Тауап жасау барысында ескеретін жайттар
Қағбаның жанында «Хижр» деп аталатын жартылай тұрғызылған шеңбер тәріздес қабырға бар. Бұл қабырға – Қағбаның бір бөлігі. Кей адамдар тауап жасағанда осы қабырғаның ішінен айналады. Бұл қате. Сондықтан тауап жасағанда осы қабырғаның сыртынан айналу қажет. Егер тауапты хижрдың ішінен айалса, онда ол Қағбаның ішінен айналған болып есептеледі.
Қағбаның қабырғаларын сүюге, Қағба матасын ұстап, оны теберік етіп, өзіндегі затпен яки жайнамаз, орамал секілді нәрсемен сүртуге және Мақаму Ибраһимді ұстауға болмайды.
Тауап жасау кезіде әйелдер ерлермен қатты араласып кетуіне болмайды. Әсіресе, қара тас пе Мақаму Ибраһимнің маңында ер мен әйел бір-бірімен тығыз араласып кетуі дұрыс емес. Мұдайдан алыс болу керек.
Тауап жасап болғаннан кейін ерлер тауап жасау барысында ашқан иықты қай жабады. Сосын екі ракағат намаз оқиды. Мүмкіндік болса, бұл намазды Мақаму Ибраһимнің артында тұрып оқу – сүннет амалы. Егер ол жерде орын болмай, қиындық туған жағдайда харам мешітінің басқа да жерлерінде оқуға болады. Намазда бірінші ракағатта «Фатиха» сүресінен кейін «Кәфирун» сүресін, екінші ракағатта «Ықылас» сүресін оқу – сүннет. Алайда қажы қаласа басқа сүрелердің оқуына болады.
Кәфирун» сүресі
Достарыңызбен бөлісу: |