Ағаш ұстасының балтасы ағашты бастапқы өңдеуге арналған. Әрқилы жұмыс түріне арналған пішіні мен көлемі әртүрлі бірнеше ұста балтасы болады.
Ағаш шеберінің балтасы ағаш ұстасының балтасынан кішірек, оның ұсақ бөлшектерді өңдеуге арналаған үшкір ұшы болады.
Қол ара – ағаш материалдарын кесуге арналған ара (8-сурет). Олар бойлай және көлденең кесуге (ағаш талшығының бағытына қарай) арналаған аралар деп бөлінеді. Тістерінің пішінінде айырмашылық болады. Сондай – ақ аралас (әмбебап) қол аралар кеңінен тараған, олар ағашты барлық бағытта кесе береді.
Балға – шеге қағу үшін, сондай – ақ басқа да жұмыстарға пайдаланылады (9-сурет). Балға екі бөліктен тұрады. Негізгі болып соққыш бөлігі саналады, ол ауыр металдар қорытпасынан жасалады. Балғаның өзге компоненті оның сабы, соққы жасаған кезде оның күшін ұлғайтып сермеуге мүмкіндік береді. Сабы ағаштан, металдан, төзімді пластиктен жасалады. Ағаштан бұйым жасаған кезде қолданылатын ұста балғасының ұшында екіге айырылған бөлігі бар. Мұндай ерекшелік балғаны шеге жұлу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Ағаш бетін тегістеу, ағаш бөлшектердің қалыңдығын кішіреуті, әртүрлі ені мен тереңдігі бар ойықтар жасау үшін ағаш ұстасы арнаулы құрал – сүргі қолданады (10-сурет).
Негізгі 3 түрлі сүргі болады:
Шерхебель ағаштың бастапқы қатпар қабатын өңдеуге арналған;
Әртүрлі сүргілер – тазартып сүргілеуге арналған;
Фуганок – ұзын ағашты соңғы өңдеуге арналған.
Соқпалы қашау – ағашта саңылау жасау үшін қажет (11-сурет). Әртүрлі болады, оларды негізінен жүзінің еніне байланысты айырады. Жүзінің ені тиісінше қажетті саңылаудың ені бойынша таңдап алынады.
Қашау – тазалап өңдеу үшін қажет (12-сурет). Сондай – ақ ұста қашауының бірнеше түрі бар, оларды жүзінің еніне байланысты айырады.
Ағаш балға (киянка) – ағаштан немесе резеңкеден жасалған болуы мүмкін (13-сурет). Ағаш қашаумен жұмыс істегенде қолданылады, оның сабы ұстауға ыңғайлы болады. Ағаш балғаны қолдану кескіш аспаптардың сабын бүлдіруден сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |