Технологиялық процесті автоматтандыру жүйелері мына функцияларды орындайды


ТАРАУ. ҚЫСҚАША ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



бет2/11
Дата02.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#453095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
сагынай ДУРЫС

ТАРАУ. ҚЫСҚАША ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ




    1. Автоматтандыру объектінің басқару нысаны

Сұйықтарды араластыру процесі химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Бұл процесс екі сұйықтықтың араласуынан жаңа бір қоспа алуға арналған. Екі суспензия яғни екі сұйықтық құбыр арқылы екі жақтан сыйымдылыққа келіп түседі. Бұл сыйымдылық аппаратының ішінде электрқозғалтқышқа жалғанған араластырғыш орналастырылған, яғни сұйықтарды айналу арқылы араластырады.

Автоматика дегеніміз – адамның қатысуынсыз жұмысты белгілі бір механизмдердің көмегі арқылы атқару немесе орындалып жатқан процесті реттеп отыру. Автоматика – техникалық кибернетиканың бір бөлімі. Ол өзіне автоматикалық жүйелер мен сол жүйелер үшін қажетті техникалық жарақтарды құру және жасау үшін қолданылатын автоматты басқару теориясын қосады.

Автоматтандыру – ол өндірістік процестерді адамның қатысуынсыз басқару мен қадағалау. Барлық автоматты жүйелер 2- ге бөлінеді: тұйықталған және тұйықталмаған. Автоматтандырудың негізгі бағыттары – олар техникалық, экономимикалық және әлеуметтік сұрақтарын шешу. Техникалық бағыты – ол адамның қамтамасыз ете алмайтын түрдей үрдісті жоғарғы жылдамдықпен, дәлдікпен, сенімділікпен ұйымдастытыруы. Экономикалық бағыты – эксплуатациялық шығынын төмендетуі, шығаратын өнімнің сапасын және көлемін жоғарылату. Әлеуметтік бағыты – адамның жұмыс істеу қабілетін жақсарту, жеңілдету.

Өндірісті автоматтандыру деңгейіне байланысты автоматтандыру 3-ке бөлінеді. Олар: жартылай автоматтандыру, комплексті автоматтандыру және толық автоматтандыру.



  1. Жартылай автоматтандыру – ол бөлек өндіріс операцияларын автоматтандырып орындау. Ол адамның орындауына, жылдамдығына және күрделілігіне байланысты.

  2. Комплексті автоматтандыру – ол өндірістің негізгі учаскелеріндегі операцияларын бір-біріне байланысты комплекс ретінде автоматтандырып орындау. Мысалы: завод, цех, электростанция, т.б. Бұл жерде адамның қатысы жалпы бақылау және басқару.

  3. Толық автоматтандыру – ол автоматтандырудың ең жоғарғы деңгейі. Толық автоматтандыру учаскелеріндегі операциялар және басқару – бақылау жұмыстары автоматтандырылып орындалады. Бұл жердегі адамның функциясы толық автоматтандырылған жүйенің жұмысын бақылап отыру және бұзылыстарды уақытында жойып отыру.

Өндірісті кешенді түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артыуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін документация түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызады. Басқару жұмыыстарын автоматтандырудың ғылыми негізі халық шаруашылығын басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекеттігін методологиялық және принциптік мәселелерін шешу. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі үш жүйесі бар:

  • Басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын қамтитын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;

  • Өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;

  • Бір не жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономикалық мәліметтерді өндейтін және олардың жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйе.

Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары – электронды есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардың ішінде сандық есептеуіш машина.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет