ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
ПЕДАГОГ КАДРЛАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Р.Ж.Баспакова
1- сынып бойынша фонетика бөліміне арналған ұжымдық жұмысты ұйымдастыруда қолданылатын
дидактикалық материал
Павлодар, 2010
Педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының эксперттік кеңесімен басылымға ұсынылды
Авторы:
Павлодар қаласы, № 38 ЖНББМ бастауыш сынып мұғалімі
Р.Ж. Баспакова
Ғылыми жетекшісі және рецензия беруші:
Педагогикалық және әлеуметтік ғылым академиясының корреспондент - мүшесі (Мәскеу қ.), Педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының әдіснама және инновациялық үрдістерді дамыту кабинетінің меңгерушісі Н.П.Сеременко
Бұл дидактикалық әдістемеде ұжымдық ойлау технологиясын ұйымдастыру кезеңіне арналған фонетика саласы бойынша стандарт, өлшеуші стандарт, ұжымдық ойлау технологиясына (ҰОЖ) арналған дидактикалық материалдар берілген.
Кіріспе
Оқу- тәрбие жұмысының сапасын көтеру үшін мұғалім сан алуан әдіс тәсілдер, озық тәжірибелерді пайдаланады. Осындай жаңа технологиялардың бірі- ҰОТ
Менің ойымша, мұндай жаңа технология элементтерін қолдану оқушылардың білімге қызығушылығын оятып, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына үлкен әсер тигізеді.
Сондықтан, мен өз сабақтарымда Ривиннің әдістемелерін қолданамын.
Берілген дидактикалық оқу құралы 1 – сынып оқушыларына арналған.Оқу құралы ҰОТ әдістемелері бойынша құрастырылып отыр:
-
Тапсырмалармен өзара алмасу әдістемесі.
Мақсаты: Ережелердi қолдану барысында дағдыларын қалыптастыру.
-
Өзара жаттықтыру әдістемесі
Мақсаты: Меңгерген бiлiмдерiн тексеру, қайталау, бекiту
3 Жеке дара тапсырмаларды өзара тексеру.
Мақсаты: Өзiн- өзi және бiрiн- бiрi тексеру.
4 Ривин – Баженов әдістемесі
Мақсаты: Меңгерген білімдерін іс-жүзінде қолдану.
Оқу құралында берілген тапсырмалар келесі тақырыптарға арналған:
Сөз. Дыбыс. Әріп. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Дыбыстың түрлерi. Дыбыстардың емлесi.Қазақ алфавиті.Буын. Буынның түрлері. Тасымал.
Белгілеу таблосы
№
|
Оқушылардың аты-жөні
|
ТӨА
|
Б.Ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
|
Оқушылардың аты-жөні
|
Р-Б
|
Б.Ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
|
Оқушылардың аты-жөні
|
ЖТӨТ
|
Б.Ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
|
Оқушылардың аты-жөні
|
ӨЖ
|
Б.Ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
|
Оқушылардың аты-жөні
|
ӨД
|
Б.Ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ф о н е т и к а.
1- сынып
Тақырыптары: Сөз. Дыбыс. Әріп. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Дыбыстың түрлерi. Дыбыстардың емлесi.Қазақ алфавиті.Буын. Буынның түрлері. Тасымал.
Мақсаты: ҚР стандартына сәйкес қазақ тiлiнiң дыбыстық жүйесiмен таныстырып, тiлдегі дыбыстың құрамын бiлдiру;
Дыбыс түрлерiн айыру және дыбысқа талдау жасай алу дағдыларын қалыптастыру; фонетика туралы ұғым беру және меңгерту;
Тараудың стандарты.
Бiлiмi:
- қазақ алфавитiндегi әрiптердiң аталуын және олардың дыбысталуын бiлу;
-әріп дыбыстың таңбасы екенін білу
- әріптерді жаза алу.
- дыбыс түрлерiн бiлу;
-дауысты дыбыстар, оның жуан және жіңішке түрлерін білу;
- жуан және жіңішке жұп дауыстыларды білу.
-дауыссыз дыбыстар, оның қатаң, ұяң, үнді түрлерін білу;
-Э,Ч, Щ, В, Ф, Х, Ц, Һ дыбыстарының ерекшеліктерін білу.
- жуан және жiңiшке айтылатын сөздердi бiлу;
- дауыссыз дыбыс әрiптерінiң емлесiн бiлу;
- буын мен тасымалды бiлу;
- қазақ әлiпбиiнiң жүйесiн бiлу.
Біліктілігі:
-
дыбыс түрлерін айыра білу;
-
сөз басындағы, сөз ортасындағы, сөз соңындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.
-
буынға бөле алу және дұрыс тасымалдай алу;
-
дыбыстық талдау жасай алу;
-
Э, Һ,Ч,В, Х, Ц,Ф,Щ дыбыстары бар сөздерді айта , жаза білу;
Бақылау жұмысы
Оқушының аты-жөні___________________________
Дыбыстық талдау жаса
1-нұсқа
Ана______________________________________________________
Бақа______________________________________________________
Кітап_____________________________________________________
Дәптер____________________________________________________
Балықшы__________________________________________________
Оқушының аты-жөні________________________________
Дыбыстық талдау жаса
2-нұсқа
Әже_______________________________________________________
Ас ________________________________________________________
Дана ______________________________________________________
Алақан_____________________________________________________
Қасық______________________________________________________
Тапсырмалармен өзара алмасу әдістемесі
Мақсаты: Ережелердi қолдану барысында дағдыларын қалыптастыру.
Жұмыс істеу алгоритмі:
-
Қиманы алып, есеп кестесіне нүкте қой
( өз дәптеріңе қиманың нөмерін жаз)
-
Мұғалімнің көмегімен қиманың 1- бөлімін орында.
-
Қиманың 2-бөлігін өзін орында.
(Мұғалімге тексерт)
-
Есеп кестесіндегі нүктені қосу (+) белгісіне ауыстыр.
-
Өзіне жұптас тап.
-
Жұптасыңа қиманың 1- бөлімін түсіндіріп, дәптеріңе жазып көрсет.Оның сұрағына жауап бер. Өзің тексеру сұрақтарын қой.
-
Рөлмен ауыс. Енді жұптасың сені өз тақырыбына үйретеді.
-
2-ші топ тапсырмаларымен ауыс. Оларды өз бетінше орында.
-
Бір-біріңнен 2-ші топ тапсырмаларының орындалу дұрыстығын тексеріңдер.
-
Бір-біріңе жұмыс істегендерің үшін алғыс білдіріңдер.
-
Жаңа жұптас тап, жұмысынды осылай жалғастыр.
ТӨА - белгілеу таблосы
№
|
Оқушылардың аты-жөні
|
ТӨА-1
|
ТӨА-2
|
ТӨА-3
|
ТӨА-4
|
ТӨА-5
|
ТӨА-6
|
ТӨА-7
|
ТӨА-8
|
ТӨА-9
|
ТӨА-10
|
Б.Ж.
|
1
|
Атамбаева Әнел
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Ахменова Адия
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Иконников Александр
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Өркентес Еламан
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Өмірбек қызы Қаракөз
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Сарсекенова Сымбат
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
7
|
Сатбол Ердос
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
8
|
Солтанмурат Камила
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
9
|
Хунафия Бақдаулет
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
10
|
Яровова Камилла
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
ТӨА – 1
1 Сөзде неше дауысты дыбыс бар екенін анықта.
Оқушы
Алгоритм:
1 Сөздi оқы.
2 Әрбір дыбысты жеке дыбыстап ата
3 Дауысты дыбысты сана.
Есiңде сақта. Дауысты дыбыстар созылып айтылады
Тапсырма.'>2 Тапсырма. Берілген сөздерде қанша дауысты дыбыс бар?
Мұғалім, адамзат, оқулық
ТӨА – 2
1 Сөзде неше дауыссыз дыбыс бар екенін анықта.
Жүгері
Алгоритм:
1 Сөздi оқы.
2 Әрбір дыбысты жеке дыбыстап ата
3 Дауыссыз дыбысты сана.
Есiңде сақта. Дауыссыз дыбыстар дыбысталғанда созылмайды .
2 Тапсырма. Берілген сөздерде қанша дауыссыз дыбыс бар?
Мұғалім, адамзат, оқулық
ТӨА – 3
1 Сөздегі жіңішке дауысты дыбыстарды аңықта
Күлкі
Алгоритм:
1 Сөздi оқы.
2 Жіңішке дауысты дыбыстарды есіңе түсір.
3 Жіңішке дауысты дыбыстардың астын бір сызықпен сыз.
Есiңде сақта. Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, і, ө, е, ү
2 Тапсырма. Берілген сөздерде жіңішке дауысты дыбыстардың астын бір сызықпен сыз
Сөзде, жұртым, өнер, жүгері, аспан
ТӨА – 4
1 Сөздегі жуан дауысты дыбыстарды аңықта
Жақын
Алгоритм:
1 Сөздi оқы.
2 Жуан дауысты дыбыстарды есіңе түсір.
3 Жуан дауысты дыбыстардың астын екі сызықпен сыз.
Есiңде сақта. Жуан дауысты дыбыстар: а, ұ, ы, о
2 Тапсырма. Берілген сөздерде жуан дауысты дыбыстардың астын екі сызықпен сыз
Мектеп, қалам, түн, жарық, балықшы
ТӨА – 5
1 Сөзде неше буын бар екенiн анықта.
Сынып
Алгоритм:
-
Сөздi оқы.
-
Сөзде неше дауысты дыбыс бар?
-
Сөзді буынға бөл.
Есiңде сақта. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
2 Тапсырма. Әр сөзде неше буын бар екенiн анықта
Тас, адамның, өмір
ТӨА – 6
1 Сөздi буынға бөлiп жаз.
Ойын
Алгоритм:
-
Сөздi оқы.
-
Й дыбысына назарыңды аудар.
-
Й дыбысы қандай дыбыстардың ортасында тұр?
Есiңде сақта. Й екi дауыстының ортасында келсе, екiншi буынның басында айтылады о-йын
-
Тапсырма. Сөздердi буынға бөлiп жаз. Қойын, мойын.
ТӨА -7
1 Сөзге дыбыстық талдау жаса.
Дәптер
Алгоритм:
1 Берiлген сөздi оқы, жаз.
2 Сөзде қанша әріп, дыбыс, буын бар екенiн жаз.
3 Сөзде неше дауысты дыбыс, неше дауыссыз дыбыс бар
екенiн жаз.
4 Дауыссыз дыбыстардың қайсысы қатаң, ұяң не үндi екенiн жаз.
2 Тапсырма. Сөзге дыбыстық талдау жаса. Қүнделік
ТӨА – 8
1 Сөздерге дауысты Ы, I әрiптерiн қойып жаз.
Сынып, тарақ, бүйрек
Алгоритм:
1. Сөздердi оқы.
2. Сөздегi соңғы дыбыстар қандай?
3. Әрбір сөзге Ы, І әріптерін қойып жаз.
Есiңде сақта п, қ, к дыбыстарына аяқталған сөзден кейiн дауысты дыбыс келсе, бұл дыбыстар б, ғ, г-ге айналады.
2 Тапсырма. Сөздерге дауысты Ы, I әрiптерiн қойып жаз.
Доп, Батпақ, кiрпiк
ТӨА – 9
1 Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.
Са..., ша...н.
Алгоритм:
-
Сөздерді оқы
-
Я әрпінің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Есіңде сақта: йа дыбысы естілгенімен, жазғанда я әрпі жазылады.
2 Тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.
Та...у, а..з, жа..у, бо...у
Достарыңызбен бөлісу: |