Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне


§ 1. Желілерді қосу барысындағы байланыс операторларының (желілер



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
#131189
1   2   3   4   5   6
§ 1. Желілерді қосу барысындағы байланыс операторларының (желілер

иелерінің) әрекеттестік тәртібі

18. Қосылатын желі операторы (желі иесі) қосу үшін техникалық шарттарды беру туралы өтінімді желіні қосатын операторға жібереді. Өтінімге мыналар қоса берілуі тиіс:

1) байланыс саласындағы уәкілетті орган берген лицензияның көшірмесі қосымшаларымен бірге (байланыс операторлары үшін);

2) желінің техникалық сипаттамасы (құрастырылған сыйымдылық, қолданылатын жабдық түрі (түрлері), сигнал беру түрі (түрлері), желі құрылымы және болжанатын трафик (жүктеме) көлемі);

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімінде тіркелген қолданылатын жабдықтардың сәйкестік сертификаттары.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен  4) тармақшамен толықтырылды



4) байланыс саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурстарын бөлу туралы бұйрығының көшірмесі.

19. Бұрын ОПТЖ қосылған желі иелері қызметтерді ұсыну лицензиясын алған жағдайда иегер қосқан операторға он күн ішінде ол туралы хабарлауы қажет, нақтыланған техникалық талаптарды алып, оны орындауы қажет, сондай-ақ осы Ереженің 7 және 26-тармақтарына сәйкес желіні қосу туралы шартты қайта жасауы немесе жасалған шартқа өзгертулер енгізуі тиіс.

20. Қосылатын желінің байланыс операторы кемінде отыз күннен аспайтын мерзімде, егер қосылу нөмірлеудің бір аймағы шегінде іске асырылса, және нөмірлеудің әр түрлі аймақтарында бір мезгілде қосылған жағдайда алпыс күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіге қосу үшін техникалық талаптарды береді.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 21-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді)

21. Қосылуға берілген техникалық талаптармен келіспеген жағдайда, қосылатын желінің байланыс операторы байланыс саласындағы уәкілетті органға жүгіне бұл жайында хабардар ете отырып альтернативтік техникалық жағдайларды алу үшін желіні қосушы операторға алады.

22. Желіні қосу туралы техникалық талаптар негізінде қосылатын желінің байланыс операторы қажет болған жағдайда олардың орындалуына жоба құжаттамасын әзірлейді және осы Ереженің 7-тармағында қарастырылған талаптарды орындайды.

23. Қосылатын желінің сыйымдылығы 2000 нөмірден астам болған жағдайда ОПТЖ-ға қосылуға рұқсат беріледі, ал сыйымдылығы 1000 нөмірден астам болса бірнеше кезеңдерге бөліп жүзеге асыру ұсынылады. Кезеңдер берілген лицензияларға сәйкес тараптардың келісілген шешімімен айқындалады және қосудың техникалық талаптарында көрсетіледі. Қосу бойынша жұмыстың бастапқы кезеңдерінде техникалық талаптар мен жоба құжаттамаларында кейінгі кезеңдер де ескерілуі тиіс.

24. Қосылатын желілердің бірінші кезектегі сыйымдылығына қосылу бірінші кезеңде және қосымша сыйымдылығы келесі кезеңдерде қосылу кезеңдеріне сәйкес техникалық мүмкіндіктерді толық іс жүзіне асырғаннан кейін және осы Ережеде және нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген тәртіпте объектілерді және жұмысты қабылдау орындалады.

25. Бірінші кезең жұмыстарын орындау кезінде осы Ереженің 7-тармағына сәйкес қосылатын желінің байланыс операторы қосатын желі байланыс операторына техникалық талаптардың орындалғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

Қосылатын және қосатын желілер операторларының өкілдері техникалық талаптардың орындалуын және қосылу нүктелеріне жабдықтардың дайындығын тексереді. Техникалық талаптарды орындау кесіміне тексеру нәтижелері және барлық қажетті құжаттар (өлшеу хаттамалары, техникалық атқару құжаты, Жасырын жұмыстарды орындау кесімі, және тараптардың келісімі бойынша қосылу нүктелері жабдықтарына қызмет көрсету аймағын шектеу жөніндегі кесім) қоса беріледі.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 25-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 25-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-1. қосылатын оператордың (желі иесінің) телекоммуникация желісінің қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосылуы байланыс саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желісінде нөмірлеу жүйесі мен жоспарын құру Ережесінің шарттарын ескере отырып жүзеге асырылады.

 

 



§ 2. Телекоммуникация желілерін қосуды ұйымдастыру

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

26. Телекоммуникация желілерін қосуды ұйымдастыруға қосылу барысында тараптардың әдістерін, шарт-жағдайлары мен талаптарын айқындау кіреді. Әрбір нақты жағдай үшін техникалық талаптар қосылатын желінің техникалық мүмкіндігін есептегенде қосылудың стандартты нүктелері туралы жарияланған мәліметтерге сәйкес ОПТЖ-ға қосылатын операторлар берген қосылу (қосу) туралы техникалық мүмкіндіктермен анықталады.

ОПТЖ операторлары (10 қаңтарға дейін) қосылудың (қосудың) стандартты нүктелерінің тізімін жариялау үшін байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

27. Байланыс саласындағы уәкілетті органның қосатын желінің байланыс операторына беретін лицензиясында көрсетілетін деңгейде және пункттерде телекоммуникация желілерін ОПТЖ-ға қосуға рұқсат беріледі.

Бір оператордың желісін бірнеше таратылған географиялық пункттерде ОПТЖ-ға қосуға рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда әрбір осындай пункттерде осы Ережелерде белгіленетін барлық талаптар орындалуы тиіс.

28. Телекоммуникация желісіне қосылу үшін техникалық мүмкіндіктер берген кезде қосылатын және қосылған желілердің (станция аралық және коммутациялық сыйымдылықтар, байланыс жолдарының сыйымдылығы) түрлі элементтерін қуаттандыру мәселелері ескерілуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша қуаттандыру шығындары қандай да бір оператордың мүддесінде іске қосылған сыйымдылыққа тең түрде сол желінің элементін пайдаланылатын қосатын және қосылатын желілердің операторларына жүктелуі мүмкін.

29. Техникалық мүмкіндіктерді орындағаннан кейін қосылатын және қосатын желілердің байланыс операторлары (иелері) арасында өзара есеп айырысудың барлық мәселелерін, тараптардың ұсынатын қызметтер сапасына жауапкершілігін, сондай-ақ телекоммуникация қызметтерін тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін белгілейтін шарт жасалады.

30. ОПТЖ-ға телекоммуникация желісін қосу барысында жүзеге асырылатын жоба және құрылыс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру шарт негізінде іске асырылады.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 30-1-тармақпен толықтырылды

30-1. Коммутациялық жабдықтары Қазақстан Республикасының белгіленген техникалық талаптарына және ЖІШЖ саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес сертификатталмаған болса, байланыс операторларының телекоммуникация желілерін ОПТЖ-ға қосуға тыйым салынады.

 

§ 3. Телекоммуникация желісін ОПТЖ-ның басым байланыс операторларына



қосуды ұйымдастыру ерекшеліктері

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

31. ОПТЖ басым байланыс операторы желісіне қосуды ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделеді:

1) байланыс операторларына стандартты нүктелер қосылу (қосу) және қосылу талаптары туралы ақпаратты ұсыну осы Ережелердің 26-тармағына сәйкес айқындалады;

2) баламалы қызметтер көрсететін барлық байланыс операторлары үшін телекоммуникация желісін қосудың және трафикті өткізудің бірдей ережелерін орындау;

3) байланыс операторларына ақпараттарды ұсыну және қосу, трафиктің өткізілуі бойынша қызметтерді құрылымдық бөлімшелері және (немесе) үлестес тұлғалар үшін сол жағдайларда және сол сапада (бағалық және сапалық) ұсыну;

4) қосылу қызметтері бойынша бірыңғай төлемнің нақтылығын ұсыну;

5) бәсекелестер мен клиенттер туралы ақпараттарға қатысты тараптардың құпиялық режимін сақтау;

6) синхрондау жүйесін, кіру және шығу транзиттік трафиктерін есептеу жүйесін (биллинг), пайдаланулық қолдауын, жаңа қызметтерді ұсыну үшін қажет телефон шақыртулары мен басқа бағдарламалардың мәліметтер базасын, желілердің «бөлінбейтін» компоненттерін, соның ішінде абоненттік жолдарды, нөмірлік сыйымдылықты (нөмірлердің үйлесімділігі қағидасын жүзеге асырумен) шарттық негізде қайтарымды пайдалану мүмкіндігін ұсыну;

7) инфрақұрылым элементтерін (мысалы, ғимараттар, бағаналар, телефон (кәбіл) кәріздері, арналар, антенді-діңгекті құрылыста және басқалар) бірігіп пайдалануды шарттық негізде іске асыру мүмкіндігін ұсыну.

32. ОПТЖ басым байланыс операторлары үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған басқа телекоммуникация желілерін қосу қызметтерін көрсету, сондай-ақ желілердің әрекеттестігі және трафикті өткізу бойынша осы міндеттермен байланысты ережелерді белгілейтін Қосу шарты жария шарт болып табылады.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



33. Қосылуға техникалық шарттар берген кезде байланыс операторларына қысымшылық көрсетуге жол берілмейді. ОПТЖ басым байланыс операторы қосылатын операторлар үшін (желі иелеріне) трафикті қосу және босатудың тең талаптарын қояды.

 

34. Қосылатын желі операторы осы Ережеде қарастырылған барлық талаптарды орындаған жағдайда, басым оператордың ОПТЖ-ға қосу шартын жасаудан бас тартуына жол берілмейді.



Егер басым оператор тарапынан қосылу туралы техникалық мүмкіндіктерге сәйкес қосылуды уақытылы орындау техникалық себептерге байланысты мүмкін болмаса, басым оператор аталған техникалық себептерді жойғаннан кейін негізгі сызбаға келесі ауыстырумен уақытша нұсқа бойынша қосу мүмкіндігін қарастырады.

§ 4. Байланыс операторлары желілерін қосу деңгейлері

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

35. Нөмірлеу ресурсын бөліп беру арқылы телекоммуникация желісін қосу байланыс саласындағы уәкілетті орган бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желісінде нөмірлеу жүйесі мен жоспарын құру ережесі Басқару құжатының ережелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Нөмірлеу ресурстарын бөліп тарату тәртібі және нөмірлерді бөлу, сондай-ақ телефон қызметтерін көрсетуге ұсынылған ОПТЖ-да телефон байланысының нөмірлерін пайдалану ерекшелігі байланыс саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерінің нөмірлеу ресурстарын бөліп тарату және пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

36. Жергілікті деңгейде қосу:

1) тіркелген желілерді бір-бірімен, ОПТЖ-ға шыға алатын тіркелген желілерді жылжымалылармен қосу жергілікті желілік нөмірлеу ресурсына сәйкес бөлу арқылы іске асырылады;

2) ОПТЖ-да цифрлық сыйымдылық бар болған жағдайда қосылатын желілердің қосу станциялары шығу және кіру трафигі есебінен орындалатын жергілікті цифрлық станцияға қосылуы тиіс;

3) қосылатын желілердің коммутациялық станцияларын жергілікті цифрлық станцияға, тірек-транзиттік станцияға (бұдан әрі - ТТС) қосу мыналарда құрылған баламалы, сондай-ақ цифрлық арналармен де жүзеге асырылуы мүмкін:

қосу жолдарымен;

жергілікті телекоммуникация желілерінің қалааралық шығу телефон хабарламаларын беруге арналған тапсырысты-қосу жолдарымен;

қалааралық телефон станциясын жергілікті телефон желісінің станциясымен қосатын және қалааралық кіру хабарламаларын беруге арналған, қалааралық телефон байланысының қосу жолдарымен.

Баламалы қосу жолдары бойынша қосылу кезінде, баламалы-цифрлық өзгерту жабдығын қосылатын желінің байланыс операторы орнатады;

4) егер қосылатын станция сыйымдылығы 3500 нөмірден кем болмаса, резервтік сыйымдылығы бар болған жағдайда автоматты қалааралық телефон станциясында (бұдан әрі - АҚТС) тікелей арна байламдарын қосылатын желінің коммутациялық станциялары және нөмірлеудің бір аймағында орналасқан ОПТЖ АҚТС арасында ұйымдастыруға рұқсат етіледі;

5) егер қосылатын желі сыйымдылығы жергілікті желінің қолданыстағы нөмірлеу резервінен асып кетсе, онда ОПТЖ басым байланыс операторы байланыс саласындағы уәкілетті органға ол туралы хабарлайды, ол осы мәселені реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

37. Ішкі аймақ деңгейінде қосу:

1) қосылатын желіні ішкі аймақ деңгейінде қосу үшін жергілікті желі ретінде «ab» ішкі аумақ кодымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес географиялық аймақ шегінде қосылады;

2) жергілікті деңгейде телекоммуникация желісін қосу үшін нөмірлік ресурс болмаған жағдайда сыйымдылығы 5000 нөмірден кем емес желі қосатын желі операторының келісімімен ішкі аумақ деңгейінде осы нөмірлеу аумағының АҚТС қосылатын желінің коммутациялық станциясына қосу арқылы жалғануы мүмкін.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



38. Қалааралық деңгейде қосылу – телекоммуникацияның бір желісін екіншісіне қосу, мұнда оператордың (желі иесінің) қосылатын желісі автоматты қалааралық телефон станциясына (бұдан әрі - АҚТС) немесе қосатын желінің қалааралық транзиттік торабына (бұдан әрі - ҚаТТ) қосылудың (қосу) стандартты нүктелеріне қосылады. Мұнда қосылатын желіге нөмірлеу ресурсы – географиялық анықталатын аумақ АBC коды, АBC-те «Х1Х2» қолжетімділік коды, DEF географиялық емес анықталатын аумақтың коды, қызметтерге қолжетімділік кодында оператор коды (бұдан әрі - ҚҚК), қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторын таңдау префиксі (бұдан әрі - ОТП).

39. Халықаралық деңгейде қосу:

1) қосылатын телекоммуникация желісін халықаралық коммутация орталығына (бұдан әрі - ХКО) қосатын қалааралық және халықаралық байланыс операторларының, халықаралық байланыс қызметтерін көрсетуге құқығы бар халықаралық байланыс операторларының желілерінде ғана халықаралық деңгейде қосу жүзеге асырылады;

2) қосатын және қосылатын желілердің арасындағы ХКО әрекеттестігі олардың арасында байланыс арналарын ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады;

3) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының және халықаралық байланыс операторлары желісінің әрекеттестігін жүзеге асыру кезінде (ХКО-ХКО деңгейінде) Қосу шартына мынадай талаптар енгізілуі тиіс:

ұлттық желі шегіндегі және шетелдің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне шығуда желінің бірінде апаттар мен төтенше жағдайлар туындаған жағдайда трафикті өткізу үшін айналманы ұйымдастыру және ұсыну;

өзара әрекеттегі телекоммуникация желілерінің өткізу қуатын қауіпсіздік, қорғаныс және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне ұсыну.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 39-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді)



39-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қалааралық және (немесе) халықаралық деңгейде(-лерде) ұйымдастырылады.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 39-2-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді)



39-2. Жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосу мынадай жағдайларда ұйымдастырылады:

1) ЖПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қосу автоматтық телефон станцияларының транзиттік тораптары (АТС ТТ), ЖПТЖ-не бұрын қосылған және шығыс пен кіріс трафигін есепке алуды жүзеге асыруы қажет қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының автоматтық қалааралық телефон станциясы (АҚТС) арқылы жүзеге асырылады;

2) ЖПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосылған жергілікті телефон байланысы

операторларын абоненттердің таңдауы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына берілген оператор префиксі (Поп) арқылы, ал қалааралық және (немесе) халықаралық байланысы үшін жеке-жеке жүзеге асырылады (сәйкесінше Поп 1 және Поп 2);

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 39-3-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді)



39-3. Қалааралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай жағдайларда ұйымдастырылады:

1) қалааралық байланыс операторы желісінің қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосылуы қалааралық деңгейде географиялық нөмірлеу аймағына (АВС) сәйкес қосушы және қосылушы байланыс операторларының желілерінде АҚТС арасында жүзеге асырылады;

2) әр географиялық аймақта АҚТС болуы тиіс;

3) қосатын желінің АҚТС-мен қосылатын желінің АҚТС-ы арасындағы әрекеттестік олардың арасында тікелей байланыс каналдарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;

4) шығыс және кіріс қалааралық трафигінің есебі қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының екеуімен де, немесе келісім арқылы өзара әрекеттесуші байланыс операторларының біреуіне қарасты бірыңғай есептеу орталығымен жүзеге асырылады.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 39-4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді)



39-4. Халықаралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай жағдайларда ұйымдастырылады:

1) Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желісіне халықаралық байланыс операторы желісінің қосылуы қосушы және қосылушы операторларының халықаралық коммутация орталықтары (бұдан әрі - ХКО) арасында жүзеге асырылады;

2) қосушы және қосылушы желілерінің ХКО арасындағы өзара әрекеттесуі олардың арасында байланыс каналдарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;

3) қалааралық және халықаралық байланыс операторының және халықаралық байланыс операторының желілерінің өзара әрекеттесуі жүзеге асырылғанда (ХКО - ХКО деңгейде) Қосылу келісім-шартына:

желілердің бірінде авариялар және төтенше жағдайлар орын алған кезде жалпы пайдаланудағы телекоммуникацияның шетелдік желілеріне шығу кезінде де ұлттық желі шектеріндегі сияқты трафикті өткізу үшін айналма жолдарды ұсыну және ұйымдастыру;

қорғаныс, қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттесуші телекоммуникация желілерінің өткізу қуаттылықтарын өзара ұсыну жөніндегі талаптар енгізілуі тиіс.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 39-5-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді)



39-5. Қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісінің өзге қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісіне қосылуы географиялық аймақтың АҚТС-мен АҚТС-ның, сондай-ақ қосушы мен қосылушы операторларының сәйкес желілерінің ХКО мен ХКО арасында жүзеге асырылады.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 39-6-тармақпен толықтырылды

39-6. Басқа байланыс операторының қосылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желілерін коммерциялық пайдалануға босату байланыс саласындағы уәкілетті органмен қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың телекоммуникация желілеріне ұсынылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың операторын анықтау бойынша біліктілік талаптар мен критерийлерді орындағаны туралы расталғаннан кейін жүзеге асырылады.

40. Корпоративтік желілерді қосу.

Корпоративтік телекоммуникация желісі ОПТЖ-ға, әкімшілік аумақ шегінде мекемелік коммутациялық станция орнату арқылы немесе қалааралық транзитті торап деңгейінде корпоративтік клиент ретінде қосылуы мүмкін, егер ол түрлі әкімшілік аумақтар бойынша желі учаскелеріне бөлінгенді, тиісті нөмірлеу ресурсын бөліп беру арқылы біріктіретін болса («DEF» коды).

Корпоративтік желі иесі тиісті лицензия алып, ақылы негізде қызмет көрсетуге ниет білдірген жағдайда, ОПТЖ-ға жалғау мынадай шарт-жағдайлармен жүзеге асырылады, егер:

1) ішкі өндірістік мақсатта (өндірісте технологиялық процестермен басқару) пайдаланылатын негізгі желі бөлігінен қосылатын желі бөлігін иегер бағдарламалы немесе техникалық бөлуі мүмкін;

2) қосылатын желінің бөлігі осы Ережелерде мазмұндалған, ОПТЖ қызмет ету талаптарына сәйкес келеді;

3) корпоративтік телекоммуникация желісінің иесі басқару және ішкі өндірістік мақсаттар (өндірісте технологиялық процестерді басқару) және ОПТЖ-не қосылатын оның бөлігі үшін пайдаланылатын желінің пайдалану шығындарын жеке есептейді.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

41. Жылжымалы байланыс желілерін қосу:

1) жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі ОПТЖ-ға қалааралық, ішкі аймақтық және нормативтік кесімдерге немесе байланыс операторларының арасындағы келісім бойынша тиісті нөмірлеу ресурстарын бөліп беру арқылы жергілікті деңгейде қосылуы мүмкін;

2) нөмірлеудің географиялық емес DEF коды тағайындалған жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі ОПТЖ-ға қалааралық деңгейде ҚаТТ арқылы, басқа нөмірлеу аймақтарының абононенттеріне трафик өткізу үшін және аймақтық деңгейде - нақты географиялық нөмірлеу аймағы шегінде трафик өткізу үшін жылжымалы желінің коммутаторы орналасқан географиялық нөмірлеу аймағының АҚТС арқылы қосылуы мүмкін;

3) DEF географиялық емес коды тағайындалған ұялы байланыс желісі ОПТЖ-ға қалааралық деңгейде (АҚТС, ҚаТТ) қосылады, ұялы байланыс желілерінің біріне-бірі қосылуы тікелей арналарды ұйымдастыру арқылы бұл желілердің коммутациялық жабдықтарының тиісті деңгейлерінде жүргізіледі;

4) АВС нөмірлеудің географиялық аумағында «ab» коды тағайындалған ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі ОПТЖ-ға осы нөмірлеудің географиялық аумағындағы АҚТС арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары географиялық нөмірлеу аймағының жоспарына кіреді;

5) «abX/abXX» жергілікті желі АТС индексін алған ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі, жергілікті желінің коммутациялық станциялары арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары жергілікті желінің нөмірлеу жоспарына қосылады.

Жылжымалы радиотелефон байланысының желісін қосу осы Ережеге сәйкес қосатын желі операторлары беретін техникалық мүмкіндіктер негізінде жүзеге асырылады.

42. Телеграфтық және телекстік байланыс желілерін қосу:

1) ортақ пайдаланылатын телекстік байланыс желілеріне қосу ведомстволық телеграфтық-телекстік желілер және телематикалық қызметтер үшін рұқсат етіледі;

2) телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосу абоненттік шеткі пункттер немесе құрылғылар деңгейінде жүзеге асырылады;

3) абоненттік құрылғылар деңгейінде қосу ұғымы пайдаланушының терминалын телекоммуникация желісіне қосуды білдіреді, соның көмегімен оператор ақпаратты береді және қабылдайды;

4) хабарларды коммутациялау арқылы ортақ пайдаланылатын телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосу телеграфтық және телекстік байланыс қызметін ұсынуға лицензиясы бар телеграфтық және телекстік байланыс операторлары үшін рұқсат етіледі;

5) жекелеген жағдайларда қосылатын желіге сәйкес техникалық жабдықтардың болуы кезінде арналарды коммутациялау станциялары немесе хабарламаларды коммутациялау орталықтары деңгейіндегі телеграфтық байланыс желісіне қосуға байланыс саласының уәкілетті органының тапсырмасы негізінде рұқсат беріледі;

6) қосылатын желіден бөлінетін қосылу мен нөмірлеудің нақты нүктелерін ортақ пайдаланылатын телеграф желісінің операторы белгілейді.

 

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет