Дәріс № 2
Ықпалдастырылған менеджмент жүйесі. ИСО 45001 енгізудің бәсекелестік
артықшылықтары
Менеджмент жүйесін біріктіру - объективті қажеттілік.
Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін енгізуді талдау
Біріккен менеджмент жүйесінің артықшылықтары
Біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу тәртібі
Менеджмент жүйесін біріктіру - объективті қажеттілік.
Бүгін елімізде менеджмент саласында халықаралық стандарттарды енгізуге арналған инфрақұрылым, нормативтік және әдістемелік база құрылған, мемлекеттік стандарты ретінде менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттары: ИСО 9000 - сапа менеджменті, ИСО 14000 - экологиялық менеджменті, ИСО 45001 - кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті, SA 8000 - әлеуметтік жауапкершілік менеджменті, ИСО 22000 - тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджменті және басқалары қабылданған.
Сонымен қатар Қазақстан сапаны басқару саласында стандарттар әзірлеу жөніндегі ИСО/ТС 176 Халықаралық техникалық комитетіне мүше және менеджмент стандарттары бойынша дауыс беруге құқығы бар. Осыған байланысты елімізде стандарттау бойынша ТК 54 «Сапа менеджменті жүйелері» техникалық комитеті құрылды.
Ықпалдастырылған менеджмент жүйесі - екі немесе одан көп халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін және біртұтас ретінде қызмет атқаратын жалпы ұйымдастыру менеджменті жүйесінің бір бөлігі.
Менеджмент жүйесін біріктіру - объективті қажеттілік. Біріккен менеджмент жүйесін жасау - жалпы ұйымдастыру менеджментінің тиімділігін арттыруға бағытталған күрделі инновациялық жоба.
Менеджменттің біріккен жүйесін жасаудың күтілетін нәтижелілігіне тек сауатты басқару жағдайында ғана қол жеткізуге болады.
Менеджменттің біріккен жүйесін жасаған кезде басты роль ұйымдастыру менеджерінде, ал ең бастысы - жоғары звено басшысында болуға тиіс.
Менеджменттің біріккен жүйесін әзірлегенде формальды, үстірт енгізуге алып келуі мүмкін болатын менеджмент жөніндегі халықаралық стандарт талаптарының механикалық бірігуінен (осы стандарттар негізделетін тұжырымдамалар мен принциптерді және менеджментті ұйымдастыруда пайда болған ерекшелікті ескермей) аулақ болу керек.
Халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін менеджмент жүйесін бірігуді (сапа, экология, қауіпсіздік және әлеуметтік жауапкершілік) ұйымның тұрақты дамуына арналған алғышарт деп қараған жөн.
Менеджменттің біріккен жүйесінің артықшылығы мынада:
менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу және жұмыс істеуінің технологиялылығының артуы;
менеджменттің біркелкі үйлесімді құрылымын әзірлеу;
әзірлеу, жұмыс істеу және сертификаттауға шығынның азаюы;
менеджменттің біріккен жүйесі аясында бірқатар процестерді (жоспарлау, басшылық тарапынан талдау, құжаттаманы басқару, кадрлар даярлау, оқыту, ішкі аудит және т.б.) біріктіру мүмкіндігі;
өзгеретін жағдайларға бейімделу мүмкіндігі мен ұтқырлықты арттыру;
тұтынушылар, мүдделі тараптар, инвесторларға арналған үлкен тартымдылық.
Менеджмент жүйесі саласында халықаралық стандарттарды енгізуді ынталандыру
бойынша шаралар қарастырылған.
Олардың ішінде:
ИСО 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған
кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға шығару үшін төлем мөлшеріне 0,75 төмендеу коэффициентін енгізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 «Қоршаған ортаға шығару үшін негізгі және шекті төлем мөлшерін бекіту туралы» қаулысы);
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістігі үшін» сыйлығының лауреаты болып табылатын және меншікті өндіріс тауарларын, бір салық төлеу кезеңі ішінде (ҚР Салық кодексінің 140-9 бабы) есептелген бірлескен кіріс салығының 50% сомасын азайту бөлігінде сататын, сапа менеджменті жүйесі мен экологиялық менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындар үшін салық жеңілдіктері;
мемлекеттің сапа менеджменті жүйесін дайындауға арналған ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуші-кәсіпорындар шығынын жартылай өтеуі (ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 156 «Кәсіпорынды және ауылшаруашылық өнімдері нарығын басқару жүйелеріне жәрдем беру ережелерін бекіту туралы» қаулысы).
Жүйе шағын бизнес кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында енгізілмеген.
Менеджменттің басқа жүйелерін енгізу қарқыны - экологиялық менеджмент жүйесін ИСО 14001; ИСО 45001 «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі»; SA 8000 «Әлеуметтік жауапкершілік»; тамақ өндіру саласы үшін - НАССР барынша елеусіз және ешқандай елмен салыстырылмайды.
Біріккен менеджмент жүйелері - бұл екі немесе одан да көп халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін және біртекті механизм ретінде жұмыс істейтін жалпы менеджменттің бөлігі. Бұл жерден біріккен менеджмент жүйесі жалпы менеджментпен салыстыруға келмейтіндігін көреміз.
Біріккен менеджмент жүйесінің бірнеше артықшылықтары бар:
нәтижелілік пен тиімділікті жақсартатын ұйым ішіндегі іс-әрекеттің келісушілігін қамтамасыз ету;
ұйымда автономдық менеджмент жүйесін енгізу кезінде пайда болатын функционалдық бас бірікпеушіліктің ықшамдалуы;
енгізу кезіндегі аз еңбек сыйымдылығы;
кәсіпорынның қызметтерінің жоғарылуына персонал қатысуының жоғары дәрежесі;
қызығушы жақтар ықылас балансын аса тиімді қамтамасыз ету;
біріккен жүйені әзірлеу, жұмыс істету және сертификаттауға кететін шығындардың ықшамдалуы.
Біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу тәртібі
Сонымен, қазіргі уақытта кәсіпті басқарудың жүзеге асырудың ең қолайлы жолы ИСО 9000 (сапа), ИСО 14000 (қоршаған ортаны қорғау), ИСО 45001 (еңбекті қорғау және кәсіп қауіпсіздігі) және басқа да халықаралық стандарттардың талаптарынан туындаған БМЖ-ге еңгізу болып табылады. Бұл - халықаралық басқару тәжірибе негізінде құрылған кәсіпті басқаруды жүзеге асырушы құрал
Кәсіпорында біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу шаруашылық қызметін жүзеге асыру және қоршаған ортаны қорғау саласында заңнамалық-құқықтық және нормативтік-техникалық талаптардың қатаң сақтау міндеттілігіне сүйенуге тиіс:
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін басқарудың барлық деңгейлерінде;
осы қызметтің барлық кезеңдерінде - жобалау, құру, пайдалану, жою жұмыстарын жүргізу кезінде;
барлық салаларда - жобалық-технологиялық, өндірістік-пайдалану, қаржылық- экономикалық салаларда.
Кәсіпорында біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу мынадай принциптерменжүзеге асырылуға тиіс:
бар экологиялық проблемаларды шешудің басымдылығы және оңтайлылығы;
бағдарламалық іс-шараларды іске асыру процесінде бірыңғай ғылыми- әдістемелік, метрологиялық және техникалық тәсілдерді қамтамасыз ету;
бағдарламалық іс-шараларды өз уақытында және толық қаржыландыруды қамтамасыз ету;
кәсіпорынның өзінің өндірістік қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ой-мақсаттары туралы ақпараттың ашықтығы және қолжетімдігі;
бағдарламалық іс-шараларды орындауды қатаң бақылау.
Кәсіпорынның біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу негізіне мыналар қалануға тиіс:
кәсіпорынның экологиялық саясаты принциптері;
кәсіпорынның жаңашылдық стратегиясы;
кәсіпорынның қызметкерлері мен басшылары арасындағы тарифтік келісім;
кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұжымдық келісім-шарт;
қызметкерлерге және әкімшілікке берілетін кепілдіктерді, жеңілдіктерді және өтемақыларды кеңейту.
Бақылау сұрақтары:
Біріккен менеджмент жүйесі дегеніміз не?
Менеджменттің біріккен жүйесінің артықшылығы қандай?
БМЖ қандай стандарттардан құралады?
Кәсіпорында біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу принциптері қандай?
Біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу тәртібі қандай?
Кәсіпорын біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу негізіне нені қалдану тиіс?
Достарыңызбен бөлісу: |