Білім беру жүйесін басқарудың қазіргі парадигмалары, құндылықтары. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері, тарихы, басқару концепциялары. Менеджмент, педагогикалық менеджмент ұғымдары



бет1/4
Дата05.12.2022
өлшемі25.43 Kb.
#466517
  1   2   3   4
лекция 1 мониторинг


Дәріс№1
Білім беру жүйесін басқарудың қазіргі парадигмалары, құндылықтары. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері, тарихы, басқару концепциялары. Менеджмент, педагогикалық менеджмент ұғымдары.
Қазіргі таңда жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру мақсатында еліміздің білім беру жүйесі нəтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті. Жаңа білім беру моделінің жекелеме элементтері нақты білім беру тəжірибесінде көрініс тапты, жаңа оқу орындары, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар, білім берудің жаңа əдістері мен технологиялары пайда болды. Бүгінгі қоғамның талабының бірі – жалпы білім беретін, бастауыш мектептердің педагогикалық үрдісін менеджмент негізінде басқару. Осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесін басқару парадигмалары да жаңғыртылуда.
Басқару парадигмасы (парадигма латынша paradeigma – үлгі)– ғылыми концепцияға негізделген негізгі идея, ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми қауымдастық тарапынан қабылданған болжамдардың мəнін түсіндіру жəне ғылыми тану үрдісінде пайда болатын мəселелерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт (қалып) ретінде пайдаланылатын теориялық жəне əдіснамалық ережелердің жиынтығы. Басқару тəжірибесінің жинақталуына байланысты басқару парадигмалары өзгеріске ұшырап отырады. Соңғы жылдары басқару- ұйымдастыру мəдениетіне, басқарудың жаңа əдістері мен қағидаларына, менеджердің көшбасшылық сапаларына бағытталған.Қазіргі басқару парадигмасында тиімді (рационалды) басқару қағидасы басшылыққа алынады. Қазіргі басқару парадигмасы: «ашық 7 жүйенің» құрылуы; басқарудың əдістерін жетілдіру; басқаруды орталықсыздандыру; əкімшілік-орындаушылық командалардың тиімді түрлері, мақсатты - бағдарлы жобалау; жаңашыл-бейімді білім беру жүйесін басқару арқылы қарастырылады. «Ашық жүйенің» құрылуы негізінде, мектеп сыртқы ортаға сай бейімделіп, қаржылық, əлеуметтік, мəдени, саяси, ғылыми-техникалық өзгерістерге дайын болуы қажет. Мектептің сыртқы ортаға бейімделу жетістігі мұғалімдердің кəсіби біліктіліктеріне, шығармашылық қызметтеріне, ой- өрісінің тереңдігіне, қарым-қатынас мəдениетіне, билік құрылымына, басқару əдістері мен формаларына жəне басшының осы жұмыстарды ұйымдастыра алу құзыреттілігіне тікелей байланысты. Басқару əдістері ішкі жəне сыртқы орта жағдайларда таңдалып, жұмыстың тиімділігіне қарай қолданылады. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың дербес таңдаулары арқылы шығармашылық өсуге жағдай жасалып, жұмыстың жаңа тəсілдері енгізілетін болады. Басқаруды орталықсыздандыру (децентрализация) арқылы басшы, өз міндеткерліктерін, əкімшілік кеңестің мүшелеріне жолдайды, ұжым боп шешім қабылдауға жағдай жасайды. Əкімшілік-орындаушылық командалар, қаржылық, əлеуметтік, психологиялық əдістерді қолдану арқылы, мектептің сыртқы жəне ішкі мəселелерін дербес шешетін болады. Мақсатты - бағдарлы жобалау қызметі маңызды мəселелер бойынша нақты іс-əрекеттерді ұйымдастыру жəне қалыптасқан жағдайды өзгертуді жүзеге асырады. Жобалау, нақты есептер, ғылыми негіздер бойынша болашақтың моделін қамтамасыз етеді, əсіресе ашық жүйелерде. Жобалық ойлау педагогикалық жүйелерді басқару парадигмасының өзгерісінде өзекті орында болып отыр.[1] Жаңашыл-бейімді білім беру жүйесін басқару-кəсіби саладағы, өмірде болып жатқан өзгерістерге, жағдайларға тез икемделу, білім беру жүйесінің бəсекеге қабілеттілігін арттыратын үздіксіз дамуды білдіреді.[2] Қазіргі кезде оқушыға білім, білік, дағдыларды беру жеткіліксіз бола бастады. Бүгінгі басты құндылық оқушының білімі мен білігі ғана емес, оның ойлау қабілетін, ақпараттық жəне қарым-қатынастық мүмкіндіктерін дамыту, өзінің іс-əрекетін өзі басқару тəсілдерін меңгерту. Бұл білімнің ролін төмендетпейді, жаңа сапалары қалыптасқан ойлау деңгейі, өз мүмкіндіктерін сыни бағалай жəне дамыта білуге апаратын сатылы үдерісті құрайды. Білім, білік, дағдыдан жоғары нəтижелер бар, ол - тұлға ресурстарындағы өзгерістерге негізделген білім нəтижесі. Білім алушының тұлғалық ресурстарын мотивациялық (тұлғаның құндылықтық бағдарлары, қажеттіктері мен сұраныстары); əрекеттік (игерілген əрекет түрлері мен амалдары); танымдық (іс–əрекет барысында бағыт беруді қамтамасыз ететін білімі) деп ажыратуға болады. Мотивациялық ресурстары дамуының көрсеткіштері - оқушының тұлғалық сапалары, əрекеттік ресурстары дамуының көрсеткіштері – метапəндік (құзыреттілік) нəтижелері, ал танымдық ресурстар дамуының көрсеткіштері - пəндік нəтижелері деп қарастырады. Тұлғалық нəтижелер – оқушылардың білім беру үрдісінде қалыптасқан құндылықтар жүйесі, олар оқушының өзіне, өз біліміне сыни 8 көзқарасы, оқытудағы өз ролін бағалауы, танымдық зеректігі, т.б. анықтайды. Метапəндік нəтижелерді классификациялаудың бірнеше түрлері бар, білім алушының ізденушілік мəдениеті: жалпы оқу мəдениеті, ақпартпен жұмыс істеу мəдениеті, зерттеу жүргізу мəдениеті; жобалау мəдениеті: оған жобалау əрекетінің алгоритмін білу, жобалау жəне оны жүзеге асыра алу мəдениеті жатады; коммуникативтік мəдениет: өз пікірін білдіре алу, өзгелерді тыңдай алу, дискуссия жасай білу, конфликттерді шеше білу, бағалай білу жатады. Пəндік білім нəтижелері құрылымының компоненттері ретінде алынатындар: фактілер мен нақты мəліметтер;тірек ұғымдар; себеп– салдарлық байланыстар; заңдар мен заңдылықтар; ережелер мен қағидалар; идеялар мен теориялар; əдістер; мəдениеттанымдық мағлұматтар, құндылықтар мен дəстүрлер; проблемелар мен гипотезалар.Сонымен, пəндік нəтижелер– білім алушылардың оқылатын жеке пəндер деңгейінде игеретін əлеуметтік тəжірибенің нақты элементтері болып табылады. Оқушының проблемаларды өз бетімен шешу қабілеттерін дамытуда аталған тұлғалық, метапəндік жəне пəндік нəтижелерін біріктіретін интергативтік нəтижелердің маңызы зор. Білім берудегі интегративтік нəтиже білім алушының білімділік деңгейін көрсетеді. Білімділік – тұлғаның игерілген əлеуметтік тəжірибесін пайдалана отырып проблемалар класын, түрлерін өз бетімен шешуге қабіллеттілігін көрсететін жалпы білім нəтижесі. Білімділік деңгейі тұлғаның өзі шешуге қабілеті жететін проблемалар класы, түрлері арқылы белгілінеді. Олар: Сауаттылық–оқу əрекетіндегі проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Сонымен қатар, бұл деңгей өз əрекетін ұйымдастыра алу, өзге де білім үрдісіне қатысушылармен қарым– қатынас жасау проблемаларын шеше алуды да қамтиды; Функционалдық сауаттылық – қоғамдық ортадағы əлеуметтік рөлдерді (оқушы, тұтынушы, қызметкер, клиент, азамат, отбасындағы, жолдастар арасындағы, қызмет бабындағы рөлдер, т.б.) жүзеге асыру проблемаларын шешуге қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Кұзіреттілік – өмірлік жəне кəсіби жолын таңдаудағы проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Білім берудің жаңа нəтижелеріне жету – ол білім нəтижелерінің жаңа компоненттері тұлғалық, метапəндік жəне пəндік нəтижелерді меңгеру негізінде жүзеге асырылады. Білім нəтижелері білім беру мақсатын айқындайды, М.Фулланның айтуынша «білім берудің нəтижеге бағытталған мақсатын нақты белгілеу арқылы оқыту мен бағалау үрдістеріне мақсатқа қол жеткізетін өзгерістер енгізуге болады». ХХІ ғасырдың басынан бастап білім нəтижелерінің əлеуметтендіріле бастағаны байқалады. Егер, əлеуметтендіру үрдісін адамның өмірде кездесетін сан алуан проблемаларды шешуге қабілеттілігін дамыту деп қарастырсақ, бұл жағдайда білім беру мəні білім алушылардың əлеуметтік тəжірибесін, өз мүмкіндіктерін пайдалану негізінде проблемаларды шешуге қабілеттілігін арнайы дамыту болып табылады. 9 Жаңа білім парадигмалары жалпы білім беретін мектептерде білімнің жаңа мақсатын, міндеттерін, басымдылықтарын, келесі құндылықтарын: көпжылдық тарихы мен ұлттық тағылым, салт- дəстүрлер; педагогикалық шеберлік пен кəсібилікке негізделген білім бағдарламаларының сапасы; мектептегі қолайлы жағдай мен ұстаз беделінің кепілі болып табылатын білім беру жүйесінің мəдениеті; мектептің тұрақты дамуы, стратегиялық даму басымдықтары негізінде анықтайды. Бəсекелестік қағидасын басшылыққа ала отырып, мектептің Стратегиясында келесі бес басымдық анықталған: инновациялар, тұрақты даму, көптілділік, аймақтық инновациялық жүйеге ену жəне кəсіпкерлік ойлау, бұл оқу орнын сапалы өзгерту бағытындағы негізгі бағдар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет