Тексерген: с.ғ. д Нурымбетова Г. Р орындаған:әлеуметтік тарих Жұмағазиева А. М алжир лагеріндегі әйелдердің күнделікті өмір



Дата07.12.2023
өлшемі26.95 Kb.
#485834
МӨЖ күнделікті өмір тарихы



Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тарих және Құқық институты

ЭССЕ


Пән атауы:Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың күнделікті өмірі
Тақырып: «Алжир лагеріндегі қазақ әйелдерінің күнделікті өмірі»
Тексерген:с.ғ.д Нурымбетова Г.Р
Орындаған:әлеуметтік тарих Жұмағазиева А.М

Алжир лагеріндегі әйелдердің күнделікті өмір
1917 жылдан кейін лагерь жағдайы өте қиын болды,оған себеп 1918 жылы шыққан «Лагерь жұмысшыларынан қара жұмысқа салу» туралы жарлық болды. «Темірдей тәртіп орнатамыз» деп жұмысшыларды,әйел адамдарды қара жұмысқа сала бастады.Аптасына 6 күн 8 сағаттан жұмыс жасады,егерде жақын туыстарымен жүздесетін болса,онда күніне 9 сағаттан жұмыс жасауға тура келді.Алжир лагерінде әйелдерді түр келбетіне қарап мін таға бастады. Келбеті жақсы әйелдерді лагер ішінде қалдырды,ал келбеті нашар әйелдерді лагер сыртына жіберді.Лагердегі әйелдердің жастары 20-40 жас аралығында болған және көпшілігі 8 жылға бас бостандығынан айырылған.Лагердегі режим таңертеңнен басталатын,әйелдерге түрме ішін толықтай таза ұстау, күніне екі рет қоқыс шығару міндет етілді.Айына екі рет отбасына хат жаза алады,айына 50 рубль ақша беріледі тамақ алу үшін және түрме қажеттіліктерін өтеу үшін.Түрме кітапханасынан 2 кітапты тек 10 күнге алуға рұқсат етілді,одан көп уақытқа алынса бірден жазаланды.Әйелдерге терезе алдына отыруға,арқасымен есікке отыруға,кітапқа белгі салуға,көршілерімен сөйлесуге рұқсат етілмеді.Егер осы жағдайлар байқалған болса бірден жазаланды.Әйелдерді қатты қинап,оларға тамақта бермей қойған күндері болған.Осының бәріне қарамастан әйелдер шыдап,өздерін мықты ұстады. «Халық жауы» атанған тұлғалардың әйелдерін мазақ қылып,оларды қинай бастады.Ату жазасына кесілген адамдардың есімдерін әйелдерінің көзінше солдаттар қуанып тұрып атады,ал әйелдер болса еш міз қақпастан,бастарын тік көтеріп тұрды.Солдаттар кеткеннен кейін ғана әйелдер өз күйеулерін жоқтап,жылай бастады.Күйеулерін жоқтай отырып,әйелдер өз балалары үшін өмір сүре бастады,солар үшін жұмыс жасап,шыдады.Лагерьдің ішінде ешқандай жағдай болмады,жаз болса қатты ыстық,әр әйел бір кружка сумен жүретін,ол суды да өлшеп беретін.Қыс болса қатты аяз,әйелдер аяқтарынан суық өткізіп,ауырып жүрді.Олардың ауырғанына ешкім назар аудармады да,ешбір көмекте көрсетілмеді.Әйелдердің жалғыз ғана үміті-осы жерден шығып,отбасымен көрісу еді.Лагерьде әйелдерді зорлау көбейіп кетті,1 айдың ішінде 76 әйелді зорлап,олардың аяғы ауыр болған.Аяғы ауыр болған әйелдердің жағдайын ешкім ойламады және оларға қажетті көмекте көрсетілмеді. «Лагерь қорқынышты емес,керісінше сол лагерьдің ішіндегі адамдардың көрсететін қорлығы қорқынышты» деген сөздер айтылады, демек,лагерьдің ішіндегі жағдай өте қорқынышты болғанын көре аламыз. Лагерьдегі әйелдерге жуынуға және киім жууға аптасына 1 шелек су берілетін.1939 жылы қыста күн қатты салқын болғанынан 89 адам суықтан қатып,қайтыс болған.Бұл дегеніміз қыс мезгілінде лагерьдегі әйелдерге ешқандай жағдай көрсетілмеген,қалың киімдер берілмеген.Болған жағдайлардың ешқайыссы Сталинге жеткізілмеген және көмек көрсетілмеген.Лагерьдегі тамақ беру өте төмен деңгейде болған,қызылшадан сорпа,ботқа берілетін,егер жұмысқа берілген норманы толық орындаса 700 грамм нан беретін,ал егер орындалмаса кешкі тамақ берілмеді.Ал жұмысты өте жақсы орындағандарға 900 грамм нан берілді.Әйелдер күнделікті тамақ ішу үшін,күн ұзағына жұмыс жасайтын.Әйелдердің бөлмесі күніне екі рет тексерілетін,артық зат ұстауға болмайтын.Қыс мезгілінде лагерьге келген әйелдердің ең басты міндеті-казарманы жылыту болды.Олар казарманы жылытып барып,тамақ іше алады.1941 жылы казарманың іштері қатты суық болатын,әйелдер қамыс пайдаланып, казарманы тек 6-8 градусқа ғана жылыта алды.Әйелдер үшін ең қиын жұмыстың бірі ол ағаштарды шабу болды,себебі,олардың арасында жүкті әйелдерде болды.Әр күн сайын 200 әйел қатарға тұрып,ағаш шабуға барады.Әйелдер таңертең ұйқысынан тұра сала жаттығу жасап,жұмысқа барады, жұмыстың нормасын орындағанда ғана тамақ ішуге рұқсат беріледі. Лагерьдегі әйелдерге 8 наурыз күнін тойлап берді,бұл әйелдердің тойлаған ең бірінші мерекесі болды.1 күн мереке тойланса,2 күн жұмыс жасатқызып қоятын.Лагерьдегі әйелдерді фабрикаларға жұмысқа жіберте бастады,тігін машинасымен жұмыс жасап отырады,3 ай жұмыс істегендері үшін 40 рубль берілді.1940 жылы 218 тігін машинасы,1000 әйел жұмыс жасады.Соғыс жылдары әйелдер өте қарқынды жұмыс жасады,киім тігуге және соғысқа қажетті материалдарды тез тез жеткізуге жұмыстанды.Сүт фабрикасында жұмыс жасаған әйелдердің жағдайы өте төмен болды.Оларға жасап жатқан жерінде ауа жетіспей,естерінен танып жатты.Жер өте қатты салқын болды,тастай суық болғанының кесірінен әйелдердің белі және аяқтары ауырды.Соған қарамастан,әйелдерді қинап,жұмыс жасатқызды.
Қорытындылай келе,Алжир лагеріндегі әйелдердің өмірі өте қиын болды. Қанша қиыншылық болса да шыдап,өз күйеулері үшін еңселерін тік көтерген қазақ әйелдерін қатты құрметтеймін.Жазықсыз жазаланып,жейтін тамақтары болмаса да,қасірет тартса да бәріне көнді.Бұл кітапта баяндалған әйелдердің күнделікті өмірі жанды түршігітеді.Қарапайым қара судың өзін өлшеп берген патша үкіметінен не күтесің?! Лагерьде болған жағдайлардың ешбірі де жоғарыға жеткізілмеген,бөлінген ақша өз орнымен жұмсалмаған, суық күнде жаураған әйелдер ауруға шалдықты.Ауруға шалдыққан әйелдерді бірден лагерь сыртына жіберді,адам қатарынан мүлдем шығарып тастады.Алайда азаматтарының ақталып шыққанын күтіп,олар үшін бәріне мойынсұнған қазақ әйелдерін мойындауымыз қажет.Алжир лагеріндегі әйелдердің күнделікті өмірі қара жұмыс жасаумен-ақ өтті.Жейтін тамақтары қарын тойғызбайды,ал жасайтын жұмыстары өте ауыр.Қазақ даласында енді мұндай жағдай қайталанбайды деген үміттемін.Бұл оқиғаның тарихи маңызы өте зор,қазақ жастары осы тарихи оқиға арқылы қазақ тарихында болған ең ауыр кезеңдерді және қазақ әйелдерінің мықты болғандығын өз бойына дәріптейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.А.Р.Кукушкина Акмолинский лагерь жен «Изменников Родины» история и судьбы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет