Тәжірибешілік сабақтарының мазмұны 1 – тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық әлеуметтік, саяси жағдай. Асан қайғы



Дата03.07.2016
өлшемі55.7 Kb.
#175515
Тәжірибешілік сабақтарының мазмұны

1 – тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай. Асан қайғы.

Қазақ халықының қалыптасу процесінің аяқталуы феодалдық қатынастардың дамуы. XYI ғ. қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. XYI ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.

Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы XIY – XY ғғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға айналған данышпан. Аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидақтикалық сарын. Әз Жәнібек ханға айтқан арнау - толғаулары. Болжалдық сарын. («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы –Қилы заман болмай ма» тирадасы).

Асан қайғы шығармаларының жиналып жариялануы, зерттелу жайы.


2 – тақырып. Қазтуған жырау .

Қ. Сүйінішұлы – қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. «Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар.

Қазтуған – жорықшы, жауынгер жырауға Мұрат ақын «Қазтуған» деген жыр арнаған. Мұнда Қазтуған бейнесі жауынгер – жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.


  1. тақырып. Доспамбет жырау.

Қазақ хандығының құрылу кезеңінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған – Доспамбет жырау. Жыраудың өмірінен мәлімет. Жырау толғаулардың басты идеясы – ерлікті, батырлықты дәріптеу. Елді – жерді қорғау міндетті, майданда шаһид кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы. («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере,сере қар»).

Доспамбет жырау толғауларында билеуші қауымының салтаннатты өмір тұрмысының жырлануы. Өз заманының беделді өкілі болған Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы. («Тоғай, тоғай, тоғай су»), дүниенің өткіншілігі, адам өмірі туралы ой толғаныстардың жырлануы.




  1. тақырып. Шалкиіз жырау.

Ш. Тіленшіұлы (1456 – 1560) – қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау. Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіз - әскербасы, батыр. Поэзиясы – белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия, рухы-ерлік. Ұрыс даласындағы батырдың қимыл – қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу үлгілері. Би Темірге арналған толғаулары («Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып»).

Арнау толғаулардағы заман тынысы, хан мен жырау қарым – қатынасы. Шалкиіздің ақындық шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдері. Жырау шығармашылығының зерттелуі.


5 – тақырып. XYII ғ. қазақ әдебиеті.

Қазақ әдебиеті тарихында XYII ғ. әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірмен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезеңдегі поэзияның ірі өкілі – Жиембет жырау және жалғыз толғауы ғана сақталып жеткен – Марғасқа жырау. Жыраулардың шығармашылық өмірбаяны Есім ханмен байланысты.


6 – тақырып. Жиембет жырау.

Жиембет Бортоғашұлы (XYII ғасыр) – Есім ханның әскербасы батырларының бірі әрі жорықшы жырау, қабырғалы би. Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз - әңгімелер. Жиембеттен қалған елеулі мұра – Есім ханға арналған толғаулары. Арнау – толғаулардағы Жиембеттің хан мен халық алдындағы үлкен еңбегі, жоғары беделді көрініс табуы. Арнау – толғауларда билеші мен жырау арасындағы қайшылықтардың суреттелуі және хан дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты.


7 – тақырып. Марғасқа жырау.

Марғасқа жырау (XYII ғасыр) Есім ханның батырларының бірі, жырау. Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері. Марғасқа жырау – ерлікті, беріктікті жырлаушы. «Ей, Қатағаннын хан Тұрсын») толғауының шығу тарихы.


8 – тақырып. XYIII ғ. қазақ әдебиеті.

XYIII ғасырдағы қазақ халықының саяси – экономикалық даму жағдайы. XYIII ғасырдың қазақ қоғамының тарихында асабір қиын да күрделі кезең болғаны, осы кезеңдерге қазақтар мен жоңғар қалмақтары арасындағы соғыстар.

XYIII ғасыр поэзиясында жыраулық дәстүрдің одан әрі дамуы және ақындық поэзияның алғашқы өкілдерінің шығуы. Жыраулық поэзиясының тақырыптық, көркемдік жағынан толығуы. Адам образының жасалуы, тарихи тұлғалар бейнесінің жырлануы. Ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері – Көтеш және Шал ақындардың шығармашылығы.
9 – тақырып. Ақтамберді жырау.

Ақтамберді Сарыұлы (1675 – 1768) – жоңғарларға қарсы күрес дәуірінде қол бастаған батыр, жортуыл жыршы. Жыраудың өмірінен мәлімет. Ең қиын кезеңде өмір сүрген Ақтамбердінің жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы болғаны. Толғауларындағы басты сарын – ерлікке, батырлыққа шақыру. Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағағ қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы.


10 – тақырып. Тәттіқара ақын.

Тәттіқара ақын – қазақ халықының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, жауынгер ақын. Тәттіқара ақынның Абылай ханның жортуыл жыршысы болуы. Ақынның өмірінен деректер. «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы ерлердің рухын көтеру, жігерлендіру үшін айтылған. Абылайға арналған «Кебеже қарын, кең құрсақ» өлеңіндегі ақынның турашылдығы.


11 – тақырып. Үмбетей жырау.

Үмбетей жырау (1706 – 1775) - өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін жырлаған үлкен тынысты жырау. Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер, юатырлардың ерлігі мадақталып жырлануы. Үмбетей – Абылай және XYIII ғ. Батырлары жайындағы жырларды туғыздырушылардыңі бірі. Жырау толғауларында ел, жер тарихы туралы деректердің берілуі. Үмбетейдің даңқын шығарған «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» толғаулары. Жырау шығармашылығындағы жоңғарға күрестің қаһарманы, атақты қолбасшы, Бөгембай образының жасалуы.


12 - тақырып. Бұхар жырау.

Б. Қалқаманұлы (1668 – 1781) – қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй биі. Бұхар жырау – қазақ халқының ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ірі тұлға, кемеңгер жырау. Жыраудың өмірі туралы мәлімет. Бұхар жырлары жыраулық дәстүрдің жалғасындай болғанмен, әлеуметтік – саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай: адамгершілік – имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып қарастыру. Бұхардың өзіндік шеберлігі.


13 – тақырып. Қожаберген жырау.

Қ. Толыбайұлы (1663 – 1762) – қазақ елі тарихындағы жырау – ақын, жауынгер, қолбасшы ретінде танымал тұлға. Жырау өмірінен мәлімет. Қазақ хандығының саяси, қоғамдық, ішкі, сыртқы мәселелерге араласу. Оның қосымша өнерпаздық қасиеттері: күйші, ұста, емші (Сынықщы, жаурыншы), аңшы (мерген, құсбегі).

Шығармаларының жанрлық ерекшеліктері: толғаулары («Ғасыр жас», «Жастық»); тарихи өлең - жырлар ( «Ататек», «Қызылжар», «Балат Керей соқыр абыз», «Қойлыбай көреген», «Төқрт жігіт»); ән - өлеңдері: («Дүние», «Аң саулығы», «Жігіттік», т.б. төл және қайта жырлаған дастандары («Баба тіл», «Елім – ай», «Ер көкше», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Орақ батыр». «Елім - ай» дастанының идеялық – композициялық, көркемдік ерекшеліктері. «Баба тіл» дастанының ұлттық – этнографиялық ұлағаты.
14 – тақырып. Көтеш ақын.

Көтеш ақын (1745 – 1818) – жоңғарларға қарсы күресті жырлаған жауынгер ақын. Ақынның тұрмысы кедейлік мәселелерін жырлаған тоғау жырлары. «Абылай Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арқа Ойылдың құба жон түсер қатар», т.б. өлеңдері.


15 – тақырып. Шал ақын.

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы – жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын. Шал ақынның өмірінен мәлімет. Ақынның жазбаша сауаты болғандығы, өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері: этика, мораль мәселелері, кедейлік, адам өміірінің кәрілігі, жастық кезеңдер. Ақын поэзиясында әйел тақырыбының ерекше жырлануы, шығармаларының сатиралық сипаты, Шал өлеңдеріндегі лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет