ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Өндірістік үдерістердің машиналары мен аппараттары» кафедрасы
ТӘЖІРБИЕЛІК ЖҰМЫС № 3
Тақырыбы: Машина жұмысының берілген шарттары бойынша материалдарын таңдау
"Технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану" пәні бойынша
Орындаған: ТМО 19-12 тобының
студенті Байдулла.Ш
Қабылдаған: Базарбаев Б.П
Алматы,2021
Тәжірбиелік жұмыс № 3.
1. Жағар майлар қалай сұрыпталады?
Жабдықты тиімді пайдалану мен күтудің маңызды шарттарының бірі – оңтайлы ұйымдастырылған майлау шаруашылығы.
Технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі майлау материалдарын пайдалану мен сақтауды ұйымдастыруға мыналар кіреді:
- майланатын жабдықтарды есепке алу;
- қажетті майлау материалдарының шамасын анықтау;
- майлау материалдарын дұрыс сақтау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбау;
- арнайы нұсқаманың талаптарына сәйкес майлау материалдарын қабылдау және беру;
- жабдықтарды майлау графигін бұзбау;
- жұмыс орындарын майлау материалдарымен қамтамасыз ету;
- майлау материалдарына зертханалық талдау жүргізу;
- жұмыс істеп шыққан майларды қайта өңдеу (регенерация);
- майлау шаруашылығының жұмысшыларын сайлап алу, жұмыс орындарына бөлу және жұмсау.
Жанар-жағар материалдар (ЖЖМ) базадан пайдалану орнына орталықтандырылған тәртіппен жеткізіледі. Базада қабылдап алғанда цистернада пломбаның болуын және ЖЖМ әрбір сортында төлқұжаты болуын талап ету керек, төлқұжатта толық талдау жасалған күні және оның нәтижелері көрсетілуі керек. Цистернаның пломбасы, майдың төлқұжаты болмаса және сапасыз ЖЖМ әкелінгенде орталық ғылыми-техникалық зертханаға тексеруге азғандай материал жіберіледі. Бұл ЖЖМ-на толық талдау жасап біткенше пайдалануға қатаң тыйым салынады. Базада құрамы дұрыс емес ЖЖМ құйып алуға арналып ыдыстар қарастырылған.
2. Жұмыс істеп шыққан майларды жинау және регенерациялау тәртібі.
Механизм жұмыс істеген кезде май біртіндеп кірлейді, тотығады, өзінің майлау қасиеттерін жоғалтады, ал оған түскен қатты бөлшектер тісті берілістердің, тербеліс мойынтіректерінің үйкелісетін беттерінің тез тозуына әсер етеді, мойынтіректер қызып кете береді, ол механизмді жиі тоқтатып, механизмнің уақытынан ерте істен шығуына әкеліп соғады.
Жағар майлар қозғалтқыш ішінде де жұмыс істегеннен кейін белгілі бір уақыттардан соң өзінің физика-химиялық және майлау қасиеттерін жоғалтады. Бұған жоғарғы температура, ауадағы оттегі, металдардың, олардың қорытпаларының және тозу өнімдерінің әсері зор.
Майлау материалдарының тез және күшті тотығуы 70 оC жоғары температурада жүреді, және алғашқы кезеңдердің өзінде-ақ металдардың тотығуына, кетпейтін смола қосындыларын жасауға әкелетін аз молекулалы суда еритін қышқылдардың картерде, клапандарда, поршень сақиналарында және машиналар мен механизмдердің басқа да бөліктерінде жабысып қалатын майда ерімейтін қосылымдардың түзілуіне әкеледі.
Майларды қайта өңдеу келес операциялардан тұрады:
- майларды ағартатын балшықпен және сумен сумайлы эмульсия алу үшін өңдеу;
- ауа 13,3-20 кПа сиретілген буландырғышта (кеште 250-300 OC дейін қыздырылған) су мен отынды майдан айыру, бұл кезде де майдың ағартатын балшықпен қосымша жанасуы болады;
- майларды сүзгіден өткізу және ВНИИНП-360 (МЕСТ 9899-78) қоспаларымен қайта өңделген майларды араластыру.
Әрбір кәсіпорында жұмыс істеп шыққан майларды жинау жинақтап, өңдеу пунктеріне жөнелту іске асырылуы керек. Жұмыс істеп шыққан майларды жинау және қайта өңдеу жақсы жолға қойылса, материал үнемделіп, жаңа майлар шығыны 15-20 % кемиді.
Жұмыс істеп шыққан майларды міндетті түрде жинау сәйкес құжаттармен реттелген.
3. Жабдықтарды майлау тәртібі.
Кәсіпорынға әкелінетін жабдықтарды майлайтын майдың түрлері шығаратын заводтың беретін құжатында көрсетіледі.
Бас механиктің басқармасымен және май шығаратын заводтармен келісіп химиялық құрамы жақын майларды ауыстырып қолдануға рұқсат етіледі.
Заводта ұсынылмаған майларды қолдану жабдықтың п.ә.к. төмендетеді, энергия шығынын көбейтеді, сондай-ақ мерзімінен бұрын істен шығып қалулар болуы мүмкін.
Май сақталатын ыдыстар таза болуы керек. Оларға су мен шаң түсуін болдырмау керек.
Ашық ыдыстарда және жабдықтар жұмыс істеп тұрған жерде жанар және жағар майларды сақтауға тыйым салынады. Қыс кезінде майларды ашық жалынмен қыздыруға болмайды. Май құятын құралдар ақаусыз күйде болулары керек. Майлау үшін қондырғымен бірге берілетін жабдықтарды пайдалану керек. Сұйық майлар сүзгі арқылы құйғышпен құйылады, қою майлар арнайы жабдықтармен беріледі. Пайдалану уақыты өткен отын, майлар ауыстырылады. Егер жабдық 3 айдан көп жұмыс істемей тұрса, майлар толық ауыстырылады.
Жабдықтардың тетіктерін майлау бойынша ұсыныстар жасаушы заводтар беретін құжатта көрсетіледі. Механизмнің май құйылатын картерлеріндегі майды дер кезінде ауыстыруға ерекше көңіл аудару керек. Майлар мен отындар жыл мезгілдеріне сай ауысырылып отырылуы керек.
Шаңды шөлейтті жерлерде жұмыс істейтін жабдықтарды майлау мерзімі 2 есе қысқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |