«Балапан»
балабақшасы
9 – мамыр – Жеңіс күні!
Мақсаты:
1. Ұлы Отан соғысы туралы мағұлмат беру.
2. 9 – Мамыр – Жеңіс күні екенін толық түсіндіріп өту.
3. Балаларды Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Мақал – мәтел
«Отан – оттан да ыстық»
«Отан үшін отқа түс, күймейсің!»
1. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі.
1941 жылы 22 маусымында ойламаған жерден немістер біздің елімізге шабуыл жасаған, яғни соғыс ашты.
Бұл соғыс Ұлы Отан соғысы деп аталды, әрі бұл соғыс 4 жылға созылды. Сөйтіп, 1945 жылы 9 – Мамыр күні біз фашистерді жеңіп шықтық.
2. Арылтып жаудан жерімді
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер бұл қай күні
9 –шы Май күні.
3. Атам Отан қорғаған
Онда қорқақ болмаған.
Алтын жұлдыз кеуде де,
Нағыз батыр ол маған!
2. Тәрбиеші: Әлия мен Мәншүк
Бауыржан Момышұлы.
4.Батыр қыз.
Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі
Әлия апа көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Әлия
5. Жер мен көктің арасын,
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия орыс қаласын,
Азат етіп, болды мерт!
Ол жеңісті көрген жоқ,
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ,
Батыр қызы қазақтың!
Мәншүк апай!
6. Жаумен жалғыз алысты,
Түбінде Мәншүк соғыстың
Бермеді қолдан намысты,
Жүректі қызы қазақтың.
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
7. Батыр бопты бабамыз,
Біздер, әлі баламыз,
Күзетте тұр тұрағы
Әскердегі ағамыз.
Одан үлгі аламыз
Бізде сондай боламыз.
«Достық жыры»
8. Бейбітшілік болса,
Туған жер құлпырады.
Үйлер де құламайды,
Ешкім де жыламайы.
Соғыс өртін көзбен көрген,
Отан үшін жанын берген.
Мақтанышымыз ардагерім,
Жеңіс туын желбіреткен.
Әркімнің есінде
Сұрапыл сол жылдар.
Жетімді, жесірді
Шарпыған сонда ызғар.
Қалды арта қан төгіс,
Қиындық кешу де
Бірақ та сұм соғыс
Әркімнің есінде.
Жас ұрпақ тілегі,
Бейбіт күн асқары.
Ашық боп тұрсын де,
Әлемнің аспаны!
Достарыңызбен бөлісу: |