Театр «Алдар көсе» постановкасы туралы бір-екі сөз



Дата17.06.2016
өлшемі36.52 Kb.
#143283
ТЕАТР
«Алдар көсе» постановкасы туралы бір-екі сөз
Қарағанды облыстық қазақ музыкалы драма театры Петропавл еңбекшілеріне жазушы Ш. Құсайынов пен Нинчевскийдің «Алдар көсе» атты 3 перделі 4 суретті комедиясын көрсетті.

Жүздеген жылдар бойына өзінің көркемдік қасиетін жоймай, халық санасында сақталған ауыз әдебиетінің ішіндегі мазмұн жағынан құнды Алдар көсе басына құралған шытырман оқиғалы әңгімелер, идеялық мазмұн жағынан даналықты, адамгершілікті, ақылдылықты дәріптейтін, сұрқия зұлымдықты, қара жүрек қараулықты үнемі әшкерелеп отыратын шығарма.

Алдар көсе әділетті, бақытты өмір сүру жолында талай ауыр қиыншылықтарға кездесіп, кейде уақытша сәтсіздіктерге ұшырап, ақыр аяғында, бақытты өмір іздеуші өз дегеніне жетіп отырады.

Алдар көсе үнемі үстем таптың қулық, қара жүрек әрекеттеріне қарсы шыққан халықтың сүйікті ұлы. Біз «Алдар көсе» әңгімесінен үстем тапқа деген зілді күлкіні көреміз. Осы тұрғыдан қарағанда, өткен өмірдегі бақыт іздеуші, ғасырлар бойы жасаған терең мазмұнды әңгіменің желісімен жазылған «Алдар көсе» пьесасында Қарағанды театрының актерлері Алдар көсені жұртшылыққа шын мағынасында көрсете алды ма? Міне осы туралы бір – екі сөз.

Алдар көсе пьесадағы негізгі кейіпкер. Алдар көсе қалың бұқараның қалың ортасынан шыққан қажымас қайратты, ер жүрек, айлакер, алыстан болжағыш, қиыннан қиыстырып қолынан да, тілінен де іс келетін, сегіз қырлы сері адам. Алдар көсе шынайы достыққа, жалынды махаббатқа қалай болса солай қарамай, шын мағынасындағы достық махаббатты көксеп, соның жолында қажымай - талмай күрескен адам. Сондықтан да ол : өзінің сүйген жары Қарашашты зұлмат түні жарқанаттардың қанды шеңгелінен құтқару жолында санқыйлы қиыншылықтарға шыдап, қара жүрек Шығайбайдың және оның ордасына ұялаған бақытты өмірдің, достық махаббаттың қас жауларының озбырлығына қарсы тұрып, төніп тұрған ажалдан тайынбай, азап дүниесіндегі зорлық - зомбылықты талқандап, жеңіп шығады.

Бұл рольді атқарған Қазақ ССРына еңбегі сіңген артист Мүлік Сүрттібаев өзінің талантты сахна шебері екенін жұртшылыққа таныла білді. Сахнада еркін ойнау кейіпкердің ішкі жан сезімін, сыртқы құбылыстарын жасау, дұрыс бейнелеу актердің шеберлігі. Ал осы тұрғыдан қарағанда Мүліктің Алдар көсе кейпін жасауда көп ізденіп, көп оқып, көп еңбек сіңіргеніне, оңын шебер жасаған кейпі шытырманды оқыйғалар үстіндегі күйініші, сүйініші айғақ.

Пьесадағы екінші басты кейіпкердің бірі Қарашаш. Қарашаш қарапайым адамның қызы. Оның мінез – құлқы, істеген әрекеттері сол өзі өскен ортаға лайық. Тек бойын түзеп, өзінің сұлулық сипатын салуын, сыланғаннан басқа ештеңе бітірмейтін қыз емес, кімнің дос, кімнің қас екенін бірден сезеді. Ол достық махаббат жауларына қаны қас Алдар көсенің ақылшысы, айнымас досы. Бұл рольді атқарған Қазақ ССРына еңбегі сіңген артистка Әйкен Мұсабекова қандай қиындыққа кездессе де, қандай ауыр азапқа ұшыраса да, мойымайтын, ақылды ғана Қарашаш бейнесін жұртшылыққа жақсы көрсете алумен бірге, аздаған кемшіліктері де болды.

Зынданға әкесі Қарашор, жары Алдар көсе келгенде қапаста отырған Қарашаштың алдынан еркіндік күні шықты емес пе? Олай болса, оған Қарашаштың қуануы керек еді. Бірақ, Мұсабекова бұл арадағы нәзік қимылды, жан сезімін билеген қуанышты, көңілсіз күйінішті толық сипаттай алмады. Міне осы айтылған аздаған кемшіліктерді жайса, жын мағынасындағы Қарашаш болар еді.

Топас қара жүрек, қарабасының ғана қамын ойлаған Шораяқтың рөлін Қазақ СССРына еңбегі сіңген артист З.Жақыпов жалпы алғанда көңілдегідей атқарды.Дегенмен, кейіпкердің бейнесін көрсетуде кейбір үстірт кеткендігі болды. Шораяқ рөлі күлдіргі роль. Бірақ күлдірудің жөні осы екен деп белгілі бір қалыптан шығып, шетен асыруға да болмайды. Шораяқ қимылдарының ішіндегі көзге бір өте тұрпайы көрінген нәрсе оның ішуі. Шораяқ тамақты көп – ақ ішсін, мешкей – ақ болсын болғанда, болудың да реті бар емес пе? Қан уәзіріне табақ жалатудың орнына, екінші, үшінші рет ас әкелдіруге болмай ма? Жұртты сөйтіп те күлдіруге болар еді. Осының өзі – ақ Шораяқтың топтастығын баяндай алар еді. Сол сияқты, табақтан өз жүзін көріп сөйлесу, атойға жұмбақ айт дегендік емес пе? Мұның орнына айнаға қарап сөйлеуге болар еді.

Өз дәрежесіне мақтанып, хан сарайында бойын түзеп, сыланып – сыйпанғаннан басқа ешнәрсе білмеген, өзінің болашақ өмірлік жарына қиянат еткен топас, көрсе қызар Меңсұлудың рөлін Қазақ ССРына еңбегі сіңген артистка Ж.Шашкина жақсы орындады. Дегенмен, оқиғаның кей кезеңдері шиеленіскен жағдайда Меңсұлу ашуға булығып, орынды қимыл жасау керек еді. Бірақ, орынды журде ызбарлы ашуқайнаған кек, ызалы көзқарас болмады. Мысалы, Алдар көсе Гауһартасты суға лақтырған Меңсұлудың қатты ашулануы керек. Бұл жерде Алдар көсе әдейі тастағандай ешбір қатты ашудың белгісі болған жоқ..

Әлі де көп кемшіліктері бар, толық пысықталмаған рөлдің бірі Сырдақтың рөлі.(орындаушы артист Қ.Нұғмашев). Біз актердің ойынынан ақылға тапшы, өзінен басқа адамды танымайтын, тек өзінің тұрмысына масаттанған Сырдақты көргеніміз жоқ. Артист тек кіріп, шығып жаттап алған сөзді көпшілікке тақпақтап жеткізгеннен басқа актерлік шеберлікпен жасалған шын мағынасындағы Сырдақты көрсете алмады.

Пьесадағы тағы бір басты кейіпкер Шығайхан. Оның сараңдығын, мейірімшілігін, бақытты өмірге қастандығын, сұрқиялығын Қазақ ССРына еңбегі сіңген артист М.Әбдікаримовтың асқан актерлік шеберлікпен көрсеткендігін ерекше айтуымыз керек. Орынды қимыл, орынды күлкі, орынды ашу актердің Шығайхан бейнесін жасауда көп еңбек сіңіріп, ізденгендігін көрсетті.



Жоғарыда айтылған кемшіліктерді театр коллективі алдағы уақытта жояр деп сенеміз.
Қ.Майпасов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет