Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы



Дата18.07.2016
өлшемі477.01 Kb.
#207480
Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 Қаулысы
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіле
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің     
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 130 қаулысымен   
бекітілген      
Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
      2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
      3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.
      4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу
емтихандарын өткізу
      5. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
      Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
      6. Білім беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
      7. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
      8. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
      1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;
      2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
      9. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3x4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
      Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
      Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
      1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
      2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
      3) босқын - босқынның куәлігі;
      4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
      5) оралман - оралман куәлігі.
      Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
      Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
      10. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:
      1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
      2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
      3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
      4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
      Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.
      Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
      Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.
      11. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.
      Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.
      12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді.
      12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
      Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
      Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді;
      тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
      2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 баллдарға ауыстырады.
      13. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
      Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
      Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
      Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
      Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.
      14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта
тапсыруға рұқсат етілмейді.
3. Білім алушылар құрамына қабылдау
      15. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
      Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
      Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
      Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
      1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;
      2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.
      Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
      Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
      1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
      Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.
      16. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.
Техникалық және кәсіптік білім
берудің кәсіптік оқу     
бағдарламаларын        
іске асыратын білім беру   
ұйымдарына оқуға қабылдаудың  
үлгі қағидаларына     
қосымша           
Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі



Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

Мамандықтың атауы

Бейіндік пән атауы

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы орта)

0100000 - Білім

0101000

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Биология

0102000

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша)

Биология

Биология

0103000

Дене тәрбиесі және спорт

1 шығармашылық емтихан

1 шығармашылық емтихан

0104000

Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

Математика

Математика

0105000

Бастауыш білім беру*

Математика

Математика

0106000

Бейнелеу өнері және сызу

1 шығармашылық емтихан

1 шығармашылық емтихан

0107000

Технология

1 шығармашылық емтихан

1 шығармашылық емтихан

0108000

Музыкалық білім беру

1 шығармашылық емтихан

1 шығармашылық емтихан

0109000

Өмір сүру қауіпсіздігі және валеология

Биология

Биология

0110000

Білім ұйымдарындағы лаборант

Биология

Биология

0111000

Негізгі орта білім беру*

Математика

Математика

0200000 - Құқық

0201000

Құқықтану

Құқық негіздері

Дүние жүзі тарихы

0202000

Құқық қорғау қызметі

Қазақстан тарихы

Дүние жүзі тарихы

0203000

Патенттану

Құқық негіздері

Дүние жүзі тарихы

0300000 - Медицина, фармацевтика

0301000

Емдеу ісі

Биология

Биология

0302000

Медбикелік іс

Биология

Биология

0303000

Гигиена және эпидемиология

Биология

Биология

0304000

Стоматология

Биология

Биология

0305000

Зертханалық диагностика

Биология

Биология

0306000

Фармация

Химия

Химия

0307000

Ортопедиялық стоматология

Биология

Биология

0308000

Медициналық оптика

Биология

Биология

0400000 - Өнер және мәдениет

0401000

Кітапхана ісі

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

0402000

Дизайн (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0403000

Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0404000

Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0405000

Хор дирижері

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0406000

Музыка теориясы

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0407000

Ән салу

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0408000

Хореография өнері

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0409000

Актерлік өнер

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0410000

Цирк өнері

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0411000

Театр-декорация өнері (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0412000

Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0413000

Сәнді-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0414000

Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0415000

Зергерлік іс (салалары бойынша)

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару

0501000

Әлеуметтік жұмыс

Қазақстан тарихы

Дүние жүзі тарихы

0502000

Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша)

Математика

Физика

0503000

Cлесарлық іс

Физика

Физика

0504000

Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу

Химия

Химия

0505000

Фото ісі

Химия

Химия

0506000

Шаштараз өнері және сәндік косметика

Химия

Химия

0507000

Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Математика

Математика

0508000

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Математика

Математика

0509000

Аяқ киім ісі

Математика

Математика

0510000

Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша)

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Қазақ және орыс тілдері

0511000

Туризм (салалары бойынша)

География

География

0512000

Аудармашы ісі (түрлері бойынша)

Шетел тілі

Шетел тілі

0513000

Маркетинг (салалар бойынша)

Математика

Математика

0514000

Бағалау (салалар және қолдану аясы бойынша)

Математика

Математика

0515000

Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)

Математика

Математика

0516000

Қаржы (салалар бойынша)

Математика

Математика

0517000

Статистика

Математика

Математика

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

Математика

Математика

0519000

Экономика (салалар бойынша)

Математика

Математика

0600000 - Метрология, стандарттау және сертификаттау

0601000

Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Математика

Математика

0602000

Сапаны бақылау (салалар бойынша)

Математика

Математика

0700000 - Геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру

0701000

Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау (түрлері бойынша)

Математика

Математика

0702000

Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы

Математика

Математика

0703000

Гидрогеология және инженерлік геология

Математика

Математика

0704000

Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері

Математика

Математика

0705000

Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу

Математика

Математика

0706000

Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу

Математика

Математика

0707000

Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Математика

Математика

0708000

Пайдалы қазбаларды байыту (көмірмен байыту)

Математика

Математика

0709000

Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)

Математика

Математика

0710000

Ашық кеніштің электр-механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Математика

Математика

0711000

Маркшейдерлік іс

Математика

Математика

0712000

Жер асты құбырларының құрылысы

Математика

Математика

0713000

Геодезия және картография

Математика

Математика

0800000 - Мұнай-газ және химия өндірісі

0801000

Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша)

Математика

Математика

0802000

Мұнай-газ құбырлары мен мұнай газ қоймаларының құрылысы және оларды пайдалану

Физика

Физика

0803000

Компрессорлық станциялар мен жерасты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету

Математика

Математика

0804000

Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау

Математика

Математика

0805000

Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау

Математика

Математика

0806000

Ұңғымаларды мұнай мен газға сынау

Физика

Математика

0807000

Мұнай және газ кәсіпшілігінің техникалық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету

Математика

Математика

0808000

Мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу (түрлері бойынша)

Математика

Математика

0809000

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

Математика

Математика

0811000

Мұнай-газ және жанар май құю станцияларының құрылыстары мен оларды пайдалану

Математика

Математика

0811000

Химиялық талшықтар өндірісі

Химия

Химия

0812000

Резина-техника өндірісі

Химия

Химия

0813000

Шина өндірісі және вулканизация процесі

Химия

Химия

0814000

Полимер технологиясының өндірісі

Химия

Химия

0815000

Тұтқыр және сусымалы материалдардың химиялық өндірісінің машиналары мен жабдықтарын пайдалану

Химия

Химия

0816000

Химиялық технология және өндіріс (бейіні бойынша)

Химия

Химия

0817000

Кокс-химия өндірісі

Химия

Химия

0818000

Химиялық өндіріс технологиясы (бейіні бойынша)

Химия

Химия

081900

Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы

Химия

Химия

0820000

Изотоптарды бөлу технологиясы мен вакуумдық техника

Химия

Химия

0821000

Экологиялық қондырғыларды пайдалану және оларға қызмет көрсету

Математика

Физика

0822000

Шыны-талшық пен шыны бұйымдары өндірісі

Химия

Химия

0823000

Фарфор және фаянс бұйымдарын жасау

Химия

Химия

0824000

Керамикалық өндіріс

Химия

Химия

0825000

Әрлеу өндірісі (бейіні бойынша)

Химия

Химия

0826000

Тері мен үлдірді химиялық өңдеу

Химия

Химия

0900000 - Энергетика

0901000

Электр станциялары мен желілерінің (түрлері бойынша) электр жабдықтары

Математика

Математика

0902000

Электрмен жабдықтау (салалары бойынша)

Математика

Математика

0903000

Электр энергетикасы (салалары бойынша)

Математика

Математика

0904000

Темір жол электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Математика

Математика

0905000

Энергетикалық көлік қондырғысын пайдалану (көлік түрлері бойынша)

Математика

Математика

0906000

Жылу-электр
станцияларының қазандық, жылы энергетикалық, жылу өңдеуші қондырғылары

Математика

Математика

0907000

Техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)

Математика

Математика

0908000

Электр станцияларында су, отын және майлау материалдары технологиясы

Математика

Математика

0909000

Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар

Математика

Математика

0910000

Электрлік және электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

Математика

Физика

0911000

Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша)

Математика

Физика

0912000

Электротехнология (түрлері бойынша)

Математика

Физика

1000000 - Металлургия және машина жасау

1001000

Доменді пештерге қызмет көрсету және оларды жөндеу

Математика

Математика

1002000

Қара металл металлургиясы (түрлері бойынша)

Математика

Химия

1003000

Түсті металлдар металлургиясы

Математика

Химия

1004000

Құю өндірісі

Математика

Математика

1005000

Болаттарды пештен тыс өңдеу

Математика

Математика

1006000

Металл өңдеу (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1007000

Отқа төзімді заттар өндірісі

Математика

Физика

1008000

Композициялық және ұнтақты материалдар, жабындар

Математика

Химия

1009000

Прокаттау өндірісі

Математика

Математика

1010000

Құбыр өндірісі

Математика

Физика

1011000

Автоматтық тізбектер және агрегаттық станоктар

Математика

Математика

1012000

Икемді автоматтық тізбектер

Математика

Математика

1013000

Механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және машина жасаудағы автоматика

Математика

Математика

1014000

Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1015000

Машина жасаудағы монтаж және автомобильдерді сынау

Математика

Математика

1100000 - Көлік (салалары бойынша)

1101000

Ұшу аппараттарының өндірісі

Математика

Физика

1102000

Авиациялық аспаптар өндірісі

Математика

Физика

1103000

Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету

Математика

Математика

1104000

Теңіз техникасын электр-радио монтаждаушы

Математика

Математика

1105000

Қала электр көліктерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша)

Математика

Математика

1106000

Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1107000

Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалары бойынша)

Математика

Математика

1108000

Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1109000

Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1110000

Жүк көтергіш машиналар және транспортерлер

Математика

Математика

1111000

Ұсталық тығыздау жабдықтары

Математика

Математика

1112000

Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану

Математика

Математика

1113000

Металлургиядағы машиналар және жабдықтар

Математика

Математика

1114000

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1115000

Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1116000

Геология барлау жабдықтары

Математика

Математика

1117000

Электроникалық техника өндірісіне арналған жабдықтар

Математика

Физика

1118000

Тамақ, сауда және ет өнеркәсібінің өндіріс жабдықтары

Математика

Математика

1119000

Тоңазытқыш-компрессор машиналары және қондырғылары

Математика

Математика

1120000

Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1121000

Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Математика

Математика

1122000

Әскери іс және қауіпсіздік

Математика

Математика

1200000 - Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша)

Көлікті пайдалану

1201000

Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Математика

Математика

1202000

Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)

Математика

Математика

1203000

Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Математика

Математика

1204000

Су көлігін пайдалану (бейіні бойынша)

Математика

Физика

1205000

Әуе көліктерінің қозғалысын басқару және пайдалану

Математика

Математика

1206000

Жол қозғалысын ұйымдастыру

Математика

Математика

1207000

Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы

Математика

Математика

1208000

Иіру және тұту өндірісінің технологиясы (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1209000

Тоқыма өндірісі (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1210000

Мата емес тоқыма материалдар өндірісінің технологиясы

Математика

Математика

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу

Математика

Математика

1212000

Аяқ киім өндірісі (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1213000

Аң терісі мен қой терісі бұйымдары өндірісінің технологиясы

Математика

Математика

1214000

Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары

Математика

Математика

1215000

Жеңіл өнеркәсіпті ұйымдастыру жабдықтары

Биология

Химия

1216000

Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі

Биология

Химия

1217000

Темекі өндірісі

Биология

Химия

1218000

Азық-түлік өндірісі

Математика

Физика

1219000

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

Химия

Химия

1220000

Қант өндірісі

Химия

Химия

1221000

Балық өндірісі

Биология

Химия

1222000

Консервілер және тағам концентраттары өндірісі

Химия

Химия

1223000

Сыра, алкогольсіз және спиртті ішімдіктер өндірісі

Химия

Химия

1224000

Сүт тағамдарының өндірісі

Химия

Химия

1225000

Ет және ет тағамдарының өндірісі (түрлері бойынша)

Химия

Химия

1226000

Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру

Биология

Химия

1227000

Баспа өндірісі

Математика

Математика

1228000

Кәбіл өндірісі

Математика

Физика

1229000

Құрал жасау (салалары бойынша)

Математика

Математика

1230000

Тоңмай және тоңмай алмастырғыштар технологиясы

Биология

Химия

1300000 - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология Электрондық техника

1301000

Электорондық аспаптар және құрылғылар

Математика

Физика

1302000

Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша)

Математика

Математика

1303000

Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару

Математика

Математика

1304000

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1305000

Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша)

Математика

Математика

1306000

Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)

Математика

Физика

1307000

Электр байланысы мен сымдық таратудың желілік құрылыстарын пайдалану

Математика

Физика

1308000

Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану

Математика

Физика

1309000

Оптикалық және электрондық жабдық (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1310000

Көліктік (көлік түрлері бойынша) радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану

Математика

Математика

1311000

Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланысының құрылғыларын пайдалану

Математика

Математика

1400000 - Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

1401000

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

Математика

Математика

1402000

Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1403000

Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1404000

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазартқыш құрылыстары

Математика

Математика

1405000

Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану

Математика

Математика

1406000

Магистралдық жергілікті және желілік құбырларды монтаждау

Математика

Математика

1407000

Гидротехникалық құрылыс

Математика

Математика

1408000

Қалалық қатынас жолдарын салу және пайдалану

Математика

Математика

1409000

Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы

Математика

Математика

1410000

Автомобиль жолдарын және әуеайлақтарды салу

Математика

Математика

1411000

Көпірлер мен көлік тоннелдері

Математика

Математика

1412000

Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі

Математика

Математика

1413000

Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1414000

Жиhаз өндірісі (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1415000

Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)

Математика

Математика

1416000

Қалдықтарды қайта өңдеу

Математика

Химия

1417000

Азаматтық ғимараттар интерьерінің дизайны, оларды қалпына келтіру, қайта жаңарту

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

1418000

Сәулет

2 шығармашылық емтихан

2 шығармашылық емтихан

1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология

1501000

Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу

Математика

Математика

1502000

Агрономия

Биология

Биология

1503000

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Биология

1504000

Фермер қожалығы (бейіні бойынша)

Биология

Биология

1505000

Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)

Биология

Биология

1506000

Аңшылық және аң өсіру

Биология

Биология

1507000

Балара өсіру және жібек шаруашылығы

Биология

Биология

1508000

Орман  шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша)

Математика

Химия

1509000

Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)

Математика

Химия

1510000

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

Математика

Математика

1511000

Жерге орналастыру

Математика

Математика

1512000

Зоотехния

Биология

Биология

1513000

Ветеринария

Биология

Биология

1514000

Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалары бойынша)

Математика

Химия

1515000

Гидрология және метеорология

География

География

1516000

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика

1517000

Төтенше жағдайларда қорғау (бейіні бойынша)

Математика

Физика

1518000

Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру

Математика

Математика

      Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы берілетін мамандық бойынша біліктілігіне байланысты анықтайды.



Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 Қаулысы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 24-1) тармақшасын және 26-бабының8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:
      1) I, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1 пайыз;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 0,5 пайыз;
      3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз;
      5) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.
      2. «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 17, 157-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет