Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерімен танысу



бет1/8
Дата19.12.2023
өлшемі26.87 Kb.
#487122
  1   2   3   4   5   6   7   8
f61533e642af250


Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерімен танысу.
Кәсіптік практика кәсіптік білім беру оқу жүйесінің бөлінбейтін бөлігі, оқыту, тәрбиелеу, білім беру саласына қызмет көрсету болашақ мұғалімдерді кәсіптік машықтан өткізіп дайындаудың тиімді нысаны болып табылады.
Кәсіптік практика Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және осы мамандық бойынша кәсіптік біліктілік деңгейге байланысты келесі түрлері жүргізіледі:

  1. Оқу практикасы (сыныптан тыс тәрбие жұмысының технологиясы)

  2. Педагогикалық практика (сыныптан тыс тәрбие жұмысының технологиясы)

«Сыныптан тыс тәрбие жұмысының технологиясы» іс-тәжірибесі-бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерімен байланыс орнатып , сыныптағы тұтас педагогикалық процеске жаңа білім беру және тәрбие технологияларының элементтерін ендіреді. Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық диагностикасы іс-тәжірибесінің мақсаты-жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және сонымен қатар теоретикалық білім негізінде педагогикалық, дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады. Меңгеру:

  • пән мұғалімнің және сынып жетекшісінің оқу-әдістемелік құжаттарын;

  • бекітілген сыныптағы тұтас педагогикалық процестің жағдайын диагностикалық әдістемелердің көмегімен (оқу үлгерімі, оқушы мен ұжымның даму деңгейі, әлеуметтік белсенділігі, тәрбиелік деңгейі, тұлғалық психологиялық процестерінің дамуы ес, ойлау, ынта және т.б.);

  • отбасының педагогикалық процесі, психологиялық ахуалы;

  • бекітілген сынып оқушыларының ата-аналарымен, сынып жетекшісімен, мектеппен өзара байланысы;

  • мектептің психологиялық қызметінің жағдайы;

  • мектептің дарынды балалармен жұмысы;

  • мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастыру;

  • мектептің мамандануына сәйкес пәндер бойынша оқу және мектеп кабинеттеріндегі әдістемелік қор;

  • инновациялық әдістер және технологияларды талдап, қорыту және ендіру бойынша мектеп жұмыстары;

  • мектеп кітапханасының кітап қоры;

  • тұтас педагогикалық процесіне этнопедагогика негіздерін ендіру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет