Бағдарламасы Астана қ. Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже



Дата13.06.2016
өлшемі282.97 Kb.
#133864
түріБағдарламасы



Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы

Әлеуметтік саясат кафедрасы
Академияның Ғылыми-әдістемелік

кеңесінің отырысында бекітілді

Хаттама № 5. 25/12/2012 ж.

2013-2014 оқу жылында

6D090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Академияға докторантураға оқуға түсушілерге арнайы пәндер бойынша қабылдау емтиханының

Бағдарламасы

Астана қ.

Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже
ҚР МЖБС 5.04.034-2008 «Әлеуметтік жұмыс» бағыты бойынша жоғары оқу орнына кейінгі білім берудің Мемлекеттік білім беру стандарты негізінде 6D090500 - Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша Академияға докторантураға түсушілерге арнайы пән бойынша Қабылдау емтиханының бағдарламасы.
Бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы бойынша ғылыми білімнің жүйесін іс жүзінде қолдана алатын, ғылыми-зерттеу ізденісі білік-дағдыларына ие болған, ғылыми-зерттеу қызметіне дайын әлеуметтік жұмыс саласында жоғары білікті мамандарды – «Әлеуметтік саясат» мамандандырылған даярлық бейіні бойынша докторантура бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс докторларын даярлау.

Бейіні бойынша докторларды даярлаудың білім беру бағдарламасы іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын, әлеуметтік салалар: білім беру, медицина, құқық, өнер, қызмет және бизнес салалары үшін нақты бағыттар бойынша әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді терең оқуды қамтиды.


Мына қағидаттар негізінде бағдарлама әзірленеді және жүзеге асырады:
- «Әлеуметтік жұмыс» бағыты бойынша магистратураның бағдарламасымен (екінші деңгей) келісілуі(түйіндесу);

- докторанттарды даярлаудағы жалпы стратегияны айқындаудағы икемділік пен мобильділік;

- маманды даярлау бағдарламасына жеке бағдарлану;

- гуманистік бағдарланған әлеуметтік технологияларына бағытталу;

- әлеуметтік жұмыстың мамандарының кәсіби білімдерін құрастырудағы әмбебаптық, іргелілік, жүйелік, интегративтілік;

- өңірлік шарттарды есепке алу.
Емтихан кешенді нысанда өткізіледі, оның мақсаты мына пәндер бойынша «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша МЖБС көлемінде білімді бағалау: 1. Әлеуметтану, 2.Әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасы. 3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты.

Мына пәндер бойынша қабылдау емтиханына

қойылатын негізгі бағдарламалық талаптар:

  1. Әлеуметтану

1-тақырып. Әлеметтану ғылым ретінде

Әлеуметтанудың объекті мен пәні туралы қазіргі түсініктер. Әлеуметтанудың қазіргі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны. Әлеуметтану ғылымының құрылымын құрудың негізгі тұрғылары. Әлеуметтану ғылымының ерекшеліктері. Әлеуметтану білімінің деңгейлері және типтері. Пәндік және әдіснамалық білім. Теориялық және эмпирикалық білім. Тұғырнамалық және қолданбалы ғылым.

Әлеуметтану білімінің негізгі құрылымдық элементтері: әлеуметтанудың әлеуметтік-мәдени және философиялық-әдіснамалық негіздері; жалпы әлеуметтану теориясы; әлеуметтану тарихы, әлеуметтанулық ойдың мектептері мен бағыттары; салалық әлеуметтану пәндері; зерттеу әдістері мен процедуралары; персоналийлер.

Әлеуметтану ғылымының негізгі қызметтері (танымдық, дүниеге көзқарастық, болжамдық, практикалық (колданбалы), тәрбиелік және т.б.). Әлеуметтанушының кәсіби кодексі. Әлеуметтанушының кәсіби іс-әрекетінің құқықтық және адамгершіліктік аспектілері.


2-тақырып. Әлеуметтану тарихы

Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде қалыптасуы. XIX – XX ғ.ғ. басындағы негізгі әлеуметтану мектептері. XX ғ. әлеуметтану дамуының басты бағыттары. Қазіргі әлеуметтану теориясындағы ізденістердің негізгі бағыттары.


3-тақырып. Әлеуметтік өмірдің негізгі құрамды бөліктері

Адам биоәлеуметтік (биоәлеуметтік-мәдени) тіршілік иесі. Адам және тұлға. Әлеуметтанулық тұрғының тұлғаны зерттеудегі философиялық, психологиялық, антропологиялық тұрғылармен салыстырмалы ерекшеліктері. Жеке адам және жекешілдік. Жеке адамның әлеуметтенуі: мәні, формалары және кезеңдері.

Тұлға – әлеуметтік өзарақатынастар мен өзгерістердің белсенді субъектілері. Тұлғаның әлеуметтік типологиясы. Тұлғаның рөльдік және диспозициялық тұжырымдамасы.

Мәдениетті әлеуметтік тұрғыдан түсіну. Мәдениеттің құрылымы (морфология) және компоненттері. Мәдени іс-әрекет және оның құрылымдық элементтері. Әлеуметтік-мәдени құбылыстардың материалдық нұсқалары. Рухани құндылықтар мәдениеттің жалпы маңызы бар рәміздері ретінде. Мәдениеттің нормативтік сипаты. Әлеуметтік-мәдени құбылыстардағы мағыналар, құндылықтар және нормалар. Мәдениеттің көптүрлілігі, бұхаралық және маманданған мәдениет, субмәдениеттер. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік-мәдени үдерістердің жаһандануы.


4-тақырып. Қоғам жүйе және әлеуметтік өмірдің формалары ретінде

Социеталдық жүйе: ұғымы және құрылымы. Адамның әлеуметтік өмірі және оның табиғи және биологиялық алғышарттары. Қоғамның белгілері. Қауым және қоғам. Әлемдік қауымдастық.

Социеталдық және әлеуметтік жүйелер. Әлеумет ұғымы. Әлеуметтік жүйе, оның құрылымы және элементтері. Әлеумет және мәдениет. Әлеуметтік жүйелердің экономикалық, саяси және т.б. жүйелермен арақатынасы. Әлеуметттік қауымдастықтар, олардың түрлері және құрылымы.

Әлеуметтік топтар. Әлеуметтік топтардың негізгі сипаттамалары. Топтық сананың мінез-құлықтың және топтық іс-әрекеттің ерекшеліктері. Әлеуметтік топтардың типологиясы. Кіші әлеуметтік топтардың ерекшеліктері.

Әлеуметтік таптар. Таптардың негізгі белгілері. Классовая структура индустриалдыққа дейінгі, индустриалдық және индустриалықтан кейінгі қоғамдар.

Ұлттар (этностар) және ұлттық (этникалық) қауымдастықтар. Ұлттық өзіндік сана. Ұлттық мүдделер және ұлшылдық.


5-тақырып. Әлеуметтік стратификация

Қоғамның әлеуметтік жіктелуі және әлеуметтік теңсіздік. Әлеуметтік жіктелудің объективті және субъективті көрсеткіштері. Әлеуметтік жік ұғымы (страттар). Әлеуметтік стратификация және оның өлшемдері. Әлеуметтік статустар мен рөлдер. Орта тап мәселелері. Қоғамның элитасы: құрылымы және қызметтері.

Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік стратификацияның ерекшеліктері: тарихы және қазіргі жағдайы.
6-тақырып. Әлеуметтік институттар

Әлеуметтік институт ұғымы, оның құрамы. Әлеуметтік институт қоғамның әлеуметтік құрылымының компоненті ретінде. Әлеуметтік институттың типологиясы. Әлеуметтік институттардың: отбасының, мемлекеттің, экономиканың, білімнің, ғылымның, діннің және т.б. негізгі сипаттамалары. Әлеуметтік институттардың қызметтері, айқын және латенттік қызметтер мен дисфункциялар. Қазіргі қазақстан қоғамындағы әлеуметтік институттардың дағдарысы.


7-тақырып. Әлеуметтік ұйымдар және басқару

Әлеуметтік ұйымдар жүйе ретінде. Әлеуметтік ұйымдардың негізгі сипаттамалары. Олардың типологиясы. Ұйымдық иерархия. Өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару. Формальді және бейформальді ұйымдар. Бюрократия. Әлеуметтік ұйымдарды басқару. Адам факторының рөлі.


8-тақырып. Әлеуметтік өзара қатынастар және үдерістер

Әлеуметтік әрекет ұғымы, оның құрылымы. Әлеуметтік әрекет әлеуметтік іс-әрекеттің бірлігі ретінде. Әлеуметтік әрекетерді типологиялау (М. Вебер бойынша). Т. Парсонс әлеуметтануындағы әлеуметтік әрекет тұжырымдамасы. "Адам әрекетінің жалпы жүйесі" ұғымы.

Әлеуметтік өзара қатынастар әлеуметтік субъектілер қатынастарының типі ретінде. Тұлғаның мінез-құлқы және әлеуметтік топтар. Әлеуметтік мінез-құлықтың типтері және түрлері. Әлеуметтік бақылау, оның мазмұны, тетіктері мен формалары. Әлеуметтік бақылаудың объекті мен субъекті. Нормалық және ауытқулық мінез-құлық (девианттық).

Қоғамның қызметіндегі коммуникацияның орны мен рөлі. Коммуникацияларың түрлері. Әртүрлі қауымдастықтардағы, институттардағы, ұйымдардағы коммуникациялардың ерекшеліктері.

Коммуникациялардың негізгі элементтері. Коммуникациялық торлар. Коммуникациялық құралдар. Бұхаралық коммуникация және әлеуметтік таптауырындар.

Қоғамның ақпараттық жүйесі, оның негізгі тарихи кезеңдері.

Әлеуметтік ауысудың мәні. Әлеуметтік ауысудың түрлері. Ауысудың жазық және тік ауысудың ерекшеліктері.

Әлеуметтік шиеленістер. Әлеуметтік шиеленістер ұғымы және оның құрамы. Шиеленістер типологиясы және себептері. Шиеленістің даму сатылары. Әлеуметтік шиеленістерді шешу тәсілдері. Қазіргі қазақстан қоғамының шиеленістілігі.

Қоғамдық пікір әлеуметтік құбылыс ретінде. Қоғамдық пікірдің объекті мен субъекті. Қоғамдық пікір және қоғамдық көңіл-күй.

Қоғамдық пікірді қалыптастыру және оның қызметінің ерекшеліктері. Бұхаралық ақпарат құралдарының осы үдерістердегі рөлі. Қоғамдық пікір қоғамның саяси өмірінің және әртүрлі деңгейдегі шешім қабылдау факторы ретінде.


9-тақырып. Әлеуметтік өзгерістер және әлеуметтік даму

Әлеуметтік өзгерістер: ұғымы және формалары. Әлеуметтік өзгерістердің деңгейі, бастаулары, субъектілері бойынша типологиясы. Эволюциялық және революциялық өзгерістер. Циклдық әлеуметтік өзгерістердің ерекшеліктері.

Әлеуметтік өзгерістердің мәдени, экономикалық, технологиялық және т.б.-лармен арақатынасы.

Әлеуметтік өзгерістерді басқару. Әлеуметтік өзгерістер және әлеметтік инженерия. Әлеуметтік технологиялар. Инновациялар (жаңашылдық) және инновациялық үдеріс. Жаңғырту.

Әлеуметтік даму ұғымы. Әлеуметтік даму және әлеуметтік өзгерістер. Әлеуметтік дамудың бастаулары және субъектілері. Әлеуметтік дамудық бейсызықсыз сипаты. Бифуркация ұғымы.

Әлеуметтік дамуды басқару. Әлеуметтік болжау. Әлеуметтік жобалау. Әлеуметтік жоспарлау.

Әлеуметтік даму және әлеуметтік прогресс. Әлеуметтік тұрақтылық ұғымы. Әлеуметтік жүйелердің тұрақтылығы және қоғамның с тұрақтылығы. Әлеуметтік тұрақтылықтың факторлары. Әлеуметтік тепе-теңдік ұғымы.

Әлеуметтік-құрылымдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыларды қазіргі қазақстан қоғамының дамуын талдауда пайдалану. Тұрақтылық және тұрақсыздық факторлары.


10-тақырып. Әлеуметтанулық әдіснама және зерттеу әдістері

Ғылымдағы әдіснама ұғымы. Әдіснамалық білімнің деңгейлері: философиялық, жалпы ғылыми, жеке ғылыми. Әлеуметтанулық теорияның әдіснамалық қызметтері. Әлеуметтанулық зерттеулер әлеуметтану ғылымының тіршілік ету формасы және даму тәсілі.

Әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамалық тұғырлары. Әдіснама және парадигма.

Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және оның сатылары. Әлеуметтанулық зерттеулердің типтері: фундаментальді және қолданбалы, теоретиялық және эмпирикалық. Олардың мақсаттарының, міндеттерінің, әдістерінің, кезеңдерінің ерекшеліктері. Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін практикалық пайдалану. Әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармашылықтың құқықтық, адамгершілік аспектілері.

Зерттеу бағдарламасы және кезеңдері. Проблемалық әлеуметтік жағдай және ғылыми проблема. Зерттеу объекті және пәні. Болжамдарды ұсыну және тексеру. Таңдау зерттеу процедурасы ретінде. Таңдаудың типтері және таңдау әдістерінің ережелері. Алынған мағлұматтарды өңдеу, талдау және жалпылау.

Әдістері топтау. Эмпириклық мағлұматтарды жинау, талдау және интерпретациялау. Әдістерді таңдау және оларды негіздеу ережелері. Бар мағлұматтарды бірінші және екінші рет талдау. Контент - талдау. Бақылау ақпарат жинақтау әдісі ретінде және оның түрлері. Жаплы сауал әдісі. Таңдау, таңдаудың түрлері, құрастыру ережелері. Таңдау жиынтығы және генеральді жиынтық. Интервью и сауалнама жүргізу. Интервью жүргізетін адамдарды дайындау ережесі. Сұрақтарды құрастыру ережелері.

Әлеуметтанулық эксперимент және оның түрлері. Фокус - группалар және оны өткізу әдістемелері. Әлеметтанудағы болжаулар. Болжаулардың түрлері мен әдістері.
2. Әлеуметтік жұмыс теориясы және практикасы.
1-тақырып. Әлеуметтану және әлеуметтану антропология контексіндегі әлеуметтік жұмыс теориясы. Философия әлеуметтік жұмыстың дүниетанымдық және методологиялық негізі ретінде. Әлеуметтік жұмыс іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде. Әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі теорияның ерекшелігі. Әлеуметтік жұмыс қоғамдық өмірдің феномені ретінде. Әлеуметтік жұмыс теориясының мақсаттары мен міндеттері. Жеке тұлғаның табиғи құқықтары және қоғамдық шарт теориясы. Мемлекет Гоббс, Ж-Ж Руссо, Монтескье, Джефферсон, Л. фон Штайн және тағы басқаларының тұжырымдамаларындағы әлеуметтік әділдіктің кепілдігі ретінде. Әлеуметтік стратификацияның және әлеуметтік жұмыстың әртүрлі модельдерінде халықтың «әлсіз топтарына» (тәуекел топтарға) қатысты теңдіктер-теңсіздіктерінің проблемалар көрінісі. Билік пен ресурстарды бөлу және қауымды жас, гендерлік, этикалық және өзге де ерекшеліктері бойынша ажырату. Э. Гофманның тұжырымдамасындағы «өзгелер».

2-тақырып. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік мәдени факторлары, оның мазмұны және нысаны.

Әлеуметтік жұмыс және мәдениет.Әлеуметтік жұмыс және ұлттық мәдениет. Әлеуметтік жұмыс моделі және оларды құру өлшемдері. Модельдердің вариациялығы, құрылымдық және жеке әлеуметтік жұмысы. Әлеуметтік қамсыздандырудың қалдық моделі. "Trickle down economics" Г. Беверидж, М. Фридман, Хайек және тағы басқаларының қоғамдық әл-ауқат тұжырымдамасының негізі ретінде. Кедейлерге және кедейлікке «либералды» қатынастардың ерекшелшіктері, стигматизация проблемасы. Әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігі және «жұмыспен өтеуді» дамыту. Әлеуметтік қатысу, коммунадағы жұмыс және АҚШ-тағы волонтерлік қозғалыс.

Әлеуметтік теңдік, толық жұмыспен қамтылу тұжырыдамасы, әлеуметтік қызметтердің табыстарын және қол жетімділігін тегістеу және әлсіз топтарды нормалау әлеуметтік қамсыздандырудың институционалды жүйенің мақсаты ретінде. Әлеуметтік қорғалғандық (қайтарымдылық) – мемлекеттік және қоғамдық институттардың қосылған бастауы. Еңбек жетістіктері моделі. Әлеуметтік қамсыздандыру институттары экономикалық жүйелерге қосымша ретінде. Бисмарк реформалары және әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік жүйесін құру жалданған жұмыскер мен оның отбасының әлеуметтік қорғалуы негізігі ретінде.

Мотивациялауды қалыптастыруға, өндірістік қызметке ниет тудыруға байланысты клиенттің жеке рөліне ерекше назар аударылған З.Фрейд, Э.Фромм, В.Франкл, Э. Берннің және тағы басқалары көзқарастары негізінде әлеуметтік жұмыстың психологиялық модельдері.

Қазіргі әлеуметтік жұмыстағы неокорпоративизм және либерализация (әлеуметтік қызмет көрсету). Клиент қызметтерді тұтынушы мен сатып алушы ретінде. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні және әлеуметтік жұмысты жүзеге асыруға мемлекеттік емес ұйымдар.

3-тақырып. Әлеуметтік жұмыс деңгейлері. Жеке және топтық жұмыс.

Әлеуметтік жұмыстың деңгейлерін белгілеу және жеке адамның / топтардың қосылу өлшемдері. Жеке адамның әлеуметтік жауапкершілігі мен бастапқы әлеуметтік институттардың (отбасы, көршілес, кәсіби және аумақтық ортақтық) идеясы. Клиент түсінігі және негізгі клиенттік топтар, оларды белгілеу өлшемдері. Субсидиарлық қағидаты, оның байланысы және оның әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекеттік өкілеттіліктерді орталықтандырудан айырмашылығы.



4-тақырып. Әлеуметтік жұмыстың негізгі технологиялары.

Әлеуметтік диагностика адвекатты технологияны таңдау неігізі ретінде. Кез келген клиенттермен Дағдарыс интервенциясына араласу (басқыншылық) жұмысында алдын алуды (превенциялар) артық көру қағидаты. Әлеуметтік бейімделу мен нормалаудағы оқытудың және өзге де ынталандырушы технологияларының рөлі. Мүгедектердің (мүгедек-балалар) «тәуелсіз өмірін» реабилитациялау және тұжырымдамалар.

Отбасы мен балалармен жұмыстың нысандары. Патронаж және кеңес беру алдын алу технологиясы ретінде. Кеңес беру, қамқор, қамқоршылық, «көше» балаларымен жұмыс және т.б.

5-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру, қамкорлық, сақтандыру және көмек. Технологияны таңдау және олардың тиімділігін бағалау.

Табыстарды қостау және әлеуметтік қамсыздандыру үшін әлеуметтік сақтандыру мен салықтарды қайта бөлудің мәні. Кедейлікті өлшеу және оны жеңу мүмкіндіктері проблемаларының ерекшеліктері. Әлеуметтік сараптаманы дамыту. Қысқа және ұзақ мерзімді әлеуметтік бағдарламалар. Табыстың трансферті және отбасыны қолдау проблемалары. Әлеуметтік қызмет көрсету қарттар мен мүгедектермен бірге жұмыстың негізгі технологиясы, оның түрлері және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Әлеуметтік жұмыстың тиімділігінің және оларды араласу мен оның технологиясын бағалауға пайдалану мүмкіндіктерінің өлшемдері.



6-тақырып. Әлеуметтік жұмыстың технологиялары. Әлеуметтік жұмыстың бағыттары, деңгейлері, нысандары мен әдістері.

Әлеуметтік технологиялар түсінігі: тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында және халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік жұмыстың жалпы және жеке технологиялары. Адам қызметінің әлеуметтік тұрақтылығы жүйесі. Әлеуметтік диагностика. Әлеуметтік терапия. Әлеуметтік алдын алу. Әлеуметтік реабилитация. Әлеуметтік бейімделу. Әлеуметтік кеңес беру. Әлеуметтік болжам. Әлеуметтік сараптама. Әлеуметтік сақтандыру. Әлеуметтік қамқорлық ету.

Ақпараттық әлеуметтік технологиялар. Кедейлерге және аз қамтылғандарға әлеуметтік қолдау. Жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау. Еркектердің әлеуметтік проблемалары. Отбасыны әлеуметтік қорғау. Балалармен әлеуметтік жұмыс. Жастарды әлеуметтік қолдау. Қарттар мен кәрілерге әлеуметтік қорғау. Мүгедектерге әлеуметтік қорғау. Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау.

Қоныстанушылармен бірге әлеуметтік жұмыс. Халықтың қоныстанған топтарымен әлеуметтік жұмыс. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыс. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыс. Жұмыс істеуші халықты әлеуметтік қорғау. Кәсіпкерлікті әлеуметтік қолдау. Девианттық қылықтағы адамдармен әлеуметтік жұмыс.



7-тақырып. Әлеуметтік жұмыс өркениетті қоғамның феномені ретінде.

Қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік қолдау мен көмектің дәстүрлі технологиялары. Әлеуметтік қолдау мен көмектің мемлекеттік емес құрылымдары. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің қазіргі жүйесі. Әлеуметтік жұмыстың инновациялық технологиялары.



8-тақырып. Әлеуметтік жұмысты басқару: міндеттері, құрылымы мен әдістері, жоспарлау және өңірлік модельдер, тиімділік.

Әлеуметтік диагностиканы, алдын алуды, әлеуметтік бейімделуді, әлеуметтік терапияны және әлеуметтік оңалту. Әлеуметтік жұмыстың жүйесіндегі қызмет пен қатынасты этикалық-құнды реттеу. Әлеуметтік жұмыстың деонтологиялық мәселелері. Отбасы (әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топ). Тарихи дамуындағы отбасының типологиясы. Отбасы ішіндегі қатынастарды дамыту.



9-тақырып. Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты дамыту.

Қазақстан халқын әлеуметтік теңдестіру және кедейлерге көмек беру проблемалары. Жан бағуға жететін минимум және әлеуметтік көмек: құқықтық реттеу және экономикалық мүмкіндіктер. РҚ-ның «Арнайы әлеуметтік қызметтер», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдар және т.б. Мекен-жайының болуы мұқтаждарға әлеуметтік көмек жүйесі ретінде.



2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты.
1-тақырып. Әлеуметтік саясат және халықты әлеуметтік қорғаудың қағидаттары. Жұмыспен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларындағы әлеуметтік саясат.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат (ҚР-дағы әлеуметтік саясат тұжырымдамасы, әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың тетіктері). Әлеуметтік саясат білім мен практика саласы ретінде. Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғаудың жалпы қағидаттары. Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік жұмыс (зейнетақымен қамтамасыз ету; халықтың аса мұқтаж санаттарына жәрдемақылар мен жеңілдіктерді тағайындау; әлеуметтік сақтандыру; әлеуметтік қызмет көрсету; көп функционалдық, әлеуметтік қорғау шеңберіндегі әлеуметтік жұмыстың ұйымдық міндеттері). Әлеуметтік саясаттың әлеуметтік дағдарыстары және стратегиялары. Республиканың халқын әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары. Әлеуметтік қамтамасыз ету моделі. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандың моделін қалыптастыру. Әлеуметтік жұмыстың ұйымдық модельдері.

(американдық және еуропалық модельдері, мемлекеттің әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруға қатысу деңгейі, «барлығына ортақ аамн-саулық» тұжырымдамасы, мемлекеттердің әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруға мемлекеттің қатысу деңгейі, әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру).

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау. Денсаулық сақтау, білім беру жүйесін реформалаудың негізгі міндеттері мен қағдаттары. Дене шынықтыру мәдениеті мен спорт саласындағы мемлекеттік саясат және оның басым бағыттары.



2-тақырып. Әлеуметтік саясат пен әлеуметтік жұмыстың өзара байланысы.

Әлеуметтік саясаттағы гуманизм мен әділдік қағидаттары, олардың тарихи ауысуы. Әлеуметтік саясат нормативтік және басқарушылық пән ретінде. Әлеуметтік саясат гуманитарлық бейін пәнінің контексінде: әлеуметтік саясат және әлеуметтік тарих, әлеуметтік саясат және әлеуметтік философия, әлеуметтік саясат және саясаттану, әлеуметтік саясат және экономика – қоғамды тану мен дамыту тәсілдерінде жалпы және ерекше. Әлеуметтік саясат әлеуметтік жұмыс макродеңгейінің идеологиясы ретінде.



3-тақырып. Әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі нысандары.

Халыққа, оның ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, балалары бар отбасыларға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін құқықтық қамтамасыз ету. Әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер жүйесін реформалау.



4-тақырып. Еңбек нарығы және жұмыспен қамту саясаты

Экономикалық белсенділік еңбектің ұсынысы ретінде. Халықтың экономикалық белсенділігінің құрылымы және қарқыны. Жұмыспен қамтылу және еңбекке сұраныс. Жұмыспен қамтылудың өзгерісі, құрылымы, қарқыны мен деңгейі. Жұмыссыздық сұраныс пен ұсыныстың арасындағы ажырау ретінде. Жұмыссыздықты өлшеу, нысандары мен дамуы. Жасырын жұмыссыздық және бейресми жұмыспен қамтылу. Еңбек нарығы субъектілерінің өзгермелі экономикалық ортаға бейімделуінің дәстүрлі емес сызбалары. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту.

2020 жылға дейін жұмыспен қамту бағдарламасы, еңбек нарығының тиімділігін арттыру, аз қамтылғандарды, жұмыссыздарды және өз бетімен жұмыспен қамтылған халықты өнімді жұмыспен қамтылудың белсенді бағдарламасына тарту; индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін кадр әлеуетін дамыту; мекен-жайлы әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру.

5-тақырып. Халықтың табысын реттеу саясаты және халықты әлеуметтік қорғау.

Өмір сапасы түсінігі және оны зерттеуге әртүрлі теориялық тәсілдер. Өмір деңгейі мен сапасының индикаторлар жүйесі. Әлеуметтік-экономикалық даму мақсатында өмірдің деңгейі мен сапасы мониторингі және салыстырмалы бағалау. Қазақстандағы өмір деңгейі мен сапасы көрсеткіштерін өзгертудің неізгі үрдістері.

Кедейлікті азайтуға қолдау стратегияларының басымдылықтары. Қазақстандағы орта тапты қалыптастыру. Әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдердің жүйесін жалпы сипаттау. Мемлекеттік бюджеттік емес қорларының әлеуметтік трансферттерді қаржыландырудағы рөлі. Бизнестің әлеуметтік жауцапкершілігі. Әлеуметтік жәрдем мен жеңілдіктер жүйесі. ҚР-ның халқын әлеуметтік қорғау саласындағы ореформалау.

6-тақырып. Денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы экономикалық саясат.

Қазақстан халқының денсаулық жағдайы. Медициналық көмектің қол жетімділігінің мемлекеттік кепілдіктері. Денсаулық сақтауды мемлекеттік және жеке қаржыландыру. ҚР-ның денсаулық сақтауын реформалау. Астана қаласының медициналық кластерін дамыту.

Білім беру ұйымы. Мемлекеттің білім беру саласындағы рөлі. Білім беру жүйесінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері. Білім беру саласындағы реформа.

7-тақырып. Зейнетақы жүйесі.

Қарттарды қолдау нысандары. Зейнетақы бағдарламаларын төлемдерді қаржыландыру амалы бойынша, оларды есептеу тетігіне және басқару субъектісі бойынша жіктеу. Мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етудегі рөлі. Зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі модельдері. ҚР-дағы жинақтау қорларының қызметі. Әлемде және ТМД елдерінде зейнетақы жүйелерін реформалау. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі тәуекелдер. Зейнетақы жүйесінің қаржы тұрақтылығы түсінігі. Зейнетақы жүйесін реформалаудың халықаралық тәжірибесі.



Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Стратегия «Казахстан-2050». Новый политический курс состоявшегося государства //Послание Президента Республики Казахстан – лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 14.12.2012 г.

  2. Назарбаев Н.А. «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать щагов к обществу всеобщего труда»// Казахстанская правда, 10.07.2012.

http://www.kazpravda.kz/c/1341882404

  1. Абдирайымова Г.С. Социальная работа с молодежью: учебное пособие для студентов гуманитарных вузов. –Алматы: Казак Университетi, 2003. – 109 с.

  2. Абдыкаликова Г. Н., Нуркатова Л. Т. Регуляция семейно-демографической ситуации в РК// Материалы II Академического симпозиума «Эффективное государственное управление», 26 ноября 2010 г. – Астана: АГУ при Президенте РК, 2010.

  3. Аженов М.С., Садырова М.С. Социология Казахстана. – Алматы: Казахстанский университет, 2004г. - 168с.

  4. Аканов А. А. Политика охраны здоровья населения в Казахстане: Опыт разработки, реализации национальных программ здравоохранения и перспективы на 2010–2015 годы. – Астана, 2006. – 243 с.

  5. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. Социология общественного мнения. – Алматы, 2001г. – 112 с.

  6. Григорьев С.И., Гуслякова Л.Г. и др. Теория и методология социальной работы //Учеб. пособие для ВУЗов. Ин-т "Открытое общество". - М.: Наука, 1994. - 185 с.

  7. Жаназарова З.Ж. Социальная работа с семьей: Учебное пособие для студентов гуманитарных факультетов высших учебных заведений. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 172 с.

  8. Зaйниeвa Л.Ю. Мeждунapоднaя пpaктикa в облacти молодeжной политики. МКИОC PК. 2003. - 208 c.

  9. Кожамкулова Л.Т. Методика исследования в социальной работе. // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. – Алматы, 2004. – № 1 (12): Серия психологии и социологии. – С. 5-10.

  10. Кожамкулова Л.Т. Социальная работа города: принципы и направления. – Алматы, КазНУ им. аль-Фараби, 2003. – 220 с.

  11. Нурқатова Л. Т., Есiркепова С. С. Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында әлеуметтік қызметкердің рөлі // Вестник КазНУ им. аль-Фараби. Серия: Психология, социология. – 2009. – № 1.

  12. Нуркатова Л. Т., Нуркатов Е. М. Институционализация социальной работы в Казахстане: проблемы и перспективы// Материалы международного Форума «Здоровый образ жизни – основа гармонично развитого поколения», Узбекистан, 29–30 ноября 2010 г. – Ташкент, 2010.

  13. Нурланова Н.К. Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. - А. - Гылым. - 1998. - 240 с.

  14. Социология. Основы общей теории.  Отв. ред. Осипов Г.В., Москвичев Л.Н. М.: Норма, 2003. - 912 с.

  15. Реформирование экономики Казахстана. - Под редакцией Кенжегузина М.Б. - Алматы.: 1997 11.Рогачёв А.А., Нигматуллин Е.З.. Инвестиции и инвестиционная политика.- А.: Гылым, 1999. - 220 с.

  16. Региональная социально-экономическая система /Алимбаев А.А., Утешов С.Б., Ахметов С.Н., Тауарбаев А.А. – Караганда: Санат, 2002

  17. Садвакасова А. Социологическое измерение государственной службы / Мысль. 2007. №5, стр.40.

  18. Садвакасова А. Институционализация социологии в Казахстане. – Алматы, 2003г.

  19. Сарсенова Ж.Н. Социальная работа: Учебное пособие. - Алматы, 2004. - 64 с.

  20. Тажин М.М., Тажимбетов М.А. Региональная социология:(Учеб. пособие).-Алма-Ата: Атамура-Казак университетi. Региональная социология.-1993.-176 с.

  21. Технологии социальной работы/ Под ред. Е.И.Холостовой, - М.: ИНФРА, 2002.

  22. Холостова Е.И. Социальная работа и социальная политика: Учебное пособие. – 3-е изд. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2009. – 216 с.

  23. Шеденова Н. У. Гендерное неравенство в обществе и стратегия его преодоления. -Вестник КазГУ. Серия психологии и социологии. №1(4). Алматы: Казак университетi. 2000.


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Әлеуметтану

 


  1. Әлеуметтанудың объекті мен пәні туралы қазіргі түсініктер. Әлеуметтанудың қазіргі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны.

  2. Әлеуметтану ғылымының құрылымын құрудың негізгі тұрғылары.

  3. Әлеуметтану ғылымының ерекшеліктері. Әлеуметтану білімінің деңгейлері және типтері. Пәндік және әдіснамалық білім.

  4. Теориялық және эмпирикалық білім. Тұғырнамалық және қолданбалы ғылым.

  5. Әлеуметтану білімінің негізгі құрылымдық элементтері: әлеуметтанудың әлеуметтік-мәдени және философиялық-әдіснамалық негіздері; жалпы әлеуметтану теориясы.

  6. Әлеуметтану ғылымының тарихы, мектеғптері және бағыттары; салалық әлеуметтанулық пәндер; зерттеу әдістері мен процедуралары.

  7. Әлеуметтану ғылымының негізгі қызметтері (танымдық, дүниеге көзқарастық, болжамдық, практикалық (колданбалы), тәрбиелік және т.б.).

  8. Әлеуметтанушының кәсіби кодексі. Әлеуметтанушының кәсіби іс-әрекетінің құқықтық және адамгершіліктік аспектілері.

  9. Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде қалыптасуы. XIX – XX ғ.ғ. басындағы негізгі әлеуметтану мектептері. XX ғ. әлеуметтану дамуының басты бағыттары. Қазіргі әлеуметтану теориясындағы ізденістердің негізгі бағыттары.

  10. XX ғ. әлеуметтану дамуының басты бағыттары. Қазіргі әлеуметтану теориясындағы ізденістердің негізгі бағыттары.

  11. Адам биоәлеуметтік (биоәлеуметтік-мәдени) тіршілік иесі. Адам және тұлға. Әлеуметтанулық тұрғының тұлғаны зерттеудегі философиялық, психологиялық, антропологиялық тұрғылармен салыстырмалы ерекшеліктері.

  12. Жеке адам және жекешілдік. Жеке адамның әлеуметтенуі: мәні, формалары және кезеңдері.

  13. Тұлға – әлеуметтік өзарақатынастар мен өзгерістердің белсенді субъектілері.

  14. Тұлғаның әлеуметтік типологиясы. Тұлғаның рөльдік және диспозициялық тұжырымдамасы.

  15. Мәдениетті әлеуметтік тұрғыдан түсіну. Мәдениеттің құрылымы (морфология) және компоненттері. Мәдени іс-әрекет және оның құрылымдық элементтері.

  16. Әлеуметтік-мәдени құбылыстардың материалдық нұсқалары. Рухани құндылықтар мәдениеттің жалпы маңызы бар рәміздері ретінде. Мәдениеттің нормативтік сипаты.

  17. Әлеуметтік-мәдени құбылыстардағы мағыналар, құндылықтар және нормалар. Мәдениеттің көптүрлілігі, бұхаралық және маманданған мәдениет, субмәдениеттер.

  18. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік-мәдени үдерістердің жаһандануы.

  19. Социеталдық жүйе: ұғымы және құрылымы. Адамның әлеуметтік өмірі және оның табиғи және биологиялық алғышарттары.

  20. Қоғамның белгілері. Қауым және қоғам. Әлемдік қауымдастық.

  21. Әлеумет ұғымы. Әлеуметтік жүйе, оның құрылымы және элементтері.

  22. Әлеумет және мәдениет. Әлеуметтік жүйелердің экономикалық, саяси және т.б. жүйелермен арақатынасы. Әлеуметттік қауымдастықтар, олардың түрлері және құрылымы.

  23. Әлеуметтік топтар. Әлеуметтік топтардың негізгі сипаттамалары. Топтық сананың мінез-құлықтың және топтық іс-әрекеттің ерекшеліктері. Әлеуметтік топтардың типологиясы. Кіші әлеуметтік топтардың ерекшеліктері.

  24. Әлеуметтік таптар. Таптардың негізгі белгілері. Индустриалдыққа дейінгі , индустриалдық және индустриалықтан кейінгі таптық құрлым.

  25. Ұлттар (этностар) және ұлттық (этникалық) қауымдастықтар. Ұлттық өзіндік сана. Ұлттық мүдделер және ұлшылдық.

  26. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі және әлеуметтік теңсіздік. Әлеуметтік жіктелудің объективті және субъективті көрсеткіштері. Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік стратификацияның ерекшеліктері: тарихы және қазіргі жағдайы.

  27. Әлеуметтік жік ұғымы (страттар). Әлеуметтік стратификация және оның өлшемдері.

  28. Әлеуметтік статустар мен рөлдер. Орта тап мәселелері. Қоғамның элитасы: құрылымы және қызметтері.

  29. Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік стратификацияның ерекшеліктері:

тарихы және қазіргі жағдайы.

  1. Әлеуметтік институт ұғымы, оның құрамы. Әлеуметтік институт қоғамның

әлеуметтік құрылымының компоненті ретінде.

  1. Әлеуметтік институттардың: отбасының, мемлекеттің, экономиканың, білімнің, ғылымның, діннің және т.б. негізгі сипаттамалары.

  2. Әлеуметтік институттардың қызметтері, айқын және латенттік қызметтер мен дисфункциялар. Қазіргі қазақстан қоғамындағы әлеуметтік институттардың дағдарысы.

  3. Әлеуметтік ұйымдар жүйе ретінде. Әлеуметтік ұйымдардың негізгі сипаттамалары. Олардың типологиясы. Ұйымдық иерархия. Өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару. Формальді және бейформальді ұйымдар. Бюрократия. Әлеуметтік ұйымдарды басқару. Адам факторының рөлі.

  4. Өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару. Формальді және бейформальді ұйымдар. Бюрократия. Әлеуметтік ұйымдарды басқару. Адам факторының рөлі.

  5. Әлеуметтік әрекет ұғымы, оның құрылымы. Әлеуметтік әрекет әлеуметтік іс-әрекеттің бірлігі ретінде. Әлеуметтік әрекеттерді типологиялау (М. Вебер бойынша).

  6. Т. Парсонс әлеуметтануындағы әлеуметтік әрекет тұжырымдамасы. "Адам әрекетінің жалпы жүйесі" ұғымы.

  7. Әлеуметтік өзара қатынастар әлеуметтік субъектілер қатынастарының типі ретінде. Тұлғаның мінез-құлқы және әлеуметтік топтар. Әлеуметтік мінез-құлықтың типтері және түрлері.

  8. Қоғамның қызметіндегі коммуникацияның орны мен рөлі. Коммуникацияларың түрлері. Әртүрлі қауымдастықтардағы, институттардағы, ұйымдардағы коммуникациялардың ерекшеліктері.

  9. Коммуникациялардың негізгі элементтері. Коммуникациялық торлар. Коммуникациялық құралдар. Бұхаралық коммуникация және әлеуметтік таптауырындар.

  10. Қоғамның ақпараттық жүйесі, оның негізгі тарихи кезеңдері.

  11. Әлеуметтік ауысудың мәні. Әлеуметтік ауысудың түрлері. Ауысудың жазық және тік ауысудың ерекшеліктері.

  12. Әлеуметтік шиеленістер. Әлеуметтік шиеленістер ұғымы және оның құрамы. Шиеленістер типологиясы және себептері. Шиеленістің даму сатылары.

  13. Әлеуметтік шиеленістерді шешу тәсілдері. Қазіргі қазақстан қоғамының шиеленістігі.

  14. Қоғамдық пікір әлеуметтік құбылыс ретінде. Қоғамдық пікірдің объекті мен субъекті. Қоғамдық пікір және қоғамдық көңіл-күй.

  15. Қоғамдық пікірді қалыптастыру және оның қызметінің ерекшеліктері. Бұхаралық ақпарат құралдарының осы үдерістердегі рөлі. Қоғамдық пікір қоғамның саяси өмірінің және әртүрлі деңгейдегі шешім қабылдау факторы ретінде.

  16. Әлеуметтік өзгерістер: ұғымы және формалары. Әлеуметтік өзгерістердің деңгейі, бастаулары, субъектілері бойынша типологиясы. Эволюциялық және революциялық өзгерістер. Циклдық әлеуметтік өзгерістердің ерекшеліктері.

  17. Әлеуметтік өзгерістердің мәдени, экономикалық, технологиялық және т.б.-лармен арақатынасы.

  18. Әлеуметтік өзгерістерді басқару. Әлеуметтік өзгерістер және әлеметтік инженерия. Әлеуметтік технологиялар. Инновациялар (жаңашылдық) және инновациялық үдеріс. Жаңғырту.

  19. Әлеуметтік даму ұғымы. Әлеуметтік даму және әлеуметтік өзгерістер. Әлеуметтік дамудың бастаулары және субъектілері. Әлеуметтік дамудық бейсызықсыз сипаты. Бифуркация ұғымы.

  20. Әлеуметтік дамуды басқару. Әлеуметтік болжау. Әлеуметтік жобалау. Әлеуметтік жоспарлау.

  21. Әлеуметтік даму және әлеуметтік прогресс. Әлеуметтік тұрақтылық ұғымы. Әлеуметтік жүйелердің тұрақтылығы және қоғамның с тұрақтылығы. Әлеуметтік тұрақтылықтың факторлары. Әлеуметтік тепе-теңдік ұғымы.

  22. Әлеуметтік-құрылымдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыларды қазіргі қазақстан қоғамының дамуын талдауда пайдалану. Тұрақтылық және тұрақсыздық факторлары.

  23. Ғылымдағы әдіснама ұғымы. Әдіснамалық білімнің деңгейлері: философиялық, жалпы ғылыми, жеке ғылыми. Әлеуметтанулық теорияның әдіснамалық қызметтері. Әлеуметтанулық зерттеулер әлеуметтану ғылымының тіршілік ету формасы және даму тәсілі.

  24. Әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамалық тұғырлары. Әдіснама және парадигма.

  25. Әлеуметтанулық зерттеулердің типтері: фундаментальді және қолданбалы, теоретиялық және эмпирикалық.

  26. Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін практикалық пайдалану. Әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармашылықтың құқықтық, адамгершілік аспектілері.

  27. Зерттеу бағдарламасы және кезеңдері. Проблемалық әлеуметтік жағдай және ғылыми проблема. Зерттеу объекті және пәні.

  28. Болжамдарды ұсыну және тексеру. Таңдау зерттеу процедурасы ретінде. Таңдаудың типтері және таңдау әдістерінің ережелері. Алынған мағлұматтарды өңдеу, талдау және жалпылау.

  29. Әдістері топтау. Эмпириклық мағлұматтарды жинау, талдау және интерпретациялау. Әдістерді таңдау және оларды негіздеу ережелері.

  30. Бар мағлұматтарды бірінші және екінші рет талдау. Контент-талдау. Бақылау ақпарат жинақтау әдісі ретінде және оның түрлері. Жалпы сауал әдісі.

  31. Таңдау, таңдаудың түрлері, құрастыру ережелері. Таңдау жиынтығы және генеральді жиынтық.

  32. Интервью и сауалнама жүргізу. Интервью жүргізетін адамдарды дайындау ережесі. Сұрақтарды құрастыру ережелері.

  33. Әлеуметтанулық эксперимент және оның түрлері. Фокус-группалар және оны өткізу әдістемелері. Әлеуметтанудағы болжаулар. Болжаулардың түрлері мен әдістері.


Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы
64. Әлеуметтік гуманитарлық білімдегі теорияның ерекшеліктері.

65. Әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

66. Тұлғаның табиғи құқығы және қоғамдық келісім теориясы

67. Т.Гоббс, Ж-Ж Руссо, Монтескье, Джефферсона, Л.фон Штайна

ұстанымдарындағы

мемлекет әлеуметтік әділеттіліктің кепілдігі ретінде.

68. Әлеуметтiк стратификация және әлеуметтiк жұмыстың әртүрлi үлгiлерiндегі

теңдік/теңсіздік мәселелері

69. Әлеуметтiк жұмыстың моделдері мен оларды құрастыру өлшемдері.

70. Модельдердің вариативтілігі,құрлымдық және жеке әлеуметтік жұмыс.

71. Әлеуметтік қамтамасыз етудің қалдықты моделі.

72. Кедейлер мен кедейшілікке қатысты «либералды» ерекшелікте,

стигматизация мәселесі

73. Мұқтаждарды резидуальдық әлеуметтік қолдау.

74. АҚШ-тағы волонтер қозғалысы мен коммунада жұмыс iстеу, әлеуметтiк

қатысу.


75.Әлеуметтік теңдік, жұмыспен толық қамтамасыз ету, кірістерді теңдестіру, әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігі және әлсіз топтарды нормалау тұжырымдамасы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі институтының мақсаты.

76. Бисмарк реформасы мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесін құру

77. З.Фрейд, Э.Фромм, В.Франкл, Э.Берн зерттеулерінің негізіндегі әлеуметтiк

жұмыстың психологиялық үлгiлерi

78.Қазіргі әлеуметтік жұмыстағы неокорпоративизм және либерализациялау

Әлеуметтік саясат

79.Әлеуметтік саясаттағы гуманизм принциптері және әділеттілік, олардың тарихи өзгеруі.

80.Әлеуметтiк саясат әлеуметтiк жұмыстың макродеңгейiнiң идеологиясы

ретінде


81. Клиент ұғымы және негiзгi клиенталдық топтар

82.Субсидиарлық принципі, оның әлеуметтік сұрақтарды шешудегі мемлекеттің құзырларын орталықсыздандырумен байланысы және айырмашылығы.

83.Әлеуметтік диагностика бейімді текхнологияларды таңдау негізі ретінде.Кезкелген клиенттермен жұмыста алдын алу қағидасының араласуына қарағанда ұтымдылығының принципі.

84. Кризистi интервенция

85. Әлеуметтік бейімдеу және нормалау технологияларын белсендірудегі щқытудың ролі.

86.Жарымжандардың (бала-жарымжандардың) «тәуелсiз өмір»

тұжырымдамасы және оңтайландыру (абилитация)

87. Отбасы және балалары бар жанұямен жұмыс істеу үлгілері

88. Қорғайтын технологиялар: патронаж және кеңес беру

89. Кедейлiк өлшемi мәселесiнiң ерекшелiктері және оның жеңудiң

мүмкiндiктерi

90. Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк бағдарламалар.

91. Егде және жарымжандармен жұмыс істеудің негізгі технологиялары, оның

түрлерi мен ұйымдастыру-құқықтық үлгілері, әлеуметтiк қызмет көрсету

92. Әлеуметтік жұмыстың тиімді өлшемдері және оларды араласуды өлшеуде пайдалану мүмкіндіктері.

93. Қазақстанда әлеуметтiк жұмыс iстеудi дамыту

94. Қазақстан Республикасындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары.

95.Қазақстандағы жұртшылыққа әлеуметтік қызмет атқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары.

96 Әлеуметтiк технологиялардың ұғымы: халықтың әртүрлi топтарымен ортақ

және жеке әлеуметтік жұмыс технологиялары

97. Арнайы әлеуметтік қызмет түрлері.

98. Әлеуметтік бақылау, оның мазмұны, тетіктері мен формалары. Әлеуметтік бақылаудың объекті мен субъекті. Нормалық және ауытқушылық мінезқұлық.

99. Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік қолдау және көмектің дәстүрлі технологиялары.

100. Әлеуметтік қолдау және көмектің мемлекеттік емес құрлымдары.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет