ҥшін ӛзіміз тумастан бҧрынғы 
ӛткен ӛмір ертегі-аңыз боп қана кӛрінетін. Ал біздің ауылдың ӛткені аңыз 
әңгімелер ӛте кӛп еді. Кейде соның қайсысының расында да болғанын, 
қайсысының ойдан шығарылғанын айыру қиын болатын. Біздер ҥшін оның 
бәрі де қызғылықты қымбат еді, елтін отырып тыңдайтынбыз. 
Біздің ауыл Алмалы деп аталады, ӛйткені жердің атын, жабайы алма 
сыңсып ӛскен тау бӛктерін солай деп атайды. Колхоз ҧйысқанға дейін бҧл 
тауда жабайы алманы қорек етіп аю ӛріп жҥреді екен. Сондықтан болар, 
кейбір ҥлкендер кҥні бҥгінге дейін жабайы алманы аю алма деп атайды. Ол 
кезде алма жегісі келгендер жҥйрік атпен кеп, алманы ат ҥстінде тҧрып 
жинайды екен. Егер адамның алманы ҥзіп жатқанын бір аю кӛріп қалса, 
қазандай тасты кӛтеріп ап, ақырып қуатын кӛрінеді. Сонда бҥкіл Алмалы 
бойының аюлары тегіс ҥн қосып: «Біздің алмамызда адамзаттың ме қақысы 
бар»,- десіп долданысып, жер-кӛкті азан-қазан етіп, тітірентіп жібереді екен. 
(Әжеміз осы әңгімені айтып отырған кезде біздердің зәреміз ҧшушы еді). 
Бір кӛрімі, біз туған кезде сол ӛріп жҥрген аюлардан із де қалмапты. Ол 
кезден қалған бір ғана белгі, әлгі алып алма ағаштың тҥбіндегі ҥңгір ғана. 
Оны аюлардың патшасы мекендепті. Екі адамның қҧшағы әзер жететін кәрі 
алма ағаш о баста киелі саналған кӛрінеді. Ары ӛткен, бері ӛткен кӛшпелі ел 
әлгі киелі ағашқа қызыл байлап, яки теңге тағып ӛтетін бопты. Ал аюлардың 
патшасы сол ғҧрыпты тҥсініп, ондай адамға тимейді екен. 
− Ол алма ағаштың тҥбінен ӛткендеріңде ең болмаса шҥберек іліп кетіп 
жҥріңдер,- деп қоятын әжеміз. 
− Тҥу, әже, соған да сенесіз бе? Киелі тҥгі де жоқ,- дейтін сондайда 
Нәзира әпкем. 
− Тек әрі! Тіліңді кесейін бе осы! — деп әжем зекіп тастайтын. 
− Әжеміз діншіл адам. Ертелі-кеш аузынан «алласын» тастамайды. Бес 
уақыт намаз оқиды, ең соңында ылғи кҥбірлей сӛйлеп: «Е, жаратқан, 
ондағысына онда, мҧндағысына мҧнда бір ӛзің медет бола кӛр»,- деп қоятын. 



Онан соң жапырлай қарап тҧрған бізге: «О, жаман тҥгелер, кәне, 
алақандарыңды жайып кӛкемізді аман қыла кӛр деп, жақсы тілеу тілеңдер» 
— деп бҧйыратын. Біз жапатармағай қолымызды жайып: «Кӛкемді аман қыла 
кӛр»,- «Кӛкемді аман қыла кӛр»,- деп әлденеше қайталап тілеу тілейтінбіз. 
Сҥмірейе қалған тҥрлеріміз кҥлкілі болу керек, ҥй шаруасын істеп жҥрген 
Нәзира әпкем шыдай алмай мырс ете беретін де, зытып далаға кететін. 
− Осыған бірдеңе кӛрінетін шығар. Ой, пәтуасыз неме! — деп әжем 
оның соңынан кҥйіп-пісіп қалатын. 
Тегінде, әжем мен Нәзира әпкем екеуінің арасында ымыраға келмес 
алшақтық болушы еді. Әпкем әжемнің әрекеттерінің бәріне, әсіресе 
діншілдігіне кҥле қарайтын да, соны сезіп қалатын әжем оған кҥйіп-пісіп ыза 
болатын. 
Нәзира әпкем соғыс басталардың алдында аудан орталығында оқып, 
жетінші класты бітірген. Онан әрі оқыған жоқ. Кӛкем әскерге кетісімен апама 
қолғабыс етем, тӛрт ҧсақ бала мен әжемді асырауға жәрдем етем, деп ҥйде 
қалды. Қысы-жазы апаммен бірге жҥріп колхоз жҧмысын істейді. Осыдан ҥш 
жыл бҧрын ілмиген ап-арық қыз еді, бҥгінде қол-аяғы балғадай бойжеткен 
болды. Кӛрші-қолаң кемпір-шалдың бәрі: 
− Па, шіркін, қыз ӛссе Нәзирадай боп ӛссін. Бір ҥйдің ер-азаматын 
жоқтатпас! — деп тамсанады. Сондайда араға әжем килігеді. 
− Осы жҧрт сҧқтанбаса жҥре алмайды-ау деймін, тҥге. Қызымды 
ауыртасыңдар тфәй деңдер,- дейді. Онан соң ҥйге кіріп, қазандықтың кҥйесін 
саусағына жағып қайта шығады,- Әй, Нәзира, бері келші. 
− Немене, әже? 
− Бері кел! 
Аңқалақтап жҥгіріп келген Нәзира әпкем: 
− Иә, не айтасыз? — дейді әжемнің неге шақырғанын біле тҧра. 
− Еңкейші бері, қҧлағыңа бірдеңе айтайын. 
Нәзира әпкем еңкейген кезде әжем саусағындағы кҥйені оның бір жақ 
шекесіне болар-болмас жағып қояды. 
− Болды, бара ғой. 



− Тҥу, әже-ай, осыған бола жҧмысымнан бӛліп. Маған ешкімнің кӛзі 
де, тілі де тимейді. 
− Тәйт әрі! Кҥпір сӛйлеме! 
Балалық шақтан әсіресе мықтап жадымда қалғаны: кӛктемге қарайғы 
апам мен Нәзира әпкемнің жҧмыстан шаршап титықтап қайтқан кейіптері. 
Кҥн ҧзын соқамен жер жыртып, қара суықта ӛңдері қап-қара боп тотығып, 
шаң-топыраққа батып, әбден қалжырап қайтатын. Апамның белінің 
шойырылмасы бар еді, сол жанына бататын болса керек, қабағы кіржиіп 
кҥйзелген кескінмен ӛзін салқын ҧстайтын, қарсы алдынан жаутаңдап ӛре 
тҥрегелгенімізде ешқайсымызға тҥс жылытып, еркелетпейтін. Ләм-мим 
деместен тас қып байлап алған белін шешетін де пештің іргесіне барып, 
қашан белінің сырқырағаны басылғанша қозғалмай отыратын да қоятын. 
Сонан кейін ғана божылдай қайнаған шәугімді алдына алып, маңдайы терши 
тҥсіп, тҧз қосып, ақ су — шай ішуге кірісетін. 
Тӛсек салып, жатар алдында апам мен Нәзира әпкем екеуі қол 
диірменді орталарына алып, ертең пісіретін нан ҥшін ҥн тартуға кіріседі. Біз 
ҧсақ балалар тауықтың балапандарынша шҥпірлеп кем әжеміздің бауырына 
кіреміз. Бізді ҧйықтату ҥшін әжеміз ҧзақ ертегі бастайды. 
Ҥйдің іші ала кӛлеңке. Жалп-жҧлп етіп сығырайып жанған май 
шамның жарығы қуыс-қуысқа жете бермейді. Ірге жақтар кҥңгірт тартып 
зәремізді ҧшырады, әжемізге қарай тығыла тҥсеміз. «Әже, бері қарап 
жатшы», «Әже, мен жаққа қарашы»,- деп ор тҧстан тартқылап қоямыз. Апам 
мен Нәзира әпкем екеуінің әңгімелері ӛздерінше, қол диірменді бір қалыпты 
баяу ғана айналдыра отырып, колхоздың жҧмысы жайлы, соғыс жайлы екеу 
ара кҥңкілдеп сӛз етеді. Ол екеуінің әңгімелері бізге онша қызықты емес. 
Кейде әжеміз, айтып жатқан ертегісін ҥзіп тастап: 
− Тҧқымды сеуіп болдыңдар ма? — деп сҧрайды апамнан. 
− Жоқ. Кіші Ақбелге ертең тҥсеміз, сонымен боламыз,- дейді апам 
даусын кӛтере ҥн қатып. 
− Тездетсеңдерші, топырақ қҧрғап кетпесін. 
− Адам жетіспей жатыр емес пе. 
− Е, жаратқан бір алла… Кіші Ақбелге биыл не себетін едіңдер? 
− Тары. 


10 
− Ә, жӛн. Ол жерге тары жақсы ӛседі. Баяғыда Жәпіш деген жатақ сол 
Кіші Ақбелге бір қап тары сеуіп, жиырма-отыз қап қып жинап алатын. 
Мҧнан әрі әжеміз ертегісін қайта жалғастырып әкететін. Кейде әжеміз 
апам мен Нәзира әпкемнің әңгімелеріне қҧлағын тҥріп тына қалатын. 
− Сонан кейін не болды, әже? 
− Ары қарай айтсаңшы! — деп біз әр бҥйірден қыңқылдай бастаймыз. 
− Жо, тҥге, қоя тҧрыңдаршы, сӛз тыңдайын. 
Ӛздерінің әңгімелерін әжемнің де тыңдап жатқанын білген Нәзира 
әпкем мҧнан әрі естірте сӛйлейді. 
− Бҥгінгі келген газетте біздің әскерлер Украинаның екі ҥлкен қаласын 
жаудан азат етті деп жазыпты. Дҧшпанның қаншама әскерін, соғыс 
қҧралдарын, техникасын жойған кӛрінеді. Кескілескен ҧрыс дейді. 
− Е, алла, ӛзің жар бола кӛр… Әлгі кӛкеңдер қай жағында жҥрген 
кӛрінеді? 
− Кӛкем Солтҥстік батыс майданда ғой. 
− Әйтеуір, әлгі кескілескен жерден аулақ болсын да, сӛйдеп 
жазсаңдаршы. 
Осы кезде кӛшеден аттандаған әйел даусы шығып, ауыл ҥйдің арасы 
шаң-шҧң болды да кетті. 
− Ойбай, тағы не боп қалды?! Тағы қай сорлының ҥйіне жаманат 
келді?! Нәзира-ау, жҥгір!- деді әжем басын кӛтеріп. 
Нәзира әпкем атып далаға кетті. Апам диірмен тасты тӛңкеріп, 
тартылған ҧнды жинап тегешке салып, ҥсті-басын қаққыштай бастады. 
− Әлгінде кешкісін ғана ауылсоветте болғанымда ешқандай жаманат 
хабар жоқ сияқты еді ғой,- деп қояды. 
Әлден соң Нәзира әпкем қайтып оралды. Кӛзі бағжаңдап ентігін баса 
алмайды. 
− Бҥбітай жынданыпты,- деді. 


11 
− Тек әрі, не дейді?! — деді әжем мен апам қосарлана тіксініп. 
− Рас. Жаңа кешкісін ӛрістен қайтқан сиырын сауыпты да, сҥтін 
астауға қҧйып есігінің алдына шығарын қойып, онан соң ӛзі соған қарап 
мӛлиіп отырған. «Мҧның не?» — десе, «пісіріп отырмын»,- депті. Сӛйтіпті де 
аттандап жылап, ӛзінің бетін ӛзі тырнай бастапты. 
− Астапыралла! — деп кӛкірегін ҧстаған әжем кҥбірлеп дҧға оқыды.- 
Айтып ем ғой, Кӛкінайдың қарғысы жібермес деп, айтып ем ғой. 
Сӛйтіп, келер жылы кӛктемде Бҥбітай жынданды. Ертеден қара кешке 
дейін есігінің алдына шығып отырып алады да зарлап ӛлең айтады. 
Жылайды, кҥйеуінің, баласының аттарын атап аттандап дауыс салады. Ӛзі 
қара қайыстай боп қатып-семіп, тҥрі адам шошырлық кҥйге тҥсті. 
ТОҚТАР МЕН НӘЗИРА 
Сол жылы кӛктемде мен Нәзира әпкемді аңдитын әдет шығардым. 
Оным жақсы ма, жаман ба, дҧрыс па, әлде бҧрыс па,- ол жағын білмеймін. 
Әйтеу, ол ауыл ҥй арасы қайда барса да мен жансызданып, сыртынан 
бақылап жҥрем: ауыл шетіндегі бҧлаққа суға барғанында кӛрінбей соңынан 
ілесіп бҧта-бӛргездердің тасасында тҧрам, екі кештің арасында кӛршілерден 
сҥт, яки ыдыс-аяқ сҧрай кіргенінде бҧрыштағы тасадан және аңдимын. Ол 
болса менің бҧл қылығымды әжем мен апамнан кӛретін, мені ӛзінің соңына 
солар салып қойды деп ойлайтын. Ал шындығында әжем де, апам да маған 
ештеңе айтқан емес, аңдитҧғын менің ӛзім. Себебі соңғы кездерде мына 
ойдағы қауын салатын Шымырбай шалдың баласы — Тоқтар біздің ҥйді 
тӛңіректеп шықпайтын боп алды. Нәзира әпкемнің соңынан қалмайды. Екеуі 
жанаса кетсе-ақ ыржақ-ыржақ кҥлісіп, жәпектеп кеп сӛйлеседі. Не 
сӛйлесетіндерін кім білсін, әйтеуу бірінің-бірі аузына кіріп кете жаздайды. 
Тоқтар — ҧзын бойлы, ақсары ӛңді, сҧлу жігіт. Ҥлкендер оны әлі бала 
дейді, бірақ біздерге ол ҥлкен жігіт сияқты кӛрінеді: биыл ӛзіне мҧрт ӛсе 
бастаған. Оның мҧртын байқамас та едім, бірде біздің ҥйдің алдынан ӛтіп 
бара жатып, есік алдында кҥн шуақта жҥн иіріп отырған әжеме: 
− Амансыз ба, әже?! Деніңіз сау, кҥйлі-қуаттысыз ба? — деп 
амандасқан болатын. Ал ӛзіне бҥйтіп сәлемдескен адамға әжемнің жаны 
қалмайтын әдеті. 
− Әй, бҧ қай баласың? — деген. 


12 
− Мен, Тоқтармын ғой, әже. 
− Шымырбайдың Тоқтарысың ба? 
− Иә. 
− Ой, айналайын, ӛркенің ӛссін, қарағым,- деп әжем әбден разы боп 
қалған. 
Ал Тоқтар: 
− Ағадан хат кеп тҧра ма? — дегенде әжем оған мҥлде қулап тҥскен 
еді. 
− Кеп тҧрады, қарағым. Кеп тҧрады. Әй, Нәзира! — деген онан соң 
дауыстап.- Айран алып шықшы мына Тоқтарға. 
Тоқтар алғыс айтып кете бермек болып еді, бірақ әжем жібермеді. 
− Қарағым, есік алдынан қҧр ауыз ӛткенің болмайды, дәм татып кет,- 
деді. 
Нәзира әпкем іштен бір тостақан айран алып шығып ҧсынды. (Бҧл кҥні 
ол ҥйдің ішін тазалап, кір-қоңды жумақ боп жҧмысқа бармай, сҧранып ҥйде 
қалған). Тоқтар айранды асықпай ҧрттай отырып, әжеммен біраз 
әңгімелескен. 
Мен болсам Тоқтардан да, Нәзира әпкемнен де кӛз жазбай, бҧлар 
қайтер екен деп, екеуіне алма-кезек қарап байқастап тҧрдым. Қуларын-ай 
десеңші, әжемнің кӛзінше екеуі де тҥк білмегенсіп сызыла қалыпты. Бір-
біріне тек кӛздерінің астымен ғана қарап қояды. 
− Қарағым ӛзің әйтеу әскерге шақырғаннан амансың ба? — деп сҧраған 
әжем. 
− Қыста бір рет шақырған, жасым әлі толыңқырамапты. Енді осы жазда 
шақыратын шығар. 
− Е, алла-ай, тал шыбықтай бҧралып енді жеткендеріңде сендерге де 
ауыз салды ма?! Қу соғыс, қараң ӛшкір пәшис?.. Әй, Нәзира, тағы қҧйып әкеп 
бер, айран!.. 
− Рақмет, әже, тойдым. 


13 
Есік кӛзінде тҧрған Нәзира әпкеме Тоқтар босаған тостақанды 
қайтарып беріп жатып: 
− Рақмет,- деді сыбырлап. Нәзира әпкем кӛздері кҥлімсіреп басын 
изеді. 
«Ой, қуларын-ай» деймін-ау! 
Сол жолы Тоқтар кеткеннен кейін де ойында басқа дәнеңе жоқ әжем 
баяғы «қу соғысты», «қараң ӛшкір пәшисті» қарғап-сілеп ҧзақ отырды, бір 
ауық әскердегі баласын (біздің кӛкемізді) есіне алып, жылап та алды. 
Кешкісін апам жҧмыстан қайтып, шайға отырғанымызда, әжем сӛз 
арасы: 
− Апыр-ай, әлгі Шымырбайдың баласы мҧрты ӛсіп, зіңгіттей азамат 
бопты,- деген тамсанып. 
− Оны қайдан кӛріп жҥрсіз? — деп сҧраған апам. 
− Бағана есік алдында жҥн иіріп отырғанымда кеп, ӛзі амандасты. Тіпті 
бір инабатты боп ӛсіпті: «Ағадан хат кеп тҧра ма?» — дейді. 
− Ол мҧнда неғып жҥр? — деп апам Нәзира әпкеме кӛзін аларта 
қараған. Нәзира әпкем жерге кірердей боп қысылды. 
− Білмеймін. Әжем екеуі сӛйлескен,- деді. 
− Е, есік алдынан ӛтіп бара жатып амандасқаны ғой,- деді әжем, 
апамның сӛзіне мән бермей.- Шіркін-ай, тал шыбықтай бҧралып ӛскенін 
қайтейін, биыл жазға әскерге шақыртпақ еді дейді. 
− Оған қайдағы әскер,- деген апам немқҧрайлы сӛйлеп,- әлі екі жылы 
жетпейді. Біздің мынадан,- деп апам Нәзира әпкемді нҧсқап қойды,- ҥш 
айдай ғана ҥлкендігі бар. Тоқтар жазға салым туды да, мынау кҥзде туды 
емес пе?! 
− Онысын қайдан білейін, маған ӛзі қыста бір шақыртып, жасым 
толмай қалғам, енді осы жазға шақыртады деді. Сӛйдеді емес пе, Нәзира? — 
деп әжем әпкеме қарады. 
− Иә,- деді Нәзира әпкем.- Ол анау жылы комсомолға ӛтемін деп екі 
жасты қостыртып жазғызған болатын. 


14 
− Ә-ә,- деп апам аңырып қалды.- Қап, әттегене-ай, а… 
− Әй, бірақ ӛзі де сҥйекті бала екен,- деді әжем.- Тіпті алпамсадай ғой. 
Міне, сонан бері мен кездескен жерде Тоқтардың мҧртына қараймын. 
Әрине, жақыннан абайлап, ҥңіліп қарасаң мҧрты онша мҧрт сияқты боп 
кӛрінбейді екен, жаңада ғана тебіндеген ҧп-ҧсақ, сирек-сирек, ал алыстау 
тҧрып қарасаң, екі ҧртының ҥстінен әп-әдемі боп қиылып, ақсары ӛңіне 
ерекше жарасып тҧрады. Жҧрттың бәрі ӛзін жақсы кӛреді. Мен ғана онша 
ҧнатпаймын. Ӛйткені, ертеңді-кеш Нәзира әпкемді жағалай беруі ҧнамайды. 
Әнеу бір кҥні Нәзира әпкем бҧлаққа суға барған кезде, мен де соңынан 
кӛрінбей ілесіп барып, анадай жердегі қалың бӛргездің тасасында тҧрғам. Бір 
мезетте атын суғармақ боп Тоқтар жетіп келді. Бірақ атын тҥк те суарған 
жоқ. Ал кеп Нәзира әпкем екеуі сӛйлессін, сықылықтасып кеп кҥле ме-ау, 
бір-бірінен асып тҥскілері келгендей ауыздары-ауыздарына тимей, әй, 
жарысып сӛйлейді. Қол-аяғымама бергӛздің тікендері инеше қадалғандарына 
қарамастан, «Осылар не сӛйлеседі екен, осы?» — деп сӛздеріне қҧлағымды 
тҥріп, жақындау келгем. Сӛздерінің пәлендей қызық, соншама мәз боп 
кҥлетіндей ештеңесі де жоқ екен, баяғы мектепте оқыған кҥндерін, кімнің 
сабақ ҥстінде қалай отырғанын анау ӛйтуші еді, мынау бҥйтуші еді деп, соны 
сӛз қып тҧр екеуі де. Тіпті бҧлақтың басында тҧрғандарын да ертең ауыл 
арасы ӛсек етер сырт кӛз барын да мҥлде ҧмытқан ӛздері. 
Шыдай алмай кеттім, жҧдырықтай тас алдым да екеуінің дәл ортасына 
лақтырып жібергем, екеуі де селк етіп, сасып қалды. Тасты қай жақтан, кім 
лақтырғанын біле алмай аң-таң. Мен тағы тас лақтырдым. Осы кезде ғана 
Нәзира әпкем ӛзі мені кӛре алмаса да, мен жасырынып тҧрған қалың бӛргез 
жаққа қарап: 
− Әй, Қанат, кӛкшешек, қой енді, әйтпесе желкеңді қиям, – деді. 
Тоқтар бірдеңе деп кҥңкілдеп сӛйледі де тез атына мініп, тҥк 
білмегендей желдірте жҥріп кетті. Нәзира әпкем иінағашпен суын кӛтеріп, 
мен жаққа қарай тағы бҧрылды да: 
− Шық бері, жҥр! — деді. 
Мен бӛргез арасынан шыққам жоқ, со жасырынған кҥйімде қала 
бердім. 
− Сені ме, бәлем, тҧра тҧр! — деді әпкем. 


15 
Бірақ Нәзира әпкемнен қорқып жҥрген мен жоқ. Шындасам оның 
жігітпен сӛйлескенін әжем мен апама айтып, жанын шығартам ғой. 
Сондықтан кҥштің ӛзім жақта екенін жақсы білетінмін. 
Кеше доп қуудың қызығымен кештің қалай тҥскенін білмей, ымырт 
ҥйіріле ойыннан қайтып келе жатқам, дәл ӛзіміздің сиыр қораның іргесіне 
жете бергенімде, бҧрышта сӛйлесіп тҧрған екеудің ҥстінен тҥскенім. Тағы да 
со Тоқтар мен Нәзира әпкем. Тоқтар Нәзира әпкемді білегінен ҧстап ап, 
жібермей тҧрған сияқты. 
− Қойшы, Тоқтар, сҥйіскен деген не ол, ҧят емес пе. Айтып тҧрмын ғой 
енді, ӛмір бойы сендікпін деп, сенсеңші сӛзіме. 
Тоқтар бірдеңе-бірдеңе деп сыбырлай кҥңкілдеді. 
− Қойшы, жіберші. Ҥйден біреу шығып қалса, қҧртады мені. 
Қараңғыда еңкейіп жҥріп қолыма іліккен кесекті ала салдым да 
лақтырдым. Тоқтар Нәзира әпкемді жібере салды да, әрі қарай қаша жӛнелді, 
ал Нәзира әпкем ҥйге қарай зытты. Жолында тҧрған мені қағып кете 
жаздады. 
− Кӛкшешек, аңдығаныңды қашан қоясың осы?! Желкеңді қияйын ба! 
Қиып кӛр,- дедім мен. 
− Қиямын,- деп кеп ол желкемнен ҧстай алды. Қолы мҧндай қатты, 
қарулы болар ма, мытып жіберді. Мен еркексініп айбат білдіріп бҧлқынып 
кӛріп едім, босатар емес. Онан сайын сығымдай тҥседі. 
− Қоясың ба, аңдығаныңды? 
− Қоймаймын. 
− Мә, ендеше қоймасаң, мә… 
Желкемнен со сығымдап қысқан кҥйінде, май қҧйрығымнан бір-екі рет 
тартып-тартып жіберді. Ҧрғаны қаудырлаған тері шалбардан онша ӛте 
қойған жоқ, бірақ желкемнен қысқаны жиырма бата бастады. 
− Әже-е! Апа-а!..- деп бақырып жібердім. 
Нәзира әпкем жібере салды. 


16 
− Қоймасаң, кӛрдің ғой, алатын сыбағаң осы! 
− Мен қазір әжеме, апама айтам. 
− Айтып кӛр! 
− Айтам,- деп мен есікке беттедім. 
− Қанат, тоқта! Жә, тиіспеймін. Әншейін әзілдегенім ғой, шынымен кек 
тҧтып қалдың ба? 
− Бәрібір айтам, Тоқтармен әнеу кҥнгі бҧлақ басында тҧрғаныңды да, 
жаңағы оның сені сҥймек болғанын да… бәрін айтам қазір. 
Есікке қарай шегіншектеп аттай тҥскем. 
− Қанат, айналайын, не істе десең де істейін қҧлың болайын,- деді 
жаны шыға жаздаған Нәзира әпкем жалынып.- Рас, сен не істе десең де 
істейін. 
Нәзира әпкемнің ӛзіме осынша жалынып, жалбарынғанына қыбым 
қанып, рақаттанып қалдым. 
− Ал жарайды,- дедім ӛзімше кҥжірейіп.- Енді менің қҧлым боласың. 
Не бҧйырсам да орындайсың. 
− Орындаймын дедім ғой. 
Осы арада оны қҧлым қылу ҥшін не бҧйырсам екем деп ойладым да, 
қапелімде жӛнді ештеңе ойлап таба алмадым. Тек: 
− Бір аяғыңды кӛтеріп, бір қолыңа кірпіш ҧстап тҧрасың,- дедім. 
− Не дейді? 
− Біздің класта Мҧқан ағай тәртіп бҧзғанымызда бір аяғымызды 
кӛтертіп, бір қолымызға кірпіш ҧстатып бҧрышқа тҧрғызып қояды. Сен де 
сӛйтесің. 
− Мақҧл. 
Ҥйге кірген соң қабағы салыңқы апам екеумізді де біраз қуырып алды. 


17 
− Сен қайда жҥрсің, осынша тҥн жарымына дейін тентіреп?! — 
деп,әуелі мені тергеді. 
− Ойнадық… 
− Ойының осылсын, ойының осылғыр. Ҥсті-бастан сау тамтық жоқ, 
алым-жҧлым боп. Шық былай, сҥміреймей. 
Осымен мен қҧтылдым. Енді апам Нәзира әпкеме ауысты. 
− Сенің не ауруың бар осы, жҧмсаған жерге жоғалып кететін. Мына 
тҧрған ҥйден елеуіш әкеле қой дегеніме дәл бір шай қайнатым уақыт болған 
шығар. 
− Елеуіштері бос емес, ӛздері ҧн елеп жатыр екен, кҥтіп отырып 
қалдым. 
− Әйтеу, сылтау тапсаңшы. Айтпады деме, бір кҥні шашың. ды талдап 
жҧлам. 
Нәзира әпкем зәре-қҧты қашып ҥндемейді. 
− Неғып тҧрсың енді селтиіп, еле анау ҧнды! — дейді апам зекіп. 
Осымен Нәзира әпкем де қҧтылады. 
Біз, балалар, қарнымыз сыздағанша атала кӛжеге тойып, әжем мен апам 
маңдайлары терши отырып шӛлдері қанғанша қаймақ қатып, тҧз салып ақ су 
— шай ішіп болған соң, ҥй ішінде аса бір кӛңілді жақсы шақ орнайды. 
Қабағынан қар жауып тҧратын апам да жадырайды. Басы Нәзира әпкем 
болып балалар бір-бірімізді тҥртпектеп ойынға кірісеміз. Әсіресе, мҧндайда 
апам кӛрші ҥйлердің біріне шаруасы боп шығып кетсе тіпті рақат. Онда 
кӛзіміз ҧйқыға кеткенше біраз асыр салып қаламыз. Әжеміз ҥйде 
ойнағанымызға әсте ҧрыспайды. 
Бҥгін де апам бір шаруасымен бригадирдің ҥйіне барып келмек боп 
шығып кеткен. Апам кетісімен-ақ мен дереу Нәзира әпкеме қыдыңдауымды 
бастадым. Ол ҥлкендігін істеп бағынғысы келмей қиқаңдамақ болған. Мен: 
− Әже десе, мына Нәзира әпкем әлгінде кешкісін…- дей беріп едім, 
әпкемнің жаны шығып кете жаздады. 


18 
− Қанатжан, Қанатжан, мен сенің қҧлыңмын ғой,- деп аяқ жағыма кеп 
отыра кетті. 
− Ендеше, ана бҧрышқа бар да бір аяғыңды кӛтеріп, бір қолыңа кірпіш 
ҧстап тҧратын бол,- деп бҧйырдым. 
Амалы қанша, Нәзира әпкем айтқанымды еріксіз орындады. Ауыз 
ҥйдегі ошақтың алдында кҥйе-кҥйе бос кірпіш жататын, соны алып кеп, бір 
қолына кӛтеріп тҧрды. 
− Мен ҧйықтағанша сӛйтіп тҧрасың,- дедім де ӛзім шешініп, ҧйқыға 
кірістім. 
Сӛйтіп, Тоқтар мен Нәзира әпкемнің бҧ дҥниедегі қас дҧшпаны мен 
едім. Мен дегенде екеуінің де тӛбе шаштары тік тҧратын. Қолдарына тҥскен 
жақсы заттары болса маған сыйлайды. Бір рет кешкісін ойыннан қайтып келе 
жатқанымда қарсы алдымнан Тоқтар шықты. 
− Қанат, мә, қызыл қарындаш керек пе? — деді. 
Қуанып кеттім. 
− Керек,- дедім. Шынында да бояу қарындаш. Кәдімгі, Мҧқан ағайдың 
біздің дәптерімізге баға қойып жҥрген бояу қарындашы сияқты. 
− Менде неше тҥрлі бояу қарындаштар кӛп,- деп қойды Тоқтар.- Керек 
десең бәрін де саған әкеп берейін. 
− Әкеп берші. 
− Қанат, Нәзира әпкеңді шақырып жіберші, аздаған шаруам бар еді. 
− Мақҧл,- дедім мен.- Тек ертең тағы бояу қарындаш әкелетін бол. 
− Мақҧл,- деді ол да. 
Мен ҥйге кірсем бір жақсысы апам жоқ екен, ҧсақ балалар әжемнің 
баурына тығылып ертегі тыңдап жатыр да (бҧл кӛктемде мен ӛзімді есейдім 
деп біліп, бҧрынғыдай әжемнің баурына кіріп жатуды қойғам, тіпті ӛйтуге 
намыстанатынмын), ал Нәзира әпкем жемпір тоқып отыр. Мен оған бояулы 
қарындашты кӛрсетіп қулана кҥлдім. 
− Жҥр далаға,- дедім. 


19 
− Немене, сыртымнан мені бір қарындашқа сатып келгеннен саусың 
ба? — деді ол да кҥле сыбырлап. 
− Ол маған ертең тағы да әкеп беретін болды,- дедім. 
− Ақымақ,- деп Нәзира әпкем мені шекемнен ақырын нҧқып қойды. 
Ӛзі дереу киіне бастады. 
− Әй, қайда барасыңдар? — деген әжем. 
− Мен сақамды жоғалтып алдым есік алдында, соны іздейміз,- дедім 
мен табанда ӛтірікті қиыстырып. 
− Ә-ә… 
Сыртқа шыққан соң мен екеуіне де ӛктем сӛйлеп, ӛзімнің 
басымдығымды білдірдім. 
− Тек сҥйісуші болмаңдар және кӛп тҧрмаңдар. Мен ӛзім бақылап 
тҧрам,- дедім. 
Және солай істедім де. Тӛрт-бес қадамдай жерде екеуінен кӛз айырмай 
қарадым да тҧрдым. 
− Иә, не айтасың? — деді Нәзира әпкем. 
− Жәй, әншейін сені кӛргім кеп кетті… 
Мҧнан әрі екеуі де ҥндеген жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы қарады да 
тҧрды. Әлден соң Тоқтар әпкемнің қолынан ҧстаған. 
− Әй, әй, онша жақындаспаңдар! — дедім мен қатал ескертіп. 
Екеуі менің ескертпеме кҥліп қана қойды. Ауыл арасы тым-тырыс. 
Терезелерден ӛлеусірей жанған май шамдар жылтырайды. Бақа шҧрылдады. 
Бір сәт Бҥбітайдың зарлаған даусы естілді. 
Қара кӛзім, 
Жете алмадым, 
Жер шалғай, 


20 
Жалғыз ӛзім… 
Менің ӛне бойым қалтырап, зәрем ҧшып кетті. Қап-қараңғы мынау тҥн, 
жынды әйел салған зарлы ән, ҥн-тҥнсіз тҧрған Тоқтар мен Нәзира әпкем… 
Екеуі тас боп қатып қалған сияқты. 
− Әй, неге ҥндемейсіңдер?! — дедім. 
− Қанат, қорқып тҧрсың ба? Кел, біздің қасымызға,- деді Нәзира әпкем. 
Мен екеуінің қасына барып тҧрдым. Кенет Нәзира әпкем мені бас 
салды да қатты қысып тҧрып бетімнен сҥйіп алды. 
Кӛп ҧзамай етектен тауға қарай кӛшкен мал ауылға кеп жағалай қонып, 
тӛл аяғы жетілгенше кӛктеуде отырған. Мәре-сәре шуға толы қызықты кез 
туды. Ала қыстай сыз қорада ҥстері сауыс-сауыс болған қора-қора қойлар 
мол, тегін кӛкке жетіп, ӛлі жабағыларын сілкіп, бауырларын жазып, емін-
еркін тойына бастады. Ауыл-аймақ тегіс жапатармағай қой сауып, аузымыз 
аққа бір жарыған еді. Сҥт пен айранды кҥндіз-тҥн ішем десең еркің. ор ҥйдің 
қазанында бҧрқылдап ірімшік-қҧрт қайнап, ашқҧрсақ қарын бір майланған. 
Біз, балалар, ертеңді-кеш қозы қайырысып, шешелерімізге сауылатын 
қойларды қосақтасқаннан кейін-ақ зытып отырып ауылдың сыртындағы тас 
қораға тартамыз. Мҧнда колхоздың қҧмнан кӛшіп келе жатқан жылқысы 
қамалады. Ауылдың еркек кіндік атаулысы сонда жиналып, тай-қҧнандарды 
кҥзейді, жылқыға колхоздың таңбасын кҥйдіріп басады, әскерге жіберілетін 
аттарды іріктейді, асаулар ҥйретіледі. Осқырына жер тарпыған айғырлардың 
тӛбелесі, ойнақ салып жарыса шапқан тай-қҧлындар, бҧғалық салған кездегі 
аспанға шапшыған асаулар — жатсақ-тҧрсақ тауыса алмайтын әңгімеміз. 
Және де бәріміздің аузымыздың суы қҧрып сӛз ететініміз — Тоқтар. Кәдімгі, 
маған кҥнде бояу қарындаш берігі «Нәзира әпкеңді шақыршы» деп жалынып 
жҥретін Тоқтар. Бҧ кҥндерде ӛзі қолы тимейтін болу керек, біздің ҥйді жиі 
торуылдауын қойған. Ҥш кҥн, тӛрт кҥнде бір: 
− Қанат, ӛзің білесің ғой, бҥгін уәделі жерде жолығайық,- дейді қулана 
жымиып. Сол кҥні мен ымырт ҥйіріле әр тҥрлі сылтау айтып Нәзира әпкемді 
ертіп шығамын да, ӛзім кӛз жазбай бақылап қарап тҧрып, екеуін бір шай 
қайнатымдай ғана сӛйлестірем. Онан соң Нәзира әпкемді алдыма салып ҥйге 
алып кірем. Екеуі менің осы қызметіме де ӛлердей риза. Ӛйткені мен 
болмасам ӛйтіп те кездесе алмас еді ғой, апамның қатал мінезі белгілі, 
Нәзираның жалғыз ӛзін мҥлде тырп еткізбес еді. Менімен бірге шығатын 
болған соң кҥдіктенбейтін болу керек, апам онша қадалып, тексеріп 
жатпайды. 


21 
− Кӛп жҥрмей тез қайтыңдар,- дейді де қояды. 
Сол Тоқтар әскерге жарайды деп іріктелген аттардан кҥнде бір асау 
ҥйретеді. Небір жҥген-қҧрық тимеген қҧр асауларға тақымы тиді-ақ болды, 
жалына мысықша жабысады да тастай қатып айырылмайды. Мейлі аспанға 
шапшысын, мейлі мӛңкісін бірақ одан жығылар Тоқтар жоқ. Қайта біраз 
тулатып-тулатып алғаннан кейін қос ӛкпеге тепкілеп, әрлі-берлі ойқастата 
кӛсілтіп шабады, қамшыны да басады аямай. Сӛйтіп, біраз шапқаннан кейін 
ала ӛкпе болған асаудың ҥсті-басы ақ кӛбік тер болып, сайтаны бастыға 
бастайды. Ал кешкісін қҧр осқырынғаны болмаса таңертеңгідей аспанға 
шапшуға де, мӛңкуге де шамасы келмей титықтап кеп, кермеде ауыздықты 
кҥтір-кҥтір шайнап, таң асуға қаңтарылады. Ертеңіне кез келген адам ерттеп 
мініп, жҥре беруіне болады. 
Кҥн сайынғы Тоқтардың асау ҥйретуі біз ҥшін дҥниеде теңдесі жоқ 
қызық кӛрініс. Тоқтарды да, ол ҥйреткен асауларды да менсінбейтін бір-ақ 
адам бар, ол — колхоздың бригадирі Байдалы шал. 
− Тәйірі, осы кҥнгінің жылқысы жылқы ма,- деп насыбайды аузына 
тастап жіберіп, астыңғы ернін тырсита малжаңдап тҧрып алады.- Сиырдың 
бас жібін ілмектеп мойнына тастай салсаң тҧра қалады, ерттеп мініп ал да 
шаба жӛнел, қҧйрығын шыжбыңдатып бір-екі шоқалақтайды да соныменен 
тынады. Шіркін-ай, бір асауға мінгендей боп тақымыңды қыса алмайсың ғой. 
Мына Тоқтарлардікі, әншейін асау ҥйретті деген аты ғана да. Баяғыда асауға 
тӛрт қабат арқаннан ескен бҧғалықты тастап жіберіп, әлекедей жалаңдаған 
бес-алты жігіт ӛкшемізді қадап, шірене тартып, тҧра қалатынбыз. Сонда әлгі 
асау аспанға тік шапшып сҥйрете жӛнелгенде етіктеріміздің ҧлтаны қақырап 
кетуші еді. Жануарларды ҧстағаныңда жылқыны емес тап бір жолбарысты 
ҧстағандай болатынсың. Әне, асау деп соларды айтсаңшы!.. 
Байдалы шалдың әңгімелерін тыңдасаң, бҧрын тумай, қазіргі заманда 
туғаныңа ӛкінесің. Бҥгінгінің адамдары да қораш, малдары да азғын, ең аяғы 
иті екеш итіне дейін бҧралқы. Ал біздерді — балаларды ол мҥлде іске 
алғысыз деп біледі. 
− Мҧрындарын сҥрте алмай жҥрген осыларды қойшы. Баяғыда 
бҧлардың жасында ӛзіміз отау тігіп, ҥй болып едік. Ал бҧ тҥгелер ертеңнен 
қара кешке салпақтап киім тоздырып, ойнағаннан басқаны білмейді. 
− Ата, сіз неше жасыңызда ҥйлендіңіз? — деп сҧраймыз. 
− Мен бе?!- ол аузындағы насыбайын алып тастап, тҥкірініп қойып, 
неше жасымда ҥйленгенін іштей есептеп сәл ойланып қалады. — Маған әкем 
алты жасымда қыз айттырыпты. Содан он толып, он бірге шығарымда ҧрын 


22 
барып, келер кҥзінде ҥйлендім ғой. 
− Осы кемпіріңізге ме? 
− Жоға тәйірі. Бҧл кемпіріме кейін, бертінде совет заманында теңдік 
алған кезде ҥйлендім. 
− Ал, әлгі, айттырып алған әйеліңіз қайда сонда? — деп біздер де 
қоймаймыз. 
− Бәтшағарлардың тақымдауын сонша,- деп Байдалы шал шегір кӛздері 
жасаурай кҥлімсіреп бәрімізді сықпырта бір боқтап алады.- Қара бҧларды 
қатын десе тақылықтай қалғандарын, оқуға осындай боп тақылдасашы, 
боқмҧрын немелер… Кәне, аулақ жҥріңдер, жылқыны ҥркітесіңдер! 
Мҧнан әрі ол сӛйлескісі келмейді, қолындағы қамшысын ҥйіріп, жасқап 
біздерді тас қораның аузынан кейін қарай едәуір қуып тастайды. Оның 
қуғанынан кетіп жатқан біз жоқ. Біраздан кейін қайта қаумалап аламыз. 
− Ата, әлгі бҧрынғы айттырып алған әйеліңіз қайда, айтыңызшы? — 
деп тағы қиыламыз жан-жақтан. Әрине, біздерге шалдың бҧрынғы ҥйленген 
әйелінің қайда екені бес тиынға да керексіз, тек оны тағы да сӛйлетуге, 
әңгіме айтқызуға қҧштармыз. 
− Немене, қайда екенін айтсам, барып ала қояйын деп пе едіңдер, 
қызтәләктар, ей, мҧрындарыңды…- деп тағы бір сыбап алады.- Қайда 
болсын, оны жер жҧтты дейсіңдер ме, мына Ақтасты колхозында тҧрады. 
Бәтшағар, Тәнеке дегеннің баласымен ашына боп, сӛз байласып жҥреді екен, 
совет ҥкіметі орнаған соң бір тҥнде сонымен қашыпты да кетіпті. 
− Ал сіз қайттыңыз? 
− Қайтушы ем. Ата-бабамда қатыннан зарығып ӛлген ешкім жоқ, кетсе 
кетсін дедім. Сӛйттім де бір тҥнде мен де мына қазіргі әжелеріңе ҥйленіп 
алдым. 
− Қалай ҥйлендіңіз сонда, ата? 
− Не дейді?! Қалай ҥйленгені қалай?! Жә, басымды қатырмай аулақ 
жҥріңдер. Кәне, кейін тҧрыңдар, жылқыны ҥркітесіңдер!.. Әй, Тоқтар, бҥгін 
анау Жиренқасқа бестіні ҥйретші. Ӛзін әскерге айдап әкеткенше біраз кҥн 
мен мініп қалайын. Жануардың әкесімен әнеу бір жылы кӛкпарға шапқаным 
бар еді. 


23 
− Бҧл, кәдімгі, атақты Жирен айғырдың баласы ма-ей, Байдалы? — деді 
шалдардың бірі. 
− Иә, Шіркін, айғырым-ақ еді-ау. Сонау Ҧзынбҧлақта болатын ҥлкен 
той есіңде ме? Жҧрт кӛкпарды колхоз-колхоз боп жақ-жаққа бӛлініп 
тартысып еді ғой. Әуелде біресе қапшағайлар, біресе қоңырлар алып, бірақ 
ешқайсысы ҧзаққа әкете алмаған. Кӛкпарға бергендері бір нән серке екен, 
тіпті ешкім ӛңгеріп жҥре алмай, қайта-қайта тҥсіріп алады. Мен болсам, жҧрт 
біраз қызықтай тҥссін деп Жирен айғырды тың сақтап, шеттеу жҥргем. Бір 
кезде шыдай алмай кетті-ау деймін, ӛзіміздің Байарыстан: «Ой, ӛңшең 
тыраштар, кӛкпарды ӛстіп тарта ма екен»,- деп, атын тебініп қап, тартыстың 
ең ортасына кіріп кетті де, серкені қос қолдап тӛбесіне кӛтеріп, суырып алып 
шықты. 
− Паһ, шіркін, азаматым, балуан еді ғой. 
− Серке сӛз бе екен. Байарыстан дегендер қҧдыққа тҥсіп кеткен атан 
тҥйені жҧлып алушы еді ғой,- деп басқа шалдар да бір-бір ҥн қатысып қалды. 
− Иә, сонымен,- деп Байдалы шал әңгімесін жалғастырды,- әлгі 
Байарыстан жҧрт алдына ӛңгере алмай жҥрген нән серкені лақ кӛтергендей 
тӛбесіне кӛтеріп алып шықты да: «Мә, Байеке, әкет, тарт ауылға!» деді. 
Серкені алдыма ӛңгердім де, Жирен айғырдың басын қоя бердім. Жануар, 
зорға шыдап тҧр екен. Тақымды қысуым-ақ мҧң екен қҧстай ҧша жӛнелді. 
Ауыл қайдасың деп аңырады-ау, дейсің. Мен болсам серкені тҥсіріп алмайын 
деп ҥстінен қос қолдап басып, ердің алдыңғы қасына етпеттеп жатып алдым. 
Осы тӛңіректегі алты колхоздың небір бота тірсек саңлақтарына шалдырмай 
ауылдан кеп бір-ақ шықтым ғой. 
− О, Жирен айғырлар мал емес қҧс еді ғой, жануар,- деп шалдардың 
бірі қостап қойды.-Менің де бір кӛкпарға тҥскенім бар Жирен айғырмен. 
Жануар кӛкпардың жайын адамнан артық тҥсінетін. 
− Иә, иә. Алдыңғы жылы ӛзін әскерге әкеткенде, әлгі боянкомның1 
адамы: «Нағыз қолбасшы мінетін айғыр екен»,- деді ғой. 
− Сӛйдеді ме тіпті?! 
− Міне, Жақып тірі ғой, осының кӛзінше айтқан. 
− Онысы рас,- деді сӛзге сараң Жақып шал да. 
Бҧл кезде Тоқтар әлгі Жиренқасқа бестіге бҧғалық салған. Қҧдай 
сақтасын, асау деп осыны айт. Аспанға шапшыды дейсің кеп, шапшыды 


24 
дейсің. Арқаннан шірене тартқан тӛрт-бес адамды қаңбақ қҧрлы кӛрген жоқ. 
Тулап-тулап, ақыры жҧлып шықты да қҧйрығын тік шаншып ап қҧла дҥзге 
бет алып, шыбын-шіркей боп жӛнелді. Тоқтар ерттеулі тҧрған бір атқа міне 
сап қуған болып еді, қайда Жиренқасқа мҥлде қарасын кӛрсетпей кетті. 
− Е, бәсе, шын асау осылай болушы еді. Шіркіннің шапшуын кӛрдіңдер 
ме. Атым-ақ болғалы тҧр екен,- деді айызы қанып, риза болған Байдалы шал.- 
Ал, бала, екі айналымға келмейтін мәстектерді ҥйретіп мәз болғанша, енді 
мықты болсаң осы Жиренқасқаны ҥйретші,- деді Тоқтарды қайрай тҥсіп. 
Тоқтар жылқыдан қашаған қуатын Кӛкбиені ҧстап міне сап, 
Жиренқасқаның соңынан кеткен. Әлден уақытта асауды кейіп қайырып 
оралды. Қашаған қуып әбден әккі болған Кӛкбие бастырмалатып-ақ келеді 
екен, тіпті жалтартпайды. Жылқыға жете бере Жиренқасқа шабысын сәл 
баяулатып, Кӛкбие онымен ҥзеңгілесе берген. Енді байқадық: Жиренқасқа 
шҧбатылған бҧғалықтан әйеншектеп, бір қырындап, кӛсіліп шаба алмай 
келеді екен. 
− Қап, ӛстіп жҥріп осы жалғыз арқанды қҧртады-ау,- деді Байдалы шал 
кҥйзеле сӛйлеп, онан соң Тоқтарға дауыстады: — Әй, анау арқанды… 
арқанды босат!.. 
Мҧнан әрі қалай болғанына тіпті кӛз ілеспей қалды. Тоқтар шауып келе 
жатқан бойда лып етіп Жиренқасқаның ҥстіне бір-ақ ырғып мінді. Мҧндай 
оқыс қимылды кҥтпеген Жиренқасқа ышқына кісінеп жіберді де атқақтай 
тулап, қарғып-қарғып кетті. Бірақ Тоқтар оның жалына тастай қатып 
жабысып былқ еткен жоқ. Жиренқасқа дҥркірей ҥріккен жылқыдан кейін 
бҧрылып ап, тулаған кҥйі далаға қарай қайта алып жӛнелген. Шҧбатылған 
бҧғалық жерді кесіп шаң кӛтеріп барады. 
− Ойпырмай, асауға жҥгенсіз мініп мына Шымырбайдың баласы жҥрек 
жҧтқан екен. 
− Жазым болмаса игі еді. 
− Арқанға аяғы шалынысып ат жығылмасын десеңші. Онда екеуінің де 
мойыны ҥзіледі,-десіп шалдар дҥрлігісіп тҧр. 
Тоқтар қақпайлады ма кім білсін, бір кезде Жиренқасқа орағыта 
айналып кейін бҧрылды. Бері қарай ӛрлеу болатын, Тоқтарға керегі де сол 
болу керек, ал кеп қамшыны басты дейсің. Жиренқасқа жҧлдыздай аққан 
кҥйде кеп қалың жылқының ортасына қойып кетті де қақ жарып ӛте шықты. 


25 
− Бҧғалық қайда қалған? 
− Арқан жоқ қой! — десті жҧрт. 
Жиренқасқа қатты шабыстан енді іркіліп, жылқыға қарай тағы оқыс 
бҧрыла берген сәтте, Тоқтар ыршып секіріп жерге тҥсті, жығылған да, дәнеңе 
еткен жоқ, екі аяғымен дік еткен. Бағанадан не болар екен деп демімізді 
ішімізге тартып тҧрған біздер «уһ» дедік. 
− Арқан қайда? — деді Байдалы шал. 
− Әнеу жерде, ши қияқтың тҧсында қолымнан тҥсіріп алғаным,- деді 
Тоқтар. 
− Пах шіркін, Жиренқасқа да ат-ақ екен, сен де жігіт-ақ екенсің! — деді 
ауылдың ең ҥлкен ақсақалы, тоқсанға келген Қуатбей шал сҥйсініп. 
− Мен мҧны ӛзін мігіт пе деп жҥрсем, жо, жігіт екен,- деді Байдалы шал 
да.- Әй, Әжібек, анау ерттеулі атқа міне сап барып, арқанды алып келші. 
Біздің, балалардың, Тоқтарға сҥйсінуімізде шек жоқ еді. 
Кӛктемге қарай біз, балалар, сиырдың тҥлеген ӛлі жҥнінен 
алақанымызға сап домбақтап-домбақтап бір-бір жҥн доп жасап алатынбыз. 
Бірауық кӛше ортасында сол жҥн доптарымызбен ойнаушы ек. Неше тҥрлі 
ойындарымыз болатын: «қашпалы доп», «жҧмыртқа», «шошқа доп», деп 
.бірінен-бірі қызық боп кете беретін. Сондай бір ойынның кезінде, 
қасымыздан бригадирдің атына мініп алған Әжібек ӛтті. Бізге таяй 
бергеннен-ақ қатты-қатты тебініп, тізгінді жҧлқа тартып аттың текірек 
жорғасына салды да, ӛзі кӛлеңкесіне қарап қойып, тікіреңдеп әндете жӛнелді. 
Тҥбіне Қособаның жатып алдым, 
Біреуді мергендікпен атып алдым. 
Болған соң ӛзім батыр кімді аяйын, 
Ӛлтіріп, Байдалының атын алдым. 
Гик-кай-га-га-га 
Гик-кай-ай-ай-а-ай… 


26 
Біз болсақ ойынымызды тоқтатып аузымызды ашып, оған қызыға қарап 
қалғанбыз. Әжібек анадай жерден аттың басын кілт қайта бҧрып, біздің 
қасымыздан тағы да бір ойқастата әндетіп ӛтті. Қыз Жібектің тҧсына кеп, 
Тӛлегенді ӛлтіргенін естірткенде, сірә Бекежан да Кӛкжорғамен дәл осылай 
ойқастатқан шығар дейміз. 
− Әй, Әжібек,- деді осы кезде кӛшенің сонау басындағы ҥйінің алдында 
тҧрған Байдалы шал бҥкіл ауылды басына кӛтере айқайлап.- Ә, әкеңнің 
аузын, басыңды… шақша бас! Әй, мен саған шаппай барып суғар дедім, 
ғой!.. Желкең ҥзілгір, қинама атты!.. 
Әжібек болса бет-аузын қисаңдатып оны мазақтап қойды: 
− Кинәмә әтті,- деді тілін шайнай мәңкілдеп,- Ӛй, кәкпәс. Ӛлтіріп 
кеттім бе десем тірі тҧр ғой, әлі. 
Әрине, Байдалы шал алыстан мҧның бет-аузын қисаңдатып 
мазақтағанын да, айтқан сӛздерін де кӛріп, естіп тҧрған жоқ. 
Әжібек кӛлеңкесіне қарап қойып: 
Гик-кай-ги-га-га-га 
Гик-кай-ай-а-ай… − 
деп еліре әндетіп, атты тағы да езулеп, тебіне тҥскен. Едәуір ҧзап 
барды да кенет тізгінді тартып, тағы кейін қайырылды. 
− Әй, Қанат, бері келші! — деді маған. Мен жҥгіріп қасына барғам. 
− Сен неғып жҥрсің мҧнда?! — деді қабағын шытып.— Дабай, ҥйіне 
қайт! Кӛкеңнен қаралы қағаз кеп, жҧрт соны естірткелі ҥйіңе жиналып отыр, 
ал сен болсаң, панимайш, ойнап жҥрсің. Ӛй, доп қуған дозар!.. 
Мҧнан әрі не болғаны анық есімде жоқ, ҥйге жҥгіріп қалай жеткенім, 
талып жатқан апамның ҥстіне қалай қҧлап тҥскенім, әйелдердің бетіме су 
бҥріккені — бәрі еміс-еміс қана. Қҧлағымда тек азан-қазан жылап-сықтаған 
дауыстар, ауыл адамдарының ӛң мен тҥстей бет әлпеттері: бірінен кейін бірі 
дауыстап келіп жатыр, кейбіреулері қҧшақтап жылап менімен де кӛріседі, 
ондайда ӛне бойым ҧйып, тҧншыға бастаймын, бетіме біреулер тағы да су 
бҥркеді… Тҥннің бір мезгілінде талықсып ҧйықтап кетіппін. Таңертең 
оянып, басымды кӛтерсем: ҥй ішінде ауылдың кемпір-шал, қатын-қалаштары 
шай ішіп отыр екен. Дастарқан ҥстінде әр ҥйден келген: бауырсақ, туралған 
таба нан, қазан жаппа, ірімшік-қҧрт, сҥтке шыланған талқан. Кӛзім әжеме 


27 
тҥскен, бет-аузынан сау-тамтық жоқ, жосадай боп тырналған, кӛгеріп ісіп, 
кӛлкілдеп тҧр, ӛзі жиі-жиі: «У-уһ!» — деп кҥрсініп қойып, шай ҧрттайды. 
Дастарқан басынан апам кӛрінбеген, кейіннен байқадым, мен жатқан 
кереуеттің тҥбінде жерде шалқасынан жатыр, кӛзі жҧмулы, тек кеберсіген 
ернін ғана жыбырлатады. Қасында оты рған әйелдердің: 
− Басыңды кӛтеріп, ыстық шай ішші,- дегендеріне ҥндемейді. Маған 
ешкім кӛңіл аударған жоқ. Кереуеттен сырғып тҥстім де сыртқа шықтым. 
Сәске кезі боп қалған екен. Кҥн кҥндегісіндей жаймашуақ маужырап 
тҧр. Есік алдында екі-ҥш самауыр қойылыпты, жерошақ қазылып, қазан 
асылып жатыр. Кӛкемнің бәсіресі атап, кӛкем соғыстан аман-есен қайтқан 
кҥні соямыз деген, ала қыстай ҥй-ішіміз боп тегіс мәпелеп, басқа малдан ерек 
кҥтіп жемдеген, шӛптің де тәуірін соның аузына ҧстаған Кӛксеркенің терісі 
қораның іргесінде ілулі тҧр. Әрине, қазанда асылып жатқан — сол 
Кӛксеркенің еті. Кӛрші-қолаң әйелдердің бірі шай демдеп, бірі қазанның 
кӛбігін алып жатыр, енді бір-екеуі қол диірменді орталарына алып, қаптың 
тҥбінде қалған соңғы бидайдан ҥн тартып отыр. Кәдімгі, ауылдағы қаралы 
қағаз келген қаралы ҥйдің қалыпты әрекет-тіршілігі. Мені сәл таңдандырған 
— отын бҧтап жҥрген адам болды. Әдетте мҧндай шаруаны ең жақын туыс-
туғаның атқаруы тиіс, ал біздің ҥйдің отынын Тоқтар жарып жҥр. Ол бізге 
ешқандай да жақын туыс-туған емес қой деп таңданам. Нәзира әпкемді 
іздестіргем, анадай жерде иінағашпен бҧлақтан су әкеле жатыр екен. Ӛңі 
сынық, тҧнжыраңқы, ешкімге кӛз салмастан, бос тҧрған самаурынның біріне 
әкелген суының бір шелегін қҧйып, от тҧтатты. 
Мен ҥйдің бҧрышында кҥн шуақта екі тіземді қҧшақтаған кҥйі ҧзақ 
отырдым. Ҥйдің ішінен жылаған дауыс шыққанда селк ете тҥскем, әжем екен 
жоқтау айта бастаған. Зарлы қоңыр даусы ӛне бойымды дірілдетіп жіберді. 
Қҧлыным кетті-ау, бел асып, 
Беліне белбеу жарасып. 
Жарасқаны қҧрысын-ай, 
Қапыда қалдым адасып… 
А-ай… 
деген кезде, кӛз алдыма беліне белбеу буынған кӛкем келді, со кҥйі тҥсі 
суық, артынан жылап-сықтаған бізге еш қайрылмастан, адымдай басып бел 
асып кете барады; дәл бір отынға баратын адамша жайбарақат адымдайды, 
бірақ енді бізге еш уақыт қайтып оралмайтындай боп кетіп барады; ӛзі 


28 
жападан-жалғыз… «Қайда барасың, кӛке-ау, бізді тастап? Қайда кеттің?».. 
Ып-ыстық жас кӛзіме қҧйыла берді. Кӛз жасының ып-ыстық болатынын мен 
сонда бірінші рет сездім. Дауыстап жылап жібере жаздап, ӛзімді-ӛзім зорға 
тежеп тістеніп, бетімді екі тіземе бастым. Әлден уақытта біреу басымнан 
сипады, қарасам Тоқтар екен. Оның да кӛзі жасқа толып, иегі дір-дір етіп, 
тістеніп қасымда отыр екен. Оған қарай еңкейе беріп, баурына бетімді басқан 
кҥйде еңіреп жылап жібердім. 
− Қанат… Қанат… 
Ол басымнан, арқамнан сипап жҧбатқысы келеді, мен онан сайын ӛкси 
тҥсем. Біраз жылаған соң ішіме толған ащы ӛксік тҥгел сыртқа шығып, 
кӛкірегім босағандай болды. Жылауымды қойып, басымды кӛтердім. Іштегі 
жоқтау айтқан әжемнің даусы да басылыпты. 
− Беті-қолыңды жу,- деді Тоқтар шәугімнен қолыма су қҧйып. Салқын 
сумен жуынып, есімді жинап, сергиін дедім. Тоқтар ӛзі де жуынды. Нәзира 
әпкем екеумізге ҥйден сҥлгі алып шығып берді, ӛзінің кӛзі ісініп қызара 
жасаурап тҧр екен, мені жылатқысы келмеді-ау деймін, қабағын шытынып, 
тез теріс айналып кетті. 
− Сен еркексің ғой, бҥйтіп кӛп жылай берме,- еді енді Тоқтар.- 
Әйтпесе, әне, апаң қайта-қайта қысылып қап жатыр, сенің жылағаныңды 
кӛріп онан әрмен қиналады ғой. 
Осы кезде есік алдына колхоз бастығы — Нҧғыман кеп атынан тҥсіп 
жатқан, Тоқтар со кісіні қарсы алуға тҧрып кетті. Нҧғыман ӛлікке әсте жылап 
келмейтін адам, қаралы ҥйге ылғи осындай жылау-сықтау басылды-ау деген 
кезде келіп, кӛңіл айтып қана шығатын. Оған жылауға да және жылап-сықтау 
дауыс шыққан жерге баруға да болмайтын. Бір кездері — колхоз 
ҧйымдастыру жылдарында оны бай-қҧлақтар ӛшігіп, тірідей жерге кӛмген 
екен, содан аурулы боп қалған. Аурулы екені тҥрінен де белгілі, ап-арық, 
жағы суалған, кӛзі бажырайып, еш уақытта кҥлмейді. Қасында тҧрған адамға 
қарағанның ӛзінде, бір тҥрлі, сонау алысқа қарап басқа бірдеңені ойлап 
тҧрғандай болады. Соғысқа дейін пенсия алып, ешқандай жҧмыс істемейтін. 
Ҥйінің тӛңірегіне бау-бақша ӛсіріп, ермек етіп, тау бӛктеріндегі жабайы 
алмаларды екпе алмамен будандастырам деп әуре болған кӛрінеді. Ал соғыс 
басталып, дені сау ер-азаматтар тегіс майданға аттанған соң, амалы жоқ, 
колхозға бастық болған. 
Ҥйге кірген Нҧғыман кӛп отырмастан қайта шықты. Нәзира әпкемді 
шақырып алып, хал-жағдайымызды сҧрады да бір парақ қағаз жазып берді. 


29 
Осы қағаз бойынша колхоздан жәрдем ретінде бір қой, екі пҧт ҧн 
алыңдар,- деді.- Тоқтар қалқам, сен ӛзің жәрдемдесерсің. 
− Мақҧл, аға. 
Атына мініп кетуге ыңғайланған Нҧғыман: 
− Нәзира шырағым, егер бірдеңе қажет болса ҧялмай ӛзіме кел,- деді 
тағы да. 
Сӛйтті де атын тебініп жҥріп кетті. Бағанадан байқап тҧрғам, маған 
бастықтың аттан тҥсісі де, мінген кезі де, ат ҥстінде отырғаны да бір тҥрлі 
қызық кӛрінді. 
− Онысы несі? — деп сҧрағам Тоқтардан. 
− Кеудесіне кӛрсет киеді,- деді. 
− Ол не? 
− Темірден жасаған кеудеше. 
− Онысы несі, оқ ӛтпесін дей ме. 
− Әй, Қанат-ай, қайбір жетіскенінен киеді дейсің. Кеудесі ауру ғой, 
оның ҥстіне екі қабырғасы және жоқ. 
− Қабырғалары қайда кеткен? 
− Анау жылдары бай-қҧлақтар жерге тірідей кӛмгенде екі қабырғасы 
сынған екен, кейін оны операция жасап алып тастады. 
− Ә-ә… 
Қаралы қағазға қарап отырып апам кӛкемнің қырқын беретін кҥнді 
есептеп шығарған. Соған әзірлене бастадық. Анадағы колхоз берген қойды 
әжем аннан-мҧннан қаққыштап жем тауып байлап әжептәуір семірткен 
болатын, соны сойып алдағы жҧмада қҧдайы тамақ бермекпіз. Ҥйде отын 
жоқ еді. Нәзира әпкем екеуміз таудан тобылғы шауып әкелуге шықтық. 
Екеуміз тҥске дейін жҥріп, бҥр жарып гҥлдей бастаған тобылғыдан 
әрқайсымызға арқалап жҥре алатындай етіп лайықтап екі арқа тобылғы 
шауып алдық. Нәзира әпкем оларды тап-тҧйнақтай ғып буды да тӛмен қарай 
домалатып жібердік. Табанға тҥскен соң ӛзді-ӛзіміздің тобылғымызды 
арқалай бастағанбыз, ауыл жақтан қылтадан сопаң етіп Тоқтар шыға келді. 


30 
Анадайдан сҥйінші сҧрайтын адамша ыржиып кҥліп келеді. 
− Екеуіңнің отынды қалай домалатқандарыңды бағанадан кӛріп 
тҧрдым,- деп қояды. 
− Мҧның не, Тоқтар-ау?! Әнеу кҥні келісіп едік қой,- дейді Нәзира 
әпкем абыржып. 
Әнеу кҥні бҧл екеуі менің алдымда: «сӛзге ілікпеу ҥшін, кҥндіз жҧрт 
кӛзінше кездеспейік, бір-бірімізді кӛрсек, анадайдан бҧрылып кетейік»,- деп 
келіскен болатын. 
Оның ҥстіне соңғы кездері апам бҧл екеуінің жиі-жиі кездесулеріне 
наразы еді. Бірде Тоқтарды тоқтатып алып: 
− Қарағым, мен сені артықсынбасам кемсінбеймін. Қызымды сенен 
артық ханның баласына берер деп пе ең. Тек, уақыт болса мынадай, сенің 
алдыңда әлі әскери міндетің тҧр. Соны ӛтеп, аман-сау қайт. Қайтқан кҥннің 
ертеңіне ҥйге кеп қолынан жетектеп кетсең «тек» демеймін. Ал оған дейін 
басын қатырып, ҧятқа қалдырма. 
Тоқтар қып-қызыл: боп ҧялып: 
− О не дегеніңіз, тәте?! О не дегеніңіз?! Мен ондай емеспін ғой… 
Ондай емеспін…- дей берген. 
Сонан бері екеуі кездессе де, қас қағымдай уақыт қана сӛйлесіп, ете сақ 
жҥретін. Енді, міне Тоқтардың артымыздан келісі мынау. 
− Апам байқап қалады ғой, Тоқтар-ау… 
− Нәзира, маған шақырту келді, ертең жҥрем,- деді Тоқтар кҥліп. 
− Біржола ма? 
− Иә, біржола. Осы ауылдан ертең таңертең тӛрт адам аттанамыз. Әкем 
мен шешем де мені шығарып салуға осында келген, қазір нағашымдікінде 
отыр. Жаңа сытылып әзер шықтым. 
− Тоқтар-оу, Тоқтар-оу… сен әлі жас емессің бе?! Мҧның не?!. 
Нәзира әпкем ӛзі арқалайтын тобылғының ҥстіне теріс қарап отыра 
кетті. 


31 
− Қҧдай-ау, соғысқа баруға сен әлі жассың ғой…- деді тағы да, Нәзира 
әпкемнің даусы дірілдеп, соншалық аянышты шықты. Тоқтар болса со кҥлген 
кҥйінде тҧр, біресе маған, біресе Нәзираға жалтақтап қарай береді. Әлден соң 
Нәзира әпкем со теріс қарап отырған қалпында басына тартқан орамалын 
алып кӛзін сҥртті. 
− Жарайды, кешкісін уәделі жерге кел, біз Қанат екеуміз кҥтеміз,- деді. 
Ол тобылғысын арқаламақ болған, бірақ Тоқтар оған кӛтертпей ӛз 
иығына салып алды. Сӛйтіп ауылға кіре беріс кӛшеге дейін кӛтеріп барды. 
− Енді аз қалды ғой, ӛзіме бер,- деді Нәзира әпкем. Тоқтар тобылғыны 
жерге қойып, екеуі бір-біріне қарсы қарап тоқтаған. 
Тоқтар со бҧрынғысынша кҥліп тҧр, ал Нәзира әпкемнің кӛзі жасаурай 
береді. Тоқтардың бетінен сипады, онан қолынан ҧстады. 
− Келші кешкісін,- деді қайталап. 
Кешкісін мен Нәзира әпкемнің ақылымен мал қоралаған кезде, (мал 
дегенде ҥш ешкіміз болатын) тік мҥйіз сары ешкіні жекелеп бӛліп, ауылдың 
сыртына қарап айдап жібердім. Сӛйттім де апақ-сапақ шақта апама келіп: 
− Әлгі тік мҥйіз сары ешкі жоқ, жалғыз іздеуге қорқам,- дедім. 
− Әне, Нәзира екеуің іздеп келіңдер. 
Ӛзіміздің де тілегеніміз осы еді, зытып далаға шықтық та, уәделі жерге 
қарай жҥгірдік. Нәзира әпкем екеуміз ойлап тапқан қулығымызға мәз боп 
кҥлеміз. Қазір Тоқтар келген соң, апамды қалай алдап шыққанымызды оған 
да айтпақпыз. 
− Қанат-ай, сен сонан кейін, анау жерге барып тҧр, жарай ма? 
− Қорқам ғой. 
− Қорықпа. Неменеден қорқасың?! Мә, қолыңа мына таяқты ҧстап ал. 
− Мақҧл. Тек сендер кӛп сӛйлеспеңдер. 
− Жо, кӛп сӛйлеспейміз. 
Біз естіп тықыршып Тоқтарды кҥтіп тҧрдық. Бірақ ол келіп қоймады. 
Ымырт қараңғылығы қоюлана, дала тым-тырыс тынши бастады. Әлдеқайдан 


32 
зарлаған дауыс естіледі. Кҥндегі осы мезгілдегі әдетінше есігінің алдына 
шығып алып әндеткен жынды Бҥбітайдың даусы. 
Тоқтар әлі жоқ. Нәзира әпкемде тӛзім қалмады. 
− Неге келмей жатыр енді? — дейді маған. 
Мен қайдан білейін. Менің де мазам кетті. Уақыт деген зырлап ӛтіп 
жатыр. Қараңғыда біреу бізге қарай жҥрген. 
− Біз мҧндамыз! — дедім қуанып кеткен мен дауыстап. 
− Қҧдай атсын сен екеуіңді! — деді келе жатқан адам. Апам екен,- Әй, 
ҥйдің іргесінде маңырап жҥрген ешкіні айдаладан іздеп, сен екеуіңе, сірә, 
бірдеңе кӛрінген шығар. Жҥріңдер кәне! 
Нәзира әпкем екеуміз апамның алдына тҥсіп ҥйге қайттық. Дәл есікке 
таяғанымызда, біреу жҥгіре басып, біздің ҥйдің тҧсынан ӛте берді. Нәзира 
әпкем де, мен де танып қалдық, соның ӛзі. Мен: 
− Қазір кірем,- деп кейіндеп, сыртта қала бердім. Әрине, апамның 
аңдығаны мен емес, сондықтан маған онша кӛңіл бӛлместен Нәзира әпкемді 
алдына салып ҥйге кірді. 
Мен ҥйдің сырт жағында тҧрған Тоқтарға келдім. 
− Біз сені кҥттік. Кӛп кҥттік,- дедім оны кінәлап.- Ақыры, міне, 
соңымыздан апам барып қуып қайтты. 
− Кӛрдім. Бәрін де кӛрдім. Мен уақытында шыға алмай қалдым, Қанат-
ай. Әкем мен шешем екі жақтап жылап, тіпті тырп еткізбеді. Әлгінде ғана 
екеуін әзер дегенде қойғызып, шыққан бетім. Бар, Нәзира әпкеңді жіберші, ең 
болмаса бес минутқа. 
− Апам жібермейді ғой енді. 
− Бірдеңе ғып шықсын да… 
Мен ҥйге кіріп, апамның кӛзін ала бере Нәзира әпкеме сыртқа шық деп 
ымдадым. Бірақ Нәзира әпкем сыртқа шығудың еш ретін таба алмады. Бір-екі 
рет шығып кетуге оқталған еді, апам: 


33 
− Жә, отыр, сыртқа шығатын тҥк те жоқ,- деді зекіп.- Осыдан аяғыңды 
қия басып кӛр!.. 
− Бҧған неғып сонша қадала қалдың,- деген әжем ара тҥспек боп. 
− И-и, ене-ай, қажетсіз жерге араласып қайтесіз. Мҧны қазір еркіне 
жіберіп, ертең анау Жақыптың Гҥлсарасы қҧсатып не қыз емес, не әйел емес 
дегізейін деп отырсыз ба? Әне, қалды ғой, Гҥлсара зар еңіреп, Беріктен қара 
қағаз келді де. 
− Ей-ә, десеңші… У-уһ!..- деді әжем кҥрсініп. 
Тӛсекке жатқан соң да ҥлкендер кҥрсінісіп, «аһылап-ҥһілеп» 
ҧйықтамай қойды. Біз, Нәзира әпкем екеуміз, кереуетте жатқамыз, шеттегі 
маған кӛше жақ терезеден жылтыраған темекінің шоғы кӛрінді. Мен Нәзира 
әпкеме сыбырлап соны айттым. 
− Ол темекі тартпаушы еді ғой,- деді Нәзира әпкем де сыбырлап. 
− Енді, әскерге кететін болған соң, тартқаны ғой,- дедім мен. 
− Сен екеуің жыбырламай ҧйықтайсыңдар ма, әлде менен бірдеңе 
кӛргелі жатырсыңдар ма,- деді апам. 
Біз жым болдық. Мен терезеден кӛз алмай қарадым да жаттым, 
темекінің шоғы қозғалады, кейде ӛше бастайды да, сорған кезде қайта 
жайнап қоздайды. 
Ертеңіне таңертең әскерге аттанатындарды шығарып салуға бҥкіл ауыл 
жиналды. Бәрі жылап-сықтап қош айтысып, аман-сау барып қайтуларына 
тілек білдіріп жатыр. Әжем де, апам да осында еді. Тек Нәзира әпкем ғана 
ондық-мҧндық шаруа істеген боп ӛзіміздің ҥйдің алдында жҥр. Бері келуге 
апамнан батпайды. Қос ат жегілген арба қозғала бастады. Әкесі мен 
шешесінің қҧшақтарынан зорға деп босаған Тоқтар жҧртпен тез-тез 
қоштасты да, менің қасыма жҥгіріп келді. Мені қҧшағына қысып, қатты-
қатты сҥйді де: 
− Нәзира әпкеңе айт, мені кҥтсін,- деді. 
Енді байқадым, кӛзі жасаурап тҧр екен. 
− Қош бол! — деді сыбырлап. 


34 
Осы кезде Нәзира әпкем де біз жаққа қарап қадалып қалған екен. 
Тоқтар оған қоштасып қолын бҧлғады да арба соңынан жҥріп кетті. 
НҦҒЫМАН, ӘЖІБЕК, БАЙДАЛЫ 
Біз, бір топ бала, сәске кезінде ескі клубтың кӛлеңкесінде асық ойнап 
жҥргенбіз. Ойымызда дәнеңе жоқ, ойынның қызығына алаңсыз кіріскен 
шағымыз еді, клубтың тасасынан Әжібек шыға келді. Келді де тігулі тҧрған 
асықтарымызды тегіс сыпырып алды. Біз шулап қоя бердік. Біріміз 
жыламсырап, біріміз «ағатайлап» жалынып Әжібектің етегіне жабыстық, 
бірақ ол тісін ақситып ыржиған кҥйінде бірімізге де міз бақпастан асықтарды 
қалтасына салды. Шаужайлап жармасып болмаған бір-екі баланы май 
қҧйрықтан теуіп-теуіп жіберді. Амал қанша, әлімжеттік қылғанға кӛнгеннен 
басқа шара бар ма. Тӛбелесіп жеңе алмаймыз, ӛзімізді ҧрып тастайды, ҥйге 
барып шағым еткенмен Әжібек қатын-қалаш, кемпір-шалдың сӛзін қҧлағына 
да қыстырмайды, қайта ерегесер болса ҥлкендерге тас лақтырып, балағаттап 
кетеді. Ӛзін қуып және ешкім ҧстай алмайды, шапқан атқа жеткізбейтін жел 
аяқ. Соғыс кезінде ондай бәтуасыз, бетімен кеткенді жӛнге салар кім бар. 
Сӛйтіп ойынымыздың шырқы бҧзылды. Әжібек тҧрғанда асықты қайта 
тігіп ойнауға ешқайсымыздың батылымыз бармады. Ҧйлығып тҧрдық та 
қойдық. 
− Ал, кәне, асықтарыңды қайтып берем,- деді ол ойына бірдеңе 
тҥскендей кӛзі жылт-жылт етіп кҥлімсіреп. Сӛйтті де қалтасынан бір асықты 
шығарып: 
− Мынау кімдікі? — деп сҧрады. 
− Менікі,- деді асық иесі Сәмет. 
− Сенікі ме…- Әжібек қақырынып ап, асыққа тҥкірді де: — Мә 
асығың,- деп Сәметке қайтып берді. 
Анау асығын алмастан кӛзі жасаурап теріс айналған. Әжібек оны бір 
қолымен шап беріп желкесінен ҧстай алды да, енді кеңсірігіндегі бар 
қақырығын жинап алып, асыққа тағы жақты. 
− Мә, ҧста асығыңды, әйтпесе кӛкеңді танытам,- деді кіжініп. Анау бҧл 
жолы да алмаған. Әжібек енді асықты қақырық-тҥкірігімен оның қалтасына 
салды да ӛзін бҥйірлете теуіп кеп жіберді. Сәмет анадай жерге топыраққа 


35 
бҧрқ ете тҥсті де, бақырып жылап ҥйіне кетті. 
− Бар кет! Маған десең қҧдайыңа бар шағынып. О несі-ей, менің 
қақырығымнан жиіркенгені. Осыдан балалардың маңына жолап кӛрші!.. 
Ешқайсың жолатушы болмаңдар. Онымен ойнағаның менен жақсылық 
кҥтпеңдер! — деді ескертіп. 
− Мынау кімнің асығы? — деді Әжібек енді екінші асықты шығарып. 
− Менікі,- деді шашын ҧстарамен бҥгін ғана алғызған Бәтен деген бала. 
− Әй, сенің тақырайған маңдайың жақсы екен, кәне, бері кел,- деп 
қасына шақырды да, Бәтеннің маңдайына дың-дың еткізіп екі шертіп, асығын 
қайырып берді. Біз кҥлкіге баттық, ал Бәтен кӛзі жасаурап, маңдайын 
сипалай берді, бірақ жылаған жоқ. 
Осылайша біріміздің асығымызға тҥкіріп, бірімізден шертпек алып, 
бір-екі баланы май қҧйрықтан теуіп, онан қалған асықтарды қҧлаштап тҧрып 
лақтырып жіберді де: 
− Барыңдар, тауып алыңдар! — деп қарқылдай кҥлді. Сӛйтіп, 
қалғандарымыз оның тәлкегінен оңай қҧтылдық. 
Онан соң Әжібек алым-жҧлым жейдесін шешіп тастап кӛк шӛпке 
етбетінен жатты да: 
− Әй, жетпегірлер, кәне, келіңдер, бойымның қҧрысып тҧрғаны, 
кішкене жыбыр-жыбыр жасап жіберіңдерші! — деп бҧйырды. 
«Жыбыр-жыбыр» — Әжібектің біраздан бері ойлап тапқаны. Ӛзі 
қышыма қотыр, сол қышыған кезде қолды-аяққа тҧрмай безілдейді-ау, 
қолмен қасуға әйенкестенеді де жҧмсақ шӛппен жыбырлатады. Ӛзі 
жыбырлатқанға айызы қанбай, бҥкіл ӛне-бойын бізге жыбырлаттырады. 
«Жыбыр-жыбыр» осыдан кеп шыққан. 
Қазір де біз жапа-тармағай кеп, біреуіміз табанын, біреуіміз алақанын, 
біреуіміз жотасын, желкесін, қҧлағының тҥптерін жҧмсақ шӛппен 
жыбырлатып сипап, қытықтауға кірістік. 
Әжібек кӛшенің шетіндегі кӛк шӛптің ҥстінде қап-қара боп тыриып 
рақатқа батып, маужырап жатыр. Сыриған кҥс-кҥс қол-аяғын соза тҥседі. 
Белінде, екі қолының қары мен білегінде,- екі балтырында қотыры бар, 
соларын шӛппен жыбырлатқан кезде жаны кіріп, аузынан сілекейі шҧбырып 
кетеді. Сәлден соң шалқасынан аударылады, енді кӛкпеңбек боп қабысқан 


36 
қарнын жыбырлатамыз. 
− Тағы да, тағы да… Кішкене жоғарырақ… сәл тӛмендеу…- деп есі 
кетеді. Біз онан сайын жанымыз қалмай бар ӛнерімізді салып-ақ 
жыбырлатамыз. Жыбырлататын шӛпті де таңдай білу керек: аса жҧмсақ 
болса қышындырмайды, ал сәл қатаңдау болса тікенше қадалуы мҥмкін. 
Ондайда Әжібек жыбыр-жыбырды дҧрыс жасай алмаған баланы не теуіп 
қалады, не жҧдырықпен салып жібереді. Егер біреуімізге риза болса: 
− Маладес, маладес…- деп мақтап қояды. 
Шіркін, Әжібектің мақтауын естігеннен артық бақыт бар ма екен 
десеңші! Мақтау естіген бала оның ең жақын етенесіне айналып, басқалардан 
сҥйем қарыс биіктеп кетуші еді. Ол кҥні ондай баланың десі жҥріп, 
әрқайсымызға орынды-орынсыз қожаңдап тиісе беретін. Арқа сҥйері 
Әжібектің ӛзі болған соң кімнен қорықсын. 
Бҥгін до сӛйтіп әркім ӛз ӛнерін салып Әжібекті жыбыр-жыбыр 
жасадық. Қабысқан қарындағы қатпар-қатпар қышымаға шӛп тигенде 
Әжібектің мҥлде есі кетті. Сілекейі шҧбырған ҥстіне шҧбырып, тілі 
салбырап, бет-аузы қисаңдады да жатты. Бҥкіл ӛне-бойы қалақай шаққандай 
қып-қызыл боп бӛрте бастаған. 
− Уһ, рахат-ай!.. Уһ, рахат-ай!..- деп ыңқылдап кеткен. 
− Әй, бҧларың не? — деген дауыс бәрімізді селк еткізді. 
Атымен дәл ҥстімізге тӛніп кеп колхоз бастығы Нҧғыман тҧр екен. 
Әжібек жайлап басын кӛтеріп, малдасын қҧрып отырды. 
− Ҥстім дуылдап қышып болмаған соң, мыналарға жыбыр-жыбыр 
жасатып жатыр едім,-деді байсалды ҥнмен. 
− Жыбыр-жыбыр дейсің бе? Қызық екен. Ал енді қотырыңды 
мыналарға жҧқтырасың ғой. 
− Е, жҧқса бҧлар менен әулие ме? 
− Қой, олай деме. Ӛз қотырыңды жҧртқа жҧқтырып қаскӛйлік жасама. 
Ондай адам кӛгермейді. Қайта бҧлар ҥйірсектей берсе, ӛзіңнен аулақ ҧста. 
Сен осылардың ішіндегі естиярысың ғой, бҧларды жамандыққа емес, 
жақсылыққа баулуың керек. 


37 
− Бҧ жетпегірлерді баулып-ақ жҥрмін Қиқаңдағандарын ептеп 
тӛмпештеп те алам, тірісіне тірі кӛкесін, ӛлгендеріне ӛлген кӛкесін танытып 
қоям. 
− Сен ӛзің тіпті ірі сӛйлейді екенсің, ә. Кәне, бір әңгімелесейікші,- деп 
Нҧғыман атынан тҥсіп, қасымызға отырды.- Жә қорықпа, тиіспеймін. 
− Кез келгеннен қорқа беретін қоян жҥрегіңіз мен емес. Неменеге 
қорқам, сіз азар болса сілейтіп тҧрып бір сабарсыз қазір, ал мен ӛскеннен 
кейін оның есесін он есе ғып қайтарам ғой. Сіз шал болған кезде. 
Нҧғыман кҥліп жіберді. 
− Қалқам, біріншіден мен сені соқпаймын, ал екіншіден сен ер жетіп 
ӛскенше тірі де болмаймын. Мына соғыс аяқталғанға дейін жаным шыдаса со 
да олжа маған. 
− Соғыс қашан аяқталады? 
− Кім біледі, қашан аяқталатынын. Осы кҥні біздің әскерлер жаудың 
ӛкшесін жерге тигізбей қуып барады ғой. Енді кепке созылмас. 
− Сіз соғыстың тез біткеніне қуанбайтын шығарсыз,- деді Әжібек. 
− Неге? 
Соғыс тез бітсе, сіз де тез ӛліп қаласыз ғой. 
− Жоқ, мен тез біткеніне қуанам. Мен ӛлгенмен мына сендер 
барсыңдар ғой. Қотырдан жазылып, нанды қалағандарыңша тойып жеп, 
мынау ит талағандай алым-жҧлым шоқпыттарыңды тастап, әп-әдемі киініп, 
гҥлдей жайнап ойнап жҥрсеңдер, онан артық қандай мҧрат болмақ адамда. 
− Ой, олай болу қайда-а?..- деді Әжібек кҥрсініп.- Шіркін, ақ нанға 
ыңқия бір тойып ап ӛлсем, еш арманым болмас еді-ау! 
− Сенің арманың оңай екен. Енді бірер айдан кейін астық піседі, сол 
кезде мен біздің ҥйдегі апаңа бір пеш қып ақ бӛлке пісіртейін, бір тойшы. 
− Шіркін-ай, сӛйтіңізші. 
− Тек соған дейін менің сендердің барлығыңа салар бір қолқам бар. 


38 
− Айтыңыз. Мен ӛзім-ақ орындатам. Бҧлардың бірде-бірі менің 
айтқанымнан шықпайды. 
− Сендердің топыр-топыр боп кӛшеде осы жҥрістерің маған ҧнамайды. 
Соғыс болса анау қиян-кескі. Бәріңнің де әкелерің, ағаларың жауған оқтың 
астында қан кешіп жҥр… 
− Менің соғысқа кеткен ешкімім де жоқ, әкем соғысқа бармай-ақ 
ажалынан ӛлген,- деді Әжібек.- Сондықтан маған солса бәрібір. Ал, мына 
ақымақтар ғой,- деді ол барлығымызды жағалай мегзеп,- саналарында тҥк 
жоқ. Әлгінде асықтарын мен тартып алмасам ғой, әлі кҥнге ойнай беретін еді. 
− Соғыста туыс-туғаның бар ма, жоқ па — ол есеп емес. Жауға қарсы 
кӛтерілу біздің бәріміздің де міндетіміз. Сондықтан былай болсын, балалар, 
ертеңнен бастап қолдарыңа бір-бір орақ алып, егіннің арам шебін отауға 
шығыңдар. Кҥнде тҥсте егіннің басыңда ыстық тамақ бергіземіз. 
− О-о, онда барамыз. 
− Ыстық тамақ дейсіз бе? 
− Ол қандай ыстық тамақ? 
− Ет тураған кӛже,- деді Нҧғыман. 
− Оһо!-һо-о!.. 
− Ур-ра, жҧмысқа барамыз!.. 
− Келістік пе, балалар? — деді Нҧғыман орнынан тҧрып. 
− Келістік, келістік… 
− Онда бригадирлерің мына Әжібек болсын. 
Оған да бір ауыздан келістік. Әжібек мҥлде шіреніп, тіпті жер баса 
алмай қалды. Ол аздай Нҧғыман тағы да: 
− Ал, бригадир, сен мына қотырыңды емдетуің керек. Ат берейін, бҥгін 
Қоңырға емханаға барып қайт,- деді. Сӛйтті де Байдалыға бір жапырақ қағаз 
жазып берді. Онан соң қалтасынан елу сомды және суырып алды.- Мә, мына 
ақшаға дәрі ал. 


39 
Нҧғыман кетісімен Әжібек жҥруге жиналды. Әуелі: 
− Ал, жҥгірмектер, жӛкелеріңнің қандай екенін кӛрдіңдер ғой. Біліп 
қойыңдар — деп, бәрімізді ӛзіне қҧдайдай бір табындырып алды да, 
әрқайсымызға бҧйрық бере бастады: -Қоңырға барып қайтқанша қарным 
ашады ғой, сондықтан сен, Қайрат, Самат екеуің маған қҧрт-ірімшік тауып 
әкеліңдер. Ҥйлеріңнен, болмаса анау Қазима кемпірдің есігінің алдында 
бағана қҧрт жаюлы тҧрғанын кӛргем, содан ҧрлап әкеліңдер. Ал сен, Қанат, 
мә, мына қағазды Байдалыға тапсыр да берген атын алып кел,- деді, әлгінде 
Нҧғыман жазып кеткен бір жапырақ қағазды маған берігі. Қуанып кеттім. 
Әжібектің атын әкеп бергеннен асқан мәртебе бар ма, десеңші шіркін. 
Жҥген тауып ап жҥгірген бойда ҧста дҥкені жақта жҥрген Байдалыға 
келдім, осылай да осылай деп бастықтың қағазын ҧстаттым қолына. Байдалы 
шал хат танымайтын, сондықтан қағазды қайыра ӛзіме ҧсынды да: 
− Кәне, оқышы! — деді. 
− «Бәке, мына Әжібекке бҥгінше бір ат беріңіз. Қоңырға емханаға 
барып, қотырына дәрі алып қайтсын. Нҧғыман.» 
− Әй, саған емес, Әжібекке дейді ғой. 
− Иә, Әжібек мені жіберді. Ӛзі анау жерде тҧр. 
− Ә, басыңды… шақша бас. Енді оған да малай керек болды ма?! Бар, 
ӛзі келсін деді де! 
Мен мойныма су кеткендей сҥмірейіп, кейін қайттым. Қайрат пен 
Самат ҧрлап әкелген ірімшік-қҧртты Әжібек қалтасына тығып тҧр екен, мен 
Байдалының айтқандарын айттым. 
− Ӛй, жаман неме. Бастықтың қағазы қолыңда тҧрғанда со Байдалымен 
тәжікелесіп, сен де… Қолына қағазды ҧстаттың ғой? 
− Ҧстаттым. 
− Е, болды. Онан әрі қораға кіруің керек еді де, тәуір деген атты 
жҥгендеп мініп, алып келуің керек еді. Мынадан ба, мына Қанаттан тҥк 
шықпайды. Осы адам болса мына мҧрнымды кесіп берейін. Әкел жҥгенді 
бері! 
Сӛйтіп Әжібек ӛзі кеткен, сәлден кейін Байдалының торы жорғасымен 
текіректетіп шыға келді. Соңынан баж-баж етіп жер-кӛкті жҧлып жеп 


40 
Байдалы келеді. Қолында білем темір. 
− Әй ит, тоқта деймін енді! Жаныңның барында тоқта!.. Осыдан 
қолыма тҥссең жақсылық кҥтпе!.. Апыр-ай, бҧ итке басқа ат жетпегендей, 
менің мініп жҥрген атымда несі бар-ей!.. Тоқта деймін!.. 
− Қолдан бермегенді ӛстіп жолдан аламыз. Әкеңізден қалған ат жоқ, 
ақсақал, бҧл колхоздың аты,- деп Әжібек тебініп-тебініп қояды.- Онысы нес-
ей, сіз бригадир болсаңыз мен де бригадирмін бҥгіннен бастап. Әлгінде, 
мыналардың алдында колхоздың бастығы ӛз аузынан сайлады. 
− Қап, мына шақша басты-ай, ә!.. Әй, ең болмаса, астыңа тоқым сап 
мінсеңші, әйтпесе алдыңдағы аттың арқасын қҧртасың ғой! 
− Мә-мә-мә-мә!..- деп Әжібек оған бет-аузын қисаңдатып мазақтады да, 
біздерге: — Ал қош-аман бол. Жағалбайлы, Тӛлегенің Қыз Жібектей аруды 
әкелуге Ақжайыққа жол тартты! — деп, торы жорғаның басын Қоңырға 
қарай тҥзеп шаба жӛнелді. Артына қарап Байдалыны мазақтай тҥсіп ақсия 
кҥліп қояды. Әжібектің тақымы атқа тисе қалай жҥретіні белгілі ғой, әне-міне 
дегенше белден-бел асып мҥлде кӛрінбей кетті. Аяғымен жер тепкілеп, 
Әжібекті жер-жебіріне жете боқтап-сілеп Байдалы шал қала берді. 
− Ә, шақша бас!.. Шақша бас!.. Осыдан қайтып келерсің, бәлем! — деп 
кіжінеді.- Әй, сендер кӛрдіңдер ме, мына қағазды шынымен бастықтың ӛзі 
жазды ма? 
− Иә, ӛзі жазды. 
− Мына жерде тҧрып жазған. 
Былай тҧрып жазды,- десіп, біздер жан-жақтан жамырай растадық. 
− Қап, мына шақша басты-ай, ей ә! Бәрінен де қорлығы торы жорғаны 
мініп кеткенін айтсаңшы. Пішен басталғанша біраз кҥн белі суысын, 
отықсын деп ӛзім де мінбей жҥр едім. Қап!.. 
Байдалы шал қайтадан ҧста жаққа кетті де, біздер сол орнымызда 
ҧйлығып қала бердік. Әжібектің мына ісін тамсана сӛз ғып, сҥйсініп, тауыса 
алмаймыз. Енді екі кӛзіміз Қоңыр жақта: «Қашан қайтар екен Әжібек? Не 
бітіріп қайтар екен? Шіркін-ай, тезірек қайтсашы»,- деп тілейміз. Ойын 
дегеннің бәрі жайына қалды. Тҥу, Әжібектің мына ерлігінің қасында ойын 
деген сӛз бе екен. Тҥскі тамаққа да ешкім ҥйіне қайтқан жоқ. Қоңырдың 
жолына телміре қараймыз. Әжібекті зарыға кҥтеміз. Бірақ Әжібек кҥн 


41 
батқанша қайтқан жоқ, со кҥйі ҧшты-кҥйлі жоғалды. 
Ертеңіне таңертең сырттан, терезенің тҥбінен: 
− Қанат, тҧр жҧмысқа! — деген ащы дауыстан ояндым. Ҧшып тҧрып, 
кӛзімді уқалай сала, жейдемді жҥре киіп тысқа шықсам, клубтың жанына 
кешегі жерге балалар жиналып та қалған екен, қолдарында бір-бір орақ. 
Бәрін ҥйді-ҥйіне барып оятып, жинап, басқарып жҥрген Әжібек екен. 
Әжібекті кӛргенде қуанып кеттім. Әжем берген тамақты апыл-ғҧпыл іше сап, 
қолыма орақ алдым да мен де жҥгірдім. 
Әжібек ӛзінің кешегі Қоңырға барып қайтқан сапарын айтып тҧр екен. 
− Лектірге барып, сау басыма сақина тілеп, мені жын қағып кетіп пе. 
Барсаң бас салып жатқызып қояды олар. Сондықтан барғам жоқ. Қоңырдың 
дҥкеніне кірдім де елу сомға тҥгел екі қалтамды толтырып қамыт сатып 
алдым. Әй, бір тойғанымша жедім-ау. Талқан кҥйсегендей кҥрсілдеттім-ау. 
Былай уыстап аламын да аузыма толтырып тҧрып, әй кҥрсілдетіп кеп 
шайнаймын. Қоңырдың бер жағындағы сайға келдім де, торы жорғаны 
шылбырмен тҧсап қойып, қант пен ірімшікті қосып жеп, су ішіп рақаттанып 
тойып кӛк шӛптің ҥстіне жатқам. Ҧйықтап қаппын. Кӛзімді ашып алсам, кҥн 
батып кетіпті, атқа міне салдым да ауыл қайдасың деп аңыраттым… Міне, екі 
қалтамда да қанттың ҧнтақтары әлі жҥр,- деп ол екі қалтасын айналдырған. 
Біз алақандарымызды тосып, тҥйір-тҥйір қанттың ҥгінділерін тілімізге 
тигізіп, соның ӛзіне мәз боп қалдық. 
− Нҧғымен дәрі алдың ба деп сҧраса не дейсің? 
− Ой, сол нені біледі дейсің, алдым дей салмаймын ба. Міне, мына бір 
қалбырға салидол мен ақ топырақты араластырып шылап-шылап салып 
алдым, сенбесе осыны кӛрсетем, дәрі деп… 
Кеңсе жақтан атқа мінген Нҧғыман шыға келді. 
− Ал дайынсыңдар ма, балалар? 
− Дайынбыз. 
− Онда қазір Жарбҧлақтағы кҥздікке барыңдар. 
− Ой, алыс қой. 
− Жаяу қалай барамыз. 


42 
− Тәйірі, сендерге жер алыс па, жарысып ойнап қазір жетіп 
бармайсыңдар ма? Тҥсте арттарыңнан ыстық тамақ жібергізем. Ал, Әжібек 
бригадир, сенің бҧл тҧрысың не? Баста бригадаңды. Ӛзің кеше емханаға 
барып қайттың ба? 
− Барып қайттым. 
− Дәрі алдың ба? 
− Алдым. Мінекей,- деп Әжібек әлгіндегі қалбырды кӛрсетті. 
− Дҧрыс болған екен. Ал енді бригадаңды баста ӛзің. 
Бәріміз Әжібектің аузына қарадық. 
− Немене тҧратыны бар, кеттік кҥздікке,- деді Әжібек. 
Әжібектің бастауымен Жарбҧлақтағы кҥздікке қарай тартып кеттік. 
Ауылдан ҧзап шығып, тӛбе асқаннан кейін Әжібек бәрімізді иіріп тоқтатты. 
− Ақымақтар, жҧмысшыға бастықтың кӛлік бергенін қашан кӛріп 
едіңдер,- деп бәрімізді сӛгіп алды.- Мҧндайда тапқырлық керек. Әне, 
ӛгіздерді кӛрдіңдер ме? 
− Бақташысы жҥр ғой. 
− Кӛлбай керең ӛлсе жолатпайды. 
− Қазір мен оның жӛнін табам,- деді Әжібек. Сӛйтті де бас киімін алып 
бҧлғап Кӛлбай кереңді шақырды. 
Ат ҥстінде одырайып біз жаққа қарап тҧрған Кӛлбай керең далбақтай 
шауып жетіп келді. 
− Ассалаумаликум! — деді Әжібек. 
− А?! — деді Кӛлбай керең естімей. 
Әжібек оның қасына барып, қҧлағына айқайлады. 
− Ассалаумаликум деймін! — деді. 
− Әликісалам! — деді Кӛлбай керең ақырын ғана. 


43 
− Сізді Байдалы ауылға келіп кетсін деді. 
− А?! 
− Сізді Байдалы ауылға…- деп Әжібек аттандай айқайлады. 
− Мына ӛгіздерді қайтем? — деді Кӛлбай керең тағы да ақырын сӛйлеп. 
− Ӛгіздерді қасқыр жемейді. Ӛздері жайыла тҧрады. 
− Е, мейлі онда. Барсам барып қайтайын,- деді де Кӛлбай керең ӛгіздер 
жаққа бір қарап қойды да, жусай жайылған олардың ешқайда кетпейтініне 
кӛзі жеткендей болған соң, атының басын ауыл жаққа бҧрып, бҥлк-бҥлк 
желіп жҥріп кетті. 
Кӛлбай кереңнің қарасы кӛзден таса болысымен-ақ ӛгіздерге екеу-
ҥшеуден мінгесіп-мінгесіп алдық та, ӛңкілдете жарысып Жарбҧлаққа 
тарттық. Кҥздікке жетісімен ӛгіздердің бетін кейін қарай қайырып, ҧрып-
ҧрып қуып тастадық. Әжібек адымдап-адымдап әрқайсымызға жер ӛлшеп 
берді де: 
− Ал, жҥгірмектер, қиқаңдағандарыңды оңдырмаймын, дҧрыстап 
істеңдер жҧмысты,- деп, ӛзі әудем жерге барып, бҧталардың басын 
байластырып кҥрке жасауға кірісті. Онан соң ішіне қалыңдап шӛп тӛсеп, 
соның ҥстіне созыла жатты. 
− Әй, дҧрыс істеңдер! — деп басын шығарып анда-санда айқайлап 
қояды. 
Белуардан кеп қалған астық масақ жара бастаған, ҥлп еткен жел ҥрлеп 
ӛтсе-ақ болғаны судың бетіндей жыбырлап, толқын-дала жӛнеледі. Арам 
шӛптер астықтан гӛрі биіктеу ӛсіп кетіпті: алабота, сасыр қурай, 
сиырқҧйрықтар мен мҧндалап анадайдан кӛрініп тҧрады, орақты қылышша 
сермеп қиып тҥсіреміз де мәз боламыз: ӛзіміз ҧрыс даласындағы 
батырлармыз да, арам шӛптер — фашистер. Ӛстіп бір-бірімізді кеу-кеулеп 
елігіп жҥріп талай жердің арам шӛбін қалай отап тастағанымызды да, білмей 
қаппыз. Бір кезде арт жағымыздан Әжібектің: 
− Ойбай, аттан, аттан, тығылыңдар! — деген даусы шықты. Жалт-жалт 
қарадық. Әжібек зымырап кеп егіннің ішіне қойып кетті де, еңкеңдеп бҧға 
қалды. Енді кӛрдік, осылай қарай Кӛлбай керең шҥйіле шауып келеді екен. 
Лездің арасында барлығымыз да бӛденеше жып-жып етіп егіннің арасына 
бҧға-бҧға қалдық. Кӛлбай ентелеп кеп егіннің шетінде бізді сықпырта боқтап 
тҧр, атымен егінге кіріп аралап іздеуге батпады. Біраз қамшысын ҥйіріп, доқ 


44 
кӛрсетіп қоқаңдады да кӛзіне тірі жан тҥспеген соң айналып ӛгіздеріне кетті. 
Ішегіміз тҥйілгенше кҥліп алдық та, арам шӛп отауға қайта кірістік. 
Тҥсте ӛгіз арбамен ыстық тамақ та жетті. Байдалы ӛзі бастап келіпті, 
біраз аралап біздің жҧмысымыздың сапасын кӛрді. 
− Әзірге жаман емес екен,- деп қойды. 
Онан соң бәрімізді Әжібек жасаған ҥйшіктің қасына қатар-қатар 
отырғызып, аспазшы әйелге: 
− Аяма, тойғандарынша бер,- деп бҧйырды атала кӛжеден. 
− Еті бар ма? — деп сҧраған Әжібек 
Сол-ақ екен Байдалының Әжібек дегендегі шиқанының басы жҧлынды 
да кетті. 
− Ә, шақша бас, саған еті бар кӛже керек екен ғой,- деп қамшысын 
ҥйіре ҧмтылған. Әжібек ыршып тҧрып, қашып ҥлгірді.- Саған еті бар кӛже 
керек екен ғой… Кәне, жақындашы бермен, мен саған еті бар кӛжені 
кӛрсетейін! Әй, сенен кӛрген қорлық па, шектен асты-ау. Кеше торы 
жорғаны кешке дейін шапқылап қан сорпа қылдың. Бҥгін ғой, анау, кереңді 
алдап жіберіп, бҥкіл ӛгіздерді былай міндің. Қыс, кӛктем әбден титықтап 
шыққан байғҧс хайуандар, аз кҥн дем алсын деп ем. Сенің қорлығың ба, әй 
сенің қорлығың ӛтті-ау, әбден. 
− Ӛгіздерге жалғыз мен міндім бе, мыналардың бәрі де мінді. 
− Сен болмасаң осылар білер ме еді сол қулықты. Бәленің бәрі мына 
сенен шығады. Желкеңді қияйын ба осы, ә! 
Бірақ қанша ҧмтылып, тап-тап бергенімен Әжібекті ҧстай алмады. 
Ақыры ыза болған Байдалы: 
− Сен итке кӛже тҧрмақ кӛк су жоқ. Аштан қатырам! — деді. 
Біз сҥт қатқан атала кӛжені екі аяқтан ішіп, ыңқия тойып алдық. Тамақ 
тасыған ӛгіз арбаны алдына салып, Байдалы пішеншілерге кетті. Аш қалған 
Әжібектің қасына кеп, оның аш қалғанына ӛзіміз кінәлідей бастарымыз 
салбырап ҥнсіз отырдық та қойдық. Әжібек шынымен-ақ қарны ашқан болу 
керек, кӛзін уқалап жылап алды. 


45 
− Осы қақпасқа кӛресісін бір кӛрсетермін әлі,- деді тістеніп, онан соң 
біздерге: -Істемеңдер! Қараң қалсын егіндері! — деді. 
Біз бҧл бҧйрығын ҥнсіз мақҧл алдық. 
Ӛстіп отырғанымызда желе жортып Нҧғыманның келе қалғаны. 
− Ал, балалар, хал қалай? 
− Тҥске дейін жақсы істедік. Әне, аралап, тексеріп кӛріңіз. Ал енді 
істеуден бас тартып отырмыз,- деді Әжібек. 
− Иә, не боп қалды? Себебі не? 
− Себебі біріншіден мен ашпын. 
− Неге? 
− Байдалы маған кӛже бергізбеді. Екіншіден, кӛженің ішінде тҥйірдей 
де ет жоқ. 
− Қалайша? Сендердің тамақтарыңа деп қойдың бір санын бергізіп ем 
ғой. 
− Сенбесеңіз сҧраңыз мыналардан. 
Біз тҧс-тҧстан: 
− Рас, рас… 
− Кӛженің ішінде тҥйірдей де ет жоқ,- дедік шуылдап. 
− Жарайды, оны мен ӛзім анықтаймын. Әжібек, кәне, сен менің артыма 
мінгес. Ал сендер, балалар, жҧмысқа кірісе беріңдер. 
Әжібек бастықтың артына кӛзді ашып-жҧмғанша мінгесіп те алды. 
Әлгіндегі мҧңаюдың, жылаудың ізі де қалған жоқ жҥзінде, жайраң қағады. 
− Дабай, жҧмысқа кірісіңдер! — деп бҧйырып қойды бізге. 
Айналасы бірер сағаттың ішінде қайтып оралды Әжібек. 
− Кӛжеге де тойдым. Байдалыны да орнынан тҥсіртетін болдым,- деді 
масайрап.- Біздің тамаққа деп берілген етті ӛзі жеп қойған екен. Бастық 


46 
әлгінде, бҥкіл пішеншілердің алдында масқаралап, желкесінен шығарды. 
Бҥгіннен бастап біргәдірліктен босатам деді ӛзін. 
Кешкісін ауылға қайтқанымызда жҧрт клубқа жиналысқа жиналып 
жатыр екен. Ондайдан біз қалушы ма ек. Ҥлкендердің соңғы жағынан 
қараңғы тҥпкірде сабан ҥстінде апыр-топыр алысып-жҧлысып біз де 
отырдық. Біріміздің бас киімімізді біріміз қағып «анда кетті мҧндалақ, мҧнда 
кетті мҧндалақ» ойнаймыз. 
− Әй, балалар, тиышталыңдар! — деді бастық. Сәл тынышталдық. 
Жиналыс: бірінші, пішенге әзірліктің барысын талқылады, екінші, 
ҧйымдастыру мәселесі қаралып, «колхозшыларға тамаққа деп берілген етті 
қымқырып қалғаны ҥшін» Байдалы шал бригадирліктен босатылып, оның 
орнына менің апамды сайлады. Апам: «Істей алмаймын»,- деп бас тартып еді, 
жҧрт: «Істей аласың»,- деп шулап отырып алды. 
Қараңғыда, біреу қолымды қысты, Әжібек екен. 
− Маладес! — деді сыбырлап. 
Апамды айтқаны ма, әлде соның баласы болған соң мені айтқаны ма, 
білмеймін. 
Жиналыстан кейін ҥйге қайтып келе жатқанда апам бастыққа: 
− Нҧғыман-ай, осы жҧмысқа мені бекер сайладыңдар-ау. Соңғы кезде 
денсаулығым нашарлап барады, істей алмаймын ба деп қорқам,- деген. 
− Жеңгей-ай, кім денсаулығы жетіскеннен істеп жҥр дейсіз. Жә, 
қорықпаңызшы, істеп кетесіз,- деді Нҧғыман. 
Астықтың арам шӛбін бір айдан астам отағаннан кейін, бастық бізге бір 
кҥнге демалыс берді. Ертеңіне пішенге шығатын боп келістік. Бҧл кезде 
жҧмысқа едәуір кӛндігіп, мойынсҧнып алған едік. Бастық та біздің әжетке 
жарап қалғанымызға қуанып, келген сайын мақтап, риза боп кетеді. 
Жауды жеңуге ҥлес қоспады деп ертең сендерді кім айтар екен енді. 
Азамат болды деген осы, айналайындар,- деп қояды. 
Біз бҧрынғыдан әрмен жанымызды сала істейміз. Оның ҥстіне 
бригадиріміз 
Әжібек 
те 
желкемізден 
тҥспейді, 
әрқайсымыздың 
жҧмысымызды кӛз айырмай қадағалап, қит етсең бас салып тӛмпештеп 


47 
алады. 
Сӛйтіп, бір кҥнге арқамыз босап, демалыс алып, кӛшенің ортасында 
ойынға кірістік: доп қудық, асық ойнадық, одан екіге бӛлініп қызылдар мен 
ақтар боп соғыстық. Әжібек бҧл ойындардың бірінде де болған жоқ. Ол тҥске 
жақын бір-ақ шықты ҥйінен. 
− Әй, жетпегірлер, бері келіңдер! — деді самарқау ғана даусы 
дарылдап. 
Ҧйқыдан жаңа тҧрған екен, басы-кӛзі ісіп кетіпті, шашы ҧйысқан 
мамық. 
− Бҥгін ҧйқым бір қанды,- деді есіней тҧрып.- Әй, Қайрат, анау 
шәугімді әкеп су қҧйып жіберші, беті-қолымды жуып алайын! 
Беті-қолын жуып тҧрып, әрқайсымызға қолының суын сілкіп, біз 
ыршып-ыршып тҥскенге ӛзі рақаттана кҥліп, мәз боп қалды. Жуынып болған 
соң бәрімізге жағалай бастан аяқ бір қарап ӛтті де, жақтырмайтындағы 
әдетімен бет-аузын тыржитты. 
− Ой, ӛңшең тобан аяқ қулар, азып-тозып ойнағаннан ӛзге ғой ештеңені 
білмейсіңдер. Пайдалы бірдеңе ойлау деген ғой жоқ сендерде. 
Біз пайдалы ештеңе ойлай алмайтын кінәмізді толық мойындап, ҥнсіз 
тҧрмыз. Рас қой енді: «тобан аяқ» десе,- тобан аяқпыз, «азып-тозған» десе,- 
азып-тозғамбыз, не дейік, жайымызды басқа білмесе де Әжібек біледі. 
Сондықтан ӛзінен сӛз кҥтіп аузына телміре қараймыз. 
− Былай, жетпегірлер, тҥскен кейін осы араға жиналыңдар, қауынға 
барамыз,- деді. 
Біз, балалар, сәл аңтарылып қалдық та, артынша біреу: 
− Қауын әлі піскен жоқ қой,- деді. 
− Кім айтады?! Ой, салпы ауыз. Сен нені білуші ең. Мҧрныңды бет қып 
жіберейін бе осы! Әне, астық сарғайды ма? Ендеше қауын пісетін кез болды. 
Ал кім барады? 
− Мен барам! 
− Мен!.. 


48 
− Мен!..- деп шулап қоя бердік. 
− Жоқ, бәрің бірдей бармайсыңдар,- деді Әжібек. Сӛйтті де: — сен 
барасың. Сен… сен…-деп ӛзіне серіктікке жарайды-ау деген он баланы 
іріктеп алды. Сол онның бірі мен болдым. 
Тҥстен кейін Әжібек бастап кҥн батыстағы Ағешкі сайын бетке алып 
жҥріп кеттік. Ағешкі сайы ауылдан алты-жеті шақырым. болатын. Сайдың 
ішінде колхоздың мал қыстайтын қораларын кҥзетіп Тоқтардың әкесі — 
Шымырбай деген жалғыз ҥйлі шал отырушы еді. Кемпірімен екеуі ала 
жаздай бақша салып, қауын-қарбыз ӛсіретін. Бақша салуды еріккеннің ермегі 
сияқты кӛретін біздің ауыл ҥшін Шымырбай шалдың қауын-қарбызы анда-
санда барып, жеп қайтып тҧратын таңсық нәрсе ғана болатын. Ҥлкендер 
жағы: 
− Әй, осы Шымырбай алжиын деген шығар, сірә. Енді қартайғанда кӛк 
шӛпті кҥнкӛріс қып,- деп сыртынан жазғыратын да, қапырық ыстықта 
қаңырығы тҥтеп кеп суық қарбыздан қарбыта асап, тамсана отырып шӛлін 
басатын. Ал балалар жағы қауын-қарбыз пісті дегенше, Шымырбай шалдың 
ҥйінен шықпаймыз. Ауылдан безіп, ҥйді ҧмытып, Ағешкі сайында кӛкқарын 
боп жатып аламыз. Кемпір-шалдың кҥнделікті толып жатқан шаруасын 
тындырып, баласындай боп кетеміз. Қысқасы бҧл кез біз ҥшін де, кемпір-шал 
ҥшін де абыр-дабыр қызыққа толы кӛңілді кҥндер болатын. Жақсы дәурен 
еді. 
Міне, сол Шымырбай шалдың ҥйіне биыл бірінші рет бара жатырмыз. 
Қауын-қарбыздың піскен, піспегенін әзірге білмейміз. Бар ҥмітіміз, дәлеліміз 
Әжібек айтқан «астықтың сарғайған» белгісі. Ӛйткені қауын-қарбыз бҧл 
кезде пісуі тиіс. Қара жолдың ыстық топырағын борпылдата отырып, бірде 
жарыса жҥгіріп, бірде аяңдап кҥн еңкейе Шымырбай шалдың ҥйіне де жеттік. 
Анадайдан бірі сарыала, бірі аққасқа қабаған иттері арсылдай кӛтерілген. 
Әрқайсысы тайыншадай, адамның зәре-қҧтын ҧшыратын тӛбеттер еді. Жалаң 
аяқ, жалаң бас тыраңдап келе жатқан біздерді сонадайдан танып, кӛріп 
тҧрған Шымырбай: «Жә, жатыңдар!» — деп иттеріне жекіп тастады. Біз 
болсақ: 
− Ассалаумалейкҥм, ата! 
− Ассалаумалейкҥм, ата! — десіп жамырасып алдына келдік. 
− Уағалайкҥм ассалам! Ой, ҥлкен азамат болыңдар,- деп шал риза боп 
сәлемімізді алды. Әрқайсымызға кӛз қиығын сала тҧрып: 


49 
− Опай, ӛздерің былтырғыға қарағанда дырдай жігіт боп есіп 
қапсыңдар ғой,- деп қойды. 
− Әй, кемпір, мына қонақтарға айран бер. Ал, балалар, ҥйге кіріңдер, 
мен мына бір шӛпті тҥсіріп тастайын. Жӛн сҧрау сонан кейін болат та. 
Сӛйтті де қарт есек арбаға тиелген шӛпті тҥсіруге қайта кірісті. Шӛпті 
жаңа ғана тиеп әкелген беті болса керек. Бір-екі ашадан кейін алаша 
шекпенін шешіп, есік алдындағы бақанға апарып іліп қойды да әр жерінен 
ыдырап сетіней бастаған бәтес жейдесінің жеңін қайырды. Маңдайының 
терін сҥртіп, бӛркін қайта киіп алды. 
− Әй, желтіректеме, абайла, шаншу ҧстап қап жҥрмесін,- деп қойды 
кемпірі. Онан соң бізді жақтырмаған кейіп танытып жыртия бір қарады да: 
— Әне, отырыңдар! — деді лапастың ішін нҧсқап. 
Біз қҧрым киіз тӛселген лапастың ішіне кеп жайғаса отырдық. Ӛзімізге 
бҧрыннан таныс, талай аунап-қунап жатып жҥрген лапасымыз, жылда келген 
сайын діңгек тіреулерге ескерткіш қып ойып, яки сия қарындашпен 
әшекейлеп жазып кеткен аттарымыз да со кҥйі. Кемпірдің де жақтырмағанын 
кӛңілімізге алғамыз жоқ. Ӛйткені мінезі ӛзімізге мәлім — әуелде ӛстіп 
қабағын кіржитіп бырысып-тырысқанымен, артынан жаны қалмай асты-
ҥстімізге тҥсетін болады әлі. Сондықтан ә дегенде жҧп-жуас боп монтиып 
отыруымыз керек. Сәлден кейін кемпір ҥйден ағаш шелекке толтыра 
ҧйытылған айранды алып шықты. Жаңа ғана ҧйыған, әлі шеті ойылмаған 
уыздай боп мӛймілдеп тҧрған айран екен. Қышқылтым иісі аңқып сала берді. 
Ернімізді бір-бір жалап ҥлгірдік. 
Кемпір болса асықпай, әуелі, бір шетінен сыры кӛшкен ескі тостағанға 
бір-екі қасықты қҧйып алды да: 
− Піссімілда,- деп ӛзі ҧрттап дәмін кӛрді. Сонан кейін ғана сол жалғыз 
тостағанмен шетімізден жағалатып бере бастады. Тостаған кіші ме, әлде 
біздің қарнымыздың аштығы ма, бір тостаған айран бҧйым қҧрлы болған 
жоқ. Сіміріп-сіміріп салдық та, ернімізді жалап, тамсанып отыра бердік. 
Бірақ кемпір тостағанды бір жағалатқаннан кейін қайтып қҧймады. 
Әлден уақытта шебін тҥсіріп боп Шымырбай қарттың ӛзі келді. Бір 
тостаған айранды ҧрттай отырып, ішті де: 
− Әй, кемпір, әлгі Тоқтаржаннан келген хаттарды әкеші, мына 
балаларға оқыталық,- деді. 


50 
Кемпір ҥйіне кіріп кетті де, ақ бәтеске ораулы бір бума хатты алып 
шықты. Онан соң аяқ жаққа отырып бәтестің орауын жазды да, ӛліпті таяқ 
деп танымаса да әр хатқа ҥңіле қарап қойып: 
− Бҧрын келген хаты осы,- деп әуелі бір хатты ҧсынды. Ішімізде хат 
оқуға жҥйрік Санат деген бала бар, бәріміз соны мегзедік. Санат хатты 
қолына алды да, судыратып оқи жӛнелді. Хатты судыратып оқу да 
мақтаныш. 
Бірінші хатта Тоқтар жараланып госпитальға тҥскенін жазыпты. 
Жарақаты жеңіл екен оқ бҥйірін жалап ӛткен кӛрінеді. Хатты бҧрын да ары 
ӛткен, бері ӛткендерге талай оқытып, талай жылаған кемпір бҧ жолы да иегі 
кемсеңдеп қоя берді. 
− Жарығым… қайтып шыдады екен? Жанына батпады дейсің бе?..- деп 
кҥңкілдеп қойды. 
− Жә, енді қоя тҧршы жыламай,- деді Шымырбай. Санат келесі хатты 
оқыған: мҧнда Тоқтар жарақатының жазылып қалғанын, тәуір болғанын 
жазыпты. 
− Иттің баласының еті жақсы еді, маған тартқан. Қандай жара болса да 
ем-домсыз тез жазылып кететін,- деп Шымырбай мәз бола сӛйледі. 
− Иә, со қашанда ӛзіңді қолпашта, байғҧс,- деді кӛз жасын сҥрткен 
кемпір. 
Санат ҥшінші хатты оқыды: онда да со госпитальда жатқанын тәуір 
болғанын жазыпты, ал тӛртінші хатта қайтадан майданға аттанып бара 
жатқанын жазған, бесінші хат — майданнан жазылыпты. Жауып тҧрған 
оқтың астындамыз депті. 
Кемпір тағы да жылады. 
Алтыншы, жетінші хат, бәрі де со жауып тҧрған оқ астында жазылған 
екен. Ең соңғы хат осыдан бір ай бҧрын келген, онан кейін хат жоқ… 
Шымырбай қарт орнынан тҧрып кетіп, әр нәрсені бір шҧқылай 
бастады. Сірә, бізге кӛз жасын кӛрсеткісі келмеген болар. Кемпір болса ағыл-
тегіл жылап отыр. Ҥн шығармайды, бірақ кӛз жасы тыйылар емес. 
− Қҧлыным… қайда жҥр екен?..- деп аһ ҧрып кҥрсінгенде, біздер де 
жас толып қалған кӛзімізді бір-бірімізден тайдырып, жер шҧқып кеттік. 


51 
Әлден соң кемпір беті-қолын жуып кеп, әлгіндегідей емес, кәдімгідей 
дастарқан жайып, ҥйден ала дорбаны алып шығып, бір таба нанды алдымызға 
қолымен опырып турады да, әлгіндегі ағаш шелектегі айранды араластырып-
араластырып қайта қҧйды. Бҧл жолы әрқайсымызға жеке-жеке тостаған тиді. 
Біз таба нанды аузымызға бҧралай тығып шайнамай қылғытып, айранды 
қомағайлана сіміреміз. 
− Іше ғой, айналайын, кәне тағы ішші,- деп кемпір де ҥстелей тҥседі. 
Ағаш шелектегі айран да, дорбадағы нан да әп-сәтте сап болды. 
Қарнымыз қампиып қозғала алмай қалдық. Бір-бірімізге мҧртымыздан кҥле 
қараймыз. Кемпір болса: 
− Айналайындар…- деп елжіреп отыр. Ауық-ауық ҧлы есіне тҥсіп 
кететін болу керек: 
− О-оһ! — деп терең кҥрсініп қояды. 
Керіліп-созылып орнымыздан тҧра бастағанбыз. Шымырбай қарт 
қасымызға қайтып оралды. 
− Ал, балалар, жол болсын,- деді. 
Біз жымың-жымың етіп бір-бірімізге сен айт, сен айт дегендей 
тҥртпектесіп тҧрдық та, ең соңында бәріміз жол басшымыз еді-ау, деп 
Әжібекке тоқталдық. 
− Қауын жегелі келдік,- деді ол тҥйеден тҥскендей етіп. 
− Ә, бар бҧйымтайларың сол ма? Жӛн-жӛн,- деді Шымырбай шал 
сақалын тарамдай тҧрып, ойланған кейіпте: 
− Бірақ менің бір қысылып тҧрған жайым бар, балалар. Қауын әлі 
піскен жоқ қой, әне, пәлекте жатыр,- деп ҥй іргесінен жҥз-жҥз елу қадамдай 
жердегі жыраны кеулеп салынған бақшасын нҧсқады. Тӛңкерілген қара 
қазандай ҥлкен-ҥлкен қарбыздар теңкиіп-теңкиіп кӛрінеді. Қызыға-қызыға 
кӛз тастап, бір-бірімізді тағы да тҥртпектейміз. 
− Әнең қарашы! — деп Санат маған сыбыр ете қалды. Кӛк есектің 
алдында бір ҥлкен қарбыз жарылып жатыр екен. Әжептәуір. Қам жҥгіріп 
қызара бастаған қарбыз. Енді бәріміз сол қарбызға қарап қаппыз. 
− Міне, кӛрдіңдер ме, әлі піспеген. Мал ҥзіп кеткен екен кеше, жарып 
кӛк есектің алдына тастадым,- деді қарт әлгі жарылған қарбыздың бір бӛлегін 


52 
аяғымен қозғап. 
Әжібек сол жарты қарбыздың ҥстіне тӛніп тҥсе жаздап тҧр. 
− Былай болсын, балалар, сендер араға енді бір он кҥн салып келіңдер 
әй бір, қарық қылайын бәріңді де,- деді Шымырбай. 
Біз қипақтасып кете қоймай, біресе кӛк есектің алдында жарулы жатқан 
қарбызға, біресе анау пәлекте теңкиіп жатқан қарбыздарға қарай бергенбіз. 
− Әй, Тоқтаржанның кӛкесі-ау, кӛк қарбызды аяйсың ба, біреуін әкеп 
жарып бер балаларға, кӛрсін,- деді осы кезде кемпірі. 
− Сен де қызықсың, піспеген жемісті ҥзуші ме еді. Ол болмайтын 
ырым,- деп Шымырбай қарт кесіп тастады.- Сӛйтіңдер, балалар, енді он 
кҥннен кейін келіңдерші… 
Басымыз салбырап, сҥлесоқ басып, келген жолымызбен ауылға 
қайттық. Кҥн еңкейіп, кӛлеңкеміз ҧзара бастаған. Алдымызға тҥсіп ап, ербең-
ербең етеді: қол аяғымыз шидей ҧп-ҧзын, басымыз соп-сопақ, менің 
кӛлеңкем анау деуге намыстанасың. Біріміздің кӛлеңкемізді біріміз мазақтап, 
жыртақтап кҥлеміз: асқабаққа теңейміз, қиярға теңейміз, астауға теңейміз, 
келсапқа теңейміз… теңемейтін затымыз қалмайды. 
Жыланша бҧралаңдаған ирек жолмен біріміздің артымыздан біріміз 
тізіліп жотаның ҥстіне шықтық. Иіріле қап кейін қарағанбыз. Шымырбайдың 
ҥйі табанда сай ішінде жәпірейіп кіп-кішкентай ғана боп қалыпты. 
Мҧржасының тҥтіні будақтайды, тасада тығылып отырып тартқан 
шылымның тҥтіні сияқты: қарттың ӛзі қорасының тӛбесінде бағанағы шӛбін 
жаймалап жҥр, кемпірі есігінің алдында кҥйбің шаруаға кіріскен, ал кӛк есек 
ойыншық сияқты кіп-кішкентай боп сол бір орнында сілейген де қалған. 
− Бір қарбызын аяды-ау мына шал,- деді Әжібек тісінің арасынан 
сӛйлеп.- Зәуімен сонау ауылдан келгенімізде кӛк есегі ғҧрлы болмадық қой. 
Қап, қорлығы-ай, мына қақпастың. 
Әуелі ренішпен жай бастаған сӛзінің соңын кіжіңмен аяқтады. 
− Ал енді ерегескенде бар ғой, бҥгін осы шалдың қауын-қарбызынан 
дәм татпай кетпеймін. 
− Мен де,- деді Қайрат іле қоштап. 


53 
− Мен де,- деді тағы бір бала. 
Сол-ақ екен, тҧс-тҧстан, бәріміз де: «Мен де, мен де» — десіп шулап 
кеттік. 
− Айтқанымнан қайтпан, ант етем сендердің алдарыңда,- деп Әжібек оң 
қолын кӛкірегіне апарып, батып бара жатқан кҥнге қарап тағзым еткен. Мына 
қылығы бізге мҥлдем қатты әсер етті, кәдімгі ҥлкен жорық алдындағы ердің 
антындай. Дереу бірімізден кейін біріміз Әлсібектің сӛзін қайталап, батар 
кҥнге қарап тағзым ете тҧрып ант бердік. 
− Жҥріңдер, кҥн батқанша анау қылтада жасырынып жатамыз,- деді 
Әжібек.- Шабуылға шығардың жоспарын сол жерде ойластырамыз. 
Әжібектің айтқаны біз ҥшін екі дегізбес заң. Қайрат пен және бір 
баланы барлаушы ғып жотаның ҥстіне отырғызып қойды. Ол екеуі 
Шымырбай шалдың ҥйіне біреу кеп, біреу кете ме, тҥнге қарай не істеп, не 
қояды соны тегіс бақылауға тиіс. Қалғандарымыз тасаға барып жасырынып 
жаттық. Бастаушымыз ӛзің, бір саған сендік дегендей бәріміз Әжібекке қарай 
береміз. 
− Кәне, мені бір жыбыр-жыбыр жасап жіберіңдерші,- деп ол етпетінен 
жата кетті. 
Тау шӛптерінің арасынан бір-бір шоқтан таңдап алып жыбыр-жыбырға 
кірістік. Әжібек тағы да, ой, есінен танып, рақатқа батты дейсің. Шетімізден 
мақтау естіп, мәз боп қалдық. 
− Бәрің менің сарбазымсыңдар, оң қолымсыңдар! — деп бір тастады.- 
Бҥгіннен бастап жҧбымызды жазбайтын боламыз. Біреуіңе қиянат істер адам 
болса, ол біздің бәріміздің қас жауымыз. 
Шіркін, сол кезде жер ҥстінде біздерден бақытты жан болды ма екен?! 
Әй, қайдам! Әжібектің қарамағында болу, оның айтқандарын қалтқысыз 
атқарып, нӛкері боп жҥруден артық не арман бар еді бізде. 
Ҥсті-басы әбден қызарып, қотырларының аузы қанталаған Әжібек 
орнынан тҧрды. 
− Жыбыр-жыбырға осы жердің шӛбінен алып кету керек екен,- деді. 
− Алып кетуге болады. Мен мына жейдемнің етегін ышқырланып алам 
да, ішіне салып жҥрем,- деді мәймӛңкелеген бір бала. 


54 
− Мен де сӛйтіп алам,- деді екінші бала. Қойшы, қысқасы, әлгі жердің 
шебінен бәріміз де жейдемізді қампитып тығып алдық. 
Кештің тҥсуін кҥтіп иіріліп отырмыз. Кҥн қып-қызыл боп шелденіп 
батуға таяу. Найза тастардың ҧштары бояулы қарындаштай қызыл кҥрең 
тартып жан-жақтан состиып тҧр. Аспандағы ала шабыр бҧлттардың бауыры 
жарып-жарып қойған қарбыздай қып-қызыл. 
− Хе-хе-хе-хе, шіркін! Қазір кҥн батсын кішкене, аш бӛрідей тиісерміз, 
бҥйірден,- деп сақылдай кҥлді Әжібек, батырлар жырын оқығандай 
мақамдап. 
Діңкелеп шаршаған кҥн де ҧясына барып қонды-ау ақыры. Найза 
тастар ымырт қараңғылығына сҧғынып қарауыта бастады. Тау жақтан 
салқын самал соқты. Бойымыз сәл тоңазып, орнымыздан ширыға кӛтерілдік. 
Шабуылға шығатын тҧсты бағана кҥн жарықта Әжібек белгілеп қойған: 
Шымырбай шалдың ҥйінің желке тҧсындағы тік қабақтан дәл қауындықтың 
ҥстіне қҧлап тҥспекпіз, жегенімізше жеп, кӛтергенімізше алып, у-шусыз сол 
тікпен қайта кӛтеріліп кетпекпіз. Біздің жоспарымыз бойынша Шымырбай ол 
тҧстан ҧры келеді деп кҥтпейді де, ештеңені сезбей де қалады. 
Әлгі тік қабаққа келдік, алды-артымызға қарамастан темен қарай 
шҧбыра домалап жӛнелдік. Қалың бӛргез, тобылғы, қараған ӛскен, жықпыл-
жықпыл тастары кӛп қия екен. Әзер тҥстік. Алдымыз қауындыққа жетіп бір-
бір қарбызды кӛтеріп ҧрып, енді бас қоя бастағанбыз, Шымырбайдың 
бағанағы тайыншадай тӛбеттері арсылдап қоя берместері бар ма. Ең болмаса, 
бір асап ҥлгірмеген жарулы қарбызды тастай сала кейін қарай зыттық бәріміз 
де. Сҥріне-қабына, бірімізді-біріміз басып кетердей боп тік қияға қаштық. 
Тӛбеттер арсылдап жетіп те қалған. Артқы бір-екі бала қорыққандарынан 
бақырып жіберді. Осы кезде ҥй жақтан: 
− Майлыаяқ, Қҧттӛбет! Кә, кә! — деген Шымырбайдың даусы шығып 
жанымыз қалды. Екі тӛбет те ҧмтылғандарын қойып, жай ғана арсылдай ҥріп 
кейін қала берді. 
Біз болсақ ӛліп-ӛшіп, екі ӛкпемізді қолымызға алып, қияның ҥстіне 
шықтық. Бӛргез тікен мен бҧталар ҥсті-басымызды алым-жҧлым ғып жіберді. 
Қияның ҥстіне шыққан кезде Әжібек: 
− Кәне, тас жинаңдар! — деп бҧйырды.- Егер қуатын болса шалды да, 
иттерін де тастың астына аламыз. 


55 
Дереу қараңғыда сипаланып жҥріп тас жинай бастадық. Бірақ 
Шымырбай артымыздан қуған жоқ. Әлден уақытта тӛменнен: 
− Әй, балалар! — деп дауыстады.- Шырақтарым, бҧларың не? Піскен 
жоқ деп бағана айтпап па ем ӛздеріңе. Міне, піспеген кӛк қарбызды босқа 
жарып тастапсыңдар. Не шықты содан. Әй, балалар-ай!.. Ӛздерің жейтін 
қауын-қарбыздар еді ғой. 
Біз тырс етіп дыбыс берместен қҧлағымызды елеңдей тігіп тыңдап 
тҧрмыз. Демігіміз әлі басылар емес. Шымырбай тағы бірдеңелерді айтып 
кҥңкілдеп сӛйлеп жҥр. Арпылдап ҥріп қоймаған иттеріне: — Жә, жатыңдар, 
әрі! — деп жекіргені естілді. Кемпірі келді. Екеуі кҥңкілдей сӛйлесіп, біраз 
жҥрді. Онан соң! — Әй, балалар! — деп, бізге бір-екі рет дауыс берді де, 
жауап болмаған соң иттерін ертіп, ҥйлеріне кетті. Сірә, бізді де кетті деп 
ойласа керек. 
− Біржола ҧйықтасын енді,- деп қойды Әжібек.- Қап, жаңағы менің 
жарғаным піскен қарбыз еді, алып кетті-ау, ә. 
− Мен ортасынан бір асап едім, тәп-тәтті екен,- деді Қайрат. 
Біз сол отырғаннан ҧзақ отырдық. Қараңғылық әбден қоюланды. 
Табанымыздың асты тастай қараңғы шыңырауға айналды, ҥңірейіп 
жатыр, бір кішкентай ғана от жылт-жылт етеді. Шымырбай шалдың есігінің 
алдындағы қоламтаның оты. 
− Ал еріңдер соңымнан! Домалап кетпей, абайлап тҥсіңдер! — деп 
сыбырлап бҧйрық етті Әжібек. Ӛзі тӛмен қарай қараңғылыққа сҥңгіп кетті, 
аяқ астындағы тастардың тықыры, бҧта-бҧтаның сыбдыры ғана естіледі. 
Қалғандарымыз жҥрексініп іркіліп қалғанбыз. 
− Жҥріңдер! — деп зекіген бҧйрық естілді тӛменнен.- Тек дыбыс 
шығармаңдар! 
Қараңғыда қолымызға ілінген бҧта-бҧталардан қарманып ҧстанып біз 
де домалана жӛнелдік. Тік қия, ӛте тайғақ, мҥлт бассаң кеткенің, бӛргез 
тікендері, сойдиған бҧталар ҥсті-басымызды жҧлмалап, тырналап келеді, аяқ 
асты — қырлы тастар сҥрініп омақаса жаздайсың, табанды тілгілейді. 
Сҥріне-қабына қауынға да жеттік. Әжібек ҥлкен бір қарбызды жерге 
гҥрс еткізіп қойып қап, қақ айырып, қолды салып та жіберіпті. Қомағайлана 
асайды. Қолымызға ілінгенді біз де жерге қойып қап бір-бір асап ҥлгірдік. 
Піспеген ап-ащы екен, тастай бере келесі бір теңкиіп жатқанды кӛтеріп 


56 
ҧрдым. Сӛйтіп, қозы қораға тҥскен аш бӛрілердей әп-сәтте қауындықтың 
ҥстін әлем-тапырық қылдық, қолға іліккеннің жарылмағаны қалмады, жесек 
те, жемесек те жара бердік. Бҥлдірудің қҧмарлығы, қызығы әбден билеп 
алған еді бойымызды. 
Әуелде ҥнсіз келіп сақтықпен кіріссек те, сәлден кейін кей бірімізді 
есірік жеңіп, дыбыс шығарып «аһылап, ҥһілеп», бір-бірімізге дауыстай 
мақтанып, мҥлдем есіріп кеттік. Шу-шу етіп аяғымызға ілінген қарбыз 
желілерін тепкілеп ҥзіп, қараңғыда қарбызға таласа бастадық. 
Осы кезде Шымырбайдың қос тӛбеті тағы да арпылдап ҥре бастады. 
Біреуі тіпті ҧлып-ҧлып ҥрген. 
− Жә, ӛй, ӛз басыңа кӛрінгір! — деген шалдың даусы шықты. 
Біз тағы да зәре-қҧтымыз қалмай кейін зыттық. Тағы да бҧта-бҧтаға 
бет-аузымызды жырғызып қияға ӛрмеледік. 
− Тас! Тас! Тас алыңдар!.. Итті ҧратын! — деп бҧйырды Әжібек. Бірақ 
бір таңқаларлығы ҥй жақтан жҧлқынып ҥргендері болмаса иттер әлгіндегідей 
қуған жоқ соңымыздан. Оның есесіне: 
− Әй, иттің балалары-ай, сендерді ме! — деп ақырған Шымырбайдың 
даусы ӛте жақыннан естілді. Сірә, ӛзі қуып келе жатса керек. 
Біз қияның орта тҧсына таяп к,алғанбыз. Балалардың біреуі ҥлкен бір 
тасты сайға қарай домалатып жіберген, сайдың іші салдырлай жӛнелді. 
Сӛйткенше болған жоқ, тағы біреу тас домалатты. Алды-артымызға қарамай 
тағы зыттық. Соңымыздан салдыр-гҥлдір домалаған тастардың жаңғырығы, 
«о-о!..» — деп кҥңірене айқайлаған Шымырбай шалдың даусы естілді. 
Біздерді қарғап-сілей бастады. Кӛпке дейін басылған жоқ. Тау арасын 
жаңғырықтырып зарлай созған даусы естілді де тҧрды. 
Біз сол қашқан бойда екі-ҥш жотаны асып барып, бір-ақ тоқтадық. 
Алдымызда келе жатқан Әжібек кейін қайырылып: 
− Тҥгелсіңдер ме? — деп сҧрады. 
− Тҥгелміз. 
− Ештеңе ала алдыңдар ма? 
− Мен екі қарбыз алдым,- деді Қайрат. 


57 
− Маладес! 
− Мен де екеу алып қашып едім, біреуін домалатып алдым,- деді Санат. 
− Мен мына бір ҥлкен қарбызды алып шықтым,- деді тағы біреу. 
Сӛйтіп ҧрлап шыққан қауын-қарбыздарымызды ортаға салдық. 
− Ал енді бҧларды ауылға апаруға болмайды,- деді Әжібек.- Осы арада 
отырып рақаттанып жеп алайық. 
Айдалада, тҥннің бір ортасында су татыған кӛк қарбыз бен кӛк 
қауындарды дірдектей отырып жеп алдық… 
Ертеңіне ҥй ішіндегі абыр-дабырдан ерте оянып кеттім. Бет-аузым 
тҥндегі жеген қауын-қарбыздан сірне-сірне боп тырысып қапты. Ернімді 
жалап керіп едім, дҥрдиіп ісіп кетіпті, ҧшық шыққан сияқты. Ҥй ішінде әжем 
мен кӛрші кемпір сӛйлесіп отыр екен. 
− Сорлы Шымырбай, сорлады ғой, сорлады ғой,- деді әжем кҥйзелген 
ҥнмен. Мен елең етіп қҧлағымды тҥргем: Тоқтардан қаралы қағаз кепті, 
ауылдың ақсақалдары жиналып соны естіртуге барғалы жатыр екен. «Тҥу, 
мен де бір, тҥндегі жорығымызды сетіп қойды ма деп, зәрем ҧшса, қаралы 
қағаз екен ғой…» — деп ойладым. 
Бҧ балалық дегенді қойсаңшы. Сол бір оқиға есіме тҥссе кҥні бҥгінге 
дейін кірерге жер таппай қысыламын. Сонымыз не біздің? Неге біз сондай 
болдық? Жалғыз ҥй шал-кемпірге не ҥшін қиянат жасадық сонда? Жазығы не 
еді олардың? Неге?.. Неге?.. Бәлкім, балғын балалығымызға жара салған 
соғыс кінәлі шығар, кҥтімсіз ӛскен жабайы алмадай ащы болуымыз да содан 
шығар, жабайы алманың тісті қамап сырқырататыны тәрізді жанға батар 
қылықтар істеуіміз де содан шығар? Кім білсін. Бір нәрсе ғана ақиқат: ӛзің 
ақымақ, әрі қорқақ болсаң жауыз болуың да оп-оңай, тек бастаушың болсын. 
Сәлден кейін Нҧғыман кешегі қауынға ҧрлыққа аттанған 
барлығымызды кеңсеге шақыртып алды. Менің апам да осында екен. Екеуі де 
тҥнеріп ашулы отыр, бізге жек кӛріп суық қарайды. Ортамызда Әжібек жоқ 
боп шықты. 
− Әлгі басшысы қайда бҧлардың? — деді Нҧғыман біздерді шақырушы 
балаға. 


58 
− Ол таң атпай тҧрып станциядағы нағашысына кетіпті. Сол жақтан 
жҧмыс істеп, оқу оқимын дейтін кӛрінеді. 
− Қашқан тҥрі ғой. Сол жақтан-ақ ҧстаймыз оны. Ал сендерді қазірден 
бастап анау тас қораға он кҥнге қаматам, ешқандай тамақ бергізбеймін,- деді 
Нҧғыман біздерге тҥйіле қарап.- Сендердей ҧрыларды аштан қатырғаннан 
басқа амал жоқ. 
Біздер зәре-қҧтымыз қалмай дірілдеп кеттік. Нҧғыманның тас қораға 
апарып он кҥн бойына қамайтынына, еш тамақ бергізбей аштан 
қатыратынына титтей де кҥмәніміз болған жоқ. Мен араша тҥсе ме дегендей 
апама қарағам, мҥлде селт етер емес, қабағын қарс жауып алған, алдында 
баласы — мен емес, тура бір фашист отырғандай тҥсін бермейді. Нҧғыман 
одан: 
− Сіз балаңызды қамағанға қарсы болмайсыз ба? — деп сҧраған. 
− Жоқ, қарсы емеспін. Алыс бір жаққа айдатып жіберсеңіз тіпті жақсы 
болар еді. Мҧндай қарақшы баланың маған барынан жоғы,- деді апам 
тҥңілгендей. 
Мен шыдай алмай жылап жібердім. 
− Апатай-ай, ендігәрі ондай ештеңе істемейін, кешірші мені… 
кешірші… 
Сол-ақ екен басқа балалар да шуылдап жылап қоя берді, олар да 
бастыққа, менің апама ӛлердегі сӛздерін айтып, жалынып-жалбарынып 
кешірім сҧрап жатыр. 
− Жарайды,- деді әлден уақытта Нҧғыман,- бір жолға кешірейік. 
Ендігәрі олай істеуші болмаңдар. 
− Істемейміз. 
− Енді Әжібекке ілеспейміз,- деп бір ауыздан уәде бердік. 
− Барыңдар! — деді енді Нҧғыман даусын жҧмсарта сӛйлеп,- Бір 
сағаттан кейін пішенге баруға дайындалып, осы кеңсенің алдына 
жиналыңдар. Байдалы арбамен Қоғалыбҧлаққа апарып салады. 
Айтқанындай бір сағаттан кейін қос ат жегілген Байдалының арбасына 
тиеліп, 
ауылдан 
алты-жеті 
шақырымдағы 
пішеншілер 
қосы 
— 
Қоғалыбҧлаққа жол тарттық. Қос кӛк ат бастарын шҧлғып қойып, сонадан 


59 
қорғаншақтап ӛздерін ӛздері қҧйрықтарымен сабалап бҥлк-бҥлк желеді, арба 
борпылдақ қара жолмен былқ-былқ етіп тербетіледі. Тӛңіректегі балқҧрақ 
сәске кҥннің қыздыра бастаған аптабына майланған қайысша балбырап, 
былқып тҧр. Гҥл қуған неше тҥрлі кӛбелектер сайпалақтай ҧшып аттардың 
баурына, арбаның астына кіріп кете жаздайды, ал шегіртке дегенің 
жыртылып айырылып жатыр, Аттың шашасынан шашылған қҧмдай 
бытырайды. Байдалы шал дамылсыз сӛйлеп келеді. Бар сӛзі Әжібекті 
жамандау. 
− Бас бітімі жаман ғой иттің шақшадай боп. Әй, әсте жақсылық шыға 
қоймас ол бастан. О, ол ма? Ол әлі жер ӛртейді, кӛріңдер де тҧрындар. Осы 
айтқаным келмесе мына мҧрнымды кесіп берейін,- деп қояды. 
Қоғалыбҧлаққа жеткен соң әрқайсымыз бір-бір ӛгіз сҥйреткінің басына 
мінуге бӛліндік. Мен әуелден-ақ Нәзира әпкемнің жетегіндегі сҥйреткінің 
басына мінуді меншіктеп алғам. Солай қарай жҥрдім. Мені анадайдан 
таныған Нәзира әпкем де жайраң қағып қуанып қарсы ҧмтылды. Он кҥндей 
кӛрмегенге сағынысып қаппыз. Мені баурына қысып қҧшақтап бетімнен, 
кӛзімнен сҥйді. Ӛзі кҥнге әбден қарайыпты және бір байқағаным бҧрынғыдан 
да гӛрі ӛсіп, толысып кеткен сияқты. Мҧрнының ҥсті шып-шып тершіп тҧр. 
Қҧшағы да, демі де ып-ыстық екен, мені де лезде терлетіп жіберді. 
− Әжем, апам ауырмай ма? Балалар қалай? Ауылда не жаңалықтар бар? 
Маған хат келген жоқ па? — деп бастырмалата сҧрап жатыр. Әрине, хатты 
кімнен кҥтетінін мен жақсы білем. 
− Бәрі аман, бәрі жақсы. Ешқандай хат келген жоқ,- деймін мен, бірақ 
кӛзіне тура қарап айтуға жҥзім дауаламай, теріс айналдым. Тоқтардан келген 
қаралы қағаз есіме тҥскенде жҥрегім суылдап қорқып кеттім. 
− Ал жарайды, кейін сӛйлесерміз. Кәне, ӛгізге мін,- деп аяғымнан 
кӛтеріп мінгізді,-Келгендерің жақсы болды ғой, әйтпесе ӛзіміз ӛгіз жетектеп, 
одан шӛмеле тиеп ит әуре боп жҥр едік. 
Мен егіздерді қақпайлап шӛмелелерді жағалата жҥріп отырдым да, 
әпкем сҥйреткіге шӛп тиеуге кірісті. Қимыл-қозғалысы нық, қарулы. Анда-
санда маған кҥле қарап қояды. Сҥйреткіге шӛпті таудай қып тиегеннен кейін 
салынып жатқан маяның тҥбіне әкеп, маяшыларға кӛтеріп бере бастады. 
Маяның ҥстінде Кӛлбай керең екен, қағып алып жаймалайды. 
Тҥсте қос басына жиналып, тамақ ішуге отырдық. Әйелдердің бірі: 


60 
− Балалар, айтсаңдаршы, ауылда не жаңалық бар? Ешкімнен жаманат 
хабар жоқ па? — деп сҧраған. Осы арада Қайрат: 
− Ойдағы Шымырбай шалдың баласынан қаралы қағаз келді,- деп дҥңк 
еткізіп қойып қалды. 
− Не дейді? 
− Не дейсің, ойбай, Тоқтардан ба?! — десіп әйелдер шу ете тҥсті. 
Нәзира әпкемнің, отыра бергені сол еді, кӛзі шарасынан шыға жалт етіп 
Қайратқа қадалды. Қайрат болса қаннен-қаперсіз қаралы қағаздың қашан 
келгенін, ауыл ақсақалдарының жиналып Шымырбайдікіне естіртуге 
кеткенін егжей-тегжейімен айтып шықты. Енді бір сәтке жҧрт тегіс Нәзира 
әпкеме қарай қалған. Ол басын тҧқыртқан кҥйде ӛңі бҧзылып, сҧрланып ӛне 
бойы дір-дір етіп, менің білегімнен тастай қып қысып ҧстап алды да, 
мелшиіп отырды да қойды. Тоқтарды естеріне алып, кӛздерін сығымдаған, 
әке-шешесіне жанашырлық айтқан әйелдердің сӛздеріне де селт еткен жоқ. 
Алдына қойылған быламық кӛжеге де қол созған жоқ, со кҥйі қалды. Жҧрт 
орындарынан кӛтерілген кезде, ол да тҧрып, мені ертіп әлгіндегі сҥйреткіні 
доғарған жерімізге қарай жҥрді. Жасаурай берген кӛзін маған кӛрсеткісі 
келмей аспанға, ала шабыр бҧлттарға қарады. 
Кешке дейін ләм деп сӛйлеген жоқ, жҧмысты ҥнсіз істеді. Екі-ҥш рет 
айырға сҥйене тҧрып әбден титықтап шаршағандай жабырқау, жҥдеу кейіпте: 
«О-о…» деп кҥрсініп қойды. 
Жҧмыс қас қарая тоқтатылып, пішеншілер қос басындағы, қҧжынаған 
жынды кӛбелектер мен шыбын-шіркейлердің талауына тҥскендей жалп-жҧлп 
еткен май шамның кӛмескі жарығында қалғып-мҥлгіп отырып кешкі 
тамақтарын ішті де, әркім қалаған жеріне шӛп тӛсеп, қисая-қисая кетті де 
ҧйқыға кірісті. Мен Нәзира әпкемнің ірге жағына кеп тығыла жатқам. Енді 
ҧйықтап барады екем, астымдағы қурайлы шӛп сылдыр етті. Селк ете тҥсіп, 
кӛзімді ашқам, Нәзира әпкем тҥрегеп кетіп барады екен. Алды-артына 
қарайтын емес, қараңдап алыстап барады. Ҧшып тҧрдым да соңынан ілестім. 
Қараңғыда аяғыма шӛгірлер батып ҧшып тҥсе жаздаймын, бірақ сонда да 
Нәзира әпкемнен кӛз жазбай келем. Қостан кеп ҧзап, алыстап кеттік. Бір 
кезде алдымда келе жатқан Нәзира әпкемнің ӛксігені, одан ҥн шығарып 
жылағаны естілді. Тағы біраз жҥре тҥскен соң, кәдімгідей дауыс салып 
жылады. Әуеліде сӛйлеп-сӛйлеп алып жылаған: 
− Неден осынша бақытсыз болдым. Неден осынша сормаңдай едім. 
Жарық дҥние-ау, қай кҥні ғана қарғысыңа шалынып тудым екен. Әкеден 
айырылғаным анау, сҥйгенімнен айырғаның мынау… Неден жаздым?.. 


61 
Неден?.. 
Біраздан кейін сӛзді қойып, ыңырсып жылап, зарлы жоқтауға ауысты. 
Ӛзі дамылсыз жҥріп келеді, шабылмаған қалың шабындыққа шыққамыз, 
соны кешіп келеді, сӛйтіп келе жатып жоқтау айтып келеді. Жанына батқан 
қайғыға қабырғасы қайысып, егіле жылап, зар илейді. Мен де жылап келем. 
Тоқтарды есіме тҥсіріп, ол енді еш уақытта Нәзира әжеме кеп, біздің ҥйді 
торуылдап жҥрмейді-ау деп, ойлаған сайын ішім удай аши тҥседі. Ӛкіріп 
жылағым келді. Нәзира әпкем қҧсап ішімдегімді мен де сӛзбен, зарлы 
жоқтаумен шығарғым келеді. 
− Тоқтар аға!.. Тоқтар аға!..- деп еңіреп жылап жібердім де алға қарай 
жҥгірдім, шабындыққа аяғым оралып сҥрініп жығылғам, тҧра сап қайта 
жҥгірдім. 
Нәзира әпкем екеуміздің қҧшақтарымыз айқаса кетті, айдалада екеуміз 
де ішіміздегі қҧсталықтарымызды ағыттық. Дауыс сап, кӛрісіп тҧрып 
жыладық. Қанша уақыт жыладық, аз ба, кӛп пе, білмеймін. Есімді жиып, 
басымды кӛтерсем, бозарып, қауынның тілімімдей боп ай туған екен. Айнала 
тӛңірек бозамық тартып, май шамның жарығы тҥскендей боп кӛмескі 
кӛрінеді. Әпкем екеуміз ӛксігімізді тартып қойып, солығымыз басылғанша 
отырдық. Ол мені шашымнан сипайды, баурына тартып қыса тҥседі. Бауыры 
жып-жылы. 
Біреу ӛкпе тҧсымыздан ағараңдап жҥріп ӛтті. 
− Ӛк! Ой арам қатқыр, ӛк! Сыпатай-ау, былай қайырсаңшы!.. 
Жынды Бҥбітайдың даусы. Қорқып кеттім. 
− Байғҧс, кҥнде тҥн жарымында осы жаққа кеп, жоқ малды қайырып 
жҥргені. Ӛстіп қаңғып жҥріп бір кҥні далада ӛліп қалады ғой,- деді Нәзира 
әпкем ауыр кҥрсініп. 
Бҥбітай ӛзімен-ӛзі сӛйлеп ҧзай берді. Бір сәт алыстан зарлаған әні 
естілді. 
Қара кӛзім, 
Жете алмадым, 
Жер шалғай, 


62 
Жалғыз ӛзім… 
Кӛпке дейін естілді де тҧрды. 
Біз, Нәзира әпкем екеуміз, ақырындап аяңдап қос басына қайттық. 
Шабындық ҥстін шық басыпты, аяғым суланып келеді. Ӛне бойым дірілдеп, 
тітіреніп қоям. 
КҤЗ БЕН ҚЫС 

Жаздың соңғы кҥндері болатын. Бір кҥні тҥсте станция жақтан келетін 
қара жолмен бҧрқылдата жҥгіріп: «Сҥйіншілеп!» біреу шыға келді. 
− Сҥйінші!.. Сҥйінші!..- деп екі санын сабалап келеді. 
Жақындай бере таныдық, кәдімгі ӛзіміздің Әжібек. Тҥнеукҥнгі 
станцияға нағашысына қашып кеткеннен қайтқан беті. Басында пилотка, 
бҧтында галифе шалбар — қҧдды әскердің ӛзі дерсің, екі ӛкпесін қолына 
алып ҧшып келеді. Ӛзіне қарай ӛре жҥгірген біздерге: 
− Сҥйінші… сҥйінші, ЬІрысбек қайтып келе жатыр соғыстан,- деді 
алқына дауыстап.-«Мына тӛбенің астында келе жатыр. Жҥгіріңдер, сҥйінші 
сҧраңдар ауыл-аймақтан!.. 
Біз әуеліде сәл абдырап қалдық. Ӛйткені, осыдан бір жыл бҧрын 
Ырысбектен ӛлді деген қара қағаз келген еді, әйелі — Дурия қыста Кӛлбай 
кереңді әйелінен айырып, соған тиіп алған болатын, сӛйтіп ел-жҧрт мҥлдем 
кҥдер ҥзген адамды мына тӛбенің астында келе жатыр дейді. Сенерсің бе, 
сенбессің бе, әлде Әжібектің тағы бір ойлап тапқан қалжағы боп жҥрмесе. 
− Әй, сенбей тҧрсыңдар ма? Міне, мына киімдерді сол берді маған. 
Кеше станция басында ауылға қалай жетерімді білмей сенделіп жҥргем. 
Апамды сағындым: «Сорлы-ай, менсіз кҥні не боп жҥр екен?» — деп; Мына 
сен жетпегірлерді сағындым: «Менсіз бастары бірікпей тоз-тоз боп жҥрген 
шығар»,- деп. Сӛйтіп жҥргенімде поезд тоқтаған. Бір адам вагоннан тҥсіп 
елден ерек сарт-сҧрт етіп келеді. Анадайдан кӛзіме оттай басылды, әкемді 
кӛргендей айқайлап жіберіппін: «Ырысбек аға!» — деп. Кӛзімнен жас ыршып 
кетті, жҥгіріп барып бас салдым. Содан кешке дейін екеуміз станцияны 
араладық. Ырысбек ағаның неше тҥрлі сҧлу таныс қыз-келіншектері бар 
екен. Шетінен «во!» деген, солардың ҥйінде болып шай іштік. Кешкісін 


63 
ымырт ҥйіріле біреулердің тҧсап жіберген аттарын ҧстап міндік те, 
тҥнделетіп жҥріп кеттік. 
− Ал аттар қайда? 
− Қайда болушы еді, әлгінде ноқталарын мойнына байладық та кейін 
қайырып, айдап жібердік. Жануар, жылқы деген жершіл болады емес пе, 
бҥгін-ақ жетіп барар иелеріне. Тҥу, сӛзге айналып қалдық қой. Ал жҥгіріңдер 
тез! Сҥйінші сҧраңдар!.. 
Біз тым-тырақай ауылдың тҧс-тҧсына жҥгірдік, ҥй-ҥйді аралай жҥгіріп 
есіктің алдынан, терезенің тҧсынан айқайлап ӛтеміз: 
− Әже, сҥйінші, Ырысбек келе жатыр! 
− Апа, сҥйінші, Ырысбек келе жатыр! 
Соғыстан қайтқан адамды бҥкіл ауыл болып алдынан шығып қуана 
қарсы алу салтқа айналған. Сондықтан сҥйіншіні де кезіккен адамның 
бәрінен сҧрай береміз. Ілездің арасында ауылдың кәрі-жасы тегіс бірі қалмай 
қара жолға қарай жҥгірді. Бірі сенеді, бірі сенбейді. 
− Былтыр қара қағаз келмеп пе еді?!. 
− Е, қара қағаз деген кейде жаңылыс келе беретін кӛрінеді ғой. Мына 
кӛрші колхозда да артынан қара қағаз келген біреу ҥш ай ӛткен соң аман-есен 
тірі қайтыпты. 
Мҧндайда қуанышқа да шыдай алмайтын кемпірлер кӛздерін сығымдап 
жылап келеді. 
− Байғҧс-ай, тірі екен-ау!.. 
− Дәм-тҧзы әлі таусылмаған ғой. 
− Менің қҧлыным да бір кҥні ӛстіп жетіп келер кез болар ма екен, 
дҥние-ай!.. 
− Ей, әмірі кҥшті жаратқан… 
− Әлгі Дҥрия сорлы қайтер екен енді? 
− Е, сорлы боп оны біреу тӛлеуіне беріп пе?! Ӛз обалы ӛзіне, жаман 
қардың. Ең болмаса, бір жыл отырмады-ау, артын кҥтіп. Енді бармағын 


64 
шайнап отырсын. 
− Е, алланың ісі десеңші оны да. Әйтпесе, Кӛлбай кереңге о байғҧс 
қайбір жетіскенінен тиді дейсің… 
− Ибай-ау, Ырысбек қайда барар екен, енді? Кімнің ҥйіне тҥсер екен? 
Туыс дейтін туыс та жоқ қой байғҧста? 
− Е, ел-жҧрт емеспіз бе? Қайсымыздың ҥйімізге кірсе де қарсы аламыз 
ғой. 
− Иә, бәрінен де азаматтың аман-сау оралғанын айтсаңшы… 
Ӛстіп кемпірлер мен әйелдер сан-саққа кетіп тҧрғанда тӛбеден 
Ырысбектің де қарасы кӛрінген, біз балалар жарыса лап қойдық. 
− Аға-а!.. 
− Ырысбек аға-а!..- деп шҧрқыраса дауыстап, қҧстай ҧшып келеміз. 
Бірімізден-біріміз бҧрын жетіп, бетімізден бҧрын сҥйгізуге асығамыз. 
Соғыстан қайтқан адамның бетіңнен бір сҥйгені — әкеңнің, яки бауырыңның 
сҥйгеніндей олжа, дәл солардың қасынан қайтып, солардың ыстық 
сағынышын, солардың сәлемін жеткізгендей кӛрінетін. Соның ӛзіне 
мауқымыз басылып, масайрап бір жасап қалатынбыз. 
Әне, балалардың алды оған жетті де, енді Ырысбек оларды кезек-кезек 
қҧшақтап сҥйеді-ау беттерінен,- деп ойлағанбыз… Жоқ, тҥк те олай еткен 
жоқ. Сҥймек тҥгілі амандасқан да жоқ. Топырлап жеткен балаларға қабағын 
шытып. 
− А, ну, шаңдатпаңдар!.- деді ақырып. Кӛзін алақ-жҧлақ еткізіп 
алартып-алартып қойды, иығына асынған мылтығын жӛндеді, қынай буынған 
әдемі жалпақ белдігін дҧрыстап, жейдесінің етегін кейін қарай ысырып 
сәнденді де, онан соң жолдың тақ-тақтау жиегімен әскери тәртіпте екі қолын 
сермеп тастап, сарт-сҧрт адымдап жҥріп кетті. Етігінің табаны дҥк-дҥк еткен 
сайын ӛкшесіне байлап алған әдемі жылтыр темір де сәнімен шылдыр-
шылдыр етеді. 
− Ол шпор! — деді Әжібек біздерге тҥсіндіріп,- Ырысекем атты 
әскерде болыпты, соның белгісі. 
Біз аузымызды ашып, кӛзімізді жҧмдық. Мҧндай сәнді киімді де, 
мҧндай сәнді жҥрісті де, шпорды да тумысымызда бірінші кӛруіміз еді. 
Бәрінен де иығындағы мылтығын айтсаңшы! Ырысбектің алды-артына 


65 
шығып, әр затына қызыға қарап, шҧбап келеміз. Ҥлкендерге де таяу 
қалғанбыз, шыдамсыз бір-екі кемпір қҧшақтарын жайып ҧмтылыса берді. 
− О, айналайын, сені де кӛретін кҥн бар екен-ау!.. 
− Асылдан қалған тҧяғым-ай, ата-бабаңның аруағы жебеп, аман-сау 
оралдың ба!.. 
Екі кемпір қабаттаса кеп, қҧшақтап сҥймек еді, бірақ Ырысбек оларды 
қолымен сәл кейін ысырып, ӛзін қҧшақтатпады да, сҥйгізбеді де: 
− Есенсіңдер ме, аналар! — деді даусы гҥр етіп.- Есенсіңдер ме, туған 
жер, ел-жҧртым! -деді онан соң ӛзін қарсы алып тҧрған кӛпшілікке даусы 
саңқылдап. 
Даусы мҧндай зор, ашық болар ма, әр сӛзі балғамен соққандай естіледі. 
Екі кемпірден кейін қалай амандасарларын білмей жҧрт аңтарылып қалған. 
Ырысбек сол шақ-шҧқ етіп адымдаған кҥйінде олардың қақ ортасынан 
жарып ӛтіп, тура ӛз ҥйіне тартты. Ешкімге бҧрылып қараған жоқ, ешкіммен 
сӛйлескен жоқ. Енді бҥкіл жҧрт соңынан ілесті. Дәл есігінің алдына барғанда 
ӛкшесін сарт еткізіп тоқтады да: 
− Әжібек! — деді. 
Әжібек жҥгіріп барып оның қарсы алдына қалшиып тҧра қалды да, 
қолын шекесіне апарып нағыз әскерше честь берді. 
− Бар, Дҥрияны шақырып кел, мына ҥйдің есігін ашсын! — деді 
Ырысбек әр сӛзін шегелеп бҧйыра сӛйлеп.- Шаңырақтың иесі ӛлген жоқ, 
аман-есен келіп тҧр де. От жағып, тҥтін шығарсын! 
Бағанадан Ырысбектің қылығына тҥсіне алмай дел-сал боп тҧрған жҧрт 
бір ауыздан кҥрсініп, кӛздеріне жас алды. Ырысбектің мына сӛздері бәрінің 
де ет жҥрегін езіп жіберген тәрізді. 
− Алда, сорлы-ай, енді қайтсін!.. 
− О, опасыз дҥние десеңші. 
− Шіркін-ай, осы азаматты кҥтпеген қатынды айтсаңшы!..- деп 
кемпірлер мен әйелдер тағы да кҥңкіл-кҥбір сӛзге кӛшті. Ырысбек болса 
ештеңені естімегендей бір қолын мықынына салып, шіреніп тҧр. Аспанға 
қарайды, қайта бастаған кҥнге қарайды, онан тауға қарайды, шоқыларды 


66 
санағандай қадала тҥседі. 
− Туған жер, жеттім топырағыңа, енді ӛлсем де арманым жоқ,- деді 
тебірене сӛйлеп, кӛзі жасаурағандай болды. Кемпірлер: «айналайын-ай!..» — 
десіп мҧрындарын мырс-мырс тартып жылап жіберді. 
Әжібек те жеткен Дҥрияны ертіп. Дҥрия анадай жерден тартыншақтап, 
екі кӛзі жасқа толып боталап, кілтті Әжібекке ҧстата берген. 
− Дҥрия-ай, ӛзің кеп ашшы есікті! — деді Ырысбек тағы да даусын 
кӛтере саңқылдай сӛйлеп.- Сҥйіп алған жарым едің ғой. Неке бҧзып 
ажырасқан жоқ едік. Ӛзіңнің от жаққан жерің еді, тағы да кеп ӛзің жақшы 
отты! 
− Жӛн-ау! Жӛн-ау, Ырысбекжанның сӛзі!… 
Дҥрия жасқана басып жақын келді де Ырысбектің алдына жеткенде 
еңіреп жылап, оның аяғын қҧшақтай қҧлады. Кӛз жасы ЬІрысбектің шаң-шаң 
етігін айғыздап жіберген. Ырысбек әуелде екі иығы селк-селк етіп, бет-аузы 
тыржиып кҥліп тҧрғандай боп кӛрінген, енді бір сәтте тарам-тарам жас оның 
кӛзінен де сорғалады. 
Екеуі осы бір кҥйде тҧрды да қойды: Дҥрия оның аяғын қҧшақтап бас 
кӛтерместен кӛл-кӛсір боп еңірейді, Ырысбек болса екі иығы селк-селк етіп, 
аяғынан байлаулы адамдай тапжылмайды, не еңкейіп илікпейді. Әлден 
уақытта кемпірлер барып, Дҥрияны қолтықтап тҧрғызып алды. 
− Есік аш, қарағым,- деді. 
Дҥрия жылағанын қойып, кӛз жасын жаулығының ҧшымен сҥртті де, 
барып есікті ашты. Ырысбек ӛзі бастап ҥлкендердің бәрі ішке кірді. Әйелдер 
дереу сыпыртқы тауып, су сеуіп ҥйдің ішін тазартып, сыпыруға кірісті. Екі-
ҥш әйелді Дҥрия ҥйіне ертіп әкетті де, кӛтергендерінше кӛрпе-жастық, киіз, 
ыдыс-аяқтар алып келді. Есік алдына кӛрші-қолаңдардың самаурындары 
әкелініп, шай қойылды. Ілездің арасында, бір жылдан бері қаңырап иесіз 
тҧрған Ырысбектің ҥйі гу-гу еткен қызық думанға толды да қалды. Ҥйдің іші 
ысып кеткен соң терезені жақтауымен тҥгел алып тастаған, мҧнысы бізге — 
балаларға рақат болды, енді іштегілердің гу-гу сӛздерін сыртта ойнай жҥріп-
ақ тыңдай беретін болдық. Ҥлкендердің сӛздерін тыңдауға шетімізден әуес-
ақпыз. Ол сӛздері біз тыңдауға лайық па, жоқ па,- ол жағын білмейміз, 
әйтеуір олардың ауыздарынан шыққан жақсы сӛзді де, жаман сӛзді де, қағып 
ап, бойымызға сіңіре беретінбіз. Біртіндеп жҧмыстан қайтқан еркектер мен 
шалдар да келе бастады. Дҥрияның кейінгі тиген кҥйеуі Кӛлбай керең де 
келді. Екеуі тӛбелесетін шығар деп, біз, балалар, терезеге ҥймелей қалғанбыз, 


67 
жоқ, тӛбелеспеді, қол алысып амандасты да, Кӛлбай керең есік жаққа 
мыжырайып отыра кетті. Бӛркін алып, басын қасынды да, онан соң кӛзіне 
дейін тҥсіріп қайта киіп алды. Ҥй шаруасымен кіріп-шығып жҥрген Дҥрияға 
бірдеңе деп кҥңкілдеп еді, анау қабағын шытып, сӛйлеспеді. 
− Дҥрия! — деді Ырысбек дауыстай сӛйлеп.- Жаным, менің домбырам, 
гармоным, мандолинім, скрипкам қайда? 
− Қазір, қазір…- деді Дҥрия. Әжібекті ертіп ҥйіне қарай жҥгіре басып 
кетті де, сәлден соң екеуі, әлгінде Ырысбек сҧраған бар аспаптарды кӛтеріп 
жетті. 
− Ой, бәрекелде! Дҥрияның мҧнысы іс болды,- десті риза болған 
ақсақалдар. 
− Рақмет, жаным! — деді аспаптарын кӛргенде жҥзі жайнаңдап кеткен 
Ырысбек. Домбырасын жҧлып ап, қҧлақ кҥйін келтіріп қағып-қағып 
жібергенде, ҥйдің ішіне уыс-уыс кҥмісті шашып-шашып қалғандай болды. 
Тосаңсып қалған қолын жаттықтыру ҥшін қҧлақ кҥйлердің біразын бірінен 
кейін бірін шҧғыл-шҧғыл қайырып тастап отырды да, бір кезде еті қызған 
жҥйріктей кҥмбірлетіп ап жӛнелді дейсің. Ҥйдің ішіндегілер де, сыртта 
терезе тҥбінде тҧрған біздер де демдерімізді ішімізге тартып, сілтідей тына 
қалдық. Қос ішекті ағашта осынша қҧдірет болады деп кім ойлаған, бірде 
бебеу қағып, бірде сҧңқылдап, кӛңілді алай-дҥлей аласапыран кҥйге тҥсіріп, 
мҥлде естен таңдырды. Екі кӛзіміз телміріп Ырысбекте, оның ерекше 
қасқайып отырған отырысына да, кҥреңіте тершіген сҧлу жҥзіне де, 
ойнақшыған ӛткір кӛзіне де, қайратты қара шашына да ынтызар боп қызыға 
қараймыз. Ҥйдегі бҥкіл ауыл адамдары бір тӛбе де, Ырысбек ӛзі бір тӛбе, 
байқаусызда қаз, тауықтардың арасына кеп қонақтап қалған қыран бҥркіт 
сияқты. 
Кҥйді ойнап болғаннан кейін домбырасын кӛкірегіне басып, кӛзін 
жҧмып, бала тербеткендей ырғатылып сәл отырды. 
− Жҧртым,- деді онан соң, даусы елжіреп, егіліп шықты.- Алыста қан 
майданда жҥргенімде отырсам ойымнан, ҧйықтасам тҥсімнен шықпады туған 
жерім. Жоңғардың мынау жоталары дҥниенің тӛбесіндей де басқа жер 
осының етегіндей боп кӛрінді. Сондайда: «Дҥние-ай, туған жерге аман-сау 
оралып, сол жоталарға бір шығып, дҥниенің тӛбесінен қарар кҥн болар ма 
екен?!» деп армандаушы едім. Сол арманыма бҥгін, міне, жетіп отырмын. 
Әлгінде де айттым ғой, тағы да айтам: қазір табанда осы арада жан тәсілім 
етсем ӛкінбеймін енді. Ӛздерің ӛліп-тірілген адам деп отырсыңдар мені. Ол 
рас. Мен бір ӛліп, сонан қайта тірілген адаммын. Мені тірілткен мына 
сендердің ақ тілеулерің, дарқан пиғылдарың! Ризамын, елім, жҧртым. Мен 


68 
жауған оқ пен жанған оттың ортасына -қанды ҧрысқа ҥш рет кірдім. Екі рет 
аман шықтым, ҥшінші ретте жараландым. Ӛте ауыр жараландым. Мына 
кеудеме оқ тиіп, екі кҥн ҧрыс даласында есімнен танып, қансырап 
жатқанымда орыстың бір қаршадай қызы жанымды арашалап аман алып 
қапты. Мені ӛлдіге жорып қойған екен, енді болмаса кӛп ӛлікпен бірге 
кӛмгендей де екен, сонда әлгі қыз бала менің әлі де тірі екенімді біліп аузыма 
су тамызыпты. Мен, бейбақ, сӛйтіп, дҥниеге қайта оралдым, сӛйтіп 
тірілдім… Госпитальға әкеп, кеудемді тіліп, ӛкпемнің оқ тескен тҧсын ойып 
алып тастады. Сӛйтіп, орнымнан тапжыла алмай ҥш ай жаттым. 
Ҥй ішіндегілер «аһ» ҧрып кҥрсініп, кемпірлер мен әйелдер кӛздерін 
сығымдай берді. 
− Айналайын-ай, кӛрер қызығың әлі бітпеген ғой. 
− Ой, дҥние-ай, талай боздақтар қалды ғой, сӛйтіп, қансырап, талай 
жерде. 
− Қу соғыс, кӛріңде ӛкіргір пәшис!.. 
− Орысымнан айналдым! Шіркін, қаршадай қызының істеп жҥргенін 
қарашы! 
− Ей, тҥге, тоқтаңдаршы, тҧс-тҧстан сапылдап жарыспай, әңгімесін 
тыңдайық! Ырысбекжан, сен ӛзің пәшис деген иттерді кӛре алдың ба? 
Қандай болады екен. 
− Иә, иә, соны айтшы. Тҥрлері қандай ӛзі, кәпірлердің? Адам сияқты 
ма? — деп Байдалы шал да қозғалақтап қойды.- Қазиттердегі суреттеріне 
қарасаң жаның тҥршігеді ғой ӛздерінен, неше тҥрлі хайуан-жәндіктерге 
ҧқсайды. Иіріліп-иіріліп жатқан жылан сияқтысы да, тісі ақсиған қорқау 
қасқыр сияқтысы да, әйтеуір толып жатқан жексҧрындар ғой тҥрлері. 
− Фашист дегенді кӛрдім,- деді Ырысбек.- Бір офицері қолға тҥсіп, 
соны, мына, тап сіз отырғандай жерден кҥзетіп тҧрдым. Ӛңдерінде қан-сӛл 
деген болмайды екен… 
− Е, кісі ӛлтіретін адамның тҥрі сондай болады ғой. 
− Кӛздері қанталап тҧрады екен. 
− Астапыралла, қанға тоймайтынның ӛзі десеңші. Тҧмсықтан салмадың 
ба иттің баласын. 


69 
− Қолға тҥскенді ҧруға заң жоқ қой. Әлгінің қасында бір сағаттай 
тҧрғанымда әлгі жҧтқан ауадан жҧтқаныма жиіркендім. Бірақ амал қанша, 
шыдау керек. 
Кҥн батып, ел орынға отыратын кез болды, бірақ бірде-бір адам тараған 
жоқ. Ырысбектен соғыс жайын, ӛзінің қай майданда, қай жерлерде болғанын, 
ауылдан кеткендерден кімді кӛргенін ҥсті-ҥстіне сҧрайды, бір айтқандарын 
қайта-қайта айтқызады, таңырқасып, таңданады, жандары ашиды, бір ауық 
кӛздерін шылап жылайды. Оның әңгімелерін анық ести алмай қор болған 
Кӛлбай керең ғана кеңірейіп, әркімнің аузына жапақтай қарап кӛңілсіз 
отыр. Алғашқыда ол қасындағылардан: «А?!» «Не дейді?» — деп сҧрап 
отырды да, ақыры олар мезі болғандай теріс айнала бастаған соң мазалауын 
қойды. Бір мезгіл Дҥрияға: «Әй, ҥйге қайтайық та» — деген; «Жә, отыршы 
жайыңа!» — деген Дҥрия зеки сӛйлеп. Ӛзі дастарқан жайып, шай әзірлеп, 
тыным тапқан жоқ. Ырысбектің әңгімелерін ҥзік-ҥзік тыңдап жҥр, ести алмай 
қалған тҧстарын әйелдерден сҧрап алады. Есік алдына шыққан сайын егіліп-
егіліп жылайды да, ішке кірерде кӛз жасын сҥртіп тастайды. 
Терезе алдында топырлай тҧрып іштегілердің бірде-бір сӛзін, 
әңгімелерін қалт жібермей тыңдаймыз, бір ауық жалыққандарымыз есік 
алдындағы қалың кӛк шӛпке алысып-жҧлысып ойнап аламыз. Мҧндай 
кҥндері біздің қуанышымыз бӛлекше. Ӛйткені бҥкіл ауыл кӛңілденіп, 
думанды боп қалады. Жҧрттың қабақтары ашылып, жҥздері жадырап бір 
кҥнге болса да бастарындағы ауыр қайғы-қасіреттерін сейілткілері келгендей 
кҥйге ауысады. Қайтқан адамның әңгімелерін тыңдап, ӛздері де сӛйлеп 
шерлерін тарқатады. Мҧндай кҥндері бастарына секірсек те біздерге ҧрсып-
зеку деген болмайды. Кірген-шыққан табақшы әйелдер: «Әй, мына балалар 
аш қалмасын» — деп, бірі тостаған толы сҥтке шылаған талқан берсе, бірі 
қуырған бидай уыстатады. «Ӛй, айналайындар-ай!» деп мҥсіркеп қояды. 
Осыдан кейін біз шаттанбай, кім шаттансын. Тҥннің жарымы тҧрмақ таң 
атқанша, қашан ҥлкендер тарағанша жату жоқ, ойынның тҥбін тҥсіреміз. 
Тҥннің ортасы болды, бірақ жиналған жҧрт қозғалар емес. Ырысбек 
біресе гармонын тартты зарлатып, біресе мондолині мен скрипкасын ойнады 
сыңсытып, қолына қайсысын алса да іркілмейді, қҧйқылжыта жӛнеледі, 
нешетҥрлі әуендер: татар, орыс, қырғыз, қазақ саздары бірінен кейін бірі 
тӛгіледі. 
− Паһ, шіркін, ӛнеріңе болайын! Ӛнерпаз деп осыны айт! 
− Он саусағың бал екен-ау! 


70 
Елти тыңдаған жҧрт таңдайларын қағып, тамсана тҥседі. 
− Ырысбек-ай, даусыңды сағындық қой, шаңдозым, бір әу деп 
жіберсеңші! — деді шыдай алмаған Байдалы шал. 
− Иә, иә, бір әу деп жіберші! 
− Ән салшы, ән салшы! — деп енді оны тҧс-тҧстан қолқалады. 
− Халқым қалау айтты ғой, әпкеші, домбырамды! — деп Ырысбек 
кӛтеріле бір сӛйлеп, қолына домбырасын алды да кҥмбірлетіп кҥйлей 
жӛнелді. Ӛңі сҧстанып ойлы кҥйге тҥсті.- Дҥрия қайда? — деді онан соң саңқ 
етіп. Дҥрия есіктен басын сҧққан.- Келші бері! Отыршы қасыма! 
Дҥрия ыңғайсызданып, қипақтап қалған. 
− Кел, отыр қасыма! — деді Ырысбек екінші рет әмірлі ҥнмен. 
− Әй, Дҥрия, бар, отыр, қарағым, қасына! 
− Ӛзі шақырды ғой, отырсаңшы! 
− Иә, отыршы қасына! — десіп жҧрт жан-жақтан кеу-кеулеп, қолынан 
тартқандай ғып апарып, оны Ырысбектің қасына отырғызды. Дҥрия қып-
қызыл боп қызарып, шамның жарығына жақын отырған жҥзі ерекше алаулап 
сҧлуланып кетті. Кӛлбай керең Ырысбектің саңқылдай айтқан сӛздерін 
естіген кезде кӛзі бажырайып, Дурияға кіжіне қараған, енді тук кӛрмегендей 
басын тҧқыртып бҥгжие берді. 
Ырысбек домбырасын қағып-қағып қалды да, майда қоңыр ҥнмен 
бастай жӛнелді. 
Айтады Біржан ӛлең ентелетіп, 
Біржанды халқым қойды-ау еркелетіп… – 
деген кезде шалдар бір қозғалып: 
− Уай, не дейді-ау! 
− Пәлі, шіркін! — десіп кеу-кеулеп, мәз боп қалды. Мҧнан әрі Ырысбек 
тынысын бір кеңейтіп алды да даусының бар қуат-қҧдіретін әннің 
қайырмасына салды: 


71 
Ахау ха-ла-ла-ла, ла-ла-лай, 
Ахо-оу-у ха-ла ла-ла ла-ла-лай 
лай ла-ла лай… 
Мҧндай да зор, мҧндай да асқақ, мҧндай да әсем, сазды сҧлу дауыс 
болар деп кім ойлаған. Соңғы ҥш жыл бойына жылау-сықтаудан, қасірет-
қайғыдан, қаралы кҥйден ығыр болған, мынау май шамдары сығырайған 
ауылды, мынау меңірейген қараңғы тҥнді, сонау кҥрсінгендей боп дҥңкиіп 
жатқан биік шың-жоталарды осы бір асқақ ән лезде кеулеп, сілкіп-сілкіп 
қалғандай болды. 
− Уа, ӛркенің ӛссін, азамат! 
− Кӛп жаса, қарағым! — деп, жҧрт естен тана тәнті боп, мҥлде 
есеңгіреп қалды. 
− Ал тағы да деп жібер! 
− Тағы да, тағы да…- дейді. 
Ырысбек те кӛп жалындырған жоқ, Біржаннан кейін Ақан серінің, 
Иманжҥсіптің, Әсеттің әндерін бірінен бірін асыра шырқады, бірде еңіретіп 
егілтіп, бірде наздандырып, бҧрын тҥйсініп, сезіп-білмеген әсем кҥйге 
тҥсірді. Біз, балалар, ойын дегенді ҧмытып, дҥниеде осындай да сҧлулық, 
осындай да сырлылық, кербездік, тіпті тҥсіндіріп айтуға тіл жетпес бір тәтті 
сәттер болатынын ҧғып тҧрмыз. Ырысбек: 
Қозы Кӛрпеш — Баяндай, 
Бір молада ӛлсек-ау…− 
деген тҧста кіп-кішкентай жҥректеріміз ыршып, бҧлқынып-ыршып 
бҧлқынып тҥскендей болды. Терезеге ентелеген кҥйде біріміздің қолымыздан 
біріміз тастай қатып ҧстай беріппіз. 
− Қайран Ырысбек аға… Байғҧс Ырысбек аға…- деді балалардың бірі 
сыбырлап. 
Ырысбек болса енді Дҥрияға аса бір мҧңлы кейіпте қадала қарап қапты. 


72 
− Ей, алланың жазмышы-ай, пендеңе кӛрсетпейтінің жоқ екен-ау,- деді 
кемпірлердің бірі қатты кҥрсініп қап. 
− Жә, кӛп отырып қалдық қой, қайталық енді. Ырысбекжан алыс 
жолдан келді ғой, жатып дем алсын,- деді Байдалы шал. 
Жҧрт орын-орындарынан қозғалып, тҧрып кетуге ыңғайланды. Дҥрия 
да тҧра берген. 
− Тоқта, отыр! — деді Ырысбек оны қолынан тартып. Онан соң даусын 
кӛтере: — Ағайын, тізе бҥгіңдер. Айтар арызым бар, бәріңе! — деді нық 
ҥнмен. 
Жҧрт ошарылып қайта отырысты, бәрі аңтарыла қарайды ЬІрысбектің 
аузына. Ырысбек әлі со Дҥриядан кӛз айырмаған мҧңлы кейіпте отырып 
толқи сӛйледі: 
− Мынау отырған менің сҥйіп қосылған жарым еді. Бҥгінде басқа 
біреудің әйелі боп отыр. Бірақ мен неке бҧзып ажырасқан жоқ едім. Амал 
қанша, сҧм тағдыр екеумізді де тәлкекке салыпты. Жоқ, мен мҧны 
кінәламаймын. Қарғысымды соғысқа айтам… Уа, ағайын, жарымды 
қайтарып беріңдер маған! 
Ҥйдің іші тым-тырыс боп тына қалды. Енді жҧрттың кӛзі тегіс есік 
жақта кеңірейіп отырған Кӛлбайға ауған. Ол әлі де толық ести алмай 
бағжаңдай береді әркімге. 
− Дҥрияны қайтарып алам деп отыр Ырысбек. Сен не дейсің? — деді 
жақын отырған біреу қҧлағына айқайлап. 
− Жоқ, жоқ, мен қатынымды қайтарып бере алмаймын! — деді ол 
ҥзілді-кесілді кӛзі шатынап. 
− Сен не дейсің, қарағым Дҥрия? — деді қарттардың бірі. 
Дҥрия сәл ҥнсіз отырды да, кӛзіне толған жасты ысырып тастап: 
− Егер Ырысбек қал десе, мен осында қалам. Бҥгін тҥнде ӛліп, сҥйегім 
осы босағадан шығар болса ризамын,- деді. 
− Алда байғҧс-ай, енді қайтсін. 
− Шын сӛзі-ау!… 


73 
− Не десін енді, ӛзі де солай ғой… 
Кӛлбайдың қасында отырған адам Дҥрияның сӛзін оған айқайлап 
жеткізген болатын. Кӛлбай ҧшып тҧрып, қонышынан екі жҥзді ҧзын сапыны 
жарқ еткізіп суырып алды. Тҥнеукҥні Махмуд деген чеченнен бір лаққа 
сатып алған болатын. 
− Жарып ӛлтірем! — деді ҧмтылып, бірақ тӛңірегінде отырғандар ҧстап 
жібермей қалды. 
Осы кезде Ырысбек те атып тҧрып, қабырғада ілулі тҧрған мылтығын 
жҧлып алды да, Кӛлбайға қарап басып қалды. Абиыр болғанда қолын біреу 
қағып ҥлгеріп, оқ Кӛлбайдың тӛбесіндегі бӛркін ғана ҧшырып тҥсірді. Ҥйдің 
ішіндегілер апыр-топыр боп естері шығып кетті. Ҥш-тӛрт адам Кӛлбайды 
далаға сҥйретіп әкетті. 
− Ал, ағайын, сендердің алдарыңнан ӛттім. Ендігі сӛзді Кӛлбайдың 
ӛзімен сӛйлесем. Тараңдар енді! — деді Ырысбек. 
Сӛйтіп, жҧрт таң алдында тарады, Ырысбек пен Дҥрия екеуі оңаша 
қалды. 
Біз де тарамақ едік. Әжібек ҥш-тӛртеумізді басқалардан бӛліп алып 
қалды да: 
− Тоқтаңдар, қызықтың кӛкесі енді болады,- деді сыбырлап.- Қазір 
Ырысбек Дҥрияны итше тепкілеп сабайды әлі, тіпті атып тастауы да мҥмкін, 
соны кӛріп кетейік. 
Ондай қызықты кӛруге біз қарсы болушы ма ек, қайта жанып тҥстік. 
Сырттан ашық терезеден бастарымызды қылтыңдатып кӛзге тҥсіп қалғаннан 
гӛрі, ауыз ҥйге кіріп, ішкі ҥйдің есігінің саңылау-тесіктерінен сығалауды жӛн 
кӛрдік. Әжібек бастап, аяғымызды ҧшынан басып тас қараңғы ауыз ҥйге 
кірдік. Ішкі есіктің саңылаулары шынында да аңғал-саңғал екен, іштегінің 
бәрі кӛрініп, естіліп тҧр. Саңылауларға кеп, жабыса-жабыса қалдық. 
− Ҧршы мені, Ырысбек, ҧршы,- деді Дҥрия жалбарына сӛйлеп. 
− Сені ҧрғанша мен жынданып кетейін де, сәулем… 
− Қҧдай-ау, сенің алдыңдағы кінәмді қайтсем жуып-шаям!? Сен мені 
пышақсыз кескілеп тҧрсың ғой, Ырысбек-ау, ең болмаса шапалаққа бір 
тартшы, кӛңілім кӛншісін… табаныңды сҥйейінші… 


74 
Дҥрия оның аяғын қҧшақтап отыра кеткен, бірақ Ырысбек оны дереу 
кӛтеріп алды. 
− Асылшы мойныма! — деді. 
Онан соң Дҥрияның аяғын жерге тигізбей тік кӛтерген кҥйде бетіне 
бетін тақап шаншыла қарады. 
− Жаным-ау, жараң ауырады ғой. Қойшы, қайтесің мені кӛтеріп. Мен 
бҧрынғыдай емес, зілдеймін. 
− Сағындым сені… 
Біздің қасымызда тҧрған Әжібек ыза боп кетті. 
− Ой, мынаның ӛзін жігіт пе десем, қатынжанды бірдеңе ғой, бҧзауша 
жаланып,- деді кҥйіп-пісіп.- Мҧндай қатынды әкесіне кӛрістіру керек қой. 
Әттең!.. 
Дҥрия кӛрпе-жастықтарды жинап, тӛрдің алдына тӛсек салды да, ҥрлеп 
шамды сӛндірді. Біз ӛзіміз кҥткендей қызық ештеңенің болмағанына 
әжептәуір кӛңілсізденіп қалдық. 
− «Сәгіндім сені» дейді ғой, ӛй жалақ неме! Бҧзау!..- деді Әжібек 
сақаулана мазақтап. 
Біз енді кеткелі тҧрғанда тыстан тасыр-тҧсыр басып біреу кіріп келді 
де, қараңғыда сипаланып барып ішкі есікті іздей бастады. Қабырғаға жабыса 
қалдық та, кейін тҥкпір бҧрышқа қарай жылыстадық. 
− Кӛлбай керең! — деді Әжібек қуана сабырлап.- Қҧдай берді, қызық 
енді басталады, хе-хе,- деп, алақанын шыдамсыздана ысқылап кҥліп қойды. 
Кӛлбай есікті тапты да жҧлқып серпіп шалқасынан ашып тастады. 
Іштен сіріңке шағылған, кӛзді ашып жҧмғандай қас қағым сәттің ішінде: 
тарқатылған шашы иығына тӛгіліп, ҥрейлене тӛсектен басын кӛтерген 
Дҥрияны, сіріңке шағып, орнынан тҧра берген іш киімшең Ырысбекті, 
сапысын жарқ еткізіп екеуіне қарай дҥлей боп ҧмтылған Кӛлбай кереңді 
кӛріп ҥлгірдік. Дҥрия шыңғырып жіберді. Сіріңке ӛшті де, ҥйдің іші тастай 
қараңғыланып, апыр-топыр айқас боп кетті. Кӛлбай керең Ырысбекке 
сапысын салды ма, жоқ па, кім білсін, біз Әжібектен ӛзгелеріміздің 
ҥрейлеріміз ҧшып, қалтырап кеттік. Еркектердің ышқына ыңқылдағандары, 
тарс-тҧрс дыбыстар ғана естіледі. Қараңғыда бірін-бірі шақ-шҧқ соғып 
жҥргені анық. Бір сәт ауыз ҥйдің біз тҧрған бҧрышына қарай лақтырылған 


75 
бір нәрсе сарт етіп, аяғымыздың астына кеп тҥсті. Әжібек лып дегізіп кӛтеріп 
алған. Кӛлбай кереңнің сапысы екен. Енді біреуін біреуі былшылдатып 
соққан жҧдырықтың дыбысы шықты. Бет-ауызға ҧрып жатыр. 
− Ы-ы…- деп ыңырсыды біреуі. 
− Жҥріңдер, қҧрысын кетейік,- деді Әжібек.- Пәлесінен аулақ! 
Кҥткеніміз де осы бҧйрық еді, зытып далаға шықтық. Әжібек Кӛлбай 
кереңнің сапысын қойнына тығып ала кетті. 
− Е, бәсе, еркек деген осындай болмаушы ма еді! Тек қараңғыда 
тӛбелестерін кӛре алмадық, әттең. Қай жеңгені біздікі. Солай емес пе! 
Таңертең белгілі болады ғой, әлі. Айтам ғой, Кӛлбай керең бәле!.. 
Таң қҧлан иектеніп, тӛңірек бозамық тарта бастапты. Әр ҥйдің 
қорасынан баж-баж етіп әтештер шақырып жатыр. Былайырақ ҧзаған соң 
Әжібек қойнындағы сапыны шығарып, кӛше шетіндегі қалың шептің ҧшар 
бастарын орып-орып тҥсті де: 
− Бҧл сапы енді мына Әжікеңдікі болады! — деді насаттана.- 
Ауыздарыңнан шықпасын! 
Аузымыздан шығарып неміз бар, Әжібектен ӛле алмай жҥрміз бе. 
Сӛйтіп ҥйді-ҥйімізге тарадық. 
Сәске кезінде балалар кӛше ортасына тары топтала қалғанбыз. Әжібек 
келді де тҥндегі тӛртеуімізді оңашалап алып шықты. 
− Сендер ештеңе естіген жоқсыңдар ма? — деп сҧрады. 
− Жоқ. 
− Не жайында? 
− Не боп қалыпты? 
− Ойбай, масқара болатын тҥрі бар. Кӛлбай керең ҧшты-кҥйлі жоқ. 
− Неге? 
− Қайда кетіп, қайда жҥргенін ешкім білмейді. Бҥгін ертемен қырманға 
астық тастауға шығуы тиіс екен, әлгінде бастық, бригадир, есепші болып 


76 
барлығы жабылып іздеп еш жерден таба алмады. Ҥйі кешегі қҧлыпталған 
кҥйінде тҧр. Ырысбектен сҧрап барған екен, жӛнді жауап бермепті. Бектай 
есепші кішкене қадалыңқырап тҧрып алған екен. «Қаныңды ішем, иттің 
баласы, қҧры, кәне, кӛзімнен!» — деп мылтыған ала ҧмтылып, қуып 
шығыпты. Меніңше, со керең сорлыны ӛлтіріп тастап, жасырып отырған 
болу керек. Бектай айтады: «Кӛзі қып-қызыл боп қанталап, тҧра ҧмтылғанда 
зәрем ҧшып кетті»,- деп. Бобше2 Ырысбектен бәрін кҥтуге болады. Стансада 
кездескен соң мен бір-екі кҥн қасында болып кӛрдім ғой. Кей-кейдегі істері 
тіпті қызық. Сау адамның ісі емес. Дҧп-дҧрыс келе жатып мінезі аяқ асты 
сайтан сияқты қҧбылады. Әйтеуір, бір кілтипан бар ӛзінде. Жҥріңдер, барын 
байқастап кӛрейік, бәлкім Кӛлбай кереңнің ӛлігін байқап қалармыз. 
Біз келгенде терезе сол кеше кештегі жақтауымен алулы ҥңірейген 
қалпында тҧр екен. Іштен домбыра ҥні естілді. Ашық терезеден кӛз 
салғанбыз: тҥндегі Дҥрия салған тӛрдегі тӛсек әлі жиналмапты, ЬІрысбек 
шалбарын, шпорлы етігін киген, іште жейдешең кҥйінде шалқасынан тҥсіп, 
тӛбеге қарап жатыр, қолында домбырасы, тыңқылдата шертеді. Бізді байқап 
қап: 
− Әй, Әжібек, адъютант, кір бері ҥйге! — деді. 
Әжібек бізге кҥте тҧрыңдар деп ымдады да, ішке кірді. 
− Ассалаумалейкҥм! — деп сәлем берген. 
Ырысбек басын кӛтеріп алды да оған шытына қарап: 
− Ассалаумағалейкҥмің не-ей, сенің? Мойныңды бҧрап алайын ба, 
осы?! — деді жекіп.-Бар, ауыз ҥйге шық та қайта кіріп солдатша сәлемдес! 
Әжібек ауыз ҥйге шығып, одан қайта кірді де есік алдына қалт тҧра 
қап, қолын шекесіне апарып: 
− Здробие желаем, жолдас кәмәндір! — деді. 
− Міне, енді дҧрыс. Вольно! Саған тапсырма бар. Қазір анау ошақ 
басында жатқан қышқашты ал да, есік алдына от жағып, әбден қып-қызыл 
болғанынша қыздыр. Қызарған кезде маған кеп айт! Бар, орында бҧйрықты! 
Әжібек бҧрылып кете берген. 
− Әй, тоқта! Не деу керек? Қалай шығу керек? 


77 
Әжібек қалт тҧра қалды да, тағы да қолын шекесіне апарып: 
− Қҧп болады, жолдас кәмәндір! — деді саңқылдап. 
− Бар, орында! 
Біз Ырысбек пен Әжібектің мына қылықтарына мҥлде қайран боп, 
қызығып тҧрмыз. Әжібек болса сыртқа шыға бере кейін қарап, аузын қисаң 
еткізіп мазақтап тілін шығарды да, біздерге кӛзін қысып қойды. Онан соң 
Ырысбектің ӛзіне тапсырған бҧйрықтарын бізге бҧйырды: біріміз ошақ 
басынан қышқашты тауып әкеліп, қалғанымыз отын жинастырып от 
тҧтаттық. «Мҧнысы несі?», «Мҧны қайтер екен?» — деп аң-таңбыз. Отты 
біраз ӛртей жаққаннан кейін қышқаш қызып, бас жағы қызара бастады. 
Әжібек ішке кіріп Ырысбекке хабарлады. Сәлден кейін гимнастеркасын киіп, 
белдігін буынып, сарт-сҧрт етіп Ырысбек шықты да Әжібекке кілт ҧсынып: 
− Аш, анау есікті! — деді қораның аузындағы тот басқан ҥлкен қара 
қҧлыпты нҧсқап. 
Әжібек барып қораның аузын ашты. 
− Ішінде Кӛлбай байлаулы жатыр. Бар да аузына тығындалған 
шҥберекті алып таста! -деді тағы да. 
Әжібек тастай қараңғы қораның ішіне кіріп, айтқанын орындап 
шыққан. 
− Ӛлтір әкеңнің… осыдан мені! Ӛлтіріп қанымды іш!..- деп тістене 
ақырған Кӛлбай кереңнің даусы естілді. 
− Ал сендер әнеу жерге барып тҧрыңдар! — деді Ырысбек бізге. Ӛзі 
қып-қызыл болған қышқашты ҧстап қораға кірді де есігін жауып алды. Біз 
ҥрейіміз қалмай арты не боларын тосып, ҥрпиісіп тҧрмыз. 
− Ӛлтір, кәне! Кҥйдір мені! — деп шаптыққан Кӛлбайдың даусы тағы 
шыққан, тӛбе қҧйқамыз шымырлап кетті. 
− Ӛй, сорлы, біреудің қатынына таласып несі бар еді-ей, онан да 
тыныш қана анау ескі қатынын, қайтып алмай ма,- деп қойды Әжібек.- 
Ырысбек аямайды ол, қаны бҧзылып келген адам. 
Осы сәтте қораның ішінен, әуелі, ысқырып-ысқырып қалған, онан соң 
бір тҥрлі ҥрейіңді ҧшыратын қорқынышты ҥнмен тҥсініксіз бір сӛздерді 
кҥңіренте зарланған, әнге де ҧқсамайтын, жылағанға да ҧқсамайтын 


78 
Ырысбектің даусы естілді. Сӛздері бізге еміс-еміс жетіп тҧр, бірақ мҥлде 
тҥсініксіз. 
− Ағатай-ай! Ағатай-ай!..- деп зар еңіреп жалына аттан салды Кӛлбай. 
Әжібек шыдай алмай қораның іргесіне жҥгіріп барым, ішіне сығалады. Біз 
жалт беріп тым-тырақай ҥйді-ҥйімізге аттан сап жҥгіруге дайын тҧрмыз. 
Әлден соң Әжібек жанымызға қайтып келді. 
− Мынау сҧмдық-ей! — деді жағасын ҧстап.- Билеп жҥр ме, неғып жҥр, 
білмеймін, әйтеуір ӛзін-ӛзі жҧлып жеп, бірдеңелер істеп жҥр. Әлгі қып-
қызыл қышқашты тілімен жалап-жалап қояды. 
Біз оның айтқанына сенбей: 
− Кӛлбай кереңді кҥйдіріп жатқан жоқ па? — деп қосарлана сҧрадық. 
− Жоқ, оны кҥйдірген жоқ сияқты. 
Ӛстіп тықыршып тҧрғанымызда қораның есігі шалқасынан ашылды да 
Ырысбек шығып, қолындағы қышқашты тастай салды. 
− Әжібек, ананың қол-аяғын шешіңдер де, бетіне су алып шығып 
бҥркіңдерші! — деді. 
Біз қорқақтай басып топырлап қораға кіргенбіз. Кӛлбай керең тҥкпір 
жақта қол-аяғы байлаулы, кӛзін жҧмып талықсып жатыр екен. Әжібек әзер 
деп оның қол-аяғын шешті. Біреуміз жҥгіріп барып ҥйден суық су алып 
шығып бетіне бҥріктік. 
− Уһ, жаным-ай, аман қалдым ба, әйтеуір,- деді есін жиған Кӛлбай 
керең. Сҥйемелдеп орнынан тҧрғыздық. Ӛне бойы дір-дір етеді. 
− Айналайын, Әжібек-ай! Айналайындар-ай!.. дейді иегі кемсеңдеп. 
− Ӛзіңе де обал жоқ! — дейді Әжібек. 
− А?! Не?! 
− Ескі қатыныңды, Әпішті қайтып ал деймін! — деді Әжібек қҧлағына 
айқайлап. 
− Қатыны қҧрсын!.. Қатыны қҧрсын!.. 


79 
Сыртқа шыққан соң тәлтіректеген кҥйде алды-артына қарамастан ҥйіне 
қарай тҧра безді. Астық қоймасы жақта жҥрген салт атты есепші Бектай 
шауып жетіп қасына келген. 
− Қайда жҥрсің, қырманға бармай?! — деп дікілдей бастаған. 
− Сақтады мені қҧдай, сақтады. Кӛрмегенім Ырысбек болсын. 
Сҧмдық!.. Сҧмдық!..- деп басын шайқады. Бектай оның сӛзін тыңдамастан: 
− Кәне, дереу қырманға жет! Басқа сӛзді білмеймін! — деді айқайлап. 
− Барам, барам… 
Қарқ-қарқ кҥлген дауысқа жалт қарасақ, Ырысбек терезесінен бәрін 
қарап, бақылап тҧр екен. Ішін басып кҥледі, кӛзінен жасы ағып кҥледі. 
− Әй, Әжібек қалай, кереңнің зәресін зәр тҥбіне бір жібердім-ау 
деймін,- дейді. 
Біраздан соң кҥлкісінен тыйылып, гимнастеркасын шешті де, қолына 
домбырасын алып тӛсекке қайта қисайды. Тағы да бағанағысындай тӛбеге 
тесіле қарап жатып, тыңқылдатып шертпе кҥйлерді тарта бастады. Кӛңілді 
торықтыратын мҧңлы кҥйлер. Ӛкініші бар шерлі адамның ӛкси отырып 
басындағы қасіретін айтып, мҧңын шағынғандай кӛкірегіңді астан-кестең 
ғып, жылағыңды келтіреді. Әсіресе тӛменгі пернелерге жеткенде айрықша 
зар илеп, жҥрегіңнің бір жерін ҥзіп ала жаздай шым-шым еткізеді. Домбыра 
деген осы екен-ау! Кҥй деген осындай болады екен-ау!.. 
Ырысбек домбыраны ҧзақ шертті. Бір ауық со жатқан кҥйінде ыңырси 
әндетіп, бҧрын біз естімеген зарлы бір әуенді бастады. Басқа сӛздерін жаттай 
алмасақ та, қайырмасын бірден қағып алдық. 
Әскер боп тудым, 
Белімді-ай будым. 
Қайтейін, сҧм фашиске 
Қарсы-ай тудым-ай… 
Екі-ҥш ауызын қайталағаннан кейін, қалтасынан орамалын алып, кӛзін 
сҥртті. Біз оның жылап жатқанын енді байқадық. 


80 
− Әжібек-ай, баурым-ай, ӛмірің тек қуанышпен ӛтсін,- деді даусы 
жарықшақтана дірілдеп.- Әлгі жеңгеңді, Дҥрияны шақырып келші. Мені 
жаны ауырып, кҥйзеліп жатыр деші… 
Әжібек қасына мені ертіп алды да, екеуміз, әне-міне, дегенше ауылдың 
шетіндегі тӛбеге -қырманға жарыса жҥгіріп жеттік те, Дҥрияны ертіп кейін 
қайттық. Ырысбек әлі со зарлы әуенді айтып кҥңіреніп жатыр екен, Дҥрияны 
кӛре сала, домбырасын тастай сап ҧшып тҧрды. Әйелін кешегі кҥні емес, дәл 
бҥгін кӛргендей ҧмтылып кеп қҧшақтай алды да, еңкейіп оның кӛкірегіне 
бетін басып тҧрып алды. Бізге ол балаша солқылдап жылап тҧрған сияқты 
боп кӛрінді. Ҥй ортасындағы бҧл тҧрыстарынан қысылғандай болған Дҥрия 
кҥйеуінің қҧшағын босатпақ боп кӛрген: «Отыршы, Ырысбек, қойшы, бҧл 
тҧрысымыз ҧят қой!» — дей берген, бірақ Ырысбек айырылмады, жібермеді. 
Әжібек, кетейік дегендей ым қақты, бҧрылып кӛшеге шықтық. Әжібек 
тағы да Ырысбекті «Жалақ, бҧзау» деп даттайтын шығар, мазақтайтын 
шығар деп ойлағамыз, жоқ, ол ештеңе деген жоқ. Мырс етіп кҥлді де басын 
шайқады, онан соң қолын кҥнге кӛлегейлеп аспанға қарады. Шаңқай тҥс. 
Қарнымыздың ашқанын енді сездік. Ҥйде жаңа астықтың ҧнынан пісірілген 
нан бар, табадан бойы жып-жылы тҧрған шығар. Нанды сӛз етуіміз-ақ мҧң 
екен, жаңа піскен нанның иісі танауымызды жарып, бҧрқырап қоя берді. 
Бҥкіл ауылда жаңа піскен нанның пісі аңқып тҧр. 
Ырысбек бір жетідей тырп етіп ҥйінен шыққан жоқ. Қашан барсаң 
жинаусыз тӛсектің ҥстінде шалқасынан тҥсіп домбырасын тыңқылдатады да 
жатады. Бҧ дҥниеде не боп жатыр, не тіршілік бар, оның бірде-бірімен ісі 
жоқ. Бір ауық кҥңірене әндетіп ӛзімен-ӛзі жылап алады. Кейде ол ҥйін 
тӛңіректей ойнап жҥрген біздерді ішке шақырып ап, жағалай отырғызады да, 
ӛзі бәрімізге мҥсіркей, аяй қарап: «О, кӛзімнің нҧрлары»,- деп елжірейді. Ҥні 
соншалық жҧмсақ, жанары мейірімді, асты-ҥстіңе тҥсіп, еркелетіп, дәл бір 
туған ағаңдай кӛрінеді. Әрқайсымызды басымыздан сипап: «Кӛкесінен 
айнымаған, кҥнім!» — деп қояды. Мҧндайда біздер тамағымызға бірдеңе 
кептеліп тҧрып қалғандай жҧтына береміз, жапалақтай бастаған кӛзімізді 
жасырамыз. Ӛстіп бәрімізді жылы сӛздерімен бір-бір айналып-толғанып 
болғаннан кейін әңгіме бастайды: соғыстағы бастан кешкендерін, кӛрген-
білгендерін, қырғын ӛлім жайлы, ҧрыс даласында қалып азап шеккен 
жаралылар жайлы егіле отырып айтады. Біздің қиналған тҥрлерімізді кӛрген 
сайын неше тҥрлі аянышты, ҥрейлі оқиғаларды бірінен-бірін асырып 
бастырмалата тҥседі. Ақыры әңгімесінің бір тҧстарында ӛз айтқандарына ӛзі 
шыдай алмай булығып жылап жібереді де, қол орамалын алып қалш-қалш 
етіп бетін басқан кҥйде: «Енді кетіңдер, шығыңдар ҥйден!» — дегендей 
қолын сілтеп, жастыққа қисаяды. 


81 
Біз ҥрпиісіп сыртқа кетеміз. Тағы да домбыраның шерлі кҥмбірі, 
ӛкінішке толы азалы шертпелер, кҥңіренген зарлы әуен. 
Әскер боп тудым, 
Белімді-ай, будым. 
Қайтейін, сҧм фашиске 
Қарсы-ай тудым-ай… 
Оның бҧл әуені бізге де қатты әсер ететін боп алды. Естіген кезімізде 
тӛбе қҧйқамыз шымырлап, дірілдеп кетеміз. Кӛзіміз боталап бір-бірімізден 
теріс айналамыз. 
Кҥнде тҥс кезінде Дҥрия тамаққа қайтады, сондағы Ырысбектің 
қуанғанын керу тіпті керемет. Домбырасын тастай сала ҧшып тҧрып әйелін 
қҧшақтай алады да, оның кӛкірегіне, мойнына, қалың бҧрымды шашына 
бетін басып қашан мауқы басылғанша тҧрып алады. Дҥрия оны арқасынан 
қағып, шашынан сипап, мейірлене иіскеп баласынша еркелетеді, сӛйтіп 
тҧрып тезірек қҧшағынан босанғысы келеді, бірақ Ырысбек айырылмайды, 
жібермейді. Мҧндай сәтте біз де тым-тырыс қана бҧрылып ап, жӛн-жӛнімізге 
кетеміз. 
Ауыл арасында Ырысбек туралы әр тҥрлі әңгімелер тарай бастады. 
Біреулері оны: «Аурулы екен, ауыр жарақаттан кейін ептеп ауысқан 
кӛрінеді»,- деп аяныш білдірді; екіншілері: «Жарықтық, бабасы аруақты, 
арқасының ҧстамасы бар бақсы кісі еді, бҧ Ырысбек те тегін емес, бойында 
тҧқым қуалаған бірдеңе бар»,- деп жорамал жасады; ҥшінші біреулер: «Ӛй, 
қойшы әрі, бҧ Ырысбек баяғыдан белгілі емес пе. Айдың-кҥні аманда оқудан 
қашып оқу оқымай, не береке тауып жҧмыс істемей, гармонь-домбырасын 
арқалап ел кезіп, ӛзінше сері атанып той-томалақ іздеп тентіреп жҥрмеуші ме 
еді. Бәрі со жҧмыс істемеудің амалы»,- деп кінә тақты. Соңғылардың сӛз 
тӛркінінің бір жанды жері бар еді. Колхоз бастығы — Нҧғыман оған: «Ӛзің 
қалаған бір жҧмысқа шық, мҧндай кезде ҥйде жатқаның келіспейді»,- деп екі 
дҥркін кірген екен, бірақ Ырысбек сазарған кҥйде онымен мҥлде сӛйлеспей 
қойыпты. 
Ал Кӛлбай керең Ырысбек десе әзірейілінің атын естігендей азар де 
безер қашатын болды. Әнеу кҥні қора ішінде ЬІрысбектің бҧған не істегені со 
кҥйі жҧмбақ. Сҧрағандарға Кӛлбай керең: «Атай керме, сҧмдық!» — деп 
тҥңіле жағасын ҧстайды. Бірақ не сҧмдық екенін тҥсіндіріп және айтпайды. 
«Сен сҧрама, мен айтпайын»,- дейді. Кереңнің мінезі белгілі, айтпаймын десе 
бітті, айтпайды. Ӛзі Дҥриядан мҥлде кҥдерін ҥзіп, сиыр фермада сауыншы 


82 
боп жҥрген бҧрынғы әйелі — Әпішті қайтып алды. 
Ол екеуінің қайта қосылуы да ауылға жырдан қызық әңгіме боп тарап 
кетті. Кӛлбай керең ат-арбамен жем тартып фермаға барса, Дҥрияның мҧны 
тастап кеткенін естіген Әпіш қарсы алдынан жылап шығып: «Жәкемнің 
баласы-ау, не боп кеткенсің азып-тозып?!» — деп кеп бас салады. Кӛлбай 
кереңнің тҥрі шынында да адам аяйтындай алым-жҧлым екен. ЬІрысбектің 
соққысынан бет-аузы кӛкпеңбек, неше кҥннен бері ыстық тамақ ішпей кӛзі 
шҥңірейіп, жағы суалған, сақал-мҧрты қауғадай боп ӛскен. Жалғызсырап 
ішқҧса боп жҥрген адам бҧл да шыдай алмай еңіреп қоя береді. «Бір ажалдан 
қалдым ғой, Әпіш!..» -деп, ӛзінің Ырысбектен кӛрген зәбір-жапасын айтып 
шағынады, бір лаққа айырбастап алған екі жҥзді алмас сапысынан 
айрылғанын айтады. Ҧрынарға қара таппай жҥретін ҧрысқақ Әпіш: «Сенің 
кемтарлығыңды басынғаны ғой, әдіре қалғыр. Оның қатынының сенен қай 
жері артып тҧр екен, сонша қорлайтындай. 
Жҥр, екі аяғы кӛктен салбырап тҥссе де кӛрейін мен оны!» — деп 
долданып, кӛрпе-жастығын арқалай-марқалай арбаға отырады. Есігінің 
алдына жеткен бойда: «Ал сен мына кӛрпе-жастықты ҥйге кіргізе бер!» — 
деп, ӛзі екі кештің арасында Ырысбектікіне кетеді. Кешенің басынан кіре 
сықпырта бастайды: «Әдіре қалғыр, байымды сонша қорлайтындай 
қатыныңның несі артық еді?! О несі-ей! Әлде сені соғыстан қайтарғанда, 
ауылдағы кем-кетіктерді қырып-жой, деп қайтарып па еді?!» Әпіш араласқан 
жерде бір сойқанның болатынын білетін кӛрші-қолаңдар тегіс жиналып 
қаран тҧрыпты. «Әй, Дҥрия, қайда әлгі байың? Шықсын бері!» — депті жете 
бере айқайлап, «Кӛлбайымды жеңгенін білейін, кәне менімен ҧстассыншы!» 
Ырысбек Әпіштен шынымен-ақ қорыққаны ма, әлде кӛкдолы әйелмен 
беттесуді ер басына ар кӛргені ме, әйтеуір, ауыз ҥйдің артқы терезесін жҧлып 
тастап, қашып шығыпты да, тығылып, қашан Әпіш кеткенше ҥйіне 
жоламапты. Дҥрия болса Кӛлбайдың сапысын Ырысбек алмады деп ант-су 
ішіп, қарғанып, нан ҧстап әзер қҧтылыпты. Ақыры Әпішті Кӛлбай кереңнің 
ӛзі кеп ертіп кеткен кӛрінеді. Бір қызығы сол Әпіш, бҥкіл ауылда ешкімнен 
беті қайтпайтын, таймайтын Әпіш Кӛлбай кереңнің дегеніне екі дегізбей 
бағынатын және қорқатын. Кӛлбай керең Дҥрияға ҥйленем дегенде еш дау-
жанжалсыз ӛз еркімен ажырасып, ӛзіне тиесілі кӛрпе-жастығын арқалап 
алып, зар еңіреп жылап фермаға кете беріп еді. Сонда біреулер қолтығына су 
бҥрікпек боп: «Әпіш-ау, ҥн-тҥнсіз кете бермегің қалай?» — дегенде, Әпіш: 
«Қайтейін, қҧдай қосқан қосағым, бақыр басты азаматым еді, оны қарғап-
сілеп, онымен соттасып не опа табам. Бҧ да қҧдайдың маңдайыма жазғаны 
шығар»,- деген екен. Енді, міне, сол қосағына қайта қосылып, жағасы 
жайлау, кӛңілі жаз болды да қалды. Бірақ бәрібір Ырысбекке деген қитығы 
басылатын емес, деседі жҧрт. «Сапыны таптырмай қоймаймын»,- дейтін 
кӛрінеді. «Е, неге қояйын, бақандай бір лаққа айырбастап алған дҥниені». 


83 
Әпіштің бҧл сӛзін естігенде Ырысбек ойланып қалды. «Апыр-ай, 
шынында да со сапыны жер жҧтты ма? Аяқ асты қайда жоғалып кеткенін 
білмей қор болдық-ау. Кӛлбай кереңнің қолын қайырып бҧрап, тартып алдым 
да қараңғыда ауыз ҥйге қарай лақтырып жібердім. Бірақ ертеңіне Дҥрия 
екеуміз екеулеп іздеп таппадық. Таңым бар»…- деді. 
Әжібек біздерге қарап қабағын сәл тҥйіңкіреп, ауыздарыңа сақ 
болыңдар, дегендей ескерту жасап қойды. 
Оқу жылы басталған. Біз тҥске дейін оқимыз. Мҧғаліміміз Мҧқан ағай 
аурушаң кісі еді, оның ҥстіне тҥске дейін қосалқы екі класты, тҥстен кейін 
және қосалқы екі класты оқытып әбден шаршайтын болу керек, екі сағат-ҥш 
сағаттан кӛп ҧстамайды. Онан кейінгі уақытымыз қара кешке дейін ойынмен 
ӛтеді. Кӛбіне Ырысбектің есігінің алдына жиналамыз. Бҧл ҥй біздің бас қосар 
орталығымыз боп алған. Бізді еліктіретін қызық атаулының бәрі осында. 
Әжібектің ойлап таппайтыны бар ма! Бірде ойнап жҥргенімізде аяқ 
асты: «Дабай, Ырысбекке концерт кӛрсетейік»,- деді. Біз тҥсінбей қалдық. 
«Кәдімгі әртістерше ойын қойып береміз,- деді Әжібек.- Біріміз Тӛлеген, 
біріміз Бекежан боламыз, Қыз Жібек болады, Шеге, Қаршыға болады… 
Әйтпесе, байғҧстың келгеніне бір жеті болды, кҥндіз-тҥні ҥйінен шықпайды. 
Бір ауық кӛңілін кӛтерейік те». Әжібектің бҧл сӛзі онша тҥсініп болмасақ та 
бізге ҧнап кетті. «Дабай, дабай»…- деп тҧс-тҧстан қҧлшынып шыға келдік. 
Әжібектің ӛзі Бекежан болды, Бәтен Тӛлеген болды, Шеге де табылды 
арамыздан, Қаршыға да табылды, ал Қыз Жібек жоқ… Балалардың 
ешқайсысы әйел болғысы келмеді. Қыздардың бірі келісер деп Қайрат пен 
Санат соларға кеткен, біраздан кейін екеуі де салы суға кетіп қайтып келді. 
Ешқайсысы кӛнбепті, ең аяғы жетім Тоштанға дейін: «Кетіңдер әрі, Қыз 
Жібек тҥгілі одан зорғыны айтсаңдар да әйел болып ойнамаймын»,- депті. 
Амал қанша, ойынды Қыз Жібексіз-ақ қоятын болдық. Қораның іргесінен 
орын әзірлеп, дайындыққа кірісіп те кеттік. Бәтен ҥйінен ҧрлап алып келген 
жыртық-жыртық ескі алашаны екі бала екі жағынан ҧстап тҧратын 
шымылдық жасадық. Қасы-кӛзімізді бояйтын кҥйе-кӛмір оңай-ақ табылды, 
бірақ бетімізге жағатын ештеңе таба алмадық. Бор дегенді Мҧқан ағай тоғыз 
қабаттап қол орамалына орап қалтасына салып жҥреді, не істейміз? Ақыры 
оның да жӛнін таптық. Ойынға қатысатын балалар жҥгіріп барып колхоздың 
кеңсесінің әктелген (Бірінші Майға қарсы әктелген еді) қабырғасын 
алақандарымен ҥйкеп-ҥйкеп ап бетіне жағуы тиіс болды. 
Сӛйтіп, тҥгел дайын болған кезімізде Әжібек барып Ырысбекке 
хабарлап, ертіп шықты. Ойыңды бастауымыз сол екен, Ырысбек дәл біреу екі 
қолтығынан бірдей шап беріп қытықтап жібергендей қарқылдай жӛнелді. 
Ақтаңдақ-ақтаңдақ боп әк жағылған бетімізге, кҥйемен боялған қасы-
кӛзімізге, сақал-мҧртымызға, алым-жҧлым ҧсқынымызға, кҥс-кҥс боп 


84 
жарылған кесеудей қап-қара аяқ-қолдарымызға қарайды да, ал кеп кҥледі. 
Шалқалай бере «ха-ха-лайды», бҥкшиіп ішін басып сылқылдайды. 
Жайықтың ақ маралы ар ма Жібек? 
Ырысбек мҥлде ішегі тҥйіліп, кӛзінен жасы сорғалап, санын шапақтап 
ӛлді де қалды. Қысқасы не керек, ойын біткенше есін жиған жоқ. Ойынымыз 
біткеннен кейін ол кҥлкісін тыйып сәл ҥнсіз отырды да: 
− Талаптарың жақсы екен, балалар,- деді, қабағын шытып ойланып 
қалды.- Жә, сендердің бҧ жҥрістерің бостан-бос азып-тозу. Сендерге мықты 
тәрбие керек екен,- деп және тоқтады, тағы ойланды.- Былай, балалар, 
бҥгіннен бастап, тап қазірден бастап сендер әскер дайындығын ӛтіп, әскери 
ойындар ойнауларың керек. Әжібек! Адъютант! 
− Из,- деген шӛп ҥстінде отырған Әжібек селқос қана. 
− Отставить! Кәне, қалай келуің керек менің алдыма, қалай жауап 
беруің керек?! — деді Ырысбек жекіп. 
Әжібек ҧшып тҧрып, Ырысбектің алдына кеп қалт тҧра қалды да, 
қолын шекесіне апарып. 
− Иест! Мен мҧндамын, жолдас кәмәндір! — деді. 
− Міне, дҧрыс. Атыңды атап мен шақырғанда ылғи ӛститін бол! Қазір 
мыналарды тегіс бойларына қарай сапқа тҧрғыз. Мен ҥйден киініп шығайын. 
Сонан соң әскери дайындықты бастаймыз. 
Даусы мҧздай боп, сӛздері қатқыл шықты. 
− Иест, кәмәндір! Әй, жетпегірлер, кәне бойларыңа қарай сапқа 
тҧрыңдар! Тез! Желкелеріңді ҥзіп жіберем! — деп Әжібек те дікілдей 
жӛнелді. 
Ҥйіне кірген Ырысбек іле-шала бар әскери киімдерін киініп, иығына 
мылтығын асынып шықты да, тізіліп сапқа тҧра қалған біздерді қабағын тҥйе 
жағалай бір қарап ӛтті. Аяқтарының басы, кеуделері сәл озыңқырап тҧрған 
бір-екі баланы кейіндеу шегіндірді, бір-екі балаға «мҧрындарыңды 
сҥртіңдер» деп ескерту жасады. Сонан соң ӛзі биіктеу жерге барып тҧрды. 
− Ең әуелі, сапта тҥзу тҧратын болыңдар! Тәртіп бҧзғандарыңа кӛк 
шыбықпен дҥре соғылады. Әжібек, әнеу бҧталардың ішінен бір шыбық 


85 
сындырып әкел. Бар! 
Әжібек жҥгіріп барып шыбық сындырып әкелді. Ырысбек шыбықты 
алып былқылдатып кӛріп, ауаны осып-осып қойды. 
− Сен менің бірінші орынбасарым боласың! — деді Әжібекке.- Мына 
әскерлердің жҥріс-тҧрысын, тәртіптерін бақылап, маған баяндап тҧрасың! 
Тәртіп бҧзғандарына қатал шара қолданылады: кӛк шыбықпен дҥре соғу, 
қораға аш қатырып қамап қою. Ҥйлеріне ешкім шағым айтып, жылап барушы 
болмасын. Ондай балаға екі есе қатал шара қолданылады. Әке-шешесінің 
қойнында жатса борбайынан ҧстап суырып алам. Менің қолымнан әулиесі 
тартып кӛрсін сонан кейін! — деп Ырысбек мылтығын қозғап, жӛндеп 
қойды.- Бәріңе тҥсінікті ме? 
− Тҥсінікті! — дестік. 
− Кәне, әскерлерше бір кезде айтыңдар. 
− Тҥсі-нік-ті!.. 
− Тағы да қайталап айтыңдар! Бір, екі, ҥш… 
− Тҥсінікті!.. 
− Тағы да! 
Біз тағы қайталадық… тағы қайталадық… Дҧрыс! — деді бір кезде.- Ал 
кімде сҧрақ бар? 
− Менің сҧрауым бар,- деді Әжібек. 
− Иә, сҧра. 
− Мен сізді Басқолбасшы десем қайтеді? 
− Мақҧл. Солай де. Ал сӛйтіп бҥгінгі бірінші дайындық сапта жҥріп 
ҥйрену, оңға, солға бҧрылуды ҥйрену. Онан кейін секіру, жарысу 
ойындары… 
Сӛйтіп, біз ойламаған жерден әскер боп шыға келдік те, әскердің 
ойындарына кірістік. Обалы не керек, Ырысбек тҥсін суытып, қатал 
сӛйлегенімен, ойындарды тәптіштеп тҥсіндіріп, жанын сала ҥйретті. Ӛзіміз 
де оның айтқандарын бар ынтамызбен қызыға орындаймыз. 


86 
− Раз, два!., раз, два!..- деп шпорлы етігімен жерді дҥк-дҥк еткізіп 
адымдаған кезде біз де жалаң аяқтарымызды былпың топыраққа тып-тып 
еткіземіз. «Шіркін-ай, Ырысбектікіндей қалың ҧлтан етігіміз, шпорымыз 
болса!» — деп қоямыз. 
Онан соң оңға бҧрылу, солға бҧрылуды ҥйрендік. Ең соңында ЬІрысбек 
сағатын қолына ҧстап, ӛзі қадағалап санап тҧрып қашықтыққа жҥгіртті, 
биіктіктен секіртті. Әйтеуір кешке дейін қасымыздан екі елі ҧзамай ойына 
келгендерін істетті. Кешкісін әбден сілеміз қатып, аяғымызды тең баса алмай 
шатқаяқтап ҥйге қайттық. 
Ертеңіне сабақтан тарасымен, ҥйден апыл-ғҧпыл тамақтанып, тағы 
жиналдық. Ырысбек кешегісіндей тағы да мылтығын асынып шықты да, тағы 
да әскери ойынымызды бастадық. Әжібектің де білмейтіні жоқ, Ырысбектің 
айтпағын емеурінінен қағып алады. 
− Қҧп болады, жолдас Басқолбасшы! — деп қояды, сарт етіп. 
Бҧл кҥні ойнап жатқанымызда қасымызға салт атпен колхоз бастығы 
Нҧғыман келген. Ол сырттай қарап біраз тҧрды-тҧрды да одан соң 
Ырысбекке таяп кеп, бәсең ҥнмен бірдеңе деді. 
− Кедергі жасамаңыз! — деді Ырысбек дҥңк етіп. Нҧғыман тағы да 
бірдеңе-бірдеңе деген. 
− Мен ӛзім білем не істейтінімді, аулақ жҥріңіз! — деді Ырысбек тағы 
да қатты сӛйлеп. 
Бҧл жолы Нҧғыман даусын кӛтеріңкірей сӛйледі. Біз оның «соғыс», 
«колхоз», «аудан» деген жекелеген сӛздерін ғана естідік. Ырысбектің жҥзі 
кҥп-кҥрең боп тҥтігіп, кӛзі алақ-жҧлақ ете қалды. 
− Кет, кәне, ӛлмей тҧрғаныңда!- деді ақырып.- Мен қанымды тӛгіп 
келдім! Мына сендер ҥшін тӛктім! Сендер ҥшін кеудемді жау оғына тӛсеп, 
ӛкпемді оққа тескіздім!..- деп кӛкірегін соғып-соғып қалды. Біздің зәреміз 
ҧшып кетті. Иығындағы мылтығын жҧлып ап, Нҧғыманды табанда атып 
тастайтындай боп кӛрінді. 
Нҧғыман атының басын бҧрды да қырманға қарай жҥріп кетті. 
Ырысбек болса оның соңынан кӛпке дейін айбат шегіп, ашуын баса алмай 
селкілдеп тҧрып алды. 
− Соғысқа кӛмек дейді ғой, мен кӛмек етпегендей. Саған қарағанда 
кӛмекті мен кӛрсеттім, қанымды тӛгіп… Ауданмен қорқытады ғой мені, 


87 
ауданнан асып облысқа бар, таярым жоқ сӛзімнен. Ешкіміңнен 
қорықпаймын. Ӛзім қаным қарайып келген адаммын, шетіңнен жайратайын!.. 
Мҧнан кейін біздерге мҥлде ешкім маңайламайтын болды. Әжібек 
қарап жҥре ме, кҥнде бірдеңені ойлап шығарады. «Басқолбасшының алма 
жегісі келді. Қазір барып, анау алып алма ағаштың сарғайып піскен 
алмаларынан әрқайсың елу-елуден таңдап алма әкеліңдер!» — деп бҧйырады. 
Лаж жоқ, орындаймыз. Қиқаңдасаң кӛк шыбықпен дҥре соғады. Бәтен мен 
Санатқа бір-бір реттен дҥре соғылған, кӛк шыбықтың ізі қҧйрықтарынан бір 
жеті бойы кетпей кӛгеріп жҥрді. 
Алғашқы кҥндердегісіндей емес соңғы кездерде Ырысбек бір тҥрлі 
ӛзгере бастады. Әнеу кҥні ауылды аралап шыққан, ӛзгеріс сонан бері пайда 
болды. Әжібек екеуміз қасына еріп жҥріп ек сонда. Ол әуелі қара қағаз келген 
ҥйлерге кіріп кӛңіл айтып, онан кейін ҥлкен ақсақалдары бар ҥйлердің 
кемпір-шалдарына сәлем бермек еді. 
Ең бірінші ауылдың ең ҥлкен қариясы, тоқсаннан асқан Қуатбай 
шалдың ҥйіне кіргенбіз. Осыдан екі. жыл бҧрын жалғыз немересінен қара 
қағаз келіп, жадап-жҥдеп, шӛгіп отырған қария алғашқыда ЬІрысбекті 
танымай, шҥйіле қарап: 
− Ӛкілмісің? — деп сҧраған. 
− Жоқ, ата, мен Ырысбек деген балаңызбын ғой. 
− А! Ӛй, айналайын, жақсыдан қалған тҧяғым. Кәне, бері еңкей! — деп, 
Ырысбекті иілтіп маңдайынан иіскеді.- Марқҧм, бабаң Кӛкенаймен дәмдес, 
кӛңілдес болып ек. Ат жалын бірге тартып мініп, мал табуға бірге аттанып ек. 
Не заман ӛтті сонан бері…- деді кӛңілі жасып, даусы бҧзыла сӛйлеген қарт. 
Бір сәт тҥйіліп отырып қалды.- Шау қарға қҧсап әңгіріп енді отырған отырыс 
мынау. Ӛкілмісің дегенім, осында ауданнан жҥрген шолақ қол бір ӛкіл бар. 
Не керек екенін білмеймін, атаңның аузына… біраз кҥн болды, айналшық 
жегендей осы ҥйдің алдынан шықпайды. 
− Ей-и, жарықтық-ай, нең бар айдаладағы біреуді жазғырып,- деді жҥн 
тҥтіп отырған кемпірі. 
− Жоға, неменеге келе береді деймін-ау, осында. Суқаным сҥймейді 
ӛзін. 
− Е-е, қҧдай басқа салған соң кӛнбеске шараң не. Темірім тҧрса келмек 
тҥгілі аяғын қия басар ма еді! — деді кемпір кӛзіне жас алып, ауыр кҥрсіне. 


88 
− Иә-ә, ӛлмеген соң кӛнеді екенсің бәріне де. Бір заманда жел 
жағымнан ешкімді ӛткізбеймін деген кӛкжалыңның бірі мен едім, бҥгінде 
әркімнің аяғының астында тапталып жатқаным мынау,- деді мҧңын шаға 
сӛйлеген шал.- Жә, қол-аяғың аман келдің ғой, қарағым! Бәрінен де ҥлкен 
олжа сол. Әй, кемпір, жҥніңді таста! Шай қайнат, қазан кӛтер. Әлгі қоңыр 
кебені ҧста, алыс сапардан бала келген екен. 
− Ас-суға рақмет, нан ауыз тисем болады. Ауылды тегіс бір аралап 
шықсам деп едім. Әлі асықпай келіп ӛзіңізбен әңгімелесем ғой,- деді 
Ырысбек. 
− Жӛн, онда сӛйт, кейін асықпай отыратындай боп, бір кел. 
Сыртқа шыққанымызда, қырманнан тас қоймаға астық тартып жҥрген 
осы ҥйдің келіні Зибаш ӛгіз арбасымен есік алдына кеп тоқтап тҧр екен. 
Ырысбекті кӛріп Зибаш анадайдан кҥлімсіреп келді де, қолдасып амандасқан 
сәтте шарасы жасқа еріксіз толып кеткен кезін жаулығының ҧшымен сҥртіп, 
сәл-пәл булыға ӛксіп жылап алды. 
− Тҥу, Ырысбекті кӛріп ем кӛзіме оттай басылды ғой. Темірімді 
кӛргендей болдым ғой,-деп, кҥйеуін есіне алды. 
Зибаш ақ қҧба ӛңді, кӛзі боталаған әдемі, толықша келіншек. Әжібек 
ылғи: «Осы біздің ауылда Зибаштан сҧлу келіншек жоқ. Нағыз бота кӛз. 
Мҥсіні қандай, уыздай толықсып кӛзді арбайды, балтыры қандай, тҥп-тҥзу 
топ-толық… Шіркін!.. Тезірек ер жетіп кәмелетке толсам ҥйленер едім»,- 
дейтін аузының суы қҧрып. Мен қазір Зибаштың со Әжібек мақтаған 
аяқтарына қарағам, қолдан тоқылған қалың жҥн шӛлки киіп апты, тҧзу-
қисығын айыра алмадым. Ҥстіндегі ескі шыт кӛйлегінің иық тҧстары сетінеп-
сетінеп жыртылыпты, ар жағынан жылт-жылт етіп жалаңаш еті кӛрінеді. Кҥн 
қақтап кҥреңіткен жҥзі сәл тершіп тҧр. 
− Зибашжан, халің қалай? — деді Ырысбек. 
− Хәлдің несін сҧрайсың, Ырысбек-ау, кӛріп тҧрсың ғой, ӛзің. 
− Сол баяғы әсем кӛркің. 
− Әй, Ырысбек-ай, кӛңіл ҥшін айтасың ғой, әйтпесе енді бізде не кӛрік 
қалды дейсің,- деп кҥлді Зибаш. Аппақ тістерін жарқырата кҥлімсіреп 
Ырысбектен кӛз алмай қарайды. Қымсынып қайта-қайта иығындағы 
жыртықтарын жапқансып қояды. 


89 
− Баяғыда ӛзіңді алып қашу ҥшін Темірге кҥйеу жолдас боп барғаным 
есіңде ме? «Әй, Зибаш, сен бір тҥлкі қырдан қашқан…» — деп Ырысбек 
сӛзінің соңын сол әндетіңкіреп жіберген. 
− Неге ҧмытайын, дәл қазіргідей есімде. Енді қайтып оралмас дәурен 
ғой ол бір. 
− Иә, десеңші. Темір дегендер жігіттің сҧлтаны еді ғой. Қайран 
замандас!.. 
− Ең болмаса екі қол, екі аяғынан айрылып, кеудесінде бір жаны келсе 
де риза болар ем-ау, тағдырға,- деді Зибаш кӛзі тағы жасқа толып. 
− Сабыр ет… 
− Сабыр етпегенде не істеймін. Жылап-жылап болғанбыз. Тек ӛстіп 
ӛзің сияқты ер-азаматты кӛргенде кӛңілің еріксіз бҧзылады екен,- деп кӛзін 
сҥрткен Зибаш тағы да жайдары кҥлімсіреді. 
Осы мезетте іштен шыққан кемпір: 
− Зибаш-ау, сен екенсің ғой,- деген. 
− Сусын ішкелі келіп ем. Бір шалап жасап жіберіңізші, ене,- деді жалт 
етіп кӛзімен қоштасқан Зибаш есікке қарай бҧрылып. 
Мҧнан кейін Ырысбек біздің ҥйге кірген. Әжем қалбалақтап есі шығып, 
мҥлде қуанып қалды. 
− О, айналайын! Жарықтық кӛкемнің баласы екен ғой! Басыңнан 
айналайын, кӛзіңнен айналайын, қолыңнан айналайын…- деп бір сҥйіп, бір 
жылап, шҧбырта айналып-толғанып жатыр. 
Қызғанып кеттім де шыдай алмай: 
− Әже! — деп жетіп бардым алдына айқайлап. 
Әжем меселіңді қайтарушы ма еді сҥюден. 
− Сені де айналайын, жігіт боп, ағасына ауылды кӛрсетіп ертіп 
жҥрген,- деп шолпылдатып мені де мҧрыннан, кӛзден сҥйіп-сҥйіп алды. Одан 
есік жақта тҧрған Әжібекке таяп: -Әжібекпісің? Ой, тентек, одырайып тҧр 
ғой ӛзі!.. Кәне, бетті әкел! Сені де айналайын, тентегінен! — деп оны да 


90 
сҥйді. 
Әй, әжем-ай, осынша дарқан сҥйешек болармысың, дҥниеде сендей әже 
жоқ-ақ шығар. Кәне, кімнің әжесі ӛстіп жҧрттың бәрін алаламай мейірленіп 
сҥйе алады?! Мен тӛбем кӛкке екі елі жетпей тҧрмын. Міне, әжең болса 
осындай болсын деп, айқай салғым келеді мақтанып. 
Ырысбек біздің ҥйден де нан ауыз тиіп қана шықпақ болған. Сырттан 
аптыға ентелеп Нәзира әпкем кіріп келді де, Ырысбекті кӛріп қысылып 
қалды. 
− Мынау Нәзира ма?! Тҥу, әже, тілім тасқа, балаңыз тіпті азамат боп 
кетіпті ғой! — деді Ырысбек езуін жия алмай, Нәзира әпкеме ішіп-жеп қарап. 
Ӛзі қол беріп амандасты.- Кім ойлаған мҧндай боп ӛседі деп, мен әскерге 
кеткенде кішкентай ғана бала еді ғой. 
− Нәзира деген кҥнім осы менің. Ӛй, кӛзіңнен айналдым сенің! 
Дастарқан жайып, нан турап, мына ағаңа айран қҧйып әкел,- деді әжем. 
Нәзира әпкем дастарқан жайып, нан турады, одан айран қҧйып әкелуге 
шығып кетті де, біразға дейін кірмей қойды. 
− Әлгі Нәзира қайда жоғалып кетті? — деді әжем шыдамсызданып: — 
Әй, Нәзира! Нәзира! 
Нәзира әпкем есіктің саңылауынан: 
− Қанат, бері шығып кетші! — деді. 
Мен жҥгіріп шықтым. Нәзира әпкем екі тостақанға айран қҧйып, есік 
сыртында ҧстап тҧр екен. 
− Мә, сен апарып берші, әйтпесе мен ҧялам,- деді.- Әнеу біреу 
Ырысбек дегеннің кӛзі жаман екен тіпті. 
Біздің ҥйден шығып келесі ҥйге бет алғанымызда Нәзира әпкем 
соңымнан: 
− Әй, Қанат! — деді дауыстап.- Қайт кері! Саған апам жҧмыс тапсырып 
кетті. 
Мен амалсыз кейін қайрылдым. Апам айтты десе заң, қиқаңдауға 
болмайды. 


91 
− Ал немене? Не жҧмыс ол? 
− Тентірейтін тҥк те жоқ, ендігі осы ҥйдің еркегі сенсің, анау отынды 
жар! — деді. 
Сӛйтіп, мен одан әрі ілесе алмай қалып қойып ем. 
Содан бастап Ырысбектің ӛзгерісі кҥрт. Жайдары бір әуендерді 
ыңылдап айтып, жез тҥймелерін қҧрым киіздің қиындысымен кҥніне 
әлденеше ысқылайды. 
Ӛзі ӛстіп кҥннен-кҥнге кӛңілденген сайын біздерді — балаларды 
болымсыз нәрсеге бола жазалауы да жиілеп, қатайып кетті. Бҧрынғы 
«кӛзімнің нҧрлары», «кӛкесінен айнымаған кҥнімнің», елжірей қарап 
айналып-толғанудың бәрі жайына қалды. Енді Әжібек қҧсап ол да бізді: «Әй, 
жетпегірлер!», «Әй, жҥгірмектер!» — деп шақырады. Артымызды 
жалаңаштап, жерге етбетімізден жатқызып қойып кӛк шыбықпен шып-шып 
еткізіп дҥре соққан кезде ӛзі айызы қанып, рақаттана тістеніп тҧрады. 
Жаза да кӛбейді, салықтың тҥрлері де кӛбейді. Сол кӛп салықтарды 
ӛтеу ҥшін тау бӛктеріндегі жабайы алманы дорбалап тасимыз. Шымырбай 
шалдың қауын-қарбызына да жиі-жиі аттанамыз, бірақ бәрібір жазадан 
қашып қҧтылу жоқ. Іріктеп әкелген алмаларыңның ішінен қҧрты бар бір алма 
шықса да, әкелген қауының дәмсіз болca да жаза тартасың, кӛк шыбықпен 
дҥре соғады, ол аздай саптың алдына тҧрғызып қойып, дәу табан әскер 
етігімен май қҧйрықтан теуіп қап қалпақтай ҧшыратын «сорыңды алам» 
дейтін жазасы және бар. Оны да ойлап тапқан Әжібек. Бҧл кҥнде Әжібек 
әбден семірген. Басқолбасшының бірінші орынбасары — оң қолы ретінде ол 
да бізден салық алады. Ырысбектен артылған тәтті қауын мен піскен алмалар 
соның аузында. Ендігі бізден салық ала алмай жҥрген, есе тимей жҥрген, 
ЬІрысбектің екінші орынбасары боп кейінде сайланған Қайрат қана. 
Әжібектен кейінгі Ырысбекке жаққан бала сол. Ӛзі білдіртпей ғана 
Әжібекпен тайталасатынды шығарды. Ырысбектің ҥйіне Әжібектен 
бҧрынырақ кеп, етігін сҥртіп тазалап, жез тҥймелерін жылтыратып ысқылап 
бәйек қағады. Кеше әуелдеп Әжібекті Ырысбектің ҥйіне кіргізбей қойды. 
«Басқолбасшы қазір шығады, осы далада кҥте тҧр!» — деп. Әжібектің тҥрі 
жаман бҧзылып кетті, бірақ ештеңе деген жоқ. Қызарақтаған кҥйі бізді сапқа 
тҧрғызып, ӛзі есіктің кӛзінде тҧрған Қайратқа қалай тиісерін, қалай 
мҧқатарын білмей тістенумен болды. Онан соң әскери ойындар кезінде 
байқамағансып, ойнағансып барып Қайратты бір-екі рет аяғынан шалып қап, 
тоңқалаң асырған. Екі ретінде де жерге оңбай гҥрс ете тҥскен Қайрат кӛзі 
жасаурап, жамбасын сипалай берді. Жылауға ҧялды, кӛзі шіпілдеп жасқа 
толып кетсе де кҥлгенсіді ӛзінше. Ӛйткені, ойнап жҥріп жыласа басы таз 


92 
болады ғой. 
Әскери ойындар аяқталып, енді алмаға барамыз ба, әлде қауынға 
аттанамыз ба, деп бҧйрық кҥтіп сапта тҧрғанбыз. Ырысбек кҥрт тҥсі суып, 
ызғарланып келді алдымызға. 
− Әжібек! 
− Мен мҧндамын, жолдас Басқолбасшы! 
− Қазір, табаның жерге тимей барып, Кӛлбай кереңнің сапысын әкел! 
— деді жеп жіберердей тҥйіле ақырып.- Бол! Бес минут уақыт берем!.. 
Әжібек жҥгіріп кетті де әлден соң сапыны алып қайтып оралды. 
Ырысбекке ҧсына берген. 
− Тарт ары! — деді Ырысбек дәл бір лас нәрсені кӛргендей сапыға 
жиіркене қарап.- Тағы бес минут уақыт берем, осы кҥйінде Кӛлбайдың ҥйіне 
апарып Әпіштің қолына тапсыратын бол. Ӛзіңнің қашан, қалай ҧрлап 
алғаныңды айт! Ал сен екеуің,- деді сапта тҧрған екі баланы нҧсқап,- бірге 
ілесіп барыңдар да мынаның қалай тапсырғанын қарап тҧрыңдар. Маған 
айтып келесіңдер! 
Енді Әжібек пен әлгі екі бала жҥгіріп Кӛлбай кереңнің ҥйіне кетті де, 
кӛп кешікпей ентіге жҥгіріп ҥшеуі қайта жетті. Біз саптағылар әлі тым-
тырыс, қозғалмай тҧрмыз. 
− Мен айтқандай тҥсіндіріп тапсырды ма? — деп сҧрады Ырысбек екі 
баладан. 
− Иә, ӛзім ҧрлап алып едім деді… 
− Дҧрыс. Орындарыңа тҧрыңдар! 
Ырысбек басын сәл тӛмен салып, жерден бірдеңе іздеген адамдай 
саптың алдында ерсілі-қарсылы адымдап ойланып жҥр, шпоры шылдыр-
шылдыр етеді. Әжібек боп-боз болып саптың басындағы ӛз орнында тҧр. 
− Қайрат! — деді сәлден кейін Ырысбек қалтасынан кілтті шығарып.- 
Мә, мынаны айдап апарып қама анау қораға! 
Біз Әжібек тайталасып бірдеңе дер, сӛз қайтарар, болмаса қаша 
жӛнелер деп ойлағанбыз, тҥк те ӛйткен жоқ. Қолын артына қайырып ҧстады 
да, Қайраттың алдына тҥсіп, қораға қарай ӛзі жҥрді. Әжібек қамалғаннан 


93 
кейін, сапыны алған кезде, оның қасында болған тӛртеумізді алға шығарды 
Ырысбек. 
− Әрқайсыңа екі кӛк шыбықтан дҥре, екіден «сорыңды алу!» — деп 
жаза кесті. 
Біз бір-бірімізге жаутаңдай қарап, ҥн-тҥнсіз ышқырымызды босатып, 
арқамызды жалаңаштадық та қатарласып етпеттей жаттық. Ырысбектің 
қолындағы кӛк шыбық екі реттен «шып-шып» етіп арқаларымызды тіліп-
тіліп ӛте шықты, кӛзіміз жасқа толып-толып кетті, бірақ тістеніп жылағамыз 
жоқ. Онан соң қатар тҧрып кезекпен екі реттен «сор алғыздық», теуіп қалады, 
ҧшып тҥсеміз, қайта кеп тҧрамыз, тағы тебеді. Кӛзіміздің жасын жеңімізбен 
сҥрте бердік, бірақ ешқайсымыз қың етіп дыбыс шығарғамыз жоқ. Шыдап 
бақтық. 
Бізді жазалап болғаннан кейін сапқа қайта тҧрдық та, Ырысбек қораға 
кіріп кетті. Әжібекке не істегенін білмейміз, бір кезде оның: 
− Ойбай-ай!.. Ойбай-ай!..- деп зар қағып шырқыраған даусы шықты. 
Ӛкіріп жылады. 
Шып-шып еткен кӛк шыбықтың ысылы, онан гҥрс-гҥрс тепкен «сор 
алудың» дыбысы, «Ағатай-ай!.. Ағатай-ай… қҧлың боп ӛтейін!…» деп 
шырқырай жалынған Әжібектің қҧлындағы даусы… Кӛзімізбен кӛрмесек те 
Ырысбектің Әжібекті аяусыз қатты жазалағанын сезіп тҧрмыз. Әжібекке 
жанымыз ашып, бір-бірімізге жапақтай береміз. Ара тҥсуге қолдан келер 
дәрмен жоқ. 
Ырысбек кӛптен кейін шықты қорадан. Терлеп кетіпті, орамалын алып 
бет-аузын, мойнын сҥртті. Қолы қан екен, Қайратқа су алғызып, жуынды. Біз 
әлі тырп етпей тҧрмыз. Қанды кӛргеннен кейін мҥлде ҥрейіміз қалмады. 
Әлден уақытта сҥйретіліп Әжібек те шықты: аузы-мҧрны қан-қан, қолымен 
арқасын, артын ҧстай береді, ӛксігін әзер деп басып кеп орнына тҧрды. 
− Бҥгін ешқандай тапсырма болмайды, тараңдар! Вольно! — деді 
Ырысбек. 
Әжібек екі кҥн ҥйінде ауырып жатты. Апасына Ырысбектен жеген 
таяғын айтқан жоқ: «Абайсызда темір-тҧмыр жатқан шҧңқырға домалап 
қҧлап тҥстім»,- деп қойды. Мен оған аяныш білдіріп: 
− Ырысбек деген жауыз екен ғой…- дей бергем. 


94 
− Былжырама әрі! — деді ол бірден кесіп тҥсіп.- Ырысбектікі дҧрыс. 
Осындай болмаса оның қай жері Басқолбасшы. Дҧрыс істеді. Менің ӛзіме де 
керегі сол еді. Әскери тәртіпте жҥріп, Басқолбасшыға қиянат істеуге бола ма 
екен. Егер нағыз әскердің қатарында жҥрсек, мҧндай қылмысым ҥшін мені 
ату жазасына кесер еді. Так што, Ырысбек мені дҧрыс жазалады. 
Мен тосылып қалдым. Әжібектің сӛзі маған дәлелді, жанды кӛрінді. 
Осыдан кейін Ырысбектің қалған тӛртеумізді жазалауын да дҧрыс деп білдім. 
Кҥнделікті, сабақтан шыққан соң, бҧрынғымыздай Ырысбектің ҥйінің 
алдына жиналып, әскери ойындарымызды ӛтей бердік. 
Бірде Ырысбек ойынды кҥндегіге қарағанда ертерек таратты да, маған: 
− Сен тоқтай тҧр! — деді. 
Мен балалардан бӛлініп, оның қасында жалғыз қалдым. Ол шырт 
дегізіп тісінің арасынан тҥкіріп қойып, маған бастан-аяқ сынай қарады. 
Ырысбекпен бірінші рет бетпе-бет жеке қалуым еді. Кӛзі тура 
қарағанда алақ-жҧлақ етіп ӛңменіңнен ӛтіп, қорқынышты екен. 
− Сені ӛзі тәуір жігіт бола ма деп жҥрген баланың бірісің,- деді даусы 
жҧмсақ шығып.-Сондықтан, ете бір жауапты тапсырма жҥктегелі тҧрмын. 
Қалай, аузыңа берік пе едің? 
Мен басымды изедім. 
− Олай болса, мә, мына хатты ал да, қазір анау тас қоймаға барып, кҥтіп 
отырып, астық қҧюға келген кезінде Зибашқа беретін бол. Тура қолына 
ҧстат! Байқа, хат бергеніңді ешкім кӛрмейтін де, білмейтін де болсын. Ҧқтың 
ба? 
− Ҧқтым, Басқолбасшы Ырысбек аға! 
− Бар онда, орында тапсырманы! Әй, тоқта! Кӛшенің ортасымен 
жҥрмей, мына шет жақпен кет. Кӛп ешкімнің кӛзіне тҥспе! 
Мен ауыл ҥйлерінің сырт жағымен елеусіздеу айналып, тас қоймаға 
қарай тарттым. Ҧзақ кҥтіп отырып, дәл кҥн батар шақта Зибаш келген кезде 
жҥгіріп қасына барып, жып еткізіп хатты қолына ҧстата салдым да, алды-
артыма қарамай зыта жӛнелдім. 


95 
− Әй, бҧл не?!. Әй, тоқта!..- деп артымнан дауыстағанына қарағам жоқ. 
Хат тасығаныма бір тҥрлі қатты ҧялдым. 
Ҥйге кеп, әжем қҧйып берген жылы суға қол-аяғымды жуып, аяғымның 
жарылған жерлеріне шикі қаймақ жағып, онан тамағымды ішіп, жатуға 
ыңғайланып отырғам. Әжем кішкене балаларды баурына алып, ертегі айтуға 
кірісті. Апам мен Нәзира әпкем қырманда, екеуі де әзір қайтпайды. Біз 
ҧйықтап қалған кезде, тҥннің бір уағында келеді де, таң қылаң бере қайта 
кетеді. Сондықтан оларды біз — балалар кӛп кере бермейміз. Бас-кӛзіміз — 
әжем. 
Тҧсымдағы терезені біреу шертіп қалды, жалт қарасам Әжібек екен, тез 
тысқа шық дегендей белгі берді. Лып етіп шыға қойдым. 
− Әй, әлгінде кешкісін ойыннан тараған кезімізде Ырысбек саған хат 
берді ме, Зибашқа тапсыр деп? 
Мен бҧлтара алмай қалдым. 
− Иә, берді. 
− Ол хат қайда? 
− Зибашқа бергем. 
− Ақымақ!.. Ақымақ, есек!..- деп Әжібек кҥйіп-пісіп, ыза боп кетті.- 
Осы тҧрғаныңда мҧрныңды бет қып жіберсе обалың жоқ-ау! 
− Мен қайдан білейін, Ырысбек тапсыр деді. Басқолбасшы айтқан соң 
әскери тәртіп қой… 
− Тфу!.. Кеще!.. Менімен ақылдаспайсың ба әуелі. Тҥу, енді қайтейін-
ай! Ішім удай ашып кетті-ау!.. Сары майдай сақтап, сыртынан кҥзетіп 
жҥргенімде… Ал енді не болады?.. Не болады?.. 
− Оны неғыласың кҥзетіп? Кімге сақтамақсың? Кҥйеуі болса қара қағаз 
келген… 
− Мынаның кӛкуін-ай ей! — деп Әжібек мҥлде кҥйініп кетті.- Немене, 
сонда мен адам емеспін бе сеніңше?!. Немене, мен Зибашты сҥйіп, ғашық 
болсам аузым қисайып қала ма?!. 
− Сен… Сен кішкентайсың ғой әлі. 


96 
− Ӛспейім бе екем, ей ақымақ-ау!.. 
− Мен қайдан білейін. 
− Бәсе, сен қайдан білуші ең, сен нені білуші ең!.. Дабай, ҥстіңе, аяғыңа 
бірдеңе киіп шық! Екеулеп іздейміз. 
− Кімді? 
− Зибашты. Бҥгін кешкісін ол ҥйіне қайтқан жоқ. Дәуде болса Ырысбек 
оны бір жерде ҧстап, басын айналдырып отыр… 
Мен ҥйге кіріп тез ғана киініп шықтым. Кҥздің кеші қоңыр салқын 
болатын. Ымырт ҥйіріліп, қас қарайыпты. Екеуміз қҧстай ҧшып ең әуелі 
Ырысбектің ҥйіне келдік. Ырысбек жоқ. Дҥрия жҧмыстан қайтып, оның 
кешкі тамағын әзірлеп қойып елегізе кҥтіп отыр екен, қайда кеткенін 
білмейді. Ол ҥйден шығысымен Әжібек сәл ойланып алды да: 
− Қорықпайтын болсаң жҥр! Не де болса, анау шеттегі жылқы 
қамайтын тас қораға барайық! — деді. Тартып кеттік. 
Долбарымыз дәл боп шықты. Зибаштың ӛгіз арбасы осы қораның 
алдында тҧр екен. Әжібек екеуміз сыртынан айналып кеп, қораның тӛбесіне 
шықтық. Сабаны тҥсіп қалған ашықтау тҧсынан қораның ішіне қҧлақ 
тосқанбыз. Ырысбек пен Зибаштың сӛздері ап-анық естілді. 
− Ырысбек-ау, ҧят қой ел-жҧрттан. Қойшы, жіберші!.. Мҧның не сенің 
шынымен-ақ зорламақсың ба?! — дейді Зибаш. 
− Зорлаймын,- дейді Ырысбек. 
− Мен сені адам деп шықтым ғой, Темірдің досы деп шықтым. Мҧның 
қалай енді?! Қойшы, босатшы!.. Мен аттан салам ендеше. 
− Аттандап кӛр!.. Кәне, аттандашы… 
− Егер аттандаса барып ара тҥсеміз,- деді Әжібек қҧлағыма сыбырлап. 
Бірақ Зибаш аттандаған жоқ, қайта сыңғырлап кҥліп жіберді. 
− Қытығым келеді, Ырысбек, ағатай, қойшы енді… Ҧяла-мы-ы-н… 
Мҧнан әрі екеуі де сыбырлап сӛйлесе бастады. 


97 
− Ал кӛрдің ғой! — деді Әжібек қайтадан маған ызаланып,- Ақымақ!.. 
Осы қазір итеріп жіберейін бе, екеуінің ҥстіне!.. Әкеңнің… иттер… 
Әжібек ызақорланып жылап жіберді де, жерге секіріп тҥсіп кетті. Мен 
соңынан секірдім. Бірақ ол маған қарамастан ауылға қарай жҥгіре жӛнелді. 
Қуа жҥгіріп едім ілесе алмадым, қараңғыда екі-ҥш рет сҥрініп, ҧшып тҥсе 
жаздадым. 
− Әжібек! Әжібек! — деп дауыстап едім, жауап болмады. 
Ҥйге қайттым. Кӛңілім сынып, торығып келем. Ырысбекті де, Зибашты 
да ӛлердей жек кӛріп, ӛз-ӛзімнен булығып келем. Бір тҥрлі ызалану, қорлану 
бар бойымда. Айқай сап екеуін де дҥниедегі ең жаман, лас сӛздермен 
боқтағым келеді… 
Ертеңіне мен тӛсектен тҧрмай жатып Әжібек келді ҥйге. 
Әдеттегісіндей ыржиып кҥлмейді, ӛңі сынық. 
− Қанат, мен дегендерің бҥгіннен бастап Ырысбектің ҥйіне 
жоламаңдар,- деді.- Әнеу кҥні сен дҧрыс айтыпсың ол деген жауыз адам екен. 
Кездескен балалардың бәріне мен де айтайын, сен де айт. 
Мен ҥнсіз басымды изедім. 
Екі кҥннен кейін, ата-енесін еңіретіп жылатып, Зибаш Ырысбектің 
ҥйіне кӛшті, ал Дҥрия зар еңіреп, жылап Кӛлбай кереңнің ҥйіне барды, Әпіш 
жылап-сықтап, кӛрпе-жастығын арқалап сиыр фермаға кетті. 

Сабақтан келсем, Нәзира әпкем ҥйден сусын алып, қырманға қайта 
кеткелі тҧр екен. Мені кӛріп қуанып қалды. 
− Жақсы болды ғой, сені апам ертіп кел деп еді,- деді.- Кәне, тез 
тамағыңды іш те, менімен бірге жҥр. 
− Иә, бармаймын. Мен не істеймін қырманда? — дедім, бірдеңеге 
жҧмсаған кезде қыржия қалатын жылаңқы әдетіме басып қынжылып. 


98 
− Не істейтініңді барған соң кӛресің. Қыржиятын тҥк те жоқ! — деді 
Нәзира әпкем қҧдды апамша дікілдей ҧрсып.- Ырысбек пен Әжібекке ілесіп 
әбден бетіңмен кетіп болдың ғой. Жетеді енді! Қырманға барып, бір ауық 
малатастың басына мін. Сӛйтіп қолқабыс ет. Немене, дардай болғаныңша 
сандалып кӛше таптап жҥре бермексің бе?! Астық деген барлық участкелерде 
пісе қауырт бастады. Кҥні-тҥн дамыл кӛрмейтін қызу науқан енді туады. 
Адам деген жетіспей жатыр. Ал бҧл деген әлдекімдерге ілесіп ап, ойыннан 
басқа білері жоқ. Желкеңді ҥзіп жіберейін бе осы! 
Соңғы кездері байқап жҥрмін, осы Нәзира әпкем кей-кейде апамнан 
мҥлде айнымай кетеді: тҥрі де, мінезі де, даусы да, қаталдығы да, ең аяғы 
дікілдеп ҧрысқанына дейін. Қазір де дәл апам сияқты ҧрсып тҧр. Жо, мҧндай 
кезінде оған қарсыласып абырой таппайсың. Дойырлығы ҧстап ҧрады да 
тастайды. Кімге шағынасың? Әжеме айтар болсам: «Әй, Нәзира, сен бе!.. 
Сен!..» деп қҧр доңайбаттанып сес кӛрсетіп ҧрсады да қояды, ал апама айтар 
болсам Нәзираның сӛзін қостап, ӛзімді онан әрмен таяқтауы мҥмкін. 
Сондықтан: «Бәріңнің әлің маған жетеді, бәрің маған қожасың. Қит етсем 
желкемді ҥзуге дайын тҧрасыңдар!» — деп жыламсырап, біраз қомпылдадым 
да қойдым. 
Нәзира әпкем қырманға ертіп әкелді де, айтқанындай-ақ, Байдалы шал 
мен Кӛлбай керең екеуі кезектесіп мініп жҥрген малатастың басына мінгізді. 
− Е, енді дҧрыс болды ғой,- деді қуанып кеткен Байдалы шал.- 
Малатастың басына атқа жеңіл осылар мінуі керек қой. Ойбай-ау, бҧларға 
ойын сияқты емес пе бҧл. Ал Қанат, тартып ҧста тізгінді. Сенің апаң ӛзі 
кәмӛнес, ӛзі біргәдір, сондықтан оның балалары мына сендер басқаларға 
ҥлгі-ӛнеге кӛрсетіп отыруларың керек. Бҥгін сенің қырманда істегеніңді 
кӛрсе, ертең басқа балалар да келеді жҧмыс істеуге. 
Ала кӛз торы ат дҥңк-дҥңк желіп, астықтың бауы тӛсеулі таптанды 
шеңберді айналып жҥріп кетті. Соңындағы дӛңбек кӛктас да дҥңк-дҥңк етіп 
домалап келеді. Бір айналдым шеңберді, екінші айналдым, ҥшінші, 
тӛртінші… тағы да айналдым, тағы да… тағы да… Әбден бір мойын боп 
қыржиып алған торы ат бір қалыпты дҥңк-дҥңк желісінен аумайды, 
соңындағы кӛктас та дҥңк-дҥңк домалайды. Айнала бердім, айнала бердім… 
сәлден кейін тӛңірек тегіс маған қосылып шыр кӛбелек айналып жӛнелді. 
Торы аттың желісі мҧндай қатты тҥйдек болар ма, ішімді солқылдатып 
тҥйгіштеп жіберді, бҥйірім тҥйнеп ауырып кетті. Далбасалап, аз да болса себі 
болар деп ердің қасынан ҧстап алдым, бірақ тҥймештеген дҥңк-дҥңк желіс ес 
таптырар емес, мҥлде берекемді қашырды. Осы кезде: 


99 
− Әй, жығылып қалма! — деген Байдалы шалдың даусы алыстан жер 
тҥбінен жеткендей болды. 
Тістеніп кӛзімді жҧмдым, бәрібір дҥние тегіс айналып тҧр. Қайта-қайта 
қҧлап бара жатқандай болам да, шеңбердің ішкі жағына қарай қисайып, ердің 
қасынан қыса тҥсем… 
− Тоқта! — деген дауыс шықты. «Уһ!» — деп аттың басын тарттым. 
Тҥу, шіркін-ай, тоқтап тҧру қандай жақсы, рақат. Ішімнің тҥйнегені сап 
басылды. Тек тӛңірек қана әлі зыр қағып айналып тҧр. Кӛзімді жҧмып ем, 
бәрібір тоқталмады ҥйіріліп айнала берді. Ат ҥстінен ауып тҥсе жаздадым. 
− Ештеңе етпейді, ӛсти-ӛсти ҥйренеді,- деген Байдалы шалдың сӛзін 
қҧлағым шалды.-Мҧндай кҥнімізде ӛзіміз жапан дҥзде апталап жалғыз қалып 
жылқы бағушы ек. 
Шеңбердегі бастырылған астықтың сабаны мен дәнін екі жаққа бӛліп, 
сыпырып ҥйіп, жаңадан астық баулары тӛселгенше едәуір ес жиып, ӛзіме-
ӛзім келіп қалдым. Ҥзеңгіні қысқарттырдым, астыма ескі бір кӛрпеше 
салғыздым. 
Торы аттың дҥңк-дҥңк желісі қайта басталды. Қырмандағы у-шу 
қҧлаққа тек зың-зың, зың-зың ғана естіледі. Жҧрт сӛйлесіп жҥр ме, әлде 
жамырасып жҥр ме, айырып болмайды. Әйтеуір тек ішімді тҥйгілеу азайды, 
ҥзеңгіге аяғымды шіреп қопаң-қопаң етем, дҥние тегіс тағы да шыр кӛбелек 
айналып тҧр, бірақ алғашқыдағыдай емес, оған да ҥйренейін дедім. 
− Тоқта! — деген таныс дауыс шықты. 
Әбден дағдыланған торы ат ӛзі-ақ шеңберден шетке шығып қалт токтай 
қалды. 
− Ой, бәрекелде, міне, жігіт болды деген осы,- деді тағы да Байдалы 
шал.- Тіпті кӛзіміз ашылып қалды ғой, кӛп жасағыр-ай! Әй, Нәзира, шешеңе 
айт, той жасасын, мына ҧлының жігіт болғанына. 
− Ибай-ау, қайнаға-ау, оны айтатын дәнеңе жоқ, тана тағып жіберсек 
болды ғой,- деді астық қаптап жҥрген әйелдердің біреуі майыса сӛйлеп. 
− Иә, сӛйтелік. Әй, қатын, қалтаңда танаң бар ма? 
− Тесік тиын да жарайды емес пе? 


100 
− Жарайды ғой, әкеші кәне! 
− Менің қалтамда бір моншақ жҥруші еді. 
− Әкел моншағыңды да, тана ғып тағуға жарай береді. 
Сӛйтіп, қырмандағы әйелдер кеу-кеулесіп тесік тиындарын, тана-
моншақтарын жинап, менің қарсылығыма қарамастан омырауыма, етегіме 
тізілтіп тігіп тастады. 
− Ал енді шешең той жасамай кӛрсін. 
− Бәсе, кешеден бері иегім қышып жҥр еді, бригадир жеңешемнің 
ҥйінен бір тоятын болдым. 
− Ӛзі қайда жҥр, шешесі? 
− Орақшылар жаққа кеткен. 
Әйелдердің қоршауынан Байдалы шал кеп айырып алды. 
− Әй, шырақтарым, болды енді, жҧмысты тоқтатпаңдар,- деді. 
Торы атты тебініп қап, шеңберге тҥсіп дҥңк-дҥңк желе жӛнелдім… 
Неше айналым бау астық бастырғаным есімде жоқ. Кешкісін торы 
аттан тәлтіректеп тҥскен кезімде бойым бір-ақ тҧтам боп қысқарып қалған 
сияқты кӛрінді. Тақымым, ҥзеңгі бау қажаған сирағым ду-ду ашиды. Басым 
шыр кӛбелек айналып тҧр. Кӛзімді жҧмып жата кеткім келеді, бірақ ӛйтуге 
болмайды, онда Байдалы шал мен басқа жҧрттың алдында масқара болам 
ғой. Бар кҥшімді жиып, аяғымды барымша нықтап тҥзу басып ауылға қарай 
бет алдым. Ҧясына қонуға сҥйем қарыс қалған кҥн шіпілдеп қызарып тҧр. Әзі 
дӛңгелеп айналып тҧрған сияқты. Қҧлағыма лақ маңырағандай болады. 
Едәуір жҥріп қырманның шуынан алыстаған соң ептеп есімді жидым. 
Артымнан лақ әлі маңырап келе жатқан сияқты. Қарасам, Мәри деген қыз, 
маған тоқта дегендей айқайлап келеді. Сӛйте тҧрып ӛзі мҥлде асығар емес, 
аяғын санап басқандай жҥреді. 
− Жҥретін болсаң жҥрсеңші енді! — дедім ит жыным ҧстап. 
− Маған қатты жҥруге болмайды,- дейді. 
Әншейінде тыраңдап кӛшенің ана басынан бір кӛрінсе, мына басынан 
бір кӛрініп жҥгіретін, аяқ асты мҥләйімси қапты. Мен ыза боп, қарайламай 


101 
кете беріп ем. 
− Қанат, ағатай… кҥнім, ағатай, тоқташы…- деп жыларман боп 
жалынды. 
− Енді жҥр дедім ғой мен саған. 
− Маған қатты жҥруге болмайды. 
Амал жоқ, кҥтіп алдым. Қырман мен ауылдың екі ортасында қалың 
қамыс пен қара қоға ӛскен кішкентай жыра-сай бар болатын, содан қорқып 
келеді. Ол жырадан жалғыз ӛтуге қыздардың бәрі қорқады, сондықтан ылғи 
ӛстіп біздерге — балаларға жалынып жҥргендері. Жақындап келген Мәри 
артына, қырман жаққа қарай жалтақтап қарап қойып: 
− Мен саған қазір бірдеңе айтам. Т-с-с!..-деді қҧпиялағандай сыбырлай 
сӛйлеп.- Туу, омырауындағы таналардың әйбетін-ай, маған да неге тақпайды 
екен ӛстіп. 
Мәри менен бірер жасы кіші және бір класс тӛмен оқиды, бірақ ӛзі 
сонысына қарамастан қол-аяғы сидаңдап бойы менімен бірдей. Ӛзін жҧрт 
«әртістің қызы» дейді, әкесі әртіс бопты. Әртіс әкесі соғысқа кеткен соң 
шешесі біздің ауылдағы тӛркіндерін сағалап қаладан кӛшіп келген. Қазір 
шешесі, бірінші класта оқитын інісі ҥшеуі ғана тҧрады. Әртістің қызы болған 
соң ба, Мәри кейде ауылдың басқа қыздарына қарағанда ӛзін тәлпіштеу 
ҧстап, белін бҧраң-бҧраң еткізіп жҥретіні бар. Біз — балалар ондайда 
сыртымыздан: «Ой, ӛзін ырбаңдатпай қағып жіберсе!» — деп кіжінеміз де, 
іштей оның сол қылығын ӛлердей ҧнатып тҧрамыз. Ҧнататынымызды сезетін 
болу керек, қарсы келгенімізде кӛзін сҥзілдіріп, ӛп-ӛтірік кҥлімсірей 
қалатыны бар. Жҧқалтаң ақ қҧба ӛңі, қаламмен сызғандай қиылып тҧратын 
қасы мен кӛзі сҥйкімді-ақ. Ӛзінің мінезі де жақсы. Әсте мҧңаю, қынжылу 
дегенді білмейді, қашан кӛрсең сықылықтап кҥліп жҥргені. Мысалы, 
кӛктемде шешесі қойда сақманда жҥргенде Мәридің шашы биттеп кетіп, 
Мҧқан ағай ҧстарамен тып-типыл, айнадай ғып сыпырды да тастады. Сонда 
ғой басқа қыздар болса ӛгіздей ӛкіріп, буынып ӛлер еді, ал Мәридің ойына да 
кіріп шыққан жоқ. Ӛз басын ӛзі қауын шерткендей шертіп қойып: «Ур-ра!, 
енді мен еркек баламын!» — деп сықылықтап кҥлді де жҥріп кетті. Сонан 
бері ӛзі еркек балаша киінеді, кӛйлегінің етегін шолақ шалбардың ішіне 
салып, ылғи ышқырланып алады. 
Бҥгін де кӛйлегін ышқырланып алған. Қырмандағы шешесінің жанында 
боп, содан қайтып келеді. Іші ауырған адамдай аяғын тіпті кібіртіктей қапты. 


102 
− Қанат, ақырын жҥрейік. Мен саған қазір жыраның ішіне тҥскен соң 
бірдеңе айтам,- деп қояды. 
Жалғыз аяқ жолмен мен алда, ол артта ауылға қарай тӛтелеп жҥріп 
келеміз. Екі жағымызда ат бойы қалың қҧрақ, кҥз тҥссе де сарғаймай 
кӛкпеңбек боп тҧнып тҧр. 
− Қанат, осы қҧрақтардың ішінде ҥлкендігі нақ жолбарыстай жабайы 
мысық бар кӛрінеді,-дейді Мәри. 
− Бар. Сен немене, қорқасың ба? 
− Қорықпай ше. Қыз басыммен қорықпайтындай мен кім едім, сонша. 
Жырақтың табанына таянғанымызда. Мәри: 
− Қанат, қолыңды әкеші,- деп қолымнан шап беріп қысып ҧстап алды.- 
Осы арадан кеше мен ҧзындығы тура қос қҧлаштай жылан кӛргем. Ойбай-ай, 
қорқам. Ақырын жҥрші, ағатай. 
Жырақтың табанынан ӛтіп, қарсы қабаққа шыққанымызда Мәри: 
− Уһ! Жаным-ай, аман-есен ӛттік-ау, әйтеуір,- деп жҥрегін ҧстады. 
Онан соң кейін қарай бҧрылып қарап қойды да, бҧл тӛңіректе кемінде бір 
шақырымға дейін тірі жан жоқ болса да сӛзін сыбырлай сӛйледі: — Әлгінде 
саған айтайын дегенім…- деп бастады да, кӛзіме кӛзін қадап іркіліп қалды.- 
Саған сенуге бола ма ӛзі? 
Мен иығымды қиқаң еткіздім. Ол со кӛзімнен кӛзін айырмай қадалған 
кҥйде: 
− Тегінде сенің кӛзіңде қулық жоқ,- деді. 
Мен ыңғайсызданып қысылып кӛзімді тайдырып кеттім де: 
− Қойшы әрі,- дедім, ызаланған боп. 
− Рас айтам. Сенің кӛзіңде ешқандай қулық жоқ, демек саған сенуге 
болады. Ал бері қара…- деді тағы да қҧпиялай сыбырлап,- бері, қҧлағыңды 
әкеші… Мен қырманнан бидай ҧрлап келе жатырмын. 
− Не?! 


103 
− Тс-с!.. Ақырын, айқайлама. Мен бидай ҧрлап келе жатырмын деп 
тҧрмын. Міне, мына ышқырым толы бидай, сондықтан қатты жҥре алмай 
келем. Тек аузыңнан шықпасын, ауданнан келген ӛкіл, немесе колхоздың 
бастығы естісе, онда мені тура соттайды. 
− Айтып нем бар. 
− Ӛзім де сенің айтпайтыныңды білем. Саған сеніп тҧрмын ғой. 
− Мамаң бҧл ҧрлығыңды біле ме? 
− Қайдан білсін. Білсе мойнымды ҥзеді тура. Сенің апаң сияқты менің 
мамамның да мінезі тік, қатал ғой. 
− Білем. 
− Білсең сол. Енді бҧл бидайды апама кӛрсетпей қарнымыз ашқан кезде 
қуырып жеп қоюымыз керек ініміз екеуміз. Бҥгін қуыра алмаймыз, кеш боп 
кетті. Ертең сабақтан шыққан соң болмаса… Қолың тисе кел, бірге қуырып 
жейміз… 
− Кӛрермін,- дедім мен. 
Кҥн ҧясына қонып, тӛңірек алагеуім тарта бастады. Ауыл ҥйлерінің 
мҧржаларынан жарыса кӛтерілген тҥтіндер сыриып сонау кӛктеңбіл 
аспанмен сіңісіп жатыр. Ҥйдің мҧржаларынан ҧшқан от ҧшқындарындай әр 
тҧстан жылт-жылт етіп жҧлдыздар кӛрінді. 
− Қанат, мә, сағыз шайнайсың ба? 
− Жер сағыз ба? Әкел. 
− Иә. Бағана тҥсте жинап алғам. Шайнай берсең тісіңді аппақ қылады. 
Міне, қарашы менің тістерімді. 
Мәри тістерін кӛрсетіп кҥлімсіреді. Ымырт шапағында жарқыраған 
аппақ тістері маржандай тізіліп сҥп-сҥйкімді кӛрінді. Ӛзі кӛзін сҥзілте 
қарайды. 
− Мә, мына таналарды сен қиып ал. 
− Жо, болмайды ғой, ӛйткені оларды саған тақты ғой ҥлкен кісілер. 


104 
− Онда біреуін ал. Таңдағаныңды. 
− Біреуін алуға болады. Міне біреу кӛгін… жоқ, қызылын… жо-жо-
жоқ, ағын алайын. 
Ол омырауыма еңкейіп, ӛзіне ҧнаған тананы тісімен қырш еткізіп қиып 
алды. 
− Ой, Қанат-ай, рақмет…- деді мәз болып. 
Ол ӛз ҥйіне қарай, мен ӛз ҥйіме қарай кеттік. Басымның шыр кӛбелек 
айналғаны, тақымымның, сирағымның ду-ду ашығаны қайта басталды. Ӛне 
бойым салдырап, әбден шаршағанымды да сездім. 
Ҥйге келісімен тамақ ішуге де мҧршам келмей мҧрттай ҧштым. Кӛз 
алдымның, тӛңірегімнің бәрі айналды да тҧрды. Ӛзім де айналып жатқан 
сияқтымын, айналу… айналу… айналу… Ӛстіп ҧйқылы-ояу талаурап 
жатқам, біреу кеп басымнан сипады, одан омырауымдағы тана-тиындарды 
кӛрді. Мырс етіп кҥлді, апам екен. Еңкейіп маңдайымнан иіскеп, ернінің 
ҧшымен жҧмсақ қана сҥйді. Кӛкемнен қара қағаз келгеннен кейінгі жердегі 
апамның бірінші рет кҥлгені осы шығар, сірә. 
− Әжесі-ау, мына балаңның омырауын кӛрдің бе? — деді онан соң. 
− Е, не бопты? 
− Қырмандағы әйелдер тана тағып жіберіпті. 
− А! Сӛйтіп пе? Е-е-е, баласынан айналдым… Қҧлдығым… Кӛкесіне 
тартқан қҧлыным… Сенің жолыңа мен неге қҧрбаның боп шалынбаймын, 
садағаң боп неге кетпеймін!.. Кӛзімнің қарашығы…- елжірей кеп ҥстіме 
тӛнген әжем дҥниедегі ең асыл сӛздерді маған ғана теңеп шҧбырта бастады. 
Мен ҧйықтаған боп ӛтірік пысылдай тҥсем. Әжем мен апамды 
қуантқаныма кӛңілім ӛсіп, кӛкірегім жарылардай боп масайрап жатырмын. 
Шаршағанымды да мҥлде ҧмыттым. Шашымнан сипай тҥскен апамның қолы 
жҧп-жҧмсақ, ып-ыстық. Бҥкіл ӛн бойыма бір тҥрлі бір алып кҥш толып 
кеткен сияқты, дҥниеде менің қолымнан келмес, мен істей алмас іс жоқ 
сияқты. Ӛз-ӛзімнен сақылдап кҥліп жіберуге шақ жатырмын. Бірақ ояу 
екенімді білдіргім келмейді. Ӛстіп «ҧйықтаған боп» жатып еркелегім келеді 
апама. «Әлі тҧра тҧрыңдар, әже, апа… мен әлі кӛрсетемін…» — деймін 
іштей. Осы сәтте біреу кеп мҧрнымды шымшыды. 


105 
− Ой, мақтаншақ-ой…- деді Нәзира әпкем.- Осы мақтаншақ ӛтірік 
ҧйықтап жатыр. 
− Жә, оятасың онысы несі, ҧйықтап жатқан баланы мазалап,- деп апам 
оған жекіп қойды. 
Мен Нәзира әпкем тағы бірдеңе деп кеп тҥртпектесе шыдай алмай 
кҥліп жіберерімді білдім де, ҧйқысыраған боп аударылып, бетімді шамның 
жарығынан бҧрып жаттым. Апамның қолы шашымды әлі де сипап отыр. 
− Амандық боп, мына астықты жинап алған соң анау кебе лақтың бірін 
сойып, әйелдерге кішкентай бір той-томалақ жасап беру керек енді,- дейді. 
− Онда мен анау сары ешкінің лағын ептеп, жемдей берейін,- дейді 
әжем. 
− Тҥу, ӛсти қалатындарыңыз-ай, осы сіздерде ғана бала бардай. Бір кҥн, 
жарым кҥн барып қолқабыс еткенде тҧрған не бар екен, соған бола той-
томалақ деп дабырайтатын тҥк те жоқ,- дейді Нәзира әпкем. 
− Халқымыздың дәстҥрі, ырым ғой,- дейді апам. 
− Баланың жҧмыс істегені де ырым бопты. Онан да бҧлардың бәрін 
желкелеп отырып жҧмысқа салу керек. Әйтпесе анау Ырысбек деген мен 
Әжібекке ілесіп істемейтіндері жоқ. Мына біздің ҧл Зибаш пен Ырысбектің 
арасына хат тасушы болған кӛрінеді. 
− Жә, не боса соны сӛйлемеші әрі,- деді апам жақтырмай. 
− Рас айтам. Маған сенбесеңіз оятып ап, ӛзінен сҧраңыз. 
Нәзира әпкемнің мына сӛзі мені тӛбемнен ҧрғандай қылды. 
Теріс қарап жатқан кҥйде тынысым тарылып, жерге кірердей 
қысылдым. Бет-жҥзім дуылдап кетті. Нәзира әпкеме ыза боп жатырмын: 
«Тоқтар екеуінің кездескендерін талай жасырып едім… Бәлем, тҧра тҧр»,- 
деймін іштей кіжініп. 
Апам мені оятқан жоқ. 
− Бар, сапылдамай, мына әжеңе бидай тҥйіп беріп кет, кӛжеге салатын,- 
деді, Нәзира әпкеме. 


106 
Мҧнан әрі Нәзира әпкем ауыз ҥйге шығып, гҥрсілдетіп кеп тҥйе 
бастады. 
Әжем мен апам екеуі шаруа жайын сӛз етіп кетті. Дәйім бәрін білгісі 
кеп отыратын әжем астықтың тҥсімін сҧрайды, апам орташа дейді, бірақ 
соның ӛзін тӛкпей-шашпай жинап алса мемлекетке тапсыруға да, тҧқым 
қҧйып алуға да жетер еді, дейді. 
− Еңбекке ештеңе бермейсіңдер ме? 
− Білмеймін. Әй, қиын… қиын…- дейді апам кҥрсініп.- Мынау ойдағы 
колхоздардың биыл астықтары кҥйіп кетіпті, олардың тауқыметі де бізге тҥсе 
ме деп ойлаймын. Бҥгін бастықты ауданға шақыртып кеткен, сірә сол 
жайында болар. 
− Е, жаратқан алла, пейіліңді тарылтпа…- деп әжем ауыр кҥрсінеді.- 
Мәшинемен орып жатырсыңдар ма? 
− Иә, мына жазықтағы астықты лобогрейкамен орып жатырмыз. Бірақ 
ӛндірімсіз, екі айналып тоқтап қалады, сына береді… Оны дҧрыстап 
жӛндейтін ҧста да жоқ. 
− Әлгі неміс бала бар емес пе? 
− О, байқҧс, жайын салып мықшыңдап-ақ жатады, бірақ бала емес пе… 
қазір жӛндегені қазір бҧзылып қалады. 
− Әттегене-ай, ә, темірді пісіре алмайды-ау, ә… Қайран Ақаттай ҧста 
қайда дейсің?! Ой, қу соғыс-ай!.. Ал жат енді, шаршап келдің ғой. Таңертең 
ерте тҧрасыңдар. 
− Жоқ, жатпаймыз. Қазір қырманға қайта кетеміз. Станцияға алты ӛгіз 
арбамен астық жӛнелтуіміз керек. Соның екеуіне айдап баратын адам 
іздеймін. Әлгінде Қанаттың бҥгін қырманға барып, жҧмыс істегенін естіп, 
бетінен бір иіскеп кетейінші деп келіп ем ҥйге. 
− Нәзира да қайта кете ме қырманға? 
− Иә. Со жӛнелтілетін алты арбаға астық тиеседі қазір барып. 
Қырманның басында ҧйықтай салады ғой… Қой, тҧрайын енді. Суық тҥсейін 
дегендікі ме, тҥнге қарай белім сырқырайтын боп жҥр. Менің әлгі бел 
орағышым қайда екен? Тӛсектің ірге жағында сияқты еді ғой… Иә, сол ғой, 
бері тастаңыз… Әй, Нәзира, тҥйіп болдың ба? 


107 
− Болдым. 
− Жҥр онда. Екі арбамен кімдерді жіберсем екен деп, басым қатулы. 
Жҧрттың бәрі жҧмыста, ешқайсысын айыруға болмайды… Тіпті білмеймін… 
− Бір арбаны мен айдайын,- деді Нәзира әпкем. 
− Саған бір арбаны айдатуды ӛзім де біліп тҧрмын-ау, бірақ станцияға 
барған соң қаптарды кӛтеріп апарып қойманың терезесінен қҧю керек, оған 
сенің шамаң келе ме? 
− Осы апам қызық. Мені әлі қолынан тҥк келмейтін бала кӛресіз-ау, 
деймін. Бір қап тҥгілі екі қапты екі қолтығыма қысып кӛтерем. 
− Ӛй, алаңғасар! — деді апам оның сӛзіне ыза болып.- Екі қапты 
кӛтерем дейді ғой. Саған бір қапты кӛтерудің ӛзі ауыр. Шамаңнан тыс 
тыраштанба деп қанша айтамын осы. 
− Менің еш жерім де ауырмайды. 
− Сӛйлеме әрі! Киін жылы киімдеріңді. 
− Станцияға барам ба? 
− Кӛреміз оны. Әлгі Ырысбекке барып сӛйлессем бе екен, соқталдай 
еркек, қайтқанына жарты айдан асты, әлі ҥйінде жатыр. Бҥгін Зибаш та 
шыққан жоқ, жҧмысқа… Сол екеуін жіберсем дҧрыс болар еді. Егер 
Ырысбек бармаса, онда Зибаш екеуіңді жіберем, амал жоқ. 
− Ол антҧрғандар ҥйленіп алған дей ме? 
− Е, сӛйтіпті ғой… Ал кетейік… 
− Байқа, абай болшы. Сенің мінезіңнің кейде тік кететіні бар. Ырысбек 
ӛзі соғыстан бҧзылып, қаны қарайып қайтқан кӛрінеді, сӛзге кеп қап, ӛзіңді 
жазым ғып жҥрмесін. Мына ҧсақ балалармен ойнап, ауыл арасында мылтық 
асынып жҥрген тҥрінен шошимын. Әй, тегін емес… бір пәлеге ҧшырайды 
сол… ҧшырайды… 
Апам мен Нәзира әпкем шығып кетісімен кӛзімді ашып, басымды 
кӛтердім. 
− Әже, Ырысбектікіне мен де барайын ба? — дедім. 


108 
− А! Сен әлі ҧйықтамап па ең, қарғам-ау? Бар! Бар жҥгір, ойбай,- деді 
әжем қолды-аяққа тҧрғызбай.- Анау шешеңнің мінезін білесің, артық кетіп 
бара жатса, етегінен сҥйресең де аулақ әкет, пәледен. 
Жҥгіріп тысқа шықсам апамдар Нҧрсҧлу деген кӛрші әйелдің терезесін 
қағып тҧр екен. 
− О кім-ей? — дейді іштен Нҧрсҧлу. 
− Біз ғой. Шық бері, бір шаруа боп қалды! — деді апам. 
Кеудешесін жҥре тҥймеленіп шыққан Нҧрсҧлу: 
− Кӛзім енді ілініп бара жатыр еді. Не боп қалды ей, қатын? — деді 
даусы гҥжілдеп. 
Нҧрсҧлу — тҥр-тҧлғасы еңгезердей еркек пішінді, даусы гҥжілдеген, 
ӛзі кҥшті әйел. Ауылдағы әйелдердің ең кҥштісі. Қайдағы ауыр, қиын 
жҧмыстарға осы Нҧрсҧлу барады. Шіреніп тҧра қап ҥлкен ағаш кҥрекпен 
астықты қҧлаштай тастаған кезде Байдалы шал да, Кӛлбай керең де астар 
болмай қалады,- дейді апам. Соғыстан бҧрын, той-мереке кездерінде балуан 
деген еркектеріңнің ӛзімен белдесіп кҥреске тҥсіп, талай рет бәйге алыпты. 
− Екі кҥн ҧйықтамағаныңды да білем, жә, қайтып кеп ҧйықтарсың, 
қазір анау Ырысбекке кіріп шығайықшы, бар шаруа сол,- деді апам.- Жалғыз 
баруға дәтім жетпей тҧрғаны. 
− Оның да жӛн екен, бір есептен. 
Апам терезесі қап-қараңғы боп тҧрған келесі ҥйді нҧсқады. 
− Мына Бәтиқа ҥйінде ме? 
− Ол да осы әлгінде келді ғой қырманнан. Жатқаны жаңа шығар. 
− Оны да ертіп алайық. 
Енді ҥшеуі барып Бәтиқаның терезесін қақты. 
− О кім? 
− Біз ғой, жігіттерміз! Есігіңді аш, шық бері! — деді Нҧрсҧлу 
гҥжілдеп.- Қасыңа қайсымызды аласың? Таңда ӛзің. 


109 
− Ӛзім таңдасам, сені қайтем гҥжілдетіп, жай колхозшысың, онан да 
бір кҥн де болса жаным жай табар, біргәдір жігітті қаламаймын ба,- деді 
есігін ашқан Бәтиқа. 
− Қалағаның мына біргәдір болса оңдырар. Жҧрттан бҧрын сені 
жҧмысқа сап зорықтырып ӛлтірер. 
− Оның да рас. Бҧл сӛйтеді. 
Ҥшеуі де ӛзара әзілдеріне сылқ-сылқ кҥлісіп алды. Онан соң апам мен 
Нҧрсҧлу екеуі екі жақтап Бәтиқаға бірдеңе-бірдеңені тҥсіндіріп айта бастады. 
− Бҧларың дҧрыс екен,- деді Бәтиқа да сылқылдай кҥліп.- Не боса о 
босын, бір зәресін алайық ӛзінің… 
Осы сәтте ғана соңдарынан ілесіп жҥрген мені байқап қалған апам: 
− Қанатпысың?! Сен неғып тҧрып кеткенсің? — деді қатқыл ҥнмен.- 
Бар, ҥйге! 
− Әжем жіберді,- дедім мен. 
− Әжең жіберсе де бар, қайт! Жарықтық-ай, ҧйықтап жатқан баланы 
мазалап. 
Мен тайсақтап шегіншектей бердім де, Нҧрсҧлудың ҥйінің тасасына 
тығылдым. 
− Жә, жҥре берсін де,- деді Нҧрсҧлу.- Тобымыз кӛп болсын, онан да 
Қанатты жҥгіртіп, анау Қалипа мен Сәруені де шақыртып алайық. Ол екеуі 
де жуан жҧдырық қатындар ғой. 
− Оның да ақыл екен,- деді апам келісіп.- Әй, Қанат, бар онда, Қалипа 
мен Сәруені тез шақырып кел. Бір тығыз шаруа боп қалды де. 
Мен жҥгіре жӛнелдім де, әне-міне, дегенше Қалипаны да, Сәруені де 
оятып, асықтырып алып келдім. 
− Әй, әуселесін кӛріп алайықшы ӛзінің,- десіп Қалипа да, Сәруе де 
білектерін сыбанысып қызынып кетті. Әйелдердің бәрі жиналған соң апам 
бастап, барлығы Ырысбектің ҥйіне бет алды. 


110 
− Сендер ауыз ҥйде тҧра тҧрыңдар. Мен ӛзім жалғыз кіріп, сӛйлесіп 
кӛрейін,- деді апам, бәлкім, айтқанға ҧрыс-жанжалсыз-ақ кӛніп қалар. 
Әйелдер әуелі терезеден қараған: Ырысбек шалқасынан тҥсіп 
домбырасын тыңқылдатып жатыр да, Зибаш қазан-ошақ жақта тамақ пісіріп 
жҥр екен. 
− Әдіре қалғырлар, Қозы мен Баян ғҧсап қапты ғой,- деді Нҧрсҧлу 
кҥңкілдеп.- Екеуін де осы қазір тырдай жалаңаштап шешіндіріп ап, біріне-
бірін теріс қаратып байлап, әнеу шҧңқырдағы суға тастай салсақ па екен. 
− Қайтесің жҥзіқараларды. 
− Жоға деймін-ау, сайтаным ҧстап тҧрғаны тҥрлерін кӛріп. 
Апам ішке кіріп кетті де, басқамыз ауыз ҥйде қалдық. Мен бірден 
есіктің саңылауына жабыстым. 
− Кеш жарық! — деді апам. 
Ырысбек кӛзін бір рет алақ-жҧлақ еткізгені болмаса, жатқан кҥйінен 
қозғалған жоқ, ал Зибаш есі шығып: 
− Ә, тәтем екен ғой, жоғары шығыңыз,- деп бәйек боп қалды. 
− Шықпаймын жоғары. Келген шаруамды осы арада тҧрып-ақ 
айтайын,- деді апам.- Қараң қалғыр, Ырысбекке тидім де, германды жеңдім 
дедің бе, неге жҧмысқа шықпадың бҥгін? -деп Зибашқа бірден дҥрсе қоя 
берді. 
− Тәте-ау, мен бҥгінше… бҥгінше… 
− Бҥгінше дейтін тҥк те жоқ. Бҥгін, ертеңді кӛтеретін уақыт па, осы кез. 
Адам жетіспей мҧрнымыздан қан кетіп жатқанда. Қазір жинал да арбаңды 
жек. Станцияға астық тартасың! Бол, тез! — деп апам қамшысын ҥйірді. 
− Қазір ме? 
− Тура осы қазір! Ал сен, Ырысбек шырағым, не мына әйеліңмен бірге 
арбамен астық тартуға шық, әйтпесе, жҥр анау қырманға, бидай тастасасың. 
Созылып жатуың жетті енді. Қатын-қалаш, бала-шағаның мойнына масыл 
болма. Нанымызды бекер жеме. Сен соғыста қан тӛгіп келсең, біз 
жанымызды беріп отырмыз. 


111 
Зибаш біресе апама, біресе Ырысбекке жалтақтай қарап, киіне бастаған. 
Апамның сӛзін шыбын шаққан ғҧрлы кӛрмей жатқан Ырысбек: 
− Зибаш-ай, тамағыңды беріп, тӛсегіңді салсаңшы, жаным. Жаталық 
та,- деді жайбарақат ҥнмен. 
− Қазір, қазір… 
− Әй, шырағым, мен кімге айтып тҧрмын. Тҧр, кӛтер басыңды! — деді 
апам ақырып. 
− Зибаш-ай, мына кісіге есікті кӛрсетіп жіберші, кіруін кіріп ап, шыға 
алмай тҧр ғой деймін. 
Шыдай алмай кеткен болу керек, апам Ырысбекті қамшымен кӛсілте 
бір тартып жіберді. Атып тҧрған Ырысбек қалш-қалш етіп апама қарай тап 
берген. Кӛзі шатынап, жҧдырығы тастай боп тҥйіліп алпамсадай еркек енді 
бҥруге шақ қалғанда апам тайсалмастан оны тағы бір тартып жіберді де: 
− Әй, қатындар! Келіңдер, ҧстаңдар мынаны! — деп айқай салды. 
Осы сәтті кҥтіп тҧрған әйелдер бірін-бірі итере-митере білектерін 
сыбанып кіріп барған. 
− Әдіре қалғыр, саусағыңды қимылдатшы кәне, жҥнше тҥтелік! — деді 
Нҧрсҧлу гҥжілдей ҧмтылып.- Сенің қаның соғыстан бҧзылып келсе, біздің 
қанымыз осы ауылда жҥріп-ақ бҧзылды. Біз де қанымызға қарайып ӛш алып, 
ӛлтіретін адам таппай жҥрміз. О несі-ей, шала пішілген сәуріктей 
қодыраңдап. Әй, қатындар, байлалық мынаның аяқ-қолын!.. 
Алақ-жҧлақ етіп есі шыққан Ырысбек шегіншектей тҥсіп, қамшы тиген 
иығын сипай берді. 
− Апырай, сендер ме едіңдер?!.- деді бағанадан мҥлде танымай тҧрған 
адамдай. Онан соң бет-аузы тҥшкіргісі келгендей тыржыңдап қисаңдай 
бастады да, кенет ӛгіздей ӛкіріп жылап жіберді. 
− Шынымен-ақ ҧрдың-ау мені, шыныменен қол кӛтердің-ау маған, 
жеңешем-ай!.. Қор болған жерім-ай!.. Ӛ-о-ӛ… 
Екі қолымен бетін басқан, саусақтарының арасынан шып-шып жас 
сорғалайды… 


112 
Әйелдер тҥйіліп келген бойлары енді не істерлерін білмей ҥрпиісіп 
тҧрып қалған. 
− Қҧдай-ау, қор болдым-ау…- дейді Ырысбек, кҥңірене дауыстап.- Ал 
неғып тҧрсыңдар? Талаңдар мені! Ҧрыңдар!.. Фашистен қалған мына тесік 
ӛкпені суырып алыңдар!.. Ӛ-ӛ-ӛ… О, қайран жеңгелерім, сағынып 
келгенімдегі, маған деген сыйларың осы болғаны ма?!. Ей, сҧм тағдыр, неге 
мені тірі қалдырдың бҥйтіп қорлағанша?! Әлде кӛрсетпегің осы тәлкек пе 
еді… Неге тірі қайттым, мен бейбақ!.. Ӛ-ӛ-ӛ… 
Солқылдап жылаған тҥрін, айтқан сӛздерін ести тҧрып тӛбе қҧйқаң 
шымырлайды. 
Осылайша біраз жылап алды да: 
− Жә, болды… болды…- деп ӛзін-ӛзі жҧбатты. Кӛзін сҥртті. Ӛксік 
солығын баса тҧрып әйелдерге тегіс жағалай қарап ӛтті. 
− Қҧдай-ау, бәрі де ӛзімнің ет бауыр егізімнің сыңарындай аяулы 
жеңгелерім ғой. Сірә, мені танымай қалдыңдар-ау деймін?.. 
Әр әйелге елжірей қарады. 
− Не боса о босын, тәубеме бір келтірдіңдер… А-ха-ха-ха-ха-а…- деп 
қарқылдап кҥліп жіберді. Ол со қарқылдаған бойында екі иығы онан әрмен 
селк-селк етіп, одан ішін басып сылқылдап кӛзінен жас аққанша кҥлді. Рас 
кҥлкі ме, ӛтірік кҥлкі ме, айыру қиын. Әлден уақытта кҥлкіден шаршағандай 
екі иығы салбырап отыра кетті де, ӛзіне тӛніп кеп тҧрған әйелдерге 
жайбарақат жайдары ҥнмен: 
− Қайран жеңешелерім, еңіреген ер ағаларымның асыл жарлары, 
тәубеме бір келтірдіңдер-ау! Ризамын…- деді тағы да.- Отырыңдар!.. Сіздер 
жҧмсаған жаққа бармай мен қайда кетеді дейсіңдер. Арба айда десеңдер арба 
айдайын, астық таста десеңдер оны да істейін. Жігіттік сӛзім, ант етіп 
айтайын, қосқан жҧмыстарыңды істеймін. Туған ел, туған жерді сағынғанда, 
осы ӛздеріңдей жеңгелерімнің ҧлтаны боп жҥрсем деп армандап ем. Ауылға 
келген соң соның бәрін ҧмытып ит боп барады екем, кешіріңдер. Мен 
қайттым райымнан… Ал енді менің де аз тілегім, отырыңдар, дәм татыңдар, 
онан соң бірге шығайық. Зибаш, тездет, тамағыңды!.. Отырыңдар, жеңгелер. 
Дастарқанымызды теппеңдер… 
Апам бастаған әйелдер бір-біріне қарап қойды да аң-таң боп, отыра-
отыра кетті. Зибаш отты ҥстемелей жағып, кӛжесін сақыр-сҧқыр қайнатып 


113 
тездете бастады. 
− Тездет, Зибаш!.. Кӛп кешікпейік,- деп қойды да Ырысбек 
домбырасына қол созды.-Сенің кӛжең піскенше мен жеңгелеріме бір-екі ән 
салып берейін,- деді. 
− Сӛйтсең сӛйтші,- деді аяғын кӛсіліп жайғасыңқырай отырған 
Нҧрсҧлу. 
Ырысбек домбырасын кҥйлеп, тамағын бір кенеп алды да мҧңайған 
ҥнмен: 
− Кеудеме жау оғы тиіп, ҧрыс даласында қансырап жатқанымда туған 
жер, ел-жҧрт, мына отырған ӛздерің кӛз алдыма елестеп, «дҥние-ай, соларды 
бір кӛре алмай кетемін бе»,- деп тарығып жатып шығарған әнім еді. Қазір 
сендерге соны айтып берейін,- деді. 
Әйелдердің бір-екеуі еріксіз бір еріксіз кҥрсініп қалды. Ырысбек зарлы 
әуенді аңырата жӛнелді. Ӛзінің туған ел, туған жермен қош айтысып, аждаһа 
жауға қарсы аттанғаны, жауған оқ пен жанған оттың ортасына тап болғаны, 
әккі жаумен арыстанша алысқаны, қапыда жараланғаны, содан қансырап 
ҧрыс даласында қалғаны, бір жҧтым суға зар болғаны, сол сәтте туған ел, 
туған жер, кҥліп-ойнаған қҧрбы-қҧрдас бәрі-бәрі тізбектеліп ӛте бастайды 
кӛз алдынан; әрқайсысының кӛңіл қимас мінез-қылықтары, қҧрбылық 
наздары бар, итшілеген тірлікте бір-бірінің қадірін білмеген, кӛкіректі қарс 
айырған ӛкініш бар… Ырысбектің кӛзінен тарам-тарам жас кетті. Зарлаған 
даусы, онан да зарлы сӛздері жҥйке-жҥйкені босатып, мҥлде егілтіп жіберді. 
− Сорлы-ай… қайтсін-ай!..- деген әйелдердің бірі жылай сӛйлеп аһ 
ҧрып. Сол-ақ екен бәрі бірдей мырс-мырс жылап берді. 
Қош-есен бол, жеңгелер, 
Су бер десем, бал берер. 
Қапыда кеттім, дҥние-ай… 
Зарымды менің кім кӛрер?.. 
Ӛзі де жылап, әйелдерді де жылатып біраз шер тарқатқаннан кейін 
Ырысбек: 
− Ӛстіп зар еңіреп жатқанымда орыстың бір қаршадай қызы, дәл осы 
ӛзімнің Нәзира қарындасымдай балғын жасы кеп, ӛлімнен арашалап алып 


114 
қалды,- деп, домбырасын шетке тастай салды. Онан соң: — Қой, жылап 
отыратын уақыт па. Жҧмысқа аттанайық! — деді кӛзінің жасын сҥртіп.- 
Кӛңіл шіркінді еркіне жіберсең езіле береді. Бір ауық ӛзіңді-ӛзің тежемесең. 
Бекем болайық, жеңгелер! 
− Рақмет, қайным! 
− Бақытты бол! 
− Зибаш екеуің қосағыңмен қоса ағарыңдар! — десті әйелдер шын 
кӛңілден риза болып. 
Әлгіндегі ашулы келістерінен, бҧрқ-сарқ еткен сӛздерінен із де қалған 
жоқ еді. Бәрінің де кӛңілдері елжірей қалған жҧмсақ кҥйде. 
− Зибаш, кӛжеңді әкел! — деседі. 
Ортаға келген жарты тегеш кеспе кӛжені қолдарына тиген шҧңғыл 
ыдысқа қҧйып, екеу-ҥшеуден кезектесіп бір қасықпен ішуге кірісті. 
Ырысбекке ҥлкен тостақан мен жеке қасық беріп: 
− Сен еркексің ғой бізге қарама. Тойып ал! — дейді. Сырттан есік 
алдынан біреулер тасыр-тҧсыр жҥгіріп ӛтті. Сӛйткенше болған жоқ, есіктен 
сҧңқиып жынды Бҥбітай кіріп келді. Ҥйдегілерге тегіс бажырайып қарап ӛтті 
де: 
− Тойлап отырсыңдар, ә,- деді.- Мені ғой тойға шақырмайсыңдар. Ал 
шақырмасаңдар да мен ӛзім келдім,- деп босағаға отыра кетті. Ҥсті-басы 
жҧлым-жҧлым, кір-кір еді, ӛзі жҥдеу. 
Мен зәрем ҧшып апама тығыла тҥстім. 
− Ей, қор болған сорлы-ай!..- деді Нҧрсҧлу, аяныш білдіріп кҥрсіне. Ҥй 
ішіндегілер кӛжені сораптатқандарын тоқтатып, тым-тырыс тына қалды. 
− Ал әкесеңдерші, қант-кәмпиттеріңнен, шай ішелік,- деді Бҥбітай. 
Ауыз ҥйден тықыр естілді де, ақырын ғана есікті ашып Тоштан кірді. 
Бҥбітай: «Ойбай-ай, ойбай-ай!.. Мынау тағы жетті-ау!» — деп зар қағып 
ыршып, әйелдерді баса-кӛктеп тӛрдегі Ырысбектің қасына бір-ақ жетті. 
Зәресі ҧшқан Ырысбек атып қазан жақтағы Зибаштың қасына барды. 


115 
− Тәтем маған бой бермей қашып келді,- деді Тоштан кінәлі адамдай 
ӛзінің қолында ҧшына сым темір байланған кішкентай қамшысы бар. 
− Тәтеңді сен ӛзің қарап жҥрсің бе? — деп сҧрады Нҧрсҧлу. 
− Иә, ӛзім қараймын. 
− Немене, сонда бір ҥйде екеуің ғана жатасың ба? 
− Иә, екеуміз ғана. 
− Әй, мына тамақты маған қойдыңдар ма? — деді Бҥбітай Ырысбектен 
қалған кӛжеге қарап. 
− Иә, саған қойдық. Іш. 
Бҥбітай ашқарақтанып кӛжені алды-артына қарамай апыл-ғҧпыл іше 
бастады. 
− И-и, сорлы-ай… 
− И-и, байқҧс-ай, аш екен-ау! — десіп әйелдер егіліп кетті. 
− Тоштан, келе ғой, қарағым, кӛже іш,- деп апам алдымыздағы 
тостағанға тегеште қалған кӛжеден толтыра қҧйды. 
Тоштанның да қарны аш екен, кӛжені қомағайлана ҧрттады. 
Әйелдердің әрқайсысы одан әр нәрсені сҧрап жатыр, ол кӛжені ҧрттай 
отырып жауап қатады. 
− Тәтеңмен екеуің жалғыз жатқанда қорықпайсың ба? 
− Алғашқыда қорқатынмын, қазір қорықпаймын. 
− Әйтеуір айтқаныңды істей ме, тіліңді ала ма? 
− Тілімді алмаса мына қамшымен ҧрам. Байдалы атам солай ҥйреткен. 
Ал оған да кӛнбесе онда, міне, бізім бар, мҧны да со Байдалы атам жасап 
берген, осыны сҧғып алам. 
− Ӛзіңді ҧрып тастамай ма? 
− Жоқ. Бізден қорқады. 


116 
− Ал жатқанда қалай жатасыңдар. 
− Жатарда мен тәтемнің қолын артына қайырып байлап қоям. 
− Неге? 
− Әйтпесе, тҥнде тҧрып мені тҧншықтырады. Қолының жібі шешіліп 
кетіп екі рет тҧншықтырды да. 
Кӛжені ішіп болған соң Бҥбітай жан-жағына тҥкірініп, кҥбір-кҥбір 
сӛйледі де, ешкімге қарамастан, жолында отырғандарды баса-жанша сыртқа 
беттеді. 
Тоштан да тҧрып соңынан ерді. Есіктен шығып бара жатып менің 
апама: 
− Апа, мен кҥніне бір уақыт барып қырманда жҧмыс істесем бола ма? 
— деді жалынышты ҥнмен,- Әйтпесе, қыс тҥсіп келе жатыр, тәтем екеуміз 
аштан ӛліп қаламыз ғой. 
− Болады, қарағым, болады. Ӛзің шамаңның келгенінше қырманда істе. 
Кейін тәтең екеуіңе әскер семьясы деп жәрдем бергіземіз,- деді апам. 
− Ойпырм-ай, иманымды бір ҧшырды-ау,- деді Ырысбек кҥле сӛйлеп. 
Бірақ оның сӛзіне ешкім ҥндей қойған жоқ. Тҥрлері тоң-торыс боп қабақтары 
тҥсіп кеткен әйелдер кҥрсіне береді. 
− Әй, Ырысбек, темекіңнен әкеші,- деді кенет Нҧрсҧлу. 
Онан соң Ырысбек ҧсынған темекісі бар дорбаны алып, шылым орады. 
«Әй, қатын, бізге де берші, бері!» — деп Сәруа мен Қалипа да темекіге қол 
созды. Ҥйдің ішін ащы темекінің кӛк тҥтіні жайлады. Қою тҥтін. Тамақты 
жыбырлатып, кӛзді ашытып еріксіз жӛтелдіреді. Ҥш әйел ҥш жақтан бҧрқ-
бҧрқ тартып отыр. Мен жӛтеле бастағам, апам: 
− Тҥу, сонша бҧрқыратқандарың-ай, мҧрындарыңды қҧрт жеп бара 
жатқандай,- деді. 
− Ей, қатын-ай, мҧрнымды жемесе де кеудемді жеп барады ғой Осы 
ащы тҥтіннен басқа не жҧбаныш қалды енді,- деді Нҧрсҧлу,- осыны да кӛп 
кӛріп отырсың ба? 
− Мейлің, тарта бер. 


117 
− Ойбу, отырып қаппыз ғой, ал тҧралық енді,- деді орнынан қозғалған 
апам даусы аяқ асты қатқылдап.- Зибаш, Ырысбек екеуің артымыздан 
келерсіңдер, мен қырманға барып арбаларға астық тиете берейін, ай туа 
жҥріп кетіңдер. 
− Мақҧл, тәте,- деді Зибаш. 
Былайырақ шыққан соң әйелдердің бірі: 
− Қҧдай-ау, не боп біттік ӛзі, тҥйіліп кеп сҧйылып қалдық па,- деген. 
− Е, қайдан кӛздеріңді сығымдап, еркек кӛрмегендей Ырысбектің 
аузына телмірдіңдер де қалдыңдар,- деді Нҧрсҧлу. 
− Әй қатын, ӛйтіп бҧлтақтама. Айтсаң айтшы деп, жалп етіп бірінші 
отыра кеткен сенің ӛзің емессің бе? 
− Мен оның әнін тыңдайын дедім. 
− Бәріміз де со әнін тыңдайық дедік қой. 
− Әй, меніңше сол Ырысбек, бізді бала ғҧсатып аузымызды аңқитып 
алдап жіберген сияқты. 
− Қой әрі, ер-азамат басымен ант етті ғой. Сӛзінде тҧрар,- деді 
Нҧрсҧлу.- Әдіре қалғыр, осыдан алдап кӛрсін, немістің оғынан қалған жарты 
ӛкпесінен бір қойып, кӛкірегін қаздай шулатайын. 
− Сенен ол да шығар,- деді апам кҥліп. 
− Е, шықпай ше? Қатын басыммен сіңірім созылып мен жҥрсем, еркек 
басымен шалқасынан тҥсіп ол жатса… 
− Әй қатындар! — деді апам бәрін тоқтатып. Иіріле аялдаған әйелдер 
бір сәтке ҥнсіз тҧрып қалды. Ал тағы не айтасың дегендей қараңғыда 
апамның аузына қарайды. Тау жақтан ақырын ғана ҥріп қоңыр жел соғып 
тҧр. Кҥздің салқын желі. 
− Тҥу, мына бір желдің рақаты-ай, таң атқанша талай астық ҧшырып 
тастауға болады екен,- деді апам самбырлай сӛйлеп. 
− Әй қатын, айтатыныңды тура айтсаңшы, ӛйтіп тҧспалдамай,- деп 
Нҧрсҧлу оның сӛзін бӛліп кеткен. 


118 
− Не айтар дейсің… барыңдар, дем алыңдар… Әй, Нәзира, жҥр біз 
қырманға кетелік. 
− Міне, бҧл мысыңды ӛстіп қҧртады ғой. Жә, балалар ҧйықтап қалды, 
қазір барып тӛсекте тӛңбекшігенше, мен де қырман жаққа барайын. Сол 
жерде бірдеңе ғып кӛз шырымын алармын. Бәтиқа, мен таңертең келе алмай 
қалғандай болсам біздің сиырды да сауа саларсың… 
− Жҥр, Қанат, мен сені ҥйге апарып тастайын,- деп Нәзира әпкем 
қолымнан ҧстап сҥйрете жӛнелді. Екеуіміздің тапыр-тҧпыр жҥгіргенімізге 
кӛшедегі иттер шуылдап кетті. Бізге қарай шабалана ҥреді. Бірақ Нәзира 
әпкем қорықпайды, жақындағандарын ҧзын бишігін сілтеп қап қаңқ еткізеді. 
Мен кҥнде сабақтан шығысымен қырманға барып малатастың басына 
мініп жҥрдім. Ала кӛз торы аттың дҥңк-дҥңк желісіне әбден ҥйреніп алғам, 
ҥзеңгіге аяғымды шіреп қопаң-қопаң етем де отырам, ішім де ауырмайды, 
басым да алғашқы кҥнгідей онша айналмайды. Мені кӛріп басқа балалар да 
қырманға ҥйірсектей бастады. Қайрат пен Бәтен келген, ол екеуі де бір-бір 
малатастың басына мінді. Ешкім шақырмай-ақ ӛз еркімен Әжібек те келген, 
бізге қарағанда ересек санап оны молотилканың басына мінгізді. Алғашқы 
кҥні ол еш қиқалақсыз жақсы істеді, бірде-бір рет тоқтаған жоқ, кешкісін 
ҥйге қайтарда аяғы шалынысып жығылып қала жаздады. 
− Брр…- деді басын сілкілей кҥліп.- Мынау бір пәле жҧмыс екен. Қап, 
қарап жҥрмей тҧзаққа ӛзім кеп тҥстім-ау, ә, ақымақ боп. Осы қырманда 
істеген дегенді шығарған сенсің ғой, ә, жетпегір,- деп әзілдеп, зілсіз ғана мені 
желкемнен бір тҥйіп қалды.- Но, нешауа, мҧның да бір амалын табармын. 
Айтқанындай ертеңіне Әжібектің молотилкасының жҥруінен тҧруы, 
тоқтауы кӛп болды. Анық он бау астық бастырмайды. 
− Ойбай, мынау пәле бҧзылды! Бҧзылды! — деп аттан сап тҧрғаны. 
Онан соң ӛзі сабанның ҥстіне барып гҥрс жата кетеді де сыпылдатып нан 
жеуге кіріседі. 
Байдалы шал мен Кӛлбай керең екі жақтап жӛндеп әлек, бірақ бәрібір, 
он айналмайды, молотилка қайта тоқтайды. 
Бір қалт етіп басымыз қосылғанда Әжібек бізге ӛз ақылын айтты. 
− Ақымақтар, ертеден қара кешке дейін шыр айналып селкілдеп желе 
бергенше, бір ауық дем алудың әдісін таппайсыңдар ма,- деген табалай 
ҧрсып.- Бәлек бекітілген тҧстағы, әнеу бір болтты кӛрдіңдер ме? 
Мыналардың кӛзін ала бере соны босатып қойсаңдар болды. Он шақты 


119 
айналғаннан кейін ӛзі-ақ босап тҥседі де қалады. Онан соң жерге секіріп тҥс 
те сол болтты іздескен боп жҥріп, сабанның астына кӛме сал. Бітті, қашан 
болтты тауып бекіткенше рақаттанып дем аласың да жҥресің. Байдалы шал 
мен Кӛлбай керең мықшыңдасын да жатсын, танаулары пысылдап. Әйтпесе, 
бҧ не, ертеңнен қара кешке ат ҥстінде селк-селк етіп айнала-айнала кейін 
тентек болған қой сияқты миғҧла боп қаларсың. Тентек болған қойдың 
қайтетінін білесіңдер ме? Бір орында тҧрып шыр кӛбелек айнала береді, 
айнала береді, ӛйткені миы айналып кеткен. Мына сендер де сӛйтесіңдер, әлі. 
Әжібектің сӛзі бізге қатты әсер етті, дереу сол айтқан әдіспен біз де 
бәлектің бекітілген болтын босатпақ боп әрекет етіп кӛргенбіз, онымыздан 
дәнеме шықпады. Тастай боп бҧралған болтты босата алмадық. Сондықтан 
ҥш малатас бҧрынғымызша кешке дейін астық бастырамыз. 
Ақыры, Әжібектің істеп жҥрген қитҧрқысын Байдалы шал сезіп қойды 
білем, енді одан екі елі кӛз жазбай қадағалай бастады. Әжібек аттан тҥссе-ақ 
болды: 
− Әй, шақша бас, былай тҧр, былай тҧр бәлектен! Тура мына кҥрекпен 
бір салып ҧзыныңнан тҥсірем! — деп қуа бастайды. 
− Кәне, ҧрып кӛріңізші кҥрекпен, әне, ӛкіл жҥр, дереу жауапқа 
тартқызайын,- дейді Әжібек те беріспей тіресіп. 
Мен бір тоқтағанымда қасыма жҥгіріп Мәри келді. Олар ҥш-тӛрт қыз 
тазаланған қызылды қаптауға шешелеріне кӛмектесіп жҥрген болатым. 
− Мә, саған жинадым,- деп сыбырлап бармақтың басындай жер 
сағызды алақаныма бҥге қойды. Екі жақ беті қанталап кӛгерген сияқты боп 
кӛрінді.- Апам ҧрды,- деді ол менің ӛзіне қадала қарағанымды сезіп.- Менің 
әнеугҥнгі бидай ҧрлап апарғанымды інім айтып қойыпты. Сол ҥшін ҧрды. 
Арқам тіпті кӛк ала қойдай, шыбықпен ҧрған. Қозғалсам ауырады. 
Менің оған бір тҥрлі жаным ашып кетті. 
− Әй, Қанат, мін атыңа! — деді осы кезде бастыруға жаңа бау тӛсеген 
Байдалы шал. 
− Қанат, сенің орныңа бір жол мен мінейінші,- деді Мәри қиылып. 
− Мін,- дедім мен оған тізгінді ҧсынып. 


120 
− Әй, балалар, кәне, ойынды қойыңдар! — деді Байдалы шал зекіп.- Әй, 
қарағым, Мәри, бҧл әртістің ойыны емес, аулақ жҥр, бар анау ӛз жҧмысыңа. 
Мәри Байдалы шалға ренжи бір қарады да тайып, ӛз жайына кетті. 
− Боқмҧрын, қыз дегенде қҧрақ ҧша қалуын,- деді Байдалы шал мені 
аяғымнан кӛтеріп атқа мінгізіп тҧрып. 
− Сіз ӛзіңіз емес пе едіңіз сендердей кҥнімде ҥйленгем, қатын алғам, 
деп бізді желіктіріп жҥрген,- деді Әжібек қағыта кҥліп. 
− Менімен сендер тең деген-ау. Онан да мҧрындарыңды сҥртіп 
алсаңдаршы, жаман немелер. 
− Әне, кит етсек ӛстіп кемсітесіз. Бопты сіз нағыз ескіліктің 
сарқыншағысыз. Ылғи осы заманды кемсітіп сӛйлейсіз. Қазіргі жастарды 
қорлайсыз. Егер анау шолақ қол ӛкілге айтсам ғой… 
− Осы, шақша бас ит кімге тартып туған-ей,- деді Әжібектің сӛзі 
шымбайына батқан Байдалы шал, оның «ӛкілге айтам» дегенінен шынымен-
ақ именгендей кҥле сӛйлеп.-Әкесі марқҧм бҥкіл бір ӛлкені аузына қаратқан 
аяулы-ақ жігіт еді, шешесі қой аузынан шӛп алмайтынның ӛзі. Ал мҧның 
басынан бір сӛз асыра алмайсың. 
− Мен Сталин атама тартып туғам. 
− Не дейді! Тек, әрі! Ӛй, кҥшік, о кісінің атынан садаға кеткір. Немене, 
мазағың ба еді, сеніңі? 
− Так, так, ақсақал! Кәне, айтқандарыңызды қайтып алыңыз, әйтпесе 
ӛкінесіз. Мен ғана емес, бҥкіл совет жастары со кісінің ҧрпағы. Емес деп 
кӛріңізші кәне, қазір анау ӛкілге айтып екі кӛзіңізді тӛрт қылайын. Еще кҥшік 
дейсіз ғой!.. Шақырайын ба ӛкілді, а?! Әй, ӛк… 
− Жә, оттама әрі,- деп Байдалы шал енді жеңілгендей кҥле сӛйлейді. 
− Солай ма екен! Ха-ха-ха… Зәреңізді бір алдым-ау, әй, ӛзім-ай!.. 
Мҧнан әрі мысы қҧрып сӛзден жеңілген Байдалы шал қолын бір сілтеп 
бидай тастауға бҧрылып кетті. Әжібектен аулақ болғысы келген. Аз ӛтті ме, 
кӛп ӛтті ме, Әжібек ӛзінің әуеніне басып ойбайлап, тағы да тоқтады. 
− Бҧзылды мынау, бҧзылды тағы, ойбай! 


121 
Молотилканың тоқтап қалғанын кӛріп ӛкіл келді. 
− Неге тоқтатасыздар?! Неге дҧрыстап жӛндемейсіздер! — деді кӛзін 
алартып. 
− Тастай қып-ақ бҧрап тастап ем…- деді Байдалы шал кҥңкілдеп. Ӛзі 
ӛкілден ӛлердей қорқады. 
Шолақ қол ӛкілдің ала жаздай біздің ауылда жҥріп, ауданға қайтып 
кеткеніне он шақты кҥн болған, кеше Нҧғыманмен бірге тағы қайтып келді. 
Тағы да ҧзаққа келген болу керек, шинелін бӛктерініп, кҥзгі суыққа лайық 
жылы киініп апты. Нҧғыман мен апам екеуін қолды-аяққа тҧрғызбай біресе 
орақшыларға, біресе тас қоймаға жҧмсап қойып, ӛзі ҧзақты кҥнге қырманнан 
шықпайды. Қабағын шытынып ешкіммен сӛйлеспестен қызылдың ҥстінде 
сау қолымен жағын таянып, томсырайып отырады да қояды. Кімнің жҧмысты 
қалай істеп, қалай жҥріп, қалай тҧрғанын қалт жібермейді. Ӛкілдің мҧнысы 
әйелдерге ҧнамайды-ақ. 
− Ӛкіл деген бастықтың ҥйіне барып, жылы-жҧмсақты жеп, ҧйқысын 
қандырып жатушы еді, мынау бір қарақшыдай қақиған біреу болды ғой,- 
деседі кҥңкілдеп. 
− Осының бәрі әлгі, қҧдай атқыр Зибаштың кесірінен. Ала жаздай 
артынан тҥсті ғой… Жаман қардың осы ӛкілді менсінбегендегі тапқаны 
жынды Ырысбек болыпты. 
− Е бәсе, аяғымызды қия бастырмайды әйтеуір, сондай бір ызасы бар 
екен ғой. 
− Жә, қойшы әрі. Зибашқа ӛкпелеп, ӛшін бізден алса мҧнын да 
ӛкілдігіне болайын. 
− Ӛзі де қҧр сырты кҥмпигенімен әйелге қыры жоқ бірдеңе болу керек. 
− Әй, ақырын сӛйлеңдер, естіп қоймасын… 
Тҥсте әйелдер шай-су ішіп келуге ауылға қарай бет алған. Қырманнан 
едәуір ҧзап шыққан кездерінде, шолақ қол ӛкіл атына міне сап, шауып барып, 
бәрін қырманға қайта қайырып айдап әкелді. 
− Кәне, тӛгіңіздер, бойларыңыздағы астықты, әйтпесе мен ӛзім тінтем! 
— деді ақырып. 


122 
Әйелдер 
бір-біріне 
жалтақтай 
қарап, 
қызараңдасып, 
ішкі 
қалталарындағы, жҥн шӛлкилеріндегі бір уыс, жарым уыс бидайды 
қаққыштап тӛге бастады. Артынан ӛкілдің ӛзі барлығының қалталарын, ӛн 
бойларын жалғыз қолымен сипалап тінтіп қарап шықты. Сонан соң 
қырмандағыларды тегіс жинап (балаларды да қосып) жиналыс ӛткізді. Қалың 
қабағы тҥксиіп, айқайлап жібере жаздап тҥтігіп, ӛзін-ӛзі әрең деп іркіп 
дірілдей тҧрып сӛйледі. 
− Жолдастар! Қазіргі уақытта бҥкіл еліміз бір-ақ мақсатқа жҧмылуда — 
басқыншы жаудың тҥп-тамырына дейін балта шауып, тас-талқан ету. 
Партияның басшылығымен біздің қаһарман қызыл әскеріміз жауды кҥннен-
кҥнге тҧқыртып, соққы ҥстіне соққы беріп ойсырата тҥсуде. Қанды шайқас 
жҥріп жатыр. Жолдастар, мен ӛзім Батыс Украин майданына қатысқам, тӛрт 
рет жараланғам, қанды шайқастың қандай болатынын жақсы білем, кӛзіммен 
керіп, басымнан кешірдім… Қанды шайқас деген мына сіздердің еңкейіп бір-
екі қап астық қаптап: «Уһ, белім-ай!» — дейтін қырмандарыңыз емес. 
Тӛбеңнен оқ зулап бҧршақша жауып тҧрады, сонда белуарыңнан сазға батып, 
мҧз жастанып окоптың ішінде отырасың. Бір кҥн, екі кҥн емес, кейде апталап 
отырасың. Белдің сырқыраған кӛкесі сонда, әне!.. 
− Обал-ай, десеңші. 
− И-и… байғҧстарым-ай!.. 
− Небір боздақтар қазір де отыр ғой сӛйтіп,- десіп әйелдер тҧс-тҧстан 
аһ ҧрып, жарыса кҥрсіністі. 
− Міне, сол қаһарман қызыл әскеріміздің кҥш-қуаты мына отырған 
сіздерсіздер, тылдағы еңбек адамдары! Бҥкіл еліміздің еңбекшілері сияқты 
сіздер де еңбектегі бар табыстарыңызды соларға бағыштайсыздар. Солай ма? 
− Солай ғой. 
− Әлбетте солай,- деп Байдалы шал да қостап қойды. 
− Ал солай болса мына ҧрлықтарыңыз не? Мәселен анау отырған 
жеңгей,- деп Қалипаны нҧсқады.- Майданда сіздің кіміңіз бар? 
− Кҥйеуім, бауырым. 
− Әне, кҥйеуіңіз де, бауырыңыз да майданда екен, ал ендеше сіз 
соларға деген астықты неге ҧрлайсыз? 


123 
− Бір уыстай ғана алып ем,- деді Қалипа кірерге жер таппай қатты 
ыңғайсызданып.- Ҥйде ҥш кішкене балам бар еді… 
− Бала дейді… Соғыста ғой кҥйеуіңіз бен бауырыңыз қан кешіп жҥр. 
− Рас-ау,- деді әйелдердің бірі. 
− Тҥу, ӛлім-ай, бҥйткенше аштан қатсақшы… Масқара-ай…- деді 
Қалипа да ӛзін-ӛзі жерлей сыбырлап. 
− Бір уыс қана дейсіз, ә? — деді ӛкіл онан әрмен оның жер-жебіріне 
жете тҥскісі келгендей.- Ал жарайды, сіз бір уыс, анау кісі бір уыс, мына кісі 
бір уыс, мен бір уыс, мына балалар бір-бір уыстан ала берейік, сонда мына 
қырманда не қалады? 
Бір сәтке әйелдер «рас-ау» дегендей шеттерінен қызара ҧялып, жер 
шҧқыласып ҥндемей қалды. Қызынып алған ӛкіл езінің пысы әйелдерді әбден 
басқанын сезіп, енді тіпті еліре сӛйлеп, тепсінген айқайға басты. «Сізді» 
қойып, бәріне «сен» деп ҧрсып сӛйлеуге кӛшті. 
− Бҧларың қылмыс! Кҥйеулеріңнің, бауырларыңның алдында қылмыс! 
Отан алдында қылмыс! Бәріңе ескертерім: ендігі жерде кімде-кім осы менің 
айтқанымды тҥсінгісі келмей, тағы да ҧрлық жасар болса, жақсылық 
кҥтпесін! Ол адам біздің жеңісімізге қарсы болғаны онда. Ол адамды қас 
дҧшпанымыз, жауымыз деп білеміз. Бҥкіл совет халқының жауы дейміз. 
Ондайға қатаң шара қолданылады. Жауапқа тартылып, сотталады! Ҧқтыңдар 
ма? 
− Ҧқтық. 
− Ҧқпайтын несі бар. 
− Ӛкіл жолдас, бірдеңе сҧрауға бола ма? 
− Иә, сҧра. 
− Бала-шағаны қайтеміз сонда. Оларды да ӛлтірмеуіміз керек қой. 
− Сіз ондай кері кетіретін сӛзіңізді қойыңыз. Бала-шаға ауылда жҥріп 
аштан ӛлмейді. 
− Не жейді сонда олар? 


124 
− Не жесе о жесін… Ал жиналыс осымен бітті. Енді жҧмысқа 
кірісіңдер. Бҥгін ҧрлық жасағандарың ҥшін ешқайсың тҥскі шайға ҥйге 
қайтпайсыңдар. Жҧмыс істеп жаза тартасыңдар бәрің де! 
Әйелдер қабақтары салбырап тым-тырыс орындарынан кӛтерілді, 
кезерген еріндерін жалап қойып, әркім ӛз жҧмысына кірісті. Ләм деп 
ешқайсысы қарсылық білдірген жоқ. 
− Әй, осы біз ҥзіліс жасап тҥскі тамақ ішпеуші ме ек,- деді бидай 
шарлап жҥрген Кӛлбай керең белін жазып. Бағанадан бергі ӛкілдің сӛзін ол 
шала-шарпы естіп онша тҥсінбеген сияқты. 
− Қатындардың кінәсінен ҥзіліс жасамайтын боп жаза тарттық емес пе,- 
деді Байдалы шал кҥңкілдеп. 
− Не? 
− Қатындардың кінәсінен тамақ ішпейсіз! — деді Әжібек оның 
қҧлағына айқайлап. 
− Оны кім айтады? 
− Ӛкіл айтты. 
− Немене, ӛкіл бітеу ме екен? Ол бітеу болса да біз бітеу емеспіз. 
− Оны ӛзіне айтыңыз. 
− Айтсам немене, менің басымды ала ма? Жә, сӛйлемесін. Балалар, 
тҥсіңдер аттан, бидай кӛже ішелік. Әй Дҥрия! Әй қатын, кӛже бер маған! 
Әйелдермен бірге астық ҧшырып жҥрген Дҥрия жалтақтап ӛкілге 
қарағыштап келе қоймаған. 
− Мынау әкеңнің аузы… келе ме-ей, жоқ па! — деді Кӛлбай керең 
ақырып. 
− Анау арада тҧр ғой, ӛзің қҧйып ішсеңші,- деген Дҥрия. 
Кӛлбай керең естіген жоқ. 
− Ӛзіңіз қҧйып іш, анау арада тҧр дейді,- деді Әжібек айқайлап 
тҥсіндіріп. 


125 
− Әй, маған қатын не ҥшін керек сонда, кӛже қҧйып бермегенде. Жҥр 
тез! Саған ӛкіл бай емес, мына мен бай ғой. О несі-ей! Ол анау байы жоқ 
қатындарға қожаңдасын. 
Дҥрия тағы да жалтақтап ӛкілге қарай берген. Ӛкіл ештеңе естімеген 
адамша теріс айналып кетті. Дҥрия жҧмысын тастап бері қарай жҥрді. Киім-
кешектің арасына орап қойған торсықтағы кежені алды. Біз балалар да аттан 
секіріп-секіріп тҥсе қап, Кӛлбай кереңді қоршай отырдық. Байдалы шал ғана 
бҥгжеңдеп жҧмысын істей берді. Кӛже ішкісі келіп-ақ тҧр, бірақ ӛкілден 
батып келе алмайды. 
− Қанша дегенмен баяғы заманда байдың қҧйыршығы боп қорқақтап 
қалған адам емес пе, ӛкіл десе зәр-иманы қалмайды,- деді Әжібек.- Міне, 
тақыр кедей Кӛлекең ғой, жан алғыш әзірейілің келсе де қорықпайды, тек 
Ырысбектен болмаса,- деді соңғы сӛздерін оған естіртпей сӛйлеп. Не дейсің 
дегендей Кӛлбай керең бетіне қараған. 
− Кӛлекең мықты ғой деймін, шындаса сапы қанжармен ӛкілдің қарнын 
аяғына бір-ақ тҥсірер деймін! — деді Әжібек айқайлап сӛйлеп. Кӛлбай керең 
мәз боп кҥлді де, оның қҧлағынан тартып қойды. 
− Жәйрағыр, қағытпай отыр,- деді Дҥрия да. Кӛже бермей қоя ма деп 
зәресі ҧшқан Әжібек безек қақты. 
− Қағытып отырғам жоқ, әпкетай-ай, қҧдай ақы шын сӛзім. Олла-билла, 
кӛгермейін, кӛктемейін, жалшымайын, оңбайын, қызығымды кӛрмейін, опа 
таппайын, несібемді ит жесін, иманымнан жҧрдай болайын…- деп ант-су 
ішіп шҧбырта жӛнелді. Дҥрия еріксіз кҥліп жіберген. 
− Жә, сонша қарғанып-сіленіп не болды. Мә, ішші,- деді, Кӛлбайдан 
босаған тостағанға кӛже қҧйып. 
Әжібек дем алмастан тостағанды басына бір-ақ кӛтерді де: 
− Уһ! — деді рақаттанып. Қампиып кеткен ӛз қарнын ӛзі шертіп 
қойды.- Осы Дҥрия әпкемнің кӛжесі бал, тура. 
Дҥрия жымия кҥлді. Ырысбектен ажырасқалы жақыннан кергеніміз 
осы еді, жҥдеп, қартайып кеткен тәрізді. Кӛзінің тӛңірегінен, ҧртының 
ҥстінен ҧсақ әжімдер тҥсіпті. Ӛзін Кӛлбай керең ҧрады екен дегенді де 
естігеміз. Әрқайсымыздың кӛже жҧтқанымызға қарап, шыт-шыт жарылған 
еріндерін жалап қояды. 


126 
Қасымызға ӛкіл келді. 
− Жеңгей, кӛжеңізден қалды ма? — деді. 
Дҥрия ҥн-тҥнсіз торсықты шайқай тҥсіп, бидайын қоюырақ қып оған да 
қҧйды. 
− Бәсе, ӛкілің де бітеу емес екен ғой,- деді Кӛлбай керең.- Әй, Байеке, 
жҥр енді, сен де! 
Байдалы шал да кеп шеттен тізе бҥкті. 
− Ата, сізге кӛже ішуге болмайды,- деді Әжібек Байдалы шалмен 
ойнайтын белгілі қалжағына басып. 
− Е, неге? 
− Ӛткені, осы қырманның ҧрлық бидайынан жасалынған кӛже. Ҧрлық 
кӛжені ішсеңіз ӛлгенде кҥнәға батасыз. 
− Әй, шақша бас-ай, осы сенен кӛргенім бе!..- деп Байдалы шал ҧмтыла 
берген. Әжібек зытып қашып былай шықты. Ӛзі сықылықтап кҥліп жҥр. Біз 
де кҥлдік. Дҥрия жымыңдап жҥзін кӛлегейлей берді. Ӛкіл ғана кҥлген жоқ, 
кӛзін алартып Әжібекке қарады. 
Сӛйтіп, біз Кӛлбай кереңнің арқасында тҥскі демалыс жасап, кӛже ішіп 
рақаттанып қалдық. Ал әйелдер бел жазған жоқ. 
Кешкісін апам ҥйге бір сәтке ғана ыстық шай — тҧз салған ақ су ішіп 
шығу ҥшін ғана келген. Бел орағышын шешіп жылы пешке арқасын сҥйеп 
отырғаны сол еді, бет-аузы қатпар-қатпар боп әжімденіп, кӛзі шҥңірейіп 
жҧмылып кетті. Со отырған кҥйінде басы бір жағына қисайып қор ете тҥскен. 
− Сорлы-ай, соры қайнаған сорлы…- деп әжем аяныш білдіріп, 
дастарқан әзірлеуге кірісті. 
Апам со басы қисайған кҥйінде тәтті қорылдап отыр. Тіпті менің ӛзіме 
де осы сәтте апам кіп-кішкентай бір аянышты жан боп кӛрінді. Әжем ғҧсап 
мен де оны: «Әй, соры қайнаған сорлы…» — дей жаздап барып қалдым. 
Аянышты-ақ еді, апамның кейпі. 
Әжем дастарқанды әзірлеп қойып, кішкене мызғып алсыншы деп 
мазаламады, бізге де дымдарыңды шығармаңдар дегендей қабағын тҥйіп 
қойды. Ӛстіп бір тәтті тыныштықта ҧйып отырғанымызда, дҥсірлете желіп 


127 
келген ат терезенің тҥбіне тоқтай қалды. Қамшының сабы терезені тық-тық 
еткізді де: 
− Бригадир қайда? Шықсын тез! — деді айқайлап. Шолақ қол ӛкілдің 
даусы. 
Селк етіп оянған апам, ҥсті-басын жҥре тҥзеп сыртқа шықты. Мен 
қалам ба, ілесе тҧрдым соңынан. 
Елең-алаңда адамды басып кетердей боп ат ҥстінде ойқастатып кеп 
тҧрған ӛкілдің тҥсін анықтап кӛре алмадым, бірақ суық екені даусынан 
білінеді. 
− Жҥріңіз, мен ҧры ҧстадым! — деді. Ӛзі атының басын Нҧрсҧлудың 
ҥйіне қарай бҧрды, апам екеуміз ілесе жҥрдік. 
Нҧрсҧлу есігінің алдында тҧр екен. Жаңа ғана кӛтеріп келген қурайы 
ақтарылып, шашылып жатыр. 
− Әне! — деді ӛкіл қамшысымен қурайды нҧсқап.- Кемінде он келі 
астық. 
Енді байқадым, қурайдың арасы толы бидайдың қырқылған масағы 
екен. 
− Қолыңызға алып ҧстап қараңыз, ҥгіп қараңыз,- деді ӛкіл. 
− Кӛріп тҧрмын ғой,- деді апам. Онан соң Нҧрсҧлуға бҧрылып: — Әй, 
саған не қара кӛрінді? — деді зілді ҥнмен. 
− Тҥнеугҥнгі шӛп машинамен шабылған кҥздіктің тҧсынан ӛтіп бара 
жатып, шашылып жатқан масақты кӛрген соң шыдай алмай теріп ала қойып 
ем. 
− Қазір масақты теруге де, алуға да болмайтынын білмейсің бе? — деді 
апам тары да бастырмалап. 
Нҧрсҧлу жерге қарады. 
− Босқа далада қалғанша деп…- дей берді міңгірлеп. 
− Далада қалса да теруге болмайды дедік қой. Қашан астықты тегіс 
жинап бітіп, ал енді болдық дейміз, сонда ғана масақ теруге рҧқсат демедік 


128 
пе. 
− Білем… балаларға ертеңге ҥйде ныспы тҥк жоқ еді, жҧмысқа кетерде 
соларға қуырып беріп кетсем деп ем… 
− Жә, Нҧрсҧлу, мҧның жарамайды. 
Апам соңғы сӛзін жҧмсақ айтса да, қатты кінәлай айтты. Нҧрсҧлу 
қипақтап: 
− Қайтем енді?.. Қырманға апарайын ба? — деген лажы таусылғандай. 
− Ендігәрі терме масақты. Балаларыңа осы біразға жетер,- деді апам, 
оның сӛзіне тікелей жауап бермей, онан соң ат ҥстінде тҧрған ӛкілге 
бҧрылып: — Ӛкіл жолдас, екеуміздің алдымызда ендігәрі мҧндайды 
қайталамаймын деп уәде етсін. Солай ма? 
− Сіз неғыл деп мәймеңкӛлетіп тҧрсыз?! — деді ӛкіл шарт кетіп.- Ӛйтіп 
жуып-шаятын тҥк те жоқ. Қазір дереу акт жасаңыз! 
− Қателескен шығар, жас балалары ҥшін бір жолға кешірейік,- деді 
апам. 
− Сіз немене, акт жасағыңыз келмей тҧр ма?! Астықты жҧрт ӛстіп 
ҧрлай берсін демексіз ғой. 
− Ҧрлай берсін демеймін. 
− Ендеше, неге акт жасағыңыз келмейді? Қазір қағаз, қарындаш алыңыз 
да жазыңыз. 
− Әй, Нҧрсҧлу-ай, сені ме…- дей берген, ренжи сӛйлеген апам.- Сен 
бҥйткенде басқа не істемейді. 
− Сіз неғыл деп мыңқылдап тҧрсыз. Мә, ҧстаңыз, жазыңыз! — деді ӛкіл 
ат ҥстінен қағаз, қарындаш ҧсынып.- Қиқаңдасып тҧратын уақытым жоқ. 
Кәне, жазыңыз! 
Енді апам да даусын кӛтере сӛйледі. 
− Шырағым, қызметің ҥлкен болса да ӛзің жас адамсың. Неге мҧнша 
қадала сӛйлейсің. Бҥйтіп қит еткенге акт жасай берсек, әйелдердің бәрін 
қаматып тастап жҧмысты кімге істетеміз. Бәрінің бала-шағасы бар, кҥн 
демей, тҥн демей жҧмыста жҥреді, алып жатқан бір тҥйір еңбектері және 


129 
жоқ. Сонда бҧлар ӛстімегенде қайтіп кҥн кӛреді. Немене, аштан қатсын 
демекпіз бе? 
− Ә-ә. Сіздің де кӛмейіңіз белгілі екен. Коммунист бола тҧра айтып 
тҧрған сӛзіңіз осы болғаны ғой. Ӛстіп колхоздың астығын талан-таражға 
салып, шетінен ҧрлай берсін дейсіз ғой. 
− Иә, мен коммунист болып айтып тҧрмын бҧ сӛзді. Бала-шағаны 
аштан қырыңдар деген нҧсқау және жоқ. Бәрімізде де бала бар. Мына менің 
де балаларым бар, ӛстіп уыстап, жырмыштап әкеліп асырап отырмын, 
ӛйтпесем ертең бәрі ашығады. 
− Сізбен басқа жерде сӛйлеседі екеміз әлі,- деді ӛкіл тістеніп. 
− Қай жерде сӛйлессек те айтатыным осы. 
Осы тҧста Нҧрсҧлу: 
− Қойшы, Бағила, сӛзге кеп қайтесің,- деді. 
Апам ӛкілдің сӛздеріне кҥйініп кеткен болу керек, енді әуелгісінен 
мҥлде керісінше, Нҧрсҧлуды жазғырып емес, ақтап сӛйлей бастады. 
− Жоға деймін-ау, енді біз ӛзіміздің маңдай терімізбен ӛсірген 
астықтың жерде шашылып қалған масағын ӛстіп жырмыштап теріп алмасақ, 
немен кҥн кӛреміз. 
− Мен сізге айттым ғой, басқа жерде сӛйлесеміз деп, болды енді. Аулақ 
тҧрыңыз! — деді ӛкіл апама жекіріп, онан соң атын бастырмалатып кеп 
Нҧрсҧлуға: — Қурайыңызды кӛтеріп алып жҥріңіз,- деп бҧйырды. 
Нҧрсҧлу барып қурайын қайта орап, байлап, иығына салды. 
− Қайда апарасың? Таста! — деген апам оған ҧрса сӛйлеп. 
− Қойшы, Бағила, мына ӛкіл жігіттің қыбы бір қансын,- деді енді 
Нҧрсҧлу да қитыға қайсарланып.- Неміске берген қолының ӛтеуін, мына 
жесір қатын біздерден алайын деген шығар. Ал қайда апар дейсіз, тақсыр? 
− Ӛйтіп қағытпаңыз. Қағытатын адамыңыз мен емес. 
− Қайда апар дейсіз енді? 


130 
− Кеңсеге алып жҥріңіз! 
Ӛкіл Нҧрсҧлуды қурайын кӛтертіп алдына сап кеңсеге айдап апарды да, 
қурайымен қосып соның ішіне қамап қойды. Сыртынан ҥлкен қҧлып салды. 
− Мҧныңыз қалай, бірден бҥйтіп қамауға қақыңыз жоқ қой,- деген 
апам. 
− Ҧрлық жасаған адамды бос жібере алмаймын,- деді ӛкіл. 
− Қайдағы ҧрлық, шырағым-оу? — деді апам оған жалынғандай ҥнмен. 
− Мен сізбен басқа жерде сӛйлесем дедім ғой, қазір аулақ жҥріңіз! — 
деді ӛкіл кесімді тҥрде. 
Лаж жоқ, апам екеуміз ҥйге қайттық. 
− Жарайды енді, не істер дейсің, біраз қорқытар да қояр,- деді апам жол 
бойы ӛзін-ӛзі жҧбатқандай. 
Бірақ ӛкіл жай ғана қорқытып қоймапты, шындап кірісіпті. Ауданға 
хабарлап ертеңіне милиция алғызыпты, акт жасатып, кҥндіз біз жҧмыста 
жҥргенде Нҧрсҧлуды айдатып та жіберіпті. Нҧғыман ара тҥсіп алып қалмақ 
болған екен, ӛкіл де, милиция да: «Ең болмаса, бір адамды ӛстіп жауапқа 
тартып, басқаларға сабақ қылмаса болмайды. Ертең жҧрт астықты ашықтан 
ашық ҧрлай бастайды»,- деп екеуі екі жақтап ерік бермепті. Тіпті әрі-беріден 
кейін Нҧғыманның ӛзін де кінәлаған кӛрінеді. «Босаңдық істейсің, талан-
таражға жол бересің!» — деп. 
Нҧрсҧлудың екі баласы мен кәрі шешесі зар еңіреп кӛп жерге дейін 
артынан ілесіп барыпты да, ақыры бірін-бірі қҧшақтап жер бауырлап қала 
беріпті. 
Осы кҥндердің бірінде апам мен Нҧғыманның ӛзара сӛйлескен бір 
сӛздерінің куәсі болдым. 
− Бҧ қалай, Нҧғыман-ау, соғыс болса мынау кҥннен-кҥнге арқаға 
аяздай батып қыса тҥсуде. Қолда бардың бәрін қыс демей, жаз демей 
жӛнелтіп жатырмыз, қымтып қалған, жасырып қалған ештеңеміз жоқ. Мынау 
қызыл қырманның ҥстінде ҧртымыз толып ас жеп жҥрген ешкім жоқ. Артық 
тҥйір тамағымыздан ӛтпейді. Бәрін майданға жӛнелтсек екен дейміз, атың 
ӛшкір жауды тезірек жеңсек екеміз дейміз. Жатсақ-тҧрсақ ойлайтынымыз 
сол. Ал сӛйтіп отырып айдалатындай жазығымыз не біздің?.. Біз деп 
отырғаным, Нҧрсҧлу кім, мен кім, басқа әйелдер кімдер? Бірімізден-бірімізді 


131 
еш айырмамыз жоқ. Бәріміздің жҧтып отырған уымыз да бір, қайғы-
қасіретіміз, тілегіміз де бір… Ендеше біздің бірен-саран абайсыз кеткен 
жеріміз болса неге кешірмеске. 
Нҧғыман бірден жауап берген жоқ, ойланып отырып қалды да біраздан 
соң: 
− Кешеден бері ойлай-ойлай менің де басым қатты, Нҧрсҧлуға ара 
тҥсудің бар жолдарын ойластырып кӛрдім. Сӛйтсем қиын екен, еш амалы 
жоқ екен. Ҧрлығымен қолға тҥскен соң, оны қҧтқару еш мҥмкін емес. Уақыт 
болса мынадай, ауыр…- деді. 
− Оныкі ҧрлық емес қой, шашылып жатқан масақты ғана жинап алды. 
− Қазіргі уақытта масақты жинау да ҧрлық. Бір тҥйір дән жерге 
тҥспесін, ысырап болмасын дейміз. Сол ҥшін кҥресіп отырмыз. Сӛйтеміз де 
астығы орылып алынған жерде шашылып қалған масақ бар, соны терген еді 
деп, ақтау айтқымыз келеді, ал ертеңгі кҥні сол сӛздің ӛзі ҥлкен әңгімеге 
айналса не демекпіз. Онда кім жауап беруі тиіс заң алдында? Осы жағын 
ойландыңыз ба? 
− Ойланатын несі бар. Егіні орылып кеткен жерлерде қаншама 
астықтың ысырап боп шашылып жатқаны рас қой. Оны неге 
мойындамаймыз?! Кӛреген ӛкіл соны неге кӛрмейді?!. 
− Мақҧл кӛрді делік. Сол ҥшін біреу жауапқа тартылуы керек қой. 
− Кінәлі адам тартылсын жауапқа, тартсын жазасын. 
− Онда қайсысымыз кінәліміз? Сіз бе, әлде мен бе? 
− Сіз де, мен де кінәлі емеспіз. 
− Бәлкім, онда анау машиналарды айдап жҥрген жасӛспірім балалар 
кінәлі шығар? 
− Олар да кінәлі емес. Қайта олардың сӛйтіп істеп жҥргендеріне рақмет 
айту керек. 
− Сонда кім кінәлі? Кәне, айтыңызшы, жазаға кімді тартайық? 
Апам ҥндемей қалды. 


132 
− Сӛйтіп, Нҧрсҧлуды айдатып жіберіп қойып отырмақпыз ба? — деді 
ақырында. 
− Қолдан келер дәрмен жоқ. 
− Оны соттай ма? 
− Соттайтын шығар. 
− Онда мені де соттасын, анау басқа әйелдерді де соттасын. Топырақ 
жеп отырған жоқ, біздің балаларымыз да осы астықтан жеп отыр. Еңбекке 
ешкімге тҥйір астық бергеміз жоқ, бірақ жҧрт қалай алса, олай алсын, бәрібір 
осы астықтан ҧрлап ішіп отыр ғой. Ендеше бәріміз де жауапқа тартылуымыз 
керек. 
− Әй, Бағила-ай, айтасың-ау… Жә, бос сӛзді қоялық. 
− Неге бос сӛз? Апыр-ау, неге бос сӛз бҧл?! — деп апам айқайлап 
жіберді.- Нҧрсҧлу сотталады екен де, оның артында екі кішкентай баласы 
мен кәрі шешесі еш панасыз жылап-еңіреп қалады екен. Ертең олар аштан 
ӛлсе қайтеміз? Оған кім кінәлі болмақ?! 
− Білмеймін. Басым қатты әбден. 
− Сен бастықсың, ауданға бар, сӛйлес аудан басшыларымен. 
− Не деп? Ҧрлық істеген адамды босат деп пе? 
− Қҧдай-ау, ҧрлық емес қой!.. Шашылып қалған масақты терді ғой. 
− Ӛйтіп айтуға болмайтынын ӛзің де білесің ғой. 
− Айтуға болады, неге болмасын. Айт! Шашылып жатқан масақтарды 
айт, ӛкілдің соны кӛрмей жҥргенін айт. Соттаса бҥкіл аулымызды тегіс 
соттасын. Барлығымыз да ҧрлық жасап отырмыз. Жалғыз Нҧрсҧлуды байлап 
беріп, кӛгермей-ақ қоялық. Менің кесімім осы. Егер айта алмаймын десең 
мені жібер ауданға. Мен айтайын. 
Нҧғыман тағы да ойланып отырып қалды. 
− Мен ертең жҥрем ауданға,- деді әлден уақытта. 
Бҧл тҥні апам қырманға барған жоқ. Қызыл іңірден тӛсегін салды да 
басын тас қып орап байлап ап, ауырған адамдай аһылап-уһілеп тӛңбекшіп 


133 
жатты да қойды. Мен де кӛпке дейін ҧйықтай алмадым. Шынында да апам 
дҧрыс айтады, бҥкіл ауыл топырақ жеп жатқан жоқ қой, қай ҥйге барсаң да 
қуырған бидай, талқан, кейі нан жеп отыр. Олар қайдан алды, сонда? Әрине, 
колхоздың астығынан. Бірақ кім қалай алып жҥр, ол жағы белгісіз. Мәселен 
біздің ҥйде кҥнделікті жейтін астықты қайдан, кім әкеледі? Апамның да, 
Нәзира әпкемнің де қалталарын, яки шӛлкилерін қағып жатқанын кӛрген 
емеспін. Бірақ кҥнделікті ішім-жем әкеп тҧратындары анық. Әйтпесе біз 
баяғыда аштан қатар едік қой. Демек біздің ҥй де ҧрлайды астықты. Олай 
болса апам айтқандай бҥкіл ауылды соттау керек қой. Бір сәтке бҥкіл 
ауылдың сотталғанын, бҥкіл ауылды милиция кеп айдап апарып қамап 
қойғанын кӛз алдыма елестетіп кӛргем, арқам мҧздап кетті. Тіпті 
қорқынышты екен. Онан да со бір адамды соттағандары дҧрыс та. Тек 
Нҧрсҧлудың кәрі шешесі мен екі баласына обал. Әлгінде кешкісін есіктерінің 
алдында сҥмірейіп тҧрған балаларын кӛргенімде жаным қатты ашыды. 
Кӛздері жаутаң-жаутаң етіп аянышты-ақ… 
Апам аунап тҥсті: «У-уһ…» деп кҥрсінді. 
Нҧғыман ауданға таң қылаң бере аттанып кеткен екен, ертеңіне кҥн 
еңкейген кезде қайтып оралды. Ҥйіне де соқпастан бірден тура қырман 
басына келді. Ӛңі қу шҥберектей боп-боз, адам шошырлық еді. Кӛз жанары 
бҧлыңғыр кҥзгі аспан сияқты кіртиіп мҥлде жансыз қарайды, кӛкшіл ме, 
қоңыр ма, сарғыш па — айырып болмайды. Аттан тҥскен бойда сабанға 
шалқалап қҧлай беріп кӛзін жҧмды. Сӛйтті де кӛпке дейін сҧлық тҥсіп жатты 
да қойды. 
Апам қасына отырып сусын ҧсынған, Нҧғыман сонда ғана кӛзін ашып, 
ӛзін қаумажаулап, Нҧрсҧлудың бір хабарын білгісі кеп телміре қалған жҧртқа 
басын шайқады. 
− Болмады. Босатпады, ісін сотқа беріп қойыпты,- деді. 
Мҧнан әрі ол ештеңе деген жоқ, жҧрт та қазбалап ештеңе сҧрамады. 
Нҧғыман мен апам екеуі жеке қалған. 
− Ҧрлық емес екенін, шашылып қалған масақты ғана теріп алғанын 
тҥсіндіріп айттың ба? — деп сҧрады апам. 
− Жоқ. 
− Неге?! 
− Айта алмадым. Оны айтқан кҥнде лобогрейка мен шӛп машинасында 
жҥрген жасӛспірім балалар жауапқа тартылады екен. Мына кӛрші колхозда 


134 
сондай екі баланы отырғызып қойыпты… Ӛзің айтшы, ӛйтіп жауапқа 
тартқызатындай жас балалардың жазығы не?.. Оларды соттатуға дәтім 
бармайды. 
Апам сағы сынғандай тҧнжырап, қабағы кіртиіп, бет-аузының әжімдері 
кӛбейіп мҥлде аянышты боп кетті. 
− Әйтеуір, қалай болған кҥнде де біреу отыру керек десеңші. Біреуді 
қҧрбан ғып шетке шығару керек екен ғой. 
− Иә. 
− О-о!.. 
Со кҥні кешке қарай қатты жел тҧрып, кӛзді аштырмайтын топырақ 
боран соқты. Жер мен кӛк әлемтапырық ҧйтқыған шаң боп кетті. Жҧмыс 
тоқтатылып, жҧрт қолдарына тҥскен киіз-алаша, киім-кешектерімен 
қырмандағы астықты жауып, ҥлкен әбігерге тҥсті. 
Дауылдың арты жаңбырға айналды. 
− Қазанның қара дауылы деген осы. Ал енді астықты тез орып алмасақ 
кҥннің райы осыдан осылай бҧзыла бастайды,- деді Байдалы шал. 
Байдалы шалдың «қазаны» ескіше октябрь айының алғашқы кҥндері 
еді. 
Ҥш малатас пен бір молотилка тоқтаусыз жҥрген соң шыдатсын ба, 
қырмандағы маяланған астық бірер жетінің ішінде тегіс бастырылып бітті. 
Шӛп машина мен лобогрейка бізге кҥнделікті бастыруға астық бауын шауып 
ҥлгіре алмайтын болды, арбамен, сҥйреткімен келгенін со келген сәтінде 
бастырып тастаймыз да аттарды доғарып қойып, қарап отырамыз. Біз 
тоқтаған сайын шолақ қол ӛкілдің тҥсі тҥнере тҥседі. 
− Мыналарды неге тоқтаттыңыз?! — деп Байдалы шалға кеп шҥйлігеді. 
− Мен қайтейін…- дейді Байдалы шал есі шыға абыржып. 
− Осы қырманның басшысы сіз емессіз бе?! Қайтсеңіз де жҥргізіңіз! 
− Апыр-ай ә, енді қайттім. Әй, осы қырманға басшы боп абырой 
алмаспын деп-ақ ем, айтқаным келді. Әлгі біргәдір қайда екен? Әй Қанат, 
атыңа міне сап, шауып барып апаңды шақырып келші. Комбайн жақта 


135 
жҥрген шығар… 
Мен торы атқа міне сап, апамды шақырып келуге шаба жӛнелдім. Бір 
жағына қарап ҧрттай тҥсіп торы ат тҥзу шаба алмайды, мен де ат ҥстінде тҥзу 
отыруды ҧмытып қалған сияқтымын, бір жағыма қарай қисая берем. Екі 
белді асқан соң тоқтап тҧрған комбайнның ҥстінен шықтым. 
Тракторшы Есенбай мен комбайншы Иван екеуі ҥсті-бастары, бет-
ауыздары май мен топыраққа баттасып қап-қара ала боп, бірдеңелерді 
тықылдатып жӛндеп отыр. Екеуі де ӛзіміздің ауылдың адамы, тек МТС-қа 
механизатор боп кеткен. Есенбай жасы елуден асқан, екі ҧртының ҥстінен 
жалбырап тҧратын сабалақ мҧрты бар, ӛзі кӛмірдей қара кісі. Трактор 
жҥргізуді былтыр оқып, ҥйренді. Ал Иван болса кӛзі тҧздай кӛкпеңбек, 
бҧйраланған сары шашы шаң-топырақ, маймен сірескен, ӛзі кҥлкішіл 
жасӛспірім бала жігіт, менің Нәзира әпкемнен бірер жасы кіші, комбайнның 
оқуын ол да былтыр бітірген. МТС біздің ауылға кӛктем болса жер жыртуға, 
кҥз болса астық жинауға ылғи осы екеуін жібереді. Әуелгі кҥндерде еш 
тоқтаусыз, тәп-тәуір-ақ жҥреді де, бір аптадан кейін екеуінің «шҧқыну дерті» 
басталады. Комбайн яки трактор бҧзылады, оны екеуі екі жақтап ҧзақты кҥн 
отырып жӛндейді. Кешкісін бір айналып тағы бҧзылады, екеуі шамның 
жарығында тҥні бойы отырып жӛндейді. Ертеңіне таңертең комбайн бір 
айналады да тағы тоқтайды… Біресе анау бӛлшегі, біресе мынау бӛлшегі жоқ 
деп кҥндіз-тҥні мықшыңдап, қашан орақ аяқталғанша комбайн жӛндеуден 
кӛз ашпайды. Біздің Мҧқан ағайдың екеуіне арнап шығарған ӛлеңі де бар. 
Есенбай мен Иван 
Астарында комбайн 
Болат темірден қҧйған, 
Жарты гектар егінді, 
Апта бойы жиған. 
«Шҧқыну дертке» шалдығып, 
Сауықпай-ақ қойған… 
Ӛлең ӛте ҧзақ, ӛстіп шҧбыртып кете береді. 
Міне, осы Есенбай мен Иванның комбайнды ақтарып тастап, 
тықылдатып жӛндеп отырған ҥстерінен шыққам. 


136 
− Әй, мынаның астына мінген аты қисық па, әлде ӛзі қисық па? — деді 
Иван анадайдан ақсия кҥліп. Басын кӛтерген Есенбай да менің далбақтаған 
тҥріме қарап кҥліп жіберді. 
− Бҧ баланың аты да, ӛзі де қисық екен,- деді мәз болып.- Иә, қисыққа 
мінген қиығым, жол болсын? 
Комбайндарының тоқтап тҧрғаны, бҥкіл жҧрттың сырттарынан мазақ 
етіп, Мҧқан ағай шығарған ӛлеңді айтып екеуін мҧқатып жҥргені, мҥлде 
ойларына келер емес сияқты. Тіпті мәз-мейрам. Қолдарына біреу тҥссе 
келеке, кҥлкі етіп, қалжақ қылу — бар ойлары. Мен апамды іздеп жҥргенімді 
айтқам. 
− Ә, апаң ба? Апаң — балқан таудың басында, балдыр қоян қасында, 
қырғауыл қуып кезіп жҥр, қырғауыл одан безіп жҥр…- деп Есенбай балғасын 
тықылдата отырып тақпақтай жӛнелген, Иван оның сӛзін екі дегізген жоқ, 
іліп әкетті: 
− Қырғауыл жҥні қызыл екен, қҧйрық жҥні ҧзын екен. Ал сенің апаң 
темір мылтық асынып, дҧшпандарын басынып, қырғауылды кӛздеп атып, 
кӛздегенде кӛзден атып, Манар менен Карл дейтін пақырларды желкелерінен 
езіп жҥр… 
Екеуінің сӛздерінің соңын тыңдамастан әрі қарай жҥріп кеттім. Жҧрт 
мҧрындарынан шаншылып, кҥндіз кҥлкі, тҥнде ҧйқыдан айырылып 
жҥргенде, бҧл екеуінің жағасы жайлау, ойларында тҥк жоқ, іздегендері 
қалжақ. Тфу! Ыза боп келем. 
Апам Манардың лобогрейкасының басында екен. Карл ҧста мен Манар 
екеуі лобогрейканы енді ғана жӛндеп болып қолдарын сабанға сҥртіп тҧр да, 
апам екеуіне ат ҥстінен тӛніп кеп ҧрсып тҧр. Қамшысын ҥйіріп, екеуін де 
осып-осып жіберердей тҥйіледі. 
− Әдіре қалғырлар, жҥргізетін болсаңдар дҧрыстап жҥргізіңдер де, 
әйтпесе, кӛзге шыққан сҥйелдей болмай қҧртыңдар кӛздеріңді!.. 
Табандарыңды тіліп, екеуіңді де ФЗО-ға жібертейін бе осы! Сомадай болып, 
қит етсе есіл-дерттерің ойын. Ойындарың осылғырлар!.. Бол тез, 
сҥртіншектенбей, отыр машинаңа! Ертеден бері ҥш-ақ айналдыңдар, осы 
алақандай жерді. 
− Бҧзылып қалды ғой,- деді Манар міңгірлеп. Ылғи кҥлімсіреп 
тҧратын, ашулану дегенді білмейтін момын мінезді болатын. Әлгіндегі 
комбайншы Иван, мына ҧста Карл ҥшеуі бір класта оқыған тҥйдей жасты 


137 
балалар еді. 
− Әдейі бҧзасыңдар. Кейбір керекті бӛлшектерін бҧрап ӛздеріңе 
аласыңдар да, бҧзылып қалды деп қарап отырасыңдар. Бәлем тҧра тҧрыңдар, 
екеуіңді мен әлі тергеуге алғызам. Қораларына колхоздың машиналарының 
саймандарын ҧрлап тығып, екеуіңнің не істеп жҥргендеріңді бір тексертем, 
тҥбі. 
− Олардың бәрі жарамсыз, ескі саймандар ғой, тәтетай-ау. 
− Жап аузыңды! Осы тҧрған жерлеріңде мына қамшының сабы 
сынғанша пәре-пәрелеріңді шығарайын ба! Бҥгін қай жері сынды кәне?! 
− Косогон шақ келмейді. Ылғи сынып кете береді. 
− Әдейі сындырсаң қайдан шақ келсін. Айтам ғой, қаскҥнемсіңдер 
екеуің де. Ол неге сына береді, әйтпесе? 
Манар ҥндеген жоқ, ендігі жауапты Карл ҧста қайырды. Ап-арық, 
даусы шіңкілдеген, ӛзі тҧтықпа болатын, немістердің ішінде қазақ тілін тез 
ҥйреніп, етене боп кеткен еді. 
− Ж-ж-жақсы ағаш к-керек, м-м-мына ағаш ж-жаман,- деді қолдан 
жасалған косогонды нҧсқап. 
− Несі жаман? 
− Қ-қатты емес, т-тез сы-сы-сынып… 
− Қайтсеңдер де бҥгін осы араны шауып бітіріңдер! Ӛздерің косоғон 
болыңдар! Егер бітірмесеңдер менен жақсылық кҥтпеңдер! Онда ертең анау 
кораларыңдағы саймандарыңды тегіс ҧстаға алғызып, ӛздеріңді қаматам! — 
деді апам қатты ескертіп.- Әй, Карл, сен бҥгінде осы лобогрейканың басында 
бол. Тҥнде болса да шабасыңдар. Ҧқтыңдар ма?! 
− Ж-жа-жарайды. 
Апам атының басын бҧрып кетті. Мен соңынан ергем. Кетіп бара 
жатқанымда Манар маған кҥлімсірей қарап кӛзін қысты да Карл сыбырлап: 
− Қ-қанат, анау дӛңгелек әлі бар ма? — деп сҧрады. Мен басымды 
изедім. 


138 
Манар мен Карлдың әдеті — бҥкіл ауылдағы кӛздеріне тҥскен темір-
терсекті жинайды. Ӛздеріне керектіні де, керексізді де жинай береді. Бір 
жылдан бері екеуі машина қҧрастырып, жасап жҥр. Кәдімгідей от алып 
жҥретін, тӛрт дӛңгелегі бар автомобиль машина жасаймыз деп бӛседі ӛздері. 
Тҥнеукҥні Карл біздің ҥйдің қорасынан мотоциклдің ескі бір дӛңгелегін 
кӛріп, жат та кеп жалынып сҧраған болатын, сол дӛңгелектің маған тіпті 
тҥкке керегі жоқ болса да мен ӛзімнен-ӛзім қитығып бермей қойғам. Қазір де 
сҧрап тҧрғаны сол. 
− Әй, Қанат, жҥр! — деді апам. 
Мен мҧнан әрі қарайламастан шаба жӛнелдім. «Әлі ол дӛңгелек ҥшін 
екеуіңді талай жалындырармын,» — деп қойдым ішімнен. 
Манар мен Карлдың достығы біздің ауылда аңызға айналған. 
Араларынан қыл ӛтпейді екен десетін. Екеуінің қалай танысқандарын бір рет 
естігенім бар. Немістер келген кезде, оларды кӛшіріп әкелуге, станцияға 
біздің ауылдан барған арбаның бірін Манар айдап барады. Біздің Манар 
жҧқалтаң ӛңді, сҥйкімді, қыз мінезді бала ғой, ал осыдан ҥш жыл бҧрын тіпті 
кішкентай кезі. Ӛзіне бір қараған бала ҥйіріліп, дос болғысы кеп тҧратын, 
ерекше бір қасиеті бар бойында. Міне, сол Манар ҥлкен адам сияқты бір 
арбаның иесі бір ӛзі боп тҧрғанда, қасына ӛзі қҧралпы бір немістің баласы 
келеді. Екеуі сӛйлеседі, бірақ бірінің тіліне бірі тҥсінбейді, сонда да бірін-бірі 
тҥсінген адамдардай-ақ кҥліседі, қол алысады. Бірі: «Карл» — деп, екіншісі: 
«Манар»,- деп ӛздерінің аттарын атайды. 
Содан екеуі айырылмайды. Карлдың жалғыз кәрі шешесі бар екен, 
басқа колхозға кетпек боп тҧрған жерінен екеулеп жҥріп, Манардың 
арбасына ауыстырып отырғызады. Сӛйтіп, ауылға келісімен Карл мен 
шешесі даярлап қойған басқа ҥйге бҧрылмастан, тура Манарлардың қарсы 
ҥйлеріне барып кірді. Манардың да жалғыз кәрі шешесі бар болатын. 
Балалары тату-тәтті дос болғаннан кейін екі кемпір де бір-бірінің тілін ҧқпаса 
да ыммен сӛйлесіп, жақсы кӛрші боп кетті. 
Манар мен Карл екеуінің тҥрлерінде де, жҥріс-тҧрыс мінездерінде де 
бір ҧқсастық бар. Екеуі де кҥліп тҧрады, басқа ӛздері қатарлы балалар сияқты 
кӛшеге шығып дарақтап жҥргендерін бір кӛрмейсің, ылғи шҧқылап бірдеңе 
істеп жҥргендері. Ӛткен қыста Ахат ҧста соғысқа кеткеннен кейін колхоздың 
ҧста дҥкені екі айдай жабық тҧрды. Ақыры бір кҥні шӛп тартып жҥрген бір 
шананың шен темірі босап, соны жӛндеу ҥшін сол кездегі бригадир Байдалы 
шал дҥкеннің аузын ашқан. Екі-ҥш шал кӛрікті қыздырып, енді темірді қалай 
пісіріп, қалай соғарларын білмей бір-біріне: «олай ет, бҧлай ет»,- десіп 
керілдесіп тҧрғандарында, ҥстеріне Карл мен Манар келеді. Карл ҥн-тҥнсіз 
кеп қызған темірді тӛске салып тарсылдатып соға бастайды. Қолы тіпті 


139 
икемді, балға соғысы нық. Шен темірді әп-әдемі етіп тартып, әп-сәтте 
шегелейді де береді. Мәз болып қуанып кеткен Байдалы шал дереу сол арада 
Карлды ҧста етіп тағайындайды. Карлдың ҧста болу тарихы осылай. 
Апам маған ренжіп ҧрысқанда ылғи осы екеуін кесе кӛлденең тартып 
мақтайтын. Екеуі де еңбек сҥйгіш, талаптары таудай, ӛнегелі жақсы балалар 
деп жер-кӛкке сыйғызбайтын. Маған: «солардан ҥлгі ал, солардай бол»,- 
дейтін. Енді қазір апамның екеуіне сонша қатты ҧрысқанына таңырқап 
келемін. Оның қалай деп апамнан сҧрауға батпадым. Ӛйткені ашулы еді. 
Қырманға келісімен, неше кҥннен бері тісін қайрап жҥрген шолақ қол 
ӛкіл, ал кеп жан алқымға алды дейсің апамды. Дәл қазір табанда апамды 
айдатып жіберетін шығар деп зәрем кетті менің. 
− Астық қайда? Неге орылмайды? 
− Лобогрейка сынып қалыпты. 
− Неге сынады?! Неге?!.. Немене, қаскҥнемдік істегің келе ме?! Әдейі 
сындырып отырсың ғой!.. Жауапқа тартыласың! Сотқа берем мен сені!.. 
Қолмен ор, орақпен ор!.. Бҥгін мына қырманда астықтың бауы болатын 
болсын!.. 
Егін орағының нашар жҥріп жатқанына апам кінәлі болу керек, ӛйткені 
жайшылықта ӛзіне бҧлай айқайлаған адам болса кӛкесін таныстырып жіберер 
еді, ал мына шолақ қол ӛкілге ләм деп ҥн қатқан жоқ. Ӛңі қара кҥрең тартып 
сазарып, тістенген кҥйінде атына мініп қайта кетті. Біраздан кейін арбаға, 
сҥйреткіге тиелген астық баулары келе бастады қырманға. 
Бҧл кҥні біз қырманнан тҥнде қайттық. Қырманның басында-ақ қона 
салатын едік, бірақ тҥн суық екен, жалаң аяқ, жалаң бас кҥйімізде тісіміз-
тісімізге тимей қалшылдап тоңып кеттік. Ҥйге апамның ӛзі әкеп салған. Бел 
орағышын шешіп, сәл-пәл тізе бҥгіп, беліне бӛтелкемен ыстық су қойып, есін 
жиғандай болған соң, бел орағышын қайта Тас қып оранып енді кетпек боп 
тҧрғанында, салдырлап жҥріп келген арба есік алдына тоқтай қалды. 
− Тәте!.. Тәте!..- аттандай дауыстаған Манар. 
− Тағы не боп қалды?! Әй, оңбағандар-ай!..- деп апам сыртқа шыққан. 
Сӛйткенше болған жоқ.- А! Не дейді?! Ойбай, не дейсің?!.- деген ҥрейлі 
даусы естілді. 
Ҥйдегі біздер де сыртқа ҧмтылдық. Апам арбаға ҥңіліп: 


140 
− Қалай болды?.. Қалай? — дей берді. 
Арба ҥстінде қинала ыңырсып біреу жатыр. 
− Карл-ай, әй, Карл, айналайын… 
− М-м…- деді ыңырси ыңыранған Карл.- М-мм… ма-ма-а… 
Манар «у-у» деп қыстыға тістеніп жылап жіберді. Онан соң жылай 
тҧрып қалай болғанын айтты. Әлгінде ымырт кезінде, қараңғылық әбден 
тҥсіп, кӛз байланғанға дейін тағы бір-екі айналым жҥріп тастамақ болады, 
сӛйтіп екі айналып, енді ҥшінші айналымның орта тҧсына жеткен кезде, 
шалғы астынан біреу баж ете қалады, аттарды тоқтатқанша, едәуір сҥйретіп 
тастайды. Секіріп тҥсіп қараса: Карл… 
− Соның алдында ғана: «Мен сені қырман басында кҥтемін», деп, кетіп 
қалған болатын… Екеуміз тҥнделетіп Шымырбай шалдың ҥйіне қауын жеуге 
бармақ едік…- Мҧнан әрі Манар сӛйлей алмай тағы да ӛкіре жылады. 
Әжем ҥйден алып шыққан шамның жарығында апам Карлды қарай 
бастаған: ӛне бойынан сау-тамтық жоқ, қан-қан, ҥстіндегі киімдеріне дейін 
тілім-тілім туралып кетіпті. Астына тӛселген сабан да шылқыған қан. Апам 
шыдай алмай теріс айналып кетті. 
− Айналайын-ай… айналайын-ай… Дереу Қоңырға дәрігерге шабу 
керек, бҧ кҥйінде мына тҥнде алып жҥруге болмайды. Кім барады енді 
дәрігерге? — деді ӛзімен-ӛзі кеңескендей кҥңкілдеп. 
− Жә, мен ӛзім барам да,- деді онан соң.- Тек мына баланы қазір ҥйіне 
апару керек… Байғҧс-ай, шешесінің жҥрегі жаман еді… Әже-ау, сіз мына 
кӛршідегі немістің кемпірлерін оятыңыз, соларды ертіп, қазір мына баланы 
ҥйіне апаралық. Шешесін шошытып алмау керек… 
− М-м-м… ма-а… 
− Шыда айналайын, қазір мен дәрігер алып келем… Әже-ау, 
барсаңызшы енді тез!.. 
− Барайын, барайын. Ой, сорлы-ай, маңдайының соры бес елі екен-ау… 
Ой, соры ашылмаған бейбақ-ай… 
− Сен неғып тҧрсың, дірдектеп?! — деді апам маған жалт бҧрылып.- 
Кір ҥйге! Анау кішкене балалар шошымасын, солардың қасында бол! 


141 
Мен ҥйге кірдім. Есік алдындағы арбаның жҥрісі біртіндеп ҧзап кетті. 
Әжемнің баурында ғана жатып ҧйықтап ҥйренген інілерім: Болат пен 
Марат ҧшып-ҧшып тҧрып, ал бақырып жыласын «әжелеп». Екеуін олай деп 
те жҧбатам, бҧлай деп те жҧбатам, кәне қойсыншы, онан сайын ӛршеленіп, 
бірінен-бірі асырып бақырады. Олардың бақырған дауыстарынан 
қарындасым Жанар оянып кетті. Шошып ол жылай бастады. Не істерімді 
білмей дал болдым, тіпті әрі-беріден кейін соларға қосылып ӛзімнің де 
жылағым келді. 
− Әне, қазір аш қасқыр келеді!..- деймін.- Әне, терезеден аю қарап 
тҧр!..- деймін, бәрібір қоймайды. Терезеге жҥгіріп бардым да, оларға 
байқатпай тық-тық еткізіп қаға бастадым. 
− О кім, терезе қағып тҧрған? — дедім, онан соң дәл сырттары 
біреумен сӛйлескендей.-Бҥбітай жындымын дейсің бе? Жоқ, ашпаймын 
есікті, әжем де, апам да жоқ ҥйде. Ашпаймын. Жылап жатқан біздің ҥйдің 
балалары емес. Мына Нҧрсҧлудың балалары ғой. 
Інілерім де, қарындасым да жылағандарынан сап тыйылып, кӛздері 
бағжаңдап ҥрейленіп, маған қарай қапты. 
− Бҥбітай жынды кеп тҧр ма? — деді ересегі Болат. 
− Иә. Сендердің жылағандарыңды естіп кеп тҧр. 
− Қанат, біз жыламаймыз. Айтшы, кет деп. Біз жыламаймыз. 
− Әй, жынды Бҥбітай, кет аулақ! Біздің балалар жыламайды! — дедім 
мен айқайлап. Бір сәтке ӛзім ойлап тапқан ӛтіріктен ӛзім қорқып, қараңғы 
терезеге қарай беруге жҥрегім дауаламай, інілерім мен қарындасымның 
қастарына келдім де, солардың кӛрпесінің шетін жамылып жата кеттім. 
Жалғыз жатуға қорықтым. 
− Бағана кҥндіз жынды Бҥбітай біздің ҥйге келген, Тоштан ҧрып-ҧрып 
алып кетті,- деді Болат тағы да. 
− Қанат, бей қайап жатшы,- деді даусын шығаруға қорыққан Жанар 
сыбырлай қыңқылдап. Онан соң мені мойнымнан шап қысып қҧшақтап алды. 
− Қанат аға, Болатқа айтшы, мені қҧшақтасын,- деді Марат та 
қыңқылдап. 


142 
− Болат, сен ҥлкенсің ғой, қҧшақтап жат Маратты… 
Ӛстіп жатып ҧйықтап қаппыз. 
Бҧл тҥн мен ҥшін ӛте қорқынышты тҥн болды. Тыншып ҧйықтай алмай 
қайта-қайта шошып ояна бердім. Ылғи бір қорқынышты тҥстер кӛрем: біресе 
Ырысбек ауылдың барлық балаларын алдына салып ап, бәріңді де атамын, 
деп мылтығын кезеніп қуып жҥреді, мен есіктің алдындағы жинаулы тезектің 
астына тығылып жатып ояндым; енді бірде Манар мен ҥсті-басы қан-қан 
Карл екеуі қҧшақтасып ап кҥліп отырады, бірін-бірі сҥйіп қояды. Карлдың 
еттері ырсиып-ырсиып тілгіленіп,. қаны тамшылап тҧр; тағы бір тҥсімде 
соғыс екен деймін, ылғи әскерлер сапқа тҧрып, сарт-сҧрт жҥріп кетіп жатыр, 
тҧманша қаптаған тҥтіннің ішіне кіреді де жоқ болады, соларға қарап 
тҧрғанымда қолында жалаңдаған пышағы бар семіз адам екінші жақтан шыға 
келеді, кӛзі шатынап, мені сойып жемек боп қуып береді, мен жан дәрмен 
ышқына қашам, бірақ тҥк жҥгіре алмаймын, «апалап» аттандаймын, әлгі адам 
әне ҧстады, міне ҧстады дегенше дәрменім қҧрып, жҥрегім ҥзіліп отыра 
кетем… Шошып ояндым, жҥрегім кеудеме сыймай дҥрс-дҥрс етіп дірілдеп 
кетіппін. Ҥйдің іші ала кӛлеңке, май шам сығырайып жанып тҧр. Тҥннің қай 
мезгілі екені белгісіз. Әжем әлі жоқ. Кішкене балалар қаннен-қаперсіз 
пысылдап ҧйықтап жатыр. 
Неткен ҧзақ тҥн. Тағы да ҧйықтап кеткем, тағы да тҥс кӛрдім: ауылға 
ылғи бір ҧры иттер қаптап кеткен екен деймін, баяғы Қарақаншық — 
Кӛкінайдың кҥшіктері шеттерінен ҧры боп, тістерін ақситып ырылдап, 
жҧртты ҥйді-ҥйіне қуып тығып жҥр; мен де зәрем ҧшып ҥйде тығылып 
тҧрмын, терезенің алдында менің сыртқа шығуымды аңдып тісі сақылдап 
ӛзімнің қара кҥшігім тҧр, мені қаппақ: «Қҧдай-ау, бҧл бір пәле болды ғой, 
далаға шығып ойнаудан қалдық-ау»,- деп зар еңіреп жылаймын… 
Ҥй ішіндегі тықыр-тықыр жҥрістен ояндым, шам сӛндіріліпті, 
терезеден бозамық жарық тҥсіп тҧр, әжем жайнамазын жайып, таңғы 
намазын оқығалы жҥр екен. 
− Әже, апам қайда? 
− Апаң қырманға кетті.- Сорлы… соры қайнаған сорлы, бҥгін тағы 
ҧйықтаған жоқ. 
Әжемнің даусында апама деген аяныш та, кейістік те, реніш те — бәрі-
бәрі бар еді. 


143 
Ертеңіне тҥсте апам ыстық су ішу ҥшін ҥйге кірген, бірақ іше алмады. 
Ӛйткені, әжем оған бірден дҥрсе қоя берген: 
− Бҧ колхоздың жҧмысы саған ғана керек пе осы? Қҧдай-ау, неге сонша 
қатал боп барасың? — деп. 
Апам тісі ауырған адамдай қабағы кіржиіп шытынып қалды, бірақ 
ҥндеген жоқ. Неше кҥннен бері жӛнді ҧйқы кӛрмеген ӛңі әжімденіп, кӛзі 
кіртие қарайды. 
Мен іштей әжемді қостап отырдым. 
Лобогрейка да, астық шауып жҥрген шӛп машиналары да, мҥлде тоқтап 
қалды. Ҧста жоқ. Бҥкіл ауылдан темірді темірге қойып соғатын бір адам 
табылмады. Нҧғыман шапқылап ауданға қайта кеткен, ҧста іздеп. Екі кҥннен 
кейін қайтып оралды. Бір ҧста табылған екен, оның ӛзі де кергіп, ҥш кҥннен 
кейін ғана қолым тиіп бара аламын депті. 
Егін кҥннен-кҥнге қурап барады, енді біраз кҥн кідіртсе кейбір 
учаскелердің егіні жерге қҧйылып, тҥсу қаупі бар. Жан дәрмен кез. 
Шалғымен шабу басталды. Мектепте әжетке жарайтын балалар сабақтан 
босатылып, қол орақпен астық оруға, орылған астықты жинауға жіберілді. 
Колхоздың ең алыс участогі — Кҥреңбелдегі егін орағында 
жҥргенімізге біраз кҥн болды. Ҥлкендер шалғымен шабады, біз, балалар, 
орағымыз барларымыз орақпен орамыз, орағы жоқтар орылған астықты 
баулайды. Бәрімізге кҥнделікті белгіленіп берілген норма бар. Таң қылаң 
бергеннен кӛзімізді жыртып ашып, шалғышы ҥлкендер бір қатар, орақшы 
балалар бір қатар боп тҧра қап жҧмысқа кірісеміз. Сонан ҧзақты кҥнге бел 
жазу жоқ. 
Кҥзгі аспан реңсіз, буалдыр тҥтін басқандай мҧнартады да тҧрады. 
Таңертеңгі дала сызды, салқын, жақ жҥніңді ҥрпитіп, ӛне бойыңды тітірентіп 
жібереді. Тек сәске кезінде ғана қҧрысың жазылып жылынасың. Дәл желкеңе 
шығып алған кҥннің кӛзі арқаңды шым-шымдап қыздырып, пысынатып, 
терлете бастайды. Тӛңірек тегіс шаңғытып кетеді. Қҧлағында тек сыр-сыр 
еткен шалғы мен орақтың сыбыстары. Кӛз алдыңда тек әбден қурап, 
сыңғырлаған мысық мҧрт егін, уыстай қармағаныңда сабақтары 
зыңылдайтын сияқты. Абайлап ормасаң масақтары саудырап сағағынан 
сынып тҥсіп жатады. Ештеңеге алаңдауға да, іркілуге де болмайды. Неше 
кҥннен бері егіннің сабағы сойғылап кҥптей болған алақаның тҧз 
уыстағандай тызылдайды, басың айналып, кӛзің бҧлдырайды, бірақ бәрібір 
сонда да ора беруің керек. Әйтпесе кҥндік нормаңды орындай алмай 


144 
қаласың. 
Ӛзегің талып тезірек тҥс болуын тілейсің. Тҥскі тамақты ішіп, ес жиып, 
аз да болса дамылдағың келеді. Шалғы шауып жҥрген Ырысбек жаққа әлсін-
әлсін қарағыштап соның бір ауыз сӛзін зарыға кҥтеміз. Тҥс болғанда ол 
сағатын қолына алып, ылғи: 
− Демалыс! — деп айқай салады бәрімізге. Сол кезде қолдарымыздағы 
шалғы-орақтарымызды жеткен жерлерімізде тастай-тастай береміз. 
Шалғышылар мен орақшы балалар екіден-ҥштен бірігіп, шӛпті 
қалыңдап жауып, бір-бір кҥрке жасап алғанбыз. Соңымызға кеп 
дамылдаймыз. Біз Нәзира әпкем екеуміз бір кҥркедеміз, бізден әрі Кӛлбай 
керең мен Дҥрия, онан әрі Эмма мен Гҥлсара, басқа бес әйел мен Әжібек 
бастаған балалардың бір-біріне иін тірестіріле жасалған кҥркелері, ең шетте 
Ырысбек пен Зибаштың кҥркесі. 
Ырысбек кҥркесіне жете бере домбырасын қолға алады. Осы кҥні ӛзі 
бҧрынғыдай мҧңаю, кҥңірену дегеннің бәрін қойған. Кӛбіне «Краковякты», 
немесе сол сияқты басқа да кӛңілді ән-кҥйлерді ойнайды. Домбыраны 
шанағынан тық-тық-тық… дегізіп шертіп қойып отырып: 
Тира-ри-ра ри-ра-ра, 
Три-ра-ра-ра ра-ра-ра… 
Русский, немец и поляк 
Танцевали краковяк. 
Триля-ли-ли ля-ля-ля 
Трайля-ли-ля ли-ля-ля… – 
деп сампылдап әндетіп жӛнеледі. Шӛп кҥркелеріміз шошаң-шошаң етіп 
билеп тҧрғандай боп кӛрінеді. Кҥй ырғағына еріксіз елігіп, тапыр-тҧпыр 
билегің кеп кетеді. 
Мҧнан кейін Ырысбек Зибашқа арнаған әндерін айта бастайды. 
Зибаш-ай, 
Қасыңның қара қиғашы-ай, 


145 
Қҧрбыңды, қалқам, сыйлашы-ай… 
Кҥрке-кҥркемізде отырып мәз боп кҥлеміз, шаршағанымызды 
ҧмытқандай сейіліп қаламыз. 
− Жынды ғой… нағыз жындының ӛзі…- деп Нәзира әпкем басын 
шайқап кҥле береді. 
Кӛп кҥттірмей ауыл жақтан ырғатылған ӛгіз арбамен тҥскі тамағымыз 
— сҥт қатқан (кейде ішінде еті де болады) кеспе кӛже келе жатады. 
Тҥскі тамақты ішіп, аз-кем тыныстап алғаннан кейін жҧмысқа қайта 
кірісеміз. Тағы да мҧнартқан аспан. «Жжу-жжу»… еткен шалғының, орақтың 
сыбыстары, сыңғырлаған мысық мҧрт астық, бір орыннан жылжымай мӛлиіп 
тҧрып алған кҥннің кӛзі, тызылдаған алақан… кӛз алдың бҧлдырап, басың 
айналады… Кҥн батпай, кеш тҥспей зарықтырады-ау, тағы да. Әбден сілеміз 
қҧрып, титықтап кеп, кҥркемізге жете бере қҧлаймыз. Ымырт кезінде тағы да 
сҥт қатқан кеспе кӛжені алып ӛгіз арба жетеді… 
Апам келіп, орылған жерді саржамен ӛлшеп, кім нормасын қанша 
орындағанын айтады. Сонсоң ӛзі қонаға Нәзира әпкем екеуміздің қасымызда 
қалады. Тҥн салқын. Киімшең кҥйімізде қисая кетіп, ҥйден әкелген ескі кӛрпе 
мен ішік-тондарға оранып, тӛңірегімізді шӛппен қалыңдап қымтанып аламыз. 
Қураған шӛптің арасында ермені болса кӛпке дейін пысқырынып-тҥшкірініп 
жатып ҧйқыға кетеміз. 
Алайда апамның тҥн ҧйқысының тӛрт бӛлініп жататынын мен жақсы 
білем. Кейде ол тҧрып кеткен кезде, ірге жағымнан лап етіп азынап қоя 
берген суықтан тітіркеніп оянам. Кҥркенің сыртынан оның әрі-бері жҥрген 
аяғының дыбысы естіледі. Сәлден кейін қайтып кеп, қараңғыда сипаланып 
шетте жатқан Нәзира әпкемнің ірге жағын қымтап, ортадағы менің ҥстімді 
дҧрыстап жауып, ӛзі ақырын ғана орнына жатады. 
− Апа, неғып тҧрып жҥрсің? — деп сҧраймын мен. 
− Жәй, от кетіп қалмасын деп жҥргенім ғой,- дейді.- Мынау Ырысбек 
деген тҥні бойы темекі тартады, сонан кӛріп балалардың арасынан да темекі 
тартатындар шығып жҥр… Тӛңіректің бәрі қазір от тҥссе лап еткелі 
саңғырлап тҧр емес пе. Ҧйықта, таңертең ерте оятам… 
Апам шынында да ерте оятады. Шығыс жақтан таң қылаң беріп, 
тӛңірек ағара бастаған кезде, барлық кҥркедегілерді аяғынан тік тҧрғызады. 
Бірден тҧрғысы келмей, жылы кҥркеде керіліп-созылып, «әне, міне» деп 
жатып алатындар да бар, апам ондайлармен әздектеп тҧрмайды, қамшымен 


146 
жон арқадан бір тартады. Жӛнді ҧйықтамағандықтан ӛзінің тҥсі суық, 
ызбарлы, ешкімді бетіне қаратпайды. Мҧндайда апамның бетіне қарауға мен 
ӛзім де қорқам. 
Дала ӛте салқын. Жылы кҥркеден шыққан бойда дірдек қағып, 
бҥрсектей жӛнелесің. Жалаң аяғыңды шӛпке қонған ақ қырау шық қарып-
қарып тҥседі. Орақты қолға аласың, жҥзін кӛкаязданған қырау тҧтып қалған. 
Егін оруға кірісесің, жез тҥтіктердей кӛкаязданған сабақтары алақаныңды 
қариды. «Жжу-жжу»… дегізіп шалғышылар бастайды. Мен Нәзира әпкеме 
қараймын, ол шалғысының жҥзін жанып-жанып алады да қҧлаштап кеп 
сілтейді. Ӛзі шалғышылардың ең алдына тҥсіп алады. Әуелгі кҥндерде 
Ырысбек соңынан қуалай тҥсіп, бастырмалатпақ боп біраз әуреленген, ӛкпесі 
ӛшіп, ӛзі ӛліп қала жаздады. 
− Мына қыз ба? Мына қыз жойқын екен,- деді ақырында. Ӛзі Нәзира 
әпкеме қарағыштап, сӛйлескісі кеп бір-екі рет жақын келген. Нәзира әпкем 
теріс қарап мҥлде сӛйлеспей қойды. 
− Ӛзінің кӛзі жаман, тіпті суқаным сҥймейді,- деді кейінірек кҥркеге 
келгенімізде маған. 
Кеше тҥсте демалысқа шығар кезімізде Ырысбек тағы да кеп: 
− Нәзира, қалқам, осы сенің шалғың сиқырлы-ау деймін, кәне ҧстап 
кӛрейінші,- деп, шалғыны емес, Нәзира әпкемнің білегін ҧстаған. 
Нәзира әпкем жылан шағып алғандай қолын тартып алды да, ӛзі кейін 
шегініп, шалғысын қҧлаштай ҧстап, тҧра қалды. 
− Тура орып тҥсірем, кетіңіз аулақ! — деді, қып-қызыл боп тҥтігіп. 
− Қалқам-ау, Нәзира-ау, мен… мен… 
− Мен ешқандай да «қалқаңыз» емеспін сізге. Ендігәрі жақын жуушы 
болмаңыз! 
Нәзира әпкемнің тҥрін кӛріп мен ӛзім де тіксініп қалдым. Ырысбек енді 
бір қадам жақындаса аяйын деп тҧрған жоқ, орып тҥсіруге дайын. 
Ырысбек тайсақтап ӛз жӛніне кетті. Кҥркелерінен Зибаштың оған шаң-
шҧң етіп ҧрысқаны, онан баж ете тҥскені естілді. 


147 
Сірә, Ырысбек бір қойған болу керек. Қасыма Әжібек келе қапты, 
қолында Ырысбектердің шәугімі. 
− Жҥр, бҧлақтан барып су әкелейік,- деді. 
Мен кҥркеге кіріп, ӛзіміздің шәугімді алып шықтым. 
− Нәзира әпкең дҧрыс істеді,- деді былай шыққан соң Әжібек.- Ол 
Ырысбекке сӛйтпесе болмайды, кҥле қараса-ақ бітті, мҥлде иектеп алады. 
− Сен ӛзің оған неге су тасып жҥрсің, ендеше? — дедім мен. 
− Әй, Қанат-ай, баласың ғой әлі, мҧрныңа тҥктің иісі келмейді. Мен 
суды Ырысбек ҥшін тасып жҥр дейсің бе? Жоқ. Зибашқа бола тасимын. 
Сорлыға жаным ашиды. Тҥнде тҥні бойы жылап шықты. 
− Неге? Ырысбек ҧрып па еді? 
− Жо, ҧрып қайтеді оны, онсыз да табанын жалауға дайын тҧрған 
қатынды. 
− Онда неге жылайды? 
− Ырысбек тҥнде бір жаққа кетіп қалды. 
− Қайда? 
− Білмеймін. Не кӛп, жесір келіншектер мен қыздар кӛп емес пе. Соның 
біреуіне кетті де. 
− Қалайша? 
− Тфу! Ӛзің бір ми кеще екенсің ғой… 
− Ал Зибаш ше? 
− Зибаш қайтушы еді, еңіреді де жатты таң атқанша. Әйтеуір қасында 
мен болдым. 
− Сен не істедің? 
− Әрі-бері жалынып жҧбатқан болдым, сӛйтіп арқасынан қҧшақтап 
жатып ҧйықтап қаппын. Ертеңгісін сенің апаңның қамшысы жон арқамды 
тіліп ӛткенде бір-ақ ояндым… Тіпті оңдырмай ҧрыпты, қарашы ӛзің, 


148 
кӛкпеңбек қып тіліп тҥскен. Сен апаңа айтып қойсаңшы, тиыш жҥрген 
адамға ӛйтіп жӛн-жосықсыз ӛзі соқтығып, қожаңдай бермесін. Қазір баяғы 
заман емес, ҧрып-соққанды кӛтеретін. А то ерегестіре берсе, мен бір кҥні 
сіріңкені алам да тартып кеп жіберем астыққа қарай. Сонан кейін не істер 
екен маған. Жҥз жерден соттай берсін, сотыңнан қорқар мен жоқ. 
Біз бҧлақтан су алып қайтып оралғанымызда Ырысбектің домбыраға 
қосылып әндеткен даусы Гҥлсара мен неміс қызы Эмманың кҥркесінен 
естілді. 
Адам тумас Эммадай, 
Кҥміс шашты, ай маңдай, 
Ҥлбіреген тамағы, 
Жаңа піскен алмадай. 
− Ӛй, тилеуин курсун Ирисфек, жохалшы арі! — дейді шарылдай 
сӛйлеген Эмма. 
Эмма — ҧзын бойлы, сары шашты, кӛк кӛзі мӛлдір аспандай тҧп-
тҧнық, жасы жиырма бестердегі неміс қызы. Ӛзінің қазақша сӛйлегені қызық. 
Әжібек оған ылғи бірдеңе деп тиісіп, сӛйлетіп қояды да, оның қазақша 
қарғанып-сіленіп ҧрысқан сӛздеріне ӛзі ішек-сілесі қатып кҥледі. Міне, қазір 
сол Эмма Ырысбекке ҧрсып жатыр екен. 
− Жә, жә, жә… Эммажан, ӛзің тіпті сауырыңа қол тигізбейсің ғой,- 
дейді Ырысбек. Бізді кҥркенің аузынан кӛріп қалған: 
− Әй Әжібек, жҥгірмек, суды бері әкел! — деді дауыстап. 
− Қап, кӛріп қойды-ау, ә,- деді Әжібек ӛкініп, онан соң.- Қазір,- деп 
дауыстады да тасалана бере, шәугімнің қақпағын ашып, ішіне тҥкіріп-тҥкіріп 
қойды.- Кел, Қанат, сен де тҥкір. Тфэй, тфэй, осы суды ішіп, Эммаға жады 
боп қалса екен! 
Шыныменен Әжібектің тҥкіріп берген суының әсері болды ма, 
білмеймін, сол кҥні кешкісін Ырысбек Эмманың кҥркесіне біржола ауысып 
кӛшіп алды да, Гҥлсара басқа әйелдердің қасына кетті. Зибаш шашын жайып 
жіберіп, кӛл-кӛсір жылап, Эмманы қарғап-сілеп қала берді. 
Кешкісін апам келгенде болған оқиғаны естіп, қатты ашуланды. 
Ырысбекпен сӛйлесуге Эмманың кҥркесіне барған. Апамның не айтқанын 


149 
ести алмадым, бірақ Ырысбектің сӛздері анық естілді. 
− Кҥнім, жеңешетай, иманымдай шыным, мына Эммаға мен ӛлердей 
ғашықпын. Бҧрынғымның бәрі бекершілік, бозбалалық екен. Енді, міне қҧдай 
қосқан қосағым, осы, «кҥміс шашты, ай маңдай» болады. Ант етем,- деді 
қарғанып. 
Ертеңіне Әжібектің қуанышында шек жоқ еді. Бетіне қарасаң-ақ болды 
езуін жия алмайды, ыржиып кҥле береді, бет-аузын қисаңдатып, кӛзін қысып 
қояды. 
− Зибаш қалай? — деп сҧрадым мен бір қалт еткенде. 
− Қайтер дейсің екі-ҥш кҥн жылайды-жылайды да қояды ғой. 
− Тҥнде сен қасында болдың ба? 
− Әрине. Жалғыз ӛзі қорқады ғой. 
− Енді сен ҥйленесің бе? 
− Ақымақ, маған әлі тӛрт-бес жылсыз ҥйленуге болмайды ғой. 
− Оған дейін Зибаш тағы біреуге тиіп кетсе қайтесің. 
− Жоқ, енді басында торғайдың миындай миы бар болса тимес. Басына 
тас тиді ғой. Нишауа, ӛзі былай жылағанын қойып, есін жиған соң айтам ғой. 
− Не деп? 
− Менің ер жеткенімді кҥт деп. 
− Әй Қанат, неғып қарап тҧрсың! — деді осы кезде Нәзира әпкем. 
Осымен Әжібек екеуміздің сӛзіміз ҥзілді де жҧмысқа кірістік. 
Бҧл кҥні кешкісін апам, біздің қасымызға қонуға келген жоқ. Орылған 
жерді Бектай есепші кеп ӛлшеді. 
− Апаларыңды ауданға шақыртып кетті,- деді біздің сҧрағымызға. 
Апамнан екі кҥндей еш хабар болмады. Бізде де пәлендей ештеңе бола 
қойған жоқ. Кҥні бойы бел жазбай орақ орамыз, тҥскі дамыл кезінде 
Ырысбек домбырасын қаққылап «Краковякті» ойнайды, Эммаға шығарған 


150 
әндерін айтады, соны тыңдап біраз сейіліп қаламыз, кешкісін қымтанып 
оранып ап, ермен шӛпке тҥшкіріп жатып қатып ҧйықтаймыз. 
Ҥшінші кҥні таңертең оянғанымызда, аспан тҧтасып бҧлттанып кҥн 
жауып тҧр екен. Ауа райы ызғарлы. Жоңғардың шыңдарына қар жауыпты 
кӛздің жауын алып, аппақ боп жарқырап кӛрінеді. 
− Әттегене-ай, енді екі кҥн ашық тҧрғанда мына участокті бітіріп 
кететін едік-ау,- деді Нәзира әпкем. 
Орақ тоқталды. Ешкім кҥркесінен шыққан жоқ, оранып-қымтанып 
қайта жаттық. Ал ҧйықта. Талайдан бергі есесі кетіп жҥрген ҧйқының орнын 
бір толтырдық. Тҥсте ауылдан тамақ келген жоқ. Ҧйқымыз қанған соң 
қарнымыз ашты. Әркім масақ теріп әкеп, ҥгіп, қуырып жеуге кірістік. Ар 
жағына ел қонып кӛңілденген соң Ырысбек ән салды, екі сӛзінің біріне 
Эммасын қосып айтады. 
− Хойшы, уят мес пе,- деп сыңғырлай кҥледі Эмма. Эмма кҥле берді, 
кҥле берді… Бір кезде Ырысбектің: 
− Жә, болды! — деп ақырған даусы естілді. Тӛңірек тым-тырыс тына 
қалды, басқа кҥркелердегі дабыр-дҧбыр сӛздер де пышақ кесті тоқтаған, тек 
Ырысбектің ғана ақырғаны естіледі: — Неменеңе жетісіп кҥле бересің?! Кет 
кәне!.. Кет!.. Кӛрінбе кӛзіме!..- Сәлден кейін Ырысбектің даусы кҥңірене 
шықты.- Ой, дҥние-ай, не боп кеттің?!. Не боп кеттің?!. Жазың қайда 
жадыраған, жарым қайда кҥлмес жалған; қызық қайда — кӛрген тҥстей; 
отырмын мен неге у ішпей? Маңдайыма жазылмаған шынарым-ай, сҧм 
тағдырдың жетегінде кетерміз бе, адасумен, осылай. Ӛрт боп лаулап кҥйіп-
жанып барамын. Қор болдым ғой, қор қылдың ғой, қайтейін-ай, бір кездегі 
асылым ең — арманым… Дҥрия!.. Дҥрия!..- Мҧнан әрі еңіреп жылап 
жібергендей болды. 
Біз, балалар, атып-атып тысқа шықтық, Ырысбек отырған кҥркенің 
аузына келдік топырлап. Эмма боп-боз боп қҧты қашып анадай жерде тҧр, 
дір-дір етеді. Ырысбек кҥркенің ортасында, екі кӛзінен жас тарам-тарам 
ағып, екі қолымен кеудесін жҧлып жеп, уқалап отыр. 
− Кҥйіп барам, ӛртеніп барам, алсаңшы мені, сҧм тағдыр… Неден 
жаздым, неге бҥйтіп қорлайсың… 
Біз, балалар, не істерімізді, не жәрдем етерімізді білмей қарадық та 
тҧрдық. Бір кезде біреу кеп біздерді екіге бӛліп ығыстырып, алға ӛте бастады. 
Дҥрия екен. Мҧның да кӛзі бҧлаудай, сорғалаған жас. Ҧмтылып барып 
Ырысбекті қҧшақтап отыра кетті. Екеуі қҧшақтары айқасқан кҥйде 


151 
сағынысып кӛріскендей бірін-бірі аймалап, басқа дҥниені тегіс ҧмытты… Біз 
бҧрылып ӛзді-ӛздеріміздің кҥркелерімізге кеттік. Кӛлбай керең ӛз кҥркесінің 
аузында тау жаққа қарап отыр екен. Ӛңінде ашу да, ыза да, кҥйіну де 
білінбейді, кеңірейген мең-зең отырыс. 
Со кҥні кешке жақын апам келді. Бҧрынғыдай атпен емес, жаяулап, 
ҥсті-басы су-су боп келді. Ауданнан қайтысымен, ҥйге де кӛп кідірместен 
бізге тартыпты. 
− Ырысбек мазаларыңды алмады ма екен деп, осы екі кҥнде қу 
жанымды шҥберекке тҥйіп жҥрдім,- дейді. 
− Мазалап кӛрсін, бақ еткізіп шалғыны ішіне бір-ақ сҧғып алайын,- деді 
Нәзира әпкем.-Осы мен ҥшің қорыққаныңызды қойыңызшы. Иә, ӛзіңізді 
ауданға жәй шақыртып па? 
Апам шым-шымдай отырып Нәзира әпкеме бар әңгімесін айтып 
шықты. Менің ҧққаным: оны бригадирліктен босатыпты, ӛзіне қатаң сӛгіс 
беріпті. Онан соң: 
− Әлгі Ырысбек керек еді, шақырып келші,- деді маған. 
Мен барып Ырысбекті шақырып келдім. Ырысбек кӛп кҥттірген жоқ, 
кҥркенің ауыз жағына кеп отырды. 
− Иә, тақсыр жеңеше, не бҧйырасыз? 
− Сені бастық ауылға келсін деді. 
− Не шаруасы бар екен? 
− Білмедім. 
− Е, онда кейін ӛзі келгенде айта жатар. 
− Жоқ, Ырысбек қарағым, бҥгін жетсін деді. 
− Менің бҥгін ешқайда барғым келмейді. 
− Ӛте тығыз шаруа бар деп еді. 
− Неге шақырғанын айтыңыз, бәлкім, кӛңіліме қонса жҥріп те кетермін. 


152 
− Ӛкіл екеуінің сӛзіне қарағанда сені бригадир етіп сайламақ. 
− Мына мені ме? 
− Иә, сені. 
Ырысбек ысқырып жіберді. 
− Жоқ, жеңеше, басқасына кӛнсем де онысына кӛне алмаспын. 
Бригадирлігін желкемнің шҧңқыры кӛрсін… Апырай, ә, мына мен, Ырысбек 
бригадирмін… ха-ха-ха… кҥлейін бе, жылайын ба?.. Ха-ха-ха… 
Ырысбек со кҥлген бойда тҧрып кете берді, Кӛлбай кереңнің кҥркесінің 
алдынан ӛтіп бара жатып, кілт тоқтады да: 
− Уа, Кӛлеке, ашуланып, тҧлданып кімді қиратасың. Қой ондайыңды! 
Жҥр, бірге отырып шай ішелік, ағайынбыз ғой,- деді айқайлап сӛйлеп.- Тату 
болайық. Бір қатын ортамызға сыйып жҥрер. Қайта сенің Әпішің бар ғой, ал 
мен байғҧста ондай Әпіш те жоқ. 
Кӛлбай керең танауының астынан бірдеңе деп міңгірледі де, 
Ырысбекке ілесіп, солардың кҥркесіне барып кірді. 
Сытыр-сытыр ақ жауын жауып тҧр. Тӛңірек тҧмшаланып, қараңғылық 
тҥсті. Тау жақтан жеткен алғашқы қардың ызғары бойды тоңазытып, қҧрғақ 
шӛпке тығыла береміз. 
Кҥреңбелдегі астық орылып біткен соң, біз мектеп оқушылары 
жҧмыстан босатылып, оқуымызға қайта кіріскенбіз. Екі дҥркін қар жауған, 
ҥш-тӛрт кҥндей ой-қырдың бәрі алапестеніп жатты да еріп кетті. Ҥлкендер 
жағы: «Кҥздікке жақсы болды»,- десті. Кҥн суытты, тҥнге қарай жер 
тоңданып, арық-шҧңқырлардағы сулардың бетіне қабыршақ мҧз қатып 
қалатын болды. Ертеңгісін мектепке бара жатып, сол жҧқа мҧздардың 
ҥстінде шыны басқандай шытыр-шытыр еткізіп сырғанап ойнаймыз. 
Қырмандағы жҧмыс әлі тоқталған жоқ. Маялап жиналған астық 
баулары шетінен кҥнделікті бастырылып, тӛрт кҥнде бір ӛгіз арбамен 
станцияға жӛнелтіледі. Нәзира әпкем сол арбаның бірінде жҥр. Алпыс 
шақырым станцияға кҥн демей, тҥн демей жҥріп отырып тӛрт кҥнде барып, 
қайтып оралады да ҥйге бір тҥнеп, ертеңіне қайта кетеді. Апам 
бригадирліктен тҥскен соң, Байдалы шалдың орнына қырман жҧмысына 
ауысқан: сонда кҥндіз бір мезгіл астық ҧшырысады да тҥнге қарай кҥзетте 
болады. Тегінде, қырманның тҥнгі кҥзетшісі Кӛлбай керең, ал апам болса 


153 
коммунист ретінде оны бақылап, кезекшілікте жҥреді. 
Бригадирлікке Ырысбек кӛнбей қойғаннан кейін, біраз кҥнге дейін 
ыңғайлы адам табылмай, ақыры Байдалы шалдың ӛзі қайта сайланған. 
«Қайта шапқан жау жаман…» деп, Байдалы шал осы кҥні тіпті қҧтырып 
кетті. Ӛйткені бҥкіл колхозға бір ӛзі қожа, бір ӛзі би. Нҧғыман бҥгінде тӛсек 
тартып ауырып жатыр. Шолақ қол ӛкіл болса оның ҥйінен кетіп, Байдалы 
шалдың ҥйінде тҧрып жҥр. Соны арқалана ма, кім білсін, ешкімді бетіне 
қаратпайды. Бҧрынғы әзілқойлықтың бәрін қойған, ылғи ашулы жҥреді. Кӛзі 
шатынап, ақыра боқтап ҧмтылғанда зәреңді алады. Ӛзі кӛк мауытымен 
тысталған жаңа бӛрік тіктіріп киген, сонысын бір шекесіне қарай шекшитіп 
қойып, ҧртына насыбайды бҧлтита тығып, торы жорғаның ҥстінде бір 
жамбастай қисайып, кӛшенің ортасымен салдыртып ӛткені сән-ақ. 
Әжібек болса оның кӛзіне тҥспеуге тырысып, қашып-пысумен жҥргені. 
«Қап, мына қақпастың дәуірлеуі-ай, ә. Ырысбектің мылтығын сҧрап ап, бір 
кҥні «Қособаның тҥбінде қоса кетті дегейсің» дегізсем бе екен!» — деп 
кіжініп қояды. Бірақ айтарын айтқанмен ӛзі Байдалы шалдың қарасы 
кӛрінгеннен зытып береді. Соңғы кезде біз Әжібекке бҧрынғыдай 
табынуымызды қойғанбыз. Біздің алдымызда беделі онша емес. Анау кҥні 
Кҥреңбелден қайтып келе жатқанымызда жолда ӛзін Зибаш аямай ҧрып 
тастады. Сірә, Әжібек оған: «Мен ер жеткенше кҥт, ӛзім ҥйленем. Саған 
ғашықпын»,- деген болу керек. Ӛзі ішқҧса боп, Ырысбектің қорлығына 
ызаланып, кҥйініп жҥрген келіншек жол бойында қолына тҥскен кӛк 
шыбықпен Әжібекті қуып жҥріп соқты. Ӛзі жҥйрік екен, қаша жӛнелмек 
болған Әжібекті екі аттатпай қуып жетіп: «Жайрағыр, қотыр итім… сен де 
қҧтырайын дедің бе?!. Ендігі қалғаны сенің мазағың екен ғой!..» — деп, 
ызақорлана жылап жҥріп, кӛк шыбықтың астына алған кезде, Әжібектің 
пәре-пәресі шықты. Сонан бері біз Әжібектің кҥшіне шек келтіретін болдық. 
Әйелден таяқ жеген соң-ақ қҧны белгілі ғой. Алайда Әжібектің ӛзі ылғи: 
«Мен оған бәрібір ғашықпын, сондықтан ол ҧрғанда қол да кӛтерген жоқпын, 
қашқан да жоқпын»,- деп ақталады. 
Сабақтан кейін кҥніне бір рет Ырысбектің ҥйіне соғып кетеміз. Ол 
қазір жалғыз ӛзі тҧрады. Жҧмыс атаулының бәрінен бас тартып, ертеңді-кеш 
ҥйінде отырады. Сурет салады. Паспортқа жапсыратын кішкентай суреттерді 
ҥлкейтеді, кәдімгі ақ қағазға әдемілеп бояп салған кезде айнытпайды әсте. 
Ауылдағы шал-кемпірлер Ырысбектің бҧл ӛнеріне ӛлердей тәнті. Соғыста 
қаза болған балаларының кішкентай суреттерін әкеп, жалынып-жалбарынып 
ҥлкейттіріп-ақ жатқандары. Бар дәмділерін Ырысбектің аузына ҧстап, 
жандары қалмайды. Сондықтан Ырысбектің тамағы тоқ, кӛңілді, ыңырсып 
әндетіп отырып сурет ҥлкейтуден жалықпайды. Біз оның салған суреттеріне 
қызығамыз, аузымыздың суы қҧрып мақтап, әңгіме етеміз. 


154 
Кей кҥндері Ырысбек біздің біреумізді жҧмсап, хат жазып жіберіп 
Зибашты, немесе Эмманы шақыртып алады, ҥйін сыпыртып, кір киімдерін 
жуғызып, тамағын жасатады. Кейде екі-ҥш кҥнге дейін ҥйінен жібермей де 
қояды. Зибашты шақырғанда: 
Зибаш-ай, 
Байыңды, қалқам, сыйлашы-ай… – 
деп әндетсе, Эмманы шақырғанда: 
Адам тумас Эммадай, 
Қол-аяғы балғадай… – 
деп әндетеді. 
Зибаш та, Эмма да Ырысбектің қылықтарына ҥйренейін деген. Не айтса 
да кӛнеді. Шақырса тоқтаусыз жетіп келеді де, қуса бҧртаңдасып ашуланған 
боп кете береді. Бірақ ешқайсысы кек тҧтып тҧлданбайды. Бҧлардың ісіне 
ауыл да тегіс ҥйренейін деді. Әуелі кезде сӛкет кӛріп әрқайсысын жеке-жеке 
сӛз ғып, сӛгіп жҥрді де кейін тіпті кӛңіл аударуды қойды. 
Білмеймін, әжемнің сӛзінің қаншалықты жаны барын: «Шешең байғҧс 
тап сол кҥні ӛлетінін сезді ғой… сезді-і…» дейтін аһ ҧра кҥрсініп, омырауын 
жас жуып. Шынында да апам ӛлетінін сезді ме, жоқ па, білмеймін. Оның сол 
кҥнгі жҥріс-тҧрысын есіме алсам, ондай, ӛзінің ӛлетінін сезетіндей ешбір 
оғаш қылығы болмаған сияқты. Ең болмаса, ӛз ажалымен де ӛлген жоқ, 
сондықтан бҥгін ӛлемін-ау деген ой қатеріне қайдан келсін. 
Сол кҥні ертеңгісін мен мектепке кеткенде, ол қырманнан тҥнгі 
кҥзеттен қайтып, кӛрпе-жастықтарды далаға шығарып жайып, киіздерді 
қағып, тҥске дейін ҥйдің ішін әктепті. «Қарағым-ай, ӛзің титықтап шаршап 
жҥргеніңде бекерге әуре болдың ғой»,- деген әжемнің сӛзіне: «Октябрь 
мерекесі кеп қалды, ҥйдің іші таза тҧрсын да»,- депті. Жетінші ноябрьге тӛрт-
ақ кҥн қалған еді. 
Онан соң кӛкемнің және ӛзінің сандықта жатқан бір киер таза 
киімдерін шығарып, тегіс қағып-сілкіп, кҥн кӛзіне арқанға іліп қойыпты. 
− Шамамның келгенінше ондық-мҧндықтарды шығарысып қолқабыс 
етіп жҥргем. Бір қайырылып ҥйге кірсем,- дейді әжем кейінде сол сәтін еске 
алып.- Марқҧм, айнаның алдында бӛртпе шәлісін басына салып, бҥйтіп ӛзіне-
ӛзі тӛніп кеп қарап тҧр екен. Менің кіргенімді де байқаған жоқ. Топырағың 


155 
торқа болғыр, кейде бір кербез тарта қалатын керімсал еді ғой. Е-е, жаратқан, 
жақсыны қҧдай қойсын ба…- Әжем мҧнан әрі кимешегінің ҧшымен кӛзін 
сҥртіп аз-кем жылап алады.- О, жалған-ай, десеңші, мен қақпаста да қҧдай 
сҥйер қылық жоқ қой. Бір кезде со бӛртпе шәлі ҥшін Ықсаным (менің кӛкем) 
екеуін екі кҥн ҥйге жолатпай қуып ем. Екеуі алғаш қосылған жылы қалаға 
базарға барып, сонда Ықсан сатып алып берген екен. Келген соң: «Әже, 
байғазы»,- деп, әлгі бӛртпе шәлісін басына салып, келінім ыздиып алдыма 
келе қапты. Неден сайтаным ҧстай қалғанын білмеймін, әйтеуір аяқ асты ӛз 
теріме ӛзім сыймай тырыса қалғаным. «О, қараңқағыр!..» -деп қолыма тҥскен 
сабаумен тҧра ҧмтылдым, ол кҥнде енеге тура қарайтын келін қайда, тҧра 
қашты. Тіпті безіп кетті. Ықсаным бірдеңе-бірдеңе деп ара тҥскендей 
кҥңкілдейді. Ә, қатынжанды жайрағыр!» — деп сабаумен салдым кеп. Ол да 
шыбын-шіркей боп безді. Содан екеуі менен қорқып екі кҥнге дейін ҥйге 
жолай алмай жҥрді ғой. Нҧрсҧлудың ҥйіне қонып жҥрді… Сонымды кек 
кӛрмеген қос қарашығым… Екі кҥннен кейін екеуі ыржиып кҥліп алдыма кеп 
тҧр. «Әже-ау, неден жаздық, ең болмаса айтып ҧрсаңызшы»,- дейді. Неден 
жазғандарын ӛзім де білмеймін. Ашуымнан да қайтқым келмейді. Сабаумен 
екеуін екі салдым. Қолымның қайратының бар кезі емес пе, байқаймын, 
екеуіне де батып кеткен сияқты. Бірақ сыр бермейді ӛздері, со ыржиып 
кҥлген кейіптері. Бір ауық ашуым тарқап, қыбым қанғандай болды. Міне, сол 
бӛртпе шәліні сонан қайтып менің кӛзіме кӛрсеткен емес. Бір жаққа барса 
ҥйден жасырып алып шығып, сыртта ғана басына салатын. О, ана сыйлаған 
қарғаларым… Енді, міне, екеуінен де айырылып, қу томар боп отырған 
отырыс мынау… Ӛлеріне кӛрінді ме, тап сол кҥні әлгі бӛртпе шәлісін басына 
салып айнаның алдында ӛзіне-ӛзі тӛне қарап тҧр екен. Қазір ойласам, бой 
тҥзегені екен ғой, кҥнімнің… Бір кез мені кӛріп жаман қысылып қалды. 
Балаша қызарып: «Әже-ау, мына бӛртпе шәлі менің енді не теңім. Осыны 
Нәзирашыма берсем қайтеді?» — деді. «Ӛзің біл, қарағым»,- дедім де 
қойдым. Ҥстінен аңдып кіргендей болғаныма ӛзім де қысылып, қайта шығып 
кеттім… Марқҧм, тап сол кҥні ӛлетінін сезді ғой… сезді-і… 
Мен сабақтан шыққан соң ҥйге қайтып келе жатып, арық-
шҧңқырлардың бетіндегі ертеңгісін ӛзім сырғанап ӛткен қабыршақ 
мҧздармен тағы да сырғанай жҥргем. Бір шҧңқырда тҥске қарай жіпсіген 
жҧқа мҧз ойылып кетіп, белуарымнан балшық суға шолп етіп тҥстім де 
кеттім. Басқа балалар ішектері тҥйілгенше кҥліп, сандарын шапақтап 
мазақтап, қыран-топан кҥлкіге батты. Шҧңқырдан сҥметіліп әзер деп 
шықтым. Ҥстім сығып алғандай су болды. Жуырда ғана қолдан сырылған 
шарығым мен мақталы қалың шалбарым шҧңқырдағы судың тең жарымын 
сорып алған сияқты. 
Ҥйге таяй бергенімде апамды кӛріп қорыққанымнан еңіреп жылап 
жібердім. Бірақ апам ҧрысқан да, ҧрған да жоқ. Су киімдерімді дереу 
сыпырып шешіп алды да, кӛкемнің жейдесінен кішірейтіп тіккен жейдені 


156 
кигізді, сӛйтті де: «Шалбарың кепкенше отыр» — деп кӛкемнің жағалы қара 
пальтосына орап отырғызып қойды. Біз ҥшін кӛкемнің ҥйде қалған әрбір 
киімі баға жетпес қасиетті бҧйым еді. «Апа, кӛкемнің пальтосын енді кім 
киеді?» -деп сҧрағым келеді, бірақ сҧрауға батпаймын. Ӛйткені кӛкемді сӛз 
ету жанды жараның аузын тырнаумен бірдей. Ол туралы әрқайсысымыздың 
ішімізде жатқан қҧпия бар, мейлі қара қағаз келсе де жҥрегіміздің тҥбінде 
сӛнбеген ҥміт бар. 
− Сенің оқуыңды тексеріп, қадағалауға да мҧршам болмай кетті. 
Сабағың қалай? — деді әлден уақытта апам. 
− Жақсы,- дедім мен пальтоның жағасына тҧмсығымды тыға тҥсіп 
міңгірлеп. Егер апам: қанша «бесің», қанша «тӛртің», қанша «ҥшің» бар деп, 
қазбалап сҧрай бастаса, әрине, таяқ жейтінім анық. Ӛйткені бҧл тоқсанда 
«ҥштерім» кӛп еді. Сондықтан мҧнан әрі сҧрамаса екен деп қылпылдап 
Жаным шығып отыр. Апам қазбалаған жоқ. 
− Оқуыңды жақсы оқысаңшы, балам,- деді де қойды. Онан соң белін 
тас қып орап, қырманға кетуге жинала бастады. Әжеме: — Мына 
Нҧрсҧлудың ҥйіне бағанағы астықтан бірер шелек кіргізіп беріңіз. Балалары 
ашығып қалмасын,- деді. 
Сӛйтіп, апам тҥс ауа қырманға кеткен, ертеңіне таңертең кҥн шықпай 
жатып есігіміздің алдына аттандап Кӛлбай керең жетті: 
− Ойбай!.. Ойбай!.. Айрылдым Бағиладан! Айрылдым!.. Ойбай!.. 
Біз тӛсегімізден ҧшып-ҧшып тҧрдық. Ҥйге апыр-топыр ауылдың 
қатын-қалаш, кемпір-шалдары толды да кетті. 
Кейіннен Кӛлбай кереңнің ҥлкендерге апамның ӛлімі туралы айтқан 
әңгімесін әлденеше рет естідім: тҥн жарымында қырманға тҧтқиылдан салт 
аттысы бар, арбалысы бар бір топ адам cay ете қалады. Ес жиғызбастан 
Кӛлбай кереңді бір-екеуі кеп бас салады. Апам оқтаулы мылтықты ала сап 
кезене бергенше, біреуі оны сойылмен ҧрып жығады. Кӛлбай кереңнің 
аузына шҥберек тығып, қол-аяғын артына қайырып байлап тастайды. Ӛздері 
арбаларына сықап астық тиеп, аттарына теңгеріп тайып тҧрады. Кӛлбай 
керең таң атқанша байлаулы кҥйінен тырп ете алмай жатады. Тек ертеңгісін 
қырманға бірінші барған Байдалы шал босатады. Менің апам со тҥндегі 
сойыл тигенде қызылға етпеттей қҧлаған жерінде жатыр екен. Барып қозғап 
кӛрсе әлдеқашан жан тәсілім етіпті, сойыл қате тиіп қарақҧсын айырып 
жіберген екен. 


157 
ЕКІНШІ БӚЛІМ. ЗОРЛЫҚ ПЕН ҚОРЛЫҚ 
Әкеден де, шешеден де айырылған жетімдік тақсіретінің аяздай 
қарығанынан ба, сол жылғы қыс айрықша қатал, қытымыр болып еді. Есіме 
алсам, жон арқам кҥні бҥгінге дейін сырқырайды. 
Қар қалың жауды, кейбір жатаған ҥйлерді тӛбесімен бірдей ғып басып 
тастады. Есік алдындағы қар кҥресіндері кішігірім ақ таулар боп жоталанып, 
кҥннен-кҥнге биіктей тҥседі. Ырысбек болса енді бізді жазалаудың тағы бір 
жолын тапты. Бірдеңеден жазып кінәлі боп қалсақ, яки айтқан тілін алмасақ, 
сирағымыздан ҧстап тік кӛтеріп алады да, сол кҥресін қарға басымызды 
тӛмен қаратып шанша салады. Мойны-қойнымыз қарға толып, тҧншыға, 
қашан ӛзі суырып алғанша, аяғымыз кӛкке қарап тыпырлап тҧрғанымыз. Бҧл 
жазаны балалардың бәрінен де кӛп тартқан мен болдым. 
Ырысбек аяқ асты Нәзира әпкеме ҥсті-ҥстіне хат жазатынды шығарды. 
Және ол хаттарын басқа біреуден емес, ылғи менен беретін. Мҧнан ӛткен 
қорлық болсын ба?! Мен, әрине, әуелгі кездері оның бҧл басынғанына 
намыстанып, хаттарын тасуға кӛнбей қиқарланып баққам, екі-ҥш кҥн 
қатарынан Ырысбектің қолына тҥскен жерде кҥресін қарға тӛбемнен 
шаншылып тыпырлап тҧрып жаза тарттым, тіпті тҧншығып ӛліп кете 
жаздаған кездерім де болды. Ақыры ол дегеніне кӛндірді. Кӛнбей қайда 
барам, мені қарға тірідей кӛміп ӛлтіріп тастаса, бҥкіл ауылда Ырысбектің 
қолынан ара тҥсіп қҧтқарып алар бір адам жоқ. Колхоз бастық Нҧғыман 
болса аурулы, тӛсектен тҧрмайды, Кӛлбай керең сонау кҥздегі оқиғадан кейін 
Ырысбек десе жанынан безеді, бас кӛтерер жалғыз Байдалы шал еді, ол да 
Ырысбекпен бірге қалаға бір жолы барып келгеннен кейін, «пәледен бес 
шақырым аулақ» жҥретін болды. Екеуі екі ат-шанамен колхоздың астығын 
сатуға кеткен, тӛрт кҥннен кейін қайтып оралды. Ауылға кіре бере Байдалы 
шал шанасынан қарғып тҥсіп, Ырысбекті бишіктің астына алды-ау дейсің. 
Сыбап боқтап жҥр. 
− Сенен кӛрген қорлығым ба?! Сенің істегенің бе?! Сҥйегімнен етті 
ғой!.. Әй, ӛлдім-ау, әбден…- деп, ызақорланып, жыларман боп жҥр. 
Шықпыртып ҧра тҥседі. Ырысбек болса қалың тонмен басып бҥркелей тҥсіп, 
оның соққысын шыбын шаққан ғҧрлы кӛрер емес, қарқылдап кӛзінен жас 
аққанша кҥледі. Екеуінің шаң-шҧңына бҥкіл ауыл жиналды. Байдалы шал 
тҥтіге тҧрып Ырысбектен кӛрген қорлығын айтты: қалаға жетісімен Ырысбек 
дереу ӛзінің бір қап астығын сатып, ақшасын қалтасына салып апты да, 
шанасын Байдалы шалға тастап, ӛзі ҥшті-кҥйді жоғалыпты, содан дәл 


158 
Байдалы шал қайтқалы тҧрғанда, бір-ақ келген, бір қап бидайдың ақшасынан 
бір тиын жоқ, бәрін араққа салған. 
− Онысын да қойшы,- дейді Байдалы шал.- Бҧл иттің маған қайтар 
жолдағы кӛрсеткенін айтсаңшы. Әй қор қылды-ау, енді қайтейін-ай… Осы 
ауылға осыдан тірі жетермін бе, жоқ па деп шыбын жанымды қу шҥберекке 
тҥйіп, шаққа келдім ғой. Мынау ма? Мынау адам емес, жҧртым-ау!.. Жын ба, 
шайтан ба… әйтеу бірдеңе… 
Онан арғы оқиға былай бопты: қаладан бері ҧзап шыққанша, Ырысбек 
Байдалы шалдың ҧрысқандарының бәрін ҥнсіз мойындап моп-момақам боп 
отырған, бір кезде шанасы тоқтай қалады (алдынғы шанада екен), ӛзі секіріп 
жерге тҥсіп, айдалада омбы қардың ҥстінде билей жӛнеледі. Қолында екі 
басты бәкі, жҥздері жалт-жҧлт еткен, ӛзін-ӛзі әлгі бәкімен ал кеп 
сҧққылайды, қайдағы бір жын-перілердің аттарын атап шақырып, зікір 
салып, кӛзі алақ-жҧлақ етіп қанталап, тҥсі мҥлде адам шошырлық кҥйге 
тҥседі. Содан бір кезде кеп Байдалы шалды алқымға алады, қылғындырып 
бауыздамақ болады. Есі шыққан Байдалы шал: «Әкем, Ырысбек, не болды 
саған?… Садағаң кетейін-ау, не болды? Жазығым не?» — деп жалынады. 
«Әлде қарның ашты ма? Мына менің астымдағы шӛптің арасында қап бар 
еді?..» — деген кезде ғана босатады. Байдалы шал ауылдағыларға базарлық 
деп алып келе жатқан азын-аулақ ішімдігі және жҧмсақ ақ нан, прәндік, 
кәмпит бар қаптың аузын шешіп, соларын жайып салып, ЬІрысбектің 
шеңгелінен әзер қҧтылады. Ырысбек ішімдікті ішіп, жҧмсақ нанды тойғанша 
жеп, жол бойы қызара бӛртіп рақатқа батып келеді… 
− Адам емес мынау… адам емес! — деген Байдалы шал әңгімесін 
тҥңіле аяқтап. Сонан бері Ырысбекті кӛрсе, анадайдан айналып кетеді. 
Бригадир Байдалы шалдың ӛзі сӛйткенде, басқаға не жорық. Амал жоқ, 
Ырысбектің хатын Нәзира әпкеме ӛз қолыммен әкеп ҧсынам. Нәзира әпкем 
хатты алады да, бҥктеуін де ашпастан қақ бӛліп айырып, ошақтағы отқа 
тастайды, сонсоң мені жағымнан шапалақпен тартып-тартып жібереді. 
− Жексҧрын! — дейді кӛзі жасаурап. 
Рас та. Ӛз әпкесіне Ырысбектің хатын тасыған іні жексҧрын емей кім? 
Сӛйтіп, екі оттың ортасында жҥрген жайым бар. 
Әнеу бір кҥні Ырысбектің хатын Нәзира әпкеме ҧсынып тҧрып, шыдай 
алмай еңіреп жылап жібердім. Менің мҥшкіл халімді ҧқты-ау деймін, Нәзира 
әпкем хатты қолына ҧстаған кҥйде мені ертіп Ырысбектің ҥйіне әкелді де, 
кӛзінше қақ айырып тастай салды да, аяғымен таптап езгілей тҧрып: 


159 
− Мен сіздің хатыңызды еш уақытта оқымаймын да, босқа әуре боп 
ендігәрі жазбаңыз,-деді. Ӛз терісіне ӛзі сыймай, ызадан жарылып кетердей 
боп тҥсі бҧзылып, тҥтіге тҧрып айтты. 
Басқа біреу болса мҧндайда Ырысбек кӛзін алақ-жҧлақ еткізіп тап 
беретін, ал Нәзира әпкемнің мына істегенінен қызарақтап кҥле тҧрып: 
− Нәзира қалқам, мен… мен…- деп берген тҧтығып. 
− Анау кезде айтып ем ғой, мен сізге ешқандай да қалқа емеспін деп. 
Аулақ жҥріңіз менен! 
Онан соң мені ертті де, Ырысбектің есігін қатты сарт еткізіп шығып 
кеттік. 
− Енді хат берсе, алма! — деді маған да тҥйіле сӛйлеп.- Ҧратын болса, 
айтып кел ӛзіме, Ырысбек тҧрмақ онан зорғы болса да кӛріп алайын 
әуселесін!.. 
Әрине, Нәзира әпкем шындап ашуланса, кімнен де болса таймайды, 
бірақ заты әйел ғой, оны арқа сҥйеп не мҧратқа жетермін, қаншама жер 
тепсініп, мықтымси сӛйлегенімен, жеме-жемге келгенде Ырысбекке не істей 
қояр дейсің, қҧр сӛз де. 
Кездейсоқ бір жағдай қҧтқармаса, Ырысбектен оңайшылықпен қҧтылу 
жоқ шығар. Кҥзден бері ӛзін военкомат екі рет шақыртты. Армияға алып 
кететін шығар, бҧл қызыл кӛз пәледен сӛйтіп қҧтылатын болармыз деп бҥкіл 
ауыл кҥткен, әсіресе оның қылжағынан ығыр болған қыз-келіншектер мен 
біздер — балалар, шынымен-ақ қуанғанбыз. Бірақ қырсық қылғанда екі 
ретінде де жарамай қайтып келді: «Ӛкпем әлі толық жазылмапты»,-дейді ӛзі. 
Бҥкіл ауылды аяғынан тік тҧрғызып зәре-қҧтымызды ҧшырғанда қҧдай 
қҧрлы, тепсе темір ҥзетін осы пәленің жазылмай жҥрген ол қандай ауру 
екенін тҥсіне алмай дал болды ел. Әйтеу, ауданға жҥрерден екі-ҥш кҥн бҧрын 
екі кӛзі шҥңірейіп, жағы суалып, тҥрі сарғыш тартып, алты ай жаз тӛсек 
тартып ауырған адамдай боп қатты жҥдеп кетеді де, ал қайтып келген соң. 
Зибашты, не Эмманы (ол шақыртқанда, екеуі де тоқтаусыз жетіп келеді) 
шақыртып ап, он шақты кҥндей ҥйінде жатып айран-сҥт ішіп, сорпа ішіп 
қалжаланғаннан кейін, ӛңінің сарғыш тартқаны, кӛзінің шҥңірейгені кетіп, 
қайтадан делебесі қозған бурадай қҧтырынып шыға келеді. Ҥйіндегі ӛзін 
кҥтіп-баққан әйелді (Зибаш болса да, Эмма болса да) қуып тастайды да, басқа 
қыз-келіншектерге хат жазуын қайта бастайды. Ауылдағы жылт еткен қыз-
келіншектен Ырысбектің кӛз салмағаны қалмады. Соңынан бес кҥн тҥседі, он 
кҥн тҥседі, ай бойы тҥседі, ақыры қалайда дегеніне жетіп тынады. Бҥгінде 
Ырысбекке кӛнбегені кемде-кем-ақ шығар. «Бҧл ма, бҧл екі дҥниеде 


160 
кӛгермейді,- дейді тоқсаннан асқан Қуатбек шал басын шайқай отырып.-
«Жылқыға жау тигенде, жабы қҧтырар» деген осы да». Кемпір-шал атаулы 
Ырысбекті қарғап-сілейді, бірақ оған қыңыр ЬІрысбек жоқ, қайта қҧтырына 
тҥсетін сияқты. Енді, міне, Нәзира әпкемнің соңына тҥскеніне де біраз болды. 
Ақыры немен тынарын кім білсін. Әйтеу, осы кез маған оңай тиіп жҥрген 
жоқ. Екі оттың ортасында шыбын жанды шҥберекке тҥйгендей жайым бар. 
Нәзира әпкем Ырысбектің ҥйіне мені жетектеп апарып, оған доңайбат 
жасап кеткен кҥннің ертеңіне кӛшеде Әжібек кездескен. Қасында — Қайрат 
пен Бәтен. 
− Әй, кӛксоққан, бері кел! — деді бҧйырып. 
Бҧрын біздерді екі сӛзінің бірінде: «Әй, жҥгірмек» деп отыратын 
Әжібек биыл қыс: «Әй, кӛксоққан» дегенді шығарған. Мейлі, тіпті жерсоққан 
десе де әлімжеттілігін жасап зәбірлемесе екен де. 
− Ия,- деп мен қасына келдім. 
Басында әкесінен қалған тҥлкі тымақ, ҥстіндегі ескі қара тонының 
белін қайыс белбеумен қынтитып тҧрып буып апты және онысын 
Ырысбектің жейдесінің етегі қҧсатып артына қарай ысырып қойған, 
сондықтан болар, екі жақ етегі жел кеулегендей делдиіп тҧр, аяғында 
ақжҧлықтанған ескі қонышқа қоңыр кӛннен бас салып тігілген дӛрбиген 
ҥлкен етік, оны солидолмен шылқытып майлап апты, ӛзі тіпті мҧнда жоқ, 
жан адамды менсінер емес, паңданып тҧр, маған сонау биіктен, жоғарыдан 
кӛзінің астымен ғана қарайды. Бҧрын бойы менен сәл ғана биіктеу кӛрінуші 
еді, биыл қыс тіпті сыриып ӛсіп кеткен сияқты. Мҧрты біліне бастапты. Бірақ 
Әжібек қанша паңданса да, сидиған арық тҥріне мына киімдері еш 
жараспайды-ақ, ҧсқыны адам кҥлерлік еді, жаздағы Шымырбай шалдың 
бақшасының шетіне ескі-қҧсқы киімдер кигізіп қадап қойған қарақшы 
сияқты қалқиып тҧр. Әттең, бір-екі жас болса да ҥлкендігін білдіріп 
әлімжеттік жасайды, әйтпесе мына тҥрін мысқылдап мазақ етер ем. Ӛзінің 
және бір жаман мінезі: жҧртты мазақ етіп кҥлгенде қҧдай қҧрлы да, ал ӛзіне 
айтылған бір ауыз әзілді кӛтере алмайды, кӛзі аларып шатынап шыға келеді. 
Жарылып қанталап жҥретін астыңғы ернін жалап-жалап қойып, зәреңді 
ҧшыру ҥшін тісін шақырлатып: «Мені мазақ ететіндей сен кімсің-ей, ә?! 
Мҧрныңды бет қып жіберейін бе осы?!» — деп кҥс-кҥс жҧдырығын Тҥйіп 
тӛніп келгенде, әзіл айтпақ тҥгілі, бетіне тура қараудан қаймығасың. Ӛзі 
сенен ҥлкен, қолы ҧзын, тарамыстанған арық болса да, кҥші басым, 
жеңілмеске қорықпасқа шамаң жоқ. Оған қарағанда Қайрат пен Бәтеннің 
киімдері тәуір: бірінің ҥстінде жақында тоқылған жаңа шекпен де, екіншісі 
жҥн сырған кҥпәйке киген, аяқтарында жаңа шарық. Бар дәмділерін апалары 
осылардың аузына ҧстайтын екеуі екі ҥйдің еркесі, жҥздері қызара тершіп, 


161 
ҧрттары томпиып тҧр. 
− Кӛксоққан, Жӛкеңді ғой ҧмытып жҥрсің,- деді Әжібек бірден кіжіне 
сӛйлеп. Әрине, «Жӛкең» деп тҧрғаны ӛзі, ал енді оны менің қалай ҧмытып 
жҥргенімді тҥсінсем бҧйырмасын. 
− Ҥйіңде артық-тҧртық қҧрт-ірімшік болса, осыны Әжекең ауыз 
тисінші деп алып шығу ғой ойыңа да келмейді,- деп, біраз кінә артып, сӛгіп 
алды. Мына ӛзіңдей Бәтенді қарашы, міне, апасының жеті қатқа тыққан 
қҧртынан маған ҧрлап әкелді. 
Енді байқадым, ҥшеуінің де ҧрттары томпаңдап, қҧрт сорып тҧр екен. 
− Мен кеше тура жарты таба нанды бір-ақ ҧрлап әкелгем,- деді осы 
тҧста Қайрат та шыдай алмай. 
− Иә. Мына Қайрат сӛйтті. Маладес! — деді Әжібек оны иығынан 
қағып.- Ал сен ғой… 
− Әй, осыны қойшы, сараңды. Бҧлар ӛздері тҧқым-тҧғиянымен тегіс 
сараңдар емес пе. Негізіне тартпай тҧрсын ба,- деп, Бәтен аузындағы 
тҥкірігін шашырата кеп, қҧйрығымнан бір тепті. 
Әншейінде бетіме тура қараудан қорқатын мына жаманның мына 
қҧтырғаны қанымды қайнатып-ақ жіберді. Тіпті жеке ӛз басымды, мейлі, не 
десе о десін, ал енді бҥкіл тҧқым-тҧғиянымды сараң дегені жаныма батып-ақ 
кетті. Ыза буып Бәтенге тҧра ҧмтылғам, Қайрат аяғын тӛсей қойған екен, 
соған шалынысып барып омбы қарға оңқа-шоңқа қҧладым. Ҥшеуі мәз боп 
кҥлсін. Ҧшып тҧрып қайта ҧмтылғанымша, Бәтен сақылдай кҥліп Әжібектің 
тасасына тығылды. 
− Сараңдардың тҧқымы, ха-ха-ха…- деп мені онан әрмен мазақтай 
тҥсіп тілін шығарады. Әжібекті арқаланып тҧрғаны. 
Кӛзім жасаурап, мысым қҧрып мен тҧрмын. 
− Жә, қалжындастыңдар ғой, жетеді енді,- деді Әжібек менің қыстығып 
жыларман боп тҧрған тҥріме қарап. 
− Сен. Бәтен, оныңды қой. Қанат сараң емес. Солай ғой, Қанат, ә? Тек 
бҧ дҥниеде менің бар-жоғым ойына келмеген ғой. Жарайды, ол кемшілігін 
ендігі жерде тҥзете жатар. Солай ма, Қанат?! 


162 
Мен ҥндей қоймағам. 
− Кӛксоққан-ау, сенің маған бергенің далаға кетпейді ғой, әлі қиын-
қыстау кҥн туғанда, панаң болам ғой. Жә, ендігісін ӛзің білерсің. Онша 
санасыз емессің ғой…- Онан соң ол менің ақ киізбен ҧлтарылған қара 
шарығыма, әр жерінен тесіктерінен тауық шоқығандай боп жҥндері шоқ-шоқ 
боп шығып тҧрған сары жарғақ тоныма кӛз тоқтата тҧрып: — Әй, сенің кӛкең 
мен апаң екеуінің бірге тҥскен суреті бар ма? — деп сҧрады. 
− Бар. 
− Бар болса сен соны тез арада Ырысбекке жеткізіп бер. 
− Мен ол суретті ала алмаймын, ол Нәзира әпкемнің альбомына 
жапсырылған,- дедім. 
− Сонда немене, Нәзира әпкеңнің альбомы адамның қолы жетпес жерде 
ме? 
− Ҥлкен сандықтың ішінде. 
− Аш сол сандықты…- Әжібек тісінің арасынан сыздықтата тҥкіріп 
қойды.- Обшым, ҧзын сӛздің қысқасы, кӛкең мен апаңның суретін ҧрлап 
әкелетін бол. 
− Әкеле алмаймын. Қиында жатыр дедім ғой. 
− Әй, ақымақ, Ырысбек оны ҥлкейткісі келіп отырса, бҧл қиында 
жатыр деп бәлденеді ғой. Бар, ӛлтіріл, қайтсең де сол суретті әкелетін бол. 
Бҧл саған жауынгерлік тапсырма. Әкелмесең сонда болсын! Бар! — деп, ол 
сӛз соңында май қҧйрығымнан ақырындап қана бір тепті. Мен кете бергем. 
− Әй, кӛксоққан,- деді ол бірдеңе есіне тҥскендей желкемнен тартып 
қайыра бҧрып.-Шарығыңнан су ӛтіп жҥрген жоқ па? 
− Қар еріген кезде ӛтеді. 
− Онда былай істе. Менің жан адамға кӛрсетпей, тығып жҥрген бір 
шелек солидолым бар, анда-санда кеп анау шарығыңның ҧлтарма тігістеріне, 
табаныңа жағып алып жҥр, сонда су ӛтпейді,- деді қамқорлық білдіріп. 
− Солидолды киізге жағуға бола ма? 


163 
− Неге болмайды?! Вот ақымақ. Сен әуелі жағып кӛрсеңші. Міне, мен 
етігімді майлап алып ем, су дегенің сынапша сырғып, ішіне тҥк ӛтпейді. 
Қазір мына Бәтен мен Қайратқа да жаққызам.- Әжібек тағы да тісінің 
арасынан сыздықтата шырт тҥкіріп қойды. 
− Пажалыста, кҥнде жағып тҧрам десең де сенен аямаймын. Ал енді бар 
ҥйіңе, бәлденбей әлгі суретті бҥгін-ертең әкеп беретін бол. 
− Мақҧл. 
Шынында да, ҥлкейтемін деп Ырысбектің ӛзі сҧратып отырса, одан 
неге бәлденіп, тартыншақтауым керек. Ауылдағы талай ҥйдің тӛрінен 
Ырысбек ҥлкейтіп берген суреттерді кӛріп қатты қызығатынмын. «Шіркін, 
кӛкем мен апамның суретін ӛстіп ҥлкейтіп тӛрге іліп қойса»,- деп 
армандайтынмын. Сӛйтіп, келесі кҥні-ақ Нәзира әпкемнің альбомындағы 
кӛкем мен апамның суретін алып, Әжібекке ілесіп Ырысбекке ӛз қолымнан 
апарып бердім. 
Ырысбек шертіп отырған домбырасын тастай бере, суретті бір 
жақындатып, бір алыстатып, одан терезенің жарығына қарай теріс қаратып 
ҧстап қарап шықты да: 
− Ҥлкейтуге қолайлы, жақсы екен,- деді. 
Осы сезін естіп мен қуанып қалдым. 
Ырысбек енді маған қарады да, одан қайта суретке қарады: 
− Қанат, тоқташы,- деді. Сӛйтті де суретке бір, маған бір тағы да кезек-
кезек қарай отырып: 
− О, кӛкесінен айнымай қалған жарығым, тіпті аузынан тҥскендей 
ҧқсауын қарашы,- деп, мені қҧшағына алып қысып-қысып қойды. Әлгі мені 
ҧстап алған жерде тӛбемнен қарға шаншып қорлық кӛрсететін мінезінен із 
жоқ, аяқ асты мен дегенде ет жҥрегі езіле қапты. Оған деген шексіз ыза-
ӛкпеден бе, әлде оның мҥсіркей қалғанына қорланғаным ба, әйтеу, екі бетім 
дуылдап, кӛзім жасаурап, ҥндей алмай булығып шығып кеттім. 
− Әй, Қанат, тоқта! 
Әжібек соңымнан ілесе шыққан екен. Қуып жетіп, желкелігімнен 
тартып тоқтатты да: 


164 
− Сен суретті жоғалады екен деп қорықпа. Ырысбек, ол — сӛздің 
адамы, айтса болды, орындайды,- деді мені жҧбата сӛйлеп. Онан соң менімен 
қатарласа жҥріп, ӛз ҥйінің тҧсына жеткенде: — Жҥр біздікіне, мына 
шарығыңды майлап ал,- деді. 
Шынында да, май су ӛткізбейді ғой, майласам майлап алайыншы деген 
ой келді маған да, Әжібектің ҥйі — ауыз ҥй, тҥп ҥйден тҧратын аласа ғана 
ескі кірпіш там. Әжібек жалғыз ӛзі ғана тҧрады. Тҧрады деген тек аты ғана, 
әйтпесе Әжібек ауыл ҥй арасы ағайын-туғандарын аралап, әркімдікіне бір 
қонып жҥреді. Соңғы кезде кӛбіне Ырысбектің ҥйінен шықпайтын. Шешесі 
ӛлген екі жылдан бері ҥйдің кҥйі мҥлде кетіп-ақ қалған. Кӛктем, кҥз 
тӛбесінен су ӛтіп, іші ҥнемі сыз тартып, кӛгерген иіс тҧсынан ӛткен адамның 
жҥрегін айнытады. Алайда Әжібек мҧның бәрін уақытша дейді. Әке-
шешесінен қалған азын-аулақ дҥние-мҥліктерін анда-санда далаға шығарып 
қағып-сілкіп, онан соң қайтадан буып-тҥйіп қояды. Балаларды 
ҧйымдастырып ҥй ішін сыпыртып, жинастырып, қыс кезінде кҥніне бір 
уақыт от жағады. Ӛзі: «Әлі он сегізге толып, ҥйленетін кезімде бәрі керек 
болады ғой»,-дейді. Дәл қашан және кімге ҥйленетінін әзірге ӛзі де білмейді. 
Осы кҥні бҧрынғыдай: «Зибашқа ҥйленем»,- дегенін қойған. «Жас қыздардың 
біреуі ер жетер оған дейін»,- дейді. 
Қазір ҥйінің мҧржасынан будақтап тҥтін шығып жатыр. 
− Ҥйде Қайрат пен Бәтен бар, деді. 
Біз кіргенде, кӛгерген иіс пен тҥтін сасыған ҥйдің ішінде Қайрат пен 
Бәтен қарамай толы ҥлкен шелекті орталарына қойып, шарықтарын 
шылқытып майлап отыр екен. Кішкене қазанда сақылдап бірдеңе қайнап 
жатыр, оның да тәтті бір иісі білінеді, кәдімгі жас сорпаның иісі. 
− Маладестер! Енді сендердің шарықтарыңнан су ӛтіп кӛрсін! — деп 
мақтап қойды Әжібек.- Кәне, Қанат, сен де майлап ал шарығыңды. 
Әлгі екеуінің қатарына отыра қап мен де шарығымды майлауға 
кірістім. Ал Әжібек болса қолына кәкпір алып, қазандағы қайнап жатқан 
жҧдырықтай кесек етті шығарып пышақпен шетінен кесіп жеп кӛрді де, қайта 
салды. Біз ҥшеуміз шарықтарымызды қоя сала, сілекейлеріміз шҧбырып 
оның аузына қарай қалған екенбіз. 
− Әлі піспепті,- деді аузындағысын малжаңдай тҧрып. Онан соң біздің 
телміре қалғанымызды ҧнатпай: 
− Әй, кӛксоққандар, болыңдар енді,- деді әмірлі ҥнмен: — Бҥгінше 
мына ет әбден піссін. Ӛзі кәрі малдың еті ме, немене, әлі тастай қатты. Ал 


165 
сендер шарықтарыңды майлап алыңдар да, қайқайыңдар ҥйлеріңе. Ертең 
сендерге бір-бір жапырақ алып қоям. Ҥйлерің бар, аш емессіңдер ғой, ауыз 
тисеңдер де жетер. 
Біз шарықтарымызды шылқыта майлап ҥйден шықтық. Ә деп 
табалдырықтан аттағаннан бастап-ақ ҥшеуміздің бірінен-бірі кҥлкілі аюдың 
табанындай іздеріміз ақ қардың бетінде аймандай боп баттиып-баттиып 
қалды. Біраз жҥріп барып қайырылып қарағанбыз, іздеріміз тура бір қора қой 
шҧбырып ӛткендей қап-қара ала боп жосыла тҥсіпті. Қалай болар екен деп 
шарықтарымызбен еріген қарды оңды-солды ойқастай кешіп кӛргенбіз, 
майдың аты май ғой, шіркін, бҧрын шарығымыздың ҧлтарма тігістеріне 
жабыса кететін жентек қар енді тіпті жҧғысар емес. 
− Қазір мына шарығымызбен су кешсек те ӛте қоймас. 
− Кешіп кӛрер ме еді ӛзі?! 
− Қай жерде су бар? 
Ары-бері омбы қарды ойқастай кешіп іздестіріп кӛріп едік, бірақ 
қыстың кҥні су қайдан табылсын, шҧңқырлар мен арықтар тегіс қалың қар 
астында қатып жатыр. Ӛстіп мәз боп келе жатқанымызда, тас қойма жақтан 
торы жорғамен қҧйғытып шыға келген Байдалы шал біздің ізімізді кесіп ӛте 
бере, кілт атының басын тартып қайырыла бҧрылды, ақ қарға тҥскен ізімізге, 
онан біздің шарықтарымызға қарады да: 
− Әй, иттің кҥшіктері, мына қара майды қайдан алдыңдар? Кәне, 
жандарыңның барында айтыңдар?! — деп, ақыра қамшы сілтеп, торы 
жорғамен ҥшеумізді де тапап ӛте жаздап тӛніп келгенде, есіміз шыққан біз 
зәре-қҧтымыз ҧшып, бір-бірімізге тығыла ҧйлығып тҧрып қалыппыз. 
− Қайдан алдыңдар деймін?! 
Дойыр қамшы ҥшеумізді қоса-қабаттап бір осып ӛткен. Ҥшеуміз де 
шар-шар ете қалдық. 
− Қайдан алдыңдар? 
Дойыр қамшы басымызға қайырыла тӛнген. 
− Әжібе-е-ек…- деді бақыра жылаған Бәтен. 
− Ә, шақша бас ит!.. 


166 
Торы жорғаға борбайлата қамшыны басқан Байдалы шал енді бізді 
тастай бере Әжібектің ҥйіне қарай шапты. Енді байқадық, бҧ кезде Әжібек те 
қҧстай ҧшып Ырысбектің ҥйіне жетіп қапты. Байдалы шал қалың қарға аты 
омбылап жете алмай қалды. Жер сабалап, кӛшені басына кӛтере боқтануда. 
Атынан тҥсіп, Әжібектің есігінің алдынан әлгіндегі қара май толы шелекті 
кӛтеріп алды. Сірә, Әжібек қашып бара жатып сыртқа, есігінің алдына 
шығарып тастап кетсе керек. 
− Ә, шақша бас ит, осыдан қолыма бір тҥсерсің. Сен итті кӛзіңе кӛк 
шыбынды ҥймелетіп тҧрып айдатпасам ба, әлі!.. 
Соның арасында айқай-шуға жиналып қалған жҧртқа: 
− Кӛктемде егіс кезінде қҧрал-сайман майлауға деп Мытыстан3 барып, 
бір тоқты беріп әзер деп сҧрап әкелгенімді қайтейін. Әнеу бір кҥні аяқ асты 
ҧшты-кҥйлі жоғалып кеткені. Апырмай, бҧ қара май сонша кімге қажет 
болды екен деп таң қалып ем. Сӛйтсем, мына шақша бастан келген екен ғой. 
Бҧ неткен қаскҥнем-ей, а?! Колхоздың қара майын ҧрлап… Сотқа 
тартылғалы жҥр ғой, ол ит… 
Бір кезде кӛзі бізге тҥсіп кеткен: — Әжібекке ерсеңдер кӛгерерсіңдер, 
о, жетесіз немелер, ҥшеуіңді де сойып салайын ба осы! — деп тап бергенде, 
ҥшеуміз ҥш жаққа безіп кеттік… 
Баланың қорқынышы ҧзаққа созылған ба?! Артынша-ақ қызу ойынға 
кірістік те, Әжібекті де, оның қара майын да, Байдалы шалды да мҥлде естен 
шығарып, қыстың май тоңғысыз жайма-шуақ кҥні батқанша, жентектелген 
қардан аққала тҧрғызып, одан екі жаққа бӛлініп қармен атысып ойнап, әбден 
қызыққа баттық. Сӛйтіп, ҥсті-басымыздың малмандай су болғанын да, 
шарықтарымыздан шылқып су ӛткенін де аңғармаппыз. Кешкісін ҥйге кеп 
шешінген кезімде, ҥсті-басымды ҧстап кӛрген әжем: 
− Қҧлыным-ау, осынша су болғанша ойнағансың ба? — деді ренжіп. 
Жҧмыстан шаршап қайтқан Нәзира әпкем шай ішіп отыр екен, ҥндеген жоқ. 
Мен кән пештің ҧзына ҥстіне киімдерімді жайып, шарығымды қызуы молдау 
ошақтың желке тҧсына кептіруге қойдым. Әлден соң ҥйдің ішін қолқаны 
қапқан қоңырсық иіс алып кетті. 
− Бҧ неғылған иіс? — деп, Нәзира әпкем ҧшып тҧрып барып ошақтың 
ҥстіңгі жағына ҥңілді. Дәл бір ӛлген мысықты ҧстағандай менің әуелі бір 
шарығымды қонышынан шымши кӛтеріп шамның жарығына әкеп тыжырына 
тҧрып қарады да, онан соң екінші шарығымды әкеп және қарады, екеуінің де 
сыртындағы сыланған қара май еріп, тамшылап тҧр. 


167 
− Әй Қамат, мынауың не? 
Мен ҥндегем жоқ. Ҥйдің бҧрышындағы ескі тонға орана тҥсіп, 
жантайып жата бердім. 
− Әй, мынауың не деймін? — деп ақырып жіберген Нәзира әпкем. Мен 
селк ете тҥстім.- О заман да, бҧ заман киізге қара май жаққан деген не 
сҧмдық?! 
Шарықтарымды ҥстіме қарай лақтырып жіберді. 
− Ӛлтірейін бе осы, а?! Сендей ақымақтың барыңнан жоғың! — деп, 
маған қарай тап берген. 
Әжем ҧмтылып кеп арамызға тҧра қалды. 
− Жә, жә…- деді сабырлы ҥнмен. 
− Әже-ау, бҧл ақымақты неге қорғайсың?! Соп-сомадай боп істеп 
жҥргені мынау?! 
Нәзира әпкем кҥйініп барып отыра кетті. 
− Елдің мҧндай баласы мынадай қиындықта бір жағына сҥйеу боп жҥр, 
ал бҧл болса со кҥйі ми кеще, ақымақ… Әй, енді мынау киіз аяқ киімді қалай 
кептіресің?! 
Мен әпкем қандай ауыр сӛз айтса да, ҥнсіз мойындап жата бердім. 
Киізді майлап жҥрген адам — кеще десе кеще, ақымақ десе ақымақ қой. 
* * * 
Қыс ортасында Мҧқан ағайымыз әскерге алынып, мектебіміз жарты 
айдай жабылып қалған. «Бҧл қиын болды ғой, балалар оқудан қол ҥзіп 
қалатын болды-ау?! — деп мазасызданған ата-аналар ауылдың бас кӛтерері 
деп Байдалы шалға барған екен. Нҧғыман ауырғалы, колхоздың кеңсесіне 
талтақтап кіріп, қоқырайып барып тӛрдегі бастықтың орнына шірене отырып 
жҥрген Байдалы шал әлгі келген ата-аналарға жат та кеп ҧрсыпты: «Әй, 
ӛздерің қалай ойлайсыңдар осы?! Мына қақаған қыста мҧғалім табуды 
ойыншық кӛресіңдер ме? Ол жаңа келетін мҧғалімге ҥй керек емес пе? Отын-
су керек емес пе? Ал оның бәрін мен қайдан табам?!. Жә, басты 
қатырмаңдар!» — деп, қуып шығыпты. 


168 
Осыны естігенде, тӛсек тартып жатқан Нҧғыман қатты ренжіген 
кӛрінеді. Байдалыны ҥйіне шақыртқан екен, әншейінде Нҧғыманның атын 
естігенде мӛнтең қағатын шал бҧл жолы тіпті пысқырмапты да, «қолым 
тимейді» деп бармай қойыпты. Байдалы шалдың мына қылығын естігенде, 
ҥлкендер жағасын ҧстады: «Қҧлан қҧдыққа қҧласа, қҧрбақа қҧлағына ойнақ 
салар» деген осы екен-ау,- десті. Нҧғыман кім еді? Байдалы кім?.. Кҥні кеше 
колхоздастыру кезінде бҥкіл бір болыстың елін аузына қаратып, соңына 
ерткен, орақ тілді, от ауызды, бетіне жан қаратпаған жігіттің сҧлтаны еді ғой 
Нҧғыман. Әттең, абайсызда тап жауларының қолына тҥсіп, мертігіп қор боп 
қалды. Ал Байдалы болса әркімнің шӛре-шӛресінде жҥрген, қолға су қҧюдан 
аспаған сорлы жан еді. Енді, міне, бҥгінде кісімсіп бҧл да ел басқарып жҥр. 
Мына қараң ӛшкір соғыстың кесапаты да. Әйтпесе ер-азамат тҥгел тҧрса, 
Байдалыға қарап қалар кҥн туар ма еді, сірә да?! 
Әжібек болса ӛзіне қарайлас біздерді — балаларды жиып алып, біз 
арқылы ата-аналарымызды табалап бір рақаттанып қалды. 
− Ал Байдалыға бағынып бір жетістіңдер-ау, а! Еріңдер сол қақбастың 
соңынан, тҧпа-тура социализмнің тӛрінен бір-ақ шығарсын,- деп кекетті 
барлығымыздың тӛбемізден қарай тҧрып.- Талай айттым ғой осы, ол Байдалы 
деген байдың қҧйыршығы боп келген адам, одан басалқалық шықпайды деп. 
Әй, енді не дейін бҧл елге, шын сӛзімді қор қылады. Баласынады. Ӛзіміздің 
әлгі боқмҧрын Әжібек емес пе, осыны қойшы, адам болмайды дейді. Ал 
сонда сенген Байдалысының тҥрі анау ма?! — Әжібек Байдалы шалға да, 
оған бағынып жҥрген бҥкіл ауылға да ызалы еді. Сол ызасын қазір біздердің 
кӛзімізді шҧқығандай бетімізге басып айтып тҧр. Біз болсақ ҥнсіз мойындап 
тҧрмыз. Шынында да, Әжібектің ақылындай ақыл кейбір ҥлкендерде жоқ-ау 
дейміз. 
− Ал, кӛксоққандар, оқудан қалған обалдарың бірінші Гитлерге де, 
екінші Байдалыға,-деді Әжібек сӛзін тҥйіндеп.- Қайта бір есептен осы соғыс 
біткенше, бастарыңды қатырып оқымағандарың да дҧрыс. «Зат есім» «Сын 
есім»… тағы қай есім еді, әлгі… 
− «Сан есім»… 
− Иә, иә, сол толып жатқан есімдермен бас қатырғанша, пайдалы бір 
тірлік істеу керек қой. Оқуды соғыс біткеннен кейін оқып алсақ та жетеді. 
Ӛзім соғыс біткен кҥннің ертеңіне-ақ станциядағы нағашымдікіне барып, 
тҧп-тура милицияның оқуын оқимын. Кӛкелеріңді сонда танытамын әлі. Әй, 
сонда әсіресе мына Байдалы қақбасты алдыма салып, іші кепкен сиырдай ғып 
бір тырқыратармын-ау. Бҥкіл елдің алдында табанымды жалайтын болады… 


169 
Осы кезде ҥйінен шыққан Ырысбек дауыстап Әжібекті шақырған. 
− А! Жолдас бас қолбасшы! 
− Бері кел деймін,- деді Ырысбек. 
− Қазір,- деп, Әжібек дедектей жӛнелді. Кетіп бара жатып: — Мына 
әскерлерді қайтем? -деп сҧраған. 
− Кҥте тҧрсын! — деді Ырысбек. 
− Әй, тырп етпей кҥте тҧрыңдар! — деді Әжібек бізге қайырыла 
бҧрылып. 
Біз сол тобымызды жазбаған кҥйде кҥтіп тҧрдық та, Әжібек 
Ырысбектің жарлығын тыңдап қайтып оралды. Келе бәрімізге одырая ӛктем 
қарап: 
− Ал, кӛксоққан әскерлер, бас қолбасшы біздерге ҧрсып тҧр,- деп 
бастады сӛзін.- Соңғы кезде сендердің не оқыған оқуларың жоқ, не бітірген 
істерің жоқ, тағы да беттеріңмен кетіп бара жатырсыңдар. Серкесі жоқ мал 
қҧсап барасыңдар. Оларың жарамайды. Жаңа Ырысбек те соны айтты. 
Шҥкіршілік, бастайтын серкелерің бар. Ол — мына менмін,- осы тҧста 
балалардың бірі шиқылдай кҥлген, Әжібек кӛзін аларта: — Кәне, о кім кҥліп 
тҧрған? Кӛк желкеңді қиып жіберейін осы! — деген тҥтіге жекіп. Кҥлкі сап 
тыйылды.- Жаңа бас қолбасшы екеуміз ақылдаса кеп, сендерді қыс кезіндегі 
еңбекке тәрбиелейтін болдық. Анда-санда таудан отын шабуға барып 
тҧрамыз. Бҧл — бізге әскери тапсырма! — деді сӛзін шегелеп, онан соң тау 
жаққа кӛз сала тҧрып: — Әне, Ешкіӛлместің кҥнгейіндегі бҧйралана ҧйысып 
жатқан қалың тобылғы мен қарағанды кӛрдіңдер ғой, содан отын шабамыз. 
Мынадай қыста салпақтап қҧр ойнай бергенше, бір уақ отын шауып 
шешелеріңді қуантсаңдаршы. «Қарағым адам боп қапты»,- деп, тӛбесі кӛкке 
жетеді ғой,- деген. 
− Ой, біздің ҥйде отын кӛп, атам кеше бір шана ағаш отын тҥсірді. 
− Біздің ҥйдің отыны да қысқа жетеді. 
− Мен бармаймын. 
− Мен де бармаймын,- деп, балалар жан-жақтан дабырлай бастаған. 
Әжібек дӛрпиген кӛн етігімен жерді (қатты қарды) теуіп қалды. 


170 
− Бәрің де барасыңдар! — деді ақырып.- Сендер немене, тәртіпті 
ҧмытқансыңдар ма? Мҧны мен әскери бҧйрық деп тҧрмын ғой. Кәне, осыдан 
біреуің бас тартып қиқалақтап кӛріңдерші, әкелеріңді де, шешелеріңді де 
танытып жіберейін. Әне, бас қолбасшы Ырысекеңнің ӛзі тҧр ғой! 
Біз, балалар, жым болдық. Дәл қазір Әжібек анадай тҧрған Ырысбекті 
арқаланып, қайсымызды болса да қарсылық етсек, итше тепкілеп жіберетіні 
анық еді. 
− Ал барыңдар, ҥйлеріңнен кетпендеріңді және отын буатын екі жіптен 
алып шығыңдар! 
− Екі жіп неге керек? 
− Неге керек екенін барған соң кӛресің. Отынды шабамыз да буып-
буып таудан домалатамыз да жібереміз, ешқайсыңның жаның қиналмайды, 
кӛксоққандар! Егер осыдан біреуің бармай қалып кӛр, мына жҧдырық соның 
тӛбесінде ӛтеді,- деп, кҥс-кҥс арық жҧдырығын кӛрсетті. 
Ҥйге кеп, барлық балалар боп таудың кҥнгейінен тобылғы 
шабатынымызды айтып, белімізге жіптерімізді буынып, қолымызға 
кетпендерімізді ҧстап, сәлден кейін кӛше ортасына топырлай жиналдық. Дәу 
кетпенді әзер деп кӛтеріп ҥйден шығып бара жатқанымда, әжем: 
− Қҧлыным-ау, шамаң келмейді ғой,- деген. 
− Келеді. Балалардың бәрі де бара жатыр,- дедім. Шынын айтқанда, 
кӛбімізге мына қыста тауға шығып отын шабу — ең қызық ойын сияқты 
кӛрінді. Ҥлкендер болса балалардың аяқ асты мына қылығына қапелімде не 
дерлерін білмегендей, не қоштап мақтап кете алмай, не қойыңдар деп тыйып 
тастай алмай аң-таң. Әрине, қыс ішінде бір уыс отынның ӛзін ҥнем кӛріп 
отырғанда, баласының «отын шауып әкелем» деп ӛз тарапынан суырылып 
шыққан тірлігі кімді де қуантатыны сӛзсіз, тек бірдеңеге ҧрынып қалмай, 
қайырымен болсын дейді де… 
Әжібек бастап, ауылдың жоғары жағына қарай шҧбырып жҥріп кеттік. 
Алып алма ағаштың тҧсына жеткенбіз, бҧтақтары сойдиып-сойдиып 
жалаңаштанып тҧр екен. Ҧшар басындағы бҧтақтарында бҥрісіп-бҥрісіп 
қатып-семіп қалған қоңырқай алмалары кӛрінеді, тӛменгі бҧтақтарында 
байланған шҥберектер жалбырайды. Бізге мына қыста сол қатып-семген 
алмаларының ӛзі уылжып тҧрғандай, аузымыздан сілекейіміз ағып қызыға 
қарағанбыз. 


171 
− Бҧтақтарына шығып сілкиік, бәлкім, анау алмалары тҥсер,- деді 
балалардың бірі. Осы сӛз қамшы болды ма, Әжібек жолымыздан сәл 
қиғаштау болса да бҧрылып алып, алма ағашқа қарай тартты. 
Алып алма ағашқа жақындай бергенбіз, тӛңірегі ойқастаған қалың із 
екен, шашылған қҧстың қауырсыны, жҥн-жҧрқа. 
− Биыл тҥлкі қалың ғой, тҥлкінің іздері шығар? — деген Бәтен. 
− Мҥмкін, алма ағаштың тҥбіндегі ҥңгірге тҥлкі жатып жҥрген шығар. 
Қазір ҧстап алсақ қандай қызық болар еді,- деген Қайрат. 
− Жо, бҧл із тҥлкінікі емес,- деді ізге ҥңіле қараған Санат.- Тҥлкі қарға 
бҥйтіп батпайды. 
− Онда қасқырдың ізі шығар? 
− Жо, қасқыр да емес. Бҧл — иттің ізі. 
− Қазір не болса да кӛреміз енді,- деді алда келе жатқан Әжібек.- Әне, 
ҥңгірден қарайып бірдеңенің басы қылтияды. Кетпендеріңді оңтайлап 
ҧстаңдар! 
Осы кезде алып алма ағаштың тҥбіндегі ҥңгірден Қарақаншық атып 
шықты, кӛздері қып-қызыл боп қанталап, тістерін сақылдата ырылдап, айбат 
шегіп бізге қарсы жҥрген. Аппақ қардың ҥстінде ӛзі қап-қара боп, ештеңеден 
тайынбайтын керемет қорқынышты еді. Жолбасшымыз Әжібек болып, біз 
бір-бірімізді баса-жанша кейін қаштық. Қорыққандарынан бір-екі баланың 
ойбайлап жіберген дауыстары да шығып кетті. Омбы қарда сҥріне-қабына 
едәуір қашып барып кейін бҧрылғанбыз, Қарақаншық соңымыздан қумапты, 
ҥңгірдің аузына қайта барып, жер иіскелеп қаңсылады да, ҧлып-ҧлып 
жіберді. 
− Әй, мынаның іші қабысып, емшектері салақтап тҧр ғой, 
кҥшіктегеннен сау ма? — деген балалардың бірі. 
− Расында да, тҥрі кҥшіктеген сияқты. 
− Иә, ҥңгірге маңайлатпауы тегін емес. 
− Қыста кҥшіктеген қаншықты кӛргенім осы. 
− Қайбір жақсылық дейсің,- десіп алып, алма ағаштың басындағы 
қатып-семген алмалардан кҥдер ҥзген балалар енді тауға қарай ӛз жолымызға 


172 
тҥстік. Таудың етек жағындағы жел ҥрлеп нығарлап тастаған қалың қарды 
кетпенмен қадау-қадау ойып, баспалдақтап жол салып, жоғары қарай шҧбыра 
ӛрлеп келеміз. Сӛзіміз Қарақаншық тӛңірегінде: әлдеқашан жоғалдыға санап 
жҥргенімізде, кҥтпеген жерден алып алма ағаштың тҥбіндегі ҥңгірден шыға 
келуі бізді қатты таңырқатқан еді; оның ҥстіне қыс ішінде кҥшіктегенін 
қарасаңшы; кҥшіктері қалай тоңбайды екен; ауылға жоламай, мына жырақта 
жҥріп ӛзі немен қоректенеді? Осы тәріздес толып жатқан сҧрақтарға жауап 
таба алмай, дал боламыз. 
− Қарақаншық киелі ит қой,- дейді ішіміздегі ең білгішіміз Санат.- Бҧл 
ауылға не жақсылық, не жамандық әкеледі. 
− Жақсылығын қайдам, жамандығын кӛріп жҥрміз ғой,- деді Бәтен. 
− Сен Бҥбітайдың жынданып кеткенін айтасың ба? 
− Иә. 
− Оған Бҥбітайдың ӛзі кінәлі. Қарақаншықтың кҥшіктерін тірідей кӛміп 
ӛлтірді емес пе? 
− Қарақаншық олардың бір қазан сҥтін ішіп кетті ғой. 
− Бір қазан сҥтке бола кҥшіктерін ӛлтірмеу керек еді. 
− Сонда ауылға ҧры иттер қаптап кетсін дейсің бе? 
− Тҥк те қаптамайды. Қарақаншықтың бҧрынғы кҥшіктерінің қайсысы 
ҧры болып еді?! Ауылдағы кӛп ҥйдің иттері соның кҥшіктері ғой. 
− Сен ӛйтіп Қарақаншықты жақтамай-ақ қой, бәрібір иттің аты ит те, ал 
Бҥбітай — адам. 
− Иттің де обалы бар, жазықсыз тиіссең, сол обалы жібермейді. 
Мына екеуінің таласына шыдай алмай кеткен болу керек, осы сәт алда 
бара жатқан Әжібек кілт кейін бҧрылды да: 
− Әй, екі кемеңгер, тоқтатыңдар бос былшылды! — деді ыза болып.- 
Немене, Қарақаншық пен Бҥбітайдың кҥйігі сен екеуіңе батып келе ме, 
сонша керілдесіп. Дабай, қойыңдар енді! 
Санат пен Бәтен жым болды. Бәріміз ҥйіріле тоқтай тҧрып, сәл тыныс 
алдық. Ӛрге қарай жҥреміз деп едәуір алқынып қаппыз, ӛңдеріміз қызара 


173 
тершіп, кейін қарай кӛз салғанбыз. Тҥу, шіркін, сҧлулық деп осыны айт! 
Ӛзіміз дәл бір жердің кіндік ҥстінде тҧрғандаймыз да, тӛңірек тӛрт бҧрыш 
тегіс шыр айналып кеп біздің табанымыздың астына тҥскендей, кӛз жететін 
дҥниенің бәрі де тӛменде жатыр. Жазда бірінің ҥсті кӛк-жасылданған 
егінжай, бірінің ҥсті кӛк жусан мен боз бетеге, енді бірі айдалған қара пар 
боп жататын бел-белестер мен дӛңдер қазір мақталы қалың ақ кӛрпенің 
астында тарс бҥркеніп алған, біркелкі боп қымтанып жатыр. Сол тҧтасқан 
жалпақ дҥние бҧлдырап барып қысқы сҧрғылт аспанмен астасқан жерге дейін 
аппақ боп кҥнге шағылысып, кӛзді қарықтырады. 
Әжібек тымағын алып жеңімен маңдайының терін сҥртті, тісінің 
арасынан сәнімен сыздықтата тҥкіріп қойды да, Санат пен Бәтенге кезек 
қарап алып: 
− Меніңше, бар ғой, сендердің анау Бҥбітайларыңның адам аяр қылығы 
жоқ болатын,-деді.- Сау кезінің ӛзінде жындының ісін істейтін еді ғой. 
Осыдан екі жыл бҧрын, апам ӛлген жылы жазда, бір рет қарным қатты ашқан 
соң, осы Бҥбітайдың ҥйіне кіргем. Сонда маған бір тостаған айран қҧйып 
берудің орнына, менің кӛзімді бақырайтып қойып тҧрып, жарты шелек 
айранды қаз-ҥйректеріне апарып тӛкті ғой. Сонысы қҧдай сҥйер қылық па?! 
Сонда мен іштей: «Әй, кесір атар мына қатынды»,- дегем. Айтқаным айдай 
келді, атты ғой әне, ақыры! Аш жҥрген маған бермей, айранды қаз-ҥйрекке 
тӛкті деген не деген сҧмдық! -ӛне бойын ыза кернегендей сӛзін тістене 
кіжініп аяқтаған Әжібек қайтадан алға тҥсіп, ӛрге қарай қатты-қатты 
адымдай жҥрген, біз тіпті ілесе алмай қалдық. Біраз озып кеткен ол сәлден 
кейін бізге қайырыла тҧрып:- Сендердің анау Қарақаншықтарың да 
қаншықтығын жасап қасқырмен әмпей боп жҥрмесе не қылсын,- деді 
мысқылдай кҥліп.-Қыста кҥшіктеуі тегін емес… 
− Ол да мҥмкін,- деді Қайрат іле қоштап. 
− Мҥмкін емес, дәл солай. Осы жолы бҧл қасқырмен лықты. Жаңағы 
бізге анадайдан айбат шегуі тегін емес. Қасқыр кҥшіктерін қызғанғаны ғой,- 
деді Әжібек тӛндіре сӛйлеп.-Обшым, осы жолғы бір кҥшігін мен алам. 
− Шынында да, қасқырдан туған кҥшік нағыз арлан болатын шығар. 
Мен де біреуін алам,-деді Қайрат. 
− Онда мен де біреуін алам. 
− Мен де… 
− Мен де…- деп балалар жан-жақтан шулай бастады. 


174 
− Бәріңе Қарақаншықтың кҥшігі жетпейді,- деді Әжібек оларды 
тоқтатып.- Кӛп болғанда бес-алты кҥшік шығар. Сондықтан ертең кҥшіктерді 
алуға келгенде, Қарақаншыққа беруге нанды кім кӛп әкелсе, кҥшікті сол 
алады. 
Осылайша бәтуаға келіп, тауға қайта ӛрледік. Жоғары кӛтерілген 
сайын, қар мҥлде жҧқарып, біртіндеп қары жоқ қарайған жерге де аяғымыз 
жетті. Қатты жел ҥрлеп жалаңаштап кеткен тау кҥнгейі жайма-шуақ кӛктем 
лебін еске тҥсіріп, бусанып жатыр. Арқамыздан кҥннің жылуы ӛтіп 
маңдайымыздан бір жылы леп сипайды. Әр-әр жерде топ-топ боп ӛскен 
қызыл балақ тобылғы, қара кҥрең қараған, ҧйыса жабысқан қалың бӛргез, ақ 
сирақ ҥшқат қаптай бастады. 
Осы тҧста бастаушымыз Әжібек тағы бір бел босата тҧрып, 
барлығымызға барлай қарап шықты да: 
− Ал, кӛксоққандар! — деді ӛктем ҥнмен.- Енді, дабай, тобылғы шабуға 
кірісеміз. Жарлық былай: ең әуелі, әрқайсың ҥлкен-ҥлкен ҥш тҥптен 
Ырысбекке деп арнап тобылғы шабасыңдар. Соны ҥйден алып шыққан екі 
жіптеріңнің біріне буып тӛмен домалатамыз, бҧл сендерге салынған салық. 
Тек сонан кейін ӛз ҥйлеріңе шабасыңдар. 
Біз бірден келістік. Тау ҥстіндегі ен-тегін тобылғының ортасында 
тҧрғанда, ҥш тҥп деген де сӛз болып па. 
− Ақ ҥшқат пен бӛргезден шабуға бола ма? — деп сҧраған балалардың 
бірі. 
− Ӛз ҥйіңе шауып алсаң, пажалыста, ал Ырысбекке тек тобылғы ғана 
шабыңдар! — деді Әжібек қатал ескертіп.- Тобылғының қызуы мол болады 
және қолға кіретін тікені болмайды. 
Сӛйтіп, біріміз жоғары жағынан, біріміз тӛменгі жағынан, енді 
біреулеріміз қос бҥйірінен дегендей қорым тастың жиегіндегі қалың ӛскен, 
кісі бойындай тобылғыны жан-жақтан шабуға кірістік. Бҧрыннан ҥлкендерге 
ілесіп тобылғы шауып жҥргендер онша қиналмай-ақ бірден кірісіп кеткен, 
ауыр кетпенді салмақтай кӛтеріп, тобылғының тҥбін орай тасы жоқтау деген 
тҧсын ала гҥрс еткізіп қап, оп-оңай ғана тамырымен қопарып тастайды, ал 
тәжірибесіздері тобылғыны кез келген жерінен шауып аламыз деп 
кетпендерінің жҥзін кӛк тасқа шақ-шҧқ соғады. «Гҥрс-гҥрс»… «Шақ-шҧқ…» 
Ойнай жҥріп, кҥн еңкейгенге дейін, әуелі, Ырысбекке деп дәу екі арқа 
тобылғы шауып, оларды жіппен буып тӛмен -ауылға қарай домалатып, енді 
әрқайсымыз ӛз ҥйлерімізге деп шабуға кіріскенбіз. 


175 
Бір кезде оқыстан шыққан айқай-шу, аттандаған дауыстар бәрімізді де 
елең еткізді. Тобылғы шапқанымызды доғарып жалт-жалт қарадық. Тӛменде 
жатқан ауылдың кӛшесінде әбігерге тҥскен кемпір-шал, бала-шаға біздерге 
қолдарын бҧлғап, бірдеңе деп айқайлап, шуылдасып тҧр. Екі-ҥш ересек адам 
бері тауға қарай емпелеңдесіп келеді. «Ай-оу-у, ат-тан!»» Ат-та-ан!.. Ой-ба-
айй!.. Ой-байй!..» — деседі, басқа сӛздері естілмейді. 
− Әй, мыналар неге шулап тҧр? — деді Әжібек. 
− Біздің жоғары жағымыздан бірдеңені нҧсқайтын сияқты,- деді Санат. 
Бәріміз енді жоғары жаққа қарағанбыз, қожыр-қожыр боп тӛбемізден тӛнген 
жартастардан ӛзге ештеңе кӛрінбейді. 
− Ай-о-оу-у!.. О не-е? Не деп тҧрсыңдар? — деп Әжібек ауылдағыларға 
қарай айқайлаған. Осы сәтте ғана қҧлағымызға ауылдағылардың: 
«…Ысқыр!.. Ысқыр!» — деген сӛздері естілгендей болды. 
− Қасқыр дейді,- деді Санат. 
− Ойбай, қасқыр деп тҧр ғой,- деді балалардың бірі ҥрейлене. Бәріміз де 
ҥрейленіп қалдық. Қайтадан ор жаққа, тӛңірегімізге қарағанбыз. 
− Әне!..- деді бір бала.- Қос кӛк тастың астында. 
Енді біз де кӛрдік, алып алма ағаштың желке тҧсында, біздің теріскей 
жағымызда аумағы екі ҥйдің орнындай жалпақ екі кӛк тас болатын, солардың 
астыңғы жағында тӛрт-бес кӛк ит бҧта-бҧтаның арасында бірі шоқиып, бірі 
тҧмсығын кӛтере ауаны иіскелеп, енді бірі біз жаққа сазара қарап тҧр екен. 
− Ойбай-ай, апа-а! — деп шарылдай жӛнелді балалардың бірі. Оған 
екінші, ҥшінші ойбай қосылды. Тау ҥстінде шулап кеттік. 
− Не істейміз? — деген Әжібек. 
− Тек қашпайық, бәріміз топтасып бірге тҧрайық,- деді Санат. 
− Дҧрыс. Кәне, кетпендеріңді алып менің қасыма жиналыңдар. 
Кетпеннің шҥйдесімен тасты соғып, бәріміз бірдей аттандайық! 
− Ат-тан!.. Ат-тан!.. 
Шақ-шҧқ тасты соғып, біріміз шыңғырып аттан сап, ойбайлап бердік. 
Кенет қасқырлардың шоқайып отырғаны темен қарай ырши секірген. Анық 


176 
кӛрдік, ҥлкендігі тайыншадай, нағыз кӛкжал екен. Секірген кҥйі біздің 
кӛзімізден таса тҧрған алып алма ағаштың тҧсына батып кӛрінбей кетті. 
Тӛменгі ауыл жақтағылар бҧрынғыдан да қатты шуылдасып кетті. 
− Бәрің тҥгелсің бе? — деді ҥрейленген Әжібек. 
− Тҥгелміз. 
Кӛкжалдың соңын ала басқа қасқырлар да бізге кӛрінбей кеткен. Кҥз 
жақты жаңғырықтырып иттің жанҧшыра ҥргені, одан қатты бір қаңқ еткені 
естілді. Ауыл жақтағылар әлі шулап тҧр. Сәлден кейін алып алма ағаштың 
арғы жағындағы қарлы беткейді қиялап әлгіндегі қасқырлар ҧмар-жҧмар 
орталарындағы қараңдаған бірдеңені кезек-кезек созғылап сҥйрелеп бара 
жатты. 
− Қарақаншықты әкетті!.. 
Жанҧшыра қаңсылап бара жатқан сол Қарақаншық екен. Әрқайсысына 
бҧл да ауыз салмақ болып азу тістерін сақылдатып айбат жасайды, бҧлқына 
арпалысады, кӛмек сҧрап жанҧшыра қаңсылайды, бірақ әлуетті кҥші басым 
қасқырлар оны жан-жағынан қақпақылдай қағып, кӛкпарға салғандай 
бірінен-бірі жҧлқа тартып кергілеп барады. Әрқайсысы бар екпінімен ағып 
кеп, қанға боялған арандай ауыздарын салып ӛткенде, Қарақаншықтың бір 
мҥшесін жҧлып әкеткендей болды. Аппақ қардың ҥстінде судай шашылып 
бара жатқан Қарақаншықтың қаны, шарылдай қаңсылағаны керемет 
аянышты еді, тау-тасқа жаңғырығып аза бойды қаза тҧрғызды. Бҥкіл ауылға, 
шуылдаған халыққа қҧтқарыңдар дегендей шырқырайды. Ал қасқырлар 
болса ӛршелене, қҧтырына тҥсіп жҧлқып-жҧлқып әкетеді. Біртіндеп 
Қарақаншықтың қаңсылы басылайын деді, сәлден кейін мҥлдем ҥні ӛшіп, 
қасқырлардың аузында жҧлмаланған жансыз затқа айнала бастады. Тағы бір 
жҧлқыласқан кезде, кеуде жағы әлгіндегі тайыншадай кӛкжалдың аузында 
қалды да, бӛксе жағын басқа қасқырлар бӛлісіп әкетті, осылайша 
Қарақаншықты бҥкіл ауылдың алдында пәре-пәресін шығарып олжалаған 
қасқырлар жҧлқыс-тартыспен қыратты асып кӛрінбей кетті. 
Біз, балалар, зәре-қҧтымыз ҧшып, қалтырап қалш-қалш етіп ҥніміз 
шықпай, бір-бірімізге тығылып есіміз шығып кеткен еді. Енді шапқан 
отындарымызға қайырылмастан, бір-бірімізді қаға-маға тӛмен ауылға қарай 
біріміз домалап, біріміз сырғанап безіп жӛнелдік. 
Келесі кҥні қорқыныш-ҥрейіміз басылған соң, Әжібек шанасы бар 
балаларды ӛзі бастап жҥріп, кешегі таудан домалатқан ҥлкен екі арқа 
тобылғымызды Ырысбектің ҥйіне жеткізіп бердік. Егер ӛгіз шанаға тиер 
болсақ, мҧнымыз дәу бір шана отын еді. Он шақты бала жан теріміз шыға 


177 
жҥріп әлгінің бәрін Ырысбектің қорасына кіргізіп, тап-тҧйнақтай етіп бір 
жағына жинап қойдық. Ӛз ҥйлерімізде шыбық басын сындырсақ шыңқылдап 
тҧратын, бір қҧшақ отын бҧтағанның ӛзінде ҥйдегі ҥлкендерді заржақ қып 
барып әзер тіл алатын, шіркіндер, Ырысбек пен Әжібектің алдында ӛстіп 
мӛнтең қағатынбыз. Біз тобылғыны тегіс кіргізіп болған кезімізде, Ырысбек 
ҥйінен шыққан, бәрімізге жағалай бір қарап ӛтті де: 
− Әй, адъютант Әжібек! — деді. 
− Иә, жолдас камандірі — деп Әжібек қарсы алдына жетіп барды. 
− Мынау балалар бҥгіннен бастап жай әскер емес, ең сенімді, ең батыр, 
алдыңғы шепте ӛзімнің тӛңірегімде ғана жҥретін тӛлеңгіттерім болады,- деді. 
Біз ол сӛздің мәніне тҥсіне қоймай бір-бірімізге, одан Әжібекке 
қарағанбыз. 
− Обшым, тӛлеңгіт болғаннан ҧтылмайсыңдар. Басқа балаларға сендер 
камандірсіңдер,-деп тҥсіндірді Әжібек. 
− Дҧрыс айтады,- деді Ырысбек оның сӛзін қостап. 
− Ертең мен мына Әжібекті МТС-қа темекі әкелуге жібергелі отырмын. 
Темекі әкелген соң, бәріне шылым тартуды ҥйретеміз. 
Біз тӛбеміз кӛкке жеткендей боп қуанып қалдық, бір-бірімізге 
жымыңдаса қарап, шылым тартуды ҥйренетінімізге мәз боп тҧрмыз. 
Шылымды қҧшырлана тҧрып сорып, оның тҥтінін мҧрыннан, кӛзден, 
қҧлақтан шығару деген керемет қой! 
* * * 
Бар тілегім, Ырысбек қашан ҥлкейтіп болғанша, кӛкем мен апамның 
суретін алғанымды Нәзира әпкем білмесе екен деймін, кешкісін жҧмыстан 
келгенде, сандықтағы альбомын алып қарай кермесе екен деп қыпылдап 
отырам. Абырой болғанда, ол қырманнан діңкелеп шаршап келеді де, кешкі 
тамағын іше сап, ештеңеге қарауға шамасы келместен мҧрттай ҧшады. Бар 
айтатыны: 
− Қанатай, қол диірменді ӛзің айналдырарсың,- дейді. 
− Мақҧл, әпке, алаң болма,- деп, мен осы ҥйдің онан кейінгі естияры 
ретінде ертеңгі ішім-жем талқанды тас диірменге тартуға кірісем. Тас 
диірменді айналдыру ауыр, қолдың қарын талдырады, бірақ амал қанша, 


178 
әжемнің шамасы жетпейді, басқа балалар әлі кішкене, сондықтан қолымның 
қаншама талып, иықтарымның талмаусырап қарысқанына қарамастан, бар 
кҥшімді жинап, әбден әлім қҧрып діңкелегенше, кҥшене отырып 
айналдырам. Маңдайымнан тер бҧршақтап, кӛзім қарауытып кетеді, сонда да 
әжеме, інілерім мен қарындасыма сыр білдірмеймін. 
Әжемнің: 
− Болды, қарағым, алдыңдағы ауыр тас, иығыңда ауыртып аласың,- 
дегеніне қарамастан, ылғи да қос уыс бидайды артық тартам. 
Бҥгін де сӛйтіп кҥшене отырып ертеңгі кҥннің талқанын тартып боп 
қалған кезімде, тарс-тҧрс есік ашылып, ҥйге Ырысбек пен Әжібек кіріп келді. 
Есіктің қатты ашылып, қатты жабылғаны сонша, ҥйдің ортасындағы 
дӛңгелек ҥстелдің ҥстінде тҧрған май шам жалп-жҧлп етіп ӛшіп қала 
жаздады. 
− Кеш жарық, әже,- деді Ырысбек даусы гҥр етіп. 
− Қарағым, Ырысбекпісің? — деп әжем келгендерге сығырая қараған. 
− Ия, мен ғой, әже. 
− Қасыңда тағы біреу бар ма? 
− Әжібек қой. 
− Ә-ә… Мына беймезгіл уақытта жай жҥрсіңдер ме? 
− Балаңыз бен келініңіздің суретін ҥлкейтіп едім, соны әкелдім,- деді 
Ырысбек даусын кӛтере сӛйлеп. 
Сӛйтті де ӛзі қолындағы ораулы қағаздың бір жағын Әжібекке ҧстатып 
шамның жарығына тосқан; әнеугҥнгі ӛзім берген суреттен айна-қатесі жоқ 
кӛкем мен апамның ҥлкейтілген суретін кӛргенде, басы әжем болып, бәріміз 
есіміз шығып аңырып қараппыз да қалыппыз, кәдімгі кӛкем мен апам тіріліп 
ҥйге кіріп келгендей. Әжем ӛз кӛзіне ӛзі сенбегендей жақындаңқырап кеп 
ҥңіле қарады да: 
− Қарғаларым, қос қарашығым… тіріліп келгендей боп қатар тҧра 
қалғандарын… О, менің айым мен кҥнім…- деп, айналып-толғанып, есі 
шығып кетті. 


179 
− Әже, қай жерге ілейін? — деп сҧрады Ырысбек. 
− Тӛрге іл,- деді әжем. 
Абыр-дабырға Нәзира әпкем де оянып кеткен. Әуеліде тҥкке тҥсінбей 
басын кӛтеріп ап одырая қарап жатты да, Ырысбек ойқастап барып тӛрге 
суретті ілген кезде ғана, істің мәніне тҥсінгендей орнынан тҧрды. Әжемде ес 
қалмады. 
− Ағаларыңа тӛрге кӛрпе салыңдар… Әй, Болатжан, от жаға қойшы, 
қҧлыным…- деп, бәйек боп шәугімге су қҧйып, шай қойып, Ырысбек пен 
Әжібекке елжірей қарап: 
− Тӛрге шығыңдар. Отырыңдар. Айналып қана кетейін, сендерден. 
Ӛлгенді тірілтті деген осы, мың жасағырлар. Ӛркендерің ессін, қос 
қарағым… Әй, Қанат, ауыз ҥйдегі сҥтті әкелші. 
Бҧл енді әжемнің ағынан жарылғанының белгісі. Әне-міне суалуға 
таяған қоңыр сиырымыздан кҥніне екі кеседей ғана сҥт шығады. Соның бір 
кесесін шайға да, бір кесесін кҥніне бір рет жасайтын атала кӛжеге қататын, 
қазіргі маған алғызғаны ертеңгі кӛжеге қатуға алып қойған сҥт еді. Сол сҥтке 
әлгінде ғана ақ тер — кӛк тер боп ертеңгі азыққа деп мен тартқан талқанды 
тҥгел бір табақ қып шылап, Ырысбек пен Әжібектің алдына қойды. 
− Алыңдар, айналайындар,- деп бәйек боп жҥр.- Әй, Нәзира, ағаңа шай 
қҧй. 
Нәзира әпкем де тӛрдегі суретке қарап қойып, риза кӛңілмен шай 
қҧйып беруге кірісті. Біз, балалар да, әке-шешеміздің суретіне қайта-қайта 
жалтақтай қарап, онан шыланған талқанды кӛсей асаған Ырысбек пен 
Әжібекке кӛз саламыз, аузымызға ҥйірілген сілекейді тамсана жҧтынып 
қойып, ернімізді жалаймыз. Ҥйеме табақ талқан лезде сап болды. 
Маңдайлары тершіген Ырысбек пен Әжібек бір-біріне қарап жымыңдасып 
қояды. Әжібек кекірініп те алды, тойғанының белгісі. Ыстық суды сораптата 
ҧрттап бірер шыны аяқ ішіп тоқтарын басқаннан кейін, Ырысбек Әжібекке 
ымдап қол созған. Әжібек ҧшып тҧрып, келгендерінде қабырғаға сҥйеп 
қойған домбыраны орауынан ашып ҧстата берді. Ырысбек домбыраны 
қолына алып, қҧлақ кҥйіне келтіре бебеулетіп қағып-қағып жіберді де, онан 
соң әжеме: 
− Әже, сізге бір ән салып берейін,- деді, кӛзінің қиығымен Нәзира 
әпкеме де қарап қояды. 


180 
− Сала ғой, қарағым,- деді әжем елжіреп. 
Сол-ақ екен, Ырысбек домбырасын безілдетіп-безілдетіп алып, тӛбе 
қҧйқаңды шымырлатар ғажап әуендердің бірінен кейін бірінің басын тез-тез 
қайыра отырып бір кез: 
«А-хо-ау-у-у, хайли-лау, ли-ли-лау, ли-ләй-лау…» — деп әдемі, зор 
қоңыр даусымен бастап кеп жіберген кезде, кҥп-кҥңгірт боп кӛлеңкелеріміз 
ербиіп, ҥрейді ҧшырып отыратын жадау-жҥдеу ҥйдің іші самаладай боп 
жарқырап сала берді. 
Қыз емес қыздың аты қызыл асық, 
Жігіттер қыз балаға болған ғашық. 
Сырттағы дҥниені сықырлатып уысына қысқан ызғарлы қыс та, кӛзің 
тҥскен жерде мен мҧндалап екі иығыңнан зілдей боп басып тҧратын жадау-
жҥдеу тҧрмыс та, әркімнен бҧғып, жасқанып, именшек отыратын кҥйкі тірлік 
те — бәр-бәрі де ысырылып кейін қап, дҥние тҥгел әсем әнге, сән-салтанатқа 
толып, жартыкеш кӛңілдің кем-кетігі тегіс жазылған, жайраңдаған жаз ӛмір 
орнады. Шіркін, ӛмір деген қандай сҧлу, қандай жарқын! Ӛмір сҥру, тірі 
жҥру қандай бақыт! Адамдардың бір-біріне деген кіршіксіз таза кӛңілі, бір-
біріне кӛрсететін сый-қҧрметі, сҥйіспеншілігі қандай ғажап! 
«А-хо-оу-у хай-ли-лау 
ли-ли-лау ләй-ләй-лау…» 
Шіркін, осындай да ғажап ән, ғажап дауыс болады екен-ау?! Бҥкіл 
болмысыңды сиқырлап алып, ӛзімен бірге еліктіріп, елітіп, тіл жеткісіз 
ғаламат сезімге бӛлейді. 
Сӛйтіп, бір әннің сиқырлы дҥниесіне еніп, соның ӛзінен ес жия алмай 
езіліп отырғанымызда, Ырысбек екінші әнді бастап кетті. Тағы да алғашқыға 
ҧқсас, одан артып тҥспесе кем тҥспейтін әсем дҥние есігін ашты… Онан 
кейін ҥшінші ән, тӛртінші ән… бесінші ән… Ырысбектің әндері кӛбейе 
тҥспесе, азаюшы ма еді. Кӛзін жҧмыңқырап ап, бет-аузы әннің ырғағына 
қарай сан қҧбылып, әдемі зор даусымен бҥкіл дҥниені сиқырлап қойғандай. 
Кӛптен бері, сонау ӛзі әскерден қайтқан кҥнгі кештен кейін оның дәл 
бҥйтіп ән салғанын кӛрмеп едім; ӛңі керемет сҧлуланып, нҧрланып, 
әншейіндегі жексҧрындығынан, иттігінен із де қалмаған. Әжем алдындағы 
жҧлық-жҧлық жабағы жҥнді жібекше талдап тҥте отырып, әрбір жаңа әннің 
тҧсында басын кӛтеріп ап, кӛзі жасаурай сығырайып Ырысбекке айналып-


181 
толғана елжірей қарайды, кӛңілінің кӛптен бері бір жадырағанын жасыра 
алмайды; кішкене балалар болса әншейіндегі бірін-бірі тҥртпектеп отыратын 
қылықтарынан пышақ кесті тыйылып, бағжырайған кӛздерін Ырысбектен 
алмастан ауыздарын ашқан кҥйде демдерін іштерінен алғандай тым-тырыс 
отыр; Нәзира әпкем пеш жақтан кеп ҥстелге бір қырын сәл теріс қарап 
отырып шай қҧйған әлгіндегі қалпында тас боп мелшиіп қатып қалған, ән 
тыңдап отыр ма, жо әлде қалғып кетті ме, белгісіз. Қанша уақыт ӛткенін кім 
білсін, бір кез бет-аузын қара тер басқан Ырысбек шаршағандай әнін 
тоқтатып, барлығымызға кҥлімсірей қарап шықты да: 
− Осымен болған шығар,- деді. 
− Ӛркенің ӛссін, қарағым, кӛңілімізді бір кӛтеріп тастадың ғой,- деп, 
әжем шын кӛңілден ризашылығын білдірді. 
Жанар мен Жанат әжемді тӛңіректеп барып ҧйықтап қалған, олардан 
ересектеу Болат қалғып-мҥлгіп есінеп отырса да, намысына тырысып ҧйқыға 
жеңдіргісі келмейді. Менің де ҧйқым келіп отыр, бірақ ҥйдегі естияр еркек 
езім екенім есіме тҥссе-ақ, ҧйқым шайдай ашылады. Нәзира әпкем тҧрып 
тӛсек салып, әжемнің екі жақ етегін ала жатқан Жанар мен Жанатты 
жатқызды. 
− Кӛзің қызарып кетті, сен де енді жат тӛсегіңе,- деді Болатқа. 
Нәзира әпкем балаларға тӛсек сала бастаған соң, Ырысбек пен Әжібек 
енді ӛздері де тым кеш отырып қалғандарын тҥсініп кететін шығар деп 
ойлағам. Олай болмады. 
− Әже, от жағылмаған суық ҥйге барғым келмей отыр. Рҧқсат болса 
осы ҥйдің бір бҧрышына қона кетсем деймін,- деген Ырысбек самбырлай 
сӛйлеп. Әжем сәл ҥндемей қалды да, алдындағы тҥтілген жҥнін жинастырып, 
етегін қағып орнынан тҧрды. 
− Қонам десең қона ғой, қарағым. Қонақты қуып шығу салтымызда жоқ 
қой,- деді. Маған әжемнің бҧл жауабы Ырысбектен гӛрі Нәзира әпкеме арнап 
айтылғандай кӛрінді. 
Нәзира әпкем ҥн-тҥнсіз тӛрге балалардың тӛсегіне қатарластыра 
қонақтарға да тӛсек сала бастады. Ырысбек пен Әжібек сыртқа шығып келуге 
кеткен. 
− Әже, мен кӛрші ҥйдің біріне барып қонайын,- деген Нәзира әпкем. 


182 
− Сӛйтсең сӛйт, қарғам,- деді әжем кҥрсіне тҧрып. 
Ырысбек пен Әжібек кіріп, киімдерін шешініп жатуға ыңғайланған 
кезде, сырт киімін желбегей жамылып Нәзира әпкем далаға шығып кетті. 
Әжем жатқан соң, жыпылықтап тҧрған шамды ӛшіріп мен де кеп орныма 
жаттым. Кӛзім енді ілініп барады екен, біреу бҥйірімнен нҧқып қалды. 
− Әй Қанат, әлгі Нәзира әпкең қайда кетті? — деп сҧрады Әжібек 
сыбырлап. 
− Білмеймін. 
− Немене, сонда ол бҥгін ҥйге қонбай ма? 
− Кӛршілердің біреуінің ҥйіне қонам деп кетті. 
Әжібек дереу сырғып барып менің айтқандарымды сыбырлап 
ЬІрысбекке жеткізді. Сәлден кейін Әжібек сырғып қасыма қайта келді. 
− Әй, Нәзира әпкең кімнің ҥйіне кетті? 
− Білмеймін. 
− Неге білмейсің? 
− Кімнің ҥйіне кеткенін айтқан жоқ. 
− Қап! 
Енді қараңғы ҥйде Ырысбек пен Әжібектің кҥбір-кҥбір сӛзі кӛбейейін 
деді. Екеуі қараңғыда отырып киіне бастады. 
− Әй Қанат, киін, сен бізді шығарып саласың! — деді Әжібек әмірлі 
ҥнмен. Ӛзімнің де кҥткенім сол еді, осы пәлелерден тез қҧтылайық деген 
оймен оңайда тҧрған киімдерімді лып-лып еткізіп ҥстіме іле сап, қараңғыда 
жандарына бардым. 
− Бҧ қайсың, қараңғы ҥйде тҥрегеп жҥрген? — деп сҧраған әжем. 
− Әже, біз ғой, қазір далаға шығып келеміз,- деді Ырысбек. 
− Ә-ә,- деп әжем онан әрі қарай кҥбірлеп қҧдайға сыйынып кетті. 


183 
Мен қараңғы ҥйде сипаланып жҥріп есікті ашып, екеуін бастап сыртқа 
алып шықтым. Тҥн тастай қараңғы екен. Аспан бҧлттанып, оңынан желемік 
соғып тҧр; кҥн бҧзылып, қар жауардың алдында ӛститін. Иттердің ғана 
ҥргені болмаса, ауыл ҥйдің арасы тым-тырыс, бірде бір ҥйде шам жоқ, бәрі де 
тегіс ҧйқыға кеткен. 
− Нәзира кімнің ҥйіне кетті? — деп енді Ырысбек сҧрады. 
− Білмеймін. 
− Қалайша білмейсің? — деп ол шап етіп жағамнан ҧстай алды. Менің 
зәрем ҧшып кетті, «әжелеп» аттан салуға шақ қалдым. 
− Маған айтқан жоқ. 
− Жоқ, сен білесің. Қазір бар да, әжем шақырып жатыр деп ертіп кел. 
− Рас айтам, ағатай, кімнің ҥйінде екенін білмеймін, бізге айтпай 
шығып кетті,- деп, мен шыж кӛбелек боп тҧрмын. 
− Онда білмегенің ҥшін жаза тартасың,- деп Ырысбек дір-дір етіп 
тҧрған кҥйімде тіп-тік кӛтеріп алды да, шыр кӛбелек айналдырып әкеп, есік 
алдындағы қалың кҥресінге басымды тӛмен қаратып қойып қалды. Тҥнге 
қарай беті сіресіп жатқан қатты қардың тӛбеме қатты тигенін білем, бет-
аузымды қалың бӛргездей осып жібергенін білем, онан әрі сәл есім ауытқып 
кетіпті. Басым тӛмен қарай шаншылып кҥресін қарда қанша тҧрғанымды 
білмеймін, бір кез есім кіргендей боп, аяқ-қолымды тыпырлата бастағам, 
кӛрім болғанда, кҥресіннің жарқабақ жағы опырылып кетіп, есікке қарай 
домалап тҥстім. Жан-жағыма ҥрейлене қарасам, Ырысбек те, Әжібек те жоқ 
екен, домалай ҧмтылып ҥйге кіріп, жан-дәрмен есікті жауып, ілгегін салып 
алдым. «Уһ» деп осы жерде ғана есімді жиғам. Ішкі есік ашылып, қолына 
жалп-жҧлп еткізіп май шамды ҧстап әжем шықты. 
− Қанатпысың? Тыныштық па? 
− Тыныш…- дедім мен әжемді қорқытпайын деп тҥк болмағандай 
жайбарақат ҥнмен. 
− Әлгілер қайда? 
− Ҥйлеріне кетті. 
− Тыныш кетті ме, әйтеу? 


184 
− Иә, тыныш кетті,- дедім, ӛнебойым дір-дір етіп, енді сәл тҧрсам, 
әжемді қҧшақтап еңіреп жіберуге дайын тҧрмын.- Ҧйқым келді, әже, 
жатайықшы… 
* * * 
Ертеңгісін беті-қолымды жуғанымда, тҥндегі қар сҥрген жерлер 
тызылдап ашып, алақаныма қабыршақ жаралар мен домбыққан ісіктер 
білінді. Айнаға барып қарағам; маңдайым, мҧрнымның ҥсті, екі бетімнің 
ҧштары мысық тырнағандай жара-жара боп қапты. 
− Қанат, сенің бетіңе не болған? — деді Болат таңырқап. 
− Білмеймін,- дедім мен ӛзім де таңырқаған боп. 
− Тҥнде жалмауыз кемпір кеп тырнап кеткен ғой. 
− Солай шығар. Ӛзі байқамаса, әжеме айтпа, босқа қорқып қалады,- 
дегем. 
− Жарайды,- деді Болат. 
Кӛрші ҥйге тҥнеп келген Нәзира әпкем де есіктен кіре бере бетіме жалт 
қарап: 
− Саған не болған? — деді ҥрейлене. 
− Жай, әншейін,- дедім мен иығымды қиқаң еткізіп. 
− Тҥндегілер ғой?! 
Мен басымды изедім. Әпкем кеп қҧшақтап бауырына қысты. 
− Қанатай-ай, мен ҥшін сені де әбден қорлап болды-ау, Ырысбек 
оңбаған,- деді. Даусы дір-дір етіп, алқымына ӛксік тығылғанын сезіп тҧрмын. 
− Әй Қанат! — деді осы кезде ауыз ҥйде шелектерді салдырлатып 
жҥрген әжем дауыстап.-Анау қорадағы малды шығар! 
Мен әпкемнің қҧшағынан шығып есікке беттедім. 
− Әжем кӛрді ме, біле ме? — деп сҧрады әпкем. 


185 
− Жоқ, білмейді. 
− Онда айтпай-ақ қой. Тағы да жылап-сықтап мазасы кетеді. 
− Айтпаймын. 
Шай ҥстінде бетімді кӛлегейлеңкіреп бір қырын отырдым да, ала 
кӛлеңке ҥй ішінде әжем де, кішкене балалар да бет-аузымның жарасын 
байқамады. 
− Ойнап кӛп жҥріп алмай, тҥске қарай ертерек қайтып, малды суғар,- 
деді әжем. 
− Мақҧл. 
Шанамды сҥйретіп далаға шықсам, кӛшенің ортасында Әжібек тҧр. 
Тістерін ақсита кҥліп қасына шақырды. 
− Бет-аузың аймандай бопты ғой,- деді мәз болып. 
Әрине, оған кҥлкі, мен ҥндегем жоқ. 
− Сенің Нәзира әпкең де қызық, қашып кетпесе қайтер еді,- деді ол 
менің әпкемді кінәлай сӛйлеп.- Ырысбек қазір оған ғашық. Байғҧс тҥні бойы 
жылап шықты. Қатын ҥшін жылаған адамды кӛргенім осы. Ӛзі де ҧйықтаған 
жоқ, мені де ҧйықтатқан жоқ. Ғашықтықтан кҥйіп-жанып барам дейді. Қанат, 
сен енді ол ҥшін ренжіме. Ырысбектің бҧл жолғы махаббаты нағыз шын 
махаббат сияқты. «Әжібек-ау, бауырым-ау, осы уақытқа дейінгімнің бәрі 
бекершілік екен» дейді. Ант-су ішті. Ел сияқты семья қҧрып, ҥй болғым, бала 
сҥйгім келеді дейді. 
Кӛшенің тӛменгі жағынан Шағыр кӛз жиренін шанаға жеккен почташы 
Мақым шал шыққан. 
− Обшым келген соң, мен саған тҥсіндіріп айтам бәрін де,- деді сӛзін 
асыға тҧжырымдаған Әжібек.- Қазір, анау почтаның шанасымен Мытысқа 
темекіге кетіп барам. Ырысбек, міне, жҥз сом берді,- деп қалтасынан жалпақ 
ақшаны суырып ап кӛрсетті.- Осының бәріне темекі сатып әкелем, әлі 
шылым тартуды ҥйретеміз. 
Әжібек қасымыздан ӛте берген почташы шалдың шанасына секіріп 
мініп, МТС-қа кетті де, мен ауылдың шетіндегі сайдың қабағында кӛшкіннен 
шана теуіп жҥрген балаларға қарай тарттым. Кӛшкіннен секірте шана теуіп 
біраз ойнаған соң, малдарды суғаратын кез болды-ау деген кезде, әжеме 


186 
берген уәдем бойынша ҥйге қайтқам. Енді бет-аузымдағы жараларымды 
кӛрсе кӛрсін деп жасырмай келдім, егер не болды деп сҧрай қалса, шанамен 
кӛшкіннен секірем деп жығылып қалдым дей салмақпын. Осы оймен 
қаперімде ештеңе жоқ ҥйге кіріп келсем, терезеге таяу жалғыз орындықта 
Ырысбек отыр. 
− Қанатай, кҥнім, жақсы ма,- дейді маған елжірей амандасып. Тіпті тҥк 
болмағандай, тҥнде ғана мені кҥресіндегі қатты қарға бет-аузымды жара-
жара ғып тӛбемнен шанышпаған адамдай мҥләйімси қапты. Мен ҥндегем 
жоқ, ошақ жаққа барып, кәнге сҥйене тҧрдым. Қазандықтың желкесіндегі дәу 
қара пышақтың орнында жатқанын кӛріп, кӛңілім орнына тҥсті. Егер осыдан 
Ырысбек артық-әбес бірдеңе істер болса, сол қара пышақпен ішін жаруға 
бекіндім. 
Әжем жҥн тҥтуге кірісіпті, Нәзира әпкем кәннің екінші шетінде иығына 
апамнан қалған ескі кҥпәйкені жамылып шҧлық тоқып отыр, әскерге 
жіберілетін киім. Балалар кән жақ бҧрышта сабаннан қалпақ тоқып ойнап 
отыр. Сабаннан қалпақ тоқуды немістің балаларынан ҥйренген. 
Әжем мен кірмес бҧрын бастаған сӛзін жалғастырды: 
− Сен ӛйтіп бізді басынба, қарағым. Саған қолымнан қызымды бере 
алмаймын. Ӛйткенше бҧл дҥниеден байсыз ӛтсін. Ал егер менің айтқаныма 
кӛнбей ӛз бетімен саған ілесіп кетер болса, міне, қҧдай алдындағы сӛзім, 
екеуіңе де қарғыс айтам. 
− Әже, мен қарғыстан қорықпаймын,- деп, Ырысбек мырс етіп кҥлген. 
− Әй! — деді әжем оқыс ҥнмен.- Ӛйтіп кӛктен тҥскендей боп кӛкіме! 
Шын қарғысқа ҧшырасаң, оның дауасын қайтару қиын болады. Әсіресе 
жетім-жесірдің кӛз жасы жібермейді. Бҧ дҥниені қойып, о дҥниеде де 
алдыңнан шығады. 
Әжемнің шындап ашуланғанын кӛргенім осы еді, ҧшып тҧрып 
ошақтың аузында жартылай отта жатқан ыстық кӛсеуді кӛтеріп алды да, 
Ырысбекке есікті мегзеді: 
− Әже… әжетай, қойдым, кҥнім әжетай!… Сӛзіңе қҧлдық, қойдым… 
кеттім… кеттім…- деп, Ырысбек лажсыз кҥлгенсіп, есікке беттеді. 
Ол кеткен соң, әжем орнына кеп отырып, жҥнін тҥтуге қайтадан кірісті. 
Кӛпке дейін ҥйдің ішінде тым-тырыс тыныштық орнаған. Тек Жанардың 
қуыршағына «Лағынет!» деп сыбырлай ҧрысқаны ғана естілді. Әлден 


187 
уақытта әжем: 
− Е, жаратқан бір алла, кеше гӛр ӛзің, жаратылысымда ҥйден кісі қуып 
шығып кӛрмеп ем. Мәжбҥр болдым,- деді ауыр кҥрсініп. 
Қолы-қолына жҧқпай шҧлық тоқып отырған Нәзира әпкем бір кез ісін 
тоқтатып: 
− Әже! — деді. 
− Ay қарағым? 
− Жоғарғы жақтан ҥкім кепті, әйелдер мен қыздарды трактордың 
оқуына жіберіңдер деген. 
− Иә. 
− Соған әнеу бір кҥні Байдалы шал колхоз атынан сені жіберсек қайтеді 
деген маған. Егер келісім берсем, енді жарты айдан кейін сол оқуға кетер ем. 
Әжем де тҥтіп отырған жҥнін тоқтатып, оған оқыс бҧрылып: 
− Ол теміріңді әйел жҥргізе алушы ма еді? — деді. 
− Жҥргізеді. Соғыстан бҧрын Паша Ангелина деген тракторшы әйелдің 
аты мен суреті газеттен тҥспеуші еді ғой. 
− Қыз баласың ғой, білегің жіңішке, темірді жҥргізу ауыр тимесе. 
− Тракторды жҥргізу ҥшін қара кҥш емес, білім керек, айла, тәсіл керек. 
− Қайдам, қарағым, ӛзің білесің де,- деді әжем тағы да кҥрсініп. 
− Трактордың оқуын оқысам, бір жағы мамандық алар ем, екіншіден 
мына ауылдағы қаңқу-саңкудан аулақ болар ем. Әже-ау, ӛзің ойлап қарашы, 
қысы-жазы колхоздың мені қуаламайтын жҧмысы жоқ, айлап-апталап далада 
жҥрем. Ал трактордың оқуын бітірсем, сол мамандығым бойынша істейтін 
белгілі бір жҧмысым болар еді. 
− Мейлің онда, барам десең бар,- деді әжем келісімін беріп. Қуанып 
кеткен Нәзира әпкем жымың-жымың етіп кҥлімсіреп, маған қарап кӛзін 
қысып қойды. 


188 
Мен сыртқа шығып, кҥндегі дағдымен қоңыр сиыр мен екі ешкіні 
айдап апарып тҧмада суғарып қайтып келе жатқанымда, ауданнан келетін 
ҥлкен жолмен ауыл кӛшесіне кірген бір ат-шана қарсы жолыққан. Ҥстінде екі 
адам бар екен: бірі шинель киген, иығында погоны бар, едірейген қалың 
мҧртты, кӛзі шарасынан шыққан жалпақ бет, алпамсадай зор денелі кісі, 
белінде ҧзын қылышы бар, ал екіншісі тон киген, бет-аузын қалың тҥкті 
сақал-мҧрт басқан ат айдаушы орыс шалы. 
− Әй, балам! — деді мҧртты кісі маған.- Ырысбек дегеннің ҥйі қайсы? 
— деп сҧрады. 
Мен Ырысбектің ҥйін нҧсқағам, әлгілер аттарының басын солай қарай 
бҧрды. Сҥрлеу жолдан шыққан ат қалың қарды омбылай жҥрді. 
Қайдан шыға келгендерін білмеймін, соның арасынша біраз бала 
қасыма топырлап жиналып та қапты. 
− Қанат, ол кім екен? Милиция ма? 
− Неменеге келіпті? 
− Кімге келіпті? Сенен не сҧрады? — деп балалар жан-жақтан 
сҧрақтың астына алып жатыр. 
− Білмеймін неге келгендерін, Ырысбектің ҥйін сҧрады. 
− Ойбай, онда бір қызық болады десеңші. 
− Ал кеттік солай қарай… 
Біз енді жапа-тармағай Ырысбектің ҥйіне қарай шҧбадық. Кӛшенің 
қалың қарына малтығып ат-шана жеткенше, біз Ырысбектің есігінің алдына 
топырлап жиналып та қалғанбыз. 
Ырысбек сурет салып отыр екен, әуелгіде балалардың есігінің алдына 
неге топырлап жиналып қалғанына тҥсіне алмай, терезеден бізге қарап тҥсін 
суытып, саусағын безеген, артынша ат-шана кеп кесе-кӛлденеңдей тоқтай 
қап, одан погоны бар шинель киген мҧртты адам ҧзын қылышын сҥйретіп 
секіріп тҥскенін кӛргенде, кӛзі алақтап есі шығып, терезеден кейін қарай 
ыршып кеткендей болды. 
Мҧртты адам ішке енген, мҧндайда біз қалушы ма ек, соңынан 
топырлап ауыз ҥйге ілесе кірдік. Тҥпкі бӛлмедегі Ырысбекпен екеуінің 


189 
сӛйлескен сӛздері бізге анық естіліп тҧрды. 
− Жігітім, міне, повесткаң! Он бес минут уақыт берем, тез жинал, қазір 
ӛзіммен бірге ала кетем,- деді мҧртты адам бҧйыра сӛйлеп. 
− Қалай? Аяқ асты қалай жиналам? — деген Ырысбек сасқалақтап. 
− Е, сенің не жиналатының бар? Қалай қиып қалдырам-ау дейтін 
қатын-балаң жоқ. Әйда, киіміңді ки де жҥр. 
− Азық-тҥлік дегендей… 
− Әй, ӛзің курортта жатқандай әбден-ақ семіріпсің, бір-екі кҥнге аштан 
ӛле қоймайсың. Ертең таңертең комиссияға саламыз да, кешке қарай 
отправка жасаймыз. Бол, жинал, кҥтіп тҧратын уақытым жоқ,- деді мҧртты 
адам даусын кӛтеріп. 
− Мынау дҥниелерім… 
− Сен ӛзің, немене, әскери тәртіпті ҧмытқансың ба? Қай солдат ҥй-
мҥлкін арқалап жҥруші еді?! — деп ақырып қалды мҧртты адам.- Киін тез! 
Мен осылай қарап тҧрам, кӛзімше киін! Анау дорбадағы темекі ме? Бері 
маған бер! Менде болады. Темекі шеккің келсе, шетінен беріп тҧрам. 
Аздан кейін мойнына су кеткендей боп сҥмірейген Ырысбек ішкі 
бӛлменің есігін ашып тастап: 
− Қанатай, мына музыка аспаптарымды саған қалдырайын, аман-сау 
қайтсам ӛз қолыңнан алам ғой,- деген. 
Менің екі бетім дуылдап, ӛне бойым дірілдеп кетті, ызадан, намыстан 
болу керек. 
− Керегі жоқ,- дедім тістене тҧрып. 
− Нәзира әпкеңе айтсаң… 
− Керегі жоқ дедім ғой. Біздің ҥйден аулақ! Нәзира әпкем ауылда жоқ, 
оқуға кеткен,-дедім ызақорлана дауыстап. 
− А. Солай ма?! Онда кімге қалдырсам екен? — деді абдыраған 
Ырысбек балалардың әрқайсысына кезек қарап, бірақ ешқайсысының рай 
білдіре қоймағанын кӛрген соң, беті қайтып, лажсыз ҥнмен: — Кімге 


190 
қалдырдым енді, а? — деп мҧртты адамға жалтақтаған. 
− Қатыннан қатынды қолғап ауыстырғандай алып жҥр деп еді ғой, 
солардың біреуіне қалдырмайсың ба?! 
Ырысбек кімге қалдыратыны енді ғана есіне тҥскендей Бәтенге: 
− Айналайын, Дҥрияға жҥгіріп барып келші,- деді жалынып. 
Бәтен жҥгіріп кетті. Ол келгенше, Ырысбек музыка аспаптарын, сурет 
салатын қағаздары мен қарындаш-бояуларын жинастырып орап, буып-тҥюге 
кірісті. Сәлден кейін ентіге жҥгіріп Бәтен қайтып оралды: 
− Керегі жоқ, маған ештеңесін қалдырмасын дейді. 
Ырысбек бетінен ҧрып қалғандай басын ішіне бҧғып, қҧнысып тҧрып 
қалды. 
− Солай деді, ә…- деп басын шайқады. Одан соң мҧртты адамға қарап: 
— Кешіріңіз, енді бір адамды шақыруыма рҧқсат етіңіз,- деді. Мҧртты адам 
басын изеді. 
− Біреуің Зибашқа барып шақырып келіңдерші,- деген бәрімізге 
жалына қарап. 
− Зибаш ҥйінде жоқ, станцияға астық тарта кеткен,- деді бір бала. 
− Ә. Қап! Әжібек те жоқ. Қайрат, сен бір тіл алғыш бала едің, барып 
анау Эмманы ертіп келші. 
Бҧл Ырысбектің ең соңғы ҥміті еді. Ӛзі әлгінде ораған заттарын тағы 
бір байқастап тҥгендеп шықты да, орындыққа тізе бҥкті. Кӛзі бажырайып 
ҥйдің қабырғаларына, тӛбесіне қарайды, іштей ҥйімен қоштасып отырған 
тәрізді, орамалын алып жасаураған кӛзін сҥртті. Қайрат та Эмманың ҥйіне 
қҧстай ҧшып барып келді. 
− Маған ештеңесін қалдырмасын, керегі жоқ, әйтпесе анау қазақ 
әйелдері жҧлып жейді деді,- деп хабарлады. 
− Жарайды,- деп кӛзі жасқа толған Ырысбек орнынан тҧрды. Ҥйінің 
ішіне тағы бір қарап ҥнсіз қоштасты да, сыртқа шығып есігіне қҧлып салды.- 
Мә, мына кілтті Әжібекке тапсыр. Ырысбек ағаң аманат етіп қалдырды де,- 
деп кілтін Бәтенге берді. 


191 
Шана есік алдынан шыға берген кезде: «Әй-оу!» — деген әйел даусы 
естілген. Ҥйлердің арасынан қалың қарда жығыла-сҥрініп Дҥрия келе жатыр 
екен. Қолында тҥйіншегі бар. Мҧртты адам шананы токтатты да, Ырысбекке 
қарап: 
− Әне, бір-екі кҥндік азығыңды әкеле жатыр,- деді. Дҥрия жақындай 
бере: 
− Аспаптарыңды алып қалмағаныма ренжіме. Ендігі жерде менің 
оларға ие боп қалуымның еш реті жоқ. Оның ҥстіне әлгі керең қолына тҥссе, 
ӛртеп жібереді,- деді кешірім сҧрағандай.- Қҧдай қосқан қосағым едің, 
қоштасқалы, арыздасып қалғалы келдім. Жолың болсың, азаматым. Аман-сау 
қайт… Менің саған деген еш ӛкпем жоқ, ал менің қателігімді кеше алсаң, 
кешір,- еңкейіп кеп Ырысбектің мойнынан қҧшақтап, ҧзақ қысып тҧрып 
сҥйді. Екі иығы селкілдеп жылап тҧрды. Қҧшақтары жазылғанда кӛрдік, 
Ырысбектің кӛзінен де тарам-тарам жас сорғалап отыр екен. 
Мҧртты адам ал кеттік дегендей белгі берді де, шана орнынан 
қозғалды. 
− Қош, туған жер!… Қош бол, ел-жҧртым!..- деді Ырысбек даусы 
дірілдеп. Оның кетіп бара жатқанын Дҥрия мен біздерден ӛзге ешкім білген 
де жоқ. 
БІР ӚКІНІШ, БІР ҤМІТ 
Кешке қарай МТС-тан почташы Мақым шал мен Әжібек те қайтқан. 
− Әй, кӛксоққандар! 
Әжібектің келгенін кӛріп қуанғанымыз сонша, шанаға қарай далақтаса 
жҥгірдік. Бір кҥн кӛрмегенге сағынып қалғандаймыз. Шынында да, Әжібексіз 
кҥніміз серкесінен айырылғанмен бірдей екен. Ортамызда ол жоқ болған бір 
кҥніміздің ӛзі ертеден кешке дейін кӛшеде опыр-топыр қҧр сенделіспен 
ӛткен еді. Не жӛндеп ойын ойнай алмай, не ҥйді-ҥйімізге тарап кете алмай, 
МТС-тан келетін жолға қарағыштап жіпсіз байланып жҥрдік те қойдық. Сол 
қашан қайтар екен, не бітіріп қайтар екен, темекі алып келер ме екен деп, 
елегізумен болдық. Бала деген қызық-ау, ҥлкендер сол Әжібекке 
жоламаңдар, сол оңбағаннан аулақ болыңдар, әйтпесе бір пәлеге 
ҧрындырады деп қҧдайдың зарын қылып тыйым салып жатса да, ӛзіміз содан 


192 
қаншама жәбір-жапа шегіп жҥрсек те, айналып келгенде Әжібексіз таңымыз 
атпайтындай, кҥніміз батпайтындай боламыз да тҧрамыз. Бҥгін, міне, кӛзіміз 
соған анық жетті. 
Біз почташының шанасына жете бергенде, Мақым шал қҧлағы 
салпаңдап, аяғын санап басып келе жатқан шағыр кӛз жиренінің басын іркіп, 
шанасынан Әжібек пен бір бейтаныс адамды тҥсірген. 
− Енді әрі қарай ӛздерің де бара аласыңдар ғой,- деген Мақым шал ол 
екеуіне атының болдырып келе жатқанын айтып. 
− Он шақырым болдырмай келіп, ҥйге он метр қалғанда болдыра 
қалған атыңның қҧлағын…- деді шанадан секіріп тҥскен Әжібек ыза болып.- 
Мені қойшы, ауылға бірінші рет келе жатқан мына кісіден ҧялсаңыз етті. 
− Апыр-ай, ә, шынымен солай ма?! Онда шанаға қайта отырыңдар,- 
деген Мақым шал абыржып. 
− Жоқ, енді отырмаймыз, кете беріңіз! — деді Әжібек шаңқылдай 
айқайлап.- Бҥкіл қайырыңызды шайыр ғып жібердіңіз. 
− Қап, ҧят болды-ау, ә?! Қарағым, отыршы, баратын ҥйіңе апарып 
салайын,- деген Мақым шал әлгі бейтаныс адамға. 
− Рақмет, ата, енді ӛзім де барам ғой, мына балалар кӛмектеседі ғой,- 
деді бейтаныс адам нәзік ҥнмен. Біз оны жасӛспірім ер бала шығар деп 
тҧрғанбыз, енді даусынан әйел адам екенін аңғардық. Кӛзінде кӛзілдірігі бар, 
ҥстінде ҧзын сҧрғылт пальто, басына ер адамның қҧлақшыны сияқты бас 
киім киген ақ сары бойжеткен екен, біздерге кӛзілдірігінің астынан 
кҥлімсірей қарап: 
− Оқушысыңдар ма? — деп сҧрады. 
− Ия, бҧлардың бәрі де оқушыларыңыз,- деп, біз ҥшін жауапты Әжібек 
қайтарды.-Ойынның тҥбін тҥсіріп жҥрген кӛксоққандар. Егер мен болмасам, 
осы ауылды баяғыда ӛртеп жіберетіндер ғой. Ал, кӛксоққандар, танысып 
қойыңдар, бҧл кісі сендердің жаңа мҧғалімдерің болады. 
− Мен ӛзім де танысам ғой,- деді қыз Әжібектің таныстырғанын 
жақтырмай. 
− Мен таныстырмасам, бҧлар ертең сізге қиқалақтап бағынбай жҥрер. 


193 
− Маған бҧлардың бағынғаны емес, жақсы оқығандары керек. Солай 
ма, балалар? — деді қыз кҥлімсірей тҧрып. 
Біз оның ер балаға ҧқсаған киім киісіне, кҥлімсіреген тҥріне аңырып 
қарадық та қалдық. Мҧғалім деген біздің тҥсінігімізде Мҧқан ағайымыз 
сияқты тҥсі суық, оқушыларға қарап кҥлмейтін айбынды адам болуы тиіс еді, 
ал мынау қыз болса езуін жияр емес, дәл бір алыстан келген бәріміздің туыс 
әпкеміз сияқты елжірей қарайды. Ӛзінің ӛңінде, кҥлкісінде адамды ҥйіріп 
тҧрар бір жылылық, сҥйкімділік бар. 
− Жҥріңдер, мені бригадирдің ҥйіне алып барыңдар,- деді онан соң. 
− Әй, сен шанаңмен менің мына жҥгімді алып жҥр,- деді Әжібек 
Бәтеннің шанасына жарты қап жҥгін салып.- Ал сендер,- деді 
қалғандарымызға,- мына кісіні Байдалының ҥйіне ертіп апарып салған соң 
маған келерсіңдер, мен ҥйде болам,- деді. 
Біз мҧғалім қыздың ағаш шабаданын шанамызға салып, Байдалының 
ҥйіне қарай алып жҥрдік. Жол бойы ол әрқайсымыздың аты-жӛнімізді, 
нешінші класта оқитынымызды сҧрастырып таныса бастады. Ӛзінің аты 
Әнипа екен. 
− Апай десеңдер болады,- деді.- Мҧқан ағайларыңның әскерге кеткенін 
естіп осы ауылға ӛзім сҧрандым. 
Ӛстіп жаңа келген мҧғалім апайымызбен шҧрқыраса сӛйлесіп, Байдалы 
шалдың есігінің алдына да жеткенбіз. Ҥйінен шыққан Байдалы шал, ӛзінен 
майға піскен ыстық бауырсақтың иісі аңқи тҧрып, мҧғалім қызды тіксіне 
қарсы алды. Ол ҧсынған бҥктеулі қағазды қолына алып, ары-бері қарады да: 
− Бҧ неғылған қағаз? — деп сҧрады. 
− Аудандық оқу комиссариатының мені осы ауылға мҧғалім етіп 
жіберген бҧйрығы. 
− Біз ешкімнен мҧғалім сҧрағамыз жоқ,- деді Байдалы шал жақтырмай. 
− Сҧрамасаңыз да жіберді. 
− Қыс ішінде пәтер табу, отын-су табу оңай дей ме екен?! 
Байдалы шал қолындағы қағазға біраз шҧқшия қарап алды да: 


194 
− Әй, сен бері жҥрші,- деп, ортамыздан Санатты бӛліп ап ҥйінің артына 
қарай ертіп әкетті. Санатты неге шақырып әкеткенін біз, әрине, іштей тҥсініп 
тҧрмыз, хат танымайтын Байдалы шал әлгі қағазды соған оқытып алмақ. 
Сәлден кейін екеуі де қайтып оралған. 
− Қағазды оқыдым,- деді Байдалы шал Әнипаға.- Дҧрыс екен. Ал енді 
бҥгінше біздің ҥйге қон, пәтер жағын ертең қарастырармыз. 
− Рақмет, ағай. Менің қонатын ҥйім бар, сонда барайын,- деді Әнипа 
апай. 
− Иә, ол кім еді? — деген Байдалы шал таңырқап. 
− Осында Зылиқа деген кемпір бар ма? 
− Бар. 
− Сол кісінің ҥйіне барам. 
− Ол Зылиқа кімің болады? 
− Ол кісіні сыртынан танитын едім,- онан соң Әнипа апай біздерге 
жағалай қарап: — Енді мені сол ҥйге ертіп апарыңдар,- деді. 
Біз, Әнипа апайымыздың тілегі бойынша, екі ҧлы бірдей майданға 
аттанып, жалғыз отырған, иілмейтін, қаққан қазықтай тік жҥретіндігі ҥшін 
бҥкіл ауыл Қадауқара атап кеткен Зылиқа кемпірдің ҥйіне қарай алып 
жҥрдік. 
Қадауқара кемпір қолына шыбық ҧстап бес-алты қой-ешкісін қоралап 
жҥр екен. Ӛз ҥйіне біз бастап әкелген Әнипа апайды таңдана тҧрып қарсы 
алды. Таяп келгенімізде салқын ғана амандасты да, мҧғалім қызға кӛз 
алмастан шаншыла қарап: 
− Жӛніңді айт, қарағым? — деді. 
− Сіз мені танымайсыз, апа…- дей бастаған Әнипа апай. 
− Тҧра тҧр, тҧра тҧр,- деді Қадауқара кемпір оның сӛзін бӛліп.- Сен осы 
Әлімбайыммен бірге оқыған Әнипа деген қыз емессің бе? 
− Иә,- деді Әнипа апай таңырқап. 


195 
− Екеуіңнің бірге тҥскен суретің бар ғой, содан танып тҧрмын. 
− Қырық бірінші жылы педучилищені бітірерде тҥскенбіз. 
− Қарағым, келші, маңдайыңнан сҥйейін,- деді даусы бҧзылып, кӛзі 
жасқа толған Қадауқара кемпір.- Әлімбайыммен қатар отырған сені 
кергеннің ӛзі не тҧрады маған. 
Қадауқара кемпір мейірленіп кеп Әнипа апайымыздың оң қабағының 
ҥстінен сҥйді, кӛзіне толған жасты сҥртіп, булығып біраз тҧрды. 
− Бір жыл болды хат келмегелі…- деді шағынғандай жыламсырап. 
− Менің де хат алмағаныма бір жыл болды. 
− Жарығым, қай жерде жҥр екен?.. О-ой, жалған-ай…- деді Қадауқара 
кемпір ауыр кҥрсініп. Тек осыдан кейін ғана жӛн сҧрады. 
− Иә, қарағым, жолың болсын? 
− Дәм тартып осы ауылға келдім, апа. Мына балаларды оқытпақпын. 
− Оның жақсы болған екен. Қадамың қҧтты болсын. 
− Рақмет, апа. 
− Ҥйге кір, қарағым. Ендігі жӛнді асықпай сҧрасармыз. 
Біз апайымыздың шабаданын ҥйге кіргізіп кете бергенбіз. 
− Әй, балалар, тоқтаңдар! — деді Қадауқара кемпір дауыстап, ӛзі 
соңымыздан бір дорба езген қҧрттың малтасын алып шығып, бәрімізге 
уыстап ҥлестіре бастады.- Ӛздерің маған ҥлкен қуаныш әкеліп тҧрып, қҧр 
ауыз кеткендерің жарамайды ғой,- деп қойды.-Айналайын ақ тілеулестерден, 
амандық болса бәріңді де шақырып, той жасағандай қонақ етем әлі. 
Біз мәмпәсилерге ҧқсаған бірі ақ, бірі сарғылт малта қҧрттарды 
томпаңдай сорып, енді Әжібектің ҥйіне қарай тарттық. Кҥн батуға таяп, 
қызыл шапағы бҥкіл ауылды жалқын нілге бояғандай ғып тҧр. 
Әжібек ӛз ҥйінің тӛрінде бағанағы жарты қап жҥгін қасына қойып, мәз-
мейрам боп отыр екен. Екі езуі екі қҧлағына жетіп, қуанышында шек жоқ. Біз 
кіргенде: 


196 
− Олжа деген, міне,- деп қасындағы қапты сыртынан ҧрып-ҧрып 
қойған. Бҧрқ-бҧрқ еткен темекінің ащы иісі шетімізден тҥшкіртіп-пысқыртып 
жіберді. 
Біз келгенше, ол Ырысбектің әңгімесін Бәтеннен естіп қанып апты. 
− Бәрін де естідім,- деді ала кӛлеңке ҥй ішінде кӛңілі сәл жабырқап.- 
Қайран азамат, Ырысекең қор боп кеткен екен де,- деді.- Әйел опасыз деген 
осы-ay, бәрінің теріс айналғанын қарашы. О, дҥние-ай…- деп ҥлкен адамша 
аһ ҧрып кҥңірене сӛйледі. Ойланып біраз отырды да: — Апырай, тіпті қызық 
болған екен,- деді онан соң.- Ең аяғы Эммаға дейін ат-тондарын ала 
қашқанын айтсаңшы! 
Бір сәт мырс етіп кҥлді де: 
− Әй, ӛзі де кӛксоққан еді,- деді енді табалай сӛйлеп.- Бір әйелмен 
дҧрыстап тҧруына болатын еді ғой. Мейлі, жолы болсын! Темекі тҥгелдей 
ӛзіме олжа,- деді ең ақырында. 
Сӛйтіп, сӛзін кҥйзеліспен бастап соңын мысқылдай аяқтады. 
− Ал, енді осы ауылдың темекі тартатындары мен насыбайшы кемпір-
шалы маған жалынбай кӛрсін,- деді мақтана есіп. 
Шынында да, темекі салмайтын, бірақ шылым тартатындары мен 
насыбай ататындары кӛп біздің ауылда темекінің қҧны наннан артық 
болмаса, кем емес еді. Қайғы-қасіретте кӛңілге жҧбаныш болатын бірден-бір 
дауа темекі боп саналатын. Еркектерді қойып әйелдерге дейін тҥтіні қолқаны 
қапқан ащы темекіні қҧшырлана сорған кезде, кӛңілдері сейіліп бір сәтке 
болса да ауыртпалықтың бәрін ҧмытқандай болушы еді. Ҥлкендердің темекі 
десе ішкен астарын жерге қоятын осынша қҧштарлығын ӛнер санайтынбыз. 
Қолымыздан келсе бҧрқылдатып отырып шылым тартқанға не жетсін деп 
армандайтынбыз. Рас, ҥлкендер бізге темекінің у екенін, зиянды екенін 
айтып, шылым тартуымызға қатты тыйым салатын, ал бірақ ӛздері бір кҥн 
темекісіз қалса, бҥкіл жарық дҥниені тәрік етуге шақ қалып жынданып кете 
жаздайтын. Ондайдың талайын кӛріп те, естіп те жҥреміз. Сондықтан 
темекіге деген қҧштарлығымыз ӛрши тҥспесе кемімейтін. Тек, әттең, темекі 
қолымызға тҥспейді. Кейде ҧрланып жылқының кепкен тезегінен шылым 
орап тартатынымыз бар, бірақ тезектің аты тезек қой, екі-ҥш кҥнге дейін 
кеңсірігіңді тезектің сасық иісі алып, жҥрегің айнып, тҥтін атаулыдан безе 
қашардай боп жҥресің. Сондайда: «Шіркін, нағыз темекі болса ғой»,- деп 
арман етеміз. 


197 
Енді, міне, Әжібек сол нағыз темекінің жарты қабын әкеп отыр. 
Шіркін, Әжібек мықты ғой. Қанша мақтаған батырың да, мықтың да 
осындай-ақ болар. Ҥлкендердің қолы жете бермейтін дҥние байлықты иісін 
бҧрқылдатып ҧрып қойып отырғаны мынау. 
Және бір тиын ақша шығармаған. Ертеңгісінгі Ырысбек берген 
алақандай жҥз сомдықты бәрімізге кӛрсете отырып: 
− Темекіге ақша шығарып мені ақымақ боп кетті дейсіңдер ме?! — деді 
кҥліп. 
Біздің алдымызда оның мәртебесі бҧрынғыдан да биіктеп, беделі тіптен 
шарықтап ӛскен еді. Егер осы сәтте бізден: «Ауылыңда бетке ҧстар кімің 
бар?» — деп сҧраса, ойланбастан бір ауыздан: «Әжібек!» — дер едік. 
− Ал, кӛксоққандар,- деді Әжібек біз оның тӛңірегіне алқа-қотан 
отырған соң.- Мына Әжікелеріңнің арқасында шылымды тойғандарыңша бір 
шегіп жетісіп қалыңдар! — деп, қабының аузын шешті. 
Темекінің бҧрқыраған ащы танауымызды бҧрынғыдан да гӛрі жарып 
жіберердей жыбырлатып, тҥшкіру-пысқыруымыз жиілеп кетті. 
− Пах-пах-пах!.. жарықтықтың иісі-ай,- деп Әжібектің ӛзі де 
тҥшкірінді.- Мә, мынадан бір-бір шылымдық қағаз жыртып алыңдар,- деп ол 
қалтасынан алған бҥктеулі газетті ҧсынған. Дереу жапа-тармағай алақандай-
алақандай етіп бір-бір шылымдық қағаз жыртып алдық. Әжібек қабының 
аузын ашып, әрқайсымызға бір-бір шекімнен салып бере бастады. Бәрімізге 
салып берген соң: 
− Әй, қҧр қалған ешкім жоқ па? — деп сҧраған. 
− Жоқ,- дедік бір ауыздан. 
− Ал онда ӛзіме салайын,- деп, газеттен жыртып ап ӛзіне де бір шӛкім 
салып алды. Оны қолы майыса отырып орап, онан тілімен жалап 
жабыстырғанының ӛзі қандай әдемі десеңші! Біз де соған еліктеп шылымды 
әдемілеп ораймыз дегенімізбен, қолымыз икемге келмей, бір шӛкім темекінің 
ӛзін тӛгіп-шашып отырып әзер орадық. 
− Нешауа, ӛсти-ӛсти ҥйренесіңдер,- деп қойды Әжібек біздің ҧсқынсыз 
оралған шылымдарымызға қарап. Енді ол қалтасынан шақпақ тас және мақта 
алып, шағып-шағып қалған, мақта тҥтіндеп сала берді, соны ҥрлеп-ҥрлеп 
қойды да темекісін тҧтатты. Онан соң сол темекісін сора отырып бәріміздің 
шылымымызды тҧтаттырды. Шылым тартуды білетініміз де, білмейтініміз де 


198 
қҧшырлана соруға кірістік. Нағыз темекінің тілді қуырған удай ащы тҥтінін 
сорып аламыз да, бҧрқырата ҥрлейміз. Бір-бірімізге қарап жымыңдаса мәз 
болып, дҥниенің бір рақатына қолымыз жеткендей кҥйде тҧрмыз. 
− Әй, сендер мына маған қарап, менше тартыңдар,- деді Әжібек, сӛйтті 
де шылымын терең сорып аузына тҥтінін толтырып алды да, су жҧтқандай 
ішіне қарай қылқ еткізіп жҧтып қойды да, онан соң әлгі тҥтінді қос 
танауынан бҧрқылдата шығарды. Шылым тарту деп осыны айт! Енді біз де 
шылымнан аузымызды толтыра сорып ап, оны ішімізге жҧтып, онан 
мҧрнымыздан шығармақ болдық. Бірақ шылымды бҧлай тарту оңай емес 
екен. Қақалып-шашалмағанымыз кем де кем-ақ шығармыз. Удай ащы тҥтін 
бҥкіл кеңсірігімізді қуырып, тҧншығып ӛліп қала жаздадық. 
− Ӛй, ақымақтар, ӛйтіп тҥтінді бірден кӛптен сорып жҧтпай, әуелі аз-
аздан сорып ҥйреніңдер,- деді Әжібек жеки ҧрсып. 
Кейбір шылымды қақалмай-шашалмай тартқан балаларға ол: 
− Маладес! Сен тҥбі шылымды жақсы тартатын боласың,- деп мақтап 
қояды, ал кейбір лоқси бастаған балаларға: — Қор болған темекі! Мынадан 
тҥк шықпайды-ей,- деп ҧрсып, желкесінен қойып қалады. 
Біраздан кейін ҥйдің іші кӛк тҥтін боп кетті. Бір бҧрыштағы бала екінші 
бҧрыштағы баланы әзер кӛреміз. Әуелгіде тым-тырыс отырғанымызбен, 
шылымның қызығына тҥсе келе даурығыса бастадық. 
− Міне, мен тҥтінді жҧтып, мҧрнымнан шығара аламын. 
− Мен де ҥйрендім, қарашы бері! 
− Олай емес, былай шығару керек. 
У-ду шудан ба, әлде тҥтіннен бе, сәлден соң басым айнала бастады. 
Балалардың бәрі кҥңгір-кҥңгір сӛйлейтін сияқты. Кӛз алдым сәл айналып 
тҧрғандай, әйтеу, бір қызық хал, ептеп жҥрегім айниын деді. 
− Әй, кӛксоққандар! — деді бір кез Әжібек ҧйқыдан оянғандай.- Әй, 
мына ҥйдің ішін кӛк тҧман ғып жіберіппіз ғой. Мәссаған! Сендер ҥйлеріңе 
кетесіңдер, мына кӛк тҧманды жҧтып сорлап мен қалам ғой. Кәне, далаға 
шығыңдар! 
Сыртқа шыққанбыз. Кәдімгі бір тар қапастан тҧншығып шыққан 
адамдай кӛкірегім ашылып сала берді. Суық ауа бҥкіл ӛне бойымды қуалап, 
бҧлақтың тастай суын сіміріп-сіміріп жібергендей болдым. Уһ, қандай рақат! 


199 
Балалардың бірі қақырынып-тҥкірініп, бірі лоқсып қойып кҥресін қарға 
еңкейеді. Бірақ соған қарамастан кӛңіліміз шат, шетімізден мәз боп тҧрмыз. 
Шылым тартуды ҥйрене бастағанымызды мақтан етіп тҧрмыз. 
− Әй, кӛксоққандар! — деді Әжібек.- Ертеңнен бастап оқуларың қайта 
басталады. Анау жаңа келген мҧғалім қызды ренжітуші болмаңдар. Егер 
біреуіңнің қиқалаңдағаныңды естісем, менен жақсылық кҥтпеңдер! — деді 
қатал ескертіп. 
* * * 
Ертеңіне мектебімізде қоңырау қағылып, оқу қайта басталды. Әнипа 
апайымыз жҥзі қандай жылы, нҧрлы болса, мінезі де сондай жҧмсақ, 
аңқылдаған мейірбан жан екен. Алғаш класқа кіргенде, мҧз қатқан еденнен 
тайып жығыла жаздаған, біз балалар ду кҥлгенімізде, ӛзі де бізге қосыла 
кҥліп жіберді. 
− Мына еденде коньки тебуге болады екен,- деді басын шайқап. 
Онан соң стол басына кеп, класс журналын ашпас бҧрын есік-
терезелерінен жел ызғыған бӛлме ішіне айнала қарай тҧрып, онан біздің 
жалаңаш-жҥдеу тҥрлерімізді кӛріп кҥрсініп қалды. Кҥлімсіреген ӛңі кӛлеңке 
тҥскендей лезде жабырқау тартып, кӛз алдымызда ӛзі де жҥдей бастаған. 
Мынадай класта анық бір сабақты толық отыру мҥмкін емес еді. Балалардың 
кӛбінің киім-кешегі алым-жҧлым, жыртық-тесік, шарық-шоқайларынан не 
ӛкшесі, не башпайы кӛрініп жҥреді. Кейбір балалар жыртық шарығының 
ішіне тығыздап сабан салып киіп алған, жҥгірген, ойнаған кездерінде әлгі 
сабан жыртық-тесіктен біртіндеп суырылып тҥсіп жҥреді де, біраздан кейін 
сабаны тегіс тҥсіп, қолпылдап қалған шарығына қар кіре бастайды. Отыра 
қап шарықтың ішіне сабанды қайта тығып алады. 
Осындай тҥрімізді кӛрген Әнипа апай сабақты бірден бастай алмай, 
бәрімізге жабырқай қарап, ҥнсіз тҧрып қалған. Кӛшеде жҥгіріп ойнап 
жҥргенімізде тоңу дегенді білмесек те, суық класқа кеп қимылсыз отырған 
соң, бойымыз тоңазиын деді, жақ жҥндеріміз ҥрпиіп, кҥрк-кҥрк жӛтеле 
бастадық. 
Кластың бҥкіл бір жақ қабырғасын ала салынған ошағы ауыз бӛлмеден 
жағылатын кірпіш пеш болымсыз ғана жылып тҧр. Бҧрын қи жаққанда едәуір 
қызып, кластың ішін жылытып тҧратын, ал сабан отынға міз бағар емес. Ҥй 
сыпырушы Дәметкен апай от жағуды таң сәріден-ақ бастаған екен, міне, қазір 
сәске кезі боп қалды, әзірге жыли қоятын тҥрі білінбейді. 


200 
Мҧқан ағай әскерге алынып, мектеп бір айдай жабық тҧрған уақыттың 
ішінде мектептің отын қоймасындағы бір қысқа жетерлік етіп жиналған қи 
ҥшті-кҥйлі жоқ боп кеткен. Кім тасып алды, қашан алды, ешкім білмейді. 
Әлгінде, сабақ басталардың алдында Әнипа апай Байдалы шалға жолыққан, 
отынның қайда екенін сҧраған. 
− Әй, қарағым, мен отын кҥзетшісі дейсің бе?! Қайдан білейін,- деп 
Байдалы шал шарт кетті.- Осы колхоздың отыннан басқа жҧмысы да бастан 
асып жатыр. Енді оқу болмайды деп біреулер тасып алған шығар. Әне, сабан 
тҥсіртіп бердім ғой, соны жаға беріңдер,-деген. 
Сол сабанның жылуы, міне, «уф!» деп ҥрлесең, аузыңнан шыққан бу 
темекінің тҥтініндей бҧрқырайды. Әнипа апай барып пештің әр жерінен бір 
сипап ҧстап кӛрді де, тағы да кҥрсіне тҧрып басын шайқады. Ақыры ойлана 
тҧрып: 
− Балалар, мына класта кӛп отыруға болмайды екен, мен сендерге ҥйде 
оқуларыңа тапсырма беріп қайтарайын,- деді. 
− Сонда біз класта оқымаймыз ба? — деп сҧраған балалардың бірі. 
− Оқимыз. Тек алдымен класты жылыту жағын ойластырайық. Қысқа 
деп жинаған мектептің отынын біреулер тасып апты, ал сабанның 
қаншалықты жылытатынын ӛздерің кӛріп отырсыңдар. Мынадай суықта 
сендерді ауыртып аламын ғой. 
Сӛйтіп, Әнипа апай ҥйде оқуымызға тиіс тапсырмаларды тақтаға жаза 
бастады да, біз оны ілесе отырып кӛшіріп алуға кірістік. Апайымыздың 
жазуы біркелкі, маржандай тізілген әдемі еді. 
− Мен мектептің отынын жағып отырған бір ҥйді білем,- деді 
балалардың бірі ӛзіне-ӛзі айтқандай жай сӛйлесе де бәрімізге естіртіп. 
− Кімнің ҥйі? 
− Ол кім? — дедік біздер жан-жақтан. 
− Әжібектің ҥйінен,- деді әлгі бала.- Барғанымызда ылғи қи жағып 
отыратынын ӛздерің де кӛріп жҥрсіңдер ғой. Әжібек сол қиды мектептің 
отынынан алмағанда қайдан алды? 
− Рас-ей! 


201 
− Рас! — деп, Әжібектің ҥйіне қашан бармайық, сары қиды маздатып 
жағып қойып отыратынын есімізге алғанбыз. 
Тақтаға тапсырма жазып тҧрған Әнипа апайымыз да біздің сӛзімізге 
елең етіп, кейін бҧрылған. 
− Әжібек кешегі бала ма? 
− Иә. 
− Егер мектептің отынын тҥсіріп алған сол бала болса, анықтап 
сҧраңдар ӛзінен. Айқай-шу шығармай-ақ қайтарып алайық. 
Апыр-ай ә, ҥйіне қашан барсаң да, Әжібек жағасы жайлау боп жып-
жылы отырады, сӛйтсек біздің мектептің қысқа деп жинаған бар отынын 
тҥсіріп ап, қарық боп жҥр екен ғой. Ой, оңбаған-ай! Ой, мҥттәйімін-ай!.. 
Кҥзде Мҧқан ағай ӛзі бас боп, барлық оқушы балалар ӛгіз арбамен мына 
тӛмендегі қой қорадан ҥш кҥн бойы тартқан қи ғой. Қыста рақаттанып жылы 
класта отырамыз деген есіл еңбегіміз. Бар рақатын тҥк істемеген Әжібек 
кӛріп жҥр екен де. Біз бір топ бала қазір мектептен шығысымен, соның ҥйіне 
барып айқасуға бел байладық. 
− Бәріміз жабылсақ, соған әліміз жетеді ғой,- дедік кҥбірлесе келісіп. 
Сӛз байласқан балалар мектептен шыға Әжібектің ҥйіне келгенімізде, 
ол тӛрінің алдында шалқасынан тҥсіп темекі тартып жатыр екен. Ҥстелінің 
ҥстінде жарты таба нан, бір тостаған майға шыланған талқан, бір тостаған 
қуырылған бидай, қҧрт-ірімшік ҥйіліп тҧр. 
− Иә, оқымыстылар, мектепке кіргендеріңнен шыққандарың тез болды 
ғой,- деді ол сол шалқасынан жатқан кҥйде бізге бетін де бҧрмастан.- Әлде 
сабақтан қашып кеттіңдер ме? 
Біз ошақ алдында шашылып жатқан сары қидың сынықтарын бір-
бірімізге ымдап кӛрсетіп ҥнсіз тҧрмыз. 
− Әй, неге ҥндемейсіңдер? Әлде анау ҥстелдің ҥстіндегі тамақтарды 
кӛріп ҥндерің ӛшіп тҧр ма? Темекінің арқасында келген дәмдер ғой,- деп 
Әжібек сол бізге басын бҧрмаған кҥйінде шірене сӛйлеп жатыр.- Әлі осы 
ауылдың дастарқанының ең дәмділері менің аузымда болады. Әжікең ӛстіп 
«ахау бикем» деп әндетіп қойып шалқасынан жатады. Оқыған сендер озар ма 
екенсіңдер, оқымаған мен озар ма екем, кӛреміз. 


202 
Біз сол ҥнсіз қалпымызда, ӛстіп жатқанында ҥстінен барып бас салайық 
дегендей, ымдаса сӛйлесіп бір-бірімізді «сен баста», «сен баста» дегендей, 
итермелей бастағанбыз. Осы мезетте Әжібек басын кӛтеріп алды да, қос 
танауынан тҥтінді бҧрқылдата отырып: 
− Әй, кӛксоққандар, жҥрістерің тым суыт қой, неғып состиып 
тҧрсыңдар? — деді. 
− Мектептің отыны қайда? — дедік ақай жоқ, тоқай жоқ. 
− Қайдағы отын? 
− Мектепке отынға деп кҥзде біз тҥсірген қи ше? Міне, ошағыңда 
маздап жанып жатыр ғой. Осыны қайдан алдың? Қазір бәрін қайтар. Сенің 
қырсығыңнан біз, міне, бҥгін сабақ та оқи алмадық. 
− Әй, сендер, айтсам айтқандай кӛксоққан екенсіңдер,- деді кӛзі 
шатынап лезде ыза болған Әжібек.- Тіпті кӛк ми екенсіңдер. Немене, 
мектептің бар отынын тҥсіріп жинап ала қоятындай менің қарамағымда 
жҧмысшыларым бар деп пе едіңдер?! Және онша отынды қай жеріме 
жинаймын? Отын жинайтын қорам да жоқ. Әне, бар отыным ауыз ҥйде 
жатыр. Не сӛйлеп тҧрсыңдар? Ӛй, ақылдан жҧрдай тобан аяқтар. Қайтар 
дейді ғой. Нені қайтарам? 
− Ал онда мына сары қиды қайдан алдың? — дегенбіз. 
− Мектептің отын қорасынан,- деді Әжібек сабасына тҥсіп, салмақтана 
сӛйлеп.- Ең соңынан қидың қалған-қҧтқанын жинап алғаным рас. Ҥш қап еді, 
бір қабы таусылды, екі қаптағы, әне, ауыз ҥйдің бҧрышында ҥюлі жатыр. 
Егер мектептеріңді жылытуға жетеді десеңдер, жинап алып кетіңдер. 
Біз не дерімізді білмей сілейіп тҧрдық та қалдық. Айтса айтқандай, 
мҧның отын қоятын қорасы да жоқ екен-ау. Мысымыз қҧрып, енді 
неғыларымызды білмей, не шығып кете алмай, не отыра алмай бір-бірімізге 
қараймыз. Әжібекті нақақтан қаралап жазықсыз ренжітіп алғанымызға жерге 
кірердей боп тҧрмыз. 
Біздің осы жайымызды ҧқты-ау деймін, Әжібек те енді ашуын басып, 
темекісін қомағайлана сорды да: 
− Әй, кӛк милар,- деді жайбарақат ҥнмен.- Не десеңдер де менің 
сендерден ӛзге серіктерім жоқ енді. Мен дегенде қҧдайдың басқа салғаны 
осы шығар. Дабай, отырыңдар. Темекі тартыңдар, сӛйтіп, естеріңді жиыңдар. 


203 
Әлгіндегі жауар бҧлттай болып тҥнеріп, ҥдірейісіп келген тҥрімізден із 
де қалған жоқ. Әжібектің алдында сол баяғы «кӛксоққан» қалыптарымызға 
тҥсіп, аптығымыз басылып, сҥмірейісіп барып, отыра-отыра кеттік. Ол 
ҧсынған газеттен бір-бір жапырақтан жыртып алып шылым орадық. 
Әжібектің алдындағы әлгіндегі кінәмізді толық мойындағандай жерге қарай 
отырып, ащы тҥтінді бҧрқылдата сорғанбыз: 
− Әй, кӛк ми, тҥтінді босқа сорып рәсуа етпей, ішіңе жҧтып тарт,- деп 
зекіп қалды Әжібек ӛзіне таяу отырған балаға. Мҧнысы жалғыз оған емес 
бәрімізге айтылған кінәрат еді. Тҥтінді текке сорып рәсуа етпей жҧтуға 
тырысамыз. Удай ащы тҥтін тҧншықтырып жібере жаздайды, кеңсірігіміз 
ашып, тамағымыз жыбырлап, жарыса кеп қақалып-шашалып, кӛзімізден 
жасымыз парлап ит боп отырмыз. 
− Мектептің отынын кім тҥсіріп алғанын мен білем,- деді әлден 
уақытта шылымын тартып болған Әжібек.- Бірақ оның кім екенін 
айтпаймын. Басыма пәле іздер жайым жоқ. 
Иә, Әжібек айтпаймын десе айтпайды. Егер қадалып сҧрай берер 
болсаң, ол ашуланады да, әлгі мазасын алған баланы желкесінен алып 
есігінен итеріп шығарады да, май қҧйрығынан қайқайтып тҧрып бір тебеді. 
Ол балаға енді қайтып Әжібектің ҥйінің есігін ашу оңайға тҥспейді. Ҥйінен 
не бір таба нан, не бір жілік ет ҧрлап әкелуі керек. Сӛйтіп келіп қана 
татуласады. 
Терезе қағылды да сырттан Мәридің: 
− Бәріңді де апай шақырып тҧр! — деп айқайлаған даусы естілді. 
Біз топырласа жҥгіріп сыртқа шыққанбыз. Расында да, Әнипа 
апайымыз кӛшеде Әжібектің ҥйінің тҧсына кеп тҧр екен. Қасында Мәри және 
бір-екі қыз бар. Мәри жартылай ер балаша: басына қҧлақшын, бҧтына 
шалбар киген, ҥстіндегі шешесінің кішірейтілген ескі пҥліш пальтосы белін 
қынтитып, бойы ҧзарып кӛрінеді, қысқа қарай ӛзі аппақ боп ағарып, қасы-
кӛзі қап-қара боп қиылып, әдеміленіп кеткен. Ӛзін-ӛзі еркін ҧстайтын ақ 
жарқын ӛжет мінезі де оны басқа қыздардан ерекшелеп тҧратын. Қазір 
апайдың қасында тҧрып, сҥмірейіп шыққан біздерге мазақтағандай ақсия 
кҥледі. Ал кҥліп тҧратын Әнипа апайымыз қабағын шытып, кӛзілдірік 
астынан сҥзіле қарайды. 
− Сендер мҧнда неғып жҥрсіңдер? — деді. 
Біз ҥндей қойғамыз жоқ. Естімеген адамдай боп біріміз аспанға қарап, 
біріміз кҥресін қарды шарығымыздың тҧмсығымен тепкілеп, енді біріміз 


204 
МТС-тан келетін жолға қараған боп тҧрмыз. 
− Балалар, мен сендерден сҧрап тҧрмын ғой, бҧл ҥйге неге келдіңдер? 
— деді Әнипа апай даусын сәл кӛтере қайталай сҧрап. 
Біз бҧл жолы да ҥндей қоймадық. 
− Мен сырқаттанып жатыр едім, бҧлар менің хәлімді сҧрай кепті,- деді 
ҥйінен біздің соңымызды ала шыққан Әжібек осы тҧста бізге ара тҥсіп, ӛзі 
соның арасынша ӛтірік жӛтелгенсіп, ауру адамша бҥкшірейе қапты. 
− һӛ, һӛ…- деп ыңқылдай жӛтеліп алды.- Ойбай, белім-ай, сырқыратып 
әкетіп барады. 
Әнипа апай оның ауырып қалдым дегеніне шынымен сенгелі тҧр еді, 
алайда осының бәріне кӛзі ҧшқын шаша ойнақши қарап тҧрған Мәри шыдай 
алмай сақылдап кҥліп жіберді. 
− Ой, жаның шыққыр-ай, ӛтірікті соғуын… Апай, мҧның ауырған тҥгі 
де жоқ, сізді алдап тҧр,- деді Мәри саңқылдай сӛйлейтін әдетімен бҥкіл 
ауылға жар салғандай.- Жаңа терезеден қарағанымда, бҧлардың бәрі де 
темекі тартып отыр екен. 
− Әй, сен қыз не сӛйлеп тҧрсың? — деді Әжібек аяғын басып кеткендей 
шаңқ етіп.- Темекі тартқан мен ӛзім ғана. Мен оқымаймын, сондықтан не 
істесем де ӛзім білем. Ал мыналар жай қасымда отырды. 
− Жоқ, Бҧлар да бір-бір шылымды бҧрқылдата сорып отырды ғой. 
− Бҧлар тартқан жоқ! 
− Тартты. 
− Сен қыздың мен желкеңді ҥзем ғой,- деп Әжібек доқ кӛрсетіп оған 
тҧра ҧмтылмақ болған. 
− Ҥзіп кӛр,- деп, Мәри Әнипа апайды тасалана берді. Одан тілін 
шығарып мазақтай тҧрып: — Бҧл қотырдың әлі қыздарға ғана жетеді,- деді. 
− Ой, бит бас,- деді Әжібек бҧрынғысынан да ыза болып. 
− Қотыр. 


205 
− Жә, тоқтатыңдар! — деді Әнипа апай екеуіне де зеки сӛйлеп. Онан 
соң сҥмірейіп тҧрған біздерге қарады.- Бҥгіннен соң мектептен шығысымен 
ҥйлеріңе қайтатын болыңдар. Оқу программасынан онсыз да кӛп кейіндеп 
қалдыңдар, соны қуып жетуіміз керек. Ол ҥшін ешқайда бҧрылмай ҥйге 
қайтып, сабақтарыңды оқыңдар. 
− Бҧларды мен шақырмаймын, ӛздері келеді,- деді Әжібек. 
− Сен ересексің ғой, бҧларға жаман қылықтарыңды ҥйретпе. 
− Немене, мен сонда осыларға жаман болыңдар дей ме екем. 
Бәріне де адам болыңдар деймін ылғи. Ал жаман қылықтарды ӛздерінің 
ҥйренгілері кеп ҥздігіп тҧрса, мен қайтейін. 
− Ҥйренбе де. 
− Ӛйтіп айта алмаймын. Мендегі бар жаман қылықтар бҧларда да 
болсын. Мен қор боп жҥрген жоқпын ғой, бҧлар да қор болмайды. 
− Сен ӛзің ҥлкенмен салғыласып, бетіңмен ӛсіп келе жатқан бала 
екенсің,- деді Әнипа апай кейи сӛйлеп. 
− Мен емес.салғыласып тҧрған ӛзіңізсіз ғой. Пажалыста, жолыңыз әне, 
жҥре беріңіз,- деді Әжібек те ызаланып.- Ал мен қай бетіммен ӛссем, 
мыналар да сол бетпен ӛседі. 
− Сен ӛзің неге оқымайсың? 
− Оқуды қайтем?! 
− Қайткені қалай, келешегіңді, адам болуыңды ойламайсың ба? 
− Мен оқымай-ақ та болам. 
Мҧнан әрі шыдамы таусылған Әнипа апай: 
− Жҥріңдер, балалар! — деп, бізді соңынан ертіп мектепке қарай жҥрді. 
Әжібек тісінің арасынан сыздықтата тҥкіріп қойып сыңар езулей кҥліп қала 
берді. Былайырақ шыққан соң Әнипа апай сәл кідірістеп біздерден: 
− Сендер тауға шығып отын шаптыңдар ма? — деп сҧраған. Біз бір 
ауыздан шапқанымызды және оны қол шаналарымызбен тасып сҥйретіп 


206 
ЬІрысбектің қорасына жинап қойғанымызды айттық. 
− Демек, ол отын ӛздеріңдікі ғой? — деді Әнипа апай анықтай тҥсіп. 
− Ӛзіміздікі. Ӛзіміз шаптық, ӛзіміз тасып әкелдік. 
− Ендеше, балалар, сол отынды қазір мектепке тасып алайық. Ҥй иесі 
әскерге кетіпті, иесіз қалған қорадан тағы біреу тасып әкетуі мҥмкін. Онан да 
ӛзіміз аз кҥн болса да класымызды жылытып сабақ оқиық. 
Бҧл ақыл бізге бірден қона кетті. Шынында да, ӛзіміз шапқан 
тобылғымызды мектепке тасып ап, ӛзіміз жағып, ӛзіміз асылынып отырсақ 
оның несі айып. Оқушы балалар лездің арасында қҧмырсқадай қаптап кеп, 
Ырысбектің қорасындағы әнеугҥні ғана ӛзіміз жинап қойған тобылғыны 
біріміз шанаға сап сҥйретіп, біріміз арқалап мектепке таси бастадық. Тас 
қойма жақтан шауып келген Байдалы шал: 
− Әй, бҧларың не? Әскерге кеткен адамның отынын тасып алды деген 
не деген сҧмдық! -деп ақыра айқайлап, қамшы ҥйірген. 
Біз шу ете тҥсіп, тым-тырақай қаштық. 
− Әй, мҧғалім қыз, мҧның қалай? — деп енді ол Әнипа апайға тап 
берген. 
− Ақсақал, сіз мектептің отынын дәл осылай қорғауыңыз керек еді,- 
деді апай қатқыл ҥнмен.- Ал мына отынды балалардың ӛздері шапқан. 
Мектепте отын болмағандықтан, алуға мәжбҥр боп отырмыз. 
Апайымыздың мына сӛзі бізге медеу болып жан-жақтан: 
− Бҧл ӛзіміздің отынымыз, ӛзіміз шапқанбыз! — деп шулап кеттік. 
Біздің шуымызға ауыл адамдары шығып, олар да отынды ӛзіміздің 
шапқанымызды растап ара тҥсіп, мектепке отын тҥсіріп беріп жәрдемдесудің 
орнына Байдалының мына қылығының ерсі екенін айтып, ауыл арасы біразға 
дейін улыған-шулыған болды. Сӛйтіп жҥріп Ырысбектің қорасындағы ӛзіміз 
шапқан тобылғыны тегіс мектепке тасып алдық. Ертеден бері кҥйелеш-
кҥйелеш боп сабан жағып, класты жылыта алмай ит әуре болған Дәметкен 
апай пешке тобылғыны толтыра тыққан. Қызыл тобылғы дҥрілдеп ала 
жӛнелді, біраздан кейін пештің шойын қақпағы қып-қызыл боп қызарып, 
қабырға пеш қызып, кластың іші жыли бастады. Тҥстен кейін оқитын 
балалар ертеңгісінгі біз қҧсап дірдектемей, сабақтары расписание бойынша 
ӛткен еді. 


207 
Ҥйге қайтып келе жатқанымызда, жолда есігінің алдында — Әжібек 
тҧр екен. Тҥрі ӛрт сӛндіргендей қап-қара боп тҥнеріп, қатулы еді. Әрине, 
Ырысбектің қорасындағы тобылғыны мектепке тасып алғанымыз ҥшін ол 
бізге ызалы. Дәл қазір қолына жалғыз-жарым тҥскенімізді итше тепкілеп 
аямайтыны анық. Сондықтан біз оның ҥйінің қасынан жҧбымызды жазбай 
топтасып ӛттік. Ол біздерге қарап жҧдырығын тҥйіп: 
− Сатқындар! — деді кіжініп. 
Осылайша екі-ҥш кҥнге дейін мектепке топтасып барып, топтасып 
қайтып жҥрдік. Ойынды да ҥйлеріміздің тӛңірегінде ойнаймыз. Әжібектен 
қол ҥзіп алғанымызға ӛкінеміз де, бірақ оның алдына баруға және де 
батылымыз бармайды. Сабап тастайды деп қорқамыз. 
Ҥшінші кҥні сабақ арасындағы ҥзіліс кезінде мектеп алдына Әжібектің 
ӛзі келді. Қапелімде не істерімізді білмей абдырап сасып қалған біздерге 
ыржия қарап: 
− Әй, кӛк милар, мен сендерді кешірдім. Ойлап қарасам сендердікі 
дҧрыс екен,- деді тісінің арасынан сыздықтата тҥкіріп қойып.- Оқу ҥшін 
ағайынмен де ренжісуге тура келеді. Ал сендер болсаңдар отынды оқу ҥшін 
алдыңдар ғой. 
Әжібектің ӛзінің іздеп кеп татуласқанына біз де қатты қуандық. Оны 
ортамызға ала тҧрып ӛтіп жатқан сабақтарымызды, естіген-білген 
жаңалықтарымызды айтып, кӛңіл кірбіңін жазғандай боп қалдық. Қоңырау 
қағылып, біз келесі сабаққа кірерде ол: 
− Сендерсіз кӛңілсіз екен. Сабақтан босаған кездеріңде ҥйге 
келсеңдерші,- деп шақырды. 
Енді біз сабақтан кейін қолымыз босай қалса, бҧрынғы әдетімізше 
Әжібектің ҥйін тӛңіректеп, соның бастауымен ойнайтын дағдылы 
ойындарымызды қайта ойнай бастадық. Біртіндеп ол бізге әмірін жҥргізуді 
қайта бастады. 
Бірде оның ҥйінде бес-алты бала тығылып ап темекі тарттық. Бір-бір 
шылымды тартып болғанша тҥтінді ішке қалай жҧтуды, одан оны 
бҧрқылдатып қос танаудан қалай шығаруды бір-бірімізге кӛрсетіп, қызыққа 
батып отырдық. Кейбіреуіміз әжептәуір ҥйреніп те қалған екенбіз. Тҥтінді 
қос танаудан Әжібектің ӛзінен қалыспай бҧрқыратып шығарамыз. Онымызға 
Әжібек мәз-мейрам боп қуанады. 


208 
− Ой, маладес!.. Міне, нағыз шылымшы! — деді қолпаштай мақтап. Бір 
шылымды тауысқанша бір-бірімізге ӛнерімізді толық кӛрсетіп, ҥлгере алмай 
қалғандай да болдық. 
− Мен шылым тартуды ҥйрендім. 
− Мен де ҥйрендім. Қалай тартқанымды Әжібектің ӛзі кӛрді ғой. 
− Шіркін, тағы бір шылым болса,- десіп даурыға бастадық. 
Бір-бір шылымдық темекі бергеннен кейін қабының аузын мықтап 
байлап қоятын Әжібек біздің мына сӛздерімізден кейін шыдай алмай кетті-ау 
деймін: 
− Әй, сендерден аяғанымды ит жесінші,- деп, қабының аузын қайтадан 
шешті.- Сендер темекі орай алмайсыңдар, жартысын рәсуа ғып шашып 
аласыңдар. Сондықтан, дабай, қағазды әуелі ешкі сирақ етіп дайындап орап 
алыңдар! 
Біз енді Әжібектің ӛзі кӛрсеткендей етіп, қағаздан ешкі сирақ етіп орап 
алдық. Бҧлай орау оңай екен. Сол ешкі сирақты толтыра-толтыра темекі 
салынды. Ал кеп тҥтінді бҧрқылдата сорып, жарыса тарттық. Алғашқы 
кҥндердегідей емес, темекінің тҥтіні кеңсірігімізді онша ашытпайды, 
қақалып-шашалмаймыз да, сорып ап ішімізге жҧтамыз да, онан соң 
бҧрқыратып танауымыздан шығарамыз. Бір рақат, шылымды сӛйтіп тартып 
отырғанда, ӛзімізді есейген, дардай адам сезінеміз. Ҥлкен жігіт 
болғанымыздың белгісі-ау дегендей, әрқайсымыз қоқиланып қоямыз. Міне, 
ешкі сирақты да тартып бітірдік. Қызды-қызды боп отырған Әжібек ӛзі 
бастап тағы да бір-бір ешкі сирақты орап алдық, тағы да темекі тартудың 
ӛнерін кезектесе кӛрсетіп бҧрқылдатып кеттік. Екінші ешкі сирақ бітуге 
таяған кезде, кӛз алдым, отырған балалар, бҥкіл ҥйдің іші айнала бастағандай 
болды, екі қулағым шуылдап, балалардың сӛзі алыстан кҥңгірлеп естілді. 
Ҧйқым келген сияқты, қалғи бастаған сияқты болам, жантайып жатқым 
келеді… Алыстан талып естілген кҥңгір-кҥңгір сӛз… дауыл жел соққан 
толассыз бір шуыл… «Ыш-ш…» Мҧнан әрі ҧйықтап кеткен болуым керек, 
ештеңені білмеймін. 
Кӛзімді ашқанымда, ҥйде жатыр екем. Әжем басымды кӛтеріп 
тостағанмен бірдеңе ҧрттатып отыр, дәмін біле алмаймын, әйтеуір, салқын 
сусын екенін сезем, кеңірдегім, сарайым ашылып сала берді. Тҥу, қандай 
жақсы сусын еді. Әжемнің ерні жыбыр-жыбыр еткені болмаса, ҥнсіз отырған 
сияқты еді, жаңағы салқын сусыннан кейін біртіндеп оның сӛйлеп отырғаны 
қҧлағыма жетті. 


209 
− Қҧлыным… қозым… тағы да жҧтшы…- дейтін сияқты. Тағы да 
жҧтайын десем, әлгіндегі кӛкірек сарайымды ашқан рақат сусын лездің 
арасында жҥрегімді айнытып, астан-кестен ете бастаған, лоқсытып кейін 
қарай теуіп жатыр. Аузыма ыстық іртік боп қайта қҧйылып сыртқа атылды… 
Осылайша неше кҥн қиналғаным есімде жоқ. Басымды кетерін бетім 
бері қараған кезде, ҥйге Әнипа апай келіп отыр екен. Алақанымен менің 
маңдайымды ҧстап кӛрді де: 
− Әлі де ыстығы бар екен,- деді әжеме қарап.- Сҥт бере беріңіз. Әбден 
уланып қалған. 
− Басқа балалар қалай екен? — деп сҧраған әжем. 
− Олардың да хәлдері ауыр. Екеуі мына Қанат қҧсап кӛздерін бҥгін 
ашты, екеуі әлі талықсып жатыр. 
− Әлгі Әжібек ше? 
− Мыналарға қарағанда ересек емес пе, ол басын кеше кӛтерді. 
Батырың енді қайтып темекіге қарамастай болған сияқты. 
− Япырай десеңші, бәрін бастап жҥрген сол ғой. 
− Ол ӛзі де оңбай уланыпты,- деп Әнипа апай кетуге ыңғайланды. 
− Ал, әже, қорықпаңыз, балаңыз бірер кҥнде тҧрып кетеді. Тек әбден 
айығып тәуір болмайынша, мектепке жібермеңіз. 
− Жарайды, қарағым,- деді әжем оны шығарып бара жатып. 
Сӛйтіп, Әжібекке ілесеміз деп темекіге уланып ауырып, бір аптадай 
оқудан қалдық. Оның есесіне сол темекіден уланған балалар содан қайтып 
еш уақыт аузымызға темекі алмайтын болдық. Бҧл — ӛмірдің ӛзі оқытқан 
ащы сабағының бірі еді. 
БОРАН 
Нәзира әпкемнің станцияға астық тартып кеткеніне бір аптадан асты. 
Кҥзде кҥн жылы, жер қарада астық тартқандар ӛгіз арбамен станциядан тӛрт 


210 
кҥнде оралатын, ал қазір қыс кезінде ӛгіз шанамен алты-жеті кҥн жҥріп әзер 
оралады. Кешеден бері боран соғып тҧр. Біздің жақтың бораны белгілі ғой, 
бір соқса тӛрт кҥнсіз, яки апта бойы басылмайды, қора іргесіне кеп жер 
тырмалаған аш қасқырдай ҧлып тҧрып алады. Мҧндай кҥндері ҥйдің іші 
қоңырқай кҥңгірт тартып кетеді. Кӛңілсіз-ақ. Қай мезгіл болғанын айырудан 
қаламыз: терезеден жарық тҥскенде — таңның атқанын, қараңғылық 
тҥскенде — батқанын білеміз. Екі терезенің бірін (жел жақ беттегісін) әжем 
ескі кӛрпемен қымтап бітеп тастаған, ал қалған жалғыз қабат терезенің 
әйнегіне қалыңдығы бір елі қырау тҧрады, кішкентай балалар кӛзді ала бере 
тырналап соның қарын жейді. Онан соң жақ жҥндері ҥрпиісіп дірдектеп, 
кҥрк-кҥрк жӛтеледі. Бір жақсысы сабан кӛп, ертеден кешке дейін пеш алдына 
қыздырына отырып от жаққаннан болу керек, абырой болғанда балалардың 
ешқайсысы ауырмайды. От жаға отырып сабан арасынан шала бастырылған 
масақтарды тереміз. Әжеміз ҧзақты кҥнге жҥн тҥтіп әскерге жіберілетін 
қолғаптық-шҧлықтық жіп иіреді. Сырттан естілген әрбір тықырға елегізіп: 
− Әлгі сорлы қай жерде жҥр екен? — дейді жолда жҥрген Нәзира 
әпкемнің жайын ойлап.-Тірі ме екен, әлде мына боранда бір жерде ҧшып ӛліп 
қалды ма?! Е, алла… 
Әжемнің бҧл қайғысы біздің санамызға онша кіре қоймайды. Ӛйткені 
далада жҥрген, әсіресе станцияға астық тарта кеткен адам біздіңше дін аман 
жҥруі тиіс сияқты, ол ҥшін қайғыру бекершілік. Біз ҥшін ҥйдегі, кӛз 
алдымыздағы жағдай ғана кӛңілге қонады. Мысалы, Нәзира әпкем кетерінде, 
бізге азық етуге бір аптаға жетерлік етіп бидай қалдырып кеткен, содан кҥнде 
ертеңгілік әрқайсымызға екі қос уыс (менің қос уысыммен) мӛлшерінде 
бидай ӛлшеп аламыз да соны қуырып, қол диірменге тартып бір кҥнге азық 
етеміз. Әрине, қарнымыз шала қҧрсақ қана тояды. Бірақ соған ҥйреніп 
алғанбыз, қанағат қыламыз. Бір кҥнге әлгі. мӛлшерден кӛп қуыруға әсте 
болмайды, ӛйткені артық қуырылған бидай болса жеп қоюымыз мҥмкін, 
сӛйтіп, бір аптаға бӛлінген азығымызды тез бітіріп алсақ, Нәзира әпкем 
қайтып оралғанша, ашығып қалуымыз мҥмкін. Сондықтан Нәзира әпкем 
кетерінде, маған таптап-таптап тапсырып кеткен: 
− Мына кішкентайлар жыласа, әжем шыдай алмай жегізіп қоюы 
мҥмкін. Сенің ақылың бар ғой, Қанатай, бидайды ҥнемдеп, кҥнделікті 
жейтіндей етіп қана қуыратын болыңдар. Азықтарыңды тез тауысып алып, 
ашығып қап жҥрмеңдер,- деген. Әпкемнің сол тапсырмасын мҥлтіксіз 
орындауға тырысам. 
Қырсық болғанда екі-ҥш кҥннен бері әжем ауырып қалды. Осыдан он 
шақты кҥн бҧрын станцияға жӛнелтілетін астықты тазаласамыз деп ауылдың 
кемпірлері тас қоймада ертеден кешке дейін бидай ҧшыруға кӛмектескен. 
Әжем сол кемпірлердің ен ортасында айрықша пысықсынып кетіп еді, сонда 


211 
суық тисе керек. Кеше ыңқылдай жҥрсе де бидайды ӛзі қуырып беріп еді, 
бҥгін ертеден бері басын кӛтере алмай жатыр. Денесі лапылдап жанып, 
ыстығы кӛтеріліп, қатты ыңқылдайды. Ертеңгісін мен қайнатып берген ақ су 
— шайды да іше алмады. 
− Бәлкім, кішкене оранып жатып терлесем, тҧрып кетермін,- деп тарс 
бҥркеніп, ҥйдегі қалың кӛрпелерді сыртынан қымтап жапқызған. Терлеп 
жатыр. 
Тҥс боп қалды, бірақ әзірге әжем тҧра алатын емес. Кішкене балалар не 
істерлерін білмей, біресе пештің алдына ҥймелей отырып от жағып, масақ 
теріп, біресе терезенің алдына барып әйнекке тҧрған қалың қырауды 
тырмалап, сыртқа сығалап сең соққандай кҥйде. 
− Әжем ӛліп қалмай ма? — дейді Жанар кӛзі жасаурап. 
− Қой, жаман сӛз айтпа! — деп Болат оған жекіп тастайды. 
«Шынында да, әжем ӛліп қалмай ма» деген ой келгенде, менің де зәре-
қҧтым ҧшады. Бірде Нҧрсҧлудың шешесіне оның: «Жылым — мешін, сонда 
биыл мҥшел жастамын, жетпістің ҥшеуіндемін, қатер жастамын…» — деп 
айтқанын естігем. Демек, ӛзі қауіптенсе, ӛліп қалуы да мҥмкін ғой. Онда біз 
де тегіс қырылып қаламыз ғой. Бҧл ойымды онан әрі ӛрбітуге дәтім 
шыдамайды. Дереу басқа бірдеңелерді ойлағым келеді. 
Әдетте, кҥн ашықта мектепте сабақта болып, ҥзіліс кезінде балалармен 
алыс-жҧлыс ойнап жҥріп ештеңені ойлауға да, жабығып мҧңаюға да мҧршаң 
болмайды. Ал мынадай боранды кҥндері ертеден кешке дейін ҥйде қамалып 
отырғаннан ӛткен қасірет жоқ шығар. Мҧндай кҥндері мектепте сабақ 
болмайды. 
Әнипа апай: «Боранды кҥні мектепке келмеңдер, сабақ болмайды»,- 
деген алғашқы кҥн-ақ. 
Міне, екі кҥн болды, қамалып ҥйде отырғаныма. Тыстан «у-у…» — деп 
ҧлыған боран ҥні естіледі, сыртқы есікті жҧлқылап, сарт-сҧрт еткізіп қағып 
қояды. Осындай кҥндері ішқҧсаланып, не істерімді білмей жабығып, боранға 
қосыла ҧлып жылағым келеді. Кӛкемді есіме алам, әскерге кетерінде оны 
шығарып салып тҧрып әжем де, апам да, Нәзира әпкем де жылап еді, тек мен 
ғана жыламап едім. Сӛйтсем, жылаудың не екенін білмеген екем ғой. Оның 
соғыстан қайтпайтынын да тҥсінбеппін. Енді, міне, сонда жыламағаныма 
ӛкінем. Бәлкім, мен де жылағанымда, кӛз жасымды кӛріп оққа ҧшпас па еді… 
Апамды есіме алам: ауылда жҥріп-ақ, ауырмай-сырқамай, қапыда ҧры-қара 
біреулердің қолынан қаза тапқаны ӛкінішті-ақ. Әттең, қасында кӛкем болса 


212 
ғой, сонда кім қолын кӛтерер еді оған… Шіркін, апам!.. Осы кҥні әркімнен 
кӛрген жәбір-жапамды айтып, шағынып жылағым келеді. 
Aпа… Апа… 
Кӛзіме кептелген ыстық жасты ешкімге білдірмей ысырып тастап, енді 
кӛңілімді басқа жаққа аударғым келеді. «Жә, қайғыра бергеннен тҥк ӛнбейді,- 
деп қоям әжемнің сӛзін қайталап.- Белді бекем буып бәріне де шыдау керек. 
Тіршілік ету керек…» Иә, тіршілік ету керек. Сабағымды оқиын онан да. 
Ҥйге берілген тапсырмаларды тағы бір қайталап шығайын. Оқу 
қҧралдарымыз жоқ болғандықтан, Әнипа апай ҥйге берілген тапсырмаларды 
тегіс класс тақтасына жазатын да, біз кӛшіріп алатынбыз. Енді сол 
тапсырмалар жазылған ескі кітап, газет-журналдар қиындыларын (дәптер 
деген бізде атымен болмайтын да сабағымызды ескі кітап, газет-
журналдардың беттеріне жазатынбыз) қолыма алып қайталай бастағаным сол 
еді, пеш алдында отырған Болат пен Жанат, Жанар ҥшеуі ойындарын қоя 
сала елеңдесіп қҧлақтарын менің кҥбірлеп оқыған сабағыма тоса қапты. Ыза 
боп кеттім. 
− Неменеге елеңдей қалдыңдар?! Отырыңдар жайларыңа! — дедім 
ашуланып. 
− Біз жайша… әлгі, нетіп…- деді Болат міңгірлеп. 
− Біз жайша…- деді Жанат та оның сӛзін қайталап. 
− Біз жайша…- дейді Жанар да. 
Қалай кҥйіп-піспессің. Ӛзің кӛңілің қҧлазып, не істеріңді білмей, бір 
ауық сабағыңды алданыш етейін десең, оны да мына кішкентайлар қитығыңа 
тиіп оқытпайды. Ҥйге берілген тапсырмаларды ертеден кешке дейін бір кҥн 
емес, бірнеше кҥн қайта-қайта оқи берген соң, ӛзім ғана емес, інілерім мен 
қарындасым да жаттап алған еді. Қҧлақтарына сіңгені сонша, ойын ҥстінде 
бір-біріне: «Тӛрт жердегі тӛртім қанша?», немесе: «Зат есім дегеніміз не?» — 
деп сҧрақ қойып, оған ӛздері жарыса жауап беріп жатады. Олардың мҧнысы 
маған мені мазақтағандай әсер етеді. Енді қалай, менің әлдеқандай боп 
қоқиланып, ӛзімше инемен қҧдық қазғандай білімді ҥлкен қиналыспен тер 
тӛгіп оқып жҥрмін дегенімді қайтейін, мына ҥшеуі пештің алдында ойнап 
отырып-ақ оп-оңай қағып жаттап ала қояды. Мен ҥшін сабақ оқу, ал бҧлар 
ҥшін жай ойын. Соған мен ӛлердей намыстанам, ыза болам. Қазір де ҥшеуі 
мен қай сабақты қайталар екен дегендей маған елеңдеп қарай қапты. 


213 
− Отырыңдар жайларыңа,- дедім зеки қайталап. Ҥшеуі тым-тырыс пеш 
алдындағы сабанға отыра-отыра кетті. 
Мен кҥбірлеп сабағымды қайталауға кірістім. «Шіркін, оқулықтарым 
болса ғой, осындай боранды кҥндері бастан-аяқ оқып жаттай берер ем. Сонда 
мына кішкентайлар ілесе жаттамақ тҥгілі, бір сӛзімді ҧғудан да қалар еді. 
Әйтпесе ғой, немене, бір жаттап алғаныңды қайталай берген де мезі ғып 
жібереді екен. 
− Қанатай, кҥнім…- деді осы кезде тарс бҥркеніп жатқан әжем даусы 
әзер шығып,- менің жағдайым болатын емес… мына кішкентайлардың 
қарнын ашырып алма, қарғам… сенің есің бар ғой, тіршілік жаса… 
− Мақҧл, әже. 
Дереу тӛсектің астындағы ала дорбаны алып шықтым. Қазандағы 
қайнап тҧрған суды шәугімге қҧйып алып ішін тазарттым да, Болатқа от 
жаққыздым, онан соң әжемше: «Біссімілдә» деп қос уыстап бидайдан қызып 
тҧрған қазанға сала бастадым. Артық та емес, кем де емес дәл мӛлшерлеп 
әрқайсымызға екі қос уыс ӛлшеп салғам. Жарты қазандай болды. Қызып 
тҧрған қазанға тҥскен бидай сәлден кейін тамшылай бастаған ақ жауындай 
ақырындап сытырлай бастады. Оны араластырып тҧру керектігі есіме тҥсіп 
дереу кәкпірді іздегем, кәне, таба алсамшы, қазандықтың мойнында да, 
ыдыс-аяқтар тҧратын шкафта да кәкпір жоқ. Бидайлардың сытыры кӛбейіп 
барады, сасқанымнан дәу ағаш ожауды жҧлып ап сонымен араластыруыма 
тура келді. Сабы добалдай жуан ожау қазандағы бидайды араластыруға 
мҧндай қолайсыз болар ма, жайлап араластырайын десем бидайға батпайды 
да, ал кҥш салып қаттырақ бҧлғасам бидай қазанның ернеуінен шашыла 
бастайды. Бидай қуырудың мҧндай қиын екенін кім білген. Қазанның ыстық 
табы бетімді шарпып, ожау ҧстаған қолымды кҥйдіре жаздайды, сондықтан 
ожауды екі қолыма кезек-кезек алмастырып ҧстап араластырам. От жағып 
отырған Болат: 
− Бидайды тӛкпесеңші,- деп безектейді. 
Тӛкпей араластырайын десем, ожауды солақай қолмен ҧстау тіптен 
икемсіз, қолымның кҥші жетпейді, ал қазанның тҥбі кҥйіп барады. Енді бір 
сәт піскен болу керек, бидайдың сілекей шҧбыртқан тәтті иісі бҧрқырап 
кетті. Қазаннан кӛз алмай телміре қарап тҧрған Жанат пен Жанарға: 
− Тез, тегешті әкеліңдер! — деп бҧйырдым. 
− Тегеш қайда? — деді сасып қалған Жанат. 


214 
− Мен қайдан білейін, іздеп тап. Бол, тез, бидай кҥйіп кетеді, енді. 
Кҥні бҧрын бәрін дайындап қоймағандықтан, бір-бірімізбен қақтығыса-
соқтығыса, қай ыдыстың қайда екенін білмей, ҥйдің ішін зыр жҥгіре айналып 
жҥріп тегешті тапқанымызша, қазаннан қайнаған судан кӛтерілетін бу тәрізді 
бҧрқырап ыстық жалын шыға бастады. Жалма-жан асып-сасып әлгі добалдай 
ожаумен қуырылған бидайды тҥсіргенімше, біразы шашылып, ал соңғы жағы 
қап-қара боп кҥйіп, кішкентай қара қоңыздар қҧсап кетті. 
− Әй, Қанатай, балам, бидайың кҥйіп кетті ғой,- деді тарс бҥркеніп 
жатқан әжем де шыдай алмай басын кӛтеріп. 
− Ештеңе етпейді, онша кӛп кҥйген жоқ,- деп қойдым. 
− Қазаның жарылып кетпесін, ақырындап су қҧйып қой. 
− Жарайды. 
Шар еткізіп қазанға су қҧйып қойдым. 
Енді байқадым, ҥйдің іші кӛк тҥтінденіп кҥйік сасып кетіпті. Сәл есікті 
ашып алуға тура келді. 
− Анау кҥйген бидайлардың бәрін мен жеп қоям,- деді Жанат сілекейін 
жҧтынып. 
− Мен жеймін,- деп Жанар таласа тҥсті. 
− Тиыш тҧрыңдар, бәріміз бірге жейміз,- деді Болат ҥлкендігін білдіріп, 
онан соң саған қарап: — Сӛйтеміз ғой, Қанат? — деген. 
Қуырылған бидайдың ҥстіңгі жағындағы қап-қара қоңыз боп кеткен бір 
тостағандай бидайды қайтерімді білмей тҧрғам, кішкене балалардың мына 
сӛздерінен кейін тегеш ішіне тегіс араластырып жібердім. 
− Иә, бәріміз бірге жейміз,- дедім. 
Осы сәт әжем басын қайта кӛтеріп: 
− Әй, балам, бидайыңды кҥйдіріп алдың-ау, ә,- деді ыңқылдай сӛйлеп. 
− Аздап қана кҥйді. 


215 
− Әже, біз ол кҥйгендерін де жеп қоямыз,- деген Жанат айқайлай 
сӛйлеп. 
− Жемеңдер, іштеріңді ауыртады,- деді әжем даусын қатайтып.- Кҥйген 
бидайдан тазартып барып тартыңдар диірменге. 
− Мақҧл, әже. 
Енді тегештегі ыстық бидайды ҥстел ҥстіне тӛгіп, тӛртеуміз тӛрт 
жағынан отыра қалдық та, әлгіндегі ӛзім араластырған қара қоңыз кҥйіктерді 
бір-бірлеп бӛліп теруге кірістік. Сілекейіміз шҧбыра отырып аузымызға бір 
дән салмастан бар ынтамызбен тазалап отырмыз. 
− Жанар, жеме кҥйген бидайды,- дейді бір кез Болат. 
− Мен жегем жоқ. 
− Кәне, аузыңды ашшы? 
− Міне, кӛр, а-а… 
− Әне, тілің мен тістерің қап-қара кӛмір боп тҧр ғой. 
− Мен жегем жоқ. Бір кҥйік бидайдың ӛзі аузыма тҥсіп кетті,- деп 
ақталды Жанар. 
− Жемеңдер, іштерің ауырады. Қазір тазартып болған соң, диірменге 
тартып, талқан етіп сҥтке шылап жейміз,- деймін мен ҥлкендігімді білдіріп. 
Ал ӛзім іштей: «Осы кҥйік бидайды жегеннен менің ішім ауырмас еді»,- деп 
тамсанып қоям. 
Тазартып тас диірменге тартқаннан кейінгі талқанымыздың тҥрі 
қҧмдауыт жердің кҥлгін топырағындай болды. Бір кесе ыстық суға жарты 
кесе сҥт қосып шылағаннан кейін, дәмі тіл ҥйіргендей тәп-тәтті боп шыға 
келді. Әжемді тҧрғызып ҥстел басына шайға отырғызғанбыз, кӛзі кіртиіп 
шылаған талқанымыздың тҥріне ҥңіле қарады да: 
− Балам-ай, қатты кҥйдіріп апсың-ау,- деді. 
− Кҥйсе де тәтті,- деп, Жанар талқанды асай тҥсіп, шаң жуытар емес. 
− Тәтті болса жеңдер онда, жҧтқан жҧтамас,- деп қойды әжем, ӛзі аздап 
сҥт қатып отырып, тҧз салып ақ сҥт шайды ішуге кірісті. Бҥйтіп шай ішкені 
әжемнің тәуір болайын дегені. Сәлден кейін маңдайы тершіп, қҧрыстары 


216 
тарағандай реңі кірейін деді. Аузына басқа нәр салмастан бір шәугім ыстық 
су мен қалған жарты кесе сҥтті терлеп-тепшіп отырып тауысқанша, әжем де 
тыңайып тәуірленіп қалған сияқты болды. Біз әжеміздің сыбағасын да ӛзіміз 
жеп, ар жағымызға ел қонып қунақтап қалғанбыз. Кенет Жанар әжеме қарай 
жалт бҧрылып, оның айғыз-айғыз тер аққан жҥзінен кішкентай алақанымен 
еркелей сипады да: 
− Әже, енді тәуір болдың ба, ӛлмейсің бе? — деді. 
Әжем кҥліп жіберді және рақаттанып ҧзақ кҥлді. 
− Ӛлмеймін,- деді Жанардың кекіл шашынан иіскеп қойып.- Сендерді 
жеткізбей неге ӛлейін. Ӛлмеймін. 
− Ур-ра, әжем ӛлмейді,- деп қарны тойған Жанат ҥстел шетінде 
шалқасынан жатқан кҥйде аяғын тыпырлатты. 
Ӛстіп кӛңіліміздің кем-кетігі жазылғандай боп қуанышты бір шақта 
отырғанымызда, ауыз ҥйге аяғын дҥрс-дҥрс қағып біреу кірді. Болат ҧшып 
тҧрып есік ашқан, Зибаш екен. Станцияға Нәзира әпкеммен бірге астық тарта 
кеткен. 
− Әже Нәзираның ӛгіздері болдырып жолда қалды, Жарбҧлақтың 
тҧсында,- деді. Ӛзінің ӛне бойы сірескен қар, сықырлап тҧр, иегі-иегіне 
тимей сақылдап, сӛйлеуге аузы әзер келіп тҧр, әбден тоңған. 
− Не дейді?! Жалғыз қалды ма?! — деді жан даусы шыққан әжем. 
− Қасында Манар бар. Біз алдыңғы екі шана ауылға хабар берейік деп 
озып кеттік те, олар екі шана кейіндеп қалды. 
− Ойбай, ӛлді десеңші онда, мына боранда!.. Ойбай…- деп әжем 
ойбайлай жӛнелді.-Қҧдай-ау, ендігі кӛп кӛргенің сол ма еді?! Неден жазып 
едім саған, осынша сор маңдай ететіндей… Қанат-ау, неғып тҧрсың, ойбай, 
жҥгірсеңші Байдалыға! — деп кеп, есім шығып сілейіп тҧрған мені 
жҧлқылады. 
Зибаш кетуге ыңғайланған, ҥстіме ілінгенді кие сап оған ілесе мен де 
сыртқа шықтым. 
− Сен Байдалының ҥйіне бар,- деді Зибаш дірдектеген ӛгіздерін бас 
жібінен жетелей тҧрып.- Қора жақта жҥрсе, мен ӛзім айтам ғой. 


217 
Дала әлем-тапырық боп, боран ӛршелене соғып тҧр. Бҧ неғылған 
таусылмайтын қар, бҧ не деген басылмайтын боран. Сірә, аспанның тҥбі 
тҥсіп кеткен шығар. Ҧйтқыған қар лезде қойны-қоншымды кеулеп 
дірдектетіп жіберді. Байдалы шалдың ҥйіне қарай қалың қарды кешіп сҥріне-
қабына жҥгіре жӛнелдім. Оппа қарға малтығып екі-ҥш рет оңқа-шоңқа қҧлап 
та алдым. Байдалы шал ҥйінде жоқ екен, Кӛлбай керең екеуі кешеден бері 
мал жақта жҥрген кӛрінеді. 
Ҥйге қайтып оралғам. Әжем сол әлгіндегі қҧдайға біресе налып, біресе 
жалбарынып, зар еңіреген кҥйінде байыз таба алмай жҥр екен. Оған қосылып 
кішкене балалар да тҧс-тҧстан ҧлардай шулап жылап тҧр. Осының бәрін 
кӛріп ҥйде отыру мҥмкін емес еді. Менен ӛзге бас кӛтерер Нәзира әпкемді 
іздеп шығар ешкімнің жоғы белгілі. Ӛгіздері болдырып жолда қалғанын ести 
отырып, біліп отырып, еш әрекетсіз қол қусырып қалай ғана отыра алам. 
Алдынан шығуым керек, іздеуім керек. Мен Жарбҧлаққа баратынымды 
айтқам. 
− Мына боранда сені қалай жалғыз жіберем?! — деп, әжем онан әрмен 
ойбай салды. Менің дегенімнен қайтпасымды кӛріп, енді ӛзі де киіне 
бастады. 
− Ӛзің ауырып тҧрсың, қазір суыққа шықсаң мҥлдем жатып қаласың 
ғой,- деген менің сӛзімді тыңдаған да жоқ. 
− Сен екеуіңнің жолыңда мен ӛліп, неге қҧрбандықтарың болмаймын,- 
деп бой бермеді. 
Жылай жҥріп ӛзі де киінді, мені де жылылап киіндірді, қолымызға бір-
бір таяқ алып, Нәзира әпкемді іздеуге шықтық. Екі шақырымдағы 
Жарбҧлаққа мынадай ат қҧлағы кӛрінбейтін боранда барамыз деп жҥрген 
әжем екеуміздікі қҧр далбаса да. Есіктен аттап шыға бере-ақ, қалай 
жҥрерімізді білмей бір-бірімізді тартқылай бастадық. Боран оң жақ 
шекемізден қиғаштай соғып алға аттатар емес, кейін қарай итеріп-итеріп 
тастайды, екеумізді қауқар кӛретін тҥрі жоқ, қаңбақша ҥйіреді. 
− Әже! — деп айқайлаған дауыс шыққандай болды соңымыздан. 
Сӛйткенше болған жоқ, салт атты біреу ентелеп қуып жетті. Бектай 
есепші екен. Астында Нҧғыман бастықтың атақты Кҥреңтӛбел аты, иығыңа 
мылтық асынып, қанжығасына жем салған қоржын теңдеп апты. Жарбҧлаққа 
бара жатқаны айтпаса да белгілі боп тҧр. Сірә, бар жайды Зибаштан естіп 
шыққан болу керек. 


218 
− Кәне, қайтыңыздар! Нәзираға мен барып алып келем! — деді 
айқайлап. 
− Қарағым!.. Қарағым!.. Ӛркенің ӛссін!..- деді кемсеңдеген әжем, лездің 
арасында бет-аузын қар тҧта бастаған еді, демігіп әзер сӛйледі. 
Осы сәтте Бектайға менің кӛңілім де елжіреп сала берді. «Ағатай-ай»,- 
деп ҥзеңгісіне оралып ағыл-тегіл жылап жіберуге шақ қалдым. 
− Мен бірге барайын, мінгестіре кетші,- дедім жалынып. Жолың 
болғыр, Бектай сӛзге келген жоқ, артына мінгестіріп алды. 
− Әже, адасып кетпей ҥйге қайт! 
− Қайтам, қайтам. Жолдарың болсын! 
Нҧғыманның ӛзі мен ауданнан келген ӛкілдерден ӛзге ешкім мінбейтін, 
ылғи жем жеп тоқжарау тҧратын Кҥреңтӛбел қҧтырынып тҧр екен, жануар, 
мына боран ойына кіріп шығар емес, осқырынып қойып қалың қарды қақ 
жарып омыраулай жӛнелді. Бектай еңкейіп аттың жалына жабысып алды да, 
мен оның белінен мықтап қҧшақтап алдым. Жолшыл ат әлгіндегі 
Зибаштардың шаналарының боран бҥркеп тастаған ӛзінің сілеміне тҥсіп 
тартып келеді. Қары жҧқалау тҧстарда желе жортса, қалың қарға тҥсіп 
кеткенде, орғып-орғып ытқақтайды. Сондайда мен семіз аттың тақтайдай 
сауырынан домалап тҥсіп қала жаздаймын. 
− Қанат, мықтап ҧстан! — деп қояды Бектай. 
Сӛйдейді де ӛзі тебініп қалады, Кҥреңтӛбел онан әрмен ытырына 
жӛнеледі. 
Жарбҧлақ — тарам-тарам сай-жыралардың тоғысқан тҧсындағы 
табиғаттың ӛзі апан қҧсатып ойып тастаған тӛңірегі биік жарқабақты терең 
сай. Тҥбінде бҧрқырап қайнап шығып жататын суы мол бҧлақ бар. Сай-
жыраларды кеулеген қалың бӛргез, әредік-әредік долана ағаштары ӛседі. 
Жазда балалар долана жинауға мҧнда жиі келетінбіз. Ауылдан шыға сап қара 
жолдың шаңын бҧрқылдата жарысып ойнап кеп, ойнап қайтып жҥретін 
жеріміз. Енді, міне, қыста Кҥреңтӛбелдің ӛзімен суыт жҥріп келе 
жатқанымызда, жеткізер емес, тіпті алыстап кеткен сияқты. Әудем жер анық 
кӛрінбейтін ақ тҥтекте ӛр мен ылдиды айырып болмайды, қай тҧста келе 
жатырмыз. Жарбҧлаққа дейін алыс па, жақын ба белгісіз. Кенет Кҥреңтӛбел 
осқырып оңға қарай оқыс жалт берген, мен ҧшып тҥсуге шақ қалдым. 


219 
− Ой, мынаған не кӛрінді?! — деп Бектай атты қамшымен осып 
жіберді. Бірақ қанша қамшылап, тебінгенмен, Кҥрең тӛбел осқырына ҥркіп, 
алға қарай баспай қойды, амал жоқ, жолдан шығып омбылай орағыта 
жҥргенбіз, тек осы кезде ғана: 
− Ӛй, әнең қара! — деді Бектай шошына. 
Сол жағымызда анадай жерде бораннан екі қҧлақтарын жымырып, жер 
бауырлағандай боп екі қасқыр қатарласа ӛтіп бара жатыр екен. Сӛйткенше 
болған жоқ, Кҥреңтӛбел солға қарай жалт берген, енді оң жақ бҥйірімізден 
ҥшінші қасқыр кӛрінді. Жел жақтан тағы бір-екеуінің қосарлана ҧлығандары 
естілді, бірақ ӛздерін кӛре алмадық. Ат та, біз де дірілдеп кеттік. Қалың 
оппадан ыршып-ыршып секіріп кеп жолға қайта тҥскенбіз, мҧрнымызға ауыр 
бір кҥйіктің иісі келді. Кҥреңтӛбел сол кҥйік шыққам жаққа қарай ышқына 
ҧмтылып кеп, кенет ішін тартып қайыра осқырынып кілт тоқтай қалған. 
Доғарылған бос шананың алдына кеп тоқтаппыз. 
− Әне, отыр! — деді Бектай қуана дауыстап.- Әй, амансыңдар ма?! 
Бектайдың тасасынан мен алдыңғы жақты кӛре алмадым. 
− Аманбыз, аманбыз! Ӛздерің бізді қалай таптыңдар? — деп қуана 
жауап қатқан Манардың даусын таныдым. 
− Тҥу, келгендерің қандай жақсы болды! Не істерімізді білмей отыр 
едік. 
Енді мен де кӛрдім, екі бос шананың ортасында аппақ қар басқан 
ӛгіздер тҧр да, ӛгіздердің ортасында ҥсті-бастары аппақ қар Нәзира әпкем 
мен Манар екеуі қорбаңдасып бірдеңені бықсытып жағып отыр екен. Біз 
қастарына кеп аттан тҥскенбіз. Алдарында бықсып жанып жатқан қара 
кҥйелеш бір нәрсені аударыстырып отырған Нәзира әпкем мені кӛріп 
орнынан тҧрды. 
− Қанатай, сенбісің?! 
Келіп қҧшақтаған болды. Әбден тоңған екен, дірдектеп ӛз қолы ӛзінің 
икеміне келер емес. Бектай қоржындағы жемді тҥсірген. Тӛрт ӛгіздің ҥшеуі 
дірдектеп тҥрегеп тҧр да, біреуі жатыр екен, кәдімгі Нәзира әпкем жегіп 
жҥрген кӛк қасқа ӛгіз. Ҥш ӛгіздің алдына қоржынның бір басындағы жемді 
тӛгіп, қоржынның екінші басындағы жемді кӛк қасқа ӛгіздің алдына қойдық. 
− Жей ғой, қасқам, жем жеші,- деп ӛзі дірдек қаққан Нәзира әпкем 
жемнен қос уыстап алып кӛкқасқаның аузына тосқан. Байғҧс Кӛкқасқа сол 


220 
аузына тосқан жемді жеуге шамасы зорға келді. Осы кезде әуелі сол 
жағымыздан, оған қосыла іле-шала оң жағымыздан қасқырлар ҧлыған. 
Бораннан ӛздері кӛрінбейді, бірақ ҧлығандары тым жақыннан естіліп тҧр. 
Кҥреңтӛбел тіптен тыпыршып кетті. Айнала қасқыр қаптап кеткендей біз де 
ҥрейленіп қалдық. 
− Бағана бҧлар бізді қоршаған, ӛзіміз де, ӛгіздер де зәреміз зәр 
тҥбімізге кетіп, жаман қорықтық,- деді Манар сӛніңкірей бастаған бықсықты 
қайта аударыстырып.- От жағуымызға тура келді.- Енді байқадық, бықсытып 
жағып отырғандары станцияға астық қаптап апарған қаптары екен. Және 
шананың жақтау ағашының бір басын сол бықсыған қаптардың арасына 
тығып қойыпты.- Мына ағаштың басын тҧтандырып ап қудым. 
− Мына жерде жаңа ҥшеуін кӛрдік,- деген Бектай. 
− Сендер ҥшеуін ғана кӛрдіңдер ме, ӛздері бесеу болатын. 
Бізді тӛңіректеп жҥргендері ғой. Олар со кештің тҥсуін кҥтеді енді,- 
деді Манар. 
− Жей ғой, қасқам… жей ғой…- дейді даусы дір-дір еткен Нәзира 
әпкем кӛк қасқа ӛгізін балаша мҥсіркеп. Әлгіндегідей емес, тамағынан аздап 
талшық ӛткеннен кейін, кӛк қасқа ӛгізге жан кірейін деді, сәлден кейін жем 
жеп дҧрыстала бастады. 
− Қанат, мә, сен Кҥреңтӛбелді мықтап ҧстап тҧр,- деп Бектай боран 
ӛтінде тықыршыған аттың шылбырын маған ҧстатты да, ӛзі от жағуға кірісті. 
Шананың жақтау ағаштарын тепкілеп жҥріп сындырып, оларды бықсып 
жатқан қаптардың арасына салып, бораннан қалқалай отырып ҥрлеп, отты 
кәдімгідей тҧтатқан. Қу ағаш лаулап жана бастады. 
− Кәне, екеуің жылынып алыңдар,- деді онан соң дірдек қаққан Нәзира 
әпкем мен Манарға. Ӛзі тағы да тепкілеп ағаш сындыра бастаған. Дәл осы 
мезетте ту сыртымыздан бірдеңе оқыс зу еткендей болды да, Кҥреңтӛбел 
ышқына кісінеп жіберіп, кӛлденең жатқан Кӛкқасқа ӛгіздің ҥстінен бір-ақ 
қарғып, шылбырын қолыма орай ҧстап тҧрған мені жҧлып әкетті. Кӛкқасқа 
ӛгізден асып барып мен оңқа-шоңқа қҧлағам, Кҥреңтӛбел дырылдатып 
сҥйрей жӛнелді. Қанша жер сҥйреткенін білмеймін, бір кез қыл шылбыр 
қолымнан сыпырылып шығып кетті. Қалың қарда аспандай секіріп бара 
жатқан Кҥреңтӛбелді кӛріп қалдым, оның ышқына кісінегені, одан Нәзира 
әпкемнің шыңғыра айқайлаған даусы жетті қҧлағыма, Бектай мен Манардың 
қосарлана аттандағандарын және естідім, гҥрс етіп мылтық атылды. Біреу 
кеп жерден жҧлқып кӛтеріп алған, Бектай екен. 


221 
− Жҥр, жҥр, отқа қарай,- деп дедектетіп жетелей жӛнелді. Екі шананың 
ортасына, оттың қасына жеткенімде: 
− Еш жерің ауырған жоқ па? Амансың ба? — деген әпкем ҥрейленіп. 
− Аманмын. 
Осының бәрі қас қағым сәтте болған еді, мен тіпті қорқып та ҥлгере 
алмадым ба, білмеймін, әйтеу, сақылдап кҥлгенім есімде. 
− Әлгі қасқырлар қайда? — деппін. 
− Кҥреңтӛбелді қуып кетті,- деді Манар. 
− Жануар аман қҧтылып кетсе жақсы болды,- деді Бектай қайғыра 
тҧрып.- Ал ӛгіздер әлденген шығар, жҥрелік. 
Ӛгіздер, шынында да, әлденіп қапты, Кӛкқасқа ӛгіз де орнынан 
сҥйретіле тҧрды. Шаналарды тастап, тӛрт ӛгізді ортаға алып, Нәзира әпкем 
мен Манар алға тҥсіп жетелеп, біз Бектай екеуміз соңдарынан айдап, ауыл 
осы тҧста-ау деген бағытпен жҥріп кеттік. Бектай мылтығын оң иығына асып, 
сол иығына бықсыған қаптар мен тҧтанған ағаштарды орап басына ілген 
ҧзын таяқты салып алған. Қасқырға қарсы бірден-бір амалымыз. Бір жақсысы 
боран соңымыздан, ӛгіздер де, ӛзіміз де итере қуғандай боп келеміз. 
− Апырай, Кҥреңтӛбел не болды екен? — деп қояды Бектай. 
Боранның гуілі ме, әлде қасқырдың ҧлығаны ма, ҥрейлі бір дыбыстар 
естіледі, «У-у…» дейді. Қорқып Бектайға тығыла тҥсем. Тҥтектене соққан 
боран, қарауыта бастаған тӛңірек ӛгіздерді де, біздерді де жҧтып қоярдай. 
Біз ауылға жеткенде, дала қараңғы тартып, кеш тҥскен еді. Бектай мен 
Манар әрі қарай кетті де, біз әпкем екеуміз екі ӛгізді жетелеп ҥйге қарай 
бҧрылдық. Әжем мен балалар май шамды сығырайтып қойып, бізді елегізе 
кҥтіп отыр екен. Ҥсті-басымыз қар-қар боп сіресіп ҥйге кіріп келгенімізде 
әжем: 
− Жеті нан! Жеті нан! — деді. 
Әжем екеуміз әуелі екі жақтан жҥріп Нәзира әпкемнің ҥстіндегі етегіне 
дейін делдиіп ақ мҧз боп қатып қалған сары тонын шештік. Нәзира әпкем 
ошақ алдына отқа қолын созып сылқ етіп отыра кетті. 


222 
− Қар әкел, қар! — деді әжем дегбірі қашып. 
Мен бос шелектің бірін ала сап, есік кӛзінен толтырып іліп қар алып 
кірдім. Онан соң әжем екеуміз екі жақтап қармен Нәзира әпкемнің аяқ-қолын 
ысқылауға кірістік. 
− Әлгі Бектай іздеп тапты ма? — деп сҧраған әжем. Әпкем басын изеді. 
− Ӛркенің ӛскір-ай!.. Айналайын-ай… Ӛзі неғып ҥйге кірмей жҥр. Әлде 
ҥйіне кетіп қалды ма? 
Нәзира әпкем тағы да басын изеді. Енді байқадым, әпкемнің тоңғаны 
сонша, иегі дірілдеп, сӛйлеуге шамасы келмей тҧр екен. «Аяғым… аяғым…» 
— дей береді. Екі аяғының басын қармен қанша ысқыласам да кӛкпеңбек боп 
жан кірер емес. 
− Қанатай,- деді әлден уақытта даусы жарықшақтана сӛйлеген Нәзира 
әпкем,- сен барып, сырттағы егіздерді ешкілердің қасына қораға кіргізіп, 
алдарына шӛп салып келші. 
Жайшылықта кешкісін қораның есігін ашуға қорқатынмын, бҧл жолы 
сол қорқыныш атаулыдан мҥлде із де қалмапты, тастай қараңғы қораның 
ішіне сипаланып жҥріп кіріп, дірдектеген екі ӛгізді жылы тҥкпірге қарай 
жетелеп, алдарына шӛп салдым. Қараңғы қораның ішінде, кҥрт-кҥрт кҥйіс 
қайырған ешкілер мекірене маңырап, менің дыбысымнан шошынғандай тӛбе 
жағымда қонақтап отырған тауықтар қанаттарын сабалап, ақырындап қыт-
қыттап қойды. 
Ертеңіне шайдан кейін ӛгіздерді колхоздың қорасына апарып, Кӛлбай 
кереңге тапсырдым. 
− Шана қайда? — деп сҧраған. 
− Ҥйдің қасында қар басып қалды, кҥн ашылған соң, шығарып аламыз,- 
дедім қҧлағына айқайлап. 
Қораға дейін жел соңымыздан болып, боран екі ӛгізді де, мені де 
дедектетіп қуып әкелген. Енді қайтарда боранға қарсы жҥрдім. Мҧндай зәрлі, 
суық болар ма, тҧла бойымды қалтыратып жіберді. Ышқынып-ышқынып 
ысқыра соққанда, кӛзді ашырмайтын ақ тҥтек тҧншықтырып жіберердей 
болады, қойны-қонышымды кеулеп, аттаған сайын кері итеріп ҧшырып кете 
жаздайды. Ҥрлей-ҥрлей киіздей ғып тығыздап тастаған қатты қарда бір 
сҥрінсең, қаңбақша домалата жӛнелетін сияқты. «Кҥн ашылса, мына қатты 
қарда әлі сырғанақтың тҥбін тҥсіретін болармыз»,- деймін. Ҥш кҥннен бері 


223 
далаға шықпай әбден ішім пысқаны сонша, бірден ҥйге барғым келмеді. 
«Әжібек не істеп отыр екен, соға кетейінші»,- деп, соның ҥйіне бҧрылғам. 
Кҥткенімдей-ақ ҥйінде бір топ бала у да шу боп отыр екен. Қақ тӛрде аласа 
дӛңгелек ҥстелдің басында, қолында пышақ, Әжібектің ӛзі отыр, алдында 
ағаш ет табақта ет дейін десем ет емес, бірақ соған ҧқсас жалбыршақтанған 
бірдеңе буы бҧрқырап тҧр. Басқа балалар: Бәтен, Санат, Қайрат және бір-екі 
бала әрқайсысы әр шетте Әжібектің аузына кӛздерін сатып мӛлие қарапты да 
қалыпты. Ҥсті-басым қар-қар боп мен кіріп келгенде, Әжібек: 
− Міне, Қанат та осы қҧйқаның иісін біліп келді,- деді мәз болып.- 
Жарайды, сен де отыр, әуелі мен ӛзім тойып алайын, қалғанын сонан кейін 
бәріңе бӛліп беріп ауыз тигізем. Піссімілдә… 
Әжібек табақтағы қҧйқаның бір шетінен кесіп ап аузына тастап жіберді 
де, алдымен біраз шайнап дәмін алып кӛріп, қылғыта жҧтып жіберді. 
− Дәмді екен,- деді. Мҧнан әрі ол кӛн етіктің қонышы қҧсап жиырылып 
жатқан қалың қҧйқаны кәдімгі ет қҧсатып пышақпен шетінен кесіп, асай 
бастады. Балалар тамсанып қойып оның жегеніне телміре қараймыз. Мына 
жеспен Әжібек бір табақ қҧйқадан бір жапырақ та ауыз тигізбес деп 
отырмыз. Жо, қҧйқаның жартысынан кӛбі желінгеннен кейін, тояттайын деді, 
кекірініп, алдындағы сорпасынан ҧрттап, ет табақты кейіндеу ысырып қойды. 
Бізге бірден бӛліп беруге кӛзі қимай біраз отырды. Онан соң есіне әлдене 
тҥскендей ойланып қалды да: 
− Қазір бәріңе де аз-аздан беріп ауыз тигізем,- деді ескертіп.- Дәмінің 
қандай екенін кӛріңдер. Егер ҥйлеріңде ірі малдың жатқан-тҧрған жас терісі 
болса, осында әкеліңдер, ӛстіп асып жейтін боламыз. Білдіңдер ме?! 
Әжібек кесіп берген бір-бір жапырақ қҧйқаны жеп кӛріп, бәріміз де 
тамсана тҥсіп дәмді екенін мойындадық. Берсе тары да жер едік, бірақ 
Әжібек бере қоймады. Табақта қалған ҥлкен бір кесек қҧйқаны меңзеп: 
− Мынаны, егер кімде-кім маған Мәриді шақырып әкелсе, соған берем,- 
деді. 
− Мен шақырам,- деді Қайрат. 
− Мен шақырам,- деді Бәтен. 
− Ол келмейді мҧнда,- деді Санат. 
− Сендер келетін етіп шақырыңдар. 


224 
− Шешесі жібермейді ғой. 
− Мектепке апай шақырып жатыр деп алдап ертіп шықпайсыңдар ма, 
кӛксоққандар-ау! Әй, осы сендерде тҥйір ақыл болсашы, сендерге ақыл 
ҥйретем деп, мына шашым жасыма жетпей ағаратын шығар. 
− Далаға шақырып шыққанмен, ол қызды мҧнда әкелу қиын ғой. 
− Иә, ол ӛзі әртіспін деп тҧштаңдап, анау-мынау айтқаныңа кӛнбейді. 
− Ал сендер кӛндіріңдер,- деді Әжібек қатуланып.- Менің кім екенімді 
айтыңдар, менсінбей кӛрсін!.. Ал екеуің барыңдар! — деді Бәтен мен 
Қайратқа — Ал, сендер,- деді Санат екеумізге: — отыра тҧрыңдар. 
Менің таңғала байқағаным, сол кҥні Әжібектің мінезінде де, сӛзінде де 
бҧрын біз байқамаған бір ӛзгешелік бар еді. Біз Санат екеуміз оның кей сӛзін 
ҧққан, тҥсінген сияқты болдық та, кей сӛзіне тҥсіне алмадық. 
− Басқа балаларға қарағанда сен екеуіңнің естерің бар. Сондықтан 
ішіме сыймай толып бара жатқан бір сырымды ақтарып біраз жеңілейіп 
алғым кеп отыр,- деп бастады Әжібек сӛзін.- Менің әңгімем ғашықтық 
жайында. Ғашық болу деген керемет екен… Қанат, Санат сен екеуің әлі 
баласыңдар ғой, ғашықтық дегеннің не екенін білмейсіңдер. Ғашық болу 
деген керемет екен. Жҥрегіңді ауыртатын азап екен. Мысалы, осыдан тӛрт 
кҥн бҧрын боран соғардың алдында мен кӛшеде Мәриді кӛргем. Қыз деген 
тез ӛседі деген рас екен. Былтыр ғана басы биттеп жҥретін боқмҧрын еді, бір 
қыстың ішінде бойы тартылып, сҧлу қыз боп қапты. Сендерге — ӛтірік, 
маған — шын, әлгі қызды кӛргенде, жҥрегім ауырып сала берді, не 
болғанымды білмей соңынан телміре қарап тҧрып қаппын. Содан бері 
жатсам-тҧрсам кӛз алдымнан Мәри кетпейді. Мені ӛзіне сиқырлап алған 
сияқты. Қыз Жібекке Тӛлеген осылай ғашық болған шығар. Ӛзімнен ӛзім 
ӛлгім келеді, тек Мәри де менімен бірге ӛлсе деймін. Сонда біз де «Қозы 
Кӛрпеш — Баяндай бір молада ӛлсек-ау» деп, зар — илегім келеді… 
Әуелде Әжібектің айтып отырғандары қызық сияқты кӛрініп еді, 
артынан ҧғынықсыз бір мылжың сӛздер боп кетті. Оның ҥстіне Мәриді мен 
ӛзім де жақсы кӛретінмін. Сондықтан Әжібектің «Оған елердей ғашық 
болдым» дегенін іштей ҧнатпай да отырдым. 
Біраздан кейін ҥсті-бастары аппақ қар болып Қайрат пен Бәтен келген, 
екеуінің айтқаны: Мәри әуелі бҧлардың мектепте апай шақырып жатыр 
дегендеріне сеніп, ҥйінен киініп шығыпты, онан соң бҧлар Әжібектің ҥйіне 
шақыратындарын айтқан кезде, ашуланып: «Алдағандарың ҥшін мә, 
сендерге!»- деп, екеуін екі періп қарға оңқа-шоңқа етіпті де, ҥйіне кетіп 


225 
қапты. 
− Қыздың пергеніңе қҧлап жҥрген сен екеуіңнен тҥк шықпайды,- деді 
Әжібек ыза боп. 
− Қаланың қызы емес пе, тӛбелестің әдісін біледі,- деді Қайрат 
ақталып. 
− Жә, ез немелер! — Әжібек тӛсегіне барып шалқасынан қҧлай кетті.- 
Ӛзегім ӛртеніп барады… Уһ… Не істесем екен?.. Ағатайлар-ай, не істе 
дейсіңдер маған?.. Әлде біреуді пышақтап ӛлтірсем бе екен, а?.. 
Мҧнан әрі Әжібектің ӛзінің де, сӛзінің де мәні жоғын ҧғып Санат 
екеуміз ҥйлерімізге қайттық. 
− Мынау тура Ырысбектің аузынан тҥскендей боп қапты ғой,- деді 
былай шыққан соң Санат жаңағы Әжібектің қылықтары ішіне сыймай. 
− Расында да. 
Боран сол ышқына ҧлыған сарынынан танбастан қҧтырына соғып тҧр. 
Ертеңгісінге қарағанда есіре тҥскендей. «У-у…» Бҥкіл дҥние — жер де, кӛк 
те ақ тҥтек. Тірлік атаулының кҥні осы ақ тҥтекке қарап қалған сияқты. Енді 
еш уақыт толастамайтын сияқты. Біздің ауылды біржола жҧтып, кӛміп 
тастамай, кӛңілі кӛншитін тҥрі жоқ. 
− Атам айтады, ӛзім ес білген жетпіс жылдың ішінде бҧл ӛңірде 
биылғыдай қатты қыс болған емес деп,- деді боранға тҧншыға сӛйлеген 
Санат бір қырындай жҥріп. 
− Менің әжем де сӛйдейді. Тек мҧндай қыстың арты қайырлы болады, 
жазы жайлы, астық пен шӛп мол болады дейді. 
− Менің атам да сӛйдейді, молшылық болады дейді. Бәрінен де жауды 
жеңсек екен,- деді Санат боранға қасқая тҧрып айқайлап. 
− Соны айтсаңшы!.. 
Ҥйлеріміздің тҧсына келгенде, екеуміз екі айырылдық. 


226 
ҚАЛЫҢ ҚАР 
Ертеңгісін біреу шашымнан сипап, онан иығымнан қақты, кӛзімді 
ашсам, әжем екен. 
− Тҧра ғой, қарағым, боран басылыпты. Қорадағы мал неше кҥннен 
бері қамауда тҧрып обал болды әбден, соларды далаға шығарып, шӛп шаш. 
Ҥнемдеп шашпасаң, шӛп те азайып барады. Онан соң мына Нҧрсҧлудың 
ҥйіне қарай жол ашшы. Екі кҥн болды хабарласа алмағанымызға, хәлдері 
қалай екен, білейік. Есіктерін қар басып қалған жоқ па екен?! 
Сӛйдеді де әжем кҥнделікті ертеңгі тіршілігінің басы — ошақтағы 
кҥлге кӛміп, ҥстін табамен бастырып қойған қоламтаны ашып, соны ҥрлей 
отырып, сабан тҧтатып от жағуға кірісті. 
Мен ҧшып тҧрып, тҥні бойы салқын тартқан суық ҥйде денемді мҧздай 
қарыған киімдерімді тез-тез киіне бастадым. Ҥйдің іші ала кӛлеңке. Қалың 
қырбақ тҧрған кішкене терезеден ертеңгі жарық бозамықтанып қана тҥсіп 
тҧр. Кішкене балалар шырт ҧйқыда жатыр. Әншейінде әжеммен қатар 
оянатын Нәзира әпкем де әбден қалжырап шаршағандікі болу керек, тыпыр 
етер емес, ӛңі тотыққан, әрі ісіңкі, неше кҥнгі суықтың табы білінеді, бҧрын 
менен сәл ғана ҥлкен сияқты кӛрінетін балаң кескіні қазір тіптен есейіп 
кеткендей кӛрінді. 
Сыртқа шығып, әуелі есіктің тӛңірегіндегі сіріленіп қалған қарды 
кҥреп, қораға жол аштым. Кҥресіннің ҥстіне ҥстеленген бҧл жолғы жал қар 
ҥйдің тӛбесімен бірдей бопты. Бір кӛрімі есікті басып қалмай бір жарым 
метрдей ентелеп кеп жарқабақ боп тоқтаған. Қораның алдын кеңейтіңкіреп 
қарын ашып, неше кҥннен бері қамауда тҧрған қоңыр сиыр мен ешкілерді 
шығарып, шағындап-шағындап бір-екі ашадай шӛп шаштым. 
Тек осы шаруаларды жайлағаннан кейін ғана, кӛрші Нҧрсҧлудың ҥйіне 
қарай темір кҥрекпен кертпіштеп ойып, биік жалмен баспалдақтап 
кӛтерілетін жол ашып, ӛзім соның ҥстіне кӛтерілгем. Тӛрт кҥн соққан боран 
қарды әбден істелеп сірестіріп-ақ тастапты, қаттылығы сондай, аттылы адам 
шауып шықса, ойыла қоятын тҥрі жоқ. Әрі-бері секіріп, тепкілеп кӛріп едім, 
тіпті із тҥсер емес. Қар деп осыны айт! Егер мына қарға Ырысбек басымызды 
тӛмен қаратып қойып қалар болса, тӛбеміздің жапырылып қалары анық. 
Бҥкіл ауыл осындай сірескен қатты қалың қардың астында қалған. Әдеттегі 
тақтайдай жап-жазық кӛшелер мен ауыл ҥйлердің арасына дӛңкиіп-дӛңкиіп 
ақ жалдар тҧрған, ҥйлердің тӛбелерімен бірдей. Әр тҧстан қора тӛбесіне 
ҥйілген шӛптер мен жетім баладай сҥмірейген мҧржалар ғана кӛрінеді, 


227 
кейбірінен будақтап тҥтін шығып жатыр, тіршіліктің белгісі. 
Нҧрсҧлудың ҥйінің есігі жартылай ашық тҧр екен. Қар есікті екі 
жағынан бірдей ҥрлеп, істелеп, не ашылмайтын, не жабылмайтындай етіп 
сіреп тастапты, ал ауыз ҥйдің кіре берісіне әжептеуір жал тҧрған. «Есіктерін 
жабуға да шамалары келмеген-ау» деп, дереу темір кҥрекпен әлгі ҥйілген 
қарды кертіп-кертіп ойып, ауыз ҥйді, естіктің алды-артын тазартып ішкі 
есікті тартқам, міне, қызық, сыртынан кеспелтек ағашпен мықтап тіреп 
қойыпты. «Ҥйлерінде ешкім жоқ, болғаны ма, сонда бҧлар таң атпай жатып 
қайда кетті екен»,- деп таңырқап кеспелтекті алып ішке енгем, кҥңгірт қана 
жарық тҥскен, ел кӛшкендей шағын бӛлмеден ҥрейлі салқын азынап қоя 
берді. Нҧрсҧлудың шешесі Бәкиза кемпір екі немересі екі жағында ошақты 
іргелеп «бҥрісіп жатыр екен. Ошаққа кемі бір тәулік от жағылмаған тәрізді. 
Мен кіргенде, ҥшеуі де тым-тырыс қозғалмай жатты. Қорқып кеттім. Әуелі: 
− Апа! Апа! — деп жайлап дыбыс беріп кердім де еш қыбыр болмаған 
соң: — Серік!.. Берік!..- деп Нҧрсҧлудың екі баласының аттарын айтып, 
дауыстап жібердім. 
− О не?! Біреу шақыра ма?! — деді кемпір оянып. 
− Қанат қой, келіп тҧрған,- деді Берік, менің келгенімді бақылап ояу 
жатса керек. 
Мен ӛзімнің ҥрейлене дауыстағаныма ҧялып: 
− Апа, бҧл мен ғой, әжем жіберіп еді, амандықтарыңызды біл деп. 
− Ә, Қанатпысың, қарағым? — деді кемпір сол қозғалмаған кҥйінде 
жайбарақат ҥнмен,-Әзірге тіріміз. Мына Серік ауырып қалды. Денесі ӛртеніп, 
кҥйіп-жанып жатыр. Тҥні бойы осыны кҥзетем деп кӛз ілмеп едім. 
− Сыртқы есіктеріңіз ашық қапты ғой. 
− Кеше іңір кезінде біреу кеп, сыртымыздан бекітіп, ауыз ҥйге кіргізіп 
жҥрген екі тауығымызды ҧстап әкеткен, сол ашып кеткен ғой… 
Мына кісінің аттандап ойбай сап, қиянат жасағандарды қарғап-сілеп 
шаң-шҧң айғаймен болса да ашу-ыза білдірудің орнына бейжай ғана сӛйлеп, 
ешбір әрекет-қимылсыз бҧлай жатқаны маған бҧ дҥниеден кҥдер ҥзгендей 
боп кӛрінді. 
Ҥйге кеп жайды әжеме айттым. 


228 
− «Жау жағадан алғанда, бӛрі етектен» деген осы да,- деді әжем 
кҥрсініп.- Қандай ҥй еді?! Бір кездері саусақтың саласындай азамат ҧлдары у-
ду боп жататын шаңырақ еді ғой!.. 
Онан соң әжем қандай-қандай кҥн бар алда деп, бізден — балалардан 
тығып жҥрген кебеже тҥбіндегі ала дорбасынан бір тостаған тары салып 
алды, кҥзде сары серкешті сойғанда, соның іш майын шыжғырып кішкене 
табаққа қатырып алған еді, сол тоң майдың біраз бӛлегін және опырып бӛліп 
алды, әлгінде ғана сауып алған қоңыр сиырдың сҥтінің жартысын қҧйып 
алды.да: 
− Сен мына қалаққа ошақтан тамызық от салып алып жҥр,- деді. Ӛзі 
қалталақтай басып алға тҥсіп, әлгіндегі мен кҥреп ашқан қылта жолмен 
Нҧрсҧлудың ҥйіне келдік. 
Бәкиза кемпір мен кіші немересі Берік екеуі орындарынан тҧрып 
киініп, ҥй іштерін жинастырған боп жҥр екен. Ашыққандары кӛрініп тҧр, 
екеуі де әлсіреп баяу қимылдайды. Мен қоламтаны ошаққа салып, сырттан 
бір қҧшақ сабан кіргізіп от тҧтаттым. Әжем шәугімге су қҧйып шай қойып, 
ӛзі әкелген сҥтті пісірді. Ҥйдің іші жылынған кезде, әжем Серіктің жастығын 
кӛтеріңкіреп, ҥстіндегі кӛрпесін жеңілдетті, онан соң тамырын ҧстап тыңдап, 
сырқаттың бетіне ҥңіле қарап біраз отырды. 
− Апыр-ай, Бәкиза-ай, ауруды асқындырып апсың ғой,- деді. 
− Е, жарықтығым-ай, менде қазір не ес қалды дейсіз, Ӛлмеген соң 
кеудеңде жаның бар, қҧр сҥлде жҥреді екенсің де,- деді иегі кемсеңдеген 
Бәкиза кемпір жыламсыраған ҧнмен,-Кеше сізді шақырып осы баланы 
кӛрсетейінші деп, есіктен ҥш рет шығып ҥйді айналып адасып, ӛлдім-талдым 
жығылып-сҥрініп ҥш рет қайта кірдім. Қарыс жер аттап жҥре алмадым. 
Ақырында, қой, екі ортада адасып боранға ҧшып ӛлсем, мына қос жетімек 
мҥлде сорлап қалар деп қорықтым. Осы ҥйде тірі жәндік атаулыдан екі тауық 
қап еді, соның ең болмаса біреуін ҧстап мына ауру балаға сорпа жасап беруге 
де халім келмеді. Уһ.. Осыдан боран басылар кҥн болса, екеуін де 
Қанатжанға ҧстатып, бауыздатып алармын-ау деп едім, онымызды да қҧдай 
кӛп кӛрді ме, бҧйыртпады ғой. 
− Жетімнің аузындағысын жырып жегеннен кӛгере қоймас, кім де 
болса,- деді әжем ызалы ҥнмен. 
− Желкесінен шықсын… 
Ыстық сҥтке бір қасықтай май салып, сапырып-сапырып алды да: 


229 
− Балам, мына сҥттен ҧртташы,- деп, Серіктің аузына тосқан. Кӛзі 
жасаурап, жағы сопиып, алқымы ісіп кеткен Серік басын кӛтергісі кеп 
ҧмтыла емінгенімен, сҥттен ҧрттап іше алмады. Әжем енді ақырындап оның 
аузына қасықпен тамыза бастады. Менің таң қалғаным — Серіктің тҥрінің 
адам танымастай боп осынша тез ӛзгеріп кеткені еді. Осыдан біраз кҥн бҧрын 
әжем: «Кем-кетікке кӛмектесіп тҧру керек, балам, одан қор болмайсың»,-деп 
жҧмсаған соң, мен ҥйлеріне сабан тҥсіріп, қораларында жатқан ҥлкен бір 
томарды қиқалақтатып жарып бергенімде, осы Серік шамасының келгенінше 
маған кӛмектесіп, мені ӛзіне кәдімгідей жанашыр тірек тҧтып, «Қанат аға» 
деп соңымнан қалмап еді. Ӛзі тісеп жҥр екен, кҥлген кезінде, екі қасқа тісінің 
орны кетіліп, тҥрі сондай сҥйкімді, әрі кҥлкілі боп кӛрінеді екен. 
− Әй, сен ӛзің тісің тҥсіп, шал бопсың ғой,- дегем мен әзілдеп. Ол 
аузын алақанымен кӛлегейлей тҧрып: 
− Жоқ, шал емеспін,- деген басын шайқап. 
Сол сҥйкімді баланың қазіргі тҥрі — жағы сопиып қатты жҥдеп, адам 
танымастай боп ӛзгеріп кетіпті. 
Мен қорадан тағы бір қҧшақ сабан, әнеугҥнгі ӛзім бҧтаған ағаштың 
қалғанын, бес-алты тапа тезек кіргізіп бердім де, енді мектепке кететінімді 
білдіргем. 
− Бара, ғой, сабағыңнан қалма,- деді әжем.- Әлгі Нәзираны оятып кет, 
тҧрып анау балаларға қарасын. 
Сыртқа шығып ӛзіміздің ҥйге таяй бергенімде, жоғарғы жақтан алба-
жҧлба боп далбақтап жҥгіре шыққан Тоштан кӛрінді. Тоқтай тҧр дегендей, 
маған қолын бҧлғайды. Тақап келгенде кӛрдім, кӛзі бҧлаудай боп қызарып 
ісіп кетіпті. 
− Қанат, әжеңе айта салшы, менің апатайым ӛліп қалды,- деді тҥйеден 
тҥскендей етіп. Мҧндайда ӛлімді хабарлағанда, әдетте ӛте сыпайы әдеппен 
ғана: «Қайтыс болды», «О дҥниеге қайтты» деп жҧмсартып айтуға 
тырысатын, ал мына қыз болса дәл бір мал ӛліп қалғандай дҥңк еткізіп тҧр. 
− Қашан? 
− Кеше боранда маған бой бермей ҥйден шығып кеткен, мен соңынан 
киініп шыққанымша, кӛз жазып қалдым. Содан ары-бері іздеп-іздеп ақыры 
ӛзім адасып кете жаздап таба алмай қойғам. Ӛзі қайтып келер деп тҥні бойы 
шамды жағып қойып кҥттім. Жаңа ертеңгісін суға барған қатындар тҧманың 
басында серейіп ӛліп жатқанын кӛріпті. Қазір соны колхоз бастыққа айтқалы 


230 
бара жатырмын. Әскер семьясы ғой, кӛмуге кӛмектеспесе, мен жалғыз ӛзім 
мына қыста қалай кӛмем. 
Мҧнан әрі Тоштан далбақтай жҥгіріп Байдалы шалдың ҥйіне қарай 
кетті. 
Мен ҥйге кіріп Нәзира әпкемді оятып, әжемнің тапсырғанын айтып 
және Тоштаннан жаңа естігенімді — жынды Бҥбітайдың боранға ҧшып 
ӛлгенін хабарладым. Кӛзі бажырайып қалған әпкем: 
− Ойпырмай, Қарақаншық шынымен киелі ит екен-ау! — деді ішегін 
тартып. 
Мектепке келсем, неше кҥнгі боранда ҥйден шыға алмай әбден іш қҧса 
болған балалардың кейбіреулері алысып-жҧлысып ойнап, кейбіреулері осы 
кҥндерде ауылда болған ӛзгеріс-жаңалықтар мен ӛсек-аяңдарды бірінен-бірі 
асыра соғып, гӛй-гӛйттесіп отыр екен, соның арасында Бҥбітайдың боранға 
ҧшып ӛлгенін де, Нҧрсҧлудың ҥлкен ҧлы Серіктің қатты ауырып жатқанын 
да және оның жҧпар деген жҧқпалы жаман ауру екенін де, біреулердің кеше 
іңірде Нҧрсҧлудың шешесі мен балаларын сыртынан бекітіп тастап ауыз 
ҥйлеріндегі екі тауығын ҧрлап әкеткенін де жіпке тізгендей ғып айтысып 
отыр екен. Менің таңғалғаным осыдан бірер сағат бҧрын ғана ӛзім ҥйлерінің 
алдын тазалап кҥреп, сыртынан кеспелтек ағашпен тіреп бекітіп кеткен 
есіктерін 
ӛз 
қолыммен 
ашқан 
Нҧрсҧлудың 
ҥйіндегі 
жағдайды 
мҧндағылардың менен жақсы біліп отырғандығы. Мәселен, мен Серіктің 
қатты ауырып жатқанын кӛзіммен кӛргенмен, оның қандай сырқат екенін 
білгем жоқ, ал бҧлар оның жҧпар деген жҧқпалы жаман ауру екенін айтып 
отыр. Иә, ауылдың сымсыз телефоны керемет еді. 
− Бҧрын біздің ауылда суыртпақ жіп жоғалмаушы еді,- дейді апам,- 
мына соғыс кезінде әр жақтан кӛшіп келгендер кӛбейді де, ҧрлық-қарлық 
шыға бастады,- дейді. 
− Иә, менің атам да сӛйдейді. Әсіресе шешендер ҧры дейді. 
− Әй, сен не сӛйлеп тҧрсың?! — деді осы сәт Бәкке деген шешеннің 
баласы ҧшып тҧрып. 
− Шешендер — мҧсылман, ҧрлық жасамайды. 
− Па, шіркін, ҧрлықты жасағанда солар жасасын,- деді бағанадан ҥнсіз 
отырған Санат. 


231 
− Сен немене, шешендердің ҧрлығын кӛріп пе ең? 
− Кӛргем. Жалғыз мен емес, бҥкіл ауыл кӛрген. Осыдан екі ай бҧрын 
Қадауқара кемпірдің қара қойын ҧрлап сойып алған шешен емей кім еді? 
Абдраман шешен емес пе еді? 
Бәкке даусы бәсеңсіп: 
− Ой, ол Абдраман — оңбаған. Ол Кавказда жҥргенде де ҧры болатың,- 
деді.- Обал жоқ ӛзіне де, комендант айдап әкетті ғой. 
− Сол Абдраман да ылғи мен — мҧсылман деп момақансып отыратын,- 
деді Отто деген неміс баласы да шыдай алмай. 
− Ей, сен тыныш отыр,- деді Бәкке оны адам ғҧрлы кӛрмей,- сен 
неміске не жоқ-ей?! 
− Мен советтің немісімін. Әкем — коммунист. 
− Бәрібір неміссің. 
− Тарт тіліңді, әйтпесе кӛресің! 
− Кім кімге кӛрсетер екен-ей! Кәне! — деп Бәкке тағы да ҧшып тҧрған. 
− Сен қожыраңдамай тиыш отыр енді! — деді Санат оған алара қарап, 
Санаттың мінезі белгілі, ашуланса кіміңді болса да қағып жібереді. 
− Ӛзі неге тиіседі. 
− Ол саған тиіскен жоқ. Абдраман туралы айтты, оған қай қимаң 
қышып барады. Немене, оның ҧры екені ӛтірік пе? 
− Рас. 
− Ендеше, тиыш отыр. 
Осы кезде Әнипа апайымыз келіп сабақ бастады. Бірінші сабақ қазақ 
тілі еді. Ҥйге берілген тапсырмаларды әрқайсымыздан сҧрап кӛрген, бірен-
саранымыз болмаса кӛбіміз сартылдап тҧрмыз. Неше кҥнгі боранда жалғыз 
мен емес, балалардың талайы-ақ сабақты судыратып жаттап апты. Сын 
есімге мысал ретінде апай Абайдың «Кҥз» деген ӛлеңін жазып берген 
болатын, сол ӛлеңді бірімізден кейін біріміз мәнерлеп айтып шығып ішіндегі 


232 
сын есімдерін атап береміз. 
Сҧр бҧлт тҥсі суық қаптайды аспан, 
Кҥз болып дымқыл тҧман жерді басқан… 
Ӛлеңді оқыған кезде әрқайсымыз-ақ кӛз алдымызға ӛзіміздің ауылдың 
кҥзін елестеткендей боламыз: кҥзгі сарғайған ойлы-қырқалы тҧнжыраған 
дала, шӛп атаулы қураған, ауа сызды, ызыңдаған салқын желемік бар; бҥкіл 
аспан реңсіз, кір-кір шҥберекпен тҧтып тастаған сияқты, зілдей-зілдей сҧр 
бҧлттар тҧтасып-тҧтасып кеп Ешкіӛлместің тӛбесіне сіресе қаптап тҧр, 
тӛменгі тҧғыл жақтан сумаңдап жылжыған соқыр тҧман сай-саланы қуалап 
деміне дымқыл бҥркіп, даланы жым-жылас қып жҧтып алардай боп келеді… 
Әр бала оқыған сайын осы тәріздес суреттер келеді кӛз алдымызға. 
Біз бір класта жеті қазақ баласы, екі орыс, екі неміс, бір шешен, бір 
татар — бес ҧлттың балалары оқитынбыз, бәрі де соғыс басталғаннан бері 
жаңадан кӛшіп келгендердің балалары. Келген кездерінде бір ауыз қазақша 
білмейтін балалар, бірер жылдан кейін-ақ ӛзімізді сӛзден жаңылдыратындай 
боп сайрап шыға келетін. Ауылымыз — қазақ ауылы, сондықтан кҥнделікті 
тірліктің бәрі қазақша: ойын қазақша, мектептегі оқу қазақша -демек, қазақ 
тілі — бҥкіл ауылға ортақ тіл. Және қазақ тілі ҥйренуге оңай тіл сияқты. 
Мысалы, Отто кӛшіп келген соң ҥш кҥннен кейін кӛшеде ӛзімізбен бірге 
«тҥлкі-тазы» ойнап, қазақша айтқанымыздың бәрін айны-қатесіз тҥсініп, 
ойын ҥстінде біздің сҧрақтарымызға «бар, жоқ» деп жауап қайтарып, лезде 
тобымызға қосылып кетті. Орыс баласы Петке мен шешен баласы Бәкке де 
солай болды. Ала жаздай ӛзімізбен қосылып ойнап жҥрді де кҥзде, мектепке 
қазақ кластарына кеп ӛзімізбен бірге партаға отырды. Мҧқан ағай әуелде: 
«Әй, бҧл балаларға қиын болды-ау»,- деп, біраз абыржыған, артынан әлгі 
балалардың оқуға деген ынтасын кӛріп: «Ойпыр-ай, мына балалар зерек 
екен»,- деп сҥйсіне мақтаған. Сӛйтіп, әліппені бірге ҥйреніп, хатты бірге 
таныған балалар біртіндеп қайсымыздың қай ҧлт екенімізді де еске алып, сӛз 
етіп кӛрген емеспіз. Қазақ тілінде боқтағанда» әсер етпейді, басқа тілдегі 
боқтық сӛздерді бірге жаттаймыз, тіпті тӛбелессек те қазақша тӛбелесіп, 
қазақша боқтасамыз, басқа тілде боқтасаң қазақ тілінде боқтағандай әсер 
етпейді, басқа тілдегі боқтау шымбайыңа батып, жаныңды ауыртпайды, ал 
қазақ тілінде боқтаса шырқыраған жаныңды қоярға жер таппайсың… 
Қысқасы, бҥгінде Петке де, Отто да, Бәкке де майданға хат жазғанда 
ӛзімізден кем тҥспейтін, қазақша мақал-мәтеліңе де, қара сӛз бен ӛлең сӛзіңе 
де желдей есіп тҧрғандар. Ал кейбір балалар бҧлардай емес, тілге әлі де болса 
шорқақ болатын. Кӛптеген сӛздердің мағынасына тҥсіне алмай, дҧрыс айта 
алмай қиналатын кездері бар. Сондай балалардың бірі Бели еді. Ӛзі мінезі 
аңқылдақ, айтқаныңды тез ҥйрене қойғысы кеп туратын елгезек-ақ бала. 


233 
Бірақ ылғи кҥлкіге қап жҥреді. 
Бҥгін де сол Бели даусы саңқылдап: 
Сур булт тҥсі суык қаптайді аспан, 
Куз болып тынкыл туман жерды баскан… – 
деп бастай жӛнелгенде, бҥкіл класс болып кҥлкіге баттық та қалдық. 
Байқаймыз, Әнипа апайдың да ӛңіне кҥлкі ойнап шыға келген бір езуі сәл 
қисайды да, бірақ кҥлмеуге, сыр алдырмауға тырысып, қабағын сәл 
шытынғансып барлығымызға қойыңдар, кҥлмеңдер дегендей сыздана қарап, 
қолмен ишарат етіп Белиді тоқтатты да: 
− Сӛздерді дҧрыстап айтып, қайтадан оқы,- деді. 
Біздің кҥлгенімізге де, апайдың тоқтатқанына да қыңған, қымтырылған 
Бели жоқ, асқақ ҥнмен саңқылдап қайтадан оқи бастаған, тағы да: «Тынкыл 
туман» деген тҧста осы сӛздің айтылуын кҥтіп іштей тынып отырған бҥкіл 
класс қайтадан ду кҥлді, апай Белиді қайталай тоқтатты да біздерге: 
− Сендер неменеге кҥлесіңдер? — деді реніш ҥнмен. 
− Ӛздерің немісше бір ауыз сӛз білесіңдер ме?! Білмейсіңдер. Ал Бели 
болса қазақ тілін аз уақыттың ішінде-ақ ҥйреніп алды. Бірді-жарым 
тҥсінбеген сӛзін дҧрыс айта алмаса, оған кҥлуге болмайды,- деді де, онан соң 
Белиге қайтадан бҧрылды: — «Тынкыл туман» емес, «дымқыл тҧман», кәне, 
маған ілесе қайталашы: «дымқыл тҧман» деп. 
− «Тымкыл туман». 
− Міне, енді дҧрыс айттың. Ӛзің «дымқыл тҧманның» қандай тҧман 
екенін тҥсінесің бе? 
− Білмеймін,- деп, Бели шынын айтты. 
− Орысша «сырой туман». 
Бели апайдың орысша айтқанына да тҥсіне қоймаған сияқты. 
− «Дымқыл», «сырой» деген сӛздің немісше қалай екенін білесің бе? — 
деп сҧраған апай, Бели ҥндеген жоқ. 


234 
− Штауб, сен білесің бе? — деп апай енді неміс балаларының ішіндегі 
тілге зерек пысығы Оттоға бҧрылған. Бҧл да: 
− Ол әлгі не еді?.. Қалай еді?..- деп, «дымқыл» деген сӛздің немісшесін 
таба алмай біресе қабағын тҥйіп, біресе кӛзін сҥзіп ойланып әбігер болды да 
қалды. Әнипа апай енді портфеліне салып жҥретін кӛп кітаптарының 
қалыңдау біреуін ақтар.ыстырып әуелі еріндері жыбырлап ӛзі іштей оқып 
алды да, онан дауыстап: 
− Фейштер,- деді. 
− Иә, солай,- деді Отто да кӛзі бағжаң етіп. 
− «Дымқыл» деген сӛз «Фейштер», ал «тҧман» — «нейбл» деп 
аударылады екен. Сонда «дымқыл тҧман» — «Фейштер нейбл» деген сӛз 
екен. Солай ма, Отто? 
− Солай шығар,- деді Отто.- Апай, сіз немісше білесіз бе? 
Әнипа апай оның сӛзін естімегендей елеусіз қалдырды да, Белиге 
қарап: 
− Енді тҥсіндің бе? — деп сҧраған. 
− Тҥсіндім,- деді Бели басын изеп. 
− Кәне, онда ӛлеңді қайтадан оқы. «Дымқыл тҧман» деп анықтап айт. 
Осы кезде есік қағылып, сырттан басын сҧққан Бектай есепші Әнипа 
апайды шақырды. Есік кӛзіндегі екеуінің сӛздері бізге ҥзік-ҥзік боп жӛнді 
естілмейді; «колхоз бастық… қабір қазу… қар кҥреу… Санат… Бәтен… 
Қанат… Бәкке… Отто… Петке…» 
Әнипа апай ішке қайта кірді де, жаңағы Бектай есепші аттарымызды 
атаған алтауымызды сабақтан босатты. 
− Тас қойманың тӛңірегін қардан тазалайсыңдар,- деді. 
Бектай есепші сыртта кӛк қҧнанына мініп ап, біздің шығуымызды 
асыға кҥтіп тҧр екен. 
− Бассаңдаршы аяқтарыңды, керікпей,- деді әмірлі ҥнмен, Ӛзі бізден 
ҥш-тӛрт-ақ жас ҥлкен, бірақ ӛзін ҥлкен адамдай салмақты ҧстайды. Қысқаша 
айтқаны: тас қойманы қардан аршып, молотилкаға астық беріп жҥрген 


235 
Кӛлбай керең мен тӛрт-бес шалды бҥгінше Бҥбітайға қабір қазуға жіберіпті, 
сондықтан кҥрек ҧстауға жарайтын ересек деген біз алтауымыз бҥгінше сол 
шалдардың орнын баса тҧруға тиіспіз, тас қойманың тӛңірегін қардан 
аршуымыз керек, әйтпесе астық бастыру тоқтап қалуы мҥмкін. Колхоз екі 
кҥн ішінде станцияға тағы да тӛрт шана астық жіберуі керек, ал ол майданға 
жіберілетін астық, жауды тҥре қуып бара жатқан қаһарман қызыл әскердің, 
майданда қан кешіп жҥрген әкелеріміз бен ағаларымыздың азығы. Иә, Бектай 
есепші айтса осылай айтады, жай ғана анау жҧмысты істе деп бҧйырып 
жҧмсамайды, ол жҧмысты істеуге міндетті екеніңді, ӛйткені ол жауды жеңу 
ҥшін қажет екенін есіңе салып шегелеп айтады. Ал жауды жеңу жолындағы 
жҧмыстан кім бас тартсын, тіпті қандай қиын», қандай ауыр болса да бір 
ауыз сӛз қайтармастан барасың. Жауды жеңу ҥшін, жеңіс ҥшін ештеңеден 
аянар жай жоқ. 
* * * 
Тас қоймада молотилкаға астық бастырып бес-алты әйел жҥр екен, 
баяғы апаммен бірге Ырысбекті қорқытатын Бәтиқа, Қалипа, Сәруелерді 
кӛргенде, кӛзіме оттай басылып, апам есіме тҥсіп, — ет жҥрегім езіліп 
кеткендей болды. Байқатпауға тырысып ҧрланып ҥшеуіне кезек-кезек қарай 
берем, ҥшеуінің бойынан да апама ҧқсас қасиеттер тапқандай болам: 
кӛздеріне дейін тҥсіре орамал тартқандары, белдерін мықтап орап шыт 
белбеумен байлап алғандары, астық бауларын ашамен іліп ап лақтырған 
сәттегі кіртиген қабақтары, суыққа тотыққан жҥздері, кезере жарылған 
еріндері апамның тҥр-тҧлғасын айна-қатесіз есіме тҥсіреді. Бәрінің де әбден 
титықтап шаршағандары кӛрініп тҧр. «Уһ!» десіп тыныс ап, бір бел 
жазғандарында: 
− Қанатай, халің жақсы ма? — деп сҧраған Сәруе. 
Осы бір ауыз ғана сӛз маған апамның: «Қарағым-ай!» деп, 
маңдайымнан сипағанындай әсер етті. 
− Жақсы. 
− Әжең қалай, ауырмай ма? 
− Екі-ҥш кҥндей ауырып қап еді, бҥгін тәуір. 
− Кішкене балалар қалай? 
− Жақсы. 


236 
Мҧнан әрі әйелдер ӛзара сӛйлесіп кетті. 
− Бағила марқҧм Қанатымның ер жеткенін кӛрсем деп отырушы еді. 
− Е, байғҧс-ай, арманда кетті ғой. 
Әлдеқайдан сап етіп жетіп келген Бектай есепші: 
− Әй, қар кҥремей неғып тҧрсыңдар енді?! Немене, мен сендерді 
кәмесия болыңдар деп шақырды дейсіңдер ме?! Шіреніп тҧрыстарын! Дабай, 
кірісіңдер қар кҥреуге! 
Біз әлгінде келген алты бала Бектай есепші кӛрсеткен тҧстан қар 
кҥреуге кірістік. 
Қойма іргесіне сірескен қардың қаттылығы ақ кіріштей екен, ҥшеуміз 
темір кҥрекпен әлгі біркелкі кірпіштей боп ойылған қарды лақтыра бастадық. 
Ауыр да емес, бірақ онша жеңіл де емес. Әсіресе лақтырған адам тез 
шаршайды екен. Сондықтан алтауымыз жиі-жиі орын ауыстырып, кезектесіп 
тҧрдық. Әуелі жҥз кірпіш қардан санап лақтырып кезектессек, біраздан соң 
сексеннен, онан алпыстан, ақыры елу кҥректен кейін алмасатын болдық. 
Сӛйтіп, тҥске қарай белгілеп берген жердің қарын тазалап бітіргенімізде, 
әйелдер: 
− Ой, бәрекелді, мына балалар мына араны тіпті лезде тазартып 
тастады ғой. 
− Баланың істегені кӛрінуші ме еді? 
− Жігіт болғандары ғой айналайындардың, ӛркендерің ӛссін,- десіп, 
кеу-кеулесіп мақтай жӛнелді. 
Осы мезетте Байдалы шал да келе қалар ма, біздің ісімізді кӛріп ол да 
риза боп жатыр. 
− Жарайсыңдар! — деп қойды,- Е, ӛстіп бір ауық ішкен тамақтарыңды 
ақтап тҧрсаңдаршы. Қызталақ, бҧлардай кҥнімізде ӛзіміз мына Ешкіӛлместің 
қарын қолмен аршып, ала қыстай ма бағып шығатынбыз. 
− Ата, ол кезде сіздің қатыныңыз бар ма еді? — деп сҧрады Санат. 
− Бар болатын. 


237 
− Ал біздің қатынымыз жоқ,- деді Петке. 
− Қызталақ, сендер қатын алмақ тҥгілі, алдымен анау мҧрындарыңның 
боғын сҥртіп алсаңдаршы,- деді Байдалы шал бҥгінгі туған балаларды 
кемсіте сӛйлейтін дағдысына басып. 
− Сіз қҧсап кҥнде ет жесек, біз де қатын алар ек, — деді Бәкке. 
− Сендердің ауыздарыңнан ақ май ағызып қойса да тҥк шықпайды,- 
деді шақшасын алып аузына насыбайдан атып ҧрған Байдалы шал астыңғы 
ернін бҧлтитып сақаулана тҧрып. 
− Отағасы-ау, әлгі Бҥбітайды қашан жерлейтін болдыңыздар? — деп 
сҧраған молотилкада жҥрген әйелдердің бірі.- Бірге ӛскен замандас ек, ең 
болмаса сҥйегін шығарарда қоштасып қаладық. 
− Мілмеймін,- деді Байдалы шал сол сақауланған қалпында қабағын 
шытып.- Қабылы дайын болмай жатыл. Жел қала, кҥн дылыда ӛлмей, 
кӛлмейсіңдел ме, мынау кісінің бойымен білдей қал жауған қақаған қыста 
ӛлгӛнін…- аузындағы насыбайын шығарып тастады да: 
− Әй, Қанат, ҧмытып барады екем, анау сҥйменді қабір қазып 
жатқандарға апарып берші! — деді маған.- Әлгі Кӛлбай кереңге айт, бҥгін 
кешке дейін қалайда бітірсін деді де. 
− Мақҧл. 
− Айтпақшы, әлгі Нәзира неғып ҥйден шықпай қалған? Ӛзі станциядан 
ҥсімей-тоңбай, аман-сау келіп пе еді? 
− Келген. 
− Келсе, мен айтты де, трактордың оқуына баруға дайындалсын. 
Бҥрсігҥні екеуін Мытысқа ӛзім жеткізіп салам. Бар енді. 
Мен осындағы мҧздақты ойып жҥрген сҥйменді алып, ауылдың 
теріскейіндегі бейіт басында қабір қазып жатқандарға кеттім. Қатты қардың 
ҥстінде сырғанап қойып жҥріп келем, кейбір беті тақтайдай тегіс жерлерге 
келгенде шыдай алмай сҥйменнің ҧшымен сызып-сызып қардың бетіне 
атымды жазам, немесе бес жҧлдыз салам, онан қардың қалыңдығын ӛлшейін 
деп сҥйменді бойлата қадап кӛрем, сҥймен тҥгелдей бойлай қоймайды, бірақ 
жерге де жетпейді. 


238 
− Әй, Қанат! — деді Байдалы шал соңымнан дауыстап, қамшысын 
безеп тҧр екен, ойнамай, сҥйменді тез жеткіз дегені. 
Сҥймен әлкелгенімді кӛріп, қабір қазушылар да қуанып қалды. 
− Ой, жақсы болды-ау, әйтпесе мына жерге кҥрек батпай жатыр еді,- 
деп, Кӛлбай керең сіңбірініп тастап, сҥйменге жабысты. Қабірді ала қыстай 
қырман басында жҥретін тӛрт-бес шал мен шешеннің екі жігіті Махмҧд пен 
Докку қазып жатыр екен. Тоң болып қатып қалған жердің аса қиындықпен 
қазылып жатқаны кӛрініп тҧр, қабіршілердің бәрі де қара терге тҥскен, ҥсті-
бастары топырақ-топырақ, ҥшкір темір кҥрекпен келі тҥйгендей бар кҥшін 
салып гҥрсілдетіп ояды да, екіншілері қазылған жерге секіріп тҥсе қалып, 
топырақты сыртқа қарай лақтырады. Қабірдің тӛңірегінен ҥй орнындай 
жердің қары аршылыпты, әлгі жерге тҥсіп ӛлшеп кӛріп едім, қардың 
қалыңдығы менің бойыммен бірдей екен, ал қабірдің тереңдігі белуардан боп 
қапты. Мен Кӛлбай кереңнің қҧлағына тақалып айқайлап, Байдалы шалдың 
тапсырмасын, қабірді қалайда бҥгін бітіретін болсын дегенін айтқам. 
− Немене, бізді ол трактор дей ме?! Мына қатып қалған жерге оның 
әмірі жҥрмейді,- деді Кӛлбай керең жай сӛйлеп.- Айта бар, асықса ӛзі келіп 
қазсын. 
Мҧнан әрі қабіршілер ӛз сӛздерін жалғап кетті. 
− Мҧсылман заңында қабір қазғанның сауабы тиеді,- деді шалдардың 
бірі Нҥсіп. 
− Біздің шешенде де солай,- деді Махмҧд. 
− Әй, Махмҧд! — деді Нҥсіп кенет қызына сӛйлеп,- осы сендер, 
шешендер, мҧсылманшылық дегенде ішкен астарыңды жерге қоясыңдар. 
Оларың дҧрыс делік, ал енді сӛйте тҧра белдеріңе сапы байланып, қит етсе 
жарып тастаймын деп тҧратындарың қалай? Соларың қай мҧсылманшылыққа 
жатады? Қҧранда ғой, біреуге иненің жасуындай қиянат жасау кҥнәға 
саналады… 
Махмҧд қалай жауап қайырарын білмей тосылып қалған. Осы сәтті 
пайдаланып Нҥсіп шал ойындағы тағы бір кҥдігін айтып салды: 
− Мҧсылман діні ғой ҧрлықты да кешірілмес ҥлкен кҥнә дейді. Ал енді 
мен басқа жақтағы шешендердің қандай екенін білмеймін, біздің ауылға 
келгендерінің ішінара ҧрлық жасайтыны қалай? 


239 
Қазақша нашар тҥсінетін Докку шешенше Махмудқа бірдеңе деген, 
сірә, Нҥсіп шалдың не айтып тҧрғанын сҧраған болу керек, Махмҧд оған 
шешеншелеп айтып берді. Докку кӛзі жарқ етіп Нҥсіп шалға бурылды да: 
− Мен ӛлтіреді… ӛлтіреді…- деп тісін шықырлатып әрі қарай қазақша 
айта алмағандарын шешеншелеп кетті. Оны Махмҧд дереу қазақшаға 
аударған. 
− Докку айтады, ондай ҧрылар мҧсылман емес, оларды аямау керек 
дейді. Егер әлгі немересі қатты ауырып жатқан кемпірдің екі тауығын 
ҧрлаған шешен болса, онда оны ӛзім жарып ӛлтірем әлі,- деп тҧр. 
− Әне, қит етсе, екі сӛздеріңнің бірі жарып ӛлтірем. Оу, екі тауық ҥшін 
адам ӛлтірсек, сонда адамның қҧнының не болғаны? 
Махмҧд Нҥсіп шалдың бҧл айтқандарын да аударған, Докку кҥліп 
жіберді, аппақ тістері жарқырап, сығырая қарайтын кӛзі кҥлімдеген кезде, 
мҥлдем жҧмылып кетеді екен. Екі алақанын жайып Нҥсіп шалға: 
− Ху дичь баһа дҥс?..- деді. Махмҧд та кҥліп жіберді. 
− Енді қайт дейсің маған. Қалай етсем жағам,- дейді. 
Бҧл дау-шардан бейхабар, бағанадан жер ойып тҧрған керең Кӛлбай екі 
самайынан айғыз-айғыз тер ағып, қолындағы сҥйменін Нҥсіп шалға ҧстатты 
да: 
− Осы сен шал не сӛйлей бересің аузың жыбырлап?! Мә, жҧмыс істе,- 
деді, онан соң маған бҧрылып: — Сен неғып тҧрсың енді мҧнда? Немене, кӛр 
қазу да қызық боп па? Айда, қайт! — деді жекіріп. 
Тас қоймаға қайтып кеп балаларға қосылып, тағы біраз қар кҥредік, 
онан әйелдерге жәрдемдесіп қойманың тҥкпір жағындағы астық бауларын 
молотилкаға қарай тасыстық. Біраз қара терге тҥсіп титықтап-ақ қалдық. 
− Ой, айналып кетейіндер, ҥлкен жігіт болыңдар! Рақмет! Енді 
қайтыңдар ҥйлеріңе, қарындарың да ашқан шығар,- деді әйелдер. 
Сӛйтіп, мектепте қоңырау соғылып, Әнипа апай бастаған біздің 
кластың балалары сабақтан тараған кезде; біз де тас қоймадан шығып, ҥйді-
ҥйімізге тараған едік. 
Ҥйге жақындай бергенде, жҥрегім сазып, басым айналып, кӛзім 
қарауытқандай боп кетті. Қарнымның ашқанын енді ғана білдім. Есік алдына 


240 
жеткенімде, сҥтке піскен кеспе кӛженің иісі аңқып сала берді. Нәзира әпкем 
анда-санда бір кҥн, жарым кҥн ҥйде болғанында, ылғи ӛстіп сҥт қатып кеспе 
кӛже жасайтын. Ҥйге кірген бойда, шешінуге де мҧршам келместен, жер 
ҥстелді шынтақтай жамбастап отыра кеттім: 
− Әпке, қарным ашты,- дедім анда-санда кӛңілді кездерінде оған 
еркелейтін әдетіммен. 
− Қарның ашса, қазір тойғызамыз,- деді ол да мені еркелетіп.- Естідім, 
бҥгін сен тас қоймада қар кҥресіп жҧмыс істепсің. Молодец! 
Бал татыған кеспе кӛжені асыға-аптыға іше бастадым. 
− Жә, біреу қуып келе жатқан жоқ қой, асықпай іш, шашалып қаласың,- 
деген әпкем. Оған жауап қайырып сӛйлеуге мҧршам болмады, кеспені онан 
әрмен аптығып сораптаймын. Нәзира әпкем менің кӛже ішкеніме қарап 
кҥлімсіреп қойып отыр. Енді байқадым, жуынып-шайынып, шашын қақ жара 
жылтырата тарап, сандық тҥбінде жататын қызыл кӛйлегін киіп, тіптен 
әдеміленіп кетіпті. 
− Тойға баратындай боп отырсың ғой, әлде біреу келетін бе еді? — деп 
сҧрағам. Әпкем ыңғайсыздана қызарақтады да: 
− Жай, бҥгін ҥйде болған соң кигенім ғой.- деді.- Тракторшы болсам 
кие алам ба, жоқ па, кім біледі. 
− Ә, енді тҥсіндім. Ҧмытып барады, екем, Байдалы шал Манар екеуіңді 
бҥрсігҥні Мытысқа ӛзі алып барып салам, дайындала берсін деді. 
− Ӛзім де соған дайындалып жатырмын ғой. 
− Мен артыңнан іздеп барам. 
− Кел. Сенен басқа мені іздеп келетін кімім бар енді. 
− Келем, Мытысты кӛріп қайтам,- деп қойдым.- Әжем әлі Нҧрсҧлудың 
ҥйінде ме? 
− Иә. Бағана бір келіп кеткен. Серік ауырлап жатқан кӛрінеді. 
* * * 
Терезе қағылған, қырауы еріген әйнектің арғы жағынан танауы 
жәпірейіп, ыржиған Бәтен тез шық дегендей белгі беріп тҧр. Кӛжемнің 


241 
ақырын апыл-ғҧпыл іше сап жҥгіре шықтым, ауылдың тҥстік жағында 
жарқабақта кӛшкіннен шанамен секіріп сырғанақ ойнайтынбыз, соған 
асықтырып тҧрған болар деп ойлағам. Олай болмады. 
− Сені тез Әжібек шақырып жатыр,- деді. 
− Жайшылық па? 
− Қайдан жайшылық болсын. Аққала саламыз дейді. Міне, мен кҥрек 
алдым, сен де бірдеңе ал қолыңа. 
− Бара кӛрерміз. 
Біз келгенде, Әжібектің ҥйінің алдында ауылдың біраз балалары 
дестелеп қар ойып, оны тегістеу жерге әдемілеп қаластырып, қызу іске 
кірісіп те кетіпті. Ақ қардан қаланған тӛрт бҧрышты екі ҥйшіктің биіктігі 
кісінің бойындай боп кӛтеріліп қапты, кіретін есіктері, кішкене терезелеріне 
дейін бар. Әжібектің ӛзі тонын шешіп тастаған, кір-кір шолақ жең 
кеудешесімен ғана қызара тершіп, қолындағы бір жапырақ қағазға қарап 
қойып, қарды қандай етіп ою керек, оны қалай қалау керектігін айтып, қызыл 
танау боп бәрін ӛзі басқарып жҥр. Бізді кӛре сап: 
− Әй, сен екеуің немене-ей, сонша керіліп-созылып, бассаңдаршы 
аяқтарыңды! — деді жекіре дауыстап.- Бәтен, сен анау қатты қарды ҧзынша-
ҧзынша етіп… міне, ҧзындығы мынадай болсын, ӛлшеп ал, ойып әкелетін 
бол, тӛбесін кӛтереміз, ал сен, Қанат, ананың ҥстіне шығып біз әперген қарды 
қалайсың. Мына екі ҥйшікті биік мҧнара етіп қалаймыз да, онан соң 
араларын былай қосқан кезімізде, міне, мына суреттегідей қақпа болуы 
керек…- деп, ҧстап жҥрген қағазын кӛрсеткен. Қолмен сызылған қос мҧнара 
біздің оқулығымыздағы қала суреттеріне ҧқсас жасалыпты. 
− Қақпалы қос мҧнарадан кейін, мынадай ақ сарай қалаймыз. Ӛстіп 
шетінен жалғастырып кҥнделікті сала береміз. Бір кітаптан оқығаным бар, 
сонда ертедегі патшалар қыс кезінде қатты қардан сәулетті аққала салғызып, 
соның ішінде сауық-сайран салып, думан қҧрады екен. Біз ондай ҥлкен етіп 
салмасақ та шамамыздың келгенінше жасап кӛрелік. Ен тегін жатқан қарды 
сӛйтпегенде не істейміз енді. 
Шынында да, мына қағазда сызылғандай етіп жасайтын болсақ, 
керемет қызық аққала салынады екен. 
− Биіктіктері қандай болады? — дедім қызығып. 


242 
− Әрине, ауылдың ҥйлерінен биік болуы тиіс, әйтпесе, оның несі қала. 
− Рас та. 
− Ал дабай, шық, анау мҧнараның ҥстіне. 
Мен іске кіріспес бҧрын әлі де анықтай тҥскім кеп: 
− Егер кҥн жылыса еріп кетпей ме? — деген ҥлкен бір кҥдігімізді 
жасыра алмай. 
− Әлі екі айсыз кҥн жылымайды. Қазір, міне, ақпан ба? Алда қаңтар 
бар, наурызда да қыс қатты болады. Так што, кҥн жылып кетеді екен деп 
қорықпа. 
Сӛйтіп, болашақ биік мҧнараның бірінің ҥстіне шығып, жердей әперген 
кірпіш қарларды қалай бастадым. Әжібек мҧнараның бірде алдыңғы 
жағынан, бірде арт жағынан, кейде ішіне кіріп қадағалап, әр кірпішті қалай 
қалауым керек екенін айтып, нҧсқау беріп жҥр. Сәлден кейін мҧнара 
Әжібектің ҥйінен асып биіктеді, жан-жағыма қарап едім, ауыл ҥйлерінің 
тӛбелері кӛрінетіндей бопты, тӛмен қарасам кәдімгідей басым айналатын 
сияқты. 
− Осы биіктігі жетпей ме? — дегем мен. 
− Ӛй, сен ӛзің немене, қорқып тҧрсың ба?! — деді Әжібек кіжініп. 
− Жоқ. 
− Онда қалай бер, мен айтқандай ғып. Әлі де бір метрдей кӛтеріп 
кӛрейік. Ертең салып болған соң, әлі Аққаламызды кӛруге бҥкіл ауыл 
жиналады ғой. Қыздар да келеді. Мәри бірінші боп жҥгіріп келер. Сонда — 
мҧнарамыз осы ауылдағы ҥйлердің бәрінен биік кӛрініп тҧратын болсын. 
Биіктеген сайын мҧнараның қар қабырғаларында тҧрып қалау қиындай 
бастады, оның ҥстіне мен жылжып қозғалған кезде, селкілдейтін сияқты. 
«Әй, осы қабырға-мабырғамен қоса гҥрс етіп қҧлап тҥспесем не қылсын»,- 
деп, іштей қорқақтап қоям, бірақ онымды Әжібекке айтуға және намыстанам. 
Әжібек болса жерде тҧрып: 
− Маладес, Қанат, маладес! Сенен амандық болса мықты қҧрылысшы 
шығады екен,- деп лепірте мақтап қояды.- Мә, мынаны анау жерге қала. 
Ештеңе етпейді, селкілдегенінен қорықпа. Қар бір кҥннен кейін-ақ ӛзара 


243 
жымдасып мҧз боп қатып қалады. Мә, енді мына… 
Ол мҧнараның іш жағынан кеп, кӛтеріп берген қар кірпішті еңкейіп ала 
берем дегенде, бағанадан селкілдеп тҧрған қабырға ішке қарай жапырыла 
қҧлап тҥсті, ҥстінде тҧрған мен де оңқа-шоңқа болдым, бір кӛрімі, мен 
ҥстінен қҧладым, тек аяғым ғана бастырылды, ал Әжібек әлгі ішке қарай 
жалп еткен торт қабырғаның астында қалды. 
− Ойбай-й!..- деуге шамасы келді. 
Жан-жақта қар ойып жҥрген балалар шуылдасып жҥгіріп жетті. 
Сҥйрелеп жҥріп мені шығарып алды. Әжібектен із-тҥз жоқ, ҥйіліп қалған қар 
кесектерінің қай тҧсында қалды, тірі ме, жоқ па? Еш дыбыс білінбейді. Жаңа 
ғана барлығымызға жарлық жасап жҥрген Әжібегімізді қалың қар зым-зия 
жҧтты да қойды. Зәреміз ҧшып қорыққандікі болу керек, есіміз шығып, тым-
тырақай бет-бетімізбен қаша жӛнеліппіз. Және ҥлкендерге айтып, Әжібекті 
қҧтқару біріміздің ойымызға келмепті. Кӛрші ҥйлердің, қоралардың тасасына 
барып тығыла тҧрып, ҥйілген қарға сығалай қараймыз. Жоқ, тырс еткен 
сыбыс та, бҥлк еткен қыбыр да білінбейді. Біраздан кейін балалардың бірі: 
− Әжібек ӛліп қалды,- деді. Сол сол-ақ екен, бәріміз жан-жақтан бір 
ауыздан: 
− Тҧншығып ӛлді! 
− Қар басып ӛлді! — дестік бір-бірімізге. 
Кӛзіміз жасаурап, иегіміз дірілдеп, енді Әжібекті жоқтап, еңіреп 
жылауға ыңғайлана бастағанбыз. Осы кезде тҧсымыздан ӛтіп бара жатқан, 
бірі торы жорғаға, бірі кӛк қҧнанға мінген Байдалы шал мен Бектай біздің 
мына тҧрысымыздан секем алған болу керек, аттарының басын бҧрды. 
− Әй, неғып ҥрпиісіп тҧрсыңдар?! — деген Байдалы шал. 
− Әжібек ӛліп қалды,- деп шу ете тҥстік. 
− А! Не дейді? Қайда? — деді екеуі бірдей шошынып. 
Әнеу жерде қардың астында қалды. 
− Әй, Бектай, жҥрші, мыналар не деп тҧр ӛзі. 
Біз болған оқиғаны жарыса айтып, әлгі қҧлап жатқан мҧнарамызға 
бастап келдік. Бектай атынан секіріп тҥсіп, қолына кҥрек ала сап, әлгі ҥйіліп 


244 
жатқан қар кесектерін бір шетінен кҥреп лақтыруға кірісті. Жҥрек тоқтатқан 
біз де оған шет жақтардан кеп кӛмектесе бастадық. Кесек қарды біраз 
аударғаннан кейін, Әжібектің қолы кӛрінді. Бектай еңкейіп оның тамырын 
ҧстап, тыңдап біраз тҧрды да: 
− Тірі! Тамыры соғып тҧр,- деді. 
− Е, бҧ шақша бас оңайшылықпен ӛле қояды деп пе едің,- деді ат 
ҥстінде бәрін қадағалап тҧрған Байдалы шал мырс етіп. Оның да кеңілі 
орнына тҥскен сияқты.- Істеп жҥрген ісін қарамайсың ба, обал жоқ итке. 
Мҧнан әрі жан-жақтан қарды жабыла аршып, әне-міне дегенше 
Әжібекті суырып алдық, есінен танып қапты, бет-аузы кӛгеріп былқ-сылқ 
етеді. Бектай кеуде жағын, басқа балалар аяқ жағынан кӛтерісіп ҥйіне 
кіргіздік. 
− Қар алып кіріп бет-аузын, қолының бастарын ысқылап жіберіңдер,- 
деді Байдалы шал. Ӛзі атын тебініп жҥріп кетті. 
Біз қар алып кіріп, Әжібектің бетін, қолын ысқыладық. Қазан астына от 
жақтық. Ҥйдің іші жыли бастады. Әлден уақытта Әжібек кӛзін ашты, жан-
жағынан тӛніп тҧрған барлығымызға таңырқай қарап басын кӛтерді. 
− Маған не болды? — деді. 
− Саған не болсын. Сен о дҥниеге барып қайттың,- деді Бектай кҥліп. 
Қуанғанымыз сондай, біз балалар да тегіс кҥліп, шулап қоя бердік. 
− О дҥние қандай болады екен? 
− Әңкір-мҥңкірді кӛрдің бе? 
− Ол жақта қар жоқ па екен? 
Әжібек бәрімізге алара қарады да: 
− Шуламаңдаршы, басым ауырады,- деді әлсіз ҥнмен.- Қайдағы о 
дҥние? Тҥк те кӛргем жоқ. Ҧйықтадым да ояндым. 
Қазан сақырлап қайнай бастаған. — Ҥйдің ішін тәтті бір будың иісі 
алып кетті. 
− Мына қазаныңда не бар еді? — деп сҧрады Бектай. 


245 
− Піскен тауық. 
− Ә-ә, дҧрыс еке-ен,- деді Бектай даусын соза сӛйлеп. Онан соң қазанға 
жақын тҧрған балаға: — Әй, мынаған бір тостаған сорпа қҧйып берші,- деді. 
Әлгі бала қазанның қақпағын ашқан, тәтті сорпаның иісі мҧрнымызды 
жара жӛнелді. Бір тостаған ыстық сорпа ішкеннен кейін Әжібек есін жинап, 
ӛз-ӛзіне келгендей болған. 
− Ал енді рақмет бәріңе де, кете берсеңдер де болады,- деген. 
− Жоқ, біз оңайшылықпен кетпейміз,- деді Бектай бҧған қадала қараған 
кҥйде қамшысын бҧлғақта отырып.- Балалар, сендер де кетпеңдер. Кәне, 
Әжібек, шыныңды айтшы, мына тауықты қайдан алдың? 
− Ӛзімнің тауығым. 
− Мен білетінде сенде тауық жоқ еді ғой. Сенде тауық жоғын мына 
балалардың бәрі біледі. 
Әжібек бәрімізге айнала бір қарады да, басын тӛмен тҧқыртты. 
− Кеше боранда адасып кеп ҥйге кірген, сонда ҧстап алдым. 
− Ӛтірікті соқсаң да, қисындырып соқсаңшы. Жә, текке бас қатырып 
қайтеміз,- деді Бектай қамшысын салмақтай отырып зілді ҥнмен.- Сенің бҧл 
асып жатқаның Нҧрсҧлудың ҥйінің тауығы ғой. Біреуі осы, ал екіншісі 
қайда? Ӛзің айт. Әйтпесе қазір тінтіп, ӛзіміз тауып аламыз. 
− Ешқандай да Нҧрсҧлудікі емес, кеше боранда адасып кеткен болу 
керек, есікті ашқанымда, екі тауық ӛздері ҥйге кіріп кетті. 
− Екіншісі қайда деймін. 
− Ауыз ҥйде бораның ішінде. Ол тірі. 
− Оңбайсың ғой. Отырған жеріңде мына қамшының сабы сынғанша 
сабаса, обалы жоқ адамсың ғой… Санат пен Қанат, сендер анау кастрӛлге 
мына қазандағы тауықты сорпасымен қоса қҧйып алыңдар, ал сен. Бәтен, 
ауыз ҥйдегі тауықты ҧстап алып жҥр, қазір Нҧрсҧлудың шешесіне апарып 
береміз. 
Біз Бектайдың айтқандарын істедік. 


246 
Есіктен шығып бара жатып Бектай қайта бҧрылып: 
− Оңбайсың ғой, Әжібек, Осыдан кейін ел бетіне қалай қарайсың?! — 
деді. Әжібек сол тҧқырған қалпында басын кӛтерген жоқ. 
− Таңертең станцияға астық тартатындар жҥреді, солармен бірге 
кететін бол! Кӛзге кӛрінуші болма, жексҧрын,- деді кіжіне тісін қайрап. 
− Жарайды,- деді Әжібек даусы ӛлеусірей шығып. 
* * * 
Сол кҥннің ертеңіне ауылдың кәрі-жас еркек кіндік атаулысы тегіс 
жиналып Бҥбітайды жерлеп, зират басынан қайтып келе жатқанымызда, 
екінші қаралы хабар қарсы шықты алдымыздан, кешеден бері әл ҥстінде 
жатқан Серік қайтыс бопты. Жҧрт сол бойда жҧптарын жазбастан, енді 
«Бауырымдап!» — Нҧрсҧлудың ҥйіне қарай дауыс қоя жҥгірді. Бҥбітайдың 
ӛліміне ешкім қабырғасы қайысып онша жылай қоймап еді, тіпті кейбір 
әйелдер: «Байғҧс, қор болып, кӛзге кҥйік боп жҥргенінше, ӛлгені дҧрыс 
болды»,- деген, ал Мына жас баланың ӛліміне барлығының да ет жҥректері 
елжіреп, дауыс қойып, жылап-сықтап келіп жатыр. 
Бәкиза кемпір есінен танып қалған екен, бетіне су бҥркіп есін 
жинатқан, кӛзін ашып, ірге жақта ӛңі боп-боз боп сҧлап жатқан немересін 
кӛргенде: 
− Серік-ау… Сорлатып кеттің ғой, мені, қҧлыне-ем… Енді қайттім?! 
Нҧрсҧлуға не бетімді айтамын…- деп аһ ҧрып барып, тағы да талықсып кетті. 
Осылайша Бәкиза кемпір есін бір жиып, одан қайта талықсып, ҥнемі 
қысылумен болды. Ауылдың кемпір-шалы тҥні бойы Нҧрсҧлудың ҥйінде 
болып, ӛлікті кҥзетіп шықты. 
Ертеңіне, кешегі Бҥбітайдың қабірін қазған жеті-сегіз адам кетпен-
кҥректерін арқалап, тағы да ауылдың теріскейіндегі зиратқа қарай шҧбап 
бара жатты. 
Қыс ортасы болса да астық бастыру тоқталған жоқ еді. Енді бҥкіл ауыл 
болып молотилкадан шыққан сабанның арасынан шала кеткен масақтарды 
теруге жҧмылды. Бҧл жҧмысты бастан-аяқ Бектай есепші басқарды. Жҧрттың 
масақ теруге шыққан, шықпағанын есепке алып, ертеңді-кеш тас қойманың 
басында жҥреді. Әрбір дән жауға атылған оқ, сондықтан бірде-бір дән далаға 
кетпеуі керек,- дейді. Әрине, онсыз да бірде-бір дәнді далаға жіберейін деп 
жҥрген ел жоқ. Еркіне салса тас қоймадағы тау-тау боп ҥйілген сабанды ҥйді-
ҥйлеріне тартып әкетіп, ескі молотилканың ӛңешіне шала-шарпы шыққан 


247 
масақтардың бҥтін дәні тҥгілі жартыкеш дәндеріне дейін қалдырмай қағып 
алар еді. Бірақ оған рҧқсат жоқ. Масақты да бірін қалдырмай ӛкіметке ӛткізу 
керек. Астық боп бастырылып майданға жӛнелтілуі тиіс. Мҧны оқушы бізді 
қойып, тіпті әлі оқымайтын кішкентай боқмҧрындарға дейін біледі. 
Тас қойманың тӛңірегі таң атқаннан кҥн батқанша жапырлаған қатын-
қалаш, кемпір-шал, бықынаған бала-шаға. Менің әжем сияқты кемпірлерге 
дейін белдерін мықтап орап буып алып, «кӛптің ырысы ҥшін кҥреске» білек 
сыбана кіріскен. Ҥй-ҥй болып әр семья кҥнделікті қанша масақ теріп 
ӛткізгендерін айтып мақтанысып, ӛзара бәсекелесіп те қояды. Бәрінің 
кӛңілінде жалғыз тілек, осынау азғантай еңбегіміздің де қанқҧйлы жауды 
жеңуге себі тие берсе екен дейді. 
Біз, мектеп оқушылары, сабақтан соң тамағымызды апыл-ғҧпыл іше 
сап, масақ теруге барамыз. Әуелі ҥлкендермен қатарласа жҥріп саудырлаған 
сабан арасынан масақ атаулыны қалт жібермей тереміз. Кӛзіміз де кӛреген, 
қолымыз да епті. Әрқайсымыз мойнымызға алынып алған екі-ҥш 
килограмдық ат дорбаны әне-міне дегенше толтырып тастаймыз. Сӛйтіп, 
Бектай есепшінің ӛзі белгілеп берген жарты кҥндік нормамызды 
орындағаннан кейін, масағы теріліп екінші жаққа ҥйілген сабанның ҥстінде 
алысып-жҧлысып ойынға кірісеміз. Жҧмсақ сабанның ҥстінде ойнау қандай 
рақат! Оңқа-шоңқа домалап жатсаң да еш жерің ауырмайды. Шикі сҥттің 
иісіне ҧқсас сабанның кҥн сіңген иісі тынысыңды қытықтап, онан әрмен 
еліртіп жіберетін сияқты. 
− Әй, неғып алысып-жҧлысып кеттіңдер?! — дейді Бектай есепші 
бастықтығын білдіріп, ақыра дауыстап. 
− Нормамызды орындадық қой, енді қайт дейсің?! — дейміз біз 
шуылдаса дауыстап. 
− Немене, тағы бір дорбадан терсеңдер артық боп кетеді дейсіңдер ме?! 
Майдан ҥшін ғой…- дейді Бектай қабағын тҥйіп. 
«Майдан ҥшін ғой» дегені бізді кәдімгідей мойындатып-ақ тастайды. 
Амал жоқ, ойынымызды доғарып, масақ теруге қайта кірісеміз. 
Келесі кҥні сабақтан кейін масақ теруге келгенімізде, Бектай бізге жаңа 
норма белгілеп қойыпты: Мектеп жасындағы әрбір оқушы кҥніне екі 
дорбадан теру керек деп. Біз бҧл жаңа нормаға шуылдасып қарсылық білдіріп 
ек, ол міз бақпастан ҥлкен кісіше қабағын шытына тҧрып, бәрімізге жағалай 
бір қарап ӛтті де: 


248 
− Қазіргі жағдай соны талап етеді,- деді қатқыл ҥнмен. 
Біз, әрине, оның тҥйіле қалған сҧп-суық қабағына қарап, мына 
айтқанына ләм-мим деп қарсылық білдіре алмадық. «Қазіргі жағдай», 
«талап» деген сӛздер жайшылықта айтыла бермейтін, ал алда-жалда айтыла 
қалса, ешкімді дегенінен бҧлтартпайтын зілді сӛздер еді. Және оны Бектай да 
жай айтып тҧрған жоқ қой, артында салар салмағы болған соң айтады да, 
тҥсіндіріп те әлек болмайды. Айтты-бітті, біз орындауға міндеттіміз. Сӛйтіп, 
жаңа норма бойынша масақ теруге кірістік. «Әй, осы Бектайдың діні қатты-
ау»,- дейміз балалар бір-бірімізге сыбырлап. 
Ҥшінші кҥні Бектай тас қойманың ішінен жҥзі жайнаң қағып 
қуанышты шықты да, масақ теріп жҥрген жҧрттың алдына кеп сҥйінші 
сҧрайтын адамша, есеп жазатын блокнотын жоғары кӛтере тҧрып: 
− Жолдастар! — деді даусы саңқ етіп.- Ой, аллай, қҧдды Нҧғыман 
бастық дерсің. Әлгі ауданнан келетін шолақ қол ӛкіл де жиналыс ӛткізерінде 
ӛстіп: «Жолдастар!» — деп саңқ етіп, жҧртты ӛзіне қаратып алатын. Қазіргі 
мына Бектай есепші де дәл солар қҧсап, тҧр.-«Иә, не айтасың» деп, масақ 
тергендер оның аузына қарағанбыз. 
− Бҥгінгі станцияға жіберілетін ҥш шана астықтың біреуі мына сіздер 
терген масақтан бастырылған астық,- деп хабарлады Бектай. 
Ҥлкендер жағы: 
− Ой, бәрекелді, масақтан терген астық та біраз болады екен ғой,- десіп 
жатыр да, ал біз балалар жағы: 
− Неше кҥннен бергі бәріміздің тергеніміз сол-ақ па?! Азғантай ғой,- 
деп шуылдастық. 
− Азғантай десеңдер, ҥш ат дорбадан теріңдер онда,- деді Бектай бізді 
сӛзімізден ҧстап. 
− Несі бар, тереміз. Тереміз! — дестік біздер. 
Бірақ ет қызуымен уәде беріп, айтуға оңай болғанымен, ҥш дорба масақ 
теру іс жҥзінде мҥмкін емес екен. Молотилка қанша шала бастырды 
дегенмен, бір қҧшақ сабанның ішінен екі-ҥш масақ әзер шығады. Ал бір 
дорбаны толтыру ҥшін кемі жарты арбадай сабанды ақтарыстыруың қажет. 
Ҥш дорбаны толтыру ҥшін дҥние сабанды аударыстырасың. Біраздан кейін 
сояу сабан қолыңды тілгілеп, алақаныңды тызылдатып ашыта бастайды. 
Бҥкіл ауыл жапырлай терген соң жан қойсын ба, біраз кҥннен кейін масақ та 


249 
азаяйын деді. Енді сабақтан шыға сап келіп, еш жаққа мойын бҧрмай 
тергеннің ӛзінде бір дорбаны әзер толтырамыз. Арлы-берлі аударыстыра-
аударыстыра сабанды да ат кӛпір қобыратып тастадық. Бір терген жерімізге 
айналып кеп қайта тінтінеміз. Бір жақсысы, әйтеуір, Бектай ренжімейді, 
дорбаны толтыра алмай жҥргеніңді айтып қаласың. 
− Жарайды, тергеніңше тере берсеңші,- деп қояды. Бірақ сӛйте тҧра 
еркіңе және жібермейді.- Майдан ҥшін аянбасаңшы,- дейді. 
Аткӛпір сабанға белуардан кіріп, қайта тіртінектеп кетеміз. Қобыраған 
сабанның арасы жҧп-жҧмсақ, жып-жылы, кейде бір жерге орнығып отырып 
алып ҥңги бергің келеді. Кейде мықшиып отыра бергеннен ішің пысып, 
алысып-жҧлысып ойнағың келеді. Ондайда ҥлкендердің; «Шаша бермей, бір 
шетінен жайлап аударыстырыңдар»,- дегендеріне қарамастан, кӛзді ала бере 
сабанды кеулеп ін қазған борсықша ҥңги жӛнелеміз. Бала қашан да бала ғой, 
сабанды қайсымыз терең ҥңгиміз деп жарысып ойнай отырып та масақ 
тереміз. Ҥңгіген жерімізден қойны-конышымыз топанға толып, бет-
аузымызды шаң қауып, тҧншығардай боп кейін шыққанымызда, 
пысқырынып-тҥшкірініп ӛне бойымызды инеше қадалып жыбырлатқан 
қыпық топаннан қышынып әбігерге және тҥсеміз. Бірақ оның есесіне екі-ҥш 
масақ тауып шығар болсақ, одан асқан олжа жоқ. Әлгі қуысқа қайтадан 
сҥңгиміз. 
Бірер аптадан кейін тас қойманың астық ӛлшейтін жағынан блокнотын 
жоғары кӛтеріп, жҥзі жарқын Бектай тағы да кҥлімсірей шықты, тағы да 
терілген масақтан станцияға бір шана астық жіберілетінін хабарлады. 
Ҥлкендер жағы тағы да кеукілдесіп қалды: «Е, сӛйтіп, бір дән болса да, 
әскерге жәрдем ғой»,- десті, маңдай терлерінің қақысы қайтқандай дән риза 
болып. Біз, балалар: «Неше кҥннен бергі тергеніміз сол-ақ па, аз ғой?! Аз…» 
— дейміз. 
− Аз десеңдер, дҧрыстап теріңдер,- дейді Бектай. 
− Аянып жҥргеміз жоқ, жанымызды сап теріп жҥрміз ғой,- дейміз біз. 
− Жандарыңды салғандарыңды онша кӛре алмай жҥрмін-ау. 
Ойындарың кӛп,- дейді ол бар кінәні ӛзімізге аударып, онан соң есіне бірдеңе 
тҥскендей.- Әлгі Қанат кӛрінбейді ғой? Ол қайда? — деп мені сҧрап, кӛзімен 
іздестіре бастады. 
Мен болсам сабанның дҥңкигендеу тҧсынан ҥлкендердің кӛзінен 
тасалау кеп ҥңгілеп отырғам. Тереңірек бойлата қуыс жасап ап, ешкім таба 
алмайтындай боп тығылып жатпақ едім. 


250 
− Қанат, қайда жҥрсің, тез бері кел! — деді Бектай бҧйырған ҥнмен. 
Мен дыбыс бермей қуысына қарай тығыла тҥскем, «іздеп тауып кӛрсін» деп 
қоям іштей кҥліп, ал балалар болса менің қай тҧсқа тығылғанымды біле тҧра: 
− Кӛргеміз жоқ, білмейміз,- деседі жасырып. 
Ыза болған Бектай енді сабанның әрбір қуыстау тҧсына барып, бос 
жатқан сабанды аяғымен ақырындап теуіп мені іздей бастады. Мен тығылып 
отырған тҧсқа жақындай бергенінде, екі ортада аяғымен бет-аузымнан теуіп 
қалар деп, ӛзім ҧшып тҧрдым. 
− Әй, сен бір шақырғанда неге келмейсің? — деді ол жекіп. 
− Мына қуыста масақ теріп отырып естімей қалдым,- дедім мен 
шімірікпестен. 
− Отырған жеріңде бет-аузыңнан бір тепкенде, еститін едің. Жҥр, маған 
ер, саған бір тапсырма бар. 
Сабанды, одан молотилка тҧрған тӛбесі жабық қырманды айналып 
ӛтіп, тас қойманың астық ӛлшейтін жағына қарай бастай жҥрген Бектайдың 
соңынан ергем. Осы кезде алыс-жҧлыс ойыннан ӛңі алабҧрта қызарып 
тершіген Бели менің қасымнан жҥгіре ӛтіп бара жатып: 
− Қанат, сен келгенще, мен ҥңгіріңде болайын,- деді. 
− Тиіспе, қазір мен ӛзім қайтып келем,- дедім мен шыжалақтап. 
Бірақ мені тыңдаған Бели болған жоқ, сірә, бҧғынбақ ойнап 
біреулерден қашып жҥрсе керек, жан-жағына жалтақтай қарап жҥгіріп кетті. 
− Менің ҥңгіріме жолама, қазір ӛзім қайтып келемін,- дедім мен оның 
соңынан қайталай ескертіп. Ол менің ескертпемді естіді ме, жоқ па, 
білмеймін, қайтып қайрылған жоқ. 
− Әй, болсаңшы тез! — деді Бектай да осы мезетте бҧрыла зекіп. Мен 
жҥгіре басып оны қуып жеттім. 
− Қазір мына тас қойма жақта ешкім жоқта саған бір тапсырма 
жҥктейін деп едім,- деді Бектай енді маған байыппен салмақ сала сӛйлеп.- 
Нҧрсҧлудың шешесі мен кішкене баласының халінің қандай екенін білесің 
ғой? 


251 
Мен білем дегендей басымды изедім. Ол ҥйге кҥнделікті кейде әжем, 
кейде мен қоңыр сиырдың азғантай сҥтінен жарты кеседей шай қатықтық сҥт 
кіргізіп беріп жҥрміз. Кемпір де, кішкене немересі де адам аяйтындай жҥдеу 
еді. Кҥнделікті қоректері сол біз берген жарты кесе сҥт пен бір уыс қуырған 
бидай ғана. «Әй, осы сорлылар биыл қыстан шықпай қалады-ау»,- деп қояды 
әжем аяушылық білдіріп. Міне, Бектайдың қазір «білесің ғой?» дегенінде, 
«білем» деп тҧрғаным сол еді. 
− Ендеше, білсең,- деді Бектай сол салмақ сала айтқан сӛзін жалғап,- 
сен қазір менің атыма ӛңгеріп, сол ҥйге екі пҧттай бидайды апарып беріп кел. 
Әскер семьясына колхоз берген кӛмек деп тҥсіндіріп айт кемпірге. Міне, 
мынау Нҧғыманның рҧқсат қағазы, мына жеріне алдым деп қол қойсын. 
Ҧқтың ба? Кел онда,- деп, Бектай аяғымнан кӛтеріп ӛз атына мінгізді де, 
алдыма орта қап бидайды кӛтеріп әперді.- Ӛздерің терген масақтың бидайы 
ғой. Ептеп дымқылдау, кептіріп алар. Онан соң,- деді Бектай қайта ескертіп.-
Кӛшенің ортасымен жҥрмей, мынау шет жақпен бар, Мҧнымыз ҧрлық емес, 
әрине, бірақ қаңқу сӛзден аулақ болайық. Ешкім кӛрмесін. Жҧрт дегенді 
білесің ғой, біреуге кӛмек бергеніңді сезсе, ҥйінде ішер тамағы бар боп тҧрса 
да: «Ойбай, біз де ашпыз, бізге де кӛмек беріңдер»,- деп, қыр соңыңнан 
қалмайды. Сондықтан ешкімнің сезбегені дҧрыс. Осының ӛзін майданға 
жіберетін астықтан әзер деп жырып беріп отырмыз. Бар. Анау қағазға алдым 
деп қол қойғызуды ҧмытпа. 
Осылайша Бектай мені әбден таптап-таптап жолға сап жіберді. 
Омбылау болса да шет жақпен жҥріп барып Нҧрсҧлудың ҥйінің тҧсына 
жеткенде, әуелі алдымдағы жарты қап бидайды кҥресін қардың ҥстіне 
домалатып тҥсіріп, одан соң аттан ӛзім тҥсіп, анадағы ӛзім кҥреп тақталап 
жасаған жолмен қапты сҥйретіп ҥйге кіргіздім. 
Бәкиза кемпір мен немересі сол анау жолғыдай пештің тҥбінде 
кӛрпесінің сыртынан ескі киімін жауып, оранып жатыр екен. Менің есіктерін 
ашып, тарс-тҧрс еткізіп зілдей қапты мықшыңдап сҥйретіп кіргізгенімде де, 
бастарын кӛтере қойған жоқ. Ҧйықтап жатыр ма, әлде… 
− Апа! Әй, апа! — дедім ҥрейлене дауыстап. 
− Қанатпысың? — деді кемпір со қимылсыз жатқан қалпы. 
Қуанып кеттім. Тірі екен ғой! 
− Иә, менмін ғой, апа. Сіздерге әскер семьясы деп колхоз кӛмекке 
астық беріп жіберді, соны әкелдім,- дедім саңқылдай сӛйлеп. 


252 
Кемпір жайымен қозғалып, басын кӛтерді. Жҥдегені сондай, жағы 
мҥлде суалып, кӛзі ішіне кіріп шҥңірейіп кетіпті. Ҧйқысырап кӛзін ашып-
жҧмып жатқан Берік те қыңқылдай жылап басын кӛтерген. Кішкене баланың 
қатты арықтағанын кӛргенім осы еді, ӛңі қан-сӛл жоқ ескі шҥберектей боп-
боз, бетінде тек бажырайып кӛзі ғана қалған. Мен қапты ҥйдің бҧрышына 
сҥйеп қоя бердім де, жҥгіре шығып ауыз ҥйден қҧшақтап сабан алып кіріп, от 
тҧтаттым. Онан соң босағадағы ілулі тҧрған кілтті алып, сыртқы қорадан 
барып екі-ҥш тезек алып келдім. Лауылдап жанған сабанның ҥстіне 
сындырып екі-ҥш кесек тезек тыққам, темір пеш гу-гу етіп лезде қызып шыға 
келді. Бойларын жылу шалған соң кемпір де, немересі де ҧйқылы-ояу 
кҥйлерінен айығып, қимыл қозғалыстары ширап, қаптың аузын ашып 
бидайды кӛріп, ӛңдеріне тіршілік нышаны ене бастады. Кемпір маған 
алғысын жаудырып жҥр. 
− Енді ӛлмеспіз, осыдан қыстан шығып қалармыз,- деп қояды. 
Мен тас қоймаға оралғанымда, масақ терген жҧрт у-шу боп жҥр екен. 
Ат кӛпір сабанды жан-жақтан жҧлқылап қҧшақ-қҧшақ етіп, астан-кестеңін 
шығарып лақтырып жатыр. Кейбірі ашамен аударыстырмақ болғандарға: 
− Ойбай, тарт анау ашаңды! Қолмен ізде! — деп айқайлайды тҧс-
тҧстан. 
− Әлгі Бели жоқ,- деді Бектай атының шылбырын қолына 
ҧстатқанымда.- Балалармен сабанды ҥңгіп ойнап жҥріп, аяқ асты ҧшты-кҥйді 
жоғалып кетіпті. 
Бастықсып, ҥлкенсіп шіреніп тҧратын тҥрінен із де қалмапты… ӛңі 
қашып, дір-дір етеді. 
Мен оны мазақтап сақылдай кҥлуге шақ қалдым. «Молодес, Бели, 
жҧрттың бәрін әбігерге тҥсіріп, зәрелерін бір алыпсың-ау,- деп қоям іштей 
сҥйсініп.- Бағана Бектай жҧмсап жібермегенде, менің ӛзім де сабанды терең 
ғып ҥңгірлеп ап, тығылып, жҧртты ӛстіп бір әбігерге тҥсірсем деп едім, енді, 
міне, Бели соны менен бҧрын істеді. Молодес!» 
− Бәріңіздің астан-кестен боп жатқандарыңыз сол ма?! — дедім мен 
ерінімді шҥйіре тҧрып.-Мен оны қазір сирағынан сҥйреп алып шығайын, 
ендеше. 
Сӛйтіп, қоқиланып сабанның бағанағы ӛзім ҥңгіген тҧсына барғам, 
ҥстіңгі жағындағы бос сабанды балалар аударыстырып тастапты. Ӛзім 
жасаған қуысты әзер таптым, бергі жақтағы қобыраған сабанды кейін қарай 
ысырып, қолымды әрі қарай созғам. Айтқанымдай-ақ қолыма бірден 


253 
бәтеңкенің табаны ілікті. 
− Міне, мында тығылып жатыр! — дедім қуана дауыстап, онан соң 
қуысқа сҧғына еңкейіп.-Әй, Бели, шық енді. Қуысымды босат! — дегем 
айқайлап. Қолымды қайта созып, бәтеңкесінің басынан ҧстап кейін қарай 
тартып-тартып қойдым.- Шық деймін! 
Мені қаумалай кеп жапырлаған жҧрт енді естерін Жиғандай. 
− Е, бәсе, тығылып қалған екен ғой, қу бала. 
− Тҥу, бар болғыр, зәре-қҧтымызды алды ғой. 
− Әй, бҧ жҥгермектер ӛстіп ойнамаса, ойындары осылады ғой,- десіп, 
біздерді, балаларды, тҧс-тҧстан жазғыра тҧрып, кӛңілдері орнына тҥсе 
бастаған еді. 
Ал Бели болса, аяғынан қаншама тартқылап айқайласам да, кейін 
шығар емес. Енді оның мына қылығына Бектай да шыдай алмай кетті, 
еңкейіп кеп: 
− Әй, Бели, болды енді, шық,- деп жекіре ҧрсып аяғынан тартқан.- 
Сенің кесіріңнен қаншама жҧмыс тоқтады. 
Бірақ Бели оған да былқ етпеді. 
− Әй, соның тар қуысқа кіруін кіріп ап, кейін шығуға шамасы келмей 
жатқан шығар,- деді біреу. 
− О да мҥмкін,- деді екінші біреу. 
Бектай қамшысын маған ҧстата берді де: 
− Кәне, былай тҧршы,- деп, мені кейін ысырды да, ӛзі қуыстың 
тӛңірегін кеңейтіп, сабанды жҧлқылап суырып аша бастады. Бізге қарағанда 
ересек, қайратты емес пе, қуыстың тӛңірегін былайғысын былай, олайғысын 
олай лездің арасында жапырып жіберді де, сҧғына еңкейіп барып, Белиді 
кейін қарай суыра тартып алған. Былқ-сылқ еткен жансыз дене етпетінен 
жатқан кҥйі аяғымыздың астына созылып кеп тҥсті. 
− Әй, мынаған не болған?! — деп Бектай оны шалқасынан аударған, 
Белидің аузынан да, мҧрнынан да қан лық-лық ете қалды, бажырая ашылған 
кӛзі шыныдай жансыз тесірейіп қарайды. Бектай дереу оның омырауын 
жҧлқи ағытып, кӛкірегіне еңкейіп қҧлағын тосты да, ӛңі бҧзылып, сҧп-сҧр 


254 
боп танауы қусырылып, атып тҧрды. 
− Менің қҧлағым тҥк естімейді, біреуің тыңдаңдаршы,- деді есі шыға 
абдырап. 
Топ арасынан Нҥсіп шал шығып, тізерлей отырып Белидің жіп-жіңішке 
білегінен тамырын тыңдады да, басын шайқады, онан соң баланың бетін 
сипап кӛзін жапты, кӛкірегінің тҧсын ҧстап кӛрді. 
− Қайран, бала-ай, кетіп қапты,- деді кҥрсіне сӛйлеп.- Ӛкпесі қысылған 
ғой. 
Бас-аяғы жарты айдың ішіндегі ауылдағы ҥшінші ӛлім еді бҧл. 
КӚБЕГЕН 
Біз сабақтан шыққан кезде, ауылдың дәл ортасына кеп, бір ат-шана 
тоқтап тҧр екен. Мына кӛрші ауылдағы етікші Жақыпбай шалдың ат-
шанасын бірден таныдық. Анда-санда кеп ауылдағыларға етік тігіп беріп, 
астық жинап әкететін. Иегінде теріден қиып ап жапсыра салғандай боп 
тҧратын бір шоқ сақалы бар, екі беті нарттай қып-қызыл, домалақ шал. Қазір 
де ауыл ортасына кеп тҧрғаны етік тіккізуге ҥйіне кім шақыра қояр екен деп 
кҥтіп тҧрған болар деп ойладық. Бҧл жолы шал жалғыз емес екен, шанасында 
тағы біреу отыр, басында маңдайында жҧлдызы бар әскери сҧр қҧлақшын, 
ҥстінде сҧр шинель, ӛзі аурудан тҧрғандай жҥдеу енді боп-боз арық адам. 
− Балалар, бері келіңдер! — деді әлгі жҥдеу адам. 
Кім де болса әскерден қайтқан біреу, бірақ біз танымаймыз. Балалар 
жҥгіре басып жақын келдік, біреудің ҥйін сҧрайтын болар деп ойлағанбыз. 
Әлгі жҥдеу адам арт жағында жатқан қапшықты алып ашты да, ішінен аппақ 
кесек тҧздарды уыстап алып бәрімізге бір-бірден ҥлестіре бастады. 
− Бҧл қант қой, алыңдар! Менің сендерге деп әкелген базарлығым,- 
деді әрқайсымызға кҥлімсірей қарап. Уысындағы біткен соң, кейіндеу жеткен 
балаларға әлгі қапшықтан тағы да уыстап алып шықты. Ҥлкен қапшықтың 
іші толы кесек қант тәрізді. Біз ӛңіміз тҥгілі тҥсімізге кірмеген тастай қатты 
аппақ қантты шҥпірлей сорып, есіміз шығып тҧрмыз. 


255 
− Сен ӛзің базарлықты бҥкіл ауылдың балаларына жетерліктей ғып 
әкепсің ғой,- деген Жақыбай шал. 
− Осы балалар алдымнан шығар-ау деп, госпитальда ҥш ай бойы 
жатқанда, кҥнделікті шайға деп берілген қантты жинай беріп едім,- деді 
жҥдеу адам жымия кҥліп. 
Онан соң әрқайсымызға елжірей қарап: 
− Кімнің баласысың? — деп сҧрайды. Біз әкеміздің атын айтқан кезде: 
— Ә, со кісінің баласы екенсің ғой. Тҥу, ҥлкен жігіт боп қапсың ғой,- деп мәз 
болады. 
Біз, балалар, бірде-біріміз оны танып тҧрғамыз жоқ, ал ол біздің 
барлығымыздың да әкелерімізді танып-біліп тҧр. 
− Әкең қайда? Әскерде ме? Әлі қайтқан жоқ па? 
− Әлі қайтқан жоқ. 
− Нешеуа, жақын арада қайтады әлі. 
− Сенің әкең ше? 
− Менің әкемнен қара қағаз келген. 
− А,- деп жҥдеу адам қабағы тҥйіліп онан әрмен жҥдеп қалады.- Жақсы 
жігіт еді, әттеген-ай…- дейді кҥрсініп. 
− Ал, жігітім, қай ҥйге тҥсірейін? — деген. Жақыпбай шал. 
− Білмеймін,- деді жҥдеу адам кҥмілжіп.- Елге жеттім ғой, осы арада 
тҥсіп қалсам да болады. 
− Ӛзің еліме келдім дейсің де, ат басын тірейтін жерің жоқ болады. 
Сонда бҧл қалай, жігітім? — дейді Жақыпбай шал таңырқап. 
− Әне, анау жерде бейіт бар,- деді жҥдеу адам ауылдың теріскей жағын 
нҧсқап,- сол арада менің әкем мен шешем жатыр. Демек, ат басын тірер елім 
осы ара. 
«Біз білмейтін бҧл кім болды?» — десіп, балалар ӛзара кҥбірлесіп 
тҧрмыз, оның қорасан дағынан қалған аздаған шҧбары бар кескініне 
таңырқаса қараймыз: кҥлімсірей қараған қой кӛзі әрқайсымызға іш тарта 


256 
елжірейді. Ӛзі шанадан тҥскісі келмегендей және қозғала қояр емес. Ӛстіп ол 
бізге, біз оған қарап тҧрғанымызда, тас қойма жақтан Нҥсіп шал шанаға таяп 
кеп, дауыстай сәлемдесіп, Жақыпбайды таныды да: 
− Иә, әлей болсын? — деп, жӛн сҧрады. 
− Міне, ауылдарыңның әскерден қайтқан бір азаматын әкеп тҧрмын,- 
деді Жақыпбай шал даңғырлай сӛйлеп. 
− Иә, бҧ қай бала? — деді Нҥсіп шал жҥдеу жігітке еңкейіп. 
− Мен ғой. 
− Менің кім? Тҥсіңді тани алмай тҧрмын, қарағым, аты-жӛніңді 
айтпасаң? 
− Ысқақтың баласы Кӛбегенмін. 
− А-а! Қарағым-ау, тірі ме едің?! — деп, жан даусы шыққан Нҥсіп 
қҧшағын жайып кеп, жҥдеу адамды бас салды. Қҧшағына қысып, бетінен 
сҥйіп, кӛзінен ыршып шыққан жасын тыя алар емес.- Қарағым-ай, танымай 
қалдым ғой. Сен әскерге кеткелі қанша заман?! Анау әлгі ақ пиндермен 
соғысардың алдында алындың емес пе?! 
− Иә. 
− Сонан бері қаншама жыл ӛтті. Ӛлі-тіріңді де білмеуші ек. Қарағым-
ай, тірі екенсің ғой,-деп Нҥсіп шал әскерден дәл ӛз баласы келгендей 
айналып-толғанып, қуанғаннан есі шығып кетті. 
Тек әлден уақытта: 
− Әй, бҧл тҧрыстарың не? — деді жҧлып алғандай. 
− Жігіттің тҥсер жері болмай тҧр. 
− Қой әрі, о не дегенің. Кӛбегенге осы ауылдың бар ҥйі ӛз ҥйі емес пе. 
Әкесі Ысқақ марқҧм менімен тҥйдей қҧрдас еді. Жігіттің сабазы болатын… 
Кәне, біздің ҥйге жҥріңдер! — деді онан соң бҧйырып. 
Нҥсіп шалдың ҥйі — екі ҥйден кейін болатын, шанаға ілесіп шуылдаса 
топырлап біз де солай қарай жҥрдік. Енді қалай! Әскерден ауылдың бір 
азаматы аман-сау келіп жатқанда және ол бәрімізге базарлығым деп қант 
ҥлестіріп берсе, бҧдан артық қандай қуаныш болмақ. Барлығымыздың 


257 
аузымыз томпаң-томпаң етеді, ӛзі тастай қатты, ерекше тәтті. Мҧндай қантты 
жеген де бар, жемеген де бар. 
Шана Нҥсіп шалдың дәл есігінің кӛзіне барып тоқтаған, біз енді ғана 
байқадық: Кӛбегенді Жақыпбай шал қолтығынан демеп кӛтеріп тҧрғызған, 
бір аяғы қара саннан жоқ екен. Шанадан тҥсірерде жігіттің екі қолына бҧрын 
біз кӛрмеген айырық-жалғаулары бар ҧзын екі таяқты (балдақ аталатынын да 
кейін білдік) ҧстатты. Кӛбеген әлгі екі таяққа қолтығымен асылып, жерге 
жалғыз аяқпен секіріп тҥсіп секектей жҥрген. Біз, балалар, кӛзіміз атыздай 
боп, аузымыздағы әлгінде ғана Кӛбеген ҥлестірген қанттың дәмін де ҧмытып, 
ҥрейлене қарап қаппыз. 
Біздің ауылда соғыстан жараланып қайтқандар бҧрын да болып еді. 
Қолының басынан, саусақтарынан, қабырғасынан, кӛзінен айырылып 
келгендердің 
жҥріс-тҧрыстарында 
кемдік 
болмаған 
соң 
олардың 
мҥгедектігіне ҥлкендерді қайдам, ал біз, балалар, онша кӛңіл де аудармаған 
екенбіз. «Ӛкпемді оқ тескен» деген Ырысбектің ӛзі де бізге соғыстан сонша 
бір зардап шеккен адамдай боп кӛрінбейтін. Қайта, соғыстан жараланып 
қайтқандардың бәрі, сол қҧсап жҥріп-тҧратын болса, онда жаралану дегенің 
аттан жығылудан онша ауыр болмағаны-ау, деген ой келетін. 
Енді, міне, Кӛбегеннің жалғыз аяқпен секектегенін кӛргенде, соғыс 
дегеннің тірі адамды қандай кҥйге тҥсіретінін ҧққандай боп тҧрмыз. Шын 
кемтарлықты кӛзімізбен алғаш кӛргеніміз осы еді. Балғын жҥректеріміз 
шымырлап, сыздап кетті. Жайшылықта аналарымыздың: «Қҧдай-ау, екі қол, 
екі аяғынан айрылса да кеудесінде шыбын жаны аман келсе ризамын»,- деп, 
зар еңіреп жылағанын естігенде, онша мән бермейді екенбіз. Екі қол, екі аяғы 
емес, жалғыз аяғынан айырылған адамның мынадай мҥшкіл халін кӛргенде, 
тӛбе шашымыз тік тҧрды. Қайран азамат, қандай мҥсәпір кҥйге тҥскен, анау 
жалғыз аяқ, екі таяқпен мына қалың қарда есіктен аттап шығуы зар ғой. 
Неткен қорлық! Соғыс дегеннің ауыртпалық, аштық-жалаңаштық, жетімдік-
жесірлік қана емес, адамның — кәдімгі қол-аяғы бҥп-бҥтін, тӛрт мҥшесі 
тҥгел, сау адамның кісі аярлық кемтар кҥйге, пақыр кҥйге тҥсу екенін осы 
сәтте анық тҥйсініп тҧрдық. 
* * * 
МТС-қа Байдалы шал ӛзі апарып салған соң, жарты айдан кейін Нәзира 
әпкем бір кҥнге демалысқа келген, Біраз кҥн болса да кӛрмегендікі ме, 
ӛзгеріп кеткен. Бҧрын ылғи далада жел қақты боп тотығып кҥреңітіп тҧратын 
дӛңгелек жҥзі ат жақтанып, бозарып жҥдеу тартқан, толықтықтан 
тӛртбақтанып тҧратын бойы да таралып, сҧңғақтанып ӛскен сияқты, тіпті 
киген киімдері де басқаша: шашын тӛбесіне тҥйіп, басына қҧлақшын киіп 
апты, кәдімгі газетке шыққан Мәншҥк Мәметованың қҧлақшын киген 


258 
суретіне ҧқсап тҧр: кҥпәйкесін шешкен, ҥстінде кӛйлек орнына кеудесі мен 
шалбары біртҧтас тігілген қызық бір киім — мына қалпында бойжеткен қыз 
емес, еркекшора біреу сияқты кӛрінеді. Оның киімдеріне тіксіне қараған 
әжем: 
− Ӛзің Нәзирамысың? — деді. 
− Иә, Нәзирамын, мына тҧрған ырымшыл, діншіл кемпірдің 
немересімін,- деді әпкем ерке ҥнмен кҥле сӛйлеп. Осылай киінгені ӛзіне 
ҧнайтынын жасыра алмай тҧр.- Немене, танымай тҧрсыңдар ма? 
− Танымай тҧрмыз. 
− Онда танып қойыңдар, енді екі ай жарымнан кейін темір тҧлпар 
трактордың қҧлағында ойнайтын мықтыңыз мен болам,- деп кеп, әпкем 
әжемді қҧшақтай кӛтеріп ап, бетінен шӛп-шӛп сҥйген. 
− Тә, сҥйектерімді сындырдың, онысы несі, кәпір,- деп әжем ашуланған 
боп кҥледі. 
Мҧнан әрі әпкем әжемді қоя бере, ӛзіне жаутаңдаса қарап қалған 
кішкене балаларды кезек-кезек қҧшақтап беттерінен сҥйіп, қолдарына 
бірдеңелер ҧстатқан. Олар: «Бҧ не?», «Бҧ не?» — дескен таңырқап. 
− Мәмпәси ғой. 
Ең соңынан мені кеп арқамнан қағып, қҧшақтап бетімнен сҥйді де: 
− Бойың ӛсіп, жігіт боп қапсың ғой,- деді еркелетіп. Ой, алла-ай, осы 
сәттегі Нәзира әпкемнің мінезі де, даусы да қҧдды апам сияқты айнымай 
қалған еді. Кішкене балаларға ҧстатқан мәмпәсиінен маған да берді және тӛс 
қалтасынан кішірек тӛрт бҧрышты кітапшаны алып.- Мә, блокнот,- деді. Бҧл 
менің ӛмірімдегі судыраған ақ қағаздан тігілген блокнотты қолыма алғаш 
ҧстауым еді. 
Мҧнан әрі Нәзира әпкем тҥйіншегінен жылтырақ қағазға оралған 
алақанның жартысындай ғана нәрсені алып, қайрыла әжеме бҧрылып: 
− Мынау жарты шайды саған әкелдім,- деді. 
− Қҧлыным… кҥнім…- деп кӛзіне жас толған әжем демігіп бірден 
сӛйлей алмай қалды. Тек сәлден кейін ғана: — Ӛзің боп-боз болып жҥдепсің, 
осының бәрін тамағыңнан жырып алып жҥрсің-ау-ә?! — деді кінәлай сӛйлеп. 


259 
− Тамағым аш емес, әже. Есіңде ме, былтыр жазда облигацияға 
жазылғанымызда, соның ақшасын тӛлеу ҥшін мына таудағы омарташы орыс 
шалына ақ ешкіні лағымен сатып ек қой, сонда елу сомды апам маған берген, 
тығып қой деп, ҧстап жҥргенім сол ақша. Ал мына комбинезон мен 
қҧлақшынды МТС-тың директоры бергізді. Ылғи еркектердің арасында 
кӛйлекпен тракторға отырып-тҧру ыңғайсыз болады деп. Трактористер 
курсында екі қыз оқимыз. Екеумізге де директордың ӛзі қамқорлық жасап 
отырады. 
Сонымен біздің ҥйде кішігірім той болды да қалды. Сол кҥні Нәзира 
әпкемнің ҥйге келгенін пайдаланып әжем Кӛбегенді қонаққа шақырып 
жібермек болды. 
− Алыстан, оқ пен оттың арасынан келген ер-азамат, дәм 
татырмағанымыз жарамайды,-деді. 
Кҥздегі сары серкенің бір жілігін сақтап келген екен, әжем соны 
қазанға салды. Маған қол диірменге мол ғып талқан тартқызды, жарым кесе, 
бір кеседен ҥнемдеп неше кҥннен бері жинастырып жҥрген қоңыр сиырдың 
сҥтін кіші қазанға жарты қазан етіп пісіріп, оның бетіне қаймағы тҧрсын деп 
жауып қойды, сӛйтіп, кӛптен — апам қайтыс болғаннан бері біздің ҥйде бола 
қоймаған дастарқан мәзірі әзірленген. Осының бәріне қоса Нәзира әкеп 
берген жарты кірпіш шайы әжемнің бҥкіл ауылда ӛзінен басқа ешкімде жоқ 
байлығы еді. 
− Әй, Қанат, басқа біреу шақырып қойып жҥрер, сен қазір ертерек 
барып ескертіп келші Кӛбегенге, бҥгін кешкісін біздің ҥйден кеп дәм татсын,- 
деді әжем мені жҧмсап.- Нҥсіптің ҥй іші тҥгел бірге келсін деді де. 
Әскерден қайтқан адамға дәм татқызатын салт бойынша шамасы 
келгендер Кӛбегенді кҥнделікті кезекпен қонаққа шақыратын. Оқ пен оттың 
астынан аман-сау қайтқан ер-азаматқа ақ пейілдерімен бары бір асым етін 
асып, жоғы қара талқанмен болса да бір шәугім шайын әзірлеп сый-қҧрметін 
білдіреді. Және қонаққа Кӛбегеннің жалғыз ӛзін алаламай, Нҥсіп шалдың 
ҥйін тегіс қоса шақырады: шалдың ӛзі, кемпірі және жалғыз қыздары Шынар 
— барлығы бірге келіп, бір ҥйдің адамдарындай жадыраса отырып, ӛздері де, 
келген ҥйлері де, әуелі, Кӛбегеннің соғыста басынан кешкен әңгімелерін 
тыңдап, одан ауылдың ӛткен-кеткенін қозғап, ақырында тҥннің бір уағына 
дейін Кӛбегенге Еңлік -Кебек, Қалқаман — Мамыр, Мҧңлық — Зарлық 
сияқты қиссалардың бірін айтқызып, арқалары кеңіп, бір сейіліп қалады. 
Кӛбегеннің даусы керемет зарлы. Қиссаларды ескі бір әуендерге салып 
зарлатқан кезде, тӛбе қҧйқаң шымырлайды. Мҧраттарына жете алмай, 
қосыла алмай арманда кеткен ғашықтардың, жауыздықтың қырсығынан бір-


260 
бірінен айырылған бауыр мен қарындастың зар-мҧңы соғыс кезінің зар-
мҧңымен ҧштасып, әркімнің жҥрегіндегі жарасына тиетін болу керек, 
тыңдаушылар егіліп отырып, кӛз жастары сорғалап отырып тыңдайды. 
Сӛйтіп, аз кҥннің ішінде-ақ Кӛбегеннің қиссашылығы бҥкіл ауылға 
тарады. Біреулер: 
− Шіркіннің даусы-ай, сай-сҥйегіңді сырқыратады? — деп тамсанса, 
екіншілері: 
− Апыр-ай, десеңші, анау жылы әскерге алынбас бҧрын мҧның «әу» 
деген ӛнерін байқамаушы ек, осының бәрін қайда жҥріп жаттап алған ӛзі? — 
деп таңданады. 
− Е, ол кезде сендер байқайтындай ма, едіңдер? Кӛздерің аспанға 
қарап, шатырайып шолақ белсенді болғандарыңа мәз боп, арақ ішуден асқан 
ӛнер жоқтай кӛруші едіңдер ғой,- дейді ҥшіншілері. 
− Шерменде ғой, байғҧс. Жастайынан ата-анасынан жетім қап не 
кӛрмеді. Соның бәрі кӛкірегінде беріш боп қалды емес пе…- дейді тӛртінші 
біреулер. 
Ҥлкендерден естуімізше, Кӛбеген ата-анасынан жастайынан жетім қап, 
ауылда әркімнің есігінде жҥріп ӛседі. Кішірек кезінде баласы жоқ ҥйлердің 
қозы-лағын қарап, есейіңкіреген соң жекеменшіктің қой-ешкісін бағады. Екі-
ҥш кластық білім алып хат танығаны болмаса, оқымайды. Сӛйтіп, әскер 
қатарына алынғанға дейін ешкім кӛзге ілмеген жалғыз басты жан болып кете 
берген. Алғашқы ақ финдермен соғысқа қатысқан, одан кейін Отан 
соғысының алғашқы кҥнінен бастап қырық тӛртінші жылдың ноябріне дейін, 
яғни аяғынан жараланғанға дейін майданның алдыңғы шебінде болған. Ӛзі 
бҧған дейін тӛрт рет жараланған екен, ол жаралары ылғи жеңіл болып, 
госпитальда бірер ай жатып, сауығып майданға қайта аттанып отырыпты. Ӛз 
айтуынша, ауылға екі айсыз жеті жыл дегенде қайтып оралыпты. Сол екі 
айсыз жеті жылдың ішінде ауылдан не бары ҥш-ақ хат алған екен; оның 
екеуін соғыс басталардың алдында Тоқтар жазыпты, ал ҥшінші хатты осыдан 
екі ай бҧрын госпитальда жатқанында Мҧқан ағайдан алыпты, ауылдың 
амандығын айта кеп, ӛзінің әскерге аттанып бара жатқанын, мҧның адресін 
военкомат арқылы анықтап алғанын жазыпты. 
− Осында әскерден қайтқан кейбіреулер бар-жоғы бес-алты айдың 
ішінде ана тілімізді ҧмытып қаппыз деп, не орысша емес, не қазақша емес 
былдырық сӛздерді шатып-бҧтып келеді, ал сен ғой жеті жыл әскерде жҥріп 
осынша қиссаларды қалай ҧмытпағансың? -дегенде, Кӛбеген: 


261 
− Қайдам, ҧмыту, ҧмытпауды ойлаған емеспін. Анда-санда қазақ 
жігіттері бас қосқанда айтатынмын. Онан соң госпитальда жатқан кезде екі-
ҥш қазақ жатты, соларға айтатынмын,- деді. 
Ауылдағы барлық ҥйлер сияқты Нҥсіп шалдың ҥйі де екі бӛлмелі 
болатын, ауыз ҥйге отын-су жиналатын да, тҥп ҥйде ҥй иелері тҧратын. 
Еркегі бар ҥй, оның ҥстіне шалдың ӛзі де ҧқыпты, шаруақор адам, жылда 
жазда ҥйін майлап-сылап жӛндеп отырады, сондықтан басқа ҥйлерге 
қарағанда тап-тҧйнақтай, тап-таза еді. Есігінің алдын да қардан кең ашып, 
тазартып кҥреп тастапты. Кішкене терезенің алдынан ӛтіп бара жатып ішке 
кӛзім тҥскен, Кӛбеген маңдайы жарқырап терезе алдында етік тігіп екен. 
«Еркегі бар ҥйдің тірлігі осы ғой»,- дедім іштей қызығып. Мен сәлем беріп 
кіріп барған кезде, шал мен кемпір ҥйлерінің ортасында қыздарының аяғына 
екі жақтап еңкейе қарап, жігі-жапар боп жатыр екен. Мені кӛре сап Шынар 
әке-шешесін ысырып тастады да: 
− Кәне, қандай екенін мына Қанат айтсыншы,- деді жуан даусымен гҥж 
ете тҥсіп, сӛйтті де маған қарай жҥрді, бір аяғына су жаңа сыңар етік киіп 
апты. 
− Қалай, Қанат, етігім аяғыма жараса ма? 
Бір оңға, бір солға аяғын бҧраңдата басып менің алдыма кесе-кӛлденең 
тҧра қалған, етігі мҧз басқандай сықыр-сықыр етеді, топ-толық балтыры 
қонышын жарып жібере жаздап тҧр. Обалы не керек, етігі де суреттей әдемі 
екен және жалтыраған хром қонышты тырсылдатып кӛріп тҧрған Шынардың 
топ-толық балтыры да әдемі кӛрінді. 
− Жақсы! — дедім шынымен сҥйсініп… 
− Қонышы тарлау сияқты ма, қалай? — деген әкесі. 
Жоқ, Қанат айтты бітті, ал екеуіңнің айтқандарыңа сенбеймін,- деді 
Шынар әке-шешесіне шолжаңдай еркелеп,- Енді осы етікке лайық кӛйлек 
керек. Әке, естіп отырсың ба?! Давай, анау бір қойыңды сат та, ауданға 
базарға барып қайт! 
− Мақҧл, мақҧл,- деді әкесі кҥліп. 
Шынар шал-кемпірдің жалғыз қызы еді де, мінезі шолжаң, аса ерке 
болатын. Бҥкіл ауылда мына жаман шал әкесінің арқасында колхоздың ауыр 
жҧмысына бармайтын, не кием, не ішіп-жеймін демейтін, таршылық 
кӛрмеген бір адам болса, ол — осы Шынар. Қазір де еркелігіне басып, етігін 


262 
сықырлата тҧрып: 
− Аяғымда былғары етік сықыр-сықыр етеді. 
Қҧлағымда алтын сырға сыңғыр-сыңғыр етеді, — деп әндете билеп 
қойды. Қыздарының қуанышына әке-шешесі мәз-мейрам. Терезе алдындағы 
Кӛбеген де қолындағы ісін қоя тҧрып, Шынарға кҥле қарап қапты. 
Мен әуелі Кӛбегенге, онан соң шал-кемпірге ҥй-іштерімен тегіс 
қонаққа шақыра келгенімді айтқам. Тіпті қуанып қалды. 
− Нәзира келді ме? — деп сҧраған Шынар. 
− Келді, қазір ҥйде. 
− О-о, тамаша! Нәзираға айта бар мені де келеді деп. Және жаңа 
етігімді киіп келем, байғазысын әзірлей берсін. Аға, естіп отырсыз ба? — 
деді онан соң Кӛбегенге еркелей қарап.- Анау екінші сыңарын кешке дейін 
бітіретін болыңыз, білдіңіз бе?! Бҧл сізге әскери тапсырма! 
− Қҧп болады, Шынаржан! — деді де оның еркелігін ағаша қабылдап 
мәз болып. Дереу етіктің екінші сыңарын қалыпқа кигізе бастады. 
Кешкісін Шынар біздің ҥйге жаңа етігін киіп келген. Қызысың деген 
емес пе, Нәзира әпкем қатты қызықты, Шынарды ауыз ҥйге шығарып ап, 
қояр да қоймай тҧрып етігін шешкізіп, ӛз аяғына киіп кӛрді. 
− Аздап қысады екен,- деді бҧл да аяғын оңды-солды ойрандата басып 
(қыздардың бәрінің ӛститін әдеті болу керек),- бір-екі кҥн кисем кеңейіп 
кетер еді. 
− Мына Кӛбеген шебер етікші екен. Сен де ӛзіңе бір етік тіккізіп 
алсаңшы, мен айтайын. 
− Былғары жоқ қой. Айтпақшы, апамның ескі етігінің қонышына жаңа 
бас тауып тіккізуге болатын шығар? 
− Болады. Мен әкеме айтайын, жаңа бас тауып береді. Ӛзің МТС-қа 
қашан қайтасың? 
− Таңертең ерте тҧрып кетуім керек. 


263 
− Онда әлгі қонышты қазір тауып қой, кетерде Кӛбегенге аяғыңды 
ӛлшетіп ала кетейік. 
Біз тҥп ҥйге кірген кезде, ҥлкендер ӛткен-кеткенді қозғап қызу 
әңгіменің ҥстінде екен. Әңгімені қозғаушы Нҥсіп шал да, әжем соны кеу-
кеулеп қойып отыр, арагідік Нҥсіп шалдың кемпірі де араласып сӛз 
қыстырып қояды. Сәл тыңдаған соң ҧққаным — әңгіме Кӛбегеннің улы 
бабасы туралы екен. 
− Жарықтық, сӛзге шешен, сері адам болыпты, бір ҥлкен жиында жесір 
дауы сӛз болғанда: «Әйел — ана емес пе? Ананың басын саудаға салғанның 
жҥзі қара емес пе?! Біз бҥгін бір жесірдің мойнына дҧзақ салсақ, ал кҥні 
ертең одан туған ҧрпақ рулы ел болғанда, соларға не бетімізді айтамыз деп, 
кӛпшілікті ӛз жағына қаратып, жесірді зорлықшылардан азат еткен екен,- 
деді Нҥсіп шал әңгімесін аяқтап. 
− Айтқаны келді ғой, сол Сәбира апамнан тараған ҧрпақтың бірі мына 
Нҧғыман емес пе,-деп әжем іліп әкеткен. 
− Иә да,- деп қойды Нҥсіп шалдың кемпірі де. 
Мҧндай ҧлы бабасын мадақтаған әңгіме Кӛбегенге айрықша ҧнайтын 
болса керек, ӛңі нҧрланып, бір сӛзді мҥлт жібермей еліте тыңдайды. 
− Менің етігім Нәзираның аяғына қҧйып қойғандай жақсы жарасады 
екен,- деді еркелей кірген Шынар ҥлкендердің әңгімесін ортасынан қақ 
бӛліп.- Кӛбен аға, бҧл сізге жасаған қҧлаққағысымыз. 
− Тігуге болады ғой,- деген Кӛбеген созыла сӛйлеп. 
− Бітті онда, келістік,- деді Шынар сол ерке ҥнмен.- Нәзира, естідің ғой. 
Әлгі қонышыңды әзірлеп қой, кетерде мен ала кетем. 
Дастарқан әзірленіп ет желінді, онан кейін шай жасалды. Әжем кірпіш 
шайын қап-қара ғып демдеп шығарып шоққа қойып, қаймақ қатып қоңыр 
кҥрең ғып қҧйған кезде, бҥкіл ҥйдің ішін шайдың хош иісі алып кетті. 
Кішкентай балаларға дейін танаулары делбіреп қалған. 
− Паһ, паһ… Мҧндай шайды ішпегелі қай заман. Нағыз ҥнді шайы ғой. 
Қайдан келген? 
− Нәзира әкелді. Мытыста біреуден сатып апты. 


264 
Ҥлкендер шайдың дәмін ала тҥскілері келгендей асықпай сораптай 
ҧрттайды да, «У-һа-а»… деп ҧзақ тамсанады. Жарты кесе ып-ыстық шайды 
сӛйтіп отырып әне-міне дегенше тӛңкеріп салады. Сәлден кейін-ақ 
маңдайлары жіпсіп, рақат бір кҥйге еніп, балбырай бастады. Ӛмірлерінде 
басқа бірде-бір асты дәл осылай ӛне бойлары балқып отырып ішпейтін 
шығар. Орамалмен маңдай терлерін сәнмен ғана сҥртіп қояды. 
− Тҥу, жарықтық-ай, буын-буыныма тҥсті ғой,- дейді Нҥсіп шалдың 
кемпірі. 
− Іш, жаңалап демдеп қойдым,- дейді әжем. 
Нәзира әпкем мен Шынар екеуі бір-екі шыны-аяқтан ішкеннен кейін-ақ 
ыдыстарын тӛңкеріп, тҧрып кеткен. Екеуі кәннің ҥстінде кҥбір-кҥбір 
әңгімелері таусылар емес. 
Бір кезде шай да ішіліп болды-ау. Дастарқан жиылып, аз-кем тоқ 
басқаннан кейін Кӛбеген кӛтеріле отырып, Нҥсіп шалдың: «Ал бір қиссаңды 
«әу» деп жібер!» — деген тілегі бойынша, тамағын кенеп, біраз жӛткірініп 
алды да, «Бозінген» деген жырды бастады. Мен бҧрын балалардан естігенім 
болмаса Кӛбегеннің жырын бірінші тыңдауым еді, даусының сәл жарықшағы 
бар, шырылдаған зарлы екен, «а» дегеннен тӛбе қҧйқамды шымырлата 
жӛнелді. Бозінгеннің шудасы желкілдеп керуенге қосылғанынан бастап-ақ 
қайғылы бір сарын білінген, содан інгеннің ботасынан айрылып зар илеп 
боздаған тҧстарына келгенде, басы әжем боп кӛзімізден жас сорғалап берді. 
Қаншама тістеніп, намысқа тыртысып жыламауға тырысқанмен, тамаққа 
тығылған ащы ӛксік жҥйке-жҥйкені сыздатып, ып-ыстық жас кӛзге қҧйыла 
береді. 
Ботасынан айырылған мендей сорлы бар ма екен… 
Неге жоқ?.. Бар ғой, бар. Міне, менің әжем де дәл сондай ғой, 
ботасынан айырылған боз інгендей боздап қалды емес пе? Біз де солай 
сорлап қалған сорлы жетімектерміз ғой. Біз әкемізден-шешемізден 
айырылдық қой! 
Кӛл-кӛсір аққан кӛздің жасы. Ыстық жас. Қорс-қорс етеміз. Әжем 
айтпақшы: «Уһ, дҥние, жалған-ай!..» Енді қайтып еш уақытта, еш уақытта 
әкемізді, шешемізді кӛрер кҥн жоқ қой!.. Қайран әке!.. Қайран шеше!.. Кӛке! 
Кӛке!.. Апа! Апа!.. Сендерден айырған сҧм тағдыр неткен опасыз еді! Неге 
ғана бізді тастап кеттіңдер?! Зар илетіп, зар еңіретіп қалай қиып кеттіңдер?! 
Зәбір кӛріп, жапа шегіп, зар еңіреп жҥрсін дегендерің бе?І Неге? Неге, бізді 
тастап кеттіңдер?! 


265 
Бозінгеннің бір жақсысы ең соңында ботасын тауып, бақытқа кенеледі 
екен. Біз тыңдаушылар соған риза болдық. Бозінгенге қосылып біз де 
қуанышқа кенеліп, кӛл-кӛсір аққан кӛз жасымыздың тӛлеуі қайтқандай, 
шерменде кӛңіліміз жеңілейіп, жадырап қалдық. Ӛксік-солығымызды баса 
отырып, Кӛбегенге сонша риза кӛңілмен, алғысты кӛңілмен елжірей 
қараймыз. 
− Ӛркенің ӛссін, қарағым! — деді әжем. 
Сонан біразға дейін ҥйдің іші тым-тырыс боп, әлгіндегі ғажап жырды 
бойымызға сіңіргендей кҥйде отырғанбыз. Ҥнсіздікті Нҥсіп шал бҧзды. 
Ӛзінің бала-шаға, кемпірлерге қосылып жыламағанын білдіру ҥшін, кӛпе-
кӛрінеу кӛңілді дауыспен: 
− Апыр-ай, Кӛбеген қарағым-ай, неше кҥн болды тыңдап келем, әр кеш 
сайын мен естімеген бір жаңа қисса айтасың. Осының бәрін кімнен және 
қашан ҥйренгенсің? — деді таңырқап. 
− Бала кезімде, осы ауылда ҥйрендім ғой,- деді Кӛбеген маңдайының 
терін сҥрте отырып.-Қанапия, Сәдіғҧл марқҧмдардан ҥйренгем, біразын 
кітаптан ӛзім жаттап алдым. 
− Иә-ә, Қанапия, Сәдіғҧлдар жез таңдай жыршылар еді ғой! 
− Баяғыда Кҥреңбелде кҥзекте отырғанымызда,- деп әжем киіп кетті 
сӛзге,- біздің ҥйге Сәдіғҧл келіп екі кҥн, екі тҥн ӛлең айтқаны есімде. Сонда 
даусы бір қарлықпады-ау, шіркіннің! 
− Қанапия да сондай дҥлдҥлім еді ғой! — деп іліп әкетті тағы да Нҥсіп 
шал.- Мына осы ҥйде отырып ол шырқағанда, даусы сонау Мытыстағыларға 
естілер еді ғой… 
− Әй, шал, ертең де кҥн бар, қайталық енді,- деді осы кез кемпірі. 
− Иә, кел демек бар, кет демек жоқ, рақмет, ақ жеңеше! — деп, Нҥсіп 
шал әжеме қарап бата жасап, бетін сипады. 
− Мен осында Нәзираның қасына қонам,- деген Шынар. 
− Мейлің,- деді шешесі. 
Балдағына сҥйеніп Кӛбеген де тҧрды. 


266 
− Рақмет, әже! — деді. 
− Саған да рақмет, қарағым. Кӛңілімізді бір кӛтеріп тастадың. Ҥй осы, 
келіп тҧр. 
Кӛбеген шоқалақтап есік алдына барды да, кілт қайта бҧрылып Нәзира 
әпкеме: 
− Нәзира, аяғыңды ӛлшеп алайын,- деді. 
Маған қағаз-қарындаш алғызып, еңкейе тҧрып Нәзира әпкемнің аяғын 
жалаң аяқтандырып қағаз бетіне сызып алды. 
− Қонышы Шынардікіндей болса жарай ма? — деп сҧраған. Нәзира 
әпкем қызарақтап басын изеді. 
− Нәзираның аяғы менің аяғымнан сәл-сәл ғана ҥлкен екен,- деді осы 
тҧста Шынар. 
Әжем кішкене балалармен кән пештің ҥстіне жатты да, біздің 
тӛсектеріміз тӛрге қатарластыра салынды. Мен жалғызбын да, Нәзира әпкем 
мен Шынар екеуі бірге жатты. Әжем де, кішкене балалар да, бастары 
жастыққа тиісімен, тез ҧйықтап қалды. Ал Нәзира әпкем мен Шынар екеуінің 
қыбыр-жыбыр сӛздері таусылар емес. Біріне-бірі «быды-быды» деп 
ауыздары-ауыздарына жҧқпай кҥбірлейді-кҥбірлейді де, бір кезде қиқылдаса 
кҥліп тҧншығып қала жаздайды, әйтеу, әңгімелері керемет қызық, ҥш-қиыры 
жоқ ҧзақ. Бҧл екеуі қиқылдасып-шиқылдасып жатқанда, мен қалай 
ҧйықтайын, кӛзім бажырайып, бірде айтқандарын естіп қап, бірде естімей, 
бірде тҥсініп, бірде тҥсінбей дӛңбекшідім де жаттым. Біраздан кейін әжемнің 
ояна қоймасына кӛздері жеткен екеуі, мені де ҧйықтап қалды деп ойлады-ау 
деймін, жыртақтап дауыстары шығып, еркіндеу сӛйлесе бастады. Кӛбіне 
сӛйлеп жатқан Шынар. 
− Ӛзі сондай ҧялшақ, мен бажырайып бетіне тура қарасам, қызарақтап 
тӛмен қарап кетеді. «Аға, сіз неге маған тура қарамайсыз?» — деймін 
қасақана. «О не, қалқам!» — дейді тҥк ҧқпағандай. «Неге менің кӛзіме тура 
қарамайсыз?» деймін. «Иә, ал қарадым, не айтасың?» — дейді ақырын 
сӛйлеп. «Тҥк те демеймін, маған тура қарасаңыз болды» деймін. «Әй, Шынар 
қалқам-ай, тым ерке боп есіпсің ғой»,- дейді. «Е, ерке болмай-шы,- деймін 
мен,-Әкем мен; апам барда, енді мына сіз барда, мен ерке болмай, кім ерке 
болады?» Ол: «Дҧрыс, дҧрыс!» — деп кҥле береді. 
− Әй, қу қыз-ай, сен оны ӛйтіп жҥріп бездіріп аларсың. 


267 
− Безсе кете берсін. Хи-Хи… ха-ха-ха…. 
Қатып ҧйықтап қаппын. Таңертеңгісін оянсам, Нәзира әпкем де, 
Шынар да жоқ, тӛсектері жинаулы тҧр екен. 
Он шақты кҥннен кейін МТС-қа бара жатқан Бектайдың шанасына 
отырып, Нәзира әпкеме барып қайтпақ болдым. Әнеугҥнгі келіп кеткенінен 
кейін ӛзінен еш хабар болмай, әжем де мазасызданып жҥрген, енді шана 
кездескеніне қуанып қалды. Халін біліп кел деп, екі кеседей талқан, қарны 
ашқанда қажақтасын деп бес-алты қҧрт салып берді. Сӛйтіп, ес білгелі алғаш 
рет ӛз бетіммен ауылдан он шақырымдай жердегі МТС-қа жол шектім. 
Ауыл орталығын қақ жарып жҥретін ҥлкен жолменен желдіртіп келе 
жатқанбыз, Нҥсіп шалдың ҥйінің тҧсынан кемпірі қол бҧлғап шыға келді, 
басында кимешегі ғана, қамзолшаң жеңіл қалпы, бізді кере сап жҥгіре 
шыққан болу керек. Бектай атының басын тартқан. 
− Мысыға бара жатырсыңдар ма? 
− Иә. 
− Онда әлгі Кӛбегенді біле келіңдерші, қарақтарым. Ҥш кҥн болды сол 
жаққа кеткеніне, хабар жоқ. Бірдеңеге ҧшырап қалды ма деп мазамыз кетіп 
отырғаны. 
− Жарайды, кездессе ала келеміз,- деді Бектай. 
Мҧнан әрі еш тоқтаусыз жҥріп кеттік. Бектай ырғай сапты бишікті 
ысқырта ҥйіріп-ҥйіріп қойған, почта тартатын шағыр кӛз жирен жҧлқа 
жӛнелді. Бектай маған қарай бір қырындай аяғын соза жантая отырды да: 
− Ал, Қанат, жол қысқарту ҥшін әңгіме айт,- деді. 
− Мен не әңгіме айтам,- дедім кҥмілжіп. 
− Қыздар туралы, оларға қалай ғашық болып жҥргеніңді айт. 
− Мен әлі ғашық боп кӛргем жоқ. 
− Қой, оныңа кім сенеді. Әжібек бәрің бас қоса қалсаңдар, қыздарды 
сӛз етесіңдер ғой,-деп Бектай қарқылдап кҥлді. 
Мен екі бетім дуылдап қызарып кетсем керек, ӛйткені есіме анау 
кездегі Әжібектің кҥйіп-жанған ғашықтығы туралы әңгімесі, Мәриді 


268 
шақыртып алмақ болғаны тҥскен. Бектай соған мегзеп келеді-ау, деп 
қысылдым. 
− Ӛзің ҧялып кеттің ғой, жә, қалжыңым ғой,- деді Бектай иығымнан 
қағып. 
Бектай жайшылықта ауыл арасында кӛк қҧнанымен едіреңдетіп 
жҥргенде жан адамды менсінбейтіндей боп кӛрінетін. Тобылғы сапты қызыл 
қамшысын сәнімен сілтеп қойып жҧрттың бәрінің тӛбесінен қарайтын, 
әсіресе балаларға кезіккенде ернін шҥйіре тҧрып немқҧрайлы ғана кӛз тастап: 
− Әй, шаңдатпасаңдаршы! — деп одыраңдап ете шығатын. Ӛзі 
Әжібектен бірер жастай ғана ҥлкен, бірақ соған қарамастан жҥріс-тҧрысы, 
сӛйлеген сӛзі одан әлдеқайда ересек адам сияқты еді. 
Қазір екеуміз шанада қатарласа жантайып отырмыз. Шағыр кӛз жирен 
желе шоқырақтап тҧяқтарымен қатқақ қарды шанаға кесек-кесегімен бората 
лақтырып келеді. 
− Ой, мына қалыпта біз МТС-қа жеткенше кӛшкіннің астында 
қалармыз,- деді Бектай аттың басын іркіп. Онан соң астымыздағы шӛптен 
кӛтеріп шананың алдыңғы жақтауының саңылау тесіктерін бітедік.- Сен 
мына тонды жамылып отыр,- деп, ӛзімен ала шыққан ҥлкен қара тонын менің 
иығыма жауып, омырауымды, аяқ жақтарымды қымтап қойды. 
− Мен тоңбаймын, ӛзің жамылсаңшы,- деп едім. 
− Жо-жо, мен ат айдап қимылдап отырам, қозғалыссыз отырған адам 
тоңып қалады,- деді. 
Енді байқадым, кӛк қҧнанның ҥстінде қоқиып жҥргенде ҥп-ҥлкен, 
ересек боп кӛрінетін Бектай жақыннан қарағанда ӛзіміз сияқты бала екен, 
тіпті әлі мҧрты да жоқ, тебіндеп қана ізі білінеді. Бҧған қарағанда Әжібекке 
мҧрт бҧрын ӛсетін сияқты. 
− Неге кҥлесің? — деді. 
− Жай. Мен сені есепші болғанға ҥлкен адам екен десем…- дедім. 
− Иә, немене, ҥлкен адам емес пе екем? 
− Ӛзіміз сияқты бала екенсің. 


269 
− Ә, кҥліп отырғаның сол ма? Әрине, баламын, бірақ сендерге 
қарағанда ересек баламын. Маған ойнауға болмайды сендер қҧсап, шәлкестік 
жасауға да болмайды… 
− Неге? 
− Болмайды, сол… Мына соғыс бітсін, амандық боп. Біздің әскер қазір 
жауды қуып, ӛз жеріне қарай тықсырып апара жатыр ғой. Кӛп ҧзамай тас-
талқанын шығарамыз әлі… Әй, сонан кейін ойынның тҥбін тҥсіріп тҧрып 
ойнармын-ау! Мен сендердің ойындарыңа кейде сырттай қарап қоям, қызық 
ойындарды білмейсіңдер. Соғыстың алдында біздер ойнаушы ек!… Шіркін, 
ойын деп соларды айт!.. Мен асықты жақсы ойнайтынмын. Анадай жерден 
ӛрістен атқанда дәл тигізіп, сақамды дҥп қатыратынмын. Бір жазда бес жҥз 
асық ҧтқаным бар… Асық ойынында қолыңа жағатын жақсы сақаң болуы 
керек, ауыр да емес, жеңіл де емес болсын. Асыққа тигенде дҥпте қатсын… 
Мҧнан әрі Бектай қолыңа жағатын сақаны қалай жасау керек екенін, 
оны бізбен қалай ҥңгіп тесіп, қорғасынды қалай қҧю керек, табанын қай 
мӛлшерде, қалай қайрау керек екенін тәптіштеп әңгімелеп кетті. Бір ауық мен 
де асық ойнауда қара жаяу емес екенімді, сақаны мен де бір адамдай тәуір 
жасайтынымды айтып ӛзара қызу әңгімеге кірісіп кеткенбіз. Кенет желіп келе 
жатқан атымыз оқыс ішін тартып осқырынып кілт тоқтай қалды. 
Алдымыздан анадай жерде жолдың дәл ортасымен бізге қарсы Кӛбеген келе 
жатыр екен. Атымыз содан ҥркіп тоқтапты. Аттың ӛзінен ҥркектеп тҧрғанын 
кӛріп Кӛбеген бір шетке қарай шығып бізге жол берді. Қасынан ӛте бере, біз 
шананы тоқтатып қосарлана сәлем бердік. Кӛбеген ернін ғана қыбырлатты. 
Ӛзі әбден қара терге тҥсіп, ӛңі тҥтіге қарайып кетіпті. Бізге шаршаған 
жабырқау кейіпте самарқау ғана бір қарады да жол ортасына тҥсіп жҥріп 
кетті, жҥріп кеткен жоқ, балдағына сҥйеніп жалғыз аяғымен шоқырақтай 
жӛнелді. 
− Аға, шанаға отырыңыз. Қазір біз МТС-қа барамыз да шаруамызды 
бітіре сап кейін қайтамыз,- деген Бектай. Кӛбеген қайрылған жоқ, естімеген 
адамша жҥре берді. Балдағы қарға қатты батып, әр аттаған адымы ауыр тиіп 
бара жатқанын біз сезіп те, кӛріп те тҧрмыз. 
Бектай шыдай алмай шамадан қарғып тҥсіп соңынан жҥгіре ҧмтылды. 
− Аға, тоқтаңызшы! — деп ышқына дауыстап қуып жеткен. Кӛбеген 
сәл кідіріп бҧған бҧрыла қарады да, бірдеңе деп ақырып жіберді. Бектай оған 
тағы да бірдеңе деп жақындай берген, Кӛбеген бір балдағын кӛтеріп ап салып 
жіберуге шақ қалды. Бектай кейін қарай секіріп тҥсті. Кӛбеген тағы бірдеңе 
деп кіжінді де, жол ортасына тҥсіп, бҧрылып қайтадан жҥріп кетті… 


270 
Жҥні жығылып абдыраған Бектай қайтып кеп шанаға отырған: 
− Жынды ма-ей, ӛзі, біз оған жанымыз ашып жҥрсе, боқтайды,- деді 
ыза болып. 
Шағыр кӛз жиренді бишікпен шықпырта салып жіберген, ол жануар 
ыршып тҥсіп шаба жӛнелді. Кейін жаққа қарай береміз, шоқақ-шоқақ еткен 
Кӛбеген біртіндеп алыстап, сәлден соң мҥлде ҧзап кеттік, мидай жазық қарлы 
далада қара ноқатқа айналды, кішірек бір белеңді асқанымызда, кӛзден де 
таса болды. 
− Әй, осы соғыстан қайтқандар қиын,- деді Бектай әлі де ҧмыта алмай,- 
Шетінен контужный. 
Биік дӛңнің ҥстіне шыға келгенімізде, дәл иегіміздің астында, ойда, 
ҥлкен ауыл MTС жатты. Мҧндай ҥлкен ауылды бірінші кӛруім, о шеті мен бҧ 
шеті ат шаптырымдай шығар, ҥйлері сонша кӛп болар ма, жыпырлата 
салынған, тӛбесінен қарағанда қҧмырсқаның илеуі сияқты. Және кӛшелері де 
кӛп екен. Кӛше бойлары селдіреген ағаштар. 
− Ойпыр-ой, ҥйлерінің кебін-ай! — деппін ішегімді тартып таңырқап.- 
Мына қҧжынаған кӛп ҥйдің арасынан әркім ӛз ҥйін адаспай қалай табады 
екен? 
МТС-қа бҧрын да талай кеп жҥрген Бектай кҥле қарады. 
− Әй, надандық-ай,- деді кекетіп.- Қалай тапқаны несі? Мҧнда әр 
кӛшенің аты, ҥйлерінің саны бар. Сол бойынша еш адаспай оп-оңай табады. 
Мысалы, мынау сол жақ қапталдағы сырты қоршаулы жатқан МТС-тың 
ауласы,- деп кӛп комбайндар мен тракторлар қатар-қатар тізіліп тҧрған тҧсты 
нҧсқады.- Оның бергі жағындағы екі қабат ҥйлер МТС-тың кеңсесі және 
бастықтары тҧратын ҥйлер. Ал мына оң жақтағы созылып жатқан кӛп 
терезелі ҧзын ҥй — жатақхана. Сенің Нәзира әпкең сонда тҧрады. 
− Ал анау кӛп ҥйлерде кімдер тҧрады? 
− Осы МТС-тың жҧмысшылары. 
Кӛшеге де кірдік. Міне, ҥй деп осыларды айт, зәулім биік, шатырлары 
тура кітаптағы суреттердей, тӛбелеріне қарасаң, басыңнан қалпағың тҥседі. 
Есіктерінің алдында тақтайдан жасалған: баспалдақтар, ақ боран ай бойы 
соқса, қар баса қоймас. Шіркін осындай ҥйлерде де адам тҧрады-ау! Ал анау, 
екі қабатты ҥйде тҧратындар тіпті ерекше адамдар шығар! 


271 
Шана әлгінде тӛбеден Бектай жатақхана деп кӛрсеткен ҧзыннан-ҧзақ 
салынған кӛп терезелі ҥлкен ҥйдің алдына кеп тоқтаған. Бектай мені тҥсірді 
де, екі сағаттан кейін алып кететінін айтып шаруасына жӛнелді. 
Есік алдында жҥрген бір кемпірден сҧрап ап, әпкемнің бӛлмесіне мен 
кіргенде, ол ортадағы биік столдың басында қағаз қарап жалғыз отыр екен.- 
Мені кӛріп қуанғаны сонша, ҧшып кеп бас салды, қҧшағына қатты қысып: 
− Келгенің қандай жақсы болды, Қанатай! Ҥйді ойлап жабырқап отыр 
едім,- деді. Қҧшағынан босағаннан кейін байқадым, екі кӛзі қып-қызыл, 
әбден жылағаны кӛрініп тҧр. Ӛңі әнеугҥнгі ҥйге келгендегісінен де гӛрі 
бозарып, жҥдей тҥскен. 
− Жылапсың ғой? — дедім. 
− Иә, аздап жыладым,- деді әпкем теріс айнала беріп,- Ӛз теріме ӛзім 
сыймай, тіпті қысталанып кеттім. 
− Біреу ренжітіп пе еді? 
− И-и…- деді қынжыла қолын сілтеп.- Неге ғана қыз болып жаралдым 
екен. 
− Немене, қыз болған жаман ба? 
− Несін сҧрайсың, Қанатай, жаман болғанда жаман… Кім кӛрінгенге 
кӛз тҥрткісің. Сауды қойып ақсақ-тоқсаққа дейін сӛз салады. 
− Сен ондайлардың сӛзін тыңдама, қағып жібер. 
Әпкем кҥліп жіберді. 
− Енді ӛзім де сӛйтем,- деді жасаураған кӛзін сҥрте тҧрып. 
Әпкем «ақсақ-тоқсаққа дейін» деген кезде, есіме әлгінде жолда бізге 
қарсы жолыққан Кӛбеген тҥсті. Балдағы қарға батып, жалғыз аяқпен қиналып 
бара жатқан аянышты кейпін ҧмыту мҥмкін емес қой. Мен әпкеме соны 
айтқам. 
− Ауылға жаяу қайтып бара ма екен? — деді әпкем кӛзі шарасынан 
шыға. 


272 
− Иә. Біз қазір біраздан кейін кері қайтамыз, шанаға отырыңыз,- деп ек, 
ӛзімізді боқтап жіберді. 
− Сонда ол неғылғаны? — деді әпкем ҥрейленген ҥнмен.- Кімге 
жасаған қиястығы?.. Сорлы жан екен ғой ӛзі. Сҧмдық-ай, егер осыдан 
бірдеңеге ҧшырар болса ғой, бҥкіл елге мен қарабет болам… Қанатай, оны 
тездетіп қуып жету керек. Әйтпесе ол бір пәлеге ҧшырап жҥрер,- деп 
дегбірсіздене бастаған. 
Мен қазір екі сағаттан кейін Бектай екеуміздің ауылға кері 
қайтатынымызды, сонда Кӛбегенді қуып жетіп, шанаға отырғызып 
әкететінімізді айтып, әпкемнің ҥрейін басқандай болдым. 
− Сӛйтіңдер, Қанатай, сӛйтіңдер. Пәлесінен аулақ,- деді әпкем кӛңілі 
орнына тҥскендей. 
Мен әпкемнің мына мінезіне таң қалдым. Бірақ ӛзі айтпаса, қазбалап 
сҧрауға және батпадым. 
− Сен енді ҥлкенсің ғой,- деді әлден уақытта кҥрсініп.- Сол Кӛбеген ҥш 
кҥн бойы осында менің жҥйкемді тоздырды. 
− Немене, бірдеңе дей ме? 
− Ашық айтып ештеңе демейді. Қҧр жатақхананың алдына кеп, 
балдағына сҥйеніп сҥмірейіп тҧрады да қояды. Алғашқы кҥні МТС-қа бір 
шаруасымен келіп, содан маған соққаны шығар деп, жаным қалмай ағалап, 
бӛлмеме шақырып шай бердім. Екінші кҥні сабақтан шықсам, тағы келіп тҧр. 
«Иә, қайтуға кӛлік табылмады ма, аға?» — десем, «Жоқ, мен қайтқалы 
жҥргем жоқ, саған келіп едім, Нәзираш. Сенде сӛзім бар еді»,- дейді. Тағы да 
бӛлмеме шақырып шай бердім. «Ал, аға, маған не айтпақ едіңіз?» — дедім. 
«Жай, ӛзіңді кӛргім келеді де тҧрады, қалқам»,- деп міңгірлейді. «Мені кӛре 
беріп қайтесіз, аға, маған алаңдап, алданбаңыз»,- деп шығарып салғам. 
Сонымен кеткен шығар десем, бҥгін ертеңгісін тағы келіп тҧр. Ыза болдым 
да ҧрсып-ҧрсып жібердім. Бҧрылып алып кеткен. Ауылға жаяу тартқаны 
маған ренжігендегісі ғой. Онысы несі? Ӛзі жарымжан адам, егер жолда 
жазатайым бірдеңе болса ғой, бәріне кінәлі мен болам. Сонда жазығым -
ҧнатпайтынымды айтқаным ба? 
Кӛбегеннің мына қылығына әпкеме қосылып мен де ренжідім, 
шынында да, ҥп-ҥлкен адамның онысы несі? 
Апалы-інілі екеуміз ӛстіп сырласып отырғанымызда, есік жҧлқа 
ашылып, бӛлмеге орта бойлы, қара торы біреу алқын-жҧлқын кіріп келген. 


273 
Біреу дейтінім, а дегенде қыз ба, ҧл ма айыра алмадым. Мені кӛріп ӛзі де 
қысылып қалды. 
− Ҥйде қонақ бар екен ғой,- деді кҥліп. Қыз екенін кҥлкісінен білдім. 
Нәзира әпкем ол екеумізді қысқаша таныстырып ӛтті. Бҧл — әпкемнің 
қасында жататын курстас жолдас қызы Гҥлсара екен. Мҧның да басында 
әпкемдікіндей қҧлақшын, қолындағы дорбасы мен кҥпәйкесін тӛсегінің 
ҥстіне қарай лақтырып тастаған, мҧның да кигені сол әпкемдікіндей 
комбинезон, бҧл .да шашын тӛбесіне тҥйіп апты. Мына қалпында қыздан гӛрі 
талдырмаш жасӛспірім бозбалаға кӛбірек ҧқсайды. 
Бос тҧрған орындыққа кеп гҥрс етіп отыра кетті. 
− Екі нанды да жақсы бағаға саттым,- деді ол Нәзира әпкеме есеп бере 
сӛйлеп.- Онан соң базардан шығып келе жатсам, әнеугҥнгі сары кемпірдің 
кездесе кеткені, тағы бір ширек шай ҧстап келеді екен, соны сатып алдым, 
анау дорбаның ішінде ал қалған ақша, міне, қалтамда. 
− Жақсы болды. Шайды қазір әжеме беріп жіберейін,- деді әпкем де 
қуанып. 
Мен келгенде отқа қойған шәугімдегі су қайнап, әжем беріп жіберген 
талқан мен қҧрттарды ортаға қойып, ҥшеуміз шайға отырдық. 
Гҥлсара сӛйлегіш те, кҥлегеш, кӛңілді қыз екен. Ауыз жаппай сӛйлейді 
де, ӛзі мәз боп кҥледі. Кҥлген кезде, екі беті шҧқырайып, сҥйкімді боп кетеді. 
Жаңа базарда бір әйел сыбырлап қана: «Әй бала, менде самогон бар»,- 
дейді, мен де сыбырлап қана: «Осы жерде тҧрыңыз, қазір кеп ҧстап 
әкетеміз»,- дедім. Әлгі әйел: «Жә, бір стақанды ӛзіңе тегін берем»,- дейді 
сыбырлап. Мен: «Жо, бір стақан аз»,- дедім. «Екі стақан», «Екеу де аз». Әйел 
долданып: «Жап-жас болып қҧлқының кең екен ӛзіңнің!» -деді. Мен шыдай 
алмай кҥліп жібердім де, ары қарай жҥріп кеттім. «Қаршадай болып 
шешесіндей адаммен қалжақтасады»,- деді әйел соңымнан ашулы ҥнмен… 
Гҥлсараның әңгімесіне мәз боп кҥліп отырғанымызда, сырттан 
Бектайдың: «Қанат!» — деп айқайлай шақырған даусы естілді. Шағыр кӛз 
жиреннің біз отырған бӛлменің терезесінің тҧсына кеп, басын кегжитіп 
тоқтай қалғаны кӛрінді. Тез жиналып далаға шықтық. Нәзира әпкем әлгінде 
Гҥлсара әкелген ширек шайды және қайдан алып шыққанын білмеймін, ҥш 
тілім қара бӛлке нанды орап берді. 


274 
− Шайды апарсам да жетеді ғой, нанды алып қал, ӛзіңнің қарның 
ашады,- деп едім. 
− Балалар жесінші,- деп бой бермеді. Мен оның бозарып жҥдеу тартқан 
жҥзіне қарадым, бір тҥрлі сырқаттанып тҧрған сияқты боп кӛрінді. «Қанша 
дегенмен, ҥйден алыста жҥргендікі-ау»,- деп, жаным ашыды. Ӛзін жекелеп 
шығардым да: 
− Ӛзің жҥдеп барады екенсің, нан сатқаныңды қой,- дедім ӛзімше ҧрса 
сӛйлеп. 
− Жалғыз мен емес, басқалар да сӛйтеді. Бір кҥндік нормамыздың 
жартысын сатып, ақша жинап киім-кешек алсақ дейміз. 
− Киім кимесең ӛлмессің, денсаулығыңды ойласаңшы,- дедім дәл осы 
арада әжемше ақыл айтып.- Жақын арада тағы да келем, егер нан сатқаныңды 
білсем әжеме айтам. 
− Жарайды, Қанатай, енді сатпаймын,- деді әпкем мені кҥле қҧшақтап. 
Қоштасып жҥріп кеттік. Шағыр кӛз жирен ауылға қарай заулап жӛнелді. Биік 
дӛңге кӛтерілгенде кейін бҧрылып МТС-қа кӛз салғам, дҥрілдеген, 
тарсылдаған-дҥрсілдеген, бірі МТС ауласының ішінде, бірі ауланың сыртын 
айналып қым-қиғаш бірінің жолын бірі кес-кестеген тракторлар жерді 
солқылдатып сабылып жҥр екен. 
− Бҧлары несі, босқадан-босқа жҥргендері? — деп сҧрағам Бектайдан. 
− Двигательдерін қыздырып жҥргендері ғой,- деді Бектай. 
− Ә. 
Биік дӛңнен де астық, МТС кейіндеп тасада қалды. Бірақ 
тракторлардың тарыл-тҧрылдары кӛпке дейін естіліп тҧрды. 
МТС-тан шығарда заулай жӛнелгенімен, биік дӛңді асып, ауылға 
баратын даланың сҥрлеу жолына тҥскеннен кейін Шағыр кӛз жиреннің 
әлгіндегі екпіні бәсеңсіп, бҥлкіл желіске ауысты. Тҥс ауа жылымықтанып, 
жентектеліп жатқан қар да жҥрісін ауырлатса керек. Екі бҥйірі солқылдап 
терлейін деді. Жайма-шуақ кҥннің сәулесіне шағылысып иі босап жатқан 
қарлы даладан ҧялшақтағандай Бектай екеуміздің кӛзіміз қарығып, сырғыған 
шананың ҥстінде маужыраған рақат кҥйде келеміз. 
Екеуміз де ҥнсізбіз. Сӛйлесуге ерінетін сияқтымыз. Мынау белес-белес 
боп созылып жатқан ҧшы-қиыры жоқ аппақ дала, бір шӛкім бҧлт жоқ 


275 
шыныдай мӛлдір кӛк аспан, май тоңғысыз жылым ауа — барлығы да шана 
ҥстіндегі бізді тербетіп келе жатқандай болады. 
− Әлгі Кӛбеген байғҧс кӛрінбейді,- деп қойды бір кез орнынан 
кӛтеріліп алға қараған Бектай. Менің есіме әпкемнің бағанағы айтқандары 
тҥсті. Бір ауық ойша екеуін салыстырып кӛргем, сҥмірейген балдақты ақсақ, 
әрі кексе Кӛбеген мен тепсе темір ҥзетін, оттай жайнап тҧрған әпкем екеуінің 
арасы жер мен кӛктей екен. Ақсақ бҧл тҥгілі қол-аяғы бҥп-бҥтін, тҥр десең 
тҥрі бар, ӛнер десең ӛнерлі, жігіттің сҧлтаны боп кӛрінетін Ырысбекті де 
әпкем менсінбей қойды ғой. Әпкемнің теңі Тоқтар еді ғой. Шіркін, қандай 
әдемі жігіт еді! Шалдар айтқандай, қынынан суырған қылыштай боп тҧрушы 
еді. Ер жігіт сондай-ақ болар! Оның қасында Ырысбек кім, Кӛбеген кім? 
Қайран әпкем, тҥсінем мен сенің жайыңды… Қалғып кетіппін. 
− Аға, отырыңыз! — деген дауыстан кӛзімді ашып алдым. Шана 
тоқтапты. Жол шетінде тҧрған Кӛбеген қарға сағағына дейін батқан қос 
балдағын әзер деп суырып алды да, шана ҥстіне лақтырып тастай берді, ӛзі 
бір аяғымен секіріп кеп, бар салмағымен менің қатарыма гҥрс етіп отыра 
кетті, отыра кеткен жоқ-ау, қҧлап тҥсті. Жақыннан анық кӛрдім, тҥрі адам 
шошырлық еді, ӛрт сӛндіргендей қап-қара, бет-аузынан айғыз-айғыз аққан 
тердің іздері ақ таңдақтанып, жолақ-жолақ боп қапты. Шанаға жамбасы 
тиген бойда талмаусырағандай кӛзін жҧмды. Танауы қусырылып, тынысын 
солықтай алып, тым-тырыс сҧлық жатты да қойды. Ӛне бойы тегіс әбден 
тоңған адамдай діріл қағады. 
Екі белесті асқан соң ауылға да жеттік. Нҥсіп шалдың ҥйінің тҧсында 
Бектай шананы тоқтатып, Кӛбеген тҥсіп қалды. Қалт-қҧлт етіп бір аттады да, 
босап жатқан қарға айыршағына дейін кеткен балдағын суырамын деп алға 
қарай ҧмтыла тартқанда, жалп етіп ҧшып тҥсті. Бектай екеуміз шанадан 
секіре-секіре тҥсіп ҧмтылғанбыз, осы кезде ҥйлерінен Нҥсіп шал мен қызы 
екеуі де жҥгіре шыққан. Екеуі бізден бҧрынырақ жетіп Кӛбегенді 
қолтығынан демеп, кӛтеріп әкетті. 
ҚЫДЫРМАН ТОЙТЫҚ 
Арада екі кҥн ӛтті ме, жоқ па, сәске кезінде кҥтпеген жерден Нәзира 
әпкем жетіп келді. Қасында сол әнеугҥнгі мен кӛрген Гҥлсара деген дос 
қызы. Екеуінің де ҥстінде сол еркекшора киімдері — комбинезондары, 
іштерінен жылы жемпірлерін киіп, белдерін мықтап буынып алған, 
бастарында қҧлақшын, білмеген адам екеуін де қыз деп ойламайды, ауыл 


276 
арасының бозбалалары сияқты, жҥрістері суыт, сонау МТС-тан жаяу 
келгендері кӛрініп тҧр. Әжем әуелде қуанып қалса да, артынша кӛңілі 
әлденеден секем алғандай: 
− Әйтеу, бҧл жҥрістерің жайшылық па? — деп сҧраған. 
− Жайшылық. Сендерді сағынып кеттім,- деді Нәзира әпкем жайма-
шуақ кҥлген болып. Бірақ ҥнінде де, кҥлкісінде де абыржу бар еді. 
Қҧлақшынын шешіп, желкесіне тҥйген тоқпақтай ҧзын бҧрымын босатып 
әуелі ӛңіріне тҥсіріп, ҥш жағын сәл тарқатыңқырап барып ӛрді де, сәнімен 
арқасына қарай сілкіп тастап, әжемнен бастап барлығымызға тегіс кҥлімсірей 
қарап шықты. Кҥлкісі маған жасанды боп кӛрінді. 
− Сонша неғып ҥрпиісе қалдыңдар? — деді тағы да кӛңілдене сӛйлеген 
боп. 
− Әй, сенің осы келісің тегін емес. Менен бірдеңені бҥгіп тҧрсың? — 
деді әжем. 
− Айтып ем ғой,- деді Нәзира әпкем Гҥлсараға қарап кҥле сӛйлеп,- 
Менің әжемнің кӛріп келі бар деп. Әне, бәрін біліп отыр. 
− Әй, нені біліп отыр дейсің? Нені жҧмбақтап тҧрсың?! — деді әжем 
шыдамсыздана. 
− Ештеңе емес. Сонан кейін айтам ғой. 
− Жоқ, қазір айт. 
− Айтсам айтайын,- деді әпкем сол кӛңілді ҥнін бҧзбастан.- МТС мына 
Гҥлсара екеумізді және бес-алты қызды соғыстан азат етілген қалаларды 
қалпына келтіруге жіберіп отыр. 
− Ойбай, не дейд?! Соғыс деймісің, ой-ба-ай!..- деп әжем баж етіп, 
ойбайлап жӛнелген. 
− Жә… Ойбайлағаны несі, жаманшылық шақырып,-деп Нәзира әпкем 
қатулана дауыс кӛтерген. 
− Ойбайламағанда маған қуан деп отырсың ба?! Ой-ба-ай-й!.. 
− Қуан деп отырғам жоқ, бірақ ойбайлама деймін. Мен тірімін ғой. 


277 
− А! — деген сасып қалған әжем не дерін білмей. 
− Мен тірімін ғой, жаманшылық шақырып ойбайлама деймін. 
Тосылыңқыраған әжем сәл бәсеңдеп: 
− Ӛзің соғысты айтып отырсың ғой, қарағым-ау,- деген енді 
жыламсыраған ҥнмен. 
− Мен соғыс деп отырған жоқпын, соғыстан босаған, біздің әскерлер 
азат еткен қалаларды қалпына келтіруге барамыз деп отырмын. 
− Ойбу-у, енді қайтейін-ай, ол да бәрібір соғыс қой. Әй, қу қҧдай, 
шҧнақ қҧдай…- деп, әжем әлгіндегідей емес бәсең ҥнмен зарлай бастады.- 
Әкесі мең шешесінен ӛлідей айрылып, енді бҧдан тірідей айырайын дедің 
бе?! Бҧл сҧмдықты кӛрсеткенше мені неге алмайсың. Мен ӛліп, бҧлар менің 
соңымда жылап неге қалмайды. Қу қҧдай, кӛзі жоқ соқыр қҧдай, тас керең 
қҧдай… 
Осылайша әжем басқаны емес, дҥниені тегіс уысында ҧстап тҧрған 
қҧдайдың ӛзін кӛктен алып, жерге салып қарғап-сілей бастады. Әншейінде 
екі сӛзінің бірінде «аллалап» сиынып отыратын діншіл әжем ашынған 
кезінде қҧдайыңның да бас-кӛзіне қарамайды екен. Қу да, шҧнақ та, тас керең 
де, кӛр соқыр да — әйтеу, адамды қорлайтын кем-кетіктің бәрін соның 
басына ҥйіп-тӛкті-ай келіп. Әжемнің мына қарғап-сілегеніне қарап қҧдайды 
Байдалы шалдың ар жақ, бер жағындағы біреу ме деуге болатын. Ӛйткені дәл 
қазіргі сәтте қҧдай бар болатын болса, әжемнің мына сӛздерінен кейін: «Әй, 
осы кемпірден аулақ Жҥрейінші» деп, біздің ҥйдің тӛңірегінен безіп кеткен 
шығар. Қашанғы қарғанып-сілене берсін, біраздан кейін қҧдайдың жер-
жебіріне жеткендей болған әжем басылайын деді. Ойбайын токта тып, кӛз 
жасын тыйды да: 
− У-уһ… О, жаратқан, кеше гӛр,- деді ауыр кҥрсініп. Онан соң ҥнсіз 
отырған Нәзира әпкеме қарап: — Қашан жҥресіңдер? — деп сҧрады. 
− Ертең таңертеңгі сағат тоғызда МТС-та болуыңыз керек. 
− Баратын жақтарың, әлгі бҧзылған қалаларың алыс па? 
− Поезбен барамыз ғой,- деді әпкем алыс, жақынын ашып айтпастан 
жҧбата сӛйлеп. 
− Алыс десеңші.- Әжемнің кӛңілін аударғысы келген әпкем: 


278 
− Мына Гҥлсара ҥйімен қоштаса да алмай кетіп барады,- деген. 
− Ойбуй, қарағым-ай, әй,- деді жаны ашып кеткен әжем.- Ҥйің алыста 
ма еді? 
− Ақсу жақта, алыста. 
− Ата-анаң бар ма еді? 
− Бар, әкем де, шешем де бар, колхоздың малын бағады, қазір олар 
тӛменгі қҧмда Балқаштың бойында ғой. Бір-екі кҥнде ҥлгеріп барып келе 
алмаймын. 
− Ой, әттегене-ай, а… Естігендерінде қандай аңырар екен, сорлылар! 
Ең болмаса, маңдайыңнан бір иіскеп қалмағандарына ӛкінеді-ау, ә… О, қараң 
ӛшкір, пәшіс-ай!.. Ойдағыны ойда, қырдағыны қырда зарлаттың-ау. Ӛстіп 
зарлап қалғыр-ай… 
Мҧнан әрі әжем белін бекем буып, қайратына қайта мінгендей орнынан 
тҧрды. 
− Әй, Қанат! — деді қатқыл ҥнмен маған,- анау кӛк тушаны ҧста да, 
Нҥсіп бола ма, Мақым бола ма, біреуін ертіп кел, мына әпкеңді айналдырып 
айтып сойып, қҧдайы тамақ берейін. 
− Әже-ау, кӛк тушаны қайтесің, буаз шығар. 
− Буаз емес. 
− Ӛздеріңе қажет болады ғой, кейін кӛктемге қарай мына балалар 
ашығып жатса, сойып, кӛже қатық жасарсыздар,- деген әпкем бәйек болып. 
− Жә, біз ел ішіндеміз ғой, ӛлмейміз,- деді әжем кесімді ҥнмен. 
Мен әуелі жҥгіріп барып ҥйі жақындау почташы Мақым шалды 
шақырдым да, одан қайтып кеп қораның іргесіндегі сабанды қажақтап 
жҥрген кӛк тушаны ҧстап есіктің кӛзіне жетектеп әкелгенімде, әжем Нәзира 
әпкемді ертіп шығып тҧр еді. Әпкем мен Гҥлсара бір-біріне қарап 
жымыңдасып қояды, бірақ ескіліктің қалдығы деп қарсылық етуге әжеме 
және батпайды, бәрін кҥлкімен жуып-шайған тҥрлері. Мақым шал кӛк 
тушаны Нәзира әпкемнен ҥш рет айналдырып бата жасады, «біссімілдә» деп 
союға кірісті. 


279 
Сол кҥні тҥстен кейін ауылдың біраз шал-кемпірлері кеп, ҥйден қҧдайы 
тамақ ішіп, Нәзира әпкеме оң сапар тілеп, баталарын берді. 
Кешкісін Нәзира әпкеммен мектепте бірге оқыған дос қҧрбы қыздары: 
Нҧрбике, Ҥміт; ҧлдан Қыдырман және бҧлардан екі-ҥш жасы ҥлкен болса да 
Нәзира әпкеммен станцияға астық тартып бірге жҥріп, бірге тҧрып, аралас-
қҧралас боп кеткен Зибаш жиналған. Соғыстан бҧрынғы балалық шақтарын, 
мектепте оқыған кездерін еске алып, мәз-мейрам боп кҥлісіп, ән салып, біраз 
кӛңілдерін кӛтерді. Мен ес білгелі, Нҧрбике, Ҥміт, Нәзира әпкем ҥшеуінің 
бастары қосылса болды, ауыздары жабылмай, жыпылдасып ҧзақты кҥнге 
сӛздері таусылмайтын. Ҥшеуі де бірінен-бірі ӛткен кҥлегеш, ҥшеуі де 
сӛзшең, сауысқанша шықылықтап, шошаңдап қалған қыздар еді. Не 
сӛйлеседі, неменеге сонша жыртақтасып мәз боп кҥлетіндерін адам ҧғып 
болмайтын. Біріне-бірі мҧрындарының ҥстінен алақандарын қырынан ҧстап 
қарайтын да, соған кӛздерінен жас аққанша сықылықтасып кеп кҥлетін. 
Кейіннен білдім, ондағысы ӛздерімен бірге оқитын осы Қыдырманды 
мазақтағандары екен де. Қыдырман мҧрны қоңқиған ҧзын, кӛзі қысықтау, 
мінезі әңгҥдіктеу бала болатын. Мектепте ӛзінше қыздардың қасына кеп 
қырындаған боп тҧрады екен. Сондайда бірде қоңқақ мҧрнын уқалап жиі-жиі 
тартқыштай берсе керек. «Немене, сенің мҧрныңа бірдеңе болған ба?» — 
дейді қыздардың бірі кекетіп. «Ҧйықтап жатқанымда шіркей кіріп кеткен бе, 
білмеймін»,- депті Қыдырман мҧрнын уқалай тҥсіп. «Қой, шіркей емес, 
шыбын шығар»,- депті қыздар. «Шыбын болса шыбын шығар»,- дейді 
қыздардың мазағына тҥсіне қоймаған Қыдырман. «Ой, мынадай танауға 
шыбын емес, ара кіріп кеткен шығар»,- депті қыздардың бірі онан әрі 
қақпақылдап. «Жо, ара емес, ара болса ендігі шағып ап, мҧрным ісіп кетер еді 
ғой»,- деген екен Қыдырман. Содан ҥш қыз ішектері тҥйілгенше ал кеп 
кҥлсін. Неше уақытқа дейін бір-біріне мҧрындарының ҥстінен алақандарын 
қырынан ҧстап қараса-ақ болғаны, сықылықтап кҥлкіге бататын. Енді бҥгін 
де естеріне алып, сондағы әзілдері мен кҥлкілері ӛздеріне ерсі кӛрініп отыр. 
− Тҥк ҧқпайтын бала екенбіз ғой,- деседі. 
Біраздан кейін Нҧрбике кішкене баласының еметін мерзімі болғанын 
айтып рҧқсат сҧрап, қоштасып кетпек болды. Осыдан бес-алты ай бҧрын 
ҥйде отырып босанып, ҧл тапқан. Жігіті Берік ӛткен қыста әскерге кетті де, 
кӛп ҧзамай артынан қара қағаз келді, ал Нҧрбике болса не қыз емес, не 
кҥйеуге тиген әйел емес, балалы жесір боп қала берді. Ата-анасының бетіне 
мҧнан ӛткен не шіркеу болсын. Нҧрбикенің ӛзі де кӛпшілік жиналған жерге 
жоламай, кӛзге тҥспеуге тырысып, қашақтап жҥреді. Әбден жҥдеген, тек 
бажырайған мҧң толы кӛзі ғана қалған. Бҥгін бірге ӛскен қҧрбысы Нәзира 
әпкеммен қоштасып қалу ҥшін ғана келіпті. 


280 
Нҧрбике кеткен соң, қҧрбылары сырттай оған аяныш білдіре отырып, 
ӛз бастарындағы қайғы-қасіреттерін шағынғандай болды. Әсіресе Ҥміт 
Нәзира әпкемнің қасына отырып ап, қҧшақтап айырылғысы келмейді. 
− Нәзирамен бірге мен де кетер едім, шіркін-ай,- деп қояды кӛзі мӛлт-
мӛлт жасқа толып. Шынымен кеткісі келгені ме, әлде ӛзінің кәріп боп қалған 
кҥйін шағынған ӛкініші мен іш қҧса мҧңы ма, кім білсін. Алдыңғы жылы 
қыста станцияға астық тартып жҥргенінде Қараталдың мҧзы ойылып кетіп, 
Ҥміт су ортасында қалған шанадағы астықты жаяулап су кешіп жҥріп тасып 
ӛлім аузынан қалған, ақыры соның зардабынан қиралаңдап жҥре алмайтын 
жарымжан болды. Қазір де ӛзінің жанына батқан сол кәріп халін шағынатын 
сияқты. 
− Мені де ала кетші, Нәзира. Мен де бірге кетейінші,- дейді әпкемнің 
мойнына қиыла асылып. Ҥмітке салсаң Нәзира әпкем кез келгеннің қолы 
жете бермес керемет бір сапарға аттанып бара жатқан сияқты. Тіпті басқаның 
қолы жетсе де, ӛзінің қолы жетпейтініне анық ӛкініш білдіреді. 
− Осы қыз қызық,- дейді Қыдырман танауы делдиіп қызына сӛйлеп.- 
Немене, Нәзира ӛз еркімен бара жатыр дейсің бе?! Бҧл да әскерге шақырудың 
бір тҥрі. Қаншама қиындықтар кҥтіп тҧрған шығар бҧларды да. 
− Мейлі, қандай қиындықтар болса да Нәзирамен бірге кетер ем. 
− Тҥу, сен қыз да қойсаңшы енді, адамның қитығына тие бермей,- деді 
Қыдырман кенет тісі ауырғандай кіржиіп.- Әділіне келсек бҧл, ең әуелі, мына 
менің жолым еді ғой. Мен сияқты жігіттердің жолы еді. Әттең, амал қанша, 
ауылда жҥріп-ақ аяқтан айрылып, тойтық боп қалған мына мені айтсаңшы. 
Енді, міне, адамға да, қҧдайға да керексізбін,-деп, ақ таяғымен аяғын 
тоқылдатып ҧрып қойды. Келте ҧлтарылған дәу шарықтары кесілген қос 
томардай қолапайсыз жҧп-жуан еді. 
Жаңа жылдың алдында қатты боранда екі кҥндей малмен бірге ығып, 
далада қалып аяғын ҥсіткен. Содан саусақтары қап-қара боп кҥлдіреп ісіп, 
аяқтарының басы кӛпке дейін жазылмай, ешқандай ем-дом қонбай, қағынды 
болып ҧшыға бастайды. Кҥндіз-тҥні зар қақтырған ауыр азаптан ӛлер болған 
Қыдырман, мҧнан әрі аяғының мал болмасына кӛзі жеткен соң, саусақтарын 
жаңғырыққа салыпты да, ӛткір балтамен тегіс қырқып шауып тастапты. Және 
осының бәрін ешкімнің жәрдемінсіз ӛзі істеген. Шешесі мен іні-
қарындастары қарап тҧруға дәттері шыдамай, безіп қашып кеткен екен. Міне, 
сонан кейін ғана беті бері қарап, аяғы жазыла бастады. Мына дәу шарықты 
ӛзі тігіп алған. Қалың орап кимесе, аяғы суыққа шыдамсыз, ӛте тоңғақ 
кӛрінеді. Жҥрген кезде аяғына кеспелтек екі томарды байлап алғандай 
қорбаң-қорбаң етеді. Осы кҥні балалар оны Қыдырман демейміз, тойтық 


281 
дейміз. Ӛзі оған ӛлердей қорланады. Қуып жете алмайтын болған соң, 
қолындағы жуан ақ таяғын лақтырып ҧрып, зәре-қҧтымызды ҧшырады. Бірақ 
одан тілімізді тартып жатқан біз жоқпыз, анадайдан алдынан кесе-
кӛлденеңдей беріп: «Әне, Тойтық келе жатыр. Тойтықты қара. Әй, Тойтық!» 
— деп мазақтап қаша жӛнелеміз. Сол -Қыдырман да жылармандай боп 
қорланып, тҥтігіп отыр. 
− Аяғыңның ҥсігені жақсы болған екен, әйтпесе сен екеш сен де бізді 
тастап кеткелі жҥр екенсің ғой,- деген Зибаш сыңғырлай кҥліп. 
− Немене, менің кетпегенімді тілейсің бе? — деді Қыдырман оған жалт 
қарап. 
− Әрине. 
− Апыр-ай, ә, менің тілеуімді тілейтін адам да бар екен-ау,- деп 
Қыдырман кҥлген болды. Бірақ Зибаш кҥлген жоқ, май шамның жарығында 
дӛңгелек сҧлу жҥзін оған бҧрып, кӛзін сҥзілдіре қарады да: 
− Мен шынымды айтып отырсам, бҧл кҥледі ғой,- деді назданып. 
− Ойбай, жеңешетай, кҥлмеймін, міне шыным, риза болып отырмын,- 
деп, Қыдырман оның топ-толық білегінен қос қолдап ҧстап, қысып-қысып 
қойды,- Мен тек ӛзімнің мына тойтықтығыма кҥйініп отырмын да. 
− Жә, жә, сендерге не болған?! — деді Нәзира әпкем бҧларға кезек 
қарап жеки сӛйлеп.-Немене, мені тойға кетіп барады дейсіңдер ме?! Әлде 
жетіскенімнен кетіп барады дейсіңдер ме?! — Онан соң кәннің ҥстінде бір-
біріне тығыла тҥсіп, бҥк тҥсіп жатқан әжем мен кішкене балалар жақты 
мегзеп қойып: — Мен кеткен соң, мыналардың кҥйі не болады әлі?! — деді 
ауыр кҥрсініп. 
Шынында да, солай екен-ау дегендей Ҥміт те, Қыдырман да 
ыңғайсызданып қалды. Ҧйықтап жатқаны, әлде ояу жатқаны белгісіз әжем: 
«Е-е, алла…» деп аһ ҧра кҥрсініп, жаратқанға кҥбірлей сиынып қойды. 
Әпкем есіне енді әлдене тҥскендей Зибаштан: 
− Айтпақшы, Қоғалыбҧлақ жақтағы шӛпті әлі тарқатқан жоқсыңдар 
ма? — деп сҧраған. 
− Кеше ғана екі шанамен Мамыр мен Махмҧд барып қайтты. Қар қалың 
ғой, әзірге жолы ауырлау кӛрінеді. Жай сҧрадың ба? 


282 
− Жазда пішен кезінде бҧлақтың жоғарғы жағындағы жыраның шӛбін 
мына Қанат екеуміз шалғымен шауып, бергі қабаққа жинап қойып едім. 
Соны кҥзде жеткізіп алуға колхоздың жҧмысынан қолым тимей кетті емес 
пе. 
− Осы аптада ол жақтан шӛп тартуға мына Қыдырман екеуміз де барып 
қалармыз. 
− Онда соны екеуің бӛліп-жарып бірдеңе ғып ҥйге жеткізіп 
берсеңдерші, ӛзі бір шанадан аспайды. Мына Қанатты бірге ала барсаңдар, 
жолын кӛрсетіп кӛмектесер еді. 
− Жарайды,- деп Зибаш Қыдырманға қараған. 
− Әрине, жеткізіп береміз,- деді Қыдырман да іле қостап. 
Тағы да тіршілікке байланысты ананы-мынаны сӛз етіп біраз отырған 
соң, Зибаш та ата-енесінің бҧл келгенше ҧйықтамай кҥтетінін айтып, кетуге 
ыңғайланған. Әпкем оған ризалығын білдіре отырып соңғы тілегін айтты: 
онысы мына қалып бара жатқан ӛлмелі кәрі шешесі мен кӛкқарын інілеріне 
кӛз қырын сала жҥр деген еді. Бҧл сӛзін ол Зибашқа айта отырып, Қыдырман 
мен Ҥмітке де қҧлаққағыс қылғаны еді. 
− О не дегенің, қолымыздан келген жәрдемімізді кӛрсетіп тҧрамыз 
ғой,- деді Зибаш тағы да қоштау кҥткендей Қыдырманға, одан Ҥмітке қарап. 
− Әрине, әрине,- десті анау екеуі де. 
Зибаш Нәзира әпкеммен кӛзіне жас ала тҧрып, қҧшақтасып қоштасты. 
− Қайда жҥрсең аман бол… Аман-сау қайт, тентек қыз… 
Зибаш кеткен соң, Қыдырман мен Ҥміт екеуі тағы да мектептегі 
балалық кездерін еске алып, бірінен-бірі сабақты қалай кӛшіргендерін, сабақ 
ҥстінде отырғанда қай баланың не істегенін айтып мәз боп кҥлісе бастады. 
− Тағы да бір шай ішелік, Қанатай, сабан әкеп от жақшы,- деді қайта 
кӛңілденген Нәзира әпкем. 
Мен сабан әкелуге сыртқа шықтым. Тҥн жарымы ауа барып туған ай 
бір шекесі ойылып, солғындаған сәулесі тӛңіректі бозамықтандырып тҧр 
екен. Ауыл тегіс тым-тырыс, ең аяғы мазасыз иттерге дейін тәтті ҧйқыға 
батқан сияқты. Тау жақтан болар-болмас қана қоңыр жел ҥріп тҧр. Қораның 
сыртына қарай шығып сабаннан қҧшақтап ала бергенімде, арғы жақтан 


283 
сабанды сылдырлатып біреу жҥргендей болды. Селк етіп сабанды тастай 
қашуға шақ қалдым. 
− Қанатай, қорықпа, бҧл мен ғой,- деді ҧрлана шыққан дауыс, Зибаш 
екен. 
− Жоқ, қорыққан жоқпын,- дедім мен ӛзімше сыр білдірмегенсіп. Ӛзім 
іштей таң қап тҧрмын, әлгінде ғой: «Ата-енем келгенімше жатпай кҥтіп 
отырады»,- деп, асығып кеткен сияқты еді, енді біздің сабанның тҥбінде 
мына тҧрысы не? Әлде қайтуға қорқып тҧр ма екен? 
− Қанатай, ақылың бар ғой, айналайын, анау қыздарға байқатпай 
Қыдырманға ақырын ғана ымдап, бір кісі шақырып тҧр деші,- деді сол ҧрлана 
сыбырлаған ҥнмен. 
− Мақҧл. 
Сабанды қҧшақтап ҥйге кірдім де Қыдырманға қарап «Әй, тойтық» деп 
қала жаздап барып: 
− Сені есік алдында бір кісі шақырып тҧр,- дедім еш ымдап жатпай-ақ 
бірден дҥңк еткізіп. 
− О кім? — деді Қыдырман таңырқап. 
− Шықсаң кӛресің ғой. 
Нәзира әпкем де, Ҥміт те қосарлана: 
− Бар, бар! Шаруасы бар кісі шығар,- десті. 
− Ой, о кім болды екен? — деп, Қыдырман тойтық тойтаңдай басып 
сыртқа шығып кеткен. Ҥш қыз бір-біріне қарап сықылықтаса кеп кҥлді. 
Қыдырман тойтық сол кеткеннен қайтып оралған жоқ. Мен от жаққам, 
ошақ ҥстінде жылы тҧрған шәугім сәлден кейін-ақ қайнай бастады. Қыздар 
тары да шай ішті. 
− Енді жатпай-ақ қояйық,- деді Нәзира әпкем Гҥлсараға.- Жол бойы әлі 
ҧйықтармыз. 
− Менің жатқанмен де бәрібір ҧйқым келмейді,- деді Гҥлсара 
мҧңайып.- Сен ғой, әжеңмен, інілеріңмен, қҧрбы-қҧрдастарыңмен, 
ауылыңмен қоштасып аттанып бара жатырсың, ал мен болсам әке-шешемнің 


284 
қандай халде екенін де біле алмай кетіп барам. Ойласам-ақ жҥрегім сыздап 
сала береді. 
− Жә, ойлағанмен тҥк шықпайды. Бәлкім, солардың жылап-сықтап 
қалғандарын кӛргеннен де кӛрмей аттанғаның Да дҧрыс шығар,- деді әпкем 
оны жҧбата сӛйлеп.- Мен, міне, кӛңілім айран-асыр боп аттанғалы отырмын. 
Мен кеткен соң мыналардың кҥні не болады. Мына Қанатқа қарап 
қалғандары ғой. 
Осыны айтып кӛзіне жас алды, апама ҧқсаған ақ сҧр ӛңі дір-дір етіп, 
енді сәл болса еңіреп жылап жіберуге шақ отыр. Әжем мен кішкене балалар 
жаққа жалтақтап қарап қояды. 
− Елге аман-сау қайтып ораламыз ба, жоқ па? Қайтсақ қашан қайтамыз, 
кім біледі?! 
− Сендер азат етілген қалаларға бара жатырсыңдар ғой,- деген Ҥміт. 
− Азат етілгенмен, соғыс болып ӛткен жердің тірлігі қайбір жетіскен 
тірлік дейсің,- деді Гҥлсара кӛңіліндегі кҥдігі ішіне сыймағандай.- Жарылмай 
қалған миналар, бомбалар кӛп болады екен, кӛмусіз қалған ӛліктерден 
тазартуымыз керек екен. 
− Жоқ пәлені айтпай қойыңдаршы,- Деген Ҥміт кӛзі шарасынан шыға 
ҥрейленіп. 
− Рас, бізге ескертіп айтты… 
Осы тҧста Нәзира әпкемнің кӛзі бағанадан ӛздерінің әңгімелерін 
сырттай ҥнсіз тыңдап отырған маған тҥсіп кетті де: 
− Жә, сен де адамның зәресін ҧшыратын не болса соны айтпай, жӛні 
тҥзу әңгіме айтсаңшы,- деп, ымдай сӛйлеп, Гҥлсараны тыйып тастады.- Әдейі 
мына Ҥмітті қорқыту ҥшін айтып отырсың-ау, ә,- деді сӛзінің соңын әзілге 
сая жуып-шайып. Сәл абдырап қалған Гҥлсара әуелі әпкеме, одан маған 
қарады да, лезде ӛңіне кҥлкі ҥйіріп: 
− Иә-да,- деді әзілдей сӛйлеп.- Әйтпесе Ҥміт бізбен бірге кетем деп 
отыр емес пе. 
Осылайша ҥш қыз бір ауық кӛздеріне жас алып мҧңайып, бір ауық 
әзілдесе кҥліп ҧзақ таңды кӛздерімен атырды. Ӛзіміздің ҥйдің, кӛрші-
кӛлемдердің әтештері әуелі таңның атқанын хабарлап, бірін-бірі ҧйқыдан 
оятқандай кезектесе әдеппен шақыра бастады да, біраздан кейін 


285 
ҧйқыларынан әбден оянып, тамақтарын қырына кенеп, нәшіне келтіріп 
алғандай болған соң,- ал енді қайсымыздың дауысымыз ащырақ шығар екен 
деп, жарысқандай азан-қазан боп шуылдасып кетті. Осы кезде кешегі уәдесі 
бойынша МТС-қа ерте жҥріп, әпкемдерді сағат тоғыздан қалдырмай жеткізіп 
салмақ болған почташы Мақым шал да шанасымен есік алдына кеп тоқтаған. 
Әпкем, Гҥлсара екеуі тез киіне бастады. Әжем де оянып, дастарқан жайып,- 
оң сапар тілеп, бата жасады. Әпкемді маңдайынан сҥйе тҧрып қоштасты, 
кӛзіне жас алғаны болмаса, дауыс шығарып жылаған жоқ. 
− Маңдайыңа бір жазғаны бар шығар, жыламайын,- деді. 
Әжем жыламаған соң, басқаларымыз да кӛздеріміз жасаурап тҧрып 
қоштастық. 
* * * 
Жексенбі кҥні ертеңгісін бір топ бала: Санат, Петька, Отто, Әбілтай 
және де, ортамызда бізден сәл ересектеу Фрицы бар, ескі клубтың іргесіне 
жиналып ап, садақ жасауға кіріскенбіз. Бҧл биыл қыстағы біраздан бері 
қызыға ойнайтын ойынымыз боп жҥр. Қайыңнан, ырғайдан, талдан садақ 
иеміз, оған қамыстан жебе дайындап, ҧшына қаңылтырдан жасалған ҥшкір оқ 
кигіземіз. Садақты кере тартып атқан кезіңде, ауылдың бір шетінен екінші 
шетіне дейін жетеді және тиген затын тесіп кетеді. Клубтың қалың тақтай 
есігін атқан кезіңде, кірш етіп қадала тҥседі. Міне, осы садағымызбен 
сауысқан, қарға-қҧзғын атамыз. Ӛйткені биыл қыс қарға-қҧзғын, сауысқан 
дегендер мҥлде кӛбейіп кетті, жыртылып айырылады. Ауыл тӛңірегіндегі 
арам ӛлген, қасқыр тартқан малдардың ӛлекселерін жайлаған қарға-
қҧзғындар ертеден кешке дейін дар-дар етісіп есіріктеніп азан-қазан 
шуылдасады да жатады, ал онсыз да ыңыршақтары шығып титықтап жҥрген 
ӛгіздер мен жауыр аттардың қыр арқаларына қонақтап ап, жануарлардың 
жараларының қанын сорғалата шоқып, ес таптырмай шықылықтайтын 
сауысқандар мҥлде басынып алған, шақ-шақ етіп шақылдағандары Байдалы 
шалдан бір кем емес. 
Садаққа июге ағашты әркім ӛзі табады, ал жебеге колхоздың мал 
қорасының тӛбесін жапқан қамыстан ҧрлаймыз, қаңылтырды Фрицы тауып 
әкеледі және оны ӛзі әдемілеп ҥшкілдеп қиып, ҧшын ҥп-ҥшкір біздей етіп оқ 
соғады. Қолы майысып шебер-ақ. Жасап берген әр оғы ҥшін Фрицыға бір 
қҧрт немесе басқадай тамақ тӛлейміз. Мәселен, біз: Санат, Әбілтай ҥшеуміз 
ҥйімізден ҧрлап-жырлап қҧрт-ірімшік әкеп отырмыз да, Петька отқа кӛміп 
пісірілген картоп әкеп отыр, ал Оттоның сыртын отқа қақтаған жарты 
жҥгерісі бар. Осының бәрін дорбасына салып алған Фрицы жан-тәнін салып 
бізге оқ соғып отыр. Әрқайсымыз екіден-ҥштен оқ соққызып мәз-мейрамбыз. 


286 
− Пірсіп-оу! Әй, Пірсіп, жер жҧтқыр, қайда жоғалып кеттің?! — деген 
дауыстан Фрицыдан бастап бәріміз де селк-селк ете қалдық. Бҧл — Байдалы 
шалдың кемпірі Ҥпияның даусы. 
− Ойбай, мені іздеп» жатыр,- деді Фрицы жасап отырған оғын тездете 
тықылдатып. 
− Әй, Пірсіп! Тілеуің қҧрғыр, қайда жҥрсің?! 
− Апа, мен мҧндамын. 
− О, желкең ҥзілгір, анау малдарды суғар. 
− Қазір, апа, қазір. 
Фрицы соңғы жасаған оғын Әбілтайдың жебесіне кигізіп берді де, 
қаңылтырың орап, кетуге жиналды. 
− Қалғанын қазір малдарды суғарып келген соң жасаймын,- деді. 
Фрицы — жетім бала. Шешесі ӛткен кҥзде пішенде жылан шағып ӛлді. 
Содан бері Фрицы әркімнің есігінде кҥн кӛреді. Соңғы кездері Байдалы 
шалдың ҥйінің малын қарап, сол ҥйге қол бала боп жҥр. Қолы қалт етсе 
біздерге кеп бір жағы ойнайды, бір жағы бірдеңе-бірдеңе жасап, тамағын 
асырайды. Ӛзі бізден бірер жас ҥлкен, ҧзын бойлы, ӛңі боп-боз, имиген арық, 
тарамыстанып алып қолынан келмейтіні жоқ. 
Әрқайсымызда екіден-ҥштен оқ және әр оғымыздың батырлар 
жырындағыдай аты бар: Сҧржебе, Кӛкжебе, Сойқанжебе, Қатержебе… деп 
тҥрлеп-тҥрлеп атаймыз. Сауысқан, қарға атпас бҧрын әуелі нысана кӛздеп 
жаттығып алмақ болып клубтың есігіне қарай кҥйемен Гитлердің суретін 
салып, соны кӛздеп атып ойнауға кіріскенбіз. Клубтың арт жағынан тор 
жорғасымен ентелетіп Байдалы шал шыға келгенде, апыр-топыр қаша 
жӛнелдік. О да атын тебініп қап: 
− Ӛ, иттің кҥшіктері, не істеп жҥрсіңдер?! — деп ақыра ҧмтылған. 
Қуып жетіп әрқайсымызды қамшымен бір-бір салып ӛтетін шығар деп 
ойлағанбыз, жо, олай болмады. Ҧзаңқырап барып кейін бҧрылсақ, Байдалы 
шал атының басын тартып, еңкейе тҥсіп клубтың есігіндегі әлгінде біз салған 
Гитлердің суретіне қарап тҧр екен. 
− Әй, кҥшіктер, мыналарың кім? — деді қамшысының сабымен суретті 
нҧсқап. 


287 
− Гитлер,- дедік біз бір ауыздан. 
− Ә. Соны атып жҥрсіңдер ме? 
− Иә. 
− Онда оларың дҧрыс екен. Ал ӛздерің неге қашасыңдар? Шынында да, 
неге қаштық? Бҧрын балалар Байдалы шалдың соңынан қалмай аталап оған 
бірдеңе деп сӛйлесіп қалуға қҧштар ек, басқа ҥлкендерге қарағанда оны бір 
тҥрлі жақын тартып ҥйірсектеп, еркелегіміз кеп тҧратынбыз. Ӛзі де бізбен 
әзілдеп қоятын: «Әй, осы кҥнгінің балаларын қойшы»,- деп, ернін 
шҥйіргеннің ӛзінде бізде кемсітіп жерлеуден гӛрі, қайта намысымызға тиіп 
қайрап тҧрғандай кӛрінетін. Байдалы шал бригадир болғаннан бері, сол ӛзара 
ҥйірсектік біртіндеп суып, қайта керісінше арамыз алшақтап кеткен. Бҥгінде 
балалар Байдалы шалды кӛрсек ӛзімізден-ӛзіміз қаша жӛнелеміз, ал ол ӛзі 
бізді кӛрген жерде атын тебініп қап, қамшысын ҥйіріп ақырып қуып береді. 
Біздің жазығымыз не, неліктен қашамыз, ал ол бізді не ҥшін қуады? Оны біз 
де білмейміз, Байдалы шалдың ӛзі де білмейтін болар. Әйтеу, біз қаша 
жӛнелеміз, ол қуып береді. Қазір де ол клубтың арт жағынан оқыстан шыға 
келгенде, біз топырлап қаша жӛнелдік, ал ол ақыра ҧмтылып, қамшысын 
ҥйіріп қумақ болды. Енді, міне, біздің неліктен қаша жӛнелгенімізге ол 
тҥсінбей тҧр да, одан неліктен қашқанымызды білмей біз тҧрмыз. 
− Бері, жақын келіңдер,- деді ол саябыр ҥнмен.- Неге қорқасыңдар? 
Тимеймін. Бері келіңдер. 
Біз ӛзімізді кӛтеретін, бірақ ат омбылап жҥре алмайтын қатқақ қардың 
ҥстіне шығып алғанбыз, енді оған қуса да ҧстатпайтынымызды білеміз. 
Сондықтан тайсақтамай оның әр қимылын қалт жіберместен қадағалап қарап 
тҧрмыз. 
− Әй, қорықпаңдар дедім ғой. Кәне, қайсысың хатты жақсы оқисың? 
Мен бір қағаз оқытып алайын деп едім,- деді ақыры ӛзінің бізге ісі тҥсіп 
тҧрғанын білдіріп. Біз, балалар, ішіміздегі хатты ең жақсы оқитынымыз деп 
атын атамасақ та Санатқа қарағанбыз. Ол әлгінде қаша жӛнелгенімізде, жерге 
тҥсіп қалған бір оғының торы жорғаның тағалы тҧяғының астында быт-шыт 
боп сынғанын кӛріп, тҥршігіп тҧрған. 
− Мен ҥйге қайтам, мал суғаруым керек,- деді кҥңкілдеп. 
− Әне, біздің ҥйдегі апаларың бауырсақ пісіріп жатыр, қағаз оқып 
бергеніңе бір қалта бауырсақ бергізем,- деді Байдалы шал ҥй жағын нҧсқап. 
Мҧржасынан тҥтіні будақтап тҧр екен. Біздің мҧрнымызға майға піскен 


288 
ыстық бауырсақтың иісі жеткендей болды. 
− Ата, мен оқиыншы,- деді Әбілтай жҧлып алғандай жҧлқына тілек 
білдіріп. Байдалы шал оның сӛзін естімегендей Санатқа қарайлаған. 
− Жоқ, мен ҥйге қайтам, мал суғаруым керек,- деді Санат кейін қарай 
бҧрылып. 
− Жҥр онда, сен оқып бер,- деді Байдалы шал енді амалсыз Әбілтайға 
қарап.- Бауырсаққа бір тоясың. 
Қуаныш кеткен Әбілтай Байдалы шалдың соңынан ілесе тҥсіп барып, 
қалған ҥшеумізге жалт бҧрылды да, тастап кете алмай: 
− Ата, мына балалар да жҥрсінші,- деді ӛтініп. 
− Мейілдері, жҥрсе жҥрсін. 
Байдалы шал торы жорғасымен алға тҥсіп, біз тӛрт бала 
садақтарымызды мойнымызға асынып, оның соңынан ілесіп шалдың ҥйіне 
қарай жҥрдік. 
− Бауырсақ бермек тҥгілі, ӛзімізді сабап-сабап жібермесе неғылсын,- 
деді Отто сыбырлап. 
− Сабап жынды ма, біздің еш жазығымыз жоқ қой,- деді Петька. 
− Сабамайтын шығар, солай ма, Қанат? — дейді Әбілтай да 
қорқақтаңқырап. 
− Кім білсін,- деймін мен иығымды қиқаң еткізіп. Шынында да, кім 
білсін, соңғы кезде Байдалы шалдың мінезін адам тҥсінетіндей болып жҥр 
ме. 
Есігінің алдына жетіп Байдалы шал атынан тҥскен кезде, отын бҧтап 
жҥрген біз танымайтын бір бейтаныс адам: 
− Ассаламағалейкӛм-ӛм, Байаға! — деп қарсы алған. 
− Әликісалам. Әй, Тҧржанбысың?! 
− Иә. 


289 
− Қайдан жҥрсің? 
− Ауылдан. Сіздерді сағынып кеттім де, амандықтарыңызды біліп 
қайтайын деп келдім. 
− Е, жӛн екен оның, қонақ боп кеп, отын бҧтап жҥргенің қалай енді?! 
− Ой, Байаға, сіздің ҥйдің отынын бҧтамағанда кімнің отынын 
бҧтаймын. Ӛзімсініп жҥргенім ғой, а-а-а…- деп мәз бола кҥлді Тҧржан. 
Бҧл — кішірек кӛзі жылт-жылт еткен, адамға тура қараған кезде қос 
танауы таңқиып тҧратын, ҧртының ҥстінен жалбырап тҧрған сҧйық шалғы 
мҧрты бар, ҧзын бойлы, қайыстай қатқан қара кісі еді. Алдыңғы тістері жоқ 
екен, сӛйлеген, кҥлген кездерінде кішкентай бет әлпетінің қақ жарымын алып 
тҧрған дҥрдік ерінді жайын аузы ҧрадай боп ҥңірейіп, кӛмейіне дейін қара 
қошқылданып тҥгел кӛрінеді. 
− Иә, ҥй ішің аман ба? Келіннің халі жақсы ма? — деген Байдалы шал 
амандық сҧрай тҧрып. 
− Аман ғой, оларды ит жей ме, а-а-а-а…- деп Тҧржан ҧрадай аузын 
ашып тағы кҥлді. Жағыну ҥшін болу керек, сӛзінің соңын: «а-а-а…» деп 
дарақы кҥлкімен аяқтайды екен. Әйтеу, қалай болған кҥнде де бір суқансыз 
адам екені бірден кӛрініп тҧрды. 
− Осы сенің балаңның аты кім еді? 
− Сапыбек қой. 
− Иә, ол қазір қай класта? 
− Соғыс басталар жылы ҥшіншіні бітірген, онан кейін оқымай қойды, 
кҥшік. Жалғыз ҧл болған соң тым ерке. 
− Хат тануы қалай ӛзінің? 
− Былай таниды ғой енді. Оқи алады. 
− Хат тануы дҧрыс болса, соны менің қолыма берші, ӛзім тәрбиелейін. 
Әйтпесе осында әр боқмҧрынға жалынып ит болдым,- деді біздерге қарап 
қойып. 


290 
− Байаға-ау, сіз тәрбиелесеңіз, одан артық оның қҧдайдан не тілегені 
болсын. 
− Жҥр, ҥйге кір, оны сӛйлесе жатармыз,- деген Байдалы шал енді 
Әбілтайға бҧрылды да: 
− Сен жҥр, ал мыналар осы арада кҥте тҧрсын,- деді де жаңағы Тҧржан 
ҥшеуі ҥйге кіріп кетті, біз Петька, Отто ҥшеуміз ҥй іргесінде қала бердік. 
Бригадир болғаннан бері Байдалы шалдың ҥйі біздің ауылдағы қыдыр 
қонған ҥй боп саналады. Қҧт-береке, молшылық бҥкіл ауылда тек осы ҥйде 
ғана бар, іші де, сырты да майлы. Қасынан ӛтсең, ығына тҧрып ап тамақтың 
тәтті иісін иіскеп, кеткің келмей кӛзіңді сатып еріксіз телміре қарайсың. 
Есігінің алдында тау-тау боп ҥйілген ағаш отын (шешендер Махмҧд пен 
Зокку осы тӛңіректегі ең қу ағаш отынды тек осы ҥйге әкеп тҥсіреді), 
атқарушы Ысқақ шал мен Фрицы екеуі кезек-кезек сол отынды шетінен 
бҧтаумен болады, бҧталған отын кҥндіз-тҥн жағылады да жатады. Қазан-
ошақ дегендер бір босамайтын сияқты, ылғи ет асылып, бауырсақ пісіріліп, 
шай қойылып, ертеден қара кешке дейін дастарқан бір жиналмайтын тәрізді. 
Таңның атуынан кҥннің батуына дейін бар тіршіліктері осы ҥйге ғана 
байланып қалған ҥш-тӛрт қатын бірі су әкеліп, бірі от жағып, бірі тамақ 
пісіріп, салп-сҧлп әбігерге тҥсіп еш тыным таппайды. Бастықтың ҥйінің 
суымен кіріп, кҥлімен шыққандары ҥшін бақытты. Бҧлардан ӛзге бҥгінде 
Байдалы шалдың ҥйіне бҧрынғыдай баса-кӛктеп ешкім кіре де алмайды. Тек 
сырттай қызығып, сырттай тамсанып, сырттай телміріп қана ӛтеді тҧсынан. 
Біз де, міне, ҥй іргесіне кеп, майға піскен бауырсақтың аңқыған тәтті 
иісі есімізден тандыра жаздап манаурап тҧрмыз. Танауларымызды қос-қостап 
тарта тҥсіп, сілекейімізді жҧтынып қойып, бір-бірімізге кҥлімсірей қараймыз. 
− Бауырсақ пісіріп жатыр. 
− Қандай тәтті иіс, ә?! 
Сәскеге қарай әжептәуір кӛтерілген кҥн жал-жал қардың арасынан 
тӛбелері қарайған, әрқайсысының тӛңірегінде қыбыр-қыбыр тіршіліктері бар 
жадау-жҥдеу ҥйлерге немкетті салқын ғана қарап, бар ықыласын іргесінде біз 
тҧрған Байдалы шалдың ҥйіне арнаған сияқты. Анау ҥйлерден 
жоқшылықтың, жетім-жесірліктің қаралы ызғары азынаса, ал мына ҥйде 
жайма-шуақ тәтті қуаныштың лебі еседі. 
Әлгіндегі мал суғаруға кеткен Фрицы да келе жатыр екен, біздерді 
кӛріп анадайдан даурыға: 


291 
− Анау тҧманың арғы жағындағы кішкене сайда арам ӛлген ӛгіздердің 
ӛлекселеріне ҥймелеген қарғалар қҧж-қҧж етеді,- деді ентіге сӛйлеп, онан 
қасымызға таяп келген, неге елікпейсіңдер, ҧқпай тҧрсыңдар ма дегендей 
әрқайсымызға бір қараған,- Қалың қарғалар, атуға бармайсыңдар ма? 
Біз: «Тс-с, тыныштығымызды бҧзба» дегендей, оған ҥнсіз кӛз тастап, 
тым-тырыстана қалғанбыз. Шіркін, осындай да тәтті иіс болады екен-ау! 
− Әй, Пірсіп, о, жайрағыр, анау малдарға шӛп салмайсың ба!? — деп 
сҧңқылдаған Ҥпияның даусы дәл қҧлағымыздың тҥбінен естілді. Сӛйткенше 
болған жоқ, Ҥпия ҥйдің біз тҧрған іргесіне қарай шыға келген, басында аппақ 
қардай кимешек, екі жағы мен маңдайына әдемілеп кәнуә тіккен, ҥстінде 
ӛңіріне неше тҥрлі тана тҥймелер, кҥміс тиындар таққан кӛк пҥліш қамзол, 
сары атлас кӛйлегінің етегі жер сызады. 
− Әй, сендер неғып тҧрсыңдар бҧ жерде?! — деді дәл ҧрлығымыздың 
ҥстінен тҥскендей. Біз сасып қалдық. 
− Біз жай… Әбілтайды кҥтіп тҧрмыз. 
− Немене, оны қасқыр жейді деп пе едіңдер?! О несі-ей, ҥйдің іргесіне 
кеп топырлағандары, аулақ, анау кӛшеде тҧрып кҥтіңдер — деп, зіркілдеп 
ҧрсып қуып тастады. Біз, амал жоқ, ҥй іргесінен аулақтап, кӛшенің ортасына 
шығып тҧрдық. 
− Айтып ем ғой, бауырсақ бермейді,- деді Отто. 
− Бермесе қойсын, бауырсақ жемесек те ӛлмеспіз. Тек Әбілтайдың 
шыққанын кҥтейік,-деді Петька. 
Осылайша бауырсақ жеуден кҥдер ҥзіп тҧрғанымызда, бҥкіл ауылды 
жаңғырықтыра: «Қанат! Қанат!» — деп, аттандай айқайлап шақырған дауыс 
мені селк еткізді. Дауыс шыққан ойға қарай жалт қарағам, мал қора жақтан 
Қыдырман тойтықтың інісі Нәдірман келе жатыр. Бҥкіл ауылды басына 
кӛтере айқайлайды. Ӛзі менімен жасты болса да алды-артына қарамайтын 
әңгҥдік мінезді болатын. Қазір де жау шапқандай аттандап келеді. Анадайдан 
мені кӛре сап: 
− Әй, Қанат, қайда жҥрсің? Кел бері! — деді бҧйырған ҥнмен. Ӛзі 
кӛшенің ортасына тоқтап, мен қасына барғанымша кҥтіп тҧрды.- Әй, сені 
Қыдырман кӛкем мал қораға тез жетсін деді. Қоғалы бҧлақ жаққа шӛпке 
барады екен, соған бірге ала кетем дейді. 


292 
Әнеугҥнгі Нәзира әпкемнің Қыдырман мен Зибашқа Қоғалы бҧлақ 
жаққа барсаңдар, біздің шӛбімізді жеткізіп бергейсіңдер деген тілегі есіме 
тҥсіп, мен дереу мал қора жаққа қарай жҥгірдім. 
− Әй, Қанат! — деді Нәдірман мені тоқтатып.- Алдыңдағы садағыңды 
маған қалдырып кет. 
Нәдірманның ожар мінезін білетін мен екі ҧшты ойда тҧрғам. 
− Ӛй, садағыңды жей қоймаймын, шӛптен келген соң аласың ғой,- деп 
кеп, мойнымнан жҧлып алғандай болды.- Оқтарыңды да қалдыр. 
− Байқа, оқтарымның ҧшы ӛткір, біреуді атып ап жҥрме. 
− Егер жыныма тиетіндер болса ата салам,- деді Нәдірман екіленіп. 
− Қой, садақпен кісі атуға болмайды. 
− Жай айтам… Қалжыңым ғой,- деп мәз бола кҥлді ол. 
* * * 
Сӛйтіп, Қоғалы бҧлаққа шӛпке бара жатқан Қыдырман мен Зибаш 
Нәзира әпкеме берген уәделерінде тҧрып мені ӛздерімен бірге ала жҥрген. 
Әлі таптаурын бола қоймаған жол ауыр екен, жазда екі-ҥш сағатта барып 
қайтатын жерге тҥске қарай малтығып әзер жеттік. Зибашты шанасымен 
осында біраз кҥн бҧрын Махмҧд пен Манар бҧзған бергі шеттегі маяның 
тҥбіне қалдырып, Қыдырман екеуміз бҧлақтың жарлауыт қабағын жағалап, 
тҧғылға тҥсе берістегі біздің шӛпке қарай жол аштық. Жазда Нәзира әпкем 
екеуміз жинағанымызда, кішігірім маядай кӛрінген шошағымызды қалың қар 
тӛбесіне дейін сіреп бҥркеп тастапты, айдалада адасып отырып қалған жетім 
баладай кӛзге әзер шалынады Әпкем екеуміз кҥнделікті таңғы алагеуімнен 
тҧрып, бірер сағат тан қол шалғымен бір ай бойы шауып едік. Бҧлақтың 
тӛңірегіндегі жырым-жырым боп тарамданған қҧлама жыраларға ӛскен 
қалын шалғын таңға жуық шыққа бӛгіп жататын, жапырақтар мен гҥлдердің 
бҥршіктеріне қонақтаған мӛп-мӛлдір моншақ тамшылар тиіп кетсең сау-сау 
ететін, сондайда жылы тӛсектен жаңа ғана тҧрған ӛне бойыңды балғын леп 
тітірентіп, дірілдетіп жіберуші еді. Шалғыны біраз қҧлаштай тартып, бойың 
жылына бастаған кезде, балғын шалғыннан қышқылтым қошқыл иіс 
бҧрқырай бастайтын, бҥкіл тынысың, кӛкірегің содан жарылып кетердей 
болатын. Қазір Қыдырман әуелі шошақтың тӛбесіндегі қарды кҥрекпен 
опыра ойып аударып тастап, онан кейін алты айырлы ашасын бойлата сҧғып, 
судыраған қҧрғақ шӛпті аудара кӛтерген кезде, жаздан бері тҧншығып бҧғып 
жатқан кӛк шалғынның қҧп-қҧрғақ ашулы иісі кеңсірігімізді жарып 


293 
жіберердей бҧрқырай жӛнелді. «Апшхи!.. Апшхи!.. паһ, паһ, шіркін!..» 
Мойындары салбырап сҥмірейіп тҧрған ӛгіздер де шыдай алмай, 
мойынтҧрықтарынан бҧлқына тартынып шӛпке қарай тҧмсықтарын ӛзеурей 
созған. 
− Жә, жә, Қанаттың азғантай шӛбіне кӛз алартпаңдар-ей — деп қойды 
қозғалақтаған шананың ҥстінде кӛтерген шӛбімен қҧлап қала жаздаған 
Қыдырман. 
Аяғының тойтықтығына қарамастан Қыдырман ӛте қайратты екен, әне-
міне дегенше шошақты ойсыратып жіберді. Шамамның келгенінше мен де 
екінші бҥйірден тиеуге кіріскем. Жаздағы ӛзім орып, ӛзім жиған шӛптің әр 
талшығы таныс сияқты, қайсысын қай жырадан орғаныма дейін білетін 
сияқтымын. Сондықтан шашау шығарғым келмейді, ал Қыдырман болса 
алды-артына қарамай опырта істегендіктен, қаншама шӛпті жерге тҥсіріп 
шашып, ысырап қып тҧрған сияқты, секіріп жерге тҥсіп, сол шашылған 
шӛптерді жинаймын. Шошақтың жартысына жуығы тиелген соң, Қыдырман: 
− Бір жолға осы да жетеді,- деді жарты шанадан аздау шӛпті ҥстінен 
жаймалай тҧрып.-Ендігісін тағы бір келгенімде жеткізіп берем. Әйтпесе әлгі 
Байдалы қақпас кӛріп қалса, колхоздың малы ашығып жатқанда, жеке 
меншіктің шӛбін тартып жҥрсің деп пәле қылады. 
Онысы да рас, басқаны білмесек те Байдалыны білеміз ғой. 
− Мақҧл. 
Мҧнан соң әлгінде Зибашты шанасымен қалдырып кеткен маяға 
қайтып келдік. Қыдырманның біз қайтып оралғанша дем ала тҧр дегеніне 
қарамастан, Зибаш ӛз шанасына әжептәуір шӛп тиеп қойыпты. 
− Тҥу, жаңа айтып ем ғой дем алсаңшы деп,- деген Қыдырман оған 
ҧрса сӛйлеп. 
− Қойшы, босқадан босқа қалай отырмақпын,- деді Зибаш кҥліп. 
Қыдырман енді маяның ҥстіне шығып, жердегі шаналарға жоғарыдан 
жойқын кҥшпен шӛптен қопара аударып тиеуге кірісті. Біз Зибаш екеуміз екі 
шананың ҥстінде тҧрып, ол аударып тастаған шӛпті жаймалап ҥлгере алар 
емеспіз. 
− Шамаларың жетпесе онша қиналмаңдар. Артынан мен ӛзім 
жаймалаймын ғой,- деп қояды Қыдырман. Онан Зибашқа арнайы: — Сен 


294 
онша. зорланбасаңшы, дем алсаңшы,-дейді. 
− Зорланып тҧрған жоқпын,- дейді Зибаш ерке ҥнмен.- Қҧрғақ шӛп 
жеңіл ғой. 
Біраз қимылдап тершігендікі болу керек, Зибаш ӛрттей боп қызарып 
тіпті әдемі боп кетті, кҥлкі ойнаған кӛзі жалт-жҧлт етіп, сӛйлеген, езу тартқан 
кездерде аппақ тістері жарқырай кӛрінеді. 
Бір кезде Зибаш шӛп тҥсіп кеткен болу керек, кӛзін уқалап тҧрып 
қалған. 
− Не болды? — деді маяның ҥстіндегі Қыдырман тойтық елең етіп. 
− Кӛзіме… 
Ойпыр-ай, ертегі-аңыздардағы «Жолбарыстай атылып» деген осындай-
ақ болар, сонау маяның ҥстінде тҧрған Қыдырман қас-қағым сәтте бір-ақ 
орғып, Зибаштың алдына кеп дік ете тҥсті ғой, тіпті аяғының тойтық екенін 
ҧмытып кеткен. 
− Тҧра тҧр!.. Қолыңды тигізбе…- деп есі кете епелектей тҧрып, 
Зибаштың кӛзіне тҥскен шӛпті тілімен жалап шығарды. 
− Тҥу, кӛзің қызарып кетті ғой. Міне, кӛзіңе тҥскен мынау қылтанақ,- 
деді тілінің ҧшымен алған шӛпті кӛрсетіп. 
− Тікенше қадалып еді, тікен бе ӛзі, немене? 
− Тікен сияқты… Әлі ауырып тҧр ма? 
− Қойды,- деді Зибаш қызара жасаураған кӛзін жыпылықтата тҧрып. 
Онан соң Қыдырманға еркелегендей кҥле қарады: — Осының бәрін қайдан 
білесің? 
− Нені? 
− Кӛзге тҥскен шӛпті тіліңмен жалап шығарғанды. 
− Е, білем ғой,- деп Қыдырман да кҥліп, теріс айналып кетті. 
− Қҧдай-ау, осыны да кӛп кӛрер ме екенсің,- деген Зибаш әлі де кӛзінен 
сорғалаған жасын тыя алмай тҧрып. 


295 
Маяға ӛрмелеп бара жатқан Қыдырман кейін қарай жалт бҧрылды. 
− Саған осындай сӛзді айтпашы деп талай ескерттім ғой,- деді. 
− Сенен де айрылып қалам ба деп қорқам. 
− Қорықпа,- деді Қыдырман кӛңілдене сӛйлеп.- Ол жағынан қорықпа. 
Айрылып қалам деп емес, осы тойтықтан қҧтыла алмаймын-ау деп қорық. 
Солай ма, Қанат! — деп маған қарап кӛзін қысып қойды.- Әйел деген осы да. 
Қит етсе кӛз жастары дайын тҧрады. 
Осы сәтте Қыдырман маған кереметтей әдемі, сҧлу жігіт боп кӛрінді, ат 
жақты ақ сҧр ӛңі, кҥлімсірей қараған қысыңқы кӛзі, қалың қабағы, дӛңестене 
біткен ҥлкен мҧрны — нағыз ерге лайық айбынды кескін-келбет екен ғой. 
Ой, аллай, осы уақытқа дейін қалай байқамай жҥргенмін, кейін ӛскенімде 
осындай болсам дейтін жігіт қой мынау. Нәзира әпкемдер мҧны неге 
мазақтайды екен? Оу, мазақтайтын емес, қызығатын, ғашық болатын жігіт 
қой. Сол Нәзира әпкем, сол Нҧрбике, сол Ҥміттер кезінде мазақтап жыртың-
жыртың кҥлгендерінше, мҧның нағыз ер келбетті жігіт екенін аңғарулары 
керек еді ғой. Енді, міне, Зибаш иемденіп алған. Зибаштың қазір оған елжірей 
қарап ғашық боп тҧрғанына мен әбден сенем. Әне, ол маяның ҥстіне 
кӛтерілді, тӛмендегі біздерге кҥлімсірей қарап.ашасын қолына алды да, 
шӛптен қопара кӛтеріп екі шанаға кезек-кезек қҧлаштай лақтыра бастады. 
Шіркін, мен қашан осы Қыдырмандай болар екем. Мейлі, тіпті тойтық болуға 
да бармын, тек тезірек ер жетіп, жігіт боп осы Қыдырмандай болсам! 
Шіркін!.. 
Мҧндай кҥшті бірінші кӛруім, алты айырлы ашасын алты ай қыстан 
тығыздалып басылып, киіздей боп жатқан шӛпке бойлата сҧғып одан ҥй 
орнындай ғып қопара кӛтеріп ап, қайқайта тҧрып шананың ҥстіне гҥрс еткізіп 
тастаған кезде, жер солқылдағандай болады. Зибаш екеуміз жаймаламақ 
тҥгілі, шӛптің астында бастырылып қала жаздаймыз. Сӛйтіп, екі шананы да 
қайқита тиеп болған кезде, дәу маяның да бір жартысы опырылып ортайып 
қалған еді. 
Тҥс ауа ауылға бет бҧрғанбыз. Мен алдыңғы Қыдырманның шанасында 
жалғызбын да, ол ӛзі кейінгі Зибаштың шанасына отырған. Кҥн жылына, 
қары жантақтала бастаған кӛпсік жолда ӛгіздер аяқтарын санап басқандай 
зорға адымдап, жон арқалары, сауырлары бірде созылғандай, бірде 
жиырылғандай мықшия тырмысып, әзер тартып келеді. 
Әлгіндегі шӛп тиеген кездегі терім біртіндеп басылып, бойым тоңази 
бастаған соң, бастырықтың ҥстінен отыруға жайлы болсын деп салынған бос 
шӛпке ҥңги кіріп, шалқалай жатқам. Қысқы аспан бҧлыңғыр. Кірпік қақпай 


296 
ҧзақ қарасаң, кӛзіңді бҧлдыратады. Осы аспанның тӛбесі тиіп тірелетін жері 
бар ма екен? Ал тӛбесі бар болса, оның ар жағында не бар екен?.. Бірнеше 
кҥн толассыз боран соққан кезде, әжем жарықтық: «Аспанның тесігі ашылып 
кеткен бе?» — дейді, демек, аспанның тесігі бар да, оның арғы жағында 
аңырап соғып тҧратын бораны бар; ал жағрапия пәнінен Әнипа 
апайымыздың тҥсіндіруінше, аспан деген — тҥбі жоқ тҧңғиық кеңістік, 
ешбір шегі жоқ,-дейді; ал жеке менің ӛзіме салса, сол «тҥпсіз», «шексіз» 
дегенге онша тҥсіне де алмаймын, сене де қоймаймын, маған со әжемнің 
айтқанының жаны бар сияқты кӛрінеді. Дҥниедегі заттың бәрі кӛзге 
кӛрінетін, қолмен ҧстайтындай болуы керек қой, ал олай болмаған кҥнде 
сенуге болмайды. Боран соғады, тау бар, тас бар, дала бар, қар бар, шана бар, 
шӛп бар, су бар, нан бар… Осы тҧста жҥрегім сазып, іші-баурым бір тҥрлі 
темен тартып жаман боп талықсып кетті. Қарнымның ашқанын қанша еске 
алмайын десем де, ҧры мысықтай ішімді тырналай жӛнелді. Жо, жоқ, 
тамақты ойламау керек. Әне, кең аспанды қарашы! Осыны шексіз дейді, 
тҧңғиық дейді. Сонда ол қалай шексіз болады? Әйтеу бір жерде, тіпті сонау 
кӛзге кӛрінбейтіннің арғы жағындағы шексіздікте де тҥптің тҥбінде бір шек 
болады ғой. Оны жаңағы жағрапия пәні де білмейтін тҧста шығар… Ӛстіп 
ҧйқылы-ояу кҥйде маужырап жатқам, Қыдырманның қарқылдаған кҥлкісінен 
оянып кеткендей болдым. 
− Қойдым… қойдым… айналайын…- дейді кҥлкісін тыя алмай жалына 
сӛйлеп. 
− Жоқ, сен бәрібір қоймайсың,- дейді сыңғырлаған Зибаштың ҥні. 
Басымды кӛтеріп кейін бҧрылсам, Қыдырман шалқалаған кҥйде қол-аяғын 
ербеңдетіп кҥлкіге тҥйіліп бҧлқына тулап жатыр да, Зибаш оның ҥстінен тӛне 
тҥсіп қытықтап отыр екен. Қыдырманның қарқылдағаны бҥкіл даланы 
жаңғырықтырып тҧр, «қойдым… қойдым…» деп ӛлердегі сӛзін айтады, ал 
Зибаш ӛзі де сықылықтай кҥліп, Қыдырманның омырауына қолын тығып 
ӛршелене тҥседі. Ақыры қытықтан қашқан Қыдырман тулай дӛңбекшіп 
барып шанадан домалап тҥскен, жол шетіндегі қалың қарға оңқа-шоңқа 
болды. Сонда да кҥлкісін тыя алар емес, бӛксесіне дейін батқан қалың қардан 
ҥйелеп қалғандай тҧра алмай жатып: «Қоймаймын!… Қоймаймын!..» — деп 
қарқылдай кҥледі, Зибаш шанадан секіре тҥсіп, енді Қыдырманды сол қарға 
батып жатқан жерінен ҥстінен бас салуға ҧмтылған. Қыдырман жан дәрмен 
ҧшып тҧрып қаша жӛнелген, бірақ тойтық аяғымен қайда барсын, Зибаш оны 
қия бастырмастан қуып жетіп, бар салмағымен жігіттің мойнынан асыла 
қҧшақтай алған, екеуі де сол сықылықтаса кҥлген бойлары омбы қарға ҧмар-
жҧмар қҧлады. Лып етіп ҧшып тҧрған Зибаш жігіттің мойны-қойнына қарды 
тықпалап-тықпалап жіберді де, ӛзі қаша жӛнелді. «О-о-о!..» — деген 
Қыдырман қисалаңдай тҧрып еңкейіп, мойнына, қойнына тығылған қарды 
еңкейіп қағып, тыржалаңдай кҥліп біраз тҧрды да, ондайда қатқақ қардың 
ҥстінде бҧған кӛлденеңдей сес кӛрсетіп ойнақшып тҧрған Зибашты қуып 


297 
берген. Міне қызық, жҥгіре алмайды деген тойтық Қыдырманым тҥлкідей 
бҧлаңдаған келіншекті аттатпастан лезде қуып жетіп, бас салды да (сірә, 
Зибаштың ӛзі де соны тілеп тҧрды-ау деймін), кҥректей алақанымен жерден 
қарды кӛсіп іліп ап, келіншектің мойнына салған, Зибаш: «И-и-и!..» — деп 
шыңғыра секірген, екеуі қар ҥстіне қайта қҧлады. Қыдырманның қарқ-қарқ 
кҥлкісі, Зибаштың еркелей шыңғырғаны, одан сықылықтап кҥлгені бҧл 
дҥниеде торығу барын, мҧңаю барын мҥлде ҧмыттырғандай. Дӛңес-дӛңес боп 
мелшиіп жатқан қысқы дала да енді сылқ-сылқ кҥліп жатқан сияқты. Бірі 
тҧра қашады, екіншісі тҧра қуады, одан қалың қарға ҧмар-жҧмар қайта 
қҧлайды. Шаршау деген ойларына да келер емес, екі беттері нарттай боп 
қызарып, жҥздері бал-бҧл жайнайды, екеуі де ерекше қҧлпырып, сҧлуланып 
кеткен. 
− Қыдырма-а-ан-н!..- дейді Зибаш қасында жҥрген тойтықтан адасып 
қалғандай шырқырай дауыстап. 
− Зиба-а-аш-ш!..- дейді Қыдырман да даланы басына кӛтере айқайлап. 
− Мен бақытты-ы-мын!.. 
− Мен де бақытты-ы-мын!.. 
Шананың ҥстінде отырып мен кҥлем: ҥп-ҥлкен адамдар да ақымақ боп 
кетеді екен-ау деймін, ал іштей екеуінің осы қылықтарына қызыға қараймын. 
Расында да, жаңағы ӛздері айқайлап айтқандай бақытты болған соң осылай 
шығар. Бір ауық қарнымның ашқанын да ҧмытып кетіппін, тек ауылдың 
қарасы кӛрініп, мҧржаларынан жарыса кӛтерілген кӛк шуда тҥтіндерге кӛзім 
тҥскенде ғана, ертеден бері аш екенімді есіме алдым. Осы кезде Зибаш та: 
− Бәлі, мына Қанатты байқамаппыз да ғой,- деді мені енді ғана 
кӛргендей кӛзі шарасынан шыға. 
− Қанат, сен бізге кҥліп отырған шығарсың,- деді Қыдырман да. 
− Ҧят-ай, ҧят болды ғой,- деді Зибаш қызара тершіген бетін сҥрте 
тҧрып.- Қанатай, айналайын, сен біздің мҧнымызды ешкімге айта кӛрме… 
Бала қҧсап кетіппіз ғой. 
Қыдырман әуелі Зибашты кӛтеріп шанасына отырғызды да, ӛзі кеп 
менің қасыма ӛз шанасына шығып отырды. 
− Қалай, ішің пысқан жоқ па? 


298 
Ӛңі жақыннан тіпті әдемі, елжіреп тҧрған жылы еді. Мен Зибаштың 
мҧны жайдан жай ҧнатпағанын енді ҧққандаймын. 
Мал қораның алдына кеп тоқтағанымызда, Байдалы шал бастаған 
сиыршы-малшы шал-шақпыт бір топ адам қарсы алдымыздан шыққан. 
Орталарында дӛңгелек кӛк бӛрікті, қара пальто киген кҥжірейген бір 
бейтаныс адам бар, ауданнан келгені айтпай-ақ кӛрініп тҧр. 
− Әлтаев кеп қапты ғой,- деді Қыдырман. 
Иә, ортада тҧрған шолақ қол ӛкіл Әлтаев жолдас екен. Бәрі біздің 
жолымызға қарап кҥтіп тҧрған сияқты. 
− Қанат, сен қазір шанадан тҥс те ҥйіңе қайта бер, шӛбіңді мен ӛзім 
артыңнан жеткізіп берем,- деді Қыдырман маған сыбырлай сӛйлеп.- Әйтпесе 
мыналардың кӛзінше әкете алмаймыз. 
− Мақҧл,- дедім Мен жағдайды ол айтпаса да жақсы тҥсініп. 
Байдалы шал топтан озыңқырап шығып: 
− Әй, тойтық, мына тҧрған жерге сонша жоғалып қайда жҥрсің? — 
деген. 
− Тҥлкі қудық,- деді Қыдырман жайбарақат ҥнмен. 
− Не дейді?! 
− Тҥлкі қудық деймін. 
− Жә, бос қалжақты қайтесің,- деді Байдалы шал зекіре сӛйлеп. Онан 
соң малшы, сиыршы шалдарға бҧрылып: — Сендер мына екі шананың шӛбін 
тҥсіруге Қыдырманға кӛмектесіңдер! — деді бҧйырып.- Ал, Зибаш шырағым, 
біз Әлтаев жолдас екеуміз сені кҥтіп тҧрмыз. Сӛйлесетін сӛз бар,- деді 
жҧмсақ ҥнмен. 
Зибаш біз жаққа, Қыдырманға жалтақтап бірер қарады да, енді 
қайтейін, менде ерік бар ма дегендей, шарасыздықпен шанасынан сырғи 
тҥсіп, Байдалы шал мен шолақ қол ӛкілдің алдына барған. Шолақ қол ӛкіл 
оған кҥлімсірей қарап, сау қолын беріп амандасты. 
− Тҥу, қолыңыз тоңып қапты ғой,- деген, Зибаш ҧялшақтап теріс қарап, 
ҥндеген жоқ. 


299 
Біз де шанадан тҥскенбіз. Қабағы жабылып, тҧнжырап кеткен 
Қыдырман шӛп бастырықтың бір басын ызалана кеп шешіп оқыс босатып 
жіберген, шіреп тҧрған бастырық қатты серпіліп барып, Байдалы шалдың 
иығын жанап барып дәл арт жағына ҧшып тҥскен. 
− Ой, тойтық неме, кісі ӛлтірейін деп пе ең, абайламайсың ба?! — деді 
Байдалы шал ақырып. 
− Шананың іргесінде тҧрмай аулақ барып сӛйлеспейсіңдер ме,- деді 
Қыдырман да қиястанып. Онан соң ӛз қылығына ӛзі риза болғандай маған 
қарап кӛзін қысып қойды да, ҥйіңе қайта бер дегендей ымдады. 
Мен ҥйге қайтқам. Қарнымның қатты ашып, әлсірегенімді енді сезіп, 
аттаған адымым кейін кетіп қиқалақтап келе жатқанымда, жолда Петька 
кездесті. Есі-дертім тамақ боп келе жатқан мен оған: 
− Ертеңгісін Әбілтайдың арқасында бауырсаққа бір тойған 
шығарсыңдар,- дегем. 
− Әбілтайдың арқасында дейсің бе?! — деп кҥлді Петька сирек тістерін 
Әбілтайдан кӛк кӛзі кҥлімдеп.- Сабақты дҧрыстап оқи алмайтын сол 
Әбілтайдан не шығушы еді,- деді.- Рас, бауырсақ жедік, бірақ Әбілтайдың 
арқасында емес… 
Мен кеткен соң сәлден кейін, Байдалы шал Әбілтайды желкесінен 
тҥйгіштеп қуып шығыпты ҥйінен. Сӛйтсе Байдалы шалдың оқытпақ болған 
қағазы жаңаша мен ескі латын әріптері араластырып жазылған екен, соны 
Әбілтай оқи алмапты. «Тҥк шықпайтын, адам болмайтын арам тамақ неме»,- 
депті Байдалы шал. Онан соң есігінің алдында отын бҧтап жҥрген атқарушы 
Ысқақ шалға: «Қайтсең де анау Санатты барып алып кел»,- деп бҧйырыпты. 
Содан Ысқақ шал Санаттың атасына барып айтып, Санаттың ӛзіне жалынып 
жҥріп, ақыры атқа алдына мінгізіп әкетті. Ал Санат болса әскерден келген 
хаттарды оқи жҥріп, латын әріптерін де жақсы танып алған емес пе, Байдалы 
шалдың әлгі қағазын мҥдірместен судыратып оқып беріпті. 
− Сӛйтіп, Санаттың арқасында ҥш-ҥштен бауырсақ жедік, тәтті 
болғанда тәтті,- деді Петька ертеңгісінгі жеген бауырсақтың дәмі таңдайында 
әлі де тҧрғандай тамсана тҧрып: «Қап, шӛпке бармағанда мен де жейтін едім-
ау»,- дедім іштей ӛкініп. 
Ҥйге кеп әжеме шӛпті біраздан кейін Қыдырманның ӛзі әкеледі дедім. 
Бірақ Қыдырман шӛпті әкелген жоқ, кешкілік іңір кезінде шайқалақтай басып 
ӛзі келді. Мен мал қоралап сыртта жҥргем. 


300 
− Қалай, Қанатай, шаршамапсың ба? — деген, Мен басымды 
шайқадым. Шӛпке барған жолымыз, оны тиегеніміз, онан қайтардағы Зибаш 
пен Қыдырманның бала қҧсап ойнағандары бәрі есіме тҥсіп, еріксіз кҥлдім. 
− Ӛте кӛңілді барып қайттық қой,- дедім ризалығымды білдіріп.- Ендігі 
барғандарыңда мені тағы да бірге ала жҥрсеңдерші. 
− Әй, енді ӛйтіп бара алмайтын шығармыз,- деді Қыдырман кҥрсініп. 
− Неге? 
− Неге дерің бар ма. Қанатай, әзәзілдер жолымызды бҧзғалы тҧр ғой. 
Әлгіндегі шолақ қол ӛкілдің Зибашқа кҥле қарағаны, сау қолын беріп 
ӛбектеп кеп амандасқаны, Байдалы шалдың әлдеқандай боп паңданып 
Қыдырманға қоңырақтауы тегін болмады ғой. Бір тҥрлі әлденеден секем 
алғандай, жақсы бір нәрсемнен айырылып қалатындай, кӛңілім 
қҧлазыңқырап қалды. 
− Жә, оларды да кӛріп алармыз,- деді Қыдырман мені жҧбатып, 
әлдекімдерге кіжінгендей тіктене сӛйлеп. 
− Олардың дегені бола қоймас. Әжең қайда? 
Онан соң ҥйге кіріп әжемнен кешірім сҧрай тҧрып, ӛкіл мен Байдалы 
қадалып қарап тҧрған соң, шананың астыңғы жағындағы біздің шӛпті де 
амалсыз колхоздың мал қорасының тӛбесіне шығарғанын айтты. 
− Сіздердің шӛпті белгілеп бӛлек жинап қойдым. Бірер кҥнде ретін 
тауып тҥсіріп берем, әже,- деген. 
Бірақ Қыдырман солай деп уәде бергенімен де, біздің сол шӛбіміз 
ақыры ӛзімізге бҧйырмады. 
БАЙДАЛЫ БАСТЫҚ 
Осы жолы шолақ қол ӛкіл ауылда біраз кҥн болып, елді біраз 
дҥрліктірді. Сол келген кҥннің ертеңіне ол Байдалыны ертіп, Нҧғыманның 
ҥйіне кӛңілін сҧрай кіріп шығыпты. Аурудың енді қайтып тӛсектен 
тҧрмасына кӛзі анық жеткен соң, келесі кҥні тҥске қарай жаңа бастық сайлау 


301 
ҥшін кӛпшіліктің жалпы жиналысын шақыртқан. Анда-санда бір ӛтетін 
осындай жиналыстың ӛзін тойдан кем кӛрмейтін біздің ауылда ҥлкендерден 
қалмай балалар да тегіс жиналатынбыз. Бір-бірімізді тҥртпектеп, алысып-
жҧлысып ойнап, клубтың арт жағындағы қара кӛлеңке бҧрыштарда 
топырласа тҧрып, ҥлкендердің аузынан шыққан сӛздерін де, іс-қылықтарын 
да қалт жібермейтінбіз. Жиналысқа кімнің қалай келгені, қандай киім киіп 
келгеніне дейін біздің назарымыздан қақас қалмайтын. Ондайда шетімізден 
мысқылшыл, қалжақ сӛзді қақпақылдай қағар керілдеу боп аламыз. Сол 
әдетпен бҥгінгі жиналысқа келгендерді де ӛзімізше мінеп-шенеп, іліп-шалып 
сӛз етіп тҧрғанбыз. 
− Ойбай-й, әнең қараңдар, Зибаштың бҥгінгі әдеміленіп келгенін,- 
деген балалардың бірі ішегін тартып. 
Шынында да, есіктен басында бӛртпе шәлі бар, ҥстіне қара пҥліш 
пальто киген, шашының маңдайын қақ жарып жылтырата тараған Зибаш 
кіріп келгенде, балалар тегіс ішегімізді тартып, аузымызды ашыппыз да 
қаппыз. Зибаштың дәл осылай ҥлде мен бҥлдеге орануын кӛргеніміз бірінші 
рет еді. Бҧрынғы сҧлулығы сҧлулық па, мына сҧлулығына тіпті тіл 
жетпестей. Ӛзі бҧрала басып, былқ-сылқ ете қапты. 
− Паһ, паһ!.. Уай, шіркін-ай!.. 
− Тура Қыз Жібектің ӛзі ғой! 
− Әжібек ғашық болса болғандай ғой,- деседі балалар тамсана тҧрып 
бір-бірімен сыбырласып. Артынша біреу, сірә, Қайрат болу керек: 
− Әй, ӛзі бҥгін неғып сонша сәндене қалған? — дейді таңырқап. 
− Ой, маубас, соны да білмейсің бе?! — дейді екінші бала, сірә, Бәтен 
болу керек, оны кінәлағандай.- Анау, шолақ қол ӛкіл келген соң, ол 
сәнденбей кім сәнденсін. 
«Біліпсіңдер,- деп қоям мен оларды іштей қыжырта, Зибаштың ендігі 
жерде кім ҥшін сәнденетінін дәл осы арада ӛзімнен жақсы білетін ешкім жоқ 
екенін еске ала тҧрып. Сондықтан Зибаш қақында айтылған әлгіндей бопса 
сӛздерді басқым кеп: 
− Бәрі бос сӛз,- деймін. 
− Иә, саған бос сӛз, бҥкіл ауыл шулап жҥргенде. 


302 
− Мейлі, шулай берсін, бәрібір бос сӛз,- деймін нық сеніммен әр сӛзімді 
шегелеп. Ӛз сӛзіме қолдау іздегендей кӛзіммен Қыдырман тойтықты 
қарастырам, бірақ ол кӛріне қоймайды. «Қайда жҥр ӛзі, мына жҧрттың Зибаш 
туралы қаңқу сӛздерін неге басып тастамайды»,- деп қоям. 
Қыдырман тойтық кешігіңкіреп келді. Ҥстінде сол кешегі шӛпке 
барғандағы киімдері, сірә, мал қора жақтан келген беті болса керек, тҥсі бір 
тҥрлі суық, ашулы кӛрінді. Кимелеп барып кӛпшіліктің орта тҧсына 
сығылыса отырды. 
Жиналыс басталып, бірден сӛз алған шолақ қол ӛкіл әуелі соғыстың 
барысы туралы, біздің әскерлеріміздің қанқҧйлы жауды ес таптырмай ӛз 
жеріне қарай тҥре қуып, қаһармандықпен соғысып жатқанын әңгімелеп ӛтті 
де, онан соң біздің ауылдың жағдайына ауысты. Соңғы кезде Нҧғыманның 
тӛсек тартып мҥлде жатып қалуына байланысты жаңа колхоз бастық сайлау 
қажеттігін айтты және аудан атынан бастықтыққа осы уақытқа дейін 
бригадир боп істеп кӛзге тҥскен, тәжірибесі бар, шаруа жайын жақсы білетін, 
іскер адам деп Байдалыны ҧсынады деді. 
Мҧндай тосын шешімге кӛпшілік бірден не дерлерін білмей әуелі 
тосылып отырып қалған, артынша кейбіреулері кҥңкілдеп Байдалының 
сауатсыздығын айта бастап еді, ондайларды шолақ қол ӛкіл қабақ шытып 
тыйып тастады. 
− Бізге Бәкеңнің сауаты емес, шаруа жайын білетін іскерлігі керек,- 
деді қатқыл ҥнмен қайталай мақтап.- Қағаз жазуға осында есеп-қисапты 
жҥргізуші бала бар ғой,- деп осы тҧста иегімен жиналыстың хатшысы боп 
отырған Бектайды меңзеп ӛтті,- осылар істейді. Қазіргі кезеңде бізге колхоз 
жҧмысын ақсатпай жоспарды орындатып отыратын белсенді адам керек. 
Міне, сондай адам деп біз, аудан Бәкеңді ҧсынып отырмыз. 
Ӛкілдің ӛзі сӛйлеп тҧрған соң кім не десін! Қатын-қалаш, бала-шаға 
Байдалыға қарсы сӛйлеп ӛле алмай жҥр ме, мақҧл десіп, бір ауыздан қол 
кӛтерді. Осылайша Байдалы шалдың колхоз бастық боп сайланғанын, шолақ 
қол ӛкілдің оны әлгіндей деп қайталай мақтағанын ӛз кӛзімізбен кӛріп, ӛз 
қҧлағымызбен естіп, біз, балалар да, кӛпшіліктің арт жағында тым-тырыс 
тҧрдық. Колхозшылардың жалпы жиналысы осылай деп қаулы алды, Бектай 
есепші осының бәрін хаттап қағазға тҥсіріп отырды. Сӛйтіп, әліпті таяқ деп 
білмейтін Байдалы шал колхоз бастық боп шыға келді. 
− Енді Байдалы шал біздің Санатты ӛзіне хатшы етіп алатын шығар,- 
деген Петька қалжыңдай кҥліп. 


303 
− Егер бауырсаққа тойғызып тҧрса, қағаздарын оқып беріп тҧрам ғой,- 
деді Санат та кҥліп. 
− Әй, балалар, шуламаңдар,- деді осы кезде шолақ қол жиналысты әрі 
қарай жалғастырып: — Жолдастар, енді екінші мәселе қаралады. 
Кӛпшілік бастық боп сайланған Байдалының орнына кім бригадир 
болар екен деп елеңдескен. Оны да Әлтаев жолдас ӛзі айтатын шығар деп, 
шолақ қол ӛкілдің аузына қараған. 
− Бригадирді Бәкең ӛзі тағайындасын,- деді ӛкіл бҧл жолғы билікті 
жаңа бастықтың ӛзіне беріп. 
Кӛпшілік арасында кҥбір-сыбыр гулей жӛнелді. Әркім ӛз жорамалын 
айтып, анау болатын шығар, мынау болатын шығар деп, ауылдағы азын-
аулақ еркек кіндіктердің аттарын атасып дуылдасып кетті. Байдалы шал 
орнынан кӛтеріліп, сӛзін неден бастарын білмегендей жӛткірініп, тамағын 
кенеп, кҥбір-сыбыры басыла қоймаған кӛпшілікке бір, одан менің шаруам 
жоқ, кімді атасаң да ӛзің біл дегендей боп, еріндері дҥрдиіп, алдына бедірейе 
қарап, мелшиіп отырған ӛкілге бір қарап жӛткіріне берген. 
− Ал айтыңыз ойыңызды,- деді ӛкіл оған демеу бергендей, онан соң 
гуілдесіп 
отырған 
кӛпшілікке 
қабағын 
шытып: 
— 
Жолдастар, 
тынышталыңыздар, бастықтарыңыз сӛйлегелі тҧр ғой,- деді. 
− Мен айтсам… менің ойым… мен тағайындасам…- Жайшылықта 
боқтықты қардай боратып, жарықшақ ащы даусы ауылдың бір басынан 
екінші басына дейін шарылдап, қҧлағыңды жарып жібере жаздайтын 
айқайшының аяқ асты дымы бітіп, мыңқылдап қапты. 
− Иә, кімді айтасың? Ойың кім? Кәне, аташы? — десті 
шыдамсызданған кӛпшілік жан-жақтан кеу-кеулеп. Байдалы шал жалтақтап 
ӛкіл жаққа тағы бір қарап алды да: 
− Біргәдір Зибаш болсын,- деді. 
− Әй, не дейді?! 
− Зибаш болсын дей ме?! 
− Атпал азаматтар тҧрғанда Зибашы несі-ей, мынаның?! — десіп, 
кӛпшілік мҥлде гуілдесіп кетті. 


304 
− Жолдастар, тынышталыңыздар! — деді шыдай алмай кеткен Әлтаев 
жолдас столды тықылдатып, кӛпшілік оған да тоқтай қоймаған соң орнынан 
тҧрды.- Кәне, шуламаңыздар! 
Ӛкіл орнынан тҧрған соң, кӛпшілік басыла қалды. 
− Жолдастар! — деді Әлтаев жолдас тағы да со қабағын шытқан кҥйі, 
кәне, осыдан қайсың дауыс кӛтерер екенсің дегендей, кӛпшілікке жағалай 
қарап ӛтті де, ақыл айтқан сабырлы ҥнмен: — Бригадирді бастықтың ӛзі 
тағайындап алады. Ӛйткені ол адам бастықпен тіл табысып істей алатын 
болуы керек. Бәкең сол себепті Зибашты атап тҧр. 
− Ӛзі тағайындап алғанына қарсы емеспіз, бірақ енді еркектерден алуы 
керек қой,- деді кӛпшіліктің орта тҧсынан гҥжілдей шыққан жуан дауыс. Бҧл 
— Қыдырманның даусы еді. Жҧрттың бәрі бірден соған бҧрылып, елең ете 
қалды. 
− Сен кімсің? — деген ӛкіл қабағын кіржитіп. 
− Мен Қыдырманмын,- деп, тойтық орнынан тҧрды. 
Қыдырман тойтықтың Зибашқа қарсы болғанына кӛпшіліктің 
таңырқағаны ӛзінше бір басқа шығар, ал менің таңырқауымда тіпті шек жоқ 
еді. 
− Ӛй, мҧнысы қалай? — деппін қасымдағы балаларға. Маған жауап 
берген ешкім болған жоқ, бәрінің назары сахнада тҧрған шолақ қол ӛкіл мен 
Қыдырманда. Енді не болар екен деп, бір қызықты кҥткендей телміре қалған. 
− Ал керек болса!.. Міне, қызық!..- деседі балалар да сыбырласып. 
Шолақ қол ӛкіл: 
− Сен қарсымысың? — деп қайталай сҧраған. 
− Иә, мен қарсымын,- деді Қыдырман тойтық та қайталап.- Ол қатын 
біргәдіріңе ешкім бағынбайды. Осы ауылда біраз еркек бар ғой, біргәдірді 
солардан қою керек. Мысалы, әне, жақында ғана әскерден қайтқан Кӛбеген 
бар, ал егер ол жарымжан десеңдер, есепші боп жҥрген анау Бектай, әр тҥрлі 
жҧмыста жҥрген мына мен бармын…- Ол ӛзін айтқан кезде, жҧрт ду кҥлген. 
«Алда, шіркін-ай, мҧның ӛз ойы бар екен ғой!», «дәмесін қарай гӛр, 
тойтықтың!», «қайтсін енді, ӛзін-ӛзі айтпаса басқалар аузына алмайды»,- 
десіп, дуылдасып қалған. Жҧрттың кҥлкі-мазағына Қыдырман ыза боп кетті.- 
Әй, сендер неменеге кҥлесіңдер?! Осы да кҥлкі ме? — деп тӛңірегіндегілерге 


305 
кӛзін аларта қарады, жылқының ту қҧйрығындай қайратты шашын артына 
қарай қақыра сипап қойды да: -Бәрібір ол Зибаш бригадир боп оңдырмайды, 
мен қарсымын, ӛйткені ол… 
− Әй! — деп Әлтаев жолдас мҧнан әрі оны сӛйлетпей ақырып қалды.- 
Сен ӛзің қазір не сӛйлеп тҧрғаныңды білесің бе? Ҥкіметтің саясатына қарсы 
сӛйлеп тҧрсың. Әйел жолдастарды кӛтеру, оларды басшылыққа сайлау — 
бҥгінгі таңдағы ҥлкен саяси мәселе. Ал ол саясатқа қарсы адамды біз 
маңдайдан сипай алмаймыз… 
− Мен саған маңдайымнан сипа деп тҧрған жоқпын,- деді Қыдырман 
тойтық дҥңк етіп.-Мен саясатқа қарсы емеспін, мен мына қатынның біргәдір 
болғанына қарсымын. 
− Тоқтат, кәне, сӛз таластырғанды! — деп, Әлтаев жолдас столды 
қойып қалды.- Бҧл неғылған бейбастақтық! 
− Сен ӛйтіп айқайлама! — деп, Қыдырман да орнынан қай- тадан атып 
тҧрған.— Әркім ӛзі ҧнатқан қатынды біргәдір сайлай берсе, іс бола ма екен. 
− Мынау не сӛйлеп тҧр, жолдастар?! — деді кенет қызарақтай бастаған 
ӛкіл лажсыз кҥліп. 
Осы кезде әр тҧстан: 
− Әй, Қыдырман, қойсаңшы! Ол қатынға сен де алыс емессің ғой. 
− Ӛкілмен салғыласып қайтесің, ҧят болады. 
− Кімді сайласа да бәрібір емес пе,- дескен басу сӛздер естілді. 
− Ӛкіл жолдас, ол тойтықтың сӛзін тыңдамаңыз,- деді Байдалы шал да 
бәйпектеп. Әлтаев жолдас та сабасына тҥскендей болды. 
− Жолдастар,- деді енді сабырлы сӛйлеуге тырысып,- аудан Бәкеңнің 
таңдауын қолдайды. Ӛзі таңдаған адамын бригадир қоймақ екен, онысын 
қҧптаймыз. Кәне, осыған кім қарсы? 
Кӛпшілік тым-тырыс отырып қалды. 
− Бәрібір мен қарсымын,- деді Қыдырман тойтық. 
− Сен қой… Сенімен басқа жерде сӛйлесеміз әлі. 


306 
− Қҧдай ӛзі берген жанын ӛзі алады. Ал мына қатын біргәдіріңе мен 
бағынбаймын. 
− Бағындырамыз. 
− Бағынбаймын… Жарайды, Кӛбеген ақсақ болсын, мен тойтық 
болайын, ал енді анау отырған Бектайды лайық емес деп кім айтар екен. 
Қолы хат таниды, жазуы да жақсы, шаруа жайын да Байдалыдан артық 
білмесе, кем білмейді. 
− Дҧрыс, дҧрыс! Сол Бектай болсын да бригадир! — дескен қҧптаған 
дауыстар әр тҧстан естілген. 
Шолақ қол ӛкіл cay қолымен столды тағы да қойып қалды. 
− Тоқтатыңдар тәртіпсіздікті! — Онан соң кӛзі шатынай тҧрып 
кӛпшілікке тӛне қарады да: -Бастықтарыңыз бҧл баланы емес, Зибашты атап 
тҧр ғой, кәне, кім соған қарсы, тҧрсыншы орындарынан?! — деді. 
Қыдырман тойтықтан ӛзге ешкім тҧрған жоқ. 
− Әй, тойтық неме! — деді осы шыдай алмай кеткен Байдалы шал.- Әй, 
осы жҧрттың шырқын бҧзбасаң отыра алмайсың ба-ей, сен ит, а?! Қойсаңшы 
енді! Мына жҧртқа қырсығың тиеді ғой. Ӛкіл жолдаспен салғыласып нең 
бар-ей, а?! 
− Ӛкіл болса қайтейін. Мен одан қорқады дейсің бе?! Мен кейбіреулер 
сияқты бай-қҧлақтың қҧйыршығы боп кӛрген емеспін, сондықтан 
қҧдайыңнан да қорықпаймын. 
Әрине, «кейбіреулер» деп тҧрғаны Байдалы шалды айтқаны. Ҥлкендер 
жағы Байдалы шалға ренжігендерінде, ылғи да ӛстіп оның бір байдың 
атшысы болғанын еске алып, бетіне басатын. Қыдырман да сонысын мегзеп 
тҧр. 
Мҧнан әрі Қыдырман тойтықпен сӛз таластырып жеңе алмайтынын 
білген Байдалы шал: 
− Жарайды, қыңыр адам бір жақ, қырық адам бір жақ демекші, сенің 
сӛзің ӛтпейді. Ал басқа кімнің қарсылығы бар? — деген. 
Шолақ қол ӛкілден ығып қалған жҧрт ҥндеген жоқ. 


307 
− Ал, жолдастар, онда кӛпшілік жиналыстың қолдауымен Зибаш 
біргәдір боп сайланды,-деді Байдалы шал сӛздің тоқ етерін айтып.- Енді 
келесі мәселеге — зайымға жазылу мәселесіне кӛшеміз…- дей берген, осы 
кезде ӛкіл оған бірдеңе деп кҥңк ете тҥсті.- А! Иә, айтпақшы, ҧмытып барады 
екем,- деді сасып қалған Байдалы шал.- Жолдастар, Зибаш мына жерге 
шығып отыруы керек. Зибаш! Әлгі Зибаш қайда? Кәне, бері кел, мына біздің 
қатарымызға кеп отыр. Кел, кел! Ҧялатын дәнеңе жоқ, еркек кӛрмей жҥрсің 
бе?!.- деп сӛзінің соңын бәдік қалжыңына айналдырып, жҧртты бір кҥлдіріп 
алған. 
Алдыңғы жақта шетте отырған Зибаш ҧялшақтай басып сахнаға 
кӛтерілді. Ҧялшақтығы сонша, жерден басын кӛтерместен аяғы-аяғына 
шалынысып, жығылып қала жаздады. Ҥстіне бар жақсысын киіп әдеміленіп 
келгені енді белгілі болды, бригадир сайланатынын білген екен ғой. Байдалы 
шал мен Бектайдың ортасына барып отырған. Екі беті ӛрттей боп қызарып, 
кӛзін кӛтермейді. Дәл осы сәтте кӛпшіліктің орта тҧсынан бір әйел даусы: 
− Әй, жаман қар, ақыр отырған соң тҧп-тура анау ӛкілдің қасына 
отырмайсың ба?! — деген самбырлай жазғырып. 
Жҧрт тағы да ду кҥлді. Әлтаев жолдас қабағы тҥксиіп әлгі жаққа жалт 
қарады. 
− Әй, жолдастар, қалжақ сӛзді қойсаңдаршы,- деді Байдалы шал 
қипақтап. 
− Қап, мына қатынның Қыдырманды жер ғып кеткені-ай! — деген 
бізден ілгерірек тҧрған Татубай сиыршы кҥңкілдеп. 
− Шынында да, тойтыққа обал болды,- деді екінші біреу. 
− Е, біраз кҥн сусындады ғой, жетер,- деді ҥшінші біреу. 
− Қыдырман тойтықтың қызығы осымен бітті. 
− Ӛзі Зибаш болсын да, тойтыққа байланып қалсын. 
− Бәсе десеңші!.. 
− Әй, мына шолақ ӛкілің де мҥттәйім екен, бҧғалықты қыл сағақтан 
салды ғой. 
− Е, қолында билігі болса керек еді… 


308 
Біздің алдыңғы жағымызда тҧрған ҥлкендер осылайша қақпақылдасып, 
кҥңкілдесе бастаған. 
− Әй, арт жақта тҧрғандар, тынышталыңдар! — деді Байдалы шал. 
Мҧнан әрі заемға жазылу жҥргізілді де, біздер — балалар ҥшін 
қызықсыз кӛрінген соң, сыртқа шығып ойынға кірістік. Барлығымыздың 
тамсана сӛз қылғанымыз Қыдырман тойтық. Әне, ешкімнен қорықпайды деп 
соны айт. Тіпті әуелі ӛкіліңнің ӛзімен тайталасты ғой. 
Біраздан кейін жиналыс бітіп, жҧрт ҥйді-ҥйіне тарай бастаған, 
ҥлкендермен бірге біз -балалар да қайттық. Қыдырман тойтық жеңгесі 
Сәруеге ілесіп, біздің жаққа қарай жҥрген. 
− Әй, жҥгірмек-ау, немене, сендер істеген жҧмысты біз істей алмайды 
дейсің бе, бір Зибашқа бола бҥкіл қатын атаулыны кемсіткенің не?! — деген 
Сәруе былай шыққан соң жазғырып.- Екі ортада жеки, ҥкіметтің саясатына 
қарсысың деп ӛкіл ӛзіңе айып тақты. 
− Ой, жеңеше, барлық қатындарда шаруам қанша, бірақ сӛзім солай 
шығып кетті. Әйтпесе мына сендерді сайлап жатса, қарсы сӛйлеп нем бар,- 
деді Қыдырман ақталғандай ҥнмен. 
− Тіпті со Зибашты сайлағанға да қарсы бола қоятын дәнеңе жоқ. 
Сайлана берсін. Жҥгірмек-ау, содан зиян шегемін дейсің бе? — деген сӛзінің 
соңын сыбырлай кҥліп. 
− Жоқ, маған оның ондай пайдасының керегі жоқ. Мен ол шолақ қол 
ӛкілді ӛлтірем,- деді жеңгесінің әзіліне міз бақпаған Қыдырман кіжіне 
сӛйлеп. 
− Жә, жайрағыр, қатын ҥшін кісі ӛлтіремі несі мынаның?! Бірдеңеге 
ҧрынып, сотталып кетіп жҥрерсің. 
− Сотталсам, кетем. 
− Не дейді?!. Бетім-ау, әркімнен қалған бір салдақыға бола ӛміріңді қор 
қылып не кӛрінді, сонша?! Жә, мына сӛзіңді менен басқа ешкім естімесін,- 
деді ҧрса сӛйлеген Сәруе.- Әй, осы ауылда не кӛп, бойжеткен қыз-қырқын 
мен жесір келіншек кӛп. Соларды шетінен шертіп жҥріп ҧнатқаныңды айтшы 
маған, алдыңа ӛзім жетектеп әкеп беремін. 


309 
− Жоқ, маған басқа ешкімнің керегі жоқ. Бәрібір мен ол ӛкілді Зибашқа 
жолатпаймьін. Ерегескенде мен оның анау сау қолын сындырам енді. 
− О, шірік!.. Жақсы ағама тартпай кеткір шірік!..- деді қайнысының 
мына қылығына кҥйіп-піскен Сәруе ыза болып. 
Мҧнан әрі Сәруе бҧрылып ӛз ҥйінде қалып қойды да, Қыдырман 
тойтық ақсаңдай басып әрі қарай кетті. Біз, балалар, енді бір сойқан болатын 
шығар деп, сол кҥні сырттай Қыдырманың қайда барып, қайда жҥргенін 
аңдумен болдық. 
Петьканың: «Байдалы шал енді біздің Санатты ӛзіне хатшы етіп алатын 
шығар»,- деген қалжыңы шынға айналды. Айтқанындай-ақ бастық болған 
кҥннің ертеңіне Байдалы шал Санатты сабақта отырған жерінен шақыртып 
әкеткен. Содан бір сабақты ӛтіп, одан келесі сабаққа кірерде ғана, Санат 
қалтасы толы бауырсақ, жымың қағып тоқ кӛңілмен оралды. 
− Иә, не болды? Неге шақырыпты? — деп, жан-жақтан жапырлай 
қалған біздің сҧрауымызға Санат: 
− Жай,- дей салды.- Мә, одан да бауырсақ жеңдер,- деді онан соң 
қалтасындағы бауырсақтан бәрімізге жеткенінше ҥлестіріп. Ақ ҧннан 
пісірілген иісі аңқыған қызыл сары бауырсақ нанды ҧмыта бастаған біздер 
ҥшін тәттіден бір кем емес еді. Сондықтан бәріміз шетінен аз-аздан қана 
тістелеп дәмін алсақ, енді біріміз қҧрт қҧсатып сӛлін сорып тамсанамыз. 
Бҥкіл класс ішін бауырсақ иісі алып кетті. Тек бір кезде біздердің 
аузымыздың малжаңдап отырғанын сезіп қалған Әнипа апай: 
− Кәне, сабақ ҥстінде тамақ жегендеріңді қойыңдар! — деп зеки 
ҧрысқан, аузымыздағы бауырсақты жҧтып-жҧтып жібердік. 
Ертеңіне атқарушы Ысқақ шал тағы келген, бірақ бҧл кҥні Санат 
ауырып қалған еді. 
− Онда,- деп ол кластағы балаларды тегіс шола қарап шықты да, кӛзі 
маған тҥсіп: — Қанат, сен жҥр,- деді. Мен оның назарына іліккеніме қуана 
қорбаңдап орнымнан тҧрдым. Тӛңірегімдегі балалар: «Бауырсақ әкелетін 
бол… бауырсақ…» — деп сыбырлап қап жатыр. 
Атқарушы шал мені алдына сап кеңсеге қарай алып жҥрді. Байдалы 
шал қақ тӛрдегі қызыл мата жабылған ҥлкен столдың басында кӛк мауыты 
тысты бӛркін бір шекесіне қарай қисайта киіп, бҥктеп ҧстаған қызыл 
тобылғы қамшысымен алдында қобырап жатқан қағаздарды тҥртпектеп 


310 
қойып отыр екен. Мені кӛріп қабағын кіржитіп, тіксініп қалды. 
− Әлгі Санат ауырып қапты, оның орнына мынаны алып келдім,- деді 
атқарушы шал. 
Байдалы шал астыңғы ерініндегі насыбайды алып тастап, аяғының 
астына қақырына былш еткізіп бір тҥкірді де, маған шегір кӛзімен шаншыла 
қарап, атқарушы Ысқақтан: 
− Мҧның аузы қалай еді, берік пе еді? — деп сҧрады дәл бір ӛмірі мені 
кӛріп, білмеген адамдай. 
− Ол жағын қайдам, бірақ хат тануы жақсы деп жҥрген балалардың бірі 
ғой. 
− Әй, онда бері кел, отыр,- деді Байдалы шал қарсы алдындағы 
орындықты нҧсқап, ӛзі менен кӛз айырар емес. Бҧрын байқаған баламен де, 
шағамен де қалжақтасып жҥретін, бірде бату, бірде тату дегендей мінезі бар, 
ӛзіміз кейде «аталап» соңынан қалмай әзілдеп, кейде сыртынан мазақтап 
жҥретін, ақ кӛңіл сияқты кӛрінетін Байдалы шалдың қазіргі сҧсы адам 
қорқарлық еді. Шегір кӛзі ӛңменімнен ӛтіп, ішіп-жеп, бет қаратар емес. 
− Сенің ӛзі, аузың қалай, берік пе? — деп сҧрады. 
− Берік,- дедім мен. 
− Кеңсенің қҧпиясын сыртқа шашпайсың ғой? 
− Шашпаймын. 
− Егер осыдан сенен естідік деген бір сез шықса, мына қамшы тӛбеңде 
ойнайды. Ҧқтың ба? 
Мен басымды изедім. 
− Әй, Ысқақ! — деді ауыз ҥйге қарай дауыстап. Есіктен қорбаңдай 
басып атқарушы шал кірген. 
− Әлі бағанағының әкеп бергені мына хат па? — деді кӛк конвертті 
кӛрсетіп. 
− Иә, осы тӛрт бҧрышты. Ауданға жазылған екен деді ғой. 


311 
− Жә, онда орныңа бара бер. 
Атқарушы шал шығып кеткен соң, әлгі кӛк конвертті маған ҧсынды да: 
− Онда, мә, оқышы,- деді. Мен әлгінде атқарушы шалдың ӛзім туралы 
«хат тануы жақсы» деген мақтауын ақтау ҥшін айдақ-сайдақ жазылған 
қағазды бар ынтамды салып судыратып Оқи жӛнелдім. Ӛйткені жақсы хат 
танудың басты шарты қағазды тез оқу ғой. 
− Әй, тоқта,- деді Байдалы шал мені бӛліп. 
− Жау қуып келе жатқан жоқ қой, сен ӛйтіп аптықпай, әр сӛзді тҥсінікті 
етіп, дҧрыстап оқы деп, ӛзі ҧғып қалған алғашқы сӛйлемді қайталап шықты: 
«Арыз. Аудандық партия комитетіне. Біз бір топ колхозшы осы арызды 
жазуға мәжбҥр боп отырмыз…» 
Мен Байдалы шалдың ӛзінің мақамына салып, әр сӛзді дауысты 
дыбысы бар тҧсында соза отырып, қайтадан оқи бастадым. 
«Арыз. Аудандық партия комитетіне. Біз бір топ колхозшы осы арызды 
жазуға мәжбҥр боп отырмыз. Ӛйткені Байдалы колхоз бастық болып ешкімді 
кӛгертпейді. Ӛзі бҧрын бай-қҧлақтың қҧйыршығы болған адам… 
− Не дейді?! Жә, тоқтат иттің кҥшігі! — деп ҧшып тҧрған Байдалы шал 
қамшысымен столды салып қалды. Шегір кӛзі шатынап ашудан қалш-қалш 
етіп маған тӛне қарайды. Енді болмаса қамшысымен салып жіберетіндей. 
Қорқып кеткен мен қағазды ӛзінің алдына тастай сап зыта жӛнелмек ем, 
дабыр-дҧбырға ауыз ҥйдегі атқарушы шал кіріп, жолды бӛгеп, есікке кесе-
кӛлденең тҧра қалды. 
− Әй, кҥшік, не оқып тҧрсың-ей, а? — деген маған тап бере ақырып. 
− Ӛзіңіз оқы дедіңіз ғой қағазда жазылғанды… 
− Мына қағазда шынымен солай деп жазылған ба? 
− Иә. Солай жазылған. 
− Әй, бҧлар ма?! Бҧлардан бәрі шығады. Ел емес қой,- деді тағы 
Байдалы шал тҥңіле сӛйлеп.- Шетінен жер аударып жіберсең обалы жоқ 
иттер ғой. Кәне, отыр орныңа! — деді маған ақырып. Амал жоқ, оның қарсы 
алдына барып қайтадан отырдым.- Иттің балалары, баяғыда менің Мәтіжан 
байға жалшы болғанымды әлі кҥнге бетіме басып, бай-қҧлақтың қҧйыршығы 


312 
болған деп жала жапқылары келеді. 
− Кӛре алмайтындардың ісі ғой,- деді Ысқақ шал жағына сӛйлеп. 
− Со кӛре алмайды. Жә,- Байдалы шал біраз бҧлқан-талқан боп барып 
сабасына тҥсейін деді.- Сен орныңа бара бер,- деді атқарушы шалға, онан соң 
орнына отырып, шегір кезі со шатынаған қалпында маған қарап: — Оқы әрі 
қарай! — деп бҧйырды. Мен әлгіндегі тоқтаған жерімнен әрі қарай 
жалғастыра оқыдым: — …Сӛзінде еш пәтуа жоқ. Тек одыраңдап қатын-
қалаш, бала-шағаға қамшы ҥйіргеннен басқа қолынан тҥк келмейді. 
Ойлайтыны қара басының қамы. Соңғы кездерде жас келіншектерге 
қырындайтын әдет шығарды… 
− Жә, оқыма, әкел бері,- деп Байдалы шал мҧнан әрі шыдай алмай 
арызды жҧлып алды.-Ойпырай ҥйің кҥйгір-ай, қайсысы екен мҧны жазып 
жҥрген?!. Қайсысы екен, ә? -Ойланып қалған ол қарсы алдында менің 
отырғаным біраздан кейін барып есіне тҥскендей: — Әй, сен неғыл деп 
омалып отырсың?! Кәне, жоғалт кӛзіңді! — деп, қамшысын ҥйіре ақырған. 
Мен зытып сыртқа шықтым. Әуелі таяқ. жемей аман қҧтылғаныма қуансам 
да, кеңседен ҧзай бере қҧр қол кетіп бара жатқаным есіме тҥсіп, Саматтың 
бауырсақ әкелгеніне ҥйреніп қалған балалар қолыма қараса не деймін. Қҧр 
қол сҥмірейіп қайтқанымды кӛрсе, бәрі де: «Әй, сені қойшы…» — деп бірден 
теріс айналады ғой. Әй, тәуекел, не болса о болсын,- деп кеңсеге қайта 
қайттым. Ауыз бӛлмеден ӛтіп, ішкі есікті ашқам, Байдалы шал әлгіндегі бір 
парақ қағаздың басы қайсы, аяғы қайсы екенін біле алмай айналдыра қарап 
тҧр екен. 
− Ата, бауырсақ берші! — дедім. 
− А! Ә, сен кетпеген екенсің ғой,- деді әлгіндегідей емес ашуы 
тарқағандай ҥнмен Байдалы шал. Онан соң: 
− Мә, бауырсағың,- деп қалтасынан бір уыс бауырсақты алып столдың 
шетіне қойды. Оның бір уысы менің кішірек қалтамды толтырды да қойды. 
Кете беріп едім: 
− Тҧра тҧр, енді мына бір қағазды оқышы,- деді ол тағы бір парақты 
ҧсынып. Бҧл — акт қағаз екен. Мен әлгіндегідей әр сӛзді анықтап, мақамдап 
оқып шықтым: 
− Акт. Мен колхоздың бақташысы, Шотай Дайырбеков, колхоздың 
қызыл қасқа қҧнажынының ақырға қҧлап, қазыққа арандап ӛлгенін 
хабарлаймын. Мҧны куә Кӛлбай керең мен Сағила кемпір растайды. Сол 


313 
ҥшін қол қоюшылар… 
Мҧнан әрі ирек-ирек адам тҥсініп болмайтын әріптермен ҥш адам қол 
қойған. 
− Жандарың шыққырлар, ақырға қҧлап ӛлді деп ӛздері сойып алмаса 
неғылсын,- деді Байдалы шал кіжініп.- Басқаны білмесем де Шотай итті 
білем ғой. Кәне, берші,- деп актінің қағазын қолына алды да: — Әй, Қанат, 
сенің кӛзің ӛткірірек қой, анықтап қарашы, мына екі қағаз бірдей емес пе? — 
деді. 
Расында да, әлгіндегі арыздың қағазы мен мына актінің қағазы бірдей 
екен, бір дәптерден жыртып алынған. Мен соны айттым. 
− Бәсе, бҧ Шотай қайдан тыныш жҥрсін деп едім-ау. Кәне, қарашы, 
жазулары да бірдей ме екен? 
− Жоқ, жазулары екі тҥрлі, екі адам жазған. 
− Жә, ол жағын анықтармын. 
− Әй, ЬІсқақ! — деді ақырып. Ауыз ҥйден атқарушы шал кірген.- Мына 
қағаздарды менің алдыма кім қойды? — деп сҧрады әлгіндегі екі парақты 
кӛрсетіп. 
− Қайдам?! Бар қағаз кешеден бері осы ҥстелдің ҥстінде жатыр ғой. 
− Ҥстелдің ҥстінде жатқанын білем. Соны кім қойды деймін? 
− Казиттерді мен әкеп қойдым, тағы бір қағаздарды шатауат әкеп 
қойды, басқасын білмедім. 
− Бар, шақыр шатауатты. 
Атқарушы шал кӛрші бӛлмедегі счетовод бҥкір Бектілеуді шақырып 
келді. Бектілеу ертеден кешке дейін есепшоттан бас кӛтермейтін, ешкіммен 
шаруасы жоқ, ешкіммен сӛйлеспейтін, ӛкпесі сырылдап отыратын аурушаң, 
қҧныс адам еді. Ауыл адамдары: «Бектілеу мен қара шот бір туысқан»,- деп 
кҥлетін. Ол сӛзге Бектілеу ӛзі де мәз боп қалатын. Қазір сол Бектілеу ҥлкен 
қой кезі бағжаң-бағжаң етіп, Байдалы шалдың алдына қорқақтай кірді. 
− Әй, Бектілеу, мына қағаздарды менің алдыма кім қойғанын білесің 
бе? 


314 
Бектілеу әлгіндегі арыз бен акті қағаздарын қолына алып кӛрді де: 
− Жо, бҧ қағаздарды кім қойғанын білмеймін, менің қойып кеткенім 
мәлімет қағаздар,-деп барып, Байдалы шалдың алдында жатқан қағаздардың 
ішінен ӛзі қойғандарын тауып берді.- Міне, мына қағаздар, ал 
мыналарыңызды білмеймін. 
− Әй, сонда осы сендер не білесіңдер-ей, а?! Жалғыз бастықтарыңның 
алдына кімнің арыз қойып кеткенін білмейсіңдер. Мына қамшымен 
шеттеріңнен пәре-пәрелеріңді шығарсам, обал жоқ иттерсіңдер ғой. Тфу, енді 
қайтейін-ай!..- деп ыза боп бір тҥкірді де, қайтадан атқарушы шалға 
бҧрылды: — Әй, әлгі Бектай қайда жҥр? 
− Ертеңгісін мал жаққа кеткен. 
− Әй, мына жақта дҥние қирап жатқанда, ол малды жау шабады дей ме-
ей, а?! Бар, шақырып кел, тез! Осыдан бірдеңе кӛрем демесе, жетсін тез! 
Атқарушы шалға ілесіп мен де кете бермекші едім, Байдалы шал 
қайыра тоқтатты. 
− Әй, мә, енді мыналарды оқы,- деп алдындағы қағаздарды шетінен 
бере бастады. Әр тҥрлі арыздар еді: әскер семьясы ретінде азық-тҥлік жәрдем 
сҧраған, отын сҧраған, шӛп сҧраған қҧлағалы тҧрған ҥйіне тіреу қоюға 
бӛрене сҧраған. Байдалы болса әр арыздан кейін: «Жә, оттапты», 
«былшылдапты», «сандалмасын», «ӛй, шіркін-ай, бӛренені мен қайдан тауып 
береді дейді-ей, дәл мен бір қарағайдың ортасында жҥргендей»,- деп, арыз 
иесі дәл алдында тҧрғандай бірде кекеп-мҧқап ауызша жауап қайырып 
отырды да: 
− Жә, енді мына қағаздарды оқышы,- деп алдында жатқан басқа 
парақтарды ҧсынды. Бҧлар бҥкір шатауат Бектілеу мен Бектай есепші берген 
мәлімет қағаздар мен актілер екен: ауырып ӛлген, кӛтеремнен ӛлген малдар 
туралы, қайсының қалай ӛлгені, қай жерде ӛлгені жазылған. Байдалы шал бҧл 
актілерді жазған адамдарды да бір-бір сыбап боқтап алады: «Ӛй, жаның 
шыққыр, ӛтірікті кӛйітуін»,- дейді, екіншісіне: «Е, жарайды, кӛрерміз»,- дей 
салады, енді біріне: «Мҧны анықтау керек шығар»,- деп қояды. 
Ауыз бӛлменің есігі сықыр етіп ашылып, біреу тарс-тҧрс басып кеп 
ішкі бӛлмеге басын сҧққан. Байдалы шал маған тоқтай тҧр дегендей қолын 
сілтеді де, есік жаққа ежірейе қалды. Әлгі адам сол басын сҧққан кҥйде бізге 
қызықтағандай қарап есік кӛзінде тҧрып алды, екі кӛзі жылт-жылт 
ойнақшып, қос танауы таңқиған, жалбыраған қияқ мҧртты қайыстай қатқан 
қара кісі — кәдімгі анау кездегі Байдалы шалдың ҥйінің отынын бҧтайтын 


315 
Тҧржан. Әлден соң бас жоқ, аяқ жоқ: «А-а-а-а…» деп шақылдай кҥлген, 
бҥкіл аузы ҧрадай боп ҥңірейіп, кӛмейіне дейін қара қошқылданып тҥгел 
кӛрінді. 
− Паһ, паһ, баяғының болысы да бҥйтіп отырған жоқ шығар! ГІаһ, паһ, 
отырысыңнан айналайын, Байағам! — деді ернін сылпылдатып.- Аруақ!.. 
Аруақ!.. Жарықтық, Шорағҧл бабамыздың аруағы қолдаған екен де!..- Енді 
сәл болса жылап жіберердей кҥйде тҧр.-Қҧлдық еттім!.. Қҧлдық еттім!..- деп 
басын еңкейтіп табалдырыққа тигізді. Тек сонан кейін ғана: 
− Кіруге рҧқсат па, Байаға? — деген. 
− Кір,- деді Байдалы шал. 
Осыдан кейін ғана есіктен кірген Тҧржан: 
− Ассалаумәлейкӛ-ӛ-м! — деп, сәлем беріп қаудырлаған сары тонының 
делдиген етегімен жолындағы орындықтарды қаға-маға қос қолын созып 
тӛрге ҧмтылды. 
− Әликісалам! 
Қол алыса тҧрып ҧрадай аузын ашып тағы да таңқылдай кҥлді. 
− А-а-а-а…- дейді тісі жоқ болғандықтан тҥкірігін шашырата тҧрып.- 
Уай, колхоз бастыққа баса-кӛктемей, естіп рҧқсат сҧрап кіру керек қой! 
Солай ма, Байаға, а-а-а-а…- деп ҥп-ҥлкен басымен кейбір шолжаң балаларша 
бет-аузын қисаңдатып еркелегендей, ырбаң-ырбаң етіп. езуін жия алар емес, 
әйтеу ӛзінен-ӛзі мәз-мейрам біреу.- «Ӛзіңді ӛзің жаттай сыйла, жат жанынан 
тҥңілсін» дейді ғой Байаға, алдиярым, міне, алдыңа кеп тағы да басымды 
нем… а-а-а-а… 
− Қашан келдің? — деп сҧраған Байдалы шал. 
− Келген бетім осы. Ҥйге соқпай, әуелі кеңсеге бҧрылып, алатаудай боп 
тӛрде отырғаныңызды кӛргім келді. Ризамын аруаққа! 
− Ал отыр,- деді Байдалы шал оған деген риза кӛңілін жасыра алмай.- 
Иә, ҥй ішің аман ба? Келіннің халі жақсы ма? — деп дәл әнеугҥнгідей 
амандық сҧрастыра бастады. 
− Аман ғой, оларды ит жей ме, а-а-а-а…- деп, дәл әнеугҥнгідей жауап 
қайырған Тҧржан ҧрадай аузын ашып тағы кҥлді. Сӛзі ҧнап отыр ма, ҧнамай 
отыр ма, онда шаруасы жоқ, әйтеуір ӛзі мәз боп кҥледі. Осы уақытқа дейін 


316 
маған ҥлкен адамдардың бәрі ақылды боп кӛрінетін, тіпті кейбіреулері 
туралы: «Әй, соны қойшы, тҥйір ақылы жоқ»,- дегеннің ӛзінде ондай 
адамның ақылсыздығын андай алмайтынмын. Ол да кәдімгі басқа адамдар 
сияқты кӛрінетін маған, ақылының жоқтығы ҥлкенге білінсе де, маған 
білінбейтін. Ал мына адамды әнеугҥні де кӛрген жерден бір тҥрлі ҧнатпап 
едім, ал қазір: «Әй, мынаның тҥйір ақылы жоқ қой»,- деген ой бірден оралып 
шықпай қойды. Сӛйлеген сӛздері қандай парықсыз, кҥлкісі қандай дарақы, 
жҥріс-тҧрысы, қимыл-қозғалыстарына дейін еш тҥйсік жоқ, санасыз адамның 
ісі. Ӛзі тҥк-тҥк ойланбайтын адам сияқты. Тышқанның кӛзі қҧсап жылт-жылт 
еткен кӛзінде де, тҥрінде де ешқандай ой жоқ. 
− Ауыл-аймақтарың қалай? — деп сҧраған Байдалы шал. 
− Ауыл-аймақ қайда кӛшер дейсіз енді, сол ӛкімет қондырған орнында 
тҧр ғой, а-а-а-а… 
Байдалы шал тағы біраз амандық-саулық сҧрастырды да, Тҧржан оған 
таңқылдай кҥліп жауап қайырумен болды. Енді бір сәт сӛз кезегі ӛзіне тиген: 
− Байаға, сіздің бастық болғаныңызды естігенде, тӛбем кӛкке екі елі 
жетпей қуандым,-деді Тҧржан.- Қҧдай, аруақ бар екен ғой, біздің де кӛз 
жасымызды кӛреді екен ғой деп жылап жібердім. Аруағыңнан айналайын, 
Шорағҧл бабам ӛзі қолдап жҥр ғой сізді. 
− Жалғыз мені ғана емес, бҥкіл ҧрпақтарын қолдап жҥр ғой, жарықтық. 
Мына сені де қолдайды. 
− Байаға, бӛліп-жаратын несі бар, мына сізді қолдағаны — бәрімізді 
қолдағаны ғой. 
− Оның рас. 
− Әне, дәл таптым ба?! А-а-а-а…- деп Тҧржан тағы да мәз болды. 
Сӛз әлпеттерінен менің тҥйгенім — Тҧржан Байдалыға тӛрт-бес атадан 
барып қосылатын туыс екен, мына кӛрші Ақтасты колхозында тҧратын 
кӛрінеді. Туысының әлгі сӛзіне кӛңілі ӛсіп әбден риза болған Байдалы шал 
қалтасынан шақшасын алып, тҥбін столға тықылдатып қағып, кӛк бҧйра 
насыбайдан алақанына молдау етіп салды да, шалқая тҥсіп аузына тастап 
жіберді, онан соң астыңғы ернін бҧлтита жымқырып сақаулана: 
− Әй, осы сені әскерге неге алмады? — деп сҧрады. 


317 
− Ойбай-ау, Байаға-ау, менің жасым асып кеткен ғой. 
− Қалайша? Қырыққа енді ғана келдің емес пе? 
− Анау жылы пашпыртымды жоғалттым деп қайта пашпырт алғанда, 
бір мҥшел жасты қостырып жазғызғам, сонымен әскерден қала бердім. Менің 
тісіме кім қарап жатыр, тіпті қараса да тісім жоқ, а-а-а-а… 
− Оның дҧрыс болған екен,- деп Байдалы шал да рақаттана кҥлді.- Сен 
осы кішкентай кҥніңнен-ақ тапқыр едің, әлі соныңнан жазбапсың. Баяғыда 
байдың қойын бағып жҥргеніңде, ӛрісте саулықтардың астына шалқалап 
жата қап емуші ең. 
− Иә, а-а-а-а… Байдың бәйбішесі ыдысымды тауып алмақ боп талай 
аңдып, тінтіп еді. А-а-а-а… 
Мҧнан әрі екеуі баяғы кездегі бастан кешкендерін айтысып, біраз мәз 
боп қалды. Тіпті жасаған ҧрлықтарының ӛзі ерлік сияқты кӛрініп 
даурығысады. 
− Байаға,- деді енді бір сәт ыржаңдай кҥлген Тҧржан.- Баяғыда 
Бейсенғазы бай болыс болғанда, інісі Сейсенғазы: «Бейсекем болыс болды 
дегенше, Сейсекең нойыс болды десеңші» демекші, сіз колхоз бастық болды 
дегенді естігелі, мына жаман ініңнің де тақымы қопаңдайтынды шығарды. 
Қашанғы мен де тентіреп анау Ақтастыда жҥре бермекпін, ӛзіңнің қасыңа 
келгім келеді. Сіз бастық болғанда, мен неге біргәдір болмаймын деймін. 
Ашсаңыз алақаныңызда, жҧмсаңыз жҧдырығыңызда емеспін бе? Менен 
сенімді кім бар сізге?! 
− Ондай ой ӛзімізде де болып еді, бірақ әлгі шолақ қол ӛкіл еркіме 
қойды ма?! Осында бір қатынға кӛңілі ауған екен, шолақ ит соны біргәдір 
сайла деп отырып алды ғой. Бҧ қазақтың қатын десе жан беріп, жан 
алысатынын білесің ғой, амал жоқ, айтқанын орындауға тура келді. Жә, 
келем десең, біргәдірліктен де ӛзге жҧмыс табылады ғой. Мысалы, мына 
маған ары-бері шапқылап жҥретін атқарушы керек. 
− Ойбай, Байаға-ау, ол атқарушылығыңа мен дӛй деймін ғой. 
− Е, онда болды. Сапыбекке де бір жҧмыс табылар. 
− Хат тануы жақсы дедің бе осы? 
− Ҥш класс бітірген, таниды ғой. 


318 
− Әнеугҥні қайтып барған соң сіздің айтқандарыңызды айтқам, 
қуанғаны сонша: «Мен Байатама барлық балаларды бір шыбықпен айдап 
бағындырып берем»,- дейді. 
− Былай,- деді Байдалы шал ойына бірдеңе тҥскендей,- Сен мені 
«Байаға деме. Қҧрысын, «бай» деген сӛзді қайтесің, пәледен аулақ. 
− Онда, аға дейім. 
− Мейлің, тек «бай» дегенді айтпа. 
Байдалы шал кӛз алдында отырған мені енді ғана кӛргендей. 
− Әй, сен неғып отырсың? — деді. 
− Ӛзіңіз мына қағаздарды оқы деп жібермей қойдыңыз ғой,- дедім. 
− Ә, солай ма?! Онда қалғанын ертең оқырсың, бара бер,- деді маған, 
онан соң Тҧржанға: -Жҥр, ҥйге баралық,- деді. 
Мен шықтым, менің соңымды ала Байдалы шал мен Тҧржан да шыққан 
тысқа, атқарушы Ысқақ шал ертіп келген Бектай есепші екеуі аттарынан 
тҥсіп, кеңсеге кіргелі тҧр екен. Бектай есепшіні кӛріп Байдалы шал бірден 
ақырып сала берді: 
− Әй, сен осы қайда жҥресің? 
− Қора жақта, мал жақта жҥрмін,- деді Бектай. 
− Әй, сенің ол жақта нең бар-ей, а?! Малдың заппермесі, бақташысы 
бар емес пе, а?! 
− Қазір енді, қыс кезінде…- деп Бектай міңгірлей берген. 
− Ӛйтіп қыс кезі деп сылтаурататын тҥк те жоқ,- деді Байдалы шал 
аузын қисаңдата, даусын жіңішкерте мазақтай сӛйлеп.- Шикін-ай, ә, қайбір 
малсақтанып жҥрмін дейсің, есі-дертің, айналшық жегендей барғыштап, 
жағалап жҥргенің, анау әлгі сиыршы Қҧныпияның қызы Қаншайым ғой. 
− Онда сіздің шаруаңыз болмасын. 
− Жо, болады… Жаман неме, ӛзіңше сен де текешіктенейін дедің бе? 
Байқа, етіңді сылып алам. 


319 
− Ақсақал, айтар сӛзіңізді ойланып айтыңыз,- деген лезде ӛрттей боп 
қызарып кеткен Бектай кӛзін алақ еткізіп. 
− Ӛй, мынаны қара, маған ақыл ҥйретеді-ей! 
− Аға-ау, осындайлармен де тәжікелесіп тҧрасыз ба, дырау қамшымен 
ӛрім-ӛрімін шығармайсыз ба?! — деген шетте тҧрған Тҧржан кіжіне 
ҧмтылып.- Әй, колхоз бастықпен бҥйтіп сӛйлесетіндей сен кімсің-ей, а?! 
Кәне, ағамның бетінен алмай тарт тіліңді, әйтпесе тура кӛресіңді кӛрсетем! 
Бектай да ыққан жоқ, қамшысын оңтайлап безере қарсы тҧрды, 
салғыласып және сӛз қайтармады. 
− Әй, Тҧржан, жҥр кеттік. Бҧл жҥгірмекпен сӛзім сонан кейін болсын,- 
деді Байдалы шал. 
Екеуі аттарына мініп, Байдалы шалдың ҥйіне қарай кетті де, Бектай 
есепші мен Ысқақ шал ҥшеуміз кеңсенің алдында қала бердік. 
− Әнеугҥнгі жиналыстан кейін-ақ соңыма тҥсіп алды,- деді Бектай 
шағынғандай. 
− Е, шырағым, бастықтың қырына іліге беріп қайтесің, айтқаныңыз қҧп 
деп жҥре бермейсің бе? — деді Ысқақ шал. 
− Сӛйтпегенде қайтіп жҥрмін енді. 
Мҧнан әрі мен ӛз жӛніммен мектебіме кеттім. Қалтамдағы иісі аңқыған 
бауырсақтан басым айналғандай болса да, жол бойы, ең болмаса, біреуін 
аузыма салмадым. Балалардың алдына барғанымда, қалтам ортайып 
қалатындай кӛрінеді. Ҥзіліс кезі екен, класқа кірер-кірмесімнен мені де 
балалар жапырлай қоршап ап: «Иә, неге шақыртады екен? Не істедің?» — 
деп ҥздіге сҧраған. Санат қҧсап мен де олардың тӛбелерінен қарай тҧрып: 
− Жай, әншейін,- дей салдым немқҧрайлы ҥнмен.- Онан да мә, 
бауырсақ жеңдер,- деп жеткенше бір-бірден ҥлестіріп бердім. Ӛзім бір 
бауырсақ қана алып қалғам. 
− Қанат, мен қҧр қалдым ғой,- деген кластағы ең кішкене бала Кӛпен 
жҥгіріп кеп. Амал жоқ, соңғы бауырсақты соған ҧстата бердім. Сӛйтіп, бір 
қалта бауырсақтан ӛзім ауыз да тие алмадым. Оның есесіне Санат сияқты 
кластағы балалардың алдында менің де шоқтығым бір ӛсіп қалды. 


320 
* * * 
Тҥстен кейін ертеңгі ҥйге берілген тапсырманы орындап сабақ оқып 
отырғам, сырттан кірген әжем: 
− Әй, Қанат, шық, әне, Қыдырман шӛбіңді әкелді, тҥсірісіп жібер,- деді. 
Тонымды иығыма іле сап атып сыртқа шықсам, Қыдырман шананың 
ҥстінде тҧрып ортадан аз тиелген шӛптен қораның тӛбесіне қарай лақтыруға 
кірісіпті. Мені кӛріп: 
− Жоғарыға шық, тез тҥсіріп алайық,- деді. 
Мен қораның арт жағындағы кҥнделікті ӛзім шығып жҥрген 
басқышпен тӛбеге кӛтеріліп, Қыдырман әперген шӛпті іліп ап, кейін тартып 
жаймалай бастағам. 
− Әй, иттің балалары, тоқтаңдар, кәне! — деп ақыра боқтаған Байдалы 
шалдың даусы селк еткізді. 
Кеңседен шыққан беті болу керек, торы жорғасын борбайлата 
қамшылап қҧйындата шауып келеді екен. Жетпіс жеті атамыздан бері қарай 
сыбап келеді. 
− Иттің ғана балалары, тапайдың тал тҥсінде колхоздың шӛбін ҧрлап… 
Қҧртам екеуіңді де… Тҥрмеде шірітем!.. 
Ағып келген бойда дойыр қамшысымен жеткенше сілтеп шана ҥстінде 
бейқам тҧрған Қыдырманды салып-салып жіберген. Қыдырман шӛпке 
шаншып тҧрған ашасын суырып ап ӛзіне қарай ҧмтылғанда ғана, атының 
басын кілт бҧрып, кейін тайқыды. Бірақ боқтауын тоқтатар емес, бҥкіл 
ауылға естіртіп азан-қазан боп тҧр. Әуелде «иттің балалары» деп екеумізді 
қоса қабаттап боқтаудан бастаған, енді аша ала ҧмтылған соң Қыдырманның 
жеке ӛзіне ауысты: «ҧры» дейді, «қаскҥнем» дейді, «пәшіссің» дейді, 
«колхоздың жауы» дейді, тақпаған айдары қалып жатқан жоқ, «ертең 
айдатам», «тҥрмеде шірітем», «тҧқым-тҧғияныңмен тҧздай қҧртам» — деп, 
зәре-қҧтты алатын сӛздерді және қосақтайды. Әлден уақытта Байдалы 
шалдың соңын ала кеңседен шыққан беттері екеуі екі атқа мінген шолақ қол 
ӛкіл мен Зибаш та жетті. Екеуі бар жайды анадайдан-ақ кӛріп, біліп келеді. 
Әсіресе басқа білмесе де бҧл шӛптің жайын Зибаш жақсы білетіні анық. 
Сондықтан Байдалы шал алғаш ақырып аттандай жеткенде, зәрем ҧшып 
кеткенмен, Зибашты кӛріп ес жиғандай болдым. 


321 
− Бҧл біздің ӛзіміздің меншікті шӛбіміз, жазда Нәзира әпкем екеуміз 
шалғымен шауып жинағанбыз, нанбасыңыз, әне, Зибаштан сҧраңыз,- дедім 
тӛбеде тҧрып айқайлап. 
− Мен саған кӛрсетем ӛз шӛбіңді, иттің кҥшігі, кәне, осыдан тҥсші бері! 
— деп, Байдалы шал атымен қораның тӛбесіне шығып кетердей емініп қойып 
қамшысын сілтей ақырды. 
− Рас айтады, бҧл Қанат пен Нәзираның ӛздері шапқан шӛбі, мына 
Зибаш та біледі ғой,-деп енді Қыдырман да соны арқалана сӛйлеген. 
Зибаш шолақ қол ӛкіл екеуі қатарласа кеп тоқтаған, қазір бірдеңе 
дейтін шығар, шындықты айтып ара тҥсетін шығар деп Қыдырман да, мен де 
енді соған жалтақтай қарағанбыз. Зибаш қабағын шытынып томсырайған 
кҥйде шанадағы шӛпке, одан сендерді қайда кӛрдім дегендей, әуелі 
Қыдырманға, одан қораның тӛбесінде тҧрған маған бажырая бір-бір қарағаны 
болмаса, не дҧрыс деп, не бҧрыс деп бір ауыз сӛз айтпастан сызданып, ҥнсіз 
тҧрды да қойды. 
− Айтсаңшы! — деген Қыдырман оған шаншыла қарап. 
− Зибаш тәте-ау, әнеугҥні шӛпке бірге барғанымызда, мен ӛзім бастап 
апарып, Нәзира әпкем екеуміз жазда жиған бір шошақ шӛбімізден жарты 
шана тиеп әкеліп едік қой. Мынау сол шӛп емес пе? — дедім. 
Зибаш ҥндеген жоқ, тіпті жҧмған аузын ашқан жоқ. Біздің сӛзімізді 
естімеген адамдай сол безерген кҥйі атын тебініп қалды да, жҥріп кетті. 
− Әй, қарағым,- деді осы кезде әжем шолақ қол ӛкілге.- Мен мына 
Байдалыға сӛзімді қор қылып ештеңе демеймін. ӛйткені бҧл ӛзімізге белгілі 
Байдалы. Мен айтарымды жӛн білер деп ӛзіңе айтам. Соғысқа барып қан 
кешіп қайтқан азамат екенсің. Ал менің балам сол соғыста қаза болды. 
Келінім осы колхоздың жҧмысында жҥріп ҧры-қарының қолынан опат 
болды. Ҥлкен немере қызымды кҥні кеше ҥкімет бҧзылған қалаларды 
салғызамыз деп және әкетті. Қалған шиеттей балалар мен ӛлмелі кемпір 
менің тҥрім мынау. Енді ӛзіміз шапқан шӛпті зорлық қып тартып әкетсеңдер, 
сонда біздің кҥніміз не болады? Әскер семьясына жасаған жәрдемдерің осы 
ма сонда? 
Әжемнің сӛзін ҥнсіз тыңдаған шолақ қол ӛкіл ымдап қасына 
Байдалыны шақырып алды да, бізге естіртпестен бірдеңе-бірдеңе деп 
кҥңкілдеді де, атын тебініп Зибаштың соңынан жҥріп кетті. Ӛзі қалған 
Байдалы шал қаһары қайтпаған сол ашулы қалпында Қыдырманға қарап: 


322 
− Ендігі жерде ісім сенімен болсын, тойтық ит! — деді кіжініп.- Мына 
шӛптің жартысын ғана тҥсір де, жартысын қайтадан колхоздың мал қорасына 
алып жҥр. 
− Ӛзі азғантай шӛптің не жарты дейтіні бар,- деген Қыдырман. 
− Әй, тойтық, дәл бірдеңе кӛрейін демесең, айтқанды істе! — деп 
ақырды Байдалы шал. 
− Әй, Байдалы, ӛз шӛбімізді ӛзімізге қимай тҧрсың ба? — деген әжем. 
− Колхоздың малы ашығып жатқанда, мен сендерге шӛптеріңді 
колхоздың шанасымен тартыңдар деген жоқпын. 
− Сонда біз арқалап әкелеміз бе? 
− Арқалап әкеліңдер, бірақ колхоздың кӛлігіне тимеңдер. 
Сӛйтіп, Байдалы дігерлеп тҧрып алған соң, Қыдырман амалсыздан 
шанадағы ӛзі аз шӛптің жартысын ғана тҥсіріп, қалғанын колхоздың мал 
қорасына қайтадан алып кетті. 
Қораның тӛбесінде азғантай шӛпті жинастырған боп қала бердім. 
Кӛзіме ып-ыстық жас қҧйыла береді, ӛзіме-ӛзім тығылып не істерімді білмей 
қыстығып тҧрмын. Кімге барарсың, кімге шағынарсың? Егер балалар зорлық 
жасаса, ҥлкендерге барып шағынуға болар еді, ал ҥлкендердің ӛзі зорлық 
жасаса, кімге шағынарсың? Нәзира әпкем екеуміздің таң алагеуімнен тҧрып 
жҥріп тірнектеп шауып, тірнектеп жинаған шӛбімізді зорлық қып тартып 
әкеткеніне қалай жыламайсың. Тапайдың тал тҥсінде бҥкіл ауылдың алдында 
бақырайтып қойып тартып әкетті ғой. Әне, әркім ҥйді-ҥйіне кіріп жҥр, 
әншейінде ағайынсымақсып ӛбектей қалатындарын қайтерсің, ал жаңа 
Байдалы кеп жер-жебірімізге жетіп, зікінеп, тапап кеткендей боп тҧрғанда, ең 
болмаса біреуі келіп: «Әй, мҧның қалай?» деуге жарамады-ау. 
Әжем маған тӛменнен аянышпен қарап: 
− Жә, қапаланба, қозым, тіршілікте мҧндайдың әлі талайын кӛресің, тек 
бас аман болсын дейік,- деді жҧбата сӛйлеп.- Қҧдайдан тапқырлар… Уһ-а-
а…- деп сӛзінің соңын ауыр кҥрсініспен аяқтады. 
Сонда бҧл дҥние әлсізге әлі жеткен, ӛстіп қиянат жасаудан тҧрғаны ма? 
Жарайды, Байдалы шалға әлгіндегі әжем айтқандай сӛз тауыспай-ақ қоялық, 
ал сонда Зибаштың жаңағы кӛрсеткен мінезі қай мінез? Бригадир болғанына 
бес-ақ кҥн етті ғой, әйтпесе қысы-жазы бірдей Нәзира әпкеммен бірге осы 


323 
колхоздың ең ауыр жҧмыстарында телім-телім боп жҥруші еді ғой. 
Жағдайымызды, халімізді басқа білмесе де, Зибаш біледі емес пе. Әнеугҥні 
Нәзира әпкем кӛз қырыңды сала жҥр деп бізді тапсырғаны да осы Зибаш еді 
ғой. Әжем айтқандай: «О-о, опасыз дҥние… Опасыз адамдар…» 
ТҦРЖАН — АТҚАРУШЫ 
Сәске кезінде сары тоны қаудырлап Ысқақ шал класқа тағы кіріп 
келген. Бҧл кҥні тіпті Әнипа апайымызды кӛзіне де ілмеген кҥйде, біздің 
сабақ оқып отырғанымызға да пысқырып қарамастан, ақай жоқ, тоқай жоқ, 
бірден Санатқа таяп: «Бол, жинал, колхоз бастық тез жетсін деп жатыр»,- 
деп, қолды-аяққа тҧрғызбай дігерлей жӛнелді. Атқарушы шалдың бҧл 
қылығы, әрине, Әнипа апайымызды қатты ренжітті. Ол кӛзілдірігі жарқ етіп, 
қағаздарын жинастырып орнынан тҧрмақ болған Санатқа: 
− Отыр! — деді қатқыл ҥнмен. Онан соң Ысқақ шалға қарай шҧғыл 
бҧрылып: — Сабақты бҧзуға сізге кім рҧқсат берді?! Бҧл қандай әдепсіздік?! 
— деп тап берердей боп қарсы жҥрген. 
− Колхоз бастық… Колхоз бастық Байдалы айтқан соң…- деген 
қапелімде сасып қалған Ысқақ шал шегіншектеп. 
Біз, оқушы балалар да, ҥрпиісе қалдық, енді болмаса Әнипа апайымыз 
шалдың сақалына жармаса кетіп, бетін тырнап алатындай кӛрінді. 
− Оқушы баланы сабақтан кетуге рҧқсат етпеймін,- деді. 
− Қарағым, ол енді колхоздың жҧмысы ғой,- деген ЬІсқақ шал. 
− Мейлі, колхоздың жҧмысы ҥшін де рҧқсат етпеймін. Мектеп 
оқушысын колхоз жҧмысы ҥшін сабақтан босата берсін деген заң жоқ. 
− Ӛзің білесің де онда, тек, әйтеу, бастықтың қырына ілігіп жҥрмесең 
болды да,- деп ЬІсқақ шал тоны қаудырлап есікке қарай беттеген. 
Осы сәтте атқарушы шалдың бетін қайтаруын қайтарып жіберсе де, 
колхоз бастығымен тіресудің арты қиынға соғарын сезетін екі ҧшты ойда 
тҧрған Әнипа апайымыз иі босап: 


324 
− Жарайды, бҥгінше барсын,- деді даусы жҧмсарып.- Тек бастыққа сіз 
де айта барыңыз, класымыздың іші мынау аңырап тҧрған, сабан отынға 
жылитын тҥрі жоқ, бізге қызуы бар отын қарайлассын. 
− Мақҧл,- бҧл тілегіңді айта барайын. 
Атқарушы шалға. ілесіп бара жатып Санат біздерге қарап қалтасын 
ҧстап, жымыңдап кӛзін қысып қойды. Онысы, сәті тҥссе бҥгін де бауырсақты 
толтырып әкелем ғой дегені еді. 
− Бауырсақты қайтесің, одан да отын сҧрасаңшы,- деді арт жақта 
отырған балалардың бірі дауыстап. 
− Иә, отын сҧра… Отын…- десті ҥш-тӛрт дауыс іле қостап. 
− Кәне, тиышталыңдар! Бері, мына сабаққа қараңдар! — деді Әнипа 
апай ҥстелін тықылдатып. 
Тобылғы отынымыз таусылғалы, классымыз қайта азынап суып кеткен. 
Сабанды ертеден кешке дейін жаққанмен, қауқары жоқ. Байдалы бастыққа 
кластың суықтығын айтып, отын сҧрап екі рет барған, қазір тҥсіріп бере 
қоятын отыным жоқ, реті кеп жатса кӛрерміз деп жіберіпті. 
Тобылғы жаққанда жып-жылы боп қалған классымызда қалтырап әзер 
отырмыз. Дәметкен кемпір бет-аузы кҥйелеш-кҥйелеш болып от жағуға таң 
сәріден-ақ кіріседі, содан қара кешке дейін отын қоймадан мектептің ауыз 
бӛлмесіне қҧшақ-қҧшақ етіп сабан тасумен кҥні ӛтеді. Омырайған пештің 
аузы абжыланша ысылдап, сабанды ҥсті-ҥстіне тықпалап жатсаң да бір 
тоймайды, гу-гу етіп жҧта береді, жҧта береді. Бірақ шығарар жылуы 
шамалы. Кластың ішінде аузымыздан шыққан деміміз буланып кҥрк-кҥрк 
жӛтелгенімізде, ХТЗ-ның тҥтініндей бҧрқ-бҧрқ етеді. Әнипа апайымыз да 
кӛкпеңбек боп дірдектеп тоңып отырады. Ӛзі де қызық, класқа кірісімен 
пальтосын шешіп, қолдан тоқылған қоңыр жемпірімен ғана қалады. Қалың 
бҧрым қоңырқай шашының маңдай жағы, самайы бҧйраланып, кішкене 
танауының ҥстінен сырғи беретін кӛзілдірігі буалдырланып, бізге кіп-
кішкентай боп кӛрінеді. Тоңғанын білдірмеуге тырысып сабақтарды 
саңқылдай айтып тҥсіндіреді. Сірә, қатты саңқылдап сӛйлесем, тоңғанымды 
онша сездірмеймін дейтін болар. Тақтаға жазған кезде, бор ҧстауға 
икемсіздене бастаған қолын демімен жиі-жиі ҥрлеп қойып тҧрады. Соның 
ӛзінде жазуы жіпке тізген маржандай әдемі, әр әрпі сҧлу суреттей боп тҥседі. 
Шіркін, Әнипа апайымыз қҧсатып әдемі жазсақ-ау деп қызығамыз. 
Бҥгінгі Әнипа апайымыздың Санатты сабақтан жібермей қоя 
жаздағаны әсер етті ме, кім білсін, ҥшінші сабақты ӛтіп жатқан кезімізде, 


325 
терезенің тҧсынан торы жорғасымен қалың қарды омбылай омыраулап кеп 
тоқтаған Байдалы шал тобылғы сапты қамшысымен әйнекті ҧшырып 
жіберердей сартылдата қаққан. 
− Әй, мҧғалім қыз! — деді ат ҥстінен еңкейе дауыстап. Жалғыз қабат 
терезеден даусының жарықшағына дейін анық естілді. 
− Мына балалардың әжетке жарайтындарын ертіп апарып, анау 
шешендер шапқан отыннан тартып алыңдар! 
Кешеден бері Махмҧд пен Зокку тау бӛктеріндегі қалың алма 
ағаштарға қарай жол салып, отын шауып жҥрген. Байдалы шалдың алыңдар 
деп тҧрғаны сол. Соны айтты да Байдалы шал жӛніне кетті, аңырып тҧрып 
қалған Әнипа апайымыз кӛзілдірігін алып сҥртіп қайта киді де, сендер не 
дейсіңдер дегендей бізге қарады. 
− Не істейміз, балалар? Бҥйтіп бҥрсектеп тоңып отырғанша, отын 
тартып аламыз ба?! -деген. 
− Барамыз! Барамыз! — дедік суық класта отырғаннан гӛрі далада 
жҥргенді қҧп кӛрген біздер қуанғаннан жамырай дауыстап. 
Бірер сағаттан кейін әжетке жарайды-ау деген балалар тегіс анау жолғы 
Әжібекпен тобылғы шабуға шыққанымыздай бір-бір жіпті белімізге буып 
Әнипа апайымыздың бастауымен тау бӛктеріне қарай шҧбыра бет алдық. Ол 
жолы беталысымыз қоңыр таудың кҥнгей беткейіндегі қалың тобылғы болса, 
бҧл жолы сол таудың батыс жақ бҥйір бӛктеріндегі қалың алма ағашқа — 
кәдімгі, жазда ӛзіміз кҥнделікті ӛріп жҥретін, жабайы алмаларға апаратын 
кәнігі бағытымызбен келеміз. Аязды дала мҧнартып, сәскеге таяған кҥннің 
кӛзі тӛңірегі шелдене қызарып, кіртиіп тҧр. Беті-қолды қарыған ызғар 
бҥрсектетіп уысына сыға тҥскісі келеді. Аяққа жҧқпайтын сіре қар шарық 
табанға шиқ-шиқ етсе, етік табанға сықыр-сықыр етіп, қҧп-қҧрғақ боп осы 
кҥйінен еш уақытта ерімейтін сияқты кӛрінеді. Кешеден бері бӛктерге — 
алма ағаштарға қарай ӛгіздермен ерсілі-қарсылы жҥріп отын тартып Махмҧд 
пен Зокку сҧқпа-сҧқпа қалың қарда ойқы-шойқы жол салыпты. Ӛгіздердің 
сирақтарын сындырып алмай қалай жҥргендерін кім білсін. Біз әлгі жолда 
біресе сҧқпаға тҥсіп кетіп аяғымызды суыра алмай, біресе сҥріне қҧлап әзер 
келеміз. Алып алма ағаштың тҧсынан ӛткенбіз, сол анау кездегідей ҧшар 
басындағы бҧтақтарында қатып-семген қоңырқай алмалар ызғар ӛтінде кӛк 
аязданып, болар-болмас селкілдеп тҧр екен. Бҧл жолы әнеугҥнгідей 
қызыққан ешкім болған жоқ, тіпті ӛздері ҥзіліп тҥсе қалса да, бҥрсектеп 
тоңып келе жатқанда жей қоюға онша қҧштар емес едік. 


326 
− Киелі ағаш осы екен ғой?! — деген Әнипа апай. Біздер бір ауыздан: 
«Иә»,- дестік. Басқа білімді адамдар сияқты Әнипа апайымыз да: «Жә, бҧл 
ағаштың киелі тҥгі жоқ, оның бәрі ескі адамдардың қараңғылықтан шығарған 
бос әңгімелері»,- деп айтатын шығар деп кҥткенбіз. Бірақ апайымыз ештеңе 
де деген жоқ. Балалардың бірі шыдай алмай кетіп, бҧл алып алма ағаштың 
тҥбінде ҥңгір барын, сонда баяғыда аюлардың патшасы мекендегенін айтқан. 
− Солай ма?! — Онда қызық екен,- деп Әнипа апай басын шайқап кҥлді 
де қойды. 
Таудың кҥнгей етегінен батыс жақ бӛктеріне қарай асып тҥсетін 
белеңге кӛтерілгенімізде, аңтарыла тоқтағанбыз, жазда арасынан мал ӛте 
алмайтын, сыңсып тҧратын қалың алма ағаштардың жолға жақын тӛмен жақ 
жартысы тып-типыл боп орны сипалып қалыпты, тек әр жер — әр жерде 
еңіске қарай сҧлай қҧлаған бес-алты ағаштың балта шапқан тҥптері 
ақпаңқаланып етегі тҥрілген қыздар қҧсап жатыр. 
− Әй, анау аю алма еді ғой?! 
− Анау тәтті сары алма емес пе? 
− Киіз алманы да шауып тастапты,- десіп балалар ішігімізді тартып, 
дабырладық та қалдық. 
Бҧл жақсы ырым ба, әлде жаманшылық па — ол жағын білмейміз. 
− Балалар, отын алыңдар! — деді алма ағаштарды бҧтарлап жҥрген 
Махмҧд дауыстап. 
Біз қия жолда тайғанақтап, бір-бірімізді сҥйемелдеп, сҥріне-қабына 
барып Махмҧд бҧтарлап берген алма ағашты әрқайсымыз шама-шарқымызға 
қарап, екі бҧта, ҥш бҧтадан беліміздегі жібімізбен бастарын біріктіріп, буып 
ала бастадық. 
Әуелде кӛзімізге Зокку тҥспеген, әлден уақытта оның: 
− Цо-оп!.. Цо-оп!.. Содалха, лалха…4- деп тау жаңғырықтыра ақырған 
ащы даусы естілген. Енді ғана кӛрдік, қалың алма ағаштың тауды 
алқымдаған тҥкпір жағында бәйтерек қҧсап ӛскен жалғыз тҥп долана болушы 
еді, Зокку сол ағашты екі ӛгізбен бері қарай сҥйретіп келеді екен. Арық 
ӛгіздер омырауларынан қарға батып мықшиып алға ҧмтылады да, шамалары 
келмей кейін қарай тәлтіректейді, Зокку болса ақыра боқтап екеуін де 
сырғауылдай кӛк таяқпен белдерін қайыстыра соққының астына алып тҧр. 
Ӛгіз байғҧстар сіңірдей созылып жан дәрмен алға қарай тағы да ҧмтылады, 


327 
аяқтары шалынысып сәл де болса жылжи қозғалады. Сәл жҥре тҥседі де 
дымдары таусылып, тәлтіректей тоқтайды. Жануарлардың әл-қуаттарының 
біткені едәуір жерде тҧрған бізге де кӛрініп тҧр. Бірақ оларды аяйтын Зокку 
жоқ. 
− Вай Меск! Халхадаг ког бикх!…5 — деп ақырып кеп, гҥрсілдетіп 
таяқтың астына алады. 
Ақыры ӛгіздің бірі тәлтіректей ҧмтыла беріп қҧлап тҥсті, кҥйіп-піскен 
Зокку оны боқтықтың астына алып, басқа-кӛзге періп-періп жіберген. Ӛгіз 
ҧмтылғанмен, қайтып тҧра алмады. 
− Әй, ӛлтірдің ғой, обал емес пе!..- деді Махмҧд шыдай алмай 
дауыстап. 
− Барзу баирг!..- деді Зокку кіжініп. Онан соң қҧлаған ӛгіздің басын 
мойынтҧрықтан шығарып тастады да, оның орнына екінші ӛгізге қатарласа 
ӛзі тҧра қап: 
− Содалха, лалха! — деп екінші егізге кіжіне ақырып жіберді де, 
мойынтҧрықты алға қарай итере ҧмтылды. Екінші ӛгіз кҥш алғандай 
жылжып жҥре бастады. 
− Цо-оп!.. Цо-оп!.. Халхадаг ког бикх! — деп, тістене кіжінеді Зокку, 
ӛзі де тоқтамай, егізді де тоқтатпай долана ағашты сҥйретіп келеді. Едәуір 
жер жҥріп кеп тоқтап, сәл тыныстап алды да: «Әуп!» деп қайта жҥріп кетті. 
Сӛйтіп, екі дем алып, долана ағашты біз тҧрған кезеңге дейін сҥйретіп 
әкелген. 
− Әй, Зокку, сен тҧрғанда осы ӛгіздерді қинап қайтеміз-ей, а! Отынды 
сенің ӛзіңмен-ақ тартпаймыз ба, а!.. Ха-ха-ха!..- деп, Махмҧд тау-тасты 
басына кӛтере жаңғырықтырып кӛзінен жас аққанша кҥлді. Оның кҥлкісін 
қағып алған тау-тас «а-а-а» деп созып әкеткен. Біз де Зоккудың мына кҥшіне 
сҥйсіне кҥлдік. Зокку сәл тыныстап алды да, әлгі жатып қалған ӛгізін әкелуге 
кетті. Ӛгіздің қасына барып шешенше бірдеңе деп ақыра сӛйлеп, қазақша 
боқтанып, таяғымен жон арқасынан бір кӛсіп ӛтті де, қозғала қоймаған соң 
еңкейіп мҥйізінен ҧстап, ақыра дауыстап, ӛгіздің кеуде жағын жҧлқи кӛтеріп 
алды жерден, бірақ бӛксе жағы сҥйретіліп қозғала қоймады. Сонда да Зокку 
оны тҧрғызам деп біраз жер сҥйрелеп келді де, ақыры ӛгіздің тҧрмасына кӛзі 
жеткен соң сылқ еткізіп тастай салды, ызалана бір тҥкірді де кері қайтты. 
− Біраз жатып дем алсын, ӛзі тҧрады,- деген Махмҧд. 


328 
− Содалха! — деді Зокку қолын бір сілтеп. 
Махмҧд оған шешенше бірдеңе-бірдеңе деп сӛзінің арасында «колхоз, 
колхоз» деп қойып, қолымен анадай жердегі қорым тасты жағалай ӛскен 
бҧта-қурайларды нҧсқай тҧрып зіркілдей сӛйлеген. Зокку тағы да: 
− Лалха! — деп кҥңк ете тҥсті. 
Махмҧд одан әрмен ӛршелене сӛйлеп айқайлап берді. Қолындағы 
балтасымен Зоккуге тура ҧмтылар ма екен деп қорқып қалдық біз. Зокку 
болса оған тіктеп қарсыласпай со шешенше кҥңкілдеген кҥйінде «содалха! 
лалха!» деп барып, Махмҧд нҧсқаған бҧта-қурайларды кҥректей қолымен 
жапыра сындырып біраз жанап алды да, жатып қалған ӛгіздің алдына апарып 
тастады. Бірақ оған қозғала қойған ӛгіз болған жоқ. Со жатқан қалпынан 
тырп етпеді. 
− Байдалыны ертіп әкеп кӛрсету керек. Арам ӛліп қалса кӛрсін,- деді 
Махмҧд Зоккуге. 
Бҧдан әрі біз, балалар, буып алған отындарымызды сҥйретіп келген 
ізімізбен кейін қайттық. Жас алма ағаш ауыр екен, иығымызды жаншып, 
қарымызды талдырып аздан кейін-ақ маңдайымыздан тер бҧршақтап, ауылға 
сан дем алып әзер жеттік. Ӛзі де отын кӛтеріп қара терге тҥскен Әнипа 
апайымыз біздің титықтаған тҥрімізді керіп, бір сағаттай дем алып келуге 
ҥйге жіберді. 
Тҥстен кейін отынға қайта барғанбыз. Сол екі арада Махмҧд пен 
Зоккудің артынан қосымша тӛрт ӛгізбен тағы екі шешен барып, қиылған алма 
ағаштарды тҥгел тартып әкетіпті, ал бізге дегенді сҥйреп жҥруімізге оңай 
болсын дегендей, тегіс бҧтарлап бір жерге ҥйіп қойған екен. Сірә, 
Байдалының бҧйрығы солай болса керек. 
Тау бӛктері тып-типыл жылан жайлағандай бопты, қҧлазыған аңғал-
саңғал иесіз жҧрттың ҥстінен тҥскендей кҥйде турмыз. Әр алма ағаштың 
орнында тізеден шабылған сирақтар қҧсап сойдиған-сойдиған тҥбірлер 
қалған. Қалың қардың астынан әр жерде кӛсенің иегіне шыққан сақалдай боп 
итмҧрын, бӛргездердің селдіреген шоқ-шоқ бҧталарының бастары қылтияды. 
Анадай жерде бағанағы тура алмай қалған орнында тарғыл ӛгіз қозғалыссыз 
жатыр, байғҧс жануардың арам ӛлгені айтпай-ақ тҥсінікті еді. Ҥстіне 
жапырлай ҥймелеген қарға-қҧзғын бізден ҥркіп дҥркіреп ҧшқан болды, бірақ 
бір-біріне: «Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Кетпеңдер, кетпеңдер!» — дегендей, тау-
қҧзды бастарына кӛтере азан-қазан боп қарқылдасып шуласып, тӛңіректен 
кетер емес. Басқа кӛз тоқтатар ештеңе жоқ, тау-тас, тӛңірек ӛзіміздің талай 
аралап, шарлап жҥрген жеріміз ыстық тартып таныс кӛрінгенімен, дәл мынау 


329 
жалтырап жатқан қарлы қия бӛтен бір жер сияқты әсер етіп тҧр. 
Мал бауыздарда шалдар: «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ, 
біссімілдә» деп, қыл кеңірдектен пышақпен орып жіберетін, сонда 
бауыздалған малдың алдындағы кінәсы жуылып-шайылғандай болатын, сол 
сияқты біз де қазір, ӛзіміз шаппасақ та, бізге деп отынға бӛлінген алма 
ағаштарды «сендерде жазық жоқ, ал бізде отын жоқ» дегендей, ҥш бҧта, тӛрт 
бҧтадан әрқайсымыз шама-шарқымызға қарай бӛлісіп, ауылға сҥйреп қайтуға 
ыңғайлай бастадық. 
− Әй, ана шалды қараңдар! — деді осы кезде балалардың бірі. Нҧсқаған 
жағына жалт-жалт бҧрылғанбыз, әлгінде ӛзіміз сҥрініп-қабынып әзер жҥрген 
ойқы-шойқы жолмен қолында таяғы бар, қалт-қҧлт басып, тоқсандағы 
Қуатбек шал келеді екен. Ауылдағы жасы ең ҥлкен сыйлы ақсақал тоқсанға 
келсе де бойын тік ҧстайтын, қалың қабағы тҥксиіп, тҥсі суық болатын: Біз: 
− Ассалаумалейкҥм! 
− Ассалаумалейкҥм! — деп жарыса сәлем бердік, бірақ ол кісі біздің 
сәлемімізді естімеген адамдай қасымызға ҥн-тҥнсіз таяп кеп, әуелі жалаңаш 
қалған бӛктерге сығырая кӛз тігіп біраз тҧрды, одан біздің не істеп 
жатқанымызды білгісі келгендей таяғына сҥйенген кҥйде бӛлісіп-бӛлісіп 
алған бҧталарымызға шҧқшия қарап: 
− Мҧны кім шауып берді? — деп сҧрады. 
− Шешендер,- дедік біз Махмҧд пен Зоккуды айтып. 
− Шекендер ме?! Ә-ә,- деді шал даусын соза басын изей тҧрып. 
Шалдың шешен деуге тілі келмейтін де «шекен» дейтін. 
− Шешендерге бҧйрық болса болды ғой… Апырмай, бір бҧта 
қалдырмапты-ау!. 
− Иә, бір бҧта қалдырмады,- дедік біздер іле қостап. 
Шал сығырая тҧрып тӛңіректі тағы да шола қарап шықты да, біздерге 
оқыс бҧрылып: 
− Ал енді жазда алманы қайдан жейсіңдер? — деген. Даусында 
сҧрақпен қатар кінәлау, сӛгу бар еді. Біздер не дерімізді білмей бір-бірімізге 
қарадық. Шынында да, жазда алманы қайдан жейтініміз ешқайсысымыздың 
ойымызға да келмепті-ау. 


330 
Шал мҧнан әрі әр адымын абайлап басып тарғыл ӛгізге қарай жҥрді. Ол 
жақындаған сайын, ӛлексе ҥстін тӛңіректеп ҧзап кете алмай ҥйіріліп ҧшып 
жҥрген қарға-қҧзғындар естері шыға шаң-шҧң боп мҥлде шуылдасып кетті, 
тіпті кеп біреуі қалт-қҧлт еткен шалды қағып ӛткісі келгендей, далы-дҧлы 
ҧшып кеп жанап ӛтеді. Шал ӛгіздің қасына барып, оның ӛліп қалғанына кӛзі 
анық жеткен соң, енді аяғын санап басып жоғары ӛрледі, енді шабылған алма 
ағаштардың сойдиған тҥбірлеріне барып әрқайсысына еңкейіп, ҥңіле тҥсіп, 
сипалап ҧстап кӛріп, тӛрт-бесеуін қарап шықты да, белін жаза тҧрып: 
− Әй, балалар, бері келіңдер! — деді бізге. 
− Барыңдар! — деді шал келгеннен оған ҥнсіз қарап тҧрған Әнипа 
апайымыз. 
Біз қасына таяған кезде, шал таяғымен бӛктерден әргі асып тҥскендегі 
екі шоқының қуыстана қосылған тҧсын нҧсқап: 
− Қазір анау арадағы Тасбҧлақтан барып, тҥбі қата қоймаған шығар, саз 
балшық әкеліңдер де мына тҥбірлерді сылап қойыңдар,- деді. 
Он шақты бала қос шоқының қуыстана қосылған тҧсындағы ӛзіміз 
жақсы білетін, жазда мынау бӛктерге алмаға келгенде кҥнделікті басына 
барып рақаттана отырып су ішетін Тасбҧлаққа қарай тартып кеттік. Бҧлаққа 
асып тҥсетін қабаққа кӛшкін тҧрған екен, тепкілеп ойып, алма ағаштан 
сындырып алған таяқпен қазғыштап баспалдақ жасап, бҧлақтың басына 
жеткенбіз, сірескен қалың қардың ортасында буы бҧрқырап жатыр екен. Мҧз 
болып қату деген мҥлде ойына келер емес, бҧрқ-бҧрқ қайнап қос шоқының 
бірге біткен кіндігі сияқты кӛрінеді. Жазда ішкеніңде суы шекеңді жарардай 
тастай суық болушы еді, шӛлдемесек те қазір де бҧлақтың ойпаңдау тҧсынан 
кезек-кезек жата қап еңкейіп ҧрттап су ішкенбіз, жоқ, жаздағы суықтығы 
білінбейді, қайта жылы сияқты, сарайыңды ашатын кәусар еді, тамсанып-
тамсанып қойып іштік. Жоғарыдан тҧрып қарағанда кішкентай ғана бҧлаққа 
бҥкіл кӛк аспан тӛңкеріліп тҥскендей кӛкпеңбек тҥпсіз тҧңғиық боп кӛрінсе, 
еңкейіп су ішкеніңде бҧрқылдап қайнап су шығып жатқан тас кӛмей жаны 
бардай бҥлк-бҥлк етеді екен. Толассыз қайнау, толассыз бҥлкіл. Қыстың кҥні 
айдаладағы тау қуысындағы кішкентай Тасбҧлақтың мынау тірлігі еріксіз 
таңдандыратын ғажап еді. 
Бҧлақтың кӛзінен сәл тӛмендеу шымдауыт саз да қатпапты, әлгіден 
әрқайсымыз кесек-кесек балшық қопарып алып кері қайттық. Сол балшықпен 
Қуатбек шал айтқандай етіп, сойдиған сирақ тҥбірлерді сылауға кіріскенбіз. 
Осы кезде ауыл жақтан атын борбайлай қамшылап Тҧржан жетті. Әуелі ол 
біздерді кӛзіне де ілместен, арнайы келген шаруасы сол болу керек, бірден 
тҧп-тура ӛлген ӛгізге қарай бҧрылған. Бағанағыдан кейін басылғандай болған 


331 
қарға-қҧзғындар тары шуылдаса бастады. Бірімен-бірі қайшы алысып, жалт-
жҧлт етіп кеп, Тҧржанға тап-тап берердей боп жанай ҧшады. 
− Ӛй, мыналар қайтеді-ей?! — деп, ақыра дауыстаған Тҧржан 
қапелімде қағып тҥсіргісі келгендей қамшы сілтеген. Қарға-қҧзғын онан 
әрмен шулап кетті, кейбіреулері бҥріп тҥсердей боп шаншылады. Қызық 
кӛргені ме, әлде бас айналдырғандай азан-қазан шудан сасқаны ма, Тҧржан 
сол оңды-солды қамшысын сілтелеген кҥйде: 
− Мыналар қайтеді, ей?! А-а-а…- деп аузын аша кҥлген. Тау-тас әлгі 
кҥлкіні қағып ап ондаған дауысқа салып: «А-а-а-а»… жаңғырыға жӛнелген. 
Ӛз даусының жаңғырығына ӛзі таңданғандай Тҧржан қайталай кҥлген, тау-
тас та ондаған дауысқа салып қайталап берді. Ӛлген ӛгіздің қасына барып, ат 
ҥстінде тҧрған кҥйде қамшысымен екі-ҥш рет салып-салып жіберді де: 
− Ӛй, мынау шынымен ӛліп қапты ғой, а-а-а-а…- деп ӛгіздің ӛлгеніне 
анық кӛзі жеткен соң, тағы мәз бола кҥлді. 
Тек сонан кейін ғана біздің әрекеттерімізге таңырқай қарап: 
− Әй, не істеп жҥрсіңдер?! — деп дауыстай сҧрады да, тҥбірлерді саз 
балшықпен сылап жҥргендерімізді кӛріп: — Әй, мыналарың не-ей?! А-а-а-
а…- деп бҧрынғы кҥлкісі кҥлкі ме, шын кҥлкіге енді батты. Басы балшықпен 
сыланған әр тҥбірге қолын шошайтып қойып, ішін баса тҧрып кӛзінен жас 
аққанша кҥлсін кеп, атының ҥстінен қҧлап қала жаздайды. 
− Мҥгедек сорлыларды шҥберекпен байламайсыңдар ма-ей, а! А-а-а-
а…- дейді мәз болып. Ҧрадай аузын ҥңірейте ашып шалқалай тҧрып 
кҥлгенде, бҥкіл тау-тас кҥлкіге толып кеткендей болады. 
− А-а-а-а… А-а-а-а… 
Әуелде оның кҥлкісіне мән бермегендей боп тҧрсақ та, сәлден кейін 
біртҥрлі тітірене бастадық. Тау-тасты жаңғырықтырған ессіз кҥлкі кӛңілге 
ҥрей туғызып, қорқыныш, кҥдік ҧялатайын деді. 
Тҧржан осылайша ӛзімен-ӛзі біраз тҧрып, кҥліп-кҥліп алған соң, атын 
борбайлата бір тартты да, жҥріп кетті. Біз сойдиған тҥбірлердің балта кескен 
жерлерін біршама сылап қойдық. 
− Әй, мына нәлеттің есі дҧрыс емес шығар,- деді Қуатбек шал оның 
соңынан сығырая қарай тҧрып. 


332 
− Әзірге осы жарай тҧрар, кҥн жылыған кезде кеп дҧрыстап сылап 
қойыңдар, сонда мына тҥбірлер ӛлмейді, алма ағаштар қайтадан ӛсіп кетеді 
әлі,- деді шал, онан соң Әнипа апайымызға қарап: — Қарағым, ӛзің бір есің 
бар бала кӛрінесің, мына шәкірттеріңе бас-кӛз бол, Алмалының алмасы 
қҧрып кетпесін,- деді. 
− Мақҧл, ата. 
Тек осыдан кейін ғана Қуатбек шал бастап, отындарымызды арқалай 
сҥйретіп ауылға қарай қайтқанбыз. Алып алма ағаштың тҧсынан ӛткенімізде, 
Қуатбек шал бҧрылып барып таяғымен оны әр жерінен бір тоқылдатып ҧрып 
кӛрді де басын шайқады. 
− Мҧның да ортасы шіріп тҧр екен ғой,- деді ӛзіне-ӛзі сӛйлегендей 
кҥңкілдеп, онан соң ҥйіріле тоқтап тҧрған біздерге: — Егер жазға дейін 
сынып қалмаса, мынаның тҥбіндегі ҥңгірді кӛміп, сыртының зақымданған 
жерлерін балшықпен сылап қойыңдар, ең болмаса біраз жылға дейін осының 
алмасын жеп жҥрерсіңдер,- деді. Біз мақҧл десіп, бас изедік.-деді, Ысқақ шал 
іштегі әңгіменің мәнін сыбырлай тҥсіндіріп. Сӛйткенше болған жоқ, іштен: 
− Әй, колхоз бастықтың тілін алмайтын сен кімсің-ей, а?! Осы ит 
сілікпеңді шығарайын ба?! — деген Тҧржанның даусы қосарлана естілген. 
− Тҧржан да осында ма еді? — деп сҧрадым мен таңырқап. 
− Осында. Ойбай-ау, ол біздің колхозға біржола ауысып келді ғой,- деді 
Ысқақ шал даусын кӛтере сӛйлеп.- Менің орныма атқарушы сол болады енді. 
− Ал сіз ше? 
− Е, мені қойшы, колхозда жҧмыс кӛп қой. 
− Жазасың ба?! — деп ақырған Байдалы шал. 
− Жазбаймын,- дейді Санат тістенген ҥнмен. 
− Жазасың! Мен саған жаздырам иттің кҥшігі. 
− Жазасың. Біз саған жаздырамыз! — деп қораланды Тҧржан. 
Мҧнан әрі бӛстекті ҧрғандай қамшының сарт-сарт еткені естілді. 
− А-а!..- деп баж ете тҥсті Санат. 


333 
Кӛз алдыма Байдалы шалдың тобылғы сапты дырау қамшысы келеді. 
− Жазасың ба? — дейді Байдалы шал. 
− Ӛлтірсеңіз де жазбаймын,- дейді Санат. 
− Қаршадай боп қасаруын. 
− Мә, ендеше!..- дейді Тҧржан кіжініп, тағы да қамшының ысқыра сарт 
еткені естілді. 
− А-а!..- деп шыңғырып жіберді Санат. 
− Мен сендей кҥшікті бҥйтіп ӛлтіре салам!..- дейді онан әрмен ызалана 
кіжінген Тҧржан. 
− А-а!..- деп Санат тағы шыңғырды. 
− Жә, болды. Қоя берші әрі! — деді осы кезде Байдалы шал. 
Есік сарт етіп ашылған, қҧлағын тосып тҧрған Ысқақ шал жалп етіп, 
ҧшып тҥсе жаздап тәлтіректеп әзер қалды. Іштен тҥтіге долданған Байдалы 
шал: 
− Әй, Ысқақ, мына кҥшікті әкетші! — деді ақырып. Есіктің тасасына 
тығыла қалған мені байқаған жоқ.- Иттің кҥшігі, жазбасаң жазба, тек бірақ 
осыдан аузыңнан бір ауыз сӛз шығатын болса, менен жақсылық кҥтпе. Анау 
кӛксау шал әкеңнен бастап, тҧқым-тҧяғыңмен тегіс қҧртам. Бар кет! — деді 
қатты ескертіп. 
− Тек аузынан шығып кӛрсін! — деді Тҧржан да ескертіп. 
Ысқақ шал ішкі бӛлмеден мҧрнынан қан дірдектеген Санатты алып 
шығып, маған «бол, тез әкет» дегендей ымдаған. Мен Санатты қолынан ҧстап 
сыртқа шығарып, біраз жер кеңседен ҧзағанымызша дедектетіп жетелеп 
жӛнелдім. Жақын маңдағы ҥйдің тасасына жеткен соң ғана аялдап, әуелі қар 
басып мҧрнының қанын тоқтаттық, онан соң омырауын тазалап, ҥсті-басын 
жӛндестірдім. Ӛксігін баса алмай солықтап тҧрған Санат кейінге, кеңсе 
жаққа қайырыла қарап: 
− Бәрібір жазбадым ғой,- деді тістене кҥліп.- Әй, әнеу Тҧржан деген 
тіпті жынды екен. Байдалы шал ымдаса-ақ болды, ӛлтіруге дайын.- Сол 
желкемнен қойып қап, бетімді ҥстелге тоқ еткізген, мҧрным содан қанады.- 


334 
Онан соң маған бҧрылды да: 
− Атам естісе, жҥрегі ауырады ғой, ешкімге айтпай-ақ қой! Сҥрініп 
жығылдым дей салармын,- деді қиыла ӛтініп. 
− Мақҧл, ешкімге де айтпаймын,- дедім мен уәде беріп. 
Сӛйтіп, еш жанға қысасы жоқ, қиянатсыз деп жҥрген Байдалы шал 
қолына билік тиген соң, қатын-қалашты қойып, бесіктен беліміз енді ғана 
шыққан бізді де ӛзінің былғаныш ісіне араластырып, кӛнбесек басымызға 
әңгір таяқ ойната бастаған еді. Ал оның аталас туысы Тҧржан маңдайымызға 
біткен сор болды. 
Екі-ҥш кҥн ӛткен соң, Бектай есепші мен Нҥсіп шалдың қызы Шынарға 
ФЗО-ға шақыртқан қағаз келген. Бектай келесі кҥні-ақ ел-жҧртпен қоштасып 
жҥріп кетті. Кетерінде маған кеп оңашалап шақырып алды да: 
− Қанат, саған салар бір қолқам бар,- деді маған тесіле қарай тҧрып.- 
Біздің ауылдың поштасын ӛзің білесің ғой, қыздарға келген хатты әркім бір 
ашып оқып, қолына тигізбейтінін. Сондықтан мен Қаншайымға жазған 
хаттарымды, қарсы болмасаң, сенің атыңа салып тҧрайыншы. 
− Мақҧл,- дедім мен. 
− Сенің қарсы болмайтыныңды ӛзім де біліп едім. Рақмет,- деп Бектай 
қҧшақтап арқамнан қақты.- Кебенек киіп кетіп барам ғой, кҥндердің кҥнінде 
бір қайтармын. Сенің бір әжетіңе мен де жарармын, әлі. 
Ал Нҥсіп шалдың қызы Шынар сол шақыру келген кҥні ақсақ 
Кӛбегенге тҧрмысқа шығып, кешкісін ҥйлену тойын жасады. Ертеңіне 
Кӛбеген екеуі ауданға кетіп, екі кҥндей сонда жҥріп, соғыс мҥгедегінің әйелі 
болған соң, ФЗО-ға бармайтын боп босап қайтты. 
* * * 
Атқарушылығын сол әнеугҥні кеңседе Санатты ҧрудан бастаған 
Тҧржан, соның ертеңіне Байдалы шалдың ҥйінің малдарын уақытында суғара 
қоймадың деп, Фрицыны кӛк ала қойдай қып сабапты, бірер кҥннен соң 
шӛпке барып қайтқан Манар шарығынан су ӛтіп тҥс кезінде ҥйіне келе 
жатқанда, жҧмыстан қаштың деп соңынан қуып кеп, ауылдың қақ ортасында 
кӛшеде аттың бауырына алып тҧрып, пәре-пәресін шығарыпты. 
Сӛйтіп, аз кҥннің ішінде-ақ Тҧржан бҥкіл ауылдың зәре-қҧтын ҧшырып 
аяғынан тік тҧрғызды. Кӛзі қҧтырған иттің кӛзіндей қанталап, ҧрадай 


335 
ҥңірейген аузынан боқтықтың неше тҥрі қардай борап, ақыра қуып берген 
кезде, қатын-қалаш, бала-шаға кірерге жер таппай безіп кететін болды. Ендігі 
жерде Тҧржанның даусы естілгенде, ҥрей қалмайтын. Не ҥлкен деп, не кіші 
деп қарамайтын, жолында тҧрсаң қамшысын бір кӛсіп ӛтетін, «Жазығым 
пе?» — дегендерге ол қарқылдап кҥле тҧрып: «Жолымда тҧрма!» — дейтін. 
Қалжыңы да, шыны да осы еді. Ауылдағы бҥкіл ит екеш иттерге дейін 
Тҧржанды біліп алған. Ол кӛшенің бір басынан шауып шығып екінші басына 
жеткенше тҧс-тҧстан шабалай қосылған иттер жау шапқандай шулап кететін. 
Тҧржан болса одан әрмен еліріп, қамшысын оңды-солды қҧлаштай сілтеп, екі 
жағына алақ-жҧлақ қарап, ҧрадай аузын ҥңірейте ашқан кезде: «А-а-а-а..лап», 
қарқылдай кҥліп бара жатқанын аңғаруға болатын. Сол кҥлкісі иттерді мҥлде 
қҧтыртып жіберуші еді. «Е-е, дҥние, шабарманын тауып, заман Байдалынікі 
болды ғой», десті ҥлкендер. Енді Байдалы шал бҧрынғыдай кӛшеде 
шапқылауын қойған, ешкімге қамшы да ҥйірмейді, торы жорғасын 
бҥлкілдетіп қойып ҧнатпағанына кӛзінің астымен ғана қарап ӛтіп кетеді, 
артынша-ақ сол жерге Тҧржан келіп, әлгінде Байдалы шалға ҧнамағанның 
быт-шытын шығарады. Шынында да, Байдалының ӛзі бастық болғанынан да, 
Тҧржан сияқты атқарушы тауып алғаны керемет әсер еткен еді елге. Және 
атқарушы болғанда қандай, шаш ал десе бас алатын, жамандық істеуде 
алдына жан салмайтын, қҧдай алдында да, адам алдында да айылын 
жимайтын нағыз есірік нақҧрыс еді. Ӛзі ӛлмейтін жерін және білетін. Кімге 
тиіссе де колхоз ҥшін, колхоздың жҧмысы ҥшін кҥйіп-пісіп, колхоз 
қҧрылысының біздің ауылдағы жалғыз жанашырындай болып алды. 
− Колхоз ҥшін, колхоз жолында мен ешкімді де аямаймын,- дейді еліре 
кіжініп.- Егер колхоздың суыртпақ жібін алған адамды кӛрсем, оңдырады 
екен демеңдер! 
Және сол айтқанында тҧрып, «колхоздан астық ҧрлаған», «колхоздың 
шӛбін ҧрлап жҥр», «колхоз жҧмысынан бас тартты» деп сылтауратып, 
талайды зар қақтырып қамшының астына ала бастады. Мен ӛзім оның бір 
есерлігінің — Кҥлғайша деген жесір әйелді сабағанының куәсі болдым. 
Ертеңгісін мектепке бара жатқам. Кҥн бҧлыңғыр, ызғарлы еді. 
Санаттардың ҥйінің тҧсында кӛшеде Оттоның шешесі Кәрелен мен әлгі 
Кҥлғайша екеуі сӛйлесіп тҧр екен. Кҥлғайша — кҥйеуінен ӛткен жылы қара 
қағаз келген, алды сегізге енді жеткен ҥпір-шҥпір ҧш баласы бар жесір әйел 
еді. Сонау қыс ортасында Нҧрсҧлудың баласы Серікті жалмаудан бастаған 
жҧпар ауруы содан бері ҥйден ҥйге ауысып, жас балаларды баудай тҥсіріп 
келе жатқан, соңғы кезде осы Кҥлғайшаның ҥйін де шырқ айналдырып, 
балалары бірінен кейін бірі ауырып, мазасы болмай жҥр екен деп еститінбіз. 
Міне, осы Кҥлғайша мен Кәреленнің тҧсынан ӛтіп бара жатып, Оттоның 
кеше сабаққа келмей қалғаны есіме тҥсті де, мамасынан не болғанын сҧрай 
кетейінші деген оймен әлгі кісілерге қарай бҧрылғам. Кәрелен Санаттардың 


336 
ҥйінен тамызық от алып шыққан беті болса керек, қолында ҧзын сапты 
қалаққа салып алған, тҥтіндеп бықсыған жарты кесек тезегі бар, кӛзінің асты 
кӛлдіреп, арықтықтан бозаң ӛңі арса-арса боп, сҥйекті ірі денесі иінағаш 
қҧсап ілмиіп тҧр. Қолы жақсы тоқу білетіндіктен, ҥстіндегі киімдерінің бәрін 
жҥннен ӛзі тоқып киген кішкентай Кҥлғайша оның кіндігінен ғана келіп тҧр. 
Ертеңгі ызғарда екеуі де бҥрсек-бҥрсек етеді. 
− Кизин қалай? — деп сҧрайды Кәрелен. 
− Ой, қиын боп тҧр, Кәрелен. Тҥні бойы кҥйіп-жанып кӛз ілген жоқ,- 
дейді кӛзі қызарған Кҥлғайша.- Анау сиыршының ҥйінен сҥт сҧрап әкеле 
жатырмын. Ыстық сҥт берсем тәуір бола ма деймін де,- деді қолындағы 
кіреңкені кӛрсетіп. Бҧл кіреңкені мен де айтпай танимын, кәдімгі Петьканың 
ҥйінің жалғыз кіреңкесі, біздің қоңыр сиыр бҧзаулаған кезде, Петьканың 
шешесі Бӛлке апай осы кіреңкемен кеп біздің ҥйден ылғи сҥт алып тҧратын. 
Петька ылғи мақтанатын, кіреңкеге қҧйған сҥт еш уақытта ірімейді, сап-
салқын боп тҧрады деп. Солай болса солай шығар. Ауылда басқа ҥйде 
мҧндай кіреңке жоқ. Жалпы соғыс жылдары бҥкіл ауылда бҥтін бір ыдыс 
болған емес, темір ыдыстардың тҥбі тесік, оларға тҥйіншектеп шҥберек 
ӛткізіп қоятын, ал шыны ыдыстар шетінен қҧрсауланған қырық жамау боп 
келетін, сондықтан Петьканың ҥйінің жалғыз кіреңкесін кӛрші-кӛлеңдері аса 
бір зәру шақта сҥт қҧюға ғана сҧрап алатын, міне, Кҥлғайшаның қолындағы 
сол кіреңке еді. 
− Сҥт жақсы. Жақсы,- дейді Кәрелен басын изей мақҧлдап. Онан соң 
ӛзі білетін қазақша сӛздерді есіне тҥсіре тҧрып: — Ҥй суық болмайды…- 
дейді басын шайқап.- От… кӛп от… 
− Ҥйіміз салқындау,- дейді Кҥлғайша кҥрсіне сӛйлеп.- Сабаннан басқа 
отынымыз жоқ. Жазда жҧмыстан қол тимей тезек те жинай алмадым… 
− Мен саған тезек береді. Кел,- деген Кәрелен. 
− Келем, қазір келем,- деді Кҥлғайша. 
Осы кезде қайдан тап болғаны белгісіз, бір топ иттерді шуылдатып 
соңына ертіп Санаттардың ҥйінің тасасынан Тҧржан шыға келген, кӛшеде 
тҧрған әйелдерді кӛре сап: 
− Ой әкеңнің!.. Мына жақта колхоздың малы қырылып жатқанда, 
бҧлардың таң атпай сенделіп жҥрістерін! — деп ақыра ҧмтылды. 


337 
«Ойбай, мына жынды сҥрей кеп қалды» — деп, Кҥлғайша ӛз ҥйіне 
қарай, «Хо, Готт… Готт!» — деп, Кәрелен ӛз ҥйіне қарай жҥгірген. 
− О тотыңмен қоса әкеңнің! — деп Тҧржан әуелі Кәреленді бір салып 
ӛтті де, онан соң Кҥлғайшаның соңынан бастырмалата тап берді.- Не ҧрлап 
әкеле жатырсың? Алдыңдағыңның ішінде не бар? Кәне, жаныңның барында 
кӛрсет? 
Кҥлғайша тоқтай қоймаған соң, қуып жетіп қамшымен салып-салып 
жіберген. Бҥрсектей қашқан Кҥлғайша ӛзі бір жаққа, қолындағы кіреңкесі 
екінші жаққа ҧшып кетіп кҥл-парша болған. 
− О, әкеңнің… иттің қатыны! Колхоздың сҥтін ҧрлап келе жатыр екен 
ғой. Бәсе! Әлгінде сиыр қора жақты жағалап жҥр еді. Мен саған колхоздың 
сҥтін ҧрлағанды кӛрсетейін! -деп, Тҧржан қолымен бетін, басын қорғалап, 
ойбайлап жатқан Кҥлғайшаны қамшының астына алып кеп берді. 
Айқай-шуға тӛңіректегі ҥйлерден қатын-қалаш, бала-шаға жҥгіре-
жҥгіре шыққан, араларында еркек атаулыдан жалғыз Қыдырман ғана. 
− Ойбай, ӛлтірдің ғой, сорлыны! — деп әйелдер шуылдаса кеп ара 
тҥскен. Қыдырман да: 
− Қойсаңшы! Әй, қойсаңшы! — деп ҧмтыла жеткен. 
Дәл осыны кҥткендей Тҧржан Кҥлғайшаны тастай бере, атын еміне 
тебініп қап, «қҧдай берді ме, сені» дегендей, Қыдырманға қарай жалт 
бҧрылды, қуанып кеткені сонша, аузын арандай ашып: «А-а-а-а-а» — деп 
сақ-сақ кҥлді. Атын ойқастата шауып кеп қамшысын бар кҥшімен қҧлаштай 
сермеп Қыдырманды салып ӛткен, соққының қатты тигені сонша, Қыдырман 
жалп етіп ҧшып тҥсті, енді Тҧржан атының басын кейін бҧрып, екінші 
жақтан ойқастата кеп Қыдырманды жатқан жерінде тағы бір кӛсіп ӛтті, бҧл 
жолы қамшы Қыдырманның қоңыр тонын дәл жауырынан пышақпен 
тілгендей қақ айырды. Тҧржан ҥшінші қайырылып келе жатқанда, Қыдырман 
жан дәрмен ҧшып тҧрып, екі қолымен басын, бетін қорғалай берді. 
Тҧржанның қамшысы тағы да жауырынынан сарт етіп кеп, ҧшы қолтығының 
астын ала оралған кезде, Қыдырманның да қолы іліккен еді. Енді бҧл да бар 
кҥшімен қамшыдан жҧлқа тартып қалған, қапелімде Тҧржан аттан ауып тҥсе 
жаздады, бірақ тез тҥзеліп, атының басын шҧғыл бҧрып, Қыдырманды 
омыраулата қағып ӛтпек болған. Қыдырман шетке қарай жалт бҧрылып 
шығып кетті, бірақ қамшыдан айырылған жоқ, ҧшын қолына орап ҥлгерді, 
шірене тҧрып тағы да тартқан, бҧл жолы Тҧржанның қолы артына қарай 
қайырылып, дәрте қҧсап созылып барып, ақыры бҥлдіргесі ҥзіліп қамшысы 
қолынан шығып кетті. Қамшы қолына тиген Қыдырман тойтық жаздады ғой. 


338 
Ал бҧл ат — колхоздың аты, яғни ӛкіметтің меншігіндегі ат,-деді Тҧржан. 
− Қыдырман қамшыны сізге қарай сілтегені болмаса, сізге де, атқа да 
тигізген жоқ болатын,- дедім мен ағымнан жарылып. 
− Сен байқамағансың ғой, аттың басынан екі-ҥш рет ҧрып-ҧрып 
жіберген, мына қамшы кӛзіне сонда тиді,- деді Тҧржан мені сендіргісі 
келгендей тӛндіре сӛйлеп. Онан соң есіне тҥскендей: — Әй, осы сендердің 
жеке меншік шӛптеріңді сол Қыдырман колхоздың шӛбіне қосып жіберген 
кӛрінеді ғай,- деген. 
− Иә, жарты шана шӛбіміз колхоздың шӛбіне қосылып кетті,- дедім 
мен. 
− Е, оны мына маған айтпайсың ба. Ӛзім ертең-ақ ҥйлеріңе тҥсіріп 
берем. Тағы жартысы бар ма еді шӛбіңнің? 
− Иә, Қоғалы бҧлақта әлі жарты шанадай шӛбіміз қалған. 
− Ол шӛбіңді де тҥсіртіп берем. 
Мен қуанып кеттім. Осы уақытқа дейін соншама, жексҧрын кӛрінген 
Тҧржан дәл қазір маған аса бір қайырымды, қамқоршыл адам боп кӛрінді. 
− Тезірек тҥсіртіп берсеңіз жақсы болар еді, аға, әйтпесе шӛбіміз бітіп 
қалды,- дегем мен. 
− Сӛз боп па, ертең-ақ тҥсіртіп берем. Тек менің де саған салар қолқам 
бар,- деді ол маған жылтылдаған кішірек кӛздері шаншыла қарап.- Бҥгін 
ертеңгісін анау кҥлиган Қыдырманның менің қамшымды тартып алып, 
ӛзімді, мына колхоздың атын басынан ҧрды деп жазып берсең болды. 
− Ол ҧрған жоқ қой, сіз оны жақындатпадыңыз ғой. 
− Ал сен ҧрды деп жаз. Колхоздың атының кӛзін ағызып тҥсіре 
жаздады де. 
− Ой, ағай, ӛйтіп ӛтірік жала жаба алмаймын ғой,- дедім мен. 
− Әй, мен саған шӛптеріңді тҥсіртіп берем деп тҧрмын ғой. 
− Бәрібір мен ӛтірік жаза алмаймын. 


339 
− Әй! — деді Тҧржан кенет ақырып қап.- Мен айтып тҧрмын ғой саған 
жаз деп. Солай жаз! 
− Мен ешқандай да жаза алмаймын. 
− Егер жазбасаң кӛресіңді кӛрсетем мен саған. 
Мен ҥндемедім, тістенген кҥйде теріс қарап кеттім. Ту сыртымнан сарт 
ете қалған қамшыдан ҧшып тҥсе жаздап барып жҥрелеп отыра бердім, оң жақ 
шекем тыз етіп, кӛзімнің оты жарқ ете тҥскен. Тағы да ҧратын шығар деп 
бҧғып қорғаншақтай бергем, бірақ қамшы қайтып тиген жоқ. Біраз тҧрған 
соң, неғып тым-тырыс бола қалды деп басымды кӛтергем, Тҧржан кейін 
кеңсеге қарай шауып кетіп барады екен. Сӛйтіп, бір қамшымен қҧтылғаныма 
қуанып, мен ӛз жӛніме кеттім. Тек ендігі жерде Тҧржан тҧрғанда, шебімізді 
тҥсіріп ала алмаспыз деген ой қайта-қайта келе береді. «Қыдырман бар ғой, 
бірдеңе ғып сол жеткізіп берер»,- деген жалғыз ғана кӛмескі ҥміт кӛңілге 
жҧбаныш еді. Екі-ҥш кҥннен кейін сорымызға қарай сол кӛңілге жҧбаныш 
болған жалғыз ҥмітімізден де айырылуға тура келді. 
Мектепте ҥлкен ҥзіліске шыққан кезіміз болатын. Қыдырман 
тойтықтың ҥйінің тӛңірегінде қаптап жҥрген адамға кӛзіміз тҥсті. Мҧндайда 
бала қалушы ма еді, екі ӛкпемізді қолымызға алып, шуылдаса жҥгіріп біз де 
жеттік. Келсек, біз танитыннан шолақ қол ӛкіл Әлтаев жолдас және колхоз 
бастық Байдалы шал, бригадир Зибаш бар, басқалары ылғи бір тҥстері суық 
бӛтен адамдар, орталарында екі милиция Қыдырманның ҥйіне тінту жасап 
жҥр екен. Есіктерінің бәрі аңғал-саңғал ашылған, ҥй ішіндегі азын-аулақ 
дҥние: кӛрпе-жастық қалай болса солай шашылған, аурулы шешесі мен іні-
қарындастары жалаң аяқ, жалаң бас дірдек-дірдек етісіп біресе сыртқа 
шығып, біресе ішке кіріп шуылдаса жылап жҥр де, Қыдырман тойтықтың ӛзі 
ӛңінен қаны қашып, қу шҥберектей боп бозарып ҥй мен қораның ортасында 
тҧр. 
Тінту жасап жҥргендер бҥгін МТС-тан келген комиссия екен. Кірген 
бетте-ақ сиыр қорадағы ақырдың ішінен шӛптің астына тыққан екі пҧттай 
бидайды тауып алыпты. Колхоздың тҧқымға деген астығынан ҧрланған екен. 
Қыдырман тойтық тістене дірілдеп: 
− Жоқ, мен мҧны кӛрген де, алған да жоқпын, білмеймін,- деп азар да 
безер боп тҧр. 
− Мынау тесік қаптан тҥскен бидай астық қоймасынан осы ҥйге дейін 
шашылып келген ғой. Міне, ізі де жатыр,- дейді шақылдай сӛйлейтін бітік 
кӛз қара жігіт. Киіміне, жҥріс-тҧрысына, сӛз әлпетіне қарағанда бәрінің 


340 
басшысы сияқты. 
− Мынау менің ізім емес, менің аяғым, міне, мынадай және біздің ҥйде 
мҧндай қап жоқ,-дейді Қыдырман тойтық. 
− Қарағым, мҧндай қап бізде болған емес. Бҧл кім де болса ауылдағы 
біреудің бізге жамандық жасау ҥшін істеп отырған қиянаты,- дейді 
Қыдырманның шешесі де кӛз жасын кӛл-кӛсір тӛгіп, еңірей тҧрып. 
− Ол жағын әлі тексереміз,- деді қара жігіт, онан соң әр жерді бір 
шҧқылап тінту жасап жҥрген милицияларға: — Әй, анау тӛбедегі шӛптің 
арасын, мынау кҥлдің астын қараңдар! -деп бҧйырды. 
Екі милиция қолдарына аша, кҥрек алып дереу қораның ҥстіне шығып, 
ондағы шӛптің астан-кестенін шығарып ақтарыстырып тастады, одан осы 
ҥйдің ала қыстай кҥресінге тӛккен кҥл-қоқысын бҧрқылдатып аударыстырды, 
сәл кҥдік туғызады-ау деген жерлердің бәріне бойлата істік темір 
сҧққыланып, ҥй маңайында қопарыла қазылмаған тӛмпешік қалмады, бірақ 
әлгі ақырдан шыққан екі пҧт астықтан басқа ештеңе табылмады. Бітік кӛз 
қара сҧп-сҧр боп қанын ішіне тартып соның бәріне сҥзіле қарап, темекісін 
сорып қойып бақылап тҧрды. Шын мықты бастық болса керек, тіпті шолақ 
қол ӛкілге дейін оның алдында бәйек қағып именшектеп тіке беттей алмай, 
анадайдан қас-қабағын аңдап, ӛзара кҥңкілдесіп қана сӛйлеседі. 
Тінту бітіп, келгендер қайтуға ыңғайланған. Байдалы шал әлгі бітік кӛз 
қараға таяп кеп, ҥйіне шайға шақырды. 
− МТС-қа дейін талай жер. Дайын шай екен, іше кетелік,- деді шолақ 
қол ӛкіл де. 
− Жарайды, дайын болса ішейік,- деді бітік кӛз қара зорға кӛнгендей 
боп, одан бағанадан тінту жасап тыным таппай қара терге тҥскен екі 
милицияға: — Әй, сен екеуің мынаны әкете беріңдер,- деді иегімен 
Қыдырман тойтықты нҧсқап.- Мен соңдарыңнан қуып жетем. 
Сӛйтіп, ӛзі екі милициядан ӛзге комиссия мҥшелерін ертіп Байдалының 
ҥйіне қарай бет алды. Ал екі милиция қос торы ат жегілген шаналарының арт 
жағына қолын артына қайырып байлап Қыдырманды отырғызып алып, МТС-
қа баратын жолға тҥсіп жҥріп кеткен. Қыдырманның шешесі мен іні-
қарындастары кісісі ӛлген ҥйдей боп ҧлардай шулап, шуылдаса жылап қала 
берді. Дәл осы кезде ғана байқадық, тінту басталғаннан анадай шетте ат 
ҥстінде бір жамбастай қисайып бар оқиғаға сырттай қарап тҧрған Тҧржан 
атын тебініп қап, шананың соңынан таяп барды да, Қыдырманды 


341 
қамшысымен тартып жіберердей боп тӛне тҥсіп: 
− Ӛзіңе де осы керек, кҥлиган, а-а-а-а…- деп рақаттана кҥліп алды да, 
кілт кейін бҧрылып шаба жӛнелді. Қуанышында шек жоқ еді. Тӛңіректегі 
бес-алты ҥйдің иті осыны кҥтіп тҧрғандай-ақ оның соңынан шуылдаса 
шаптығысып қуып берген. Оларға басқа иттер қосылып, лездің ішінде ауыл 
арасы уылған-шуылған ит базары болды да кетті. 
Бҧл сҧмдық еді. Кеше ғана жайраңдап жҥрген, ешкімге залалы жоқ, 
қолынан келсе тек жақсылық жасағысы кеп тҧратын Қыдырман тойтықтың 
аяқ асты ҧры атанып, айдалып кетуі еш кӛңілге қонбайтындай. Мен сабақ 
ҥстінде отырып не оқып, не қойғанымды білген жоқпын, ойымнан Қыдырман 
тойтық кетер емес. 
Ауыл арасында Қыдырман біреудің жаласымен нақақ кҥйіп отыр деген 
сыбыс тарады. Ӛйткені Қыдырманның шешесі кӛшеге шығып, қолына дәм-
тҧз ҧстап тҧрып, баласының ешқандай бидай ҧрламағанына қарғанып-сіленіп 
ант-су ішіпті. 
− Балама жала жабылып отыр, еш жазығы жоқ еді…- деп еңірегенде 
етегі толыпты. 
Ҥлкендердің сӛзінен тағы бір аңғарғанымыз, Қыдырманның ҧсталуына 
шолақ қол ӛкілдің де қатысы бар сияқты, ол тойтықтан Зибашты қызғанатын 
кӛрінеді. Бҧрын Нҧғыман бастық боп тҧрған кезде, Зибаш турады пәлен 
деуге батпаған ӛкіл, оған тек сырттай телміре қарап айналшақтап кӛзін 
сатқаннан әріге бара алмай діңкелеп жҥрсе, енді Байдалы шалды ӛз қолынан 
бастық сайлаған соң, айтқанын екі еткізбей орындатып Зибашты дереу 
бригадир қойғызды, сӛйтіп, келіншектің кӛңілін алып, ӛз дегеніне жетті 
десті. Елдің аузына кім қақпақ болады, біраз кҥннен кейін: «Қыдырманға 
қиянат Тҧржанның қолымен жасалыпты» деген сӛз де шықты, астық 
қоймасынан бидайды тесік қапқа сап кӛтеріп апарып Қыдырманның 
қорасындағы ақырға тыққан сол екен. Тҧржанды қаршадайынан білетін 
кейбір ҥлкендер: «Ол жҥзіқараның сырты қандай қара болса, іші де сондай 
қара еді, одан бәрін де кҥтуге болады»,- десті. 
Зибаш болса жорғасы Байдалының торы жорғасынан кем емес, бҧрын 
Нҧғыман мінетін қара жал Қҧлажорғаны бас аты етіп мініп, ертеңді-кеш 
кӛше ортасында жайқақтата жҥріп дік-дік етіп сӛйлейтін әдет шығарды. Аз 
кҥннің ішінде-ақ ӛңінің тотыққаны кетіп, ақ қҧбаланып, маңдайы жарқырап, 
ӛзі тіпті әдеміленіп кетті. Ҧяң сияқты кӛрініп сызылып тҧратын мінезінен із 
де қалған жоқ, ҥлкенге де, кішіге де ат ҥстінен шаншыла тік қарап: -«Сен 
анау жҧмысқа бар!», «Сен мына жҧмысқа бар!» — дейді кесімді нық ҥнмен. 
Әуелде кейбіреулер оған: «Әй, сен ӛзіміз білетін Зибаш едің ғой» дегендей 


342 
жҥре тыңдап қалжақтамақ болған екен, ондайларды қара жҧмыста жҥріп 
білегі қатқан қарулы келіншек қамшымен бір-екі рет қайқайтып тҧрып кӛсіп-
кӛсіп жіберсе керек. Ал таяқ кімді де болса кӛндіреді ғой. Сӛйтіп, қолында 
билігі бар, атқа мінген адам, мейлі тіпті әйел болса да бағынуға мәжбҥр етеді 
екен. 
ЖАУЫЗДЫҚ 
Қоңыр сиыр кҥннен кҥнге іші жер сыза ҥлкейіп, кӛзінің ағы молайып 
аларып, пыс-пыс етіп есіктің кӛзінен кетпейтін боп алды. Ҥйден қайсымыз 
шықсақ та ыңырана мӛңіреп қолымызға қарайды, тҧмсығын созып иіскелеп 
жем тілейді. Ӛзіміз шықпа жаным шықпалап арпа сҧлыны қуырып, әр тҥйірін 
таңдайымызға сап талшық етіп отырғанымызда, оған қайдан жем берелік. 
Соңғы кезде шӛпті де ертеңді-кеш қора тӛбесінен уыстап қана тҥсіремін. 
Әжем: «Балам, алдымызда қандай-қандай кҥн бар, шӛбіңді ҥнемдеп ҧста, әлі 
мал тӛлдегенде керек болады»,- деген. Сондықтан уыстап санап тҥсірген 
шӛптің ӛзін бірден малдың алдына тастамай, сабанға араластырып жіберем. 
Қоңыр сиыр да, екі ешкі де қалың сабанға араласып кеткен шӛптерді теріп 
жейміз деп тінтінектеп жҥріп сабаннан да біраз жеп алады. Мен соған 
қуанам. Әйтеуір, қаңтарылып қалмай, сабан да болса жей берсе екен деймін. 
Қоңыр сиыр мен екі ешкінің сабанды ҥңгілегендеріне қарап тҧрып Петька: 
− Сҧлы талқанға бидай талқанды араластырып жегендей болатын 
шығар,- деп кҥлді. Онан соң:- Шӛпті неге кӛбірек салмайсың?- дейді мені 
сараңсып тҧрсың ғой дегендей. 
− Кӛп салуға болмайды, шӛп аз,- деймін. 
− Әй, былтыр жазда, пішен кезінде Нәзира әпкең екеуің ертеңді-кеш 
жҥріп бір қысқа жетерлік шӛп шауып едіңдер ғой. Оларың қайда, бітіп қалды 
ма? 
− Жоқ, біткен жоқ, ол шӛп ӛзімізге бҧйырмай тҧр ғой,- деп, мен Қоғалы 
бҧлақтағы шӛбіміздің жайын айтқам. 
− Сен ӛзің қызық екенсің, бар шӛптен кҥдеріңді ҥзіп,- деді Петька мені 
жазғыра сӛйлеп.-Жарайды, колхоздың қорасына тҥсірілген шӛбіңді ала 
алмай-ақ қой, ал қалған шӛбіңді неге тҥсіріп алмайсың? 


343 
− Немен тҥсірем? Тҧржан тҧрғанда колхоздың шанасына жолатпайды. 
− Колхоздың шанасының керегі де жоқ. Ол Тҧржан мен Байдалыны 
қайтесің жаман атты боп. Шӛбіңді біз ӛзіміз-ақ жеткізіп алмаймыз ба?! — 
деді Петька қызынып. 
− Немен? 
− Қол шанамен. Оттоның отын тасып жҥрген ҥлкен қол шанасы бар 
емес пе?! Сонымен екеуміз барып әліміздің жеткенінше тартып әкелеміз. 
Ҥш-тӛрт рет барсақ бәрін болмаса да біраз шӛпті жеткізіп алуға болады ғой. 
Қоңыр сиырдың сҥтін ішкенде қҧдай қҧрлымыз. Сондықтан оның шӛбін 
жеткізуді парыз деп білейік. 
Сонымен Петька екеуміз Оттоның отын тартатын ҥлкен қол шанасын 
сҧрап алып, демалыс кҥні Қоғалы бҧлаққа бара жатқан шӛпшілер Кӛлбай 
керең мен Манарға ілесіп жолға шықтық. Бізбен бірге Оттоның да барғысы 
келген, бірақ аяқ киімі жыртық болған соң амалсыз қала берді. 
− Қоғалы бҧлақтың қыста қандай болатынын кӛру керек еді, мына 
аяқтың жарамай тҧрғанын қарашы,- деді тҧмсығы сӛгіліп бақаның аузындай 
боп тҧрған шарығын кӛрсетіп. 
Ауылдан ҧзап шығып тӛбе асқанша ӛгіз шаналардың соңынан жаяу 
ілесіп жҥрдік. Шаналардың артына жармасып отыруға, кӛріп қалса пәле 
қылар деп Тҧржаннан қаймықтық. Тӛбені асып, ауыл қарасы кӛзден таса 
болысымен-ақ арттағы Манардың шанасына жабысып-жабысып алғанбыз. 
Тоз-тоз болған боз тонының жағасына тҧмсығын тығып алып, 
шанасына жантайған кҥйі кӛзін бір ашып, бір жҧмып қалғып-мҥлгіп жатқан 
Манар ләм деген жоқ. Тіпті біздің соңдарынан ілесіп келе жатқанымызды, 
бар-жоғымызды елең қылар емес. Бҧрын адамға кҥлімсірей қарап, жылы 
тартып тҧратын ӛңі де бір тҥрлі сҧсты еді. Әнеугҥні Тҧржанның қамшысынан 
қалған кӛзінің астындағы кӛгілдір ісік әлі тарай қоймаған, сол да ӛңін 
тҥнертіп сҧсты ғып тҧрған сияқты. 
− Рҧқсатсыз отырдық па, қалай ӛзі? — деген Петька кҥліп. Әрине, 
маған сӛйлеген боп Манарға естірте айтқаны, бірақ Манар елең еткен жоқ. 
Біраздан кейін етіміз ҥйренген Петька екеуміз шананың ҥстіне 
жайғасып отырып еркінси бастадық. 
Манар бізді енді ғана байқағандай алара бір қарағаны болмаса ҥндеген 
жоқ. Оның ҥндей қоймағанынан тартынған Петька жоқ, сәлден кейін тағы 


344 
сӛйледі. 
− Біздің Зоя ҥйде ылғи сені аузынан тастамай айтып отырады,- деген. 
Осы сәтте ғана Манар кӛзі жарқ етіп басын кӛтеріп алды. Петька болса сӛзін 
әрі қарай жалғастырған.-Бірге оқығандарыңда бір партада қатар 
отырыпсыңдар ғой. 
− Иә…- деді Манар кҥрсініп. 
− Сені жақсы оқыды дейді Зоя. Арифметиканың есептерін ӛте тез 
шығаратын еді дейді. Егер оқи бергенде керемет математик болатын еді 
дейді. 
− Иә… 
− Бір рет мҧғалім шығара алмаған мәселе есепті сен шығарыпсың ғой. 
− Иә… 
− Мінезіңді қыздай еді дейді Зоя. Бетіне тура қарасаң қып-қызыл боп 
қызарып кететін еді дейді. Есеп кӛшіру ҥшін балалар сенің қасыңа отыруға 
таласады екен ғой. Сонда біздің Зоя бәрін жеңіп кетеді екен. Манардың 
қасына ӛзім ғана отыратынмын дейді. Кластағы балалардың бәрімен 
тӛбелесетінмін, тек Манар екеуміз тату отырушы едік дейді. 
− Иә-ә… 
Манардың даусы бір тҥрлі дірілдеп, қыстығып шықты, жалт қарасам, 
ол қалғып кеткендей кӛзін тарс жҧмып алыпты, кӛзінің астындағы кӛгілдір 
тартқан ісіктің ҥсті жылтырап кӛрінеді. Жалғыз тамшы жас жол сызып 
бетінің ҧшына қарай сырғып барады екен. Ойында ештеңе жоқ, самбырлап 
сӛйлеп отырған Петьканы ақырын ғана тҥртіп, Манарды ымдадым. Петька 
оған аңыра қарады да тілін тістеп алғандай ҥнсіз қалды. Енді екеуміз де бір 
тҥрлі ыңғайсызданып, не боп қалды дегендей бір-бірімізге жалтақтасып. 
Манарға ҧрлана кӛз тастап қойып теріс қарап ҥнсіз отырдық. Шана ақырын 
ғана жылжып сырғиды, табанының бір қалыпты сызыла шыққан шиқылы 
ыңырсып жылағандай естіледі. Таусылмайтын ыңырсу. Ыңыршақтары 
шыққан қабырғалары арса-арса ӛгіздер аяқтарын санап басқандай ілбіп 
келеді. 
− Жаяу-ақ жҥрейікші,- деді Петька бір кезде сыбырлап. Сірә, ӛгіздерді 
аяп кетсе керек. Екеуміз шанадан қарғып тҥсіп, қатты қардың ҥстімен 
қатарласа жаяу жҥрдік. 


345 
Аспан ашық, әбден ысқылап сҥртілген кӛк мӛлдір шыныдай тап-таза 
боп тӛбеге тӛңкеріле қалған. Сәскеге кӛтерілген кҥн де ерекше маужырап 
тҧр. Мынау қарлы далаға бҥгін бір мейірі тҥскендей елжірей қарайды. 
Кӛптен ҥстеме жаумай сҧр тартқан қардың ҥсті ескірген бәтестей 
сарғыштанып, қыраттар мен дӛңестеу тҧстарда әр жер — әр жерінен 
сетінегендей, яки тігісі сӛгілгендей ақырындап жыртылып, астынан қара жер 
кӛрініп жатыр. Қыс кӛрпесінің тоза бастаған белгісі де. 
Манардың шанасынан ілгерілеп, озып шыққан соң, Петька қайтадан 
даусын шығара сӛйлеп: 
− Мен Жиренқасқа айғырмын, ал сен Қҧла айғырсың,- деді, сӛйтті де 
қабағын тҥйіп Жиренқасқа айғыр боп кісінеді: — И-и-а-а-а!.. Оған ілесе 
қабағымды тҥйіп Қҧла айғыр боп жер тарпынып мен де кісінедім. 
− И-и-а-а-а?… 
Бҧл екі айғырдың екеуі де ауылдың мақтанышы, кҥшті десең кҥшті, 
жҥйрік десең жҥйрік, екеуінің адамдай ақылды қасиеттері туралы талай 
ғажап әңгімелер тараған, небір ақ тҥтек борандарда ҥйірлерін шашау 
шығармай ӛздері қайырып бағып, ит-қҧсқа жасаған айбат қарсылықтарын 
жылқышылар аңыз ғып айтатын. Міне, Петька екеуміз сол екі айғыр боп 
кісінеп, жҧлқына алға ҧмтылып, екпіндесе желіп жҥріп кеттік. Алдыңғы 
шанадан оза бергенімізде: 
− Әй, сен екеуің қайда барасың?-деді бізді енді ғана кӛрген Кӛлбай 
керең. 
− Шӛпке! — дедік қосарлана дауыстап. 
− А! 
− Шӛ-ӛп-ке-е! — деді Петька оның қҧлағына таяп айқайлап. 
− Шӛпке?! Мына шанамен бе?! — деп Кӛлбай керең шанамызға 
саусағын шошайтып ал кеп кҥлсін. 
− Пысқырма,- деді Петька.- Ӛзі ӛгізбен ілбіп келе жатып Жиренқасқа 
айғыр мен Қҧла айғырға кҥледі ғой. Кәне, жер тарпып жҥрелік.- Сӛйтті де ӛзі 
«И-и-а-а-а!..» кісінеп оң аяғымен қатты қарды теуіп-теуіп қап секіріп тҥсті. 
Оның істегендерін мен де айнытпай қайталағам. Қарсы алдымыздан жел есіп, 
қҧлшына тҥсіп келеміз. Маңдайымыз тершіп, ӛңіміз алабҧрта қызарып етіміз 
қызып алғанбыз. 


346 
− Әй, балалар!- деді осы сәт Кӛлбай керең соңымыздан дауыстап,- 
онша алыс кетпеңдер, қазір қасқырдың адамға шабатын жаман кезі. 
Иә, Кӛлбай кереңнің бҧл айтқанына қҧлақ аспаса болмайды. Соңғы 
кезде қасқыр деген ауылды тӛңіректеп шашау шыққан мал болсын, ит 
болсын жеп кететін, тіпті адамдарға да шапқанын, жалғыз-жарым жолға 
шыққандарды жеп кетіпті-міс деген ҥрейлі әңгімелер де естілетін. 
Біз екпінімізді баяулатып, енді Кӛлбай кереңнің шанасына қарайлап 
қапталдаса жҥрдік. Кӛлбай керең біздің шанамызға қарап қояды да, екі 
қҧлағына жете мәз боп кҥледі. Кҥлген кезде онсыз да жап-жалпақ бет-аузы ет 
табақтай боп мҥлде жалпайып, шегір кӛзі мҥлде кӛрінбей сығырайып кетеді. 
Тек әлден уақыттан кейін ғана: 
− Әй, сен екеуің менің кҥлгеніме ренжімеңдер,- деді езуін жимастан,- 
Мен сендердің мына тірліктеріңе риза болғаннан кҥліп келем. Жарайсыңдар! 
Ҥлкен жігіт болыңдар! 
− Рақмет! Айтқаныңыз келсін,- деді Петька. 
− А! Не дейсің? 
Петька шанаға таяп барып оның қҧлағына әлгі сӛздерін айқайлай 
қайталаған. Кӛлбай керең мҥлде риза боп кҥлсін. 
− Әй, осы, сен сарыдан тҥбі мықты азамат шығады-ей,- деп қойды онан 
соң. 
Ӛстіп Кӛлбай кереңмен сӛйлесе жҥріп, Қоғалы бҧлаққа қалай 
жеткенімізді де аңғармай қаппыз. Анау кездегі Қыдырман тойтық пен Зибаш 
ҥшеуміз келгендегі маяның орындары да тақырланған екен. Қоғалы бҧлаққа 
таяу біздің шошақтың бір жағында қатарластыра салынған ҥш мая болатын, 
соның да біреуі бітіп, екіншісі орталана бастапты. Сол орталанған маяға кеп 
Кӛлбай керең ӛгіздерінің басын тіреді. Ӛгіз байғҧстар шӛптің қарасы 
кӛрінгеннен жҥрістері ширап алға қарай ентелей ҧмтылып келе жатқан, маяға 
жете бере жан дәрмен пысылдасып тҧмсықтарымен кіріп кете жаздап 
тоқтады. 
Біз Петька екеуміз әрі қарай, біздің шошаққа қарай ӛте бергенбіз, 
шанасынан тҥскен Кӛлбай керең тоқтай тҧрыңдар дегендей ишарат жасады. 
Онан соң ҥстіндегі қалың тонын шешіп тастап желбегейленіп алды да: 
− Әй, Манар, сен ӛзің ақырындап шанаңа шӛп тией бер,- деді дауыстап, 
одан бізге бҧрылып: — Сен екеуің бері жҥріңдер! — деп қолын бҧлғап 


347 
бҧлақтың жоғарғы жағындағы қожыр-қожыр жартастарды мегзеді.- Анау 
араға кеше мен тҧзақ қҧрып кеткем, соны барып кӛрелік,- деп қорбаңдай 
басып алға тҥсті.- Егер де кекілік тҥссе сендерге сауға берем. 
Біз, Петька екеуміз, сӛзге келместен шанамызды әлгі араға тастай сала, 
Кӛлбай кереңнің соңынан ере жӛнелдік. Бірде қатқақ, бірде ойдым қардың 
бетінде соқамен жыртқандай жалғыз аяқ салған жол жатыр. Бҧл кеше тҧзақ 
қҧруға барған Кӛлбай кереңнің ізі екені айтпаса да тҥсінікті еді. Ӛзі сол 
ізімен алдымызға тҥсіп, аппақ киізбен ҧлтарған дәу қара пимасымен әлгі 
жолды жапыра тегістеп келеді. 
− Бҧйыртса бҥгін кешкісін кекіліктің сорпасын ішіп бір қарық болып 
қалыңдаршы,- деп қояды бізге бҧрыла сӛйлеп,- Кекіліктің сорпасы деген, 
шіркін, дәмді ғой. 
Осыны естігенде Петька екеуміз де мҥлде ес қалмады. 
Иә, соғыс жылдары біздің ауылда кекілік аулау да ҥлкен кәсіп болатын. 
Кекіліктің қайдан ӛріп, қайда жайылатынын білетін кейбір ҥлкендер тҧзақ 
қҧрып сорпа-суын сонымен айыратын. Міне, сондай кекілік ҧстағыш 
ҥлкендердің бірі осы Кӛлбай керең еді. Мҧның ҥйінде болып кекіліктің етін 
жеп, сорпасын ішкен кӛрші-кӛлемдерінің балалары тамсана отырып 
әңгімелеген кездерінде сілекейімізді шҧбыртатын. Енді, міне, сол кекілік 
аулағыш Кӛлбай кереңнің ӛзі тҧзақ қҧрған жеріне сауға берем деп ертіп бара 
жатса, қалай ес қалсын. Тҧзаққа тҥскен кекілікті бас салып ӛз қолыңмен 
ҧстағаннан ӛткен не қызық болсын. Петька екеуміз бір-бірімізге қарап 
жымыңдасып қоямыз. 
− Бҧл бір кҥтпеген тамаша болды-ау! 
− Кӛлбай керең молодец! — дейміз. 
Кӛлбай керең ӛзін біздің мақтап келе жатқанымызды, әрине, естімейді, 
сондықтан ол бізге ӛзінше сӛйлеп келеді. 
− Екеуіңнің жолдарыңның қандай болатынын қазір кӛреміз, енді,- дейді 
бізге бҧрылып қойып.- Егер тҧзаққа кекілік тҥссе, ауыздарыңның салымы бар 
болғаны, тҥспесе, екеуіңнің де табан аяқ қу болғаның. Онда екеуіңді де 
қамшының астына алам,- деп кҥлді. 
− Вообще, менің аузым салымды,- деді Петька. 
Мен де ӛзімнің мҧндайда жолымның болғыштығын айттым. 


348 
Қожыр-қожыр жартастардың кҥнгей жағы ықтасын, ерекше жайма-
шуақтанып бусанып жатыр екен. Бетімізге кәдімгі кӛктемнің жылы лебі 
келгендей болды. Жақындай бергенімізде жартастың етегіндегі сабан 
шашылған тҧстан жыпырлаған кекіліктің біразы шықылықтап жартастың 
қуыс-қуыстарына ӛрмелей қашып, біразы еңіске қарай пырылдаса ҧшып 
азан-қазан болды. 
Сабанның ҥстінде далп-далп етіп қанаттарын сабалап ҧша алмай 
аласҧрып қалған кекіліктер де кӛрінді. 
− Әне, тҥсіпті, ал жҥгіріңдер! — деді керең. 
Петька екеумізде тіпті ес қалған жоқ, жолымыздағы тастар мен бҧта-
бӛргездерге сҥріне-қабына ҧмтылдық. Мҧндай қызықты кім кӛрген! Кӛз 
алдыңда тҧзаққа тҥскен кекіліктердің жан ҧшыра бҧлқынғаны керемет еді, 
тҧзақты быт-шыт қып ҥзіп кетер ме екен, деп қашан жеткенше дегбіріміз 
қалмады. Қанатымен жер сабалап жатқан шеткі кекіліктің ҥстіне кеп 
бауырыма баса қҧладым да, мыжып ӛлтіріп алмайын деп қанатынан қыса 
ҧстадым. Жан дәрмен тыпырлап аласҧрған кішкене қҧстың жҧп-жҧмсақ, 
жып-жылы бауырына қолым тигенде-ақ дірілдеп кеттім. Жҧмсақтығы 
сондай, қысып жіберсем ӛліп қалатындай кӛрінді. Сондықтан бір қолыммен 
абайлап қана тҧзаққа ілінген аяғын босата бастадым. Тыпырлаған кекілікті 
қыл тҧзақтан босату да оңай емес екен. Тҧзақтың ілгегі сәл босай бастаған 
кезде, кекілік бҧлқынып қалса болды, қайта тҥйіліп қалады. Ал тҧзақ қайта 
тҥйілген кезде, шырпыдай ғана жіңішке нәзік тҧяқ тҥбінен қиылып тҥсе 
жаздайды. 
− Байғҧс-ау, шыдасаңшы, мен сені босатып алғалы отырмын ғой, 
мынау буындырған қыл тҧзақтан,- деймін жаным ашып. Оны кекілік ҧқсын 
ба, шиеленісе тҥйілген тҧзақты ақырындап босата бастағаным сол еді, тағы 
да бҧлқынып қалды, тҧзақ қайта тҥйілді. Қойшы, терлеп-тепшіп отырып әзер 
деп босатып алдым-ау, ақыры. Бҧл кезде Петька да бір кекілікті босатып 
алып, қос қолдап бауырына қысып, есі шыға қуанып отыр екен. Кӛлбай керең 
болса біздің әрекетімізге қызықтай қарап ыржия кҥліп тҧр. 
− Алыңдар, екеуіңе байладым осы екі кекілікті,- дейді. Енді ғана 
байқадық, тҧзаққа тҥскені де осы екі кекілік қана екен. Тарының қауызындай 
кҥрең қызыл кӛздерін ҥрейлене аударып-тӛңкеріп бҧлқынып қояды. Петька 
екеуміз қатарласа кеп отырғанбыз, ойпырмай, екі кекілік егіз туғандай бірдей 
екен. Тҧмсықтары, тҧяқтары бояп қойғандай шымқай қызыл, қара сҧр 
қауырсындары біресе кҥлгінденіп, біресе жасылданып, біресе кӛгілдір 
тартып сан қҧбылып тҧр. Тірі кекіліктің мҧндай сҧлу, мҧндай сҥйкімді екенін 
кім білген. Петька ӛз кекілігін, мен ӛз кекілігімді сылап-сипап 


349 
қуанышымызда шек жоқ. 
Кӛлбай керең қалтасынан қолдан соғылған добалдай бәкісін шығарды. 
− Ал, балалар, ауыздарың салымды екен, әкеліңдер, бауыздап берейін,- 
деді бәкісінің жҥзін ашып, алақанына сап жани тҧрып. Кӛк кӛзі шарасынан 
шыға бажырайып кеткен Петька кекілігін бауырына қыса тҥсіп: 
− Ағатай-ай, менікін бауыздамаңызшы, тірідей алып жҥрейінші,- деді 
жан даусы шыға жалынып. 
− Мейлің, ӛзің біл,- деді Кӛлбай керең сол кҥлкісін жимаған қалпы. 
Онан соң маған бҧрылған, мен де кекілігімді бауырыма қысып қорғаштап: 
− Тірідей алып жҥрейінші,- дедім. 
Кӛлбай керең басын шайқай кҥліп, бәкісінің жҥзін жауып қалтасына 
салып қойды да: 
− Жҥріңдер, мына жартастың арғы жағында тағы бір тҧзағым бар,- деді. 
Біз кекіліктерімізді қҧшақтап, енді бҧта мен тастарға сҥрініп кетпейік 
деп, абайлап басып оның соңынан ердік. Кӛлбай керең алда, онан кейін оның 
ізін дәл басып Петька, соңдарынан мен келем. 
− Балалардың бәрі екеуміздің кекіліктерімізге қызығатын болды,- дейді 
Петька маған қайырылып даурыға сӛйлеп.- Мен мҧны соймаймын, қолға 
ҥйретіп асыраймын әлі… 
− Мен де соймаймын… 
Осы мезетте Петька: «Ой!» деп қолын шошына сілкіп қалған, кекілігі 
пыр етіп тӛмен қҧзға қарай зымырап ҧша жӛнелді. 
− Әй, кекілігің ҧшып кетті ғой! — деп мен айқайлап жібергем. Алдағы 
Кӛлбай керең де жалт қарады. 
− Тістеп алды,- деді Петька оң қолының сыртын сипалап. 
− Қап! Жаңа бауыздап берейін дегенім сол еді,- деді Кӛлбай керең 
ӛкініп.- Енді кекілік те тірі жан ғой, айбат жасамай ма екен?! Абайламасаң, 
сӛйтіп шоқып алады. Жә, екінші тҧзаққа да тҥскен шығар, жҥріңдер! 


350 
Екінші тҧзаққа жеткенімізде мҧнда алғашқы тҧзақтағыдай емес, 
жайылған кекілік тым аз екен. Біздің қарамыз кӛрінісімен-ақ, тӛрт-бесеуі 
шықылықтасып, бастарын қазықша қақшитып ап, зымырай жортып 
жоғарыдағы жартастың қуысына ӛрмелеп зым-зия кӛрінбей кетті. 
Тҧзаққа бір-ақ кекілік тҥскен екен, жан дәрмен аласҧрып қанатымен 
жер сабалап жатты. Байғҧс тҧзаққа мойнынан тҥскен екен, бҧлқынған кезінде 
басы ҥзіліп қала жаздайды. Кӛлбай керең әлгіндегі добалдай бәкісін ашып, 
сол тҧзақта жатқан жерінде бауыздап алуға ыңғайланған. Ол енді еңкейе 
бергенде, Петька жан ҧшыра ҧмтылып барып оның қолына жабыса кетті. 
− Ағатай-ай, обал ғой, бауыздамаңызшы,- деді шырқырай жалынып. 
Тіксіне тоқтап қалған Кӛлбай керең: 
− А! — деп Петькаға бҧрылған. 
− Бауыздамаңызшы! — деді Петька айқайлап. 
− Неге? 
− Обал ғой? 
− Солай ма? — деді абдыраған Кӛлбай керең кейін серпіліп.- Енді не 
істейміз? — деп біресе Петькаға, біресе маған қараған. 
Петька дереу отыра қап мойнынан қылғынып жатқан кекілікті босатып 
алды. Мойын жҥні ҥрпе-сҥрпе боп есеңгіреп қалған кекілік байғҧс кӛзін 
жҧмып екі-ҥш рет басын сілкілеген. 
− Тҥҥ, байғҧс-ай!.. Байғҧс-ай! — деп Петька оны мҥсіркеп бауырына 
басқан, кекілік кӛзін жҧмып тығыла тҥсті, енді байқадық, тҧмсығынан қан 
шығып тҧр екен, оны кӛрген соң Петька мҥлде жыларман халге жетті.- 
Обалы-ай!.. 
Сәлден соң кӛзін әзер ашып-жҧмған кекілікті орындық тәрізді жайпақ 
тастың ҥстіне апарып жатқызған. Бауыры тасқа тиген кекілік есін жиғанша 
біраз жатты да, бір сәт аузын кере ашып-ашып қойып, мойнын созып жан-
жағына қарап алды да, әлгі тастан жерге секіріп тҥсіп бҧталарды тасалап 
жорғалай жӛнелді. 
− Енді ӛлмейді,- деді Кӛлбай керең әрмен қуана дауыстап.- Кекіліктің 
жаны сірі болады, қазір біраз қарға аунаса, қҧлан таза жазылып кетеді. 


351 
Мен ӛзім бауырыма басып қысып ҧстап тҧрған кекілігіме енді ғана 
назар аударғам. Кӛзі жылт-жылт етіп қолтығыма қарай тығыла тҥседі. Ӛзі 
жып-жылы жҧп-жҧмсақ. «Мен жалғыз қалдым ғой» деп ӛксіп дірілдейтін 
сияқты. Ойланып тҧрмастан қос қолдап жоғары кӛтердім де: 
− Бҧл да ҥйірінен қалмасыншы,- деп әуелете лақтырып жібердім. Бҧл 
да әлгіндегі қалың кекілік ҧшқан жаққа қарай зымырай жӛнелді. 
− Ал кекіліктің сорпасына қарық болдыңдар енді,- деді Кӛлбай керең 
әлде бізді жазғырғандай, әлде ӛкінгендей ҥнмен. Онан соң: — Әй, Петька, 
мына тҧзақтың арғы басын шешіп алшы,- деп ӛзі еңкейіп тҧзақтың екінші 
басын шешуге кірісті. 
Мҧнан әрі ҥшеулеп жҥріп әлгі жердегі тҧзақты жинап алдық, қайтар 
жолымызда сол ҥнсіз кҥйімізде алғашқы тҧзақты да жинап алдық. Содан 
маяға қайтып жеткенімізше ләм-мим дескен жоқпыз. Шанасына жақындай 
бергенде, ашаға сҥйеніп ҥнсіз қарап тҧрған Манарға Кӛлбай керең: 
− Әй, мына екеуімен тҧзақ қҧруға болмайды екен,- деді даурыға кҥліп.- 
Екеуінің де жандары ашығыш немелер екен. 
Біз, Петька екеуміз, қол шанамызды сҥйретіп анадай жердегі шошаққа 
қарай кеттік. 
− Шынында да, қолыңа ҧстап сылап-сипаған сҥп-сҥйкімді тірі кекілікті 
сойып жеу деген сҧмдық қой,- деді Петька былай шыққан соң, әлде 
ақталғандай, әлде біреуді жазғырғандай ҥнмен. 
− Әрине, сҧмдық,- дедім мен де іле қостап. 
− Ал тездетейік, айтпақшы, мен Жиренқасқа айғыр едім ғой, и-и-а-а-
а!..- деп кісінеп жер тарпынып секіріп қойды. 
Мен де кісінеп, жер тарпып Қҧла айғыр боп қалпыма тҥстім. 
Мҧнан әрі анау кездегі Қыдырман тойтық жартылай бҧзған шошаққа 
жетіп, Оттоның қол шанасына Петька екеуміз, әдемілеп шӛп тиеуге кірістік. 
Ҥлкен бір арқадай шӛпті тиеген соң, ойқы-шойқы жолда аударылып 
қалмасын деп жіппен ҧзынынан, кӛлденеңінен шалып алып мықтап байлап 
тастадық. Тартып кӛріп едік, шаманың табаны қарға батып зілдей ауыр екен. 
Кішкене азайтайық деп едім, ҥлкен жолға тҥскен соң жеңіл болады деп 
Петька бой бермеді. 


352 
Сонымен Жиренқасқа айғыр мен Қҧла айғыр боп бағанағы бос шананы 
сҥйретіп келгендегідей кісінеп жер тарпып ойнақтай алмай, табаны қарға 
батқан шананы кҥшене тартып кері қайттық. Кӛлбай керең мен Манар да 
шаналарына шӛпті тиеп боп, ӛгіздерінің басын ауылға бҧрған. 
− Әй, балалар, шаналарыңды мына менің шанамның артына тіркеңдер 
де, ӛздерің шананың ҥстіне отырыңдар,- деген Кӛлбай керең. 
Арық ӛгіздердің шӛп тиелген шананы мықшия сҥйреткен тҥрлерін 
кӛріп, ол байғҧстарға жармасуға кӛңіліміз дауаламады. 
− Жоқ, біз ӛзіміз жҥреміз,- дедік қосарлана дауыстап. 
Кӛлбай керең жауабымызға тағы да мәз боп кҥлді. 
− Мейілдерің, ӛздерің біліңдер,- деді онан соң. 
Ілбіген екі шананың соңынан біз де ілби жҥріп кеттік. Петька екеуміз 
шанамыздың ауырлығын, ауылға дейінгі жолдың алыстығын қалай да еске 
алмау ҥшін ананы-мынаны айтып бірімізді-біріміз сӛзге алдандырып, 
кҥлдіргі бірдеңелерді еске тҥсіріп қайдағы-жайдағыны қозғап мәз боп 
келеміз. Осыдан тӛрт жыл бҧрын алғаш біздің ауылға кӛшіп келгенде, 
Петьканың қойларды маңырағандағы дауыстарының жуан, жіңішкелігіне 
қарап еркек, ҧрғашыға бӛлгенін еске алып бір кҥлдік. Қойдың даусы 
маңырағанында жуан болса «дядя баран» деп, ал жіңішке болса «тетя баран» 
деп айтқанын естіп бҥкіл ауыл кҥлген-ді. Даусы дарылдай маңыраған 
саулықты қозысы еміп жатқанда да: «Әй, Петька, анау қозы дядя баранды 
қалай еміп жатыр екен, қарашы?» — деп оны мазақтағанымызды қалай 
Ҧмытармыз… Бірде Петьканың ҥйінде капуста кӛже ішіп отырып менің: 
«Опыр-ай, Петька, жапырақтан да тәтті кӛже пісіруге болады екен-ау»,- 
дегенімде, ол ішіп отырған тамағына шашалып қала жаздап кҥлген еді… 
Тағы бірде Әжібектің кіжіңінен қҧтылу ҥшін Петьканың ҥйінен алып шыққан 
бір кесім шошқаның майын екеуміз оған қойдың қҧйрық майы деп алдап 
беріп, артынан жегені шошқаның майы екенін біліп қалған Әжібек ӛлердей 
қҧсып, ақыры ҧшынып ауырып, он кҥндей тӛсек тартып жатып еді. Әрине, 
кейіннен Әжібек Петька екеумізге де жақсылап сыбағамызды берді, алайда 
ӛзі де бҥкіл ауылға кҥлкі болып еді. Кӛпке дейін одан қорықпайтындар: «Әй, 
Әжібек, қҧйрық май жейсің бе?!» — деп мазақ етіп жҥрді ғой… 
Тҥстен ауған кҥн ашық аспанда жерге еңкейіп кеп тӛніп, маужыраған 
сәулесін ерекше тӛгіп тҧр. Жылуы жотамыздан ӛтіп әжептәуір қыздырып 
келеді. Петька екеуміз де кӛзіміз қарығып тӛңірекке сығырая қараймыз. Ақ 
қар басып жатқанда да осындай жылы кҥн болады екен-ау дейміз. Иі босаған 
қар соқталанып, әр басқан қадамымызды кейін кетіріп жҥрісімізді ӛндіретін 


353 
емес. Оның ҥстіне шанамыздың да табаны кҥпсегіне дейін батып зіл батпан 
боп келеді, шӛп емес, тас тартып келе жатқандаймыз. Қалжырай 
бастағанымыз болар, әлгіндегі кҥлкілі әңгімелерді айтуға да зауқымыз 
соқпай тҧнжырап келеміз. Әлден соң Петька бас жоқ, аяқ жоқ: 
− Шіркін, қыс болмайтын жақта тҧрсақ,- деді. 
− Ондай жер бола ма екен? — дедім мен. 
− Болады,- деді Петька сенімді ҥнмен. Онан соң ҥйлеріңде бір кітап 
барын, сол кітапта бір адамның жиырма сегіз жыл бойы мҧхит ортасындағы 
бір аралда жападан-жалғыз ӛмір сҥргенін және сол аралда еш уақытта 
қыстың болмайтынын қызына әңгімелеп кетті. Жаңағы кітаптың әңгімесінің 
қызықтығы сонша, және Петьканың оны тамылжыта айтқаны сонша, екеуміз 
де бір сәт шанамыздың ауырлығын да, қысқы жолдың ҧзақтығын да 
ҧмытқандай, әлгі бейшара жалғыз адамның ҥрейлі де, қызғылықты тірлігіне 
араласқандай кҥйге тҥстік. 
− Сен сол кітабыңды оқуға маған да берсеңші,- дегем әңгіменің 
соңында. 
− Пожалуйста, тек ол орысша ғой. 
Осы тҧста орысша білмейтініме тҧңғыш рет ӛкіндім. Петькаға 
достығымызды базына ғып: 
− Олай болса маған орыс тілін ҥйретсеңші, ең болмаса сол кітапты 
оқиын,- дедім. 
− Пожалуйста. Ҥйренем десең кҥнде тӛрт-бес сӛзден ҥйретіп тҧрайын, 
бір жазда-ақ, орыс тілін біліп кетесің,- деді Петька маңғаздана.- Мен де, міне, 
қазақ тілін тез ҥйреніп алдым ғой. Мысалы, бҥгін «мен», «сен», «ол» деген 
ҥш сӛзді ҥйрен. «Я», «ты», «он». Тек орыс тілінде баланы «он» дейді де, 
қызды «она» дейді. Кәне, айтшы. 
− Я, ты, он, она,- деп, мен тақылдап оп-оңай қайталап шықтым. 
− Міне, уже тӛрт сӛзді білесің. Осыларды әзірше қайталай бер, ал 
кешке қарай тағы тӛрт сӛз ҥйретем. 
Мен қуанып кеттім. Әлгі сӛздерді дауыстап та, іштей де бірнеше рет 
қайталап шықтым. 


354 
− Я, ты, он, она… 
Мен бҧл сӛздерді оңай жаттап алған соң, кешке дейін кҥтіп кӛруге 
шыдамым жетпейтінін сезіп Петькадан тағы тӛрт сӛз ҥйрет деп қолқа 
салдым. 
− Онда ӛзің сҧрашы, кәне, қандай сӛздерді білгің келеді? 
Мен қапелімде қандай сӛздерді сҧрарымды ӛзім де білмей сасып 
қалдым да, алдағы шаналарға қарап: 
− Шананы не дейді? — дедім. 
− Шананы «саня» дейді. 
− Ой, мынауың тіпті оңай ғой, шананы — саня дегенің. Ал шӛпті ше? 
− Сено дейді. 
− Ӛгізді ше? 
− Вол дейді. 
− Жолды ше? 
− Дорога дейді. 
Ҧмытып қалмайын деп әлгі тӛрт сӛзді тез-тез қайталай бастадым. 
− Молодец! — деді Петька риза болып. 
Ауылға жақындай бере шӛпшілер мал қораға қарай бҧрылды да, біз 
тура жолмен кеттік. Қарнымыздың әбден шҧрылдап ашқанын да, титықтап 
шаршағанымызды да енді ғана сезгендей Петька екеуміз аяқтарымыз 
шалынысып әзер жҥріп келеміз. Ауылдың қарасы кӛрінген соң-ақ ӛзімізді-
ӛзіміз алдаусыратып сӛйлесуді де қойғанбыз. Шынымызды айтсақ, сӛйлеуден 
де мҧршамыз келместен қҧлап тҥсетіндей кӛрінеміз. 
Тҧтқиылдан шыққан ащы дауыстан екеуміз де ҧйқыдан оянғандай 
селк-селк ете қалдық. 
− Ә, әкеңнің… иттің балалары!.. 


355 
Мал қора жақтан атын борбайлата қамшылап Тҧржан келе жатыр екен. 
Ата-баба, тҧқым-тҧғияндарымыздан тҥк қалдырмай Петька екеумізге 
боқтықты қардай боратып келеді. 
− Бізді боқтап келе ме-ей?! 
− Мҧнысы несі?! — десіп біз Петька екеуміз аң-таң боп бір-бірімізге 
қарадық. 
− Біздің жазығымыз не?! Біз не бҥлдіріп қойдық сонша?! — дейміз. 
− Иттің балалары!.. Кҥлигандар!.. Ҧрылар!.. 
Солқылдап босап жатқан қардың сҧқпалығына да қарар емес, атын 
борбайлай қамшылап ӛлермен боп еліріп, қҧйғытып келеді. 
− Мынау жынданған ба-ей?! Дені сау емес шығар!..- деп Петька айтып 
ҥлгергенше болған жоқ, Тҧржан ағып келген бойда дырау қамшымен 
екеумізді қоса қабаттап бір осып ӛтті. Ол ағынымен ӛтіп барып атының 
басын кері бҧрып қайта қайырылғанша, Петька екеуміз жол шетіндегі оппа 
қарға қашып ҥлгердік. 
− Колхоздың шӛбін ҧрлаған ҧрылар! Екеуіңді де қазір табанда айдатам! 
Бірақ ӛзі қанша содыр болса да, астындағы аты қанша қҧтырынып 
тҧрған мықты болса да, оппаға беттей алмады. 
− Әй, иттің балалары, колхоздың шӛбін алуға сендерге кім рҧқсат етті?! 
— деді қамшысын білеп ҧстап ақырып. 
− Бҧл колхоздың шӛбі емес, жазда қол шалғымен шапқан ӛзіміздің 
шӛбіміз,- дедім мен де ызалана айқайлап. 
− Кӛрсетем мен саған ӛзің шапқан шӛпті! Кәне, бері келші, анау сайрап 
тҧрған тіліңді тҥбімен қосып жҧлып алайын. 
− Біздің ӛзіміздің шӛбіміз екенін жҧрттың бәрі біледі. 
− Сенде шӛп жоқ, иттің кҥшігі, сен ҧрысың! Сені кӛзіңе кӛк шыбын 
ҥймелетіп анау Қыдырманның соңынан айдатам, әлі. 
Онан соң кӛзі қанталаған Тҧржан атынан қарғып тҥскен, бізді оппа 
қардың ҥстімен жаяу қуатын шығар деп Петька екеуміз әрі қарай қаша 
жӛнелдік. Біраз қашып барып артымызға бҧрылғанбыз, жоқ, Тҧржан бізді 


356 
қумаған екен, шӛптің тҥбіне еңкейіп қҧжыңдап бірдеңе істеп жатыр. Шӛпті 
байлаған жібімізді шешіп жатқан шығар деп Петька екеуміз аңтарыла қарап 
тҧрғанымызда, кенет кӛк тҥтін бҧрқ ете қалды. 
− От тҧтатты…- деді Петька кіжіне тістеніп. Сәлден кейін, қҧрғақ шӛп 
лауылдап жана бастады. Тҧржан кейін серпіліп, бізге қарап аузын арандай 
ашып масайрай кҥлген. Маған ол ӛзінің кәдімгі есірік әдетіне басып «а-а-а» 
деп қарқылдап мәз болып тҧрғандай кӛрінді. Мен дҥниедегі ең жаман қарғыс 
сӛздерді айтып, аттан сап айқайламақ болып едім, тамағыма тас тығылғандай 
даусым шықпай қалды. Ӛне бойым қалтырап кӛзіме ып-ыстық жас толып 
кетті. Тек менің айтпақ болған сӛзімді Петьканың ышқына айқайлағанынан 
естідім. 
− Жау-ыз-з!.. Жау-ыз-з!..- деді шырқырай қайталап.- Қанатай, анау 
жауыз екеуміздің шӛбімізді ӛртеп тҧр ғой! — деп еңіреп жылап жіберді. 
Екеуміз де солқылдай жылап, сонау Қоғалы бҧлақтың басынан шаршап-
шалдығып тартып әкелген шӛбіміздің жауыздың қолынан лауылдап қалай 
жанғанын қарадық та тҧрдық. Еңбегіміздің еш кеткеніне, ӛзіміздің дәрменсіз 
тҥрімізге, осынша қорланғанымызға налыдық. Ал Тҧржан болса шӛбіміз 
Оттоның шанасымен қоса тҥгел жанып боп, жол ҥстінде тек бір шӛкім боп 
бықсыған кҥлі қалғанға дейін, қамшысын жалаңдатып біз жаққа кӛзі 
қанталай қарап, аузын арандай ашып масайрап: «А-а-а-лап» — қойып тҧрды. 
Желсіз тымық, ашық кҥнде кӛк жауқазын шӛптен шыққан қою кек 
тҥтін аспанға шаншыла кӛтерілген. Бҧ не болды екен дегендей кӛшеге 
шыққан ауыл адамдары біз жаққа, қол шанадағы ӛртеніп жатқан шӛбімізге 
аң-таң боп таңырқай қарайды. 
ПЕТЬКА, ОТТО, БӘККЕ 
Қыс бітіп, кӛктем айы туғанымен, сірескен қардың діні бҧзылар емес. 
Бір-екі рет қҧс қанаты жауып, ескі қардың кем-кетігін толтырып, сӛгілген 
тҧстарын жамап-жасқап, қыстың соңын онан әрмен созып кетті. Жуанның 
жіңішкеріп, жіңішкенің ҥзілер шағында қыстың бҥйтіп созбалаңданғаны 
адамды да, малды да кҥйзелтіп, есеңгіретіп-ақ тҧр. Қаншама ҥнемдесем де 
шӛбіміз таусылған. Сонда де қораның ҥстіне кҥніне бір шығып, қоқым-
соқымды тырмалап тҥсірген болам. Ендігі жерде сабанды да бҧрынғыдан аяқ 
асты тастай салмай, қоңыр сиыр мен екі ешкіге уыстап, ҥнемдеп беретін 
болдым. 


357 
Сҥті уызданып барады деп, әжем қоңыр сиырды саууын тоқтатқан. 
Енді мҥлде қара талқан мен қара суға қарап қалған едік. Ертеңді-кеш қҧр суға 
шыланған қара талқан мен (әрқайсымызға ҥш қасықтан ғана ӛлшеп) шай 
(шай деген аты болмаса қайнатқан қарасу ғой) ішеміз, ал тҥсте бір мезгіл 
іштеріңе ыстық нәр барсын деп, әжем қайнаған қара суға бір қасық тоң май 
салып атала кӛже жасайды. Біз осыған да шҥкіршілік айтып тамағымызды 
тоқ санаймыз. Ал кейбір ҥйлерде осы ҥш мезгіл қара талқан да бола 
бермейді. Ендігі жерде кӛңілге бір демеу — қоңыр сиырдың сҥтінің 
уызданғаны. Демек, амандық болса бірер айдың ішінде бҧзаулайды деген сӛз. 
Әлі-ақ аузымыз аққа жарып тойынамыз ғой дейміз. Ӛзіміз ғана емес, кӛрші-
кӛлемдер де бір жетісіп қалады, әлі. Ӛйткені қоңыр сиыр бҧзаулаған кезінде 
ӛте сҥтті болады, бір сауғанда бір шелек сҥт береді. Сол кезде біздің ҥйден 
шайлық сҥт алмайтын кӛрші-кӛлем кемде-кем. Сондықтан қоңыр сиырдың 
аман-есен тезірек бҧзаулауын тілеушілер кӛп-ақ. Осы кҥні Петька мен Отто 
да қоңыр сиырдың қамын менен кем ойлап жҥрген жоқ. Қолдары сәл босаса-
ақ, біздің ҥйге қарай тартады. Есік алдында шашылған азын-аулақ шӛпті 
отша жалаңдаған тілімен сыпырып-сыпырып жҥрген қоңыр сиырды 
айналшықтап, соның желінінің қандай боп ӛсіп келе жатқанын, шӛпті қалай 
жейтінін сӛз етеді: «Кеше желіні анадай еді, бҥгін мынадай боп ӛсіп қапты», 
«Кеше анау шӛпті ӛйтіп жеп еді, бҥгін мына шӛпті бҥйтіп жеп тҧр»,- десіп 
мәз болады. Онан соң қоңыр сиырдың бҧзаулайтын кҥнін сӛз қыламыз, ол 
кҥн — уызға бір тоятын кҥніміз дейміз. Енді бірде уызды кімнің ҥйі қалай 
пісіреді және не қосып пісірсе тәтті болады, соны әңгімелейміз, ӛткен жылғы 
уызды қалай жегенімізді еске аламыз. 
− Сенің әжең тура бір шелектей уыз берген бізге, мамам соны дәу табақ 
қып пісіріп, екі кҥн талқан қосып жеп едік,- дейді Петька сол уыздың дәмі әлі 
кҥнге таңдайында тҧрғандай тамсанып. 
− Ал менің мамам жҧмыртқа қосып пісіріп еді,- дейді Отто. 
Шіркін, қарның ашып жҥргенде, тәтті тамақты сӛз еткеннен асқан 
қандай жақсы әңгіме болушы еді. Піскен ыстық сҥттің иісін, қазанның тҥбіне 
жабысқан қаспақтың, сҥттің бетіне бір елі боп тҧратын сары қаймақтың 
дәмдерін еске тҥсіріп, сілекейіміз шҧбырады. Біріміздің сӛзімізді біріміз 
киіп-жарып ес таппай кетеміз. Тек қоңыр сиыр тезірек бҧзауласа екен. Ал 
оны ашықтырмау біздің міндетіміз. Екі кҥн болды ҥшеуміз мектепке баруды 
да қойдық. Әжеме: «Оқудан шаршап жҥрміз, біраз кҥн демалғымыз келеді»,- 
деп едім; «Мейілдерің, қҧлыным, ӛздерің біліңдер»,- дей салды. Қайран 
әжем-ай, басқалар қҧсап оқуға дегенде дігерлемейді-ау әсте, тіпті мен мҥлдем 
оқымай қойсам да қыңқ демейді, «тек денің сау болсыншы, қҧлыным, қой 
бақсаң да ӛлмессің»,- дейді. 


358 
Петька мен Отто таңертеңгісін ҥйлерінен шыққан бойлары кітап-
қағаздарын салған боқшаларын қҧшақтап, шет кӛшелермен тасаланып біздің 
ҥйге келеді. Ӛйткені олардың мамалары қатал, оқудан қашып жҥргендерін 
біліп қойса, оңдырмайды. Ал менің әжем болса ол екеуін мҥсіркеп, аяп: 
«Қарақтарым-ай, ӛзектерің талып, қажып жҥрсіңдер-ау, ә?! Осы оқу деген 
пәлені кім ойлап тапты десеңші»,- деп қояды. Сондықтан сабақтан қашқан 
ҥшеуміз біздің ҥйде емін-еркін жҥреміз. Ҧзақты кҥнге сӛзіміз де, шаруамыз 
да қоңыр сиырдың қамы, қайтсек соған шӛп тауып береміз, қайтсек соны аш 
қылмаймыз деп мазамыз кетеді. Егер осыдан ашығар болса, әлі кҥні ертең 
бҧзаулағанында уыз шықпай қалады ғой. Ал уыз шықпаса оның 
бҧзаулағанынан не пайда?! Осыны ойлағанда ҥшеумізде де ес қалмайды. 
Кӛшеде кӛзімізге тҥскен бір уыс шӛп болса жерден жеті қоян тапқандай 
қуанып, талшығына дейін қалдырмай жинап аламыз. Сол бір уыс шӛпті 
қоңыр сиырдың алдына әкеп, соны қалай жегенін қызықтап қарап тҧрудың 
ӛзі қандай қуаныш! Қызыл тілін жалаң-жалаң еткізіп, азғантай шӛпті қарбыта 
асағанында, таңдайына жҧқ та болмай қалатын. «Әттегене-ай, аз боп қалды-
ау! Ӛстіп тағы бір-екі асайтындай шӛп болар ма еді?! Бір тойып қалар еді-
ау»,- дейміз, қоңыр сиырдың емес, ӛзіміздің ішіміз жаланып тҧрғандай. Бірақ 
онша шӛпті қайдан аларсың. 
Әне, Байдалы шалдың қорасының тӛбесінде мол шӛп бар. Кӛк 
жауқазын шӛп алты ай қыс ҥстемелене тҥспесе, еш азайған емес. Бес кҥнде 
бір Махмҧд жоңышқалы шӛптен ғана қанатты кең шанаға таудай ғып ыңқита 
тиеп әкеп тҥсіріп тҧрады. Шіркін, Байдалы шалдың ай мҥйіз қызыл сиыры 
бақытты сиыр ғой! Кҥндіз-тҥні сол кӛк жауқазын шӛпке тҧмсығын тығып 
қойып кҥрт-кҥрт кҥйіс қайтарып тҧрғаны. Әнеу бір кҥні біздің ҥйдің тҧсынан 
ӛтіп бара жатып Махмҧд шірей тиелген кӛк жауқазын шӛпке қызыға қарап 
тҧрған маған кҥлімсірей кӛзін қысып, бір ашадайын сырғытып тҥсіріп кетті. 
Сырт кӛзге шӛп ӛзі сырғып тҥскендей кӛрінді. 
− Тҧржан кӛрмесін, тез кіргізіп ал,- деді. 
Сол бір аша шӛпті қоңыр сиырдың қомағайлана жегені-ай! Дәл бір әлгі 
шӛпті алдынан біреу жинап әкететіндей кӛзі шарасынан шыға аларып, пыс-
пыс етіп шайнамай жҧтты-ау! Кеше Петька пошташы Мақым шалдан сҧрап 
алдым деп бір қҧшақ шӛп әкелген. Сабанға араластырып беріп едік, қоңыр 
сиыр кҥні бойы соны қаужақтады. Бҥгін мынау бір қҧшақтай шӛпті Отто 
тауып әкелген, кӛшеде шашылып қалған екен, сыпырып жинап алдым,- 
дейді. Кеше кешкілік кӛрші колхоздағы етікші Жақыпбай шал келіп жҥрген, 
сірә, соның шанасынан тҥскен болу керек деп тҥйдік. Қоңыр сиырдың қазір 
ашқарақтана жеп тҧрғаны сол шӛп. 
Бҧл шӛп қоңыр сиырға бҥгінше ғана талшық, ал ертең не жейді? 
Ертеңгі шӛпті қайдан аламыз? Петька, Отто ҥшеуміздің басымызды қатырып 


359 
тҧрған осы жай. Алыстығына, жолдың ауырлығына қарамастан Қоғалы 
бҧлаққа барып ӛзіміздің шӛпті-ақ тартып әкелуге болар еді, бірақ, әнеугҥнгі 
Тҧржанның жауыздығынан кейін жҥрегіміз шайлығып қапты. Ол тҧрғанда 
біздің ҥйге кҥндіз бір уыс шӛп әкелу мҥмкін емес екеніне кӛзіміз жеткен. 
Қайдан тапсақ та Тҧржанға кӛрсетпей кештетіп әкелуіміз керек. Қайдан 
табамыз? Қайдан әкелуге болады? Ойлана тҧрып бір-бірімізге қараймыз. 
Соқталдай-соқталдай ҥшеуміз бірігіп, бір сиырға шӛп тауып бере 
алмағанымыз ба?! 
− Зоя келе жатыр! — деді кенет кӛше жаққа қарап тҧрған Петька зәре-
қҧты ҧшып. Ӛзі еңкейе қап, зып етіп аузы ашық тҧрған қораға кіріп кетті, 
оның соңынан Отто екеуміз де еңкеңдей бҧғып, қораның ішіне зып-зып 
бердік. 
Зоя — Петьканың әпкесі, бізден тӛрт-бес жас ҥлкен. Мамасына тартқан 
бойшаң, қысы-жазы жҧмыста жҥріп қол-аяғы балғадай боп алған, еркек 
тҧрпатты ірі қыз. Бҧрын кӛк кӛзі кҥлімдеп, ақ сары ӛңі нҧрланып сҧлу 
кӛрінуші еді, соңғы кезде қарайып, тотыққаннан кейін бе, мҧрны добалдай 
боп ҥлкейіп, бет-әлпеті қатпарланып, жібектей кӛрінетін ақ сары шашы да, 
қасы да, кірпігі де ӛңіне онша жараспай тҧратын сияқты. Бәлкім, басқаларға 
ол қазір де сҧлу кӛрінетін шығар, бірақ Петьканың жолдастары бізге 
ҧнамайтын болып жҥр. Ӛйткені Петьканың аяғын қия бастырмайды, кӛшеде 
кӛбірек ойнаса да, киімінің бір жерін жыртып алса да, аяқ киімін суласа да, 
сабаққа бармай қалса да мамасы емес, оны осы әпкесі Зоя қҧлағынан бҧрап 
шырылдатып-ақ жатқаны. Сондықтан да ол соңғы кезде бізге сҥйкімсіз қыз 
боп кӛрінетін. Қазір де, міне, қолына оқтаудың жуандығындай кӛк таяқ алып, 
біздің ҥйге қарай ентелей басып келеді. Қатулы екені жҥрісінен де, алақ-
жҧлақ етіп жан-жаққа қарағанынан да білінеді. Ҥйге кіріп-шығып жҥрген 
әжемнің қасына кеп «амансыз ба» деп дҥңк ете тҥсті де: 
− Әлгі ҥш қу кешеден бері сабаққа бармапты ғой,- деді зілденіп. Және 
«ҥш қу» дегенді ерекше мәнерлеп, ызамен созып айтты. «Қу» деген дҥниедегі 
ең ҧнатпайтын сӛзім еді. «Залым», «екі жҥзді», «жауыз» тағы басқа осындай 
небір адамды ластайтын жаман сӛздердің бәрі осы бір сезге сыйып жататын 
сияқты кӛрінетін. Сондықтан осы сӛзді естігенде, Зояға деген ызадан ӛне 
бойым дірілдеп кетті. 
− Оқудан шаршадық деген соң, дем алыңдар деген мен едім,- деді әжем 
тҥк болмағандай жайбарақат ҥнмен бізге ара тҥсе сӛйлеп. 
− Шаршағандары қалай, әже-ау, олардың кӛктемгі демалыстары әлі 
басталған жоқ қой,-деп, Зоя әжеме оқу жылының тәртібін тҥсіндіре бастаған. 
Бірақ әжем оның айтқандарының бірін де тҥсінген жоқ және тҥсінгісі де 


360 
келмеді білем: 
− Әй қарағам, осы қаршадай балалардың миын ашытпасаңдаршы. 
Оқымаса да бір нанын тауып жер, тек дендері сау болсын де,- деген. 
Әжемнің бҧл сӛзіне Зоя шарт кетті. 
− Әже, сіздің балаңызда жҧмысым жоқ, ал оқудан қашқаны ҥшін анау 
інімнің жанын шығарам қазір,- деп қаһарланып қораның аузына қарай 
жҥрді.- Петька, кәне, шық бері! -деді ақырып,- Егер ӛзің шықпасаң, қолымда, 
міне, таяқ бар, сабап шығарам. 
Ҥрейі ҧшқан Петька: 
− Мен ӛзім шығам, тек сен сабамашы,- деген жыламсырай шырылдап. 
Осы кезде әжемнің: 
− Әй, Зоя, орыс болсаң қайтейін! Әй, менің кӛзімше сол балаға 
қолыңды тигізіп кӛрші осыдан,- деп, оған қарай тап бермесі бар ма. 
− Жо, сабамаймын, әже, жай қорқытқаным ғой,- деді сасып қалған Зоя 
сыбырлай сӛйлеп. Бірақ айтқандары бізге анық естілді. 
− Қорқытпа да! Оқуың бар болғыр, онысы несі-ей, баланың зәресін 
алып! — деді әжем онан әрмен қатулана сӛйлеп. 
Зоя да қайсар қыз ғой, ә дегенде сасып қалғанмен, ӛз дегенінен қайта 
қоймады. 
− Оқу керек, әже. Оқымай қалса бҧлар адам болмайды,- деген. 
− Оқымаған жҧрт адам болмайды екен ғой сонда. 
− Адам болады, әрине, бірақ нашар адам болады. 
− Әдірем қал! Әдірем қалғыр! Оқымаған ата-бабам нашар болған екен 
ғой сонда! 
Мҧнан әрі әжеммен сӛз таластырғысы келмеген Зоя: 
− Әже, мен сізді айтпаймын, мен ӛз інімді айтам,- деді жалтара сӛйлеп. 
− Е, онан да сӛйлемейсің бе жӛніңмен. 


361 
− Петька! — деді енді шындап ашуына мінген Зоя шаңқылдап.- 
Шығасың ба, жоқ па? 
− Сен тиіспесең, шығам,- деді Петька сәл жыламсыраған ҥнмен. 
− Жарайды, егер ӛзің шығып, алдыма тҥсіп жҥрсең, тиіспеймін. 
− Жоқ, тиісесің. 
− Тиіспеймін! Міне, таяғымды әжеге бердім. 
Ала кӛлеңке қораның ішінен ҥшеуміз саңылау тесіктерден сыртқа 
сығалай қарағанбыз, айтқанындай-ақ Зоя қолындағы таяғын әжеме берді. 
− Жә, тимейді енді, шығыңдар! — деді әжем де. 
Петька Отто екеумізге кезек қарап: 
− Жҥріңдер, сендер де шығыңдаршы,- деді қиыла ӛтініп. Әрине, 
жалғыз шығуға қорқып тҧр. 
− Жҥр, бірге шығайық, не кӛрсек те бірге кӛрейік,- деп, Отто екеуміз де 
есікке беттедік. Алдымен мен, менен кейін Петька, ең соңымыз Отто болып 
қорқақтай басып сыртқа шыққанбыз. 
Зоя кӛк кӛзі тҧздай боп шақырайып, бізге жеп қоярдай ызалана 
қарайды. Әттең, әжемнен батпай тҧр да, әйтпесе оңашалау қолына тҥссек, 
ҥшеумізді де желкемізден алып бҥріп жіберер еді. 
− Алдыға тҥс те, сабағыңа жҥр! — деді інісіне келте бҧйырып. Петька 
жаутаңдап бізге қараған, Зояның алдына тҥсіп жалғыз кетуге бізді қимай тҧр. 
Соны сезген Зоя енді Отто екеумізге де: 
− Сендер де жҥріңдер, оқудан шаршаған тҥрлеріңді кӛріп тҧрғам жоқ,- 
деді. 
− Әй, бҧл екеуіндегі жҧмысың не?! — деген әжем Отто екеумізге ара 
тҥсіп. 
− Босқа тентіреп жҥретін тҥк те жоқ, сабақтарын оқысын,- деді Зоя енді 
әжемнің ара тҥскеніне де илікпеген тҥрмен, онан соң мені нҧқып тҧрып: — 
Егер осыдан мына бала оқымай қалса, ертең Нәзира келгенде сізді емес, мені 
сӛгеді ғой,- деді. 


362 
Зоя Нәзира әпкемнің атын атаған соң-ақ, әжем тосылып қалды. 
− Қарғам… қарғам… қайтып қана жҥр екен жаудырап,- деп, даусы 
бҧзылып, теріс айналып кетті. 
Енді әпкесінің алдында жаутаң-жаутаң етіп тҧрған Петька да бізге 
қарап: 
− Жҥрсеңдерші,- деді. Жалғыз кетсем мына Зоя жолда оңдырмайды ғой 
дейтін сияқты. Амал жоқ, жолдасыңды жалғыз жіберуге қимайды екенсің. 
Отто екеуміз де боқшаларымызды алып, ҥшеуміз Зояның алдына тҥсіп 
мектепке қарай жҥрдік. Әжемнің қолындағы кӛк таяғын қайтып алған Зоя 
соңымыздан ентелеп келе жатқан, былай шыққан соң: 
− Қулар,- деді тағы да ҧрса сӛйлеп.- Оқымаған әжені алдап, сабақтан 
қашқандарыңа мәзсіңдер. Ҥшеуіңді де осы кӛшенің ортасында кӛк таяқтың 
астына алып, масқаралайын ба?! Біздің әскерлер ғой, әне, немістерді 
талқандап қуып барады, кӛп ҧзамай жеңеміз енді. Сонда сен ҥшеуің не 
бітірдік дейсіңдер-ей? 
− Ал сен не бітірдім дейсің? — деп, осы тҧста алда келе жатқан Петька 
әпкесіне шап ете қалған. 
− Менімен салыспа. Менің жӛнім бӛлек. Мен жҧмыс істеп жҥрмін,- 
деді Зоя маңғаздана. 
− Біз де жҧмыс істейміз. 
− Сен алдымен мҧрныңды сҥртіп ал. 
− Ой, ҥлкен бола қалғанын. 
− Ҥлкенмін. 
− Ҥлкен болсаң, онда кҥйеуге тиерсің. 
Петьканың бҧл сӛзі, әрине, Зояның жынына тиетін сӛз. 
− Мә, саған, кҥйеуге тию! — деп, Зоя ҧмтылып барып таяғымен 
Петьканы қойып қалған. 
− Ой, ой, ой…- деп, Петька иығын сипап отыра кетті. 


363 
− Тҧр! Әйтпесе бҧл соққан соққан ба, тура жаныңды шығарам,- деп, 
Зоя оның ҥстіне тӛне тҥсіп кеп, жҧлқып-жҧлқып қалды. 
Петька ыңырсып жылап орнынан тҧрды. 
− Тҧра тҧр, бәлем, мамама айтам әлі,- деген. 
− Айт, айт. Мамам кімді жақтар екен. Сабақтан қашқан сені жақтар ма 
екен, әлде мені жақтар ма екен. 
− Ал мен Манар екеуіңнің хат жазысқаныңды айтам. 
− Ӛтірікші, жаның шыққыр!..- деп бажылдаған Зоя інісінің қҧлағынан 
ҧстап бҧрай жӛнелді. 
− Ой, ой, ой…- деп Петька шыңғырған. 
Зоя қып-қызыл боп тҥтігіп, оның қҧлағын онан әрмен бҧрайды. 
− Қоясың ба осы сен, жоқ па? А?! 
− Ой, ой, ой… Қанат!.. Отто!.. Аяғынан тартып қалыңдаршы!..- дейді 
шыңғырған Петька бізді кӛмекке шақырып. 
− Тартып кӛрсін!.. Мына кӛк таяқпен аяқтарын сындырайын,- дейді 
ӛршеленген Зоя біздерге қарап қойып, бір қолымен таяғын оңтайлай ҧстап. 
Біз Отто екеуміз әуелі жолдасымызды қҧтқармақ болып ҧмтылыса тҥстік те, 
Зояның тҥтіккен тҥрін кӛріп тоқталдық. Рас, кейде біз Петькаға кӛмектесіп, 
Зояға жабыла кететінбіз, ӛйткені Зоя онша ашулы болмайтын, сондықтан 
біздің жабылғанымызды кек алмайтын, ал қазіргі мына тҥрі қатқылдау 
кӛрінді. 
− Қоясың ба? 
Бізден жәрдем болмасын білген Петька ақыры: 
− Қоям, қоям! — деді жалынып. 
− Міне, қиқарлансаң осылай болады,- деді Зоя енді оны орнынан ӛзі 
тҧрғызып, ҥсті-басын қаққыштап. 
Петька қызарып кеткен қҧлағын сипалай тҧрып біздерге қарады. 


364 
− Сендер неге кӛмектеспейсіңдер? — деді бҧртыңдай ӛкпелеп. Біз Отто 
екеуміз оның бҧл ӛкпесін ҥнсіз мойындап, ҥндегеніміз жоқ. 
− Петька, сен нағыз ақымақсың! — деді Зоя оның ҥсті-басын әлі де 
жӛндестіре тҧрып.-Сонда, немене, жолдастарыңмен мені тӛбелестірмексің 
бе?! Ақымақ!.. 
Мектепке келген соң Зоя бізді класқа кіргізіп, Әнипа апайымызға 
тапсырды да, ӛзі ҥлкен іс тындырғандай бізге ернін шҥйіре қарап сыртта 
қалды. Әнипа апайымыз да бізге ренжулі екен. 
− Ҥшеуіңмен сабақтан кейін қалып сӛйлесеміз,- деді қатулы ҥнмен. 
Әрине, Әнипа апайымыздың сабақтан кейін алып қалғанда не 
айтатыны белгілі ғой, баяғы оқу-білімнің пайдасы туралы да. Талай естіп 
жҥрген сӛзіміз. Сондықтан ӛтіп жатқан сабақты тыңдаған боп отырып, қоңыр 
сиырдың қамын қайтадан ойластыра бастадым. Не істеймін? Шӛпті қайдан 
табам? Қайдан алуға болады?.. Бір сәт кӛңіліме ҥрей ҧялайды. Қоңыр сиыр да 
қыстағы аштан ӛлген ӛгіздер қҧсап ыңыршағы шығып, бҧралып жатып ӛлетін 
сияқты боп кӛрінеді. Ондайда жаным шырқырап, партада отыра алмай кетем. 
Не істеуім керек? Не амал бар? 
− Мен таптым,- деді осы кезде Петька қҧлағымның тҥбінен сыбырлап.- 
Кҥнде кешкісін Мақым шал жатқан кезде, Шағыр кӛз жиреннің алдындағы 
шӛптен алу керек. Тҥгел алмай, жартысын ғана алсақ, ешкім де білмейді. Ал 
почтаның атына колхоз шӛпті кҥнделікті беріп тҧрады. Сонда кҥн жылынып, 
жер қарайғанға дейін кҥнделікті алып тҧрамыз. 
Шынында да, мынау — табылған ақыл. Маладес, Петька! Қуанғаным 
сондай, кҥліп жіберсем керек. 
− Қанат! — деді Әнипа апай саңқ етіп, даусы қатты, ашулы шықты. 
Селк ете қалдым.-Сабақ тыңдамасаң, бар, далаға шығып кҥл! — деді. 
− Апай, байқамай қаппын. 
− Бар, бар, далаға! 
Әнипа апай кӛзілдірігінің астынан тесірейе қарап, қарсы алдыма кеп 
тҧрып алды. Маған аса ренішті, ашулы еді. 
− Мен кімге айтып тҧрмын?! Бар далаға! 


365 
Амал жоқ, кластан шығуға тура келді. Бҧл менің тӛрт жыл оқығандағы 
алғаш рет кластан қуылғаным еді. Кӛңілім жабығып, ӛзімді де кінәлі санап, 
жайымды ҧқпаған Әнипа апайға да іштей ренжіп, сыртқы есіктің кӛзіне 
шықтым. Қайда барам? Балалардың бәрі класта отыр, ҥйге баруға зауқым 
жоқ, мектеп есігінің алдынан ауыл тҥгелге жуық кӛрінеді екен, келесі 
ҥзіліске дейін осы арада тҧруды ҧйғардым. 
Сҧрқай тартқан бҧлыңғыр аспан. Бір апта болды, ӛстіп тҥтін басқандай 
тҥнереді де тҧрады. Кҥннің кӛзін кӛруден де қалдық. Кҥннің кӛзі кӛрінбеген 
соң, ауа да жылынбайды екен. Тҥстіктен бір ӛкпек жел ҥрлейді де тҧрады. 
ЬІзғары қозғалмай тҧрсаң лезде бойды қалтыратып, сҥйектен ӛтеді. Қардан 
қҧлантаза тау кҥнгейі де кҥннің кӛзі болмаған соң бойы қҧрысқандай боп 
сҧрықсызданып, тоң-торыс жатыр. Жауын-шашын мен жел мҥжіген ауыл 
ҥйлері қабырғалары алапес-алапес болып, қалай болса солай тігілген қотыр 
асықтар қҧсап сол сҧрықсыз тауды алқымдай орын теуіпті. Бір қарағанда 
тіршілік белгісі жоқ сияқты, тым-тырыс, тек кейбірінің тӛбесінен тҥтін 
будақтайды… Кӛшеге шыққан мал да, адам да шеттерінен жҥдеу, аяқтарын 
қалт-қҧлт басады, бҥрсек-бҥрсек етіп жел ӛтіне шыдай алмай, әлгі қотыр 
асық ҥйлердің ықтасын, тасаларына тығылады. 
Албыр-жҧлбыр домаланған біреу кӛшенің басынан бері қарай ҥйден ҥй 
аралап келеді. Бҧл — жетім қыз Тоштан. Бҥбітай боранда ҧшып ӛлген соң, 
оның мал-мҥлкін жамағайындары бӛлісіп алды да, бҧл мҥлде панасыз қалды. 
Содан ӛстіп кҥніне бір ауық ҥйден ҥй аралап қайыр тілейді. Біреу бір уыс 
бидай салып береді қалтасына, біреу бір кесе айран ішкізеді, енді біреулер 
қҧрт-ірімшік ҧстатады, бір кезде әкесін-шешесін кӛргендер мҥсіркеп, 
аяушылық білдіреді де, ал ештеңесі жоқ ҥйден сҥмірейіп бос шығады. Осы 
кҥні ауылда ӛстіп қайыр тілейтіндер шыға бастады. Тоштаннан кейін ҥйден 
ҥй аралауға кішкентай Кӛпен шығады. Кәдімгі бізбен бірге оқитын Кӛпен. 
Біраз болды, ашыққан соң оқуды тастап кетті. Шешесін колхоз қыс 
ортасында ағаш қиюға жіберген, жетпістен асқан атасы екеуі ғана тҧрады. 
Бҧрын атасы колхоздың малын бағатын, біраз болды, аяқ асты кӛзі кӛрмей 
ҥйінде отырып қалды. Азын-аулақ жиған-тергендері біткен соң, соқыр шал 
мен немересі қайыр-садақамен кҥнелтуде. Бҧлардан да гӛрі жағдайы ауыр бір 
қайыршы бар ауылда. Ол — шешен әйел Хауа. Мҧрны қоңқиған, кӛзі 
шҥңірейген ҧзын бойлы әйел кішкентай қызы Айнаны ертіп алып, ҥсті-басы 
алым-жҧлым боп ертеден кешке дейін ауылды дамыл таппай аралайды. Бір 
кірген ҥйіне бірнеше рет кіреді. Сонда да байғҧсқа ешкім ештеңе бере 
қоймайды. Аяп кеткендері қызына сҥт немесе айран ішкізеді, ал Хауаның ӛзі 
мҥлде аш жҥреді десе де болады. Кейбір қатыгездер: «Саған бірдеңе бермек 
тҥгілі, ӛзіміз де аш отырмыз, әрі, аулақ жҥр!» — деп, есігі нің алдынан малды 
қуғандай таяқпен ҧрып қуып жатады. Ондайда Хауа байғҧс шешенше 
бірдеңелерді айтып, ыңырси сӛйлеп, соққыдан басын қорғалап ӛңкеңдеп 
қашпақ болады. Соңғы кезде ӛзінің аяқ-қолы, бет-аузы домбығып ісіне 


366 
бастаған сияқты. Тәлтіректей ілбіп әзер жҥр. Біз балалар жалғыз-жарым, 
бетпе-бет кездесіп қалғанда Хауадан қорқамыз да. Жо, ол тиіседі, тарпа бас 
салады деп қорықпаймыз, тірі аруақтай тҥрінен қорқамыз. 
Қазір де ауылдың әр тҧсында жҥрген осы қайыршылардан ӛзге ешкім 
кӛрінбейді. «Тезірек қоңыр сиырымыз бҧзауласа, Тоштанға да, Кӛпенге де, 
Хауа мен қызы Айнаға да уыз берер едік-ау,- дедім оларға жаным ашып.- 
Тіпті кҥнделікті сҥт те беріп тҧрар едік». 
Бір сәт Байдалы шалдың ҥйінен шыққан Тҧржан сол тӛңіректегі біраз 
иттерді улыған-шулыған ғып, мал қораға қарай шауып ӛтті. 
Осы кезде іштегі кластың есігі ашылып, Петька жҥгіріп шыққан. 
− Жҥр, Әнипа апай ішке кірсін деді,- деп, жеңімнен тартты. 
Әнипа апай әлгіндегідей емес, тҥк болмағандай жылы жҥзбен қарсы 
алды. 
− Отыр орныңа, ендігәрі сабақ ҥстінде кҥлуші болма,- деді ескертіп. 
Сонымен кешкісін Шағыр кӛз жиреннің алдындағы шӛптен ҧрламақ 
болып бекіндік. Мақым шал кҥнделікті Шағыр кӛз жиренді далаға, 
қорасының іргесіндегі қолдан тоқылған шарбақ ақырға байлап, алдына шӛпті 
ҥйіп салып қояды. Оны кҥнде кӛріп жҥрміз. Біз сол ақырдағы шӛптен 
ҥшеулеп кӛтергенімізше алуымыз керек. Онымыз қоңыр сиырдың бір кҥп 
тойып жегеніне әбден жетеді. Келесі кҥні тағы да аламыз. Қысқасы, сӛйтіп, 
қоңыр сиырды қыстан асырап шығарамыз. Шӛп іздеп те бас қатырмаймыз, 
ешкімге жалынбаймыз да, кӛз тҥрткі де болмаймыз. Және мҧнымызды ешкім 
білмейтін болады. 
Әуелі кҥндіз ойнаған боп жҥріп Мақым шалдың ҥйін тӛңіректеп, 
ақырға қай жақтан барып, шӛпті қалай алып, қалай әкетуді ойластырдық. 
Әрине, шӛпті кӛтеріп кӛшенің ортасымен жҥруге болмайды, шет-шетпен 
тасаланып айналып, жҥруіміз керек. Ол жолымызды да мӛлшерлеп кӛрдік, 
біраз ҥйлердің сыртын айналып ӛтуіміз керек екен. 
− Ал енді ҥшеуміз шӛпті қҧр қҧшақтап алып жҥреміз дейміз, меніңше, 
онымыз жарамайды,- деді Петька әлгі шет жолымызды кӛзбен шола отырып.- 
Қанаттың ҥйіне жеткенше, қҧшақтаған шӛбіміздің жартысы жолда шашылып 
тҥсіп қалады. 
− Онда бір-бір жіппен буып байлап алайық,- дегем мен. 


367 
Сонымыз дҧрыс сияқты кӛрінген. Бірақ біраздан кейін Отто: 
− Ӛйтіп алып жҥргенде де шӛп шашылады,- деді,- Шӛптің аты шӛп қой, 
қанша мықты байласаң да бәрібір шашылады. Арқалап тасығанда кӛріп 
жҥрміз ғой. Ертең шашылған шӛптің ізі Мақым шалдың ақырынан Қанаттың 
ҥйіне дейін жол боп жатса, масқара боламыз ғой. 
Расында да, жаны бар сӛз, шӛпті шашпай алып жҥру мҥмкін емес қой. 
− Ең дҧрысы, шӛпті ҥлкен қапқа істелеп-істелеп салып алып жҥру 
керек,- деді Отто.-Сонда қапқа шӛп кӛп сыяды және еш шашылмайды, 
ҥшеулеп кӛтеріп жҥруімізге де оңай. Біз кҥзде матрац жасаймыз деп сабан 
тасығанымызда, екі матрацтың қабына жарты арба сабан сыйып кеткен. 
Бҧл тіпті табылған ақыл болды. 
Енді, міне, кештің батуын, қараңғылықтың тезірек тҥсуін кҥтіп, 
ҥшеуміз Оттоның ҥйінде отырмыз. Себебі бҧл ҥйдің терезесінен Мақым 
шалдың ҥйі, қора-қопсысы алақанға салғандай кӛрініп тҧрады екен. Біздің 
бҥйтіп қызыл іңірден ҥйге топырлай қалғанымызға Оттоның мамасы таң. Ӛзі 
әуелде бҧлыңғыр ымырт жарығында, онан соң сығыраңдаған май шамды 
жағып ап тоқыма тоқып отыр. Немісшелеп ҧлына сӛйлеп қояды. Сірә, ҥйге 
топырламай сыртқа барып ойнасаңдаршы дейтін сияқты. Отто болса немісше 
мен қазақшаны араластыра сӛйлеп жауап қайырады. 
− Кішкене жылынып алайықшы, мама, сонан соң тағы да ойнауға 
кетеміз,- дейді. 
Біз Петька екеуміз онсыз да тар ҥйде отыра бермей кетейік десек, Отто 
екеумізді де қозғалтпайды. 
− Асықпасаңдаршы, кішкене қараңғы болсын да,- деп безектейді. 
Оттолардың ҥйі — ауылдағы кӛп ҥйлер сияқты шағын-шағын екі 
бӛлме. Қыста отын ҥнемдеу ҥшін ҥй-іштері тегіс: мамасы, екі әпкесі Ирма 
мен Берта, Оттодан ҥш-тӛрт жас ҥлкен ағасы Лио — барлықтары осы тӛргі 
бӛлмеде жатып-тҧрады да, ауыз бӛлмеге отын-су қойылады. Ал тӛр бӛлме 
айтарлықтай кең де емес, жалғыз терезесі бар, оның алдында тамақ ішетін 
биік стол мен қолдан жасалған (Лио жасаған) ҥш-тӛрт орындық қойылған. 
Тӛрде жалғыз темір тӛсек, оның ҥстіне қампиған сабан матрацтар жиналған, 
қозғап қалсаң сыбдыр-сыбдыр етеді. Кӛрпе деген атымен жоқ, бәрі осы сабан 
матрацтардың арасына кіріп жатып ҧйықтайтын болуы керек. Ӛйткені кейде 
ертеңгісін кіріп қалсаң, Отто әлі матрацтың арасынан басы ғана қылқиып 
сары бас шымшықтың балапаны қҧсап жататыны бар. Ҥйдің бір жақ 


368 
қабырғасын ала салынған кән пеш бар, ылғи жып-жылы боп тҧрады. 
Оттоның мамасы қашан келсең де кӛзі сығырайып, терезеден қашық болса 
да, әлгі кәннің ҥстінде тоқыма тоқып отырады. Бҧдан ӛзге ҥйлерінде 
ешқандай дҥние де, мҥлік те жоқ. «Еділ бойынан кӛшкен кезімізде, дҥние-
мҥліктеріміз тегіс сонда қалыпты»,- дейді Отто. 
Оттоның ҥйінен ымырт ҥйіріліп, қараңғылық тҥсе бастаған кезде 
шықтық. Әуелі біздің ҥйге соғып, әжеме білдірмей ауыз ҥйде тҧрған екі ала 
қаптың біреуін бҥктеп алдық. Басқа балалардың кӛзіне тҥспеуге тырысып, 
ӛзімізше ойнаған боп Мақым шалдың ҥйін айналшықтап жҥрміз. Перде 
ҧсталмаған терезесінен ҥйдің іші қараң-қҧраң ғана кӛрінеді. Мақым шал 
МТС-тан бҥгінгі почтаны бесін кезінде әкелген болатын. Шағыр кӛз жиренді 
содан бері мама ағашқа қаңтарып, қазан суытып қойып, ӛзі кҥнделікті 
әдетінше шайға бас қойған. Кҥніне бір ішетін шайы болғандықтан, асықпай, 
терлеп-тепшіп отырып ҧзақ ішеді. Ауылда осы Мақым шалдың шайды кӛп 
ішетініне байланысты тараған кҥлкілі әңгіме де бар, кемпірімен сӛйлесіп 
отырып бір самаурынды тегіс тауысатын кӛрінеді, сондайда шалының кӛңіл-
кҥйін бҧзғысы келмеген кемпірі ыстық су болмай қалса, самаурынды жылы 
сумен-ақ ҥстемелеп қойып, шалы ҧсынған шыны-аяққа жай судан қҧйып 
береді екен де, ал Мақым шалға шҧрылдап самаурынның шҥмегінен қҧйылса 
болғаны, басқа ештеңеге кӛңіл аудармастан тершіген маңдайын орамалымен 
сҥртіп қойып, әлгі жылы суды да рақаттана отырып сораптай тҥседі екен. 
Бҥгін де Мақым шал әдетінше шайды ҧзақ ішті. Орнынан іңір шақта 
бір-ақ кӛтерілді. Тысқа шығып, есік алдында жҥрген ҧсақ малдарын қоралап, 
онан соң бір уыс шӛпті бҥктеп ап, сонымен Шағыркӛз жиреннің ҥсті-басын 
сҥрткіштеп, терін ҥгіп, сылап-сипады да, қора іргесіндегі ақырға мол етіп 
ҥйіп шӛп салып, атты соған апарып байлады. Онан соң ҥйінің алды-артына 
шығып, қараңғыда ананы-мынаны қарап шҧқылаған болып біраз жҥрді де, 
бар шаруасын тындырғандай ҥйіне кірді. Мҧнан кейін тысқа кемпірі шығып, 
әлгіндегі шалының шҧқылаған тҧстарын байқастап қарап, қалай жабылып, 
қалай қойғандарын тексеріп ӛтті. 
Сәлден кейін ҧйқыға жатқан болу керек, май шамдары да сӛнді. Біз әр 
тҧстан ашылып-жабылған ауыл ҥйлерінің сықырына, әрбір тықыр еткен 
дыбысқа елеңдеп қҧлақ тҥре тҧрып, Мақым шалдың ҥйінің біраз ҧйқыға 
кеткенін кҥттік. Ауыл-ҥй арасындағы жҥріс-тҧрыстар, кіріп-шығулар 
басылғандай болған кезде, Шағыркӛз жиреннің шӛпті кҥтір-кҥтір 
шайнағанына дейін анық сӛтілді. Ауық-ауық пысқырып қойып қҧрғақ шӛпті 
тары жегендей кҥтірлетеді. Сірә, жоңышқалы, шҧрайлы шӛп болу керек, 
кҥтірлетіп шайнағанына адам қызыққандай. 
Мақым шалдың ҥйі ҧйықтады-ау деген мезетте, кҥні бҧрын белгілеп 
қойған тҧсымыз -қораның сырт жағынан тасаланып, біріміздің соңымыздан 


369 
біріміз ептеп басып ақырға қарай жҥрдік. Алда — Петька. Алдыңғы кҥні шӛп 
алғанда, ақырдың қандай екенін кӛрген адам. Ақырдың шетіне жете беріп: 
− Қап қайда? Аузын керіп ҧстап, әзірлеңдер! — деп, ол сыбырлай 
сӛйлеп бҧйрық беріп шӛптен қҧшақтап ала бергенінде, бірдеңе сақ ете қалды. 
Петька кейін қарай шалқалай барып қҧлап тҥсті. Сӛйткенше болған жоқ, 
қатар тҧрған Отто екеуміздің бетімізге бірдеңе сарт етті. Сол бір қас қағым 
сәтте аттың бізге қарай қҧлағың жымырып, аузын арандай ашып тістемек 
болып ҧмтыла бергенін кӛріп қалдым. Ҥшеуміз бірімізді-біріміз баса-жанша 
кейін қаштық. Бір кӛрімі байлаулы ат жете алмады. Орнынан тҧрған Петька: 
− Мынау керемет тістейді ғой-ей! — деді есі шыға. Енді білдік, 
әлгіндегі Отто екеуміздің бетімізге тиген Петьканың қҧлақшыны екен. 
Шағыркӛз жирен тістеймін деген кезде, аузына сол Петьканың қҧлақшыны 
ілігіп, соны тістеп лақтырып жіберсе керек. 
Ҥшеуміздің де есіміз шығып қалды. 
− Арам қатқырды қара-ей! 
− О, шағыр кӛзіңді… қыршаңқы ит! — десіп, біраз сыбап боқтап алдық 
та, енді ақырға аттың басы жетпейді-ау деген тҧстан келмек болдық. Бірақ 
қай тҧсынан жақындамақ болсақ та, ІІІағыркӛз жирен қҧлағын жымырып, 
тісін сақ-сақ еткізіп, тіпті маңайлатпады. Ойпыр-ай, малдың да мҧндай 
тістеуігі болады екен-ау! Тура қабаған ит дерсің. Қораның арт жағынан 
сипалап жҥріп, бір ағаш таяқ тауып алып, сонымен жасқамақ болып 
кӛргенбіз, енді Шағыркӛз жирен тістегенді қойып, қос аяқтап тебіне 
бастады… Ақыры Шағыркӛз жиреннің алдындағы ақырдан бізге шӛп 
алдырмайтынына кӛзіміз анық жетті. Мҧнан гӛрі Мақым шалдың қолынан 
жҧлқа қашып тартып әкету оңай шығар. 
Ҥшеуміз де шарамыз таусылып, не істерімізді білмей ыза боп тҧрмыз. 
− Аша әкеп қарнына қорс дегізіп сҧғып алар ма еді,- дейміз. 
Бірақ сол ашаңды әкелсең де, мына Шағыркӛздің маңайлатпайтынын, 
қарнына сҧқтырмайтынын сезіп тҧрмыз. 
Салымыз суға кетіп, шӛптен кҥдер ҥзіп, қабымызды сҥйретіп ҥйге 
қарай қайттық. Мҧндай мазақ, мҧндай қор болмаспыз. Әлдеқандай болған 
ҥшеумізге бір жаман қыршаңқы алдындағы шӛптен алдырмады-ау. 
Мҧнымызды басқа балалар естісе, мазақтап қалай кҥлер еді. Балаларды 
қойып, бҥкіл ауылға кҥлкі болар едік. Тіпті мазақ пен кҥлкіні де қойып, 
бәрінен де бататыны — ертең қоңыр сиырға не берем? Жесең де осы, 


370 
жемесең де осы деп қҧр сабанға қаратам ба? Шӛп жоқ болса екен-ау!.. Бар 
ғой. Қоғалы бҧлақта жарты шошақ шӛбіміз қалды, жарты шана шӛбімізді 
колхоздың малы жеп қойды… 
− Кеттік! — дедім кенет мен Петька мен Оттоны тоқтата тҧрып.- 
Жҥріңдер, колхоздың шӛбінен ҧрлаймыз. Біздің жарты шана шӛбімізді 
колхоздың малы жеп қойды ғой, соның есесіне ҧрлаймыз,- дедім кеткен 
есемді қайтарғым кеп. Сыртқа білдірмегенмен, кӛптен ішімде жҥрген 
қыжылым еді. Тіпті анау екеуі бас тартса, жалғыз кетуге бекіндім. 
− Шынында да, мал қорадан алайық та,- деді Петька мені іле қостап.- 
Әнеугҥні ғой Тҧржан біздің қанша азаппен сонау Қоғалы бҧлақтан сҥйретіп 
әкелген шӛбімізді ӛртеп жіберді. Сол итке ерегіскенде колхоздың шӛбінен 
алайықшы. Немене, колхоздың малы мал да, қоңыр сиыр мал емес пе?! 
− Колхоз ҥшін ата-аналарымыз қан тӛкті дейміз. Ал сол колхоздың 
пайдасын Байдалы шал мен Тҧржаннан басқа ешкім кӛріп жҥрген жоқ. 
Шӛптің жақсысын солардың малы жейді, майға пісірген бауырсақты ӛздері 
жейді. Сонда осындай колхоз бола ма? 
− Шынында да, олар бҧрынғының байлары да, біз кедейлері 
сияқтымыз,- деді Отто да кӛңіліндегі наразылығын білдіріп. 
Сӛйтіп, ҥшеуміз ойдағы колхоздың мал қорасына қарай тарттық. 
Қораға баратын жолмен тура жҥрмей, талай жерді айналып сырт жағынан 
келгенбіз. 
Сиыршының ҥйі жатып қалған екен, қораның тӛңірегі тым-тырыс, 
қыбыр еткен жан жоқ. Тек іштегі малдың жӛтеліп-пысқырғандары, 
қасынғандары, кҥтір-кҥтір шӛп жегендері, кҥйіс қайырғандары естіледі. 
Бойы бізден биіктеу болғандықтан, Оттоны Петька екеуміз екі жақтан 
аяғынан кӛтеріп қораның тӛбесіне шығардық та, ӛзіміз қабымыздың аузын 
ашып, жоғарыдан тҥсірілген шӛпті салып тҧруға оңтайландық. Отто шыға 
сала шӛпті жҧлқылап суыра бастаған, бірақ бір уыс, жарым уыс шашылғаны 
болмаса ештеңе тҥсе қоймады. 
− Әй, тҥсірсеңші енді, неғып жҥрсің? — дегенбіз тӛменнен 
шыдамсызданып. 
− Басылып қалған шӛп екен, алу қиын,- деді Отто.- Қазір ҥстіне қарай 
шығайыншы… 


371 
Осы кезде қораның екінші жақ басынан арс-арс етіп шыға келген 
сиыршының тайыншадай кӛк тӛбеті бізге қарай шабалана ҧмтылған. 
Жайшылықта, кҥндіз келгенімізде, бізді адам екен деп кӛзіне де ілмей 
маңқиып тҧратын кӛк тӛбеттің бҥйтетінін кім білген?! Петька екеуміз жан 
ҧшыра далаға қарай безіп жӛнелдік. Бірақ адуынды тӛбет бізді аттатсын ба, 
әудем жер қашып ҥлгермей-ақ артта келе жатқан мені бҥйірлете 
жамбасымнан жҧлқып қалып, бір-ақ бҥктеді. Сол сәттегі жан дауысымның 
шырқырап шыққаны ӛзімдікі емес, ӛлім алдындағы басқа біреудікіндей, ӛз 
қҧлағымды жарып жіберердей болып естілді. «Ар-р-ар-р» еткен ашулы 
тӛбеттің тістерінің сақылдағаны, тамағының гҥріл-сырылына дейін тӛбемнен 
қҧлағыма дейін анық білініп тҧрды. Осымен ӛлген шығармын деген ғана ой 
келді. Онан әрі не болғанын білмеймін… Есімді жиғанымда, әлі тірі екенімді 
ҧқтым, тәбет мені со бір бҥктеп алып соққаннан кейін, қайтып тиместен, 
кейін қора жаққа қарай ҥріп кетіп барады екен. Сол арсылдап ҥрген бойында 
алыстай берді де, бір кез қараның арғы жағына кетті. Ӛйткені арпылдай 
ҥргені тасадан талып қана жетіп тҧрды. Мен ҧшып тҧрып жан дәрмен бетім 
ауған жаққа қарай жҥгіре жӛнелдім. Біраз жҥгіргеннен кейін алдымнан 
Петьканың: 
− Қанат! — деп шақырған даусы естілді. 
Екеуміз қосылып ап тағы біраз жҥгірдік. Едәуір ҧзадық-ау деген кезде 
барып тоқтап, есімізді жиып, артымызға қайырылғанбыз. Тӛбеттің ҥргені 
тіпті алыстан әзер естіледі. 
− Сені қапты ма? Сонша қатты шыңғырдың ғой? — деді Петька. 
− Қапты,- дедім мен ӛзіме-ӛзім келе алмай дір-дір етіп. 
− Қай жеріңді? 
− Жамбасымды болу керек, ауырып тҧр. 
− Кәне? — деп, Петька қараңғыда еңкейіп кеп шалбарымның ит 
жыртқан жерінен сипалап кӛрді де,- Бір тісі аздап қана батқан болу керек, 
кішкентай ғана қарайып, қанап тҧр,- деді жҧбатып.- Бірақ тоныңның етегін 
дал-дҧл ғып тастапты. Сені сақтап қалған да осы тоныңның етегі болар. 
− Енді ҥйге қайтамыз ба? 
− Әлгі Отто қайда, ол не болды екен? 
Демімізді ішімізге тартып, тың тыңдадық. 


372 
− Кәне, ысқырайыншы,- деп, Петька қос саусағын аузына салып қатты 
бір ысқырған, іле-шала жауап ысқырық шықты. Оттоның ысқырығы. Петька 
қайыра ысқырды, жауап ысқырық тағы шықты. Бізге қарай жақындап келе 
жатқаны байқалады. 
− Біз мҧндамыз? — деген Петька дауыс беріп. 
− Келе жатырмын,- деді Отто. 
Алқына жҥгіріп қасымызға келді де: 
− Біреуіңді қапты-ау деймін? — деді ҥрейленіп. 
− Иә, мені қауып алды. 
− Қалай? 
− Қорқатын ештеңе жоқ, тек тонын далалап жыртып тастапты,- деді 
Петька. 
Отто ӛзі дін аман екен. Қораның тӛбесінде тығылып отырыпты да, 
тӛбет ҥріп әрі қарай басқа жаққа кеткен кезде, секіріп тҥсіп зытыпты. 
Осылайша колхоздың мал қорасынан шӛп ҧрлау жорығымыз да сәтсіз 
аяқталып, ҥшеуміз сҥмірейіп ҥйге қайттық. Ала қабымыз сол қораның 
артында қала берді. 
Тастай қараңғы тҥн тҧмшалап тастағандай, не жҧлдыз кӛрінбейді, не 
жылт еткен жарық жоқ. Сҥйектен ӛткен ӛкпек жел ӛне бойды қалтыратып 
жіберді. Ауыл ҥйлердің арасында да иттердің ҥргенінен ӛзге дыбыс та, жҥріс-
тҧрыс та жоқ, тым-тырыс. Мынау тҥнде бәрі де тҧншығып жатқан сияқты. 
Тӛбеттің тісі батқан жер енді ғана сыздап ауыра бастады. Әлде сол 
жаныма батты ма, әлде шарасыз хал қинады ма, еңіреп жылағым келді. 
Даусымды шығарып ӛксіп-ӛксіп жыласам деймін. Бірақ жолдастарымнан 
Петька мен Оттодан ҧялдым. Бҧлар да небір қиындықтарды кӛріп жҥр ғой. 
Тек ешқайсысы еш уақытта жылаған емес. Сондықтан мен де жыламауым 
керек. Ҥйлеріміздің тҧсына жеткен ҥшеуміз ҥш айрылдық. 
− Ал жақсы, ертең тағы бірдеңе ойластырармыз,- деді Отто. 
− Әрине, қол қусырып отыра алмаймыз,- деді Петька оны іле қостап. 


373 
Қҧдай-ау, бҧл не деген созылмалы ауыр қыс?! Кҥн неге жылымайды?! 
Кӛктем айы болды емес пе? Қашанғы ӛстіп қыса бермек. Тақа діңкелетіп 
барады ғой. Қҧдай-ау, бар болсаң, естісеңші! Кӛктеміңді келтіріп, кҥніңді 
жылытсаңшы. Сонда саған сенейін: Сенің бар екеніңе сенейін! Еш уақытта 
сені жоқ деп айтпайын… Қҧдай-ау… 
* * * 
Ертеңгісін боз ала таңнан оянғам. Әжем болса менен де бҧрын тҧрып, 
кҥнделікті әдетінше далаға шығып, қорадағы қоңыр сиыр мен екі ешкіні 
қарап, одан от жағып, шай қойып, балалардың тҥнде жатарларында қалай 
болса солай шашып тастаған киімдерін жинастырып жҥр екен. Бір сәт кӛзі 
тҥнде кеп босаға жақтағы шегеге іле салған менің тоныма тҥсіп кетіп, 
сығырайып барып соны ҧстап кӛрді. 
− Қарағым-ау, мына тоныңа не болған, ит талаған ба? — деді 
тонымның албыр-жалбыр шалғайын жарыққа тоса тҧрып. 
− Тҥнде ойнап боп ҥйге келе жатқанымда, арт жағымнан кеп бір 
бҧралқы ит арс етіп ала тҥсіп жыртып кеткені,- дедім әжемді қалай да 
сендірмек боп қисындыра сӛйлеп. 
− Әй, осы тҥнде ойнаған дегенді қоймадыңдар-ау,- деді әжем кейіп,- 
Әйтеуір, еш жеріңе, денеңе тісі тиген жоқ па? 
− Тиген жоқ,- дедім тҥнде иттің қапқанын жасырып. Ӛйткені оны 
айтып, әжемді қҧр несіне ҥрейлендірем… Тек шалбарымның мына жерін 
жыртып жіберіпті, тігіп берші,- деп, тӛсегімде кӛрпеге оранып отырған кҥйде 
шалбарымды алдына қарай лақтырып тастағам. 
Әжем тебендей жуан инесі мен шуда жіп әкеп ӛзіме сабақтатып алды 
да терезенің алдына жарыққа барып отырып әуелі шалбарымның жыртығын, 
онан кейін тонымның жалбыраған шалғайын жамап берді. Жамап отырып ӛзі 
біраз кейіп, ҧрсып алды, кӛп ойнайтынымды, әсіресе тҥнге қарай кӛп 
жҥретініме ренжіді. Мен бҥгіннен бастап тҥнге қарай ҥйден шықпаймын деп 
уәде бердім. 
Сыртқа шығып, қоңыр сиыр мен екі ешкіні қорадан шығарып, 
алдарына біраз сабан шашып, сол сабанға араластырып беру ҥшін қораның 
ҥстіндегі шӛптің ең соңғы қоқым-соқымдарын сыпырыстырып тҧрғам. 
− Қой деймін, қойсаңшы! — деген дауысқа жалт қарасам, кӛшенің 
ортасымен біздің ҥйге қарай Отто бір бау шӛпті арқалап келеді екен. Бір 
қолымен шалбарының ышқырынан ҧстап алған. Соңынан ере жҥрген Бәтен 


374 
тырқылдай кҥліп, оның шалбарын тӛмен тҥсіріп жібермек боп тартқылап 
келеді. Бір ауық Отто қайырылып, оны теуіп жібермек болады, ондайда Бәтен 
кейін қашып барып тоқтайды да, Отто қайтадан кете берген кезде, жҥгіріп 
кеп шалбарының артынан тӛмен тартып қап мәз болады. 
− Қой деймін-ей, әйтпесе, мына шӛпті тастай сап кӛресіңді кӛрсетем 
ғой,- дейді ыза болған Отто қызараңдап. Бірақ ӛзі шӛбін тастамайды. Әрине, 
шӛбін тастай салып, бас салып ҧстаған кҥнде де Бәтенге ол ешқандай 
кӛресінің кӛрсете алмайды. Әлі де жетеді. Бәтенге қарағанда кҥші де басым, 
бірақ ҥстемдік жасап ҧра алмайды. Оны Бәтен де жақсы біледі. Сондықтан ол 
Оттоның соңынан қылжақтай еріп, біздің ҥйдің қасына дейін келді де, 
қораның тӛбесінен тҥсіп, ӛздеріне қарсы жҥрген мені кӛрген соң ғана, кейін 
қайтты. 
Бір бау шӛпті Отто жаңа Мақым шалдан кәдімгі Шағыркӛз жирен атын 
тҧмаға апарып, суғарып кеп, со кісіден сҧрап апты. Жібі болмаған соң, қайыс 
белбеуімен буып, арқалап алған ғой, бір қолымен шалбарының ышқырынан 
ҧстап жҥргені содан екен. 
− Бәрінен де Шағыркӛз жиренді тҧмаға апарып суғарып қайтқанша, қос 
ӛкпеге тепкілеп, тҥндегі кегімізді бір қайтардым,- дейді Отто мәз бола кҥліп. 
Сонымен қоңыр сиырға бҥгіндікке де біраз шӛп табылған еді. 
Мектепке келген соң да сабақ арасы Петька, Отто ҥшеуміздің қыбыр-
жыбырымыз, сӛзіміз онан әрі жалғасқан. Шыдай алмай кетті-ау деймін, бір 
сәт қасымызға келген Санат: 
− Соңғы кезде ҥшеуің ерекше бӛлініп, сыбырласып кеттіңдер, 
жайшылық па, айтсаңдаршы? — деген. Сырымызды басқа балалардан 
жасырсақ та, Санаттан жасырғымыз келмеді. Бар шӛбімізді Тҧржан 
атқарушының қырсығынан жеткізіп ала алмағанымызды, енді, міне, 
бҧзаулайтын шағында қоңыр сиырдың ашыққалы тҧрғанын, соған шӛпті 
қайдан аларымызды білмей, басымыздың дал болып қатып жҥргенін айттық. 
Санат та ойланып қалды. Келесі ҥзілісте ол ҥшеуміздің қасымызға қайта кеп, 
кӛңілге қонар бір ақыл берді. Мынау ауылдың іргесінде, Жарбҧлақтың бергі 
тҧсында, жолға жақын жерге қара кҥзде тасып алынған екі маяның орны бар 
ғой, талай шӛп ысырап боп шашылып қалған, сол араның ҥстінің қарын 
аршып кӛрсе қалай болар еді? 
− Иә, ол жерді мен білем ғой, талай шӛптің шашылып қалғанын ӛз 
кӛзіммен кӛргем,- деді Отто жҧлып алғандай. 


375 
− Мен де білем,- деді Петька да. 
Ол екі маяның орны менің де кӛз алдымда еді. Кҥзде талай рет Нәзира 
әпкем арба айдап келе жатып «шашылып қалған шӛптен жинап ала келсем бе 
дедім де, колхоздікі болған соң алуға қорықтым»,- дейтін. 
Иттің тісі батқан жер қанша сыр бермеймін десем де сыздап ауырып, 
аяғымды аттатпайды. Сабақтан шыққан соң ҥйге қайтарда сҥйретіліп әзер 
жҥрдім. Бҧл кҥйде Жарбҧлаққа қалай шӛпке барам? Бір ҥйдің тасасына 
келгенде Петька бой бермей шалбарымды тҥсіріп, жамбасымды сипап 
қарады да: 
− Tic батқан жердің тӛңірегі қызарып ісіп тҧр екен,- деді жаны аши 
сӛйлеп.- Сен бҥгін ҥйіңде бол, Жарбҧлаққа Отто екеуміз барып қайтамыз ғой. 
− Жо, мен ӛзім бармасам, сендер де бармайсыңдар. 
− Немене, бізге сенбейсің бе? 
− Сенем, бірақ ӛзімнің де барғым келеді. 
− Вот қиқар,- деді Петька мырс етіп кҥліп.- Жарайды, біз Отто екеуміз 
сені шанаға отырғызып ап сҥйретіп апарамыз. 
− Шанаға сҥйретпей-ақ мен ӛзім барам… 
Сӛйтіп, ҥшеуміз бір-бір кҥрек алып, ҥш кішкентай қол шанамызды 
сҥйретіп, Жарбҧлаққа қарай тарттық. Бҧл жолы қайда баратынымызды, не 
әрекет жасайтынымызды ҥйден жасырғамыз жоқ. Қоңыр сиырға шӛп табу 
ҥшін маялардың орнын аршимыз дегенімізге Петьканың мамасы да, Оттоның 
мамасы да қарсы болмады. Әжем болса: 
− Қарағым, абай болыңдар, әйтеуір. Қар басып қалған шӛпті аршып алу 
да оңай болмас, мҧз боп қатып жатқан шығар,- деген. 
Егер аршып алғандай болсақ, шӛбімізді Тҧржан кӛрмеуі ҥшін қапқа, 
мӛшекке салып әкелеміз деп ҥйлерімізден бір-бір ыдыс алғанбыз. Мен 
жалғыз қалған ала қапты алдым. «Біреуі ғана қалыпты, біреуі қайда кеткенін 
білмеймін»,- деп, әжем ауыз ҥйдің қуыс-қалтарыстарын тінткілеп қалды. 
«Іздемей-ақ қой, ол қап табылмайды»,- деп айтуға дәтім бармады. «Іздер-
іздер, табылмаған соң қояр»,- деп ойладым. 
Жарбҧлаққа барар жолдағы қар қыстағыдай емес, жҧқарып, 
қатқақтанып, мҧздаққа айналыпты. Ауылдан шыққан соң оймауыт тҧстарда 


376 
ҥшеуміз ҥш шанаға отырып, жарыса сырғанаймыз да, ӛрге келгенде Петька 
мен Отто мені қосақталып сҥйрелей жӛнеледі. Мҧздақ қардың ҥстінде шана 
да лыпып сырғанайды. 
Маялардың орнын оп-оңай таптық. Жолдан жҥз метрдей жерде кедір-
бҧдыр тӛмпешік-тӛмпешік болып жатыр екен. Кей жерлерде еріп, мҥжілген, 
қар астынан селдіреп шығып қалған шӛп те кӛрінеді. Қуанғанымыз сондай, 
шаналарымызды тастай бере әлгі шӛбі кӛрінген тҧстардан кеп ҥшеуміз ҥш 
жерден тҧра қап, оюға кірісіп те кеттік. Кҥректерімізді тіктеп шаншып, шӛпті 
бҥркеп жатқан кӛрпе сияқты жҧқа қаңылтақ қарды лездің арасында қопарып-
қопарып тастамақ болғанбыз. Бірақ жҧқа кӛрінгенмен, қар деген аты 
болмаса, сіресіп қатқан мҧздан бір кем емес екен. Кҥректеріміз тасқа 
тигендей шақ-шҧқ ете қалды. Сонда да бой бермей ҧрғылай бердік. Әлі-ақ 
мына тӛмпешіктеніп жатқан мҧздақ қарлардың тас-талқанын шығарып ойып-
ойып, астындағы шӛпке қарық боламыз да қоямыз. Алайда кҥзгі жауында 
әбден шылқып су болып, жерге басылып, одан ҥстінен қар жауып, алты ай 
қыс қатып жатқан шӛпті аршып алу деген оңай емес екен. Біраздан кейін-ақ 
алғашқы аптығымыз басылып, меселіміз қайтайын деді. Ӛйткені тас 
уатқандай шақылдатып ҧрғылап жҥріп ойып алғандағы бір уыс, жарым уыс 
шӛбіміздің жартысы мҧз боп шығады. Тастайын десең, онан кейінгі ойып 
алған шӛбің де сондай. Жалпы кӛзіміздің бір жеткені маяның орнында қалған 
шӛптің бәрі осындай жартылай мҧз боп жерге жабысып қатып қалған екен. 
− Мейлі, осы мҧзымен болса да ҥйге алып барайық,- дейді қара терге 
тҥсіп тҥтіккен Петька әлгілерді бір жерге жинастырып.- Мҧзын ерітсек, шӛбі 
қалады ғой. 
Онысы да ақыл Әйтеуір, шӛп аты бар ғой. Жоқтан гӛрі бар. 
Ит қапқан саным кҥректі қолыма ҧстап, қар оюға кіріскенімде-ақ 
сыздап ауыра бастаған, бірақ оған бой бермеуге тырысып қимылдай бердім. 
Кҥректі қҧлаштап кӛтеріп зірк-зірк ете бергеннен соң ба, біраздан кейін 
жанға батып ауырайын деді. Енді қаттырақ қозғалған сайын, саныма ине 
сҧғып алғандай болады. Бҥкіл аяғым тҧтасып, зіл батпан боп ауырлай тҥседі. 
Тағы біраздан кейін ауырғаны сондай, шыдай алмай шанама барып қисайып 
отыра кеттім. Жамбасым тегіс ӛртеніп бара жатқандай сыздап, ес таптырар 
емес. Ӛне бойым тегіс ауыр тартып, кӛзім қарауытып кетті. Жатқым келеді. 
Бірақ жатсам қайтіп тҧра алмайтын сияқты кӛрінем, сондықтан ӛзімді-ӛзім: 
«Тҥу, осы да сӛз бе екен, иттің бір тісі батқанға ауырып»,- деп, жігерлендіріп, 
бір ауық Петька мен Оттоға қараймын. Ол екеуі менің мына хәлімді де, 
отырғанымды да байқар емес. Еттері қызып алған, қара терге тҥсіп, 
кҥректерімен мҧздақ қарды гҥсілдете ҧрғылайды. Мҧз боп қатқан бір кесек 
шӛпті ойып алса, мәз болады. 


377 
− Міне, мынаның шӛбі кӛп екен! — дейді қуана дауыстап. Одан әрі 
кҥректі қайта қҧлаштайды. «У-ух, У-ух» дейді бірінен-бірі қалыспай. Енді бір 
сәт кӛзімді жҧмып, талықсығандай боп отырған маған екеуі мҧздақ қар емес, 
тау ойып жатқандай естіледі… Қанша отырғанымды білмеймін, бір кездері 
Петька мен Оттоның: 
− Әй, анау Қанат неғып отыр? Ауырғаннан сау ма? 
− Ӛзінің отырысы бір тҥрлі ғой?! 
− Әй, Қанат! — деген дауыстары алыстан талып естілді. Оларға жауап 
қайырмақ болып едім, шамам келмеді. 
Қасыма жҥгіріп келіп, біреуі маңдайымды ҧстап кӛрді де: 
− Ой, ой, ой!.. Кҥйіп тҧр ғой! — деді. 
− Қап, ауырып қалатын болды-ау! 
− Бҥгінше осы ойғанымыз жетер, енді қайтайық. 
− Қайтайық. Ертең екеуміз кеп тағы оямыз ғой. 
− Әрине… 
− Давай, Қанатты ӛз шанасына жатқызып сҥйретейік. Ал екеуміздің 
шаналарымызды бір-біріне тіркеп, ҥстеріне мешоктар мен қапқа салып мына 
шӛптерді тиейік. 
− Жарайды… 
Екеуінің ақылдаса сӛйлесіп жҥріп, мені шанама жатқызып, одан ойған 
мҧз шӛптерін ыдыстарға салып шаналарына тиегендерінше қанша уақыт 
ӛткенін білмеймін, бір ҧйқыдан оянғандай болған кезімде, ӛзімді сҥйретіп 
келе жатқандарын аңғардым. 
− Ыңқылдайды, жанына батып келеді-ау деймін. 
− Аяғы тегіс кҥп боп ісіп кетіпті. 
− Әне, тағы да ыңқылдады. 
− Шыда, Қанатай, шыдашы, бауырым, қазір ауылға жетеміз. 


378 
Мҧнан әрі тағы да ҧйықтап кеткем… Біреу кӛтергендей болды. Әлуетті 
кҥшті қолды сездім, ҥлкен адам сияқты. 
− Тҥу, жеп-жеңілі-ай! — деген ер адамның бейтаныс даусы қҧлағыма 
жетті. 
− Мына араға жатқыз,- деген екінші ҥлкен адамның даусы. Мҧны 
айнытпай таныдым, Мақым шал ғой. Мені әлгі кҥшті қол жайлап әкеліп 
жҧмсақ шӛптің ҥстіне жатқызды. 
− Бҧл әлгі Ықсанның баласы ғой,- деген Мақым шал. 
− Қанат па? Бойы сыриып дырдай жігіт бопты ғой,- деді әлгі бейтаныс 
адам мені танып, еңкейіп кеп мені бетімнен сҥйді.- Тҥ-у, ыстығы қатты 
кӛтеріліп жатыр екен. 
− Мыналар ит қапқан деп тҧр ғой, ҥйге барған соң ҧшықтап жіберсе, 
бір-екі кҥнде жазылып кетеді,- дейді Мақым шал жайбарақат ҥнмен. 
«Мынау мені бетімнен сҥйген ер адам кім болды екен?» — деп 
ойлаймын. Кӛзімді ашқам, айдалада тоқтап тҧр екенбіз. Почташы Мақым 
шал соңымыздан қуып жетіп, мені ӛз шанасына жатқызыпты. Бас жағымда 
бір жақ шекесі тегіс ойдым-ойдым, бір кӛзінің ҥстін бастыра қара 
былғарымен байлап алған тҥсі суық біреу екен. Киімдеріне қарағанда 
әскерден қайтып келе жатқан адам сияқты. 
− Мынау кімнің баласы? — деп сҧрады әлгі адам. 
− Бҧл кәдімгі соғыстан бҧрын колхоздың шошқасын баққан Крешке 
деген орыстың баласы ғой,- деді Мақым шал. 
− Бәрекелде, Крешкенің баласы ма-ей? Әй, бері келші. Атың кім? 
− Петька. 
− Ой, ҥлкен жігіт боп қапсың ғой, Петька,- деп әлгі адам Петьканы 
қҧшағына алып, бетінен сҥйді. 
− Әй, сенің әкеңмен бірге талай арақ ішіп, ел тыржыңдап қашып 
жҥргенде, шошқаның етін жеп ем,- деді мәз бола кҥліп. Онан соң Оттоны 
нҧсқап: 
− Ал мынау кімнің баласы? — деген. 


379 
− Бҧл соғыс басталғанда кӛшіп келген немістің баласы, Ота деген жігіт. 
Қазір ӛзіміздің ауылдың баласы боп кетті ғой. 
− Кел бері, біздің ауылдың баласы екенсің, сенің де бетіңнен сҥйейін,- 
деп, әлгі адам Оттоны да шақырып ап бетінен сҥйді. 
− Әй, Бетке, Ота! Шаналарыңды мына менің шанама тіркей салыңдар 
да, ауылға жҥгіріңдер сҥйінші сҧрап. Соғыстан Кӛпеннің әкесі Әбен аман-
есен келе жатыр деңдер. 
«Кӛпеннің әкесі екен ғой! Байғҧс Кӛпен, кіп-кішкентай, ап-арық боп 
ҥйден ҥй аралап, соқыр боп қалған атасы екеуіне қайыр-садақа сҧрап жҥруші 
еді. Маңдайының бағы бар екен де. Енді аштан ӛлмейтін болды. Ол енді әкесі 
бар бала. Ауылдағы ең бақытты бала сол болды ғой!..» деп ойлаймын. 
Содан мен бір аптадай ауырып жаттым. Бҥкіл бір жамбасым, аяғым 
тегіс кҥп боп ісіп, алғашқы кҥндері мҥлде қозғалтпай қалды. Мақым шал 
сиыршының мені қапқан кӛк тӛбетінің қылшығын жҧлып әкеп, сонымен 
ҥшкірген. Екі-ҥш кҥннен кейін кезек алып, біртіндеп жараның уыты 
қайтайын деді. 
Мен жатып қалған кезде, қоңыр сиырдың бар тауқыметі Петька мен 
Оттоға тҥскен. Екеуі сабақтан шыққан соң, кҥнде тҥстен кейін Жарбҧлақ 
жақтағы маяның орнынан ойып шӛп әкеледі, оның мҧзын ерітіп, желге 
жайып кептіріп, сабанға араластырып, қоңыр сиырдың алдына тастайды. 
− Жақсы жейді,- деп екеуі де мәз болады. 
Мен жатқан кҥндері екеуі сырттағы жаңалықтарды тҥгел кҥнделікті 
жеткізіп тҧрды. Біртіндеп кҥннің жылынып, қардың кете бастағанын 
солардан естідім. Ауа райы осылай боп тҧрса, енді біраз кҥнде жайма-шуақ 
кӛктемнің келетінін, сонда малды тау бӛктерлетіп, жайылымға шығаруға 
болатынын сӛз етеді. Келесі келгендерінде қардың астынан қалың кӛктің 
қылтиып қаулап келе жатқанын жарыса айтады. Осыларды естігенде тезірек 
аяғымның ісігі қайтса екен деп шыдамсызданам. Кҥнде ертеңгісін әжем 
тҧрған кезде, мен де басымды кӛтеріп, мойнымды созып, терезеден сыртқа 
қараймын. Кҥн ашық болса қатты қуанам, кӛктемнің жақындай тҥсуі осы 
кҥннің ашықтығына байланысты ғой. 
− Қалайсың? — дейді әжем. 
Мен аяғымды қозғап қойып: 


380 
− Жақсымын,- деймін. Әжем кеп кӛрпемді ысырып, аяғымды сипап 
ҧстап кӛреді де: 
− Ісігі әлі қайтпапты, қозғалмай жат,- дейді. 
Одан соң ҧзақты кҥнге терезеден бозара қарап жатып кешті батырам. 
Тҥстен кейін бір ауық Петька мен Отто кеп отырып кетеді, сонда біраз 
серпіліп қалам. Қалған уақытта сарылып жата берген адамға таңның атуы да, 
кҥннің батуы да қиын екен. 
Бір кҥні ертеңгісін сыртқа шыққан әжем сәлден кейін абыржып кірді 
ҥйге. 
− Қанат-ай, балам-ай, қоңыр сиыр жоқ,- деді есі шыға. 
− Қайда. кетіпті? 
− Білмеймін. Тҥнде мықтап байлап қойған сияқты едім. Қораның аузын 
да мықтап бастырып жауып ем. Әлде жібі шешіліп, бошалап шығып кетті 
ме?.. 
Осыны айтты да әжем қоңыр сиырды іздеуге бел буған тҥрмен қайта 
шығып кетті. Ҧшып тҧрып киініп, бір аяғына ағаш байланғандай сҥйретіліп 
мен де іздеуге шықтым. Қоңыр сиырдың жоғалғанын ести сала Петька мен 
Отто да безек қағып, ауылдың тӛңірегін айналып зыр жҥгірді. Бҥкіл кӛрші-
кӛлем тегіс тік тҧрып, аяқ жетер жерді аралап, бірге іздесті. Бірақ қоңыр 
сиырдың ізі де білінер емес, ҧшты-кҥйді жоқ. Сол кҥні кешке дейін 
аяғымның ауырғанына қарамастан талай жерді шарлап, сілем қатып кешкісін 
ҥйге келсем, кішкене балалар ҧлардай шулап жылап отыр екен. Кӛп 
жҥргеннен бе, әлде суық тиді ме, менің аяғым тағы да кҥп боп ісіп кетті. 
Тӛсегіме сылқ етіп қҧлап тҥстім. Біраздан кейін шаршап-шалдығып әжем де 
келген. Кӛзі шҥңірейіп, екі жағы мҥлде суалып, бір уыс қана боп шҥпиіп 
қапты. Алдынан шуылдаса шығып, жылап қарсы алған балаларға қабағын 
тҥйіп: 
− Жә, тҥге, олары несі кісі ӛлгендей кҥңіреніп! — деп қатты ашумен 
басып тастады.-Жыламаңдар әрі, жаман ырым бастап. Басымыз аман болсын 
деп тілеңдер! 
Кішкене балалар әжемнің мына қату тҥрін керіп жылағандарын пышақ 
кескендей қойып, тыйыла қалды. 
− Әй, Болат, от жағып, шай қойып жіберші, балам! — деді бҧйырып. 
Сӛйдеді де тӛсегімде сҧлқ жатқан менің қасыма кеп еңкейіп, аяғымды 


381 
сипалап ҧстап кӛрді.- Балам-ай, әттеген-ай, аяғыңды тағы ісіріп апсың ғой,- 
деді жабырқай кейіп.- Бекер кӛп жҥргенсің. Тәуір болғаныңда тағы жатып 
қалатын болдың-ау. 
Пысылдап жҥріп ошаққа от жағып, Болат қайнатқан шайға отырдық. 
Әжем қара суға шыланған талқаннан бір-екі рет қана таңдайына салып, 
қайнаған суды тҧз салып терлеп-тепшіп ҧзақ ішті. Шай ҥстіндегі 
әңгімелеріміз ҧсақ-тҥйек ҥй тірлігі тӛңірегінде: «Су әкеліп қойдың ба?», 
«Отын жардың ба?» тәріздес болды да, қоңыр сиыр туралы ешқайсымыз 
жарып аузымызға алмадық. Ащы жараны тырнаудан қашқандай 
маңайлағымыз келмейді. Онан бір ауық әжем осындай жадап-жҥдеп 
тарыққан кезімізде, кӛңілімізді жҧбататын дағдысына бағып, ертегі тәріздес 
әңгімелердің бірін бастап кетті. 
− Баяғыда, осы сендердей кезім, бір қатты жҧт болып, мал тегіс 
қырылып қалды. Әй, сол жылғы қыс та ерекше қатты болып еді. Жауған 
қардың қалыңдығы сондай, мына Қоғалы бҧлақтай жерде отырғандарға алты 
ай қыс бір қатынаса алмадық қой. Ол заманда бҥгінгідей колхоз деген жоқ, 
пішен шабу, қысқа шӛп дайындау дегенді білмейді жҧрт. Содан қалың 
жауған қарда мал тебіндей алмай аштан қырылды дейсің. Кӛктемге қарай 
қалың елде тігерге тҧяқ қалмады ғой… 
Терезе қағылды да сырттан: 
− Қанат, Қанат! Тез далаға шықшы! — деді біреу дауыстап. 
Әрине, аяғым ауырып отырған мен тҧра қоймадым да, менің орныма 
сыртқа Болат жҥгіріп шықты, лезде тапырақтай жҥгіріп қайта кірді де: 
− Әже, Бәкке біздің қоңыр сиырды әкеп тҧр! — деді жан даусы шыға 
айқайлап. 
Ҥй ішімізбен ауырған-сырқағанымызға қарамастан дҥрліге кӛтеріліп, 
сыртқа ҧмтылдық. Шынында да, есік алдында Бәкке қоңыр сиырды жетектеп 
кеп тҧр екен. Қуаныштан есіміз шығып кетті. 
− Қайдан таптың? 
− Қайдан әкелдің? — дейміз шуылдаса жамырап. 
− Мына жақтан,- деп Бәкке қараңғыда белгісіз жақты нҧсқағандай 
болды. Есі шыққан әжем: 


382 
− Ой, ӛркенің ӛскір қарағым-ай, мың бол, мың болғыр!.. Кӛзің 
жамандық кӛрмесін!.. Ӛмірің қызыққа толы болсын!..- деп, Бәккеге алғысты 
батасын ҥсті-ҥстіне жаудырып, айналып-толғанып жҥр. Онан қоңыр сиырды 
бас жібінен алып, қораға қарай жетелей жӛнелген. 
− Әже, қораға емес, ауыз ҥйге кіргізіп байлаңызшы,- деді Бәкке. 
− А! Сӛйтейін бе? О да жӛн екен,- деп, әжем енді қоңыр сиырды ауыз 
ҥйге қарай жетектеді. Қоңыр сиыр ҥйренген қорасына қарай тартқылап 
қиқалақтай бастаған, бәріміз артынан қаумалай айдаған соң, амал жоқ, ауыз 
ҥйге кірді. Әжем ауыз ҥйдегі май шамды жағып, білтесін кӛтеріңкіреп, сиыр 
тҧратын жақ бҧрыштағы ондық-мҧндық заттарды басқа жаққа алып қойды. 
Қоңыр сиыр тап-таза ауыз ҥйді жатырқағандай кӛзі шарасынан шыға пыс-
пыс етеді. 
− Ӛзі тоқ екен,- деді әжем бҥйірінен сипалап.- Әй, Болатжан, балам, 
астына бір қҧшақтай сабан әкеп тасташы, жатқанына жҧмсақ болсын. 
Болат лып етіп барып сабан әкеп тӛседі әлгі бҧрышқа. 
Онан соң «сақтықта қорлық жоқ» деп екі ешкіні де ауыз ҥйге кіргіздік. 
Сыртқы есіктің ілгегін жауып ап, қуаныштан есіміз шыға абыр-сабыр боп, 
ауыз ҥйде қоңыр сиырдың қасында бір шай қайнатым тҧрдым-ау деймін. Ішкі 
ҥйге кіргіміз келмейді. Ауыз ҥйдің аты ауыз ҥй емес пе, тек тоңа бастағаннан 
кейін ғана ішке кірдік. Болат от жағып, қайтадан шай қайнатты. Мына 
қуаныштың ҥстінде әжем мырзалығы ҧстап, тағы бір-бір қасықтан талқан 
шылап берді. Ризалығын білдіріп Бәккенің алдына, жеке ӛзіне жарты 
тостаған талқан шылап қойды. 
− Мен ҥйден шай ішіп келдім, рақмет, әже,- деп Бәкке бас тартқан. 
− Жоқ, қарағым, рақметіңді қоя тҧр. Сен бҥгін талқанмен емес, мал 
сойып қҧрметтейтін қонағымызсың, ҧялмай же,- дейді әжем жаны қалмай 
қалбалақтап. 
Шай ҥстінде мен Бәккені ӛзімсіне: 
− Қайдан таптың? — деймін анықтай білгім келіп. Осы сәтте 
балалардың бәрі тегіс: Болат та, тіпті кішкентай Жанарға дейін кӛздері 
жайнаңдап Бәккенің аузына қарай қалған. 
− Ат суарайын деп барсам, тҧманың басында жҥр екен, шӛп беріп ҧстап 
алдым да, ҥйлеріңе жетелеп әкелдім,- деді Бәкке міз бақпастан. Соған бәріміз 
иландық. Әрине, мен іштей иланғам жоқ, Бәккенің шынын жасырып 


383 
отырғанын сездім, бірақ кішкене балалардың кӛзінше қазбаламадым. 
Шай ішіп болған сон, Бәкке маған: 
− Мен сендердікіне жатайыншы,- деді. 
− Жат. Екеуміз бірге жатамыз,- дедім мен қуанып. Әжеме айтып ем, ол 
кісі де қуана қҧптады. 
− Қарағым-ау, ҥй кең ғой, оның не қысылатыны бар, жатсын,- деді. 
Сӛйтіп, менің тӛсегімді кеңейтіп салып Бәкке екеуміз бірге жататын 
болдық. Әжем ауыз ҥйге шығып тағы да қоңыр сиырды сылап-сипап жататын 
жерін ыңғайластырды. Қоңыр сиыр тҧмсығын созып ыңырана ақырын 
мӛңіреген. 
− Ойбҧй, байғҧсым-ай, шӛлдеп тҧр екенсің ғой,- деп шелекті 
салдырлатып су берді. 
Енді шамды сӛндіріп жатқалы отырғанымызда, сыртқы есімізді біреу 
жҧлқа тартып, онан тықылдата қақты. 
− Ол кім? — деген әжем есік ашпас бҧрын. 
− Мен Бакка апа! — деді әйел даусы. 
− Менің апам ғой,- деді Бәкке елең етіп. 
Әжем есікті ашып, ҥйге Бәккенің шешесі Зейнат кірді. Бҧл баданадай 
қой кӛзді, пышақпен қырнап жасағандай қыр мҧрынды, ӛңі ажарлы болса да, 
бір тҥрлі суық кӛрінетін, орта жастағы ақ сҧр әйел еді. Бәккенің кескін-
келбеті әкесі Адудан гӛрі осы шешесіне кӛбірек ҧқсайтын. Ал әкесі Аду 
сақал-мҧрты қап-қара, қоңырқай жҥзді, доғал мҧрын, кішірек кӛзі кҥлімдеп, 
жҧмылып кете жаздап тҧратын адам. 
Зейнат кірген бойда әуелі әжеме: 
− Амансыз ба,- деп амандасты да, (Бәккенің шешесі қазақша басқа 
сӛздерді сӛйлей алмаса да, «амансыз ба?» дегенді ӛте анық және дҧрыс 
айтатын) шәлісінің астына тығып әкелген бір кҥлше дӛңгелек наны бар екен, 
соны ҧсынды.- Бала тіс жейді,- деді кҥле сӛйлеп. Әлгі кҥлшенің жҥгерінің 
ҧнынан пісірілгенін мен айнытпай танып отырмын. Анда-санда Бәккенің 
ҥйіне кіре қалғанда жейтінбіз. Ӛте тығыз боп піскен, тәтті болады. 


384 
− Рақмет, қарағым,- деді кҥлше нанды алған әжем. 
− Балалар тас берсең де жеп қояды ғой. 
Мҧнан әрі Зейнат баласына шешеншелей жӛнелген. Даусы қатқыл, әр 
сӛзі ҧрысқандай естіледі. Бір жылдан бері шешенше пәлендей сӛйлеп 
ҥйренбесем де біраз сӛзін тҥсінетінмін. Сондықтан Бәккенің шешесінін 
айтқандарын тҥгел ҧқпасам да, ҧзын-ырғасын сезіп тҧрмын: әкең жҧмыстан 
қайтқанша неге шыдамадың, дейді жазғырып. Бәкке де қатты сӛйлеп жауап 
қайырды: «Әкем келгенше, олар сиырды сойып алса не істеймін» дейді. 
Шешесі тағы да жазғыра сӛйледі: «Егер қолдарына тҥсіп қалсаң қайтетін 
едің, олар ӛлтіріп тастаудан тайынбайды ғой» деген. «Жоқ, ӛлтіре алмайды, 
мен оларға ӛлтіртпеймін»,- дейді Бәкке де қайтпастан. Шешесі мҧнан кейін 
де жазғырып ҧрысқан, бірақ Бәкке де ӛз дегенінде тҧрып алды, шешесіне 
кӛзін аларта қарап «уай-уай» деп шатынай сӛйлейді. Осылайша шешесі мен 
баласы біраз дауласып сӛйлесіп алды да, ақыры Зейнат шарасы таусылғандай 
лажсыз кҥлімсіреп әжеме қарады. 
− Бала жаман… жаман…- деді қолын сілтеп. 
− Жоқ, қарағым. балаң жаман бала емес, жақсы бала,- деді әжем оған 
қарсы дауласа сӛйлеп.- Осы ҥйге келгенде байқаймын ғой, тәрбиесі де, 
тәртібі де жақсы бала. 
− Вай, вай,- деп Зейнат қарсылық білдіргендей басын шайқап кҥлді де.- 
Мен бала, сен бала…- деп бастады да, әрі қарай аузына қазақша сӛз тҥспей 
тҧтығып тҧрып қалды, онан соң баласына сен тҥсіндіріп жіберші дегендей 
айтар сӛзін шешенше жалғастырып әкетті. Бәкке кҥлді де: 
− Әже, менің апам айтады, менің балам сізді ӛзінің әжесіндей жақсы 
кӛреді деп,- деп аударды. 
− Е, айналайын, мен де сені мына отырған Қанатымнан кем 
кӛрмеймін,- деді әжем де. 
Бәкке енді ӛз шешесіне әжемнің сӛзін аударған. 
− Вай, вай! — деп Зейнат сақылдай кҥлді. 
Мҧнан әрі шешесімен Бәкке тағы біраз сӛйлесті де, ақыры шешесі 
кетуге ыңғайланды, әжеме қарап: 


385 
− Мен бала…- деп қолымен ишараттап Бәккені нҧсқап, осында қонады 
дегенді білдірген. 
− Қонсын, қонсын. Қорықпа, балаңды сабамаймыз,- деді әжем әзілдеп. 
Әжемнің әзіліне бәріміз де мәз болып кҥлдік. 
Зейнат кеткен соң шамды ӛшіріп жатқанбыз. Әжем мен балалар тез 
ҧйқтап қалды да, Бәкке екеуміз қатар жатып ап алаңсыз еркін әңгімеге 
кірістік. Әуелі Бәкке: 
− Қанатай, бҧл әңгіме тісіңнен шықпасын, әйтпесе екеумізді де 
ӛлтіреді,- деп, маған ӛзінің қоңыр сиырды қалай тапқанын айтып берді. 
Қоңыр сиырды бір шешен (Бәкке ол шешеннің де атын айтпады) ӛткен 
тҥні таң алдында кеп әкетіпті. Содан кҥні бойы алдына шеп салып қораның 
тҥкпіріне қамап қойыпты. Ондағы ойы алғашқы кҥнгі абыр-дабыр іздеу 
басылған соң, бҥгін тҥнде сойып алу екен. Мҧның бәрін Бәкке әлгі шешеннің 
бес жасар баласының айтқанынан (балалы ҥйдің ҧрлығы жата ма) естіпті. 
Оның ҥстіне Бәккенің ӛзі де сабақтан қайтып келе жатқанында, әлгі 
шешеннің қорасына шӛп кіргізіп жҥргенін байқап қалады. «Мҧның ешқандай 
малы жоқ еді ғой, шӛпті неменеге салып жҥр екен?» деп ойлады. Сӛйткенше 
болмай ойнап жҥрген баласы «Бҥгін менің әкем сиыр сояды» деп мақтанып, 
бар жағдайды айтып береді. Содан Бәкке әлгі шешеннің ҥйін сырттай 
аңдиды. Әкесі болса жҧмыста, басқа ақылдасатын адам жоқ. Бәкке не істерін 
білмей аласҧрады. Бізге кеп айтса, ҧрлығын ашқаны ҥшін әлгі шешен мҧны 
бауыздап тастайды, ӛйткені шешендердің заңы солай. Кешке қарай кӛрші 
колхоздан жасырынып әлгі шешеннің бір-екі сыбайласы келеді. Ҥшеуі ҥйге 
кіріп, пышақтарын қайрап, қараңғылықтың тҥсуін кҥтіп отырған кездерінде, 
Бәкке ақырын барып есіктерін сыртынан бекітіп, қоңыр сиырды жетектеп, 
біздің ҥйге қарай тайып тҧрыпты. Әлгі шешендер әзірге ӛздерін кімнің 
тотитып кеткенін, әрине, білмейді. 
− Ал егер білсе ше? 
− Тіпті білсе де бҧл шешендер ҥшін кешірімді. Олар ҧрлады, олардан 
мен ҧрладым. Мықты болса ҧрлатпаулары керек еді. Ал егер ҧрлағандарын 
келіп айтсам, онда кешірмес еді. Ӛштесіп, кек қайтарар еді. Сондықтан ертең 
ешкімге ештеңе демей, тҥк білмегендей болайық. Сҧрағандарға тҧма жақта 
жҥрген жерінен тауып алдық дей сал. 
− Мақҧл, Бәкке. 


386 
Кӛзіміз ҧйқыға енді ілініп бара жатқан, ҥйдің тҥбінен жҥріп ӛткен 
дҥбірден Бәкке де, мен де қатар оянып, басымызды кӛтеріп-кӛтеріп алдық. 
− Біреу жҥрген сияқты болды ғой. 
− Иә, біреу есік алдында жҥр. 
Ҧмтылып барып терезеге жабыса тҧрып, тастай қараңғы сыртқа 
қарағанбыз. Қараңдаған еңгезердей біреу қораға кіріп кетті де сәлден кейін 
қайта шықты, ары-бері ҧрлана қарап біраз жҥрді де, енді кеп есікті 
тартқылады. 
− Соның ӛзі,- деді Бәкке сыбырлап. 
− Киініп алайық. 
Қараңғы ҥйде сипаланып тҧрып, тез киініп алдық. Бәккені қайдам, 
менің ӛне бойым безгек ҧстағандай дірілдеп кеттім. Әуеліде есікті жай 
тартқылағандай тықырлатып тҧрған, әлгі бір кез сарт еткізіп жҧлып алғандай 
болды. Бәкке екеуміз жҥгіріп ауыз ҥйге шыққанбыз, жоқ, есік ашылмапты. 
Сырттағы адам бар кҥшін салып тағы да жҧлқып-жҧлқып қалды, бҥкіл ҥй 
солқ-солқ еткен. 
− Қанат, балта бар ма? — деген Бәкке. 
Мен қараңғыда сипаланып барып, босаға жақта сҥйеулі тҧратын 
балтаны тауып әкеп Бәккенің қолына ҧстаттым да, ӛзім ашаны алдым. 
− Сен не алдың? — деп сҧраған Бәкке. 
− Ашаны алдым. 
− Дҧрыс. Енді қорықпаймыз. Егер есікті бҧзып кіретін болса, мен оны 
тура балтамен шабайын, ал сен қарнына ашаны сҧғып ал. 
− Мақҧл. 
− Әй! — деді енді Бәкке сырттағы есікті тықырлатып тҧрған адамға: — 
Біз біріміз балтамен, біріміз ашамен қаруланып тҧрмыз. 
− Бәкке?! — деген сырттағы адам таңырқап. 
− Иә, Бәккемін. 


387 
Анау шешеншелеп бірдеңе-бірдеңе деген, менің ҧққаным: сенің бҧл 
ҥйге қандай қатысың бар дейтін сияқты. Бәкке де шешеншелеп жауап 
қайырды: бҧл менің досымның ҥйі дейді. Анау: «мен қазір сені досыңмен 
қосып бауыздаймын» дегендей болды. Бәкке: «Бауыздап кӛр, менің әкем сені 
бауыздасын деді». Анау: «Мен сенің әкеңнен қорықпаймын» деген. Бәкке 
менің әкем кҥшті, сені қҧртады, деді ызақорлана дауыстап. Сырттағы адам 
бар кҥшін сап есікті тағы да жҧлқып қалған. Осы кезде сырттан, арғы жақтан 
шешенше айқайлап ақырған еркектің даусы да шықты. Есікті жҧлқып тҧрған 
адам тапырақтай жҥгіріп ары қарай кетті. Сӛйткенше болған жоқ, әлгі екі 
адамның дабыр-дҧбыр сӛйлескендері әріректен, кӛше жақтан естілді. 
− Менің әкемнің даусы ғой! — деді Бәкке. Жҥгіріп барып есіктің 
ілгегін ашып жіберіп, сыртқа атып шыққан. Мен де ілесе шығып, есіктен 
аттап барып тоқтадым. Анадай жерде ақ қардың ҥстінде арсыл-гҥрсіл алысып 
жатыр екен. Жҥгіріп барған бойда Бәкке де қазақша боқтанып кірісіп кетті. 
Ҥлкендер шешенше боқтасып жҥр, ара-арасында: «О-о», «а-а»…», «Вай, 
Миск!..» деп ышқына ыңыранғандары естіледі. Бірін-бірі сарт-сҧрт 
ҧрғандары, ыңыранған, ыңк-ыңқ еткен дыбыстары естіледі. Бір сәт Бәкке: 
«А-а… әкеңнің!..» — деп баж ете қалған. Жаным шыға жаздаған мен: 
− Бәк-ке! — деп жҥгіре ҧмтылғам. Осы мезетте ҥлкендердің бірі кескен 
теректей сереңдеп барып анадай жерге ҧшып тҥсті. Мен жандарына таяп 
келгенде, екінші ҥлкен адам әлгі сҧлап тҥскеннің ҥстіне тӛніп, еңкейіп 
қарады да, тістене тҧрып шешеншелеп: 
− Тірі екен,- деді. Даусынан таныдым, Бәккенің әкесі екен. Мені кӛріп: 
− Хээт, Хээт! — деді зеки дауыстап. Онан соң Бәккеге бірдеңе-бірдеңе 
деп тез-тез сӛйлеген. Бәкке жҥгіріп кеп мені ҥйге қарай жетелей жӛнелді де: 
− Қанат, тісіңнен шықпасын. Мҧны ешкімге айтушы болма. Онда менің 
әкемді қҧртады. Бар ҥйіңе! — деді сыбырлай сӛйлеп. 
Ҥйге кіріп, есікті іліп ішкі бӛлмеге енгенімде, әжем: 
− Қанатпысың?! Не боп қалды?! — деген. 
− Жай. Далаға шығып жҥрмін,- дедім дауысымнан бойымды билеген 
ҥрейді де, тоңғанымды да білдірмеуге тырысып. 
Бірден жата қоймай, терезенің алдына барып кӛше жаққа қарағам. 
Бәкке мен әкесі кӛрінбейді, кетіп қалса керек, ал әлгі серейіп жатқан адам 
әлден соң орнынан тҧрды. Тағы да біздің ҥйге кеп есікті бҧзып жҥрмесе деп 
зәре-қҧтым қалмады. Жоқ, бері қарай жҥрмеді, бір аттап, бір тоқтап, ілби 


388 
басып қараңдап ары қарай кетті. Тәлтіректеп бара жатқаны байқалады. 
Ертеңгісін тҧра сап қоңыр сиыр мен екі ешкіні сыртқа шығарып, ауыз 
ҥйді тазалап, онан соң тҥндегі арпалыс болған жерге барғам, әр жерде 
қардың ҥстіне тамған қанның ізі қапты. Сірә, шешендер пышақтасқан болу 
керек. Тҥндегі Бәкке алып шыққан біздің балта анадай жерде жатыр екен. 
− Әй, Қанат, бірдеңе жоғалттың ба? Не іздеп жҥрсің? 
Мен қапелімде ҧрлығымның ҥстінен тҥскендей селк етіп қалдым. 
Ҥйінен шыққан Петька боқшасын арқалап бері қарай келе жатыр екен. Мен 
жауап берем дегенше болған жоқ, ол есік алдында жҥрген қоңыр сиырды 
кӛргенде қуанғаны сонша: 
− Табылыпты ғой! — деп есі шыға жҥгірді. 
Петьканың кӛңілі басқа жаққа ауғанын пайдаланып, мен де балтаны 
алып ҥйге қарай жҥрдім. 
Тҥнгі оқиғаны — шешендер тӛбелесін Бәкке екеумізден басқа ешкім 
білген де, естіген де жоқ. Егер МТС — тағы шешендерді бақылайтын 
коменданттың қҧлағына болар-болмас сыбыс тисе-ақ, ҧры шешенді де, 
Бәккенің әкесін де айдап әкететіні сӛзсіз еді. Сондықтан Бәкке екеуміз 
кездескен жерде кӛзімізбен ғана ҧғысып, болған оқиға жайлы ләм-мим деп 
сӛз қозғағамыз жоқ. Бәкке біраз кҥнге дейін мектепке де барған жоқ, оң 
қолымды темір пешке кҥйдіріп алдым деп мойнына асынып байлап, ҥйінде 
отырды. Ал әлгі біздің қоңыр сиырды ҧрламақ болған Солтымҧрат деген 
шешен екен. Оны білгенім, сол Солтымҧрат қорадан қҧлап, қазыққа 
жығылдым деп, екі қабырғасы сынып, ҥйінде бір айдай тӛсек тартып жатты. 
Петька, Отто ҥшеуміздің тірлігіміз со бҧрынғыша — сабақтан шыға 
сала қоңыр сиырдың қамына кірісеміз. Әр жерден ҥзіп-жҧлқып бір уыс шӛп 
тапсақ, алтын тапқандай қуанамыз. Сірескен қар ӛмірі кетпестей боп мҧрты 
шетінер емес. Шіркін-ай, жер қарайған кӛктемге жетеміз бе, жетпейміз бе деп 
зарыға кҥтіп жҥргеніміз. Амал-әрекеттің бәрі таусылған, ешкімнен қайыр 
болмайтынына кӛз жеткендей ҥміттің де ҥзілген шағы. 
Сол кҥндері Нәзира әпкемнен хат алғанбыз. Бҧл — ҥйден аттанып 
кеткеннен бергі ҥшінші хаты еді. Амандық-саулығын айта келіп, ӛздерінің — 
ылғи Қазақстаннан барған қыздардың — Еділ бойындағы жаудан азат етілген 
қаланы қалай қалпына келтіріп жатқандарын жазыпты. Әр тараптан барған 
талай қыздармен достасып, апалы-сіңлідей туыстасып кеткендерін, қандай 
қиыншылықтар болса да солармен бірге кӛтерісіп «кӛппен кӛрген ҧлы 
тойдың ішінде жҥргенін» мақалдап білдіріп, әжем мен бізге — іні-


389 
сіңлілеріне: «Мені ойлап қайғырмаңдар, халім жаман емес, ойнап-кҥліп 
жҥріп жатырмын»,- деп қойыпты. Бірақ хатының кейбір тҧстарындағы бірді 
жарым сӛздерді аңдап отырған әжем: «Тоқта, жаңағы жерін қайта оқышы»,- 
деп маған қайталай оқытты да: 
− Не дейді, қҧдай-ау, аяқ астынан жарылатын…- дей ме? — деп 
сҧрайды. 
− Минаны айтқаны ғой,- дегем мен білгішсініп. 
− Е, бір алла ӛзің жар бола гӛр,- деп әжем кҥбірлей кҥрсінді.- Бҥгін хат 
жаз, абайлап жҥрсін деп жаз. Дауыстап айтпаса да іштей аллаға сиынып 
жҥрсін. 
− Ой, Нәзира әпкем қҧдайға сенбейді,- дегем мен әжемнің не болса 
содан қорқатынына қитыға сӛйлеп. 
− Тә! Ӛйдеме! — деп, әжем кәдімгідей қатуланып сӛгіп тастады. 
Әжімдері қатпар-қатпар боп тереңдеп, ӛңі қатты сҧрланып кетті.- Осы кесір 
сӛздерің ғой сендердің… 
Әжемді дәл бҧлай ренжір деп ойламаған мен сасқанымнан: 
− Жарайды, жазам, аллаға сиынып жҥр деп жазам,- деп әзер жҧбаттым. 
Міне, сол хатының соңында әпкем ауылдағы ағайын-туғандарға тегіс 
сәлем жолдай отырып, Зибашқа да бір-екі ауыз сӛз арнапты: «Зибаш жеңгеме 
кӛп-кӛп сәлем айтыңдар, талай жауынның астында бірге суға малтығып, 
талай боранда бірге тоңып ек. Қайран жеңгем, азаматтан бір кем емес еді, 
сендерге де кӛз қырын салып жҥрген шығар. Аман-сау елге оралсам, мен де 
қарыздар болып қалмаспын…» 
− Е-е, қарғам-ай, жҧрттың бәрін ӛзіндей кӛреді ғой,- деді осы тҧста 
әжем еріксіз қатты кҥрсініп. 
− Зибаштың опасыз екенін қайдан білсін,- дедім мен де шыдай алмай. 
− Қайтесің, дҥние шіркін деген сол ғой, балам. «Адам аласы ішінде» 
деген емес пе. Нәзираға жазып қойып жҥрме. Алыста жҥрген адамға 
ауылдағыны жамандамайық,- деді әжем. 
− Онда әпкемнің сәлемін Зибашқа айтпайық па? 


390 
− Айтайық. Хатын апарып ӛзіне оқытайын,- деп тҥйді әжем. 
Сол кҥні әжем Нәзира әпкемнің хатын алып Зибаштың ҥйіне кеткен, 
біраздан кейін қуанышпен оралды. 
− Балам, әлгі Зибаш сиырларыңызға шӛп берейін, кешкісін 
балаларыңызды жібере қойыңыз деді. 
Айтқанындай кешкісін іңір кезінде Болат екеуміз екі жіп алып 
Зибаштың ҥйіне келгенбіз. Зибаш сыртқа ӛзі шыққан. Кешкі апақ-сапақта 
жҥзі аппақ боп айдай жарқырап керемет әдемі кӛрінді, қиылған қастары сәл 
тҥйіліп, бізге жай ғана бір кӛз тастады да, былқылдай басып кеп 
қораларының іргесіндегі тал шарбақтың ішіне жиналған шепті иегімен 
мегзеп: 
− Кӛтергендеріңше буып алыңдар,- деді. 
Біз Болат екеуміз кӛк жауқазын шӛптен ӛзіміз жейтіндей боп, 
қуанғаннан есіміз шыға жіпке бууға кірістік. 
Дәл осы сәтте ауыл иттерінің азан-қазан ҥргені, айқай-шу естілген. 
Әрине, атқарушы Тҧржанның кӛшеден ӛтіп бара жатқанын айтпай-ақ ҧқтық. 
Сӛйткенше болған жоқ оның: 
− Әй, Зибаш сҧлу, а-а-а…- деген дарақы кҥлкілі даусы естілді.- Естідің 
бе, жоқ па, әлгі сенің шолақ қол ӛкілің, Әлтаевың басқа жаққа жҧмысқа 
ауысып кетіпті, а-а-а… 
− Оны кім айтты? 
Естідік қой, а-а-а… Енді сен бҧл ауылда біргәдір боп қалар ма екенсің, 
а-а-а…- деп сол еліре мәз боп кҥлген кҥйі, атын қамшылап әрі қарай шаба 
жӛнелді. 
Зибаш болса, сол шарбақ қоршаудың есігіне сҥйенген кҥйі, Тҧржан 
басынан қамшымен осып-осып ӛткендей боп, сілейген кҥйі Тҧрып қалған. Біз 
ініміз екеуміздің қанша шӛп алғанымызда да, кеткенімізде де шаруасы 
болған жоқ. Тіпті айтқан рақметімізді де естіген жоқ. Ҥйіріле бастаған ымырт 
қараңғылығында әлгінде ғана аппақ боп жарқырап тҧрған айдай ақ жҥзі 
біртіндеп солғын тартып, бір тҥрлі шаршаған, қалжырағандай кҥйде қала 
берді. Бҥкіл иттерді шулатып ауылдың екінші басына шыққан Тҧржанның 
есірік кҥлкісі ымыртта бҧрынғысынан да гӛрі жаңғырығып, екіленіп, еліріп 
естіледі: «А-а-а!..» 


391 
Біз, Болат екеуміз, буып алған шӛптерімізді бҥкшеңдей кӛтеріп, ҥйге 
қарай жан дәрмен ышқына ҧмтыламыз, қҧдайдан бар тілегіміз, Тҧржан кейін 
қарай қайта шаппаса екен, бізді кӛрмесе екен дейміз. Тілегіміз қабыл боп, 
Тҧржан қайтып кейін қарай шаппады, біз аман-есен Зибаш берген шӛпті 
арқалап ҥйімізге жеттік-ау. Сол кҥнгі қуанышымызда шек жоқ еді. Қоңыр 
сиыр да, екі ешкі де шӛпті кӛргенде, бас жіптерін ҥзе жаздап тҧмсықтарын 
созып мӛңіресіп-маңырасып естері шықты. 
Обалы не керек, Зибаш берген сол шӛп бізге біраз кҥнге әжептәуір 
талғажу болды. 
Ал сол кҥнгі Тҧржан айтқан хабар ертеніне-ақ бҥкіл ауылға тарады: 
шолақ қол ӛкіл шынымен-ақ басқа жаққа қызметке ауысқан екен. Ауыл 
адамдары ендігі жерде Зибаштың бригадирліктен тҥсетінін де сӛз етісті. 
Қолдаушысы, қорғанышы жоқ әйел қанша тҧрар дейсің, Байдалы шал аман 
болса, әлі-ақ қағып тастайды ғой десті. Әрине, бригадир етіп Тҧржанды 
сайлап алады. Осы пікірге тірелгенде елден маза кетейін деді. Атқарушы боп 
істеп жҥргені мынау, ал егер бригадир бола қалса, бҧл Тҧржан шетімізден 
жон арқамыздан таспа тілер десті. Жоқ бҧл оңбағанды, бҧл лағынетті 
бригадирлікке жолатуға болмайды. Амал табу керек. Әрекет жасау керек. 
Зибаш болса екі-ақ кҥннің ішінде ҥсік ҧрған жапырақтай боп ӛңі 
қуарып, кӛзінің асты қалталанып, тҥрі мҥлде тҥр болмай қалған. Ҥшінші кҥні 
Байдалы шал колхоз активтерін жинап жиналыс ӛткізіпті. Сонда арт жақта 
отырған біреу әзіл-шыны аралас: 
− Шолақ қол ӛкіл кетіпті ғой. Енді колхоздың кейбір басшыларын 
ӛзімізше сайлайтын шығармыз,- деген екен, Байдалы шал кӛзі шақшаң етіп 
әлгі адамға: 
− Шолақ қол ӛкіл кетсе, мына бҥтін қол біз бармыз ғой, тізгінді ӛзім-ақ 
алам,- деп жауап беріпті. Сӛйтіп екі-ҥш кҥн ауылды кеулеген қаңқу сӛзге 
бірден тыю салған екен. Әлгі адам да, басқалар да жым болса керек. Содан 
кейін-ақ Зибаштың жҥзіне қайтадан қан жҥгіріп жадырай бастады. 
Сол жиналыс ӛтіп жатқан кезде, Санат бір топ баланы кеңсенің қасына 
шақырған: 
− Келіңдер, қазір бір қызық болады,- деп. 
Ҥлкендер жиналыстан шыққан кезде, біздер анадай жерде 
жентектенген сҥр қарды домалатып ойнап жҥрдік. Кеңседен бірінші боп 
Тҧржан шыққан, бізді кӛре сала елірмесі ҧстағандай: 


392 
− Әй, кҥлигандар, қазір сендерді ме! А-а-а!..- деген сақылдай кҥліп. 
Кеңседен Байдалы шал бастаған басқа активтер де шыққан. 
− Әй, Тҧржан! — деді Байдалы шал дауыстап.- Әйел адам ғой, анау 
Зибашты атына мінгіз. 
− А-а-а… мақҧл аға,- деді Тҧржан ыржалақтап. 
Тҧржан барып Зибаштың атын шешіп әкеп, алдына кӛлденең тартып, 
қолтығынан демеп мінгізді. 
− Енді менің атымды әкел! — деді Байдалы шал. Тҧржан енді Байдалы 
шалдың атын шешіп әкеп алдына кӛлденең тартты да, оны да қолтығынан 
демеп жіберді. 
Атына мініп, қоқилана отырған Байдалы шал: 
− Әй! — деді тағы да Тҧржанға иегін кӛтере тҧрып,- Біз ҧзап кеткенше, 
сен осы арада кідіре тҧр, әйтпесе сен атқа мінсең, бҥкіл ауылдың итін 
улыған-шулыған қыласың. 
− А-а-а… Мақҧл аға,- деді Тҧржан бҧл жолы да ыржалақтап. 
Байдалы шал мен Зибаш ауылдың ортасымен қос жорғамен қатарласа 
жҥріп мал қораға қарай кетті, басқа активтер де әрқайсысы ӛз шаруасына бет 
алған. Жҧрттың ең соңында қалған Тҧржан қамшысын ҥйіріп қойып, кӛзі 
қҧтырына ойнақшып біздер жаққа бір қарап: 
− Әй, кҥшіктер! — деп қойып атына қарай жҥрген. 
− Ойбай, қашайық! — деді балалардың бірі зәресі ҧшып. 
− Қорықпаңдар! — деді Санат кҥле тҧрып. 
− Қазір қызық болады. 
Сӛйткенше болған жоқ, еліре басып барып атының басын шешіп, ерге 
енді қарғып міне берген Тҧржан, аты осқырынып мӛңкіп кеткенде, ер-
мерімен жалп етіп ҧшып тҥсті. Мӛңкіген аты қҧлап бара жатқан оны қос 
аяқпен тепкен, кӛрім болғанда аттың қос тҧяғы Тҧржан қҧшағындағы ер-
тоқымға тиіп, аман қалды. Біз, балалар, қыран-топан кҥлкіге баттық. Біразға 
дейін тҧра алмай тырбаңдап жатқан Тҧржанды мазақтамағанымыз жоқ. Енді 
байқадық, Тҧржанның ер-тоқымының айылдарын біреу пышақпен қиып, 


393 
іліндіріп қана қойған екен. Міне бері ҧшып тҥскені содан. Сәлден соң 
тәлтіректей кӛтерілген Тҧржан бет аузы қан-қан боп: 
− Кҥшіктер!.. Кулигәндар!.. Кӛрсетем мен сендерге! — деп шарылдай 
бастады. Біз тым-тырақай қаша жӛнелдік. 
− Кім істеді? Кім қиды айылдарын? — деп бір-бірімізден сҧраймыз.- 
Кім болса да жарады! -дейміз сҥйсініп. 
Сӛйтіп, барлығымыздың ӛшіміз бір қайтқан еді Тҧржаннан. Ол бір 
аптадай ҥйінде тӛсек тартып ауырды, сірә, қатты жығылса керек. 
Сол екі арада бір кҥні тҥстіктен лекілдеп жылы жел соғып берсін. Қар 
суының кҥлімсі иісі әлгі желмен аңқи жӛнелсін. Леки соққан бір кҥннің 
ішінде-ақ сіресіп жатқан қарды тоз-тоз етіп сӛгіп, шоқпыт киіздей іргелете 
тҥріп, сілікпесін шығарды. Тіпті шыдатар емес. Ҥлкендердің айтуынша, бҧл 
молшылық болар жылы соғатын ескек желі еді. 
Ой, дҥние-ай, сӛйтіп, кӛктемге де жеттік-ау! 
Бҧл — зарыға кҥткен жеңіс кӛктемі еді! 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет