Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына



Дата25.02.2016
өлшемі64 Kb.
#24184
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша
кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – ТжКБ) көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен (бұдан әрi –Үлгi қағидалар) реттеледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат ТжКБ ұйымдарының интернет-ресурстарында және фойелерiнде орналасқан стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (www.edu.gov.kz), әкiмдiктердiң, облыстар және Астана, Алматы қалаларының бiлiм басқармаларының ресми сайттарында орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтi аяқтау нәтижесi оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық немесе қызмет көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелдi жауап.
      6. Мемлекеттiк қызмет негiзгi орта (жалпы негiзгi), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсiптiк (кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары (кәсiптiк жоғары) бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдау кезеңiнде – 60 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн жүгiнген сәттен – өтiнiш түскен күнiнен бастап Үлгi қағидаларда белгiленген бiлiм алушы қатарына қабылдау кезеңiне күндiзгi оқу нысанына 30 тамызға, сырттай оқу нысанына 30 қыркүйекке дейiн;
      Құжаттар тiркелген күннен бастап бiр аптадан аспайтын мерзiмде қабылдау комиссиясы оқуға түсушiлерге түсу емтихандарына жiберiлгендiктерi туралы хабарлайды.
      8. Бiлiм беру ұйымдары көрсететiн қызмет көрсету бiлiм беру ұйымы бекiтетiн және құрылтайшымен келiсiлген қызмет көрсету тарифiне сәйкес ақылы негiзде жүргiзiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет:
      1) оқудың күндiзгi нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
      2) оқудың кешкi және сырттай нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
      3) өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шiлде аралығында жүзеге асырылады.
      Түсу емтихандары күндiзгi оқу бөлiмiне 1 тамыз бен 28 тамыз, кешкi және сырттай оқу бөлiмiне 1 тамыз бен 25 қыркүйек, өнер және мәдениет мамандықтарына немесе шығармашылық емтиханы 21 шiлде мен 28 шiлде аралығында өткiзiледi.
      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм алушылар құрамына қабылдау күндiзгi оқу бөлiмiне 25 тамыз бен 30 тамыз, кешкi және сырттай оқу нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүргiзiледi;
      2) белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi;
      3) қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет меншiк нысанына қарамастан мемлекеттiк қызметтi алушыларға, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға қызмет көрсету үшiн жағдай қарастырылған училищелерде, колледжерде және жоғары техникалық мектептерде көрсетiледi. Оқу орындарының фойесi бланкiлердi толтыру үлгiлерi бар ақпараттық стендтермен жарақтандырылады. Күту жағдайы және қажеттi құжаттарды даярлауға қолайлы болуы үшiн бөлмелер креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) бiлiмi туралы құжаттар (түпнұсқа);
      3) бiлiм беру ұйымына оқуға қабылдау туралы өтiнiш;
      4) № 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюрография суретiмен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшiн медециналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысы) қоса берiледi;
      5) 3х4 көлемдегi 4 фотосурет.
      Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушiнiң заңды өкiлдерi жеке өздерi ұсынады.
      Шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар мәртебесiн анықтайтын, тұрғылықты жерге тiркелгендiгi туралы белгiсi бар құжатты ұсынады:
      1) шетелдiк – шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
      2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлiгi;
      3) босқын – босқынның куәлiгi;
      4) пана iздеушi тұлға – пана iздеушi тұлғаның куәлiгi;
      5) оралман – оралманның куәлiгi.
      Оқуға түсушiлерден түскен өтiнiштер бiлiм беру ұйымының тiркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тiркеледi.
      Кешендi тестiлеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшiн ағымдағы жылы кешендi тестiлеуге қатысқан өткен жылғы түлектер) немесе ҰБТ нәтижелерi туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысқан бiтiрушiлер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және Үлгi қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа жiберiледi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алуға арналған өтiнiштiң үлгiсi оқу орнының фойесiнде орналастырылады, сондай-ақ оқу орнының қабылдау комиссиясы мамандарынан алуға болады.
      13. Өтiнiш, сондай-ақ барлық қажеттi құжаттар бiлiм беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызметтi алушылардың ұсынған құжаттары «Бiлiм алушылар қатарына түсушiлердi тiркеу кiтабына» тiркеледi. Құжаттарды өткiзген тұлғаларға құжаттарды қабылданғаны жөнiнде осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтiнiштi қабылдап алған күндi және нөмiрiн, қолхат берген қабылдау комиссиясы мүшесiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлiнiң) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болады, бас тарту себептерi жазбаша негiзделедi.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Оқу орнының қабылдау комиссиясының қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:


      1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығының сақталуы;
      2) барша халықтың бiлiмге қолжетiмдiлiгi, оның гуманистiк және зайырлы сипаты;
      3 ) бiлiм алушылардың сапалы бiлiм алуға құқықтарының теңдiгi;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      5) мемлекеттiк қызметтi алушы ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттiк қызметтiң уақытылы көрсетiлуiн қамтамасыз ету;
      8) әдептiлiк және сыпайылық
      9) заңдылығы;
      10) жариялылығы;
      11) ашықтығы.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Бiлiм беру ұйымы қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiлiм беру ұйымының қабылдау комиссиясы төрағасынан алуға болады.


      21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда телефонмен, поштамен немесе жұмыс күндерi бiлiм беру ұйымының қабылдау бөлмесi арқылы қолма-қол қабылданады.
      22. Бiлiм беру ұйымы тiкелей қызмет көрсетедi. Мемлекеттiк қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, азаматтардың шағымы бiлiм беру ұйымы басшысының атына жазбаша түрде қабылданады.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағым беру үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы еркiн нысанда өз қолымен жазылған өтiнiштi бередi.
      25. Қабылданған шағымдар оқу орнының кiрiс хат-хабарлар журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
      Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру 


бағдарламалары бойынша кадрлар    
даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау және 
оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет  
стандартына 1-қосымша         

___________________________________


(Құрылтайшының атауы)
___________________________________
(оқу орнының атауы)

Құжаттарды қабылдау туралы
№ ___ қолхат

      Азамат(ша) __________________________________________________


                              (толық аты-жөнi)
мынадай құжаттар* алынды:
      1. Өтiнiш ___________________________________________________
      2. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________
      3. __________________________________________________________
                        (бiлiмi туралы құжаттың атауы)
«____» ___________ 20___ж. № _____ берiлген___________
      4. Үш фотосурет _____________________________________________
      5. Денсаулық жағдайы туралы анықтама ________________________
      6. __________________________________________________________
      7. __________________________________________________________

      Қабылдау бойынша жауапты хатшы ______________


                                       (қолы)

20___ж. «____» ___________

Көрсетiлген стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың тiзбесi *

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру 


бағдарламалары бойынша кадрлар    
даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау және 
оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет  
стандартына 2-қосымша         

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштердiң нормативтiкмәнi

Көрсеткiштiң келесi жылға мақсатты мәнi

Есептi жылғы көрсеткiштердiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақытылығы

1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгiленген мерзiмде қызметтiң көрсетiлу жағдайларының % (үлесi)










1.2. 40 минуттан аспайтын уақыт мерзiмiнде қызметтi алу үшiн кезекте тұрған тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Көрсетiлген қызметтiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Лауазымды тұлғамен дұрыс рәсiмделген құжаттардың % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Көрсетiлген қызмет сапасымен және қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2. Бiрiншi реттен тұтынушымен дұрыс толтырылып тапсырылған құжаттардың % (үлесi)










3.3. Интернет арқылы қол жететiн ақпараттардың, қызметтердiң % (үлесi)










4. Шағымдану процесi

4.1.Қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына көрсетiлген қызметтiң түрi бойынша негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.3. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiмен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiмен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Қызмет көрсетушiнiң сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет