Тексерілді: пән



бет2/3
Дата10.01.2024
өлшемі26.69 Kb.
#488796
1   2   3
Жер - ортақ үйіміз (1)

3. Сабақтың дәйексөзі.
«Баптағанға-жер жомарт»
Халық мақалы
Сұрақтар:
1. Жер ананы не үшін жақсы көресіздер?
2. Жер ананы құтқару үшін не істеу керек деп ойлайсыздар?
3. Жер-ананы көркейту үшін қандай мамандық иесін таңдайсыздар?
4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Жерді күтіп,баптап,таза ұстау керек. Өйткені Жер –ана жомарт дархан көңілмен адамға барын бергісі келеді.Тіпті қазба байлықтар да жерден алынады.Түрлі жеміс-жидектер де,әсем гүлдер де,тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып,күтіп баптағаннан кейін көбейе түседі.




4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Бала тілегі

Ертеде бір қария өмір сүріпті. Оның үш ұлы болыпты. Ұлдары әкелерін өте қатты жақсы көріпті. Олар әкелерінің ұзақ өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп ақылдасыпты. Ұлдары көп ойланып, әкелеріне бақыт пен денсаулық сыйлайтын тіршілік ортасын іздеуге шығады.


Ұзақ жүрген үлкен ұлы шаршап ұйықтап кетеді. Бір кезде оянса, құстары сайраған, ағаштары жеміске толы мәуе бақта жатқанын байқайды. Мұндай «Саялы орман» табиғаттың сыйы деп, сол жерге қоныстанып қалады. Ол әртүрлі жеміс ағаштарын өсіріп, орманды қамқорлықққа алады. Табиғат та үлкен ұлға мейірімін төгіп, тәтті жемістерін береді.
Ортаншы ұлы да өте ұзақ жүреді. Дем алайын деп жатса, құлағына сылдыраған бір дыбыс келеді. Жан-жағына қараса, көзі бітеліп қалған бұлақты көреді. Ол тез орнынан тұрып, бұлақтың көзін ашады. Су сарқырып аға жөнеледі. Мөлдіреп аққан таза су, гүлден-гүлге қонған көбелектер, шалғын шөпортаншы ұлға қатты ұнапты. Ол бұл жерді «Таза көл» деп атапты. Көлдің жағасына егін егіп, оны баптап күткен ортаншы ұл жер – ананың байлығына бөленеді.
Ал үшінші баласы болса, көп жерді шарлап, әкесіне мекен болатын жерұйықты ол да тауыпты. Бұл жердің адамдары өте тату тұрады екен. Кішілері үлкендерге құрмет көрсетіп, кішіпейілдік танытса, үлкендері ақыл айтып, бір-біріне сүйіспеншілік сыйлаған елді мекен «Туған жер» деп аталады екен.
Балаларына разы болған қария үш елді мекенді кезек-кезек аралап, табиғат деген тіршілік ортасында ұзақ ғұмыр кешіпті.



  • Қарияның ұлдары неліктен жанға жайлы мекен іздеуге шықты?

  • Үлкен баласы өзіне ұнаған жерге қандай қамқорлық танытты?

  • Ортаншы ұлдың тапқан жерінің «Таза көл» деп аталуында қандай мағына жатыр?

  • Үшінші баланың барған елінің өзара тату тұруына қандай құндылықтар көмектесті деп ойлайсыңдар?









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет