1
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы « 8 » тамыздағы
№ 242 бұйрығының 5- қосымша
«Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – қызмет) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.
2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулысымен бекітілген «Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Қызметтің автоматтандырылу дәрежесі: толық автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттарды аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды тұлға;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi - заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрі - БСН);
4) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі –
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ);
5) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
6) ҚФБ – құрылымдық - функционалдық бірліктер;
7) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оны өз қажетіне жарататын субъект (алушы, қызмет көрсетуші);
8) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну бойынша қызмет көрсету;
9) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
10) «электрондық үкімет» шлюзі – электрондық қызмет көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);
11) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi (бұдан әрі - ЭЦҚ);
12) электрондық құжат - өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс етiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда тасығыштары көрсетілетін мемлекеттiк қызмет;
14) электрондық лицензия – қағаз лицензияға тең, ақпараттық технологияларды пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетуші қызметінің тәртібі
6. ЭҮП (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету барысында функционалдық өзара іс-қимылдың №1 диаграммасы) арқылы қызмет көрсетушінің қадамдық әрекеттері және шешімдері осы Регламенттің
2-қосымшасында келтірілген:
1) алушы компьютердің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-да тіркуді жүзеге асырады (ЭҮП-ға тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үрдіс – алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-ға алушы құпия сөзін енгізу үрдісі (авторлану үрдісі);
3) 1-шарт – ЭҮП-да ЖСН/БСН және құпия сөз арқылы тіркелген алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
4) 2-үрдіс – алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырдан бас тарту туралы ЭҮП хабарламасын қалыптастыру;
5) 3-үрдіс – алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), қажетті құжаттарды электрондық түрде сұраным нысанына бекіту;
6) 4-үрдіс – алушының деректері туралы сұранымды ЭҮШ арқылы сыртқы АЖ-ларға жіберу;
7) 5-үрдіс – сұралып отырған деректер бойынша жауапты немесе сыртқы АЖ-ларда деректердің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үрдіс – ЭҮТШ-де қызметтерге ақы төлеу және төлем туралы ақпаратты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға жіберу;
9) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызметті көрсету үшін төлемнің болуын тексеру;
10) 7-үрдіс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызметті көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 8-үрдіс – сұранымды куәландыру (қол қою) үшін алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
12) 3-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қызмет ету мерзімін және тізімде қайтарылған (күшін жойған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
13) 9-үрдіс – алушының ЭЦҚ нақтылығы расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
14) 10-үрдіс – алушының ЭЦҚ арқылы сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген деректер) және тіркелген құжаттар пакетін куәландыру (қол қою);
15) 11-үрдіс – электрондық құжатты тіркеу (алушы сұранымы) және сұранымды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;
16) 4-шарт – қызмет көрсетушінің алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздемеге сәйкестігін тексеруі;
17) 12-үрдіс – қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру (тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия) немесе
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да дәлелді бас тарту. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады және ЭҮП жеке кабинетіне жіберіледі.
7. Қызмет көрсетуші (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың №2 диаграммасы) арқылы қадамдық әрекеттер және шешімдер осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілгенген:
1) 1-үрдіс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға қызмет көрсетуші қызметкерінің логин мен құпия сөзін енгізуі (авторлану үрдісі);
2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызмет көрсетушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің нақтылығын логин және құпия сөз арқылы тексеру;
3) 2-үрдіс – қызмет көрсетушінің қызметкері туралы деректерде бұзушылықтар болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үрдіс – қызмет көрсетуші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, өтінімді тіркеу, қызметті көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және қызмет көрсетуші қызметкерінің алушы деректерін енгізуі;
5) 4-үрдіс – алушы деректері туралы сұранымды ЭҮШ арқылы сыртқы АЖ-ларға жіберу;
6) 5-үрдіс – сұралып отырған деректер бойынша жауапты немесе сыртқы АЖ-ларда деректердің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
7) 6-үрдіс – қағаз нысанда құжаттың болуы туралы белгі бөлігінде сұраным нысанын толтыру және қажет болған жағдайда қызмет көрсетуші қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерден өткізуі және оларды сұраным нысанына тіркеуі;
8) 7-үрдіс – сұранымды сақтау және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызметті өңдеу;
9) 2-шарт – қызмет көрсетушінің алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздемеге сәйкестігін тексеруі;
10) 8-үрдіс – қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру (тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия) немесе
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да дәлелді бас тарту. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады және ЭҮП жеке кабинетіне жіберіледі. Уәкілетті орган қызметкері алушы сұранысы бойынша шығыс құжатын қолға береді.
8. Қызметті көрсету үшін сұранымды толтыру бойынша әрекеттердің сипаттамасы:
1) компьютер интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, пайдаланушының ЭҮП-ға кіру үшін құпия сөзін енгізу;
2) «Электрондық лицензия беру» қызметін таңдау;
3) «Өтініш беру» батырмасы көмегімен қызметке тапсырыс беру;
4) сұранымды толтыру және қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу;
5) қызмет үшін төлеу;
6) алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) сұранымды куәландыру (қол қою) – пайдаланушы «қол қою» батырмасы көмегімен ЭЦҚ сұранысын куәландырады (қол қояды), содан соң сұраным
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға өңдеуге жіберіледі;
8) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұранымды өңдеу:
пайдаланушының дисплей экранында алушының толтырған өтініш нысаны пайда болады;
пайдаланушыға «Менің өтініштерім» батырмасы көмегімен сұранымды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі берілген;
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-дан жауап алу кезінде «нәтижесін қарау» батырмасы пайда болады.
9. Сұраным өңделген соң алушыға сұранымды өңдеу нәтижелерін төмендегіні қарау мүмкіндігі берілген:
1) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталына кіру;
2) «Іздеу» батырмасын басу;
3) ЖСН/БСН енгізу;
4) сұраным нәтижесі алушы көрсеткен магнитті тасымалдаушыда Adobe Acrobat форматында сақталады.
10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңестерді ЭҮП саll–орталығының телефоны: (1414) бойынша алуға болады.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде өзара
іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭҮШ;
3) ЭҮТШ;
4) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ.
12. Әрбір іс-әрекетті орындау мерзімі көрсетілген әрекеттер дәйектілігінің (рәсімдер, функциялар, операциялар) мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
13. Сипаттамаларына сәйкес әрекеттердің логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
14. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
15. Алушыларға қызмет көрсету үрдісіне қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).
16. Қызметті көрсетудің техникалық шарттары:
1) Интернетке қосылу;
2) электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН болуы;
3) ЭҮП авторландыру;
4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;
5) банк карточкасының немесе екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы.
«Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы
1
|
Әрекеттің (қимыл, жұмыс ағымы)
№
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Алушы
|
ЭҮП
|
Алушы
|
ЭҮП
|
ЭҮП
|
Алушы
|
ЭҮП
|
Алушы
|
ЭҮП
|
Алушы
|
ЭҮП
|
ЭҮП
|
3
|
Әрекет (үрдіс, процедура, операция) атауы және олардың сипаттамалары
|
Мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да авторланады
|
Алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырдан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Қызметті таңдайды және сұраным деректерін қалыптастырады, қажетті құжаттарды бекітейді
|
Алушы деректері туралы сұранымды сыртқы АЖ-ларға жібереді
|
Сұралып отырған деректер бойынша жауапты немесе сыртқы АЖ-ларга деректердің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастырады
|
ЭҮТШ-де қызметтерге ақы төлеу және төлем
|
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызметті көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Сұранымды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды
|
Алушының ЭЦҚ нақтылығы расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Алушының ЭЦҚ арқылы сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген деректер) және тіркелген құжаттар пакетін куәландырады (қол қояды)
|
Электрондық құжатты тіркейді (алушы сұранымы) және сұранымды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдейді
|
Қызметті көрсету нәтижесін қалыптастырады (лицензия беру немесе «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да дәлелді бас тарту)
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат ұйымдастыру –басқарушылық шешім)
|
Сәтті авторландыру жағдайында ЭУП электрондық қызметеріне қол жеткізу
|
Бас тарту туралы хабар
|
Мемлекеттік қызметті алуға саұраным
|
Сыртқы АЖ-ларға сұраным
|
Сұралған деректер бойынша жауап
|
Ақы төленген жағдайда – ЭҮТШ-дан растау
|
Бас тарту туралы хабар
|
ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау
|
Бас тарту туралы хабар
|
Сұранымды куәландару (қол қою)
|
Сұранымды өңдеу
|
Лицензия немесе дәлелді бас тарту
|
5
|
Орындау мерзімі
|
10–15 сек
|
20 сек
|
5 мин
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
20 сек
|
1,5 мин
|
20 сек
|
1,5 мин
|
5 мин
|
5 минут
|
6
|
Келесі әрекеттің нөмірі
|
2– алушы деректерінде бұзушылықтар болса; 3–егер авторлану сәтті аяқталса
|
–
|
4
|
5
|
–
|
7 – егер жоқ болмаса, 8 – егер төлем сәтті өтсе
|
-
|
9 – егер алушының ЭЦҚ нақтылығы расталмаса, 10- егер алушының ЭЦҚ нақтылығы расталса
|
-
|
11
|
12
|
–
|
2-кесте. Қызмет көрсетуші арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы
1
|
Әрекеттің (қимыл, жұмыс ағымы) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Қызмет көрсетуші
|
«Е-license» АЖ
|
Қызмет көрсетуші
|
ЭҮП
|
«Е-license» АЖ
|
Қызмет көрсетуші
|
Қызмет көрсетуші
|
«Е-license» АЖ
|
3
|
Әрекет (үрдіс, процедура, операция) атауы және олардың сипаттамалары
|
«Е-license» АЖ-да авторланады
|
Бұзушылықтар болуына байланысты авторланудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Қызмет таңдайды және сұраным деректерін қалыптастырады
|
Алушы деректері туралы сұранымды ЭҮШ арқылы сыртқы АЖ-ларға жібереді
|
Сұралып отырған деректер бойынша жауапты немесе сыртқы АЖ-ларда деректердің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Қағаз нысанда құжаттың болуы туралы белгі бөлігінде сұраным нысанын толтыру және қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды сканерден өткізеді
|
Сұранымды сақтайды және қызметті өңдейді
|
Қызметті көрсету нәтижесін қалыптастырады (лицензия беру немесе дәлелді бас тарту)
|
н
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат ұйымдастыру –басқарушылық шешім)
|
Сәтті авторландыру жағдайында ЭУП электрондық қызметеріне қол жеткізу
|
Бас тарту туралы хабар
|
Мемлекеттік қызметті алуға саұраным
|
Сыртқы АЖ-ларға сұраным
|
Сұралған деректер бойынша жауап
|
Сұрақтың деректері
|
Сұранымды өңдеу
|
Лицензия немесе дәлелді бас тарту
|
5
|
Орындау мерзімі
|
10–15 сек
|
20 сек
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
5 мин
|
5 мин
|
5 мин
|
6
|
Келесі әрекеттің нөмірі
|
2– егер оператор деректерінде бұзушылықтар болса; 3–егер авторлану сәтті аяқталса
|
–
|
4
|
5
|
–
|
7
|
8
|
-
|
«Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне
2-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың №1 диаграммасы
Қызмет көрсетуші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың №2 диаграммасы
Шартты белгілер:
|
Бастапқы хабарлама
|
|
Соңғы хабарлама
|
|
Аралық хабарлама
|
|
Қателік
|
|
Ақпараттық жүйе
|
|
Үрдіс
|
|
Шарт
|
|
Басқару ағыны
|
|
Хабарлама ағыны
|
|
Соңғы пайдаланушыға берілетін электрондық құжат
|
Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне
3-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсеткіштерін ойқындау үшін сауалнама нысанасы: «сапа» және «қолжетімділік»
____________________________________________________
(қызмет атауы)
1. Cіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің сапасы мен нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) iшiнара канағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
Достарыңызбен бөлісу: |