Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру



бет1/2
Дата13.06.2016
өлшемі396.5 Kb.
#131470
  1   2
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.06.2011 14:59:05
Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру

ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 Бұйрығы

 

Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға

қабылдаудың үлгі ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына, жоғары техникалық мектептерге (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін бекітеді.



2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:

1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;

3) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;



4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;

5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қабылдау квотасы көзделеді.

4. Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтар білім беру ұйымдарына оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады.



Аталған санаттағы тұлғалар үшін түсу емтихандары пәндерінің тапсыру нысаны мен тізбесін білім беру ұйымдары белгілейді.

5. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік білімнің жекеленген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.



 

 

2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

 

6. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, ұйымдастыру, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.

7. Білім беру ұйымдарына қабылдау комиссияларының өңірлерге барып азаматтарды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру құрылтайшының келісімі бойынша шешіледі.

8. Қабылдау ережелері, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі туралы ақпарат, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізілуі қажет.

9. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:



орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;

жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады

10. ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 ж. 21 мамырдағы № 289 Бұйрығымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

11. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.

Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке, ата-аналарымен немесе заңды тұлғалармен ұсынылады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:

шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

босқын - босқынның куәлігі;

паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаңың куәлігі;

оралман - оралман куәлігі немесе көші-қон карточкасы.

Аталған талаптар Консулдық қатынастар туралы және Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес елшіліктер мен консулдықтардың қызметкерлеріне таратылмайды.

Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалар төлқұжат көшірмесін және көші-қон карточканың көшірмесін көрсетеді.

Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.

кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде 17-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

12. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:

жалпы орта, мамандық бейне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

Жоғарғы техникалық мектепке оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, математика және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі.

Түсу емтихандарының нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.

Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.

Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады.

Мамандық бейіні бойынша пәні осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

13. Білім беру ұйымдарына өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсетін азаматтар 3-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарымен бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.

Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға себепсіз келмей қалған азаматтар емтиханға жіберілмейді.

11-тармақта көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білімі бар азаматтар үшін түсу емтихандарының нысаны тестілеу немесе пәндер бойынша емтихандар білім беру ұйымымен белгіленеді. Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыруды таңдауға құқылы.

14. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандары 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.

Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны 30 болып белгіленеді. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді. Тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

2) пәндер бойынша емтихандардың, түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 10 балл, «4» - 20 балл, «5» - 30 балдарға ауыстырады.

15. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.



Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруіне болады.

Апелляция қабылдау комиссиясына емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде беріледі және түсу бойы өтініш берушінің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады.

16. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.

 

 

3. Білім алушылар құрамына қабылдау



 

17. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, оның ішінде жоғары техникалық мектептердің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта және жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер ескеріле отырып конкурстық іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.

Конкурс:

ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) сертификаттарының балдары негізінде;

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;

пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ-да немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Ереженің 12-тармағына сәйкес  балдар сомасы ескеріледі.



Білім алушылар құрамына қабылдану конкурсына қатысуға:

негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем медициналық мамандықтар бойынша 30 балдан кем (жоғары техникалық мектептерге түсу үшін үш пәнінен 30 балдан кем );

жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем медициналық мамандықтар бойынша 35 балдан кем (жоғары техникалық мектептерге түсу үшін үш пәнінен 35 балдан кем) жинағандар жіберілмейді.

18. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға конкурс өткізгенде:



1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), соңғы үш жылдағы жеңімпаздардың, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтар олимпиадаларының, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

Мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткізгенде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттар болған жағдайда): жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, медициналық-әлеуметтік сараптама тұжырымына сәйкес оқу орындарында оқуға қайшы келмейтін бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтар басым құқыққа ие болады.

19. Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, бөлімшелер, оқыту тілдері бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде жүргізіледі.

20. Осы Ережемен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібі білім беру ұйымының құрылтайшысымен немесе құрылтайшыларымен (мемлекеттік басқару органымен) белгіленеді.

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің Техникалық және

кәсіптік білімнің кәсіптік оқу

бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың

үлгі ережесіне 1-қосымша

 

Ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандықтар даярлауды жүзеге асыратын мамандықтардың тізбесі



 

Мамандықтар мен кәсіптердің коды

Мамандықтың атауы

0101000

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу

0102000

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша)

0103000

Дене тәрбиесі және спорт

0104000

Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

0105000

Бастауыш білім беру

0106000

Бейнелеу өнері және сызу

0107000

Технология

0108000

Музыкалық білім беру

0109000

Өмір қауіпсіздігі және валеология

0301000

Емдеу ісі

0302000

Медбикелік іс

0304000

Стоматология

0306000

Фармация

0307000

Ортопедиялық стоматология

0309000

Акушерлік іс

0401000

Кітапхана ісі

0402000

Дизайн (салалар бойынша)

0403000

Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (түрлері бойынша)

0404000

Аспаптық-орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша)

0413000

Сәнді-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)

0501000

Әлеуметтік жұмыс

0502000

Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша)

0503000

Слесарлық іс

0901000

Электростанциялардың электрожабдықтары, кіші станциялар және желілер (түрлері бойынша)

0902000

Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)

0903000

Электроэнергетика (салалары бойынша)

0906000

Жылулық электрлік станцияларының қазандық, жылу өңдеуші, жылуэнергетикалық қондырғылары

0907000

Жылу техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)

1107000

Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша)

1110000

Жүк көтергіш машина және транспортерлер

1112000

Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану

1114000

Пісіру ісі (түрлері бойынша)

1115000

Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

1118000

Тамақ және ет өнеркәсібінің өндіріс жабдықтары

1119000

Тоңазытқыш компресорлар машиналары және қондырғылар

1120000

Технологиялық машиналарға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (салалары бойынша)

1207000

Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы

1208000

Иіру және түту өндірісінің технологиясы (түрлері бойынша)

1209000

Тоқу өндірісі (түрлері бойынша)

1210000

Мата емес тоқыма материалдар өндірісі технологиясы

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу

1212000

Аяқ киім өндірісі (түрлері бойынша)

1213000

Аң терісі мен қой терісі бұйымдарының технологиясы

1214000

Трикотаж, тоқыма, галантерия бұйымдары

1215000

Жеңіл өнеркәсіпті ұйымдастыру жабдықтары

1216000

Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі

1217000

Темекі өндірісі

1218000

Азық-түлік өндірісі

1219000

Нан пісіру өндірісі, макарон өндірісі және кондитер өндірісі

1220000

Қант өндірісі

1221000

Балық өндірісі

1224000

Сүт тағамдарының өндірісі

1225000

Ет және ет тағамдарының өндірісі (түрлері бойынша)

1226000

Тамақтандыру өндірісі тағамдары технологиясы және оны ұйымдастыру

1306000

Радиотехника және байланыс (түрлері бойынша)

1307000

Электр байланысы жүйелі құрылыстары мен сымдық тарту жүйелерін пайдалану

1412000

Құрылыс бұйымдарын және консрукциялар өндірісі

1414000

Жихаздық өндірісі (түрлері бойынша)

1415000

Лифт шаруашылығы және эскалаторлар

1416000

Тастандыларды қайта өңдеу

1501000

Ауылшаруашылық техникасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу

1502000

Агрономия

1503000

Өсімдік шаруашылығы

1504000

Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)

1505000

Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)

1506000

Аңшылық және аң шаруашылығы

1507000

Ара және жібек өсіруші

1508000

Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафты құрылыстар

1509000

Экология және табиғатты қорғау қызметі

1510000

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

1511000

Жерге орналастыру

1512000

Зоотехния

1513000

Ветеринария

1514000

Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 ж. 21 мамырдағы № 289 Бұйрығымен 2 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2009. 08.06. № 278 Бұйрығымен 2-қосымша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)



 

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің Техникалық және

кәсіптік білімнің кәсіптік оқу

бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың

үлгі ережесіне 2-қосымша

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет