Тексерген: Муканова Каршыга Кайроллаевна



Дата07.02.2024
өлшемі3.96 Mb.
#491224
түріОқулық
sro(20211652-338)




ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ




БӨЖ №2

Тексерген: Муканова Каршыга Кайроллаевна


Орындаған: Серікқызы Аружан
Кял-101 тобы
Семей 2024

1.Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы.


2. А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы
3. А.Байтұрсыновтың «Қай әдіс жақсы» мақаласына талдау жасау

сүйеніп жасалған қазақ әліпбиі жаңа жазу ретінде іс жүзінде қолданысқа түсе бастайды.Осы кезден бастап көптеген мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептері жаңа жазу таңбасын қолданады. 1915 жылдың өзінде бұл таңбамен 15-тей қазақ кітабы жарық көреді.


А.Байтұрсынұлы реформаланған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдениетінің өсіп, қалыптасуына үлкен үлес қосады. Кеңестің қатал саясатының салқынымен латын таңбасына көшкенге дейін бұл жазу қазақ арасында кеңінен тарап, көпшілік қолдауына ие болған.1924 жылғы Орынборда маусымның 12 – жұлдызында өткен « Қырғыз (қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде» талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болғанымен, 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезде барынша дәлелдеп баққанымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұсынған концепциясы ақырында ұлтшылдық деп айыпталғаны бүгінгі оқырманға толық таныс.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің оқулығын жазыуы – қазақ тілінде қазақша жазылған оқулықтың алғашқы бастамасы болды. Автор 1912 жылы мектеп балаларына арнап, қазақша сауаттандыратын әліппені – «Оқу құралын » жазғаннан кейін, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу – ауызбен сөйлсуден артық даражаға жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумендүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге , қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек», — деп жазады ұлы ғалым ( Тіл құралы,173 — бет)
Заманына сай адамда дегендей, болашақ жазудың заманы болатынын көріп, тани білген ғалымның түзген әліпбиі қазақ тілінің фонологиялық сипатын дәл танытып, таңбалай алшды. А.Байтұрсынұлы жазған бұл « Оқу құралы » 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып шығады.
1926 жылы А.Байтұрсынұлы « Жаңа Әліп-би» еңбегін жазады. Бұл Мемлекеттік білім кеңесінің ұсынған бағдарламасына сәйкестендіріліп, суреттермен безендіріліп, толықтырылып шығарылады.
Ахмет Байтұрсынұлының мектеп туралы, оқу-білім туралы ойлары 1914 жылғы «Қазақ» газетінің № 62 санында жарияланған « Мектеп керектері» атты мақалысында баяндалған. Онда ең әуелі мектепісіне керекті нәрсе ретінде білімді, педагогика мен әдістемеден хабары бар мұғалім деген қорытынды жасайды. «Мектептің жаны — мұғалім »- дейді ғалым. Мұғалім қандай болса, оның мектебі де сондай деген тұжырым айтады. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, әрі жұрттың бәрі бірдей сыйлайтын сыйлы болуы қажет деген ой айтады. Шынында да, егер ұсынған оқулық сынға ұшырап, қатесі көне-көрнеу байқалып тұрса, онымен оқуда, оқыту да ауыр екені өзінен-өзі түсінікті. Ғалымның ең қажет нәрсе ретінде тағы да айрықша бағалайтны – бағдарлама. Оқыту ісі көңілдегідей болып шығуы үшін, оның үлгісі, мерзімді өлшемі болуы қажеттігін дәл тауып, тан басып айтады.
Ахмет Байтұрсынұлы көрнекті ғалым ретінде ғана емес, әдіскер ретінде де көп еңбек еткен. Алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазумен қатар, осы оқу құралдарын тәжірибе жүзінде қалай пайдалану қажеттігі жөнінде де ғылыми тұрғыдан терең талдаулар жасайды. Бұл тұрғыдан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдістемелік ғылымның да алғашқы бастаушысы бола алады. «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен « Баулу мектебі », «Жалқылау », « Қай әдіс жақсы», Дыбыстарды жіктеу атты мақалалары осының айғағы болса керек.
Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі оңай үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліппидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне назар аударады. « Әріптерді тани білуді» мақсат ету – таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаның екі негізгі белгісі бар .








































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет