Технологиялық жабдықтарды жобалау



Дата09.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#124743
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

технологиялық жабдықтарды жобалау

050712 – Машина жасау мамандығының студенттеріне курстық жобаны орындау үшін

арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар


ӘОЖ 621.9.001.63-229(07)

КБК 34.4-5я7

Т38
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің машинажасау, металлургия және көлік факультетінің машинажасау және стандарттау кафедрасының отырысында басуға ұсынылды

Пікірсарапшы

Шумейко И. А. – техникалық ғылымдар кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры


Құрастырушы: Баймагамбетов Т. Ш.
Т38 Технологиялық жабдықтарды жобалау: 050712 – Машина жасау мамандығының студенттеріне курстық жобаны орындау үшін арналған әдістемелік нұсқау / құраст. : Баймагамбетов Т. Ш. – Павлодар : Кереку, 2010. – 24 б.

«Технологиялық жабдықтарды жобалау» пәні бойынша курстық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқау 050712 «Машинажасау» мамандығының студенттеріне ұсынылады. Мұнда жұмыстың құрамы, мазмұны көрсетілген. Сонымен қатар тиісті есептерді жүргізу реті және айлабұйымдардың сызба жобасын жасау реті бар.


ӘОЖ 621.9.001.63-229(07)

КБК 34.4-5я7
© Баймагамбетов Т. Ш., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010


Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты



Кіріспе
Машиналардың тетіктерін, механикалық өңдеу, машиналармен оның бөлшектерін құрастыру үрдістері орындалғанда, түрлі жабдықтар қолданылады. Олар құрастыру, өңдеу, тексеру жұмыстарды өткізгенде тетіктерді орнықтандырып, қысып бекітеді. Осы жұмыстарды өткізгенде әмбебап құрал-саймандар, мысалы жұдырықшалы қысқылар, машиналы іскенже, бөлгіш бастиектер және басқалар қолданылады. Мұндай әмбебап құрал-саймандар көбінде жеке және шағын сериялы өндіріс түрлерінде қолданылады. Ірі-сериялы және жаппай өндірістерде арнаулы айлабұйымдар қолданылады.

Машинажасау зауыттарында аталған құрал-саймандарды, айлабұйымдарды жобалау жұмыстары көлемді орын алады, сондықтан 050712 «Машинажасау» мамандығы бойынша тәлімгерлер тиісті түрде білім және тәжрібе алулары керек.

«Технологиялық құрал-саймандарды жобалау» пәнінен курстық жұмыс механикалық өңдеу, құрастыру, тексеру технологиялық бір операцияға жобаланады. Осы жұмыс құрамында А1 форматты жобаланған айлабұйымнын құрастыру сызбасы және А4 форматты 30 – 40 бет түсініктеме жазба.

Технологиялық құрал-жабдықтарды жобалау пән бойынша курстық жұмыстың түсініктеме жазбасының мазмұны:



  1. кіріспе – машинажасау саласында технологиялық құрал-жабдықтардың орны және мәні; машинажасау бакалаврды оқытудағы осы пәннің орны мен мазмұны – 2-3 б.;

  2. тетіктің құрылымын сипаттау (құрылымының пішінінен – қорапша; білік; қақпақша; тісті дөңгелек және басқалар; өлшемдерімен – ірі; орташа; кіші; салмағына байланысты: ауыр, орта және жеңіл); тетікке қойылған техникалық талаптар; жасалған материалы – маркасы оны сипаттау. Химиялы құрамы – 2-3 б.;

  3. өндіріс түрін таңдау және айлабұйымның ерекше дәрежесін тағайындау – 1-3 б.;

  4. тапсырма бойынша жобаланатын айлабұйымның технологиялық үрдістің қолданылатын операциясын сипаттау (операцияның аты; қысқаша қандай операциаяар орнындалды; өңдеу сұлбасы келтіріледі; яғни тетікпен кесу құралдың бір біріне қатысты жылжу сұлбасы; білдектің үлгісі және оның құрылымымен сәйкес орналастыруын сипаттау; яғни ол тік не болмаса көлденең түрде сәйкес орналастырылған; станоктың жұмыс аумағының өлшемдері; үстел бетінің өлшемдері; орнатылған электрқозғалтқыштың қуаты; қандай кесу аспап қолданылады және ол қандай материалдан жасалған – 4-5 б.;

  5. тапсырмадағы операцияда тетіктің орнықтандырылу сұлбасын талдау: Мұнда тапсырма бойынша тетіктің өңделу операциясының эскизі көрсетіледі және оның өлшемдері (габарит; аталған операцияда жетілінетін өлшемдер; негіздеуші) және осы операцияның техникалық талаптары, орнықтандыру нүктелері және мұнда қай беттер орнық; бағыттаушы қос бағытты; тірек орнықтар болып есептеледі. Осында орнықтандыру қателікті есептеу керек – 2-3 және одан көп бет;

  6. кесу рәсімдерін есептеу – 5-8 б.;

  7. айлабұйымды эскиз түрде сәйкес орналастыру. Мұнда орнықтандыру сұлбаға сәйкес орнықтаушы элементтермен құралдардың құрылымын таңдау; кысып-бекіту элементтерін (бастырущы; бұрандалы; сыналы; эксцентрикті және басқа) олар стандартты болса, онда стандарттарды; жасалатын материалдардың маркалары және олардың термикалы өңдеу түрлері көрсетіліп келтіріледі – 3-5 б.;

  8. айлабұйымның есептеу сұлбасы келтіріледі және оны қолданып тетікті қысып бекітетін керекті күшпен моменттерді есептеу – 3-5 б.;

  9. айлабұйымның бір тетігін мықтылыққа не қатандылыққа есептеу – 1 б.;

  10. айлабұйымның күштермен жылжымдардың беріліс қатынастарын және жетектің өлшемдерін есептеу – 2-3 б.;

11) айлабұйымға қойылатын техникалық талаптарды анықтау. Ол үшін технологиялық өлшемдер тізбегін салып, оны есептеу арқылы анықталады – 2-3 б.;

  1. айлабұйымның жұмыс істеу рәсімін сипаттау – 1,5-2 б.;

  2. жобаланған айлабұйымды қолданып технологиялық операцияның жұмысын атқарғандағы техникалық қауіпсіздік ережелері – 1-2 б.;

  3. айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу – 1-2 б.;

  4. қорытынды – 1 б.;

  5. әдебиеттер тізімі – 1 б.

1 Курстық жұмыстың әдістемелік нұсқаулары
Айлабұйымның жобасы механикалық өңдеу, құрастыру немесе тексеру технологиялық үрдістерінің бір операциясына жобаланады. Тапсырмада бастапқы мәліметтер ретінде:

  1. тетіктің және дайындаманың техникалық талаптары көрсетілген сызбалары;

  2. орнықтандыру сұлбасымен онда көрсетілген қысып бекітетін күштердің орындары, қолданылатын станоктың үлгісі.

Айлабұйымдарды жобалау олардың атқаратын жұмысын анықтаудан басталады. Одан кейін нобайын сәйкес орналастыру, қысып бекітетін күшті, айлабұйымның дәлдігін есептеу, әлсіз элементтердің қатандықтарын және беріктіктерін есептеу, жетектердің өлшемдерін және жылжу қозғалыстарының мөлшерлерін есептеу.
1.1 Айлабұйымның атқаратын міндетін анықтау

Мұнда анық түрде айлабұйымның атқаратын міндеті сипатталады. Онымен қоса өндіріс түріне байланысты айлабұйымның арнайландыру дәрежесі анықталып тағайындалады. Жеке өндіріс түрде әмбебап айлабұйымдар, шағын сериялы және орта сериялы өндірістерде қалыптандырылған тетіктер мен бөлшектерден құрастырылған әмбебап-реттелетін және әмбебап-құрастырылатын айлабұйымдар қолданылады. Ірі сериалы және жаппай өндіріс түрлерінде арнаулы айлабұйымдар пайдаланылады. Мысалы, ішкі жану қозғалтқыш реттегішінің тұрқысының орнату жазықтығын жоңғылауға арналған айлабұйым. Осы айлабұйым аталған жазықтық реттегіштің білдегін орнататын тұрқының тесігіне қатысты перпендикулярсіздігін 100 мм ұзындықта 0,02 мм-ден асырмауы тиіс. Айлабұйым айналмалы үстелді жоңғылау моделі 623 станокта қолданылуға орнатылады.



Айлабұйымның нобайын сәйкес орналастыру және жобалау:

  1. өңделетін тетік қарамы сызылады. Ол айлабұйымның құрылымының қиындығына байланысты бір, екі не үш проекцияда сызылулы мүмқін. Аталған проекциялар тисті бір-бірінен алшақ орналасып және пунктирлі сызықшалармен не болмаса көк қарындашпен сызылады. Тетік мөлдір деп есептеледі;

  2. тетікті орнықтандыру сұлбаға сәйкес айлабұйымның орнату және орнықтандыру элементтері сызылады;

  3. тетікті қысып бекітетін айлабұйымның құрылғысы сызылады. Олар тетікті қысып бекіту сұлбасымен сәйкестіріледі;

  4. кескіш құралды бағыттайтын құрылғылар сызылады;

  5. айлабұйымның көмекші құрылғылары сызылады, мысалы бөлгіш, бұралу және басқадай құрылғылар;

  6. қысатын құрылғыларды механикаланған жетекпен қосатын иінтіректерді сызу;

  7. жетекті сызу. Мұнда құрылымның ықшамдылығын және станок айлабұйымның жұмыс аймағына сәйкестігін еске ұстау қажет;

  8. айлабұйымның тұрқысын сызу, мұнда тұрқының құрылымы технологиялық жяне қатаң болуы тиіс;

  9. пунктирлі сызықшалармен айлабұйым орнатылатын станоктың үстелінің орны сызылады және онымен қоса айлабұйымды орнықтандыратын және бағдар элементтер сызылады. Осындай бағыттауш элемент ретінде бағыттаушы кілтектер не саусақтар қолданылады, олар Т-тәрізді станок үстелінің ойықтарын орналасады. Станкотың үстелінде центрлеу тесігі болса, онда айлабұйымды орнықтандыратын центрлеу белдеуше жасалады;

  10. керекті тіліктер мен қималар сызылады.

Осыдан кейін сызбада бірнеше өлшемдер көрсетіледі (қосылыс беттерде өлшемдермен қондырғылар, кезеулеткіштердің төлкелерінің тесіктерінің диаметрлерімен шақтамалары, кезеулеткіш төлкелердің тесіктерінің арасындағы өлшемдер шақтамаларымен, айлабұйымның габариттік өлшемдері және басқа).

Осылармен бірге технологиялық құрал-сайманға қойылатын техникалы талаптар жазылады. Ол талаптар бірінщіден құрал-сайманның дәлдігін сипаттады, нәтижеде қолданылатын жерлерді көрсету, таңбалау.

Соңында сипаттізім жазылады.

Мысал. 1 суретте төлкеде тесікті бұрғылайтын айлабұйымның жобалау реті көрсетілген.



1 сурет
2 Дайындамаларды қысып бекітетін күштерді есептеу әдістемесі


Дайындаманы қысып бекітетін күштер оны ұстап жылжытпауға жеткілікті болу керек, сондықтан осы күштердің мөлшері дұрыс түрде есептеліп анықталу қажет. Қысып бекітетін күшті есептеу үшін есеп сұлбаны салу керек. Онда жұмыс кезіндегі пайда болатын барлык күштер көрсетіледі және орнықтандыру нүктелер реакцияға ауыстырылады. Әрбір күштер тілмен белгіленеді. Дайындаманың деформациясын азайту үшін қысып бекітетін күштер мүмкіндігінше орнықтандыру нүктелерге қарсы көрсетіледі. Дайындама кесіп өңделген кезінде пайда болатын барлық күштерден статикалық тепе-теңдікте болады, сондықтан, кысып бекітетін күшті есептуге күштердің теңдеуін жазу қажет. Пайда болатын күштер арасында, үлгілер, үйкеліс күштер, кесу күштері, қысып бекітетін күш және басқа. Статикалық тепе-теңдік жалпы түрде алты теңдеумен сипатталады. Олар
, ,
, ,
мұндағы – x осінің бағытында пайда болатын күштер;

– y осінің бағытында пайда болатын күштер;

– z осінің бағытында пайда болатын күштер;

x осіне қатысты пайда болатын моменттер;

– y осіне қатысты пайда болатын моменттер;

– z осіне қатысты пайда болатын моменттер.


Осы теңдеулер мен дайындаманы бекітіп ұстайтын күш есептеледі .

Дайындамана қысып бекітуге жеткілікті күштің шамасы есептеледі



мұнда К – қор коэффициент.

Қор коэффициенті К = К

мұнда К - кепілді қор коэффициенті, бұл коэффициент әрқашан Ко = 1,5.

К1 коэффициент дайындаманың кездейсоқ ойлы-қырлылығын ескереді. Қара өңдеу операцияларда К1=1,2 және таза өңдеу мен ажарлағанда К1=1,07.

К2 – коэффициент пен кесу құралдың мұқалуы ескеріледі. К2 коэффициенттің мәндері 1 кестеде.
1 кесте – Коэффициент К2

Өңдеу әдістері

Кесу күштердің компоненттері

Коэффициент К2

Қосымша мөлімет

Бұрғылау

Бұрау моменті

Осьтік жону күші



1,12

1,0


Шойынға

Алдын ала (кебіртек бетті) үңгілеу

Бұрау моменті

Осьтік жону күші



1,2

1,2


Кесу құралдың артқы бетінің үйкелісі 1,5 мм

шойынға


Таза

үңгілеу


Бұрау моменті

Осьтік жону күші



1,2

1,2


Кесу құралдың үйкелісі 0,7-0,8 мм

шойынға


Алдын ала жону

не кеулейжону




P
P
P

1,0

1,0


1,4

1,2


1,0

1,3


Болат

Шойын


Болат

Шойын


Болат

Шойын


Таза жону

не кеулейжону



P
P
P

1,0

1,05


1,05

1,4


1,0

1,3


Болат

Шойын


Болат

Шойын


Болат

Шойын


Цилиндрлі, алдын ала не таза жоңғылау

Шеңбер күш

1,6 – 1,8

1,2 -1,4


Тұтқырлы болат

Қатты болат не шойын



Шетжақ, алдын ала және таза жоңғылау

Тангенцалды күш

1,6 – 1,8

1,2 -1,4


Тұтқырлы болат

Қатты болат не шойын



Ажарлау

Шеңбер күш

1,15 – 1,2

-

Тартажону

Тартажону күші

1,5

Кесу құралдың артқы бетінің үйкелісі 0,5 мм-ге дейін

К3 коэффициент пен үзілісті кесу әсерінен кесу күштердің көбеюі ескеріледі. Жонуда және шетжақ жоңғылауда К3 = 1,2; басқада К3=1,0.

К4 коэффициент пен бекіту құралдар күштерінің тұрақтылығы ескеріледі. Қолмен бекітетін құрылғыларда К4 = 1,3, пневмо, гидро және басқа тура қысатын қыспақтарда К4= 1,0. Дайындаманың шақтамасы және өлшемі бекіту күшке әсері болса, мысалы қаңылтақ қыспақ не пневмобөлмешік, К4= 1,2.

К5 коэффициент пен қол мен бекітілетін құрылғылардың тұтқасының жайлы орналасуы ескеріледі. Тұтқа жайлы орналасса және оның бұрылу бұрышы аз диапазонды болса К5 = 1,0.

Тұтқаның бұрылу бұрышының диапазоны көп болса (90ºтан) К5=1,2.

К6 коэффициентпен дайындаманы бұрылуға әсер жасайтын айлабұйымдағы элементтері ескеріледі. Мысалы, дайындама тақтайшаға не басқадай көп тиіспелі бетті элементтерге орнатылса, онда К6= 1,5.



Мысал. Цилиндрлі дайындамада тесік бұрғыланады. Мұнда кесу осьті күш Рос және кесу момент М кесу үрдісте пайда болады. Олардың әрекеті Z оське қатысты. Дайындаманы бекітетін күшті есептеу. 2 суретте дайындаманың орнықтандырылу сұлбасы.

2 сурет – Орнықтандыру сұлбасы
Мұндай орнықтандыру сұлбасы үш тірек және бір призмамен материалданады (3 сурет).

Сұлбадан келесіні көруге болады: X және Y осьтерге қатысты күштер дайындаманы жылжытуға әрекет жасамайды, сондықтан статикалық тепе-теңдік екі теңдеумен сипатауға болады, Олар


Онда
Q=
Осы формулаларда S, T және Т үйкеліс күштер. Оларды келесідей есептейді:
Т= Qf = P,
T= P,
S = N × f.
N күштер бекіту күшке Р қарсы әсер – реакция ол
N = .
Онда
S = .
Шығарылған күштердің байланыстарын және бастапқы моменттер тепе-теңдігін қолдансақ, онда қысып бекіту күштің шамасын есептеуге болады
Р= .
Қор коэффициенті К = КК К = 2.1, онда күдіксіз дайындаманы бекітуге жеткілікті күш
Р = 2,1 .
2.1 Жетектің күштерімен жылжуларын есептеу:

1) айлабұйымның құрамына байланысты күштердің, бір буыннан екішші буынға және жалпы кинематика бойынша жетекке дейін, беріліс қатынасы (iк) есептеледі


Iк= i× i× …….× i =
мұндағы i – айлабұйымның j буынның күштер беріліс қатынасы;

2) айлабұйымның кинематикасына сәйкес буындарының және жетектің қозғалыстарының берілістері


i= i i ………i =
мұндағы i - айлабұйымның j буын қозғалыстарының беріліс қатынастары;

3) жетектің керекті параметрлері есептеледі: гидро не пневмоцилиндрдің диаметрімен олардың қозғалу мөлшерлері. Бастапқы мәлімет ретінде жоғарыда есептелген Ржет күш пен қозғалыстар берілісі iж.


2 кесте – Айлабұйымдарда қолданылатын типті механизмдердің күш және қозғалыс берілістері

Теориялы сұлбалар



Күштер берілістерінің қатынасы

Қозғалыс берілістерінің қатынасы




i =

i=




i =

i= tg




i =

Жүрістің қоры

Sw=






i =

Жүрістің қоры

Sw= 2






i =

Жүрістің қоры

Sw= 2



- топсанның үйкеліс бұрышы, ; f – үйкеліс коэффициенті; L – иінтірек ұзындығы.


3 Өндіріс түрін таңдау
Айлабұйымның арнайыландыруы өндіріс түрімен байланысты. Өндіріс түрі тетіктердің салмағымен және бір жылда жасалып шығарылатын жоспарымен байланысты. Өндіріс түрін анықтауға мына 3 кестемен қолдануға болады.

Механикалық цехта өңделетін тетіктердің жылдық жоспарымен (дана) және салмағымен (кг )өндіріс түрінің байланысы.


3 кесте

Өңделетін дайындаманың

(тетіктің) максималды салмағы, кг



Өндіріс түрімен байланысты дайындамалардың (тетіктердің) өңделу жылдық жоспары, дана

Жеке өндіріс

Аз сериялы

Орта сериялы

Көп сериялы

Жаппай

200 дейін

1000дейін

1000-5000

5000-10000

10000-100000

100000 көп

2000дейін

20 дейін

20-500

500-1000

1000-5000

5000 артық

30000 дейін

5 дейін

5-100

100-300

300-1000

1000 артық

30000 көп

3 дейін

І-10

10+50

-

-

Аз сериялы және орта сериялы өндірісте тетіктер топқа бөлініп өңделеді. Бір топтың шамасын мына формуламен есептейді


n =
мұнда N – жылдық жоспар, дана

a – құрастыруға керекті тетіктердің қор кұн саны, (тетіктер тобының қайта өңделу кезегі), a = 1,2,5,10 күн. Көпте a = 5,10 күн.

F – бір жылдық жұмыс күндерінің саны.
3.1 Айлабұйымның бір тетігін беріктікке не қатаңдыққа есептеу

Мұнда көбінде айлабұйымның бір тетігіне беріктікке не қатаңдығына күмән болса, сол тетік есепке түседі.

Созылу мен сығылуға мына формуланы қолдануға болады

мұнда - созылу, сығылу кернеуі;

Р – сығу, созу күш;

F – көлденең қиманың ауданы;

- шақтамалы кернеу.


4 кесте – Шақтамалы кернеу шамалары

Материал

созу , н/мм2

сығу, н-мм2

Шойын

20-30

70-110

Болат 15

25-40

90-150

Болат 20

35-55

160-200

Шойын ВЧ

80-120

305-410

Болат Ст3,Ст4

140-170

Болат Ст5

175-210

Болат 45

180-210

Дюраль

70-150

Текстолит

30-40

50-90

Шақтамалы кернеуді есептеуге болады


=
мұндағы Т - материалдың аққыштық шегі;

-материалдың беріктік қорының коэффициенті, = 1,4 – 5,0, есе көп


= 3,0.
Кесіндіге есептегенде
к = , .
Езілуге есеп

мұндағы Р/I – қосатын бір тетіктің жүктемесі;

Fе – езілу ауданы;

– езілу кернеуінің шақтамасы.

Төмен көміртегілі болаттар = 100 – 120 н/мм2, орташа көміртегілі болат =140-170 н/мм2, шойын = 60 – 80 н/мм2.


3.2 Айлабұйымға қойылатын техникалық талаптарды анықтау

Айлабұйымның сапасы техникалық талаптармен белгіленеді. Техникалық талаптар технологиялық тізбектерді есептеу мен анықталады. Технологиялық тізбектің тұйықтаушы түйіні ретінде айлабұйымда өңделетін, құрастырылатын не тексерілетін тетіктің бір көрсеткіші тағайындалады. Мысалы, орнықтандырушы бетке қатысты өңделетін жазық беттің перпендикулярсіздігі не өңделетін бетпен екі арасындағы өлшем және сондай басқа көрсеткіштер. Рұқсатты тұйықтаушы буынның шақтамасына қарап айлабұйымның дәлдік көрсеткішінің шақтамасын есептеуге болады



мұндағы – тетіктің дәлдік көрсеткішінің шақтамасы,

– технологиялық тізбектің құраушы i түйіннің шақтамасы, олар білдектің және кесу құралдың дәлдігін сипаттайды, сондықтан техникалық құжаттардан не стандарттадан анықталулары тиіс. Есептелген айлабұйымға көрсеткіштің шақтамасы, жобаланған айлабұйымның құрастыру сызбасында, құрылымдық құжаттардың бірыңғай жүйесіне сәйкес жазылып көрсетіледі.

Осымен қатар курстық жұмыста жобаланған айлабұйымның кейбір орнықтандырушы элементтері дәлдікке есептеледі – қиылған саусақтың өлшемдері, тетікті екі саусаққа орнату мүмкіншілігі, призмадағы орнықтандыру қателігі, кезеулеткіш тақтаның төлкелерінің тесіктерінің ара қашықтықтарындағы өлшемдер және олардың шақтамалары және басқадай дәлдік есептері.
5 кесте – Станоктарлың дәлдік мөлшерлері

Станоктың түрі

Станоктың дәлдік мөлшерінің атауы

Станоктың дәлдік мөлшерінің шамасы

Тік-бұрғылау станок

Жұмыс үстелінің бетіне қатысты айналдырық осінің перпендикулярсіздігі

Конустық тесіктің айналдырықтың шетжағындағы радиаль ауытқымасы



Конус Морзе №2 дейін

0,04/150 мм

Конус Морзе № 4 дейін 0,06/150 мм

Конус Морзе №4 жоғары 0,1/500мм.

№3 конус Морзеге дейін 0,015 мма, №4 конус Морзеге дейін 0,02 мм, конус Морзе №4 жоғары болса 0,025 мм.


Агрегаттық станок

Айналдырық осінің тұғырдың бағыттаушыларына қатысты перпендикулярсіздік

Айналдырық осінің тұғыр бағытаушыларына қатысты параллельсіздігі

Айналдырық осінің айлабұйымның орнықтандырушы жазықтарына қатысты перпендикулярсіздігі

Бастиектің бағыттауышының айлабұйымның орнықтандырушы жазықтығына қатысты параллельсіздігі



0,03/300 мм

0,03/300 мм


0,03/300 мм

0,05/100 мм



Көлденең кеңейжону білдегі

Айналдырықтың радиаль ауытқымасы
Айналдырық осінің жұмыс үстелдің бетіне қатысты параллельсіздігі

Айналдырық диаметрі d 80 мм дейін -0,02 мм.

Диаметр 80-125 мм – 0,02 мм.

Диаметр 125-200 мм – 0,03 мм.

Диаметрі d 80 мм дейін – 0,025/5d

d=80-125 мм – 0,03/5 d,

d=125-200 мм – 0,03/5 d



Көлденең жонғылау станок

Көлденең айналдырықтың жұмыс үстелінің бетіне қатысты параллельсіздігі

0,02/150 мм

0,02/300 мм


Кесу құралдың дәлдік шамаларын оқу әдебиеттерден не кесу құралдың сызбасынан алынады.

Үлгі. Тетіктің жазық бетін жоңғылауға арналған айлабұйымды дәлдікке есептеу 4 сурет.

4 суретте көрсетілген призматикалық тетіктің жазық бетін цилиндрлік жоңғышпен жоңғылау.



Технологиялық өлшемдер тізбегі 5 суретте көрсетілген.


3.3 Айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу

Экономикалық тиімділікті есептегенде ұсталған қаражатпен айлабұймды қолданғаннан өнім шығару мүмкіндік өсуден түскен пайдамен салыстырылады. Ол үшін біріншіден өңделетін тетіктің сапасын көтереді - дәлдік көрсеткішін, жобаланған айлабұйым еңбек өнімділігін өсірсе, онда операцияның орындалу мерзімі азаяды, сондықтан біріншіден операцияға жұмсалатын уақытты есептеу қажет. Онда кесу режімдері өзгеру мүмкін. Бірақ айлабұйымның тағы бір тиімді жері ол еңбек қауіпсіздігін көтеруі мүмкін. Жобалау кезде айлабұйымның бағасын шамалап есептеуге болады


S=CТ
мұндағы S – айлабұйымның бағасы, С – коэффициент, ол айлабұймның қиындығына байланысты. Жабайы айлабұйымдарға С= 15, орта қиындығы бар айлабұйымдарда С=30, қиын айлабұйымдарда С = 45, Т – айлабұйымның құрамындағы тетіктердің саны.

Экономикалық тиімділікті есептеу үшін опрецияға жұмсалатын екі нұсқа қаражатты есептеп салыстыру керек.


Э = (С2 - С1)N
мұндағы С1, Сә – салыстырылатын операцияның екі нұсқаның өздік бағалары.

N – тетіктің бір жылда шығарылатын жоспары.



Әдебиеттер
1 Ансеров М. А. Приспособления для металлорежущих станков. – М. : Машиностроение, 1966. – 65 с.

2 Альбом по проектированию приспособлени. Учебное пособие для студентов машиностроительных специальностей вузов. / Базров Б. М., Сорокин А. И., Губарь В. А. и др. – М. : Машиностроение, 1991. – 121 с.

3 Горошкин А. К. Приспособления для металлорежущих станков. – М. : Машиностроение, 1979. – 303 с.

4 Кузнецов В. С. и др. Универсально-сборные приспособления в машиностроении. – М. : Машиностроение, 1963. – 128 с.

5 Ковалев В. Ю. Проектирование технологической оснастки. Методические указания по выполнению курсовой работы. – М. : Машиностроение, 2008. – 48 с.

6 Корсаков В. С. Основы конструирования приспособлений : учебник для вузов. – М. : Машиностоение, 1986. – 277 с.

7 Косов Н. П., Исаев А. Н., Схиртладзе А. Г. Технологическая оснастка. Вопросы и ответы. – М. : Машиностроение, 2005. – 304 с.

8 Общетехнический справочник / ред. Скороходова Е. А. – М. : Машиностроение, 1982. – 415 с.

9 Справочник технолога-машиностроителя / ред. Косиловой А. Г. и Мещерякова Р. К. – М. : Машиностроение, 1985. – Т. 1. – 656 с.

10 Справочник технолога-машиностроителя / ред. Косиловой А. Г. и Мещерякова Р. К. – М. : Машиностроение, 1985. – Т. 2. – 496 с.

11 Станочные приспособления. Справочник в 2 т. / ред. совет: Вардашкин Б. Н. и др. – М. : Машиностроение, 1984. – Т. 1. – 592 с.

12 Станочные приспособления. Справочник в 2 т. / ред. совет: Вардашкин Б. Н. и др. – М. : Машиностроение, 1984. – Т. 2. – 656 с.

13 Схиртладзе А. Г., Ковалев В. Ю. Станочные приспособления. Альбом чертежей. – М. : Машиностроение, 2001. – 125 с.
Қосымша А

(ақпараттық)


Әдістемелік нұсқауда қолданылған қысқаша терминологиялық қазақша-орысша сөздік
автомат станок – станок - автомат

агрегаттық станок – агрегатный станок

айлабұйым – приспособление

айналма үстелді жонғылау станогы – станок карусельно-фрезерный

аққыштық шегі – предел текучести

ауытқу - отклонение

әмбебап құрал-саймандар – универсальная технологическая оснастка

бастиек - головка

бағыттаушы төлке – направляющая втулка

бірыңғайлау – унификация

бекітуші-қысушы айлабұйым – крепежноөзажимное приспособление

бос жүріс – холостой ход

буын - звено

бұрандама – болт

бұрғылау – сверление

бұрғылайтын кезеулеткіш – кондуктор сверлильный

тік-бұрғылау станогы – вертикально-сверлильный станок

гидорқыспақ – гидрозажим

горизонталь-жонғылайтын білдек – горизонтальнофрезерный станок

дайындама – заготовка

есептелген өлщем – расчетный размер

езу – смятие, раздавливание

жабдық – оборудование

жанама жону күші – касательная сила резания

жанасу қатандығы – контактная жесткость

жаппай өндіріс – массовое производство

жасау дәлдігі – точность изготовления

жез - латунь

жеке өндіріс – единичное производство

жонғылау – фрезерование

жону күші – сила резания

жұмыс әрекеті - рабочий переход

иілу кернеуінапряжение изгиба

иілу шегі – предел на изгиб

иін - плечо

иінтірек - рычаг

июші күш – изгибающая сила

кезеулеткіш төлке – кондукторная втулка

кесу құрал – режущий инструмент

қаралтым өтпе – черновой проход

қатерлі күш – критическая сила

қиылу шегі - предел на срез

қыспақ – прижим, зажим

қысуға беріктік шегі – предел прочности на сжатие

майлап-суытатын сұйық – смазочно-охлаждающая жидкость

мәрім – орган (маш)

негіздік жазықтық – базовая плоскость

нобай сызба – эскизный чертеж

нүктелі-үзілме сызық – штрих – пунктирная линия

орнату айлабұйымы – установочное приспособление

орнату орнығы – установочная база

орнық – база

орнықтандыру – базирование

осьтік жону күші –осевая сила резания

өлшем тізбесі – рахмерная цепь

өлшемнің шақтамасы – допуск размера

өңделетін бет – обрабатываемая поверхность

параллельдіктен ауытқу – отклонение от параллельности

перпендикулярлық шақтама –допуск перпендикулярности

радиаль ауытқыма – радиальное биение

режім - режим

реттеу – регулирование

салмақ күші- сила тяжести

созуға беріктік шегі – предел прочности при растяжении

талап – требоавние

талдау – анализ

таңдау, талғау –выбор

тартқыш – тяга

тетік - деталь

тең әсерлі күш –равнодействующая сила

тепе-теңдік – равновесие

техникалық сипаттама – техническая характеристика

технология қүжаттамасының бірыңғай жүйесі – единая система технологической документации

техникалық шарт – техническое условие

технологиялық өлшем технологический размер

технологиялылық – технологичность

тұғыр – станина

түйықтаушы өлшем – эамыкающий размер

түрқы – корпус

үйкеліс коэффициенті – коэффициент трения

центраралық қашықтық – межцентровое расстояние

шағын сериялы өндіріс – мелкосерийное производство

шақтамалы кернеу – допустимое напряжение

Мазмұны





Кіріспе

3

1

Курстық жұмыстың әдістемелік нұсқаулары

5

1.1

Айлабұйымның атқаратын міндетін анықтау

5

2

Дайындамаларды қысып бекітетін күштерді есептеу әдістемесі

8

2.1

Жетектің күштерімен жылжуларын есептеу

12

3

Өндіріс түрін таңдау

14

3.1

Айлабұйымның бір тетігін беріктікке не қатаңдыққа есептеу

15

3.2

Айлабұйымға қойылатын техникалық талаптарды анықтау

16

3.3

Айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу

19




Әдебиеттер

21




Қосымша А (ақпараттық)

22


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет