Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы қоймалық орындар тасымалдаушылар алып келінген өнімдерді, шикізаттар мен жартылай өнімдерді қабылдау, қысқа мерзімге сақтау және жіберу үшін қызмет атқарады. Қоймалық орындар жеке орындарда, сондай – ақ бірінші, цоколды және полвалдарда жобалануы мүмкін. Олар өндірістік орындармен ыңғайлы байланыста орналастырылуы керек. Қоймалық орындарды жобалау кезінде шикізат пен азық түліктің қозғалысы сонымен қатар қоймалық операцияларды және тиеу-түсіру жұмыстарының рацоналды түрде орындауға мүмкін болуын есте сақтау қажет.
Бірнеше кәсіпорындарды біріктірген ірі фирмалардың (акционерлік қоғам) ереже бойынша орталық қоймасы болады, сол жерден бірлестікке кіретін ҚТК-ның қоймаларына өнімдер жеткізіледі.
Кез келген қойма кем дегенде үш материалдық ағымды өңдейді: кіріс, шығыс жіне ішкі.
Кіріс ағымының болуы транспорттан жүкті түсіру, келіп түскен тауардың сапасы мен санын тексеруді қамтамасыз етеді. Шығыс ағымының болуы тауарды траспортқа тиеу немесе өнімді өндіріске жіберуді, ал ішкі ағымның болуы жүкті қойма ішіндегі қозғалысын қамтамасыз етеді.